СП РК 3.02-140-2013 ПРОЕКТИРОВАНИЕ ЭНЕРГОЭФФЕКТИВНЫХ, ЭКОЛОГИЧЕСКИ ЧИСТЫХ ЖИЛЫХ КОТТЕДЖНЫХ ЗДАНИЙ (ҚР ЕЖ 3.02-140-2013) - 1

 

  Главная      Книги - Разные     СП РК 3.02-140-2013 ПРОЕКТИРОВАНИЕ ЭНЕРГОЭФФЕКТИВНЫХ, ЭКОЛОГИЧЕСКИ ЧИСТЫХ ЖИЛЫХ КОТТЕДЖНЫХ ЗДАНИЙ (ҚР ЕЖ 3.02-140-2013)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

   

 

   

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

 

СП РК 3.02-140-2013 ПРОЕКТИРОВАНИЕ ЭНЕРГОЭФФЕКТИВНЫХ, ЭКОЛОГИЧЕСКИ ЧИСТЫХ ЖИЛЫХ КОТТЕДЖНЫХ ЗДАНИЙ (ҚР ЕЖ 3.02-140-2013) - 1

 

 

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс 
саласындағы мемлекеттік нормативтер 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ 

Государственные нормативы в области 
архитектуры, градостроительства и строительства 
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

ЭНЕРГИЯНЫҢ БАЛАМАЛЫҚ КӨЗДЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ 
ЭНЕРГИЯЛЫҚ ТИІМДІ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ТҰРҒЫН ҮЙ 
КОТТЕДЖДІК  ҒИМАРАТТАРДЫ ЖОБАЛАУ

 

ПРОЕКТИРОВАНИЕ ЭНЕРГОЭФФЕКТИВНЫХ, 
ЭКОЛОГИЧЕСКИ ЧИСТЫХ

 ЖИЛЫХ

 КОТТЕДЖНЫХ ЗДАНИЙ,  

С ПРИМЕНЕНИЕМ АЛЬТЕРНАТИВНЫХ ИСТОЧНИКОВ 
ЭНЕРГИИ

 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013 
СП РК 3.02-140-2013 

Ресми басылым 
Издание официальное

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, 
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын 
басқару комитеті

 

Комитет по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и 
управления земельными ресурсами 
Министерства национальной экономики Республики Казахстан

 

Астана 2015 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013 
СП РК 3.02-140-2013

 

II 

АЛҒЫ

 

СӨЗ 

 

1  ӘЗІРЛЕГЕН: 

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ, «ЗЦ АТСЭ» ЖШС 

 

2  ҰСЫНҒАН: 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика 
министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық 
шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару 
комитетінің Техникалық реттеу және нормалау 
басқармасы 
 

3  БЕКІТІЛІП,

 

ҚОЛДАНЫСҚА

 

ЕНГIЗІЛДІ: 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика 
министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық 
шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару 
комитетінің 2014 жылғы 29-желтоқсандағы № 156-НҚ 
бұйрығымен 2015 жылғы 1-шілдеден бастап 

 
 

ПРЕДИСЛОВИЕ 

 

1  РАЗРАБОТАН:  

АО «КазНИИСА», ТОО «ЗЦ АТСЭ» 

 

2  ПРЕДСТАВЛЕН: 

Управлением 

технического 

регулирования 

и 

нормирования  Комитета  по  делам  строительства, 
жилищно-коммунального  хозяйства  и  управления 
земельными  ресурсами  Министерства  национальной 
экономики Республики Казахстан 
 

3  УТВЕРЖДЕН

 

И

 

ВВЕДЕН

 

В

 

ДЕЙСТВИЕ: 

Приказом Комитета по делам строительства, жилищно-
коммунального  хозяйства  и  управления  земельными 
ресурсами  Министерства  Национальной  экономики 
Республики  Казахстан  от    29.12.2014   № 156-НҚ  с  1 
июля 2015 года 

 
 

 

 
Осы  мемлекеттік  нормативті  Қазақстан  Республикасының  сәулет,  қала  құрылысы  және 

құрылыс  істері  жөніндегі  уәкілетті  мемлекеттік  органының  рұқсатысыз  ресми  басылым  ретінде 
толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды 

 
Настоящий  государственный  норматив  не  может  быть  полностью  или  частично 

воспроизведен,  тиражирован  и  распространен  в  качестве  официального  издания  без  разрешения 
уполномоченного  государственного  органа  по  делам  архитектуры,  градостроительства  и 
строительства Республики Казахстан 

 

 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

III 

МАЗМҰНЫ 

 
КІРІСПЕ  

 

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ.........………………………………………………………….. 

2 НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР ……………………………………………………... 

3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР ………………………………………….. 

4 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР ...……………………………………………………………… 

4.1 Энерготиімді коттедж ғимараттарын жобалау ерекшеліктері .........................  

5

 

5 АЛЬТЕРНАТИВТІК ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ................................. 

5.1 Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінде гелиоколлекторлар пайдалану…….. 

5.2 Күн батареяларын қолдану.......……………………………..…………………….  13 
5.3 Жел генераторларын қолдану ………………………………………………….…  16 
5.4 Жылулық сорғыны қолдану ……………………………………………………....  20 
5.5 Жер асты жылусорғыны қолдану ……………………………………...................  22 
5.6 Жылуды ауадан алатын жылулық сорғыны қолдану  ……………………..........  26 
5.7 Биогаз қондырғыларын қолдану …………………………………………………  27 
5.8 Ағын сулар жылуын пайдалану ......... …………....................................................  30 
5.9 Желдету жүйесінде жер асты ауа жылу алмастырғышын қолдану  …...............  33 
5.10 Энергиямен қамтуға арналған аралас жүйелер ……………………………….. 

34 

6 КОТТЕДЖ ҒИМАРАТЫНЫҢ ЭНЕРГОТИІМДІЛІГІН  АРТТЫРУ ………… 

38 

6.1  Энерготиімді  коттедж  ғимаратын  жылыту  мен  желдетуге  жұмсалатын 
энергия шығынын анықтайтын факторлар  …………………………………………  38 
6.2 Энерготиімді коттедж ғимаратын жобалау технологиясы ...................... …… 

44 

6.3 Энерготиімді коттедж ғимаратының жылулық қорғаныс деңгейін анықтау .... 

