Ә. Бөкейхан көшесі

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 3

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39  40  ..

 

 

 

Ә. Бөкейхан көшесі

Ә. Бөкейхан көшесі Ғ. Қараш көшесінен басталып, Абай даңғылында аяқталады. Ағыбай батыр, А. Иманов, Т. Рысқұлов, Кенесары көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 846,3 м.

Әлихан Бөкейхан (1866-1937) – қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне Ә.Бөкейхан зор еңбек сіңірді. 1914 жылы маусымда Мемлекеттік думадағы мұсылман фракциясының ұйымдастыруымен шақырылған Бүкілресейлік мұсылман сиезіне қатысып, мұсылман фракциясы бюросының тұрақты мүшесі болды. Әлиханның жетекшілігімен 1917 жылы шілдеде 1-жалпықазақ сиезі өткізіліп, «Алаш» партиясы құрылды. 1917 жылғы желтоқсандағы сиезде «Ұлт Кеңесі» құрылып, оның аты «Алашорда» болып аталды. Бұл үкіметтің төрағасы болып Ә. Бөкейхан сайланды. Ә. Бөкейхан қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін, шаруашылығын, төрт түлік малын, жер-суын, әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты зерттеген ғалымдардың бірі.

            Бұл көшеде Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы, ОБСЕ орталығы, БҰҰ өкілдігі, «Абай» кітап үйі орналасқан.

 

 

Ә. Диваев көшесі

Бұрынғы атауы – Ф.Дзержинский көшесі. Ә.Диваев көшесі Конституция көшесінен басталып, М.Дулатов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 389,5 м.

Әбубәкір Диваев (1856-1933) – фольклорист, этнограф, тіл маманы. Қазақ, өзбек, қарақалпақ халықтарының фольклоры мен этнографиясы жөнінде көптеген еңбектің авторы.

 

Ә. Ділманов көшесі

Бұрынғы атауы – М.Фрунзе көшесі. Ә.Ділманов көшесі Мәскеу көшесінен басталып, Жеңіс даңғылында аяқталады. Домбыралы, Бестерек көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 590,5 м.

Әбдіғапар Ділманов 1977 жылы 22 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы милицияның арнаулы отрядында әскери борышын өтеген соң (1998-1999), Астана қаласындағы милиция мектебінде оқыды. 2000-2001 жылдары Президент әкімшілігі мен Үкіметті қорғау батальонында инспектор қызметін атқарды. 2001 жылдың 1 наурызынан бастап жергілікті жерде тәжірибе жинақтау басқармасында учаскелік инспектор қызметіне ауысады. Әбдіғапар Ділманов 2001 жылы 14 мамыр күні Астана қаласында қауіпті бұзақыларды ұстау барысында ерлікпен қаза табады.

           

            Ә. Ермеков көшесі        

            Бұрынғы атауы – Светлый көшесі. Ә.Ермеков көшесі Құмбел, Ай-Таңсық, Ж.Шәрденов, Қараөткел, Темірқазық, Н.Оңдасынов, Алпамыс батыр, Е.Тайбеков көшелерін қиып өтіп, Қарасақал Ерімбет көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 899,5 м.

            Әлімхан Ермеков (1891-1970) – қоғам қайраткері, «Алаш» партиясы мен Алашорда қозғалысы жетекшілерінің бірі, математик, ұстаз, ғалым. 1921 жылы Томск технология институтын бітірген. Қазақ жерлерін Қазақ АКСР-і шеңберінде топтастыруда ерекше рөл атқарған. Ол қазақ зиялыларының қатарынан тұңғыш рет математика саласынан профессор атағына ие болған.

 

Ә. Жангелдин көшесі

Ә.Жангелдин көшесі Сарыарқа даңғылынан басталып, Жеңіс даңғылын, Желтоқсан, Бейбітшілік, М.Әуезов, С.Торайғыров, Ш.Айманов, Ж.Аймауытов, Р.Қошқарбаев көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2575 м.

