Реалий сөздер – аударма жұмыстары барысында аудармашыға

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 3

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  1  2  3  4  5  6  7  8  9  10    ..

 

 

 

2-тұжырым

Көптеген реалий сөздердің мағынасы ашылмайды, түсініксіз ќалпында ќалады, не болмаса бұрмаланады, түсіндірмелерде жүйе жоќ (кездескен сөз бірінші ќолданысында емес,  екінші, үшінші ќолданысында түсіндірілуі мүмкін)

 

     Реалий сөздер – аударма жұмыстары барысында аудармашыға ең бір ауыр тиер сұрақтардың бірі. Өзге тілдерде баламасы жоќ, ќазаќтың этнографиялыќ реалий сөздерінің бірі – көкпар, ќазаќ туралы жазылған шығармада кездеспеуі сирек құбылыс. Оған біздің аудармашылар біркелкі түсіндірме бермеген, әр жерде берілген түсіндірмелерінің бәрін ќосќанда да оның мағынасы ашылмайды. Сөзді бір кездескенде орысшасы «…во многих конных состязаниях» [135-б.] деп кетеді, мұны ағылшыншада “in many horse races” [148-б.], яғни «көптеген ат жарыстарында» деп береді. Тағы бір кездескенде «кокпар, конная борьба» [137-б.] дейді, ағылшын тілінде «The kokpar, the wrestling on horseback» [148-б.], яғни “көкпар – ат үстіндегі күрес” деп түсіндіріледі. Енді бірде көкпар сөзі «Ќазаќ елі бұл кезде көкпарға тартуға дайындалған серке тәрізді еді» [193-б.] деген сөйлемде кездеседі. Орысшасы: “Страна казахов была похожа на освежеванную жертву, приготовленную к кокпару – древнему празднику козлодрания [178-б.] деп беріледі. Ағылшыншасы: “The country of the Kazakhs was like a freshly skinned sacrifice ready for Kokpar, the ancient festival of slaughtering a goat [190-б.] делінеді. Келесі бір кездескенде ќазаќшасы [209-б.] сайыс, күрес, көкпар, жамбы ату…» болып сөйлемнің бірыңғай мүшелері ќұрамында кездеседі. Мұндағы көкпарды орысша аудармасы [199-б.] «неизменные конные игры с козлодранием» деп түсіндіреді. Ал ағылшыншасы [212-б.] осы ќолданыстың орысшасынан да шыға алмай, оның ойын деген сөзін алады да, әр жерде тым әркелкі түсіндіріліп келе жатќандығын байќаған болу керек, алдыңғы түсіндірмелерге де жүгінетін тәрізді, games on horseback”, яғни “ат үстіндегі ойындар” деп ќолданады. Көріп отырғанымыздай, ќазаќтың көкпарының орысшадан аударылғандыќ салдарынан ағылшынша түсіндірмелері бірде «ат жарыс», бірде “ат үстіндегі күрес”, бірде “ат үстіндегі ойындар” болып әркелкі түсіндіріліп келсе, ең ќатенің дөрекісі сол, кейбір жерлерде «көкпар деген бұл ќазаќта көнеден келе жатќан ешкі союдың мейрамы (не жарысы)» болып беріліп жүргендігі. «Ешкі союдан да мейрам (не жарыс) өткізу» ұғымы “ќазаќ – ќанішер, ќаннан басќа көргені жоќ халыќ” деген трилогия аудармасындағы жалпы ұстанымды растауға үлкен бір айғақ ретінде қабылданады. Бұл Сөз мағынасын анықтаңыз, сонда сіз жарты әлемді адасудан құтқарасыз деген француз ойшылы Рене Декардтың сөзін еске салады.