45 

6.4 Энерготиімді коттедж ғимаратын жылыту және желдету………………………  47 
  6.4.1 Жалпы ережелер   …………………………………………………………. 

47 

  6.4.2 Қондырғыларды орналастыру ………………………………….………… 

48 

  6.4.3 Ауа сормалы-шығармалы құрылғылар ……………………………...……… 

48 

  6.4.4 Конденсат шығару жүйесі …………………………………………………… 

48 

  6.4.5 Ауа жолдары ………………………………………………………….……… 

49 

  6.4.6 Автоматика жүйесі ……………………………………………………...…… 

49 

  6.4.7 Инженерлік қондырғыларды диспетчерлеу жүйесі ........ ……………………  50 
  6.4.8 Жүйелерді құрастыру және іске қосу ......................………………………… 

50 

  6.4.9 Инженерлік қондырғыларды пайдалану …………....……………………… 

50 

  6.4.10  Жойылатын  ауа  жылуын  кәдеге  асыратын  желдету  жүйесін 
жобалау…………………………………………………………………………………  51 
6.5 Энерготиімді коттедж ғимаратын сумен қамтамасыз ету. …………………… 

59 

6.6 Энерготиімді коттедж ғимаратын ыстық сумен қамтамасыз ету  …………….. 

59 

  6.6.1 Жалпы ережелер  ……………………………………………………………… 

59 

  6.6.2 Оңтайлы тиімділігін қамтамасыз ете отырып ыстық сумен қамтамасыз ету 
жүйесін жобалау  ……………………………………………………………...............  59 
6.7 Кәріз жүйесі …………………………………………………………………..……  61 
6.8 Жарықтандыру …………………………………………………………………….  61 

 А ҚОСЫМША 

(ақпараттық)

  Жел турбинасы қуатының W жел жылдамдығына v 

және  турбина дөңгелегі диаметріне D тәуелді шамалары …. 

62 

 Б ҚОСЫМША 

(ақпараттық)

 Жер 

асты 

жылу 

алмастырғышы 

жылу 

тасымалдағышының жылу іріктеу коэффициентін есептеу мысалы …..……… 

63 

 В ҚОСЫМША 

(ақпараттық)

 Коттедж  ғимаратын  желдету  және  жылытуға 

жұмсалатын жылу шығынын анықтау  …………………………………………….. 

67 

БИБЛИОГРАФИЯ ……………………………………………………………………... 

79 

 

 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

IV 

КІРІСПЕ 

 

Осы  ережелер  жинағы  коттедж  ғимаратының  энерготиімділігін  арттыру  үшін 

қажетті шараларды дамыту және жүзеге асыру мақсатымен жасалған және альтернативті 
энергия  көздері  қолданылатын  экологиялық  таза  коттедж  ғимараттарын  жобалауда 
қолайлы шешімдер мен ұсыныстар келтірілген. 

Осы  ережелер  жинағында  жылыту  мен  желдетуге  жылулық  және  электрлік 

энергияны  пайдалану  бойынша  А  энерготиімділік  класына  сәйкес  келетін  коттедж 
ғимараттарын  жобалау ережелері берілген.  

Осы  ережелер  жинағының  ережелері  адамның  қолайлы  өмір  сүру  ортасын  және 

сәулеткерлік,  құрылымдық  және  инженерлік  шешімдердің  экономикалық  тиімділігін 
қамтамасыз  етуде  энергетикалық  ресурстарды  пайдалануды  азайтуға,  жаңартылатын, 
альтернативті  және  екіншілік  энегроресурстарды  пайдалануға,  суды  тиімді  пайдалануға, 
қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтуға бағытталған. 

Энерготиімді  коттедж  ғимараттарының  энергия  тұтынуын  азайтуды  қамтамасыз 

ететін  инженерлік  жүйелері  нақты  жүзеге  асырылуы  жабдықты  өндірушіге  тәуелді 
болатын  техникалық  күрделі  жүйе  болуына  байланысты,  ережелер  жинағында  аталған 
жүйелердің жұмыс істеу қағидалары  экологиялық талаптарды ескере отырып берілген. 

Нақты энерготиімді коттедж ғимаратының энергия тұтынуын азайтуды қамтамасыз 

ететін  инженерлік  жүйелерді  жобалауды  сәйкес  жабдықты  өндірушілердің  нұсқауларын 
басшылыққа ала отырып жүргізген дұрыс. 

Энерготиімді  коттедж  ғимаратын  пайдалану  кезінде  жылулық  энаргияны 

минимальді  қолдану  ыстық  сумен  қамтамасыз  ету  жүйесін  пайдаланғанда  және  ауа 
алмастыруда  ғимараттың  қоршау  құрылымы    арқылы  жылу  шығынын  төмендетуге 
бағытталған техникалық шешімдер қолданғанда қамтамасыз етіледі.  
 

 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013 

СП РК 3.02-140-2013

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ 

СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

ЭНЕРГИЯНЫҢ БАЛАМАЛЫҚ КӨЗДЕРІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ 

ЭНЕРГИЯЛЫҚ ТИІМДІ, ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ТҰРҒЫН ҮЙ КОТТЕДЖДІК 

ҒИМАРАТТАРДЫ ЖОБАЛАУ 

ПРОЕКТИРОВАНИЕ ЭНЕРГОЭФФЕКТИВНЫХ, ЭКОЛОГИЧЕСКИ 

ЧИСТЫХ

 ЖИЛЫХ

 КОТТЕДЖНЫХ ЗДАНИЙ,  С ПРИМЕНЕНИЕМ 

АЛЬТЕРНАТИВНЫХ ИСТОЧНИКОВ ЭНЕРГИИ 

Енгізілген күні - 2015-07-01

 

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 

Осы  ережелер  жинағы  энерготиімді  экологиялық  таза  ғимараттарды  альтернативті 

энергия көздерін пайдалана отырып жобалауға арналған. 

