И.Гёте көшесі

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 3

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39  40  ..

 

 

 

 

И.Гёте көшесі

И.Гёте көшесі Біржан сал, Ы.Алтынсарин, Алтынемел көшелерін қиып өтіп, Республика даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 1113,2 м.

Гёте Иоганн Вольфганг (1749–1832) – неміс ақыны, драматург, ғалым.

            Бұл көшеде «Астана» вокзалы, «Сапаржай-Астана» автовокзалы, М.Тынышбаев атындағы Көлік және коммуникация академиясының филиалы орналасқан.

             

И.Грязнов көшесі

И.Грязнов көшесі Шығанақ көшесінен басталып, К.Күмісбеков, И.Репин көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 663,9 м.

Иван Грязнов (1897-1938) кеңестік қолбасшы, командир. 

 

И.Дунаевский көшесі

И.Дунаевский көшесі Бестөбе көшесінен басталып,  М.Шолохов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 229 м.

Дунаевский Исаак Осипович (1900-1955) – орыс композиторы, РСФСР-ң халық әртісі.

 

И.Құтпанов көшесі

И.Құтпанов көшесі Біржан сал көшесінен басталып, Республика даңғылында аяқталады. Ы.Алтынсарин, Алтынемел көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1003,5 м.

Иманжүсіп Құтпанов (1863-1931) – халық композиторы, ақын, әнші. Арқадағы өнер дәстүрінің көрнекті өкілі. 

             

И.Панфилов көшесі

Бұрынғы атауы – Сенной көшесі. И.Панфилов көшесі Республика даңғылынан басталып, Бөгенбай батыр даңғылын және С.Торайғыров, Ш.Айманов, Ж.Аймауытов, Р.Қошқарбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Дүкенұлы, Ш.Жиенқұлова көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2521,4 м.

Панфилов Иван Васильевич (1893-1941) − әскери қайраткер, генерал-майор, Кеңес Одағының Батыры.

 

И.Репин көшесі

И.Репин көшесі Шығанақ көшесінен басталып, Кенесары көшесінде аяқталады. Ә.Жанбосынов, И.Грязнов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 476,8 м.

Репин Илья Ефимович (1844-1930) − орыс суретшісі.

           

И.Чехоев көшесі

И.Чехоев көшесі Жаңажол көшесінен басталып, Жолымбет көшесінде аяқталады. Мақат, Арқарлы, Аққайың орамымен қиылысады. Ұзындығы – 1841,4 м.

 

Игілік көшесі

Бұрынғы атауы – Ленинаканский көшесі. Игілік көшесі Ағадыр көшесінен басталып, Майтөбе, Сарықұм көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1545,4 м.

«Игілік» – ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым. Адамның белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін нәрселер.

           

Иманақ көшесі

Бұрынғы атауы – Бөгенбай көшесі. «Железнодорожный» тұрғын алабы. Иманақ көшесі Ж.Жабаев көшесінен басталып, Екібастұз, Ақмешіт көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 911,2 м.

Иманақ – Жезқазған өңіріндегі тау аты.

             

Имантау көшесі

Бұрынғы атауы – №36-14 көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Имантау көшесі Жылыой көшесінен басталып, Машат орамы, Сұлутөр көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 422,3 м.

Имантау – Көкшетау қыратының орталық бөлігінде, Имантау көлінің оңтүстігіндегі дөңгелене келген оқшау тау.

             

К.Күмісбеков көшесі

К.Күмісбеков көшесі Шығанақ көшесінен басталып, Абай даңғылын және Ә.Жанбосынов, Кенесары, Т.Бигелдинов, С.Сейфуллин көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1205,2 м.

Кенжебек Күмісбеков (1927-1997) – композитор, ҚазКСР-нің халық әртісі. Ел арасына кең тараған әндері мен романстары мол.

 

К.Циолковский көшесі

К.Циолковский көшесі Абай даңғылынан басталады. Ұзындығы – 159 м.

Циолковский Константин Эдуардович (1857-1935) – осы заманғы космонавтика мен ракеталық техниканың негізін қалаған кеңес ғалымы.

 

Кеген көшесі

Бұрынғы атауы – №50 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Кеген көшесі Жанкент көшесінен басталып, Айнакөл көшесінде аяқталады. Балқантау, Таскескен көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 429,9 м.

Кеген − Іле алабындағы өзен. Алматы облысының Райымбек ауданы жерімен ағып өтеді.

 

Кенесары көшесі

Кенесары көшесі Шығанақ көшесінен басталып, Сарыарқа, Жеңіс, Республика даңғылдарын және Желтоқсан, Бейбітшілік, Ә.Бөкейхан, М.Әуезов, С.Торайғыров, М.Ғабдуллин, М.Мәметова, Ш.Иманбаева, Р.Қошқарбаев, Ш.Уәлиханов, Тараз, Асанқайғы, Ә.Сембинов, Б.Бейсекбаев, А.Жұбанов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 5311,1 м.

Кенесары Қасымұлы (1802-1847) – қазақ халқының азаттығы жолындағы ұлы күрескер, мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, хан. Абылай ханның немересі. 1837-47 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. Абылай тұсындағы қазақ хандығының тұтастығы мен тәуелсіздігін қалпына келтіруді көздеген. 1841 жылы қыркүйекте үш жүз өкілдері жиынында қазақ халқының ханы болып сайланды.

