Капитал нарығы дегеніміз не және оның құралдары қандай

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 4

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  ..

 

 

Тақырып 2.Капитал нарығы

1.     Капита.л туралы түсінік.

2.     Капитал нарығы және оның құралдары.

3.     Несиенің экономикалық мәні, қажеттілігі, түрлері және қызметтері.

4.     Құнды қағаздар құрылымы.

5.     Ақша мен облигациялардың мәні мен маңызы.

 

Капитал нарығы дегеніміз не және оның құралдары қандай?

            Капитал нарығы орташа және ұзақ мерзімді қорлардың (ақша, бағалы қағаздар) қозғалысын жүзеге асырады. Капитал нарығының ақша нарығынан айырмашылығы мерзіміне байланысты. Оны түсіндіру үшін капитал нарығының негізгі құралдарына тоқталайық

1.     Корпорациялардың акциялары – бұл бірнеше жеке тұлға мен заңды тұлғалардың ақша қаражаттарын жинастыра отырып акциялық қоғам ашып, сол қоғамға иелік ету. өз үлесін қосқан акционар түскен табыстан өз үлесін алуға және акционерлік қоғамды басқаруға, шешім қабылдауға құқылы болады.

2.     Корпарациялық облигациялар – бұл корпарацияның, акционерлік қоғамның қарыз жөніндегі міндеттемелерін растайтын құнды қағаздардың бір түрі.

3.     Мемлекеттің ұзақ мерзімді құнды қағаздары – бұл мемлекет тарапынан шығын әртүрлі құнды қағаздаар. Ол мемлекеттің қарыздарын облигацияла, векселдер сияқты құнды қағаздар.

4.     Жергілікті әкімшіліктердің құнды қағаздары – бұл обылыс, ауданн, район бойынша жергіліктімекелердің республиа және заңды тұлғалар арасындағы жүретін құнды қағаздар.

5.     Банктердің коммерциялық несиелері – бұл екінші деңгей банктер арасында жүзеге асырылады. Яғни коммерциялық банктер жеке және заңды тұлғаларға ұзақ және орта мерзімді аралығындағы әртүрлі несиелермен қамтамасыз етудә айтамыз.

6.     Ұзақ мерзімді тұрғын ұй несиесі – бұл жағдайда түсіндіру үшін жеке тұлғаларды немесе жаңа үйлермен жанұялар үшін ұзақ мерзімді несиелермен қамтамасыз ету. Яғни бұл несие 20-25 жылға дейін беріледі. Дұған мысал ретінде ҚР ипатека және ипатка лайт несиелері көрсетілген.

7.      Ұзақ мерзімді несие және тұтыну несиелері – несинің бұл түрін тұтынушылар өз қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында немесе өндіріс процестері банкрод болған жағдайда өз ісін ары қарай жалғастыру үшін осы ұзақ мерзімді несиелерді пайдаланылады.

Несиенің экономикалық мәні және қажеттілігі неде?

Несиенің эконмикалық катигория ретінде қарыз мәмілесі  негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық катигория ретінде өз бетінше сипаттайды, оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік қатынастар немесе жүзеге асыру формасы – қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәілесі тауар шаруашылығының әртүрлі сатылатына тән. Экономикалық тарихи дамуына бұл мәліметтер жиілейді, ұлғаяды жетілдіреді және жалпылама мәнге заңды және жеке тұлғалардың арасындағы келісім шарт.Адамзаттың өз өрісінде несие ақшадан соң өмір шындығына қосқан, асқан тамаша жаңалығы ретінде бағаланады. Несиенің шаруашылық саласында қаржы қаражатқа деген тапшылықты жедел жоюға, сұранысты қанағаттандыра алады. Ал қаржы алушы өзінің ақша қорын несие алу есебінен молайта отырып, өндірістік мақсаттарын түдейгейлі шеше алады. Жеке адамзаттар, кәсіпорындарда, ірі бірлестіктерде, мемлекеттің өзі де несие қызыметін пайдалануға құқығы бар. Қазіргі заманда несие экономиканың  тірегі, экономикалық дамудың бір тұтқасы ретінде танылып отырады. ҚР несие алу арқылы жеке меншік шағын кәсіпорындар аша отырып пайда табуға арта түседі. Осы тұрғыдан алғанды алғанда да несие экономикалық қажеттіліктен туынған құбылыс әрі аса тиімді қоры болып отыр.

