“Сұлтан ”ЖСШ мысалындағы дағқарысқа қарсы басқару

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 3

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   .. 29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39  40  ..

 



3 тарау. Қ.Р. шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту проблемалары


3.1.

“Сұлтан ”ЖСШ мысалындағы дағқарысқа қарсы басқару

 


Дағдарыстар мен күзелістерді спонтанды түрде пайда болған жағдай мен статикалық процес ретінде қарастыруға болмайды.
Кәсіпорынның нормалды дамуы түрлі ауытқуларға ие болып, оның өсуіндегі қателіктерге алып кешуі мүмкүн де, кәсіпорынның өмір сүруі екі талай болуы мүмкүн. Курстың дұрыс коррекциясын әзірлеу үшін дағдарыстың және дағдарыстық процестің дамуы сатыларының барысы жөніндегі нақты білімдер мен дағдыларға ие болу керек (6).
Дағдарыстың процесі байланыстар - қатынастар бар құрылымын бұзатын немесе оны қайтадан қалыптастыратын жалпы дамуын білдіреді.
Кәсіпорынның дағдарысы әдетте уақыты жағынан шектелген болады. Күйзелістен процесінің кәсіп орында оның құрлымына иновацилық әлеуетіне және т.б. байланысты түрлі созылмалығымен, интенсивтілігімен және түрлі ауырлығы түрлі дәрежеге салдармен сипатталады.
Кәсіпорынның дағдарысын сипаттайтын түрлі динамикалық түрдегі қойымдылары мен көз қарастары болады.
Мюллер өзінің зерттеулерінде стратегиялық дағдарыстар, нәтижелердің дағдарысы және өтемпазықтық дағдарысы тұралы айтады. Бұл дағдарыстардың арасында оның пікірі б/ша уақыттық байланыс болады./6/.
Дағдарыстың мұндай турлерінің туындау процесі келесіні білдіреді: Мюллер б/ша кәсіпорын табыстардың дені сау жағдайында назар аударатын табысталыққа жетудің потенциал түсінігін қолданады. Бірақ потенциал біртіндеп таусылады және егер жақсы айналымды берген ескірген кеткен Өнімдер-киделер орнына жаңа ауыстырмалы табылшасы, кәсіп орнына стратегиалық дағдарыс бойында болады. Нәтижелердің дағдарыс,мысалы бұрынғы Өнім-лидер қоймалық шығындардың жоғарлағында туындайды, ол өз кезінде сыртқы көздерден аиынатын инвестицияларды танар етеді. Ал өтемпаздық дағдарысы классикалық түрде,мысалы кәсіпорындағы барлық процестер сыртқы көздерден қарыпсыландырылғанда несие берушілердің шектеулерінен туындайды
 

 

 

 