            Бұл көшеде Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «Конгресс Холл» сарайы,  «Астанателеком», «Қазақстан» сауда орталығы орналасқан.

 

Кентау көшесі

Бұрынғы атауы – Орский көшесі. Кентау көшесі Кеншілер, Ақшағыл көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 228,2 м.

Кентау – Оңтүстік Қазақстан облысындағы қала.

             

Кеншілер көшесі

Бұрынғы атауы – Шахтерский көшесі. Кеншілер көшесі Ақшағыл көшесінен басталып, Ю.Малахов көшесінде аяқталады. Елек орамымен қиылысады. Ұзындығы – 1004,2 м.

Кеншілер – жер асты қазба-байлықтарын өндіру саласында жұмыс істейтін адамдар.

 

Кеңгір көшесі

Бұрынғы атауы – №52 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Кеңгір көшесі Обаған көшесінен басталып, Айнакөл көшесінде аяқталады. Марқакөл көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 410,9 м.

Кеңгір − Сарысу өзенінің алабында, Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы өзен.

 

Кеңдала көшесі

Бұрынғы атауы – ДСУ-450 көшесі. Кеңдала көшесі «Көктал» тұрғын алабындағы көше. Ұзындығы – 569,9 м.

«Кеңдала» деп көлемі, аумағы үлкен даланы айтады.

           

Кеңшалғын көшесі

Бұрынғы атауы – ВРЗ көшесі. Кеңшалғын көшесі Қарағайлы орамынан басталып, Өндіріс көшесінде аяқталады. Сартүбек, Ақжелкен көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 358,6 м.

«Кеңшалғын» – «аумағы үлкен шалғынды жер» деген сөз. 

           

 

Керегетас көшесі

Бұрынғы атауы – Н.Бауман көшесі. Керегетас көшесі Г.Потанин, Найзақара, Ә.Молдағұлова көшелерін қиып өтіп, Қарауыл көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1270 м.

КерегетасЕрейментау тауының солтүстік-шығысында               27 шақырым жерде орналасқан тау.

 

Киелісай көшесі

Бұрынғы атауы – С.Бородин көшесі. Киелісай көшесі Сарыжайлау көшесінен басталып, Гүлзар орамында аяқталады. Ұзындығы – 232,8 м.

Киелісай – қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында аса қадірлі, қасиетті нәрсені, затты киелі деп атаған.

 

Колхозный көшесі

Колхозный көшесі Шығанақ көшесінен басталып, Абай даңғылында аяқталады. Ә.Жанбосынов, Кенесары, Т.Бигелдинов, Ә.Әлімжанов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 873,3 м.

«Колхоз» – «коллективтік шаруашылық» деген сөз.

 

Конституция көшесі

Конституция көшесі Ақбұғы көшесінен басталып, С.Мұхамеджанов, Аманқарағай, Ш.Бейсекова, Үшқара, Ә.Диваев, А.Байтұрсынов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1261,1 м.

Конституция (лат.соnstitio – белгілеу, орналастыру) – мемлекеттің негізгі Заңы.

Бұл көшеде Көлік және коммуникация  колледжі орналасқан.

 

Космонавтар көшесі

М.Мақатаев көшесінен басталып, Қабанбай батыр даңғылында аяқталады. Меркі, Арай, Н.Оңдасынов, Алпамыс батыр, Е.Тайбеков, Жекебатыр көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1169 м.

Космонавт (ғарышкер) − ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам.

 

Көкарал көшесі

Бұрынғы атауы – Геологический көшесі. «Промышленный» тұрғын алабы. Көкарал көшесі М.Төлебаев көшесінен басталып, Шарбақты көшесінде аяқталады. Бәйшешек, Б.Серікбаев, Шалгөде көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1552,1 м.

Көкарал – Арал теңізінің солтүстік-шығыс бөлігіндегі арал.

             

Көкбастау көшесі

Бұрынғы атауы – 3-Кирпичный завод көшесі. Көкбастау көшесі Айнатас көшесін қиып өтіп, Ойыл көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 297,8 м.

Көкбастау – бұлақ, өзен, көлдердің атауы. Елімізде осы аттас бірнеше атаулар кездеседі.

             

Көкжазық көшесі

Бұрынғы атауы – Степной көшесі. «Железнодорожный» тұрғын алабы. Көкжазық көшесі Ә.Әлімжанов көшесінен басталып, М.Горький көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 423,3 м.

Көкжазық – жер-су атауы. Қазақстанда Көкжазық атты бірнеше атаулар бар.

             

Көкжелек көшесі

Бұрынғы атауы – Зеленый көшесі. «Промышленный» тұрғын алабы. Көкжелек көшесі М.Төлебаев көшесінен басталып, Шарбақты көшесінде аяқталады. М.Шоқай, Шалгөде көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1048,7 м.

Гүл серiгiндегi күлтенiң жеке жапырақшасын «желек» деп атайды. «Көк» сөзінің тіркесуі арқылы айнала қоршаған орман ағаштарының көптігін білдіреді.