Несие түрлері қалай жіктеледі?

Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта қандай да бір объектіге тән тұрақты, қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді. Несиелердің мынандай формалары бар:

1.     Коммерциялық несие – бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары үшін төлемді қайта қалдыру.

2.     Банктік несие – бұл банктердің, арнайы қаржылық мекемелерінің қарыз алушыға арнайы ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі.

3.      Тұтыну несиесі – бұл тұрғындарға тұтыну тауарларын сатып алу және тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық және банктік формада берілетін несие.

4.     Ипотекалық несие – жылжымайтын мүліктерді, жерді, тұрғын үй және өндірістік ғимараттарды  кепілдікке ала отырып, берілетін несие.

5.     Мемлекеттік несие – азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе несие беруші ретінде мемлекетке болатын несиелік қатынастар жиынтығы.

6.     Халықаралық несие – валюталық және тауарлық ресурстарды қайтарымдылық және пайыздар төлеу шартымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы қарыз капиатлының несиенің қозғалыс формасы.

Несиенің қызметтері қандай?

Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтері мен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді басқарады.

1)     Қайта бөлу қызметі – кез келген елде ұлттық экономиканың толыққанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Бұл қызмет арқылы экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады.

2)           Несиенің айналыс шығынның үнемдеу қызметінің іс жүзінде асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытшы болатын аймақтық кей жағдайда қаржылай ресурстарды деген қажеттілікті туындатады.

3)           Айналыстағы нақты ақшалардың орнын алмастыру қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар арқылы жүзеге асады.

4)           Капитал шоғырлануын жеделдету қызметі өндірістің ауқымын кеңейтуге, пайда алуға мүмкіндік береді.

5)           ҒТП жеделдету қызметі ғылыммен айналысатын ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады.

Несие қатынастары қалай қалыптасады ?

            Адамзаттың өз өрісінде несие ақшадан соң өмір шындығына қосқан, асқан тамаша жаңалығы ретінде бағаланады. Несиенің шаруашылық саласында қаржы-қаражатқа деген тапшылықты жедел жоюға, сұранысты ойдағыдай қанағаттандыруда ерекше маңызы бар. Қарыз беруші өзінің басы артық ақша қоры есебінен басқа бір субъектінің сұранысын қанағаттандыра алады. Ал қарыз қаржы алушы өзінің ақша қорын несие алу есебінен молайта отырып, өндірістік мақсаттарын түбегейлі шеше алады. Жеке азаматтар да, кәсіпорындар да, ірі бірлестіктер де, мемлекеттің өзі де несие қызметін пайдалануға құқығы бар.

            Қазіргі заманда несие экономиканың тірегі, экономикалық дамудың басты бір тұтқасы ретінде танылып отыр. Әдетте, несиенің өріс алуын өнім өндіру саласынан қарастырмай, тауар айырмасымен шұғылданушылар қызметімен анықтау керек. Өйткені тауар айырбасы оның бір қолдан екінші қолға өтуін бейнелейді. Сондықтан бұл құн қозғалысы болумен қатар несие қозғалысының өзегі болып саналады. Сонан несие қатнастары қаржы-қаражат айналысына қарай қалыптасады. Мәселенки, құн түрінде көрініс табатын еңбек құралдары мен шикізаттар кәсіпорындарында ақша, өндіріс, тауар тұрғысында болуы мүмкін. Бірақ бұлардың әр қайсысының игілікке жаратылуы түрліше.

Өйткені еңбек құралдары өндірісте ұзақ мерзім бойы пайдаланылады, олардың құны шығарылатын тауар құнына біртіндеп, бөлік-бөлік қосылады. Осындай жолмен негізгі капиталдың құны қайта қалпына келтіріледі. Бұл қор өндіріс құрал-жабдықтарын жаңартуға, одан артылған, кәсіпорынның өз есеп шотында қалған ақша қаражаты басқа қажеттілікті өтеуге мүмкіндік береді. Несие алушы жеке азаматтар да, кәсіпорындар да өзінің кезек күттірмейтін шаруасын жедел шешу мақсатында несие мүмкіндігіне жүгінеді. Мысалы, қазір нарыққа көшкен Қазақстан жағдайында да несие алу арқылы жеке меншік шағын кәсіпорындар, тамақтандыру, тігін, тағы басқа орындар ашып, пайда табушылар қатары арта түсуде. Осы тұрғыдан алғанда да несие экономикалық қажеттіліктен туындаған құбылыс әрі экономиканың қайсы саласында да, меншік түрінің қайсы түрінде де болсын аса тиімді қаражат қоры болып отыр.