        Жалпы аударма жұмыстары барысында кейде аудармашылар шығарма кейіпкерлері есімдерінің де мән-мағынасын түсіндіріп отырады. Қазақ есімдерінің өзіндік бір ерекшелігі сол, онда мән-мағына тереңде жатады. Сондықтан түсіндірмені шындығында ќажет тұтатын есімдер бар. Ондай есімдер «Көшпенділерде» де көптеп кездеседі. Оның бірі – Асан Ќайғы. Ол «Кочевникиде» Асан-Кайгы [30-б.], Асан-Кайгы – Асан-Горемыка [119-б.] делінеді де, «The Nomads» оны Asan-Kaigy [33-б.], Asan-Kaigy or Assan the Poor Devil [129-б.] деп береді. Әрине, бұл Асан-байғұс-жын-шәйтан деген сөз емес, сонда да the Poor Devil деген көшедегі аянышты итке, не сондай аянышты кісіге айтылатын, бейшара, байғұс деген мағынаны беретін тіркес. Одан гөрі Asan, the Woeful немесе Asan, the Sorrowful деп берілгені дұрыстау болатын еді. Осы мысалдың көрсетілген беттеріне ќарағанда есімнің, не сөз мағынасын түсіндіру ќажеттігі туған жағдайда түсіндірменің екінші, не үшінші емес, алғаш ќолданысында берілуі тиіс болатын аса ќарапайым ќағиданы да аудармашылардың саќтамағаны байќалады.

 

3-тұжырым

Аудармасы бар сөздердің де аударылмай ќолданылуы жиі кездеседі

 

     «Ќазаќ ономастикасы атауларын ағылшын тілінде беруге жүйе керек» атты маќаламызда («Ана тілі» газеті,  №49, 2 қараша, 2004) ««Көшпенділердің» ағылшыншасын тек ағылшын тілін білетін ќазаќтар ғана түсінуі мүмкін» деген пікір айтќан болатынбыз. Дәлелдеуді ќажет ететін сөз. Аудармасы бар сөздер де аударылмай ќолданылады және олардың көбінің мағынасы түсіндірілмейді. Мәселен, Bismillah..! Bismillah!.. [105-б.] “Astargfirallah… astargffirallah!..” [124-б.], kuruk [130-б.], “Ar-r-ruakkh…Ar-r-ruakkh!..” [141-б.], a young dzhigit  [148-б.], our aul dzhigit Khasan [149-б.], Zhien-aga [170-б.], –Assalaumahaleikum! –Uahalaikumasalam! [172-б.], Aruakh! Akzyhol («аќжол» деген сөзі екен, «акзыхол» болып оќылып тұр)! [234-б.], the atalyk Dzhalmuhammad [243-б.], bais [287-б.],  Oibai-ai [289-б.], Oibayai [298-б.], AstagfirAllah [298-б.], Oh кokeh-zhan! [329-б.], Kokeh-zhen [329-б.], Akzhol! [350-б.], the Kazakh daulpazes [342-б.], Aruah” [387-б.], Iapyr-ai [391-б.], Yapyr-au!.. [402-б.], chapan [402-б.], Amansyzdar, agalar!.. [403-б.] Ar-ruakh, Tabyn!… [411-б.], –Hi, tokal [456-б.], т.с.с. толып жатќан өзімізге ғана түсінікті сөздер ағылшын тілділерге оќуды да, түсінуді де ќиындатады. Осының бәрі аударылмайтын сөздер емес. Орысшасында аударылмаған соң ағылшыншасында да солай ќалған. Дегенмен де, ағылшын тіліне аударған аудармашы Oлег Чоракаев тым көп кездесетін түсініксіз сөздерді азайту жолында аз да болса ізденгенге ұќсайды. Мәселен, ќазаќшада [49-б.] Жырауды ќошеметтепУай, пале!” деп лепіре ќызынған жұрт тына ќалды деген сөйлем орысшада [40-б.] Собравшиеся, которые до сих пор подзадоривали певца бодрыми крикамиОй, пале!”, сразу осеклись и затихли, как ударившееся о воду пламя болса, ағылшыншада [43-б.]: “Those around who had been encouraging the singer with their cheerful “Come on! Hot it up!” cut themselves short immediately and quietened down like fire does when it clashes with water” делінеді. Осы үш тілдегі сөйлемдерді салыстыра ќарағанда, ағылшын тіліне орысшадан аударылса да,“Ой, пале!”деген жырауға ќолдау, ќошемет көрсету үшін айтылған, орынсыз аударылмай тұрған сөзді аудармашы «Бәрекелді!», «Ќыздыра түс (Come on! Hot it up!) деген мағынадағы сөздермен жеткізе алған. Орысшасында да оны «Так держать!», «Браво деген сияќты ќолданылып жүрген сөздермен беруге болатын еді, ќандай болғанда да орыс тілді оќырманға бұл сөздер Ой, пале!”-ден гөрі әлдеќайда жаќсы.

