Ақша  дегеніміз  не, оның  қоғамдағы  маңызы  қандай

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 4

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  ..

 

 

 

Тақырып 3   Ақша  нарығы

 

 

1.Ақша және ақша  нарығы  туралы  түсінік.

2.Ақша  нарығының  құралдары.

3.Банктік   акцептер  және  оның  ерекшеліктері.

5.Коммерциялық  вексельдер.

4.Қысқа  мерзімдік  қазыналық  вексельдер.

6.Жай  және  аударма  вексельдер.

7.Депозиттік  сертификаттардың   түрлері   және  олардың   шығару  ерекшеліктері.

 

Ақша  дегеніміз  не, оның  қоғамдағы  маңызы  қандай?

            Ақша  дегеніміз- тауардың  жалпы  эквивалентінің  жинақталған  түрі,    құнның  эквиваленттік  формасы  мен  тұтыну  құны  біте  қайнасқан  ерекше  тауар.  Ақшаның  қоғамдық  мәнін  К Маркс «  Жеке  адам » өзінің  қоғамдық  билігінде  қоғаммен  байланысын  да  өзінің  қалтасына  салып  жүреді   деген  афоризммен  сипаттады .  Ол  мынадан  айқын  көрінеді:

     Тек  ақшаға  айырбастау  арқылы  ғана  тауарлар  қоғамдық  еңбектің  нәтижесі  екенін  анықтауға  болады   М : А-Т-А

      Әр  адамның  еңбектігі  себебі,  адам  қоғамдық  еңбектігі  үлесін  жалақы  ретінде  алғанда  ақша  төлем  құралы  қызметін  атқарады.

       Айырбас  үрдесінде  ақшаның  делдалдық  етуімен  тауардың  ішкі  қайшылықтары  шешіледі.  Тек  ақшаның  пайда  болуына  байланысты  бүкіл  тауарлар  тұтыну  құны  түріде  айырбас  қатынасының,  бір  жағында  тұрады  да,  ал  екінші  жағында  бүкіл  таурға  қарама-қарсы  ақша  тұрады.

  Ақшаның  атқаратын  функциялары қандай ?

            Ақшаның  қазіргі  экономикадағы  атқаратын  қызмет  түріне  қарай,  мына  функцияларын  жатқызамыз:

  Құн  өлшемі.  Құн  өлшемі-  бұл  мемлекеттің  тәуелсіз  ақшаның  экономикалық  қызметін  сипаттайды. 

  Айналыс  құралы - бұл  ақша  мен  тауардың  бір-біріне  қарама-қарсы  қозғалысы  болмайды,  яғни  қарыздық  міндеттеме  арқылы  өтеу  сату  және  сатып  алу  процесінің  аяқталғандығын  білдіреді  Т-М (міндеттеме)-Т  немесе  М-Т

     Қор  жинақтау  құралы.  Қорлану-үшін  ақша  айналыста  алынады,  сөйтіп  сату-сатып  алу   қозғалысы  өзгереді.   Қор  жинау-  қызметін  толық  бағалы  емес  ақшалар  атқармайды,  себебі  олардың  меншікті  құны  жоқ.. 

   Дүние  жүзілік  ақша  құралы-  сыртқы  серіктестіктерге  қызмет  көрсету,  сыртқы  сауда  байланыстары  халықаралық  зайымдар  барысын  дүние  жүзілік  ақшаларды  пайда  болуына  себеп  болды.

  

Ақша  жиыны  дегеніміз  не?  ҚР-да ақша  жиыны  неше  бөлімнен  тұрады?

    Ақша  жиыны- нақты  әр  мемлекеттің  өзіне  тән  ақша-несие  жүйесімен анықталынады. М:  АҚШ-та  ақша  жиынын  анықтау  үшін-төрт   Швейцария  мен  Германияда-үш ,  Ұлыбританияда-бес,   Францияда-екі  ақша  агрегаты  қолданылады. 

 ҚР –да  ақша  жиынының  құрамына  төменгі  ақша  агрегатты  кіреді: 

     М1-айналыстағы   қолма-қол  ақша.

