Топонимдік жүйесіндегі антропонимдердің, эпионимдердің, генетопонимдердің әлеуметтік мәні

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 3

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  ..

 

 

1.3

Топонимдік жүйесіндегі антропонимдердің, эпионимдердің, генетопонимдердің әлеуметтік мәні

 

Қазақ топожүйесін қалыптасуындағы антропонимияның көрінісі негізінен, лингвомәдени негізде анықталады. Oңтүстік Қазақстандағы топонимдерін зерттеген Ж.Исмаилова, Қ.Рысбергенова, А.Сембиев, Шығыс Қазақстанда Б.Бияров, А.Әлімхан, Батыс Қазақстанда Ұ.Ержанова т.б. Оңтүстік Қазақстан  аймағындағы топонимдердің құрамында жеке есімдер мен әулетесімдерден (фамилия) жасалған топонимдер көп кездеседі. Негізінен елді мекендер кісінің жеке атымен аталса, бірқатар жерлердің атауында әулетесімі қосарлана айтылады. Жекелеген адамдардың аты жөнімен аталатын географиялық объектілер атаулары сол нақты елді мекеннің негізін қалаған немесе сол төңірегінде тұрған, халық арасында, өз ортасында үлкен беделге ие болған кісі ататары кездеседі. Мысалы: Абай, Жамбыл, Аманкелді, Қошқарата, Қалдыкөл, Асан, Алтынбек құдықтары т.б.      Көрнекті ғалым Э.М.Мурзаев «Елді мекендердің атауларында кісі есімдері, фамилиялары, лақап аты жиі кездесіп отырады дейді» [49, 153 б.]. Жоғарыдағы мысалдан көрініп отыр антропонимдердің топонимдер орнына жұмсалуын көрсетеді. Өйткені антропонимдер, топонимдер, этнонимдер, гидронимдер өзара тығыз байланысты. Сонымен халықтың тұрмыс тіршілігі, рухани байлығы, мәдени мұрасы, тіпті белгілі бір кезендегі саяси ұстанымы да көрініс тапқан адам аттарының қатысымен жасалған антропонимдерде қандай да тарихи оқиғаның, құбылыстың, жағдайдың болмыс бейнесі көрініп тұрады. Сондықтанда болса керек, діни наным сенім берік орныққан Оңтүстік аймақтағы елді мекендер мен жер су, өзен, көл, құдық, т.б. атауларында мифтік бейнелер, пірлер мен әулиелер, тарихи тұлғалар есімдері жиі кездеседі. Қоғамдық орта, әлеумет өмірінің оқиға, өзгерістері тілдік деректермен таңбаланып, топонимияда өз ізін қалдырып отырған. Осы орайда аймақтағы елді мекен, жер су атауларының негізі ер адамдардың есімдермен аталатынын айту керек. Мысалы: Амангелді, Лесбек батыр, Қазыбек, Қабанбай, Рысқұл т.б. ауылдар. Осы заңдылықтың өзі қоғамдық ортада ер адамдардың орны ерекше, салмақты істердің ер азаматтың мойында  екенін көрсеткендей, ер адамды қадірлеу, сыйлау, ардақтау.

Ресейдің отаршылық саясатының салдарынан Кеңестік кезенде аймақтағы елді мекен, атаулары терең өзгерістерге ұшырап, орыс тілді атаулар көбейді. Мысалы: Түркістан ауданында Пушкин, Чапаев, Максим Горький, Сарыағаш ауданында Дмитрев, Стаханов, Горький, Карл Маркс, ауылдары, Мақтаарал ауданында Гагарин, Жданов Киров, Чкалов, Чехов ауылдары, Отырар ауданында Ильич ауылы, Түлкібас ауданында Мичурин ауылы т.б. Осындай жағдай тек Оңтүстік Қазақстан топонимдеріне ғана тән емес,   басқа да орталық, солтүстік, батыс облыстарында да кездеседі. Еліміз тәуелсіздігінің арқасында ежелгі атаулар қайтарыла басталады. Бұл қоғамдық әлеуметтік факторлардыңатаулардағы көрініс сонымен бірге оңтүстік Қазахстан аймағының топонимдік жүйесінде халықтың ежелден берігі діни нанымы, әдет-ғұрпы мен дәстүрі, әулие әмбиелердің есімдері географиялық атауларда кеңінен орын алып отырған. Оңтүстік Қазахстан облысында зерттеу жүргізген ғалым Қ.Рысбергенова аймақ агиотопонимдердің сипаттауда және топтастыруда ертедегі ислам қайраткерлерінің есімдеріне байланысты қалыптасқан баба, ата, ана, әулие этномаркерлі топонимдерге немесе никронимдер: Әзірет Сұлтан, Баба Ата немесе Ысқақ баба, Ибрагим Ата, Қарашаш Ана, Гауһар Ана, Қара Бура, Ақ баба, Әулие Ата, Укаш Ата әулие, ата баба, аналардың әруағына табынудың іздері болған [50, 58 б.].

