Қазақстан республикасындағы көші-қон үдерістерін талдау

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 4

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

содержание   ..  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  ..

 

 

 

 

Қазақстан республикасындағы көші-қон үдерістерін талдау

 

 

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы және оны әлемдік қоғамдастықтың тануының нәтижесінде туындаған жаңа экономикалық және саяси жағдайлар тұтастай алғанда елдегі және оның аймақтарындағы  көші-қон үдерістерінің сипатына, түрлеріне және бағыттарына елеулі өзгерістер  енгізді. Қазақстан ұзақ кезең бойы жабық жүйе ретінде өмір сүрді, ондағы халықаралық миграция туристік немесе жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысулармен шектеліп, эпизодтық сипатқа ие болды. Ол, сондай-ақ, негізінен жоғары білікті жұмысшылардың социалистік және дамушы елдердегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың және басқа нысандардың құрылысына іссапарларға барып қайтуы түрінде де жүзеге асырылды.

Елдің «ашық болуы» саясатын жүргізу, эмиграцияға байланысты көзқарастарды либералдандыру халықтың Қазақстаннан басқа елдерге қоныс ауыстыруын жандандырды, бұның өзі еңбек әлеуетінің едәуір азайып кетуіне әкеліп соқтырды. Өзінің тарихи отанына оралуына мүмкіндіктің кеңеюіне байланысты тұрғылықты емес халықтың көшіп кетуі ұлғайды.  Негізгі көші-қон ағыны жақын шетелдің Ресей, Украина, Беларусь сияқты елдеріне, Германия, Израиль сияқты алыс шетелдерге бағытталды. Айталық, 1991-2001 жылдардағы халықаралық көші-қон бойынша республикаға 788,2 мың адам көшіп келді, 2757,8 мың адам республикадан көшіп кетті. Көші-қонның теріс сальдосы 1969,8 мың адамды құрады. Көші-қонның теріс сальдосының ең көп болған «шыңы» 1994 жылмен тұспа-тұс келді, бұл кездері елден жарты миллионға жуық адам кетті, 70 мыңнан сәл астам адам көшіп келді.

 

3- кесте - Қазақстанда реформа жылдарындағы көшіп-қону үдерісінің динамикасы.

 

Жылдар

Барлық көшіп-қонушыға қатысушылар, мың. адам

Көшіп-кетушілер

Көшіп-келушілер

Көшіп-қону сальдосы

1995

309,6

71,1

- 238,5

1996

229,4

53,9

- 175,5

1997

299,5

38,1

- 261,4

1998

243,6

40,6

- 203,0

1999

164,9

41,3

- 123,6

Барлығы 1995-1999 ж.ж.

1247,0

245,0

- 1002,0

Орташа жылдық

249,4

49,0

- 200,4

2000

155,8

47,5

- 108,3

2001

141,7

53,5

- 88,2

2002

120,2

58,2

- 62,0

2003

73,9

65,6

- 8,3

2004

65,5

68,3

2,8

Барлығы 2000-2004 ж.ж.

557,1

293,1

- 264,0

Орташа жылдық

111,4

58,6

- 52,8

2005

74,8

52,1

22,7

2006

68,3

65,5

2,8

Ескерту- ҚР статистика агенттігінің мәліметтеріне сүйеніп жүйеленген

      

3 кестеге қарап, Қазақстанда 2004 жылдан бастап, сыртқа шығатын адамдар саны азайды, (бірінші рет соңғы 40- жылдың ішінде), сырттан келушілермен салыстырғанда. Статитстикалық мәліметтерге қарап баға берсек, 1206,7 мың орыс, 531,2 мың неміс, 177,5 мың украйндар кеткен, сонымен қатар осы аралық ішінде 171,8 мың қазақ көшіп кетті.

Көші-қон үдерістерінің қарқындылығын анықтайтын экономикалық факторлардың ішіндегі ең маңыздысы жылына бір адамға шаққандағы ақшалай табыстың көлемі болып табылады. Зерттеулер қала тұрғындарының табысы ауыл тұрғындарыныкінен 2 есе көп екендігін көрсетіп отыр. Сонымен бірге, бұндай жағдай 2001-2005 жылдарда да   сақталып отыр және ол төмендегідей себептермен түсіндіріледі:

1) қалада асыраудағы адамдардың аздау болады және жалданып істелінетін жұмыс үшін алынатын табыс деңгейі жоғары болады (қалада —70-79 %; ал ауылда — 57-60 %); 

2) әдетте, мөлшері аз болатын зейнетақы, жәрдемақы, төлемақы және басқа да әлеуметтік төлемдер ауылдық жерлердегі табыстың деңгейін айтарлықтай төмендетеді. Ол ауылдық отбасының жалпы жиынтық табыстарының 23%-ын құрайды (ал қалада — 30%).