Әліби Жангелдин (1884-1953) – мемлекет қайраткері. Ә.Жангелдин Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығына қарсы Торғай қазақтарының көтерілісін қолдап, Торғай қаласын қоршауға қатысты. РКФСР Халық комиссарлар кеңесінің шешімімен Торғай облысының төтенше соғыс комиссары болып тағайындалады. 1922 жылы Орынбордан шығып Торғай, Атбасар, Ақмола, Павлодар, Семей бағытында жол жүріп өткен Ә.Жангелдин басқарған қызыл керуен Азамат соғысынан зардап шеккен халық шаруашылығын қалпына келтіру, ауылдарда мәдени ошақтар ашу, мектеп, аурухана жұмыстарын жандандыру ісінде бірқатар шаралар атқарды.

Бұл көшеде ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік орналасқан.

 

Ә. Майкөтов көшесі

Ә.Майкөтов көшесі Оқжетпес көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 532,1 м.

Әділбек Майкөтов (1869-1919) – қоғам қайраткері, Қазақстандағы ХХ ғасыр басындағы төңкеріске қатысушы.            1887 жылы орыс-қазақ училищесін бітірген. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде қазақ жастарын тыл жұмыстарына мобилизациялауға қарсы шығып, Ұлытау өңірінде қарулы жасақ ұйымдастырады.

 

Улица А.Майкотова

Улица А.Майкотова заканчивается на улице  Оқжетпес. Длина – 532,1 м.

Адилбек Майкотов (1869-1919) – общественный деятель, участник Казахстанского восстания ХХ века. В 1887 году закончил  русско-казахское училище. В 1916 году во время национально-освободительного восстания выступил против мобилизации казахской молодежи  и организовал вооруженный отряд в окресностях Улытау.

 

Ә.Молдағұлова көшесі

Бұрынғы атауы – Қ.Жалайыри көшесі. Ә.Молдағұлова көшесі Берел, Қарауыл, Бекетай, Найзақара, Керегетас, Жеңіс даңғылын, Бейбітшілік, М.Әуезов көшелерін қиып өтіп, Республика даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 2100,5 м.

Әлия Молдағұлова (1924-1944) – қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры. Өз еркімен қызыл әскер қатарына сұранып, мергендердің Орталық әйелдер мектебін үздік бітіріп шығады.         1943 жылы 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түседі.

 

Ә. Сембинов көшесі

Ә.Сембинов көшесі А.Иманов көшесінен басталып, Ш.Жиенқұлова көшесінде аяқталады. Абай даңғылын және Баянауыл, М.Дулати, Кенесары, С.Сейфуллин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1640 м.

Әлмұқан Оспанұлы Сембинов (1924-1972) – Ұлы Отан соғысының ардагері, Даңқ орденінің иегері.

            Бұл көшеде «Сұңқар», «Жұлдыз» қонақүйлері орналасқан.

           

Улица А. Сембинова

Улица А.Сембинова начинается с улицы А.Иманова, пересекается с улицами Баянауыл, М.Дулати, Кенесары, С.Сейфуллина и проспектом Абая, заканчивается на улице Ш.Жиенкуловой. Длина – 1640 м.

Альмухан Оспанулы Сембинов (1924-1972) – ветеран Великой Отечественной войны, награжден орденом Славы.

На этой улице расположены гостиницы «Сұңқар», «Жұлдыз».

 

Ә. Ысмайылов көшесі

Ә. Ысмайылов көшесі Республика даңғылынан басталып, Ш.Иманбаева көшесінде аяқталады. М.Ғабдуллин көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 498 м.

Әубәкір Ысмайылов (1910-1988) – кескіндемеші, ұлттық кәсіби бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР-інің халық суретшісі.

 

Әулие ата көшесі

Бұрынғы атауы – Сельский көшесі. Әулие ата көшесі А.Герцен көшесінен басталып, Жерұйық көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1950,8 м.

