СП РК 5.03-107-2013 НЕСУЩИЕ И ОГРАЖДАЮЩИЕ КОНСТРУКЦИИ (ҚР ҚН 5.03-107-2013) - 5

 

  Главная      Книги - Разные     СП РК 5.03-107-2013 НЕСУЩИЕ И ОГРАЖДАЮЩИЕ КОНСТРУКЦИИ (ҚР ҚН 5.03-107-2013)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

   

 

   

 

содержание      ..     3      4      5      6     ..

 

 

 

СП РК 5.03-107-2013 НЕСУЩИЕ И ОГРАЖДАЮЩИЕ КОНСТРУКЦИИ (ҚР ҚН 5.03-107-2013) - 5

 

 

4.6.4.2 Монтаждау арқылы аяқталған арақабырғалар конструкцияларын қабаттап
немесе секциялап қабылдау керек.
4.6.4.3 Қабылдау кезінде қаңқаның тұрақтылығын, қаптама табақтарының сенімді
бекітілуін, табақтардың жіктерінің, зақымдарының, қырының бойында қисайған
бұрыштарының, майлы дақтарының және кірлерінің жоқтығын тексеру қажет.
4.6.4.4 Монтаждаумен аяқталған және өңдеу үшін дайындалған арақабырғалардың
тегіссіздіктері ұзындығы 2 метрлік металл сызғышпен өлшегенде тереңдігі немесе биіктігі
3 мм екеуден артық болмауы керек, арақабырғаның тік сызықтан ауытқуы - биіктіктің 1 м
2 мм артық емес және үй-жай биіктігінің 10 мм артық емес болуға тиіс.
4.6.5 Жеңіл жаппа панельдерден жасалған сыртқы қабырғалар
4.6.5.1 Жеңіл жаппа панелдерден жасалған сыртқы қабырғалардың геометриялық
параметрлерінің дәлдігіне жоба құжаттамасында талап қойылмаса, ол 31-кестеде келтірілген
талаптарға сай болуға тиіс.
31-кесте - Сыртқы қабырғалардың геометриялық параметрлерінің шекті
ауытқулары
Шекті ауытқулар,
Бақылау (әдісі, көлемі,
Техникалық талаптар
мм
тіркеу түрі)
1
Іргелес
панельдердің
сыртқы
4
Өлшеу, әрбір элемент,
беттерінің арасындағы кемер
жұмыстар журналы
2 Іргелес панельдердің арасындағы
± 4
Жоғарыдағыдай
жіктік қалыңдығы
3 Панельдердің сыртқы беттерінің тік
5
Жоғарыдағыдай
сызықтан ауытқуы
4.6.5.2 Панельдерді орнату, оларды бекіту, түйістерді бітеу, тесік бітегіштерді орнату
жұмыс, ұйымдық-технологиялық құжаттама (ЖАЖ, технологиялық карта) талаптарына
және даярлаушы-кәсіпорынның панельдерді монтаждау жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес
орындалуы тиіс.
4.6.6 «Сэндвичª типті панельдерден жасалған қабырғалар
4.6.6.1 Қабырға профильдері мен панельдерді монтаждау алдында металл қаңқаның
дәлдігін: монтаждау орындарының тік сызықтылығын, көлденеңдігін, жазықтығын,
ұстындар қадамын тексеру қажет. Түйіскен жерлерде орнатылған металл
конструкцияларының тоттандырмайтын лак-бояу жабынын қалпына келтіру керек.
4.6.6.2 «Сэндвичª типті жеңіл металл панельдерден және тігінен және көлденеңінен
кесілген монопанельдерден салынған ғимараттардың қабырғалары мен арақабырғаларын
тақта-тақталап монтаждаған жөн.
92
4.6.6.3 Қабырғаларды монтаждауға арналған ағаштар оларды дайындаушы
кәсіпорынның нұсқауларына сәйкес орнатылады. Сэндвич-панелдерді монтаждауға
мүмкіндік болу үшін ағаштардан сэндвич-панелдердің ұстындарда, белағаштарда,
беларқаларда бекітілу жазықтығына дейінгі ара қашықтық 150 мм-ден 300 мм-ге дейін
көбейтілу керек.
4.6.6.4 Ағаштар пайдалануға құрылыс ұйымының басшысы тағайындаған комиссия
қабылдағаннан кейін жіберіледі, және ГОСТ 26887 бойынша есеп журналында тіркеледі.
Ағаштарды дайындаушы-кәсіпорынның нұсқауына және ҚР ЕЖ
1.03-106 сәйкес
пайдалану қажет. Ағаштардың техникалық жағдайы әр ауысымның алдында бақылаудан
және әр 10 күн сайын мерзімді байқаудан өткізіледі. Мерзімді байқау нәтижелері аталған
журналға енгізіледі.
4.6.6.5 Панельдер пакеттерін тігінен орналасқан ілмектердің байлауларынан ғана
ілмектеуге жол беріледі.
4.6.6.6 Тігінен кесілген тақталарды монтаждау кезінде панелдің үстіңгі жиегі
жағынан ілмектеуге және оны қарама-қарсы жиекке қарай бұрып көтеруге тыйым
салынады.
4.6.6.7 Сэндвич-панельдердің тік және көлденең түйіспелеріндегі тығыздаутын
аралық төсемдерді панелдерді орнатқанға дейін төсеу қажет.
4.6.6.8 Жеңіл панельдерден жасалған қабырғаларды карталарға негізгі монтаждау
краны жұмыс істейтін аймақтағы стендтерде жинақтау керек.
4.6.6.9 Карталардың шекті ауытқулары жобада көрсетілу керек. Мұндай нұсқаулар
берілмеген жағдайда, ені мен ұзындығы бойынша шекті ауытқулар - ± 6 мм, диагональдар
өлшемдерінің айырмасы бойынша - 15 мм құрауға тиіс.
4.6.6.10 Көлденең және тік түйіспелердің барлық бастырмалары, сондай-ақ
панельдердің бұрыштық элементтері түйіспенің ішіне ылғалдың кіруіне жол бермеу үшін
герметикке қойылу керек.
4.6.6.11 Көтергіш профильдер мен панель қаңқаларын қаптама материалдардан
термооқшаулау үшін көбіктелген полиэтиленнен немесе қалыңдығы
30 мм қатты
минералдық мақтадан жасалған термобөлгіш жолақ қолданылады. Профильдер
арасындағы түйіспелерді бітеу үшін өзі желімделетін алюминий лентасын пайдаланады.
4.6.6.12 Қабырға конструкцияларын монтаждау кезінде ғимарат қаңқасында немесе
қабырғасында табақ профильдері бекітілуінің маяк нүктелерінің орналасуын белгілейді.
Нүктелер қасбетті салу жөніндегі жұмыс жобасына сәйкес белгіленеді.
4.6.6.13 Көлденеңінен кесілген қабырғалар төменнен жоғарыға қарай, сөрелеп
монтаждалады. Қабырға конструкцияларының ғимарат ұстындарына жанасқан жерлеріне
тығыздағыш желімдейді. Тігінен газбен кесілген қабырғалар солдан оңға қарай
монтаждалады.
4.6.6.14 Келесі панельді монтаждау алдында монтаждалған панельдің «пазª тәрізді
құлпына сыртқы жұмыстарға арналған тығыздайтын герметик немесе диаметрі 8 мм
тығыздайтын бутилкаучук бауы, болмаса қимасы 8 мм 3 мм ҮСТ (үш қабатты сэндвич-
панелінің тығыздағышы) тығыздағышы салынады. Құлып қабырғаның ішкі жағынан
тығыздалады.
4.6.6.15 Фасондық элементтерді ғимараттың сыртқы жағынан ЭПДМ-төсемі бар
93
(ЭПДМ (EPDM) - этилен сополимерінің, пропиленнің және диен мономерінің негізіндегі
каучук) 4,8 мм × 28 мм өзі қиятын бұрандалардың немесе 3,2 мм 8 мм құрама
тойтармалардың көмегімен бекітеді. Фасон элементтерін тікелей металл
конструкцияларын бекіту қажет болған жағдайда, алдын ала бұрғылап бекітусіз ЭПДМ-
төсемі
(сөресінің қалыңдығы сәйкесінше
12 мм дейін немесе
5 мм дейін металл
конструкцияларына бекітуге арналған) бар 5,5 мм × 32 мм немесе 5,5 мм × 19 мм өзі
қиятын бұрандаларды қолданады.
4.6.6.16 Қабырға конструкцияларын болат ұстындар мен қабырғаларының
қалыңдығы 12 мм дейін керегетірек тіреуіштеріне саңылауларды алдын ала бұрғыламай
өзі қиятын бұрандалармен бекітеді. Темірбетон ұстындарына конструкцияларды
саңылауларды алдын ала бұрғылау арқылы анкерлермен
(дюбельдермен) бекітеді.
Анкерді орнату және бекіту үшін ұстын бетонындағы тақта арқылы диаметрі 4,8 мм
немесе 6,3 мм саңылау бұрғыланады. Бұл жағдайда анкер бетонның ішіне 4,8 мм диаметр
үшін 32 мм кем емес тереңдікке және 6,3 мм диаметр үшін 38 мм тереңдікке енуі керек,
саңылаудың тереңдігі - 20 мм артық болуға тиіс. Саңылауларды бұрғылау үшін жұмысшы
ұзындығы 100 мм, 250 мм және 300 мм кесетін жиегі алмастан жасалған бұрығларды
пайдаланады.
4.6.6.17 Құйылыс тесіктері және
(терезе және есік ойықтарына, жабынға,
жиекқабырғаларға, шығыңқы іргеге және т.б.) жанасулар сияқты фасондық элементтер
профтабақтан, сайдингтен, линеар тақталарынан, қасбеттік кассеталардан және
керамикалық мәрмәр тастан жасалған плиталардан, хризотилцементтік қасбеттік
плиталардан және жалпақ табақтардан жасалған қабырғалық қаптама материалдарын
құрастырғанға дейін монтаждалады.
4.6.6.18 Сэндвич-тпанелдерден жасалған қасбеттерді тапсырыс беруші өкілдері мен
мердігерден құралатын қабылдау комиссиясы қабылдап алып, қабылдау туралы актіге қол
