СП РК 3.02-140-2013 ПРОЕКТИРОВАНИЕ ЭНЕРГОЭФФЕКТИВНЫХ, ЭКОЛОГИЧЕСКИ ЧИСТЫХ ЖИЛЫХ КОТТЕДЖНЫХ ЗДАНИЙ (ҚР ЕЖ 3.02-140-2013) - 2

 

  Главная      Книги - Разные     СП РК 3.02-140-2013 ПРОЕКТИРОВАНИЕ ЭНЕРГОЭФФЕКТИВНЫХ, ЭКОЛОГИЧЕСКИ ЧИСТЫХ ЖИЛЫХ КОТТЕДЖНЫХ ЗДАНИЙ (ҚР ЕЖ 3.02-140-2013)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

   

 

   

 

содержание      ..      1      2      3      ..

 

 

 

СП РК 3.02-140-2013 ПРОЕКТИРОВАНИЕ ЭНЕРГОЭФФЕКТИВНЫХ, ЭКОЛОГИЧЕСКИ ЧИСТЫХ ЖИЛЫХ КОТТЕДЖНЫХ ЗДАНИЙ (ҚР ЕЖ 3.02-140-2013) - 2

 

 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

13 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 

4 сурет – Қыс мезгілінде ыстық сумен қамтуға арналған күн коллекторын 

жалғау сызбасы 

 

5.1.14

 

Күн коллекторы мен бойлер аралығындағы жалғастырғыш құбырлардың өту 

қимасы мен қыс мезгіліне арналған жылытқыш қабық қалыңдығын жаз мезгіліне арналған 
қабық қалыңдығымен бірдей етіп алуға болады. 

5.1.15

 

Күн  белсенділігі  жеткіліксіз  болған  жағдайда  ыстық  су  дайындауды 

қамтамасыз ету үшін бивалентті бак-аккумуляторлар пайдаланған дұрыс.  

5.1.16

 

КЖЖ коттедж ғимаратының ыстық сумен қамту жүйесіне жалғауды жобаның 

су және кәріз жүйесі бөлімінде қарастырады, бұл жағдайда жылулық және гидравликалық 
шығынды болдырмау үшін құбыр жолдары жүйесі барынша қысқа болуы керек. 

5.1.17

 

Ғимараттарды күн коллекторларын пайдаланып ыстық сумен қамту жүйесін  

жобалағанда ҚР ҚН 4.01-06  басшылыққа алу керек. 

5.1.18

 

Күн  коллекторын  пайдаланып  ыстық  сумен  қамту  жүйесін  жобалауды 

техникалық құжаттама және жабдықты өндірушінің нұсқаулары негізінде орындау қажет. 

 

5.2

 

Күн батареяларын қолдану  

 

5.2.1

 

Коттедж  ғимараттарын  электрмен  қамту  үшін  күн  батареяларын  (КБ) 

пайдаланған  дұрыс,  күн  энергиясын  тұрақты  не  айнымалы  электр  тогына  инвертор 
арқылы тікелей түрлендіріп, оны тікелей немесе аккумулятор жүйесінде жинақтау арқылы 
қолдануға болады.  

ауашығарғыш 

ыстық су 

құятын кран 

көше 

үй   

КК   

манометр 

кеңейгіш бак 

Антифриз  

суық су 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

14 

5.2.2

 

КБ  коттедж  ғимаратының  электрмен  қамту  жүйесіне  жалғауды  жобада, 

«Электрмен қамту» бөлімінде қарастыру керек. 

5.2.3

 

КБ-ауқымдарын коттедж ғимаратының шатырына орнату үшін жобалау кезінде 

таңдалған  КБ-жүйелерінің  өлшемдеріне  сай  бекіту  элементтері  үшін  орын  қарастыру 
керек. 

5.2.4

 

Негізгі  немесе  қосымша  КБ-жүйесін  коттедж  ғимаратының  күнмен 

жарықтанатын үй іргесіндегі телімінде орнатуға да болады.  

5.2.5

 

Қуаттың  қажетті  мөлшерін  алу  үшін  ток  пен  кернеу  бойынша  қажетті 

параметрлер алу үшін параллель немесе тіркес жалғанған күн тақталары қажет. 

5.2.6

 

Мұндай тақталардың ауданы бірнеше шаршы метрден ондаған шаршы метрге 

дейінгі  аралықта  болады.  КБ-ауқымын  құрайтын  тақта  саны  көбейген  сайын  өндірілетін 
қуат  арта  түседі.    Күн  фотоэлектрлік  жүйесінің  құрылымдық  эленменттері  5-  суретте 
берілген. 

 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 5

 

сурет

 –

Күн фотоэлектрлік жүйесінің (КФЖ) құрылымдық элементтері  

 

5.2.7

 

Фотоэлектрлік жүйелердің үш негізгі түрі бар: 

- толық дербес; 
- желіге жалғанған; 
- қор жүйелері. 
5.2.8

 

Күн  фотоэлектрлік  жүйесін  электр  энергиясын  орталықтандырылған  және 

таратылған түрде өндіріп алу үшін пайдалануға болады. 

