Күн бейнесі- мемлекеттік туларда жиі кездесетін нышан

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 2

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  ..

 

 

 

 

Қосымша

Мемлекеттік рәміздерге байланысты қызықты ақпарат пен деректер

 

 

       Қызыл түс- әлем мемлекеттері туларында ең көп кездесетін рең. Ол барлық тулардың үштен екісінде бар. Одан кейін көп пайдаланылғаны ақ, көк, сары және қара бояулар екен.

 

       Ені мен ұзындығы бірдей жалғыз шаршы ту- Швейцариянікі

 

       

Күн бейнесі- мемлекеттік туларда жиі кездесетін нышан. Олардың ішіндегі ең атақтысы-Жапонияның «Күн дөңгелегі». Рәміз-елдің «Күншығыс елі» деген атының нышаны белгісі. Тайвань туларында-ақ күн, Филиппин туларында –сегіз сәулелі күн,      Уругвай туында-адамның бет бейнесіне ұқсас «Мамыр күні» суреттері бар.

 

       Тудағы жазу рәміздің ең басты бөлшегі болып табылатын ел-Сауд Арабиясы. Оның туында «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед-оның пайғамбары» деген сөйлем бар.

     

         Иранның туында «Аллах акбар»  (Алладан басқа құдай жоқ) деген сөйлем 22 рет жазылған.Бразилия туында тәртіп және прогресс, Руанда туында «R» (Р) әрпі таңбаланған.

        

        «Көк қаршыға». Шыңғыс ханның туы-тоғыз шашақты үшкіл ақ мата. Ол тудың сабына үш жерден байланатын болған. Ал тудың дәл ортасында бауырына аулап алған қара қарғаны қысып, қанатын жайып, ұшып келе жатқан көк қаршығаның суреті салынған. Көк қаршыға хан әулетін желеп-жебеуші киелі құс саналады. бабасы Бодуаншар қиын кезде құс салып, жан сақтады деген аңыз бар.

          Тудың сабының ұшында үшбұрышты арнайы темір қондырғы болған. Ал туды жерге тұрғызып қою үшін, жеті тармақты жылжымалы тіреуіштер пайдаланылған.

          Абылайдың ақ туы. Ел жадында ерекше сақталған рәміздердің бірі-Абылайдың ақ туы. Ол бір түсті төрт бұрышты ақ мата. Шашақты бауы бар. Қазақтың ұлы туының түсі –Шығыс ғұн (375-454жж), Ақ ғұн (420-562жж), Шыңғыс ханның Алтын орда (1236-1502жж) мемлекеттері рәміздерімен реңдес. Ол б.з.д. ХІІ ғасырда дүниеге келген әлемдегі тұңғыш әскери байрақтардың түсімен де туыстас.

        Тубегі- Ерте замандарда осындай ресми атақ, жоғары мәртебелі қызмет болған. Жоңғар жаугершілігіне қарсы алдында бас әмірші болып-Әбілқайыр хан, ал тубегілігіне-бас сардар Бөгенбай батыр сайланған. Мұндай шешім Ордабасындағы ұлы жиында қабылданған. Тубегін тағайындау салты кейін де сақталған. Мысалы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі қаһармандарының бірі Амангелді батыр әскерінің тубегі Қияқбай батыр болған.

           Елұран-Кезінде қазақ халқын құраған ру-тайпалардың өз ұрандары болғаны белгілі. Олар бір сөзден тұрады. Көбіне аруақты аталар мен аналардың атына құрылған. Ал бар қазаққа бірдей елұран «Алаш» болатын. Тағы бір ортақ ұран-«Аруақ» сөзі. Ұрандауды кейде «аруақ шақыру» дейді.

          Ең қысқа әнұран мәтіні бар болғаны 4 жолдан тұрады. Ондай рәміздер бірнешеу. Жапония, Иордания және Сан-Марино әнұрандарының мәтіндері осындай.

        Ең ұзақ әнұран мәтіні 158 өлең жолынан тұрады. Ол-Грекияның мемлекеттік рәмізі. «Бостандық әнұраны» деп аталады. 1823 жылы жазылған. Авторы-грек ақыны Диониенос Соломос.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тілі басқа-тілегі бір...
Қазақcтанда тұратын  халықтар салт –дәстүріне арналған ауызша журнал

   

                                                   Тұратын ел алуан ұлттан –ұлыстан,

Аман болсын даудан, алыс –жұлыстан.

