Ғасырлар бойы корейліктер Жаңа жылдық мерекені

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 2

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  ..

 

 

 

Журналдың төртінші беті корей халқына арналады.

 

           

Редактор: Журналдың төртінші бетін ашамыз. Бұл бет өзінің еңбексүйгіштігімен, кішіпейілдігімен ерекшеленетін корей халқына арналады.

 

Ғасырлар бойы корейліктер Жаңа жылдық мерекені өнім жинау науқанынан соң тойлап келіпті.   Жаңа жылдың алғашқы күні әрбір отбасы ерте тұруға тырысады. Ата-анасы балаларын: «Тұрыңдар, бүгін бізге бабаларымыз қайтып оралады» немесе «Бүгін кеш тұрған адамның қасы ағарып кетеді» деп оятқан. Отбасы мүшелері тегіс тұрып, жуынып, жаңа киімдерін үстеріне ілген соң, әр үй мерекелік тасаттыққа әзірленген. Бұл алғашқы күннің ең маңызды салтанаттарының бірі. Тасаттық берілетін бөлмеге кішірек үстел қойылып, дастарханға балық, ет, көже, көкөніс, күріш, шарап әкелінеді. Рәсімді сол күні абыз рөлін атқаратын отағасы басқарады. Ол үстіне әппақ желең (турумаги) жамылып, басына ат қылынан тоқылған лента (мангон) тағып, оның үстіне қалпақ киеді.     Мұндай алқалы жиынға тек ер адамдар қатысады. Бұл жаңажылдық салт –дәстүр Сэхва деп аталады. Сонымен қатар толь- бөбектің бір жасқа толуы тойланатын күн, герхонсик-үйлену тойы, және хуангаб-алпыс жасқа толу салтанаттарын ерекше атап өтеді.

      Толь-нәрестенің бір жасқа толу күні әйелдер бөбектің әжесінің басшылығымен корейдің кукси, тош, кимчи деп аталатын ұлттық тағамдарын әзірлейді. Той өтіп жатқан тұста шағын үстелдің үстіне ырым боларлық заттарды қатарлап тізіп қояды. Олар: кітап, қалам, қайшы, ақша, жеміс, күріш, атбас, бұршақтар...  Той иесін үстел басына отырғызады. Егер ол алдымен кітапқа қолын созса, онда болашақта ғалым болғаны, егер қайшыны алмақ болып ұмтылса, тігінші болмақшы. Күріштен пісірілген шелпекті алса, оның үстіне екі қолымен бірдей ұстаса, онда ең бір жолы болғыш азамат болып шықпақшы. Міне, бұл рәсім осылай жалғаса береді. Бұдан кейін еденге кілемше төселеді де оған той иесін отырғызып қояды. Баланы ең жақын адамдары әке-шешесі, әжесі, атасы және басқа туыстары ортаға алып қоршалай тұрады. Бала кімнің жанына барса, сол адам оның өмірінде ең басты тәлімгері болып саналады. Сонымен қатар, корей халқы  ертеден жас баланың бір жасқа толған күнін, үйлену тойы салтанатын, қаралы күн этикетін және мейрамдарды салтанатты түрде атап өтеді.

 

ü     Корей халқының дәстүрлі ұлттық ойындарына спорттық ойындар, ән-би ойындары, әртүрлі сайыстар, балалар ойындары жатады. Спорттық ойындардың 15-шақты түрі, оның ішінде садақ ату, салт жүріс, тақтайша бетінде секіру, тас лақтыру секілді түрлерін атауға болады. Бірнеше ондаған ән-би ойындарының ерекше бір түрлері ретінде маска киіп билеу ойынын-атауға болады.

 

ü     Маска биі-бұл бидің өзіндік ежелгі бір тарихы бар. Аңыз бойынша біздің дәуірімізге дейінгі І-ші ғасырдың аяғына қарай Силладан шыққан Хван Чхан Ран атты бала басқа бір мемлекеттің королі –Пэкчженің сарайында қылышпен билеу өнерін көрсетудің көмегімен корольді шауып өлтіреді, бала жазаға тартылады. Міне, сол баланы еске түсіру мақсатымен Силла халқы баланың келбеті бейнеленген маскалар киіп, қылышпен билеу өнерін көрсететін болған.

 

            Жас тілші: Корей халқының мақал-мәтелдерімен мазмұндас қазақ халқының мақал-мәтелдерін айтып бер:

·       Астамшыл қашан іркілмек

Бөседі көкті бөркім деп.