Ережелер  жинағы  альтернативті  энергия  көздерін  пайдалану  кезінде  коттедж 

ғимараттарында өмір сүру үшін қажетті және жеткілікті микроклиматты қамтамасыз етуге 
кететін энергия шығынын азайтуға мүмкіндік беретін тиімді жобалық, сәулеткерлік және 
инженерлік шешімдердің бірлігін қамтиды. 

Аталмыш ережелер жинағы альтернативті энергия көздерін және энергия үнемдеуші 

технологиялар  пайдалану  мақсатында  коттедж  ғимараттарын  қайта  жаңарту  кезінде 
пайдаланылады. 

Ережелер  жинағында  альтернативті  энергия  көздері  қолданылған  экологиялық  таза 

коттедж  ғимараттарының  энерготиімділігін  арттырудың    оңтайлы  жобалық  шешімдері 
бар, жинақ пайдаланушыға көмек ретінде және нұсқау сипатында негізделген.   

2 НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР 

Аталмыш  ережелер  жинағын  қолдану  үшін  келесі  сілтемелік  нормативті  құжаттар 

қажет.  

ҚР ҚН 2.04-02-2011 Шудан қорғау. 
ҚР ҚН 2.04-04-2013 Құрылыстық жылу техникасы.   
ҚР ҚН 2.04-01-2011 Табиғи және жасанды жарықтандыру. 
ҚР ҚН 3.02-01-2011  Көп пәтерлі тұрғын ғимараттар.  
ҚР ҚН 4.02-01-2011 Ауаны жылыту, желдету жэне кондиционерлеу.  
ҚР  ҚН  4.01-03-2013  Сумен  жабдықтау  мен  кәріздің  сыртқы  желілері  және 

имараттары. 

ҚР ҚН 4.01-01-2011 Гимараттар мен имараттардың ішкі су кұбыры жэне кэрізі. 
ҚР  ҚН 4.01-06-2011 Күн  сәулесі арқылы ыстық сумен  жабдықтау қондырғылармен 

жобалау және пайдалану нормалары. 

Ресми басылым 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

ҚР  ҚН  2.04-01-2009  Азаматтық  және  өнеркәсіптік  ғимараттарды  (құрылыстарды) 

энергия үнемдеуді ескере отырып жылу техникалық жобалау нормалары. 

ҚР ҚН 2.04-03-2011 Ғимараттардың жылу қорғанысы 
ҚР  ҚН  2.04-21-2004  Азаматтық  ғимараттардың  энергия  тұтынуы  және  жылулық 

қорғанысы.  

ҚР  ЕЖ  4.02-16-2005  Бір  пәтерлі  тұрғын  үйлердің  инженерлік  жүйелерін  жобалау 

және құрылысын салу 

МҚН 2.04-02-2004 Ғимараттардың жылу қорғанысы. 
МҚН 2.04-03-2005 Шудан қорғау. 
МЕЖ 2.04-102-2005  Тұрғын  үй  және  қоғамдық  ғимараттардың  қоршау 

құрылымдарының дыбыс оқшаулауын жобалау.  

МЕМСТ  30494-2011  Тұрғын  үй  және  қоғамдық  ғимараттар.  Ғимараттағы 

микроклимат параметрлері. 

ҚР ҚНжЕ 4.02-42-2006 Ауаны жылыту,желдету және кондиционерлеу 
ҚР ҚНжЕ 3.02-43-2007 Тұрғын ғимараттар 

 

ЕСКЕРТУ  Аталмыш  ережелер  жинағын  пайдаланғанда  сілтемелік  стандарттар  мен  нормативтік 

құжаттардың  қолданысын  жыл  сайын  жарияланатын  «Қазақстан  Республикасының  стандарттау  бойынша 
нормативті  құжаттар  нұсқаулығы»,  «Стандарттау  бойынша  мемлекетаралық  нормативті  құжаттар 
нұсқаулығы»,    «Қазақстан  Республикасы  аумағында  қолданыстағы  сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс 
саласындағы  нормативті  құқықтық  және  нормативті-техникалық  актілер  тізімі»  ақпараттық 
нұсқаулықтардың  ағымдағы  жылда  шыққан  басылымдары  сәйкес  тексерген  жөн.  Егер  сілтемелік  құжат 
алмастырылған  (өзгертілген)  болса,  онда  нақты  нормаларды  қолдану  кезінде  алмастырылған  (өзгертілген) 
құжатты  басшылыққа  алу  керек.  Сілтемелік  құжат  алмастырылмай  жойылған  болса,  сілтеме  көрсетілген 
ереже осы сілтемеге қатысты емес бөлікте қолданылады. 

 

3  ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР 

 
Осы ережелер жинағында келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:  
3.1

 Ғимаратты  инженерлік  жабдықтау

:  Адамның  қолайлы  тұрмыс  жағдайы  мен 

еңбек әрекетін қамтамасыз ететін техникалық қондырғылар кешені. 

 

ЕСКЕРТУ  Техникалық  қондырғылар  кешеніне  сумен  қамту  (суық  және  ыстық),  кәріз,  желдету, 

жылыту және кондициялау, жасанды жарықтандыру, электрлік жабдықтау, газбен қамту, қоқыс пен шаңды 
жою құралдары, өрт сөндіру, телефонмен қамту, радиоландыру және ішкі абаттандырудың басқа да түрлері 
жатады. 

 
3.2

 Ғимараттың  энергетикалық  тиімділігі  класы: 

Жылыту  кезеңінде  ғимаратты 

жылытуға  жұмсалған  меншікті  жылулық  энергия  мәндерінің  аралығымен  анықталатын 
ғимараттың энергетикалық тиімділігі деңгейінің сипаттамасы. 

3.3

 Ғимарат  қасбетінің  әйнектену  коэффициенті: 

Жарық  ойықтары  ауданының 

жарық  ойықтары  бар  ғимарат  қасбетінің  сыртқы  қоршау  құрылымының  қосынды  ауданына 
қатынасы. 

3.4

 Қоршау  құрылымының  жылу  беру  коэффициенті: 

Сыртқы  және  ішкі  ауа 

температурасы айырмашылығы 1 

С болғанда қоршау құрылымы арқылы өтетін жылулық 

ағынның беттік тығыздығына тең қоршау құрылымының жылу беру көрсеткіші. 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

3.5

 Ғимараттың жылытылатын көлемі: 

Ғимараттың сыртқы қоршау құрылымынан 

ішкі беттермен шектелген көлемі. 