             

Көкжиек көшесі

Бұрынғы атауы – 9-пятилетка көшесі. «Көктал» тұрғын алабы. Көкжиек көшесі Болашақ көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 331,1 м.

«Көкжиек» – аспан мен жердің көз жететіндей түйіскен жері. Алаңқай, ашық жерде тұрған адамға аспан күмбезінің «ернеуі» көкжиек бойынша жер бетіне тіреліп тұратын сияқты болып көрінеді.

 

Көксай көшесі

Бұрынғы атауы – Зеленый көшесі. «Интернациональный» тұрғын алабы. Көксай көшесі Көлсай көшесінен басталып, Майбалық орамы, Жағажай, Нұрлыжол көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 549,9 м.

Көксай – жер-су атауы. Көксай атымен бірнеше жер-су атаулары аталады.

             

Көксеңгір көшесі

Бұрынғы атауы – 15-Горем көшесі. Көксеңгір көшесі Қамысты көшесінен басталып, Арқарлы көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 280,3 м.

Көксеңгір – жазық жердегі төбе, жайлау және елді мекен аттары.

 

Көксу көшесі

Бұрынғы атауы – Речной көшесі. Көксу көшесі «Күйгенжар» тұрғын алабында орналасқан. Ұзындығы – 554,7 м.

Көксу – Балқаш алабындағы өзен. Алматы облысының Ескелді би, Көксу аудандары жерімен ағып өтеді.

             

Көктал көшесі

Көктал көшесі Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Кеңдала, М.Дулатов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 5366,2 м.

Көктал – тау, дала, шоқы, өзен атаулары. Көне атаулардың бірі. Тал және көк сөздерінен жасалған тіркес «бел-белестер» ұғымын білдіреді. Қазақстанда осы аттас елді мекендер де кездеседі.

           

Көктерек  көшесі

Бұрынғы атауы – Қазақстан көшесі. Көктерек көшесі Оқжетпес көшесінен басталып, Д.Карбышев көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 584,9 м.

«Көктерек» сөзіндегі «көк» сөзі терек ағашының түрімен байланысты қолданылған. Республикамыздың түрлі аймақтарындағы жер, елді мекен және өзен аттары осылай атала береді.

             

Көлсай көшесі

Бұрынғы атауы – Речной көшесі. Көлсай көшесі Мереке көшесінен басталып, Көксай, Жағажай көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 673,6 м.

 

Көлсай – таулы жерлердің терең сайларына жиналған судан пайда болған көл атауы. Осы аттас көл Алматы облысының Райымбек ауданы жерінде де орналасқан.

 

Көшек батыр көшесі

Көшек батыр көшесі Мирный көшесінен басталып, 3 шағын аудан көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 138,1 м.

Көшек – мемлекет және қоғам қайраткері, ХVІІІ ғасырдың          30-40 жылдарында Найман руын басқарған. Кей мәліметтер бойынша оның хан атағы болған.

             

Күйші Дина көшесі

Бұрынғы атауы – №70 көше. Күйші Дина көшесі Манас даңғылынан басталады. Ұзындығы – 2952,1 м.

Дина Нұрпейісова (1861-1955) – домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның халық әртісі, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері. Құрманғазы Динаның дарынына тәнті болып, одан үлкен үміт күтеді, ақыл-кеңес беріп, күй үйретеді, оны өзіне шәкірт тұтады. Дина ұстазының күйлерін үйреніп қана қоймай, оның күйшілік орындаушылық өнеріндегі ерекшеліктерін, стилін, дәстүрін жалғастырды. Динаның тырнақалды «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлері бар. Сонымен қатар «Тойбастар», «Әсемқоңыр» күйлерінің авторы.

             

Күреңбел көшесі

Бұрынғы атауы – №36-16 көше. «Қараөткел» шағын ауданы. Күреңбел көшесі Таңбалытас көшесінен басталып, Шарбақкөл көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 446,1 м.

Күреңбел – жер аты. Елімізде Күреңбел атты бірнеше жер атаулары бар.

 

Қ.Жалайыри көшесі

Бұрынғы атауы – № 74 көше. «Ақбұлақ» тұрғын алабы. А.Тоқпанов көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1004,8 м.

Қадырғали Жалайыри (1555 жылдар шамасында туылған – 1605) – орта ғасырдағы қазақтың ғұлама ғалымы, белгілі биі. Сырдария бойын мекендеген Ұлы жүздің тарақ таңбалы Жалайыр тайпасынан шыққан. Қадырғали Жалайыри ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жете меңгеріп, Шығыстың классикалық озық әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын терең білген. Қадырғали Жалайыри Қасым ханның қасында 1600 жылы өзінің «Жами ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы» деп те аталады) атты атақты шежіре кітабын жаза бастап, оны 1602 жылы аяқтады. Шежіре 157 беттен тұрады. Автор жылнамада Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу жасап, қазақ сахарасын мекендеген жалайыр, арғын, қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, алшын т.б. түркі ру-тайпаларына тарихи анықтама береді. Қадырғали Жалайыридың шежіресі – ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығарма.