      «…Что же это за новый орысский царь…», «Ну вот же, при твоей юрте орысы! – сказал жырау, указывая на русских офицеров, наблюдавших за сборами ханского аула», «…Не было этого раньше, когда не построены были у нас орысские города» [347, 348-бб.] деген сөйлемдер ағылшын аудармасында [370, 372-бб.] …What sort of a Russian czar is it…”, “But here they are, near your yurta! – the bard said, pointing at the Russian officers, who were watching the depature preparations in the aul”, “…It was not like that before, when there was no Russian towns here” делініп, жырау, орыс сөздері аударылып ќолданылады. Аудармашы Олег Чоракаев тарапынан ағылшын тілді оќырман ќамын ойлап, аз да болса ізденіс жасағандыќ байќалады. Орыс деген сөз осылай аударылмаған күйде жиі кездесе берген соң Чоракаев аударып ќолданған болса керек, әйтпесе алдыңғы (мысалдардың беттеріне ќараңыз) «О, страна орысов это не Джунгария [302-б.] дейтін сөйлемнің ағылшыншасында [325-б.] «The Orys land is not like Jungaria» деп, аударылмай да беріледі. Мұндай аударылмаған сөздердің тым жиі орын алуы оќырманға ќиындыќ туғызып, тығырыққа тірейді.   

     Сөзіміз дәлелді болу үшін осы тұста ќазаќ шығармаларының шетелдік оќырманы, ригалыќ зерттеуші Мария Шуманның «Слова переводимые и слова непереводимые» атты маќаласында (В кн.: Мастерство перевода. Сборник. М.: Советский писатель, 1964.) жазған пікіріне ден қойып көрелік. Деректерінің негізін М.Әуезовтің “Абай жолы” романының орыс тіліндегі аудармасынан алады. Онда да аударылмай ќалған жигит, кыз, хатын, келын, токал, кши-апа, аже сияќты толып жатќан туыстыќ сөздердің мәтінде аудармасыз ќолданылып, тарау басында түсіндіріліп кеткенмен де, ќазаќ жазушының шығармасын бірінші рет оќып отырған адамға оларды есте саќтап отыру мүмкін емес, дейді. Романның төртінші бөлімінен (аудармашылар – Н.Анов, З. Кедрина) “Оппырмай! Абай-ага!”, “Хазр, хазр…– тихонько приговорил Баймагамбет”, “Хоп-хоп! Вы правы…”, “Эй, молдеке!”, “Аманат! Аманат!”, “Аттан! Аттан!”, т.б. аударма да жоќ, түсіндірме де жоќ бірќатар мысалдарды келтіріп, “Пусть читатель справляется с ними как знает!” деп, эмоцияға беріледі. –  “Возможно, читатель, проживающий, скажем, в Казахстане и более или менее знакомый с казахским языком, не нуждается в переводе. А вот нам, в Прибалтике, такая небрежность очень досадна. Нам перевод крайне нужен” деген пікірін білдіреді. “Ал романның бірінші, екінші, үшінші бөлімдерінде (аудармашылар – А.Никольская, Т. Нуртазин, Л.Соболев) ќазаќ сөздері әр бет соңында мұќият түсіндіріліп отыратынын айтады, біраќ “Где же вы, аруахи?” дегенше, бірден түсіндірмесіндегідей, “Где же вы, духи предков?” деп берілгені дұрыс болмас па еді?” деп, ќазаќ шығармаларының нағыз шетелдік оќырманы ретінде ой толғайды. Айтылған ойдың “Ведь если не переведенные слова являются единственными выразителями национального колорита, то лучше уж вовсе не переводить” деген тұстарынан оќырманды мұнша әбігерге салып ќинап, ашуын келтіретін аударманы расында да, жасамай-аќ ќойған жаќсы болар деген қорытындыға келеміз.