3.6

 Ғимараттың  жылытылатын  ауданы: 

Қабаттар  бойынша

 

жылытылатын 

баспалдақ торлары мен лифт шахталарын қоса алғанда ғимарттың сыртқы қабырғасынан 
ішкі беттермен шектелген жылытылатын қабаттардың қосынды ауданы.

 

3.7

 Алғашқы энергия

: Түрлену немесе айналу үдерістеріне ұшырамаған энергия.  

 

1 ЕСКЕРТУ Энергияның қалпына келмейтін және қалпына келетін түрлерін есепке алғанда «жалпы 

алғашқы энергия» атауын пайдалануға болады.   

2  ЕСКЕРТУ  Ғимарат  үшін  бұл  оны  энергиямен  қамту  үшін  пайдаланылатын  энергия  көзі.  Қажетті 

қуат  тұтынылатын  және  шығарылатын  энергияны  ескере  отырып,  энергия  тасымалдағыштар  санымен 
есептеледі. 

 
3.8

 Ғимарат 

шағындығының 

көрсеткіші: 

Ғимараттың 

сыртқы 

қоршау 

құрылымының ішкі беттері жалпы ауданының олардағы жылытылатын көлемге қатынасы. 

3.9

 Жылыту  немесе  салқындату  энергиясына  қажеттілік

:

 

Белгілі  уақыт 

аралығында  берілген  температуралық  режимді  ұстап  тұру  үшін  жылу  беру  немесе 
шығаруға қажетті талап етілетін энергия мөлшері. 

 

1 ЕСКЕРТУ Өлшеу қиын болғандықтан энергияға қажеттілік есептеледі.   
2  ЕСКЕРТУ  Энергияға  қажеттілікке  ғимараттардағы  тиімді  жылыту/салқындату  энергиясы  жылу 

алмасу  есебінен  емес,  жылыту/салқындату  жүйесімен  қуатталған  жағдайда  температураны  дәл  реттемеу 
және дұрыс бөлмеу нәтижесінде туындаған қосымша энергия шығындарынан болады. 

 
3.10

 Қоршау  құрылымының  келтірілген  жылу  беру  коэффициенті: 

Қоршау 

құрылымының жылу беру коэффициентінің орташа сараланған мәні. 

3.11

 Қоршау  құрылымының  келтірілген  жылу  беруге  кедергісі: 

Қоршау 

құрылымының келтірілген жылу беру коэффициентіне кері шама.  

3.12

 Ғимараттың  сыртқы  қоршау  құрылымының  келтірілген  жылу  беру 

коэффициенті: 

Сыртқы  және  ішкі  ауа  температурасы  айырмашылығы  1 

С  жағдайда 

ғимараттың  сыртқы  қоршау  құрылымының  аудан  бірлігіне  келетін  орташа  жылулық 
ағынға тең ғимараттың жылу беру көрсеткіші. 

 

ЕСКЕРТУ Ғимараттың сыртқы қоршау құрылымына келесі құрылымдық элементтер жатады: сыртқы 

қабырғалар, терезелер және қылтима есіктері, кіреберіс есіктер мен қақпалар, жабындар (шатыр  асты жай 
жабындары), жылытылмайтын жертөле немесе топыраққа салынған едендер жабындары. 

 
3.13

 Жылыту  маусымының  ұзақтығы: 

Сыртқы  ауаның  орташа  тәуліктік 

температурасы 8 

С немесе 10 

С тең және төмен болатын жыл мезгілінің есепті маусымы. 

 

ЕСКЕРТУ  Жылыту  маусымының  ұзақтығы  тұрғын  үй  және  қоғамдық  ғимараттар  үшін  орташа 

тәуліктік  сыртқы  ауа  температурасы  8 

С  тең  немесе  төмен,  аурухана,  мектеп  және  мектепке  дейінгі 

мекемелер үшін 10 

С тең және төмен болатын жыл маусымына сәйкес болады. 

 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

3.14

 Регенеративті жылуды кәдеге жаратушы:

 Шығарылатын ауа жылуын кәдеге 

жарату  жылы  және  суық  ауаның  бір  жылу  аккумуляциялаушы  қондырма  бетіне  кезекті 
жанасуы арқылы жүзеге асырылатын тартып алатын ауаның жылуды кәдеге жаратқышы. 

3.15

 Рекуперативті  жылуды  кәдеге  жаратушы

:  Бөлгіш  қабырға  арқылы  тартып 

алатын ауа жылуын кәдеге жарату үшін арналған құрылғы. 

3.16

 Ғимаратты 

жылулық 

қорғау:

 Ғимарат 

микроклиматының 

оңтайлы 

параметрлерінде  сыртқы  қоршау  құрылымдарын  ылғалданудан  қорғауды  және  талап 
етілетін  ауа-  буөткізгіштік  кедергісін,  сонымен  қатар  ғимараттың  қажетті  ауа  алмасуын 
ескере  отырып,  ғимараттың  жылулық  энергиясы  шығынының  нормативті  деңгейін 
қамтамасыз  ететін  ғимараттың  сыртқы  және  ішкі  қоршау  құрылымдарының  бірлескен 
жылу қорғау қасиеттері. 

3.17

 Ғимараттағы жылу бөліну: 

Ғимарат бөлмелеріне адамдардан, қосулы энергия 

тұтынатын  құралдардан,  электрлік  қозғалтқыштардан,  жасанды  жарықтандырудан, 
материалдардың қызған беттерінен және т.б. жылу бөлінуі. 

3.18

 Тартып  алынатын  ауаның  жылуын  кәдеге  жаратушы:

 Енетін  ауаны 

жылыту үшін тартып алынатын ауа жылуын беретін жылу алмастырғыш.  

3.19

 Аралық  жылу  тасымалдағышы  бар  жылуды  кәдеге  жаратушы: 

Жылуды 

тұйықталған  контурде    айналатын  сұйықтық  көмегімен  беретін  тартып  алатын  ауаның  
жылуды кәдеге жаратушысы. 

