ҚАЗАҚ АНТРОПОНИМДЕРІНІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ МӘНІ

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 3

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  ..

 

 

 

 

2      

ҚАЗАҚ АНТРОПОНИМДЕРІНІҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ МӘНІ

 

 

Ономастикалық лингвокультуремалардың (соның ішінде антропонимдердің-Ф.Ә.) ұлттық мәдени ерекшеліктерді танытуда атқаратын қызметі ерекше. Себебі ономастика өзінің бойына лингвистикалық, тарихи, өркениеттік және мәдени деректерді жинаған ерекше лингвомәдени бірліктер жүйесі болып табылады. Олар халықтың бітім болмысы мен өмірге қөзқарасынан хабар береді. Айтылған мәселенің тілдің құрылымдық жүйесіндегі көріністері мен ұлттық сипаты Т.Жанұзақов, Қ.Рысбергенова т.б. ономаст-ғалымдардың еңбектерінде арнайы зерттелген.

В.А.Маслова тіл мәдениетпен тығыз байланысты деп санайды: «... мәдениет тіл ішіне енеді, онда дамиды және сол тілдің мәдениетін білдіреді, халық мәдениетін танытушы ғылым саласы» [54, 76 б.].

Мәдениеттің әр түрлі көріністері мен қызметін мәдениеттану зерттейтіндігі белгілі, өйткені лингвистика мен мәдениеттану ғылымдарының түйісу нүктесінен ХХ ғасырдың өз алдына жеке, жаңа бағыт пайда болады, бұл бағыт В.Н.Шаклейн, В.А.Маслова және т.б. ғалымдардың еңбектеріне байланысты «лингвомәдениеттану» деген атауды қолданады. 

Лингвомәдениеттану – ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік, танымдық, этика-эстетикалық, рухани және тұрмыстық қатнастар мен олардың заңдылықтарын тілдік құрал арқылы зерттейтін тіл білімінің бір бағыты. Осы тұрғыдан алғанда лингвомәдениеттанудың негізгі мақсаты – ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, халықтың танымдық рухани болмысын, мәдениетін таныту.  

Казіргі тіл білімінде ұлттын рухани-мәдени казынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі: әр тіл - өз бойында ұлт тарихын, тіл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе. Осындай мазмұнды құрылымына сәйкес ол жай таңбалық жүйе емес, мәдениет. Сондықтан оны зерттеуде дәстүрлі құрылымдық лингвистиканың мүмкіншілігі шектеулі. Себебі бұл арада тілдің қызметі тек коммуникативтік емес, ол (тіл) – этномәдени ақпаратты жинап, сақтаушы, жеткізуші, келесі ұрпаққа жалғастырушы, сайып келгенде бір бүтін етіп тұтастырушы. Сондықтан да қазіргі қазақ тіл білімінде тіл мен мәдениет сабақтастығын, атап айтқанда, тілдің бойындағы ұлттық сипатты, ұлттық рухты тануға негізделген когнитивтік лингвистика, оның лингвомәдениеттану, этнолингвистика т.б. салалары өріс алып келе жатыр [55, 251 б.].  

Кез-келген тілдік құбылыстың табиғатын оның тек тілдік заңдылықтырына сүйеніп қана қоймай, сонымен қатар халықтың дүниетанымына, салт-дәстүріне, ұлттық болмысына назар сала қарау лингвомәдениеттану пәнінің үлесіне тимек.

Бастау көздерін В. фон Гумбольдт, Э.Сепир т.б. идеяларынан алып, соған сәйкес, сабақтас пікірлер мен теориялық қағида сипаттағы ғылыми нышандарының көріністері қазақ тіл білімінің, мәдениеттануының негізін салушы ғалымдардың еңбектерінде де қалыптасқан. Қазақ тіл біліміндегі осы бағыттағы зерттеулердің дамып, жаңа деңгейде жалғасуының өзектілігі зерттеудің тақырыбына сәйкес былайша нақтылауға болады: жүйесi әртүрлi тiлдер арасындағы тiларалық салыстырулар қазiргi заманның сипатына сай тiлдердi интеграциялық салыстырудың жаңа әдiстерiн жетiлдiре түседi. Мұндай зерттеулердiң қазiргi тiлдiк жағдаятқа байланысты қазақ-орыс-ағылшын т.б. тiлдердiң қолданысы мен бiр-бiрiне ықпал ету аясында әлеуметтiк тұрғыдан тиiмдi әсерлерi болмақ. Себебi ұлттық мәдени коды тәрiздi тiлдiң танымдық мәнi ана тiлiнiң өз шеңберiнде ғана қарастырылғанда оның коммуникативтiк қызметiнiң тасасында қалып қояды. Ал, жүйесi әртүрлi тiлдермен салыстырғанда оның ұлттық мәдени ерекшелiгi айқындалып‚ нақтылана түседi.

Тілдік деректерді лингвомәдени тұрғыдан қарастыруды ғылыми негіздейтін бұл тараудың зерттеуде мазмұнының ашылуы «тіл мен таным» және «тіл мен ұлт біртұтас» деген қағиданы басшылыққа алынуымен сипатталады. Атап айтқанда, бұл бағыттағы зерттеулер «тiл мен таным» сабақтастығын сипаттайды. Себебi‚ бұл тiлдiк деректердi сол тiлде сөйлеушi халықтың әр кезеңдегi тарихи-әлеуметтiк тәжiрибесiне негiзделiп‚ мәдени-танымдық деңгейiне сай қалыптасқан вербалды-ассоциативтi категория ретiнде қарауға болады. «Тiл мен ұлт бiртұтас». Бұл қағида ежелгi мәдениет көрiнiстерi‚ әртүрлi салт-дәстүрлердiң тiл арқылы сақталып жетуi ұлтты тұтастырушы‚ жалғастырушы қызметiмен дәлелденiп анықталады.

Тіл мен мәдениеттің байланысы тіл білімінің қазіргі лингвомәдениеттану саласында ерекше мәнге ие. Осымен байланысты лингвистикалық реконструкция мәдени реконструкциямен сабақтасады. Ежелгi дәуiр адамдарының әр түрлi әлеуметтiк — тарихи кезеңдердегi өкiлдердiң айналадағы алуан түрлi сыры туралы мифтiк бағам-пайымын‚ наным-сенiмiн көрсететiн тiл деректерi‚ кейбiр көне этномәдени сөз қолданыстары бүгiнгi заманға халқымыздың бай ауыз әдебиетi‚ ескiлiктерi‚ көркем әдебиет мәтiндерiндегi ұлттық-мәдени компоненттерi т.б. шығармашылық көздерi арқылы келiп жеттi [56, 76 б.].

Бұл тұрғыда Е.Ә.Керімбаев былай деп жазады: «Жалқы есімдерінің ұлттық мәдени ерекшеліктерін зерттеу қазақ тілінің ономастикалық жүйесін зерттеуде мәдениеттанымдық аспектіні пайдалуныды қарастырады. Қазақ тілі онимдерінің генизисіне, қалыптасуы мен дамуына қазақ халқының этномәдени өмірі шешуші мәнде әсер етеді. Халақтың этномәдени тарихи фактілерінің тұтас бір жиынтығы қазақ онимдерінің түрлі тақыптық топтарының пайда болуы мен қызмет атқаруының негізі мен себебі болып табылады. Этностың материалдық және рухани өмірі қазақ тілінің этностық болмысымен озара байланысты, этностық тұрғыдан өзіндік таңбаға ие болған онимиялық бірліктер өзіндік бейнеге ие болды» [57, 28 б.].

Сондықтан көне тiлдiк деректер халқымыздың ұзақ этномәдени даму жолын‚ материалдық және рухани құндылықтарын‚ түп-тамырын неғұрлым тереңiрек танудың бiр құралы‚ маңызды таным тетiгi ретiнде зерттеледi. Бұл екі фактордың тоғысуы нәтижесінде пайда болған тілдік деректер ұлт мәдениетін немесе ұлт тарихын, халықтың қоғамдық өмірін бейнелеп қана қоймай, ана тілінің сөздік қоры байлығының көрсеткіші ретінде де танылады. Мысалы, тіл мен мәдениеттің атауына ұйытқы болған этнографизмдер – ана тілі байлығының бір бөлшегі. Бұл атаулар – тілдік қазынаның сүбелі саласының бірі және бүгінде жалпыхалықтық қолданыста жоқ кейбір байырғы сөздер мен сөз тіркестерінің мағына-мәнін танытатын мәдени әрі тарихи ақпараттар көзі.

Бірақ этностың көне дәуіріндегі тарихынан, мәдени өмірінен хабардар ететін этнографизмдер – тілімізде мағынасы ұмыт болған немесе сөздер мен сөз тіркестері олардың сырын ашуды, танытуды қажет етеді. Осы орайда қазақтың қара сөзін бағзы мәдениеттің жетегінде тіл арқылы анықтап, келер ұрпақтың санасына зор мақтанышпен жеткізу – ана тіліміздің бай ырысын танытудың бір жолы [58, 107 б.]. Тақырыптың мақсатына сай нәтижеге жеткiзуге көмектесетін тiлдi зерттеудiң тиiмдi саласы — этнолингвистика. Ол — адамзат қауымының этностық деңгейдегi балаң‚ бастау тұсындағы тек-тамырын‚ мекен-жайын‚ өмiр тәжiрибесiн‚ салт-санасын‚ кәсiбiн‚ жеке этностық топтардың алғашқы анайылық қалпындағы дүниетанымын‚ мифтiк танымын‚ киiмiн‚ iшкен тамағын т.б. яғни мәдениетiн тiлi арқылы зерттейтiн тiл бiлiмiнiң саласы. [97, 45 б.].Себебi жоғарыда атап көрсетiлген жайлардың бәрi адамдардың бастапқы ұғым-түсiнiгiндегi өзiндiк «әлем үлгiсi» («модель мира») ретiнде тек тiлде таңбаланып отырған. Мұны ғалымдар‚ жоғарыда көрсетiлгендей‚ тiлдiң кумулятивтiк немесе құжаттық (Э.Сепир) қызметi деп сипаттайды. Міне, осылайша анықталатын қазақ лексикасындағы лингвокультуремалар ретіндегі этнографизмдер осындай ырысты байлықтың бір көзін құрайды. Қазірде бұл этноатаулар қоғамдық қарым-қатынас кезінде белсенді қолданылмаса да, бұл сөздердің дені диалектілік лексикада, тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдердің құрамында, көркем шығарма тілінде, ауыз әдебиеті, фольклор мен эпос тілінде жиі кездеседі. Тілдің танымдық, мұрагерлік қызметі негізінде сан ғасыр құпиясын бойына сақтаған этнотілдік деректерді сан ұрпақ танитын ана тіліміздің қорында мәңгілікке сақталатын сарқылмайтын қазына, «адамзат тарихыныњң қоймасы» (Қ.Жұбанов) деуге болады. Осы орайда қазақ ауыз әдебиетінің көне жанры эпостық жырлар – этнографиялық лексиканың кені өйткені бұл жырларды әр ғасырдың тарихи-әлеуметтік жағдайы, ата-бабаларымыздың елдік, ерлік салты, мєдени, рухани ғұрпы, тағдыры ерекше жырланған қазақ мәдениеті мен дүниетанымының энциклопедиясы, қазіргі ұрпаққа тіл арќылы сақталып жеткен этномәдени мұралары деуге болады. Ойымыздыњ жалғастығын академик Ә.Марғұланның, Н.И.Толстойдың, Е.Жұбановтың т.б., ғалым-тілші Н.Уәлиевтің пікірлерінен көреміз.