 

Қ.Кемеңгерұлы  көшесі

Қ.Кемеңгерұлы көшесі Ақбидай көшесінен басталып, Өзен көшесінде аяқталады. В.Суриков, Ақсу-Жабағылы, С.Әліұлы, Ынтымақ, Сарыжайлау, Шортанды, Т.Тоқтаров, Үстірт көшелерімен қиылысады.  Ұзындығы – 2207,2 м.

Қошке Кемеңгерұлы (1896-1937) – Алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист. Омбыда құрылған қазақ жастарының ұйымы «Бірлікке» мүше болған. 1916-1918 жылдары «Балапан» қолжазба журналының редакторы болды. Прозадағы алғашқы туындыларының бірі – «Тұтқаның ойы» әңгімесі. Қ.Кемеңгеровтің «Жетім қыз», «Дүрия», «Назиқа» әңгімелері, «Алтын сақина», «Бостандық жемісі», т.б. драмалық туындылары бар.

             

Қ. Рысқұлбеков көшесі 

Қ. Рысқұлбеков көшесі Абылай хан даңғылынан басталып, Ш.Құдайбердіұлы даңғылында аяқталады. Ұзындығы – 671,7 м.

Қайрат Рысқұлбеков (1965-1987) 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы. Жамбыл облысының Сарысу ауданында дүниеге келген. 1986 жылдың 17 желтоқсанында Алматы қаласындағы Орталық Комитет пленумының шешіміне наразылық білдірген студент жастар көтерілісіне белсене қатысқан. Көтеріліс басылған соң абақтыға қамалады. Семей түрмесінде қайтыс болған. Қайрат есімі халық есінде азаттық жолындағы күрескер, қаһарман ұл ретінде қалды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қ.Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы берілді.

 

Улица К. Рыскулбекова

Улица К.Рыскулбекова расположена между проспектами Абылай хана и Ш.Кұдайбердіұлы. Длина – 1188,8 м.

 Кайрат Рыскулбеков (1965-1987) герой декабрьского восстания 1986 года. Родился в Сарысуйском районе  Жамбылской области. 17 декабря 1986 года, в Алматы принял активное участие в протесте студенческой молодежи против решения пленума Центрального Комитета. После подавления восстания был заключен под стражу. Умер в тюрьме в г. Семей. Кайрат Рыскулбеков в памяти народа остался как  герой, борец за независимость. После получения независимости Республики Казахстан К.Рыскулбекову было присуждено звание «Халық қаһарманы».

 

Қажымұқан көшесі

Қажымұқан көшесі Манас даңғылынан басталып, Л.Мирзоян, Ж.Жирентаев көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1628,3 м.

Қажымұқан Мұңайтпасов (1871-1948) – қазақтың әйгілі палуаны, классикалық күрестің шебері. Әлемнің бірталай ірі қалаларында болып, балуандық өнерін көрсеткен. Бірнеше рет күрес аренасына шығып, 48 алтын, күміс, қола медальдармен марапатталған. 1937 жылы Орынборда өткен ең ірі чемпионатта бірінші орын алуына байланысты Қазақстан Орталық Атқару комитеті «Қазақ даласының батыры» деген атақ берген.

            Бұл көшеде «Орбита» сауда орталығы, «Түркістан» әмбебап дүкені, «Қазақстан» спорт сарайы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті орналасқан.

           

Улица Қажымұқан

Улица Қажымұқан начинается с проспекта Манаса, пересекается с улицами  Л.Мирзояна, Ж.Жирентаева. Длина – 1628,3 м.

Кажымухан Мунайтпасов (1871-1948) – известный казахский борец. Был во многих городах мира, участвовал в спортивных соревнованиях. Завоевал в общей сложности 48 золотых, серебрянных и бронзовых медалей. В 1937 году занял первое место в крупном чемпионате в Оренбурге, после чего по решению Центрального Исполнительного комитета ему было присуждено звание «Батыр казахской степи».

            На этой улице расположены торговый дом «Орбита», супермаркет «Түркістан», дворец спорта «Казахстан», Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева.

 

Қазығұрт көшесі

Бұрынғы атауы – Деповский көшесі. Қазығұрт көшесі Жидебай көшесінен басталып, Қарталы көшесінде аяқталады. Жалын көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 234,8 м.

Қазығұрт – Талас Алатауының оңтүстік-батыс сілеміндегі аласа келген жота. Шымкент қаласынан оңтүстікке қарай 35 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 55 шақырымға созылған. Ежелгі аңызда дүниені топан су басқанда, Нұх пайғамбар кемесі Қазығұрт тауының шыңында тұрып қалған. Топан су қайтқан соң адамзаттың жаңа ұрпағының тіршілігі осы Қазығұрт тауынан басталған. Қазығұрт тауының сыртқы сұлбасы шынында да қайырлап тұрған алып кемені елестетеді. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында бір аудан және оның орталығы Қазығұрт атымен аталады.  

 

Қайнар көшесі

Қайнар көшесі Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Арқалық, Ақмола, Ақтөбе, Құсмұрын, Тарбағатай, Ұлытау, Баршын көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 2180,4 м.