қою арқылы рәсімдейді. Актіге 4.1.15 көрсетілген құжаттар тіркеледі.
4.6.6.19 Қасбеттік жүйелер конструкцияларының нақты орналасуының жобада
көрсетілген қалыптан шекті ауытқулары
32-кестеде келтірілген шамалардан артық
болмауы керек.
32-кесте - Қасбеттік жүйелер конструкцияларының нақты орналасуының шекті
ауытқулары
Бақылау (әдісі,
Параметрі
Шекті ауытқулары, мм
көлемі, тіркеу
түрі)
Қаптама материалдарының
бекітілуінің тік және
1 м ұзындыққа 2 мм
Өлшеу, әрбір
көлденең сызықтарынан
элемент, жұмыс
ауытқулар
журналы
Қасбет жазықтығының тік
Қасбет биіктігінің 1/ 500, бірақ 100 м артық
сызықтан ауытқуы
емес
94
32-кестенiң жалғасы
Бақылау (әдісі,
Параметрі
Шекті ауытқулары, мм
көлемі, тіркеу
түрі)
Бағыттағыштардың түйіскен жерлеріндегі
саңылау 10 мм
Қабырға
қаңқасының
Көршілес бағыттағыштар арасындағы
Жоғарыдағыдай
профильдерін монтаждау
жобалық арақашықтықтан ауытқу 2 мм
Биіктігі бойынша сабақтасқан
бағыттағыштардың арасындағы кемер 4
мм
Тереңдігі + 10 мм:
Диаметр - дюбель диаметрі + 0,2 мм
Темірбетон ұстындары үшін
Ұстын бұрышынан арақашықтық - 100 мм
дюбельдерге
арналған
Жоғарыдағыдай
Саңылаулар арасындағы арақашықтық 100
саңылау бұрғылау
мм кем емес
Бекіту нүктелерінің ауытқуы ± 10 мм
Ылғалдығы 10 % жоғары емес
Өлшеу, әрбір
Жылуоқшаулағышты
Плиталарды кесу дәлдігі ± 1 мм
элемент, жұмыс
монтаждау
Плиталар арасындағы жік, 2 мм жоғары
журналы
емес
10
мм ұзындығының бойындщағы
сабақтасқан тақталар арасындағы жіктің
қалыңдығы;
Көлденең орнатылған тақталар ұштары
белгілерінің
айырмасы,
тақтаның
ұзындығы:
6000 мм дейін
± 5 мм;
6000 мм бастап 12000 мм дейін қоса
Сэндвич-панельдерді
алғанда ±10 мм;
Жоғарыдағыдай
монтаждау
Тақталардың бойлық жиектерінің тік
сызығынан ауытқу 0,001L;
Қабырға қоршауының сыртық бет
жазықтығының тік сызықтан ауытқулары
0,002H;
Тақталардың
іргелес
қырларының
арасындағы олардың жазықтығынан
шыққан кемер 3 мм
95
4.6.7 Қасбет жүйелері
4.6.7.1 Қасбеттік жүйелерді монтаждау бойынша жұмыстарды жұмыс
құжаттамасының талабына, жұмыстарды орындау жобасына және қасбеттік жүйенің
белгілі түрін орнатудың технологиялық картасына сәйкес орындау керек.
4.6.7.2 Жұмыс құжаттамасы, жұмысты орындау жобасы және қасбеттік жүйені
орнатуға арналған технологиялық карталар қоршау конструкцияларын өлшеу сызбалары,
көтергіштік қабілеті туралы және осы конструкциялар бедерінің ерекшеліктері (тіректер
және айырмалар, ойықтар және т. б.) туралы мәліметтер, бекіту элементтерін (анкерлерді)
ажырауға табиғи сынау нәтижелері негізінде әзірленеді.
4.6.7.3 Жұмысты орындау жобасында және технологиялық картада негізді даярлау,
кронштейндерді, фахверктерді
(көтергіш профильдерді) монтаждау жөніндегі
технологиялық операциялар құрамы мен талабы, жылытқыш, өңдегіш панельдерді
(табақтарды) орнату, тіректерді, айырмаларды, ойықтарды және т.б. өңдеу бойынша
талаптар және жұмыстарды орындау кезінде міндетті қолдану үшін технологиялық
жабдықтар мен құралдар тізбесі, жұмысты орындау сапасына өндірістік бақылауды
орындау әдісі мен тәртібі, бақылау мен өлшеу құралдарының тізбесі болуы тиіс.
4.6.7.4 Монтаждық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде ғимарат қасбетінің алаңы
қармауларға бөлінеді, оның шегінде жұмыстарды әртүрлі монтаждаушылар буындары
орындайды.
Ағаштарды пайдалану кезіндегі қармау көлемі жалпы жағдайда, жұмыс төсемінің
және ағаш биіктігінің жалпы ұзындығы бойынша анықталады.
4.6.7.5 Дайындық жұмыстары қасбетте кронштейндердің бекітілу нүктелерін
белгілеумен аяқталады. Ағаштар жағынан белгілеуді ағаштар шебінің бойымен жүзеге
асырады. Қасбет көтергішін пайдалану кезінде белгілерді алдын ала шығарылған бақылау
нүктелері бойынша әр қармауышта қойып шығады.
4.6.7.6 Монтаждау жұмыстарын реттік және параллельді технологиялық ағындармен
жүргізеді.
Жұмыстарды орындау кезінде монтаждау жұмыстары келесі ретпен жүзеге
асырылады:
- кронштейндерді монтаждау;
- жылуоқшаулағыш плиталарын монтаждау;
- профильдердің бағыттағыштарын монтаждау;
- фасондық элементтерді (құйылыстар мен құламаларды) монтаждау.
4.6.7.7 Жылуоқшаулағыш плиталарын құрғақ қабырғада монтаждайды. Монтаждау
алдында плиталарды алдын ала ояды, қабырғада саңылау бұрғылайды. Бұрғыланған
саңылаудың диаметрі мен тереңдігі дюбельдің типтік өлшеміне сәйкес болуға тиіс.
Жылуоқшаулағыш плитасын алдын ала екі дюбельмен бекітеді. Жел мен ылғалдан
сақтайтын пленканы жіктерінің бойын тіккіштермен бекітіп жабады. Пленкамен
жапқаннан кейін ғана жобада қарастырылған қалған дюбельдермен бекітеді. Пленка
жаймаларын 100 мм асырып төсейді.
96
4.6.7.8 Жылуоқшаулағыш плиталарын төменнен жоғарыға қарай монтаждайды.
Жылытқыш плиталары жіктерінде бос жер қалмай үшін бір-біріне тығыз орнатылады.
Пайда болған бос жерлерді осы материалдың өзімен бітейді.
4.6.7.9 Құйылыс тесіктері және жанасулар (терезе және есік ойықтарына, жабынға,
жиекқабырғаларға, шығыңқы іргеге және т. б.) сияқты фасондық элементтерді
керамикалық мәрмәр тастан, хризотилцементтен және фиброцементтен жасалған қасбет
плиталарын құрастырғанға дейін монтаждайды. Терезе және есік ойықтарында өртке
қарсы қораптарды орнатады.
4.6.7.10 Жұмыстарды қабылдау кезінде қасбеттің жан-жағы және әсересе,
ғимараттың жанасқан жерлері, терезелер жиектері, шығыңқы іргелері және
жиекқабырғалары тексеріледі. Тексеру кезінде анықталған ақаулар объектіні пайдалануға
бергенге дейін жойылады.
4.6.7.11 Монтаждау арқылы аяқталған қаңқа, жел мен судан сақтайтын пленка және
жылытқыш конструкцияларын қармауыштар немесе секциялар бойынша қабылдау қажет.
4.6.7.12 Құрастырылған конструкцияларды түпкілікті қабылдау кезінде
4.1.50
көрсетілген құжаттама тапсырылу керек.
4.6.7.13 Қасбет жүйелері конструкцияларының нақты орналасуының жобада
көрсетілген шамадан шекті ауытқулары
33-кестеде келтірілген шамалардан артық
болмауы керек.
33-кесте - Қасбет жүйелері конструкцияларының нақты орналасуының шекті
ауытқулары
Шекті ауытқулары,
Бақылау (әдісі, көлемі және
Параметрі
мм
тіркеу түрі)
Дюбельдер мен анкер бекіткіштеріне
арнап бұрғыланатын саңылаулардың
ауытқуы:
H = дюбельдің
саңылаудың тереңдігі
ұзындығы +10
Өлшеу, әрбір саңылау,
D
= дюбельдің
саңылаудың диаметрі
атқару сызбасы
диаметрі + 0,2
қабырға бұрышынан немесе көтергіш
100 кем емес
элементтің жиегінен ара қашықтығы
саңылау осінің жобалық шамадан
± 10,0
ауытқуы
Өлшеу, барлық плиталар,
Жылытқышты өлшеміне сәйкес кесу
± 1
жұмыс журналы
Жылытқыш плиталарының арасындағы
2 жоғары емес
Жоғарыдағыдай
саңылау
Жылу мен ылғалдан қорғайтын пленка
Өлшеу, барлық жаймалар,
100 бастап 150 дейін
жаймаларының шегінен асуы
жұмыс журналы
97
33-кестенiң жалғасы
Шекті ауытқулары,
Бақылау (әдісі, көлемі және
Параметрі
мм
тіркеу түрі)
Өлшеу,
барлық
Қаңқа бағыттағыштарының ауытқуы:
бағыттағыштар,
жұмыс
журналы
бағыттағыштар арасындағы ара
± 2
қашықтық
іргелес бағыттағыштар осьтарының
± 2
сәйкестігі бойынша
түйіспелердегі биіктік бойынша
± 4
кемер
Қаптама плиталары мен панелдерінің
жобалық өлшемнен ауытқуы:
плиталар арасындағы саңылау;
± 2
тік және көлденең сызықтығы;
1 м ұзындыққа 2 мм
Өлшеу, барлық плиталар мен
қасбет биіктігінің
тақталар, жұмыс журналы
қасбеттің жазықтығы;
1/500, бірақ 100
жоғары емес
Сэндвич-панельдері шетжақтарының
арасындағы түйіспелерге арналған
саңылау:
Z -Lock;
± 3
Secret-fix
