Өзен көшесі

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 3

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39  40  ..

 

 

 

 

 

Өзен көшесі

Бұрынғы атауы – Озерный көшесі. «Өндіріс» тұрғын алабы. Өзен көшесі Сусамыр, Қ.Кемеңгерұлы көшелерімен қиылысып, Өндіріс көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1632,8 м.

Өзен – құрлық бетіндегі табиғи арнамен тұрақты немесе жыл маусымдарының көпшілік уақыттарында ағатын су ағыны.

 

Өлеңті көшесі

Бұрынғы атауы – Стартовый көшесі. Өлеңті көшесі Қызылой көшесімен қиылысып, А.Тоқпанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 287,8 м.

Өлеңті – «жағасында өлеңшөбі қалың өсетін өзен» мағынасындағы атау, яғни шөп атауына байланысты шыққан.

 

Өндіріс көшесі

Бұрынғы атауы – Северное тасжолы. Өндіріс көшесі Өзен, Т.Тоқтаров, С.Әліұлы, Ақбидай, Үшқоңыр көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 11892,4 м.

Өндіріс – тұтынуға қажетті материалдық игіліктерді, құнды заттарды жасап шығаратын өнеркәсіп саласы.

 

            Өркен көшесі

Бұрынғы атауы – Школьный көшесі. Өркен көшесі Байқоңыр көшесінен басталады. Ұзындығы – 186,9 м.

Өркен - өсімдіктің негізгі бөлігі. Сабақтан және онда дамитын жапырақ пен бүршіктен тұрады. Сонымен бірге «көбею, кең қанат жаю» деген мағынаны білдіреді. Қазақта «өркенің өссін», «өркенің жайылсын» деген бата, тілек сөздер бар. Республика көлемінде көптеген елді мекендер «Өркен» деп аталады.

           

Өркениет көшесі

Бұрынғы атауы – Пришкольный көшесі. «Интернациональный» тұрғын алабы. Өркениет көшесі Мереке көшесінен басталып, Нұрлыжол көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 254,5 м.

Өркениет – «өркен жаю, даму» деген сөздермен байланысты. «Алға ұмтылып, даму, жаңалықтарға қол жеткізу» деген мағынаны білдіреді.

           

Өрнек көшесі

Бұрынғы атауы – В.Чкалов көшесі. Өрнек көшесі Жерұйық көшесінен басталып, Ш.Бөкеев, 8 наурыз көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 395,6 м.

Өрнек – оюдың бір түрі. Өрнек негізінен зерлеу, дәнекерлеу, қақтау, қалыптау, құю, соқпалау, термелеу, әдістері арқылы жасалады. Қазақстанның бірнеше облыстарында елді мекен аттарында кездеседі.

 

Өріс көшесі

Бұрынғы атауы – Узорный көшесі. Өріс көшесі Романтиктер көшесінен басталып, А.Тоқпанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 119,5 м.

Өріс атауына байланысты қазақта «Өрісің кеңейсін», «Қыз өссе - өрісің» деген нақыл сөздер қалған.

 

П.Семенов-Тянь-Шанский көшесі

П.Семенов-Тянь-Шанский көшесі Құсжолы көшесінен басталады. Ұзындығы – 122,1 м.

Петр Петрович Семенов-Тянь-Шанский (1827-1914) – географ, статист, қоғам және мемлекет қайраткері. География ғылымына «Іле Алатауы», «Жоңғар (Жетісу) Алатауы», «Іле жазығы» деген атаулар енгізді.

             

П.Шубин көшесі

П.Шубин көшесі Оқжетпес көшесі, Атакент орамымен қиылысып, Д.Карбышев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 449,3 м.

           

Париж коммунасы көшесі

Париж коммунасы көшесі Қарасай батыр көшесінен басталады. Ұзындығы – 110,3 м.

Париж коммунасы – 1871 жылы 18 наурыз – 28 мамыр аралығында 70 күн өмір сүрді.

           

Первомайский көшесі

Первомайский – кеңес дәуірінде кеңінен аталып өтілетін 1-мамыр мерекесінің құрметіне қойылған атау. Ұзындығы – 332,8 м.

             

Песчаный көшесі

Песчаный көшесі Анар көшесінен басталып, С.Сәдуақасов көшесінде аяқталады. Балочный көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 741,7 м.

Песчаный – құмды, құмдауытты жерлерге байланысты қойылатын атау.

           

Пионерский көшесі

Пионерский көшесі Абай даңғылын, Т.Бигелдинов көшесін қиып өтіп, Кенесары көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 600,2 м.

Пионерский – қоғамдық-әлеуметтік  мағынасы бар кеңестік дәуірдегі атау. «Алғашқы, бірінші» деген мағынаны білдіреді.

 

Р.Зорге көшесі

Р.Зорге көшесі Ж.Шанин көшесінен басталып, Қалқаман көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 283,2 м.

Рихард Зорге (1895-1944) – барлаушы, Кеңес Одағының Батыры.