5.2.9

 

КБ  өндірілген  энергияны  жинақтау  және  сақтау  КБ  сәйкес  қуаттандыру 

құрылғысы арқылы жалғанған аккумуляторлы батареялар арқылы жүзеге асырылады. 

5.2.10

 

Фотоэлектрлік  станцияға  арналған  аккумулятор  батареялары  жеке 

аккумуляторлардан  немесе  бірлік  шығу  кернеуі  6  және  12  В  моноблоктардан 
(аккумуляторлардан тұратын жинақ) құралуы мүмкін. 

Массив 

Элемент 

Элементтен жиынтық 

күн батареясына (КБ) 

Панел 

Жиынтық КБ 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

15 

5.2.11

 

Күн  батареялары  жүйесін  қолданғанда  сапалы  электрмен  қамтуды 

қамтамасыз  ету  үшін  кіру  кернеуі  төмен  болған  жағдайдада  үздіксіз  жұмыс  істейтін 
тұрақтандырғыштар таңдау қажет. 

5.2.12

 

Күн  батареяларында  өндірілетін  тұрақты  ток  энергиясын  айнымалы  бір 

фазалы 220 В/50  Гц немесе үш фазалы 380 В/50 Гц токқа түрлендіру үшін параметрлері 
мен функционалдық мүмкіндіктері бойынша сәйкес келетін инвертор пайдалануға болады 
(6- суретті қараңыз). 

 

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1 – күн тақталары, 2 – қуат контроллері, 3 – аккумулятор батареялары, 4 – инвертор

 

6 сурет – Толық дербес электр энергиясымен күн арқылы қамту жүйесінің негізі 

элементтері 

 

5.2.13

 

Фотоэлектрлік  жүйелерге  арналған  кабелдердің  келесі  қасиеттері  болуы 

керек:  

- отқа төзімді; 
- термиялық әсерге төзімді (жұмыс температурасы ауқымы -30 

о

С ден +120 

о

С  

аралығында).  Термиялық  төзімділікке  сынау  кезінде  мұндай  температуралық  әсер 
ұзақтығы 120°С-та 20 000 сағаттан кем болмауы тиіс;  

- ұзақ уақыт бойы  зиянды атмосфералық әсерге төзімділік, бұл тұтас фотолектрлік  

жүйенің  іс жүзіндегі жұмыс істеу мерзіміне тең;  

- құрастыру жұмыстарын жеңілдету үшін айтарлықтай иілгіштік;  
- оңтайлы электрлік қасиеттер. 
5.2.14

 

Фотоэлектрлік жүйелер кабелдерінің ұзындығы минималды болуы керек.  

5.2.15

 

Нақты  күн  қондырғысы  үшін  қажетті  кабел  қимасын  дұрыс  есептеу  үшін 

келесі бастапқы мәліметтер қажет:  

- инвертор немесе зарядтаушы құрылғысының қуаты немесе осы телім арқылы  

өтетін максималды ток мәні; 

- аккумулятор батареясынан инверторға дейінгі қашықтық;  
- фотоэлектрлік жүйедегі тұрақты ток кернеуі.  
5.2.16

 

Штаттық  электрлік  желімен  жалғанған  фотоэлектрлік  гелиожүйе  үшін 

электрді  жинақтау  қажет  емес.  Бұл  жағдайда  КБ  өндірілген  электр  энергиясы  коттедж 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

16 

ғимаратының  электр  желісіне  түседі.  Желілік  күн  электр  станциясының  сызбасы  7- 
суретте берілген. 

1 – күн тақталары, 2 – инвертор 

 7 сурет – Желілік күн электр станциясының негізгі элементтері  

 

5.2.17

 

Техникалық  сауатты  жобаланған  және  дұрыс  орнатылған  фотоэлектрлік 

жүйелер  техникалық  күтуді  минимальді  көлемде  қажет  етеді,  жұмыс  мерзімі  ұзақ  және 
пайдалануда тиімді болады. 

5.2.18

 

Күн фотоэлектрлік тақталарын пайдалана отырып КБ-жүйелерімен электрмен 

қамтуды  жобалау  кезінде  техникалық  құжаттама  және  жабдықты  өндірушінің 
нұсқауларын негізге алу керек. 

 

5.3

 

Жел генераторларын қолдану 

 

5.3.1

 

Коттедж  ғимараттарын  энегриямен  қамту  үшін  жел  генераторларын  жел 

жылдамдығы кем дегенде 3 м/с болған жағдайда қолданған дұрыс, жел генераторларының 
қалыпты қуаты жел жылдамдығы 7-11 м/с болғанда алынады. 

5.3.2

 

Маусым ішінде желдің қарқынды жылдамдығының (9-25 м/с) уақыт бойынша 

салыстырмалы ұзақтығы 0,4 болғанда тиімді жұмыс жасайды. 

5.3.3

 

Жел генераторларының негізгі түрдері – айналу өсі көлденең жел генераторлар 

және айналу өсі тік жел генераторлар 8- суретте берілген. 