± 1,5
4.7 Тас конструкциялар
4.7.1 Қалау жұмыстарын жүргізу
4.7.1.1 Тас конструкцияларды салу бойынша жұмыстар жобаға сәйкес орындалуы
тиіс.
4.7.1.2 Ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану шартын ескере отырып, қалау
ерітіндісінің құрамын Ж қосымшасын басшылыққа ала отырып жүзеге асыру керек.
4.7.1.3 Пішіні дұрыс кірпіш пен тастардан қалаудың көлденең жіктерінің қалыңдығы
12 мм, тік жіктердікі - 10 мм тең болу керек.
4.7.1.4 Мәжбүрлі жару кезінде қалауды еңіс немесе тік кемер түрінде жасау
керек.
4.7.1.5 Қалау жарығын тік кемермен жасаған кезде кемерлерді қалау жіктеріне
диаметрі 6 мм артық емес бойлық шыбықтардан, 3 мм артық емес көлденең шыбықтардан
жасалған, қалау биіктігінің бойымен 1,5 м дейін ара қашықтықпен және әр аражабын
деңгейінде тор (арматура) салу керек.
98
Арматураның бойлық шыбықтарының саны қабырға қалыңдығының әр 12 см-не бір
шыбық есебімен алынады, бірақ қабырға қалыңдығы 12 см болған жағдайда екеуден
асырмау керек.
4.7.1.6 Тығыздығы
1400 кг/м3 жоғары материалдардан жасалған сыртқы
қабырғалардың тұтас қалауын жылытылмайтын ғимараттарда немесе жылуы көп
шығатын өнеркәсіптік ғимараттарда пайдаланған жөн.
4.7.1.7 Тас конструкцияларын тұрғызу жұмыстары жобаға сәйкес жүзеге асырылу
керек. Қалау ерітіндісінің құрамы ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану
жағдайларына қарай Ж қосымшасын басшылыққа ала отырып жүзеге асыру
керек.
4.7.1.8 Қалау материалдарының үй-жайлардың ылғалдық параметрлеріне қарай
қолданылуы нормативтік құжаттарға сәйкес келтірілген.
Тас конструкцияларын жобада немесе ЖАЖ қарастырылмаған саңылаулармен,
іздермен, қуыстармен, монтаждық ойықтарымен босатуға тыйым салынады.
4.7.1.9 Қаңқаларды толтыру үшін таспен қалау кезінде көтергіш тас
конструкцияларын салуға қойылатын талаптарды және 4.7.3-4.7.6-тараулар талаптарын
сақтау керек.
4.7.1.10 Салынып жатқан қалаудың іргелес қармауыштардағы және сыртқы және
ішкі қабырғалардың жанасуларын қалау кезіндегі биіктіктердің айырмасы ғимарат
қабатының биіктігінен аспау керек, іргетастарды қалаудың іргелес желерінің арасындағы
биіктіктердің айырмасы - 1,2 м аспауы тиіс.
4.7.1.11 Биіктігі жоғарырақ еркін тұрған қабырғаларды тұрғызу кезінде
тұрақтылыққа қол жеткізу үшін уақытша бекіткіштерді пайдалану қажет.
4.7.1.12 Көлденең қабырғалармен (арақабырғалармен) немесе басқа да арасындағы
ара қашықтық 3,5∙Н (мұндағы Н - 34-кестеде көрсетілген қабырға биіктігі) аспайтын
қатты конструкциялармен байланысқан қабырғаны
(арақабырғаны) тұрғызу кезінде
тұрғызылатын қабырғаның жол берілген биіктігін 15 %-ға, ара қашықтық 2,5∙Н артық
емес жағдайда
-
25
%-ға және
1,5∙Н артық емес жағдайда,
40
%-ға арттыруға
болады.
4.7.1.13 Аражабындармен немесе уақытша бекіткіштермен ажыратылмаған
арматураланбаған тас арақабырғаларының биіктігі қалыңдығы 9 см, қырының қалыңдығы
88 мм тас пен кірпіштен жасалған арақабырғалар үшін 1,5 м-ден және кірпіштен жасалған
қалыңдығы 12 см арақабырғалар үшін - 12 см артық болмауы керек.
4.7.1.14 Арақабырға көлденең қабырғалармен немесе арақабырғалармен, сондай-ақ
басқа да қатты конструкциялармен байланысқан жағдайда олардың ұйғарынды биіктіктері
4.7.1.12 нұқсауларына сәйкес алынады.
4.7.1.15 Кірпіш пен тастардан қалау қырлары мен бұрыштарының тік сызықтығын
сөре шектерінде байқалған ауытқуларды жоя отырып, қалау барысында (0,5 м - 0,6 м
сайын) тексеру қажет.
4.7.1.16 Әр қабат қаланып болған соң қалаудың көлденеңдігін және үстінің
белгіленуін оның қатарларының көлденеңдігі аралық тексеруден өткендігіне қарамастан
аспаптық тексеру керек.
99
34-кесте - Қабырғалардың жол берілген биіктігі
Қабырғалардың жол берілген биіктігі, м,
Қалаудың көлемдік
Қабырғалардың
желдің жылдамдық күші, Н/м2 (желдің
салмағы (тығыздығы),
қалыңдығы, см
жылдамдығы, м/с)
кг/м3
150 (15) дейін
270 (21)
450 (27)
1000 (40)
1600 жоғары
3,8
2,6
1,6
-
25
1000 бастап 1300 дейін
2,3
1,6
1,3
-
1300 бастап 1600 дейін
3,0
2,1
1,4
-
1600 астам
5,2
4,7
4,0
1,7
38
1000 бастап 1300 дейін
4,5
4,0
2,4
1,3
1300 бастап 1600 дейін
4,8
4,3
3,1
1,5
1600 жоғары
6,5
6,3
6,0
3,1
51
1000 бастап 1300 дейін
6,0
5,7
4,3
2,0
1300 бастап 1600 дейін
6,3
6,0
5,6
2,5
1600 жоғары
7,7
7,4
7,0
4,3
64
1000 бастап 1300 дейін
7,0
6,6
6,0
2,7
1300 бастап 1600 дейін
7,4
7,0
6,5
3,5
Ескертпе - Желдің жылдамдық күшінің аралық мәндері болған жағдайда, бос тұрған қабырғалардың жол
берілген биіктіг интерполяция арқылы анықталады.
4.7.2 Керамикалық және силикат кірпішінен, пішіні дұрыс керамикалық, бетон,
силикат және табиғи тастардан қалау
4.7.2.1 Пішіні дұрыс кірпіштер мен тастардан қалау кезіндегі байлаулар келесідей
болуға тиіс: бір кірпіштен қалау - 6 бойлық қалау қатарына 1 үшкір қырлы қатар; бір
жарымдық кірпіштен қалау - 4 бойлық қалау қатарына 1 үшкір қырлы қатар; пішіні дұрыс
тастардан қалау - 3 бойлық қалау қатарына 1 үшкір қырлы қатар. Басқа байлаулар типтері
сызбаларда көрсетілу керек.
4.7.2.2 Қуыс жікке қалау кезінде алдыңғы жағынан ерітінді толтырылмаған
жіктердің тереңдігі қабырғаларда 15 мм және ұстындарда (тік жіктердікі ғана) 10 мм
артық болмауы керек.
4.7.2.3 Тығыздаушы қатарды және аз жүктелген тас конструкцияларды
(терезе
астындағы қабырға учаскесі және т. б.) қалау кезінде 10 % аспайтын көлемдегі жартылай-
кірпішті қолдануға жол беріледі.
4.7.2.4 Аралық қабырғаларының ені 1 м құрайтын қатардағы кірпіш маңдайшалары
арасындағы қабырғалар орындарын маңдайшалар үшін қолданылған ерітіндімен қалайды.
4.7.2.5 Қатардағы кірпіш маңдайшаларының болат арматурасын қалыптың бойымен
кірпіштердің астыңғы қатарының астына ерітінді қабатымен салу керек. Шыбықтардың
саны жобада белгіленеді, бірақ үшеуден кем болмау керек. Маңдайшаларды
арматуралауға арналған тегіс шыбықтардың диаметрі 6 мм кем емес болуы, ілмекпен
100
аяқталуы және аралық қабырғаларға 25 см кем емес тереңдікке бекітілуі тиіс. Мерзімдік
профильдің шыбықтары ілмектермен иілмейді.
4.7.2.6 Кірпіш маңдайшаларын қалыпта ұстау кезінде
35-кестеде көрсетілген
мерзімдерді сақтау қажет.
35-кесте - Маңдайшаларды ұстау ұзақтығы
Маңдайшаларды ұстау
Маңдайшаларды
Маңдайшалардың
Ерітіндінің
кезіндегі сыртқы ауа
қалыпта ұстау ұзақтығы,
конструкциясы
маркасы
температурасы, С,
тәул., кем емес
5 дейін
24
Қатардағы және
10 дейін
18
М25 және одан
арматураланған
15 дейін
12
жоғары
кірпіштік
20 дейін
8
20 жоғары
5
5 дейін
10
Аркалық және
10 дейін
Жоғарыдағыдай
8
сыналы
10 жоғары
5
4.7.2.7 Кәдімгі кірпіштен жасалған сыналы маңдайшаларды астындағы қалыңдығы
5 мм кем емес және үстіндегі қалыңдығы 25 мм артық емес сына тәрізді жіктермен қалау
қажет. Қалауды екі жақтан бірден соңынан ортасына қарай жүргізу керек.
4.7.2.8 Ернеуді жобаға сәйкес қалайды. Ернеулердегі әр кірпіш қалауының қалқасы
кірпіш ұзындығының
1/3 бөлігінен, ал арматураланбаған кірпіш ернеуінің жалпы
шығыңқысы қабырға қалыңдығы жартысынан аспау керек.
Анкерленетін ернеулерді анкерлер бітелетін қабырға қалауы жобадағы беріктікке
жеткеннен кейін қалауға жол беріледі.
Ернеулерді орналастыру кезінде қабырға қаланып болған соң олардың
тұрақтылығын уақытша бекіткіштермен қамтамасыз ету керек.
Барлық орнатылатын темірбетон жинақтама элементтер
(ернеулер, белдіктер,
балкондар және т.б.) үстінде жататын қалау қысқанға дейін уақытша бекіткіштермен
қамтамасыз етіліп отыру керек. Уақытша бекіткіштерді алу мерзімін жұмыс сызбаларында