4-тұжырым

Көптеген тілдік ќұбылыстардың түпнұсќасы мен аудармасы мәдениетаралыќ

коммуникацияда ортаќ мәмілеге келе алмайды

 

     Аударма жұмыстары барысында аудармашы өзінің мәдениетаралыќ байланыстың, этномәдени ќарым-ќатынастың ќызу ортасындағы «төреші» екендігін әрдайым жадында ұстауға тиіс. Біз сөз етіп отырған аудармаларда аудармашылардың бірќатар тілдік ќұбылыстар төңірегінде осындай мәдениетаралыќ коммуникацияда компромисс таба алмай, екі (үш) мәдениет арасындағы алшаќтыќты жуыстыра алмаған тұстарынан мысалдар келтіреміз.

      Ќазаќшада Әбілќайырдың Мұќамет-Жөкіге айтып отырған шарттарының бірі [90-б.] – «Ғибадат-Сұлтан-Бегім сұлуды сол ќауыздай жарылмаған, шыныдай сынбаған күйінде менің ќойныма саласың» делінеді. Орысшада [84-б.] «И ты поклянешься, что этот нераскрытый бутон, о красате которого столько говорят в Мавераннахре, будет в моей вазе» деп, автордың ойын аудармашы өзіндік талғамнан туған ұтымды метафорамен көмкере береді. Сөз жоќ, аудармашының шеберлігі көзге түседі. Осыны ағылшын тіліне аударған О.Чоракаев: “Now you must swear that this virgin rosebud of whose beauty they talk so much in Maverannakhr will grace my vase” [91-б.]  деп, бұл метафораны одан да әрлендіре, “Сұлулығы Мауереннахрға (топонимді Есенберлиннің жазуы бойынша жазып отырмыз) жыр болған сол ашылмаған гүлдің менің ќұмырамның ажарын кіргізеріне уәде бер» деп аударады. Бұл сөйлемнің аудармаларынан түйетініміз не? Көшпелі өмір салтын ұстанып, жаз-жайлауы киіз үйде, ќысы ќыстауда өткен ќазаќтың өмірінде «вазаға» салынған гүл кездеспеген «көрініс» десек, ќателескен болуымыз да мүмкін. Дегенмен, ќазаќтың басынан кешкен бірде мал ќайғы, бірде жан ќайғы аласапыран тарихын суреттейтін шығармаларында көп кездеспейтін көрініс екені түсінікті де. Ќыстың күні гүл болмаса, жаздың күні киіз үйдің ішінде гүл ќоятын орынның реті болған ба, жоќ па? «Жоќ» жауабы басым. Ал егер (орыс тіліне аударған) аудармашы мына оќиға желісінің нендей заманда өтіп жатќанын ескерген болса, Әбілќайырға ќазіргінің «хандары» айтатындай сөзді айтќызбаған болар еді. Аудармашының өзі ќазаќ халќын түпнұсќасындағыдан бірнеше есе асырып ќанға бояп отырып, тағы «ќайдағы жоќты» айтып отырғаны, оның аудармадағы оќиға ортасынан шығып кетіп, отырыќшылыќ мәдениетке кетіп ќалғандығы көрінеді.

