СП РК 3.02-140-2013 ПРОЕКТИРОВАНИЕ ЭНЕРГОЭФФЕКТИВНЫХ, ЭКОЛОГИЧЕСКИ ЧИСТЫХ ЖИЛЫХ КОТТЕДЖНЫХ ЗДАНИЙ (ҚР ЕЖ 3.02-140-2013) - 3

 

  Главная      Книги - Разные     СП РК 3.02-140-2013 ПРОЕКТИРОВАНИЕ ЭНЕРГОЭФФЕКТИВНЫХ, ЭКОЛОГИЧЕСКИ ЧИСТЫХ ЖИЛЫХ КОТТЕДЖНЫХ ЗДАНИЙ (ҚР ЕЖ 3.02-140-2013)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

   

 

   

 

содержание      ..     1      2      3      4      ..

 

 

 

СП РК 3.02-140-2013 ПРОЕКТИРОВАНИЕ ЭНЕРГОЭФФЕКТИВНЫХ, ЭКОЛОГИЧЕСКИ ЧИСТЫХ ЖИЛЫХ КОТТЕДЖНЫХ ЗДАНИЙ (ҚР ЕЖ 3.02-140-2013) - 3

 

 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

29 

5.7.9

 

Биогазды  пайдаланудың  ең  оңай  әдісі  оны  не  шыққан  жерінде,  не  коттедж 

ғимаратының басқа жеріне құбыр арқылы жеткізіп, қазандықта немесе оттықта жағу. 

5.7.10

 

Заманауи 

орындалған 

биогаз 

өндіретін 

қондырғылар 

тез 

арада 

қондырылатын,  толық  мезаникаландырылған  және  автоматтандырылған  жабдық  болып 
табылады. Олар әртүрлі қалдықтармен жұмыс істеуге бейімделген, аз орын алады, электр 
энергиясын аз мөлшерде пайдаланады. 

 

5.7.11

 

Электр  энергиясы  іштен  жанатын  қозғаушы  негізінде  орындалған  газ 

электрогенераторы арқылы өндіріледі. 

5.7.12

 

Биогаздан  алынған  электр  энергиясының  біршама  бөлігі  реактордың 

қозғаушы электр жабдықтарын – сорғыны, басқару жүйесі, сыққыш пен араластырғышты 
және  реакторды  жылытуға  жұмсала  алады,  ал  қалған  көп  бөлігі  коттедж  ғимаратының 
сұранысына пайдаланылады.

 

5.7.13

 

Биогаз  қондырғысының  құрылымын  өзгертпей  одан  алынатын  биогаз 

шығуын  20-дан  40%-ға  дейін  арттыру  үшін 

экзимдер,  шіріткіштер  мен 

микроэлементтердің қоспаларын қолдануға болады. Қуаты  1 МВт (тәулігіне 24000 кВт

 

сағ.  электр  энергиясы)  болатын  биогаз  қондырғысы  үшін  қоспалар  шығыны  1-2 
кг/тәулігіне тең. 

5.7.14

 

Көлемі  1  м

3

  биогаздан  барлығы  4,9  кВт

сағ.  энергия  өндіріледі  (мысалы  2,4 

кВт

сағ. электр және 2,5 кВт

сағ. жылу алуға болады). 

5.7.15

 

Биогаз  қондырқысын  ұзақ  мерзімді  және  тиімді  қолдану  үшін  құрылыс 

орнындағы  аумақта  биогаз  көзі  болатын  қол  жетімді,  мөлшері  көп  және  арзан  шикізат 
болуы  қажет,  олар  –  ағын  суларды  тазалаудан  қалған  қалдықтар,  органикалық  және 
малшаруашылығымен айналысатын фермалар мен шаруа қожалықтарының қалдықтары.  

5.7.16

 

Биогаз қондырғысынан алынатын негізгі пайда ол алынған биометанды жағу 

арқылы  электр  және  жылу  энергиясын  өндіріп,  дәстүрлі  көздерден  алынатын  энергияны 
үнемдеу. 

5.7.17

 

Биогаз қондырғысын қолданудың тиімділігі: 

- қазба көмірсутегі отынды пайдалануды азайту; 
- қалдықтарды тиімді жою; 
- көмірқышқыл газы (СО

2

)

 

бойынша нөлдік тепе-теңдікті сақтау; 

- өңдеудің қосымша өнімі ретінде жоғары тиімділігі бар тыңайтқыш алу; 
- пайдаланушыларды орталықтандырылмаған жылу және электрмен қамтамассыз ету.  
5.7.18

 

Коттедж  ғимаратын  жобалау  кезінде  энергиямен  қамтитын  биогаз 

қондырғысы  әр  коттедж  ғимараты  үшін  оның  энергетикалық  жүктемесіне,  био-энергия 
тасымалдаушы бірінші ретті шикізаттардың жеткіліктілігі және арзандығына байланысты 
таңдалуы керек. 

5.7.19

 

Биогаз  қондырғысын  жинау,  ретке  келтіріп  қосу  жұмыстары  білікті 

мамандардың қатысуымен, конструкторлық және жобалық құжаттарға сәйкес жүргізіліп, 
орындалуы керек. 

5.7.20

 

Зауытта жасалған биогаз қондырғысы жасап-шығарған зауыт нұсқауларында 

келтірілген  қауіпсіздік  талаптарын  және  байыптық  шараларын  орындай  отырып    іске 
қосылуы қажет. 

 

5.8

 

  Ағын сулар жылуын пайдалану 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

30 

 
5.8.1

 

Коттедж  ғимараттарында  ағын  сулар  жылуын  кәдеге  жаратқанда  кәріз 

жүйесіндегі  нәжісті  және  қажетсіз  ағындарды  ажырату  ұсынылады.  Оларды  араластыру 
жүйе тиімділігін төмендетеді және ағын сулардың орташа температурасын азайтады.  

