|
|
содержание .. 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ..
11-тұжырым Халықтың «Мәдени мұрасына» нұқсан келеді
Бірінші кітаптағы [36-б.]: «Ер Тарғын» қиссасында «бұл – өз өмірінде толғау айтып тоғыз ханды түзеткен кісі» деп келетін бүкіл қазақтың қамын ойлап өткен Сыпыра жыраудың ұрпағы Арғынның ардагері сексеннен асқан қарт Қотан» деген сөйлем аудармада [33-б.]: «А противостоял ему почтенный старец Котан-жырау из аргынов, и это накладывало особый отпечаток на состязания. Из древнего рода певцов и прорицателей был котан (кіші әріппен жазылған – Н.Р.), и еще отец его Сыпары-жырау (Сыпыра жырау – Н.Р.) горевал о судьбе своего народа, на который свалились неслыханные бедствия...» деп аударады. Ер Тарғын» қиссасы туралы айтылмайды. «Алмас Қылышта» 187-бетте «Тарихи Рашиди» екі рет аталады. Бірінде: ««Тарихи Рашидида»: «Кім де кім өзгеге ажал азабының шербетін қанша ішкізсе, өзі де сол удан соншалық ішеді» деп айтқандай...» дегенді «Заговоренный меч» [172-б.]: «Вот как говорили об этом историки: «Кто заставляет пить до дна чашу шербета предсмертной агонии, тот напьется сам этой отравы...»» деп береді. Екінші кездескенде шежіренің аты: «Оның (Қасым ханның – Н.Р.) Дәшті Қыпшақтың елдік, жауынгерлік даңқын «Тарихи Рашиди» айтқандай, Жошы ханнан кейін бүкіл шығысқа жайған әулетті шағы еді» деген сөйлеммен келеді. Халық мұрасының бір бөлшегі саналатын Мұхаммед Хайдар Дулатиден қалған шежіре атын аудармашылар бір рет те атамайды. «Жанталастың» 242-бетінде «Бұқар жырау да осы оқиғаға арналған «Тас қамал» атты дастанын шығарып еліне қайтты. Әттең не керек, асыл мұрасын сақтап әдеттенбеген көшпелі ел бұл асылын да бізге жеткізе алмады» деген сөйлем бар, мұндай сөйлемді «Отчаение» мен «Dispair» аудармайды. 243-бетте “Тас қамал” дастаны қайта кездеседі. Дастан кездесетін абзацты түгел алсақ: «Көне заманда өткен арғы бабаларының жазу, сызу таңбалары әлдеқашан ұмытылған. Тек ел көкейінде олардың қайғылы армандары ғана қалған. Кім біледі, халық мұны да ұмытар ма еді, қайтер еді, тек зар жақ жыраулары ұмыттырмаған. Сөйтіп, ел шежіресі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған. Халықтың жырауларды төбесіне көтеріп құрмет тұтатын себебі де, сірә осыдан болса керек. Бұқар жырау да солардың бірі. Сауран қорғанысы жайында жазған “Тас қамал” дастаны кейін сан ұрпаққа тарады. Осы дастаннан ұрпақтардың тағы бір білгені: жоңғар шабуылы басталмастан бұрын орыс саудагерлерінің әкеп сатқан мушкеттері мен оқ-дәрілері Сауран бекінісінің жауға берілмеуіне себепкер болғаны». Осы орыс тіліндегі аудармада [232-б.]: «Забыто древнее искусство письма в его народе, но жива и несокрушима память. На ней держится все, и поэтому столь почитается искусство жырау. Он певец, он рассказчик и хранитель всего того прошлого, без чего не бывает народа. В разных краях необозримой Казахской степи уже поют стихи из его сказания об осаде джунгарами древней каменной твердыни – Саурана. Уже прибавлены новые слова, а многие и не знают, что это его сказание. Да беззаветная стойкость таких, как Науан-батыр, помогла отстоять Сауран. А еще помогли порох и мушкеты привезенные русскими купцами. Если бы каждый казахский город имел такие мушкеты, то можно было бы поспорить с шуршутскими пушками...» болып беріледі. Мұны салыстырмалы түрде біз «столь почитается искусство жырау», «необозримая Казахская степь» деген сөздері үшін аударманың ең керемет тұстары деп санаймыз. Әйтсе де, мұндағы «Көне заманда өткен арғы бабаларының жазу, сызу таңбалары әлдеқашан ұмытылған» дегенмен «Забыто древнее искусство письма в его народе» деген сөз тең емес. Орысшасында халықта ұмытылып кеткен көне жазу өнерінің кімдікі болғаны айтылып тұрған жоқ, өз ата-бабаларымыздың жазу өнері деген сөз керек бізге! Ал Бұқар жыраудың «Тас қамал» дастаны аты аталмай «...поют стихи из его сказания об осаде джунгарами древней каменной твердыни» болып ерітіліп жіберіледі (ағ.т. stone citadel [251-б.]). Үшінші кітаптан да мысал алуға болады, «Наурызбай-Ханшайым» қиссасы [435-б.], орысшасында да [413-б.], ағылшыншасында да [443-б.] аталмайды. Мұндай келеңсіздікке бүтін ұлттың «Мәдени мұрасына» немқұрайлықпен қарау нәтижесінде ғана жол беріледі.