                                                     «Ырыс түбі – ынтымақ »деп жарасып,

                                                   Қазақстан болсын жайнап Гүлстан.

                                                              Нұртас Исабаев

 

 

      Бағдарламаның мазмұны: Балаларды Қазақстанда тұратын халықтар салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыру. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

         Дайындық кезең :  Алдын- ала Қазақстан халықтарының өміріне, салт-дәстүріне байланысты, ұлттық тағамдары туралы слайдтар жасау. Осы халықтардың ауыз-әдебиеті ертегілері, әдебиеті бойынша кітап көрмесін ұйымдастыру.   

     Балалармен Қазақстанда тұратын әртүрлі ұлт өкілдері олардың Қазақстанға келуі туралы тарихқа қысқаша тоқталып өту керек.  Сіздердің назарларыңызға С.Бегалин атындағы МРБК шығарған «Ұлтаралық қарым-қатынастар мәдениеті» сериясымен шыққан «Терең тамырлар», «Корея-таңғы самал елі», «Ұлтым-ұйғыр, көне Қашқар баласы» және т.б. әдістемелік құралдарын қолдануға болады.

            Ескерту: Біз бұл шараға Қазақстанда тығыз қоныстанған алты ұлт өкілдерінің сал-дәстүріне тоқталып өттік. Тәуелсіздік алған жылдардан кейін қазақ халқының салт –дәстүріне байланысты болсын, сондай-ақ басқа да ұлт өкілдерінің ертедегі тарихы, салт-дәстүрлері зерделеніп, сараланып кітап болып басылып, мерзімді басылым беттерінде жарияланып жүр. Бұрын ұмыт болған  салт-дәстүрлерімізді қайтадан жаңғыртып, оларды күндегі өмірде де пайдаланып, келешек ұрпаққа үйретудеміз. Дегенмен, көп айтылмай қалған, оқырмандарымыз көп біле бермейтін де дәстүрлер бар. Біз солардың бірнешеуімен оқырмандарымызды таныстыруды жөн деп таптық. Сіздер өз тараптарыңыздан өлкелеріңізде, қалаларыңызда, ауылда  тығыз қоныстанған ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін зерделеп, олармен  балаларды таныстыруыңызға болады. 

 

   Қатысушылар  : жас тілшілер, редактор – жүргізуші.

       

        Редактор: «Егер жер жүзіндегі халықтарға ең жақсы әдет-ғұрыпты таңдап алуға мүмкіндік берсе, онда әр халық оларды мұқият қарап, әркім өз халқының әдет-ғұрпын таңдаған болар еді», - деген екен біздің эрамызға дейін өмір сүрген «тарих атасы» Герадот. Әр халықтың өзінің әдет-ғұрып, салт дәстүрлері бар. Ол әр халықтың өзіне тән ұлттық ерекшелігінің айқын көрінісі. Ғасырлар бойы жиналған әдет-ғұрып, салт –дәстүрлер-өткен мен бүгіннің байланысы.

            Ұлттық салт- дәстүрлер – тарихи көне процесс. Салт – дәстүр халықтардың тіршілік кәсібіне, наным – сеніміне, өмірге деген көзқарасына байланысты туып, қалыптасып, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып, өзгеріп жаңарып отырады.

            Қазақстан  дүние жүзі халықтарымен терезесі теңеліп, тәуелсіз мемлекет болды.

            Өзінің ертеден бері, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет –ғұрып, салт – дәстүрін жасқанбай жалтақтамай пайдаланып, іске асырып, ары қарай дамытып, заман талабына сай жүргізіп келеді. Ғасырлар, жылдар бойы бірге өмір сүріп, бауырласып, туыс боп кеткен ұлттар арасындағы интернационализм-шын мәніндегі нағыз достық тек қана өзара тең дәрежедегі қатынас, әрбір ұлттың тіліне, тарихына, мәдениетіне деген құрмет арқасында ғана жүзеге асады деген ой туды.

            Ұлтаралық қатынас мәдениетіне тәрбиелеуді балалық кезден бастаған дұрыс. Ең алдымен отбасында, кейін мектеп пен кітапханада өз ұлттының тарихына, мәдениетіне, тіліне көңіл бөліп, көп тыңдап, көріп өскен әрбір бала болашақта өз сезімін немесе -әркетімен басқа ұлттың өкілін ренжітуі мүмкін емес. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  20  21  22  23  24  25  26  27  28  29  30  ..