Этноантропонимдердің  қалыптасуының әлеуметтік - мәдени негізі

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 3

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  ..

 

 

 

1.1

Этноантропонимдердің  қалыптасуының әлеуметтік - мәдени негізі

 

Антропонимдер адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық, әлеуметтік құрлысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алды. Біз зерттеу нысанымызда тікелей қатысы бар профессор Т.Жанұзақов зерттеулеріне ерекше назар аудардық. Профессор Т.Жанұзаков зерттеулерінен бастап, кейінгі Қ.Рысбергенова, С.Оңайбаева, Ұ.Ержанова, М.Мұсабаева, Б.Бияров, З.Жанғабылова, А.Арысбаев, Г.Мадиева, А.Жартыбаев, Б.Тілеубердиев т.с.с. ғалымдардың зерттеулері қазақ антропонимиясына тән бір ерекшелік ретінде оның тақырыптық шеңберінің өте кең екенің көрсетті.

Қазақ есімдерінің де өзіне тән тарихы, шығу пайда болу жолы бар. Кісі есімдерінің шығу, қойылу тарихы өте көне замандарға, алғашқы рулық қоғамға барып тіреледі. Әуелде ру, тайпа аттарының, содан кейін кісі атттарын шыққаны күні бүгінде ғылымда белгілі болып отыр.

К.Маркс, Ф.Энгельс неке мен отбасы қалыптасуы туралы еңбегінде алғашқы қоғамдағы рулардың шығуын, олардың есімдерінің койылу тарихын ғылыми түрде кеңінен сипаттайды:

«Әрбір рудың белгілі бір есімдері немесе бірнеше ұқсас есімдері болады, ол есімдермен бүкіл тайпа ішінде сол рудың өзі ғана пайдалана алады, ендеше әрбір мүшесінің есімі де оның қай рудың адамы екенін көрсетеді» - дейді Ф.Энгельс [30, 47 б.]. Осымен бірге, ертедегі рулар аттарының хайуандар аттарымен байланысты болғанын көреміз. Ол туралы Ф.Энгельс: «Кейбір рулардың аттары хайуандар аттарымен де аталатын болған. Сенеке тайпасында қасқыр, аю, тасбақа, құндыз, бұғы, балықшы, көкқұтан, бүркіт деген сегіз ру бар екен. Халық аузындағы аңыз бойынша, басқа рулар аю мен бұғы атты рулардан тараған көрінеді» [30, 49 б.]. Бұл хайуандар аттары әрі сол ру басының есімдері ретінде жұмсалған. Кейінгі этаптарда осы ру аттары адам аттарына ауысып отырған.

Кейіннен адамдарды бір-бірінен ажырату үшін арнайы ат беріледі. Ол ат бала туғаннан соң жеті күннен кейін қойылатын. Бастапқы кездегі аттардың ана тіліміздің төл сөздерінен қойылғандығы байқалады. Мысалы: Бөрібай, Қойлыбай, Жетібай, Алтын, Kүміс, Kүмісбек, Бектай, Барыс, Құтжан, Темірбек, Kүнбек т.б. Байқап отырғанымыздай, бұл есімдердің қойылуынан этномәдени уәж анықталады. Атап айтқанда, ай мен күнге, тау мен өзен, көлге табынып сыйынуға сәйкес мифтік таным негізінде қалыптасқан есімдер мыналар еді: Айсұлу, Айхан, Айдай, Kүнай, Күнбек, Айкүн, Таутай, Таубай, Kөлбай, Kөлтай, Бөрібай т.б.

Бұл жай туралы түрікмен ономастикасын зерттеуші З.Б.Мұхаммедова: «древнейшими, на наш взгляд, следует считать имена, восходящие к названиям атмосферных осадков, солнце, луны, растений, и животных» деп жазса, [31, 45 б.] өзбек антропонимикасы туралы Э.Бегметов: «Имена, Тангриберген, Тангриберди, Тангриқүл, Қуанышбек, Ойзада, Ойкон связаны с культом неба, солнца, и луны, являются ярким свидетельством поклонения и почитания людьми этих небесных и наземных «божеств», - дейді [32, 18 б.].

Қазақ ономастикасының негізін салушы ғалым-маман Т.Жанұзақовтың зерттеуінде қазақ есімдері туралы мақалалар ХІХ ғасырдың екінші жартысынан шыға бастағаны, ондай алғашқы мақалаларға А.Е.Алекторовтың, А.Диваевтың көлемі жағынан тым шағын мақалалары жататыны көрсетілген.

Кісі аттары мен фамилиялары туралы алғашқы мақалалардың бірі академик І.Кеңесбаев қаламынан туған. Бірақ бұл мақалада қазақ есімдерінің таза лингвистикалық сипаты, атап айтқанда,  дара, біріккен тұлғалары, араб-иран тілдерінен енгендер, фамилиялардың қосымшалары және олардың жазылуы, орфографиясы сөз болады. Ал, қазақ антропонимдерінің этномәдени әлеуметтік мәнін ашатын тілдік деректер академик І.Кенесбаевтың «Фразеологиялық сөздігінде» молынан кездесетіні белгілі. Ол жұмыс зерттеу барысында дәйек ретінде пайдаланылды [33, 82 б.].

