Валюталық нарықтар

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 4

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  ..

 

 

Тақырып 4

Валюталық нарықтар

 

1 Валюталық нарықтың дамуы 

2 Валюталарды айырбастау

3 Биржалық және биржадан тыс валюта нарықтары

Валюта қашан пайда болды?

“Валюта” – Итальян тілінен аударғанда “баға”,  “құн” деген мағынаны білдіреді. Валюта – белгілі бір елдің ақша өлшемі, яғни теңге,  евро,  доллар т.с.с. Валютаның пайда болуы ақшаның пайда болуымен байланысты. Ақша алғашқыда натуралды заттай түрде,  кейінрек метал түрінде,  соңына таман қағаз ақша пайда болды. Ең алғаш рет метал ақша б.д.д. ІІІ – ғасырда римде басылған. Б.д.д. да VII – VIII ғасырларда Малайзиядағы Лидия мемлекетінде және ежелгі Грецияда басылған.   ІХ – Х ғасырларда Европа елдерінде басылып шыға бастады.

Қағаз  ақша ең алғаш рет ХІ ғасырда Қытайда   пайда болды. ХVIII ғасырлардың аяғында Солтүстік Америкада,  ал ХVIII ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында Англияда шығарылды.

  Әр ел өз ақшасын металл немесе қағаз түрінде шығарса да оған өздерінің елтаңбасын,  король бейнелерін басып отырған. Осы белгілеріне қарай қай елдің ақшасы,  яғни валютасы екендігін айыруға болады.

Валюталық жүйенің типтері қандай?

Валюталық жүйенің үш типі бар: ұлттық,  дүниежүзілік,  аймақтық валюталық жүйелер.

Ұлттық валюталық жүйе – елдегі ұдайы өндіріс процесінің қажетті валюталық ресурстарды қалыптастыруға және пайдалануға,  халықаралық айналымды жүзеге асыруға көмектесетін валюталық – экономикалық қатынастар жйынтығы. Ұлттық валюталық жүйе елдің ақша жүйесінің бір бөлігі бола отырып,  өзінше дербес және ұлттық шекарадан шығарыла алады. Ұлттық валюталық жүйенің ерекшелігі ел экономикасындағы сыртқы экономикалық байланыстардың даму дәрежесімен анықталады.

Дүниежүзілік валюталық жүйе – дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы негізінде қалыптасқан және  мемлекетаралық келісім шарттарымен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы. Ұлттық валюта жүйе мен дүниежүзілік валюталық жүйе өзара тығыз байланысты. Бірақ бұл ұғымдар бір тұтас емес,  себебі олардың міндеттері,  қызмет етулері және реттеу шарттары,  жекелеген елдер экономикасына және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әртүрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық валюталық жүйемен байланыстыратын,  яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін,  мемлекетаралық  валюталық зерттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.

Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орыналастырылуымен,  өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.

Аймақтық валютадық жүйе – валюталық бағамның ауытқуын азайту және интеграциялық процесті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру формасының және  экономикалық интеграция шегінде валютаның қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

 

 

 

 

Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелерінің арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтар.

Ұлттық валюталық жүйе

Дүниежүзілік валюталық жүйе

1.     Ұлттық валюта;

2.     Ұлттық валюта айналым дәрежесі

3.      Ұлттық валютаның паритеті;

4.     Ұлттық валюта бағамының тәртібі;

5.     Халықаралық валюталық өтімділік;

6.     Валюталық шектеудің болуы немесе болмауы;

7.     Халықаралық несиелік айналыс құралдары, оларды пайдалану ережелерінің регламентациясы;

8.     Елдің халықаралық есеп айырысу регламентациясы;

9.     Ұлттық валюталық нарық пен алтын нарығының  режимі;

10.  Елдің валюталық қатынастарын реттеуші және қызмет көрсетуші ұлттық органдар.

1.         Халықаралық есептесу бірлігі,  резервтік валюталық;

2.         Валюталардың өзара айналымдығының шарты;

3.         Валюталық паритеттердің бір тұтас режимі;

4.         Валюталық бағамдар режимдерінің регламентациясы;

5.         Халықаралық валюталық өтімділікті мемлекетаралық реттеу;

6.         Валюталық шектеуді мемлекет аралық реттеу;

7.         Халықаралық несие айналыс құралдарын пайдаланудың бір тұтас ережесі;

8.         Халықаралық есеп айырысудың негізгі формасының бір тұтастығы;

9.         Дүниежүзілік валюталық нарықтар және алтын нарығының режимі;

10.     Мемлекет аралық валюталық реттеуді жүзеге асырушы халықаралық ұйымдар. 