Қайнар – жер қойнауындағы терең қабаттардан тектоникалық жарықтар арқылы жер бетіне табиғи жолмен шығып жатқан арынды жер асты су көзі, арынды бұлақ. Республикамызда Қайнар атты көптеген жер-су атаулары кездеседі.

 

Қайыңды көшесі

Бұрынғы атауы – Спортивный көшесі. «Көктал» тұрғын алабы.  Қайыңды көшесі Ардагер көшесінен басталады. Ұзындығы – 634,5 м.

Қайыңды – қайың мол өскен жер. Осы аттас елімізде бірнеше жер-су атаулары бар. 

             

Қалба көшесі

Бұрынғы атауы – №58 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Қалба көшесі Манас даңғылынан басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Балбырауын, Баянтау, Арғанаты көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 370,6 м.

Қалба жотасы – Алтайдың оңтүстік-батысында. Негізгі Алтай жүйесінен Ертіс өзені арқылы бөлініп жатыр.

             

Қалқаман көшесі

Бұрынғы атауы – Мостовой көшесі. Қалқаман көшесі Қабанбай батыр даңғылынан басталып, Р.Зорге, С.Мұқанов көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 437,6 м.

Қалқаман – Қазаақстанның бірқатар өңірлерінде кездесетін елді мекен атауы.

             

Қамысты көшесі

Бұрынғы атауы – Гидростроительдер көшесі. Қамысты көшесі Шет көшесінен басталып, Көксеңгір, Арқарлы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1725,9 м.

Қамысты – «қамысы мол» деген мағынаны білдіреді.

             

Қапал көшесі

Бұрынғы атауы – Е.Зайчукова көшесі. Қапал көшесі М.Төлебаев көшесінен басталады. Ұзындығы – 491,7 м.

Қапал – Ақсу алабындағы, Алматы облысының Ақсу ауданындағы өзен.

             

Қарағанды көшесі

Қарағанды көшесі С.Торайғыров көшесінен басталып, Ш.Айманов, Ж.Аймауытов, Р.Қошқарбаев, Ш.Уәлиханов, Тараз, Асанқайғы, Сырдария, Ә.Әлімжанов көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2906,9 м.

Қарағанды – Қарағанды облысының орталығы, iрi стансасы, әуе, көлік қатынасының маңызды торабы орналасқан. Республикадағы ең үлкен қалалардың бірі.

             

Қаражал көшесі

Бұрынғы атауы – Қарағанды көшесі. «Интернациональный» тұрғын алабы. Қаражал көшесі Нұрлыжол көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 380,1 м.

Қаражал – Қарағанды облысындағы облыстық маңызы бар қала.

 

Қараөткел көшесі

Қараөткел көшесі Толағай, Р.Қошқарбаев, Құлагер, Ә.Ермеков, Темірқазық, Қарашаш көшелерін қиып өтіп, Сарайшық көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1130,9 м.

Қараөткел – Астана қаласындағы көне жер атауы.

 

Қарасаз көшесі

Бұрынғы атауы – №61 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Қарасаз көшесі Манас даңғылынан басталып, Айнакөл көшесінде аяқталады. Талғар, Обаған, Марқакөл көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 751,5 м.

Қарасаз – Алматы облысының Райымбек ауданындағы ауылдық әкімшілік округінің орталығы.

 

Қарасай батыр көшесі

Қарасай батыр көшесі М.Тынышпаев көшесінен басталып, Аспара көшесінде аяқталады. Ұланбел, Бұланты, А.Байтұрсынов, Жалын көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1431,1 м.

Қарасай батыр (1589-1671) – Қарғалы, Ұзынағаш, Қарақыстақ, Қастек, Жиренайғыр, Ырғайты өзендері бойындағы, Қарақия, Ақтасты, Сарыжазық, Суықтөбе тауларында, т.б. жерлердегі ұрыстарда жау шебін бұзып, Суықтөбе басына туын тіккен батыр. Сол жеңістен бастап Шапыраштының, одан тарайтын рулардың ұраны «Қарасай» болды. 1643 жылы Жәңгір хан мен Жалаңтөс батыр бастаған Орбұлақ шайқасына қатысқан. 1652 жылғы соғыстарда Қарасай батыр қазақ әскерлерінің басшыларының бірі болған. Көкшетау жерінде болған соғыстардың бірінде ауыр жараланып, дүние салады. Сүйегі өзімен бірге сол ұрыста қазаға ұшыраған арғын Ағынтай батырмен бірге жерленген.

 

Қарасақал Ерімбет көшесі

Бұрынғы атауы – Марсовый көшесі. Қарасақал Ерімбет көшесі Атасу көшесінен басталып, Сарайшық көшесінде аяқталады. Р.Қошқарбаев, Ә.Ермеков, Қарашаш көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 923,8 м.

Қарасақал Ерімбет – 1844 жылы Қазалы уезі, Көкаша мекенінде дүниеге келіп, 1916 жылы сол жерде қайтыс болған. Ақын-жыраулық, жыршылық, әншілік, айтыскерлік, сал-серілік өнер бойына тоғысқан.

 

Қарасу көшесі

Бұрынғы атауы – №10 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Қарасу көшесі Ұлытау көшесінен басталып, Тастақ көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 539,6 м.

Қазақстанда Қарасу атымен аталатын көптеген жер-су атаулары бар. 