5.8.2

 

Нәжісті  және  сұр  ағындарды  ажыратуды  кәдеге  тарату  жүйесіне  шығар 

жолында біріктірілетін екі кәріз жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады.  

5.8.3

 

Ағындардың тұрақсыздығы және ағын сулар мен ыстық суды тұтынудың уақыт 

бойынша  сәйкестендірілмеуі  мәселелерін  шешу  үшін  алдын  ала  жылытылған  суды 
жинақтауға арналған бак-аккумулятор пайдалану ұсынылады.  

5.8.4

 

Ағын сулардың жылытылатын суға қосылуын болдырмау қажет. Осы мақсатта 

бірі  аралық  болып  табылатын  тіркесе  орналастырылған  екі  жылу  алмастырғыш  аралық 
жылу  тасымалдағышы  бар  жылу  алмастырғыш  я  болмаса  жылулық  сорғыш  пайдалану 
керек. 

5.8.5

 

Нақты  жағдайларға  тәуелді  энерготиімді  коттедж  ғимаратында  жоғарыда 

аталған сызбалардың кез келгенін қолдануға болады. 

5.8.6

 

Жылу  алмастырғыш  пайдаланып  ағын  сулар  жылуын  кәдеге  жарату  сызбасы 

19- суретте берілген. Ағындар алдымен сүзіледі, одан соң жылу алмастырғышқа түсіп, өз 
жылуын желідегі суық суға береді. Бұдан әрі салқындаған ағындар кәріз жүйесіне түседі 
де  нәжіспен  араласып,  әдеттегі  сызба  бойынша  тазарту  қондырғысына  жіберіледі.  
Жылытылған су штаттық ыстық су дайындау жүйесіне түсіп, мұнда оның температурасы 
нормативті шамаға жетеді. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  
 
 

19 сурет – Жылу алмасу аппаратын пайдаланып ағын су жылуын кәдеге 

жарату сызбасы  

 

5.8.7

 

Жылу  алмастырғыш  және  бак-аккумулятор  пайдаланып  ағын  суларды  кәдеге 

жарату  сызбасы  20  -  суретте  берілген.  Бак-аккумулятор  ағын  су  жылуын  ғимараттағы 
ағын  уақыты  мен  ыстық  су  тұтынуды  сәйкестендіруге  тәуелсіз  кәдеге  жаратуды 
қамтамасыз етеді. 

 

Басқару блогы 

Фильтр  

Жылу алмасқыш 

Кәріз жүйесі 

Ыстық суды қыздыру контуры 

Ғимаратты ыстық сумен қамту жүйесі 

Лас ағындар 

Температура 
тетігі Т1 

Нысап ағындар 

Суық су 

Температура 
тетігі Т2 

Желідегі ыстық  су 

ағындар 

Реттегіш 
клапан 

Желідегі   су беру құбыры 

Желідегі   кері су құбыры 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

31 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

20 сурет – Жылу алмастырғыш немесе бак-аккумулятор пайдаланып ағын су 

жылуын кәдеге жарату сызбасы  

 

5.8.8

 

Жылу алмастырғыш немесе бак-аккумляторы бар және жоқ жылулық сорғыш 

пайдаланып  ағын  сулар  жылуын  кәдеге  жарату  сызбасы  сәйкесінше  21  және  22- 
суреттерде  берілген.    Ағындарды  кәдеге  жаратуда  екіншілік  жылудың  жетіспеуіне 
байланысты  ыстық  сумен  қамтамасыз  етуі  үшін  жылулық  сорғыш  жылулық  энергияның 
бірнеше көздеріне қосылуы керек (гелиоэнергия немесе топырақ жылуы). 
 

 

Басқару блогы 

Фильтр  

Жылу алмасқыш 

Кәріз жүйесі 

Ыстық суды қыздыру контуры 

Ғимаратты ыстық сумен қамту жүйесі 

Лас ағындар 

Температура 
тетігі Т1 

Нысап ағындар 

Суық су 

Температура 
тетігі Т2 

Желідегі ыстық  су 

ағындар 

Реттегіш 
клапан 

Желідегі   су беру құбыры 

Желідегі   кері су құбыры 

Бак-
аккумулятор 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

32 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  
 
 
 

21 сурет – Жылулық сорғышты пайдаланып ағын су жылуын кәдеге асыру 

сызбасы  

 

5.8.9

 

Алғашқы  су  жылыту  жиектемесі  ретінде  жылу  алмастырғыш,  ал  екінші 

жиектеме  ретінде  жылулық  сорғыш    қолданылатын  ағын  су  жылуын  кәдеге  жаратудың 
аралас  жүйесін  де  қолдануға  болады.  Жылулық  сорғыш  тиімділігі  2,5  –  4,0    болғанда 
жылу  алмастырғыш-жылулық  сорғыш  жүйесінің  жалпы  тиімділігі  6  –  8  жетеді,  себебі 
бірінші  жиектемедегі  жылу  алмасу  электр  энергиясының  қосымша  шығынсыз  жүзеге 
асырылады.  Аталмыш  сызба  ғимараттың  ағын  суларын  толық  кәдеге  жаратуды 
қамтамасыз етеді. 