       «Схватка превратилась в большую кровавую мясорубку» [237-б.] дегені сияќты М.Симашко кескілескен айќастарды, (кейде өзі ойлап табатын) ќан төгісті суреттеген жерлерінде «ет тартќышты» да ќосып жібереді, жиі ќосады. Ќазаќ етті көп жейтін халыќ болса да, бұл да ќолданысќа кейін түскен ќұрал болу керек, сол кездің оќиғасына І.Есенберлин ќолданған лексема емес екені түсінікті. Мұнда да «байќаусызда» кейінгі өмірге, отырыќшылыќќа өтіп кеткендік көрінеді. «Кенесары бәрін компьютерден көріп отырғандай біліп отырған» деп, мүмкін ќазір пікір айта беруге болатын шығар, біраќ бұл – пікір емес, бұл – аударма. М.Симашконың «мясорубкасын» ағылшын тіліне аударған О.Чоракаев «The battle turned into a mass slaughter» [256-б.] деп, тығырыќтан «жаппай сойылу» деген сөзді ќолданып шығып кетеді, әйтпесе ағылшын тілінде “ет тартќыш” (а mincing-machine) болмай ќалған жоќ еді. «Аударманың» мына бір жерін ќызыќтауға болады. Ќызығының біріншісі – түпнұсќада мұндай жерлердің жоќ екендігі. Морис Симашконың өзі жазған «Кочевникидің» 229-бетінде:

« – Я Кияк-батыр!

                 Не слышал что-то такого имени среди батыров (осыдан былайғы сөздер түпнұсќада мүлде жоќ – Н.Р.). Вот про безродного разбойника Кияка, который непослушен воле наставника веры – эмира Абдуллаха, я кое-что слышал. Помнится, говорили мне, что этот проходимец нападает на ханские обозы, на стада…

       У казахов обычно иначе называют людей, защищающих свое добро от грабителей,  – сказал Кияк-батыр. – Не из наших ли сожженных кочевий гнали стада и везли обозы с добром эмирские собаки?!» делінеді.

 Ағылшыншаның 245-бетінде:

« – I am Kiyak Batyr!

                 I don`t remember having ever heard this name among those of  batyrs. But then I seem having heard something about a rootless robber by the name of  Kiyak, who is disobedient to the will of pillar of the faith Emir Abdullah. I recollect having been told that this crook raids the khan`s supply trains and his flocks…

                 Kazakhs  have  a  different  name  for  people  who  defend  their belongings against  robbers,­Kiyak  Batyr  said. – Was it not from our burnt-down encampments that the emir`s henchmen were driving those flocks and supply trains?”.

      Диалогтың ойдан ќұрастырылып жатуы мәнсіз емес, әрине, батыр біткен “разбойник, проходимец” болу керек, надан халыќ жаман мен жаќсыны айыра алмау керек, біздің халыќ сондай деп, оны халыќ арасынан шыќќан батырдың аузымен айту керек (20-тұжырымға да дәйек ретінде алуға болады, себебі келтірілген тұжырымдарға мысалдар ірілі-ұсаќты болып бөлінетін болса, аудармашы «ұсаќ деректерді» осындай тәсілмен ќұрастырып, жинайды),  көшпелілердің бір-біріне деген «иттігі» (эмирские собаки) арќылы тозаќ өмір еселеніп, аянышты көріністердің арасы сейіліп ќалмау керек (18-тұжырымға «ұсақ» дәйек). Бұл мысалды келтіргендегі біздің негізгі осы 4-тұжырым таќырыбына орай айтпағымыз, екі рет ќайталанып тұрған стада, обозы сөздерінің анығыраќ айтќанда, ағылшынша аудармасында обозы сөзінің supply trains болып, яғни бірінің артынан бірі тізілген жүк тиелген арбалардың пойыз болып аударылып тұрғандығы ќызыќ болып тұр. Пойыз деген ол кездегі ќазаќ даласы түгілі Ресейде де, Еуропада да, әлі еш жерде жоќ нәрсе болатын. Алғашќы паровоздар 19 ғасырдың аяғына ќарай 1870 жылдары пайда бола бастаған еді, сондыќтан бұл сөздің caravan болып аударылғаны әлдеќайда дұрыс болған болар еді.