     М2-құрамына М   агрегатын  және  шаруашылық   субьектерінің  есеп  шоттарымен  басқа  депозиттерінің  заңды  тұлғалардың  күрделі  қаржыландыру  шотының  және  қаржыландыру  қорлары  шотының,   чектік  және  аккредитивтік  шоттардың  қоғамдық  жәнебасқа  үкіметтік  емес  ұйымдар  шоттардың  талап  етіп  алатын  салымдарын  біріктіреді .

Ақша  агрегаттарының  құрамы  тұрақты   қалыпта  болмайды.  Ол  ақша  нарығы  құралдарының  дамуына  байланысты  өзгереді, яғни  бұл ақша нарығында қараймыз.

Ақшаның түрлері қандай ?

Ақшаның дамуы барысында екі түрге бөлінеді : толық құлды және толық құнсыз ақшалар . толық құлды ақшалар – номиналдық ақша құлы  осы дайындауға кеткен нақты құнымен сәкес келетін ақшалар .Мұндай ақшаларға металл ақшалар соның  ішінде  мыстан ,  күмістен  және  алтыннан жасалғалдар  жатады.  Толық  құнсыз  ақшалар-наминалды   құны  нақты  құнынан,  яғни  олардың  өндірісінне  кеткен  қоғамдық  еңбектен  жоғары  болып   келеді.  Оларға   құнның   металдық  және  қағаздан  жасалған  белгілері.  Құнның  қағаздай  белгілері  екі  түрге  бөлінеді: қағаз  ақшалар,  несиелік  ақшалар.  Қағаз  ақшалар- бұл  ақша  өкілі,  металға  ауыстырылмайтын,  мемлекеттің  белгіленген  номасы  бар.  Несиелік  ақшалар- тауар  өндірісінің  дамуымен,  яғни  таурларды  сатып  алу  және  сатудың  кешіктіріп  төлеуге  берумен  байланысты  болған  ақшалар.

Ақша  нарығы  дегеніміз  не  және  оның  маңызы қандай ?

Ақша нарығы дегенімізұлттық несие немесе депозит рыноктарының жиынтығы, мұнда Орталық банк, коммерциялық банктер мен қаржы институттары қысқа мерзімді несие беру жөнінде операциялар жасайды. Олардың атқаратын қызметтері: зайымдарды орналастыру, қысқа мерзімге инвестициялауға құралдарды және ссудаларды ұсыну болып табылады. Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізу арқылы нарық қызметін реттеуді қамтамасыз етіп отырады. Ақша нарығына қатысушылар, яғни мемлекет, фирма, жеке тұлғалар әдете қысқа мерзімді несие жүргізеді (олардың мерзімі 1 ден 120 күнге дейін).

Мемлекеттік облигациялар ақша нарығының маңызды қаржы құралы болап табылады. Сонымен қатар осы нарықта маңызды ролді коммерциялық қағаздар ойнайды.

            Экономикалық субъектілердің ағымдағы ликвидтілігін қамтамасыз ету үшін, олардың қызметінің маңызды ролін ақша нарығы атқарады. Өз кезегінде айтып кететін бір жайт, ақша нарығы 4-бөліктерден кұралады. Олар: 

1.     Дисконттық нарық;

2.     Банкаралық нарық;

3.     Валюталық нарық;

4.     Депозиттік сертификаттар нарығы.

Дисконттық нарықбұл экономикадағы ақша-несие қызметін реттеудегі маңызды ролді атқарады. Ал оның маңызыдылығы, ақшаның экономикаға бірқалыпты келіп түсуін қамтамасыз ету болып табылады. Дисконттық нарықтың операторлары болып Орталық банк пен коммерциялық банк табылады.

Банкаралық несиеақша нарығының маңызды сегменті болып табылады. Бұл нарықта коммерциялық банктер бірін-бірі несие арқылы пайда табады. Банкаралық несие “РЕПО” келісімі негізінде жүргізіледі.

“РЕПО” келісімі – бағалы қағаздарды қайта сатып алу негізінде сату келісімін айтамыз, яғни қазыналық міндеттемелермен қамтамасыз етілетін қысқа мерзімді зайымның түрін білдіреді. Келісім кезінде құнды қағаздарды сататын “РЕПО” жақ (сторона) әр түрлі мақсаттрда қолдану үшін, яғни қаржы нарығында басқа да сегменттерге активті операцияларды жүргізу (мысалы, валюталық нарыққа) мақсатында ақша құралдарын алады.