12-тұжырым Қазаќтың батыр халыќ екені көмескі суреттеледі
“Ќұс ұшып өте алмас шексіз сар далада халыќтың ќаны телегей-теңіз боп тағы төгілгелі тұр-ау! Ќазаќ халќының алдында бір ғана жол бар. Ол – ќан майданда баяғы бабаларынша аянбай шайќасу. Сол шайќаста жан беру, не ел болып елдігін саќтап ќалу. Басќа жол жоќ” дейтін ќазаќшадағы [244-б.] ел ќорғау үшін батыр туған бабалар жолын көрсететін ќазаќ үшін аса маңызды ұстанымның аудармасы [234-б.]: “О, сколько крови еще прольется на родной земле!” деумен бітіпті. 241-бетте Науан ұстаның ерлікпен ќаза тапќаны туралы: “…Бұќар жырау өзіне таяу ќамал шетінде кіндік тұсына жау найзасы ќадалған Науан ұстаны көрді. Жүгіріп ќасына барды. Найзасын суырып алайын деп еді, сұп-сұр боп кеткен ұста оның ќолын кейін итерді. – Тимей-аќ ќой, деді даусы әзер шығып, – бәрібір өлемін. ¤кінбеймін… жоңғардың ќұрығанда жиырмасын жайраттым білем. Әттең дүние, әңгімеңізді тегіс ести алмай кеттім… – Елшібекке ќарады. – Ана артымда ќалған жалғызыма айт: әкең бабаларының жолынан тайған жоќ де… – Соны айтты да Науан ұста сылќ етіп ќұлап түсті” делінеді. Орысшасы [232-б.]: “…но когда Бухар-жырау добрался до него, то увидел, что лицо у кузнеца совсем белое. Кровью было залито все вокруг, а в груди Науана торчал обломок тяжелой джунгарской пики. Непонятно было, как еще стоит он на ногах. Глаза кузнеца смотрели на жырау. – О мой Науан!.. Бухар-жырау подхватил на руки Науан-батыра, бережно опустил его на камни. Он захотел вытащить вражеское копье из груди, но кузнец отрицательно покачал головой. Губы умирающего что-то щептали. Бухар-жырау наклонился к его лицу. – Мой жырау… Вы… вы так и не закончили рассказ о моих предках… О Кияке”. Осылай аудармашы “Есенберлин естігенін айтып отырған шығар, мен көріп келген адаммын” дегендей, оның айтќандарының біразын жоќќа шығарып, “олай болған жоќ еді, былай болып еді” дейтін түзетулерін енгізеді. “Түзетудің” оны-мұнысына көнуге де болар еді, батырдың “Ана артымда ќалған жалғызыма айт: әкең бабаларының жолынан тайған жоќ де” деген соңғы сөзі – хан тағына бергісіз ќазаќ рухын ұрпаќтан ұрпаќќа жеткізетін сөз еді, оның аудармаларда берілмейтіні жанға батады. Жоғарыда 11-тұжырымда “Тас қамал” дастаны төңірегенде кездескен «Да беззаветная стойкость таких, как Науан-батыр, помогла отстоять Сауран» деген жолдарда ғана бұл ерліктің ұшқыны қылаң береді. Мұны аудармашы жалпылау сөздермен өз жамауларын жабу үшін компенсация есебінде «керек емес» жерге апарып жабыстырып отыр. Перовский мен Генс әңгімесінен үзінді келтіреміз, ќазаќшада [507-б.]: «– Ќиянат көріп ќорланған халыќ ќашан да болса тәуекелшіл келеді. Бірі онға татиды. Оның үстіне Кенесары секілді тәжірибелі ќолбасшысы болса… – Генс ойға шомғандай сәл кідірді, – Кенесарының Созаќты алатыны сөзсіз. Бекініс ќабырғасына шығатын жүздеген баспалдаќ істетіпті. Ол баспалдаќпен өрмелейтін батырлар ќазаќ жігіттерінің арасынан ќашанда болса мыңдап табылады. – Сөз жоќ, батыр халыќ! – деді Перовский, – тек бастары бірікпейді». Үзіндінің орысшасы [480-б.]: «– Решиться на такой штурм мог лишь отчаянный человек (халыќ демейді – Н.Р.)