Осымен байланысты Ш.Уәлиханов, Қ.Жұбанов, Ә.Марғұлан, М.Әуезов т.б. еңбектерінде тіл мен мәдениет сабақтастығына ерекше назар аударылған. Проф. Қ.Жұбанов тіл арқылы халықтың тағылымдық мұраты этностың әр дәуірдегі ұрпақ өкілдеріне мәдени әрі тілдік мұра ретінде сақталатынын және тіл мен мәдениетті табыстыратын жаңа саланың дүниеге келетіні туралы сол кездердің өзінде-ақ болжам айтқаны белгілі. Ғалымның «Халықтардың тұрмыс қалпы түрлі-түрлі болған соң, олардың әр затқа қоятын аттары да түрлі-түрлі. Тіл ұзақ заман жасалады, бірден өзгермейді, оның өзгерісі тұрмысқа байланысты» деген пікірі ұлт мәдениетінің ұрпақ жалғастығын сипаттаса, мәдениет жай өмірдің туындысы емес, белгілі бір қоғамда өмір сүрген рухани әрі материалдық қоры бар іргелі елдің өмір тіршілігінің туындысы деп қарауын: «Мәдениет – қазанның күйесінше жұғатын нәрсе емес, мәдениеттің белгілі сатысын көксегендей жағдай тумаған болса, … жоғары мәдениеттің өзі келіп ауызға түспейді» [39, 125] деген пікірінен көреміз.

Қазақ халқы да көптеген басқа халықтар секiлдi даналығын‚ дүниетанымдық көзқарасын‚ салт-дәстүрiн т.б. тiлiнде түйiндеген. Оларды тұтас құрылым жүйесiнде анықтасақ‚ халық өмiрiнiң‚ мәдениетiнiң бейнесi немесе «дүниенiң тiлдiк бейнесi» деп сипаттауға болады. Осы тұрғыдан қарастырылатын материалдық мәдениет атаулары да рухани мәдениетпен қатар адамдардың тіршіліктері мұқтаждылықтарын өтейтіні белгілі, себебі сол қоғамның этикалық, әлеуметтік, эстетикалық, символдық тәжірибесін көрсететін заттық атаулардың рухани өмірімен байланысы «материалдық мәдениет өнімдері рухани қажеттіліктерден туындайды» деген пікірді нақтылай түседі. Сондықтан зерттеуде материалдық мәдениет пен рухани мәдениетті бір-бірімен өзектес, бүтіннің екі жағы деп қаралған. өйткені адамды қоршаған табиғат пен өмір сүруші субъектінің қатынасы барысында айналасындағы дүниені танып, өз ақыл-ойының елегінен өткізіп, табиғаттың затын өз затына өңдеп айналдыру зор еңбектің көрінісі, бұл түптеп келгенде заттық мәдениеттің дүниеге келуінің көрінісі болмақ.

Әр этностың өмір сүру сипаты ұлттың рухани ерекшеліктерімен анықталуы арқылы ана тілінде сақталады. Себебі тілде әр ұлттың өзіндік ойлау ұғымдары мен бағыт-байламдарын сипаттайтын лексика қалыптасады. Ол әр халықтың материалдық, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты дамитын, қоғамдық санасына сәйкес негізделетін, «ұжымның жадында жинақталған жүйе» (Ю.М.Лотман). Осымен байланысты салт-дәстүрлер атаулары – рухани мәдениеттің мұрасын сақтап, жеткізетін құжаттық жүйесі.

Жұмыста рухани мәдениет арнасының заттық мәдени атаулармен тығыз байланысы, тіпті бір-бірінің тууына себепші болғандығын халқымыздың көптеген дәстүрлерінің шығуымен де дәлелденген.Сонымен, осы зерттеудің нәтижесінде тілімізде ұлттық дүниетаным мен парасат арқлы қзақ халқының болмысына біткен тіл мәдениетінің метатілінің анықталуы тіл ғымындағы этнолингвистика мен осы саланың ауқымын кеңейте түскен лингвомәдениеттану саласын ғылыми тұрғыдан толықтырып, тілдік деректер арқылы дәйектелуіне нақты үлес қосылады деп ойлаймыз.

Осымен байланысты, «тіл - ұлттың тірегі, ұлт мәдениетінің негізі» деген қағидаларға сәйкес тіл мен мәдениет арасындағы байланыстың ана тілі бойындағы арқауы сан ғасыр өтсе де бар асылын еш шашаусыз жиып, болашаққа сақтап жеткізетін тілдің құдіреті - мұрагерлік, құжаттық  (кумулятивтік)  қызметі негізінде екені айқындала түседі. Ономастиканы лингвистикалық пән ретінде қарастыра отырып, А.В.Суперанская: «... оның қоғамдық мәдени тарихымен байланысына ерекше назар аудару қажет деп атап өтеді» [59, 26]

Қазіргі әлемдік өркениет кеңістігіндегі жаһандану үрдісіне сәйкес тіл біліміндегі зерттеулер бағытының кешенді де интеграциялық сипатына сай тіл мен мәдениет сабақтастығын анықтаудың мәні зор. Оның нақты көрінісі – «ғаламның тілдік бейнесін» ұлт тілі арқылы зерттейтін лингвомәдениеттану саласы. Оның теориялық-әдістанымдық негіздері В.Гумбольдт, Э.Сепир, Б.Уорф, Г.В.Колшанский, Ю.Н.Караулов, А.Вежбицкая, В.Маслова т.б. еңбектерінде жасалған. Яғни, кез келген тілдегі ғалам бейнесі екі жақты сипатқа ие: бір жағынан, кез келген тілдегі ғалам бейнесі адамның әлемге көзқарасымен байланысты болса, екінші жағынан, нақты әр тілдегі әлем моделіне әлеуметтік-мәдени қоғамдағы ұлттық «әлем бейнесі» жалғасады. Осының нәтижесінде жеке тіл өзіндік сипатқа ие болады. Сондықтан ғалам бейнесі мәселесі адамның елестетуі мен санасындағы әлемді көру мен суреттеуіне негізделеді. Осыған байланысты Г.В.Колшанский: «Тіл адам санасынан тыс әлемді бейнелей алмайды, өйткені ол объективті дүниенің бейнесі ретіндегі субъективті әлемді бейнелейді. Тіл әрі объективті, субъективті. Ол әлемге және адамзатқа қатысты екі жақты субстанция», - дейді [60, 81 б.]. Ал адам өзінің әлемге деген көзқарасын, дүниетанымын, өзіндік «әлем бейнесі» тілдің қызметі арқылы қалыптастырады. Әрбір тілдің ішкі өзгешеліктері бар болғандықтан, әрбір тіл өз ерекшелігімен «әлем картинасын» өзгеше қалыптастырады.

Тілді адамның әлеуметтік тұрмысын қамтитын мәдениеттен, тарихтан тыс қарапайым таңбалық жүйе деп қарастыру ол туралы түсінікке кереғар әсер етеді және оны зерттеудің мүмкіндіктерін шектейді. Академик Ю.В.Бромлей сөзімен айтсақ: «Әрбір этноста мәдениет элементінің сыртқы көрінуі мен «ішкі» мазмұнында ерекшелік бар. Мағынасына байланысты барлық мәдени құбылыстар өзіндік екіжақтылыққа ие: өзінің «сыртқы» көрінісімен қатар, олардың «екінші өмірі» бар. Олар мағынасы арылы айқындалады. Мағына затта жасырылған, ол ақыл-ой, эстетикалық сезімен, адамгершілік интуициямен белгілі болады, бір көргеннен танылмайды. Мағынаның бұл мәні – мәдениетті тану кілті». Ал мұның өзі оның мәдени фонын зерттеуге әкеп тірейді.

В.Гумбольдт еңбектерінен басталған тіл біліміндегі тіл мен мәдениеттің қарым-қатынасы мәселесінің тұжырымдарын төмендегідей анықтауға болады: 1) материалдық және рухани мәдениет тілде көрінеді; 2) кез келген мәдениет ұлттық, оның ұлттық сипаты тілде көрінеді; 3) ұлттық рухтың көрінуі оның мәдениетінде; 4) тіл – адам мен оны қоршаған әлемді жалғастырушы аралық. [18, 203 б.].

В.Гумбольдт концепциясы (тұжырымдамасы) А.А.Потебня, Ш.Балли, Ж.Вандриеза, И.А.Бодуэн де Куртэне, Р.О.Якобсон және басқа зерттеушілер еңбегінде жалғсын тапса, қазақ тіл білімінде Ә.Т.Қайдар, Е.Жанпейісов, М.М.Копыленко, Р.Сыздық, К.Хұсайын, Г.Смағұлова, А.Сейілхан, А.Ислам т.б. еңбектерінде көрініс табады.