Әулие ата қазіргі Тараз қаласының бұрынғы атауы. Әулие ата атауы Қарахан әулеті хандарының бірі жерленген мавзолеймен тығыз байланысты. XI ғасырда салынған бұл қабірдің құрылысы бір орталыққа бағындырылып, төбесі күмбезбен жабылған. Мавзолей өрнектерінің сюжеті Айша бибі күмбезіндегіге ұқсас болып келеді.

             

            Б. Бейсекбаев көшесі

Б.Бейсекбаев көшесі Жәнібек тархан көшесінен басталып, Ш.Жиенқұлова көшесінде аяқталады. Абай даңғылын және А.Иманов, Кенесары, С.Сейфуллин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1839,7 м.

Бақтыораз Шәмпекұлы Бейсекбаев (1920-1941) – екінші дүниежүзілік соғыста ерекше ерлік көрсеткен жауынгер. І дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденінің иегері, Ресей Федерациясының батыры. Б.Бейсекбаевқа 1998 жылы Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» атағы берілді.

           

Б. Майлин көшесі

Бұрынғы атауы – М.Вавилов көшесі және №106 көше. Б.Майлин көшесі Л.Мирзоян көшесінен басталып, Манас даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 3246,2 м. 

Бейімбет Майлин (1894-1938)жазушы, драматург. Б.Майлин Қостанайдағы орыс-қазақ мектебінде, Уфадағы Ғалия медресесінде оқыған. Оның алғашқы шығармалары – «Мұқтаждық», «Көңіліме» өлеңдері мен «Шұғаның белгісі» повесі. Драма саласында жазған «Неке қияр», «Шұға», «Майдан», «Жалбыр» атты пьесалары бар.

             

Б. Серікбаев көшесі

 «Промышленный» тұрғын алабы. Б.Серікбаев көшесі Бәйшешек көшесінен басталып, Көкарал көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 354,1 м.

Бәкен Серікбаев (1894-1919) – Ақмола облысында Кеңес үкіметін орнатуға белсене қатысқандардың бірі. С.Сейфуллинмен бірге «Жас қазақ» атты жастар ұйымын құруға атсалысқан.           

             

Б. Хмельницкий көшесі

Б.Хмельницкий көшесі Қарауыл көшесінен басталып, Мәскеу көшесінде аяқталады. Ә.Молдағұлова, Керегетас көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 637,9 м.

Богдан Хмельницкий (1595-1657)украин елінің мемлекеттік қайраткері, қолбасшы.

 

Бағаналы көшесі

Бұрынғы атауы – №45 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Бағаналы көшесі Талғар көшесінен басталып, Жанкент көшесінде аяқталады. Обаған көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 614,2 м.

Бағаналы –  «Айман-Шолпан» жырында кездесетін жер атауы.

 

Байқадам көшесі

Бұрынғы атауы – 7-Кирпичный завод көшесі. Байқадам көшесі Ойыл көшесінен басталып, Балықты көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 66,6 м.

Байқадамелді мекен атауы. Еліміздің бірқатар аймақтарында кездеседі.

 

Байқоңыр көшесі

 «Көктал» тұрғын алабы. Байқоңыр көшесі Жаңақоныс көшесінен басталып, Болашақ, Өркен көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1130,5 м.

Байқоңыр – Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы қала. Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан. Байқоңырдан           1991 жылы тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа көтерілді.

 

Бақанас көшесі

Бұрынғы атауы – Экспериментальный көшесі. «Мичурино» тұрғын алабы. Бақанас көшесі Бастау көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 423,9 м.

Бақанас – Балқаш алабындағы өзен. Ол Шығыс Қазақстан облысының Абай, Аягөз аудандарының жерімен оңтүстікке қарай ағады. Бақанас – Алматы облысы, Балқаш ауданының орталығы. 