4 - кесте - Қазақстандағы халықтың орташа айлық еңбек ақысы 2001-2005 жылдар

 Экономика саласы

2001

2002

2003

2004

2005

Өндіріс 

23,76

26,23

30,3

36,2

40,9

Ауыл шаруашылығы

 

17,3

 

20,3

 

23,13

 

28,33

 

34,1

Сауда

15,4

18,9

22,8

27,6

33,6

Байланыс және көлік

 

24,4

 

29,0

 

34,1

 

41,6

 

49,0

Мемлекеттік басқару

 

15,0

 

16,9

 

18,0

 

26,0

 

31,1

Ескерту- ҚР-ның статистика агенттігінің мәліметі

 

4 – кестеден көріп тұрғанымыздай, Қазақстанның экономикасы тұрақтанған кезден бастап,  ауыл шаруашылығындағы орташа айлық еңбек ақысы өндіріспен салыстырғанда 15-17 % кем болды, ал ел бойынша орташа 16,3% - ға  кем болды. Осы көрсеткіш табысқа да байланысты және күн көру қажеттілігіне де сақталып отыр. Келесі кестеде.

    5 - кесте  – Табыс, Қазақстандағы күн көруге байланысты (айлық орташа жан басына шаққанда, теңге)

Тұратын жері

2001

2002

2003

2004

2005

Қалалық жер

6787

7799

8999

98/60

11504

Ауылдық жер

 

4477

 

4989

 

5828

 

6560

 

7599

Ескерту- ҚР-ның статистика агенттігінің мәліметі

 

5 - кестеден көріп тұрғанымыздай ауылдағы халықтың табыс деңгейі, қаламен салыстырғанда 66,1 %-ы құрайды.

Табыстардың қалыптасуының елеулі тұсы, қалада көпсалалық көбірек байқалады, сол себепті этникалық құрамы әрқилы, кәсібилігі және мамандығы жетілген, саяси бағыт-бағдары мен мәдениетінің өрісі кең топтар кеңірек таралған. Қалалық ортада білім алудың, жұмыс орнын таңдаудың кең мүмкіндіктері бар, бірақ ол үлкен қайтарымды, жоғары деңгейдегі мәдениетті жұмысты қажет етеді. Осылайша, ақшалай табыстар динамикасының қаладағы деңгейінің жоғары болуы объективті түрде қалыптасады.

Алматыдан, Астанаға астананың 1997 жылғы көшуі, ішкі көшіп қонуда үлкен өзгеріс алып келді, мұндағы еңбек ресурстарының жаңа қалаға ағылуы. Астана қаласына 1999-2001 жылдар арадлығында 192976 мың адам келді. Астанаға 1997 жылдан 2005 жылдар аралығында барлығы 264,2 мың адам келді.

Астана қаласын еңбекке қабілетті адамдармен қамтамасыз ету керек болып, Қазақстан республикасындағы еңбек нарқында біршама өзгерістер болып, еңбек әлеуеттерін бірқалыпты болу керек болды.

Астана қаласына көшіп келген 120 адамға  анкета өткізгенде, төмендегідей негізгі себептердікөрсетті:

- болашақтағы карьералық өсу үшін (40,7%);

- еңбек ақының жоғары болып, көп ақы алу мүмкіндігі – (17,3%);

- өмір сүру деңгейі жоғары – (14,7%);

- отбасы жағдайына байланысты – (12,7%);

- жоғары білім алу мүмкіндігі – (9,3%).

Себептерді талдағанда байқағанымыз, алдымен экономикалық факторлардың тұратындығы, содан соң әлеуметтік фактор. Бірақ осы екі фактор бір-бірімен өте тығыз байланыста, осылардың жиынтығы еңбекке қабілетті халықты құрайтындығы немесе еліміздің кадр әлеуметін жасақтайды.