көрсету қажет.
4.7.2.9 Қабырғаларды керамикалық тастардан тұрғызған жағдайларда кірпіштің
сүргіленуі қажет ернеулердің, белдіктердің, жиекқабырғалардың, брандмауэрлердің
асылып тұрған қатарларында ылғалданудан қорғалған, суыққа төзімділігі F25 кем емес
толық құйма немесе арнайы (профильдік) беттік кірпіштер қолданылу керек.
4.7.2.10 Қабырғалардағы желдету арналарын маркасы 75 төмен емес керамикалық
толық құйма кірпіштен немесе маркасы 100 силикат кірпішінен шатыр аражабыны
деңгейіне дейін, ал одан жоғары - маркасы 100 толық құйма керамикалық кірпіштен
жасау қажет.
101
4.7.2.11 Арматураланған қалау кезінде келесі талаптарды сақтау қажет:
- арматураланған қалаудағы жіктердің қалыңдығы қиылысқан арматураның
диаметрлер қосындысынан жіктің қалыңдығы 16 мм жоғары болған жағдайда, 4 мм кем
емес бөлікке асу керек;
- ұстындар мен аралық қабырғалар көлденең арматураланған жағдайда торларды
(2-3) мм аралық қабырғаның ішкі бетіне немесе ұстынның екі жағына шығып тұрған
(торды жасау кезінде қолданылған) арматуралық шыбықтар саны екеуден кем
болмайтындай дайындау және қалау қажет;
- қалауды бойлық арматуралау кезінде арматура шыбықтарын ұзындығының
бойымен бір-бірімен дәнекерлеу арқылы байланыстыру керек;
- арматура түйіспелерін дәнекерлемей орнату кезінде тегіс шыбықтардың ұштары
ілмектермен аяқталу керек және шыбықтардың
20 диаметрге шығыңқы жерлерімен
сыммен байланыстырылуға тиіс.
4.7.2.12 Жеңілдетілген кірпіштерді қалау арқылы қабырға тұрғызу кезінде жұмыс
сызбаларын және келесі талаптарды басшылыққа алу керек:
- жеңілдетілген тәсілмен қаланатын қабырғалардың ішкі және сыртқы қабатының
барлық жіктеріне үй-жай жағындағы қабырғалар беттерін міндетті түрде дымқылдап
сылай отырып, қасбет жіктерін әшекейлеу және ішкі жіктерді мұқият тегістеу арқылы
толғанша ерітінді салу қажет;
- плита жылытқышын қалауға тығыз тақай отырып төсейді;
- қалауға орнатылатын металл байланыстарды тоттанудан сақтау қажет;
- төсеніш жылытқышты немесе толтыру үшін қолданылатын жеңіл бетонды әр қабат
қаланған сайын тығыздай отырып қабаттап төсеу қажет, тік көлденең кірпіш
диафрагмалары бар қалауларда бос қуыстарды төкпеге немесе жеңіл бетонға бір
ауысымда 1,2 м аспайтын биіктікпен қабаттап толтыру керек;
- сыртқы қабырғалардың терезеалды орындарын ылғалданудан сақтау үшін жоба
бойынша су ағызғыштар орнатады;
- жұмыстарды жүргізу барысында атмосфералық жауын-шашын жауған кезде және
жұмыста үзіліс болған жағдайларда жылытқышты суланудан қорғау шараларын қабылдау
қажет.
4.7.2.13 Кірпіш цоколінің кесігін және қалаудың басқа да шығыңқы бөліктерін салып
болғаннан кейін атмосфералық ылғалдан сақтау үшін жобадағы нұсқауларды басшылыққа
алу керек. Жобада нұсқау берілмеген жағдайда маркасы М100 и F50 төмен емес цемент-
құмды ерітіндінің көмегімен қорғау шараларын жүзеге асыру қажет.
4.7.2.14 Қабырғалар мен ұстындар іргетастар жағынан, сондай-ақ жанасқан
тротуарлар мен айнала тегістеме жағынан ылғалданудан тротуар немесе тегістеме үсті
деңгейінен жоғары гидрооқшаулағыш қабат салу арқылы қорғалады. Гидрооқшаулағыш
қабатты жертөле еденінен төмен орналастыру қажет.
4.7.3.Көп қабатты жеңілдетілген сыртқы қабырғаларды қалау
4.7.3.1 Көтергіш сыртқы қабырғаларды қатты тік диафрагмалары бар жеңілдетілген
қалау арқылы тұрғызумен байланысты жұмыстарды жұмыс сызбаларына және келесі
102
талаптарға сәйкес орындау қажет:
- жеңілдетіліп қаланған қабырғаның ішкі және сыртқы қабаттарының барлық
жіктеріне үй-жай жағындағы қабырғалар беттерін міндетті түрде дымқылдап сылай
отырып, қасбет жіктерін әшекейлеу және ішкі жіктерді мұқият тегістеу арқылы толғанша
ерітінді салу қажет;
- плиталық жылытқышты қалауға тығыз тақалуын қамтамасыз ете отырып төсеу
керек;
- қалауға орнатылатын металл байланыстар тоттанудан сақталған болу керек;
- көп қабатты (жеңілдетілген) қалау кезінде төкпе жылытқышты пайдалануға рұқсат
етілмейді;
- сыртқы қабырғалардың терезеалды орындарын ылғалданудан сақтау үшін жоба
бойынша су ағызғыштар орнатады;
- жұмыстарды өндіру барысында атмосфералық жауын-шашын жауған кезде және
жұмыста үзіліс болған жағдайларда жылытқышты суланудан қорғау шараларын қабылдау
қажет.
4.7.3.2
«Қалқалыª
(көтермейтін) қабырғалардың қалау жұмыстарын көтергіш
қаңқаның құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, акті бойынша қабылданғаннан кейін
жүргізеді.
4.7.3.3 Аражабындардың сыртқы қабырғаларды тіреп тұрған шығыңқы шетжақ
қырларының тік сызықтығы және олардың осьтарының сәйкестігі ғимараттың әр
қабатында геодезиялық түсірілім арқылы тексеріледі. Аяқталған бетон және темірбетон
конструкциялары өлшемдерінің ауытқулары 11-кестеде көрсетілген шамалардан артық
болмауы керек.
4.7.3.4 Сыртқы қабырғаларды орнату жұмыстары ЖАЖ және операциялар мен
жұмыстар графигі көрсетілген технологиялық карта бар болған жағдайда жүргізіледі, оған
қоса жасырын жұмыстарға міндетті түрде акті толтырылады және құрылыс бақылауы
(техникалық және авторлық қадағалау) жүзеге асырылады.
4.7.3.5 Үш қабатты қалқалы қабырғаны қалау жұмыстары келесі ретпен жүргізіледі:
а) аражабыннан монтаждау кезінде:
- қабырғаны тұрғызбас бұрын ішкі қабаты қаланады. Қалау кезінде ғимараттың әр
қабаты биіктігі қабаттың биіктігіне тең және ұзындығы көтергіш конструкциялардың
(көлденең қабырғалардың немесе қақпабағалардың) арасындағы аралыққа тең
орындармен жабылады;
б) қуаттандыру құралдарынан монтаждау кезінде:
- қабырғаның жылу оқшаулайтын және қаптама қабаттарын салу үшін қуаттандыру
құралдары (құрылыс ағаштары, қалқа алаңдары, платформалар) орнатылады;
- жылу оқшаулайтын плиталарды қабырғаның көтергіш қабатына желіммен және
керме дюбельдермен бекітеді;
- қабырғаның көтергіш бөлігін дайындау кезінде оған жылу оқшаулағышты бекіту
үшін қажет болған жағдайда тегістейтін сылағыш пен тығыздағышты пайдаланған жөн;
- жылу оқшаулағыш плитаға желімді білікше (ені 4 см бастап 6 см дейiн) түріндегі
сылайтын қалақшаның көмегімен бүкіл периметрдің бойымен шеттерінен 2 см - 3 см
103
алшақтатып және қосымша плитаның қалған бөлігіне «сабалақтарª түрінде жағады,
плиталардың желімделген бетінің ауданы - 40 % төмен болмауға тиіс;
- плиталарды жобада көрсетілген күйге орналастыру үшін қабырғаның көтергіш
бөлігіне басу және биіктігінің бойымен нығыздау арқылы бір-біріне қатысты тегістеу
тәсілдерін қолданады. Желімнің артығымен жағылуына жол берілмеуге тиіс;
- жылу оқшаулағыш плиталарды көлденеңінен тегістеу үшін қабырғаның көтергіш
бөлігіне уақытша ағаш тақтайшасын немесе қабырғаның көтергіш бөлігіне 300 мм артық
емес қадаммен орналасқан дюбельдермен бекітілетін қалыңдығы 1 мм бастап 1,5 мм
дейiнгі металл профильді (алюминийден немесе мырышпен қапталған болаттан жасалған)
пайдаланады;
- жылу оқшаулағыш плиталарды бір-біріне тығыздап тиістіре орнатады. Егер
олардың арасында 2 мм артық саңылаулар пайда болса, оларды қолданылып жатқан
жылытқыштың материалымен немесе полиуретан көбігімен толтыру қажет;
- жылу оқшаулағыш плиталарды қабырғалардың ішкі және сыртқы бұрыштарында
тісті қысқыш орната отырып, жіктерді байлау арқылы екі қабатпен орнатады және
желімдейді;
- жылу оқшаулағыш плиталарды бекітуге арналған дюбельдер желім құрамы толық
кепкеннен кейін орнатылады. Сыртқы ауа температурасы 20 °С және салыстырмалы