           

Р.Қошқарбаев көшесі

Р.Қошқарбаев көшесі Рамазан көшесінен Кенесары көшесіне дейін және С.Сейфуллин көшесінен қайта басталады. Жәнібек тархан, Ақмола, Ағыбай батыр, А.Иманов, Баянауыл, М.Дулати, Қарағанды, Ә.Жангелдин, И.Панфилов көшелерімен және Бөгенбай батыр даңғылын қиып өтеді. Ұзындығы – 1633,3 м.

Рахымжан Қошқарбаев (1924-1988) – Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақ азаматы, «Халық қаһарманы». 1942 жылы әскерге алынып, 1944 жылы Фрунзедегі жаяу әскер училищесін бітіріп, 1-Беларус майданындағы 150-Идрицск атқыштар дивизиясы құрамында взвод басқарып, Польша және Германия жерлерін азат етуге қатысқан. Қызыл Ту, I дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендері, көптеген медальдармен марапатталған.

            Бұл көшеде Сәдуақас қажы Ғылмани атындағы мұсылман мешіті, «Ажар» сауда орталығы орналасқан.

             

Р.Қошқарбаев көшесі

 «Пригородный» тұрғын алабы. Р.Қошқарбаев көшесі Қараөтел көшесінен басталып, Х.Досмұхамедұлы, Е.Тайбеков, Алпамыс батыр, Н.Оңдасынов, Темірқазық көшелерін қиып өтіп, Қарасақал Ерімбет көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 754,4 м.

           

Рамазан көшесі

Бұрынғы атауы – Набережный көшесі. Рамазан көшесі Республика даңғылынан Ш.Иманбаева көшесіне дейін М.Ғабдуллин, Р.Қошқарбаев көшелерімен қиылысып, Ш.Уәлиханов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 748 м.

Рамазан – мұсылманның ай есебі бойынша тоғызыншы ай, қасиетті ораза айы. Осы айда Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) алғаш Құран аяттары түсіп, пайғамбарлығы аян болған. Бұл оқиға Рамазан айының 27-і күні болған деп белгіленіп, мұсылмандар дәстүрінде осы түнді Қыдыр түні ретінде атап өтеді.

             

Речной көшесі

Речной көшесі Республика даңғылынан басталып, А.Бараев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 517,9 м.

Речной – өзен алабы. «Кеме жүретін өзен жолы» деген мағынаны білдіреді.

 

Улица Речная

Начинается с проспекта Республики, заканчивается на улице А.Бараева. Длина – 517,9 м.

 

Родниковый көшесі

Родниковый көшесі Құлагер көшесінен басталады. Ұзындығы – 430,5 м.

Родниковый – қайнар, бұлақтың бастауы. «Бұлақты» мағынасындағы атау.

           

Романтиктер көшесі

Романтиктер көшесі Өлеңті көшесінен басталып, Өріс көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 282 м.

Романтиктер – адам бойындағы ізгі сезімдердің бірі. Арманшыл, қиялшыл дегенді білдіретін атау.

             

С.Әліұлы көшесі

Бұрынғы атауы – А.Даргомыжский көшесі. Ұзындығы – 541,7 м. С.Әліұлы көшесі Қ.Кемеңгерұлы көшесінен басталып, Өндіріс көшесінде аяқталады. Бестау орамымен қиылысады.

Сүгір Әліұлы (1882-1961) – күйші-композитор. «Телқоңыр», «Бесік жыры», «Шалқыма», «Ыңғай көк», «Қосбасар», «Бес жорға», «Балбырауын», «Кер толғау», «Желдірме», «Назқоңыр», «Бозінген», т.б. күйлері тағдыр жайлы тереңнен сыр шертеді. Сүгір домбырада оң бұраумен қатар, теріс бұрауды да пайдаланған әрі төкпе күймен шертпе күйдің үздік шебері болған.

             

С. Киров көшесі

С.Киров көшесі Ағыбай батыр, Ақмола көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 274,1 м.

С.Киров (1886-1934) – саяси қайраткер, коммунистік партияның жетекшілерінің бірі.

           

С.Кубрин көшесі 

С.Кубрин көшесі 2-Алматы көшесінен басталып, Сарыарқа даңғылында аяқталады. Жамбыл, К.Күмісбеков, Боталы, Тәттімбет көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1465,2 м.

 

С.Қожанұлы көшесі

Бұрынғы атауы – В.Терешкова көшесі. Ұзындығы – 1437,6 м. С.Қожанұлы көшесі Қабанбай батыр даңғылынан басталып, Лесной көшесімен қиылысады.

Сұлтанбек Қожанұлы (1894-1938) – мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист. Ташкент мұғалімдер семинариясын тәмамдаған. 1917 жылы көктемде Ташкентте М.Шоқай, Қ.Қожықов, Қ.Болғанбаев, С.Ақаевпен бірге «Бірлік туы» газетін шығарды. Мектепке арналған «Есептану құралы» оқулығы мен «Түркістанның Кеңестік Автономиясының он жылдығына» атты кітаптары шықты. Ташкентте тұтқындалып, қуғын-сүргін құрбаны болды.

