Солардың ішінде халық арасына кең тараған «ат қою» салты

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 2

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  ..

 

 

 

Журналдың бірінші беті қазақ халқына арналады

 

 

            Редактор: Қазақ халқы бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі. Қазақ халқының тәрбие-тәсілдері мен тәжірибелері өте көп.

Солардың ішінде халық арасына кең тараған «ат қою» салты үнемі алдыңғы қатарда тұрады. Жас келін құтты орнына қонғаннан кейін сол елдің туыстық жағынан жақын адамдарымен қарым-қатынас жасап, араласатыны табиғи құбылыс. Қазақ ғұрпында келін бұл кісілердің атын атамайды. Сондықтан әрқайсысына өзінше ат қоюға тиіс. Бұл бір жағынан оларға құрмет белгісі болса, екінші жағынан әдеп-ибаға жататын жүйелі жосық. Түскен ауылына келін өз балалары қатарында саналады. Ешқандай жаттық көрмейді. Сондықтан ет жақын қарт кісілерді ата, әже, апа, аға деп құрметтейді. Жасы кішілерді бауыр, іні-сіңлі қатарында бауырына тартып, оларға да сүйкімді ат қойып, ізетін білдіреді.

ü     Ат қою үшін сөздерді тергенде, әр сөздің түбірі және тұтас тұлғасы қамтылуы керек. Сол арқылы ат қоятын кісінің түр-тұрпатын, мінез –құлқын, өзіндік өзгешелігін танытатын жанама сөздерді қолданады.Ат қою салтының тамыры терең, әріден жатқаны анық. Ал аңыз-болған оқиғаның елесі, ұзақ уақыттың жемісі. Ат қою дәстүрі туралы халық аңызы, оның  қоғамдағы елеулі құбылыс болғанын растап, дәлелдейді.

Бір кісінің балаларының есімдері өзен, қамыс, қасқыр, қой, пышақ, қайрақ деген атауларды қамтыған сөздерден басталады екен. Ереже бойынша келін бұл сөздер араласқан есімдерді ауызға алмауы керек. Бір күні келін су алу үшін өзен бойына барса, қалың қамыстың арасынан қасқыр тартып кеткен қойдың шала жансар тыпырлап жатқанының үстінен түседі. Мұны хабарлау үшін ауылға  жүгіріп келеді де, жігіттерге: «Сарқыраманың арғы жағында, сылдыраманың бергі жағында маңыраманы ұлыма жарып кетіпті. Арам өлмесін, тезірек жаныманы білемеге білеп-білеп жіберіп, сойып алыңдар»-деп өтініш айтыпты. Бұл жұмбаққа ауылдағылардың бәрі түсінеді. Бұл сөздердегі сарқыраманың-өзен, сылдырама-қамыс, маңырама-қой, ұлыма-қасқыр, жаныма-пышақ, білеме-қайрақ екенін біле қояды. Міне, салттық жосынды орындау жолындағы қазақ келіндерінің адалдығы мен тапқырлығының дәлелі осы. 

          Жас тілші:   Қазақ есімдерінің көбі зат, сын, сан есімдегі және етістіктегі атау мен құбылысты айқындайтын атау сөздерден құралады. Сарыбай, Қошқарбай. Төлебай, Игілік есімдерінің баламасын қалай атауға олады?

            Жауап: Шикіл, Қой ата, Түлік, Ырыс т.б.

 

           Журналдың екінші беті орыс халқының салт-дәстүріне арналады.

             Редактор:Тарихи жағдайлардың нәтижесінде екінші отандарын «Қазақстан» деп тапқан орыс халқы бүгінде республика тұрғындарының  отыз пайызын құрайды. Орыс халқының басқа ұлттар секілді өз ерекшеліктерін көрсететін ұлттық мекелерінің, киімдерінің, тұрмыс-салтының өзіндік ерекшеліктері бар. Бүгін біз, орыс халқының ұлттық киімімен танысамыз. Орыс халқының ұлттық киімі өздерінің әдет-ғұрпына, тұрмыс-салтына, мінез-құлықтарына, табиғатына байланысты болған. Және де қажетіне қарай күнделікті, мерекелік, ұзату, үйлену тойына, кісі қайтыс болғанда, жастарына қарай, әлеуметтік жағдайына байланысты киетін киімдері әртүрлі болған. Әрине, ондай кездерде оның пішімін, сыртқы көрінісін өзгертпеген. Түрін, кестелерін, оюларын, моншақтарын өзгерткен. Қызыл матадан тігілген киім ең әдемі деп саналған. Қызыл (красный), әдемі (красивый) деген сөздер бірдей мағына берген. Киев Русінде тұратын шаруаның күнделікті киімі кенептен тігілген жейдеден және шалбардан тұрған. Сыртқы киім ретінде қолдан тоқылған мауыттан шекпен, оның алды сол жағына қарай түймемен немесе ілгекпен қаусырылады. Ежелгі орыстың ұлттық киімдеріне қосымша міндетті түрде қолғап және қап болған. Оны белдігіне байлап қойған. Орыс жауынгерлері киімнің үстінен жеңі қысқа сауыт киген.            Әйелдің ұлттық киімдерінің негізіне көйлек, алжапқыш, пердеше, жеңсіз