            Ақша түріндегі капиталдар нарығында ұзақ мерзімдік құрылыс несиелері, банктердің коммерциялық займдары, тұтушынылық займдар, фермерлік және сауда займдары айналымда болады.

Құнды қағаздардың маңызы неде ?

            Құнды қағаздардың мәні мен мазмұнын құнды қағаздар нарығының қызмет атқару механизмінен шығарып анықтауға болады.Өз кезегінде, құнды қағаздар нарығының мәні мен мазмұны, экономикадағы орны жалпы қаржы-қаражат жүйесінен анықталады. Құнды қағаздар нарығы қаржы-қаражат (капитал) нарығының қүрамдас бөлігі болып, ұзақ мерзімдік қарыздар айналымына жатады (қайтарым мерзімі бір жылдан артық)

      Құнды қағаздар дегеніміз – мемлекет немесе корпорациялар шығаратын коммерциялық ақшалай құжат. Құнды қағаздар, біріншіден, капиталдың нендей бір түріне деген меншіктік иелік құқығын куәландырады, екіншіден, құнды қағаздар арқылы оның иелері келтіреді.

      Құнды қағаздар тұңғыш рет сауда және өсімқорлық саладағы алыс-беріс қызметіне байланысты өмірге келген. Алғаш құнды қағаздар вексель, коносамент түрінде пайда болды. Кейін мемлекеттік эмиссиялық қызмет пен акционерлік қоғамдар өріс алуына қарай құнды қығаздар жөніндегі қажеттілік құлаш жайды. Сөйтіп, капиталды құнды қағаздарға инвестицияландыру ХІХ ғасырдың орта шенінде кеңінен тарала бастады. Өйткені ақша қаражаттарын құнды қағаздарға айналдыру мақсаты – көбірек кіріс-пайда табу, капиталдың тұрақтығын сақтау, капиталдың өсімін күшейту еді.

      Жалпы құнды қағаздар екі топқа бөлінген. Олар негізгі және туынды деп аталады. Негізгі топқа жататын құнды қағаздар – акциялар, облигациялар, вексельдер, мемлекеттік қазналық міндеттемелер.  Ал туынды деп аталатын құнды қағаздарға – ең алдымен опциондар, фьючерстер жатады.

      Сонымен бірге, құнды қағаздар нарықтық және нарықтық емес деген топтарға бөлінеді. Нарыққа қатысты құнды қағаздарды айналысқа қатыстырылатын құнды қағаздар тобы құрайды. Ал нарықтық емес құнды қағаздар тобын әлеуметтік-нарықтық шаруашылықтың дамуы жағдайында өиірге келген әрі өзіндік ерекшелігі бар қағаздардан тұрады. Ондай қағаздар қатарында сақтық облигациялар, зейнеткерлік қорлардың облигациялары, депозиттік облигациялар бар. Бұл қағаздар өз иелеріне капиталға деген иелік құқығын қамтамасыз етеді.

      Нарыққа қатыса алатын құнды қағаздар сауда-саттық айналысына қатыса алады. Дәлірек айтқанда, оларды сатуға, сатып алуға, иелік құқығын ауыстыруға болады.

      Қорыта келгенде, құнды қағаздар өз иеленушісіне кіріс әкеледі, капиталды сақтау, капитал өсімін қамтамасыз ету еді, қаржыға деген тапшылықты азайту ретіндегі әрекеті арқылы экономикалық даму процесінде елеулі рөл атқарады.

Акцияның мәні және оның түрлері қандай ?

      Акция – акционерлік қоғам шығаратын құнды қағаздардың бір түрі. Акция – акционерлік қоғамның немесе кәсіпорынның өндірістік дамуы мақсатында көздеген, оған өзінің өз қаржысы есебінен үлес қосқанын куәландыратын құнды қағаз. Акционерлік қоғамға немесе кәсіпорынға қаржы қосқан жеке тұлға сол ұйымдардың пайдасы есебінен өзі қосқан қаржысы үшін дивиденд түрінде кіріс алуына құқылы екенін акция куәландырады. Сол сияқты акция қоғамның, кәсіпорынның акционер алдындағы қарыздарлық міндетін де айқындайды.