             

С.Қожахметов көшесі

С.Қожахметов көшесі А.Байтұрсынов көшесінен басталып, С.Мұхамеджанов көшесінде аяқталады. Ш.Бейсекова, Оқжетпес көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1261,3 м.

Сұлтанбек Қожахметов – металлург, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

 

С.Марков көшесі

С.Марков көшесі Жігер орамынан басталады. Ұзындығы –   296,3 м.

           

С.Мұхамеджанов көшесі

Бұрынғы атауы – Краснодон Геройлары көшесі. Ұзындығы –    1511,4 м. С.Мұхамеджанов көшесі Конституция көшесінен басталып, Фахд бен Абдулл Азиз көшесінде аяқталады. Мұзтау, Аманқарағай, М.Дулатов, Абат-Байтақ, С.Қожахметов, М.Жәлел, Шақпақ көшелерімен қиылысады.

Сыдық Мұхамеджанов (1924-1991) – композитор, Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі. Қазақстан композиторлар одағы басқармасының төрағасы. Қазақтың ән өнерінде «Өзгеге көңілім тоярсың», «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да» сияқты Абай өлеңдеріне арнап әндер жазған. «Көктем вальсі», «Сырлы қайың», «Шолпаным» атты әндердің авторы.

 

С.Мұқанов көшесі

С.Мұқанов көшесі Қалқаман көшесінен басталады. Ұзындығы – 160,9 м.

Сәбит Мұқанов (1900-1973) – Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері. Ғылым Академиясының академигі. «Ботагөз», «Мөлдір махаббат», «Аққан жұлдыз», «Өмір мектебі», «Сырдария» романдарын және драматургия саласында «Шоқан Уәлиханов», «Қашқар қызы», «Сәкен Сейфуллин» пьесаларымен көптеген өлеңдері, дастандары бар. «Саяхаттар», «Туған жердің тыңында», «Тыңда тұнған байлық», «Алыптың адамдары», «Замандас туралы аңыз» атты кітаптарында 200-ден астам әдеби-сын мақалалары жарияланған. С.Мұқанов ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

 

С. Разин көшесі

С.Разин көшесі Сарыбұлақ, Берел, Бекетай көшелерімен және Шідерті орамымен қиылысады. Ұзындығы – 1259,4 м.

Разин Степан Тимофеевич (1630-1671) – Дон казагы, Ресейдегі шаруалар көтерілісінің жетекшісі.

             

С.Сәдуақасов көшесі

С.Сәдуақасов көшесі В.Вишневский көшесінен басталып, Анар көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 721,6 м.

Смағұл Сәдуақасов (1900-1933) – көрнекті қоғам қайраткері, сыншы, жазушы. Мәскеудегі көлік инженерлері институтын бітірген. 1917-1918 жылдары Омбыдағы «Бірлік» ұйымының белсенді мүшесі, 1922-1925 жылдары Қазақ ОАК-тің Түркістан Республикасындағы өкілетті өкілі болды. С.Сәдуақасов - «Салмақбай, Сағындық», «Күміс қоңырау», «Күлпәш» атты прозалық шығармалардың авторы.

           

            С.Сейфуллин көшесі

С.Сейфуллин көшесі К.Күмісбеков көшесінен басталып, Ә.Сембинов көшесінде аяқталады. Сарыарқа, Жеңіс, Республика даңғылдарын және Ж.Омаров, Желтоқсан, Бейбітшілік, М.Әуезов, С.Торайғыров, Ш.Айманов, Ж.Аймауытов, Ш.Уәлиханов, Тараз, Асанқайғы, Сырдария, Ә.Әлімжанов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 4166,2 м.

Сәкен Сейфуллин (1894-1938) – төңкерісшіл жазушы, Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі. «Бірлік» ұйымы басшыларының бірі болды. «Домбыра», «Экспресс», «Көкшетау», «Қызыл ат», «Альбатрос», «Аққудың айырылуы», «Сыр сандық», т.б. өлеңдер мен поэмалардың авторы.

            Бұл көшеде С.Сейфуллиннің мұражайы мен ескерткіші, ҚР Бас прокуратурасы, Қазақ гуманитарлық заң университеті, «Гидромаш» зауыты, №2 автобус паркі, қазақ-түрік лицейі орналасқан.

             

С.Торайғыров көшесі

С.Торайғыров көшесі Кенесары көшесінен Отырар көшесіне дейін және Ж.Омаров көшесінен басталып, Бөгенбай батыр даңғылына дейін созылып жатыр. С.Сейфуллин, Қарағанды, Ә.Жангелдин, И.Панфилов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы –  1704,5 м.

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920) – ақын-ағартушы.       1912-1913 жылдар аралығында «Оқып жүрген жастарға», «Тәліптерге» («Шәкірттерге»), «Ендігі беталыс», «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Жарлау», «Досыма хат», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Қымыз», «Кешегі түс пен бүгінгі іс», т.б. өлеңдерін, «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста «Қамар сұлу» романын жазуды бастады. 1913 жылы «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, «Өлең һәм айтушылар», «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?», т.б. әңгіме мақалаларын осы журналда жариялайды. «Тұрмысқа», «Бір адамға», «Туған еліме» өлеңдерін, «Кім жазықты?» атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді.  