3.1.2. сурет. Дағдарыстық процестің сатылары.
Кристек бойынша дағдарыстық процестің сатыларын келесідей түрде сипаттауға болады:
1. Саты: потенциялды дағдарыс. Мұндай дағдарыс- тізбекті процес секілді өзін мүмкінді, потенциялды фазада тауып, ол кәсіпорынның нақты дағдарысы ретінде айқындалмайды. Дағдарыстың айқын сипаттарының жоқтығынанкәсіпорының мұндайжағдайы квазинормалды деп силпатталады,яғни әдетте кәсіпорын басталғанын көрсететін уақытынан сипатталады.
2. Саты: латехтті/ көрінбейтін дағдарыс. Дағдарыстық бұл фазасы енді басталып келе жатқан дағдарыстың асқынуы бойынша ықтималдықтың үлкен шамасымен сипатталады. Мұндай дағдарыс сатысында кәсіпорын оны стандартты инструменттер көмегімен ықпал етуі қолдану арқылы дағдарыстың осы сатысына белсенді әсер ету алдын – ала айқындау шараларын жүзеге асыру көмегімен болады. Жалпы дағдарыстың осы кезеңінде оны жойюдың потенциясы толығымен пайдаланбайды. Бұл әсерде ең негізгісі ертерек айқындау жүйесіне сүйену керек.
3. Саты:өткір өтуге болатын дағдарыс. Бұл сатыда кәсіпорын дағдарыстың негативті әсер етулерін сезе бастайды. Сонымен бірге бұл сатыда кәсіпорынға бағытталған деструктивті ықпал етудің интенсивтілігі үшееді. Ол болса уақыттың тапшылығына, қысымына, тезділігіне/ шешім қабылдаудың тезділігіне алып келеді. Дағдарыстың бұл кезеңінде одан ары пробле малары (дағдарыстан өту факторлары) шешудің әрекет етуші жолдарын табуға талаптар уақыттың тығыздығына байланысты жоғарлайды. Сондай-ақ бұл кезең барлық үлкен күштерді жұмылдыру арқылы дағдарыстан шығу бойынша шаралар мен қолда бар резервтердің таусылуымен сипатталады. Бұл жағдайда жалпы өткір дағдарыстан шығудың мүмкіндігі жоғары болады. Тағы да дағдарыстан өтуге талаптар шегіне дейін жоғарлап, аз уақыт аралығында ситуацианы жақсарту үшін шаралар өзінің нақты қабілеттілігі мен әрекеттілігін көрсету қажет.
4. Саты: өткір өтуге болмайтын дағдарыс. Егер дағдарыс локализациялау жүзеге аспаса, онда кәсіпорын жоюменаяқталатын дағдарыстың процестің соңғы соңғы сатысына көшеді. Бұл сатыдадағдарыстан өту үшін кәсіпорынға қойылатын талаптар оның потенциялынан әлдеқайда жоғары болады. Бұл жағдайда кәсіпорынның дағдарыстан шығуы мүмкін емес болады. өйткені осы кезеңде нақты әрекеттер болмайды немесе олар потенциалдың төмендігіне байланысты тиімсіз болады және уақыттың күшті қысымымен кәсіпорынға қарсы де структивті ықпал етілердің интенсивтілігі күшееді.
Дағдарыстық жәйттардың жіктемесі. Батыс экономистері дағдарыстық жәйттің дамуының 3 сатысн бөледі. Бірінші саты тауарлық материалдық запастардың сату көлемінің тұрақты не төмен өсу қарқындары кезеңіндегі көбеуінен, несиелік береноктың айналмалығы тездетілгенінен, жабдықтау мен өнім сапасымен байланысты туындаған проблемаларынан көрінетін жекелеген жағдайлармен сипатталады.
Аралық саты болса (тараулыматериалдық запастарды қысқарту арқылы ақша ресурстарын үнемдеу салдарынан) материалдың тапшылығымен, жабдықтаушылардың несиеге сатулардың тоқталуымен және қолма-қол қаражаттармен есеп-айырысу талаптарымен, жалақыны уақтылы төмендеуімен айырықшаланады.
Дағдарыстың соңғы кезеңдерінде компания хаостық жағдайға душар болады.осы кезең өндірістік графиктер орындалмайды, өте жиі өнімнің төмен сапасына байланысты олар қайтарылып береді, өндіріс жиі материалдардыңқ жетіспеушілігіне байланысты тоқтап қалады, дебиторлық берешекті жинаудың көп уақыт алуымен сипатталады. Сондай-ақ бұл кезде жабдықтаушылар мен мердігерлер қолма-қол қаражат беруді талап етеді және несие берушілер де заемның шарттарын өзгертуді талап етеді. Нәтижесінде, компанияда меншікті айналмалы қаражаттардың жетіспеушілігі байқалады.
Осыдан келесі қорытынды жасауға болады:критерийлерге сүйену арқылы біз қазақстандық ауыл шаруашылығында шағын ж/е орта бизнес субъектілері болып табылатын шаруа. қожалықтарының жағдайы осы соңғы сатыға жатқызамыз .
Сонымен біз дағдарыстық жәйт түсінігін кеңейтуді ж/едағдарыс пен банкроттық (қабілетсіздік )түсініктерін ажыратужы ұсынамыз. Төменде берілген тұжырымдама маневр жасаудың үлкен бостандығы мен заңнамалық антидағдарыстық реттеу процесімен асырылатын шаралармен салыстырғанда дағдарысқа қарсы процедуралардың кен таңдауын беретін – кәсіпорын толығымен меншік иегері мен тартылған мекеменеджерлердің бақылауында болу жағдайындағы негативті тенденцияларға сәйкесінше бейімделу мақсатымен дағдарыстық жайтты ертеректе идентивикациялауды көздейді. Дағдарыстық жайтты – кәсіпорын иелерінен ақша қаражаттарының басқа жаққа кетуіне себепші болатын активтерді және кешелік берешекті тиімсіз басқару реттінде сипаттауға болады. Осыған орай біз дағдарыстық жайыттын келесі жіктемесін ұсынамыз 17/:
1. кәсіпорын иелері үшін дағдарыс;
2. несие берушілер үшін дағдарыс ;
3. несие берушілердің мудделеріне сәйкес заң нашалық реттеу :
«Кәсіпорын иелері үшін дағдарыс» - несие берушілермен есеп айырысу кезінде көрінетің кәсіпорынның қаржылық – экономикалық жағдайының нашарлауымен сипатталады.оны анықтау критерші ретіңде бізбен меншік иелері құқықтарының дискриминациялануы тандалған,яғни меншікті капиталға инвестицияланған ресурстар бойынша жоғалтулар. Ал салыстыру базасы реттінде тәуекелдері теңдес альтерпативті инвестицияларды алуға болады. Сөйтіп,кәсіпорын иелерінің зардаптарын анықтау үшін меншікті капиталдың негізделген ағымдық нарықтық құным тәуекелі теңдес инвестициялық жұмсалымы ретінде жарғылық қорға кеткен капиталды қолдану кезіндегі жарғылық капиталға бастапқы жұмсалымның ағындық құнымен салыстыру керек.
Егер альтернативті инвестициялық жұмсалымның құны меншікті капиталдық ағымдық нарықтық құнынан көп болса, онда кәсіпорынның иегері үшін жоғалтулардың бар екені және дағдарыстық жайыттын бірінші сатысы басталғаны туралы айтуға болады.Сондықтан қарстырылып отырған дағдарыстын сатысын иденфикациялау үшін бастапқы альтернативті капитал жұмсалымының кәсіпорын иесінің табысының екі құраушысы – кәсіпорын иесі үлесінің құны мен үлестік табысымен салыстыру қажет.
«Несие берушілер үшін дағдарыс» сатысы несие берушілердің талаптарын уақытылы және бөліктерімен қанағаттандырылуымен ерекшеленеді. Дегенмен бұл жағдайда шаруашылық субъект меншік иелері мен жалдамалы менеджмент көмегімен басқарылатын дербес кәсіпорын болады. Анықталған несие берушілер үшін дағдарысты идентификациялау үшін белгілілерді белгілі бір сандық көрсеткіштерде бейнелеу қиын болып табылады.
Жалпы осыған орай несие берушілер үшін дағдарысты идентификациялау үшін біздің пікіріміз бойынша қарыз алушының міндеттемелерін қазір орындау үшін меншікті айналмалы қаражаттардың жетіспеушілігі кезіндегі «банкроттық туралы» ҚР – нң заңына сәйкес 150 минималды есептік көрсеткіштен төмен емес кешіктірілген міндеттемелер сапасын бар екенін көрсетік бейнелейтін критерий ретінде қолдануға болады.