! Ну, ему не занимать отчаянности. Вы знаете этого разбойника. И насчет его полководческих талантов сомневаться тоже не приходится. Таких бы людей привлечь к России, а не всякую сволочь из горчаковского окружения. К сожалению, нам этого не позволять сделать. Все должно склониться перед единым шпицрутеном – от финских хладных скал до пламенной Колхиды… А Созак он возьмет, не сомневайтесь. По моим данным, он даже сотню лестниц заготовил для штурма, а кому лезть по ним, у него найдется» болып аударылады. Осы мысалдың өзіне сараптай ќарағанда, аудармашының ќазаќ жігіттерінің арасынан ќашан да мыңдап табылатын батырлардың бірлі-жарымын ғана ќалдырып, халыќтың өжеттігін жасыратынына көз жеткізіп ќана ќоймай, біздің жоғарыда келтірген өзге де тұжырымдарымыздың бірќатарына дәйек табамыз. Территория мәселесіне келгенде ќазаќ үшін жер-су аттарын атамауға тырысатын аудармашы «Все должно склониться перед единым шпицрутеном – от финских хладных скал до пламенной Колхиды…» деген жер мен көкті орысќа алып беретін сөйлемді ойдан ќосады (7-тұжырымға бір дәлел). Ал «Вы знаете этого разбойника» деп, Кенесарыны қалай ќараќшы етіп отырғанын 20-тұжырымда талќылаймыз.
13-тұжырым “Алтынмен апталып, күміспен ќапталған” қазақ дәулеті аудармашылардың «кеден бекетінен» оңайлықпен өтпейді
«‡стінде көк ќұрыш шынжыр сауыт, ер-тоќым, жүген-ќұйысќандарын алтынмен аптатќан он шаќты жігіт Орда тұсына кеп түсе ќалды» [88-б.] дегенді «Десяток джигитов ехали с ним» [81-б.] – «He was escorted by a dozen horsemen» [87-б.] деп аударғанда «алтынмен апталып, күміспен ќапталған» ќазаќ дәулеті ќайда ќалды? Жоғарыда 8-тұжырымда ќазаќ ќыз-келіншектерінің сұлулығын суреттеуде де сөзге сараңдыќ бар екенін айтќан болатынбыз. Мына жерде Жәнібектей бір ханның ең сүйіктісі Жаған-бикенің түпнұсќада көлемді суреттелген бейнесі толыќ болмаса да аударылған екен, қараңыз [147-б.]: «Жаған ќара торының сұлуы еді. Сұңғаќ бойлы, оймаќ ауыз, көген көз. Екі бала тапса да ќыпша белі әлі де жіп-жіңішке. Ќаќтаған алтынмен жасалған ауыр шолпысы жерге тартып тұрғандай, білектей етіп өрген ќос бұрымының ұшы шұбатылып кілем үстінде жатыр. Меруертпен шытырмалап, гаућар таспен безеген ќызыл мауыты сәукелесі, аш белін ќынаған алтын оќалы ќызыл барќыт камзолының түсін ашќандай жарасып тұр. Жаған иген басын әлі жоғары көтерген жоќ. Сонау бота көзін жауып тұрған ұзын кірпіктері найзадай Жәнібектің кеудесіне келіп ќадалғандай. Жәнібектің ќырыќтан асќанға дейін сан айќаста мызғымаған тас жүрегі, кенет ќолға түскен торғайдай тыпырши ќалды». Орысшасы [136-б.]: «Стройная, с маленьким пунцовым ртом и огромными черными глазами, Жахан-бике казалась девушкой, хоть было ей уже сорок один. Ресницы ее были опущены, а когда она подняла голову, черные их стрелы вонзились в ханское сердце, как много-много лет тому назад. И каменное сердце Джаныбека забилось, затрепыхалось, как воробей в силках». Бұл жердегі күрмеуі күрделі ќазаќ тілінде бояуы қанық сомдалған сұлу бейненің бұлайша ќысќартылып берілуі аудармашының шамасы жетпегендіктен емес, керісінше, қайта айтуға тұрады, аудармашының шеберлік диапазоны кең. Бұл жердегі ќысќартулардың бәрі тек алтын, меруерт, гаућардан ќұралатын «ќазаќ байлығын» ќысќартудың есебінен болып жатыр. Астан-кестең «аударманың» ішінде Исан-Бұғының ұстап отырған құм алтыны (қаз.т. [106-б.], ор.т. [100-б.], ағ.т. [108-б.]), Самеке ханның 75 мың жылқысы (қаз.т. [243-б.], ор.т. [233-б.], ағ.т. [250-б.]) сияқты қазақтың жиған-тергені жоғалып кетіп жатады. «Бұл тойға да қазақтың аға сұлтан, асқан байлары шақырылды» [482-б.] дегенді іздеп, жоқ екен деп ойласақ, бұл аудармашы құрастырған «шытырман оқиғалардың» бір жерінде «... сыновей всех приглашенных биев и султанов» [459-б.] дейтін түрде кездеседі екен де, тек «асқан байлық» кеден бекетінен өтпей қалады екен (ағ.т. [487-б.]). Ал осындағы «сыновей» дегені несі екен? Мұны осы той барысындағы келесі тұжырымды растайтын «қызықтармен» бірге қарастырайық.