3.20

 Жылулық 

құбырлардағы 

жылуды 

кәдеге 

жаратқыш:

 Бір 

ұшы 

жылытылатын  ағынды  ауа  ағынына,  екіншісі  –  жылытатын  сорып  алатын  ағынға 
жалғанған  саңылаусыз  тұйықталған  құбырлар  шоғыры  түріндегі  тартып  алатын  ауаның  
жылуды кәдеге жаратушысы. 

3.21

 Жылыту  маусымындағы  ғимаратты  жылытуға  жұмсалатын  жылулық 

энергияның 

меншікті 

шығыны:

 Жылыту 

маусымындағы 

ғимараттың 

жылу 

шығынының  орнын  толтыруға  қажетті    ғимарат  бөлмелерінің  жылу  және  ауа 
режимдерінің  қалыпқа  келтірілетін  параметрлерінде  ауа  алмасу  мен  жылу  бөлінуді 
ескеретін жылытылатын ауданның немесе ғимараттың жылытылатын көлемінің бірлігіне 
бөлінген жылу энергиясының мөлшері.  

3.22 

Энергиятасымалдағыш

: Химиялық  немесе  физикалық  үдерістерді  жүзеге 

асыруға, механикалық жұмыс немесе жылу өндіруге пайдаланылатын зат немесе құбылыс. 

3.23 

Жауын  суы

: Жердің 

беткі  қабатының  ерігіш  заттары  қосылмаған 

атмосфералық жауын-шашын суы. 

       3.24

  Жер  асты  суы

:  Жер  асты  су  қоймаларындағы  су,  оның  ішінде  минералды  да 

болуы мүмкін. 

       

3.25 

Жел  энергетикалық  қондырғы;  ЖЭҚ

: Жел  энергиясын  және  энергияның 

басқа  түрлерін  (механикалық,  жылулық,  электрлік  және  т.б.)  түрлендіруге  арналған 
өзара байланысты жабдықтар мен құрылыстар кешені. 
       3.26

  Күн  жылуымен  қамту

:  Күн сәулесі  энергиясын жылыту, ыстық сумен  қамту 

және  әр  түрлі  тұтынушылардың  технологиялық  қажеттіліктерін  қамтамасыз  ету  үшін 
пайдалану. 

       

3.27 

Күн  арқылы  ыстық  сумен  қамту

: Күн  сәулесі  энергиясын  әр  түрлі 

тұтынушылардың  технологиялық  және  коммуналдық-тұрмыстық  қажеттіліктерін 
қамтамасыз ету үшін су жылытуға пайдалану. 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

         3.28

 Күн фотоэлектрлік элементі

: Фотоәсер негізіндегі күн элементі 

      3.29 

Күн  коллекторы

: Күн 

энергиясын  сіңіріп,  оны  жылулық  энергияға 

түрлендіруге арналған құрылғы 
      3.30 

Фотоэлектрлік  күн  электрстанциясы

: Күн  сәулесі  энергиясын  электр 

энергиясына тікелей түрлендіру тәсілі қолданылатын күн электрстанциясы. 

 
 

4 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

 

Альтернативті  энергия  көздерін  қолдана  отырып  энерготиімді  коттедж 

ғимараттарын  салу  белгіленген  тәртіпте  келісілген  және  бекітілген  техникалық-
экономикалық  негіздемесі  бар,  құрылыс  ауданының  сәйкес  климаттық,  инженерлік-
геологиялық  және  басқа  да  жағдайлары  үшін  құрылыс  нормалары  мен  ережелері 
талаптарына сай жасалған жоба құжаттамасы бойынша жүзеге асырылуы керек. 

 

4.1

 

Энерготиімді коттедж ғимараттарын жобалау ерекшеліктері 

 

4.1.1

 

Жобалау  кезінде  қолданылатын  альтернативті  көздің  энергиясының  барлық 

шығындары  ескеріліп,  пайдалануға  жұмсалатын  энергиясының  (жылулық,  электрлік) 
максимальді мүмкіндіктері ескерілуі керек.  

4.1.2

 

Жоба  шешімдері  бойынша  альтернативті  көздерден  пайдаланылатын  энергия  

жобаланатын  коттедж  ғимаратының  инженерлік  жүйелерінен  алыстығына,  құрылыс 
ауданының  климаттық  жағдайларына,  шығыңқы  элементтердің  өлшемдері,  пішіні  және 
санына,  күнге  қатысты  бағдарлануына  және  әйнектенуіне  тәуелді  коттедж  ғимаратының 
электрмен  және  жылумен  қамтылуын  толық  немесе  жартылай  жабуы  үшін  жеткілікті 
болуы тиіс.  

4.1.3

 

Экологиялық  таза  коттедж  ғимаратын  жоспарлауда  ғимаратқа  орнатылатын 

альтернативті  энергия  көздерін  пайдаланатын  қондырғылар  мен  жабдықтар,  элементтері 
мен құрылымдары ғимарат сәулетіне үйлесімді болуын ескеру керек. 

4.1.4

 

Энерготиімді  коттедж  ғимаратын  жобалағанда  келесі  көлемдік-жоспарлық 

шешімдер ескеріледі: 

- ғимараттың максимальді шағындығы (ұсынылатын шағындық коэффициенті – 0,7-

0,9  м

-1

),  мұнда  қоршау  құрылымының  ауданының  ғимараттың  пайдалы  ауданына 

қатынасы аз болуы керек;  

- мүмкіндігінше қылтималардың, ішкі бұрыштардың, эркерлердің және т.б. мүлде  

болмауы;  

- аймақтарға бөлу: ғимарат ауданын буферлі және тұрғын аймақтарға бөлу;   
- қосалқы бөлмелердің ғимараттың солтүстік жағына буферлі аймақ ретінде  

орналасуы;  

- тұрғын бөлмелер аумағының оңтүстік-шығыста орналасуы; 
- қысқы бақтардың оңтүстік жақта орналасуы; 
- күңгірттендірілген жарық өткізетін құрылым түрінде сыртқы жазғы күннен  

болуы.  

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

4.1.5

 

Энерготиімді коттедж ғимараттарын жобалағанда электрлік энергия шығынын 

азайту үшін бөлмелерге табиғи жарықтың максимальді түсуін қамтамасыз ету керек. 