«Заңнамалық реттеу» сатысында кәсіпорынның иелері тарапынан дағдарысқа ықпал ету шаралары несие берушілердің мүдделерін қорғау үшін заңнамалық тұрғыда шектеуге ұшырайды. Оның басы банкрот туралы арызды арбитраждық сотпен қабылдауы арқылы анықталады. Осы кезден бастап, коммерциялық құпия болып келген ақпарат банкроттық жөніндегі іске қатысушылар үшін ашылып беріледі. Берілген сатыда кәсіпорын толық дербес шаруашылық субъект бола алмайды. Себебі, оның қызметі арбитраждық сотпен, несие берушілердің жиналысымен және арбитражды басқарушылармен бақыланады.
Дағдарысқа қарсы басқарудың әдістері мен инструментарилері. Батыстық экономистер дағдарысқа қарсы басқаруды аман қалу басты мақсат болу кезіндегі кәсіпорынның өмір сүруіне қатер төндіретін жағдайдан өту үшін қажетті қызмет ретінде анықтайды. Бұл қызмет кәсіпорынның өмір сүруіне қауіп төндіретін жайттардан өтуден интенсивтілігін жоғарлатумен сипатталады. Хаберланд бойынша бұл антидағдарыстық басқару бойынша қызметті жүзеге асыру кезінде кәсіпорын менеджменті қатаң және тез шешуші шараларды жүргізумен байланыста қысқа мерзімді проблемаларды шешу үшін барлық назарын аударады. Кейбір ғалымдар дағдарыстардың оңды сипаттамаларын көрсету арқылы дағдарысқа қарсы менеджментті – келе жатқан дағдарысқа алдын – ала анықтап, жаңа даму курсын әзірлеуге мүмкіндік беретін инструменттерді жасау болып табылады.
Сондай – ақ дағдарысқа қарсы менеджмент түсінігі уақыттық сипаттамаларға ие болады. Біріншіден, мұндай анықтау дағдарыстық процестен өту, оны әлсіретуге алып келетін дағдарыс кезіндегі шараларды әзірлеу мен жүргізудің барлық міндеттерінен тұрады. Коппаның пікірі бойынша бұл антидағдарыстық басқарудың мағынасы. Екіншіден, бұл түсінік кең мағыналы болу үшін оған дағдарысқа профилактика мен терапия жасауды қосу керек. /8/.
Бұл бітіру жұмысында «Дағдарысқа қарсы менеджмент» түсінігі ең кең мағынада қарастырылады. Яғни ол мақсаттылық пен уақыттылық сипаттамаларын ескереді. Сондықтан «Антидағдарыстық менеджментті » кәсіпорындағы базалық айналмалы көрсеткіштерді сақтау бойынша шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру болып табылады. /9/
Өтімділік, табыс немесе айналым сияқты айнымалы базистік көрсеткіштерді сақтауды қамтамасыз етуге тікелей ықпал ету салдарынан «Реактивті дағдарысқа қарсы менеджменттің » жекелеген құрамдас бөліктерін нақты мақсаттылығын сипатталады, мәселен өтімділік пен табыстылықтың белгілі бір деңгейіне жету. Бұл мақсаттылық және сонымен қатар уақыттың жетіспеушілігі дағдарысқа қарсы салмақталынған тұжырымнаманы әзірлеуді, сондай – ақ бұрынғы мақсаты мен нормалды қайта қарауды қиындатады. «Рекактивті дағдарысқа қарсы менеджментті» жағдайда қалпына келтіруге бағытталған жоспарлау мен критерийлердің көп емес санына негізделген шараларды енгізу ретінде «Антиципативті дағдарысқа қарсы менеджмент» нақты шараларды әзірлеу міндетіне қарағанда тек қана төмен деңгейде қалыптастырылатын жалпы мақсаттарды әзірлеумен байланысты шараларға бағытталады. Антицепативті қатынас кәсіпорынның барлық облыстарын қамтитын менеджменттің ұзақ мерзімді міндеттері ретінде түсіндіріледі. /10/
Ал «Дағдарыстан өту тұжырымдамасы » түсінігінің мағынасы келесіні білдіреді: нәтижесі жоспарланған және содан соң дағдарыстан өтіп кетуі бойынша жүзеге асырылған шаралары болып табылатын барлық әзірлеу мен басқару процестерінің жүйелі көрінісі. Оны екі категорияға бөлуге болады:
1. Реактивті;
2. Антицепативті.
Дағдарыстын өту бойынша тұжырымдаманы әзірлеуге дейінгі ең басында жауапты тұлғалар (кәсіпорын иелері, жоғары басшылық, мемлекеттік органдар) дағдарысқа өздерінің қатынастарын анықтау керек. Бұл өте маңызды болып табылады. Себебі бұл дағдарысқа қарсы шаралардың бүкіл барысына өзінің ізін қалдырады. Дағдарысты қабілдаудың екі тұжырымдамасы болады. /11/:
1. сақтауға бағдарлама бағытталған – дағдарысқа қатынас. Бұл жерде дағдарысқа қатыстырылған индивидуалдармен ұжым үшін дербестікті және мәнділікті жоғалтуда білдіретін кедергілер мен қауіп – қатерлер ретінде түсіндіріледі. Нәтижесінде жауапты тұлғалардың дағдарыста негативті мағынада қабылдауына байланысты дағдарысқа дейінгі жағдайды қалпына келтіру бойынша шаралар сапалы немесе саналы немесе саналы емес тұрғыда әзірленеді.
2. Жаңағы бағдарлама – дағдарысқа қатынас. Бұл жағдайда дағдарыс кәсіпорынды дамытудың эволюциялық процестерді қайта құру (градуализм), жаңартудың қажеттілігіне нұсқау ретінде қарастырылады. Бұл жерде дағдарыс белгілі бір ирроционалдықтан және дұрыс емес бекітілген мақсаттар мен ережелерді босатуды енгізеді. Нәтижесінде дағдарыста тудырған жағдайды өзгертуге талаптардың барлығы позетивті шаралар ретінде қарастырылады. Бұл кезде негізгі дағдарыс пен шаралар алынбай, олардың орнына жаңа қатынастар негізінде меншікті құрылымды өзгерту алынады.
Дағдарыстық жайтта кәсіпорынның тек оның төлем қабілеттігімен еместігімен ғана емес, сондай – ақ меншік иелерімен несие берушілердің құқықтарын шектеумен сипатталады. /12/:
1. Меншікті капиталға инвестициялық жұмысалымын, тиімділігін анықтау кезінде инвестициялық ресурстарды альтернативті қолданудың мүмкіндіктерін ескеру қажет;
2. Реструктуризацияларының тұжырымдамаларын таңдауда олардың тәуекелділігі мен қаржылық тұрғыда іске асырушылығын ескеру қажет.
Нарықтық экономика жағдайында жалпы жүйелер үшін және жекелеген кәсіпкерлер үшін дағдарыстық жағдайы туындайды. Әдетте жауап ретінде жүйе алдымен тәжірибелік апробациядан өткен және содан кейін теориялық тұрғыда негізделген сәйкес механизмдерді шығарады. Осындай механизмдердің біреуіне корпоративтік реструктуризациялау жатқызылады. Жалпылықпен қабылданған теорияға сәйкес оған өндірістердегі, капитал құрылымындағы немесе кәсіпорыннан күнделікті іскерлік циклінің құрамдас бөлігі болмайтынын меншіктегі кез – келген өзгерістер жатқызылады. Реструктуризациялау бойынша қызметті екіге бөлуге болады. Стратегиялық реструктуризациялау әсіпорын иелері үшін меншікті капитал құнының жоғарлауына, әрекет етушіфирма ретінде оны қолдаумен байланыстыміндеттер мен копротивтік меншікті сақтап қалуға бағытталады. Дағдарыстық жағдайдағы кәсіпорынды реструктуризациялау төлемқабілетсіз және банкротфирмаларды әрекет етуші немесе қызметтерін асырушы кәсіпорорындар жағдайына қайтару мақсатымен қайтадан ұйымдастыруға (реорганизация) бағытталған шешімдерге шоғырландырылады. Қазақстанда қалыптасқан жағдайға орай басты назар біздің пікіріміз бойынша дағдарыстық жағдайда кәсіпорындарды реструктуризациялау техникасына , қағидаларына, мақсаттарына аударылып шоғырлану қажет. /13/
Реструктуризациялау мақсаттары мен оларға жету критерийлері. Реструктуризациялаудың басты мақсаты – кәсіпорынды дағдарыстан шығару болып табылады. Бұл жерде ең бастысы өндірістің тиімділігіне жету, активтерді басқару сипаттамаларын өзгеру және заемдық қаржыландыру мүмкіндіктерін қолдану сияқты бағынысты мақсаттарға жету керек.
Кәсіпорынның қызмет етуі бойынша тиімділігінің маңызды көрсеткіші ретінде меншікті капитал құнын жоғарлату болып табылады. Сондықтан реструктуризация әдетте осы бағыт бойынша жүзеге асырылады. Осы жердегі кәсіпорынның құнын көрсеткішін реструктуризациялау критерийі ретінде алу кездейсоқ емес. Кәсіпорынның иелерін түпкілікте өндірістің типі мен технологиясы, өнімнің параметрлері, өткізу нарықтары сияқты проблемалар аз қызықтырады. Олардың капиталы салымдарының тиімділік критерийі ретінде кәсіпорын иесінің жеке әл – ауқат деңгейінің жоғарлауы мен фирманың тұрақты дамуына себепші болатын салымдар құндарының тұрақты өсуі болады. /14/