5.3.4

 

Коттедж ғимараттарын электрмен қамтамасыз ету үшін жел генераторларының 

тиімсіз болу себептері:  

-  инвертор  құнының  жоғарылығы  ~  тұтас  құрылғы  бағасының  50  %  құрайды  (жел 

генетраторларынан алынатын айнамалы немесе тұрақты токты кернеуі 220 В және жиілігі 
50  Гц  айналмалы  токқа  түрлендіру  және  генератор  параллель  жұмыс  жасаған  жағдайда 
оны фазасы бойынша сыртқы желіге үндестіру үшін қолданылады); 

-  аккумулятор  батареяларының  құны  жоғары  болуы  —  құрылғы  құнының  25  % 

шамасында (сыртқы желі болмағанда немесе жоғалып кеткенде үздіксіз қоректендіру көзі 
ретінде пайдаланылады). 

             

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

17 

 

 

 

 

 

 

а) 

 

 

 

 

 

б) 

 8 сурет – Көлденең (а) және тік (б) жел генераторы 

 

5.3.5

 

Экономикалық тұрғыдан жел генераторларынан өнеркәсіптік сипаттаға электр 

энергиясын  алу  емес,  тұрақты  немесе  айнымалы  ток  алып,  оны  тұрғын  үйді  жылыту 
немесе ыстық су алу үшін жылуға түрлендірген тиімді.  

5.3.6

 

Жел  генераторларының  түрі  мен  қуаттылығын  таңдауға  бірқатар  факторлар 

әсер  етеді,  олар  объекті  сипаттамалары,  энергия  тұтынушыларға  қойылатын  талаптар 
және жел генераторын пайдаланатын аймақтардың жел тұру жағдайы. 

5.3.7

 

Жел  генераторының  есептік  қуатын  W,  кВт,  келесі  формула  бойынша 

анықтаған дұрыс: 

 

 

 

         (1) 

мұнда D

ЖД

 – жел дөңгелегі диаметрі,  

V

есеп.

 – желдің есептік жылдамдығы,  

,   

                  (2) 

 

 

 – орташа жылдық жел жылдамдығы, м/с, 

 

ξ          -    жел  энергиясын  пайдалану  коэффициенті,    ξ  =  0,2  –  0,45  (құрылғының 

техникалық төлқұжатында жазылуы керек) 

5.3.8

 

Жел  генераторының  оңтайлы  қуатын  анықтағанда  агрегат  және  қондырғы 

құнын,  пайдалану  шығындарын  және  энергия  өндіруді  ескеретін  нұсқалық  техникалық-
экономикалық есептеулер жүргізіледі 

5.3.9

 

Генератордың айналу жиілігін келесі қатынастан анықтайды: 

.  

 

 

                 (3) 

5.3.10

 

Ауа ағыны қуатын , W, Вт келесі формула бойынша есептейді: 

  

 

 

 

 

 

(4) 

 

мұнда  v – ауа ағыны жылдамдығы, м/с; 

 

      ρ – ауа тығыздығы, кг/м3; ρ =1,23 кг/м3 – қалыпты жағдай үшін ауа тығыздығы  

(t = 15

о

С, р = 101,3 кПа). 

4

3

.

2

.

10

81

,

4

расч

ВК

ВК

расч

V

D

W

Г

расч

V

V

)

6

,

1

...

4

,

1

(

.

Г

V

ВК

расч

р

D

V

W

n

.

2

3

F

v

W

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

18 

       

F  –  ауа  ағынының  көлденең  қимасы,  м

2

;  зырылдауықты  типті  көлденең  өсті 

қондырғы үшін  

мұнда  

R

 – жел дөңгелегі радиусы, м. 

5.3.11

 

Көлденең кесіндісі 1 м

2

 жағдайда t =+15

 о

С; Р =101,3 кПа жел генераторы мен 

жел ағынының теориялық есептелген қуатының көрсеткіштері 4 кестеде берілген.  
 

4 кесте – Жел ағыны мен жел генераторының қуат көрсеткіштері 

 

Жел жылдамдығы, м/с 

10 

14 

18 

22 

Ағын қуаты, кВт/м

2

 

0,04 

0,13  0,31  0,61  1,67  3,6  6,25 

Жел қозғалтқышының теориялық қуаты, 
кВт/м

2

, (Жуковский бойынша) 

0,024  0,08  0,19  0,37  1,0 

2,2  3,8 

 

5.3.12

 

Бір  ғана  электр  көзі  ретінде  жел  генераторын  пайдаланғанда  болжамдық 

тұтыну  режимін,  мүмкін  болатын  жоғары  және  орташа  мәндерді,  желдің  орташа 
жылдамдығын ескере отырып, аккумулятор сыйымдылығын, инверторды және генератор 
қуатын есептеу қажет.  

Дербес жел генераторы қондырғысы элементтерімен бірге 9- суретте берілген.  
 

 

 

 

 9 сурет – Дербес жел генераторы қондырғысы және оның элементтері 

  

5.3.13

 

Жел  энергетикалық  қондырғыларын  басқа  энергия  көздерімен  (күн 

модульдері, шағын-СЭС, дизельді, бензинді немесе газдық генератор, штаттық электрлік 
желі  және  т.б.)  бірге  пайдаланауға  болады.    10  және  11-  суреттерде  жел-күн  гибридті 
қондырғысы және желілік жел қондырғысы берілген.  

5.3.14

 

Жел генераторларын жел жағдайлары бойынша қолайлы, ашық жазықтықтық 

жерлерге орналастыру керек.  