 

Егер ұлттық валюталық жүйе ұлттық валютаға негізделетін болса, ал дүниежүзілік валюталық жүйе бір немесе бірнеше резервтік валюталарға,  халықаралық есептесу бірліктеріне негізделеді.

Резервтік валюта дегеніміз  не?

Резервтік валюта – халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын,  басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін,  валюталар бағамының реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валютаның ерекше категориясы.

Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:

-        дүниежүзілік өндірісте,  тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің билік ету позициясы;

-        жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік – банктік мекемелердің дамыған торабы;

-        басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін,  халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және валюталық шектеудің болмауы.

Халықаралық есептік ақша бірлігі дегеніміз не?

Халықаралық есептік ақша бірлігі -  валюталық паритет пен валюталық бағамды белгілеу,  халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі  уақытта дүниежүзілік несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз алу құқығы) және ЭКЮ (Европа валюта бірлігі) қызмет етеді.

Валюталық паритет дегеніміз не?

Валюталық паритет -  валюталық бағамның негізі болып табылатын және заңды түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынас. ХВҚ (Халықаралық валюталық қор) жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде белгіленеді.

Валюталық жүйенің даму кезендері

Валюталық жүйенің дамуының төрт кезені бар:

-        бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе - өнеркәсіптік ревалюциядан кейін алтын монометализм базасында алтын монета стандарты формасында қалыптасты. 1867 жылы Париж келісімі алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде мойындады.

-        екінші дүниежүзілік  валюталық  жүйе – 1922 жылы Генуэз конференциясындағы мемлекетаралық келісіммен құрылды. 30 елдің ақша жүйесі алтын девиз сатндарты базасында қызмет етті. Ол кезеңдерде резервтік валюта мәртебесі ресми түрде бір валютаға бекітілмеді,  бірақ доллар мен фунт – стерлинг жетекшілік танытты.

-        үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе – 1934 жылы Бреттон – Вудс қаласындағы (АҚШ) валюта – қаржы конференциясында рәсімделді. Оғын 44 ел мүше болды. ХВҚ жарғысы бекітіліп,  онда дүниежүзілік валюталық жүйе қағидалары бекітілді:

Алтынға және екі резервтік валютаға (АҚШ доллары және Ағылшын фунт – стерлингі) негізделеген мемлекетаралық алтын девиздік стандарттың жүйесі  бекітілді. Бұл жерде алтын девиз стандарты халықаралық қатынастарды сақтауталып,  ал ақша жүйесі айырбасталмайтын несиелік ақшаларға негізделді.

-        төртінші дүниежүзілік валюталық жүйе – қағидалары Кингстонда (Ямайка) 1976 – 78 жылдары халықаралық валюталық қорға  мүше елдердің келісімімен рәсімделді. Онда ХВҚ жарғысына түзетулер енгізілді. Ямайка валюталық жүйесінің негізгі қағидалары мыналар:

а) СДР стандарты енгізілді,  бірақ іс жүзінде долларлық стандарт сақталды,  себебі доллар СДР жүйесіндегі есеп айырысуларды көбірек пайдаланады (валюталық “қоржындағы” доллардың үлесі 40%,  ресми валюталық резервтерде - 60% жуық). Бірақ ХВҚ-ға мүше елдерге валюталық париттеттерін кез – келген валютада белгілеуге құқық берілген,  соның негізінде көп валюталық стандартқа өту заңдастырылды;

б) Алтынды демонетизациялауға заңды түрде тиым салынды; ресми баға,  алтындық паритет алынып тасталып,  доллардың алтынға айырбасталуы тоқтатылды;

в) Валюталық бағамдар режимын таңдауға құқық берілді (1973 жылдың 6 – шы наурызынан бастап өзгермелі бағамдар жүйесі енгізілді);

г) ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу күшейді.

Валюта нарығы дегеніміз не?

Валюталық нарықтар – сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын валюталарға сауда – саттық жүргізетін ресми орталық.

Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:

-        шаруашылық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық нарықтардың интернационалдануының күшейуі;

-        байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;

-        әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операция жасау;

-        банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетін валюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;

-        коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырған алып сатарлық және арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту;

Валюталық операциялардың көлеміне,  сипатына және пайдаланатын валюта тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық,  ұлттық және аймақтық болып бөлінеді.