 

Қаратал көшесі

Бұрынғы атауы – №36 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Қаратал көшесі М.Төлебаев көшесінен басталып, Айнакөл көшесінде аяқталады. Бесшалқар көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 848,8 м.

Қаратал – Балқаш-Алакөл алабындағы өзен, аудан атауы. Алматы облысының Ескелді, Қаратал ауданы жерлерімен ағады.

             

            Қаратау көшесі

Бұрынғы атауы – №3 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Қаратау көшесі Ғ.Мұстафин көшесінен басталып, Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс, Жаркент, Бурабай, Жайық, Ертіс, Бұқтырма, Есіл, Шу, Лепсі, Іле, Еділ көшелерін қиып өтеді. Ұзындығы – 1636,3 м.

Қаратау – Жамбыл облысындағы қала, Еуразияның түркі тілдес халықтар қоныстанған аймақтарындағы биіктігі орташа және аласа тау жоталары.

             

Қаратөбе көшесі

Бұрынғы атауы – Н.Некрасов көшесі. «Заречное» тұрғын алабы. Қаратөбе көшесі Жиделі, Ақниет, Ақселеу көшелерін қиып өтіп, Үшкөпір көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 719,8 м.

Қаратөбе – Батыс Қазақстан облысындағы аудан. Елімізде осы аттас елді мекендер көп кездеседі.

 

Қарауыл көшесі

Бұрынғы атауы – Зеленый Переезд. Қарауыл көшесі Г.Потанин көшесінен басталып, Ә.Молдағұлова көшесінде аяқталады. Керегетас, Б.Хмельницкий, Найзақара көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 976 м.

Қарауыл – Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының орталығы. Қарауылдан 18 шақырым жерде Жидебай қыстауында Абайдың мемлекеттік мұражайы бар.

 

Қарашаш көшесі

Қарашаш көшесі Қарасақал Ерімбет көшесінен басталып, Х.Досмұхамедұлы, Е.Тайбеков, Алпамыс батыр, Н.Митченко, Н.Оңдасынов, Қараөткел көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1023,1 м.

Қарашаш – қазақтың Жиренше шешенге байланысты тұрмыс-салт ертегiлерiнiң кейiпкерi, Жиреншенің әйелi.

           

Қарашаш ана көшесі

Бұрынғы атауы – №122 көше. «Комсомольский» тұрғын алабы. Қарашаш ана көшесі ақын Сара көшесінен басталып, Ұмай ана, Тұмар ханым, Айша бибі, Қыз Жібек, Айман-Шолпан, Мәриям Жагорқызы көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 898,5 м.

Қарашаш ана – Қожа Ахмет Иассауидің анасы. Қарашаш ананың әкесі Мұса Шейх Ибраһим ата (Ибраһим Шейх) шәкірттерінің бірі болған. Ең көрнекті де тарихи дерек ХІІ-ХІV ғасырларда тұрғызылған Қарашаш ана күмбезі. Иассауидің шешесінен жастай айрылғанына қарағанда Қарашаш ана шамамен 1099-1100 жылдары қайтыс болған.

             

Қарқабат көшесі

Бұрынғы атауы – №57 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Қарқабат көшесі Балбырауын көшесінен басталып, Қызыларай көшесінде аяқталады. Балқантау, Жанкент көшелерімен және Нұрлы, Ақберен орамдарымен қиылысады. Ұзындығы – 654,9 м.

Қарқабат – аты аңызға айналған ел анасы. «Қарқабат» атты батырлық дастан бар. Авторы – халық ақыны Белгібай Бектұрғанов.

           

Қарлығаш көшесі

Бұрынғы атауы – Л.Андреев көшесі. Қарлығаш көшесі Ы.Алтынсарин көшесінен басталатын көше. Ұзындығы – 239,5 м.

Қарлығаш – құс.

 

Қарталы көшесі

Қарталы көшесі Шыңтас орамы, Қарасай батыр, Конституция, М.Дулатов, Тайсойған, Оқжетпес көшелерімен қиылысып, М.Жәлел көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 3247,9 м.

Қарталы – басы оңтүстiк Оралдың шығыс етегiнен басталып, Қазақстандағы Әйет өзенiне құяды.

 

Қашаған көшесі

Бұрынғы атауы – Машинистер қысқа көшесі. Қашаған көшесі Оқжетпес көшесінен басталып, М.Жәлел көшесінде аяқталады. Шыршық, Қараой орамдарымен қиылысады. Ұзындығы – 395,6 м.

Қашаған – ақын, 1841 жылы Түркіменстанның Ташауыз облысы, Мырзабасы ауылында дүниеге келіп, 1929 жылы Маңғыстау облысы, Қырықкез ауылында қайтыс болады. 16-17 жасынан ақын атанған. Әйгілі жыраулар дәстүрімен толғайтын ақынның «Қырымның қырық батыры» жырлары мен халықтың көне шежіресі мен тарихын толғайтын  «Атамекен», «Адай тегі», «Әзіреті Ғали», «Топан», т.б. дастандары ел арасына кең тараған.