 

Балауса көшесі

Бұрынғы атауы – Цветочный көшесі. Балауса көшесі М.Мақатаев көшесінен басталып, Құлынды көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 382,3 м.

Балауса – ылғалды жерде өсетін шалғын шөп.

 

Балбырауын көшесі 

Бұрынғы атауы – №60 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Балбырауын көшесі Б.Момышұлы даңғылынан басталып, Ақыртас көшесінде аяқталады. Қарқабат, Құндызды көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 655,9 м.

Балбырауыншатыр гүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық немесе көп жылдық шөптесін өсімдік. Күйші Құрманғазы Сағырбаевтың халыққа аса танымал «Балбырауын» атты күйі бар.

 

Балқантау көшесі

Бұрынғы атауы – №41 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Балқантау көшесі Кәусар орамынан басталып, М.Төлебаев көшесінде аяқталады. М.Жұмабаев даңғылын және Талғар, Марқакөл, Баянтау көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 3462,6 м.

Балқантау – Қарағанды облысындағы тау аты.

             

Балочный көшесі

Балочный көшесі В.Вишневский көшесінен басталып, Анар көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 895,5 м.

Балочный – «бөренелі» деген мағынаны білдіреді.

           

Балталы көшесі

Бұрынғы атауы – №64 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Балталы көшесі Майқайың көшесінен басталып, Ақыртас көшесінде аяқталады. Шертер көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 347,1 м.

БалталыҚазақстанда жиі кездесетін жер атауы.

 

Балуан Шолақ көшесі

Балуан Шолақ көшесі М.Төлебаев көшесінен басталады. Ұзындығы – 597 м.

Балуан Шолақ (1864-1919) – атақты палуан, ақын, әнші-композитор. Арқадағы сал-серілер мектебінің ірі өкілі ретінде белгілі болған. Балуан Шолақтың «Көкшетау», «Желдірме», «Қосалқа», «Қос перне», «Кенже қоңыр», «Ғалия» сияқты көптеген әндері бар.

           

Балықты көшесі

Бұрынғы атауы – 6-Кирпичный завод көшесі. Балықты көшесі Ойыл көшесінен басталып, Байқадам көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 143,3 м.

Балықты – «балығы мол» деген мағынаны білдіреді. Осы аттас көл аттары кездеседі.

 

Баршын көшесі

Бұрынғы атауы – №4 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Баршын көшесі Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Арқалық, Ақмола, Айдарлы, Саумалкөл, Қайнар көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1404,4 м.

Баршын – Ақмола облысы, Астрахан ауданындағы ағынды көл. Қарағанды облысы, Нұр ауданындағы елді мекен.

 

            Бастау көшесі

Бұрынғы атауы – Центральный көшесі. «Мичурино» тұрғын алабы. Бастау көшесі Асқартау көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 1390,9 м.

Бастауөзеннің, бұлақтың, т.б. ағын судың басталатын жері, тұрақты арна жасап ағатын ең жоғарғы бөлігі.

             

Бастөбе көшесі

Бұрынғы атауы – И.Алейников көшесі. Бастөбе көшесі Жігер орамынан басталады. Ұзындығы – 864,6 м.

Бастөбе – жер-су атауы. Елімізде осы аттас елді мекендер кездеседі.

             

Баян сұлу көшесі

Бұрынғы атауы – №154 көше. «Комсомольский» тұрғын алабы. Баян сұлу көшесі Қыз Жібек, Айша бибі, Ұмай ана, Тұмар ханым көшелерін қиып өтіп, Домалақ ана көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 848,3 м.

Баян сұлу – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» лиро-эпостық жырының бас кейіпкер.

             

            Баянауыл көшесі

Баянауыл көшесі М.Ғабдуллин көшесінен басталып, Ә.Сембинов көшесінде аяқталады. М.Мәметова, Ш.Иманбаева, Р.Қошқарбаев, Ш.Уәлиханов, Тараз, Асанқайғы көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1084 м.