 

 

Фильт
р  

Жылу сорғының 
бу шығарғышы 

Кәріз жүйесі 

Жылу сорғының  
ылғал шығарғышы 

Догревтің ыстық  
су контуры 

лай ағын  

ағын  

нысап ағын  

суық су  

желінің ыстық суы  

тура құбыр  

кері құбыр  

ғимаратты ыстық сумен қамту  

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

33 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  

22 сурет  - Жылулық сорғыш және бак-аккумулятор пайдаланып ағынды сулар 

жылуын кәдеге жарату сызбасы  

 

5.8.10

 

Ағын  суды  кәдеге  жаратуды  тиімділігін  арттыру  үшін  бак-аккумуляторлар 

пайдаланады.  

5.8.11

 

Аккумуляторлардың қызметі – қажетсіз ағын сулар шығынының әркелкілігін 

және тұрғындардың ыстық суды таңдауын жою.  

5.8.12

 

Ағын  сулар  жылуын  кәдеге  асыру  жүйесінде  төменгі  (орналасқан  орны 

бойынша  жіктеу)  және  ашық  (құрылымы  бойынша)  бак-аккумуляторлар  пайдалану 
ұсынылады.  

5.8.13

 

Ағын  суларды  бак-аккумулятор  және  табақша  тәрізді  жылу  алмастырғыш 

пайдаланып  кәдеге  жарату  үшін  ұсынылатын  жылу  алмастыру  жүйесін  де  пайдалануға 
болады.  Табақша  тәрізді  жылу  алмастырғышта  кәдеге  асырылған  жылу  коттедж 
ғимаратын ЫСҚ жүйесінде суды сатылы жылыту үшін пайдаланылады. 

5.8.14

 

Бак-аккумулятордың  қажетті  көлемін  қажетсіз  ағын  сулар  шығыны  графигі 

бойынша анықтау керек.  
 

5.9

 

Желдету жүйесінде жер асты ауа жылу алмастырғышын қолдану   

 

5.9.1

 

Коттедж  ғимараттарын  ыстық  және  суықпен  қамту  жүйесінің  келешегі  бар, 

экологиялық  таза  және  күнделікті  қол  жетімді  төмен  потенциалды  жылулық  энергия 
көздерінің бірі жердің беткі қабаттарындағы топырақ жылуы болып табылады. 

 

5.9.2

 

Топырақ жылуын жинау жүйесі топырақта жинақталған жылуды алатын және 

оны  тұтынушыға  бұратын  айналымды  жылу  тасымалдағышы (ауа)  бар  құбырлар  жүйесі 
түрінде  болады.  Тұтынылатын  энергияның  орны  топырақты  қоршап  тұрған  массивтен 
түсетін  жылумен  толтырылады,    топырақты  бұл  жылуды  рекуперациялау  арқылы 

Фильт
р  

Жылу сорғының 
бу шығарғышы 

Кәріз жүйесі 

Жылу сорғының  
ылғал шығарғышы 

Догревтің ыстық  
су контуры 

лай ағын  

ағын  

нысап ағын  

суық су  

желінің ыстық суы  

тура құбыр  

кері құбыр  

ғимаратты ыстық сумен қамту  

Бак-аккумулятор 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

34 

мәжбүрлі желдету жүйесінде пайдаланылатын ауаны алдын ала жылыту үшін қажет төмен 
потенциалды жылу көзі ретінде ұзақ уақыт пайдалануға мүмкіндік береді. 

 

5.9.3

 

Жылдың  жылы  мезгілінде  жер  асты  ауа  жылу  алмастырғышы  ағынды  ауа 

температурасын төмендетіп, кондициялау жүйесіне жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.  

5.9.4

 

Жер  асты  жылу  алмастырғышының  қуатын  ,  Р,  Вт  келесі  формула  бойынша 

есептеу қажет: 

            Р = с · v · ρ · ΔT·π·r2, 

 

 

 

         (9) 

 

 

мұнда с– ауаның жылу сыйымдылығы, Дж/(кг∙ ºС); 

 

      v – ауа ағыны жылдамдығы, м/с; ρ – ауа тығыздығы, кг/м3; 

 

      ΔТ – жылу алмастырғышқа кіру және шығу температураларының айырымы, ºС; 

 

      r – жер асты жылу алмастырғышының ауа жолының ішкі радиусы, м. 

5.9.5

 

Жер  асты  ауа  жылу  алмастырғышына  ауаны  тарту  топырақ  деңгейінен  кем 

дегенде 2 м тереңдікте жүзеге асырылуы керек. 

5.9.6

 

Жер асты ауа жылу алмастырғышына кіреберісте ауа сүзгіші орнатылуы керек.  

5.9.7

 

Су  тарту  құрылғысының  құрылысы  жер  асты  ауа  жылу  алмастырғышына 

құстар мен ірі жәндіктердің түсуіне кедергі болуы керек.  

5.9.8

 

Құбыр  тарту  траекториясы  енетін  ауа  ағынына  кедергі  минимальді  болуын 

қамтамасыз етуі керек. 

5.9.9

 

Жер  асты  ауа  жылу  алмастырғышы  құбырларын  тартқанда  90°  бұрышпен 

бұрылатын бұрылыстарды болдырмау керек.  

5.9.10

 

Жер  асты  ауа  жылу  алмастырғышы  құбырларының  материалы  жемірілуге 

ұшырымауы тиіс.  

5.9.11

 

Жер асты ауа жылу алмастырғышы құбырларының жалғасқан жерлері мұқият 

саңылаусыздандырылуы және гидрооқшаулануы керек.  

5.9.12

 

Бір  қалыпты  жыл  орамын  қамтамасыз  ету  үшін  жер  асты  ауа  жылу 

алмастырғышының  құбырлары 80 см кем емес қашықтықта орналасуы керек.  

5.9.13

 

Жер  асты  ауа  жылу  алмастырғышының  құбырларын  топырақтың  тоңдану 

тереңдігінен төмен орналастыру қажет.  