Еуровалюта нарығықысқа мерзімді қаржылық құралдармен сауда-саттық негізінде құрылатын ақша нарығының маңызды бөлігі. Еуровалюта – бұл шетел валюталары, коммерциялық банк осы валюталарды шығырған елдерден тыс жерлерде қолма-қол ақшасыз депозиттік несие операцияларын жүзеге асырады. Бірінше кезекте бұл валюталарға АҚШ доллары, неміс маркасы, фунт стерлинг және басқа да валюталар.

Сонымен қатар дамыған елдерде ақша нарығының тағы бір құралы - депозиттік сертификат.

Депозиттік сертификат дегеніміз – ақшалай қаражат салымы туралы банктің жазбаша құжаты, ол салымшының (заңды тұлғаның) белгіленген мерзімі өткеннен кейін салым сомасы мен ол бойынша пайызды банктің кез келген мекемесінен алу құқығын куәландырады.

Депозиттік сертификаттардың түрлері және оларды шығару ерекшеліктері қандай?

Депозиттік сертификаттар иемденуіне қарай келесі түрлерге бөлінеді :

1.     Атаулы сертификаттар;

2.     Мәлімдеуші сертификаттар.

Атаулы депозиттік сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.

Депозиттік сертификаттар сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбінесе ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.

Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар: аударылатын және аударылмайтын.

Аударылмайтын депозиттік сертификаттар – салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.

Аударылатын депозиттік сертификаттар - басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.

 

Негізгі  терминдер:     

Ақша

Ақша  нарығы

Ақша  жиыны

Ақша  айналыс  заңы

Ақша  базасы

Акцепт

Акцептант

Акцепті  банк

Ақша  жүесі

Ақша  бірлігі

Вексель

Жай  және  аударма  вексель

Эмиссия

Ақша  мультипликаторы

Депозит

Депозиттік  сертификаттар

 

Қолданылған  әдебиеттер:

1.      Ценые  бумаги.  Учеб/под.ред. В. И.  Колесникова, В.С. Горколовского/М:-1998.

2.       Деньги. Кредит.  Банки/ Под. Ред.  О. И: Лаврумина/М:-1998

3.      Финансы. Кредит. Деньги. Учеб/Под.ред. О:В:  Соколовой/М:-2000

4.      Қ.Ж. Оразалин, М.м.  жайасов. Русс. Каз.  Толковый  словарь.по. сов. Экон./М:2001

5.      Н.Қ.  Мамыров,  М.Ә.  Тілеужанова.  Макроэкономика. А:2003.

6.      Ақша.  Несие.  Бактер. Валюта  қатынастары.  Б. Кошекова. А.:20007

7.      В.Д.  Мельникова,  К.К.  Ильясов,Финансы А:2001.

8.      Ақша.  Несие. Бактер. Ғ.С.  Сейітқасымов. А: 2001.

9.      Ақша.  Несие. Банктер. Б.  Сайденов. А: 2001.

Бақылау  сұрақтары:

1. Ақша  дегеніміз  не, оның  қоғамдағы  маңызы  қандай?

2. Ақшаның  атқаратын  функциялары қандай ?

3.Ақша  жиыны  дегеніміз не,  ҚР-да  неше  бөлімнен  тұрады?

4.Ақшаның  түрлері  қандай?

5.Ақша  нарығы  деген  не,  оның  маңызы қандай?

6.Ақша  нарығының  ұсынысы  мен  сұранысы?

7.Ақша нарығындағы  қандай  резервтерді  білесіз?

8.Ақша  нарығының  атқаратын  операциялары  қандай?

9.Ақша  нарығындағы  құралдары  дегеніміз  не?

10.Банктік  акцептер  дегеніміз не,  оның  ерекшелігі  қандай?

11Қысқа  мерзімді  қазыналық  дегеніміз  не?

12.Вексель  дегеніміз  не ?