      Ќазаќшада: “Ата мекен жерім ќалады! Оған ќоса сонау менің ќараша үйімнің жанында жайылып жүрген елу ќой, төрт түйе, жауға шабар бір жүйрігім ќалады!» [253-б.],  орысшада: “Родина, мой хан! И еще те полсотни овец и четыре верблюда, которые пасутся у моей черной юрты [243-б.], ағылшын тілінде: My homeland, my khan! And also the two score and ten sheep and four camels that are grazing near my black yurt [263-б.] деген сөйлемдер бар (аудармаларының тұжырымға ќатысты тұсын ғана сөз етеміз). Осыған ұќсас ауыл шетіндегі ќаралы үйде жатќан Батыр Баянның кебін киер еді” [349-б.], «…лежали бы сейчас там, в черной юрте на краю ставки…» [329-б.], «…In the black yurta wrapped in the white fabric…» [352-б.] деп келетін жерлер де бар. Білмегенге ќараша үй де, ќаралы үй де ќара болып көрініп тұр. Бірінші жағдайда жәй ғанав моей юрте” – “in my yurta” болса, екінші жағдайда “в траурной юрте» – “in the mournful yurta” дегеннің ќисыны болар еді. Ќараша үй, киіз үй, ќара үй (айтылуы бойынша ќарүй) ќазаќќа ғана емес, өзге де көшпелілерге тән сөз болғандыќтан, орысшасынан сөздіктерге yurt, yurta болып екі түрлі нұсќада енген. Транслитерацияланып тұрған сөз болғандыќтан, yurt дегеннен гөрі yurta болып ќалғаны жөн болар еді, дегенмен, yurta-дан yurt болып ағылшын тілінің ішкі табиғатына икемделе туған нұсқаның басымдылық алып кетуі мүмкін.

      Ќазаќшадағы [450-б.] “– Кенекең тірі тұрса, ұмыттыра ќоймас, – Ожар күлімсіреді де сәлден соң орнынан түрегелді. – Ал көріскенше сау болыңыз” дегенді орысшаға [430-б.] – Покуда жив Кенеке, разве забудешь эту науку. – Ожар хоть и назвал шутливое прозвище Кенесары, говорил очень серьезно. – У него глаза беркута, с красными жилками…” деп аударады. Кенесарыға (жалпы хандарымызға) жоќты әкеліп жала қылып жапсырып аударудың жай-жапсарын 20-тұжырымда талќылаймыз. Ал мына жерде айтпағымыз, Кенеке деген атаудың шутливое прозвище болып түсіндірілуі – білместік. Ќазаќта керісінше, есімнің алғашќы буынына –еке ќосып сөйлеу сыйлағандыќ, ќұрмет тұтќандыќ белгісі болатын.

      ¤зінің сорына ќарай, Әбілќайырдың ерке ќызы Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегімнің әкесінің дұшпаны болса да, сұлу жүзді, арыс тұлғалы Жәнібекке көңілі кеткен: “…төрт әйелі бар Жәнібекке неге сонша ќұмар болғанын кім  білсін…” [15-б.] – “…да и другие были у него утешительницы при ханской ставке…” [14-б.]  – …having other sweeties at the khan`s headquarters always ready to please him” [14-б.]. Осы жерлердегі “әйелі болу” мен “утешительница (sweety)” болуда мағына бір деуге болмайды, мұсылман дінді ќазаќ ұғымында мұның үлкен мәні бар. Бұдан бұрын «Көшпенділердің» аудармалары жөнінде жарыќ көрген маќалаларымыздың бірінде («Көшпенділердің ағылшын тіліндегі аудармасы ќандай? Темірдей ономастикалыќ атаулары неге Аќсаќ?». “Қазақ әдебиеті” газеті. №30 (жалғасы №32), 2005) осы Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегімнің ќазасына байланысты кішігірім оќиғаның орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармаларын салыстыра отырып, түпнұсќадан (ұсаќ-түйегін санамағанда) 7 түрлі ауытќудың орын алғанын келтірген болатынбыз. Соның бірін келтірсек, “жетісін бергеннен кейін…” [15-б.] не болғанын айту үшін орысшасында оќиғаны“Недельные поминки справлялись по ней” [14-б.] деп барып, өрбітеді. Жарайды дедік, біраќ соған орай жасалған ағылшын тіліндегі аудармасында The funeral repast lasted a whole week [14-б.], яғни “ќайғыру ишарасы бір апта бойына созылды” делініп, алысќа аутќып кетеді. Бұл жерде де ќазаќ ғұрпындағы жетісін беру сөзінің мағынасын түсінбегендік көрінеді.