·       Керек жауын кезінде қымбат

                    Темір-өз-өзінен шыңдалмас.

    Балалардың жауабы.

 

 

 

 

 

   Журналдың бесінші беті татар халқына арналады.

 

    Редактор : Журналдың  бұл беті өздерінің мейірімді, ашық-жарқын, еңбекқор, білімге құштар халық-татар халқы. Ертеректе ең көп тараған мерекелерінің бірі үме болған. Мұндай үмеде ауылдастар бірігіп қауырт жұмыстарды атқарып тастайтын. Үлкен құрылыстардың барлығы үмесіз жүрмейтін болған.

ü     Үме-Қаздарды жаппай сойып алу кезінде мұндай үй құстарының жүнін жұлып, тазалауға көмектесуге бойжеткен қыздар мен жас келіншектер шақырылатын. Ондайда міндетті түрде ән шырқалып, әзіл-қалжыңдар айтылатын. Кешке қарай көмектескендер құрметіне дәмді тағамдар жасалатын. Татар халықының бұл салт-дәстүрі қазақтың «Асар» деп аталатын салт-дәстүріне өте ұқсас.

 

ü     Татардың  ұлттық дәстүрлі тағамдарын дайындауға көп мөлшерде май пайдаланылады. Дәстүрлі тағамдары қазылық және қарта. Сүр етпен күнге қақталған ет көп пайдаланылады. Сүйікті тағамдарының қатарына күнге қақталған қаз еті де жатады. Мерекелік дастархандарға міндетті түрде сорпалар қойылады. Әдетте қонақтардың алдына ет пен картоптан жасалған тағамдар қояды.

 

   Жас тілші:Татар халқының қамырдан жіңішкелеп кесіп, майға қуырып, үстіне бал құю арқылы дайындалатын тағам түрі қалай аталады?

  Жауап:  Чак-чак

ü     Неке қию рәсімі кезінде жас жұбайларға өмірлерің балдай тәтті болсын деген ниетпен суға бал қосып, «бал суын» ішкізеді.

 

Журналдың алтыншы беті еврей халқына арналады.

            Редактор : Журналымыздың алтыншы беті қандай қиындық болсын көтере білетін, қайыспас халық, өз дініне, тіліне берік халықтардың бірі – еврей халқына арналады. 

Еврей халқының, әсіресе, балалардың сүйікті мейрамы шват немесе ту би-шват мейрамы.  Еврей халқының ағаштар жаңа жылы шват деп аталады. бұл мейрам қаңтар-ақпан айларында, Израиль жерінде жаңбыр жауып, ағаштар бүрлей бастаған кезде тойланады. Тойланатын күні ауыспалы күнпарақ арқылы белгіленеді.(Израиль жерінде жаңбыр қыс айларында ғана жауады). Ағаштар жаңа жылы-бір жылдық өнімнің қаншалықты мол болғанын қорытындылайтын мейрам. Еврей халқының заңы бойынша, және діни кітаптары Торада әрбір адам өзінің жинап алған өнімінің оннан бір бөлігін әлсіз жетім-жесірлерге, жері жоқ кедейлерге, қарттарға таратып беруі керек. Ту би-Шват мейрамы күні барлық еврей халқы Израиль жерінде өсетін әртүрлі өнім-жемістерден дастархан жаяды. Дастархан үсті әртүрлі жемістерге, бидай, арпа өнімдеріне  толы болады. Дастарханда міндетті түрде Израиль жерінде өсетін 7 түрлі өнім  болуы керек. Бұл күні еврейлер бидай немесе арпа өнімдерін жейді, жүзім шырынын ішеді, інжір, анар, зәйтүн мен құрма жемістерін жейді және Израиль жерінің өнімдерінің құрметіне көпшілікке хала таратылады. Ту би-Шват күні бұл елде міндетті түрде ағаштар отырғызылады.  Балаларға ағаштардың табиғат пен адамдар өміріндегі маңызы, олардың алуан түрлері туралы әңгімелер айтады.Әрбір жеміс ағашына арналған бата сөздер үйретеді. Шват мейрамы күні балалар «Алтауы бір қап ішінде» ойынын ойнағанды өте жақсы көреді. Ойынның шарты: Ойынға әртүрлі жеміс, өнім кейпіндегі 6 бала және дорба роліндегі бір бала қатысады. Қап жолда келе жатып әр түрлі жеміс, өнімдерге терге кездеседі. Олар өздерінің қандай жеміс немесе өнім екендіктерін, өздерінің қасиеттері туралы айтады. Дорба оны өзіне алады. Келесі тағы бір жеміс немесе өнімге кездеседі. Ол дорба ішінде кім бар екенін сұрап, өзі туралы айтып береді. Ойын аяқталған соң, балаларға ішінде әр түрлі жемістері бар дорбалар сыйға беріледі.  Ойынға қатысатын жеміс-өнім түрлері (шамамен): зәйтүн, құрма, банан, інжір, апельсин және жоңқа немесе қауыз (рожки).  