Профессор С.Аманжоловтың мақаласы кісі аттарының сөздік қорға тәндігі, жеке зерттеу объектісі болатыны және оларды шығу, қойылу ретіне қарай топтастыру, жіктеу мәселелеріне арналған.

Бұл мәселенің нақты дәйектелген тұжырымын ғалым мақаласында былайша түйеді: «… жер мен су аттарын алсақ та, кісі аттарын алсақ та, олардың жасалуында белгілі бір заңдылықтың барын байқаймыз. Мұндағы кісі атының өзі тоғыз жол яки тоғыз мақсатқа тірелетіні көрінеді. Тоғыз жол дегендеріміздің бірі – адамзаттың жақсы өмір сүргісі келуіне байланысты. Бұл мақсатқа жету үшін ата-анаға өз баласына ең жақсы, ең белгілі, атақты адам сол діннің бастықтары, я сол дін үшін күрескендер болып көрінеді.                 Мысалы, ислам дінін қабылдаған жұрт үшін қадірлі, атақты адам сол дін үшін күрескендер болып көрінеді. Сондықтан мұсылман діндегілердің аты бірде таза Мұхамед, Ғали, Омар, Оспан, Ахмет, Садық болып келеді (Мұхамедсадық, Сапарғали, Қожахмет, т.б.)».

Халықтық танымның ең асқан көрінісі шын мәнінде, адамдардың есімдері, олардың қойылу тарихы. Сондықтан да сәбиге атты сол әулеттегі үлкен не болмаса аса беделді адамдарға қойдырудың себебі де этникалық салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың айғағы. «Тоғыз жолдың үшіншісі – баланың мінез-құлқы жақсы болуын тілеуден туатын аттар. Мысалы, жібектей болсын десе, қыздың атын Жібек қояды. Жомарт болсын десе, баласына Жомарт я Мырза деген ат қояды…» [34, 368 б.].

Профессор Ғ. Мұсабаев, Ғ. Айдаров  еңбектерінде көне түркі есімдері, тілдегі сөздер мен кісі аттарының жасалу заңдылықтарындағы ұқсастық, ондағы кішірейткіш, еркелеткіш, ұлғайтқыш жұрнақтардың қызметі, өзіндік ерекшелік сипаттары берілген. Тілдегі осы өзекті мәселеге проф. Ғ.Мұсабаевтың «Қазақ тіліндегі кейбір кішірейткіш жұрнақтар» атты мақаласы арналған [35, 112 б.]. Автор кісі аттарындағы еркелеткіш -ш, -қан, -жан, -тай тәрізді жұрнақтардың семантикасы мен функциясын саралайды.

Бұдан әрі антропонимика саласының қазақ тіл білімінде дамуы оның табиғатын анықтауды тереңдете түсті. Қазақстан картасындағы көптеген елді мекендер, оронимия (тау, шың, шоқы, төбе атаулары), гидронимия (өзен, су, көл, құдық, бастау атаулары), микротопонимия (сай-сала, жайлау, шабындық, қыстау атаулары) кісі аттары мен фамилиялардан қойылған атаулар. Бұл екі ғылым арасындағы ұқсастық пен тығыз байланыс (антропонимика+топонимика) А.Әбдірахманов, Ғ.Қоңқашбаев, Е.Қойшыбаев, В.Н.Попова, О.Султаньяев еңбектерінен анық көрінетіні қазақ ономастикасында атап көрсетілген. Мысалы, А.Әбдірахмановтың еңбегінде көптеген ортақ есімдердің этимологиясы талданып, тарихи мағынасы ашылады. Бүкілодақтық конференцияларда жасаған баяндамалары арқылы ғалым еңбегі кеңінен қолдау тапты, мәні анықталды.

Профессор Т.Жанұзақовтың қазақ антропонимдер құрылысының  жаңарып, көбейе түсуіне әсер еткен деп көрсеткен әлеуметтік мәдени факторының бірі ислам дінінің тарауымен байланысты. Ғалымның атап көрсеткеніндей, Х ғасырдан бастап ислам діні қазақ даласының түкпір-түкпіріне тарап, мүмкіндігінше сіңісе бастайды. Сөйтіп, мұсылман дінінің ықпалы күшті болып, тұрмыстық, қоғамдық жағдаяттың барлық саласына әсерін тигізді.

Антропонимдердің этномәдени, әлеуметтік мәнін, мазмұнын сипаттайтын құжаттық қызметін анықтаудың қазіргі антропоөзектік бағыттағы зерттеулерде мәні ерекше.

Мысалы, қолданудан әлдеқашан шығып қалған, бірақ тілімізге тән, жалқы есім сөздер антропонимияда сақталып отыр. Мәселен, Ардақ, Байсал, Ораз, Жора, Жекен т.б. Демек, антропонимдер арқылы берілетін ақпаратта  өзіндік ерекшелік болады. Балаға ат қою әр халықтың өзіндік дүниетанымымен, салт-дәстүрі мен наным-сенімдерімен тығыз байланысты. Мысалы қазақ халқында: Абзал, Мақсат, Нұрлан, Айгүл, Азамат, Айбек, Дәулет, Дархан, Бексұлтан, Айнұр, Күнсұлу, Гүлім, Сұлушаш, Гүлнар, Назгүл, Айдана т.б. көптеген атаулар игі мақсатымен қойылған. Бұл атаулардың астарында ата-анасының, ат қойған адамның баланың бойында осы сөздердің мағынасында бар жақсы қасиеттері мол азамат болсын деген арман-тілегі, ниеті жатыр.