13.Вексельдің  қандай  түрлері  бар?

 

Тақырып3.  Алтын нарығы

1.  Алтын өндірудің маңызы

2.  Асыл металдың қасиеттері, құндылығы

3  Алтын нарығының ерекшеліктері

 

Алтын өндірудің маңызы неде ?

Көне тарихтың баяндауына қарағанда алтын адамға тұңғыш танымал болған металл. Алтын шоғырланған жерлерді алғаш рет мал өсірушілер кездестірген. Олар малын жаздың шіліңгір ыстық кезінде өзен аңғарларында жайьш жүріп, құм-қиыршық таст арасында күн көзіне шағылысып, жалынша қызарған заттарды  көріп, таңданған. Сонан оларды жинап, уақыт өте, қорытып әртүрлі бұйымдар жасаумен әуестенген. Алтын өндірудің тұңғыш бастамасы осылай қалыптасқан.Дүние жүзінде алтынды жаппай өндірудің етек алғанына 6-7 мың жылдай уақыт өткен. Сонан біздің дәуірімзге дейінгі 1 ғасырда    алтын    Египет,Греция, Қосөзен    бойындағы    елдер; өндіріліп,  аса бағалы байлық ретінде сақталған.Алтынды өнеркәсіптік тәсілмен өндіру жұмысы XIX ғасырдың  әсіресе XIX ғасырда кеңінен жүргізілді. Мысалы, XIX ғасыр, дүние жүзінде 77 мың тонна алтын өндірілді.Алтынды аса көп мөлшерде өндіру Калифорния мен Аляска аймағында жүргізілді.Көптеген жазушылар өз шығармаларында алтынөндідірумәселесіне баса назар аударды. Мысалы, Д.Лондон «Уақыт тоспайды» шығармасында алтын өндірудің ерекшеліктерін талдапүлкен  әсер  алатын деңгейде  суреттеген.  Алтын  өңдіру жөніОнтүстік Африка Республикасы дүние жүзінде алдыңғы орындаболып отыр. Өйткені, бұл елде бір сыпыра корпорация арзан жұмыскүшін пайдаланып, алтын өндірісіне кең өріс бере білді. Соңғыжылдарда алтын өндіру мөлшері дүние жүзінің бірқатар елдеріазайып    кеткен,    бұл    жер    қойнауындағы    алтынның    қорыбайланысты еді. Соған орай кейбір елдер алтынды көп өндірсе кейбіреулері  аз өндіріп отыр.Сонау бағы замандарда да жерінде аса ірі өнеркәсіп ошағы болмаса да, алтын өндіру Қазақстанда да барынша қолға алынған  болатын. Мысалы, Алматы қаласындағы Республика алаңындағы тәуелсіздік  ескерткішіндегі   алтын адамның  бейнесіндегі   алтын сауытты адам қазақ даласында алтын өндіру, оны ұқсату өнерінің ерекшелігін айқын бейнелейді. Қазір Қазақстанда алтын өндірумен  шұғылданатын кеніштер баршылық. Бүгінде Қазақстан алтын қоры жөнінде дұние жүзінде елеулі орында. Қазір республикада алтын қорының шамамен   тең   жартысы   бірнеше   аса   ірі      еніште шоғырланған. Ол кеніштер Бақыршық, Ақбакай, Бестөбе, Содымбет, Большевик, Васильковское, Суздальское, тағы басқа мекендердегі кеніштер болып табылады. Шетелдік сарапшылардың бағалауы  бойынша   Васильковское  кенішінде алтынның жалпы қоры жоғары делініп отыр. Мұнда құрамында алтыны бар жыныс  қоры  жүздеген мыңға   жетеді.    Сол   жыныстың   әр   тоннасы құрамында 2,8 грамм алтын бар деп  шамаланған.

     Бір кезде алтыны мол деп саналып келген Кеңес Одағында алтын  өндірісінің құлдырап  кеткені  байқалды.   Мысалы,   алтын өндірудің  ойдағыдай болмауы салдарынан    КСРО-да  1990 жылы, қолдағы алтын қоры 1953 жылмен салыстырғанда екі   еседен аса азаиған, яғни алтын қоры 2050 тоннадан 784 тоннаға дейін кеміген. кеңестік экономиканың құлдырай бастағанын көрсеткен еді. Осындай жағдайдың өзінде КСРО шетелдерге жыл сайын 400 тонна  алтын сатып отырды.

Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіздік алған сол республикамыз өзінің мемлекеттік алтын қорын қалыптастыру белсене кірісті. Өйтпейінше экономиканы еркендету мүмкін емес еді. Сондықтан Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 21-каңтардағы Жарлығына сәйкес «Алтыналмас» атты ұлттық акционерлік компаниясы құрылды. Сол құжатта, алтын мен алмастың қорын арттыру мақсатындағы жұмысқа басшылықты күшейту осы компанияға жүктелгені атап көрсетілді.

КСРО тұсында Қазақстанда өндірілген алтын кенінен айырып алынған бағалы металл-алтын Ресей мен Армения кәсіпорындарында байытылып өңделетін еді.

Тәуелсіз Қазақстанда алтын өндіру мөлшері күрт арта бастады. Бір ғана «Алтыналмас» компаниясына қарасты кәсіпорындары 1991 жылы 13,7, 1994 жылы 14,5 тонна алтын өндірді. Алайда, Қазақстанда алтын қоры анықталған аумақтың мүмкіндіктері әліде нашар пайдаланылуда.

Алтын қоры дегеніміз не?

Әдетте, өндірілген алтынды ұқсату, қор жинау, ел ішінде үш тұрпатты мақсатта жүргізілген. Олар, біріншісі алтынны орталықтандырылған қоры немесе мемлекеттік қазыналық пен банктердегі алтын, екінші қор - заңды және жеке тұлғалар иелігіндегі жинақталған алтын. Ал үшінші қор-алтыннан түрліше әсем бұйымдар жасаумен шұғылданушы зергерлер меншігіндегі алтын. Осылай түрліше әдіспен жинақталған алтын қоры X ғасырдың сексенінші жылдарында капитал елдерідің орталықтандырылған қорда шамамен 35 мың тонна, жеке меншік қорда шамамен 20-25 Мың тонна, бұйымдар жасаумен шұғылданатын жеке меншікте 25-30 мың тонна, барлығы қолда 80-90 мың тонна алтын жинақталды. Бірақ алтын қорына байланысты бұл мәліметтің өзі де нақты жағдайды білдіре алмаса керек. Өйткені, әр ел өзінің ішкі мүддесіне байланысты мәліметті толық айтпауы да мүмкін ғой. Сол сияқты 60-жыддардың соңына орталықтандырылған қорда алтын өткен кезеңдегідей мөлшер, болмады.

Ал мемлекеттік қаржы органдары қорындағы алтын кұйма кесек және теңге (монета) түрінде сақталып жүр. Алтын қоры елдің алтын жөніндегі сақтық қоры ретінде сақталады. Мемлекет қорында осы алтын, кажетті жағдайда шетелдермен экономикалық қары қатынаста пайдаланылады. Мемлекеттің экономикалық қуаты шетелдермен экономикалық байланыс кезінде тауар-ақша алмас жағдайында ерекше айқындалады.

Асыл металдың касиеттері, құндылығы қандай ?

Алтын өзінің табиғи бітімі ерекшелігіне сәйкес түрліше металдар арасында аса бағалы қымбат метал ретінде танылған. Алтын кандай да болмасын ылғалды, шірінді топырақты жерде жатса да оны тот алмайды, мыс тәрізді оны жасыл-қошқыл тот баспайды, күміс тәрізді қарақоңырланып кетпейді. Алтын күн нұрына шағылысқан түрінде сап-сары түсінен ешқашан таймайды.

Алтынның тағы бір басты қасиеттері мынадай: ол өзіндік кұрамы жағынан біртұтас, біртекті, аса берік, ұзақ мерзім бойы сақтауға лайықты, бөлшектеп басқа бір металға қосып, кез-келген бұйым жасауға жарамды. Аса берік тұтастық қасиетіне қарай соңғы жылдарда алтын электроника өнеркәсібінде, ғарыш технологиясында байланыс кұралдарын жасауда ойдағыдай пайдаланылып жүр.