Баянауыл – Павлодар облысының оңтүстік-батысындағы аудан. Баянауылдан есімі елімізге танымал көптеген тұлғалар шыққан.

           

Баянтау көшесі

Бұрынғы атауы – №31 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Баянтау көшесі Сұлутөбе көшесінен басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Талғар, Обаған, Жанкент көшелерін қиып өтіеді. Ұзындығы – 932,2 м.

Баянтау Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау. Павлодар облысының Баянауыл ауданында орналасқан.

 

Бәйшешек көшесі

Бұрынғы атауы – Весенний көшесі. Бәйшешек көшесі М.Төлебаев көшесінен басталып, Көкарал көшесінде аяқталады. Б.Серікбаев көшесін қиып өтеді. Ұзындығы – 1045,4 м.

Бәйшешек – құртқашаштар тұқымдасына жататын көпжылдық тамыртүйнекті өсімдіктер. Қазақстанда Іле, Жетісу, Теріскей Алатауларында, Кетпен жотасында, Қаратауда өседі.

             

Бейбітшілік көшесі

Бейбітшілік көшесі Кенесары көшесінен басталып, І.Есенберлин көшесінде аяқталады. Абай, Бөгенбай батыр даңғылдарын және Т.Бигелдинов, Ж.Омаров, С.Сейфуллин, Ә.Жангелдин, Ы.Дүкенұлы, Ә.Молдағұлова көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2899,6 м.

Бейбітшіліктыныштық, татулық дегенді білдіреді.

            Бұл көшеде Астана қаласының әкімдігі, ҚР Орталық сайлау комиссиясы, «Қазинформ» ақпараттық агенттігі», ҚР Ұлттық Банкі, Политехникалық колледж, Медицина академиясы орналасқан.

 

Бекарыс көшесі

Бұрынғы атауы – №6 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Бекарыс көшесі Сілеті көшесінен басталып, Қозыбасы көшесінде аяқталады. Хантау, Қаратау көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 811,3 м.

Бекарыс – Кіші жүздің атасы. Бекарыстан (Кіші жүз) Әлімұлы, Байұлы, Жетіру тайпалары тарайды.

 

Бекетай көшесі

Бұрынғы атауы – З.Катченко көшесі. Бекетай көшесі Бөгенбай батыр даңғылынан басталып, Мәскеу, Ә.Молдағұлова, Қарауыл көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1017 м.

Бекетай – Батыс Қазақстан облысындағы құмды жер.

 

Бектау көшесі

Бұрынғы атауы – О. Кошевой көшесі. Бектау көшесі Шардара көшесінен басталып, Өндіріс көшесінде аяқталады. Сартүбек көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 393,4 м.

Бектау тау аты. «Мықты, берік, биік тау» деген мағынаны білдіреді.

             

Беласар көшесі

Бұрынғы атауы – Болашақ көшесі. Беласар көшесі «Пригородный» тұрғын алабындағы көше. Ұзындығы – 481,8 м.

Беласарқола дәуірінен сақталған қорым. Қарағанды облысының Шет ауданында орналасқан. Б.з.д. XIII-VIII ғасырларға жатады.

 

Белжайлау көшесі

Бұрынғы атауы – Энергетиктер көшесі. Белжайлау көшесі Г.Әлиев көшесінен басталады. Ұзындығы – 132,3 м.

Белжайлау еліміздегі көптеген жайлаулардың атауы.

 

Берел көшесі

Бұрынғы атауы – Целинный көшесі. Берел көшесі Бөгенбай батыр даңғылынан басталып, Мәскеу, Ә.Молдағұлова көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 815,4 м.

Берелсақ дәуірінен сақталған тарихи ескерткіш. Шығыс Қазақстан облысында орналасқан.