14-тұжырым Дінге ќатысты тұстар дінаралыќ ќатынасты араздатуға бастайды
Ќазаќша 101, 102-беттерде Исан-Бұғының діншіл әкесі Уайс ханның “ұлы Моғолстанның ұл-ќызын өз дініне өткізу маќсатымен шіркеу ұстап, күнәкәр болғаны үшін” Аллатағаланың кәпір пендесін Дәниелді дарға асуға және оның “ғибратты жерімізде тоќсан жыл бойы әзәзілдің ошағы болып келген” шіркеуін ќиратуға жарлыќ бергені айтылады. Біраќ аудармаларда бұл себептер бүркемеленеді. Орысшасын [96, 97-бб.] және ағылшыншасын [104, 105-бб.] түпнұсќамен салыстыра оќыған кез-келген кісіге аударманың өзі діні бөлек адам арќылы жасалғаны байќалады. «Аудармашының» реті келген тұста ќолдан келгенше бұрмалаумен ғана шектелмей, өзге (христиан) дін өкілдерінің зығырданын ќайната түсетін, отќа май ќұя «аударған» жерлерінің де барын көру аса көрегендікті ќажет етпейді, салыстырыңыз: “Исан-Бұғыға мұның бәрі ойыншыќ болып көрінген. Тек бертін келе, өзі хан тағының ісіне араласа бастағанда ғана Византия епископы Джавани Мариньолли, Флоренциядан Жетісу мен Гоби ќұмы арќылы Ханбалыќќа (ќазіргі Пекин) бара жатып, бұл шіркеуді Алмалыќта 1340 жылы салдырғанын білген. Уайс ханнан бұрынғы Алмалыќтың хандары мен хакімдері, бұзыла бастаған шаћардағы ешкімге керегі жоќ шіркеудің бар-жоғына көңіл бөлмеген. Рим папасының мұсылман жеріне жіберген тыңшы-діни адамдары шіркеудің мұндай жағдайын астыртын пайдаланып жүрген. Талай мұсылмандарды насрани дініне кіргізіп алған. Тек өте діншіл Уайс хан ғана Жағатай тағына отырғаннан кейін бұл шіркеуді мұсылман дініндегі адамдарды аќ жолынан адастырмасын деп, біржолата ќұртуға жарлыќ берген” [102-б.]. Осыны орысшада [97-б.] былайша ќысќарта береді: “Иса Буга не знал тогда, что эту церковь строили местные жители, часть которых издревле была несторианами. Ханы и хакимы, правившие Алмалыком до Ваис-хана, верны были обычной мусыльманской веротерпимости и не обращали внимания на старую церковь в древней, разрушающейся части города. Но с приходом на ханство Ваиса все изменилось. Фанатичный Ваис-хан решил уничтожить церковь, и сделал он это со всей присущей ему жестокостью”. Ағылшыншасы [105-б.] осындай. Керағар аударманың бәрін ќалай кері ќарай аударғанын, ќысќартќан сөйлемдерінің “бос сөз” емес екеніне зер салыңыз. Бұл аз болғандай, “Исан-Бұғыға мұның бәрі ойыншыќ болып көрінген» дегенді аудармашылар осы жерде аудармай кетеді де, сол сөйлемнің есесін былай ќайтарады: «Эта смерть нисколько не взволновала тогда Иса Бугу. Как на детскую игру, смотрел он на казнь и даже захлопал в ладоши, когда старец повис в воздухе. Ни жалости, ни страха не ощущал он. Ему понравилась торжественность, с какой говорил мулла, важный и значительный вид всех участников казни». Осылай тыныш тұрған балаға ќол шапалаќтатып, түпнұсќаның еш жерінде жазылмаған нәрселерді ќосып, «импровизация» жасайды. Шіркеуді ќиратќандар аудармада бар дауыстарымен балағаттап, ќала берді ән салып жүріпті, сөйтсек, түпнұсќада олар «тфа, тфа, пәлекет!» деп жүрген екен. Аудармашы сол таң сәрідегі Дәниелдің дарға асылып, шіркеудің ќиратылғанын