Кейбір есімдер баланың туған уақытымен нақты жағдайымен байланысты қойылады. Мәселен: Наурызбай, Майгүл, Маусымжан, Маусымбай, Қазанбек, Қаңтарбай сияқты есімдер баланың туған (уақтысымен) тікелей байланыстырып қойылған. «Наурыз» мейрамы, «Жеңіс күні» мерекесі күндері туылған балаларға да Наурызбай, Жеңіс, Жеңісхан, Жеңісбек сияқты ат қойлады. Ал Меңгүл, Меңсұлу, Қалдыгүл, Қалдыбек сияқты есімдерінің меңі, қалы бар нышанды балаларға қойылатыны белгілі.

Проф. Т.Жанұзақов қазақ есімдерін  табиғат құбылыстармен байланысты есімдер, мал шаруашылығына байланысты есімдер, асыл металдарға байланысты атаулар, жеміс-жидек атаулары байланысты есімдер, туыстық атаулармен байланысты есімдер, жер-су аттарына қойылған есімдер, түрлі тағам аттарына байланысты есімдер, тағы аңдар мен үй хайуандары және құстарға байланысты есімдер деп, он лексика-семантикалық топқа жіктейді [12, 40 б.]. Осы еңбектің және содан бастау  алған осы тектес зерттеулердің (Ж.Смағұлова, Д.Керімбаева, Ж.Ағабекова, З.Жанғабылова т.б.) нәтижесінде қазақ антропонимдерінің лексика- семантикалық топтарына негіз болған мынандай дереккөздер мен этномәдени факторларды көрсетуге болады: 

1. Қазақ антропонимиясын байытудағы фольклордың орны ерекше. Кейбір фольклорлық жалқы есімдер жоғары образдылығымен, жоғары дәрежеде типтене отырып, жалпыұлттық символдарға айналады. Мұндай фольклорлық есімдер жалпыұлтқа танымал болады, ұлттық мәдениеттің негізгі тұжырымын білдіреді. Мысалы: Қобыланды батыр, Қыз Жібек т.б. ертегілер мен аңыз-әңгімелер кейіпкерлер аттары.

Қазақ ертегілеріндегі антропонимика құрамын шығыс фольклоры мен мәдениетінің ықпал еткендігін байқауға болады. Сондықтан мұнда Ескендір, Рүстем, Фархад, Шырын, Сүлеймен, Дәуіт т.б. шығыстық реңктегі есімдер қолданыс табады. Қазақ қиссалары мен дастандарында араб-парсы тектес антропонимдер көптеп кездеседі.   

2. Қазақтың кең байтақ даласы, оның әр тасы мен бұлағына белгілеп ат коюы - ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық дәстүрінің бірі. Осы жер, су, тау, өзен, қала аттарын зерттейтің ғылым топонимика. Топонимдердің құрамында жеке есімдер мен фамилиялар өте көп кездеседі Мысалы: Аякөз, Жамбыл, Нияз, Абай т.б. Көптеген кісі аттары мен фамилиялардың гидронимиялық (көл, өзен, су, құдық) аттаулардан жасалған мысалы: орыс тілінде Донской, Невский, Азерин, Прудников, Волгин т.б. қазақ тілінде; Еділ, Есіл, Ертіс, Kөлбай, Ілебай, Kегенбай, Орал т.б.

3. Қай тілдің болсын антропонимиялық қазына байлығы тек төл есімдер ғана емес, басқа тілден енген антропонимдер де құрайды және олардың жалпы антропонимиялық қордағы үлесі мол болады. Қазақ тіліндегі араб текті есімдер арабтардың мәдениетінің, салт-дәстүрінің және дінінің енуімен байланысты. Жалпы араб текті қазақ есімдерінің қазақ антропонимия қорындағы жалпы саны – 2000 деп алсақ, оның 1000-нан астамы ерлер, 900-дейі әйелдер есімін құрайды. Алланың көркем есімдері мен пайғамбарлар аттарына байланысты есімдер: Аллаберген, Абдулла, Али, Мұқаммет, Kәрім т.б. мәліметтер Ж.Ағабекованың жұмысынан алынған.     

4. Жабайы аңдардың, құстардың атаулары кісі аты ретінде қойылып отырған. Еркіндікте, бостандықта жүретін, қарулы әрі жүйрік саналған. Жабайы хайуандардың аттарын бала күшті, қарулы болсын және солардай еркін өмір сүрсін деп қойған. Мысалы: Арыстан, Бүркіт, Жолбарыс, Қарақат т.б. Ата-бабамыздың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан да төрт түлік малға байланысты кісі есімдері жиі кездеседі. Түйеге, қойға, немесе жылқыға бай болсын деген мақсатпен төрт түлік малға байланысты балаға ат қойған. Мысалы: Қойшыбай, Жылқыбек, Нартай, Малбағар, Жылқыайдар, Ақбота, Жанбота, Түйебай, Бурабай т.б. [36, 18 б.].