5.3.15

 

Жел  генераторларын  пайдаланып  энергиямен  қамту  жүйелерін  жобалауды 

техникалық құжаттама және жабдықты өндіруші нұсқауына негіздеп орындау қажет.   

2

R

F

Жел генераторы 

Жүктеме 

Аккумуляторлар 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

19 

 

 

 10 сурет – Жел-Күн (гибридті) қондырғы және оның элементтері  

 

 

 

 11 сурет – Желілік жел қондырғысы және оның элементтері  

 

5.3.16

 

Жел  жылдамдығына  v,  турбина  дөңгелегі  диаметріне  D,  турбинаның 

тиімділік  коэффициентіне  тәуелді  қуат  шамасына  W  қарай  жел  генераторын  таңдауга 
арналған есепті мәліметтер А Қосымшада берілген.  

5.4

 

 Жылулық сорғыны қолдану  

 

Күн модулдары 

Жүктеме 

Аккумуляторлар 

Гибритті 
контроллер 

:

жел генераторы 

:

жүктеме 

:

аккумуляторлар 

:

электр жүйесі 

:

есептегіш 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

20 

5.4.1

 

Жылулық  сорғылар  –  сыртқы  ортадан  жылу  сору  арқылы  жылумен  қамту 

жүйесі  –коттедж  ғимаратын        жылытуға,  желдетілетін  ауаны  жылытуға,  ыстық  сумен 
қамту үшін су жылытуға және т.б. мақсаттарда қолданылады.  

5.4.2

 

Жылулық  сорғы  қоршаған  орта  жылуын  алу  есебінен  жылыту,  ыстық  сумен 

қамту  және  ауа  алмасу  жүйелерін  энергиямен  қамтамасыз  етеді  және  экологиялық  таза 
энергия көзі болып табылады.  

5.4.3

 

Жылулық  сорғының  жұмыс  істеуі  үшін  электрлік  желінің  (штатты  немесе 

басқа көздерден генерацияланатын) болуы қажет.  

5.4.4

 

Төмен  потенциалды  (төмен  температуралы)  жылу  көздері  ретінде  мыналар 

пайдаланылады:  

а) екіншілік энергетикалық ресурстар: 
- желдету қалдықтарының жылуы; 
- сұр кәріз ағыстарының жылуы; 
- технологиялық үдерістердің шығарған жылуы және т.б. 
б) дәстүрлі емес жаңартылатын энергия көздері: 
- қоршаған ауа жылуы; 
- жер асты және геотермалды сулар жылуы; 
- су қоймалары мен табиғи су ағындарының жылуы; 
- күн энергиясының жылуы және т.б.; 
- топырақтың беттік және терең қабаттарының жылуы. 
5.4.5

 

Төмен потенциалды жылу көзінің түрі мен жылытылатын ортаның үйлесіміне 

сәйкес жылулық сорғылар келесі түрлерге бөлінеді:  

- ауа - ауа; 
- ауа - су; 
- топырақ - ауа; 
- топырақ - су; 
- су - ауа; 
- су - су. 

Жылулық  сорғылардың  бұл  түрлері  жылу  алмасу  бөлімінің  (буландырғыш  және 
конденсатор)  құрылымдық  жасалуы  және  жүзеге  асырылатын  термодинамикалық 
айналымдардың температуралық режимдері бойынша ажыратылады.   

5.4.6

 

Жылулық сорғының түрлену коэффициенті – жылу өндірудің электр тұтынуға 

қатынасы буландырғыш пен конденсатордағы температура деңгейіне тәуелді болады және 
әр  түрлі  жүйелерде  2,5-5  аралығында  ауытқиды,  яғни  1  кВт  шығындалған  электр 
энергиясына  жылулық  сорғыш  2,5-5  кВт  жылулық  энергия  өндіреді.  Жылулық 
сорғылардан  жылумен  қамтудың  температуралық  деңгейі  35-55  °С.  Энергетикалық 
ресурстарды үнемдеу 70% жетеді. 

5.4.7

 

Жылулық  сорғыны  қолданудың  қажеттілігін  коттедж  ғимаратының  жылумен 

қамту көзінің талап етілетін қуатына байланысты бағалайды.  

5.4.8

 

Жылулық  сорғы  сипаттамаларын  кәдімгі  жылыту  қазандығымен  салыстыру 

үшін (5.5) формула бойынша анықталатын P

q

 жылулық қуаттың компрессордың электрлік 

қуатына P

e

 қатынасын пайдалануға болады: 

              ε = P

q

/P

e

 

 

 

 

 

       (5) 

мұнда ε – жылулық сорғының тиімділік коэффициенті. 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

21 

5.4.9

 

Желдеткіш  немесе  айналымды  сорғы  сияқты  жылулық  сорғының  қосымша 

механизмдерінің жұмысының қажеттілігімен байланысты электр энергиясының қосымша 
шығыны  болуымен  байланысты  жылулық  сорғы  жұмысының  тиімділігінің  дәлірек 
сипаттамасын  (5.6)  формула  бойынша  анықталатын  P

q

  жылулық  қуат  шамасының  P

s

 

компрессордың  электрлік  қуаты  мен  көмекші  механизмдерінің  қуатына  қатынасы 
шамасын  пайдаланған дұрыс: 

 

             ε

х

 = P

q

/P

s

 

 

 

 

 

        (6) 

 

мұнда ε

х 

– жылулық сорғының тиімділік коэффициенті. 