             

            Берен көшесі

Бұрынғы атауы – №49 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ).  Берен көшесі Балқантау көшесінен басталып, Айнакөл көшесінде аяқталады. Таскескен көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 320,5 м.

Берен – сауыттың бір түрі, «болат темірлі сауыт» деген ұғымды білдіреді.

             

            Бесбалық көшесі

Бұрынғы атауы – №132 көше. Бесбалық көшесі Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабындағы (оң жақ) көше. Ұзындығы – 310,3 м.

Бесбалықорта ғасырлардағы көне түркі қаласы.

             

Бестерек көшесі

Бұрынғы атауы – В.Чапаев көшесі. Бестерек көшесі Сарыарқа даңғылы мен Ә.Ділманов көшесін қиып өтіп, Жеңіс даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 765,3 м.

Бестерек – жер-су атауы. Қазақстанда осы аттас елді мекендер мен өзен аттары кездеседі.

 

            Бестөбе көшесі

Бұрынғы атауы – Бестюбинский көшесі. Бестөбе көшесі Мақат көшесінен басталып, Жолымбет көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 358,6 м.

Бестөбе – шоқы, төбе, тау атауы, Ақмола облысындағы елді мекен атауы.

 

Бесшалқар көшесі

Бұрынғы атауы – №26 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Бесшалқар көшесі Обаған көшесінен басталып, Талғар көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 542,6 м.

Бесшалқар – көл, теңіз атауы. «Кең-байтақ, шексіз де шетсіз» деген мағынаны білдіреді.

            Улица Бесшалқар

Прежнее название – улица №26. Жилой массив Юго-Восток (правая сторона). Улица Бесшалқар начинается с улицы Обаған, заканчивается на улице Талғар. Длина – 542,6 м.

Бесшалкар – название озер и других водоемов, означает широкая водная гладь.

 

Бозарал көшесі

Бұрынғы атауы – №161 көше. Бозарал көшесі «Қараөткел» шағын ауданында орналасқан көше. Ұзындығы – 601,5 м.

Бозаралжер-су атауы.

 

Болашақ көшесі

 «Көктал» тұрғын алабы. Болашақ көшесі Н.Тілендиев қысқа көшесінен басталып, Жетісу, Байқоңыр, Көкжиек, Ақтау, Аққорған көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2031,9 м.

Болашақ – «алдағы уақыт, келешек» деген мағынаны білдіреді.

 

Босаға көшесі

Бұрынғы атауы – Тополиный көшесі. Босаға көшесі Меркі көшесімен қиылысып, М.Мақатаев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 176,4 м.

Босағаүй есігінің екі жақтауы. Қазақ халқы босағаны қасиетті санаған. Жас келін босаға аттап сәлем жасағанда, үлкендер оған «Шаңырағың биік, босағаң берік болсын» деп бата берген.

 

Бостандық көшесі

Бұрынғы атауы – №25 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Бостандық көшесі Амантоғай көшесінен басталып, Ұлытау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 210,8 м.

Бостандық – «тәуелсіздік, еркіндік» деген мағынаны білдіреді.

 

Боталы көшесі

Бұрынғы атауы – А.Жданов көшесі. Боталы көшесі С.Кубрин көшесімен қиылысып, Тәттімбет көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 880,2 м.

Боталы – «ботасы бар» деген ұғымды білдіреді.

           

Бөрілі көшесі

Бұрынғы атауы – №32 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Бөрілі көшесі Сұлутөбе көшесінен басталып, Жанкент көшесінде аяқталады. Талғар, Обаған көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 821,5 м.

Бөріліқола дәуірінен сақталған қоныстар орны. Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 200 шақырым жерде орналасқан.

             

Бурабай көшесі

Бұрынғы атауы – №9 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы. Бурабай көшесі М.Төлебаев көшесінен басталып, Абылай хан даңғылы мен Ер Көкше, Ер Қосай, Ер Тарғын, Сілеті, Хантау, Қаратау, Қозыбасы көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1660,3 м.