 

Қима көшесі

Бұрынғы атауы – №18 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Қима көшесі Н.Тілендиев даңғылынан басталып, Ақмола көшесінде аяқталады. Арқалық көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 321,3 м.

Қима – Ақмола облысының Жақсы ауданындағы ауыл, Жаңақима ауылдық әкімшілік округінің орталығы.

 

Қобыз көшесі

Бұрынғы атауы – №116 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Қобыз көшесі М.Төлебаев көшесінен басталады. Ұзындығы – 1083,6 м.

Қобыз – көптеген түркі халықтарында кездесетін қос ішекті музыкалық аспап. Аспап жыңғыл, үйеңкі сияқты мықты ағаштан ойып жасалады.

           

Қобыланды батыр көшесі

Бұрынғы атауы – №1 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Ұзындығы – 1582,6 м.

Қобыланды батыр (шамамен ХV ғ.) – аты аңызға айналған халық  батыры, тарихи қайраткер. Шыққан тегі – қыпшақ, оның ішінде – қара қыпшақ. Халық жадында сақталған әңгімелерде оны көбіне «Қара қыпшақ Қобыланды» деп атайды. Әбілхайыр ханның бас батыры болған. Қобыланды батырдың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғыстарын баяндайтын «Қобыланды батыр» жыры кең тараған. 

 

Қозыбасы көшесі

Бұрынғы атауы – №2 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (сол жақ). Қозыбасы көшесі Ғ.Мұстафин көшесінен басталып, Іле көшесінде аяқталады. Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс, Жаркент, Бурабай, Жайық, Ертіс, Бұқтырма, Есіл, Шу, Лепсі көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1393,6 м.

Қозыбасы – Қордай тауындағы жайлау. Іле Алатауының солтүстік-батысында Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. Қозыбасы ХІV-ХV ғасырларда өмір сүрген Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір.

             

Қоңыраулы көшесі

Бұрынғы атауы – №27 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Қоңыраулы көшесі Обаған көшесінен басталып, Балқантау көшесінде аяқталады. Жанкент көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 222,2 м.

Қоңыраулы найза – басында қоңырау тағылған найза. Найзаға әскери белгі ретінде басына кішкене қоңырау тағу дәстүрі көне түркі заманынан қалған.

 

Қоңырөлең көшесі

Бұрынғы атауы – К.Маркс көшесі. «Тельман» тұрғын алабы. Қоңырөлең көшесі Мұғалжар көшесінен басталып, Ақкемер көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 122,5 м.

Қоңырөлең – Алматы облысының Панфилов ауданындағы ауыл, ауылдық округ орталығы.

             

            Қордай көшесі

Бұрынғы атауы – №28 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Қордай көшесі Б.Момышұлы даңғылынан басталып, Сұлутөбе, Талғар, Обаған, Жанкент, Балқантау, Таскескен, Құмкент, Айнакөл көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 2641,9 м.

Қордай – Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығысындағы Кіндіктас және Жетіжол жоталары арасындағы асу. Жамбыл облысы, Қордай ауданы аумағында орналасқан.

             

Қорқыт көшесі

Қорқыт көшесі Ағыбай батыр көшесінен басталып, Кенесары көшесінде аяқталады. А.Иманов көшесімен қиылысады. Ұзындығы – 415,2 м.

Қорқыт – бағзы заманда өмір сүрген бабаларымыздың бірі. Түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы, сазгер, аңыз кейіпкері. Ұлы бабамыз шамамен VІІІ-ІХ ғасырларда Сыр бойында оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде туып-өскен. Қорқыт ата туралы аңыз әңгімелердің бір саласы – оның дүниеге келуі, екінші саласы – ажалдан қашуы, үшінші саласы – қобызбен күй шығаруы болып келеді. Қорқыт – қобыз арқылы музыка өнерінің негізін салған ұлы сазгер әрі жыршы. Сонымен бірге, ел басқарған данышпан, қасиетті әулие.

             

Құлагер көшесі

Бұрынғы атауы – ХПП көшесі. «Пригородный» тұрғын алабы. Құлагер көшесі Көкорал көшесінен басталып, Шалгөде, Атамұра, Шарбақты көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1533,7 м.

Құлагер – Ақан серiнiң әйгiлi, жүйрiктiгi жыр болған тұлпары.

 

Құлагер көшесі

Қараөткел көшесінен басталып, Арай көшесінде аяқталады. Ж.Шәрденов, Ай-Таңсық, Құмбел, Адырна көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 485,2 м.

 

Құланөтпес көшесі

Бұрынғы атауы – №5 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Құланөтпес көшесі Айдарлы көшесінен басталып, Саумалкөл көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 254,8 м.

Құланөтпес – Теңіз көлі алабындағы өзен. Қарағанды облысының Нұра, Ақмола облысының Қорғалжын аудандары арқылы ағады.

             

Құлынды көшесі

Бұрынғы атауы – Летний көшесі. Құлынды көшесі Космонавтар көшесінен басталып, Наркескен көшесінде аяқталады. Балауса, Н.Оңдасынов, Е.Тайбеков көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 374,2 м.

Құлынды даласы – Батыс  Сібір жазығының оңтүстік бөлігіндегі өңір, Алтай Республикасы мен Павлодар облысы аумағында орналасқан.

