Ќазаќ маќал-мәтелдерінің шығармада жиі ќолданылуы

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 3

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  1  2  3  4  5  6  7  8  9  10    ..

 

 

 

6-тұжырым

Автор афоризмдері мен өзіндік стилі көп жағдайда ескерілмейді, аудармалар

лингвистикалыќ тұрғыдан шешім табар мәселелерден гөрі саяси тұрғыдағы мәселелерді  «реттеу» ісін маңызды санайды

 

      «Авторизованный перевод» аудармашыға ќандай “еркіндік” бергеннің өзінде ондағы маңызды мағлұматтар мен автор афоризмдерін аттап өту “әділдік” емес. Автордың жеке стилін ашатын көріктеу ќұралдарын – метафорасы, метонимиясы, т.б. “троптарын” іздеу де осыншама бұрмаланып кеткен мәтін арасынан «ұсаќ-түйекті» түгелдеумен тең әурешілік болды. Аударманың алға ќойған үлкен маќсаттары алдында мұндай тілдік ќұбылыстар расында, көзге ілікпейтін ұсаќ-түйек болып ќалады екен. Себебі, аударма маќсаты лингвистикалыќ тұрғыдан шешім табар мәселелерден гөрі саяси тұрғыдағы мәселелерді «реттеу» ісін маңызды санайды. Десек те, бұл І.Есенберлиннің ќолданған маќал-мәтелдері, афоризмдері мен «троптары» түгелімен аудармаларда көрініс таппай ќалған деген сөз емес, әрине. Сөзімізді мысалдармен әрлейік.

       Ќазаќ маќал-мәтелдерінің шығармада жиі ќолданылуы – І.Есенберлиннің өзіндік стилін айќындайтын айрыќша белгілерінің бірі. «Бас кеспек бар да, тіл кеспек жоќ» [78-б.], «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» [111-б.], «Диірменде туған тышќан дүрсілден ќорыќпас» [152-б.], «Ќұм жиылып тас болмас, ќұл жиылып бас болмас» [252-б.] деген сияќты маќал-мәтелдер “Можно отрубить голову, но нельзя отрезать язык” [73-б.], “Кто говорит без осторожности, тот умрет, не болея” [103-б.], «Мышь рожденная в мельнице, не боится грохота» [140-б.], «Из песка не склеишь камня, из рабов не составишь ханство» [242-б.] делініп, жап-жаќсы аударылып беріледі. Ал «Арғымаќ өлсе ќұлын бар, әкесі өлсе ұлы бар» [208-б.] деген маќалдың орысшасын аудармашы «Умирает аргамак, но останется тонконогий жеребенок, который растет и скачет все дальше и дальше в степь» [197-б.] деп береді, бұл өзгертудің мәнісін ќараңыз, кәдуілгі бұрмалаудың халыќ маќалына да “ќол сұға” бастаған тұсы. Әке орнын ұл басады, оның жолын жалғастырады деген ұғымнан адастыру үшін, ќұлынды ќұлдыратып алысќа алып кеткен. Одан әрі “өз ойын” шегелеп, “Разве не по тем же законам живем мы, казахи?” дегенді ќосып ќояды. Бұл мысалдың өзі Хаќназар ордасының төбе биі Аќсопы бидің сөзінен алынады, сөз осылай бұрмаланып, бұрмаланып барып, бидің елді бірлікке шаќырған шешендік сөздерін жоќ етіп жіберуге алып келеді екен (бұл талќыны ел бірлігіне арналған 17-тұжырым дәлелдемесінде жалғастырамыз).

      Автор афоризмдерінің де, терең толғамды философиясының да аудармалардағы жай-күйі осындай. «Ќанішер адамның тегі ќорќаќ келеді» [417-б.] деген сөз «Кровожадные люди всегда трусливы» [396-б.] болып жаќсы жетеді, «¤лім деген – ұзаќ жолдың алысы» [208-б.] деген афоризм «Каков бы ни был длинен путь, впереди все равно смерть» [197-б.] болып, аз-маз өзгеріп өтеді. «Ажалсыз аждаћаның аузынан ќұтылады” [15-б.], “Ажал ќашан да ерте” [16-б.], “Ќатеңді досыңнан ќасың көреген” [532-б], т.б.с.с. афоризмдер ескерусіз ќалады.