БурабайКөкшетау қыратындағы әсем көл. Көлдің солтүстік-батыс бөлігінде жартасты-жарқабақты келген кішігірім «Жұмбақтас» аралы орналасқан.  Бурабай көлінің төңірегінде «Бурабай», «Оқжетпес» демалыс үйлері орналасқан. Көлдің жағасында осы аттас елді мекен бар.

 

Бұқтырма көшесі

Бұрынғы атауы – №12 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Бұқтырма көшесі Абылай хан даңғылынан басталып, Хантау, Қаратау, Қозыбасы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1127,1 м.

Бұқтырма Ертіс өзенінің оң жақ саласындағы өзен. Шығыс Қазақстан облысының жерімен ағады.           

 

Бұланты көшесі

Бұрынғы атауы – И.Мичурин көшесі. Бұланты көшесі Қарасай батыр көшесінен басталып, Конституция көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 404,6 м.

Бұланты – 1727 жылы Ұлытау өңіріндегі Бұланты және Білеуті өзендері аралығындағы қазақ жасақтарының жоңғар басқыншыларымен болған шайқасы. Бұл шайқаста қазақ жасақтары жеңіске жетті. Осы оқиғадан кейін жоңғарлар басып алған қазақ жерлерін азат ету кезеңі басталды.

  

Біржан сал көшесі

Біржан сал көшесі И.Гёте көшесінен басталып, І.Есенберлин көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 358,7 м.

Біржан Қожағұлұлы (1834-1897) атақты әнші, ақын, халық композиторы. Оның «Теміртас», «Қаламқас», «Ләйлім-шырақ», «Жанбота», «Адасқақ» атты әндері бар. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға.

Бұл көшеде «Дәулет» сауда орталығы орналасқан.

 

Бірлік көшесі

 «Железнодорожный» тұрғын алабы. Бірлік көшесі Екібастұз көшесінен басталады. Ұзындығы – 638,2 м.

Бірлік«ынтымақшыл, ұйымшыл» деген ұғымды білдіреді.

 

 

В. Бартольд көшесі

Бұрынғы атауы – М.Кутузов көшесі. В.Бартольд көшесі М.Дулатов көшесінен басталып, М.Жәлел көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 841,9 м.

Василий Владимирович Бартольд (1869-1930)ғалым, шығыстанушы, академик. Бартольдтің Орта Азия және қазақ өлкесін мекендеген тайпалардың тарихы жөніндегі еңбектерінің ғылыми мәні зор.

 

В. Вишневский көшесі

В.Вишневский көшесі Ж.Досмұхамедұлы көшесінен басталып, С.Сәдуақасов, Анар көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1475,4 м.

Всеволод Вишневский (1900-1951)орыс жазушысы.

 

В. Высоцкий көшесі

В.Высоцкий көшесі Жерек көшесімен қиылысып, А.Тоқпанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 251,1 м.

Владимир Семенович Высоцкий (1938-1980) – ақын, әнші, актер.

 

В. Маяковский көшесі

 «Железнодорожный» тұрғын алабы. В.Маяковский көшесі Ж.Жабаев көшесінен басталып, Ащысай, Екібастұз көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 673 м.

Владимир Владимирович Маяковский (1893-1930) орыс ақыны.

 

 

В. Мурадели көшесі

В.Мурадели көшесі И.Дунаевский көшесінен басталып, Жолымбет көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 174,9 м.

Вано Мурадели (1908-1970) – композитор, КСРО халық әртісі.

 

 

В. Петров көшесі

В.Петров көшесі М.Жұмабаев даңғылынан басталып, Қажымұқан көшесінде аяқталады. Ж.Жирентаев, Л.Мирзоян көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1696,2 м.

В. Петров – Социалистік Еңбек Ері.

Бұл көшеде «Еуразия» сауда орталығы орналасқан.