             

            Құмбел көшесі

Бұрынғы атауы – Лётный көшесі. Құмбел көшесі Ә.Ермеков көшесінен басталып, Құлагер көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 154,3 м.

Құмбел – Қырғыз Алатауындағы асу. Жамбыл облысы, Мерке ауданында орналасқан.

             

Құмкент көшесі

Бұрынғы атауы – №35 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Құмкент көшесі Айнакөл көшесінен басталып, М.Төлебаев көшесінде аяқталады. Қордай, Бесшалқар көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 1452,8 м.

Құмкент – ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстандағы Шолаққорған ауылынан 30 шақырым жерде орналасқан.

             

Құндызды көшесі

Бұрынғы атауы – №56 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Құндызды көшесі Балқантау көшесінен басталып, Жанкент, Нұрлы орамы, Талғар көшелерімен қиылысады. Ұзындығы – 447,9 м.

Құндызды – Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Жем алабындағы өзен.

             

Құрманғазы көшесі

Құрманғазы көшесі Н.Гоголь көшесінен басталып, Көктомар орамымен қиылысады. Ұзындығы – 928,5 м.

Құрманғазы Сағырбаев (1823-1889) – ұлы күйші-композитор, дүлдүл домбырашы. 70-тен аса күй қалдырған. «Ақбай», «Төремұрат», «Байжұма», «Назым», т.б. антропологиялық атауларға құрылған күйлері бар. Композитордың «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Қайран шешем», «Перовский марш», «Қызыл қайың», т.б. ғұмырбаяндық күйлері оның патша үкіметі, билік иелері тарапынан қуғын-сүргін көргенінің куәсі іспетті. 

 

Құрылысшылар көшесі

Бұрынғы атауы – Строительный көшесі. «Интернациональный» тұрғын алабы. Құрылысшылар көшесі Мереке көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 255,2 м.

Бұл көше құрылысшылардың құрметіне қойылған.

             

Құсжолы көшесі

Бұрынғы атауы – А.Попов көшесі. Құсжолы көшесі Шардара, Сартүбек көшелерімен қиылысып, Өндіріс көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1097 м.

Құсжолы – жердегі бақылаушыға аспандағы мыңдаған жеке жұлдыздар Құс жолы тәрізді көрінеді. Осыған байланысты галактиканы Құс жолы жүйесі деп те атайды. Құс жолы – кең, ақшыл жолақ болып тұтасқан  орасан көп жұлдыз шоғыры.

           

Құсмұрын көшесі

Бұрынғы атауы №36 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Құсмұрын көшесі Қайнар көшесінен басталып, Наурыз көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 259 м.

Құсмұрын – Тобыл облысындағы көл. Қостанай облысының Қарасу, Әулиекөл аудандарында, Торғай қолатының қазан шұңқырында, Құсмұрын кентінің солтүстiгiнде 9 шақырым жерде орналасқан.

             

Қыз Жібек көшесі

Бұрынғы атауы – №82 көше. «Комсомольский» тұрғын алабы. Қыз Жібек көшесі Баян сұлу көшесінен басталып, Айман-Шолпан көшесінде аяқталады. Ұлпан орамы, Домалақ ана, Қорған орамы, Қарашаш ана, Айғаным көшелерімен қиылысады. Ұзындығы –   1686,3 м.

«Қыз Жібек» – лиро-эпостық жыр. Қазақ фольклортанушыларының басым көпшілігі жыр ХVІІ ғасырда пайда болған деп есептейді.

             

Қызбел көшесі

Бұрынғы атауы №26 көше. «Көктал» тұрғын алабы. Қызбел көшесі Амантоғай көшесінен басталып, Ұлытау көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 209 м.

Қызбел – Торғай қаласы мен Торғай үстірті аралығындағы дөңес тау. Ел аузындағы аңыз бойынша, қыратты жерге алыстан қарағанда, қыздың бейнесiн елестетiп, орта шенiнде жота жiңiшкерiп, қыз белiне ұқсаудан, “Қызбел” атанған.

             

Қызыларай көшесі

Бұрынғы атауы №43 көше. Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жақ). Қызыларай көшесі Қарқабат, Балқантау, Құндызды көшелерімен қиылысып, Обаған көшесінде аяқталады. Ұзындығы – 1250,4  м.

Қызыларай – Сарыарқаның шығысындағы тау. Қарқаралы тауының оңтүстігінде 80-90 шақырым жерде.

             

Қызылой  көшесі

Бұрынғы атауыт – Инициативный көшесі. «Энергетик» тұрғын алабы. Қызылой  көшесі Өлеңті көшесінен басталады. Ұзындығы – 308,8 м.

Қызылой  – газ кені. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Байзақ газ кен орнынан батысқа қарай 35 шақырым жерде орналасқан.

 

Қызылсу көшесі

Бұрынғы атауы А.Суворов 1-көшесі. Қызылсу көшесі М.Дулатов көшесінен басталып, Қырыққыз орамында аяқталады. Ұзындығы – 738 м.

Қызылсу – «қардың суы, саяз су» деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ Қостанай, Ақмола облыстарының жеріндегі өзен.

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  30  31  32  33  34  35  36  37  38  39  40  ..