      Данагөй халыќтың аќыл-парасатын жеткізіп тұрғандай автордың «Төгілген ќанды ќалай жапсаң да, бәрібір шүберек бетіне шығады. Заманымыз дүрбелең болды деп, дөрекі іске жол беру күнә. Ќиянатты істеу жеңіл, жою ќиын» [368-б.] дегендей түйдек-түйдек ойлары да жаманды-жаќсылы: «Рано или поздно, но все равно проступает пролитая кровь. Зло легче посеять, чем искоренить» [345-б.] делініп аударылады. Осы арадағы «Заманымыз дүрбелең болды деп, дөрекі іске жол беру күнә» деген сөзден аудармашы аттап кетеді, бұл аударылатын болса, ќазаќтың анау айтќан дөрекі емес екендігі, ќандай ќиын күнде де ұстамды екендігі көрініп ќалуы мүмкін. Сондыќтан, мұндай жерлерді аудару аудармашы ұстанған мүддеге ќайшы келген болар еді.

       ¤зге халыќтар санатына жетпей ќалған үлкен данагөйліктің тағы бір парасы “Жалған дос көлеңке тәрізді, күн ашыќта жаныңнан ќалмайды, аспанды бұлт торласа ќасыңда ќалмайды” [258-б.], “Жастыќ шаќ, сен ќазір алыстағы ай тәріздісің ғой, сәулең бар, ќызуың жоќ” [504-б.] деген ойшыл жазушының терең философиясын көрсететін көркем тілдік орамдарында жатыр. Айналып өтуге болмайтын мұндай теңеулердің аудармаларда берілмейтіні – мәдениетаралыќ коммуникацияда достыќ та емес, әділдік те емес. Осының тағы бір мысалы 249-бетте: “– Ер  азбай, ел азса – айдын көлдің суалғаны. Ел азбай, ер азса – зор бәйтеректің ќұлағаны, – деп бастады Бұќар жырау ќазаќ елінің ұлы шежіресінің бір тармағын. – Бәйтерегің ќұласа ағаш орнына ағаш өседі. Айдын көлің суалса немен толар есесі? Ер бұзылса да ел бұзылмасын. Бұзылғанды түзетеді. Түзелмесін жер етеді” дейтін халыќтыќ дүниетаным, сөз өнерінің ќұдіреті де аударылмайды. Осындай тұстарда І.Есенберлиннің “Іш ќазандай ќайнайды, күресуге дәрмен жоќ” [572-б.] дейтін Кенесарының зарын білдірген (аударылмайтыны белгілі) сөзі еске түседі. Автордың жиі ќолданатын «бие сауым уаќыт» немесе «бесін уаќыты» деген сияќты ќазаќи уаќыт өлшемдерінің аудармалардағы ќолданысын түгелдеп, олардың өзге тілдердегі көрініс табу жайын, түр-түс мағынасын, тұраќты тіркестердің берілу жайын зерделеу сияќты, т.б. толып жатќан ќызыќты зерттеу жұмыстарын жүргізуге мынадай «авторизованный переводтың» мүмкіндіктері шектеулі.

 

7-тұжырым

Қазаќ хандарының ќол астына ќараған территория сөз болатын тұстарда

аудармашылар ел, жер аттарын атамауға тырысады

 

      «Алмас ќылышта» «…Бату әскері Рязань, Владимир, Суздаль, Киевті шауып, Батысќа жол ашылды. …Бату әскерінің алдында Европа мемлекеттерінің бай өлкелері ќалды. …Польша, чехтар мен мадиярлардың жерін басты. Алдарынан Адриат теңізінің жағасын жайлаған тағы славян елдері көрінді» [11-б.] дегеннің бәрін «куда доходили копыта монгольских лошадей – от кипчакских степей до дунайских долин, … во главе огромного воиска двинулся на запад» [10-б.] деумен тәмәмдайды. Ағылшыншасы [9,10-бб.] айны-ќатесіз осы.