4.1.6

 

Тұрғын  бөлмелер,  ас  үйлер,  баспалдақ  торлары  және  асхана-ас  бөлмелерінің 

(ас үй қуыстарынан басқа) табиғи жарықтануы ҚР ҚН 2.04-01 және ҚР ҚН 3.02-01 сәйкес 
болуы керек. 

4.1.7

 

Коттедж  ғимараты  бөлмелерінің  инсоляция  ұзақтығын  қолданыстағы 

нормативті-техникалық  құжаттар  және  санитарлық-эпидемиологиялық  нормалар 
талаптарына сәйкес қабылдайды. 

4.1.8

 

Инсоляцияның қалыпты ұзақтығы:  

- бір-, екі- және үш бөлмелі тұрғын үйлерде - бір тұрғын бөлмеден кем емес;  
- төрт-, бес- және алты бөлмелі тұрғын үйлерде - екі тұрғын бөлмеден кем емес;  
-  бөлмелер  саны  алтыдан  артық  тұрғын  үйлерде  -  үш  тұрғын  бөлмеден  кем  емес 

қамтамасыз етілуі тиіс.  

4.1.9

 

Әр 

түрлі 

ғимараттарды 

табиғи 

және 

жасанды 

жарықтандыруды  

ҚР  ҚН  2.04-01-2011  «Табиғи  және  жасанды  жарықтандыру»    талаптарына  сай  белгілеу 
қажет.  

4.1.10

 

Аталмыш жүйедегі коттедж ғимаратын жобалағанда келесі шарттарға жауап 

беретін энергия үнемдеуші әйнектендіруге ерекше назар аудару қажет: 

- энергия үнемдеуші терезелер орнату; 
- ғимараттан жылу шығарылуы мүмкін солтүстік жағында жарық өткізуші  

бөліктердің болмауы; 

- ғимаратқа қысқы уақытта күн сәулесін көп мөлшерде енгізетін оңтүстік бөлікте  

жарық өткізетін құрылымдардың максимальді санының орналасуы; 

- терезелер және басқа да жарық өткізетін құрылымдар қасбетте мына қатынаста  

орналастырылуы  керек:  барлық  терезелердің  70-80%  оңтүстік  жақтан,  20-30%  шығыс 
жақтан,  0-10%  батыс  жақтан  орналастырылуы  және  солтүстік  жақты  терезенің  мүлде 
болмауы. 

4.1.11

 

Ғимараттың  сыртқы  қабықшасын  сапалы  сыртқы  жылылықты  оқшаулаумен 

қамтамасыз  ету:  ғимараттың  барлық  жағынан  толық  жылылау:  іргетас,  қабырға,  шатыр 
және т.б.  

 

ЕСКЕРТУ  «сапалы  жылылықты  оқшаулау»  ұғымы  коттедж  ғимаратындағы  тығыз  қоршау 

құрылымдарының (іргетас, қабырға, шатыр) жылу өткізгіштігі  0,15Вт/(м² К) аспауын, терезелер мен басқа 
да жарық өткізгіш құрылымдардың жылу өткізгіштігі 1Вт/(м² К) аспауы керектігін білдіреді. 

 
4.1.12

 

Жобалау  кезінде  рекуперациясы  бар  бақыланатын  ағынды-сорып  алғыш 

желдету жүйесі қарастырылуы керек. 

4.1.13

 

Бөлмелердің  микроклиматы  ғимараттың  энергия  тұтынуына  әсер  етеді. 

Тұрғын  үй  коттедж  ғимаратын  жобалағанда  микроклимат  параметрлеріне  негізделген 
бөлменің  ауа-жылулық  жайлылығын  қамтамасыз  ету  жағдайында  нормативті  меншікті 
энергия тұтыну деңгейіне жету қажет.  

Микроклимат параметрлерінің оңтайлы мәндері 1 кестеде берілген.  

 

 

 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

1 кесте  - Микроклимат параметрлерінің ыңғайлы мәндері 

 

Жыл 
мезгілі 

Бөлме атауы 

Ауа  темп-сы, 
ºС 

Қорытынды 
темп-ра, ºС 

Салыстырмалы 
ылғалдылық, % 

суық 

Тұрғын бөлме 

20-22 

19-20 

45-30 

Т =  -31 ºС  және ең суық 
бескүндіктен төмен 
аудандарда (қамтамасыз 
етілуі  0,92)  

21-23 

20-22 

45-30 

Ас бөлме 

19-21 

18-20 

мөлшерленбейді 

Әжетхана 

19-21 

18-20 

мөлшерленбейді 

Жуынатын бөлме, 
біріктірілген санитарлық 
тораб 

24-26 

23-27 

мөлшерленбейді 

Дәліз  

18-20 

17-19 

45-30 

Вестибюль, баспалдақ 
торы 

16-18 

 

мөлшерленбейді 

Қойма  

16-18 

 

 

жылы 

Тұрғын бөлме 

22-25 

22-24 

60-30 

 

4.1.14

 

Экологиялық  таза  коттедж  ғимаратын  жобалағанда  ғимарат  бөлмелеріндегі 

ауа  сапасын  қалпында  ұстау  үшін  желдеткіш  ғимараттағы  көмір  қышқыл  газының 
жеткілікті мәнін қамтамасыз етуі керек.  

4.1.15

 

Көмір қышқыл газының мөлшері бойынша ғимараттарды 4 класқа жіктейді, 2 

кестені қараңыз [1].  

 

2 кесте  - Ғимараттағы көмір қышқыл газының мөлшері 

 

 

Класс 

Ғимараттағы ауа сапасы 

 

 СО

жеткілікті мөлшері*, см

3

3

 

Оңтайлы 

Жеткілікті  

Жоғары 

— 

400 және одан төмен 

Орташа  

— 

400—600 

— 

Жеткілікті 

600—1000 

— 

Төмен  

1000 және одан жоғары 

 

4.1.16

 

Ауаның  тиісті  сапасын  ұстап  тұру  үшін  қабылданған  ауа  алмасу  нормалары 

бөлменің  функционалдық  жарамдығына,  адамдар  санына,  тұрмыстық  техникадан, 
құрылыс  материалдарынан  ластаушы  заттардың  бөлінуіне  және  т.б.  тәуелді  болады. 
Тұрғын  үй  коттедж  ғимаратының  желдету  жүйесін  жобалағанда  ҚР  ҚНжЕ  3.02-43 
белгіленген ауа алмасу нормаларын басшылыққа алу керек. 