ылғалдығы 65 % болған жағдайда кебу уақыты 72 сағаттан кем болмауы керек. Әр жылу
оқшаулағыш плита екі шатырлы дюбельдермен бекітілу керек.
4.7.3.6 Қаптама қабатын жобада көрсетілген биіктіктің бойымен қалау кезінде иілгіш
байланыстар орнатылады. Қабырғаның ішкі қабатында жылытқыш арқылы саңылау
бұрғыланады да, жобада қарастырылған болат немесе пластикалық кергіш болмаса
«химиялық анкерлерª орнатылады.
4.7.3.7 Екі қабатты асылмалы қабырғаларды қалау жұмыстары аражабыннан және
қуаттандыру құралдарымен орындалуы керек.
4.7.3.8 Қабырғаны сыртқы қаптама қабатты және ішкі қабаттарды бір уақытта
қалаудан бастап тұрғызады.
4.7.3.9 Жобада көрсетілген қадаммен қалаған сайын кеңейтілген ерітінді жіктеріне
(16 мм) қалаудың екі қабатын да байланыстыратын арматуралық тор-байланыстары
салынады.
4.7.3.10 Биіктіктің бойымен дәл осындай қадаммен жобада қарастырылған
анкерлердің көмегімен көтергіш ішкі конструкцияларға
(қабырғаларға немесе
қақпабағаналарға) қалау бекітіледі.
4.7.3.11 Ғимараттың әр қабатының асылмалы қабырғаларын қалау жұмыстарын
аражабын плитасының (беларқаның, арқалықтың) астына қалыңдығы 30 мм көлденең
деформациялық жік салумен аяқтайды.
104
4.7.4 Көп қабатты қабырғалардың беткі қабатының конструкциясына және
материалдарына қойылатын талаптар
4.7.4.1 Ғимараттар қасбеттеріндегі аражабын деңгейінде биіктігі бойынша кем
дегенде үш қабаттан кейін су тойтаратын ернеу орнату қажет.
Ернеулердің ұзындығы - кемінде 50 мм, үш қабаттан кейін орнатқан жағдайда - 150
мм кем емес.
4.7.4.2 Сыртқы жіктерді бір деңгейлеп немесе сыртқы білікшемен әшекейлеу керек.
4.7.4.3 Алдыңғы қабат қалауының төменгі қатарының тірек конструкциясынан
асылып шығуы 15 мм артық болмауы керек.
4.7.4.4 Алдыңғы бет кірпіштерін қабырға жазықтығынан бір-біріне қарай
жақындатуға рұқсат етілмейді.
4.7.4.5 Құрылыс жағдайларында аражабын плитасының сыртқы шетжағына
керамикалық плитканы, аралап кесілген кірпішті немесе басқа да сәндік элементтерді
желімдеуге, сондай-ақ сылайтын арматураланған қабатпен
40 мм артық ұзартуға
болмайды.
4.7.4.6 Аражабын шетжағына сәндік элементтерді тек қана қалыпқа жобада
қарастырылған бекіткішпен бетон құйғанға дейін ғана орнатуға болады.
Үш қабатты қабырғалардағы қаптама қабатына кондиционерлерді, байланыс
«тәрелкелерінª, кергіштерді және осыған ұқсас материалдарды орнатуға тыйым
салынады. Олардың қабырғаның көтергіш бөлігіне бекітілу тораптарын жоба бойынша
жасайды.
4.7.4.7 Көлденең және тік деформациялық-температуралық жіктер және олардың
арасындағы үш қабатты қабырғалардың алдыңғы бетіндегі ара қашықтығы жобада
қарастырылады.
4.7.4.8 Үш қабатты қабырғаларда қаптама және ішкі қабаттарды байланыстыру үшін
4 дана/м2 кем емес көлемде иілгіш байланыстар және қосымша байланыстар - бұрыштарда
және ойықтардың жанында қарастырылу керек. Байланыстарды қабырға бетіне тік
бұрышпен орнатады; олардың иілген немесе жуан жерлері (полимер материалдары үшін)
болу керек.
4.7.4.9 Ерітінді жігіне анкерлеу тереңдігі
- жоба бойынша, материалы
- тот
баспайтын тоттануға төзімді болат.
4.7.4.10 Қалаудың сыртқы қабаты В2 төмен класс бетондарынан иілгіш
байланыстардың көмегімен бекітілетін ішкі қабатты қалау үшін керамикалық және
маркасы М50 төмен басқа да тастарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
4.7.4.11 Қабырғалардың айқасқан жерлеріне қалаудың ішкі қабатына әр жаққа кем
дегенде 1 м енгізілетін көлденең Т-үлгілі байланыс торлары орнатылу керек. Байланыс
торларының қалаудың ішкі қабатындағы биіктік бойындағы қадамы 60 см артық болмауы
керек.
4.7.4.12 Иілгіш байланыстардың көмегімен сыртқы қабат бекітілетін қалаудың ішкі
қабаты қаңқаның тік элементтеріне бекітілу керек.
4.7.4.13
Қалаудың ішкі және сыртқы қатарларының тік жіктеріне
ҚР ЕЖ 2.04-104 сәйкес желдету арналары орнатылу керек.
105
4.7.5 Қабырғаларды ірі пішімді керамикалық қуысты тастардан қалау
4.7.5.1 Қабырғаларды биіктігі 219 мм және ені 250 мм ірі пішінді тастардан қалаған
кезде тастардың ½ байланымымен орындау керек.
4.7.5.2 Қабырғаларды қалаған кезде зауыттық жағдайда дайындалған берік тастарды
қолдану қажет.
4.7.5.3 Тастардың ірі пішінді керамикалық қуысының көлемі ГОСТ 530 сәйкес
болуы тиіс.
4.7.5.4 Қалау кезінде М75 және одан астам ерітінділер қолданылып, конустың шөгуі
7-9 см құрау керек.
4.7.5.5 Ерітінді жіктерінің қалыңдығы 8 мм бастап 12 мм дейiн, қаптама қабатпен
байланыстыру үшін тормен арматураланған ерітінді жіктерінің қалыңдығы - 10 мм бастап
16 мм дейiн. Тік жіктерге ерітінді салынбайды, қабырға бойындағы тастардың
байланысуы - ойық-адырлы.
4.7.5.6 Көтергіш қабырғалары бар ғимараттардың аражабын плиталарын ірі пішінді
тастардан жасалған қалауға төселген қалыңдығы
15 мм цемент-әк-құмды ерітіндіге
120 мм мөлшерге тіреу керек. Плиталарды ерітіндіні төсегеннен кейін кем дегенде
(7-8) күн өткен соң монтаждау қажет.
4.7.5.7 Арқалықтарды, белағаштарды тіреу жағдайларына жобада «жастықшаларª,
белдіктер қарастырылу керек.
4.7.6 Қабырғаларды ірі силикат блоктарынан қалау
4.7.6.1 Ірі силикаттық блоктардан және биіктігі 62,3 см арақабырғалар панельдерінен
жасалған қабырғаларды қалауды блок биіктігіне байланысты және u=
0,4h тең
байланымда орындау керек (36-кестені қараңыз).
4.7.6.2 Блоктардың өлшемдері ГОСТ 379 сай болу керек.
4.7.6.3 Қалау кезінде желім тәрізді және М75 және одан жоғары кәдімгі ерітінділер
қолданылады.
4.7.6.4 Ерітінді жіктерінің қалыңдығы:
- желім ерітіндісінің негізінде - 2 мм;
- цемент-әк-құм ерітіндісінің негізінде - 12 мм;
- тормен арматураланған - 16 мм.
Ойық-адырларды байланыстыру кезінде тік жіктерге ерітінді салынбайды.
36-кесте -Блоктардың биіктігі
Блоктың биіктігі, h, см
Артық шығымы өлшемі, u= 0,4 h, см
12,3 төмен
5
24 - 25
10
49,8
20
62,3
25
106
4.7.6.5 Аражабын, арқалық, маңдайша плиталарын тікелей силикат блоктарына
маркасы М100 және одан жоғары қалыңдығы 15 мм аспайтын цемент ерітіндісі қабаты
арқылы тірейді.
4.7.6.6 Ірі силикат блоктарын монтаждау кезінде грейфер қамтуының көмегімен жүк
көтергіштігі 500 кг төмен емес кран қолданылады.
Өлшемі 248 мм × 248 мм × 250 мм блоктарды кран қолданбай (қолмен) қалауға
болады.
Ғимараттың әр қабатын қалау үшін алдымен барлық өлшемдерді, қырлары мен
бұрыштарының көлденеңдігін, тік сызықтығын мұқият тексере отырып, қалыңдығы 80 мм
бастап 123 мм дейiнгі бақылау қатарын қалайды.
4.7.6.7 Ірі силикаттық блоктардан жасалған қабырғаларды қиятын жерлерде
байламды әрбір қатар сайын өткізу қатарының есебінен жүзеге асыру.
4.7.6.8 Силикатты панелді ойық-адыр арақабырғаларын қабырғаларға және бір-
бірімен бекіту үшін перфорацияланған жолақтық тоттануға төзімді болаттан жасалған
және әр ерітінді жігіне салынатын анкерлермен орындау қажет.
Монтаждау кезінде панелді арақабырғалардың тұрақтылығын инвентарлық
бекіткіштермен қамтамасыз етеді.
4.7.6.9 Уақытша бекіткіштермен ажыратылмаған силикатты ойық-адырлы панелді
арақабырғалардың биіктігі қалыңдығы (7-8) см арақабырғалар үшін 1 метрден және
қалыңдығы 10 см арақабырғалар үшін - 1,5 м артық болмауы керек.
Үстіңгі бөлігі аражабындарға бекітілетін қалыңдығы
70 мм силикатты панелді
арақабырғаларының биіктігі 2,5 м-ден; қалыңдығы 80 мм болса - ұзындығы 6 м аспауы
тиіс
Ірі көлемді арақабырғаларда ғимараттың көтергіш конструкцияларына бекітілген
жауырындық қабырғалар немесе тіреуіштер (ұстындар) қарастырылу керек.