 

С.Челюскин көшесі

С.Челюскин көшесі Шығанақ көшесінен басталып, С.Сейфуллин көшесінде аяқталады. Ә.Жанбосынов, Кенесары, Т.Бигелдинов, Ә.Әлімжанов, Абай даңғылын, Ж.Омаров көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1243,1 м.

Челюскин Семен  (1700-1760) – орыс поляр зерттеушісі, теңіз офицері.

 

Садовый көшесі

Садовый көшесі С.Сейфуллин көшесімен қиылысып, Қарағанды көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 302,3 м.

Садовый – бау-бақшалы деген ұғымды білдіреді.

           

Сарайшық көшесі

Бұрынғы атауы – 12-көше (Жаңа әкімшілік орталық). Сарайшық көшесі Б.Момышұлы даңғылынан басталып, Қабанбай батыр даңғылында аяқталады. Қарасақал Ерімбет, Х.Досмұхамедұлы, Е.Тайбеков, Қараөткел көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2409,8 м.

Сарайшық – ортағасырлық қала. Атырау қаласынан солтүстікке қарай 50 шақырым жерде, Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан.

             

Саргүл көшесі

Саргүл көшесі А.Тоқпанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 363,7 м.

Саргүл – сарғалдақ тұқымдасына жататын, биіктігі 15-100 см көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның Ұлытау, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле, Кетпенді, Қырғыз Алатау сияқты тауларында кездеседі.

             

Саржайлау көшесі

Бұрынғы атауы – Степной көшесі. Саржайлау көшесі Төңкеріс, Қ.Кемеңгерұлы көшелерін және Гүлзар орамын қиып өтіп, Өндіріс көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1333,2 м.

Саржайлау – жайлау аты. «Кең жайлау» мағынасындағы атау. Бабалы, Бапалақ, Қызылтау, Үшқара, Едрей, Арқалық шоқыларының қоршауындағы көз жетпес кеңістік. «Саржайлау» атауына байланысты бірнеше музыкалық шығармалар бар.

 

Сарқан көшесі

Бұрынғы атауы – №33 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Сұлутөбе көшесінен басталып, Жанкент көшесінде аяқталады. Талғар, Обаған көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 821,5 м.

Сарқан – Алматы облысындағы Сарқант ауданының орталығы.

             

Сартүбек көшесі

Бұрынғы атауы – Павлодар көшесі. Сартүбек көшесі А.Матросов көшесінен басталып, Бектау, Шардара, Құсжолы, Үшқоңыр, Кеңшалғын көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 884,5 м.

Сартүбек – түбектің түсіне, яғни «сарғайған, сарғыш түбек» деген мағынағабайланысты қойылған көне атау.

             

Сарыағаш көшесі

Бұрынғы атауы – №8 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Сарыағаш көшесі Ұлытау көшесінен басталып, Тарбағатай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 149,6 м.

Сарыағаш – қала, Сарыағаш ауданының орталығы.

 

Сарыбұлақ көшесі

Сарыбұлақ көшесі Бөгенбай батыр даңғылынан басталып, Мәскеу көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 585,9 м.

Сарыбұлақ – өзен, суға байланысты қойылатын атау. Қазақстанның бірқатар жерлерінде кездеседі.

           

Сарыкөл көшесі

Бұрынғы атауы – №54 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ).  Сарыкөл көшесі Балқантау көшесінен басталып, Айнакөл көшесінде аяқталады. Таскескен көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 321,1 м.

Сарыкөл – географиялық ұғым. Сондықтан Сарыкөл сөзіне байланысты көл, су, тоғай, т.б. атаулар кездеседі.

             

Сарықұм көшесі

Бұрынғы атауы – Калужский көшесі. Сарықұм көшесі Тайбурыл, Талғар көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 247 м.

Сарықұм – Сарыарқаның оңтүстігіндегі құм. Балқаш көлінің жағалауынан солтүстікке қарай, Жәмші өзенін бойлай 42 шақырымға созылып жатыр, ені 17 шақырымдай.

             

Сарыөзек көшесі

Бұрынғы атауы – Элеваторный көшесі. Сарыөзек көшесі И.Гёте көшесі мен Республика даңғылының қиылысқан жерінен басталады. Ұзындығы – 173,6 м.

«Сарыөзек» – жер атауына қатысты ұғым. Алматы облысы Кербұлақ ауданының орталығы.  орналасқан өлке.

 

Сарыөзен көшесі

Бұрынғы атауы – №15 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Сарыөзен көшесі Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Наурыз көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1081,2 м.

«Сарыөзен» – су атауына байланысты қойылады. Осы аттас Қазақстанда бірнеше өзендер бар.

           

Сарытоғай көшесі

Бұрынғы атауы – Советский көшесі. Сарытоғай көшесі Ж.Жабаев көшесінен басталып, В.Маяковский көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 278,9 м.

Сарытоғай – Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі елді мекен.