5.4.10

 

Жылулық  сорғы  жұмысының  тиімділігі  жылу  көзі  температурасына  тәуелді 

болады.  12-  суретте  ε

х

  шамасының  Т

ист

  жылу  көзінің  әр  түрлі  мәндері  үшін  жылу 

тасымалдағыш жылынатын температураға тәуелділік графигі берілген [1].  

 

 12 сурет – Жылулық сорғы жұмысы тиімділігінің жылу тасымалдағыш 

температурасына тәуелділігі графигі  

 

5.4.11

 

12-суреттегі  графиктерден  жылу  сорғы  жылытылуы  тиісті  темпаратура 

неғұрлым  төмен  және  жылу  көзі  температурасы  неғұрлым  жоғары  болса,  жылулық 
сорғыны  пайдалану  соғұрлым  тиімдірек  болатындығын  көруге  болады.  Бұл  жылулық 
сорғыны  ғимараттың  жылыту  жүйесінде  пайдаланудың,  жылыту  жүйесін  жылыту 
жүйесінің  минимальді  температурасымен  жобалаудың,  мысалы  еденнен  жылыту 
жүйесінің дұрыстығын білдіреді.  

5.4.12

 

Жылулық  сорғының  тиімділігін  жылдық  бағалау  үшін  бір  жыл  ішінде 

алынған  жылулық  энергияның  Q

t

  соны  алуға  жұмсалған  электрлік  энергия  (компрессор 

және  көмекші  құрал  жұмысына  Q

s

)  мәніне  қатынасын  бағалау  қажет,  себебі  бір  жыл 

ішіндегі  жылулық  сорғыштың  жұмыс  шарттары,  сәйкесінше  ε

х

  мәні  де  (5.7)  формулаға 

сәйкес өзгереді:  

ε

х

 = Q

t

/ Q

s

 

 

 

 

 

 

(7) 

5.4.13

 

Жылулық сорғыштың энергетикалық тиімділігі коэффициентін (5.8) формула 

бойынша  анықтау  қажет  –  бұл  электрлік  энергияның  жылулық  энергияға  шығу 
коэффициентінің қатынасы ε

х 

шамасына және f

p

, ол [1] сәйкес 3–ке тең деп алынған:  

 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

22 

β = f

p

х

 

 

 

 

 

 

(8) 

 

мұнда β – жылулық сорғыштың энергетикалық тиімділігінің коэффициенті. 

5.4.14

 

Жобалау кезінде ε

х

 мәні неғұрлым жоғары және β мәні неғұрлым аз жылулық 

сорғы таңдау қажет.  

5.4.15

 

Жылулық  сорғыны  электрлік  энергияның  шығу  коэффициенті  3–ке  тең 

болған  жағдайда  пайдаланған  дұрыс,  жылулық  сорғы  сұйық  немесе  газ  тәрізді  отын 
түріндегі  алғашқы  энергияны  қазандықтағы  қарапайым  жағумен  салыстырғанда  тиімді 
пайдалануға мүмкіндік береді.  

5.4.16

 

5  кестеде  [1]  жылулық  сорғы  қуатының  ғимараттың  максимальді  жылулық 

жүктемесіне қатынасы және ғимаратты жылытудағы жылулық сорғы энергиясының үлесі 
берілген.  Жылыту  жүйесін  жобалағанда  қуаттылығы  ғимараттың  максимальді 
жүктемесінің 0,6 бөлігін жабатын жылулық сорғы пайдалану жеткілікті.  
 

 5 кесте  - Жылулық сорғы қуатының ғимараттың максимальді жылулық 

жүктемесіне қатынасы және ғимаратты жылытудағы жылулық сорғы 

энергиясының үлесі  

 

Жылулық 

сорғы 

қуатының 

ғимараттың 

максимальді жылулық жүктемесіне қатынасы

 

0,2 

0,4 

0,6 

0,8 

1,0 

Ғимартты  жылытудағы 

жылулық 

сорғы 

энергиясының үлесі, %

 

41 

76 

93 

99 

100 

 

5.4.17

 

Жылулық  сорғысы  бар  жүйелерді  жобалағанда  қол  жетімділігі  мен  энергия 

сыйымдылығы  жоғары  және  температурасы  жүйенің  тиімді  жұмыс  жасауына  сәйкес 
келетін жылу көзін таңдау керек.  
 

5.5

 

 Жер асты жылусорғыларды қолдану 

 

 

5.5.1

 

Топырақтың  төмен  потенциалды  энергиясын  жинау  жүйесінің  немесе  жылу 

жинау  жүйесінің  жер  асты  жылусорғылар  жерде  көлденең  орларға  немесе  тігінен 
бұрғыланған ұңғымаларға орналастырылуы мүмкін. Олар функционалдық сипаттамалары 
бірдей  болғандықтан,  алып  жатқан  ауданы  мен  құрастыру  құны  бойынша  ғана 
ажыратылады.   