 

            Жас тілші : Еврей халқының кең тараған ұлттық тағамдарын атаңдар?

            Жауап:   пита (израиль шелпегі), маца, фаршталған балық,  латкес (картофельные оладьи), хала наны.

 

Сиқырлы саз аспабы

Халық  етегілері бойынша әдеби мозаика

 

        Ерте –ертеде, ұшы –қиырсыз қазақ даласында Кербұғы деген керемет домбырашы өмір сүріпті. Ол небір құлақ құрышын қандырар күйлер шығарып, оны өзі домбырада төгілдіре орындайды екен.

         Күні бойғы күйбең тірліктен кейін ауыл адамдары домбырашыны ортаға алып, «құлақтан кіріп бойды алар» сиқырлы күйлерін сүйсіне тыңдайды екен. Қос ішектен құйқылжи төгілген күйдің құдіреттілігі сонша – асыр салған балалардың өзі ойынын ұмытып, сілтідей тынып құлақ түреді екен.

                                                                           Ақсақ  Құлан ертегісі.  

 

       

Базардан   барабан сатып ап.

Оралды Қоян да әлгі үйге.

Түлкіні енді ол қатырмақ,

Өстиді кектенсе әркім де.

 

Түлкінің үйіне жетті ол,

Қағылды гүрілдеп барабан.

Кезекпен ойнады екі қол:

«Бам- барам, бам – барам, бам – барам!»

 

Отырған меймандар шошынды,

Кенеттен тиылды күлкілер.

Аңшы ма деп қалды осыны,

Не істерін білмеді Түлкі – «ер».

 

Әлімқұлов Н. Барабаншы қоян. Ертегі.

 

       Асан сегіз – тоғыз жасқа келгенде анасының арманды мұңын, зарлы жырын тыңдап, жаттап алып, кең далада қой бағып жүріп, күңірене толғайтын болыпты. Қайғылы қалың елдің қайғы арманын, мелшиіп жатқан сар даланың сағым бұлдыратқан мұнарымен үндестіріпті. Ханның қайырымсыз сарайының маңынан таппаған мұңлы сыр, мазмұнды жырды Асан сахараның кең де келісті табиғат көрінісінен тапқандай болыпты.

   Сөйтіп жүріп ол тоғыз жасында асқан жыршы, айтқыш ақын, шебер сыбызғышы болған екен.

 Қасиманов С. Сиқырлы сыбызғы. Аңыз ертегі.

 

 

         Көзіне жас алқымына өксік тығылған Лосан щяньцзысын  асынып, басы ауған жаққа жүріп кетеді. Жүре – жүре мұнарлана шалқыған көк теңіздің жағасына жетеді. Бір тасқа жамбас басып, жан шақырады. Көңілі құлазып, біраз отырған соң, щяньцзысын қолына алып, шерін тарқатпақ болып, әсерлі мұңға толы күй шерте бастайды.

      Мамырлап «Жабайы өрік гүлдеді» әуені төгіледі, күмбірлеп «Иен таудың сулары» ағады.      (щяньцзы – үш ішекті, сазген тектес шертпелі аспап)      

Лосан (дүнген ертегісі)

 

   

     Жігіт гуслиын тізесіне қойып, тыңқылдатып, би әуеніне басқанда, тамам қарақшы жапұр – жұпыр билеп кетеді. Тоқтайын десе, дәрмен жоқ, аяқ- қолдары ербеңдеп билей береді.

-        Ағатай , тоқта! Бір қап алтын берелік, - деп жалынады олар диірменшіге.

Жігіт күйін тоқтатып, қарақшылар қап толы алтын әкеп береді. Алтынын арқалаған жігіт көңілі тасып, үйіне келеді.

                                    (гусли – жетіген тектес, шертпелі аспап)

Ғажайып гусли (украин ертегісі)

 

       Замандардың заманында бір күйші ғұмыр кешіпті. Бала жастан өнер қуып, күй қайырыпты. Өгіз жайып жүріп, қурайдан сыбызғы қиып, уілдете тартқанда, өгіздер күйсегенін тоқтатып, құлақтары салбырай мүлгіп, тыңдап тұрады екен. Ормандағы құс қалғып, батпақтағы бақа тыншып қалса керек.