4.7.7 Қалау барысында қабырғаларды қаптау
4.7.7.1 Қаптау жұмыстары үшін портландцемент және пуццолан цементі негізінде
жасалған цемент-құм ерітінділерін пайдалану керек. Цементтің құрамындағы сілтілердің
мөлшері 0,6 % артық болмауы керек. Ерітіндінің стандартты конусты батыру арқылы
анықталатын жылжығыштығы
7 см артық болмауы керек, ал плитканы болат
байланыстармен бекіткен жағдайда қабырға мен плитканың арасындағы саңылауды
толтыру үшін - 8 см жоғары болмауға тиіс.
4.7.7.2 Кірпіш қабырғаларын ірі бетон плиталарымен қалаумен қатар қаптау кезінде
келесі талаптарды сақтау қажет:
- қаптау үшін алдымен ғимарат қабаттарының арасындағы аражабындар деңгейінде
қалауға салынатын қаптама плиталарының тіректік Г-үлгілі қаптама плиталары қатарын
қалайды, содан кейін қабырғаға бекіту отырып, қатардағы жалпақ плиталарды орнатады;
- қаптама плиталарының қалыңдығы 40 мм жоғары болған жағдайда қаптама қатары
қалаудан бұрын, қаптау қатарының биіктігіне дейін тұрғызылады;
- плиталардың қалыңдығы 40 мм төмен болған жағдайда алдымен плита қатарының
биіктігіне дейін қалайды, содан кейін қаптама плитасын орнатады;
107
- жұқа плиталарды қабырға қалауын тұрғызғанға дейін плиталарды ұстап тұратын
бекіткіштер орнатылған жағдайда ғана орнатуға рұқсат етіледі;
- кез-келген қалыңдықтағы қаптама плиталарын қабырға қалауынан екі плиталар
қатарына биік орнатуға тыйым салынады.
4.7.7.3 Қаптама плиталарын оның сұлбасының бойына ерітінді жік сала отырып
немесе бір-біріне тығыз орнату қажет. Соңғы жағдайда плиталардың түйісетін қырлары
әрлену керек.
4.7.7.4 Қабырғаларды төмен температураларда қабырғамен (алдыңғы бет кірпішімен
немесе таспен, силикат және ауыр бетоннан жасалған плиталармен) қатты байланыстырып
қаптаумен қатар тұрғызу кезінде натрий нитритінің аязға қарсы қоспасы бар ерітіндісін
пайдалану керек. Алдыңғы беттік керамикалық және силикат кірпішпен және таспен
қаптау арқылы қалау кезінде 4.7.11 нұсқаулары бойынша мұздату әдісін пайдалануға
болады. Бұл жағдайда қалау және қаптау үшін қолданылатын ерітіндінің маркасы М50
маркасынан төмен болмау керек.
4.7.8 Аркалар мен тоғыспаларды қалаудың ерекшеліктері
4.7.8.1 Аркаларды
(оның ішінде қабырғалардағы аркалы маңдайшаларды) және
тоғыспаларды цемент немесе аралас ерітіндіден жасалған дұрыс пішінді кірпіштен немесе
тастардан қалайды.
Аркаларды, тоғыспаларды және олардың табандарын қалау үшін портландцемент
негізінде дайындалған ерітінділер қолданылады. Төменгі оң температурада баяу қататын
қожпортландцементті және пуццолан портланцементін пайдалануға рұқсат етілмейді.
4.7.8.2 Аркалар мен тоғыспаларды екі қисықты тоғыспаларды қалауға арналған
қалыптың жұмыс сызбалары бар жоба бойынша қалау керек.
4.7.8.3 Екі қисықты тоғыспалар қалыптары өлшемдерінің жобалық өлшемдерден
ауытқулары: тоғыспаның кез-келген нүктесіндегі көтерілу жебесі бойынша көтерілудің
1/200, қалыптың ортаңғы қимадағы тік жазықтықтан жылжуы бойынша тоғыспаның
көтерілу жебесінің 1/200, тоғыспа толқынының ені бойынша - 10 мм аспауы тиіс.
4.7.8.4 Екі қисықты тоғыспалар толқындарын қалыпта белгіленетін жылжымалы
үлгілер бойынша қалау керек.
Аркалар мен тоғыспаларды табанынан құлыпқа қарай бірден екі жағынан қалау
керек. Қалаудың жіктерін толығымен ерітіндіге толтыру керек. Қалыңдығы кірпіштің
1/4 құрайтын екі қисықты тоғыспалардың үстіңгі бетін қалау барысында ерітіндімен
ысқылау керек. Кірпіштер мен тастардан жасалған тоғыспалардың ені бұдан жоғары
болған жағдайда қалаудың жіктеріне сұйық ерітінді құю керек, бұл жағдайда
тоғыспалардың үстіңгі беті ерітіндімен ысқыланбайды.
4.7.8.5 Екі қисықты тоғыспаларды олардың табандары салынып болғаннан кейін
сыртқы ауа температурасы
10С жоғары болған жағдайда,
7 тәулік өтпей қалауға
болмайды. Ауаның температурасы 10 С бастап 5 С дейін болған жағдайда бұл мерзім
1,5 есе, 5 С бастап 1 С дейін болған жағдайда - 2 есе көбейеді.
108
Табандарында жиналмалы темірбетон элементтер немесе болат қаңқалар орнатылған
тартпалары бар тоғыспаларды табандарды орналастырып болғаннан кейін бірден қалауға
кірісу керек.
4.7.8.6 Екі қисықты тоғыспалардың іргелес толқындарының жанасатын қырлары
қалыпта 10 °С жоғары сыртқы ауа температурасында 12 сағаттан кем емес уақыт бойы
ұсталады. Оң температура бұдан төмен болған жағдайда тоғыспаларды қалыпта ұстаудың
ұзақтығы 4.7.11 бөлім нұсқауларына сәйкес көбейтіледі.
Ауа температурасы
10
С болған жағдайда қалыптары шешілген аркалар мен
тоғыспаларды қалау аяқталғаннан кейін
7 тәулік өтпей жүктеуге болмайды. Оң
температуралар бұдан төмен болған жағдайда ұстау мерзімдері 4.7.11 бөлімге сәйкес
көбейтіледі.
Жылытқышты тоғыспалардың бойымен тіректерден құлыпқа қарай симметриялы
түрде төсеген кезде тоғыспалардың бір жағына жүктелуіне жол бермеу керек.
Аркалар мен тоғыспаларда кергіштерді қалау аяқтала салысымен керу қажет.
4.7.8.7 Аркаларды, тоғыспаларды және табандарын қысқы мезгілде аязға қарсы
қоспалары бар ерітінділермен және 4.7.1 бөлімге сәйкес орташа тәуліктік температура
минус 15 С төмен болмаған жағдайда, салуға жол беріледі. Төмен температурада
салынған тоғыспалар толқындары қалыпта 3 тәуліктен кем емес уақыт бойы ұсталады.
4.7.9 Кесек тастан және кесектасты бетоннан қалау
4.7.9.1 Кесек тастан және кесектасты бетоннан жасалған тас конструкцияларды
қисық пішінді кесек тасты пайдалану арқылы салуға жол беріледі. Қалаудың сыртқы
жақтары үшін төсеме тас қолданылады.
4.7.9.2 Кесектасты қалаудың бет жақ тасын қазу, шағыл тастармен толтыру және бос
ойықтарға ерітіндіні толтырып салу, сондай-ақ жіктерді байлау арқылы 25 см биіктікке
дейін көлденең қатарлармен қалайды.
Шөкпейтін топыраққа салынатын биіктігі
10 м дейінгі ғимараттардағы
конструкцияларда кесектасты қалау үшін тастар арасындағы жіктерге құйылма ерітінді
салынады.
4.7.9.3 Қалаумен қатар кесектасты қалауды кірпішпен немесе қисық пішінді таспен
қаптау кезінде қаптаманы қалаумен әр 4-6 бүкқалаулар қатары, бірақ 0,6 м аспайтын
қашықтық сайын тік қатармен байлап отыру керек. Кесектасты қалаудың көлденең жіктері
қаптаманың байлайтын тік қатарларымен үйлесіп отыруға тиіс.
4.7.9.4 Кесек тастан жасалатын қалауда үстіңгі қатар тастарының арасындағы
аралықтарға ерітінді толтырып салынғаннан кейін ғана үзіліс жасауға болады.
Жұмыстарды ерітіндіні үстіңгі қатар тастарының бетіне төсеу арқылы қайта бастайды.
4.7.9.5 Кесектасты бетоннан жасалған конструкцияларды салу кезінде келесі
ережелер сақталу керек:
- бетон қоспасын биіктігі 0,25 м аспайтын көлденең қабаттармен қалау керек;
- бетонға батырылатын тастардың өлшемі салынып жатқан конструкция
салыңдығының 1/3 бөлігінен аспауға тиіс:
109
- тастарды бетонға бетонды тығыздау барысында оны қалағаннан кейін батыру
керек;
- кесектасты іргетастарды тіктегіш қабырғалары бар траншеяларда керіп қалыптамай
салуға жол беріледі;
- тастар қатарын бетон қоспасының соңғы (үстіңгі) қатарына қалағаннан кейін ғана
жұмыста үзіліс жасауға жол беріледі; үзілістен кейін жұмысты бетон қоспасын төсеуден
бастайды.
Құрғақ және ыстық ауа-райында салынатын кесек тастан және кесектасты бетоннан
тұрғызылатын конструкцияларды монолитті бетон конструкциялар сияқты күтіп-
баптайды.
4.7.10 Тас конструкцияларын қыс жағдайларында салу
4.7.10.1 Қыс жағдайларында тас конструкцияларды қалау үшін цемент, цемент-әк