Осы еңбектердің нәтижелерін қорыта келіп, тіл мен мәдениеттің тығыз байланысы коммуникативтік процестен, онтогенезден, филогенезден көрінеді деп тұжырым жасауға болады. Тіл – мәдениет дерегі, өйткені ол мәдениеттің құрастырушы бөлігі және тіл мәдениетті танудағы негізгі құрал, себебі ол арқылы біз мәдениетті меңгереміз. Тіл мәдениеттің жалпы сипатын танытады, негізгі ақпаратты жинайды, сақтайды және жеткізеді. Осыған сай тіл әрбір этникалық қоғамдастықта, бір жағынан, этностың мәдени өзгешелігінің факторы ретінде, екінші жағынан – тіл шеңберінде мәдениеттің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуын қамтамасыз етеді. Осылайша қазіргі, келер ұрпақты бір тұтастырып, бүтіндікте байланыстырады. Демек, тіл мәдениетте өсіп-өнеді, дамиды және соны бейнелейді. Мәдениет этномәдени ақпараттар береді. Ал этномәдени ақпараттар әр түрлі формаларда жүзеге асады. Олар материалдық және рухани мәдениеттің туындылары т.б. Атап айтқанда, белгілі бір этномәдени ортадағы өмір сүру жағдайы, эстетикалық норма, тұрмыстық дағдылар, пайымдаулар, этникалық көзқарас, жергілікті культ пен дәстүрлік тәжірибе – ғасырлар бойы қалыптасқан бай «мәдениет тілі», немесе этнотаңбалар  (Ю.М.Лотман т.б.). Бірақ ең негізгі форма – сөздік ақпарат. Оның негізін құрайтын этнографизмдер мәдениетті айқындап қана қоймай, оны символдау қызметін атқарады. Ал этнографизмдер дегеніміз - өткен тұрмысымызда болған, көбі әлі де қолданып келе жатқан тұрмыстық бұйымдардың, белгілі бір кәсіпке, шаруашылыққа, салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, наным-сенімге, баспанаға, киім-кешекке, ішер асқа, туыстық қатынасқа, ел билеу ерекшелігіне, заң тәртібіне, әдеттік правоға байланысты қолданылатын, халқымыздың тұрмыстық және тілдік өзіндік ерекшелігін көрсететін арнаулы атаулар мен сөз тіркестері.

Ол тілдік атаулар тек шартты түрде болса да, тілдегі сөзжасам модельдері арқылы заттың уәжді белгісіне ғана негізделмейтіні байқалады. Себебі, бір затты «тілдік көру» әр сөйлеуші ортада әртүрлі болуы мүмкін.

Себебі, әр халықтың басынан кешкен тарихы, бүкіл рухани, мәдени байлығы, болмысы, дүниетанымы, өмір тіршілігіне, күнделікті тұрмысына қажет бұйымдары, әдет-ғұрпы, салт-санасы, талғамы т.б. сол тілде сөйлеуші ортада қалыптасып, тілінде сақталады. Демек, сөз заттың тура таңбасы емес, дүниенің тікелей бейнесі емес, оның біздің санамызда тілдік шығармашылық процесс нәтижесінде туған бейнесі «ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға сүйенген – «ғаламның тілдік бейнесі». Ю.К.Юркенас: «… антропонимдер өзіндік бір мәдени мәтін ретінде қабылдануы тиіс», – деп тұжырымдайды [61, 48 б.].

Демек, қандай да болмасын, заттың атауы оны тек атап қана қоймай, сонымен бірге оны танытады. Ал, тану, ия анықтау белгілі бр халықтың тарихи даму жағдайы аясында іске асатындықтан, ол тілдік ұжым өмір сүретін нақты жағдайларға байланысты әртүрлі болады. Әртүрлі ұжым бір затты өзінің күнделікті тәжірибесінде кездесіп қолданылатын жағынан танып, оны өзіне таныс құбылыстармен байланыстыратыны белгілі. Яғни, ат қоюда (номинацияда) өмір шындығы мен тұрмыс-тіршілігі, тәжірибесі, салт-дәстүрі, наным-сенімі, әртүрлі заттар түрінде тілде сөзбен аталып бейнеленеді. Осының негізінде ол затты танып, біліп, оны басқалардан ажыратып танығаннан кейін барып ат қояды. Мұндай ажыратқыш белгілер сөйлеуші ұжымдық ортада әртүрлі болуы мүмкін.

Осы орайда тiл байлығының танымдық мәнiн анықтау ұлттың әлеуметтiк рухани‚ мәдени болмысын саралап‚ тануға мүмкiншiлiк бередi. [96, 254 б.].

Сондықтан ұлттық тiлдiң ерекшелiгiн‚ табиғатын ашу бағытында тiл туралы онтологиялық көзқарасты сол тiлде сөйлеушi халықтың жан дүниесiмен‚ ой-санасымен‚ тарихымен және мәдениетiмен тығыз байланыста қарастыру – қазiргi тiл бiлiмiнiң‚ соның iшiнде қазақ тiлi бiлiмiнiң де — өзектi мәселелерiнiң бiрi.

Осымен байланысты жоғарыда көрсетiлгендей‚ қазiргi тiл бiлiмi парадигмасының өзектi бiр саласы «дүниенi тiлдiк бейнелеудiң» жалпы және ұлттық ерекшелiк негiзiндегi көрiнiстерiн салыстыра зерттеуге ерекше назар аударылуда.

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың ғана емес, таным мен ойлаудың да құралы болатын тілдің көмегімен ой-санадағы ақиқат шындық болмыс, әлем, дүние, ғалам туралы білімдер жиынтығы бекиді, материалдық тұрпат алады. Сондықтан да тілдік көркем бейнелердің әрқайсысын тіл иесінің образды ойлауының, күллі ғаламды, ақиқат шындық болмысты тұтастай және мүшелей тануының өзіндік ерекшеліктері, сондай-ақ қоршаған ортасын игеру барысында жинақтаған өмірлік тәжірибелерінің нәтиже-қорытындылары, әлем жайлы, сол әлемдегі өзі және өзгелер жайлы білімі бекіген ғалам бейнесінің тілдік фрагменттері, тілдік моделдері деуге болады.

Таным процессі мен логикалық ойлау жалпы адамзатқа ортақ қасиет, ал бүкіл адам баласы үшін ақиқат шындық болмыс біреу болғандықтан ғаламның біртұтас бейнесі де әр басқа тілде сөйлейтін халықтар үшін біреу-ақ. Сөйтсе де тіл иесінің ой-өрісіне, концептуалды әлеміне байланысты әр тіл дүние – ғаламның фрагменттерін өзінше өреді, бөлшектеп атайды, бейнелеп суреттейді, ал тіл өкілі ойының желісі өз тілінде бекіген ғалам бейнесіне сай құрады. Осыған байланысты әр басқа халықтың (ұлттың, этностың) тілдеріндегі ғалам бейнесінің фрагменттерінде жалпыадамзатқа ортақ дүниеліктер де, тек тіл иесіне ғана тән ұлттық нақыштар та кездесіп жатады.

Осы орайда жүйесi тілдің культурологиялық т.б. әртүрлi тiлдiк деректерiн «ұқсастық» және «айырмашылық» парадигмасының шеңберiнде салыстырылуы ұлттық ерекшелiктi‚ функционалды-семантикалық негiзде нақты көрсетедi. Бұл салыстырулардың терең танымдық құрылым деңгейi мен кең тiлдiк бөлiм аясында жүргiзiлуi «тiл мен таным»‚ «тiл мен мәдениет» сабақтастығын айқындауда маңызы ерекше. Мәселенiң әлеуметтiк бағдары да көпұлтты Қазақстан Республикасында тiлдердiң қарым-қатынасын зерттеудiң өзектi екенiн көрсетiп‚ «Тiл туралы заңның» теориялық зерттелуi мен iске асуына нақты үлес қосады. Және мемлекеттiк тiл мәртебесiндегi қазақ тiлiнде сөйлейтiн халықтың мәдениетiн жалпы мемлекеттiк көлемде танытуға көмектеседi.

Қазақ тiл бiлiмiнде қазақ этносының таным-парасатын‚ дүниетанымы мен мәдениетiн тiл арқылы тану — ең маңызды мәселелердiң бiрi. Соған сәйкес зерттеудiң нәтижелерi мен түйiндерi когнитивтiк‚ прагматикалық‚ этнолингвистикалардың ғылыми негiздерiн жасайды. Сонымен бiрге зерттеу нәтижелерi лексикология‚ этимология‚ семасиология т.б. салаларында теориялық тұрғыдан толықтыра түседi.

Қазақтың кең даласы – мәдениет пен тіл бірлігі, әдет-ғұрып, салт-сана тұтастығының негізі. Мысалы, бұл қөзқарас қазақтардың балаға ат қоюында өзіндік ерекшеліктерінің бар болмысымен көрінеді. Себебі олар бұл рәсімде ұлт болмысының барлық этномәдени, әлеуметтік сипатын басшылыққа алып отырған. Мысалы, тіл мен сөздің магиялық күшіне сенген олар әдетте қарғыстан, балаларын мақтаудан қорыққан. Соның нәтижесінде Kүшікбай, Жаманбала, Салбыр, Қасым, Сағал, Kенесары сынды жалқы есімдер дүниеге келген. Олар «көз тимесін», «балам аман болсын» деген ырымнан туған болуы керек. Немесе дүниеге келген балаға Артықбай, Несібелі, Бекенбай, Мырзагелді сияқты ат қою арқылы оған белгілі бір қасиеттерді дарытуды көздеген мақсат қойылған. Ал, Тілеміс, Тұрлыбек, Сағындық, Есенгелді лингвокультуремалары ұл күту, бала тілеу, балалары тұрақталмаған себебінен туған антропонимдер [62, 36 б.].

Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып, рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен дәстүрдің бірі осы ат қоюмен байланысты. Бұл қазіргі тіл біліміндегі, соның ішінде қазақ тіл біліміндегі тілді сол тілде сөйлеушінің мәдениетімен, тарихымен т.б. тығыз байланысты зерттейтін антропоцентристік бағытқа, оның ішіндегі лингвомәдениеттануға, этнолингвистикаға сай келеді. Мәдениеттанушылардың анықтауынша, тіл – тек коммуникативтік құрал емес, сонымен бірге адам болмысының, оның мәдениетінің көрінісі, өйткені мәдениет таңба белгіден тысқары, яғни тілден тысқары өмір сүре алмайды. Адамды түгелдей дерлік таңбалық қоршаған, өйткені адам болмысының өзі таңбалық, тілдік болмыс.

Адам бір мезгілде таңбаны тудырушы да, оны талдаушы да. Міне, қысқаша тоқтала кететін болсақ, қазіргі замандағы тіл, таңба мәселесіне және оның мәдениеттегі орнына деген көзқарастар осындай. Тіл – тек денотативті (белгілі, сигналдық) коммуникация құралы ғана емес, сонымен бірге коннотативті белгілі әлеуметтік-мәдени, идеологиялық құрал.