Адам баласы сонау бағзы заманнан-ақ алтынды өз қажетіне жарата білген. Алтыннан сырға, жүзік, алқа, басқа да әсем зергелік бұйымдар жасалған. Қанша ғасырлар өтседе алтыннан жасалған бұйымдар өзінің аса асыл металл ретіндегі қасиетін жоймайды. Мұны жер шарының түрлі аймақтарында жүргізілген архиеологиялық казбалардың нәтижесі айқын дәлелдеп отыр.

Алтынның дүниежүзілік тарих бедерінде сол сияқты, экономика саласындағы қолданылуы оның тек табиғи қасиетімен ғана емес, қоғамдық мақсат өрісінде оның төлемдік кұн рөлін бейнелеп, ақша ретінде қолдаланылуымен де айрықша ерекшеленеді. Ал ақша — экономикалық және әлеуметтік кұбылыс. Алтынның ақша орнына қолдаланылуының экономикалық катынастарда ерекше маңыз алуы - тауар өндірісінің өмірге келіп, дамуымен тікелей байланысты.

Адамзат баласы рулық-қауымдық қоғамдағы күнделікті тіршілігінде өзара топтаса жүріп, тапқан тамақтық заттарды бөлісіп жеумен тіршілік еткені тарихтан белгілі. Адамзат өзінің дамуы, өсіл-өркендеуіне жетілуіне қарай күнкөріс кәсібін де өзгертті. Әр түрлі өнім шығаруды меңгерді. Осылай өздері шығарған өнімдерін басқа біреулер шығарған өнімдерге баспа-бас немесе баламалай айырбастап, өзіне қажетті заттарды алумен шұғылданды. Сөйтіп, даму барысында басы артық өнімдерін сатуды меңгерді. Бірақ сол-кезде адамдардың сана-сезімінде ақша дегеннің не екені, оның қандай кажеті барына ешқандай түсінік, ұғымы болмаған, ал өмір тәжірибесі өзіне жаңа өрістер ашып отыратыны белгілі.

Адамдар өз төңірегіндегі, ерекше көз тартатын, жұртты  серпілтетін заттарды даралай білген. Осы негізде қолдағы  артық тауарды қандай затқа айырбастауға болатынын ойластыра бастаған. Тек осы мақсат, ниетке байланысты қолындағы артық, өз қажетінен тыс тауарды айырбастап алу үіпін  қымбат бағалы деп таныған піл сүйегін, бағалы аңтерісін, т.б, тұз, теңіз тастарын, какао, мал, тіпті адамдарды да ,құлдарды да пайдаланды.

Осындай жағдайда Батыс Еуропада күміс теңгеліктер  рөліне айналмай, жалпы тауар ретінде болды. Сонымен ақша ретінде қолданылған заттардың қайсысы болсын сақтауға, жүруге ыңғайлы болмаған. Сондықтан қандай тауар үшін болсын кең баламалық рөл атқара алатын, сақтауға қолайлы, ақша ретінде қолдануға лайық түрғыда металл заттарына көңіл аударылған. Бұл үшін темір, мыс, қола сияқты металдардан теңгеліктер соғылған Ақыр соңында ақша үшін алтынды пайдалану қолға алынған.

 Ақыры біздің дәуірімізден 1500 жыл бұрын алтыннан Қытай, Индия, Мысыр (Египет) елдері, ал көне Грецияда біз дәуірімізден бұрын 8-7 ғасырда, Арменияда бірінші ғасырда алтын  теңгеліктер шығарылған.

Айталық, XIX ғасырдың 60-жылдарынан бастап, алтын дүние жүзінде ақша үшін пайдалануға беріктігі, тұтастығы, тозбайтын қасиеті жағынан зор маңызға ие болып, ақша сахнасына еш теңделік жоқ металл ретінде көтерілді. Міне сол кезеңнен бастап, ақша рөлін атқарып келеді. Осыған сәйкес алтынды белгілі мөлшерде жұмсау мақсатында алтын стандарты деген ұғым пайда болды. Алғаш алтын стандарты (оны пайдалану үлгісі ретінде) түрде әрекет етті. Бірінші, теңгелік алтын стандарты деп аталды. онтоғызыншы ғасырдың аяғына дейін айналыс өрісінде болды. Екінші алтын стандарты алтын валюта делінді. Ал үшінші, ал құйма стандарты еді.