Ұлы әулиелердің бұрын қараусыз қалып қалған мавзолейлері, зират-молалары, қасиетті мекен-жайлары қалпына келтіріп, халық көп жиналатын жерге айналды.  Мысалы: Түлкібас ауданындағы Шақпақ баба, Дәу баба ауылдары, Шардара аудандағы Ұзын ата ауылы, Төлеби аудандағы Әңгір ата ауылы, Сарыағаш аудандағы Қошқар ата, Диқан баба ауылдары қасиетті құтты мекендер. Бұл елді мекендердің ауларына назар аударсақ, мұндағы антропонимдердің көбісі тарихи тұлғалар, қасиетті адамдардың патронимдерден тұрады. Оңтүстік Қазақстан аймағы топонимдердің құрамында жеке адамдардың есімдері мен әулет есімдерінен жасалған микротопонимдер көптеп кездесіп отырады. Қорыта келгенде, Оңтүстік Қазақстан аймағының бірқатар географиялық атаулар қасиетті жерлерді мекендеген әулиелер патронимдермен байланысты екен.

Қорыта айтқанда, кез келген халықтың болмысын, оның жер бетіндегі өмір тіршілігін дәйектейтін деректердің бірі – топонимдік жүйенің өзегін де мәдени-танымдық коннотацияға сәйкес антропонимдер құрайды.

Сондай мәдени-әлеуметтік таңбаның бір саласы – қазақ тіліндегі эпонимдік есімдер.

Зерттеуші Г.Күзембаеваның «Қазақ тіліндегі эпонимдік аталымдар» деген мақаласында  эпонимдердің тілде қажеттілікке байланысты туындап және қазақ тіл білімі саласында қолдануындағы өзіндік ерекшеліктері болатыны көрсетілген

Ғылыми әдебиеттерде «эпоним деген сөз біреуге өз есімін беретін  деген мағына береді» деп анықталады. Басқаша айтқанда эпоним - басқа оним жасауға себеп болатын атақты адам есімі.

Орыс әдебиетінде эпоним терминінің басқа да аталымы бар. Мысалы, мәдениеттанушы ғалым Д.С.Лотте оны «фамилиялық» (атаесімдік) деп атаған [51, 27 б.] Л.И.Шубов бұл терминдер туралы: «Эпонимдік терминдер біз жеке адамдар есімдерінен жасалған терминдерді айтамыз», дейді [52, 16 б.], ал Б.А.Лобач «құрамына жеке адам есімдері енетін терминдер немесе жалқы есімдер» деп жазады. Эпоним атауларының ерекшеліктеріне назар аударған алғашқы ғалым - Д.С.Лотте (1961ж. ал оны әрі қарай дамытқан - В.П.Даниленко.

Эпонимдік есімдерге байланысты мәселенің бірі - жеке адам есімінің семантикасы. Эпонимдік есімдер тобына ғылым, әдебиет, өнер, саясат қайраткерлерінің есімдерімен қатар ғылым тарихында алғаш жаңалықтар ашқан адамдар есімдері де жатады. Мысалы, Бөкетов, Машанов, Сәтпаев, Менделеев т.б.