      Акцияның иесі аталған және ұсынушыға арналған деген түрлері бар. Иесі атап көрсетілген акцияға оны алушының тегі, әкесінің, өзінің аты-жөні жазылады. Мұндай акция басқа біреуге берілмейді, егер бұл талаптар көрсетілмесе акция, өз күшін жойған деп саналады. Ондай акцияға пайдадан үлес берілмейді.

      Ұсынушыға арналған акцияны корпорация, кәсіпорын тіркемейді. Өйткені ондай акциялардың иесі кім екені белгісіз болады. Оларды иелену заңдық негізде ғана жүзеге асырылады.

      Сол сияқты акцияға байланысты тағы бір ерекшелік: акциялар кәдімгі және артықшылықты болып бөлінеді.

      Кәдімгі акцияны иеленген тұлға акционерлік қоғамды, корпорацияны басқаруға, пайданы бөлуге, түрлі шешімдер қабылдауға қатысуға құқығы болады. Ал артықшылықты акцияны иеленуші басқару ісіне қатыса алмайды, бірақ пайдадан үлесті бірінші кезекте алуға құқығы бар.

      Акцияның құны бірнеше түрлі болады. Олар – номиналдық, эмиссиялық және нарықтық деген тұрлері бар.

      Акцияның номиналдық құны акцияның балансына жазылады, бұл құнның өлшемі жарғылық капитал сомасын жалпы шығарылған акциялар санына бөлу арқылы анықталады. Ал эмитент акцияны инвесторға сатқан жағдайдағы баға – акцияның эмиссиялық құны болады. Қаржы биржасын биржадан тыс нарықта сатқан акциясының бағасы – нарықтық құн болып табылады. Нарықтық құн сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасына байланысты.

      Акция сертификаты дегеніміз белгілі тұлғаның өз қолында қанша акция барын анықтау жөніндегі куәлік, бұл сертификат та құнды қағаз деп саналады.

Вексельдің мәні және оның түрлері қандай ?

      Вексель дегеніміз – белгілі бір ақшалай кіріс алуға арналған құқықты куәландыратын айрықша құнды қағаз.

      Вексельдер коммерциялық және қаржылық деп аталатын топтарға бөлінеді. Коммерциялық вексель нақтылы тауарлық келісім-шартты білдіреді. Ал қаржылық вексель – қарыз қаржы алғаны туралы өзіндік сенімхат. Коммерциялық вексель сатушының сатып алушыға өз тауарын бергені және қызмет көрсеткенін дәлелдейтін бір жолғы құрал ретінде қаржылық жүйеде кеңінен қолданылады. Вексель өзіне несиелік және есеп айырысу сияқты функцияларды шоғырландырады.

      Вексельдердің қарапайым және аударма деп аталатын түрлері бар. Қарапайым вексельді сатып алушының өзінің тауарларды сатушыға оның төлемін кейінге қалдыруға еркі барын сендіретін құқығы бар. Аударма вексель – көмегі арқылы қарызгер өзінің жеке борыштарынан құтылады, есеп айырысады.

       Қазақстан Республикасының  “Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы” Заңында вексельді пайдаланудың тәртібі және вексельдің түрлері, индоссамент, аваль туралы заңдық тұрғыдағы міндеттер нақты баяндалған.

       Қазақстанда вексель айгалысы жай және аударым коммерциялық вексельдерін шығаруды, ол бойынша талап ету құқығын беруді қамтиды.

       Индоссамент – ол вексельдің сыртқы бетіндегі табыстау жазбасы, бұл жазба осы вексельді иелену құқығынығ басқа тұлғаға берілгенін куәландыратын ұғымды білдіреді.

       Аваль дегеніміз – вексель кепілдігі. Аваль беруші тұлға вексель жөніндегі міндеттемені басқа тұлғалардың осы аталған міндеттемелерді орындауы үшін жауапты болады. Ал вексель төлеміне берілетін жазбаша келісімді – акцепт деп атайды. Төлем төлеуші акцепт арқылы аударым векселін мерзімінде төлеуге өзіне тиісінше міндеттеме қабылдай алады.

Облигацияның мәні және оның түрлері қандай ?

      Облигация – құнды қағаздардың бір түрі. Ол – корпорацияның, акционерлік қоғамның қарыз жөніндегі міндеттемелерін мақұлдайтын құжат. Облтгация көмегімен жинақталғанкапитал акционерлік капитал бола алмайды. Облигация шығару – капиталдық қарыздың бір нысаны.