Кәсіпорынның құны бизнесті бағалау арқылы анықталады. Бағалаудың дәстүрлі үш тәсілдемелер ішінде біздің пікіріміз бойынша тек ақшалай ағымдардың дисконтталған құнын анықтауәдісі ғана компанияның ішкі экономикалық құнын толық тұрғыда бейнелеген. Бұл ақша ағымдарының кәсіпорынның нарықтық құны көрсеткіші мен жоғары дәрежеде корреляциялаумен айрықшаланады. Сондай – ақ ол опперациялық, инвестициялық және қаржылық қызметтерге қатысты барлық шешімдерді ескеретін ақшалай ағымды көрсеткішін экономикалық мәнімен айрықшаланады.
Фирманың құны көрсетіші – кәсіпорынның тұрақтану периоды (есептік период) бойынша ақша ағымдарының ағымдық келтірілген құндары мен есептік периодтан аса ақша ағымдарын дисконтталған құндарының қосындысы ретінде анықталады.
Ақшалай ағымдар қарыздық міндеттемелерді, меншікті айналмалы қаражаттарға және капитал салымдарына қажеттілік, мақсатты бағыттағы өз басқаруында қалған кәсіпорынның қаржылық ресурстарындағы өзгерістерді ескерумен таза пайда көрсеткіш негізінде анықталады.
Ақшалай ағымдардың дисконтталған әдістері арқылы алынған бизнестің құны өте жиі теріс шама болып қалады. Бұл болса, кәсіпорын иелерінің ақша қаражаттарын басқа жаққа кетуін білдіреді. Бұл көбінесе меншікті айналмалы қаражаттардың хроникалық тұрғыда жетіспеушілігі, елеулі қарыздық міндеттелер бойынша төлемдерді жүзеге асыру қажеттілігі. Капитал жұмсалымдарына қажеттіліктері кесірінен болған дағдарыстар жайттарға байланысты болады.
Реструктуризациялаудың тұжырымдамасы. Реструктуризацияның дәстүрлі міндеті – бизнестің құны көрсеткішін максимализациялау. Оның тұжырымдамасын әзірлеу келесі әдістемені көздейді. Бірінші кезеңде кәсіпрорынның құны жоғарыда айтылғандай ақшалай ағымдардың құнын дисконттау әдісі арқылы іске асырылады. Содан соң әсіпорынның операциялық (негізгі), инвестициялық және қаржылық қызметтерін реструктуризациялаудың түрлі варианттары әзірленеді.
Опперациялық (өндірістік) факторлар шендерінде шығарылатын өнімнің номенклатурасы, бағақалыптасуы, шығындардың тиімділігі, өткізу нарықтары, жарнамалық қызмет пен өнімді жылжыту жүйелері, өнімді сатқаннан кейінгі қызмет көрсету жүйесі (өнім сапасына кепіл беру) туралы талдауды қажет етеді./13/
Инвестициялық факторларға қатысты құнның қозғалуын анықтайтындарға негізгі және айналмалы құралдарға жұмсалымдарды басқаруды, меншікті айналмалы қаражаттың деңгейін оптимизациялауды жатқызуға болады. Осыған орай тауарлық материалдар запастардың деңгейі, дебиторлық берешек жинау, несиелік берешекті басқару, қуаттылықтың көбеюі, капитал жұмсалымдарын жоспарлау, активтерді сату талданады.
Қаржылық факторларға келетін болса, меншікті капиталдың құны, оның қарыз сапасы мен ара қатынасы, капиталдың құрылымы жатқызылады. Бұл қаржылық қызметті реструктуризациялау шеңберінде іскерлік тәуекелдің факторларын басқару, капиталдың оптималды құрылымын ұстап отыру мен үлестік салым бойынша пайда саясаты талданады. Мәселен, іскерлік тәуекелдің төмендеуі табыстың ставкасын төмендетеді./13/.
Әзірленген шаралар тексеру ақшалай ағындардың дисконтталған модельдері көмегімен жүзеге асырылады. Ал варианттарды іріктеу критерии ретінде кәсіпорын капиталы ның өсуі алынады. Бұл болса, яғни бизнестің құнын жоғарлатуға бағытталған стратегиялар реструктуризациялаудың одан ары болатын варианттарын қарастыруға негіз болады. Реструктуризациялау стратегиялары оңай варианттардан күрделілерге қарай қарастырылуы керек. Ондай жағдайда варианттарға артықшылық беру кезінде келесілер ескерілуі қажет.
1. минималды (тип) капитал жұмсалымы мен минималды сыртқы қаржылық көздерден қаражат тарту;
2. уақыт және кәсіпорынның потенциалын ескертетін басқа белгілер;
Алайда көптеген жағдайларда кәсіпорын несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру басты мақсат болатын жәйттарды ескеру керек. Оған жету көп жағдайларда реструктуризациялаудың дәстүрлі міндетімен үйлеспейді. Мәселен, капиталдың құнын жоғарлату немесе максимализациялау, әдетте елеулі капитал жұмсалымдарын және қосымша сыртқы қаржыландыруға қажеттіліктен туындайтын тәуекелдің жоғары деңгейімен сипатталады.
Дағдарыстық жағдайларда кәсіпорындарды реструктуризациялау стратегияларының варианттары (альтернативалары). Кәсіпорынның ауыр дағдарыспериодында реструктуризациялаудың тұжырымдамаларын іріктеу мен таңдаудың бизнес құнының нольге жетуі мен нольге жақын деңгей кезіндегі тәуекелдің минималды деңгейімен шектелуі мүмкін. Мұндағы басты шарт ақша ағындарын дисконттау моделінде ескерілетін қарыздық міндеттемелерді кәсіпорын үшін ең тиімді орындау графигіне сәйкес несие берушілердің талаптарын толық қанағаттандыру болып табылады. Берілген тұжырымдама кәсіпорын иелері үшін тартымды болмайды. Дегенмен біздің ойымыз бойынша бұл стратегияның реструктуризациялаудың бір моделі немесе варианты болуға құқығы бар.
Жоғарыдағы альтернатива ретінде біз несие берушілердің мүдделерін қанағаттандыратын және кәсіпорын иелерінің минималды талаптарын ескеруге екепіл беретін реструктуризациялау стратегиясын ұсынамыз. Мұндай тұжырымнама қарыздық міндеттемелердің бекітілген өтеу графигіне сәйкес несие берушілердің талаптарын қанағаттандыратын және тәуекел мен өтімділік деңгейлері бірдей альтернативті инвестициялардың табыс ставкасы бойынша ағымдық құнға келтірілген құрылтайшылардың бастапқы салымдарына шамалы бизнестің құнына жететін кездегі реструктуризациялау стратегиясын бейнелейді. Мұндай кезде қойылған мақсаттарда жету кезіндегі тәуекел нольдік құн тұжырымдамасын жүзеге асырудағы тәуекел деңгеімен жоғары болады. Алайда осындай тұжырымнама кәсіпорын иелеріне жұмсалған қаражаттардың минималды тәуекел деңгейімен инвестициялауды ескерумен қайтатыны көзделеді.
Ұсынылған реструктуризациялау тұжырымнамалары бизнестің құнын максимализациялауды кздеуді бейнелейтін стратегиялардың жиынтығында таңдануы мүмкін. Нольдік құн, фирма иелерінің мүдделерін қорғау мен бизнестің құнын жоғарлату стратегиялары несие берушілердің жиналысы тарапынан дағдарыстық жағдайдан шығудың альтернативті тұжырымдамалары ретінде қарастырылуы керек. Бұл кезде дағдарыстан шығу тұжырымнамаларын таңдауда басты критерийлер ретінде тәуекел мен реструктуризациялау варианттарының қаржылық жүзеге асыра алушылық қолдану орынды болады.
Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайы экспресталдау үшін қолданылатын көрсеткіштер: Стратегиялық көрсеткіштер. Стратегиялық дағдарыс. Нәтижелердің дағдарысы. Өтемпаздық дағдарысы. Банкроттық.
1. Ағымдық өтімділік коэфициенті;
2. Менникті құралдармен қамтамасыз етілу коэфициенті;
3. Автономия коэфициенті;
4. Абсолютті өтімділік коэфициенті;
5. Таза түсім коэфициенті;
6. Зияндардың бар болуы;
7. Жалпы рентабельділік көрсеткіші;
8. Негізгі құралдардың айналмалылығының индикаторы;
9. Өткізу мөлшерінің төмендеуі;
10. Формадағы дағдарыстың жоқтығын алдын – ала констатациялау;