 

5.10

 

Энергиямен қамтуға арналған аралас жүйелер 

  

5.10.1

 

Коттедж  ғимаратын  жылумен  қамту  жүйесінде  энергия  ресурстарын 

тұтынуды  максимальді  үнемдеуді  альтернативті  энергия  көздерінің  аралас  жүйесін 
пайдалану арқылы қамтамасыз етуге болады. 

5.10.2

 

Жылумен  қамту  жүйесі  коттедж  ғимаратының  жылытуға  және  желдетуге, 

сонымен  қатар,  ыстық  сумен  қамтуға  жылулық  энергия  қажеттілігін  қамтамасыз  етуі 
керек. 

5.10.3

 

Коттедж  ғимаратын  күн  коллекторын  пайдалану  арқылы  аралас  жылумен 

қамту жүйесін жүзеге асыру мысалы 23-суретте берілген. 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

35 

 

1 газ қазандығынан бойлерге жылу 
тасымалдағыш беру 

23 бассейн 

2 қосымша жылу генераторынан жылу 
тасымалдағыш беру 

24 бассейн жылу алмастырғышы 

3 жылу тасымалдағыштың бойлерден 
шығуы 

25 бассейннің айналымдық сорғышы 

4 жылу тасымалдағыштың бойлерден 
шығуы 

26 жылыту жүйесінің радиациялық 
жиектемесі 

5 пайдаланылмайды 

27 еденнен жылыту жүйесі 

6 жылу тасымалдағыштың  қосымша жылу 
генераторына қайтуы 

28 бөлме термостаты 

7 жылу тасымалдағыштың жылыту 
жүйесінен бойлерге берілуі 

А12 күн коллекторы 

8  СО жылу тасымалдағыш 550 л бойлері 

В4 қазандық бойлерінің температуралық 
бергіші 

9 Solar movement гидравликалық тобы 

В5 СО кері желісі температуралық бергіші 

10 кеңейтікш бак 80 л 

В11 күн коллекторының бергіші 

11 ЫСҚ термостатикалық араластырғыш 
вентилі 

В12 бойлердің температуралық бергіші 
(төменгі) 

12 күн коллекторы 

В13 бойлердің температуралық бергіші 
(ортаңғы) 

14 газ қазандығы 

М50 3-жүрісті қақпақ (СО немесе бойлер) 

15 ЫСҚ қауіпсіздік тобы 

М51 3-жүрісті қақпақ (СО тек қазандықпен 
жылыту немесе аралас әдіс) 

16 сантехникалық суық судың кері 
қақпағы 

АС  ыстық су шығуы 

17 араластырғыш қақпақ 

АҒ суық су енуі 

18 ауа қақпағы 

М жылу тасымалдағыштың газ 
қазандығынан  СО берілуі 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

36 

19 қашықтықтан басқару тетігі (опциялық)  R жлу тасмыалдағыштың газ қазандығына 

қайтуы 

20 жылыту жүйесінің кеңейту багы 

МБ жылу тасмалдағыштың жинақтағыш 
бойлерге берілуі 

22 СО аймақтық басқару Dim  жинағы 

 

 

23 сурет  –  Күн коллекторын пайдаланып коттедж ғимаратын аралас жылумен 

қамту жүйесі  

 

5.10.4

 

Жүйе  ғимараттың  еденнен  жылытылуын,  бассейндегі  судың  жылытылуын 

және ыстық сумен қамтуды қамтамасыз етеді. 

5.10.5

 

Ең жоғарғы жүктемелердің орнын толтыратын сақтық энергия көзі ретінде газ 

қазандығы қолданылады. 

5.10.6

 

Күн  энергиясы  жетпеген  жағдайда  қазандық  агрегатының  жинақтағыш 

бойлерді жылытуға автоматты қосылуы жүзеге асады.  

5.10.7

 

Ғимаратты күн коллекторын пайдаланып жылумен қамту жүйесінде энергия 

өндірудің  сақтық  көзі  ретінде  газ  қазандығының  орнына  төмен  потенциалды  жылу  көзі 
топырақ жылуы болып табылатын жылулық сорғыш пайдалануға болады. Мұндай аралас 
жылумен қамту мысалы 24-суретте берілген. 

 

1 – жылу тасымалдағыштың (су) жылыту жүйесіне берілуі; 
2 – жылу тасымалдағыштың жылыту жүйесінен қайтуы; 
3 – жылу тасымалдағыштың кері айналымы (су); 
4 – жылу тасымалдағыштың (су) сумен қамту жүйесіне берілуі; 
5 – жылу тасымалдағыштың (су) жанама жылыту багынан қайтуы; 

Жылытқыш коллекторы 

Кеңейткіш бак 

Күн коллекторы 

Аккумулятор багы 

Геотермалды жылу сорғысы 

Ұңғыма  

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

37 

6 – жылу тасымалдағыштың (су)жылулық сорғыштан жанама жылыту багына 

берілуі;   

7 – пропиленгликоль жылу тасымалдағышының күн тақтасына берілуі;  
8 – жылу тасымалдағыш пропиленгликольдің күн коллекторынан жылулық 

сорғышқа қайтуы; 

9 – пропиленгликоль жылу тасымалдағышының ұңғымаға берілуі; 
10 – пропиленгликоль жылу тасымадағышының ұңғымадан жылу сорғышына 

берілуі;  

11 – судың сумен қамту жүйесінен жанама жылыту багына берілуі  

 24 сурет  – Күн коллекторы мен геотермальді жылыту сорғышын пайдаланып 

коттедж ғимаратын аралас жылумен қамту жүйесі  

 

5.10.8

 

Жылумен қамтудың аралас жүйесіне күн коллекторы, геотермальді жылулық 

сорғыш,  жанама  жылыту  бак-аккумуляторы  жатады.  Құрылғының  жылу  сорғыш  блогы 
басқару автоматикасымен жинақталады. 