      Облигацияның да өзіне тін ерекшеліктері бар.

      Облигацияны иеленуші корпорацияның акционерлік қоғамның несиешісі болып табылады.

      Облигация иеленуші ол бойынша тиісінше пайыз алады, пайыздық төлем әдеттегі барлық төлемдерден бұрын беріледі.

       Корпорацияның, акционерлік қоғамның облигациялары қарыздың мерзіміне қарай қысқа мерзімді, орташа мерзімді, ұзақ мерзімді болады. Ол мерзім бір жылдан жеті дылға дейінгі мерзімге арналған.

      Облигациялар өзінің түріне  қарай баламалы және әдеттегі болып бөлінеді. Баламалы облигация артықшылықты сипаттағы акцияға ұқсас, белгілі жағдайда корпорацияның, акционерлік қоғамның артықшылықты немесе кәдімгі акцияларына алмастырылуы мүмкін. Ал кәдімгі түрдегі облигацияның мұндай құқығы жоқ.

       Облигацияның акция сияқты нақты және нарықтық бағасы болады.

       Сонымен қатар, облигацияның сериялы (көп даналы), кірісті, тіркелген, жоғары сыныпты, купондық, кепілдік, үкіметтік, сақтық деп аталатын түрлері бар. Осылардың қайсысы болмасын бағалы қағаздар рөлін атқарады.

Құнды қағаздар нарығының құрылымы қандай ?

Құнды қағаздардың бастапқы нарығы және қайталама нарғы болады. Жаңадан шығарылған қағаздар бастапқы нарықта сатылады. Акциялар мен облигациялар бастапқы нарықта сатылғанда эмитент (қағаздарды шығарушы) өзіне қажетті қаржы ресурстарын алады, ал құнды қағаздар бастапқы сатып алушылардың қолына түседі. Бастапқы инвесторлар қолындағы қағаздарын қайта сатып ақшасын өсіммен қайтарып алады. Құнды қағаздарды қайта сату олардың қайталама нарығын қалыптастырады. Құнды қағаздардың қайталама нарығы толық қызмет атқаратын болса, онда бастапқы нарық та тиімді қызмет атқарады. Қайталама нарық миханизмі, немесе құнды қағаздары кез келегн уақытта сатып өткізу мүмкіншілігі инвесторлардың оларға деген сенімін арттырады. Ал бұл қоғам ресурстарын өндірістің дамуына толығырақ дамуына толығырақ жұмылдыруда өз себебін тигізеді. Қайта сату нарығнда құнды қағаздардың биржалық айналымы және бирадан тыс айналымы бөлініп қалыптасады.     »Биржалық айналым» ұғымы құнды қағаздарды биржаның сату-сатып алуын білдіреді. құнды қағаздардың биржадан тыс тікелей келісім түрінде сату- сатып алу саудасы «құнды қағаздардың биржадан тыс айналымы» деп анықталады.

            Биржаға кез келген компания еркін түрде жіберіле бермейді. Ол үшін биржада тіркелу қажет болады. Биржада тіркелу үшін фирма оның заңмен анықталған тәртіптерін орындауы тиіс.

            Биржа өзінің беделін сақтау және нығайту мақсатында акцияларын өтімді етуге, ал өздері белгілі де ірі компаниялармен жұмыс істеуге, әріптес болуға ұмтылады. Егер фирма биржада тіркелген болса, онда бұл фирманың акциясы биржалық бағамдама (котировка) алғаннның немесе акциясы тұрақты сұранымға ие болғанын білдіреді. Фрманң биржада тіркелуі осы фирманың қалыптасқан нарықта өз орынн алуын білдіреді.

Мысал ретінде қағадарын бағалама (котировкаға) ұсынған фирмалар үшін белгіленген Нью-Йорк биржасынң тәртіп-талаптарын келтіруге болады. Қағаздарын биржада тіркеп бағамдама алу үшін фирма:

1.     29, 350 доллар кіру жарнасын және әрбір жеке акция бойынша қосымша төлем төлейді.

2.     Жыл сайын айналмға алынған акциялардың санына қарй биржаның бағдарламалық қызметі үшін 11, 750 –58, 700 долларға дейін комиссиялық төлем төлейді. 1982 жылдан бастап жоғарыдағылардан басқа тағы қосымша талаптар анықталған. Олар:

3.     Компанияның әрбіреуіне 100-ден кем емес акциялары бар 2 мың акционері болуы қажет.