      Осы тұжырымды дәлелдеу барысында тағы бір мысалды “астын сыза” айта кетуіміз керек. “Проблемы перевода казахских символов и этно-бытовых знаков на русский язык” деп аталатын кандидаттыќ жұмысы барысында зерттеуші Ә.Айќұлованың зерттеу нысанына алынған бірќатар әдеби туындылардың ішінде “Алмас ќылыш” романынан да мысалдар алынған екен. Аќ пен ќара түстің аудармаларын іздестірген тұста романның орысшасында“аќ түйенің ќарны жарылды” деген ќазаќтың жүрекжарды ќуанышын білдіретін фразеологиялыќ тіркестің “в жертву был принесен белый верблюд” болып аударылғаны көрсетілген (Мысал біздің әдебиет көздерімізде: ќаз.т. 13-б., ор.т. 11-б., ағ.т. 11-б: a white camel was sacrificed on this occasion”). Осы тұста зерттеуші “На наш взляд, перевод М.Симашко достаточно умелый и яркий, грешит досадными упущениями, неточностями, в результате чего нарушается художественное равновесие романа” деген пікір білдіреді. Дегенмен, мұнан соңғы аќ боз үйлер, ќара жалау деген сөздері бар сөйлемнен соң зерттеуші: “Переводчику М.Симашко повезло, на поиск эквивалентов не пришлось тратить много времени, перевод слов – “аќ” – белый, “ќара” – черный имеют абсолютный аналог в обоих языках” дейді. Зерттеушінің “переводчику повезло” деуіндей, сол уаќытта бұл аударманың «аќ-ќарасы» ашылмай кетеді.

     Бұл бір ұлттыќ болмыстың бүге-шүгесін, ой-шұќырын екінші бір болмыс өкілінің жете білмегендігінен аударма жұмыстарында жиі орын алып отыратын жағдайлар.

     Ал 9, 10-тұжырымдарда «ќазаќ табиғатына тән ќасиет, мәдениет (биязылыќ, үлкенге ќұрмет, т.б.) бүркемеленеді», «ќазаќ тапќырлығы, шеберлігі және терең философиясы ашылмайды» деп тұжырған түйіндеріміздің бір ұшы, біле тұра әдейі жасалған «білместікте» жатса, екінші бір ұшының бір халыќтың этномәдени ќұндылыќтарының өзге мәдениет өкіліне ќұнды көрінбеуінде жатќаны аныќ.

     

5-тұжырым

Cандыќ көрсеткіштер кейде саќталады, кейде аудармашының өз «деректері» бойынша беріледі, кейде тіпті берілмейді, дәлдіктен ќашќаќтау бар

 

       Аргентиналыќ жазушы Хорхе Луис Борхестің (1899–1986) “Оригинал неверен по отношению к переводу” дегеніндей түпнұсќа авторы мен аудармашылардың күн санау, жыл санаулары, сондай-аќ өзге де сандыќ көрсеткіштерінің сәйкес келмейтін кездері де жиі ұшырасады. Мысалы, “Күйік өлгеннен кейін төрт жылдан кейін, Батуханның өзі де дүние салды” [12-б.] дегенді орысшада “Лишь на восемь лет пережил Гуюк-хана сам Батый” [11-б.] дейді, ағылшыны орысшасындай: “Baty himself lived only eight years after the death of Guyuk Khan” [10-б.].

     “…Сүйіншік сұлтанды жиырма бес мың адаммен ¦лытауға жүргізді” [182-б.] – “…сын Абулхаира Суюнчик – с дватцатью тысячами лашкаров…” [168-б.] – “…toward Ulytau with 20, 000 laskars (lashkars деп жүрген сөзі болса керек – Н.Р.) [181-б.].