5.10.9

 

Топырақтың,  сыртқы  ауаның,  жер  асты  және  су  қоймалар  суының  жылуын 

пайдаланатын күн коллекторын, жылулық сорғыштарды ғимараттың жылумен қамту және 
ыстық  сумен  қамту  жүйелеріне  жалғаудың  әр  түрлі  сызбалары  бар,  олар  бір-бірінен 
тұтастыруымен,  сипаттамасымен,  бекітілуімен  ажыратылады.  Жұмыс  қағидалары 
алдында айтылғандармен ұқсас. 

5.10.10

 

Жылусорғыш  жабдықтың  құны  жоғары  болуына  байланысты  оны  қолдану 

экономикалық негізделген болуы керек.  

5.10.11

 

Жылу  сорғыш  құрылғыны  ғимаратты  жылу  желілеріне  қосу  мүмкін 

болмағанда немесе жылумен қамту көзінің қуаты жеткіліксіз болғанда пайдаланған дұрыс.

 

 

5.10.12

 

Жылумен  қамту  жүйелерін  күн  коллектрларын  және  жылу  сорғыштарды 

пайдалана  отырып  жобалауды  техникалық  құжаттама  және  жабдықты  өндіруші  нұсқауы 
негізінде жүзеге асыру керек.   

5.10.13

 

Жаңартылмайтын энергия көздерімен бірге  басқа да альтернативті энергия 

көзін  немесе  көздерін  немесе  аралас  альтернативті  энергия  көздері  жүйелерін  қолдану 
мүмкіндігі бар.  

5.10.14

 

Теріс температураның ең жоғарғы мәні кезінде коттедж ғимаратындағы жылу 

шығынының орнын толтыру үшін сақтық жылу көзін қарастыру керек. Сақтық жылу көзі 
типі жеңіл қол жетімді және арзан отын түрімен анықталады. 

5.10.15

 

Қуатты көшіру альтернативті істен шыққан жағдайда немесе жаңартылатын 

энергия  көзі  (желдің  болмауы  немесе  әлсіз  болуы,  топырақ  жылуының  сарқылуы,  ауа 
райының бұлттылығы және т.б.) шамасы жеткіліксіз болғанда жүзеге асырылады.  

5.10.16

 

Қуатты  көшіру  жүйесінде  мүмкіндігіне  қарай  сақтық  көзінің  автоматты 

қосылу  жүйесі  болуы  тиіс.  Мұндай  жүйені  пайдаланғанда  коттедж  ғимаратының 
энергиямен қамтылу тиімділігі мен үздіксіздігі артады (жылыту, энергиямен қамту, ЫСҚ, 
желдету). 
 
 
 
 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

38 

6

 

КОТТЕДЖ ҒИМАРАТЫНЫҢ ЭНЕРГОТИІМДІЛІГІН  АРТТЫРУ 

 

6.1  Энерготиімді  коттедж  ғимаратын  жылыту  мен  желдетуге  жұмсалатын 

энергия шығынын анықтайтын факторлар 

 

6.1.1

 

Көп қабатты тұрғын үй ғимараттарына қарағанда, коттедж ғимараттары жылу 

мен  желдетуге  жұмсалатын  жылулық  энергияның  нормаға  сәйкетендірілетін  меншікті 
шығынының  жоғары  деңгейімен  ерекшеленеді.  1-3-қабатты  ғимараттарды  жылытуға 
жылулық энергияның нормаға сәйкетендірілетін меншікті шығыны ҚР ҚН 2.04-21 сәйкес, 
8-9-қабатты  тұрғын  үйлердегі  аталмыш  көрсеткіштен  68,7  %  жоғары.  МҚН  2.04-02  
сәйкес,  бұл  айырмашылық  84,2  %  жетуі  мүмкін.  Сондықтан,  пайдаланудағы  шығынды 
төмендету  үшін  коттедж  ғимараттарын  жобалауда  жылуды  қорғау  деңгейіне  баса  назар 
аударған жөн.  

6.1.2

 

Коттедж  ғимараттары  жататын  жеке  тұрған  немесе  блокка  жинақталған  бір 

пәтерлі  тұрғын  үйлерді  жылытудағы  жылулық  энергияның  нормаға  сәйкетендірілетін 
меншікті шығыны 

q

h

req

 7-кестесінде көрсетілген [МҚН 2.04-02]. 

6.1.3

 

Жылу мен желдетуге жылулық энергияның нормаға сәйкетендірілетін меншікті 

шығыны  кешенді  көрсеткіш  болып  табылады.  Оның  мәніне  келесі  факторлар  тобы  әсер 
етеді:  

- көлемдік-жоспарлық шешімдер;  
- инженерлік жүйелер және ғимарат жабдықтары; 
- қоршау құрылымдарының жылу берудегі қарама-қайшылығы. 
Факторлардың бірінші тобы біріктіреді: 
- жарық жақтары бойынша ғимарат бағдары;  
- тұрғын үйлік (пайдалы) алаңның үлесі;  
- қасбеттің әйнектелу пайызы;  
- ғимараттың ықшамдылығы. 