      Ал 26-бетте: «Аќсаќ Темір бүкіл Мауреннахрды өзіне бағындырып, Хорезм мен Алтын Орданы шауып, кейін ‡ндістанның астанасы Дели мен Түркияның кіндік ќаласы Анкараны ала алар ма еді?” деген сөйлемді орысшада 28-бетте: Слишком уж большую территорию подмял под себя когда-то Железный Хромец” деп бүге-шүгесіне бармайды, елдердің атын атамайды.

      «Ақсақ Темір Иран мен Үндістанның шетін алғаннан кейін барып, пілді кей жағдайларда Орта Азия хандары жауын қорқытуға аздап пайдалана бастаған» [89-б.] – «С тех пор как Тимур завоевал часть Индии, у всех более или менее крупных властителей Средней Азии появились боевые слоны в войске» [83-б.]. Бұл жерде Иран айтылмайды.

      Ал 77-бетте Әбілќайыр ханның тұншыќпа (астма) ауруымен науќастанғанында Тибеттен, Ќытайдан, Ќорасаннан, Мысырдан да баќсы-балгерлер алдырғаны туралы сөйлем аударылады да, наќ осы тұста территориядан хабардар ететін «Бір шеті Ќорасан, екінші шеті Жайыќ өзенінен асып далиып жатќан алып хандығының түкпір-түкпіріне білгір дәрігер іздетіп ат шаптырған» деген сөйлем орысшасында да, ағылшыншасында да үшті-гөйлі жоќ.

      Ќазаќшада [187-б.]: “Осы айќаста атасы Әбілќайырдың жасына жетпеген, бүкіл Орта Азияны жаулап алған, атаќты Мұхамед-Шайбани хан жекпе-жек жас жолбарыс Шах-Ысмайылдың ќолынан ќаза тапты” деген сөйлем орысшада [172-б.]: “Бүкіл Орта Азияны жаулап алған” деген жерін айтуға болмайтындай, “В этом сражении, намного не дожив до возраста своего деда Адулхаира, погиб в поединке с молодым шахом Исмаил хан Мухаммед-Шейбани” болып аударылады. Мұнда ќазаќтың өз тарихында бармаған бауы, алмаған тауы жоќ екен дегендей ойларды жасырып ќалуға әрекет жасау байқалады.

      «Жанталастың» 2-бөлімінің бас жағында І.Есенберлин: «¦шы-ќиыры жоќ сұсты Сібір өлкесінде ежелден-аќ мал шаруашылығымен шұғылданатын, балыќшылыќ пен аңшылыќты кәсіп ететін түрік және монғол тектес көшпелі халыќтар мекен ететін» дейді [245-б.]. Бұл сөйлемді де аудармалардан таппағандықтан айтып отырмыз.      

      Мысалды келтіре беруге болады. Десек те, 12-тұжырым дәлелдемесінде келтірілген мысалға назар аудармаcқа болмайды. Ќараңыз, орысшаның 480-бетінде территория мәселесіне келгенде ќазаќ үшін жер-су аттарын атамауға тырысатын аудармашы «Все должно склониться перед единым шпицрутеном – от финских хладных скал до пламенной Колхиды…» деген сөйлемді ойдан ќосып, І.Есенберлиннің ќаламымен жер-көктің иесі орыс деп жазған болады.