және цемент-саз ерітінділер қолданылады.
4.7.10.2 Қысқы жұмыстарға арналған берілген маркадағы (кәдімгі және аязға қарсы
қоспалары бар) құрылыс ерітіндісінің құрамын, ерітіндінің жылжығыштығын және
жылжығыштықты сақтау мерзімдерін құрылыс зертханасы алдын ала қолданыстағы
нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес белгілейді және қолданылатын материалдарды
ескере отырып түзетеді.
4.7.10.3 Қыс жағдайларында қалау үшін жылжығыштығы келесідей ерітінділерді
пайдалану қажет: (9 - 13) см - кәдімгі кірпіштен қалау үшін және (7 - 8) см - бос қуыстары
бар кірпіштерден және табиғи тастардан қалау үшін.
4.7.10.4 Қысқы уақытта тасты қалау кезінде жазғы уақытта қолданылатын барлық
байлау жүйелерін пайдалануға болады. Аязға қарсы қоспалары жоқ ерітінділерді
пайдалану арқылы қалау кезінде бір қатарлы байлауды қолдану қажет.
4.7.10.5 Көп қатарлы байлау жүйесі қолданылған жағдайда тік бойлық жіктерді
кірпіштен қалаған кезде кем дегенде әр үш қатар сайын және қалыңдығы
138 мм
керамикалық және силикат тастан қалаған кезде - екі қатар сайын байлайды. Кірпіш пен
тасты қалаған кезде тік және көлденең жіктер толығымен толтырылады.
4.7.10.6 Қабырғалар мен ұстындарды ғимарат периметрінің бойымен және шөгу
жіктерінің арасындағы шектерде біркелкі, биіктігінің бойымен
½ қабаттан асатын
аралықта үзілулердің пайда болуына жол бермей тұрғызу қажет.
Қабырғалардың саңылаусыз жерлерін және бұрыштарды қалау кезінде үзілулерді
қабаттың ½ бөлігінен аспайтын биіктікпен жасауға рұқсат етіледі және олар кемерлеп
жүзеге асырылады.
4.7.10.7 Жұмыс барысында үзіліс жасаған кезде ерітіндіні қалаудың үстіңгі қатарына
төсеуге жол беріледі. Жұмыс кезіндегі үзіліс уақытында мұз қатып немесе қар жамылып
қалмау үшін қалаудың үстін жабу керек.
Қалау ерітінділерінде қолданылатын құмның құрамында мұз немесе мұздаған кесек
болмау керек, әк және саз қамыр 10 С төмен емес температурада мұздамаған болуға тиіс.
4.7.10.8 Қыс жағдайларында кірпіштен, қисық пішінді тастардан және ірі блоктардан
жасалатын конструкцияларды келесі әдістермен салуға рұқсат етіледі:
110
- маркасы М50 төмен емес ерітінділердің негізіндегі аязға қарсы қоспалары бар
ерітінділерді пайдалану арқылы;
- аязға қарсы қоспалары жоқ кәдімгі ерітінділерді кейіннен қалауды қыздыру арқылы
дер кезінде нығайту жолымен;
- еру кезінде (ерітіндінің беріктігі нөлге тең болғанда) конструкциялардың көтергіш
қабілетін қамтамасыз ете отырып, маркасы 10 кем емес кәдімгі ерітінділердің негізінде
мұздату тәсілімен.
4.7.10.9 Ғимараттарды конструкцияларды жасанды қыздырумен кезекті беріктендіру
арқылы аязға қарсы қоспаларсыз ерітінділермен салу кезінде жұмыстарды орындау тәртібі
жұмыс сызбаларында қарастырылуы керек.
4.7.11 Конструкцияларды кейіннен қыздыру арқылы нығайта отырып аязға
қарсы қоспаларымен және оларсыз ерітінділер негізінде қалау
4.7.11.1 Аязға қарсы қоспалары бар ерітінділерді дайындау кезінде қоспалардың
қолданылу аясын және шығынын, сондай-ақ ерітінділердің суықта қату мерзімдеріне
қарай күтілетін беріктігін белгілейтін И қосымшасын басшылыққа алу керек.
4.7.11.2 Конструкцияларды бір жағынан жылы ауамен жылытқан жағдайда қалаудың
еру тереңдігі
37-кесте бойынша қабылданады; қалаудың бастапқы минус
5
С
температурасымен екі жақтан жылыту кезіндегі еру ұзақтығы - 38-кестеге, төрт жағынан
(ұстыннан) жылыту кезінде - мәліметтерді 1,5 есе азайта отырып 38-кестеге, әртүрлі
температурада қататын ерітінділердің беріктігі - 39-кестеге сәйкес келу керек.
4.7.11.3 Сақарды пайдаланған кезде балшық қамырын цемент салмағының 40 %
аспайтын мөлшерде қосу керек.
37-кесте - Конструкциялардағы қалаудың еру тереңдігі
Қабырғалардың қалыңдығы, кірпішпен
Ауаның есептік термпературасы, С
3
2
2,5
Еру тереңдігі, жылыту ұзақтығы, тәул:
сыртқы
ішкі
5
10
15
5
10
15
5
10
15
50
60
70
45
60
60
40
50
55
- 5
15
40
60
60
45
55
70
30
45
50
70
80
80
55
70
75
50
65
75
- 5
25
50
70
80
45
60
70
40
55
65
50
50
50
40
45
55
40
45
50
- 15
25
40
50
50
30
40
45
30
45
45
111
37-кестенің жалғасы
Қабырғалардың қалыңдығы, кірпішпен
Ауаның есептік термпературасы, С
3
2
2,5
Еру тереңдігі, жылыту ұзақтығы, тәул:
сыртқы
ішкі
5
10
15
5
10
15
5
10
15
60
60
60
55
60
60
45
60
60
- 15
35
60
60
60
45
55
55
30
45
45
45
50
50
45
50
50
40
45
45
- 25
35
40
40
40
40
40
45
30
40
45
55
60
60
55
60
60
50
50
50
- 25
50
50
50
50
45
55
55
45
50
50
40
40
40
40
40
40
40
40
40
- 35
50
30
30
30
30
30
30
25
30
30
50
50
50
45
45
45
40
45
45
- 35
50
40
40
40
40
45
45
40
45
45
Ескертпелер
1 Сызықтың үстінде - құрғақ керамикалық кірпіштен жасалатын қалаудың еру тереңдігі (қабырға
қалыңдығының
%), сызықтың астында
- жоғарыдағыдай, силикат немесе ылғалды керамикалық
кірпіштен жасалатын қалауда.
2 Бір жағынан жылытылатын қабырғалардың мұздаған қалауының еру тереңдігін анықтау кезінде:
құрғақ керамикалық кірпіштен қалау үшін - 6 %, силикат немесе керамикалық ылғалды (күзде жасалған)
кірпіштен қалау үшін -
10 %.
4.7.11.4 Конструкцияларды қыздыру тәсілімен қалау кезінде келесі талаптар
сақталуға тиіс:
- құрылыстың жылытылған бөлігі қыздыру кезіндегі ауа ылғалдығының
70 %
аспауын қамтамасыз ететін желдеткішпен жабдықталу керек;
- қыздырылған қалауға бақылау сынақтары өткізілгеннен және қыздырылған қалау
ерітіндісінің талап етілген беріктігі орнатылғаннан кейін жүктейді;
- ғимараттың жылытылатын бөлігінің ішіндегі ең салқын жерлердегі - еденнен 0,5 м
биіктіктегі сыртқы қабаттардың жанындағы температура 10 °С төмен болмау керек.
112
38-кесте - Қалаудың еру ұзақтығы
Жылытатын
Қалаудың еру ұзақтығы, тәулік,
Қалаудың сипаттамасы
ауаның
қабырғалардың қалыңдығы, кірпішпен
температурасы С
1,5
2
2,5
Қызыл кірпіштен, ерітіндісі:
ауыр
15
1,5
2,5
4
25
1
1,5
2,5
жеңіл
15
2,5
4
6
25
2
3
4
Силикат
кірпішінен,
ерітіндісі:
ауыр
15
2
3,5
5
39-кесте - Ерітінділердің беріктігі
Ерітіндінің жасы,
Маркаға байланыста ерітіндінің беріктігі, %, қату температурасы, С
тәул.
1
5
10
15
20
25
30
35
40
45
50
25
1,5
2
3
25
1,5
2
3
25
жеңіл
15
3,5
4,5
6,5
жеңіл
15
3,5
4,5
6,5
жеңіл
15
25
2,5
3
4
25
2,5
3
4
25
1
1
4
6
10
13
18
23
27
32
38
43
2
3
8
12
18
23
30
38
45
54
63
76
3
5
11
18
24
33
47
49
58
66
75
85
5
10
19
28
37
45
54
61
70
78
85
95
7
15
25
37
47
55
64
72
79
87
94
99
10
23
35
48
58
68
75
82
89
95
100
-
14
31
50
71
80
86
92
96
100
-
-
-
21
42
58
74
85
92
96
100
103
-
-
-
28
52
68
83
95
100
104
-
-
-
-
-
Ескертпелер
1 Қожпортландцемент және пуццолан портландцементі негізінде дайындалған ерітінділер қолданылған
жағдайда олардың беріктігінің қату температурасы 15 °С төмен болған кезде баяулайтынын ескеру қажет. Бұл
ерітінділердің салыстырмалы беріктік шамасы 27-кестеде келтірілген шамаларды келесі коэффициенттерге:
қату температурасы 0 С болған жағдайда - 0,3-ке; 5 С болған жағдайда - 0,7; 9С болған жағдайда - 0,9; 15 С
және одан жоғары болған жағдайда - 1-ге көбейту арқылы анықтайды.
2 Қату температурасы мен ерітіндінің жасы аралық шамалармен берілген жағдайда оның беріктігі
интерполяция арқылы анықталады.
113
4.7.12 Мұздату тәсілімен қалау
4.7.12.1 Ерітінділерді мұздату тәсілімен қалау кезінде
(аязға қарсы қоспаларды
қоспай) келесі талаптарды сақтау қажет:
- ерітіндіні қалау кезінде оның температурасы 40-кестеде көрсетілген температураға
сәйкес болу керек;
- жұмыстарды бір уақытта бүкіл қамдауыштың бойымен жүзеге асыру керек;