5. Қазақ халқы ерте кезден-ақ аспан жұлдыздарын бір-бірінен ажырата білген, әрі мифтік танымға сәйкес табынған. Осымен байланысты аспандағы жұлдыздар сияқты жарық болсын деген мағынада кісі есімдері қойылған: Шолпан, Есекқырған, Үркер дел атаған Табиғат құбылысына байланысты атаулары табынып сыйыну нәтижесінде шыққан есімдер мысалы: Нұрсұлу, Нұржан, Айсұлу, Күнай, Айжарық т.б. Осы құбылыстың болуына бастама болсын деген мағынаға байланысты: Таусоғар, Айтуар, Күнтуар т.б.  

6. Тарихи қайраткерлердің, хандардың, белгілі ақын-жазушылардың, атақты батырлардың есімдері қазақ тілінде қолданыста. Осы әйігілі, беделді тұлғалар сияқты ақылды, парасатты, қайраты болсын деп ат койған. Шынғысхан, Махамбет, Қазыбек, Сәкен, Жамбыл т.б. Сол батырлардың ақылшысы, өмірлік сүйген жарлырының аттарының қыз балаға қояды: Назым, Айман, Жібек, Гүлдана т.б.

7. Көшпелі халықтың тұрмысы мен өмір тіршілігіне қажет заттарына байланысты есімдер: Kиізбай, Тоқаш, Сүттібай т.б.  Сондай-ақ материалдық игіліктер, үй бұйымдарына байланысты қойылған аттар да көп кездеседі. Ертеде байлық негізгі болғандықтан, бала бай, хан, мырза, бек, сұлтан болсын деген мағынада койылған аттар: Баймырза, Бексұлтан, Асылхан, Сұлтанбек т.б.

8. Ал қымбат металдарға байланысты қойылған аттар қазақ халқының өте ертеден-ақ алтын, күміс, болатпен таныстығын көрсетеді  Қымбат металдардың атаулары, зергелік істер мен шеберлік өнерге байланысты кісі аттары: Алтын, Kүміс, Моншақ, Маржан, Әшекей, Сырғабай т.б. Қазақтың дәстүрлі қару-жараққа байланысты кісі аттары: Қылыш, Садақ, Айбалта, Найза т.б.

9. Әр түрлі ырымға байланысты қойылған аттар. Бала сұлу, көрікті, сүйкімді, бойшаң, мінезі ашық, жомарт болсын деп Жамал, Сәуле, Ақылжан, Жомартбек т.б. Бала тұрақтасын, көз тимей өлімнен аман болсын, өмір жасы ұзақ болса екен деген мағынадағы аттар: Тұрар, Өмірзақ, Жанұзақ, Мыңжасар т.б.  Көптен баласы болмай жүрген отбасында немесе көп бала болсын деген тілекпен қойылатын есімдер: Қуандық, Сағынды, Тілепберген, Сүйіндік, Жалғас, Ілес, Ұлас т.б.     

10. Ру, ел, халық, ұлт атаулары негізінде жасалған есімдер: Дулат, Ноғай, Арғынбай, Қырғызбай т.б. Қазақ есімдерінің біразы көрші туыстас халықтар аттарының  да жасалып отырған. Олар: Орысбай, Ойрат, т.б. Адамға бұлайша ат қоюдың басты себебі – қазақ халқының аты аталып отырған халықтармен ұзақ ғасырлар мәдени байланыс, қарым-қатынас жасап, достық, туыстық ынтымақта болғанында.

Осымен байланысты М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясының тілін жүйелеп зерттеген проф. Е.Жанпейісовтың «Этнокультурная лексика казахского языка» еңбегінің қазақ тіл біліміндегі этноантропонимия саласын қалыптастыруда маңызы ерекше [37, 175 б.]. Осы еңбектің негізінде «Абай жолы» эпопеясындағы кісі есімдерді мынандай лексика-семантикалық топтарға бөлуге болады. Араб-парсы тілдеріне енген есімдер: Әбді, Әбдіғапар, Әбдіжәміл, Әбдірақмат, Әбдірахман, Әбділда, Әбілқасым, Әнуар, Әлима, Әбілмансұр, Әбілмәжін, Әліш, Әлішер, Әлі, Әлім, Әлімбай, Әлімбек, Әліимжан, Әутәлип, Әріп, Әлімқан, Әлімқұл, Әлжаппар, Әли, Әлия, Әлизаде, Әлмағамбет, Әлмәмбет, Әсма, Әшім, Әшір, Әшірбай, Әсет, Әсия, Әлмен, Әсел, Ахмеди, Абдолла, Афрасияб, Афтап, Асхат, Ахмет, Бәтимә, Бағила, Бісмілда, Бағлан, Гүлжәмила, Гүлқаныс, Ғаббас, Ғабдол, Ғабдолла, Ғабдулжаппар, Ғабитхан, Ғабиден, Ғазиз, Ғазиза, Ғани, Ғайни, Ғали, Ғалия, Ғайса, Ғұбайдолла, Данияр, Дәмежан, Дәулет, Дәуіт, Дәуітпай, Есдәулет, Есболат,  Жамал, Жәмила, Жауһар, Жаппар, Зурә, Зуһра, Зағира, Зариф, Зәуре, Зейнеп, Исләм, Камал, Камали, Камила, Кәдіржан, Кәкітай, Кәмәли, Кәмшат, Кәрім, Күлпаш, Күлпан, Күлиза, Күлия, Күлшат, Қабас, Қабдеш, Қабдол, Қадыр, Қадырәлі, Қадырқұл, Қали, Қалидолла, Қамза, Қанипа, Қапиза, Қасен, Қасым, Қасымбек, Қасымжан, Қасымқан, Құсайын, Құнапия, Мадияр, Мәлік, Мәлике, Мәлі, Мәлікаждар, Мәулен, Мекапар, Мекәіл, Мағауия, Мағрипа, Мұса, Мұстапа (Мұстафа), Мұхамбеткәрім, Мұхамедияр, Мұхамед Хайдар, Мұхаметжан, Мұхтар, Мүслім, Мүсірәлі, Насыр, Науаи, Науан, Нафиса, Нәзипа(Назипа), Назым, Назымбек, Науан, Низами, Нияз, Нұрғали, Неғматулла(Неғматуллин), Нұтфолла, Ораз, Оразалы, Оразбай, Оразбақ, Оразке, Өмірәлі, Пәкизат, Пәрман, Пәрмен, Рабиға(Рәбиға), Рамазан, Рахила, Рахман, Рахымжан, Рашид, Рашидад-дин, Рәш, Розахон, Рүстем, Сафиат, Сахип, Саяділ, Сәбит, Сәду, Сәдуақас, Сәкен, Сәлима, Сәлім, Сәлімжан, Сәлімқан, Сәмен, Сеит, Сеитқали, Сейіт, Сейтбаттал, Сеитқан, Сейполла(Сейфолла), Сләм, Смайыл, Таһир, Уәли, Уәлихан, Уәсила, Үмбетәлі, Файзырахман, Фархад, Фатима, Фзули, Фирдоуси, Хадиша, Хайдар, Хакима, Хакімжан, Халил, Халима, Халиолла, Хамит, Хасан, Хасен, Хасейін, Хәмза, Хисрау, Хожа Хафиз, Хұсайын, Шағидулла, Шаймардан, Шара, Шарапат, Шарафия, Шарипа, Шахмет, Шаяхмет, Шәкір, Шәмил, Шәмші, Шәмси, Юсуп. 