 

8-тұжырым

Қазаќ ќыз-келіншектерінің сұлулығы мен батыр тұлғалы ер азаматтарының

бейнесі аудармаларда кейде суреттелмейді, кейде (ќызды «красавица»

деумен шектелу сияќты) жетімсіз күйде ќалады

 

     Ќарасаң көз тоймайтын ќазаќ ќыздарының сұлулығы мен кісі сүйінер батыр тұлғалы жігіттерінің келбетін кескіндеуге келгенде, аудармашылардың сөзге сараңдыќ көрсетуінен кімге келіп-кетер не бар екені белгісіз. Жалпылай айтсаќ, аудармашы көбіне сұлу ќыз-келіншектер сипатын «красавица» деген бір сөзге таңып, өте шығуды жеңіл көреді. 

     “Сүрме ќасты, аќќудай аппаќ, отыз беске келіп ќалса да, әлі де шаңќай түстей жарќыраған сұлу Рабиу-Сұлтан-Бегім…” [58-б.] – «Семнадцатилетней девушкой выглядела четвертая жена хана, хоть было ей уже больше тридцати лет от роду» [49-б.] – “The khan`s fourth wife was already thirty but looked sweet seventeen” [53-б.]. Ќазаќшасында отыз бестегі, орысшасында отыздан асќан, ағылшыншасында, отызға таяп ќалған әйелдің аудармаларында жас көрінетіндігі айтылады, “шаңќай түстей жарќыраған сұлулығы” туралы бір сөз жоќ.

      Ал 504-беттегі Айғанымның сұлулығы айтылмайды емес, айтылады, біраќ түпнұсќасындағыдай “Сол тойға арналған балда (Бал Петербургта болып жатыр. – Н.Р.) сұлулыќ жағынан Айғанымнан еш әйелдің аспағаны...» туралы  айтылмайды.

     13-тұжырым дәлелдемесінде келтірілген Жаған-бикенің сұлулығы сипатталатын үлкен мысалдың да осы тақырыппен байланысы бар.

      Батыр Саянмен ұќсас келетін Мұхамет-Жөкінің сипаты ќазаќшада [88-б.]: “Сол ќалың ќабаќ, өткір көз, сопаќтау келген сұрша бет. Бойлары да, дене ќұрылыстары да дәлме-дәл. Сұңғаќ бой, арыс кеуде, жіңішке бел. Жас жолбарыстың аяќтарындай аяќ-ќолдары сомдала біткен. Жалпы ќимылында дене бітімінде секіруге дайындалған жолбарыс тәрізді бір ќауіпті сұс бар…” Орысшада [81-б.]: “Те же густые сросшиеся брови, пронизывающий взгляд, то же бледное, блогородное лицо, что у батыра Саяна. И движения у него такие же – мягкие, тигриные”. Батырдың бітім-келбетін жеткізбеген, мұндай сипат батыр айбарынан гөрі ќыз нәзіктігіне көбірек ұќсайды (ағ.т. [88-б.]).

     Ќазаќшада [524-б.] «‡й ішінде көлбей жатуына да себеп бар екен, енді ол малдас ќұрып отырып еді, басы керегенің ұшына тиер-тиместей зор денелі бір алып екен. Адамнан гөрі, ертегіде кездесетін дәулер тәрізді. Тек жалғыз көзді емес, екі көзді және сонау тас ќабаќты ќоңырќай сұсты түсінде бір жылы шырайдың сазы білінеді. Бұл Кенесарының бас батыры Ағыбайдың өзі еді». «Кочевникиде» батырдың келбеті мынадай [494-б.]: «Во взляде батыра, несмотря на суровость, светилась такая простодушная доброта, что обманывать его было невозможно» (ағ.т. [526-б.]). Демек, «Көшпенділердің» орыс тілі арќылы жасалған барлыќ аудармаларында батырымыз осындай «халде» деген сөз.