- ерітіндінің мұздап қалуына жол бермеу үшін оны көздеуқатар жасаған кезде
екеуден артық емес және таспен толтыру кезінде - 6-8 кірпіштен артық емес іргелес
кірпішке қалау керек;
- қалаушының жұмыс орнында (30-40) мин аспайтын уақытқа жететін ерітінді
запасын ұстауға рұқсат етіледі. Ерітінді салуға арналған жәшікті жылытқышпен
жабдықтау немесе қыздыру қажет.
Мұздаған немесе ыстық сумен жылытылған ерітіндіні пайдалануға рұқсат етілмейді.
4.7.12.2 Қыс мезгілінде есептеу арқылы тиісті негіздемелерді келтіре отырып,
кәдімгі (аязға қарсы қоспалары жоқ) ерітінділер негізінде мұздату тәсілімен төрт қабаттан
және биіктігі 15 м аспайтын ғимараттарды салуға жол беріледі.
4.7.12.3 Сындырылған кесектастан жасалған кесектасты мұздату тәсілімен қалауға
рұқсат етілмейді.
40-кесте - Ерітіндінің температурасы
Сыртқы
Жұмыс орнындағы ауа температурасы, °С, қалау:
ауаның орташа
кірпіштен және қисық пішінді тастардан
ірі блоктардан
тәуліктік
желдің жылдамдығы, м/с
температурасы,
6 дейін
6 жоғары
6 дейін
6 жоғары
С
Минус
10
5
10
10
15
дейін
Минус
11
10
15
10
20
бастап минус
20 дейін
Минус
20
15
20
20
25
төмен
Ескертпе - Ерітіндіні қажетті температураға дейін жеткізу үшін жылытылған (80 °С дейін) су, сондай-ақ
қыздырылған (60 °С жоғары емес) құм қолданылуы мүмкін.
4.7.12.4 Оң температура кезінде керамикалық кірпіштен орындалған, босату
беріктігінің блоктарын қалауды жинағанға дейін мұздатылған және оларды еру сатысына
жүктегенге дейін қыздырылмаған кірпіш блоктардан жасалған қалауды қысу кезіндегі
беріктік шегі 0,5 МПа тең ерітінді беріктігінің есебінен анықталады.
114
4.7.12.5 Жылулық түсер алдында қалау ере бастағанға дейін ғимараттың барлық
қабаттарында ЖАЖ қарастырылған оның орындарын жүктемеден босату, уақытша бекіту
немесе шегінен тыс кернеленген орындарын
(ұстындарды, аралық қабырғаларды,
тіректерді, фермаларды және белағаштарды және т. б.) күшейту шаралары жүзеге
асырылу керек.
4.7.13 Жұмыс сапасын бақылау
4.7.13.1 Аязға қарсы қоспалары бар ерітіндінің беріктігін бақылау үшін
конструкцияларды салу кезінде объектінің өзінде суды соратын негіздің үстінде өлшемі
7,07 см 7,07 см 7,07 см үлгі-кубтарды жасау қажет.
4.7.13.2 Бір-екі секциялы үйлерді салу кезінде әр қабаттағы (үстіңгі үш қабатты
қоспағанда) бақылау үлгілерінің саны 12 төмен болмау керек. Секциялар саны екеуден
асқан жағдайда әр екі секцияда кем дегенде 12 бақылау үлгісі болуға тиіс.
Үшеуден кем емес үлгілерді (20 ± 5) С төмен емес температурада 3 сағат бойы
ерігеннен кейін сынайды.
Бақылау үлгі-кубтарын конструкцияларды салу кезінде әр қабаттағы ерітіндінің
беріктігін бақылау үшін қажетті мерзімде сынау қажет.
4.7.13.3 Үлгілерді салынатын конструкция сақталатын жағдайларда сақтап, оларға су
мен қардың тиюіне жол бермеу керек.
Ерітіндінің ақырғы беріктігін анықтау үшін үш бақылау үлгісін олар табиғи
жағдайларда ерігеннен және кейін сыртқы ауа температурасы (20 5) °С төмен емес
жағдайларда 28 тәулік бойы қатқаннан кейін сынау қажет.
4.7.13.4 Кубтар сынақтарына қосымша, сондай-ақ олар жоқ болған жағдайда
ерітіндінің беріктігін ерітіндінің көлденең жіктерден алынған екі пластинкаларынан
жасалған, қыры (3-4) см құрайтын үлгілерді сынау арқылы анықтауға жол беріледі.
4.7.13.5 Жылыту кезінде үй-жайлардағы ауаның температурасын ұдайы, бірақ
тәулігіне үш реттен кем емес рет өлшеп отыру керек:
1,
9 және
17 сағ. Ауа
температурасын жылытылатын қабаттың сыртқы қабырғаларының жанында еденнен 0,5 м
қашықтықта кем дегенде 5-6 жерден бақылау қажет.
Жылытылатын қабаттағы ауаның орташа тәуліктік температурасы кездейсоқ
өлшеулердің орташа арифметикалық мәні ретінде анықталады.
4.7.14 Реконструкцияланатын және зақымдалған ғимараттардың тас
конструкцияларын күшейту
4.7.14.1
Реконструцияланатын және зақымдалған ғимараттардың тас
конструкцияларды күшейту бойынша жұмыстарды орындау жұмыс сызбаларына және
жұмысты атқару жобасына (ЖАЖ) сәйкес жүргізіледі.
4.7.14.2 Тас конструкцияларын инъекциялар әдісімен конструкциялардың бұзылу
дәрежесіне немесе көтергіш қабілетін арттырудың талап етілуіне қарай цемент-құм,
құмсыз немесе цемент-полимер ерітінділердің негізінде күшейтеді. Цемент және цемент-
полимер ерітінділері үшін
32,5N беріктік класының немесе ГОСТ
10178 бойынша
115
ұнтақталу жұқалығы 2400 см3/г кем емес ПЦ400 немесе ПЦ500 маркалы портландцемент
қолданылады. Цемент қамырының қалыпты қоюлығы 20 % - 25 % шегінде болуға тиіс.
Инъекциялық ерітіндіні дайындау кезінде оның тұтқырлығы мен субөлгіштігін
бақылап отыру керек. Тұтқырлығын ВЗ-4 вискозиметрінің көмегімен анықтайды. Ол
цемент ерітінділері үшін (13 - 17) с, эпоксид ерітінділері үшін
- (3 - 4) мин тең болуы
тиіс. Ерітіндіні 3 сағат бойы ұстау арқылы анықталатын субөлгіштігі ерітінді қоспасы
сынамасының жалпы көлемінің 5 % артық болмауы керек.
4.7.14.3 Тас конструкцияларын болат құрсаулармен (қамытты бұрыштамалармен)
нығайту кезінде металл бұрыштамалары келесі тәсілдердің бірімен орнатылады:
- біріншісі
- құрсаулар орнатылған жерлердегі нығайтқыш элементтің үстіне
маркасы М100 төмен емес цемент ерітіндісі қабатын төсейді. Содан кейін қамыттары бар
бұрыштамаларды орнатып болған соң қамыттарда (10 - 15) кН күшпен алдын ала
керілістерді жасайды;
- екіншісі - бұрыштамаларды ерітінді пайдаланбай (15-20) мм саңылау жасап, болат
немесе ағаш сыналармен бекітіп орнатады. Саңылауды қатты ерітіндімен нақыштайды,
сыналарды алып тастайды және қамыттарды (30 - 40) кН дейін толық кереді.
Металл құрсауларды орнатудың екі тәсілінде де қамыттарды кергеннен кейін
3 тәулік өткен соң толығымен кереді.
4.7.14.4 Тас конструкцияларын темірбетон немесе арматураланған ерітінді
құрсаулармен нығайту кезінде келесі талаптар сақталуға тиіс:
- арматуралауды байланыстырылған қаңқалармен жүзеге асыру. Нығайту қаңқалары
жоба жағдайында қалау жіктеріне шахматты түрде (0,8 - 1,0) м қадаммен қағылатын
қапсырма шегелердің немесе ілмектердің көмегімен бекітіледі. Жалпақ қаңқаларды
кеңістіктік қаңқаларға қолмен нүктелі дәнекерлеу арқылы байланыстыруға рұқсат
етілмейді;
- қалыптау үшін құрастырмалы-жылжымалы қалыптарды пайдаланады, қалыптың
қалқандары бір-бірімен қатты жалғанып, жалпы конструкцияның тығыздығы мен
өзгеріссіздігін қамтамасыз ету керек;
- бетон қоспасын тегіс қабаттармен төсеп, қалаудың нығайтылатын жерінің
монолиттілігін бұзбай дірілдеткішпен тығыздау қажет;
- бетон қоспасының конусы (5-6) см шөгуге, қиыршықтас фракциясы - 20 мм
аспауға тиіс;
- құрсаулардың қалыптарын бетонның беріктігі жобалық беріктіктің 50 % жеткеннен
кейін шешіледі.
4.7.14.5 Тас қабырғаларды сылақ қабаты бар болған жағдайда, болат жолақтармен
нығайту кезінде оған тереңдігі сылақ қабатының қалыңдығына тең және ені 20 мм металл
жолақтың еніне тең көлденең кемерлерді салу керек.
4.7.14.6 Тас қабырғаларды ішкі анкерлермен нығайту кезінде қабырғадағы
анкерлерге арналған саңылауларды ерітіндімен инъекциялау қажет.
Анкерлерге арналған негізгі ұңғымаларды жарықтарының ашылу ені (0,3-1) мм
болған жағдайда (50-100) см қадаммен және жарықтары 3 мм және одан артық ашылған
жағдайда
-
(100-200) см қадаммен шахматты түрде орналастыру керек. Ұсақ
жарықтардың шоғырланған жерлеріне қосымша ұңғымалар орнатылады.
116

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     3      4      5      6     ..