2000 теңге

 

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 3

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  1  2  3  4  5  6  7  8  9  10    ..

 

 

2000 теңге

2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнотаның сипаттамасы

 

 

Банкнота өлшемі 139х73 қағазда дайындалған.

Бет жағы: басым түсі қою және ақшыл жасыл, басым бейнесі тігінен. Орталық бөлігінде «Астана-Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында қою жасыл және көк жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлікте Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жағында номиналдың мемлекеттік тілдегі әріппен белгісі орналасқан. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы төменде сол жағында тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген мемлекеттік  тілдегі жазу орналасқан.

Сырт жағы: басым түсі қою және ақшыл жасыл, басым бейне көлбеу. Негізгі бейнеҚазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры, артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі  орналасқан. Жоғарыда ортасында "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.

 

Банкноталарды айырбастау тәртібі.

Ескі үлгідегі және 2006 жылғы үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі 1 жыл болады.

Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі заңды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеулерсіз банктік шоттарға есептеуге және аударым жасауға міндетті түрде қабылдануға тиіс.

Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі ақша белгілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрлері бойынша заңды төлем құралы болуын тоқтатады.

Екінші деңгейдегі банктер ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталған күннен бастап заңды және жеке тұлғалардың ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін қабылдауға және айырбастауға міндетті.

Осы мерзім аяқталғаннан кейін екінші деңгейдегі банктер заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастауға қабылдауға құқылы емес. Екінші деңгейдегі банктер ескі үлгідегі банкноталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес оларды одан әрі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына сараптамаға өткізу үшін қабылдайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары екінші деңгейдегі банктердің ескі үлгідегі банкноталарды айырбастау мерзімі аяқталғаннан кейін 10 жыл бойы  оларды заңды және жеке тұлғалардан қабылдауды жалғастырады және олардың сараптамадан түпнұсқалылығы расталғаннан кейін қолданылып жүрген ақша белгілеріне айырбастайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы заңды және жеке тұлғалардан ескі үлгідегі ақша белгілерін қабылдау мен айырбастаудың көрсетілген он жылдық мерзімін ұзартуға құқылы.

2000 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнот.



 



Көлемі 144 х 69 мм. Басым түстері - жасыл және көкшіл.

Бет жағы: негізгі бейнефилософ, ойшыл, ғалым Әл-Фарабидің (870 -950 ж.ж.) қырынан салынған портреті. Сол жағына "Қазақстан Ұлттық Банкі" деп жазылған. Портреттің сол жағына сутамғы белгімен Әль-Фарабидің қырынан қарағандағы бейнесі және сутамғы белгімен Барыс бейнеленген. Портреттің оң жағына реттік нөмірі тік сызықтың бойымен қызыл бояумен салынған. Портреттің сол жағына жоғарыда көлденеңінен реттік нөмірі қара бояумен салынған. Реттік нөмірдің астына "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деп жазылған. Портреттің сол жағына номиналы ірі сандармен және әріптермен көрсетілген, олардың астына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының қолы қойылып, шығарылған жылы жазылған.

Сырт жағы: Негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бір үзігі. Кесене бейнесінің сол жағына жоғарыда ақшаның номиналы сандармен және әріптермен көрсетілген. Жоғарғы оң жағына "Подделка банкноты преследуется по закону" деп жазылған.


 

 

 

1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнот.

 

 

 

Көлемі 144 х 69 мм.

Басым түстері - жасыл және қара. Бет жағындағы негізгі бейнефилософ, ойшыл, ғалым Әл-Фарабидің (870 -950) портреті. Сырт жағындағы негізгі бейне - Қожа Ахмет Ясауи кесенсінің бір үзігі. Банкнотқа салынған философ Әл-Фараби бейнесі сондай-ақ сутамғы белгімен де бейнеленген.
Сутамғы белгі банкнотты жарыққа тосып қарағанда анық көрінетін қою және ашық түстерден тұрады.



Номиналы 2000 теңгелік  банкноттардың негізгі айыру ерекшеліктері

2000 ж.

1996 ж.


 

Оң жақ төменгі бұрышы


 

Төменгі орта тұсы


 








Орта тұсының сол жағындағы қорғау жібі


 

Оң жақ төменгі бұрышы


 


Төменгі орта тұсы


 








Орта тұсының сол жағындағы қорғау жібі

Назар аударыңыз: 2000 ж. және 1996 ж. үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкнттардың қатар айналыс кезеңі 2002 жылғы 31 қазанда аяқталады. Осы мерзім аяқталғаннан кейін 1996 ж. үлгідегі банкноттар заңды төлем құралы бола алмайды.

2002 ж. 1 қарашадан бастап 2003 ж. 31 қазан аралығында екінші деңгейдегі банктер заңды және жеке тұлғалардан 1996 ж. үлгідегі ақша белгілерін қабылдауға және оларды айырбастауға міндетті.

2003 жылғы 1 қарашадан бастап Ұлттық Банктің филиалдары 10 жыл бойы заңды және жеке тұлғалардан 1996 ж. үлгідегі банкноттарды қабылдайды және сараптама жүргізіліп, олардың түпнұсқа екендігі расталғаннан кейін қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастайды.

10 жыл өткеннен кейін Ұлттық Банктің Басқармасы белгіленген қабылдау және айырбастау мерзімін ұзартуға құқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  1  2  3  4  5  6  7  8  9  10    ..