Халықаралық валюталық нарықтар – ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланған. Олар Лондандағы, Нью – Иорктағы, Токиодағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңінен қолданылатын валютамен операциялар жүзеге асырылады.

Аймақтық валюталық нарықтар – белгілі бір конвертирленетін валюталармен операциялар жүзеге асырылады. Оған Сингапур доллары, Сауд риалы, Кувейт динары жатады.

Ұлттық валюталық нарықтар -  ережеге сәйкес халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағындағы орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиыны.

кездерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркет – юзер)           

Нарыққа қатысушы мүшелер.

Нарыққа қатысушы барлық мүшелерді екі негізгі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа пассивті қатысушылар, яғни оларда валюталық операцияларды жүргізу қажеттілігі

Осы қатысушылар арасында әлемнің барлық жерлеріне таралған бөлімше тораптары және үлкен диллерлер штабы бар 20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді.кездерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркет – юзер)           

Активтік қатысушылар өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін бағаны белгілейді (маркет – мэйкерлер).

Осы қатысушылар арасында әлемнің барлық жерлеріне таралған бөлімше тораптары және үлкен диллерлер штабы бар 20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді.

 Валюталық жүйенің маңызды элементтері.

       Валюталық жүйенің маңызды элементтівалюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің  қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттілігімен; дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды,  сондай – ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделіп отырады.

Валюталық бағам – бұл бір елдің ақша бірлігіне басқа бір елдердің ақша бірліктерінбейнеленген бағасы. әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді.

Бағамның қалыптасуына әсер ететін факторлар.

Саяси – саяси тұрақтылық,  валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы,  валюталық саясат және т.б.

Экономикалық – халықаралық тәжірбиеде анықталатын экономикалық төртбұрыштың  шыңы сияқты; экономикалық өсу,  валюта тұрақтылығы,  инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ға дейін),  жұмыссыздықтың төменгі  деңгейі (жылына 8%),  дүниежүзілік нарықтағы тепе – теңдік;

Психологиялық – жаппай сұраныс,  негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.

    Валюталық нарықтың объектілері мен субъектілері.

Валюталық нарықтар – бұл тауар ретінде валюталық құндылық саналатын нарық.

Валюталық құндылықтарға мыналар жатады:

-        шетел валютасы (ақша белгілері, банкноталар, қазыналық билеттер, монеталар т.б.) – құнды қағаздар ( чектер, векселдер) қор құндылықтары ( акция, облигация) және т.б. шетел валюталары көрінетін міндеттемелер.

-        құнды металдар ( алтын, күміс, платина, палладий, иридий, родий,ретений, осмий) және табиғи құнды тастар ( алмаз, рудийн, изумруд, сабфира,  александрид, жемчук)

Валюталық нарықтар субъектісіне- банктер, биржалар, экспартерлар мен импартерлар, қаржылық және инвестициялық мекемелер, үкімет ұйымдары жатады.

Валюталық нарықтар объектісіне- келген қаржы талаптары жатады. Валюталық нарық субъектісімен сатылады және сатып алынады.

Валюталық нарықтар субъектілері келесі операциялар түрін орындайды;

-        сатып алушылық қабілетті беру.

-        хеджерлеу (ашық валюталық позицияны сақтау)

-        спекуляция (валюталық курсы немесе пайыз мөлшерлемесімен пайда табу.

-        Пайыз мөлшерлеменің орбитражы (депозит қабылдаудан алынған пайда және оларды жоғары мөлшермен белгілі кезеңге қайта жұмсау)

Сатып алушының мүмкіншілігін беру келесі операциялар түрінде жүргізіледі;

1.     Кассалық (спот)-валюталарды жедел түрде жеткізу әдетте келісім жасалғаннан кейін екі жұмыс күні көлемінде.

2.     Жедел (форворд)-валютаны жеткізу белгілі бір уақыт мезгілінен кейін жүргізеді.

3.     своп-сату және сатып алу операциялары әртүрлі орындалу мерзімінде бір уақытта жүргізіледі.

Валюталық нарықтың объектілерімен жұмыс істегендевалюталық нарық субъектілері тек қана экономикалық мақсаттылық көзқараста ғана емес, сонымен қатар ұйымдық, экономикалық және құқықтық көзқарастарға сүйенеді.

Бұндай қатынастарды- қажы валюталық қатынас жүйесі деп атайды.