барынша жауыздыќ етіп, оған басќалардың аяныш сезімін ќамшылап, төзімін сынға салу маќсатында тағы мынадай сөйлемдер ќосады: «Не успело высако поднятся солнце, как от церкви остались лишь груды развалин. Не верилось еще утром здесь стояло красивое белое здание, построенное безвестными мастерами – уйгурами и уйсунями. А напротив все покачивался от ветра труп повешенного старца» (18-тұжырымға да дәйек). Осылай жоќты ойдан ќұрастырып жазғанды ұнататын аудармашы, сол жердегі өзі де бар, маңызы да бар мына сияќты сөйлемдерді аудармайды: «Сүниет дінін берік ұстанған, Арабстаннан, Ираннан келген ќожа, мұфти, ишандардың кеу-кеуімен, кілең ќызба әфенді, мүрит, шейхтер шіркеуді біржола жермен жексен етіп жоќ ќылған». Әрине, кісі өлтіріп, өзгенің наным-сенімін аяќќа таптаған ханда не мейірім-шапағат болсын. Әрі ќарай одан да ауыр оќиға бар, әлгі дарға асылған шалдың ќызына осы Исан-Бұғы ғашыќ болып ќалғаны үшін Уайс хан «Егер Исан-Бұғы кәпірден ќатын алар болса, түбі насрани дініне бір бүйірінің тартпасын кім біледі?» деп, сорлы ќызды баласының көзінше бауыздап өлтіртеді (оќиғаның жалғасы 19-тұжырым дәлелдемесіне дәйек ретінде ќарастырылады). Шыңғысхан мектебінің үлкен маќсаттары алдында ең асыл деген адам өмірі асќабаќќа тең болыпты (алдаспанның бір тартуынан ќаќ жарылады). Бүгінгінің «хандарында» да бәрі теп-тегіс деу оңай емес. Әлемде шыңғысхандыќ ұстаным әлі де бар. Біздің бұл жерде айтпағымыз тарихтың тереңінде не ќалғаны туралы емес, аудармаға аудармашының пайым-бағамы неге араласуы тиіс екендігі туралы. Жоғарыда 13-тұжырым соңында сөз болған тойға қайта оралып, аққу-қаздарша сылаңдаған орыс дворяндарының әйелдері мен сыптай боп сәндене киінген орыс офицерлеріне көз тастап тұрып князь Горчаковтың Қоңырқұлжаға айтып тұрған сөзін келтірейік: «– Әрі кетсе бір жиырма бес жылда қазақтың ұл-қыздары да мыналардай болады, – деген жан-жағындағы әйелдер мен офицерлерін көрсетіп. Сары далада көшіп жүрген қазақтар жиырма бес жыл ішінде мыналардай болады деген князь сөзіне Қоңырқұлжа таң қалған. Ол ойын жасармай: – Егер қазақ бұлардай болғысы келмесе не істейсіз? – деп сұраған. – Онда, – деп Горчаков ойланбастан жауап берген. – Аюға ақыл үйреткен таяқ деген мақалды естігенің бар ма? Жерінен, билігінен айрылған қазақ айтқанға көнбей қайда барады? Күшпен көндіреміз. Арқасына қамшы ойнатып, соқа жегіп, жер жыртуды үйретеміз. Қол-аяған матап шіркеуге кіргізіп, Иисус Христосқа шоқынуға мәжбүр етеміз» [482-б.] делінген. «Статные, безупречно одетые офицеры кружили в вальсе своих дам. Князь перевел взгляд на группу одетых в одинаковую форму казахских юношей – сыновей всех приглашенных биев и султанов. – Через двадцать пять лет они будут такими же блестящими офицерами! – сказал он. – Все киргизы станут другими... Конур-Кульджа, хоть и соглашался всегда с начальством, на этот раз не мог скрыть своего сомнения: – А если казахи не захотят? Князь посмотрел на него жестким взглядом: – Что значит не захотят, мой дорогой? – Вы – человек просвещенный и понимаете пользу своего народа. Цивилизацию чаще всего приходится вбивать палками, как делал на Руси великий Петр [459-б.]» (ағ.т. [487-б.]) делінеді. Осылайша, Иисус Христосқа шоқынуға мәжбүрлеуді «цивилизацияға» күшпен келтіру деп жуып-шаяды. Ал «...сыновей всех приглашенных биев и султанов» деу арқылы олардың бірқатарын келтіріп те үлгеруден дәмелі.