5.5.2

 

Көлденең жүйеде жер асты жылу алмастырғышы құбырларын жерде қазылған 

тереңдігі  1,5-2  м  (жердің  нормативті  тоңдану  тереңдігінен  төмен)  орналастырып, 
тармақтарын  параллель  немесе  тізбектей  жалғайды.  13-  суретте  төмен  потенциалды  жер 
асты жылуын жинауға арналған көлденең жүйе берілген.  

5.5.3

 

Көлденең  жер  асты  жылу  алмастырғыштарын  алдын  ала  қазылған  орға 

құрастырады.  Бұл  жағдайда  қазу  және  құрастыру  механизмдерін  таңдау  топырақ 
жағдайларына тәуелді болады.  
 

 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

23 

1 - жылыту аппараты; 2 – жылулық сорғыш; 3 – пластик құбыр 

 13 сурет – Төмен потенциалды жер асты жылуын жинауға арналған көлденең 

жүйе  

 
5.5.4

 

Толық  орнатып  болғаннан  кейін  құбырды  қысым  астында  сынау  жүзеге 

асырылады  және  ор  көміледі.  Алғашқы  15  см  қолмен  көмілуі  керек,  қалған  топырақ 
көлемін механикаландырылған тәсілмен жабуға болады. 

5.5.5

 

Жобалау кезінде су қоймалардан жылу алу мүмкіндігін де қарастыру керек, бұл 

жағдайда жер қазу жұмыстары жүргізілмейді. Жұмыс қағидасы жер асты коллекторымен 
бірдей. Су қоймасының төмен потенциалды жылуын жинауға арналған көлденең жүйе 14- 
суретте берілген.  

5.5.6

 

Негізгі  энергия  көзі  ретінде  топырақ  пайдаланылатын  тегіс  коллекторлы 

жылулық сорғының негізгі сипаттамалары:  

- жылулық қуаты бір сағатта 0,01 - 0,04 кВт/м

2

 аралығында; 

- жұмыс температурасының ауқымы   минус 5°C-ден  плюс 10°C дейін; 
- энергетикалық тиімділік коэффициенті β,  1,1 - 1,3 аралығында. 
5.5.7

 

Негізгі  энергия  көзі  ретінде  ашық  су  пайдаланылатын  жылулық  сорғының 

негізгі сипаттамалары:  

 - жылулық қуаты  бір сағатта 3 - 4 кВт/м

3

 аралығында; 

- жұмыс температурасының ауқымы   минус 2°C-ден  плюс 15°C дейін; 
- энергетикалық тиімділік коэффициенті β,  1,1 - 1,2 аралығында. 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

24 

Жылу алмастырғышты тігінен 50-150 м тереңдікте  орналастырудың көптеген түрлері бар, 
бұл  жағдайда  шығынның  көп  үлесі  бұрғылау  жұмыстарына  жұмсалады  (15-  суретті 
қараңыз). 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1 - жылыту аппараты; 2 – жылулық сорғыш; 3 – пластик құбыр, 4 – су қоймасы 

14 сурет – Су қоймасы жылуын жинауға арналған көлденең жүйе 

 

5.5.8

 

Тәжірибе  жүзінде  тік  жер  асты  жылу  алмастырғыштарының  келесі 

екіқұрылымдық сызбасы қолданылады:  

- "құбыр ішіндегі құбыр" – жағалата орнатылған құбыр ішінен жылу тасымалдағыш 

беретін  құбыр  коаксиальді  орналасады,  ал  құбыр  аралық  саңылаумен  қайта  оралатын 
жылу  тасымалдағыш  ағыны  топырақ  жылуын  жағалата  орнатылған  құбыр  қабырғасы 
арқылы алады; 

- U-тәрізді түтік – жылу тасымалдағыштың бір тармағы төмен бағытталады, екіншісі 

кері қайтады, бұл жағдайда топырақпен жылу алмасу құбыр бойымен жүзеге асырылады, 
алайда  құбыр  диаметрі  аз  болғандықтан  (ұңғыма  диаметрі  де  сондай  болғанда)  жылу 
алмасу беті алдыңғы нұсқамен салыстырғанда айтарлықтай аз болады.  

5.5.9

 

Негізгі  энергия  көзі  ретінде  ұңғыма  типті  жүйе  пайдаланылатын  жылулық 

сорғының негізі сипаттамалары:  

- жылулық қуаты 0,02 - 0,08 кВт/м аралығында; 
- жұмыс температурасының ауқымы   минус 5°C-ден  плюс 5°C дейін; 
- энергетикалық тиімділік коэффициенті β,  1,01 - 1,25 аралығында. 

 

 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

25 

 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1  –  жылыту    аппараты;  2  –  жылулық  сорғыш;  3  –  төмен  потенциалды  жер  асты 
жылуын жинауға арналған тік термоқұбырлар, 4 - ұңғыма  

 15 сурет -  Төмен потенциалды жер асты жылуын жинауға арналған тік жүйе  

 

 

 16 сурет – Аз тереңдікте құбыр тарту тәсілдері 

 

5.5.10

 

Коттедж  ғимаратын  екіншілік  энергетикалық  ресурстар  жылуын  және 

дәстүрлі  емес  энергия  көздерін  пайдаланатын  жылулық  сорғыштарды  қолданып 
жобалағанда объектіні біртұтас ретінде қарастыру керек. 