Сондай-ақ Қазақстанның аумағындағы халықтың орналасуында да өзгерістер болып жатыр. Халықтың тығыздығы аз да болса төмендеді (1989 жылғы 1 км2 5,95 адамнан 1999 жылғы – 5,49 адамға). Республиканың халық ең тығыз орналасқан облысы Оңтүстік Қазақстан (16,9), ал халқы ең аз облысы Маңғыстау (1,9) болып отыр. Батыс Қазақстан аймағында да, сондай-ақ Орталық және Шығыс Қазақстанда да халықтың тығыздығы азғантай. Елдің халқының едәуір бөлігі (41,8% немесе 6250 мыңнан астам адам) Оңтүстік табиғи-экономикалық аймақта өмір сүріп жатыр. Солтүстік Қазақстан елдің халқының саны көп аймағы болып табылады, санақ жүргізілген кезде бұл жерде 3,7 млн. адам немесе бүкіл халықтың төрттен бірі өмір сүріп жатты. Батыс Қазақстанның үлесіне халықтың 13,7%-ы тиесілі. Республиканың әрбір бесінші тұрғыны Шығыс (10,3%) және Орталық (9,4%) Қазақстанда өмір сүруде.

Өндірістік емес салада еңбек етушілердің үлес салмағының көбеюі ауыл халқының қалаға қоныс аударуы деңгейіне теріс әсерін тигізеді. Қазақстандағы жұмыспен қамту жеке тұтынудың барынша тармақталған және күрделі жүйесін қанағаттандыруға қатысушы жұмысшы күшінің жаңа топтарының пайда болу үрдісін көрсетіп отыр. Соған қарамастан бұл үрдісті бір жақты бағалауға болмайды, себебі, позитивтік көзқарас тұрғысынан ол халықтың экономикалық мінез-құлқының эволюциясына әкеліп соғады, сонымен қатар ол жұмысшы күшінің материалдық өндіріс саласынан (әсіресе ауылшаруашылық)  ауысуына өте теріс әсер етеді, бұл қызмет көрсету саласына берілетін  өндірістің күрт қысқаруымен қатар жүреді.

Республикадағы төзімділік көңіл күйге, этникалық және аймақтық талас-тартыстардың болмауына қарамастан, тек қана 1992-1994 жылдары елден 1125 мың адам кетті, 343 мың адам келді. Миграциялық кетудің ең көп болған кезі 1994 жылы елден 811,3 мың адам кетті, 400,9 мың адам келді. Миграцияның теріс сальдосы 410,4 мың адам болды. Елден кеткендердің ішінде елді мәжбүри тастап кеткен репатрианттар болды, олар қазіргі кездері өздерінің тұрғылықты орындарына қайтуда, бірте-бірте көші-қон үдерістерінің қарқындылығы азая бастады. Алайда, 1997 жылы әлеуметтік саланы оңтайландырудың барысында көптеген шағынжинақты ауыл мектептері, медициналық пункттер және басқа әлеуметтік мекемелер жабылған кездері адамдардың елден кетуі күшейді, кетушілердің саны 504 мың адамға дейін ұлғайды. Кейінгі жылдары таратылған, өмірлік маңызы бар әлеуметтік құрылымдарды қалпына келтіру адамдардың өз тұрғылықты орындарын ауыстыруға деген ынтасын едәуір төмендетті. 2001 жылы көші-қонның теріс сальдосы 94,2 мың адамды, ал 2002 жылы – 62 мың адамды құрады. Белгілі бір табиғи өсімге қарамастан республика өзінің халқының бір бөлігінен айырылып қалды. 1989 жылы жүргізілген санақтың мәліметтері бойынша Қазақстанның халқының саны 16199,2 мың адам болса, ал 1999 жылғы санақ бойынша – 14953,1 мың адам болды, яғни осы санақтардың арасында республика 1246,1 мың адамнан немесе өз азаматтарының 7,7 %-нан айырылды. 2006 жылдың басына қарай Қазақстанның халқы 15219,3 мың адам болды, яғни 5,6 адамға бір км2 келді, мұның өзі, әрине, елдің аумағына сәйкес емес.