 

В. Суриков көшесі

В.Суриков көшесі Қ.Кемеңгерұлы көшесінен басталып, Ақбидай көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 326,4 м.

Василий Иванович Суриков (1848-1916)орыс кескіндемешісі.

             

 

В. Шукшин көшесі

В. Шукшин көшесі А.Тоқпанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 255,8 м.

Василий Шукшин (1929-1974) – орыс жазушысы, кинорежиссёр, актёр.

 

Вячеславский көшесі

Вячеславский көшесі В.Вишневский көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 454 м.

             

Г.Әлиев көшесі

Г.Әлиев көшесі А.Тоқпанов көшесінен басталып, Манас даңғылында аяқталады. Алпамыс, Жерек, Белжайлау көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 717,5 м.

Гейдар Әлиев Әзірбайжан Республикасының президенті және мемлекет қайраткері болған.

 

Г.Жуков көшесі

Г.Жуков көшесі Оқжетпес көшесінен басталып, Д.Карбышев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 31 м.

Георгий Константинович Жуков (1896-1974)белгілі орыс қолбасшысы, Кеңес Одағының маршалы, 4 мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған.

 

Г.Игишев көшесі

Г.Игишев көшесі Көкжелек көшесінен басталып, Жігер орамымен қиылысады. Ұзындығы – 912,6 м.

Георгий Иванович Игишев (1921-1943) – Кеңес Одағының Батыры.

 

Г.Титов көшесі

Г.Титов көшесі Алмалық көшесінен басталып, Ардагерлер көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 636,5 м.

Герман Степанович ТитовКСРО-ның ұшқыш ғарышкері, авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының Батыры.

           

Г.Потанин көшесі

Г.Потанин көшесі Мәскеу көшесінен басталып, А.Затаевич көшесінде аяқталады. Керегетас, Ә.Молдағұлова, Қарауыл көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 922 м.

Григорий Николаевич Потанин (1835-1920) – Орта Азияның табиғатын, этнографиясын зерттеген саяхатшы, географ, этнограф, фольклоршы.

 

Ғ.Қараш көшесі

Бұрынғы атауы – Акмолинская көшесі. Ғ.Қараш көшесі Ә.Бөкейхан көшесінен басталып, Асанқайғы көшесінде аяқталады. М.Ғабдуллин, М.Мәметова, Ш.Иманбаева, Р.Қошқарбаев, Ш.Уәлиханов, Тараз көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1155,1 м.

Ғұмар Қараш − ақын, қоғам қайраткері. 1911-13 жылдары «Қазақстан» газетінің жұмысына атсалысқан. Ғ.Қараштың «Бала тұлпар», «Қарлығаш», «Тумыш», «Аға тұлпар», «Тұрымтай» аталатын бес поэзиялық, «Ойға келген пікірлерім», «Өрнек», «Бәдел қажы» дейтін үш зерттеу кітабы жарық көрген.

 

Ғ.Мұстафин көшесі

Ғ.Мұстафин көшесі Абылай хан даңғылынан басталып, Ырғыз, Сілеті, Хантау, Қаратау, Қозыбасы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1230,1 м.

Ғабиден Мұстафин (1902-1984) – Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. «Шығанақ», «Миллионер», «Қарағанды» «Дауылдан кейін» романдарының авторы.

 

Ғ.Мүсірепов көшесі

Ғ.Мүсірепов көшесі Абылай хан даңғылынан басталып, Ш.Құдайбердіұлы даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 650 м.

Ғабит Мүсірепов (1902-1985) – көрнекті жазушы, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері. Социалистік Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы. Қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан қаламгердің «Кездеспей кеткен бір бейне», «Ұлпан», «Оянған өлке», «Жат қолында», «Қазақ солдаты» сияқты көлемді прозалық туындылары және ана тақырыбындағы әңгімелері, драматургия жанрындағы шығармалары бар. 

 

 

 

 

 

содержание   ..  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39  40  ..