4.1.17

 

Микроклимат параметрлерінің нормативті мәндері МЕМСТ 30494,                 

ҚР ҚН 2.04-02, ҚР ҚН 3.02-01 ,  ҚР ҚН 4.02-01  белгіленген және желдету мен жылыту 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

жүйелерін есептеуде және ғимарат қоршауын жобалауда бастапқы сипаттамалар болып 
табылады. 

4.1.18

 

Энерготиімді  коттедж  ғимараттарының  инженерлік  жүйелерін  жобалағанда 

пайдаланылатын альтернативті энергия көзінің қуаттылығын ескеру керек, ол жеткіліксіз 
болғанда  –электр  мен  жылуды  генерациялаудың  келесі  қор  көздерінің  болуы  мен  қол 
жетімділігін ескеру керек:   

- электр беру желілері; 
- табиғи газ құбырлары; 
- көмірсутекті отын. 

4.1.19

 

Коттедж  ғимаратын  жылыту  үшін  альтиернативті  энергия  көзі  шығаратын 

энергияны  пайдаланғанда  жылыту  жүйесі  бөлмедегі  микроклиматтың  оңтайлы 
параметрлерін қамтамасыз етуі керек. Осы мақсатта: 

-  бөлмелердің  шамадан  тыс  жылуын  немесе  салқындауын  болдырмау  үшін  жылу 

тасымалдағыш температурасын реттеуді қамтамасыз ететін жылыту жүйесі; 

- жергілікті қолайсыздықты болдырмау үшін ғимарат ауасын бір қалыпты жылыту  

(жылыту аспабтарын тиімді орналастырумен шешіледі); 

- температураны аймақтық реттеу мүмкіндігі бар басқару жүйесі,  

қолданылады.  

4.1.20

 

Экологиялық  таза  коттедж  ғимаратын  жобалау  барысында  акустикалық 

жайлылықты  қамтамасыз  ету  тұрғын  үй  бөлмелерін  сыртқы  және  ішкі  шу  көздерінен, 
инженерлік жабдықтар дірілінен, электромагниттік өріс әсерінің шекті деңгейінен қорғау 
МҚН 2.04-03 және МЕЖ 2.04-102 талаптарына сәйкес орындалуы керек. 

4.1.21

 

Ауа  шуын  оқшаулау  индекстерінің  нормативті  шамаларын  есептеу  

МҚН 2.04-03 және МЕЖ 2.04-102 берілген әдістемелерге сәйкес жүргізіледі. 

4.1.22

 

Экологиялық  таза  коттедж  ғимараттарын  жобалағанда  құрылыс  телімінің 

радон қаупі деңгейін және техногенді радиоактивті ластанудың болуын ескеру қажет. 

4.1.23

 

Сәулеленудің  жоғары  деңгейін  төмендету  бойынша  орындалатын  шаралар 

алғашқы  кезекте  жүзеге  асырылады.  Адамның  радиациялық  қауіпсіздігі  дәрежесі  және 
ұйғарымды    көрсеткіштері  қолданыстағы  нормативті-тахникалық  құжаттарға  және 
санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес болуы керек. 

4.1.24

 

Радонға  қарсы  қорғаныс  түрін  таңдауды  құрылыстың  нақты  шарттарына 

байланысты анықтайды. 
 

5

 

АЛЬТЕРНАТИВТІК ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ПАЙДАЛАНУ 

 

5.1 Ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінде гелиоколлекторларды пайдалану 

 

5.1.1

 

Техникалық  мүмкіндік  болған  жағдайда  коттедж  ғимаратының  энергиямен 

қамту  жүйесіне  жүктемені  төмендету  үшін  ғимаратты  күнмен  жылыту  жүйесін  (КЖЖ) 
пайдалануға болады, оның пайдалану технологиясы экологиялық тазалықты қамтамасыз 
етеді. 

5.1.2

 

КЖЖ  дәстүрлі  нұсқасына  одан  алынатын  энергия  жинақтағыш-бакта 

аккумуляцияланатын күн коллекторы (КК) жүйесі жатады.  

5.1.3

 

КЖЖ  келесі санаттар бойынша жіктеледі:  

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

1) тағайындалуы бойынша:  
- ыстық сумен қамту жүйелері;  
- жылыту жүйелері;  
- аралас жүйелер;  
2) пайдаланатын жылу тасымалдағыш түрі бойынша:  
- сұйықтықтық;  
- ауалы;  
3) жұмыс ұзақтығы бойынша:  
- жылдық;  
- маусымдық;  
4) сызбаның техникалық шешімі бойынша:  
- бір контурлы;  
- екі контурлы;  
- көп контурлы. 

5.1.4

 

КЖЖ  құрылымдық  орындалуы  оның  өнімділігімен  анықталады.  Бағдарлы 

өнімділік  ауқымы  және  оларды  жүзеге  асыру  үшін  қолданылатын  жүйе  нұсқалары  3 
кестеде берілген.  

3 кесте – КЖЖ – жүйе нұсқалары 

 

Ыстық су 
өндіруі 

Жүйе түрі 

Жүйе сипаттамасы 

< 150 л/күн 

«моноблок»  КК,  ЖБ  және  құбыр  жолдары  толығымен  зауытта 

дайындалған,  бір  қондырғыға  ажырамайтын  етіп 
жалғанған  қарапайым  жүйе.  Тек  жазғы  уақытта 
қолданылатын 

объектілерде 

және 

тұрмыстық 

мақсаттағы ЫСҚ үшін қолданылады. 

150–300 
л/күн 

Кіші 
сорғысыз  

Жылу 

тасымалдағыштың 

коллектор 

контурында 

қозғалысы  КК  жылытылатын  жылу  тасымалдағыштың  
тығыздығының 

айырмашылығымен 

және 

ЖБ 

салқындауы  есебінен  жүзеге  асырылады.  Мұндай 
жүйелерде  ЖБ  үнемі  КК  жоғары  орналасады  және 
олардың  ара  қашықтықтары  аз  болады.  Маусымдық 
ЫСҚ үшін жиі қолданылады. 