4.     Компания жеке акционерлер иелік ететін 1 млн қарапайым акцияны айналмға шығаруға міндетті.

5.     Инвесторлардың қолындағы акциялардың нарықтық құны 16 млн доллордан кем болмау қажет.

6.     Соңғы екі жылда компанияның жылдық табысы 2,5 млн доллардан кем болмауы қажет.

7.     Компанияның мүлкі 16 млн доллардан кем болмауы қажет.

Биржадан тыс айналымға екінші дәрежелі фирмалардың қағаздары түседі.

 Кейбір фирмалардың қағаздары биржада да, биржадан тыс  айналымда да болады.

Биржадан тыс нарық телефон, телекс, компьютер негізінде мыңдаған инвестициялық фирмаларды біртұтас жүйеге біріктіреді. Биржалық нарық тек ірі компанияларға қолайлы болса, биржадан тыс нарықққа кез келген компания кіре алады. Ол үшін тек делдалдық (брокерлік) фирма табылса болғаны.

Биржадан сырт айналым жүйесінде компания акциясын бағамдау (котировка) алу үшін оның қағаздары кем дегенде екі дилерлік фирма арқылы тұрақты сатылуы жеткілікті болады және фирманың 25 мың долларға тең капиталы болуы қажет. Дилерлік фирма бағалы қағаздарды, валюталарды сатып алу және сатумен айналысатын қаржы мекемесі. Ол өзінің атыныан және өз есебіне іскерлік жасайды.

Биржа – қор биржасы нарығының негізгі буыны болып саналады. Қор биржасы – бұл құнды қағаздарды сатып алу және сату істерінінің ерекше ұйымдастырылған нарығы. Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде қор биржалары объективті түрде пайда болған. Биржада негізінен тұтынушылардың жаппай тұтынатын және өз тобында бірін бірі толық алмастыратын, бағалары тұрақсыз ауытқымалы тауар түрлері сатылады. Сатушы, сатып алушлар өз ісіне мүмкін болғанша жоғары пайда алуға ұмтылады. Сондықтан да баға сұраным мен ұсыным ара қатынсын мүмкін болғанша толық қамтығаны дұрыс болады. Нарық қысқа мерзімде тауарға қалыптасқан сұраным мен ұсыным туралы мәліметтерді мүмкін болғанша толық жинап қорытуы қажет. Бұл қызметті тек қана өте жоғары Деңгейге орталықтанған нарық атқара алады. Биржаның негізгі белгілері мынадай:

1.     тұрақты және ұйымдастырылған тұрде қызмет атқарады;

2.     сауда келісімдері тауарсыз жүргізіледі;

3.     іскерлік келісімдер бірін-бірі алмастыратын, тұрақты да жаппай сұранымға ие тауарлар бойынша жасалады.

Биржа негізінен келесі қызмет түрлерін атқарады:

1.     құнды қағаздарды алушылар мен сатушыларды бір-бірімен кездестіреді, құнды қағаздарды сату және стып алу орны болады.

2.     Құнды қағаздар бағамын (курсын) тіркейді, ұсынылған акциялар мен облигациялар түрлеріне қалыптасқан сұранымды жинақтайды және оның орташа мәнін анқтайды.

3.     Капиталды бір өндіріс түрінен (орнынан) екіншісіне ауыстыратын механизм қызметін атқарады.

4.     Жалпы елдегі және жеке өндіріс салаларындағы іскерлік белсенділікті көрсететін құрал (барометр) болады.

Биржа акционерлік қоғам ретінде, яғни жеке кәсіпкерлік негізінде ұйымдастырылуы мүмкін, немесе мемлекетттік құрылым ретінде қызмет атқарады. Биржаның қызметі оның жарғысына сәйкес жүргізіледі. Биржа жарғысы (уставы) биржа құрлмдарының қалыптасу және қызмет атқару тәртібін, оның мүшелерін, оларды мүшелікке қабылдау жағдайларын және басқаларын анықтайды. Биржаны биржа комитеті басқарды.