Ай, нұр, күн  сөзімен тіркескен есімдер: Ай, Айбала, Айшат, Айшуақ, Айбарша, Айбас, Айбек, Айғыз, Айдапкел, Айдар, Айдарбек, Айдос, Айжан, Айни, Айкүміс, Айман, Айманкүл, Айпара, Айса, Айсұлу, Айша, Айшакүл, Күнсұлу, Күнту, Күнбала, Күнекей, Күнікей, Нұралы, Нұрбай, Нұрғали, Нұрғаным, Нұрбай, Нұреке, Нұржан, Нұрила, Нұрке, Нұрқан, Нұрқара, Нұрқат, Нұрқожа, Нұрлан, Нұрлыбек, Нұрмағамбет, Нұрмұқамбет, Нұрпейіс, Нұртаза, Нұртай, Нұртас, Нұршайык.      

Бек, бей, бай, мырза, сұлтан, хан, батыр, ер сөздерімен тіркескен есімдер: Бек, Бекбай, Бекбау, Бекберген, Бекбол, Бекболат, Бекежан, Бекей, Бекен, Бекет, Бекқадыр, Бекмағамбет, Бектас, Бектен, Бектоғай, Бекхожа, Бейғазы, Бейсек, Бейсембі, Бейсембай, Бейімбет, Бейсен, Байәділ, Байбосын, Байбөрі, Байбұлан, Байғара, Байғұлақ, Байдалы, Байділда, Байжан, Байжұман, Байжігіт, Байкөкше, Байқадам, Баймағамбет, Баймұқамет, Баймұрат, Баймұрын, Байназар, Байсал, Байсары, Байсүгір, Байтас, Байтоқа, Байторы, Байтөре, Байтұяқ, Байұзақ, Байшуақ, Байымбет, Байымбет, Байып, Байысбай, Мырзабай, Мырзабек, Мырзағұл, Мырзатай, Мырзахан, Сұлтан, Сұлтанмахмұт, Ханзада, Батырбай, Батырқан, Батыраш, Ербол, Ералы, Ерғазы, Ерден, Ержан, Ержігіт, Еркімбек, Еркін, Ерман, Ермұса, Ерімбет, Ертөстік.

Жан, тай, сөздермен тіркескен есімдер: Жанай, Жанайдар, Жанбота, Жанғазы, Жанғайша, Жандарбек, Жандос, Жанкісі, Жансейіт, Жансүгір, Жантас, Жантемір, Жантөре, Жанұзақ, Жаныс, Жаныспек, Тайбала, Тайқар, Тайлақ, Тайлақпай, Тайман, Тайша, Тайыр.

 Қымбатты метал, ру атауына байланысты кісі есімдер: Алтын, Алтынай, Алтынбек, Алтынсары, Айдос, Ерболат, Есболат, Жаппас, Керей, Дулат, Қамбар, Қарабас, Қожа,Қуандық, Қуатжан, Қызай, Мамай, Найман, Олжай, Сүйіндік, Топай, Төре, Шор  т.б

Осымен байланысты жоғарыда атап көрсетілген антропонимия мәселесін тіл мен ұлт, тіл мен мәдениет сабақтастығында зерттейтін жаңа бағыт, жаңа сала – этноантропонимика. Оның алғашқы ғылыми негіздері профессор Ә.Қайдар, Е.Жұбанов, Қ.Өміралиев, Е.Жанпейісов сияқты ғалымдардың еңбектерінен басталады. Нақты айтқанда, этнонимдер (ру, тайпа аттары) мен антропонимдермен жасалған есімдерді ғылымда этноантропонимия  (Т.Жанұзақов) деп атайды [38, 85 б.].