Жалқы есімдерінің семантикасының бір ерекшелігі бұлардың әр түрлі білім салаларындағы көптеген ұғымдарға атау ретінде жұмсауға болатындығы. Мысалы философиядағы бағыттардың, ағымдардың, мектептердің атаулары және сол бағыттар өкілдерінің аттары. Мысалы, Кант мектебі, Энгельс мектебі т.б. Медицина да мысалы симптомдарың (белгілерін) емдеу әдістерін, анатомиялық ұғымдарды, бірінші зерттеген және ойлап тапқан медицина құралдарының атаулары. Физикада физикалық модельдер, құбылыстар, заңдар, өлшем бірлігі т.б. Эпоним терминдер - белгілі бір дәуір «куәлары», ғылыми жаңалықтар ескерткіштері. Эпоним атауларына әр саладағы ғалымдардың  есімдерімен қатар, өткен ғасырдағы өмір сүрген хандар, билер, басқа да белгілі адамдар есімдері енеді. Мысылы: Қасым салған қасқа жол, Абылайдың ақ туы т.б. Термин эпонимдердің пайда болатын семантикалық өрістер білімнің нақты саласындағы, ұғымдық аппаратында антропонимдер ретінде қолдануындағы өзіндік ерекшеліктері байқалады. Ол терминалогия теориясында қарастырлады.

Қазіргі уақытта эпонимдік аталымдар медицина, химия, математика, геология және басқа да білім салаларында көбірек ұштасады, сондай ақ информатика, экономика және тағы басқа салаларында да қалыптасып келе жатыр. Ежелгі атақты философтар есімдері, олардың идеяларын жүзеге асырған ағымдар мен мектепке берілген: Сократ мектептері, аристотелизм.  Математикада «Пифагор теоремасы» деген термин, физикада «Архимед заңы», «Архимед күші» деген сөз тіркестері қолданылады. 

Қазіргі тіл ғылымында эпоним терминдер қатары жыл сайын толығып, тіліміздің сөздік құрамын байыта түседі. Қазіргі этнонимдер: филологиядағы - Абайтану, Жұбановтану, т.б.  астрономиядағы - Сәтпаев кіші планетасы, геологиядағы - Сәтбаев тау шыңы,  және т.б. Демек, ол атаулар тілдің әлеуметтік қызметін, динамикасын сипатын дәлелдейді.

Топонимдер жүйесіндегі онтологиялық жағынан антропонимдермен сабақтас қалыптасатын атаулар жүйесі  - генотопонимдер.

Генотопонимдік атауларға негізінен жер бедерлері (өзен, көл, тау, жайлау т.б.) мен агиотопонимдер (әулие, киелі кісілердің жерленген жерлері)  жатады.

Орталық Қазақстандағы геронократиялық топонимдер туралы жазған А.Жартыбаевтың диссертация жұмысында мынадай топтарға бөлінеді [5, 63 б.].: 

 1. Рулар құрамындағы аталық тармақтардың аталған жерлерді мекендеулеріне қатысты және ру басы ақсақалдар мен билердің есімдеріне қатысты  қойылған атаулары.

2. Ел қорғаны батырлар есімдеріне байланысты қойылған топонимдер

Осы зерттеудің мазмұны мен нәтижелеріне сәйкес рулық құрамындағы аталық тармақтағы қатысты қойылған атаулар Орталық Қазақстан өңірінде Бес мейрам бірлестігіне жататын аталар атауларына байланысты сипатталады. Атап айтқанда,  Бес мейрамнан тарайтын Болатқожа (каракесек) руынан Ақша, Түйте атты екі ұл туады. Қаз дауысты Қазыбек би Ақшадан туатын Бошаннан тарайды. Қарқаралы каракесектерінің ауызша шежіресінде былай айтылады:

Бошаннан бес ұл туады арыстандай,

Егессе арыстанмен алысқандай.

Таз, Байбөрі, Машай мен Манат, Жанат

Бәрі де қошқар туған арыстандай.

Осы бір бір атадан тарайтын бес ұлдың басын қосып Бес Бошан деп атайды, олар мекендейтіні Қарқаралы өңірі Бауыр Бошан елі деп те аталынады. Бошанның үлкен ұлынан Наманай туады. Каракесек шежересінде Наманайдан Бұлбұл, Бұлбұлдан Шаншар, Шаншардан Келдібек, Келдібектен Қазыбек туады. Қазақ халқаында есімі белгілі, аты аңызға айналған Қазыбек би. Өмірінің соңғы жылдарынАрқа даласында өткізеді.