 

Саумалкөл көшесі

Бұрынғы атауы – №35 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Саумалкөл көшесі Ұлытау көшесінен басталып, Баршын көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 292 м.

Саумалкөл – «жазда жайлы, қыста құтты көл» деген мағынаны білдіреді. Осы аттас Қазақстанда бірнеше көл аттары бар.

             

Сауран көшесі

Бұрынғы атауы – №78 көше (Жаңа әкімшілік орталық). Сауран көшесі Сығанақ, Алматы көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 5666,9 м.

Сауран – ортағасырлық қала. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай 35 шақырым жерде орналасқан. Биіктігі 6 м қабырғамен қоршалған қалашықтың көлемі солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай – 800 м, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай – 550 м. Сауран қаласы жазба деректерде X ғасырдан бастап кездеседі.

           

Современниктер көшесі

Современниктер көшесі Романтиктер көшесінен басталып, А.Тоқпанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 144,2 м.

Современниктер деген сөз «замандастар» деген ұғымды білдіреді.

           

Солнечный көшесі

Солнечный көшесі Қараөткел көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 200,2 м.

Солнечный – «шуақты» немесе «жаймашуақ» деген ұғымды білдіреді.

           

Сусамыр көшесі

Бұрынғы атауы – М.Лунин көшесі. Сусамыр көшесі И.Крылов қысқа көшесінен басталып, Өзен көшесінде аяқталады.  Қызылжар, Қатаркөл орамдарымен және Үстірт көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 767,6 м.

Сусамыр – жайлау аты. Жамбыл облысында орналасқан. Атауға байланысты қазақтың халық әні бар.

           

Сұлукөл көшесі

Бұрынғы атауы – Олимпийский көшесі. Сұлукөл көшесі Болашақ көшесінен басталып, Ардагерлер көшесінде аяқталады. Алмалық көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 828,6 м.

Сұлукөл – көл аты. Көлдің ғажаптығына,  сұлулығына байланысты қойылған атау. Еліміздің бірнеше жерлерінде Сұлукөл атты көлдер кездеседі.

           

Сұлутөбе көшесі

Бұрынғы атауы – №34 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Сұлутөбе көшесі М.Жұмабаев даңғылынан басталып, Қордай көшесінде аяқталады. Сарқан, Бөрілі, Баянтау, Мойынты, Түлкібас көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 638,4 м.

Сұлутөбе – шоқы, жота, төбелердің көркемдігіне, әсемдігіне байланысты қойылған атау. Бірнеше өңірлерде осы аттас жерлер бар.

 

Сұлутөр көшесі

Бұрынғы атауы – №36-12 көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Сұлутөр көшесі Атырау көшесінен басталып, Имантау, Арна көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 621,3 м.

«Сұлутөр» – Жамбыл облысындағы жайлау аты.

             

Сығанақ көшесі

Бұрынғы атауы – №19 магистраль көшесі (Жаңа әкімшілік орталық). Сығанақ көшесі Тұран, Қабанбай батыр даңғылдарын және Сауран, Ақмешіт, Түркістан, Орынбор көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3074,8 м.

Сығанақ – ортағасырлық қала. Қызылорда облысы, Төменарық теміржол стансасының солтүстік-батыс жағында 10 шақырым жерде орналасқан. Ертедегі Сығанақ – қыпшақ мемлекетінің сауда және саяси орталығы болған. Қала туралы алғашқы дерек Х ғасырдағы парсы шығармасы «Худуд әл-Әлемде» кездеседі.

           

Сырдария көшесі

Сырдария көшесі Ж.Омаров көшесінен басталып, Күлтегін орамында аяқталады. С.Сейфуллин, Қарағанды, Ә.Жангелдин көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1204,8 м.

Сырдария – Орта Азиядағы ірі өзен.

 

Сырымбет көшесі

Бұрынғы атауы – №46 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Сырымбет көшесі Б.Момышұлы даңғылынан басталып, Жанкент көшесінде аяқталады. Талғар, Обаған көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 950,1 м.

Сырымбет Көкшетау қыратының солтүстік-батыс жағындағы үстіртті жазық өңір. Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау ауданының құрамына кіреді.

             

Сілеті көшесі

Бұрынғы атауы – №17 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Сілеті көшесі Ғ.Мұстафин көшесінен басталып, Бурабай көшесінде аяқталады. Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 596,9 м.

«Сілеті» – суға байланысты туған атау. Қазақстанның бірнеше жерінде осы аттас өзендер мен көлдер бар.

 

Т.Әубәкіров көшесі

Т.Әубәкіров көшесі М.Горький көшесінен басталып, Ә.Әлімжанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 393,8 м.

Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (1946 ж.т.) – қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер. Техника ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері. Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы». 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшқан.

 

Т.Бигелдинов көшесі

Т.Бигелдинов көшесі К.Күмісбеков көшесінен басталып, Бейбітшілік көшесінде аяқталады. Сарыарқа, Жеңіс даңғылдарымен, Желтоқсан көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 2056,2 м.