Сондықтан рухани әлемнің өзіндік ерекшелігін оның белгілік, таңбалық қасиетінен іздеу керек. Рухани болмыс – мағыналы белгі, таңба болмысы. Рухани әлемнің «белгілік» болмысы оны адам болмысының «материалдық» әлемімен жақындастырып, біріктіреді. Өйткені, белгі қашан да «материалдық», «заттық» белгі. Сондықтан да белгілік шығармашылықтың жемістері - өнер туындысы, ғылыми жұмыстар, діни рәміздер, салт-дәстүрлер және т.б. бәрі – адамды қоршаған шынайы әлемнің материалдық зат бөліктері. Демек, ұлттық сипатта қалыптасқан материалдық туындыларда да руханилық мазмұн болады. Соның бір жарқын көрінісі – қазақ есімдері. Олардың ерекшелігі оның мағынасында, мәнінде, өзіндік құндылығында.

Ал, адамдар қарым-қатынасының әмбебеп құралы ретіндегі белгі түгелдей дерлік қоғаммен, әлеуметпен қатынасты әлеуметтік болмыс. Ол қашан да адамдар сұхбатына, адамдар қарым-қатынасына бағышталған. Яғни ұлттық мәдени , этномәдени жүйесін, әлеуметтік мәнін лингвомәдени негізде зерттеп, анықтап, тілдік құралдар арқылы түсіндіріп дәлелдеуге болады.

Рухани әлемдегі болмыстың табиғи әлемінен ерекшелігін көрсету В.Дильтейдің «ұғыну» теориясы – герменевтикаға негізделетіні белгілі. Оған сәйкес зерттеуші өзінің өмір сүріп отырған уақытынан, оның негізгі әлеуметтік-мәдени контекстінен ешқашан асып кете алмайды, өйткені адамдардың белгілі бір мәдени-әлеуметтік кезеңге сай өзіндік психологиялық түсінігі болады. Ұғыну үшін танымдық контекст болу керек. Біздің танымдық контекстіміз қаншалықты кең болса, яғни біздің зерттеу объектімізді салыстыратын, қарама-қарсы қоятын басқа объектілер көп болса, соншалықты біз оны (зерттеу объектісін) терең түсінеміз.

Осы тектес тұжырымдардың қалыптасуында, тілді зерттеудің барысында ұлттық мәдениеттің, дәстүрлердің ерекшеліктері ескеріледі. Әсіресе, ұлттық рухымыз жаңғырып, салт-дәстүрлеріміз қайта жанданып жатқан қазіргі қазақ қоғамындағы рухани-әлеуметтік құбылысты дұрыс бағалап, негізін түсіну үшін осындай тілдің дамуының ішкі формасынан туындайтын жалпы заңдылықтарды адам рухымен байланысты түсіне білудің маңызы зор. Тіл бірліктерінің ұлттық болмысын осы қағида негізінде зерттеу тіл мен мәдениетті сабақтас зерттейтін тіл біліміндегі антропоөзектік бағыттағы «лингвоелтану», «лингвомәдениеттану», «этнолингвистика»  т.б. салалары арқылы іске асады [25, 94 б.].

Аталған пәндердің зерттеу нысаны ортақ болып қоймай, кей жағдайда олардың зерттеу әдіс-тәсілдері, кейбір теориялық принциптері мен негіздері ұқсас болып келеді. Әрине, этномәдени факторлармен қатар лингвомәдени жалқы есімнің генезисі мен қызметінде басқа да факторлар қатысады: мәселен, тілдік, географиялық, әлеуметтік, тарихи т.б., бірақ жалқы есімнің семантикалық көлемі мен оның қызметі аспектілерінде мәдени фактор басымдық танытады, бұл жағдайда жалқы есім – лингвомәдени таңба болып табылады. Жалпы тіл арқылы мәдениеттанудың ғылыми үлгілері: этнолингвистиканың, этномәдениеттанудың, елтанудың, лингвомәдениеттанудың пән ретіндегі жалпы және ұқсас мақсаттары мен міндеттері – ұлт тілі арқылы ұлтты тану, ұлттық ойлау жүйесінің ерекшеліктерін анықтау, қысқаша айтқанда, ұлттық менталитетті айқындау, басқалардың айрмашылығын көрсету.

Мысалы, осымен байланысты қазақ ақын, жазушыларының шығармалары бойынша қазақ тілінің рухани мәдениет лексикасына талдау жасаған С.Жанпейісованың рухани мәдениет лексикасының негізгі тақырыптық топтарын және олардың қалыптасу көздерін анықтау, лексиканың бұл аталмыш қабатын, этнолингвистикалық аспектілерін халқымыздың этномәдени өміріне қатысы тұрғысынан алып қарастыру, рухани мәдениетпен байланысты түрлі тілдік номинациялардың жасау тәсілдерімен даму жолдарын айқындап көрсетуге арналған зерттеу жұмысында жан-жақты айтылған дәйектелген.

Қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени сипатын ашуға арналған жұмысымызда тіл мен мәдениет мәселесі төңірегінде қазақ тіл біліміндегі А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ә.Қайдаров, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Т.Жанұзақов, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, Қ.Рысбергенова, Б.Тілеубердиев т.б. жалпы тіл білімі мен орыс тіл біліміндегі В.Фон Гумбольдт, А.Потебня, Э.Сепир, Б.Уорф, К.Леви-Стросс, Е.Верещагин, В.Воробьев, В.Маслова, И.Толстой, С.Толстая т.б. ғалымдардың теориялық ой-пікірлерін басшылыққа алып, сүйенеміз. 

Демек, әр халықтың өзіндік қайталанбас ерекшеліктері, ұлттық этникалық өзгешеліктерін сипаттайтын таңбалардың бірі ұлттық есімдер, зерттеуші Б. Тілеубердиевтің атап көрсеткеніндей, «ұлттық мәдениет ерекшеліктерін білдіреді [63, 81 б.]. Мұндағы бір есімдерде ұлттық-тарихи болмысы айқын көрінсе, ал басқаларында оның қарқыны нашар болады. Алайда, оны жасаған немесе қолданушы халықтың мәдениетімен байланысы жоқ есім табыла қоймайды. Ұлттық есімдерде мейлі антропоним, топоним, зоонимдер болсын, олардың бойында алуан түрлі тарихи-мәдени ақпарат қалыптасқан.

Сонымен, антропонимдерді лингвомәдени негізде қарастыру дегеніміз қазақ есімдеріндегі  – ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік, танымдық, этникалық, эстетикалық, саяси, адамгершілік, руханилық, тұрмыстық ортақ қағидалармен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы анықтау. Осы салада зерттеу жүргізуші ғалымдардың пікірінше, соңғы жылдары қазақ тіл білімінде де тіл мен мәдениет сабақтастығына негізделген зерттеулер қарқынды жүргізіле бастады. Рухани мәдениет негіздері, халықтың танымы, этнографиялық, заттық мәдениетке қатысты атаулар, этнолексика, қазақ ұлтына тән мәдени-дүниетанымдық ерекшеліктер Ә.Қайдаров, Р.Сыздықова, Е.Жанпейісов, Е.Жұбанов, Н.Уәлиұлы, Ж.Манкеева, С.Сәтенова, Г.Смағұлова, Қ.Рысберген, А.Сейілхан, Қ.Қайырбаева т.б. еңбектерінде арнайы зерттелді.

Жалпы және орыс тіл білімінде лингвомәдениеттану жеке сала ретінде зерттеліп В.Н Телия, Ю.С.Степанов, Н.Д.Арутюнова, В.В.Воробьев, В.Шаклеин, В.А.Маслова т.б. сияқты ғалымдар теориялық тұрғыдан дәлелдеді. Лингвомәдениеттану тіл білімінің арнайы саласы ретінде этнолингвистикамен тығыз байланысты. Кейбір ғалымдар (В.Н.Телия т.б.) лингвомәдениеттануды этнолингвистиканың бір тармағы деп санайды. Дегенмен, бұлар –  тіл білімінің екі бөлек салалары. Өйткені этнолингвистикалық зерттеу нысаны фольклорлық және мифтік мәтіндер, діни және тұрмыстық салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар болып табылады. Ал лингвомәдениеттанымның этнолингвистикадан айырмашылығы мен ерекшелігін ғалым И.Г.Ольшанский былай түсіндіреді: «В отличии от этнолингвистики лингвокультурология орентирована на современное состояние и функционирование языка и культуры. Лингвокультурология исследует прежде всего живые коммуникативные процессы и связь используемых в них языковых выражений с синхронно действующим менталитетом народа» [61, 45 б.]. Яғни этнолингвистика мен лингвомәдениеттану ең бастысы диахрония мен синхрония тұрғысынан ажыратылады.

Әрбір жаңа ғылымның саласының өзіндік метатілі мен терминологиялық аппараты болатыны белгілі. Орыс ғалымдары (В.Воробьев, В.Телия,  В.Маслова т.б.) лингвомәдениеттанымның мынадай негізгі терминдері мен ұғымдарын ұсынады: концепт, констант, мәдени коннотация, мәдени семалар, мәдени кеңістік, мәдени интерпретация, лингвокультурема, лингвомәдени универсум т.б. Жоғарыда аталған терминдер тіл мен мәдениет даму барысындағы лингвомәдениеттанымның категориалдық аппаратын құрайды.

Жоғарыда көрсетілген тіл мен мәдениет сабақтастығына сай зерттейтін лингвомәдениеттанудың қағидалары мен ғылыми аппаратының қазақ тіліндегі антропонимдерді осы аспектіде қарастыруға тікелей қатысы бар.  Мысалы, антропонимдердің мазмұнындағы мәдени коннотацияның мәнін түсіну тілді тұтынушының аялық біліміне байланысты. Яғни, белгілі бір антропонимнің мәдени ақпараттық коды ұлт мәдениетіне байланысты ассоциацияларды ұғынуы арқылы ашылады: Ботагөз, Қарабай, Асанқайғы, Жібек т.б.  