 

7 кесте – Жеке тұрған және блокқа жинақталған бір пәтерлі  

q

h

req

 тұрғын 

үйлерді жылытуға жылулық энергияның нормаға сәйкетендірілетін меншікті 

шығыны кДж/(м

2

o

C

тәулік)

 

 

Үйдің жылытылатын ауданы, м

2

 

Қабаттар саны 

60 және одан аз 

140 

 

 

 

100 

125 

135 

 

 

150 

110 

120 

130 

 

250 

100 

105 

110 

115 

400 

 

90 

95 

100 

600 

 

80 

85 

90 

1000 және одан артық 

 

70 

75 

80 

 

 

 

 

 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

39 

7 кесте – Жеке тұрған және блокқа жинақталған бір пәтерлі  

q

h

req

 тұрғын 

үйлерді жылытуға жылулық энергияның нормаға сәйкетендірілетін меншікті 

шығыны кДж/(м

2

o

C

тәулік) 

(жалғасы) 

 

ЕСКЕРТУ  Үйдің  жылу  берілетін  аумағының  60  -  1000  м

2

  интервалындағы  аралық  мәнінде 

q

h

req

 

мәні сызықтық интерполяция бойынша анықталу қажет.

 

 

 

6.1.4

 

Екінші топ жылу тасығыш сипаттамаларын реттеу жүйесі, желдету жүйесінің 

түрі,  жылу  энергиясының  альтернативтік  немесе  екінші  реттік  қайнаркөздерін 
пайдаланудан тұратын инженерлік жүйенің нұсқауларын біріктіреді. 

6.1.5

 

Үшінші топ қоршау құрылымдарының жылуды қорғау қасиеттерін сипаттайды.  

6.1.6

 

Жылу  энергиясының  меншікті  шығынының 

q

а

  көрсеткішіне  әсер  ететін 

факторлар сызба түрінде 25-суретте көрсетілген.  

6.1.7

 

Маңызды  факторлардың  –  ғимараттың  ықшамдылығы,  қасбеттің  әйнектелуі 

және  жылу  берілудегі  мысалға  келтірілген  қарама-қайшылық  (сыртқы  қабырғалар 
мысалында) әсер ету деңгейі 26 – 28-суреттерінде көрсетілен.  

6.1.8

 

Ықшамдылық    –  қоршау  құрылымдарының  дамуын  сипаттайтын  көрсеткіш 

және ол қоршау құрылымдарының ғимараттағы жылу берілетін аумақтың қатынасына тең. 
Ықшамдылықтың  көрсеткіші  қаншалықты  төмен  болса,  жылу  энергиясына  деген 
қажеттілік соншалықты төмен. (26-суретті қараңыз).   

6.1.9

 

Терезелердің  аумағы  үлкейген  сайын  жылу  мен  желдетуге  жұмсалатын  жылу 

энергиясының меншікті шығыны жоғарылайды.  

 

МЫСАЛ  Ықшамды екіқабатты коттедж ғимараты  (k

l

=0,78 м

-1

) үшін әйнектелеген қасбеттің пайызы 

11  ден  20  %  өзгерген  кезде  жылу  энергиясының  меншікті  шығыны  Батыс-Шығыс  бағдарында  5  %, 
Солтүстүк-Оңтүстік  2  %  дейінгі  өлшемді  құрайды.  Ықшамдылық    коэффициентімен  салыстырғанда 
фактордың әлсіз әсер етуі терезе  аумағының үлкеюі жылуды жоғалтып қана қоймай ғимараттың меншікті 
энергия қолдану деңгейін төмендететін күн сәулесінің түсуімен шарттасады. (27-сурет). 

 
6.1.10

 

Сыртқы  қабырғалардың  жылу  берудегі  көрсетілген  қарама-қайшылығының 

жоғарылауы  меншікті  энергия  қолдануға  төмендегідей  әсер  етеді:  қарастырылған 
мысалда оның 2 есе ұлғаюында (2 ден 4 м

2

o

C/Вт) менншікті энергия қолдану 20 % дейін 

төмендейді.  (28  сурет).  Ары  қарай  сыртқы  қабырғалардың  жылу  берудегі  көрсетілген 
қарама-қайшылығының  жоғарылауы  неғұрлым  тиімдірек  болып  келеді.  Сондықтан, 
қоршаудағы рационалды құрылымдарын таңдау жылу жоғалту құрылымының алдын ала 
талдауы  мен  жеке  қоршаулардың  жылу  қорғау  қасиеттерінің  жоғарылауындағы 
экономикалық мақсаттылығымен негізделу қажет.  

6.1.11

 

Коттедж 

ғимараттары 

жылу 

жоғалтуы 

құрылымының 

талдауын  

ҚР ҚН 2.04-21 келтірілген  жылу мен желдетуге жұмсалатын меншікті шығын мен жылу 
тепе-теңдігінің әдістемесіне сай орындалуы қажет.   

6.1.12

 

Жылу  мен  желдетуге  жұмсалатын  жылу  энергиясының  меншікті 

шығынының  кешенді  көрсеткішін  қолданудың  есепті  шарттарында  ғимараттың  жылу 
тепе-теңдігіне  орай  бекітеді.  Коттедж  ғимаратының  жылу  тепе-теңдігі  ғимараттың 
жылуды  жоғалтуымен,  адамдардан  бөлінетін  жылумен,  жарықтандырумен,  тұрмыстық 
техникамен,  күн  сәулесімен  шарттасады.  Жылу  мен  желдетуге  жұмсалатын  жылу 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

40 

энергиясының  шығынын  есепке  ала  отырып,    жылу  жоғалтуды  қоршау  құрылымдары 
мен желдетудегі жылу жоғалту арқылы теңестіру қажет.  