Талғат Бигелдинов (1922 ж.т.) – авиация генерал майоры, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған. Украина, Курск, Ясско-Кишинев, Берлин және Париж маңындағы 15 топтық шайқасқа қатысып, бір өзі жаудың 7 ұшағын қиратқан. Ленин орденімен, күрескерлердің Қызыл Туы орденімен екі рет марапатталған. Александр Невскийдің және Ұлы Отан соғысының I және II дәрежелі ордендерінің, Қызыл Ту орденінің иегері.

            Бұл көшеде М.Горкий атындағы орыс драма театры, «Астана-Финанс» лизингтік компаниясы, «Полиграф-Ті» баспасы, «Алтын Дала» қонақүйі орналасқан.

           

Т.Жароков көшесі

Т.Жароков көшесі А.Герцен көшесінен басталып, Оқжетпес көшесін қиып өтіп, Тамшалы көшесінде аяқталады. Ұзындығы –  572,3 м.

Тайыр Жароков (1908-1965) – ақын. Қазақстан Жазушылар одағында хатшы, «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары, Ж.Жабаевтың әдеби хатшысы қызметтерін атқарған. «Тасқын», «Тасқынға тосқын», т.б. поэмалардың авторы.

           

Т.Мұсабаев  көшесі

Т.Мұсабаев көшесі М.Горький көшесінен басталып, Ә.Әлімжанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 377,5 м.

Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев (1951 ж.т.) – қазақтан шыққан екінші ғарышкер. 1994 жылдың 1 шілде – 4 қараша аралығында «СоюзТМ-27» ғарыш кемесінің борт инженері ретінде ғарыш кеңістігіне шықты. Екінші рет 1998 жылдың 29 қаңтар – 25 тамыз аралығында ғарыш кемесі экипажының командирі, үшінші рет          2001 жылдың 6 мамырында «СоюзТМ-32» және «СоюзТМ-31» экспедицияларының командирі ретінде ғарышқа ұшқан. Қазақстанның «Халық қаһарманы», Ресей Федерациясының қаһарманы.

           

Т.Рысқұлов көшесі

Тұрар Рысқұлов көшесі Жеңіс даңғылынан басталып, Ә.Бөкейхан көшесінде аяқталады. Желтоқсан көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 604,6 м.

Тұрар Рысқұлов (1894-1938) – аса көрнекті мемлекет қайраткері. Меркедегі орыс-түземдік бастауыш мектебінде оқыған. 1910 жылы Т.Рысқұлов Пішпектегі 1-дәрежелі ауыл шаруашылық мектебіне қабылданып, оны 1914 жылы қазан айында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша үздік бітірген. 1918 жылы қыркүйекте АКСР-нің Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалады.     1920 жылы 21 қаңтарда Т.Рысқұлов Түркістан АКСР-і ОАК-нің төрағасы болып сайланады.

             

Т.Тоқтаров көшесі

Т.Тоқтаров көшесі Ю.Малахов көшесінен басталып, Өндіріс көшесінде аяқталады. Шиелі, Қ.Кемеңгерұлы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1311,1 м.

Төлеген Тоқтаров (1920-1942) – Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Қарақұдық ауылында дүниеге келген. Кеңес Одағының Батыры. Т.Тоқтаров 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы қатарында болды. Бородино үшін болған ұрыста ерлікпен қаза тапқан.

 

Т.Хусейн көшесі

Т.Хусейн көшесі А.Кравцов көшесінен басталып, Ж.Тәшенов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 684,5 м.

Таха Хусейн (1889-1973) – араб жазушысы, әдебиеттанушысы, тарихшысы (Египет).

             

Т.Шонанұлы көшесі

Бұрынғы атауы – Самарқанд көшесі. Т.Шонанұлы көшесі Ташкент көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1346,7 м.

Телжан Шонанұлы (1894-1938) – қоғам қайраткері, ағартушы, педагог, аудармашы, тілші ғалым. 1908-1912 жылдары Ырғыздағы орыс-қазақ училищесінде, 1912-1916 жылдар аралығында Орынбордағы қазақ мұғалімдер институтында оқыған. Т.Шонанұлы ұлттық автономия жолында күрес жүргізген Алаш қайраткерлерінің қатарында болды. 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші жалпықазақ сиезінде Алашорда үкіметі жанынан құрылған оқу комиссиясының құрамына енгізілді.

 

Тайбурыл көшесі

Бұрынғы атауы – Курский көшесі. Тайбурыл көшесі Ақсеңгір мен Үшқоңыр көшелерінің қиылысқан жерінен басталып, Игілік көшесінде аяқталады. Ағадыр, Майтөбе көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2570,2 м.

Тайбурыл – «Қобыланды батыр» жырындағы  Қобыландының тұлпары.

 

Тайсойған көшесі

Бұрынғы атауы – А.Пархоменко көшесі. Тайсойған көшесі Құрақты қысқа көшесінен басталып, Жалын көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 289,3 м.

Тайсойған – Каспий ойпатының солтүстігінде орын тепкен құмды алаптың аты. «Тай сойған жер» деген мағынаны білдіреді.