 

9-тұжырым

Қазаќ табиғатына тән ќасиет, мәдениет (биязылыќ,

 үлкенге ќұрмет, т.б.)  бүркемеленеді

 

       Түпнұсќада [418-б.]: “Ќұшбегі ұсынған көгілдір фарфор кесені алып Ханпатшайым сыңғырлай күлді” дегеннің орысшада [397-б.]: “Приняв из его рук пиалу из голубого фарфора, Ханпатшаим вдруг громко рассмеялась” деп, соған орай ағылшыншада  [425-б.] “Having taken a blue-china drinking bowl from his hands, Khanpadshaim suddenly began laughing loudly” делінеді. Мұндайды түпнұсќадағы [498-б.] «Келіншек сылқ-сылқ күлді» дегенді «Алтыншаш вдруг громко рассмеялась» [472-б.] – «Suddenly Altynshash burst out laughing» [500-б.] деп, қайталап тұрады. ¤згеге ќымбат болмаса да өзімізге ќымбат көрінгендіктен де болар, аудармашылардың осындағы әйелдің сыңғырлап күлгенін, сылқ-сылқ күлгенін парыќсыз ќарќылдап күлумен айырбастап жібергенін сөз етіп отырмыз. Себебі, ќазаќ үшін әйел затына тән биязылыќ арзан ұғым емес.

      Жалпы қазақ жастарын алтыбақан басында «...всегда поют песни – веселые, легкие» [471-б.] дегенді ойдан қосып қойып, жеңілтек, мұңсыз, ойсыз етіп көрсеткісі келеді. Ал шын мәнісінде қазақ әндерінің ішінен жеңіл ән табу қиын, бар болмысымен салмақты, мұңды, сазды болып келеді.

     147-бетте: «…Оның үстіне Ќасым да, Мұхамед-Шайбани мен Махмуд-Сұлтан да Шыңғыс әулетіне жатпайтын, шешелерінің айтќандарын екі етпейтін мінез көрсеткен. Бұл әрине балаларын жастайынан өздерін сыйлайтын етіп өсірген аналарының ќасиеттерінен туған ерекшелік» дегенді орысшада [135-б.]: «…вопреки принятым среди чингизидов правилам, как султан Касым, так и Мухамед-Шейбани с Султан-Махмудом во всем были покорны воле своих матерей» деп аударғанда ана тәрбиесі – ќазаќ бесігі назардан тыс ќалған ба деп ойлаймыз.

      251-беттегі «Келген сайын Тәуекел оған (Жиенбет жырауға – Н.Р.) ат мінгізіп, шапан жаптыратын» деген ќазаќтың нөмірі бірінші ќонаќ кәдесі де аудармаларында берілмейді.

      Тағы бір мысалды осы біздің ќолымыздағы үлкен көлемді кітаптарда кей оќиға сәттерінен көрініс беретін суреттер иллюстрациясынан аламыз. Суреттердің астында түсіндірме ретінде үзік сөйлемдер беріледі. Солардың бірі Ораќ батыр мен Аќќозының оңаша кездесуінен көрініс. Сұлу ќыз бен батыр жігіт бір-біріне бір нәрсе айтып тұрғанға ұқсайды. Ќазаќшада Аќќозының сөзі беріліпті: «– Ќұдай алдында күнәкар, жұрт алдында ќарабет болғым келмейді. Ерімнің асы өтсін, – деген аќќұба беті балбұл жанып, – содан кейін ќайын атамнан рұќсат сұраймын, көнсе шариғат алдында ќосылам». Ал орысша нұсқада: «Аккозы нахмурила свои красивые, вразлет брови…, «выйду замуж только за тебя, мой батыр!» Орак батыр ощутил великую радость…» делінеді. Ал ағылшыншасында не жазылғанын ешкім түсінбейді: «Akkozy khitter her fine arched eyebrows.., “I`ll married only you my warrior!” Orak-Batyr felt a great joy…». Түсінгеніміз: «Ораќ батыр мәз болып ќалыпты». Әлгінде суреттеуден тартынып жатќан аудармашылар мына бейнелерден ќазаќ ќыз-келіншектерінің сұлулығы мен батырларының бітім-келбетін жасыра алмай ќалады, біраќ көріп отырғанымыздай, ќазаќ атына тән имандылыќ, өнеге, ел-жұрт алдындағы жауапкершілік, үлкенге ќұрмет деген үлкен ұғымдарды аудармашылар өзге тілге алып өтуге келгенде бүтіндей бір ұлт аманатын аяќ асты етеді.