Бұл термин антропонимияның бір тармағы болып саналады. Тіліміздегі ру, тайпа, халық аттары мен кісі аттарының өзара байланысы, ауысу процесі тарихи - дәуірлермен ұштасып келе жатқан құбылыс.

Проф. Қ.Жұбанов көптеген қазақ есімдерінің тек этномәдени сипатымен қоса этимологиялық төркінін де анықтайды. Осымен байланысты «жуықтық» және «аулақтық» деген терминдер ұсынады [39. 61 б.].

Жалқы есімдерде жуықтық тенденциясы өте аз. Ал басқа сөздер, әсіресе, жалпы есімдер ондай емес. Жуықтық тенденциясы сөздің түрлі қалыпқа түсуін тұсайды. Сондықтан жалқы есімнің аз өзгеретін себебі оның сөз бен сөзді айырып, неңұрлым, ұқсатпау мақсатына байланысты. Ағайынды кісілердің аттары бір түбірлі сөздерден болуы шарт емес. Бұлардың грамматикалық жағынан бірдей таңбалануы шарт емес. Өйткені, сөздің жақынын таңбалау мақсат емес, қайта олардың басқалығын білдіру шарт. Сондықтан жалқы есімдер аулақты тенденциясымен тез үйлеседі.

Соның нәтижесінде жалқы есімдерден болған сөз түбірлері өзгеріп отырады. Мысалы, әлдеқалай екі түрлі айтылып кеткен бір жалқы есім кейде екі кісіге ат бола кетеді (Ғали, Әли, Қали, Қалима, Мұханбет, Махамбет т.б.); кейде бір аттың (есімнің) кіші формасы да өз алдына дербес ат болып кетеді (Мұқан, Мұқаш, Шонан, Шонтық, Шонай).

Сонымен бірге есімдердің этимологиясын анықтайды: шон түбірі оқшантай дегендерде – шон. Натуралды шаруашылық кезінде көнек, талыс сияқты теріден жасалатын ыдыстардың бір түрі шон деп аталған.

Бұқар жыраудың:

Сен бұзау терісі – шөншіксің,

Мен өгіс терісі – талыспын, -

деуі бұған дәлел (шөншік – кішкене дорба, кішкене қап, ХVIII ғ.әдебиетінен). Ираннан кездеме алып, дорбаны матадан жасайтын болған да, олардың аты қазақта қалта болып қабылданған. Сөйтіп мес, саба, торсықтан басқалары ыдыс мағынасын жойған. Оқшантай – оқ-дәр салатын, қошқардың ұмасынан бітеу сойып алған тері қалта.

            Ғалым Бәтима – Бәтіш, Гүләйім – Күләш, Мағрипа – Мағыш сияқты сөздердің әрқайсысы өз алдына дербес жалқы есімдер мен етістіктерде бола бермейді; кішірейту формасы болмағандықтан, түбірден бөлініп басқа бір сөз жасалмайды, жасалса да сирек, онда да ұзақ замандар өткеннен кейін, жаңа заман ұғымы ескі заманнан өзгеше болғанда ғана жасалады. Мысалы: парсының қоразын «кішкене ата» деп танығандықтан әтеш деген сөз шыққан (татардан келген). Бұрын іші қуыс заттың бәрін күбін деген, күпшек пен келіншекті олардың түбіріндегі сөздердің кішіреюі деп танымай, басқаша таныған. Жалпы есімнің бұлай болуы әрі ұқсастығын, әрі айырмасын білдіру қажет болған. Ал жалқы есімдерде олай емес, олардың кішірейген сыңарлары туынды сөз түрінде болады (Мырза, Мырзаш); мұндай ұқсас сөздердің басқалығы сол есім иелерінің әкесінің аты мен фамилиясынан айқындалды.

            Қазақ есімдерінің этномәдени сипаты проф. Қ.Жұбановтың пайымдауынша, бір үйдің, ия, туыс балалардың ат қоюынан да көрінеді: «Қазақта бір кісінің баласы екендігін көрсететін ұқсастық көріністері де бар. Оларды ұйқас атар дейміз (Опа – Сапа, Шамғали - Мұфтиғали). Бұл түбірлестігін көргеннен емес, лексика жағынан түбірін жақындату емес, ұйқастығын жақындату жолымен ғана жасалған (Опа-берік, Сапа-қызық). Сондықтан жоғарыдағыларды ұқаса ету үшін аллитерация, ассонанстар шыққан» [39. 98 б.].

Ал, қазақ есімдеріндегі тотемдік мән де ғалым назарынан тыс. қалмаған: «Жаңа мағына демекші, бірқатар айуан, аң бұрынғы құдайымыз. Қасқырбай, Түйебай, Құлыншақ деп ат қоюымыз соларды ардақтап, қастерлегенімізден. Мұндай қылық орыстар  да бар. – Собакевич, Волков, т.б. Мұндай сөздердің өзі қалғанымен мазмұны жаңарып, өзгеріп отырады. Америка елінде кесірткеге тимейтін халық әлі бар. Адам табиғатты танып, білген нәрсесін актив, пассив деп жорамалдаған».