           

Талапкер көшесі

Талапкер көшесі Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Қарталы көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 988 м.

Талапкер – «талаптану, ынталану» деген мағынаны білдіреді. Ол тілімізде жаңадан қалыптасқан атау.

           

Талғар көшесі

Бұрынғы атауы – №44 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Талғар көшесі Қарасаз көшесінен басталып, Қордай көшесінде аяқталады. Арғанаты, Балқантау, Жанкент, Ақсу-Аюлы, Құндызды, Ер Қосай, Қызыларай, Түлкібас, Зеренді, Бесшалқар, Ошақты, Сырымбет, Бағаналы, М.Жұмабаев даңғылын, Сарқан, Бөрілі, Баянтау, Мойынты, Түлкібас көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2394,9 м.

Талғар – Алматы облысындағы қала.

             

Талғар көшесі

Бұрынғы атауы – Рязанский көшесі. Талғар көшесі Сарықұм көшесінен басталады. Ұзындығы – 105,6 м.

           

Тамшалы көшесі

Бұрынғы атауы – А.Беляков көшесі. Тамшалы көшесі Атакент орамынан басталып, Д.Карбышев көшесіне дейін және М.Дулатов көшесінен қайта басталады. Т.Жароков, Оқжетпес көшелерімен, К.Байсейітова, Шілікті, Жалаулы, Ж.Төлеубаев қысқа көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1441,5 м.

Тамшалы – «тамшылы» деген сөздің дыбыстық өзгерісінен пайда болған атау. «Жаңбырлы, жауын-шашынды» деген ұғымды білдіреді.

           

Таңбалытас көшесі

Бұрынғы атауы – №76 көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Таңбалытас көшесі Тұран даңғылынан басталып, Аягөз көшесінде аяқталады. Күреңбел көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 423,5 м.

Таңбалытас – таулы жердегі жартастарға, үңгір қабырғаларына немесе жеке бір тастарға шекіліп, таңбаланған суреттер мен белгілер. Қазақстан жерінде таңбалы тастар көптеп кездеседі. Мысалы, Арпаөзен, Қапшағай, Қаратау, Абыралы, Жалғызтау таңбалы тастары.

           

Тараз көшесі

Тараз көшесі Жәнібек тархан көшесінен басталып, М.Лермонтов көшесінде аяқталады. Ақмола, Ағыбай батыр, А.Иманов, Баянауыл, М.Дулати, Кенесары, Отырар, Абай даңғылын, Ж.Омаров, С.Сейфуллин, Қарағанды, Ә.Жангелдин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1765,6 м.

Тараз – Талас өзенінің бойындағы ежелгі қала. Қазіргі кезде Жамбыл облысының орталығы. Қаланың батыс және оңтүстік-батыс жағында Қаратау сілемдері, ал оңтүстігі мен шығысында Талас Алатауы орналасқан. 2000 жылы ЮНЕСКО көлемінде Тараз қаласының  2000 жылдық мерейтойы аталып өтілді.

 

 

Тарбағатай көшесі

Бұрынғы атауы – №7 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Тарбағатай көшесі Наурыз көшесінен басталып, Тастақ көшесінде аяқталады. Қайнар, Қарасу, Моншақты, Сарыағаш, Ақтөбе, Жезді көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 777 м.

Тарбағатай – Алтай тау жүйесіне жататын, Зайсан мен Алакөл аралығындағы жота.

           

Таскескен көшесі

Бұрынғы атауы – №40 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Таскескен көшесі Обаған көшесінен басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Марқакөл, Сарыкөл, Аршын, Кеген, Берен, М.Жұмабаев даңғылын, Қордай көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2314 м.

Таскескен – тасқа байланысты жер атауы. Еліміздің кейбір өңірлеріндегі елді мекендер осы атпен аталады.

           

Тасқұдық көшесі

Бұрынғы атауы – Троицкий көшесі. Тасқұдық көшесі Ақшағыл көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 131,9 м.

«Тасқұдық» – тастан жасалған құдыққа байланысты туған атау. Осы аттас елді мекендер де кездеседі.

             

Тастақ көшесі

Бұрынғы атауы – №30 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Тастақ көшесі Тарбағатай көшесінен басталып, Қарасу көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 311,2 м.

Тастақ – «тас араласқан, тасы көп» деген мағынаны білдіреді. Елімізде «Тастақ» атты елді мекендер кездеседі.

 

Ташкент көшесі

Ташкент көшесі Ашхабад көшесінен басталып, Т.Шонанұлы көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 381,1 м.

Ташкент – ежелгі Жібек жолының бойында орналасқан қала.   1918-1924 жылдар аралығында Түркістан АКСР-нің астанасы болды. Ташкентте қазақтың «Бірлік туы», «Ақ жол» секілді бірқатар басылымдары жарық көрген. Қазіргі кезде Өзбекстан Республикасының астанасы.

             

Тәттімбет көшесі

Тәттімбет көшесі Боталы көшесінен басталып, С.Кубрин көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 852 м.

Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) – қазақтың күйші-композиторы, домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Тәттімбет қырықтан аса күй шығарған. «Қосбасар», «Сарыжайлау», «Сылқылдақ», «Былқылдақ», «Терісқақпай», «Бес төре», т.б. күйлердің авторы.

 

Тәуелсіздік көшесі

Бұрынғы атауы – №1 көше. (Жаңа әкімшілік орталық). Тәуелсіздік көшесі Қабанбай батыр даңғылын, Ақмешіт, Түркістан көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2250,2 м.

Тәуелсіздік – мемлекеттің өз саясатын өз еркімен жүргізуге қабілеттілігі. Тәуелсіздіктің нышандары ретінде мемлекеттің әлемдік қауымдастық мойындаған аумағының болуын, сол аумақты басқаратын мемлекет билігінің болуын, елдікті нақыштаған әнұранының, туының және елтаңбаның болуын атауға болады. Көше Қазақстан Тәуелсіздігінің құрметіне қойылған.

Бұл көшеде ҚР Сыртқы істер министрлігі, «RIXOS», «Дипломат» қонақүйлері орналасқан.

 

Темірқазық көшесі

Бұрынғы атауы – Космонавтиканың 30 жылдығы көшесі. Темірқазық көшесі Космонавтар көшесінен басталып, Қараөткел көшесінде аяқталады. Толағай, Р.Қошқарбаев, Ә.Ермеков көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 852,6 м.

Темірқазық – Кіші аю шоқ жұлдызындағы ең жарық жұлдыз. Қазақ халқы Темірқазық жұлдызы арқылы бағыт-бағдарын дәл анықтап отырған. 

             

Теңіз көшесі

Теңіз көшесі Г.Әлиев көшесінен басталып, Алпамыс көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 163,3 м.

ТеңізҚорғалжын алабындағы көл. Ақмола облысының оңтүстік-батысында орналасқан.

             

Тобылғысай көшесі

Бұрынғы атауы – Новолунный көшесі. Тобылғысай көшесі Мирный көшесінен басталып, Арай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 243 м.

Тобылғысай – тобылғы мол өскен сай. Тобылғы – раушан гүлділер тұқымына жататын қызыл күрең түсті бұта.

 

Толағай көшесі

Толағай көшесі Мирный көшесінен басталып, Н.Оңдасынов көшесінде аяқталады. Арай, Қараөткел, Темірқазық көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 495,8 м.

«Толағай» – халық аңызы.

           

Торғай көшесі

Бұрынғы атауы – №22 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Торғай көшесі Ұлытау көшесінен басталып, Жарқайың көшесінде аяқталады. Ордабасы, Маятас көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 410,9 м.

Торғай – Қостанай облысындағы аудан орталығы. Бұл өңірден қазақ әдебиеті мен мәдениетіне үлкен үлес қосқан Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, А.Иманов секілді белгілі тұлғалар шыққан.

           

Төңкеріс көшесі

Бұрынғы атауы – Танкерисский көшесі. Төңкеріс көшесі Шиелі көшесімен қиылысып, Қ.Кемеңгерұлы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 642 м.

Төңкеріс – тарихи, әлеуметтік ұғым, ол бір билеуші топты екінші топтың күшпен құлатып, үстемдікті өз қолына алуы деген мағынаны білдіреді.

 

Тұмар ханым көшесі

Бұрынғы атауы – №174 көше. «Комсомольский» тұрғын алабы. Тұмар ханым көшесі Ақбаян көшесінен басталып, Баян сұлу көшесінде аяқталады. Айғаным, Қарашаш ана, Домалақ ана көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1268,7 м.

Тұмар ханым (шамамен б.з.б. 570-518) - әйгілі сақ-массагет патшасы. II Кирмен соғысып, жеңіске жеткен.  

             

Түлкібас көшесі

Бұрынғы атауы – №29 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Түлкібас көшесі Сұлутөбе көшесінен басталып, Жанкент көшесінде аяқталады. Талғар, Обаған көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 821,5 м.

Түлкібас – Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысындағы аудан. Орталығы – Т.Рысқұлов ауылы. Аудан жері арқылы трансазиялық теміржол және Алматы – Термез автомобиль жолы өтеді.

           

Түркістан көшесі

Бұрынғы атауы – №34 көше (Жаңа әкімшілік орталық). Түркістан көшесі Сарайшық көшесінен басталып, Тәуелсіздік, Достық, Сығанақ, Алматы көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы –    6554,5 м.

Түркістан (Иасы) – Оңтүстік Қазақстан облысындағы тарихи қала. Сырдария өзенінің оң жағалауы мен Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Түркістанның көркі мен мәртебесі – түркі әлемінің ғұламасы Қожа Ахмет Иасауи кесенесі. 2000 жылы ЮНЕСКО шешімімен Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойы әлемдік деңгейде аталып өтілді.

Бұл көшеде «Бәйтерек» алаңы, «Астаналық» бизнес орталығы, «Француз кварталы» тұрғын үй кешені орналасқан.

 

 

 

 

содержание   ..  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39  40  ..