15-тұжырым Саяси мағынаға ие мәселелер не ќысќартылып, не көзделген маќсатќа «оңтайлы» аударылады, «аударылады» дегеннен гөрі «мұндай беттер тұтас-тұтасымен басќаша жазылады» деу лайыќ
Аудармашы көздеген маќсатына кедергі келтірмейтін кейіпке келтіргенде сөйлемдерді «Кенекең ел ќамын ойлаған адам, оны төре тұќымы деп санауға болмайды. Ол жалпы ќазаќтың жоќтаушысы» [525-б.] дегендей формадан «Он не такой тюре как другие» [496-б.] дегендей формаға ойыстырып әкетеді. Мысал көп. Мысалдың мынадай бір түрінен де хабардар болсаќ: “Әсіресе Есіркегеннің (өнер, білім ќуған, орысша оќыған жас жігіт – Н.Р.) ќабағынан ќан жауған. “Россияға бағыну керек деймін. Ондағы ойым ұлы халыќ, мәдениетті халыќ, өзімен бірге мұратќа жеткізеді деп сенуімнен шыќќан арман. Ал бағанағы ауылға істегені не? Мүмкін мен ештеңеге түсінбейтін болармын, аќ патшаның да, оның ќарапайым солдаттарының да арманы біреу-аќ шығар. Тезірек ќазаќты ќұртып, жерін емін-еркін пайдалануға асығатын болар… …Сондай-аќ өзі секілді Шоќанның да (Шоќан Уәлиханұлын айтып отыр – Н.Р.) Россия мәдениетіне ќанат ќағып, туған халќын сол Россияға тартќанын, біраќ артынан генерал Черняевтің әскері сол халыќты Россия патшасына отар етемін деп ќырғанда, не істерін білмей, ќызметін тастап, Тезек төренің аулына ќашатынын ќайдан білсін. Есіркеген ќазір шым-шытырыќ жұмбаќ ойдың шешуін таба алмай шатасуда еді. “Расымен мен ќателесіп жүрмін бе? Түбі жауынан ќұтыла алмайтынын білген жаралы жолбарыс тәрізді не болса да айќасып өлем деген Кенесарыныкі дұрыс па? Мәдениет, прогресс, Россиямен біріксек жарыќ күніміз шығады деп жүргенде, халќымыздың еркіндігі түгіл, өзінен айрылып ќалмаймыз ба? Егер ќазаќты өзіне ќосу әдеті үнемі әлгі ауылға істегеніндей бола берсе, өйткен мәдениеті де, келешегі де ќұрсын!.. Онда су ішсем де, суан ішсем де, халќыммен бірге боламын. Тек соның күні көкке жүзсін, соның ғана сәулесі жарќырай түссін”” [522-б.] Осының бәрінің орнына орысшасы, соған орай ағылшыншасы тіпті керісінше былай деп жазады: “Присоединение, которое в будущем принесет великие плоды!.. Да, несмотря ни на что, он будет бороться за это” [493-б], “Oh, he dreamed about the unification with Russia which would be very advantageous for the Kazakhs. And in spite of anything he would struggle for that idea” [524-б.]. 484-беттегі Горчаков сөзі: «Біз ќазаќ елін тек отарымыз деп ќана санаймыз. Кімде-кім бұған көнгісі келмесе, оны ќарудың күшімен көндіреміз. «Азаматтармен келісімге келудің ең дұрыс жолы – оларды ќорќытып ұстау». Бұл пікірді соғыс министрі Чернышев мырза да ќолдайды». Мұндай толып жатќан саяси маңызы бар сөйлемдер және ќазаќ ұлтына болысатын сөйлемдер аударылмайды, не болмаса кеңестік цензурадан өтпей қалған. Оларды тізіп шығу мүмкін емес. Мысалдар мына тектес: · «…Ќазаќ елі батысынан да, шығысынан да тікелей жәрдем ала алмады. Тек өз күшіне сенуге тура келді» [246-б.] · «Иран, түрік, орыс әдебиеттерінде Тәуекел хан деген айбарлы атын ќалдырды» [258-б.] · «Осындай мыңдаған белгісіз батырлардың арќасында ќазаќ елі сан