көйлек, белдемше, көкірекше жатады. Қыздар ұзын шашын бос жіберіп, немесе өріп қойған. Шаштарын жібек, кестелі лентамен немесе ағаш, не теріден жасалынған алдыңғы жағы тісті шеңбермен (тарақпен) жинап қойған.

ü     Ұлттық киімдерді тігу үшін негізінен кенеп пен жүнді қолданған. Ал безендіру үшін кесте, тоқыма басқа түстес маталардан оюлар ойған. Оюларды, кестелерді тігу үшін зығырдан (лен), сорадан (конапля), жібектен және жүннен жасалған жіптерді пайдаланған. Негізінен қолданылатын маталардың түрі қызыл, ақ, көк, қара болған. 

Жас тілші:Орыс әйелдерінің ең сәнді бас киімі қалай аталады?

           Жауап: Әйелдердің ең сәнді бас киімі биік төбелі бас киім болып саналған. Оны меруертпен өрнектеп, артын кестелеген жамылғымен жалғастырған. Оны олар кокошник деп атаған.

 

 

 

 

 

 

Журналдың үшінші беті ұйғыр халқының салт-дәстүріне арналады.

            Редактор : Журналдың келесі беті Қазақстанда өмір сүретін түркі тілдес туыс халықтың бірі- ұйғыр халқына арналады. Ұйғыр халқының тұрмыс-салтында кеңінен тараған әдеттердің бірі, ер адамдардың бірігіп бас қосулары, яғни машрап. Мұнда жастары шамалас 15-20 ер адам бірігіп, әрқайсысы кезекпен өз үйлерінде жинайды. Мәшрәп-демалыс кеші, этикалық және эстетикалық тәрбие мектебі. Мұнда қысылып-қымтырылмай еркін әңгімелесіп, ән айтып, би билеп, қалжыңдасып, бейиттер, дастандар, гәзәлдер оқып, оларды тыңдап көңіл көтерген. Қожа Ахмет Иассауидің нақыл сөздерінің жинақтары, Әлішер Науаидың гәзәлдері, басқа да араб, парсы және Орта Азия жазушыларының шығармалары көптеп пайдаланылған. Мұнда ұйғыр ақындары шығармаларының қолжазбалары оқылған. Мәшрәпқа қатысқан әр адам бұлардан өздеріне қажетті пайдалы кеңестерді ала алған. Сондықтан болар, ұйғырлар мәдениетсіз, надан адамдарды көргенде: «Мәшрәп  көрмигән», -дейді екен. Ұйғырлардың арасында ең көп тараған жанрлардың бірі-бейит айту. Әрбір бейит аяқталған бір ойды білдіреді. Бейиттер ұйғыр халқының өткен әдет –ғұрыптары, салт-дәстүрлерімен тығыз байланысты.

ü     Бейит- белгілі бір дауысқа салынған 4 шумақ өлең өлшемі. Мазмұны бойынша жауапты талап ететін өлең түрі. Жастар жиналғанда бір-біріне кесе немесе гүл беріп бір –бірімен бейит айтысады. Бейиттің қазақ халқының айтыс өнеріне ұқсас.

ü     Ғәзәл- Өлең құрылымында буын саны бірдей емес, дауысты дыбыстардың әдеттегіден созылып айтылуы арқылы жасалатын лирикалық жанр. Гәзәлдің ерекшелігі сол, өлеңнің соңғы екі жолында ақынның аты көрсетіледі.

  

    Жас тілші: Өздеріңе таныс ұйғыр халқының ұлттық тағамдарын атаңдар?

    Жауап: Самсу (самса),  әткән чай, гөш нан, саңза, жусәй манты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  ..