 

 

 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

41 

25 сурет – Ғимаратты жылыту мент желдетуге жұмсалатын жылу энергиясы 

меншікті шығынының көрсеткішіне әсер ететін факторлар  

 

 

 26 сурет – Коттедж ғимаратының ықшамдылығына орай меншікті энергияны 

қолдану тәуелділігінің мысалы 

 

 

 

27 сурет – Коттедж ғимараты қасбетінің әйнектелуі және бағдарына  орай 

меншікті энергияны қолдану тәуелділігінің мысалы 

 

 

Ш/Б 

С/О 

Әйнектеліну % 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

42 

28 сурет – Коттедж ғимараты сыртқы қабырғаларының көрсетілген қарама- 

қайшылығына орай меншікті энергияны қолдану тәуелділігінің мысалы  

 

6.1.13

 

Қоршау  құрылымдары  арқылы  жылуды  жоғалту  (трансмиссиялық  жылу 

жоғалту)  қоршау  құрылымдарының  жылуды  қорғау  қасиетімен  шарттасады.  Желдету 
кезіндегі  жылу  жоғалту  ғимараттың  жоспарлық  шешімі  (тұрғын  үй  аумағы)  мен 
қабылданған желдету жүйесінің түріне тәуелді. Жылу жоғалту элементтерінің қатынасы 
әр жағдайда әр түрлі.  

Жылу жоғалту құрылымының талдауы үшін бастапқы элемент болып табылады: 
- Қоршау құрылымның ауданы A

i

, м

2

- Қоршау құрылымындағы жылу берілудің келтірілген қарама-қайшылығы

 R

i  

м

2



С/Вт; 

- Жылу беру кезеңінің градус-тәулігі

 D

d

C∙тәу; 

- Жылу беру кезеңіндегі ғимараттың жалпы жылу жоғалтуы 

 Q

h

, МДж. 

Қоршау құрылымдары арқылы жылуды жоғалтудың үлесін келесі формула бойынша 

анықтайды:   

100

i

h

Q

Q

P

                                                                   (10) 

мұнда 

i

Q

 - жылу берілу кезеңіндегі қоршау құрылымдары арқылы жылуды жоғалту, 

МДж, оны келесі формула бойынша анықтайды:  

0, 0864

i

d

i

i

R
A

Q

D

.                                                        

(11) 

Желдетуге жылу жоғалтуды 

inf

Q

, МДж, келесі формула бойынша анықтайды:  

inf

h

i

Q

Q

Q

.                                                           (12) 

Коттедж ғимаратының ауданын жылыту мен желдетуге жұмсалатын жылу шығынын 

анықтау реті А қосымшасында көрсетілген. 

6.1.14

 

29-суретте    200  м

жылыту  ауданы  бар  ықшамдалған  екі  қабатты  коттедж 

ғимаратының (

k

= 0,78) жылуды жоғалту құрылымы берілген. Жылуды жоғалту қоршау 

құрылымдарындағы  жылу  берудің  көрсетілген  қарама-қайшылығының  мәніне  орай 
есептелген:  сыртқы  қабырғалар  2,5  м

2

∙С/Вт,  шатыр  жабыны    4,0  м

2

∙С/Вт,  терезе        0,6 

м

2

∙С/Вт, жертөле үсті жабыны  2,0 м

2

∙С/Вт табиғи желдету кезінде.  

 

 

 29 сурет – Коттедж ғимаратының жылу жоғалту құрылымының мысалы  

Ауа 
алмасу38% 

Сыртқы 
қабырға 30% 

Еден 6% 

Шатыр 9% 

Терезелер 17% 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

43 

 

6.1.15

 

 Коттедж  ғимаратындағы  жылу  жоғалтудың  көп  бөлігін  қоршау  арқылы 

жылуды  жоғалту    құрайды.  Қоршау  құрылымдарының  айтарлықтай  бөлігі  сыртқы 
қабырғаларға сәйкес келеді. Сондықтан оның нұсқаларын мақсатты түрде жылу берудегі 
қарама-қайшылықтың  жоғарылауымен  бірге  қарастыру  керек.  Энергияны  жұмсауды 
төмендетудің  екінші  қоры  – жылу жоғалтуды  тартылған ауамен жылуды пайдаланатын 
механикалық  жүйесі  бар  желдетуді  қолдану  есебінен  қысқарту.  Техникалық 
шешімдердің нұсқасын таңдауды экономикалық тұрғыдан негіздеу қажет.   

 

6.2

 

Энерготиімді коттедж ғимаратын жобалау технологиясы  

 

6.2.1

 

 Энерготиімді  коттедж  ғимаратын  жобалау  кезінде  әр  нақты  жағдайда  келесі 

міндеттер өз ретімен шешіледі.  

6.2.2

 

 Көлемдік-жоспарлық 

шешімдердің 

өңделуі. 

Көлемдік-жоспарлық 

шешімдердің  өңделуі  кезінде  ықшамды  ғимараттар  үшін  жылуды  қорғаудың  талап 
етілетін  деңгейіне  жету  ықшамды  емес  ғимараттармен  (дамыған  қасбетті  «нүктелі») 
салыстырғанда  аз шығынға ие болатынын есепке алу қажет. Ғимараттың ықшамдылығы 
k  есептік  көрсеткішімен  анықталады.  Ол  қоршау  ауданының  S  ғимараттағы  қоршау 
құрылымдарының  ішкі  жабынының  шегінде  анықталатын  жылытылатын  көлемнің 
қатынасына тең.  

6.2.3

 

 Қабылданған  инженерлік  жабдықтардың  алдын  ала  бекітілген  тиімділік 

коффициенті және жылу мен желдету жүйесінің нұсқаларын таңдау.  

6.2.4

 

 Қоршау  құрылымдарының  жеке  элементтері  және  аумақтың  микроклимат 

нұсқаларымен қамтамасыз ету есебімен шарттасатын, қоршау құрылымдарындағы жылу 
берілудің  қарама-қайшылық  мәндерімен,  ғимараттың  жылуы  мен  желдетуіне 
жұмсалатын  жылу  энергиясының  қажеттілігімен  сипатталатын  тиімділікті  қажет  ететін 
инженерлік жүйе үшін талап етілген жылуды қорғау деңгейін бекіту. 