Биржаның көрсеткіш индекстері құнды қағаздар нарығын жалпы жағдайда өлшеп сипатттайды. Олар әлемнің ең ірі биржаларындағы акция бағамының (курсының) қалай өзгергенін анықтап тіркейді. Батыс елдерінің экономикалық мәлімет беретін барлық құралдарында күнделікті жарияланып тұратын ең белгілі көрсеткіші- «Доу-Джонс индексі» деп аталады. Бұл көрсеткішті 1897 ж. американдықтар У. Доу мен Э. Джонс алғаш есептеп шығарған. Бұл индекс Нью-йорк қор биржасында айналатын өнеркәсіп және транспорт акциялары бойынша есептеледі. 1929 ж. бастап тұрмыстық ықзмет көсететін акциялары үшін де есептелетін болғаны. Бұлардың ішінде ең көп тарағаны біріншісі, ең ірі 30 өнеркәсіп компаниялары бойынша есептелетін индекс.

            Ұлыбританияда «Файнэшл Таймс»  газеті мен Лондон қор биржасының индексі FT- SE белгілі. Бұлар ең ірі Европа компанияларының акциялар бойынша

Жалпы не бүкіләлемдік индекс: РТ –А WORLD INDEX. Соңғысы әлемнің 24 елінің 2212 акцияларын (компанияларын) қамтиды.

            Жапонияда 225 компанияның акциялары бойынша “Никкей” деп аталатын индекс есептеліп жарияланады. Гонконгте 33 компанияның акциялары бойынша “Хэнг-Сенг» индексі есептеліп шығарылып тұрады.

Қор индекстері нарық жағдайына жалпы суреттемесін береді, сонымен бірге олар экономикалық болжамдар жасау үшін де қолданылады.

       Алғаш қор биржасы 1792 жылы Нью-Йорк қаласында құрылды. Сол кезде құнды қағаздардың кесімді бағасының құндық өлшеміне күміс жүрді.

       Қор биржасының басты міндеті – артық ақша қаражатын құнды қағаздар сату арқылы жинақтау. Ол лицензия бойынша жұмыс істейді, құнды қағаздар айналысын ұйымдастырады.

       Биржаның басқару органдары:биржаның жоғарғы басқару органы – акционерлердің жалпы жиналысы;байқаушы орган – биржа кеңесі;орындаушы орган – басқарма;бақылаушы орган – түгендеу комиссиясы.

Құнды қағаздар  субьектілерінің ( қатысушыларының) мәні неде ?

            Бағалы қағаздар рыногінің субъектілері (қатысушылар) инвесторлар, бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары, өзін-өзі реттейтін ұйымдар болып табылады.

            Инвесторлар - өз қаражаттарын бағалы қағаздар ға салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар; инвесторлар құрамында бағалы қағаздар қоржының қалыптастыру үшін өздері тартқан қаржыны пайдаланушы субъектілер болып табылатын институционалдық инвесторларға - инвестициялық қорларға, инвестициялық банктерге, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, сақтандыру компанияларына және қызметінің сипатына қарай айтарлықтай ақша қаражаттары жинақталатын басқа арнаулы арналым қорларына маңызды орын беріледі.

            Мемлекеттік Ұлттық банк немесе Қаржы министрлігі арқылы бағалы қағаздар рыногінде инвестор ретінде іс қимыл жасайды.             Эмитенттер - қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бағалы қағаздар рыногінде кәсіпқой қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар.

            Бағалы қағаздар рыногінің қатысушылары - бағалы қағаздар рыногінде кәсіпқой қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар  заңды тұлғалар.

            Бағалы қағаздар рыногі кәсіпқой қатысушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымы - бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушылары құрған, олардың кәсіби мүдделерін білдіру және қорғау, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногі инфрақұрылымнын неғұрлым тиімді жұмысы үшін жағдайлар жасау мақсатымен, олардың ерікті қатысуы негізінде әрекет ететін ұйым.

            Бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой өкілдеріне брокерлер, диллерлер, кастодиан, депозитариилер, андеррайтерлер және басқалар жатады.

            Брокер - сыйақы үшін шарт жасайтын, клиенттердің тапсырмасы бойынша, солардың есебінен және мүдделерін көздеп бағалы қағаздармен, жасалатын мәмілелерді жүзіге асыруші делдал. Өз клиенттерін бағалы қағаздарымен жасалатын операциялар есебін арнаулы шоттарда жүргізеді. Брокер клиенттердің бағалы қағаздарының нақты үстаушы ретінде болу мүмкін.

            Диллер - бағалы қағаздарды кейін қайта сату немесе олармен өзге мәмілелер жасау нәтижесінде пайда табу мақсатымен өз атынан және өз есебінен бағалы қағаздармен мәмілелер жасайтын кәсіпқой қатысушы.