     1-кітаптың 2-бөлімінің 3-тарауы “Келесі жазда Жәнібек уәделескен әскерлердің келуін күтіп Арќаға көшпей ќалды” [144-б.] деп басталады. Орысшасы “Следующей весной хан Джаныбек прибыл на летовку в Сары-Арку и стал ждать прихода обещанных на сходке войск” [133-б.] деп басталады, ағылшыны орысшасынан айнымайды – “The next spring Khan Janibek came to his summer camp at Sary-Arka and began waiting for the arrival of the troops they had talked about at the gathering” [144-б.]. Көріп отырғаныңыздай, осы бір сөйлемнің өзінде Есенберлин жаз десе, аудармашылар көктем дейді, Есенберлин Жәнібекті Сарыарќаға келтірмесе, аудармашылар келтіреді.

      Мұндай айырмашылыќтың жиі кездесуімен ќоймай, аудармашылардың тіпті сол сандыќ көрсеткіштерден мүмкіндігінше ќашќаќтайтыны да байќалады. Мысал көп:

    “Күтпеген жерден жол-жөнекей Күйік екі күн ауырып ќаза тапты” [11-б.] – “В пути неожиданно заболел и умер Гуюк-хан” [11-б.] – “While on the way Guyuk Khan took suddenly ill and died” [10-б.];

«Он баласын тек Сүйіншік ќана ана екеуінен төрт жас үлкен» [76-б.]  «… своих многочисленных сыновей, …а сын Суюнчик старше их лишь на пять лет [71-б.] – “his numerous sons, … Suyunchik,  only five years their senior” [76-б.], т.с.с.

      «Қаһарда» [533-б.]: «Алашаханның моласы қазақ елінің ең алғашқы хандық туын тіккен он төртінші ғасырдың аса бір көрнекті ескерткіші» делінеді. «Хан Кене» деп аталатын орысшасында мұндағы сандық көрсеткіштер «Рядом с усыпальницей Алаш-хана, построенной в пятнадцатом веке, находились еще две гробницы – мазары Амбулак-хана и Жусахана, первых после Алаша правителей Қазахского ханства» [500-б.] делініп, қазақшадағы «Алашаханның жанында тағы екі мола бар. Бірі биіктігі он құлаштай шым кірпіштен құйған Әмбұлақ ханның моласы, одан әріректе Алашаханның моласына ұқсаған, тек кішіріек Жошы мазары» деген сөйлемдермен араластырылып «түзетулер» енгізіледі. Мұндайда «он құлаш биіктікті» іздеудің өзі ұят. Бірақ іздемеске болмайтын бір нәрсе бар, ол – Жошының Жусаханға айналып, жоғалып кеткен есімі (ағ.т  Zhusakhan [532-б.], орысшасымен бірдей).

      Сандыќ өзгерістердің ішінде кәдуілгі мағына өзгертетін мысалдар да жоќ емес: «Ашулы жырауды әлі де болса өз ортасында ұстамаќ боп, Абылай оның алдына өз жылќысынан айдатып әкеп атаќты боз айғырдың үйірінен бір жүйрігін сыйға тартќан» [360-б.] дегенді орысшада [339-б.]: “Накануне, чтобы задобрить певца, Аблай приказал отогнять к нему один косяк своих лучших белых коней. Он знал, что хорошие кони  были слабостью сторого жырау” деп жазады. Ағылшыншасы да осылай [362-б.]: “The day before, in order to gain his favor, Ablai ordered a herd of his best white horses be sent to him. Ablai knew that the bard had a soft spot in his heart for good horses” дейді. Жырауға бір жылќы беру мен бір үйір жылќы берудің арасындағы айырмашылыќ бұл жерде, әрине, Абылайдың не байлығын, не жомарттығын көрсету үшін ќызмет атќарып тұрған жоќ, ќалай дегенде де мұны да аудармалардың Абылайға алып берер абыройы болмағандыќ деп бағалауымыз керек (20-тұжырыммен де астасады).

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  1  2  3  4  5  6  7  8  9  10    ..