6-кестеден көріп тұрғанымыздай Қазақстандағы көшіп – қону үдерісі, кері жағдайға өзгерді. Қазіргі таңдағы тұрғылықты орнын ауыстырушы мемлекетаралық иммиграцияның көлемі мен сипаты  әлемнің бірқатар елдерімен адам алмасу арқылы жүреді. 2000 жылы жақын шетелдерден Қазақстанға 31,6 мың адам келді, 117,4 мың адам кетті; ал 2005 жылы тиісінше 74,8 мың адам келіп, 52,14 мың адам кетті (6 кесте).                                                                                                          

6 кесте -   1993 ж. және 2005 ж. Қазақстан Республикасындағы сыртқы миграция

 

1993 жыл

2005 жыл

Келді

Кетті

Сальдо

Келді

Кетті

Сальдо

Барлық мигранттардың саны

461,4

683,5

-222,1

373,4

350,8

+22,7

Соның ішінде:

 

 

 

 

 

 

Халықаралық миграция:

111,3

333,4

-222,1

74,8

51,14

+22,7

ТМД елдері

100,3

232,9

-132,6

65,8

40,7

25,1

ТМД елдерінен тыс

11,0

333,4

-89,5

8,98

11,4

3,5

Ескерту: Қазақстан Республикасының Статистика  агенттігінің мәліметтері

 

Көші-қонның теріс сальдосы орыстілді халықтың отандарына қайтуына байланысты сақталып отыр: украиндар – 6 мың адам; белорустар – 1,3 мың адам; орыстар – 46 мың адам кеткен.

Эмиграциялық ағындарда екі негізгі бағыт көзге түседі: Ресейдің шекаралас облыстарына көшіп кету, ол жерлерде өмір сүру деңгейі жоғары, тезірек үйренісуге болады және сол жақта қалған туыстармен байланыс орнату оңайырақ. Екінші бағыт Қазақстанның өндірістік аймақтарынан Ресейге, Украинаға, Белоруссияға көшу, бұл жұмыссыз қалған жұмысшы кадрлардың кетуімен және ол жерде туысқандардың бар болуымен байланысты болып отыр. Иммигранттар үшін де осы бағыттар басым мәнге ие болуда.

Соңғы 15 жылдың ішінде облыс ішіндегі және облыстар арасындағы халықтың көші-қонында үлкен өзгерістер болды (7 кесте). Айталық, облыс ішіндегі көші-қон 1991 жылғы 275,5 мың адамнан 1999 жылғы 94,8 мың адамға дейін  (яғни 2,9 есеге) азайды, облысаралық көші-қон тиісінше 155,8 мың адамнан 78,6 мың адамға (2 есеге) азайды.

7  кесте -  1991 - 2005 жылдардағы республика ішіндегі халықтың көші-қоны, адам

Жылдар

Республикалық миграция

              соның ішінде:

Облыс аралық

облыстар ішіндегі

1991

431262

155766

275496

1992

361356

136094

225262

1993

347652

134445

213207

1994

327323

131002

196231

1995

304959

123383

181576

1996

236957

97524

139433

1997

204569

81060

123509

1998

228610

96973

131637

1999

173416

78584

94832

7 - кестенің жалғасы

 

2000

184409

79104

105305

2002

268922

103881

165041

2005

317928

127474

190454

      Ескерту – ҚР статистикалық агентінің мәліметтірі бойынша автор жүйелеген

 

Соңғы жылдардың ішінде халықтың облысаралық көші-қонында Астана мен Алматы қалалары, Ақмола және Маңғыстау облыстары елдің басқа аймақтарының есебінен көші-қонның оң сальдосына ие болып отыр. Астана қаласы негізінен төмендегідей аймақтардың есебінен – Ақмола облысы, Алматы қаласы, Қарағанды және Қостанай облыстарынан жүрген көші-қонның оң сальдосына ие болып отыр. Ал, Алматы қаласы болса – тиісінше Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының есебінен ие болған. Облысаралық ауысулар негізінен аймақтың шеңберінде жүруде.

Біз жасалып шығарылған болжамдау әдістемесін пайдалана отырып, ҚР көлемінде облыстар, Алматы және Астана қалалары бойынша, сондай-ақ тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы көлемінде  халықтың көші-қонының 2010 жылға дейінгі болжамын жасадық (жұмыста келтірілген).

Көрсетілген обьектілер бойынша халықтың көші-қонының динамикасы мен болжамын әрқилы болжамдық әдістерді қолданып, іздестіріп-зерттеудің нәтижелері келесі кестелерде келтірілген. Сәйкестікке (сапаға) және дәлдікке қойылатын жоғарыда көрсетілген талаптарды есепке ала отырып, 8, 9 кестелерде келтірілген, сондай-ақ 3 суретте көрсетілген ҚР халқының көші-қон деңгейінің 2011 жылға дейінгі көрсеткіштерін болжамдаудың математикалық үлгілері  таңдалып алынды.