Зерттеуші Б. Досжановтың еңбегінде тарихтан белгілі Барақ есімінің денотаттық мағынасы «сабалақ, жүндес, аңшы ит» болса, оның культтік мәні мәдени коннотацияның нәтижесі деп көрсетіледі [64, 24 б.]. Осымен байланысты жалқы есімдердің қызметі тіл мен мәдениеттің өзара байланысын көрсететін негізгі маңызды  лингвомәдениеттанымдық аспект болып саналады. Т.Жанұзақов, Е.Ә. Керімбаев: «Қазақ халқының этникалық психологиясы мен этникалық әдеп нормаларының дәстүрлі «классикалық» қасиеттерінің бірі болып жасы үлкендерді құрметтеу және аға ұрпақ өкілдері, қартттар мен егде адамдарға сый құрмет, ізет көрсету танылады. Қазақ антропонимиясы саласында қазақ халқының осы этнопсихологиялық қасиеті өзіндік пішіндегі айтылымға ие және ол аға-іні, үлкен-кіші түріндегі қарым қатынастың әлеуметтік жағдайында көрінеді, мұндай құрмет көрсету, сыйлауға -ка, -ке, -әке, -еке аффикстері қолданылады» [65, 248 б.] деп көрсетеді. Мысалы: Жәке-(Жамбыл), Секе-(Серғазы), Гүлтай-(Гүлсім) т.б.

Қазақ тілінде жалқы есімдерге -жан, -тай қосымшалардың жалғануының нәтижесінде экспресивтік эмоциональдік реңк беріледі. Мысалы: Айжан, Берікжан, Асылтай т.б. Осындай қазақ антропонимдердің қызметтік ерекшеліктеріне жасалған лингвомәдениеттанымдық талдау бойынша, антропонимдердің қызметтік және тұрмыстық лексикасы мәдени маңыздылыққа ие екендігін дәлелдейді. Сонымен бірге қазақ дүниетанымының әсемдік талғамы, эстетикалық мәні антропонимдер (соның ішінде әйел есімдері) жүйесінен айқын көрінеді: Айкүміс, Ақбота, Анаргүл, Гаухар, Жазира, Кәмшат, Құндыз, Маржан т.б.

Тілді зерттеудің антропоөзекті бағытына сәйкес ұлттық таңба ретіндегі ономастикалық атаулардың (соның ішінде антропонимдердің) қызметі ономастика саласының зерттеу шеңберінен шығып, лингвостилистика, мәтін лингвистикасы, этнолингвистика, психолингвистика, лингвомәдениеттану т.б. салаларда қарастырыла бастады. Атап айтқанда, Е.Жұбанов (эпос тіліндегі), Қ. Жаппарова (Олжас поэзиясындағы), С. Жапақов (этнофразеологизмдердегі), Д.Керімбаев (қазақ фольклорындағы), Г.Аубакирова, Г.Снасапова (көркем мәтіндегі), М.Мұсабаева (қазақ тіліндегі «аталымдардағы»), Ә.Хазимова (фразеологизмдердегі) т.б. зерттеулерінде антропонимдердің лингвомәдени коннотациялары жан-жақты сипатталады. Демек, «жалқы есімдер шындық өмірдегі адамның белсенді қызметінің құралы болып табылады»

Осымен байланысты, Е. Керімбаевтың зерттеуінде ономастикалық номинацияны сипаттауда «ғалам бейнесі», «ғалам моделі» сияқты когнитивтік ұғымдар қолданылса, Тілеубердиевтің зерттеуінде ол «ғаламының ономастикалық бейнесі» немесе «антропонимиялық бейнесі» ретінде анықталып, ғалам туралы білімдердің жиынтығы, жеке тілдің бірліктерінде (антропонимдерде - Ф.Ә.) нақты тілдік қауымдастықтың ұлттық тарихи-мәдени және әлеуметтік тәжірибесі ретінде қарастырылады.

Сонымен, қазақ антропонимдерінің лингвомәдени негізін сипаттайтын тілдік деректерді зерттеу жұмыстары мен әр түрлі тарихи-мәдени, деректер бойынша мынадай тақырыптың жүйеде көрсетуге болады. 

 

2.1 Қазақ эпосындағы кісі аттары.

 

Ә.Қайдар, А.Мұқатаева «Қазақ ономастикасының мәселелері» атты жинақта қазақ тілінің көне де байырғы лексикалық байлығын, әсіресе, оның кісі аттарын зерттеудің тіл тарихы үшін маңызы зор екені көрсетеді. Солардың ішінде ғасырлар бойы қалыптасып, халық арасында кеңінен тараған батырлық эпостар мен лиро-эпикалық дастандардағы кісі, ру-тайпа аттарын зерттеудің ономастика саласындағы орны бөлек. Себебі эпос антропонимдеріне тән ерекшелік – олардың көнелігі. Сондықтан эпос топонимиясы мен антропонимиясының басқа салаларға қарағанда өзіндік ерекшеліктері көп. Қазақ эпосымен, этникалық мәдениетімен тікелей байланысты, қазақ топырағында дүниеге келіп, халық арасына кеңінен тараған, тіпті Қазақстаннан тыс көршілес өлкелерге де жайылған эпостардың бірі – «Қозы Көрпеш - Баян сұлу».

Эпос тілін зерттеуші ғалымдар Ә.Қайдар, Е.Жұбанов, А.Мұқатаева мынандай ерекшелікті атап өтеді: Мәселен «Қозы көрпеш» поэмасындағы кездесетін мына есімдер: Таңсық, Айбас, Қодар, Қаратоқа, Бұланқара, Нұрқара, Kөсемсары, Ай, Kүліп, Шақшақ т.б. бүгінде қолданылмайды, не сирек кездеседі. Эпос антропонимдердің екінші бір ерекшелігі көп жағдайда кейіпкер, есімдерінің алдынан да артынан да (препозитивті, постпозитивті) анықтауыштардың қолданылуы: «Қозы Көрпеш», Қара хан, Сары хан (Қарабай, Сарыбайдың варианттары), Қыз Баян, Ер Танас, Ер Kүліп, Нұрқара би, Тайлақ би, Қодар мұндар, Айбас сері, Манап хан т.б. [99, 17 б.].

Бұл - жалпы эпос пен фольклор антропонимдеріне тән көне дәстүр. Оны кез келген эпостан, ертек, дастандардан кездесуге болады. Мысалы: Ер Сайын, Ер Тарғын, Қобланды батыр, Алпамыс батыр, Қыз Жібек, Қыз Қортқа, Ақ Тоқты, Ақ Жүніс, Біржан сал, Ақан сері, Алдар көсе т.б.

Поэмада кісі аттарына еркелету, құрметтеу қосымшаларымен жиі кездеседі: Қозыке, Қозыжан, Қозыекең, Баянжан т.б. Кейде контекске байланысты кейпкерлердің атына жағымсыз анықтама теңеулер, жағымсыздарының есіміне жағымды теңеулер, экспрессив форманттарда да кездеседі. Мысалы: сұм Баян, сұмырай Баян, қу Баян, Қодар батыр, Қодар мырза, Қодаржан, Қодеке немесе Баян сұлу, Баянжан, Ақ Баян, Қодар құл, Қодар мұндар, Қодар сұм, Қодар кәпір т.б.

Х.Досмұхамедовтың «Қазақ халық әдебиеті» аты еңбегінде эпостық жырлардағы Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар, Едіге т.б. есімдерді Алтынорда мен Қазақ хандығы тұсында өмір сүрген, бірақ келе-келе есімдерді аңызға айналған тұлғалар деп біледі [66, 176 б.].

Ә.Бөкейханов өзінің «Қобыланды» жырына арналған сын мақаласында оның генезисіне қатысты бірқатар ой пікірлер сабақтап, Қобыланды Тоқтамыс ханның тоғыз батырының бірі, оның өмір сүрген дәуірі ХІ ғасыр деп мөлшерлеген. Шаһкерім (Шәкәрім) шежіресіне сүйеніп, жырдағы Қазан қалмақ, ол Қобланды заманынан бұрын болған, жыр шағатай дәуірінде туған. Ал, Қобландымен соғысатын Қазан шағатай дәуірінің адамы болуға тиіс. Жошы қарауындағы қыпшақтармен соғысатын Қазан тұлғасы осы дәуірге келеді деген болжам айтады [67, 126 б.].

Ә.Бөкейханов жырдағы Алшағыр, Көбікті есімдеріне олардың өмір сүрген дәуірлерін анықтауға да ерекше мән берген. Орақ пен Қобландыны замандас санап, Көбікті есімін «Манас» жырындағы Көкетай атаумен байланыстырады.

Халықтық топонимияға сүйенген, эпостар ноғайлы, қыпшақ, қырғыздар бір ел болып жүрген кездері туған деп санайтын М.Әуезовте Қобландыны тарихта болған адам деп біледі [70, 240 б.]. 

Проф. Ә.Қоңыратбаевтың пайымдауынша, әрбір эпостық жырда белгілі бір кезең мен ежелгі тайпалар тарихының ізі болмақ.

Ә.Қоңыратбаевтың ізденістерінің темірқазығы «сана мен тіл, тайпа мен эпос құрдас» дейтін ғылыми қағидасы біздің зерттеуіміз үшін мәні зор. Қорұғлы, Қобланды, Алпамыс жырларын оғыз дәуірінің ұлы сюжеттері деп біліп, олардың қатар туып, қалыптасқанын біршама тарихи айғақтар, ономастикалық атаулар, олардың этимологиялық, семантикалық сыр сипаттарын ашып көрсету арқылы дәлелдеуге тырысады [67, 128 б.].

Эпос пен этносты сабақтастықта зерттеген ғалым Т.Қоныратбаевтың пайымдауынша, «Қобланды» жырының қыпшақ тайпасының ортасында туғанына жырдағы қыпшақ елінің суреттемесі, батырдың қият Қараманмен бірге ноғайлы шаһары Қазанды азат етуге аттануы, қалмақ Алшағырмен соғыстары дәлел бола алады.

Эпостық жырлардың этнодеректік мәнінің ерекшелігі оның мазмұнындағы этноантропонимдердің тұрақтылығында. Проф. Т.Қоңыратбаев атап көрсеткендей: «осы секілді қоғамдық әлеуметтік, этнографиялық һәм этникалық құблыстардың сырын ашып көрсету этнофольклортану ғылымының алдында тұрған негізгі әрі күрделі міндет». Бұл пікірдің этнодеректерді тілдік жағынан зерттеудеге де тікелей қатысы бар [69, 106 б.].