     Орысшаның 198-бетінде түпнұсқаның еш жерінде кездеспейтін «... от века в степи не имели силы самые мудрые слова» дейтін сөйлем кездеседіазақшаның еш жерінде кездеспейтін . Аудармашы аталы сөзге тоқтаған қазақ қасиетін жоққа шығарғысы келеді. Мұны айтуға қазақшаның 209-бетіндегі қазақ билерінің айтып отырған алуан-алуан асқақ ойлары мен кесек-кесек ұшқыр сөздері себепші болады. Мұнда «Оның (Ақсопы бидің Н.Р.) аталы сөзі мен әділетті тоқтамын екі жақ бірдей ықыласпен тыңдады» деп келетін жерлер бар. Халықтың өз қасиетін өзіне қимай, мүлдем керісінше, сөз дарыған халық емес, аталы сөзге құлақ асқан ел емес деп жазады. Олай болса, «Жүйелі сөз – киелі», «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Аталы сөзге арсыз тоқтамас», «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді» деген сияқты толып жатқан халық даналығы қайдан шығыпты!

 

10-тұжырым

Қазаќ тапќырлығы, шеберлігі және терең философиясы ашылмайды

 

       Өзіміз үшін маңызы терең тұжырымдардың бірі. Қазаќшада [398-б.]: «Ќазаќ ат ќоюға ќандай шебер. Адамның бойындағы бір жаќсылығын, не кемістігін тауып алады да, соған сейкес не мазаќтайтын, не кекесін, немесе мадаќтайтын бір ат таба ќояды» деген сөйлемнен аудармаларда ќылаң ќалмаған.

       Ал 508-беттегі «Кенесарының күшінің өзі осы шапшаңдығында, ќұлан, киік секілді туған даласының ой-шұќырын жаќсы білетіндігінде» деген ќазаќтың ќолбасшы ханының осыншама біліктілігін аудармашы «көрмей» кетеді де, ондай білгірлікті [481-б.]: «Военный губернатор и не заметил, как рядом с этим человеком и сам стал подлинным знатоком края» деп, Перовский мен Генске «сыйлайды». Шынына келсек, түпнұсќасында Генс ќазаќ тарихын, этнографиясын зерттеп білген екен, Перовский оның айтќандарын тыңдап алып, кейін Аќмешітті күшпен басып алуға пайдаланған екен. Осы тұрғыдан бұл кейіпкерлерді де білімді-біліктілер ќатарына жатады делік, тек аудармалардың әділетсіздігі сол, орысты маќтау көп, ќазаќты даттау көп. 

       «‡мітсіз тек шайтан дейді ќазаќ. Жоќ, ол бекер екен. Ең үмітсіз – көктемі мен жазы өткен, терең тамырлары ќайта жасармастай боп семген кәрілік екен. …әрине, жетпіс екі жас кәрілік пе? Біраќ басымнан өткен ќилы-ќилы кезеңдерге көз жіберсем, мың жыл жасағандаймын. Жоќ, мазасыз ой, бітпес тартыстан, тәнім емес, жаным ќартайыпты. Ал жаныңның ќартайғаны – шын кәріліктің келгені, алдағы үмітіңнің тегіс сөнгені… ‡мітіңнің сөнгені – өл сенің өлгенің! Бұл аурудан жазылсам да, жаным шаршаған кәріліктен жазыла алмайтыным кәміл. Жазылудың да керегі жоќ секілді, біраќ сөйтсе де өлгің келмейді екен, әлі де жер басып, күн сүйіп жүре тұрсам дейсің…» Бұл терең философия Абылайдың Бұќар жырауға айтып отырған аќтыќ сөзінен келтірілді [375-б.]. Біраќ осыншама толғаныстан өкінішке орай, орысшасында [351-б.] «Жить я хочу…» және соған орай ағылшыншасында [376-б.] «I wish to live…» деген ойды ғана аудармашылар ќисынын тауып алып ќалады. Сол уаќытта Абылайға басу айтќан «Иә, хан Абылай, мың жасасаң да өлім әрќашан да ерте» дейтін Бұќардың сөзі де берілмейді. Әрине, мұндай жерлерде саяси маңызды мағлұматтар сіресіп жатпаса да, «мәңгүрт» халыќтың ханынан да, ќарасынан да ғалам ќұлаќ ќояр даналыќ шыќпау керек, мұндай жерлердің аударылмай ќалуының себебі сол ғана ма деп ойлаймыз.