            Костодиан - клиенттерін сеніп тапсырған бағалы қағаздары мен ақшасын сақтау және есепке алу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпқой қатысушы болып табылады. Ол клиенттердің бағалы қағаздарымен жасалатын мәмілелердің орындалуын бақылау және осы мәмілелер жөніндегі төлем агенті міндеттемелерін орындау, бағалы қағаздардың нақтылы үстаушысы ретінде қызметі және басқа қызметтер көрсету міндеттірін жүзеге асырады.

            Бағалы қағаздар дипозитарийі - бағалы қағаздар мен жасалатын мәмілелерді есепке алу және оларды орындау, сондай-ақ бағалы қағаздарды биматериаландыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған ұйым.

            Орталық дипозитарий - комерциялық емес ұйым болып табылады және акционерлік қоғам нысанында құралады. Орталық дипозитарий алатын пайда оған қатысушылар арасында бөлініске салынбайды, ал техникалық дамуына жұмсалады. Орталық дипозийтаридің клиенттері брокер-диллерлер мен костодиандар болып табылады.

            Андеррайтер - бағалы қағаздар рыногінде брокерлік және диллерлік қызметке лицензиясы бар және эмитенттің бағалы қағаздарын онымен жасасқан ережелеріне сай орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға. Компаниялардың басшылығымен бірге андеррайтерлер жаңа шығарылымды тіркеуге әзірлік жүргізеді және құнды қағаздар рыногінде оларды жүзеге асыру кезінде эмитенттің мүдделерін білдіреді

            Өзін-өзі реттейтін ұйымдар комерциялық емес ұйымдар болып табылады және оларды бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушыларына қауымдастық нысанында құрады. Олардың негізігі міндеттері бағалы қағаздар рыногінің кәсіпқой қатысушыларының тиімді қызмет ету жағдайларын қамтамасыз ету және бұл рыногтегі қызмет ету ұдісін сақтау, бағалы қағаздар иеленушілері мен кәсіпқой қатысушылар клиенттерінің мүдделерін қорғау, бағалы қағаздар мен операциялар жүргізу ережелері мен стандарттарын жасау және оларын сақталуын бақылау болып табылады.

            Еліміздің қаржы рыногінде орныға бастаған қатынастырды реттеудін жұне қадағалау тиімдіігін арттырудың бір тұтас жүйесін ұймдастыру қажеттігіне байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Қаржы рыногің мемелекеттік реттеудін бір ынғай жүйесін ұйымдастыру мәселелері» туралы Жарлығы (2002 жылғы 17 мамыр, №872) қабылданды. Осы жарлыққа сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жинақтау зейнетақы қорларының қызметің реттеу жөніндегі комитетінің функцияларымен өкілеттіктері Ұлттық банкке берілді.

            Еліміздің есептік төлем балансың неғұрлым тиімді қалыптастыру, неғұрлым пәрменді валюталық реттеу мен бақылау жүргізу үшін Ұлттық банктің жаңа бөлімшелері - Төлем балансы мен валюталық реттеу департтаментің және Ұлттық банк басшылығының қызметің қамтамасыз ету жөніндегі басқарма құрылған.             Қазақстан Республикасындағы қаржы қызметің мемлекеттік реттеу мен қадағалаудың бір түтас жұйесіне кезең кезені мен көшу қамтамасыз етілуі тиіс

Негізгі терминдер :

Капитал нарығы

Акция сертификаты

Инвесторлар

Эмитентер

Брокер

Диллер

Костодиан

Адеррайтер

 

 Бақылау сұрақтары׃

Капитал дегеніміз не ?

Капитал нарығы деп нені айтамыз?

Капитал нарығының құралдары қандай ?

Капитал нарығының ақша  нарығының айырмашылығы  неде ?

Несиенің айырмашылығы неде ?

Несиенің эканомикалық категория болу себебі неге байланысты?

Акция мен облигацияның айырмашылығы неде?

Акцияның қандай түрлері бар?

Облигацияның қандай түрлері бар

 

Әдебиеттер:

1.Ілиясов Қ.Қ., Қүлпыбаев С. Қаржы : Оқулық – Алматы : 2003.,  387-402 бет.

2. Смагулова Р.О. Қаржы нарқы  Алматы : Қазұлтагру, 2001., 13-15 бет.

3. Экономикалық саясат : Лекциялар / Д.К. Қабдиев – Алматы : Экономика, 2002.,

95-106 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  ..