 

 












3.1. сұрағында біз «Сұлтан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2005ж. және 2006 жылғы қаржылық – экономикалық талдадық. Бұл талдаудан біз бұл серіктестігінің дебиторлық берешегінің 2005 жылдан 2006 жылға қарағанда шамамен 10 есеге өскендігін көрдік, яғнионың шамасы 2286 мың теңгеден 21508 мың теңгеге дейін жетті. Осыған орай жақын болашақта осы ағымдық активтерге қатысты «Сұлтан» серіктестігінде проблемалар туындауы мүмкін. Бұл проблемалар дебиторлық берешектерді уақтылы өтемеуінен активтердің сапасын төмендітіп, айналмалы капитал мен қаражаттарға деген осы шаруашылық субъектінің тапшылығын тудыруы мүмкін. Ал бұл «Сұлтан» жауапкершілігі серіктестіктің қаржылық-экономикалық жағдайын төмендетуге септігін тигізіетін потенциалды фактор болады.
Осыған орай «Сұлтан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дебиторлық берешектің 10 есеге өсуіне қатысты потенциалды проблеманың осы кәсіпорынның жағдайын нашарлатпауы үшін біздің пікіріміз бойынша оның өнімдері несиеге беру саясатын жетілдіру қажет. Бұл жетілдіру ең алдымен кешіктірілген дебиторлық берешектер бойынша сақтандыру резервтерін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Екіншіден, дебиторлық берешектің өсуі қаражатты сыртқы көздерден тартуы кезіндегі «Сұлтан» ЖШС-нің қаржылық-экономикалық жағдайын төмендетіп, несиелік тартымдылығын төмендетпеу үшін осы проблеманы активтердің өзін қаражаттар тарту процесіне қатыстыру қажет. Дебиторлық берешекті осы процеске қатыстырудың басты бағыты – басты несие алу кезінде дебиторлы берешекті немесе серіктестіктің қарызды өтелуін талап ету құқығын кепілдік қамтамасыз ету ретінде несие берушіге ұсыну.
Біздің пікіріміз бойынша дебиторлық берешекке қатысты проблемаларды «Сұлтан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің дағдарыстық симптомдары ретінде қарастыруға болады. Бұл симптом осы серіктестіктің жағдайын «латентті дағдарыс» күйі деп бағалауға негіз болады. Сондықтан осы активке қатысты «латентті» дағдарысты тудырушы проблеманың ең тиімді жолы біз ұсынған жоғарыдағы екінші тәсіл болып табылады.
Сонымен қатар, «Сұлтан» серіктестігінің тауарлық – материалдық запастары да көп. Бұл серіктестіктің тауарлық-материалдық запастарын көбінесе егін шаруашылығы бойынша түскен өнімдер құрайды. Мұндай жағдайдың қалыптасуы біздің пікіріміз бойынша ең алдымен бұл серіктестіктегі өнімді өткізуіне байланысты.
Сол себепті, яғни өнімді өткізудің дұрыс ұйымдастырылмағандығынан, «Сұлтан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тауарлық-материалдық запастары 2005ж. 11,5 млн теңгені, ал 2006 ж. 12,1 млн теңгені құрады (2.2.3. кестенің мәліметтері). Бұл мәліметтерден көріп отырғанымыздай «Сұлтан» серіктестігінде 2005 жылы тауарлық-материалдық запастары активтредің 48%-ын, ал 2006 жылы 25,9 %-ды құрады. Ал 2005 жылмен салыстырғандатауарлық-материалдық запастардың сомасы 4,48%-ке өскен.
Тауарлық-материалдық запастардың жоғарыда көрсетілген үлкен үлесте болуы «Сұлтан» шағын кәсіпкерлік субъектісінің өнімді өткізу және бизнес процестерін дұрыс ұйымдастырылмағандығынан. Бұл дағдарыстық белгіні осы серіктестіктің «латентті» (көрінбейтін) дағдарыс симптомына жатқызуға болады. Сондықтан егер бұл проблеманы шешу бойынша шаралар кешені әзірленіп, жүзеге аспаса, онда бұл кәсіпорын осыған орай келешекте дағдарысқа ұшыруы мүмкін. Бұл себепке байланысты, яғни тауарлық – материалдық запастырға байланысты «Сұлтан» шаруашылық субъектісінің болашақта дағдарысқа ұшырамауы үшін біздің пікіріміз бойынша маркетингтік – менеджменттік шараларды қолдану қажет. Бұл шараларды жүзеге асырудың жолы (біздің пікіріміз бойынша) «Сұлтан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өнімді өткізу менеджменті бола алады. Осыған орай бұл серіктестікте өнімді өткізу бойынша менеджерді енгізуге болады. Сондықтан жоғарыда берілген 2.1. суретте «Сұлтан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқару құрылымға, егер біз ұсынған рекомендация бойынша жаңа енгізілім енгізілсе, онда ол келесі түрде трансформацияланады:

 




ҚОРТЫНДЫ.

1. Кәзіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктермен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.
Сонымен кәсіпорындардың 3 түрін бөліп көрметуге болады: ірі, орта және шағын, олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.
Ірі кәсіпорындар-нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар-экономика «қанқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисы.
Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассартиментімен, азғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикізатты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кзінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ – түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтінің барлық саласында нөлдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелгеие болып табылады.Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру.Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шғын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдікттер тәртібін тағайындау керек.
Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасыда үстемділік етпейтін фирмалар жатады. Кпөтеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұысшылар бар және сату көлеме 20 млн. доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады.Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.
Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелеген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стараегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады.басқару сипаты икемділігімен, формалділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласында да, басқару саласында да жұмысшылардың өз-ара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатыпалушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиалармен шығарады,жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықттық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі-ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу-шағын жәнеорта бизнес қызметі.
Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі калликтивті еңбекке ұмтылуы, жұмыс орның сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады.Ірі компаниалар кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.
2. Соңғы жылдары шағын және орта бизнесті дамыту мен кәсіпкерлік қызметті қолдау бойынша бірқатар шаралар әзірлеген болатын. Ол өзінің нәтижесін берді, статистиктердің айтуы бойынша, тіркелген кәсіпкерлердің санының артуы, жұмыспен қамтылған халықтың үлесіне де әсерін тигізген. Шағын кәсіпорындардың өнім өдірудің жалпы көлеміндегі үлес салмағы артып келеді. Шағын және орта бизнестің ролінің артуын кәсіпкерлер форумының тұрақты жүргізілуі шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының құрылу, барлық екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие берудің минимал мөлшерін тағайындауы (банктің несие қоржынының негізгі қраыздан 10%-тен за болмау), орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау Агенттігінің құрылуы, шағын кәсіпкерлікті өқлдау бойынша әкімдердің қызметің қатаң қадағалау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау және жеңілдіктер беру.
1992-96 жылдары кезеңінде кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, екі мемлекеттік баңдарламаның жүзеге асыру шағын бизнестің құрылуы мен қалытасуына негіз бола алабы. Бұл кезеңде шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың үлесі жалпы жұмыспен қамтылғандардың саны ішінде келесі қатынастарды құрады: 1992 жылы-6%,1993жылы-4%, 1994 жылы-4%,1995жылы-5%,1996 жылы-5,2%. Қызмет етуші субъектілерінің саны 24030бірлікке дейін артты.2000 жылы тіркелгендердің саны118429бірлік, олардың ішінде 107134- шағын кәсіпорындар, және 59244-қызмет етуші кәсіпорындар болды.
Сонымен, көріп отырғанымыздай, ойланып ұйымдастырылған шағын және орта бизнес саясаты стагнациялық экономикадан шығудың бала жолы бола алады, өйткені ол екі макразкономикалық проблемалармен байланыстырады-жұмыспен қамту және өндірістің жандануы. Шағын кәсіпорындар экономикаға барлық көрсеткіштер бойынша өзгерістер алып келуі мүмкін. Өзін жұмыспен қамтуды ынталандыру және шағын кәсіпорынды ашу ең аз шығынмен жұмыссыздық мәселесінен шығатын жол ретінде қарастырылады. Соңғы 10 жылдықты дамыған елдердегі эконмиканың дамуы тенденциясы шағын бизнес саласына өтумен байланысты. Осы салаға бәсекелестікті ынталандыру, кәсіпкерліктің жандануы, қоғам ресурстарын толығырақ қолдану жіне инновациялық процесті күшейту сияқты негізгі үміт арттырған. Батыс елдерінде шағын бизнес тиімді дамуды қамтамасыз ету және мемлекеттік экономикалық саясатты қосу салсына айналған. Мемлекеттік протекционистік шағын бизестің нақтылануы қажет еткен, адрестілігін, жеңілдіктер тек шағын кәсіпорындарға беріледі. Шағын кәсіпорындарды ажырату барысында сандық сипаты бойынша, әр елдегі экономикалық жағдайға байланысты әртүлі пікірлер қалыптасқан. Жалпы сипаттамасы ұйымдастырылуының қарапайымдылығы, жаңа өнім шығаруға тез бейімделе алуы, нарыққа қызмет ету, яғни нақты тапсырыстармен сатуға, сондай-ақ шағын кәсіпорындарды басқару және мешікті біріктіру дәрежесі болып табылады.
3. АҚШ тәжрибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері ісерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шығындарының өзгруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарлайды. Бір шағын кәсіпорын жабылса,екіші біреулері ашылады.
Кәзіргі уқытта АҚШ халқының 53% шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. АҚШ тәжрибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр.
Бұдан басқа, 1976 ж. арнайы шағын бизнес мүдделер қорғайтын адвокаттық кеңес құрылды, ол тікелей Президент пен Сенатқа бағынады. Адвокаттық кеңес енгізгі міндеттері:
• мемлекеттік заңдардың, жобалардың, ережелер мен салықтардың шағын бизнестің дамуына әсерін зерттеу.
• Шағын бизнеске әсер ететін факторларға экономикалық және статистикалық зерттеулер жүргізу, шағын бизнес потенциалын бағалау, шағын бизнес мәселелері мен қажеттіліктерін зерттеу т.б.
Қазақстандық тәжрибеде шағын бизнеске көмектесудің «инкубаторлық» жобасын қолдаған жөн. «Инкубатор» термині алғаш кәсіпкерлікпен айналысушыларға көмек көрсету мақсатында университет, ұйымдар, кампаниялар,федералдық үкімет органдары жандарына ашылған ұйымдарға қолданылады. «Инкубатордың» басты міндеті-шағын, әсіресе инновациялық бизнесті алғашқы қолдау. Инкубатролар жанынан құрылған кәсіпорындар тәжрибе жинайды, одан ары даму үшін көмек алады, нарықтағы өз орындарын бекітеді. Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткенненсоң, әдетте үш жылдан соң, фирмалар бизнес- -инкубаторлардан шығып өз бетінше қызмет етеді. Ал босаған орындарға бизнесті нөлден бастап жатқан жаңа фирмалар келеді.
Ұлыбритания тәжрибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнес, өндіріс көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен қызметтер ассортиментін кеңейтуде, өнім сапасын көтеруде маңызды роль ойанйды. Шағын бизнес адамдарға өзінің творчествалық мүмкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияда шағын кәсіпкерліктің дамуына консервативті үкімет саясаты-қаржылық жеңілдіктер, кңес беру қызметтері мен бизнес техникасын оқытатын курстардыңболуы ықпал етті.
Кәсіпорындарды шағын фирмалар категориясына жатқызудың кең таралған қағидаларының бір-ондағы жұмысшылардың саны. Мысалы, 10 адамнан аз жұмысшылары бар фирмалар ұсақ болып табылады, 10-49 адамдар- шағын, 50-499-орташа, 500- ірі фирмалар. Экономикалық саясатты жүзеге асырарда мемелекеттің мақсаттарының бірі-шағын фирмаларды қолдау. Шағын бизнеске ерекше жағдай жасау концепциясы Францияда кенінен тарады.шағын бизнесті дамыту үшін үкіметтен қаржылық, салықттық және әкімшілік шараларды қосатын жоба дайындалды. Фрацуз үкіметі қаржылық ынтаға көп көңіл бөледі. Ол жаңадан кәсіпорын құруға, фирмалардың басқа аймақтарға аусуына, инвестицияның өсуіне шағын және орташа фирмалардың ынтымақтастығын реттеуге арналған жеңілдіктерді ұсынады. Мемлекет ұсақ және шағын фирмаларға несие беретін бір қатар ұйымдар құрды. Оның ішінде- аймақтық даму қоғамы, өнеркәсіптік даму институты, жаңалық еңгізуді қаржыландыратын кампаниялар және т.б.фрацияда несиелерді кепілдендіретін 50-ге жуық ұйымдар бар.80-ші жылдың басында несиелерді кепілдеудің ұлттық қоры құрылды. Қор шағын жіне орташа фирмаларды тәуекел капиталды ұсынатын кампанияның қарамағында. Ол шағын бизнеске әртүрлі қаржылық ұйымдармен ұсынылатын займдардың 65%-зы кепілдеуді қамтамасыз етеді. Қоғам шағын фирмаларға құрал алу үшін және оны жұмыс бабында ұтап тұру үшін қаржылық ресурстар бөледі.