300–500 
(750) л/күн 

Кіші 
сорғымен 

Жылу  тасымалдағышты  мәжбүрлі  айналымға  енгізетін 
жүйе, коллектор контурында сорғы және оны автоматты 
басқару  жүйесі  бар.  КК  қатысты  ЖБ  орналасуы  – 
еркінше. Маусымды түрде (ЫСҚ) және жыл бойы (ЫСҚ 
+ жылыту) пайдаланалады. 

> 1000 л/күн  Үлкен көп 

контурлы 

 
 
 

Жылу  тасымалдағышты  мәжбүрлі  айналымға  енгізетін 
жүйелер.  Маусымды  немесе  жылдық  пайдалану 
режимінде 

жылулық 

жүктемесі 

үлкен 

коттедж 

ғимараттарын жылумен қамту үшін қолданылады. 
 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

10 

5.1.5

 

Тұрмыстық  мақсаттардағы маусымдық ЫСҚ үшін  «моноблок» типті жүйелер 

және кіші термосифонды жүйелер, яғни жылу тасымалдағыштың КК арқылы айналымы 
суық  және  жылытылған  жылу  тасымалдағыш  қысымының  айрымы  есебінен  жүзеге 
асырылатын  жүйелер  қолданған  дұрыс.  Жүйелер  ашық  жерде  орнатылады  және 
жинақтағыш-бактың  жоғары  жылу  шығынымен  сипатталады.  «Моноблок»  жүйелерден 
айырмашылығы  кіші  термосифонды  жүйелерде  КК  және  жинақтағыш-бак  (ЖБ)  жеке 
жасалады және бір тіреу  құрылымында бірге  немесе бір-бірінен коллектор контурының 
гидравликалық  кедергісімен  шектелген  қашықтықта  орналастырылады  (1  суретті 
қараңыз). 

 

а) күн 

арқылы 

ағынды 

жылытқыш: 

1 – қорабы, 

2 – жинақтағыш-бак,  

3 – аралық 

жылу 

алмастырғыш, 

4 – жылу 

қабылдағыш 

 

элемент,  

5 – жылулық оқшаулағыш, 6 – жарық өткізетін жабын; 
 б) көлемді күн жылытқыш: 7 – су көлемі 

 1 сурет – Су жылытқыш КК жалпылама сызбасы  

 

5.1.6

 

КЖЖ  ұзақ  мерзімге  жарамдылығын  қамтамасыз  ету  үшін  КК  мен  ЖБ 

арасындағы  аралық  жылу  алмастырғышты  қосатын  екіконтурлы  жүйелерді  пайдалану 
керек.  Жүйенің  мұндай  сызбасы  ЖБ  коттедж  ғимаратының  кез  келген  қолайлы  жеріне 
орналастыруға  мүмкіндік  береді,  бұл  шатыр  құламасына  инсоляцияның  аз  болғанында 
ыңғайлы.  

5.1.7

 

Жыл бойы пайдалану үшін жылу тасымалдағышты мәжбүрлі айналдыратын екі 

контурлы  жүйелер  қолдануға  болады.  Сыртқы  ауа  температурасы  теріс  мәнді  болғанда 
жылу тасымалдағыш ретінде гликольді ерітінділер пайдаланған дұрыс (2 сурет). 

5.1.8

 

Объектідегі КЖЖ элементтерін құрастыруды  жасалған жоба құжаттамасымен 

сәйкес жүзеге асыру керек. 

5.1.9

 

КК  коттедж  ғимаратында  немесе  ашық  көлеңкелі  емес  алаңдарға  орнатылған 

салмақ  түсетін  құрылымдарға  орнатады,  оңтүстік  бағытта  азимут  бойынша    ±30° 
ауытқумен келесі бұрыштармен бағдарлайды: 

 

 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

11 

- жыл бойы жұмыс істейтін жүйелер үшін аталған жердің географиялық ендігіне тең;  
- жазғы маусымдық жүйелер үшін аталған жердің географиялық ендігінен минус 15°.  
5.1.10

 

Коттедж  ғимараттарын  ыстық  сумен  қамту  жүйесінде  күн  коллекторларын 

пайдалану  сызбасы  ыстық  суға  сұраныс  және  жүйені  пайдалану  режимі  бойынша 
анықталады.  

 

а)  құрғатылатын  тип,  б)  аралық  жылу  тасымалдағышсыз,  в)  аралық  жылу 
тасымалдағышпен  г)  КК  және  көшіретін  көз  бір  бак-аккумуляторға  жұмыс  істейді,  д) 
алдын ала жылытуға арналған КК   

 2 сурет – Айналымды сорғышы бар су жылытқыш КК сызбасы  

 

5.1.11

 

Жаз  мезгілінде  ыстық  сумен  қамтуға  арналған  күн  коллекторын  жалғау 

сызбасы 3 суретте берілген. 
 

 

 

 

 

ыстық су 

суық су 

суық су 

ыстық су 

ыстық су 

суық су 

ыстық су 

суық су 

ыстық су 

суық су 

ҚР ЕЖ 3.02-140-2013

 

12 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3 сурет  – Жаз мезгілінде ыстық сумен қамтуға арналған күн коллекторын 

жалғау сызбасы 

 

5.1.12

 

Жылу  тасымалдағыштың  автоматты  айналымын  қамтамасыз  ету  үшін 

жинақтағыш  бакты  күн  коллекторынан  жоғары  орналастыру  керек.  жылу 
тасымалдағыштың  қарқынды  автоматты  айналымы  үшін  жылытқыш  қабықтың 
қалыңдығы 10 мм кем емес болғанда  құбырдың өту жолының кесіндісі 20 мм ұсынылады. 

5.1.13

 

Қыс  мезгілінде  ыстық  сумен  қамтамасыз  етуге  арналған    күн  коллекторын 

жалғау сызбасы 4 суретте берілген. 

  

 

 

ауашығарғыш 

Ыстық су 

Суық су 

Көше  

Үй   

КК  

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

//////////////////////////