Негізгі терминдер

1.                     Валюта;

2.                     Валюталық жүйе;

3.                     Резервтік валюта;

4.                     Халықаралық есептік ақша бірлігі;

5.                     Валюталық паритет;

6.                     Халықаралық валюта қоры;

7.                     Валюталық нарықтар;

8.                     Валюталық нарықтардың қатысушылары;

9.                     Валюталық бағамдар

 

Қолданылған әдебиеттер

1. «Ақша айналысы және несие» Мақыш  Серік Биханулы,   Алматы 2004 ж.

2. Ілиасов Қ.Қ., Құлпыбаев С.  “Қаржы”, Алматы, 2003 ж.

3.     Мамыров Н.Қ. «Макроэкономика» Алматы 2002 ж.

4. Әудакиров   “Әлеуметтік     экономика    негіздері”, Экономмика        баспасы, Алматы 2002 ж.

 Бағалы қағаздардың туындылары

1.  Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы.

2.  Бағалы қағаздардың құрылымы.

3.  Бағалы қағаздардың түрлері.

4.  Бағалы қағаздардың туындыларының түрлері.

5.  Бағалы қағаздар туындыларына ғылымдардың көзқарасы.

 

Бағалы қағаздар нарығы қашан  пайда болуы?

            Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-жылдары КСРО-да жаңа кономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі Егемен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының лғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық қатынастарға сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады. Жекеменшіктендірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса да, өркенделген нарық жағдайында оларды орналастыру өте оңай болды. Басқа елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акцияландыру арқылы жүргізіледі. Себебі, көптеген кәсіпорындарда, халықта осындай жаңа құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алды. Жекеменшіктендіру бағала қағаздарының жаңа түрі – жекеменшіктендіру чектерін өмірге келтірді. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздарының бір түрі, олар өз иесіне мемдекеттің иелігіне алып, жекеменшіктендірілген меншіктің бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді.

Бағалы қағаздар құрылымы қандай?

  Жекеменшіктендіру бір жағынан бағалы қағаздардың жаңа түрі – жекеменшіктендіру чегін нарыққа әкелсе, екінші жағынан кәсіпорынның жаңа ұйымдық – құқықтық формасы акционерлер қоғамдардың көптеп құрылуына және олардың қалыптасуна жол ашты. Бұл  жағдай жаңа акцияллар мен облигацияларды эммиссиялаумен қатар, бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығаруға да себепші болды. Сонымен бағалы қағаздар нарығының қалыптасуындағы алғашқы кезең. Сол сияқты акционерлік меншік формасын енгізу инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берумен қатар, мемлекеттің шығыстарын, сол сияқты бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етеді.

Бағалы қағаздардың қанша түрі бар?

Жалпы бағалы қағаздар екі топқа бөлінеді. Олар: негізгі және туынды.

Негізгі топқа жататын құнды қағазадар: акциялар, облигациялар, векселдер, мемлекеттік қазыналық міндеттемелер.

Ал туынды деп аталатын құнды қағаздарға ең алыдымен: опцион , фьючерс, своп, спот, форворт, биржалық нарық т.б.

Бағалы қағаздардың туындылары дегеніміз не?

 Туынды  бағалы қағаздар нарықта айналыста жүрген корпорациялық бағалы қағаздардың тізбесін айяқтайды.

Туынды бағалы қағаздарды пайдалану белгілі бір қажетіліктерге: қаржы және баға тәуекелдіктерін сақтандыруға, өтімділіктің артуына, қарыз алу құнының төмендеуіне, қажетті нарыққа шығуының мүмкіндігін алуға байланысты.

Бағалы қағаздар туындыларының түрлеріне анықтама?

            Бағалы қағаздар туындыларының түрлерін төмендегідей қарастырайық.

Қазақстанда қор нарығының қалыптасу жағдайындағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың жоғары тәуекелділігі өз кезегінде оларды төмендетуге қолайлы құралдарды іздестіруіді қажет етеді. Олардың біріне опциондық ссуданың дамуы жатады. Өнеркәсіптік кәсіпорындарды акциянерлеу барысында опцондер кеңірек дамыды. Осыған байланысты акционерлерге енетін кәсіпорындардың акцияларын жеңілдікпен сатып алу құығы қамтамасыз етіледі. Сөйтіп опцон деп – контрактіде көрсетілген мерзім ішінде ғана әрекет ететін, тұрақты бағада белгілі бір акциялар санын сатып алу немесе сатуға құқық беретін құжатты (келісімді) айтады. Мәмілені сатып алушы оны сатуға опциондық сыйақы төлейді, оны опцион бағасы ретінде қарайды. Сатып алу опционы  келісімдегі мерзімде,  акциялар немесе басқа да құндылықтарды  белгілі бір бағада сатып алуға құқық береді. Әлемдік тәжірибеде опциондар орындалу мерзіміне байланысты екі типке бөлінеді: Европалық және Американдық.