Алтын стандарты тұңғыш peт ақша жүйесі тұрғысында 1 жылы Ұлыбританияда   елінде   қалыптасты.   Ал   көптеген елдерде    алтын рты    XIX ғасырдың    соңғы    кезеңінде  қолданылды. Алтын стандартына тән ерекшеліктер:

     тауарлар бағасын алтын түрінде белгілеуге лайықты өлшем

     мемлекет алтын ақшаны өз қажетіне қарай шығаруға мүдделігі бар

     алтын  ақшаның  несие  ретіндегі ақшаға  емін-еркін  айырбасталатындығы

алтынды шетке шығаруға және шет жерден алып келуге қойылмайтындығы болып табылады.

Осындай қасиеттерімен алтын-теңгелік стандарты ақша -жүйесінде тұрақты рөл атқаратын болды. Әр елдің шаруашылық жағдайына қарай алтын стандарты түрліше рөл атқарды. Мысалы, бір елдің алтын стандарты екінші бір елдің алтын стандартына құны жағынан салыстырмалы тұрғыда қолданылатын болды. Мұның өзі көбіне ақшаның құнсыздануы процесімен байланысты болатын ерекшелік.

Алтын стандартының ақша айналымында қолданыс табуы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс кезінде күрт өзгерді. Атап айтқанда, 1929-33 жылдардағы дүниежүзілік дағдарыс кезінде алтын стандарты барлық елдерде түлкілікті жойылды. Бұл процесс дағдарыс салдарынан ақшаның құнсыздануынан пайда болған құбылыс болатын.

Осы жағдайдың ықпалына қарай дүниежүзінде әр ел өзінің алтынға байланысты ақша жүйесін, оның сауда-саттық қатынастарда әрекет ету қызметін елдің ішкі экономикалық жағдайына қарай ұйымдастыратын болды. Әр ел өз қорындағы ақшаны өзіне тиімділікке қарай пайдаланды. Мысалы, 1971 жылы тамыз айында АҚШ үкіметі алтынды долларға сатуды ресми түрде тоқтатты. Сөйтіп, бұл елде алтын стандарты жүзеге асырылмайтын болды. АҚШ-тағы алтынға байланысты жағдай басқа елдерде де өзгеріске ұшырады.

АҚШ-тың алтынға қатысты саясатына қарай, 1978 жылы Халықаралық Валюта Корының жарғысында алтын халықаралық валюта эталоны (нақты мөлшері) беделінен айырылғаны ресми атап көрсетілді. Соған сәйкес Халықаралық Валюта Қорына мүше елдерде алтынның ақша түрін бейнелейтін мазмұны жойылды.

     Мемлекеттік мүдде тұрғысынан алғанда, аса құнды метал алтын нарқы мәселесімен арнайы құрылған орталық шұғылданады. орталық негізінен қолдағы басы артық алтынды халықаралық нарық жүйесінде сату немесе сатьш-алу жұмысымен айналысады. Алтынмен байланысты сауда-саттық, яғни, алтынды сату немесе сатып-алу жұмыстары алтын жөніндегі нарыктық баға бойынша жүргізіледі. Алтынды сату өнеркәсіптік тұтыну мақсатында немесе жеке адамдардың алтынды сатып алып, өзіндік жеке алтын қорын жинау мақсатында, инвестициялық қор құру жөнінде тәуекелдік қор жинау немесе алыпсатарлық тұрғыда атқарылады. Бұл аталған мысалдар алтын нарқына байланысты жүргізілетін жұмыстың ерекшеліктерін көрсетеді.

Алтын нарқының негізгі көздері мынадай:  сатуға негізін жаңадан өндірілген алтын қоры жұмсалады. Әр ел алтын сату өзінің ішкі мүмкіншілігіне қарай жүргізеді. Мысалы,  1970 жылы  БАР өзінің ішкі қорына карай 1 мың тонна алтын өндіріп, алтын көбірек сатуға мүмкіндік алды.