60 ж. бастап Израилде экономикаға үлкен ықполды акционерлік қоғамдар түріндегі ірі кәсіпорындар көрсетті. Дәл осы сектор үлкен табыс берді, бірақ 80 ж. аяғындағы Шығыс Европа және КСРО елдеріндегі экономикалық және саяси жағдайдың тұрақсыздануірі масштабты иммиграцияға әкелді. Осы кезде Израиль Үкіметі алдында жаға азаматтарды жұмысқа орналастыру сұрағы туды. Соған байланысты шағынжіне орта бизнестідамытуды жолдамдатты.
4. Бұл сұрақта Қазақстандық кіші және орта кәсіпкерліктің кәзіргі кздегімен соңғы жылдардағы жағдайы қарастырылады.
Дамыған индустриялды мемлекеттерде шағын бизнестің өзі ғана жалпы ішкі өнімнің 50%-дан астамын алады. Біздің елімізде болса, шағын бизнесті және оған орта бизнесті қосқанның өзінде олардың ЖІӨ-гі сыбағалы үлнесі 30%-дан аспайды. Мәселен, 2005жылдың нәтижелері бойынша еліміздегі шағын және орта бизнес субъектілерінің ЖІӨ-гі үлесі 17% болды,ал2006 жылы бұл пайыздық қатыныс 20% шамасында болды.Бұл статистикалық мәліметтер осы сектордың ұлттық экномикадағы елеулі еместігін көрсетеді.
Бірақ шағын бизнес субъектілерінің елеулігі бөлшек сауда саласында байқалады.Осы саладағы олардың үлесі 90%-ға жетеді.
Мұдай жағдайдың қалыптасуы ең алдымен осы сектордың бәсекелестік еместік қабілетімен байланысты.
Шағын және орта кәсіпкерлік секторындағы қалыптасып отырған жағдайдың қандай екенің көру үшін енді статистикалық мәліметтерді келтірейік.
Қазақстандық экономиканың соңғы 5 жылдағы қарқынды өсуі өзінің бастауын әлемдік рыноктардағы шикізат ресурстарына бағалардың шарықтауынан және үкіметтің сауатты нарық реформаларды жүргізуінен алады. Олардың нәтижесінде Қазақстандық экономикаға ақша массасының (мұнай долларының түсімінен) қысымы артып барады. Сол себепті қазіргі кезде біздің елімізде инвестициялау объектілерінің тапшылығы байқалуда. Сондықтан көптеген тұлғалар өз істерін ашуға тырысады.
5. «Сұлтан» ЖШС ауыл шаруашылық саладағы кәсіпкерлік субъект болып табылады.бұл жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің негізгі (операциялық) қызметіне егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы жатқызылады. Мәселен, өткен 2006жылдың қортындылары бойынша жоғарыдағы шаруашылық- экономикалық қызметтердің бағыттарындағы егін шаруашылығы 56%-ды, мал шаруашылығы 20%-ды, өсімдік шаруашылығы 17%-ды және басқа қызметтер 7%-ды алады. Шруашылық қызметтің осы бағыттары бойынша үлестеумен ең басымдысынан батап ранжирлеу өткізу көлемі бойынша жүзеге асырған. Бұл мәліметтерден көріп отырғанымыздай шаруашылық-экономикалық қызметтің бағыттарынан ең басымдысы егін шаруашылығы болып тұр. Мұндай жағдайдың қалыптасуы ең бастысы осы бағытты жүзеге асырудың басқа қызмет бағыттарын асыруға қарағадағы жоғары ретабельділік. Егін шаруашылығы қызметінің жоғары рентабельділігіне өткен жылғы бидай нарығындағы қолайлы конъектура, яғни бидай ауыл шаруашылық өніміне жоғары Қазақстан нарығындағы бағалар себепші болады.
Көріп отырғанымыздай бұл серіктестіктің операциялық қызметі әртараптанғандығымен және нарықтың конъюктурасына тез бейімделу қабілетімен сипатталады.Сонымен жоғарыдағы қаржылық-экономикалық талдау «Сұтан» серіктестігінің несиелік тартымдылығын және қаржылық жағдайы талдауға бағытталған. Әдетте бұндай талдауларды несиелік талдау немесе сараптау деп атайды.
6. «Сұтан» ЖШС-нің бітіру жұмысының осы сұрағындағы қаржылық талдауды несие алу кезінде тәжрибеде қолдануға болады. Дағдарыстармен күйзелістерді спонданды түрде пайда болған жағдаймен статикалық процесс ретінде қарастыруға болмайды, оның өсуіндегі қателіктерге алып келуі мүмкін де, кәсіпорынның өмір сүруі екі талай болуы мүмкін. Егер қателікті даму уақытысында анықталса, онда нормалды даму курсына бағғытталған коррекциялау жасауңа болады. Курстың дұрыс коррекциясын әзірлеу үшін дағдарыстың және дағдарыстық процестің даму сатыларының барысы жөніндегі нақты білімдермен дағдыларға ие болу керек.
Дағдарыстың процесі байланыстар-қатынастар бар құрылымын бұзатын немесе оны қайтадан қалыптастыратын жалпы дамуды білдіреді.
Кәсіпорынның дағдарысы әдетте уақыты жағынан шектелген болады. Ол басқарылатын немесе белгілі бір шектерде асқынуын жіберуге болмайтын немесе фирманың ішкі мен сыртқы факторларына байланысты болуы мүмкін. Күйзелістік процесстер кәсіпорынға, оның құрылымына , инновациялыұ әлеуметіне және т.б. байланысты түрлі созылмалығымен , интенсивтілігімен және ауырлығы түрлі дәрежедегі салдармен сипатталады.
3.1. сұрағында біз «Сұтан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің 2005ж. және 2006жылғы қаржылық –экономикалық талдадық. Бұл талдаудан біз бұл серіктестігінің дебиторлық берешегінің 2005 жылдан 2006 жылға қарағанда шамамен 10есеге өскендігін көрдік, яғни оның шамасы 2286мың теңгеден 21508 мың теңгеге дейін жетті. Осыған орай жақын болашақта осы ағымдық активтерге қатысты «Сұлтан» серіктестігінде проблемалар туындауы мүмкін. Бұл проблемалар дебиторлық берешектерді уақытылы өтемеуінен активтердің сапасын төмендетіп, айналмалы капитал мен қаражаттаға деген осы шаруашылық субъектінің тапшылығын тудыруы мүмкін. Ал бұл, «Сұлтан» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қаржылық- экономикалық жағдайын төмендетуге септігін тигізетін потенциалды фактор болады.
Осыған орай «Сұлтан» жуапкершілігі шектеулі серіктестігінің дебиторлық берешектің 10есеге өсуіне қатысты потециалды проблеманың осы кәсіпорынның жағдайын нашарлатпауы үшін біздің пікіріміз бойынша оның өнімдерді несиеге беру саяасатын жетелдіру қажет. Бұл жетілдіру ең алдымен кешіктірілген дебиторлық берешектер бойынша асқтандыру резервтерін қалыптастыруы тиіс. Екіншіден, дебиторлық берещектің өсуі қаражатты сыртқы көздерден тартуы кезіндегі «Сұлтан» ЖШС-інің қаржылық-экономикалық жағдайын төмендетіп, несиелік тартымдылығы төмендетпеу үшін осы проблеманы активтердің өзін қаражатар тарту процесіне қатыстыру қажет. Дебиторлық берешекті осы процеске қатыстырудың басты бағыты -- несие алу кезінде дебиторолық берешекті немесе серіктестіктің қарыздың өтелуін талап ету құқығын кепілдік қамтамасыз ету ретінде несие берушіге ұсыну.
Біздің пікіріміз бойынша дебиторлық берешекке қатысты проблемаларды «Сұльан» жауапткершілігі шектеулі серіктестігінің дағдарыстың симптомдары ретінде қарстыруға болады.Бұл симптом осы серіктестіктің жағдайын «латентті дағдарыс» дағдарыс күйі деп бағалауға негіз болады. Сондықтан осы активке қатысты «латентті» дағдарысты тудырушы проблеманың ең тиімді жолы біз ұсынған жоғардағы екіші тәсіл болып табылады.
7. Соңғы жылдардағы шағын кәсіпкерлік бұл сектордағы тіркелген кәсіпорындардың және оларда жұмыс бастардың сандарының төмен өсуі қарқындарыменсипатталады. Жоғарыда айтылғандай олардың шығаратынөнімдерінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі төмен болып тұр. Мәселен,2005ж. және бизнес субъектілерімен өндірілген өнімнің жалпы ішкі өнімдегі сыбағалы үлесі сәйкесінше 17% және 20% құрады. Ал оның аймақтық құрылымы болса біркелкі емес. Сонымен қатар шағын және орта бизнес секторының салалық құрылымы да біркелкі емес. Шағын бизнес кәсіпорындары өздерінің қызметтерін көбінесе саудалық-делдалдық секторына шоғырландырады. Ал бизнестің аяқтан тұру процесін басқару бұл секторда кәсіби еместілігінмен сипатталады.
Мұндай салдардың себептеріне тек қадағалаушы органдардың қысым жасауы, салық салудың ауыртпалығы, технологияларды импорттауға жоғары кеден төлемдері, нарықтық инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, заңнаманың тұрақсыздығы мен қаржы-қаражат тартудың қымбаттығы ғана емес, сондай-ақ мемлекет тарапынан шағын және орта бизнес секторын реттеп, қолдаудың жүйесіздігі жатқызылады.
Несие алудағы проблемаларды шешу үшін көптеген тараптар жағынан шаралардың кещені талап етіледі. Біріншіден, шағын және орта кәсіпкелік субъектілері өздері несие алуды жеңілдету ұшін шараларды жүзеге асыру керек. Бұл шаралар ең алдымен олардың ашықтылығын, транспорпаренттіліктерін және инвестициялық көркемділігін жоғарлатуға бағытталу қажет.