Гүлбаршын. Әбілғазы шежіресіндегі атауы - Баршын. Қорқыт жырларында - Бану Шешек, этникалық тегі - салор (Баршын-салор), әкесі - Қармыш бай, күйеуі - Мамыш бек, мазары Сыр бойында, оны өзбектер Көккесене деп атаған. Оның этимологиясы туралы пікірлер әртүрлі. Оны парчин (парча - мата атауы) деп ұғынатындар бар, қыздардың сұлулығын, нәзіктігін гүл, жібекке теңеу түркі тайпаларында кең етек алған үрдіс десек, бұл пайымдауының негізі болуға тиіс. Бірақ антропонимдік тұлғадағы көне атауды бір ғана эпитет деңгейінде ұғыну жеткіліксіз болар еді. Оның «көк» деген мәнін де назардан тыс қалдыруға болмайды. Проф. Ә.Қоңыратбаев «Баршын» атауының жағырапиялық сипатын оның Сыр бойындағы Баршын элементі арқылы жасалған кентастарымен және гидронимия мен байланыстырады.

Жоғарыда айтылған Проф. Т.Қоңыратбаевтың еңбегінде Қорқыттың тарихи тұлғасы мен этникалық тегін анықтау жан жақты, кешенді түрде сипатталған (музыкалық қобыз сарыны, аңыз, әпсаналық, шежірілік т.б. негізінде) Біз Соның ішінен Қорқыт антропонимін тарихи этимологиялық тұрғыдан сипаттаған тұстарына ерекше назар аудардық. Мысалы Проф. Ә.Қоңыратбаевтың «Қорқыт» сөзі «хор» және «хұт» деген екі буыннан құралып, алғашқысы тайпа, соңғысы «ойшыл», «сәуегей» деген ұғым береді, яғни Қорқыт – «құтты адам», «құт әкелетін адам» деген сөз, деген пікір немесе проф. Ш.Ыбраевтың да пікірі көңіл аударарлық: «Қорқыт» есімінің алғашқы сыңары көр (ғор, гөр) сөзінің мағынасы «о дүниелік» ұғыммен жапсарлас, екі дүниенің ортасындағы жалғыз заттық айғақ көрмен байланысты болуы әбден ықтимал деген пікірі. [69, 126 б.].

Сонымен, Қорқыт антропонимнің лингвомәдени, әлеуметтанымдық сипатына, біздің ойымызша, проф. Т.Қоңыратбаевтың төмендегі тұжырымдарының тікелей қатысы бар;

Біріншіден, Қорқыт оғыз елінің бірлігі, тұтастығы үшін зор әлеуметтік қызмет атқарған тұлға - этнофор.

Екіншіден, Қорқыт оғыз елінің этникалық құрылымын жеткізуші, этникалық сананың қоғаушы көзі - индикаторы.

Үшіншіден, Қорқыт тұлғасы оғыз еліндегі этникалық үрдістің жеке бір көрінісі - микробөлшегі.

Осы тұрғыдан келгенде ғалымдарды көптен толғандырып жүрген күрделі мәселе - «Алпамыс» антропонимінің этимологиясын анықтаудың да маңызы аса зор. Бүгінде осы есімінің этиологиясына байланысты жиі айтылып жүрген Бамсы, Бамыш, Алып Манаш, Алпамыш тіркестері бқұл антропонимнің қалыптасу кезендерін анғартуы мүмкін. Мұндағы алып «батыр», «ержүрек» деген сөз, ол оғыз дәуірінен бері бар (Қазан алып).

Мысалы, «Алпамысты» оғыз эпосының бізге жеткен бір нұсқасы санайтын академик Ә.Марғұлан: «Әбілғазының айтуынша Мамаш» (Бамыш, Бамыс, Бамсы Алып Мамыш, Алпамыс) оғыздың бір бегі, оның әйелі Баршын сұлу («Алпамыс» жырындағы Гүлбаршын) - оғыздарға аты шыққан даңқты жеті қыздың бірі» - деп жазады [70, 368 б.].

Әрине, бұл пікір әлі де тарихи-этимологияялық тұғыдан тереңірек зерттеуді қажет етеді. Алпамыс антропонимнің таза лингвистикалық сипатын этимологиялық зерттеу анықтайды. Осымен байланысты оны Қалмыш (Рашид ад дин шежіресінен) Тоғурмыш, Қармыш, Өгдүлміш, Оғдұрмыш (Құтты білік) және Алпамыш деп, бір сөз тудырушы модель жүйесінде қарауға болады. Ал, лингвомәдени аспектіде қарастырып, оны Алып Мамыш деген этноантропоним деп анықтауға болады.

Кейбір зерттеушілердің пікірінше, Қобланды тарихи антропонимнің түпкі нұсқасы емес, поэтикалық өзгеріске түскен тұлғасы. Сөз түбірі – Қоблан, ды - түркі тілдерінде өткен шақты білдіретін қосымша. Осы -ды,- ді қосымшасына тоқталған М.Қашқари оны жыраудың іс әрекетті көзімен көріп, куәсі болғандығынан хабар беретінін көрсеткен [71, 75 б.].

Атаңа нәлет, Алшағыр,

Көрсеттің ғой өкімді!

Жалғызым тірі бір  келер,

 Асықпай тұр қызылбас,

Сыбағаңды сол берер!

Опасыз дүние сырғанақ.

Он үш жасар Қобланды,

Шынымен сенен айырлсам

Жалғызым, тезірек келмесең,

Өтірік емес құдайдың

Біз оны сезімдік эмоциялық негізінде туған теңеу, яғни поэтикалық құбылыс емес, этникалық сипаты айқын антропоним дейміз. 

 Атына Қоблан мініпті

Тайбурылды талдырмай

Табан жолға салыпты

Алты жасқа келгенде

Арыстан туған Қоблан

Қазнадан қамқа киеді

Келелі түйем ішінде

Қайырлы Бураға ұсаған

Қайырлы туған Қоблан,

Ботам, сенен айырлдым [72, 264 б.].

 «Қобланды» сөзінің түбірін сөз еткен тұста Е.Жұбанов оны автор: қабылан (жолбарыс) деген халықтық этимологиямен де байланыстырады. «Қобланды» атауының түп төркінін «қу» сөзінен шыққан: «Құба мен қу сөзерінің атауы әр басқа болғанымен мағынасы жақын, екеіу де сарғыш тартып қуарып кеткен түсті білдіреді .... Қу сөзі құба сөзінің қысқарған түрі» деген пікір ұсынады. Осы ретпен оғлан ежелгі ұғлан (бала) сөзінің өзгеріске түскен тұлғасы дей келіп, проф. Е.Жұбанов бұл атаудың жасалу жолын былайша таратқан: құба оғлан, қоб(а) оғлан, қоба(ғ)лан, қобұлан, қобылан. Және ғалым «Қобыланды» есіміндегі құба(қоб) жоғарыда айтылған құба жон, құба төбел деген заттың түрі мен түсін білдіретін сияқты емес, рудың атын білдіретін сөз, ру атауы мағынасында айтылып тұр деп анықтай түседі [73, 175 б.].

 Проф. Ә.Қоңыратбаев «құба» сөзінің Құба тас, Құба тау, Құба сеңгір, Құба төбе, Құба көл, құба қыпшақ, құба қалмақ деген атауларда бірде этноним, бірде топоним, бірде гидроним, бірде ороним тұлғасында кездесетінін дәлелдей келіп: «Қобыланды» атының Көбен, Қабан, Құбылай, Құбығұл болып та айтылатыны эпоста баршылық деген жорамал айтады. [74, 115 б.].

Сонымен, Қоблан сөзінің төркінін этнонимдік тұлғада жасалған «Құбаұғлан» тіркесінен тудыруға толық негіз бар: Құбаұғлан-Қобұлан-Қоблан-Қобланды бұл антропонимнің жасалу жолдарын байқатуға тиіс. Сонда ол «қыпшақ ұлы», дәлірек айтқанда, «қыпшақ елінің батыры» деген семантикалық мағынаға ие болмақ. Демек, Құбаұғлан (Қоблан) - этноантропоним.

Қорыта келгенде, қазақ эпосындағы антропонимдер қазақ халқының тілі мен мәдениеті үшін өте маңызды. Өйткені қазақ эпостары, дастандары, ертегілері қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, салт дәстүрімен байланысты.

 

                    2.2  Прецеденттік антропонимдер

 

Ұлт тарихындағы маңызды оқиғалар тілдің құжаттық, мәдени танымдық қызметінің негізінде фразеологиялық, паремиологиялық жүйеде, көне мәтіндерде тарихи есімдер арқылы таңбаланып, халық жадында сақталады. Ерекше ұлттық мазмұндық сипаттағы, мәдени ақпараттық мәні басым бұл атаулар тіл білімінде прецеденттік деп анықталып, тіл мен мәдениет сабақтастығында қарастырылады. Мысалы, Ердің соңы – Есет, пірдің соңы – бекет, Асанқайғыға салыну.

Тіл арқылы мәдениетті тану қызметіне байланысты зерттеуші Г.Мәдиева бұл атаулардың мәнін төмендегідей бағалайды: «К ядерным элементам национальной когнитивной базы относятся прецедентные имена, которым принадлежит одна из ведущих ролей в накоплении и передаче культурной информации, понимании определенной ситуации и целого комплекса ассоциации, которые возникают при актуализации прецедентного имени в речи» [29, 122 б.].

Прецеденттік антропонимдер халқымыздың ұшқыр ойы мен даналығынан туған бай ауыз әдебиеті мен шежіре тарихынан алынған фольклорлық мәтіндерде тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, наным-сенімге қарай бірнеше топқа бөлініп қарастырылады. Мысалы, мифтік бейнелер: Әзірет әли, пайғамбарлар (Дәуіт, Мұса, Сүлеймен), Қанбақ шал, Қыдыр ата;

Ел аузындағы есімдер: Асан қайғы, Аяз би, Қорқыт, Қобыланды, Толағай;

Қасиетті пірлер мен әулиелер: Бибі Фатима, Қожа Ахмет Иассауи, Ұмай ана;

Тарихта болған тұлғалар: Абылай хан, Қасымхан, Есет батыр;

Әдеби мәтіндердегі персонаждар: Дайрабай, Мырқымбай (Б.Майлин), Судыр Ахмет (Ә.Нұрпейісов);

            Ойдан шығарылған аттар: Алтай, Қамбар, Шығайбай, Тоңқылдақ т.б.;

Осы тектес антропонимдер мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда, қанатты сөздерде, бата сөздерде, нақыл сөздерде көптеп кездеседі. 