5.5.11

 

Жобалаудың  ерте  кезеңдерінде  қосымша  капиталдық  шығындардың  өтелу 

мерзімін  азайтуды  қамтамасыз  ететін  энергия  үнемдеуші  технологиялардың  оңтайлы 
сызбаларын  таңдау  мақсатында  құрылыс,  сәулет  және  инженерлік  жүйелер  бойынша 
техникалық шешімдердің сәйкестенуіне қол жеткізу керек.  

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

26 

5.5.12

 

Жылу  сорғыны  жылумен  қамту  жүйелері  нақты  коттедж  ғимараттары  үшін 

энергетикалық  жүктемеге,  құрылыс  ауданының  топырақ-климаттық  жағдайларына  және 
энергия тасымалдағыштар құнына тәуелді жобаланады.  

5.5.13

 

Жылулық сорғы қондырғыларының құны қымбат, сол себепті оларды базалық 

жүктеме  шамасына  байланысты,  жылулық  және  техникалық-экономикалық  есетеулер 
негізінде  қуаты  бойынша  таңдау  керек.  Бұл  жылулық  сорғыларды  максималды 
пайдалануға және олардың тұрақты жұмысына қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

5.5.14

 

Термоұңғымаларды  орнату  бойынша  жұмыстар  өндірісі  (бұрғылау,  тіреу 

бағаналарын  орнату,  термоұңғыма  қораптарын  орнату  және  т.б.)  құрылымдық  және 
жобалық құжаттамаға сәйкес маманданған қызметкерлердің қатысуымен жүргізілуі керек. 

5.5.15

 

Зауытта  жасалған  жылулық  сорғылар  шығарушы  кәсіпорынның  зауыт 

нұсқауында  көрсетілген  қауіпсіздік  шаралары  талаптарын  сақтай  отырып  орнатылуы 
керек. 

5.5.16

 

Жылулық  сорғы  қондырғының  тік  жүйесі  үшін  жылу  тасымалдағыштың 

топырақтан жылу алу коэффициентін есептеу мысалы Б қосымшада берілген.  
 

5.6

 

 Жылуды ауадан алатын жылулық сорғыларды қолдану   

 

5.6.1

 

Ауа жылуын алу үшін жылулық сорғыны қолданғанда құбырлар жүйесін жерге 

орнатудың қажеттілігі жоқ.  

 

5.6.2

 

Энергия  көзі  ауа  болатын жылулық  сорғылар ғимаратқа  жылуды  тарату  үшін 

пайдаланылатын ортаға тәуелді екі түрге бөлінеді: ауа/ауа және ауа/су.

 

 

 

 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1 – жылыту  аппараты; 2 – жылулық сорғы; 3 –ауа жылуын жинағыш; 4 – ауа ағыны  

17 сурет -  Ауа жылуын жинау жүйесі 

5.6.3

 

Ауа/ауа  жылулық  сорғылары  ғимарат  ішіндегі  ауаны  тікелей  жылытуға 

арналған. Жылу қоршаған ауадан сыртта орналасқан буландыру  блогы арқылы алынады 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

27 

да  ішкі  ауа  жүйе  конденсаторы  көмегімен  жылынатын  ғимаратқа  бағытталады.  (17- 
суретті қараңыз).

 

5.6.4

 

Бірнеше  ғимаратты  немесе  салыстырмалы  үлкен  ішкі  көлемді  жылыту  қажет 

болған  жағдайда  ауаны  беру  және  таратудың  әр  түрлі  жүйелері  қолданылады,  ал  жеке 
бөліктерді жылыту үшін бірнеше ішкі блоктар пайдалану керек.

 

5.6.5

 

Ауа/ауа  жылулық  сорғы  түрінің  ауа/су  жүйе  түрінен  артықшылығы  ағынның 

төмен  температурасында  (конденсатор  жылу  алмастырғышы  арқылы  өтетін  ауа 
температурасы),  бұл  жылу  берудің  жоғары  деңгейін  және  жоғары  өнімділік 
коэффициентін қамтамасыз етеді.

 

5.6.6

 

Жобалау  кезінде  жылыту  маусымында  сыртқы  ауа  температурасы  топырақ 

температурасынан  төмен  болатындығын  ескеру  қажет,  ол  жылулық  сорғы  өнімділігінің 
төмендеуіне алып келеді.

 

5.6.7

 

Негізгі  энергия  көзі  ретінде  сыртқы  ауа  қолданылатын  жылулық  сорғының 

негізгі сипаттамалары: 

 

- жылулық қуаты  0,003  0,004 кВт/м

3

 аралығында; 

- жұмыс температурасының ауқымы   минус 15°C-ден  плюс 35°C дейін; 
- энергетикалық тиімділік коэффициенті β,  1,3 – 1,4 аралығында.

 

5.6.8

 

Ауа/су  жылулық  сорғы  түрі  суды  жылу  сіңіргіш  орта  ретінде  пайдаланады. 

Жылынған су ғимаратты жылытуға және тұрмыстық ыстық су дайындауға арналады. 