        Кейде қыз – бозбалаға ілесіп, түнгі күзетке шығады. Түн тынық, жер- әлем бусана манаурайды. Қалжың – күлкі, ойын – сауық. Керемет.

       Сонда бала сыбызғысын ерніне апарып, баяу созылтып күй бастайды.

      Қыз біткен, жігіт біткен тегіс ұйып қалады. Қай –қайсысы болмасын, жүректеріне тәтті шырын құйылғандай, беймәлім бір күш қағып алып, биікке, шырқау биікке, жұлдыздары жымыңдасқан ашық аспанға әкетіп бара жатқандай сезінуші еді.

    Құдіретті күйші (белорус ертегісі)

 

 

   Баяғыда бір бала болыпты. Әке –шешесі жоқ тұл жетім екен. Көрінгеннің есігінде қаңғып жүреді . Бір үзім нан үшін жұрттың шошқасы мен сиырының соңында салпаңдап, айтқан шаруасын екі етпей орындайды. Ер жеткен соң бір ауқатты шаруаның сиырын бағуға жалданыпты. Күздің қара суығы екен, төңірек тұманға бөгіп, ызғырық жел өңменнен өтеді. Жұрт жылы үйден шығуға әйенкенестенеді (жиіркенеді авт.). Ал жетім бозбала жалаң аяқ сыз басып, сиыр жаяды. Суықтан тіс – тісіне тимей жаурайды. Не істерін білмей, торығып, өксіп- өксіп жылайды.

       Кенет қасына бір кішкентай шал келіп:

-        Әй, балам, неге жыладың? – деп сұрайды.

-        Жыламағанда не? – дейді бозбала. – Қожайын күн сайын далаға қуады, жалаң аяқ, жалаң баспын, суыққа ұшып өлерше болдым.

Шал жетімді аяйды,әйтсе де қолынан келер қайран жоқ, өзінің аяғында жыртық шақай. Әрі – бері ойланып, қалтасынан сыбызғысын алып, бозбалаға ұсынады.

-        Мә, осыдан басқа берерім жоқ, - дейді. – Бірақ бұл – жай сыбызғы емес, сиқырлы сыбызғы. Мүмкін, күндерде бір күн пайдасы тиіп қалар. Бұл сыбызғыны үрлеп жіберсең болды, естіген жұрт билеп кетеді.

Бозбала сыбызғыны алысымен, шал ғайып болады.

Сиқырлы сыбызғы (латыш ертегісі)

 

 

                 Ханшаның құлантаза айыққаны жайлы хабар төрт тарапқа түгел таралады. Алыстағы – жақындағы ханзадалар мен бекзадалар сұлу ханшаға үйленбек болып, толассыз шұбырады.

                Алайда қыз өзін емдеген кернейші бозбаланы құлай сүйіп қалып еді.

        Кернейші бозбала (өзбек ертегісі)

 

 

                  Гуслишы патшаның сөзіне құлақ асып, сарайда қалады. Күн сайын күй тартып, көңілін аулайды. Бірақ патшаның құмары тарқап, құлақ құрышы қанар болмайды. Шіркін, күй деп осыны айт! Қайғыны да, мұңды да қолмен сылығандай жоқ қылады.

    (гусли – жетіген тектес, шертпелі аспап)

         Гуслишы патшайым (орыс ертегісі)

 

 

 

      Ертеде бір помещик өмір сүріпті, ол Аницзы атты бір бала бақташыны өзіне жалдап алыпты. Аницзны жұрттың бәрі де, әсіресе, сыбызғыны тамаша тартатындығы үшін  жақсы көретін. Оның сыбызғысы кәдуілгі қарапайым бамбуктан жасалынған болса да, оның қолында ең нәзік музыкалық аспапқа айналатын.

        Бала бақташы – Аницзы (ұйғыр ертегісі)

 

       Скрипка үні естілісімен, сот бар, жендет бар, жиылған барша қауым бар – барлығы ұршықша үйіріліп, биге басады.

    Саз да , би де толастамайды. Жігіт скрипкасын безілдете толғап тұрып:

-                Қалай , осындай күй үшін өлім жазасына кесуге болама? – деп сұрайды.

-                Жоқ , - дейді сот. – Бұндай өнерпазды өлтіруге болмайды.

        Жалшы мен сиқырлы скрипка (поляк ертегісі)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  ..