8 кесте - ҚР халқының көші-қон деңгейін  Браунның полиномиальды үлгісі бойынша

 а = 0,0005, адам  деп алғандағы  болжамдаудың нәтижелері

 

   Жылдар

 

 t

 

Көші-қонның іс жүзіндегі деңгейі, адам

 

Көші-қон деңгейінің есептік мәндері, адам

 

Сенімді болжамдау

 аймағы

 

1991

 

1

 

431262

 

442391

 

 

 

 

 

1992

 

2

 

361356

 

386658

 

 

 

 

 

1993

 

3

 

347652

 

338531

 

 

 

 

 

1994

 

4

 

327323

 

298009

 

 

 

 

 

1995

 

5

 

304959

 

265094

 

 

 

 

 

1996

 

6

 

236957

 

239783

 

 

 

 

 

1997

 

7

 

204569

 

222079

 

 

 

 

 

1998

 

8

 

228610

 

211980

 

 

 

 

 

1999

 

9

 

173416

 

209487

 

 

 

 

 

2000

 

10

 

184409

 

214600

 

 

 

 

 

2001

 

11

 

226666

 

227319

 

 

 

 

 

2002

 

12

 

268922

 

247643

 

 

 

 

 

2003

 

13

 

293425

 

275572

 

 

 

 

 

2004

 

14

 

317928

 

311108

 

 

 

 

 

8 кестенің жалғасы

  Алдын алу уақыты

 

 

      Болжамдық  У (t)

 

 

 

 

 

2005

 

15

 

 

 

372731

 

370795

 

374667

 

2006

 

16

 

 

 

315089

 

313153

 

317025

 

2007

 

17

 

 

 

261249

 

259313

 

263185

 

2008

 

18

 

 

 

211213

 

209277

 

213149

 

2009

 

19

 

 

 

164979

 

163043

 

166915

 

2010

 

20

 

 

 

122548

 

120612

 

124484

 

2011

 

21

 

 

 

83920

 

81984

 

85856

 

9  кесте  - ҚР халқының облысаралық көші-қон деңгейін Браунның полиномиальды үлгісі бойынша  а = 0,0001 деп алғандағы  болжамдаудың нәтижелері

 

        Жылдар

 

1

 

Көші-қонның іс жүзіндегі деңгейі, адам

 

Көші-қон деңгейінің есептік мәндері, адам

Сенімді болжамдау аймағы

 

1991

 

1

 

155766

 

162817

 

 

 

 

 

1992

 

2

 

136094

 

145124

 

 

 

 

 

1993

 

3

 

134445

 

129850

 

 

 

 

 

1994

 

4

 

131002

 

116997

 

 

 

 

 

1995

 

5

 

123383

 

106564

 

 

 

 

 

1996

 

6

 

97524

 

98552

 

 

 

 

 

1997

 

7

 

81060

 

92960

 

 

 

 

 

1998

 

8

 

96973

 

89788

 

 

 

 

 

1999

 

9

 

78584

 

89037

 

 

 

 

 

2000

 

10

 

79104

 

90707

 

 

 

 

 

2001

 

11

 

91493

 

96007

 

 

 

 

 

2002

 

12

 

103881

 

101306

 

 

 

 

 

2003

 

13

 

115678

 

111447

 

 

 

 

 

2004

 

14

 

127474

 

121587

 

 

 

 

 

 Алдын алу уақыты

        Болжамдық У (t)

Сенімді болжамдау   аймағы

2005

 

15

 

 

 

111567

 

111212

 

111922

 

2006

 

16

 

 

 

93271

 

92916

 

93627

 

2007

 

17

 

 

 

76186

 

75831

 

76542

 

2008   

 

18

 

 

 

60312

 

59957

 

60667

 

2009

 

19

 

 

 

45647  

 

45292

 

46002

 

2010

20

 

 

32193

31838

32548

3 сурет - ҚР халқының көші-қон деңгейін Браунның бейімдеуші полиномиальды үлгісі бойынша болжамдау

Қазақстан Республикасы халқының көші-қон деңгейінің бейімдеуші полиномиальды үлгісі  Д = 505729 – 67141• t + 3803 • t2,

мұндағы Д — көші-қон деңгейі, мың адам;

t — жылдардың индексі (реттік нөмірі).

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  ..