Мысалы: Түгел сөздің түбі бір,

                Түп атасы Майқы би

Майқы би – ел билеген көсем, басынан сөз асырмаған шешен Аңыз бойынша Орманбет би қайтыс болған соң қазақтарды үш жүзге бөлген осы Майқы екен. Жұрт оны «Қарқуардай Майқы» деп, таңның атысы күннің батысы талмай шырылдайтын құсқа теңеген. «Майқы айтты» деген сөздің көпшілігі халық даналығына айналып кеткен.

 Аяз би, әліңді біл,

Құмырсқа жолынды біл. [33, 73 б.].

Аяз би - Жаманұлы данышпан, шешен, ертедегі кейіпкері, атақты Майқы бидің қабырғалы биінің бірі. Бірде Құмырсқа батыр екеуі Майқы бидің алдын кес кестей беріпті Сонда Майқы би:

Билер, бүгін Мақының алдын кесесің,

Ертең жұртың төбесін тесесің.

Майқының да айтатын кебі бар,

Айтуға аузының да ебі бар.

Аязби, әлінді біл

Құмырсқа, жолынды біл деген екен.

Бұл мақалдың философиялық мәні қандай да болмасын биікке шыққан адамның, бақдәулетке мастанбай, тура жолдан таймай, таза ақырын жүруге тиіс.

Ұмайға табынса, ұлды болар

Түркі жұртында Ұмай - жер ана нәрестелердің қамқоршысы, шаңырақтың, ошақтың киесі қолданушысы деген түсінік бар. Сондықтан бала көтермеген әйелдер Ұмай анаға жалбарынып, бала сұраған. Көне ескерткіштерде «Ұмай текті шешем қатып құтына, інім Күлтегіннің ер атағы шықты» деген сөйлем кездеседі. Сәбиді шомылдырып, сылау кезінде «менің қолым емес, Ұмай ананың қолы» деп кие тұтып, табынған.

Қайда барсаң да Қорқыттың көрі

Қорқыт VІІІ ғасырда жасаған мәшһүр ақын, күйші, ойшыл, данышпан адам болған. Қорқыттың әдеби-музыкалық мұрасы тек қазақ халқы емес, бүкіл түркі тектес халықтарға ортақ асыл қазына. Қорқытқа байланысты аңыз әңгімелер, жырлар «Қорқыт атаның кітабы» деген шығармада толық берілген.

 Қайда барсаң да Қорқыттың көрі

Бұл мақал Қорқыт бабамыздың мәңгі жасауды армандап, ажалдан қашып, дүниенің төрт бұрышын кезген көрінеді.  Өлімен қалай қашса да, алдынан қазулы ор шыға берген. Қайда барса да «Қорқытқа қазылып жатқан көр» деген сөзді естіген. Осыдан «Қайда барсаң да Қорқыттың көрі» деген нақыл сөз шыққан [75, 175 б.].

Қарынбай малға тоймайды,

Лұқпан жасқа тоймайды

деген  мақалда Қарынбай (Харун) мен Құранда аты кездесетін Лұқпан пайғамбардың жасаған дәуіріне, іс әрекетіне байланысты. Қарынбай - қазақ фольклорындағы көзі тоймайтын сараң, қарау байдың бейнесі. Құрандағы Харун туралы аңызға байланысты қалыптасқан. Харун жетім-жесірге қайыр садақасы жоқ, қолда бар байлығын нысып етпейтін адам. «Тәңірі» Харунның сараңдығын сынау үшін оған Мұса пайғамбарды қайыршы етіп жіберіпті. Харун қайыршыға бір тал қыл ғана садаққа бергені үшін, аңызда ол «құдайдың» каһарына ұшырап, оны жер жұтады, малдары түгел жабайы аңға айналып кетеді. Харуынды тозаққа түсетін жолда қайыр ретінде тал қылы ұстап қалады. Қазақ аңызында Харун есімі Қарынбай болып, оқиға желісі өзгерген.

Араб ғалымдары Лұқпан хакімді Мұхаммед пайғамбарға дейінгі уақытта өмір сүрген Йемен патшасы, бірде әулие, бірде құл деп көрсетеді. Құранда Лұқпан пайғамбар ислам дінін уағыздаушы және мұсылманшылықты насихаттаушы ретінде баяндалады. Орта ғасырда араб ғалымдары Лұқпан хакімді болған кісі, Мысырда құлшылықта болған ақын деп баяндаған. 

Кез келген атауды, қалай болса солай атауға болмайды. Егер халық қабылдап мақұлдап, бойына сіңіріп алса ғана дұрыс атау деуге болады. Уақытша ғана аталған атаулардың мәні жоқ, елеулі әлеуметтік оқиғамен байланысты атауларды, халық қабылдайды. Әлеуметтік оқиға және сол оқиғадағы тарихи тұлғаларына байланыстыра кісі есімдерін қойяды. Мысалы, Жеңіс, Кенес, Батыр, Мырзат, Шынғысхан, Жәнібек т.б.     

Қазақ тілінің сөздік құрамындағы ғажайып сырлы атаулардың бір саласы фольклор кейіпкерлерінің есімі. Халықтың ауыз әдебиетіндегі  ертегі, аңыз, өлең, жыр үлгісіндегі көптеген кейіпкерлердің есімі беріледі. Олар Қожанасыр, Алдаркөсе, Ер Төстік, Балуан шолақ, Ходжа Насредин, Қанбақ шал, Алпамыс батыр, Қыз жібек пен Төлеген, Қозы Көрпеш-Баян сұлу т.б. Бұл есімдер кейіпкерлердің мінез-құлықтарын, образдарын көрсетеді. Мысалы Қожанасыр десек, осы есімді кісі аңыздағыдай аңқау, аққөңіл. Сонымен аңқау, сенгіш адамдарды кейде Қожанасыр деп те атайды. Ал қу, айлакер адамды Алдаркөсеге теңейді. Қазақ халқында махабат символы деп Қыз Жібек пен Төлеген немесе Қозы Көрпеш-Баян сұлу осы ғашықтардың есімдерімен байланысты айтады.

Ономаст-ғалымдар  жалқы және жалпы есім арасында болатын ауысу заңдылығын тілге тән құбылыс ретінде зерттеп, оны онимизация және деонимизация тәсілі негізінде қалыптасқан деп  қарастырады. Осымен байланысты Т.Жанұзақ, Қ. Рысберген көркем әдебиеттегі басты кейіпкерлер дің жалқы есімдерінің  жалпы мағынаға ие болуын  тілдің танымдық қызметімен байланыстырады. Мысалы, Қарабай, Қарынбай, Шығайбай, Мырқымбай, Қожанасыр, Жантық тағы басқаларды мәдени таңба ретінде прецеденттік ұғым беретін атаулар деп қарастырылады.    

Түркі халқының, оның ішінде қазақ халқының поэтикалық шығармаларындағы прецедентті есімдерін қарастырған Г.А.Қажығалиева, Г.Б.Мадиева, Г.К.Исанғалиева, С.К.Иманбердиева. Орыс тіл білімінде Ю.Н.Караулов, Ю.А.Сорокин, В.Г.Костомаров, И.В.Захаренко т.б. зерттеулер жүргізіп отыр.

Прецедентті есімдер жөнінде Ю.Н.Карауловтың айтуынша: «Сонымен қатар прецедентті мәтінді (есімдерді деп атау С. Иманбердиванікі) тек көркем шығармамен байланыстырып зерттеу дұрыс болмас, өйткені мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, олар көркем шығармаға түспес бұрын миф, аңыз, әңгімелерде қолданылды, екіншіден қазіргі кезде көркем шығармамен бірге діни, сонымен қатар халық ауыз әдебиеті (ертегі, мақал-мәтелдер, т.б.) және тарихи- философиялық пен саяси публицистикалық шығармалар да прецедентті мәтін қатарына жатады деді.

Осыған дәлел С. Иманбердиеваның мақаласындағы поэтикалық шығармаларға, фразеологизмдерге, мақал-мәтелдерге, ырым-сенімдерге келтірген прецедентті есімдерге мысалдары: [76, 90 б.]

Фразеологизмдердегі прецеденті есімдер:

1. Аллаға шүкіршілік қылуы;

2. Алланың жазған парманы;

3. Атымтай [-дай] жомарт

4. Алла құдай бағын ашты.

Аталған фразеологизмде құдіретті күшті Алла тағаланың пендесіне деген жақсылығы мен пәрменін көрсетеді. Сонымен бірге аты жомарттығымен әйгілі болған Атымтай образды тура мағынада берілген.

Мақал мәтелдегі прецедентті есімдер:

1 Атымтайдай жомарт бол, Наушарбандай әділ бол.

2 Сүлеймен пайғамбар мың жасапты,

Әр мәжілісін бір жасқа санапты.

 

3Талап пендеден, жеткізу Алладан.

4 Алла деп барсаң, аман келерсің.

 

Атымтай, Наушарбан прецедентті есімдерді қай қасиетімен ерекшеленетіні мақал  мәтелде көрсетіледі.

Ырым сенімдегі прецедентті есімдер:

Ассалаумағалейкум, Адыраспан!

Бізді сізге жібереді емдік үшін Омар, Оспан.

Омар, Оспан образдары күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті тұлға, жәрдем етуші бейнесінде қолданылады. Сонымен автордың қорытындысы келтірген прецеденттті есімдерге жасаған  талдауында конфессионалды Алла, пайғамбар  қадір тұтатын есімдер қазіргі кезде шығармаларда , фразеологизм, мақал-мәтел, ырым-сенімдерде кеңінен қолданылады. Ал, ғашықтық символы болып табылатын Ләйлә, Мәжнүн, Xұсрау, Шырын, Фархад есімдері көркем шығармаларда қолданғанмен, қазіргі заманның ғашықтық символы Қыз Жібек пен Төлеген, есімдермен алмастырылған.  Күш, қуат иелері Әли, Рүстем сынды тұлғалар да Қажымұқан, балуан Шолақ т.б. есімдермен заманына сай алмастырылған.

Өлдің, Мамай, қор болдың.

Мамай -  Алтын Орданың қолбасшысы және Әбілқайырдың немере інісі болған. Мамай батыр Руське аттанған жорықта Куликово шайқасында жеңіліп, Кафаға қашады сол жерде дүниеден өтеді. Тірісінде ел билеп, батыр атанып, көзі жұмылғасын аты да, атағы да өшеді..

Бұл мақал Мамай батырға байланысты туғанмен, келе-келе адам баласының бәрін де қатысты мәнде жұмсалады. Оның астарында адам атының да, затының да мәңгілік емес екендігі деген тұжырым жатыр.