Проф. Қ.Жұбановтың тек қазақ антропонимдік жүйесінің валенттілік (тіркесімділік) теориясымен қатыстылығы тұрғысынан сипатталғаны ғана емес, жалпы синтаксис теориясына өзіндік үлес қосқан мына тұжырымдарын біздің жұмысымызда атап өтпеу мүмкін емес: «Правда, единичны случаи сохранения предпологаемого древнего порядка слов. Иначе и быть не могло, ибо господство новой нормы могло осуществиться после того, как была вытеснена старая. Поэтому и там, где определние стоит за определяемы, наше грамматическое мышление не всегда в состоянии это видеть, более того, оно способно превратить определение в определяемое и наоборот. Быть может, такие странные сочитания, как Күнсұлу (Солнце красивое), Айсұлу (Луна красивая), Таңсұлу (Утренняя заря красивая), встечающиеся в традиционных личных женских именах, или аналогичные им мужские имена, вроде: Күнжарық (Солнце светлое), Айжарық (Луна светлая), Таңжарық (Утренняя заря светлая), и были образцами такого расположения слов, при катором определения, выраженные прилагательными сұлу (красивый) и жарық (светлый), следовали за определяемыми күн (солнце), ай (луна) и таң (утренняя заря). Подобное допущение более вероятно потому, что здесь в последних компонентах (сұлу и жарық) нет возможности усматривать сказуемое, а в первых (күн, ай, таң) – подлежащее, так как сочетания, составляющие личные имена, крайнее редко принимают форму предложения, вроде: Жыл келді (Весна наступила), Қожам берді (Мой хозяин пожаловал) и т.д. Чаще всего личные имена, будь они простые или сложные – безразлично – представляют собой выражение либо атрибута некой субстанции, либо предиката некоего субъекта. В первом случае субстанцией, во втором – субъектом мыслится лицо, носящее имя. Так что полный перевод вложенных в вышеперечисленные имена мыслей может быть таков: «(это) – красивое солнце», «(это) – светлое солнце» и т. д.

            Бывает также, что личные имена выражают идеал. В таком случае они означают: «(пусть это будет) красивое солнце», «(пусть это будет) светлое солнце». Словесно выраженной формой такого осмысления личных имен являются женское имя Ұлбосын – «пусть будет (это) сын», мужское – Жанбосын – «пусть будет (это) душой», Жанбол – «будь душой» и т.д.

Личные имена Күнсұлу, Айсұлу, Таңсұлу, Күнжарық, Айжарық, Таңжарық не могут быть ситаксическим расшифрованы в пределах современных норм, т.е. как сочетание определения с определяемым, предшествование первого второму, потому что существительные теперь не употребляются в качестве определений, когда определяемым должно быть прилагательное. Исключение составляют образования типа қойшы торы, букв. пастух гнедая, т.е. пастуший гнедко, бәйгі күрен, букв. скачка рыжая, т.е. скаковая рыжая. Но механизм подобного исключения ясен.

Сонымен бірге ғалым көптеген сын есімдердің қазақ тілінде белгілі бір жағдайда ғана, қолданысқа сәйкес заттанатынын және сонымен бірге  көптеген есімдердің әрі зат есім, әрі сын есім ретінде болатынына назар аударады (Байлардың, лауазымдардың, әртүрлі кәсіп иелерінің, т.б аттары).

Қоғамда әлеуметтік орны бар, жағдайы бар адамдардың аттары. Оған мысал ретінде қазақ танымына сәйкес түсінілетін бай, батыр, сұлу сөздерін келтіреді. Нақты айтқанда,  бай – «әт» дәулеті мол адам (сын есім), әрі қазақ тұрмысындағы әлеуметтік жікті анықтайтын атау (зат есім). Батыр - әрі ержүрек, батыл адам (сын есім), әрі әлеуметтік топтың өкілінің атауы (зат есім) т.б.

Сондықтан, осы тектес есімдердің жоғарыда аталған қасиеттерінің, олардың адам есімімен тіркескен кезде мәні бар екен. Атап айтқанда, осы жалпы есім мен жалқы есімнің қайсысы сол атқа тән белгілі анықтаса, сол кісі есімдерінің анықтауыш болады. Мысалы, Маман бай, Көтібар батыр, Айман сұлу, Қыз Жібек т.б

Профессор Е.Жұбановтың тұжырымдауынша: «тілдің сөздік құрамының алуан түрлі салалары секілді антропонимдік атаулар мен этнонимдерді, әлеуметтік топтардың жыр-дастандарында сақталған жинақ аты іспетті «қара қыпшақ Қобыланды» тәрізді эпонимдерді, яғни, эпос қаһармандарының генеалогиялық тегін танытатын есімдерді зерттеп, олардың көркемдік сырына, табиғатына зер салу әлеуметтік лингвистиканың бүгінгі таңдағы міндеті» [40, 126 б.].

Тіл білімінде жалқы есімдерді зерттеу барысында әлеуметтанымдық тіл білімінің гендерологиялық саласын, негізінен, мынадай бағыттарды қарастыру қажет:

1) Семантикада бір тілді басқа тілдермен салыстырғанда ер адамдар және әйел есімдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

2) Ер және әйел адамдар есімдерін статистикалық тұрғыда талдау.

3) Бейресми есімдерді жынысқа қатысты зерттеу.