жанталаста жеңіп шығып, ғасырлар бойы өзін аман саќтап келеді» [258-б.] · «Ќазаќтың батыр ќыздарының жауға ќарсы шабуы жаңалыќ емес» [259-б.] · «Бар қазақты бір ханға билетіп, басын қосудың қауіпті екенін ашып айтқан» [397-б.] · «…ќазаќтың атаќты ханының бірі Ќасым соғысты жаќсы көрмесе де, ќарамағындағы бір миллион жанның төрттен бірін атќа ќондырып, найза ұстаттырған екен. Екі жүз елу мың әскері бар Ќасым ханның айбарынан сескеніп, еш жауы оған ќарсы соғыс аша алмаған» [541-б.] · «Ќамығып тұрды Кене жұртын ойлап» [576-б.], т.с.с. жалғастыра беруге болады. Соңғы мысалға алынған ќатар – «Ќаћардың» ең соңғы бетіндегі Досќожа аќын айтќан бір шумаќтан түсіп ќалған жол. Шумаќ түпнұсќасында бес ќатар, аудармаларында төрт ќатар, «Ќамығып тұрды Кене жұртын ойлап» деген ќатар аударылмайды, өйткені оған жұртын ойлап тұруға саясат рұќсат бермейді. Алынып тасталған сөйлемдерден ғана мысал көрсете алу мүмкіндігіміз бар. Өзгеге көзге шыққан сүйелдей сүйкімсіз көрінген көлемі жарты бетті бірден алатын тұтас-тұтас алынып тасталған жерлерді де көрсетер едік, жер-көкке сыйғыза аламыз ба? Трилогияның соңғы нүктесі қойылған «Ал мынау көш Шыңғыс хан шабуылынан бастап алты жүз жылдан астам өзінің жері, суы, тәуелсіздігі үшін күрескен ќазаќ атты көшпенді көкжалдардың ең соңғы ұлы көші еді» деген сөйлем – үш кітаптың түйіні болатын, оның орысша, ағылшынша кітаптардан ғайып болмауы мүмкін емес-тін.
16-тұжырым Жақсылықты жасырып, жамандықты асыру көптеп кездеседі
Жалпы есепте 6-тұжырымнан бастап, 21-тұжырымды қоса алғанда, барлық тұжырым дәлелдемесі жақсылықты жасырғандыққа келіп тоғысады десек қате болмайтын тәрізді. Аудармашы мырзаның жолсыздан жол тауып, жанталасып, жамандыќты асырам деген тынымсыз қарекеті де нәтижесіз емес, өзге тұжырымдарды дәлелдеуге келтірілген қаншалаған мысалдар төңірегінде төбесін көрсетіп қалып жатады. Даралай айтатын мысалдар да жеткілікті. Қазаќшада [89-б.]: “Самарќантты бағындырам деп аттанған баяғы алғашќы ұрысында, өздеріне дүрсе ќоя берген үш пілден бүкіл Ќыпшаќ жігіттері жөңки ќашќан. Әскердің арт жағында келе жатќан Әбілќайыр, ұзын тұмсығын оңды-солды сілтеп, кіші-гірім үйдей боп өзіне ќарай тап берген алып пілді көргенде не істерін білмей, ќолындағы найзасын жерге түсіріп алған. Тек ажалдан астындағы жүйрік аќ боз аты ќұтќарған”. Осыны орысшада [83-б.]: “Двадцать пять лет было ему (мұндай сандыќ көрсеткіштерді ќайдан алатынын аудармашының өзі біледі – Н.Р.), когда в первый раз подошел он к стенам Самарканда. Лишь трех слонов (бар болғаны деуіне ќараңыз – Н.Р.) выпустили на него жители города, но все бесчисленное конное войско хана Абулхаира в панике разбежались кто куда. Когда на него самого бросилось, яростно размахивая хоботом, громадное животное, он так струсил, что уронил копье и убежал пешком, бросив коня. Хорошо, что умный конь сам разыскал его в свалке и вынес из битвы” деп аударады. “Жүрегі жарылып сол жерде өлді” деуге де әзір еді, әттең, Әбекең түпнұсќада әзір өлмейді. Не де болса, осы тұста аудармашы ешнәрседен бейхабар