6.2.5

 

 Энерготиімділіктің  талап  етілген  деңгейін  қамтамасыз  ету  үшін  жобада 

қабылданған 

техникалық 

шешімдердің 

техникалық-экономикалық 

негізделуі 

(энергияның жаңаланған және альтернативтік қайнаркөздерін қолдану). 

6.2.6

 

 Тұрғындар мен қызметкерлер үшін коттедж ғимаратының инженерлік жүйесін 

пайдалану бойынша нұсқаулықтың өңделуі. 

6.2.7

 

 Энерготиімді  коттедж  ғимараттарының  қоршау  құрылымдарын  жобалау 

жоғарыда аталған ретте келесі сипаттамаларға ие:   

- Қоршаулардың жылуынан энергоүнемдеуші тиімділікке сәйкес факторлар кешенін  

есепке  ала  отырып,  талап  етілетін  жылу  энергиясының  меншікті  шығыны  арқылы  қол 
жеткізіледі, ол ғимараттағы жылу қорғалудың экономикалық және энергетикалық  тиімді 
деңгейін таңдауға мүмкіндік береді; 

- Жобалау кезінде жобалау шешімдерін таңдаудың еркіндігі.  

 
6.3

 

Энерготиімді коттедж ғимаратының жылулық қорғаныс деңгейін анықтау 

  

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

44 

6.3.1

 

Технологиялық 

сипаттамалары 

бойынша 

энерготиімді 

коттедж 

ғимараттарының  қоршау  құрылымдары  қолданыстағы  нормативті  құжаттар  талаптарын 
қанағаттандыруы керек.  

6.3.2

 

 Бұл  жағдайда  энерготиімді  коттедж  ғимараттарының  талап  етілетін  жылу 

беру  кедергісін  жылыту  мен  желдетуге  жылулық  энергия  шығынының  нормативті 
мәндеріне байланысты белгілеу керек.  

6.3.3

 

Коттедж ғимаратының жасалған көлемдік-жоспарлық шешімінде жылыту мен 

желдетуге  жылулық  энергияның  меншікті  шығынының  нормативті  мәніне  осы 
көрсеткішті  анықтайтын  факторлар  кешенін  түрлендіру  арқылы  қол  жеткізеді,  мұндай 
факторларға  жеке  элементтердің  жылулық  қорғаныс  деңгейін  арттыру,  тиімді 
инженерлік жабдық пайдалану жатады.   

6.3.4

 

 Қоршау  құрылымының  жеке  элементтері  үшін  жылулық  қорғаныстың  қажет 

деңгейін  және  инженерлік  жүйелердің  қажет  тиімділігін  белгілеуді  қоршаудың  жылу 
беру  кедергісі  мәнін  нормаға  сәйкестендіретін  ғимарат  микроклиматы  параметрлерін 
қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады. 

6.3.5

 

 Коттедж  ғимаратын  жылытуға  жұмсалатын  жылулық  энергияның  нормаға 

сәйкестендірілетін  меншікті  шығыны  негізінде  жылулық  қорғаныстың  талап  етілетін 
деңгейі мен инженерлік жүйелердің талап етілетін тиімділігін белгілеу тәртібі көлемдік-
жоспарлы шешімдерге сәйкес 30-суретте берілген және ол келесі міндеттерден тұрады: 

- ғимараттың геометриялық параметрлерін есептеу (жылытылатын ауданы, қоршау  

ауданы, пайдалы (тұрғылықты) аудан);  

- қолданыстағы нормативті құжаттарға сәйкес сыртқы ауа нормативтерін анықтау  

және жылыту маусымының тәуліктік градусын есептеу;  

- ғимарат бөлмелерінің микроклиматы параметрлерін анықтау;  
- ғимарат бөлмелеріндегі ауа алмасу параметрлерін нормативті құжаттарға сәйкес  

анықтау, тұрмыстық жылу бөлінуді анықтау;  

- ғимаратты жылыту және желдету жүйесінің түрін және инженерлік жабдық  

сипаттамаларын тағайындау;  

- қоршау құрылымының (сыртқы қабырға, жабындар, шатыр асты жай және жер  

асты  жабындары,  терезе,  сыртқы  есік)  жылу  беру  кедергісінің  алғашқы  жуықталған 
шамасын  қолданыстағы  нормативті  құжаттар  талаптарына  сай  анықтау,  қоршауды 
қосымша жылытудың мүмкін нұсқаларын белгілеу; 

- ғимаратты жылытуға жұмсалатын жылулық энергияның нормаға  

сәйкестендірілетін меншікті шығынын анықтау;  

- жылыту маусымындағы жылулық энергияның меншікті шығынын есептеу және  

нормаға сәйкес мәнмен салыстыру. 

6.3.6

 

des

h

q

  есепті  мәні  нормаға  сәйкестендірілетін  шамадан  аспаған  жағдайда 

есептеуді аяқтайды. Энерготиімді коттедж ғимаратының жылытуға жұмсалатын жылулық 

энергияның  нормативті  меншікті  шығыны  шамасы  асып  кеткенде 

des

h

q

  мәніне    осы 

көрсеткішті анықтайтын факторлар кешенін түрлендіру арқылы қол жеткізіледі.  

6.3.7

 

Қоршау құрылымдары ғимараттағы терезе жіктері мен жапсарлы элементтерді 

саңылаусыздандыру есебінен еркін ауа алмасуды азайтуды қамтамасыз етуі керек.  

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     1      2      3      4      ..