Алтын   нарқына   байланысты   қордың   екінші   бір   кез мемлекет   және жеке    алтын   қорын   жинаушылар   тарапынан сатылатын алтын. Нарық жүйесінен сатып алынған алтын қор өнеркәсіптік,  тұрмыстық мақсатта  мысалы, радио-электрника  атом, ракета техникасы үшін пайдалану мақсатында жургізіледі жеке адамдар өзі сатып алған алтынды сол сияқты өз қолында алтынды зергерлік    бұйымдар  соғу үшін пайдаланады.  лы  сақина, сырға сияқты бұйымдар жасайды.  Сатылатын алтынның бағасы дүниежүзілік алтын нарқында қолданылып отырған нақты| кезендегі алтын бағасына сәйкес анықталады.

Алтын нарығының ерекшелігі қандай ?

Алтын    нарқының    әрекет    ету    ерекшеліктері    мына нарықтың талаптарына сәйкес алтын қандай түрде сатылады? құйма алтын немесе ұсақ бөлшек түрінде сатылуы мүмкін. Мысалы халықаралық     тұрпаттағы  алтын құймасы  400  троя  өлшемінде болады.    Сатылатын   алтынның   салмақтық өлшемі   унция аталады. Тарихта ол Римдік, троялық унция деп аталған. Қазір троялық  унция   қолданылуда.   Оның   өлшемді   салмағы   31,101 грамм.  Бұл салмақ тұрғысынан алғанда көп алтын.  Ал   1 өлшемі -31,1 грамм алтын деген сөз.

Алтын нарқында     алтыннан соғылған байырғы теңгелікті  (яғни   алтын стандарты кезеңіндегі) жоғары бағаланады. Осы бағалы   алтын     теңгеліктерді мемлекеттік      тұрғыдан ұйымдастырылады. Осындай алтын теңгеліктерді жеке фирмалар  сата алады. Сол сияқты жаңадан соғылған алтын теңгеліктер сатылады. Ерте заманда соғылған алтын теңгеліктер мен соңғы кезеңде   соғылған теңгеліктердің   бағасы    олардың   салмағы  құрамының  тазалығына байланысты болып отыр. Нарықта, алтын  тек теңгелік тұрпатында  ғана емес, әсемдік бұйымдар, арнайы сым  жұқа парақша,    тағы басқа     түрінде сатылады. Алтын caтумен  шұғылданатын мемлекеттік арнайы орталық немесе жеке фирма көбірек қолданылатын  алтын  бұйымдар жасап,   оны     молынан  сатуды басшылыққа алып отырады.

Қазіргі уақытта дүние жүзінде алтын сатумен шұғылданатын елуден аса ірі орталықтар бар. Олардың басым бөлігі Батыс Еуропа, Азия, Америка, Африка елдерінде шоғырланған. Мысалы, Лондон, Париж,    Токио    қалаларындағы алтынмен    сауда  жасайтын орталықтар өз қызыметімен мол тәжірибе жинақтаған.

Мемлекеттік тұрғыдан реттелетін алтын сату жүйесі төрт түрге бөлінген, олар:

дүние жүзілік (Лондон, Нью-Йорк, т.б.);

 елдің өз ішінде еркін түрде жургізілетін алтын нарқы (Париж, Ыстамбұл, т.б.);

жергілікті жерде бақылауға алынған нарық (Африка, Мысыр) жасыры(көлеңкелі) түрдегі  нарық .

Қорыта келгенде, осы аталған алтын нарқының төрт түрі алтын сату әдісін ліше жүргізеді. Мысалы  біреулері алтынды көбірек сатып алумен шұғылданады. Кейбіреулері, алтын сату үшін өз қорының шамалы болуына сәйкес сауданы кеңінен жүргізе алмайды. Дегенмен, алтын өзінің тауар ретіңдегі рөлін дамыта беруге әрекет етеді.                                                                                   

        

 

 

Әдебиеттер:

1.Алмазова О. Д. Золото и валюта :прошлое и настоящее – М. Финансы и статистика, 1998.

2. Смагулова Р.О. Қаржы нарқы Алматы : Қазұлтагру, 2001.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  ..