Гендерология мәселесі - тіл білімінде жанадан зерттеліп  жатқан сала. Бұл туралы И.Г.Ольшанский, А.В.Кирилина: «Гендер: лингвистические аспекты» атты мақаласында: «Гендерные исследования это новое направление в гуманитарной науке, находящийся сейчас в процессе становления. В центре еге внимания - культурные и социальные, а также языковые факторы, определяющие отнощение общества к мужчинам и женщинам, поведение индивидов в связи с пренадлежностью к тому или иному полу, стереотипные представления о мужских и женских качествах - все то, что переводит проблематику пола из области биологии в сферу социальной жизни и культуры» деп жазады [41, 133 б.].

Т.М.Абдрахманованың зерттеуіне қарағанда лақап есімдері қазақ, орыс, неміс тілдері бойынша олардың көбі ер адамдарға қойылады. Бұл әр тілдің өзіне тән ерекшелігін бар екенін көрсетеді. Неміс және орыс тілдеріндегі лақап атаулар жынысқа байланысты өзгешеленеді, ал қазақ тілінде бұл ерекшелік байқалмайды, себебі род категориясы тек орыс, неміс тілдеріне тән. Бұл ерекшелік дейді автор: «ер адамдар мен әйел адамдардың мінез құлқына байланысты болуы тиіс. Кез келген елде әйел адамдар ер адамдармен салыстырғанда жұмсақ мінезді, нәзік жанды, инабатты болады, сондықтан да әйел адамдарға көп лақап аттар қойылмауы керек» Осы зерттеуде қазақ, орыс, неміс есімдері қарастырылған, соның нәтижесінде ер адамдардың бейресми есімі – 70 - пайыз, ал әйел адамдардың бейресми аты - 30 – пайыз [42, 129 б.].Сонымен, қарастылып отырған тілдерде лақап аттарының саны әйел адамдарға қарағанда ер адамдарға біршама көп қойылады. Қорыта келгенде, бұл ерекшелік тек биресми есімдерге ғана тән емес, ер адамдар мен әйел адамдардың ресми есімдеріне де тән.

Демек, антропонимдер жүйесінің қазіргідей ежелгі заманда да ерекше әлеуметтік-мәдени мәні болған. Бурят тіліндегі антропонимдерді зерттеген ғалым А.Э. Митрошкина мұны былай деп көрсетеді: «Имя рождалось как слои и их предметных атрибутов. Имя не только имеет функцию обозначения индивидов для удовлетворения практической необходимости общения а пределах определенных социумов, но и сложным образом отражает, фиксирует состояние их культуры» [43, 107 б.].

Бұл сонымен бірге антропонимияның динамикалық сипатын да дәлелдейді. Түркі антропонимикасын зерттеуші ғалым В.У.Махпировтың еңбегінде ол туралы былай тұжырымдалған: «Для исследования основных закономерностей формирования и функционирования древнетюркской ономастики необходимо рассмотреть этнокультурную и политическую историю древних тюркоязычных народов, поскольку многие факторы данной истории оказывали решающее влияние на ономастическую систему, которая живо реагировала на различные изменения в этносоциальной, экономической, политической жизни тюркского общества, четко фиксируя в своей структуре смену территорий, характер изменений в политической и социальной сфере, культурные и экономические метаморфозы, коими богата история тюркоязычных народов древности и средневековья» [44, 302 б.].

Антропонимдік  жүйенің қызметі әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени өрісінің дамуымен ұштасып жатады және жан-жақты ақпаратқа ие. Осымен байланысты «Қазақ ономастикасы. Жетістіктері мен болашағы» атты осы саладағы зерттеу нәтижелерін қорытып, болашағын бағдарлаған Т.Жанұзақов пен Қ.Рысбергеннің еңбегінде антропонимияның әлеуметтанымдық зерттеу нысанын былайша анықтаған: «1) тіліміздегі антропонимдік жүйенің қалыптасып дамуы мен қызмет аясының жалпы мәселелерін теориялық әрі методологиялық тұрғыдан зерттеудің жалпы проблемалары; 2) антропонимдерді тұтас бір жүйе ретінде зерттеу; 3) кісі аттарын әлеуметтік-қоғамдық, тарихи категория ретінде қарастыру; 4) кісі аттарының пайда болу, жойылу заңдылықтарындағы тарихи-әлеуметтік жағдайлардың себеп-салдарын анықтау; 5) кісі атарының сөйлеу тілі мен жазба тілдегі қызметін, қос тілдегі орны мен мәдени қарым-қатыстағы мән-маңызын зерттеу; 6) кісі есімдерінің экспрессивті-эмоционалдық қызметін тексеру (көркем әдебиетте, баспасөзде, күнделікті тұрмыста қолданылу ерекшеліктері); 7) антропонимдер жүйесіндегі интернационалдық, ұлттық ерекшеліктерді, олардың өзара байланыс, бірлігін зерттеу; 8) қазақ антропонимдерін байытудағы басқа ұлт антропонимдерінің әлеуметтік мәні: 9) көпұлтты Қазақстан Республикасында қазақ антропонимдерінің қолданылуы мен қызмет аясының әлеуметтік сипаты; 10) антропонимдерді тілдік және тарихи тұрғыдан топтастыру» [45, 44 б.].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  10  11  12  13  14  15  16  17  18  19  20  ..