     Астарлы сөз айту, сәйкесінше тыңдаушысының сөз астарын ұғуы қазақ ұлтының біте туған табиғаты. Ежелден сөз құдіреті деген ұғым қалыптасқан. «Көшпенділерде» басына іс түскен Сұршақыздың соры қайнап, от басып, тілін табам деп ханға барған тұсын мысалға алып, хан мен қыз арасындағы диалогты назарға алайық [358-б.]:

«– Қандай тілегің бар? – деді Абылай, өзінің қыздарымен шамалас жас сұлуға. – Айт, орындайын! 

– Тілегім біреу-ақ...

Қыз үнінен ренжігендік сезілмеді.

       Бір қыздың құшағында бір тайпа елдің тағдыры тұрған жоқ, хан ием... Мұны мен де ұғамын. Бірақ қатты дауылды күні тек қыран құс қана өз бағытынан адаспайды. Жұрттың бәрі қыран емес. Аласапыран кездегі жұртымның бір табансыздық көрсеткенін кешіріңіз!

Қыз сөзі Абылайға ұнады.

       Жақсы. Ал өз бауырларыңа қарсы садақ безеген ана екі ағаңды қайтеміз?

       Адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң...

Абылай езу тартты.

       Біз олардың “үйірін тапқанын” қайдан білеміз?

– Босатып көріңіз. Егер сізге ерсе, өз айыбын өздері жуғаны.

Ал ермесе ше? деді Абылай.

Қыз қуанып кетті.

       Онда мейліңіз. Қандай жігіттің тағдыры болса да, өз елінің тағдырынан қымбат емес».

Орысшасына қараңыз [337-б.]:

 Ты что-нибудь хочешь от меня? спросил хан.

У меня одна только просьба...

Говори!

Не убивайте моих братьев!..

Что же, кто остался в живых, пусть живет...

Они ошибись, не послушались вас... Тепер они никогда больше не станут этого делать!

Да, это так! усмехнулься Аблай».

     Өзге тілдерге өз бояуында жетпеген диалогпен бірге қыз баланың ер азаматтың тілін тапқан қазақ әйеліне тән шеберлігі кете барады, бір ғана «Қандай жігіттің тағдыры болса да, өз елінің тағдырынан қымбат емес» деген сөзінен оның өжеттігін, еліне сүйіспеншілігін және ер азаматты елі үшін ерлікке қанаттандыра алатын асыл қасиеттерін ұғуға болатын еді. Диалог – байқағанға, кәдуілгі қанішермен болып жатқан әңгіме! Әңгіменің бір түрден екінші бір түрге түбірімен ауысып түсуіне де бірден-бір себеп – Абылайдың «олар» жасап отырған «имиджін» ұқыптылықпен сақтау. Ал аяқ асты болып, сақталмай кеткен осыншама кереметті жасап отырған І.Есенберлиннің өзіндік қолтаңбасының обал-сауабы кімге?!   

     Осы бір мысалдың өзі бірнеше тұжырымға дәлел.

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  1  2  3  4  5  6  7  8  9  10    ..