оќырманға бір ханды масқара ету мұратына жеткен, мұндай көрініс ағылшын тілді оқырманды да “What a great clown runned the steppe horde!” дегізбей қоймаса керек. Аудармаларда сол әуелгі соғыста ќандай сайќымазаќ болып көрсетілген болса, Әбілќайырдың өл-өлгенше сондай күлкі болып кеткенін мына сөйлемдердің аудармаларынан көруге болады. «Біраќ жаратылысынан батыр Әбілќайыр «тағдырдың жазғаны осы болса көріп алайын» деп, кейін шегінбеді. Бірінші адамды ат үстінен ұрып түсірді. ¤зі де Бараќтың баласы Шағайдың ќолынан ат жалын ќұшып ќұлады. Жерде сұлап жатќан ханның жанына шапќылап жеткен Бараќ беліндегі ұзын сапты, сүйір ұшты Хиуа ќанжарымен жүрек тұсынан сәл төмендеу жерден ќұлаштап ұрды. Әбілќайыр ышќынып барып, демін алды» [305-б.]. Орысшасы [173-б.]: “Хан Абулхаир самолично зарубил несколько врагов, а потом, увидив скачущего к нему Барак-султана и словно осознав свою судьбу, опустил саблю и закрыл глаза. Подскакавший султан сбил его с коня, прыгнул ему на грудь и вонзил глубоко в седце прямой казахский нож”. Міне, алғашында масќарампаз, ќоян жүрек етіп жасаған кейіпкерінің келбетін аудармашы өлер шағында ќас дұшпанымен бепте-бет келгенге дейін мұќият саќтап, келекелеумен “соңғы сапарына” шығарып салады. Түпнұсќадағы [504-б.] “Жетпіске таяп ќалған Уәли өзі секілді кілең аќ шашты шалдармен патша сарайының бір салонында карта ойнап отырғанда, бидің дәл ќызу үстінде Айғанымды өз үйіме алып кетіп едім-ау!” дегеннің орысшасы [476-б.]: “Семидесятилетний муж ее Вали-хан днями и ночами не вставал из-за зеленого стола, играя со столь же престарелыми сенаторами. И как-то он, Перовский молодой и блестящий тогда гвардеец, признался ей в любви”, соған орай ағылшыншасы [505-б.]: “Her seventy-year-old husband Vali-Khan spent days and nights at the green table, playing cards with Senators as old as himself was. And Perovsky, a young and brilliant Guard officer then, had once declared his love to her” деп аударылған. Бұл жерде Бірінші Александр патшаның туған күнгі тойында, сол тойға арналған балда болған оќиғаны граф Перовский есіне түсіріп отыр. Туған күн де бір күн, бал да бір күн болса, Уәли ханның аудармаларында ќалайша «днями и ночами» (“days and nights”) «той тойлап» кеткені белгісіз. Жаќсылыќты жасырып, жамандыќты асырғанда да «өтірікшінің» жалған сөздің ќисынынан жаңылыспағаны жөн болатын еді. «Көшпенділерде» [471-б.] «...қалың қазақ арасына Бұқар жырау айтқан: Қатын алма төреден, Қатын алсаң төреден: Еркегі болар жау жанды, Ұрғашысы – ер жанды, – деп басталатын өлең кең тараған» делінеді. Мұны «Кочевники» [450-б.]: «И разве не про родовитых людей сложили шуточную песню-поговорку: Дочь не отдавай тюре И не сватайся к тюре: Там мужья в соседях спят, Жены – на других глядят» деп аударады. Аудармашының шумақты сұмдық қылып шығарғанымен қоймай, бір адам айтты десем, әлсіреп алармын дегендей, Бұқар жырау емес, қалп айтпайтын халық айтқан мақал қылмақ ниетіне не дерсіз (ағ.т. [478-б.])?!
содержание .. 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 ..
|
|
|