Сол сияқты мақал-мәтелдер сияқты даналықтан туған, өсиет мәнінде айтылатын әсерлі ой түйінділерде, ел арасында таралған, көбінесе өмірде болған, елге ерекше еңбегі сіңген, даңқы жер жарған тұлғалар туралы нақыл сөздерде:

Абылайдың асында шаппағанда,

Атаңның басына шабасың ба [77, 150 б.].

Абылай - Орта жүздің ханы болғанымен, Ұлы жүз бен Кіші жүзге ықпалын жүргізген, бүкіл қазақ халқын біріктіруге күш салған қайраткер, ақылды дипломат, батыл қолбасшы болған. Абылай хан дүниеден өткеннен кейін, үш жүздің баласы бас қосып, үлкен ас беріліп, 40 атқа бәйге тігілген. Тарихта ең ұлы ас осы болған, одан кейінгі астарда ешкім де 40 атқа бәйге тігіп көрмеген.

Бұл сөздің қазақ халқына кең тарағаны соншалық, нақыл сөзден мақалға айналып кеткен. Абылайдың атына байланысты тілімізде «Абылайдың ақ туы, «Абылай аспас бар ма асу». «Абайдың ақ туы», бір тудың астына жиналу, яғни бірлікті, бірігуді» білдіретін символдық ұғымға айналған.

Аспанға ұшсам, қанатым талады,

Жерге түссем, Жалайыр Шора алады.

Ұлы жүз үйсіннен Абақ, Тарақ ұрпақтары тарайды. Тарақ балуан кісі болған, асаудан құлағанда, аттың жалын айырып түсіпті, Содан «Жалайыр» атаныпты  Атақты құсбегі Шора осы Жалайыр ұрпағынан, оның құс біткеннің торына шырмалдыру шеберлігіне тәнті болған халық осы сөзді айтып бүркіт біткен уайымға түседі, деп шығарған екен.

Ердің соңы Есет

Пірдің соңы Бекет

Кіші жүзде екі Есет батыр болған. Біріншісі - Еділ, Жайық бойын казактардан, Маңғыстауда Бұхар, Хиуа қалмақтарынан қорғаған Есет Көкіұлы. Осы осынау жанкешті батырлығына риза болған Тәуке хан «Айбатың аса түссін, найзаң мұқалмасын, ел намысы тұздығың болсын» деп батасын берген екен. Кіші жүзге ауыз салмақ болған түркімен, қалмақ башқұрт «Есет келді дегенше, әзірейіл келді десейші» деп үрейленіп жөнеледі екен.

Бұл Есеттен бір ғасырдан кейін келген Есет Көтібарұлы ХІХ ғ. аты шыққан батыр ғана емес, елдің Алшындардың қамқоршысы, ағасы, сахараның саяхатшысы да болған адам. Жауға қарсы сөз найзасы мен өз найзасын кезеген Махамбет пен Исатайлар Есеттен рухани жәрдем, ақыл кеңес алып отырғаны ел жадында қалаған. Есеттің өрлігі мен ерен ерлігіне сүйсінген ел Ердің соңы Есет деп айтып кеткен. «Жүректі болсаң, Есеттей бол, Білекті болсаң, Бекеттей бол» деп Жетпіс бидің де айтқаны ел ішіне тараған.

Сонымен бірге, халықпен бірге туып, бірге жасасып келе жатқан тілдің бай саласы фразеологизмдер құрамында ұшырасатын мифтік бейнелер мен тарихи тұлғалар атаулары да ұлт мәдениетін дәйектейді:

Дәуіттің қоржынындай;

Сүлейменнің жүзігіндей;

Мұсаның асасыңдай; [78, 82 б.]

Бұл атауларға осы саладағы зерттеушілер еңбектеріне сүйене отырып, мынандай лингво-мәдени сипаттама жасауға болады. Ол үшін мәдени, ғылыми-тарихи деректерге жүгінемің. Соған сәйкес діни ұғымдардың үш заты кереметке ие болған. Дәуіт - (Давид) өте ұзақ жасаған, ақылы мен күші сай ерекше жаратылған жан деп суреттеледі. Адамның өмірін, мінез-құлқын, табиғатын реттеуші «қасиетті» діни кітаптар осы Дәуіт пайғамбар арқылы жаратылған. Қасиетті кітап Дәуіттің қоржынында сақталғандықтан, халық бір нәрсені кие тұтып, қадірлесе, «Дәуіттің қоржынындай» деп атап кеткен.

Сүлеймен - (Соломон евр. Шелемо) Дәуіттің ұлы, мейірімді, данышпан патша болған, желдің бағытын, құстардың тілін білген. Алланың әмірімен оған жындар қызмететіп, су астынан асыл тастар жинаған. Су патшасы Сүлейменнің алты қырлы, жұлдыз пішіндес «қолынан келмейтіні жоқ» сиқырлы жүзігі болыпты. Шайтан Сақыр жүзікті алып қойып, Сүлеймен сиқырынан ада болады. Тіліміздегі «Жүзігі барда, Сүлеймен, жүзігі жоқта сүмірейген» деген мәтел осыған байланысты туындаса керек.

Мұса - (Моисей, евр. Моше) Құранда айтылатын Алланың елшісі, «Бес кітіпті» жазған. Мұсаның таңғажайып асасы болған, соның құдыретімен 12 бұлақтың көзін ашып, шөл даланы суға толтырған. «Мұсаның асасындай» деген тіркес қиюмен келмей, орындалмай тұрған істің қиюласып, тез бітіп кетуіне байланысты туған.

Профессор Е. Жұбанов қазақ ертегілеріндегі осы тектес прецеденттік антропонимдерді дәстүрлі атауыштық формулалар деп атап, солардың ішінен кісі аттарына қатыстыларын дәстүрлі атауыш формулалар деп жіктейді. Мұндай үлгілер, зерттеуші атап көрсеткендей, басқа да халықтардың ертегілерінде кездеседі: Василиса Прекрасная, Елена Премудрая, Кащей Бессмертный, Царевна-Лягушка, Емеля-Дурак, Иванушка-Дурачок т.б.

Ал қазақ ертегілеріндегі кісі аттары өзінің мәдени-танымдық қызметіне байланысты күрделілігімен ерекшеленеді: Ер Назар, Бек Торы, Шойын Құлақ, Ер Төстік, Кер құла атты Кендебай, Күн астындағы Күнікей қыз т.б. Сонымен бірге эпостық жырларда кездесетін Қара қыпшақ Қобыланды, Қамбар батыр, Қозы Көрпеш, Баян Сұлу, Қыз Жібек т.б. этнотанымдық ерекшеліктің көріністері [79, 264 б.].

Қорыта келгенде, осындай прецеденттік мәтіндердің мазмұнының астарында тарихи тұлғалардың, мифтік бейнелердің аттарында, яғни антропонимдерде ұлттық болмыс пен мәдениет сақталған. Осы тектес атаулардың тағы бір тобы – поэтонимдер.

 Тіл білімі көлемінде поэтикалық антропонимия немесе ономопоэтика - әдеби көркем туындылардағы жалқы есімдерді (поэтнонимдерді) зерттейтін ономастиканың бір тармағы.        

Ономопоэтика жалқы есімдердің құрылым принциптерін, мәтіндегі қолданыс, сондай-ақ автордың стилін, дүниетанымын, мақсатын айқындайды. Поэтикалық ономастика нысаны сатиралық шығармалардағы кейіпкер аттары арқылы бейнеленген каһармандар мен кейіпкерлердің тарихи дәуірдің даму мен әлеуметтік мәнін ашуда қаншалықты рөл атқаратын зерттейді. 

Жекелеген шығармалардағы персонаж аттардың сөз төркінін ашуға көңіл бөлген ғалымдар Р.Әміров, Е.Жұбанов, Х.Нұрмұханов,  Ф.Мұсабаева, А.Мұқатаева, Г. Қортабаева, Қ. Жаппарова т.б. Сондай-ақ профессор М.Балақаевтың газет-журнал беттеріне сатира мен юмор жанрында қолданылатын кейіпкер атттары туралы жарияланған мақалалары бар.  

Cатира (мысал, мысқыл, өлең, сықақ әңгіме, повесть, романдар, фельетон) мен юмор (пародия, эпиграмма, юморесека) жанрында ұшырасатын кейіпкер табиғаты, әдетте өзінің образдылығы, мәнерлігі және ылғи ауыс мағынада қолданылатындығымен ерекшеленеді. Өйткені сатира, юмор - әрі көңілді, жеңіл, қуаныш, ренішке бейім өнер болғандықтан, оның әрбір кейіпкерлерінде эстетикалық, эмоциялық т.б. ақпарат болады. Біз үшін оның маңыздысы оның ұлттық сипатында, арнайы зерттеуінде құрамында дене мүшелерінің атаулары (соматика) бар кейіпкер аттары талданған. Яғни осы бас-көз, бет-ауыз, тіл-жақ мұрын, қол-аяқ т.б. атаулардан Г.Қортабаеваның зерттеу нәтижесінде 250-астам  сатиралық юморлық поэтнонимдер жасалған [80, 75 б.].

Осы мәселеге қатысты зерттеушілер поэтонимдердің мынадай белгілерін атап көрсетеді: жасалу жағынан туынды, яғни жазушылар оны дайын үлгіде жасайды; белгілі бір суреткердің шығармашылық, стилдік, эстетикалық танымына сәйкес жасалады; кейіпкерді сипаттайды; көркем тілдің жемісі т.б. [81, 175 б.].

«Сатиралық кейіпкер аттарын «ойдан шығарылған», «қиялдан туған», «жасанды» аттар, оның астарында деп санайды. Жалпы алғанда, ұлттық болмысты сипаттайтын тіл мен мәдениет сабақтастығында көрініс тапқан мұндай атаулардың қолданысынан қазақи мінез, әзіл-қалжың, салт-дәстүр, тарихы саясаты, мәдениеті көрінеді. Сондықтан да Қожанасырдан бастап, кейінгі Дайрабай, Мырқымбай, Судыр Ахмет, Қарақатын т.б. сияқты поэтонимдердің мәдени-танымдық қызметі өз жалғасын табуда.  

Қорыта келгенде, прецедентті есімдер дегеніміз поэтикалық шығармалардағы, фольклордағы келтірген кейіпкерлердің есімдері. Прецедентті есімдер біздің мәдениетімізде, әдебиетімізде, тарихымызда ерекше орын алады және антропонимдердің этномәдени, әлеуметтік аспектісін мазмұнды сипаттайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  ..