Европалық опцион – келісілген уәде бойынша алдағы күнде орындауға жіберетін опцион.

Американдық опцион – келісім бойынша алдағы күнде де және оған дейін кез – келген уақытта да орындауға жіберетін опцион.

Ал сату опцион оның иесіне активті опцион қолдану бағасы бойынша сатуға құқық береді.

 Фьючерс – тұрақты табысты бағалы қағаздарды тұрақты бағада алдағы уақытта жабдықтау контрактісі айтады. Еркін нарықта нақты сатушылар мен сатып алушылар арасында контрактілер жасауға ешкім тиым салмаса да, фьючерстік мәмлелер негізінен биржада жасалады. Ұйымдастыру қатынасындағы жүйе опционға ұқсас: клиент брокерлік кеңсе арқылы бұйрығын береді, ол бұйрық қолдағы тұрақты жұмыс жасайтын өкілге жетеді, кейінгі оның орындалуы және орындалмауы нарықтағы нақты жағдайға байланысты анықталады. Негізгілері ретінде мынадай бұйрықтар қолданылады: нарықтық тоқта шектеулі.  Сауда  “Еркін айқай” тәсілмен жүзеге асады. Опциондық мәмлелерден басты айырмашалағы, мүнда арнайы бекітілген диллер жоқ. Олардың орынында “Еденде сауда жасаушылар” деп аталатындар жұмыс жасайды. Олар фьючерсті өз аттарынан сатып алып және ставкамен опциондық саудадағыдай міндеттемелерді орындамайды.

Фьючерстік келісім – қор немесе тауар биржасының бір түрі. Фьючерстік келісімнің шарты бойынша акцияларды немесе ақша сомасын төленген тауар келісім жасалған кейінгі белгілі мерзімге шартта көрсетілген баға бойынша беріледі.

Форворттық келісімвалюталық немесе басқа да келісім бойынша, ол жасалғанна кейін кемінде екі жұмыс күннен соң есеп айырысу.

Спот келісім тауар қолма – қол ақшаға сатылатын және дереу берілетін келісім.

Биржалық келісім – бағалы қағаздармен, тауарлармен немесе шетелдік валютамен сауда келісімін жасау. Бұл негізгі екі топқа бөлінеді: кассалық келісім – мұнда ақша төленеді, мерзімдік келесімде бағалы қағазадар немесе тауарлар келісім жасалғаннан кейін бірден беріледі, ал ақша белгілі бір мерзімнен кейін беріледі.

Бағалы қағаздар туындылары түралы ғалымдардың көз қарасы қандай?

1) Қ.Қ. Ілиясов және С. Құлпыбаев ғалымдардың бірлесіп жазған “Қаржы” кітабында бағалы қағаздарды екіге бөліп керсеткен. туынды және негізгі.

2) Н.Қ. Мамыров және М.Ә. Тілеужанова олардың экономикалық ойлары бойынша бағалы қағаздың ажырамас бөлігі ретінде жалпылама тоқталған.

3) Ғ.С. Сейтқасымов бағалы қағаздар туындысы ол бағалы қағаз емес, ол тек қана бағалы қағаздаң қасиеттерінің бірі ретінде көрсеткен.

 

Негізгі терминдер

1.  Бағалы қағаздар;

2.  Негізгі және туынды бағалы қағаздар;

3.  Опцион;

4.   Фьючерс;

5.  Своп;

6.  Спот;

7.  Форворт;

8.                     Акция;

9.                     Облигация

Бақылау сүрақтары

1.     Бағалы қағаздар нарығы қашан  пайда болуы?

2.     Бағалы қағаздар құрылымы қандай?

3.     Бағалы қағаздардың қанша түрі бар?

4.     Бағалы қағаздардың туындылары дегеніміз не?

5.     Бағалы қағаздар туындыларының түрлеріне анықтама?

6.     Бағалы қағаздар туындыларына ғалымдардың көз қарасы қандай?

Қолданылған әдебиеттер

1.     «Ақша, Несие, Банк» Сейтқасымов Ғ.С. Алматы, 2001 ж.

2.     «Макроэкономика» Мамыров Н.Қ.

3.     «Ақша айналысы және несие» Мақыш Серік Биханулы, Алматы 2004 ж.

4.     «Экономикалық сөздік» Ж.М. Алыпова,  Алматы, 1992 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  ..