Бес мейрам бірлестігінен тарайтын рулармен көрші қатынаста болған дадан тобықты, тама, бағаналы, тарақты, қанжығалы руларының да өмір сүргендігін тарихи деректер мен аңыз әңгімелер растайды. Олардың арасынан да әйгілі билер шығып, Арқа даласындағы ел басқару істеріне араласып отырған. Олардың даналығы мен тапқырлығын бағалаған халық олардың есімдерін топонимдермен таңбалап, бүгінге дейін әулие санап, олар жерленген өңірлерді солардың атымен атап келеді. Солардың бірі Жобалай би көп жылдар бойы дадан тобықты руының болысы болған. Оның шешендігін, тапқырлығын ел қатты сыйлаған. Кеңес өкіметі орнағаннан соң оны болыстық қызмет атқарған үшін қыс айында шанаға салып, орталыққа алып жүреді. Жолда қолы байлаулы Жобалай шанадан ауып түседі, орынан тұрып шанаға отыруын бұйырған айдаушыға «Жобалай керек болса, көтеріп ал» деген сөзі ел арасында мәтелге айналған.

Орталық Қазақстандағы ел қорғаны батырлар есімдеріне байланысты қойылған геронократиялық атауларының қоғамдағы орны ерекше. Қазақ хандығына қатысты болған тарихи-әлуметтік жайлардың бәрі де Орталық Қазақстан жерінен тыс өтпеген. 

Шыңғыс хан мен қазақ хандары ту тіккен Шыңғыстау мен Ұлытау өңірлері - тарихтың қайнар көздері. Осы өңірлерде жауға шапқан Жалаңтөс (Соқыр),  Жидебай, Сеңкібай, Байғозы, Ағыбай, Олжабай, Күшікбай, Қарабас батырлардың ерлік істері елде жақсы сақталып қалған.

Соқыр  - өзен, бейбіт. Қарағанды қаласының оңтүстік шығысында. Атау каракесек, сарым руынан шыққан Жалаңтөс батырдың есіміне байланысты қойылған. Жалаңтөстің батырдың Соқыр атауына соғыс үстінде бір көзін шығарып алуы себеп болған. Өз өсиеті бойынша жерленген өзен бойы Соқыр - басы, бейіт жанынан ағатын өзен Соқыр өзені деп аталған. Жидебай - бейіт, қазіргі Шет ауданында орналасқан. Жидебай батыр есіміне байланысты қойылған. Атау қаракесек, әлтеке - сарым руынан тарайды.  Сеңкібай - бейіт, өлке атауы, Шет ауданындағы. Қуандық ішіндегі алтай кареке руынан тарайды, халық батыры. Байғозы  бейіті Ақадыр станциясынан 50 км-дей жерде орыналасқан. Тарақты руынан тарайды. Күшікбай - бейіт, әрі жергілікті халық әулиелі жер ретінде құрмет тұтады. Қуандық, тоқа руынан, халық батыры. Ағыбай бейіт, Ақтоғай ауданында. Қаракесек, шұбыртпалы руынан, хан Кенесарының бас қолбасшысы болған. Өмірінің соңында мешіт салдырып, балаларды оқыту ісін қолға алған.

XVII ғасырдағы қазақтың ұлт азаттық көтерілісінің басшыларының бірі Олжабай батыр, айдабол руынан тарайтын. Батырдың бергі ұрпағы академик Ә.Марғұланның айтуынша, Олжабай батыр 1709 жылы туып, 1785 жылы Ереймен тауының сыртындағы Сілеті өзенінің бойында қайтыс болған. Ол қазіргі Ақмола обылысы, Ерейментау ауданы жерінде.

Жасыбай – көл және Серектас тауындағы асу. Көлдің Жасыбай батыр атымен аталуына осы көл жағасында қалмақтармен соғысып, оларды жеңіп, өзі Серектасқа жасырынған қалмақ Құбамергеннің тасадан атылған оғынан осы жерде қайтыс болған. Ол туралы Жанақ Жаңабатырұлының «Баянауыл» дастанында жазылған:

....Жол салған тасты бұзып Жасыбай ер,

Әркімнің ертедегі-ақ ауызындағы ер.

Арқадан қалмақ ауып өз жеріне

Кеткен соң ат қойылған «Жасылбайкөл»

...Жасыбай кім екенін сұрасаңыз

Жалықпас, тап руы Каракесек 

Осы келтірген мысалдарда қазақ халқының белгілі би, батырлардың есімдері генотопонимдер ретінде кешенді зерттеу арқылы анықталған, әлеуметтік мәні ашылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  19  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  ..