 

5.6.9

 

Аталмыш  жылулық  сорғының  барлық  негізгі  құрауыштары  коттедж 

ғимаратының ішінде орналасады, бұл оларды сыртқы әсер мен істен шығудан қорғайды.

 

 

5.7

 

Биогаз қондырғыларын қолдану  

 

5.7.1

 

Биогазды  арнайы  биогаз  қондырғысында  ауылшаруашылық,  тамақ  өнеркәсібі 

қалдықтарынан  және  арнайы  өсірілетін  энергетикалық  өсімдіктерден  өндіреді,    ал 
қондырғы  шикізатпен  толтыратын,  оны  жылытатын,  араластырып  отыратын    жүйемен 
кешенді  жабдықталған  герметикалды  реактордан  және  өңделген  шикізатты  шығарып 
отыратын кәрізден тұрады (18-сурет). 

 

 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 

18 сурет – Биогаз қондырғысының қысқаша сызбасы 

5.7.2

 

Биогаз қондырғысында  анаэробты жағдайда биомассаның ашып, бактериялар 

арқылы органиканың шіруінен биогаз өндіріледі. 

 

 

Электрлік 
жылытқыш 

Газбен істейтін  
электрогенератор 

Сүзінді  

Қазан 

Биогаз 

Шикізат 

Биореактор  

Кәріз қақпағы 

Қазандық 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

28 

5.7.3

 

Коттедж  ғимаратының  газбен  қамту  жүйесіне  биогазды  беру  алдында  немесе 

биогазды жанар отын ретінде пайдалану алдында биогаз алдын-ала өңдеуден өтуі қажет, 
осы  өңдеу  кезінде  биогаз  барлық  жарамсыз  заттардан  және  көмір  қышқыл  газынан 
тазартылады,  сонда  метанның  құрамы  50  —  75%-дан  95%-ға  дейін  артады.  Сол  үшін 
газды алдын ала дайындау қондырғысы қолданылады, ал өңдеуден өткен  биогаз биометан 
деп аталады.

 

5.7.4

 

Анаэробты ашытудың негізгі екі әдісі бар: ылғал және құрғақ әдіс. Екі әдістің 

бір-бірінен  айырмашылығы  өңделетін  қалдықтардың  бойындағы  ылғалдылық  мөлшеріне 
ғана  байланысты. 

 

5.7.5

 

Биогаздық қондырғылар біртекті шикізат және құрама қоспа шикізаттармен де 

жұмыс  істей  береді.  Биогаздың  шығуы  бойынша  органикалық  шикізаттардың 
энергетикалық тиімділігі 6

-

кестеде келтірілген.  

 

Таблица 6 – Органикалық қалдықтардан биогаздың шығу мөлшері 

 

Шикізат 

Шығуы 

м

3

/т 

Шикізат 

Шығуы 

м

3

/т 

ІҚМ көңі (табиғи ылғ. 85-88%) 

54 

Дән төбі (ылғ. 93%) 

40 

ІҚМ көңі, ылғалданған (ылғ. 95%) 

22 

Сірне төбі (ылғ. 90%) 

50 

Шошқа  көңі (табиғи ылғ. 85%)  

62 

Сыра езілмесі (ылғ. 82%) 

99 

Шошқа  көңі, ылғалданған (ылғ. 95%) 

25 

Жүгері қауызы (ылғ. 80%) 

85 

Құс зәрі, тордан (ылғ. 75%) 

103 

Картоп қабығы (ылғ 91%) 

32 

Құс зәрі, төсемеден (ылғ. 60%) 

90 

Май (таза, ылғ. 0%) 

1300 

Жүгері сүр шөбі  

180 

Май қойыртпағы  

250 

Жаңа орылған шөп 

200 

Қасапхана қалдықтары  
(қан, бездер, жұмсақ ұлпа) 

300 

Сүт іркіті, ылғ. 94%  

22 

Тамыр жемісті көкөністер 

100 

Дән, ұн, нан 

538 

Техникалық глицерин 

500 

Көкөніс, жеміс сығындысы ( ылғ. 80%) 

108 

Балық қалдықтары 

300 

Қызылша сығындысы (ылғ. 78%) 

119 

Қатты тұрмыс қалдықтары 

100 

Сірне  

633 

 

 

 

5.7.6

 

Биогаз қондырғысы тұрақты жұмыс істеп тұруы үшін күн сайын биореакторға 

органикалық  қалдықтарды  технология  талаптарына  сай  салмақта  және  ылғалдылықта 
толықтырып отыру қажет. 

5.7.7

 

Биореактордан  ферменттердің  шіріген  қалдықтарын  және  лайларды  әрдайым 

түсіріп отыру керек, бұл қалдықтар тыңайтқыш ретінде қолданылады. 

5.7.8

 

Биогаз  қондырғысының  өнімділігін  арттыру  үщін  әр  кез  реакторға  салынған 

шикізатты араластырып, оның температурасын  20 до 60 

о

С аралығында ұстап отыру талап 

етіледі.  Ферменттерге  жіктелудің  берілген  температурасын  реактор  қабырғасына 
құрастырылған  электрлік  қыздырғышпен    биореакторды  қоршай  орналасқан  су  қабатын 
жылыту арқылы ұстайды. 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..      1      2      3      ..