Қолданылған әдебиеттер тізімі:



1. Малый бизнес № 23 – 24. Декабрь. 1998г
2. А. Н. Токсанова. Развитие малого предпринимательства: концептуальный подход. Алматы, 1999 г.
3. Феномен предпринимательсва в преходных общестах:состояния, проблемы, перспективы. \\ сборник научных работ. Алматы, 1999 г.
4. Николас К. Сирополис управление малым бизнесом. Москва, 1999 г.
5. Гражданский кодекс Республики Казакстан.
6. Аль – пари. Август – октябрь, 1997 г.
7. Статистический сборник Казакстана за 1998 и1999 г.\\ оперативная информация.
8. Аль – пари № 2, 1998 г.
9. Гончаров Б.М. Руководство для высшегоуправленческого персонала. Москва, 1998 г.
10. Малый бизнес: правовые и экономические аспекты. г. Астана,
1996 г.
11.Винс Р. Математика управления капиталом. Методы анализа риска для трейдеров и портфельных менеджеров. Пер. с англ. – М.: Альпина, 2000. стр 146-155;
12. Лян Е. Е., «Республика Казахстан – Европейский союз: перспективы экономического сотрудничества» // Analytic 3/2003. Материалы конференции.
13.Молчанов И.Н., Герасимова И.А. Компьютерный практикум по начальному курсу эконометрики (реализация на Eviews): Практикум / Ростовский государственный экономический университет. – Ростов-н/Д.,-2001.
14.Кремер Н.Ш., Путков Б.А. Эконометрика: Учебник для вузов / Под.ред.проф. Н.Ш.Кремера.- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003. – с.284.




 

 

 

 

 

содержание   .. 29  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39  40  ..