МАЙДАНДЫ ДЕМЕГЕН ҚУАТТЫ КҮШ

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 1

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  1  2  3  4  5  6  7  8  9  10    ..

 

 

 

МАЙДАНДЫ ДЕМЕГЕН ҚУАТТЫ КҮШ

(Н.Богословскийдің «Темная ночь» әнінің әуені)

Көркемсөз оқушы:

Жігіт кетті майданға,

Тал бойында бес қару.

Айырылғанға арманда

Қалды артында жас ару.

Жас жүрегі біртүрлі

Алқымына тығылып,

Алғашында бір тұрды

Қалам ба деп жығылып...

 

Жоқ! Жығылып қалмады,

Қайраттанды, ширады.

Аттанған соң алғаны,

От басына сыймады.

Көңілін тартып көп еңбек,

Кетті егіннің басына:

Күнде көмек берем деп

Майдандағы досына...    

                               (Ғ.Орманов  “Жар жалауы”)

Жүргізуші: Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақ сақалды аталар бәріне төзді. Соғыс ауыртпалығының куәсі болған әжелеріміз сол күндерді былай деп еске алады:

Көркемсөз оқушы: «Барлық ауыртпалық әйелдердің мойнына жүктелді. Сол күндерде бел шешіп демалған сәттер есіме түспей тұр. Таңның атысынан, күннің батысына дейін ферманың жұмысымен айналысамыз. Қолымнан бұл жұмыс келмейді дейтін сөз болмайды. Кешке жақын сығырайған керосин шамының жарығымен әскерлерге арнап шұлық тоқимыз. Солардың қан кешіп жүргендері есімізге түскенде, шаршағанымыз ұмытылып кетеді. Қанша қиындық көрсек те біз ел ішіндеміз ғой деп шүкірлік ететінбіз.»

Жасөспірім: өзіне жүктелген міндеттің жауаптылығы мен қажеттілігі әрбір әйелдің, қарттың, баланың жігерін ширата түседі. Соғыс жағдайы қаншалықты ауыр болғанмен әрбір жұмысшы мен әрбір ауыл адамы өзінің шама-шарқынша сағыстағы жауынгерлерге көмектесуді өздерінің ең бірінші, негізгі және ең басты борышы деп санады. Еңбек ерлігі... Бұл Ұлы Отан соғысының ерекше беттерінің бірі.. Жұмысшылар тәулік бойына дерлік заводтарда қару, техника жасады, әскерлерге киім  тікті. Сол кездегі халық аузындағы ең негізгі ұран «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» еді. Станоктың жанында 12-14 жасар балалар жұмыс істеді.

Қыз бала:  Ауыл адамдарының жіберген сыйлықтары біздің майдан шебіндегі жауынгерлеріміздің жан-дүниесін қатты тебіретті. Бұл сыйлықтар ауыр соғыс күндерінің өзінде оларға ауыл мен майданның мызғымас бірлігін еске түсірді, оларға ұлкен моральдық қолдау болды...

Көркемсөз оқушы: «Қымбатты жолдастар! Сіздер жіберген сыйлықты алғанда қандай теюбіреністе болғанымызды тілмен айтып жеткізу қиын. Майдан жағдайы ауыр. Нарядтар жарылып, пулеметтер сақылдайды. Осындай күндерде күтпеген жерден елден алған аппақ матаға ұқыпты оралған пакеттердегі жұпар иісті папиростар... Осы сәт жүректерге үлкен сүйіспеншілік сезімі құйылдыады. Сенімді тылдың соғысып жатқан армияның алдыңғы бөлімдерімен берік байланысын ойлағанда, кеудені мақтаныш сезімі кернейді...!»

Жасөспірім:  Соғыс жылдары ауыл адамдарының еңбектері өте ауыр еді. Адам, техника, ат-көлік, азық-түлік жетіспеді. Бірақ, осы қиыншылықтың бәрін ана мен балаға, ақ сақалды қарттарға қайыспай көтеруге тура келді...

(Шымылдық жабылады)

 

 

МАХАББАТ ТУРАЛЫ

          Көркемсөз оқушы: Өзің де асыл десе асыл едің,

Сен қашан қиындыққа жасып едің?!

Талайлар Отан үшін жанын қиды,

Артық деп қорқақтықтан батыр өлім.

Менің де мақсатым сол алға қойған,

Кек алу, дұшпаныма салып ойран.

Тегінде құрбандықсыз жеңіс болмас,

Қашаннан қатал заңы қанды майдан...

Әрине, мен де өмірді бағалаймын,

Күтемін жақсылығын туар айдың.

Ұйықтасам Жеңіс күнін мерекелеп,

Түсімде туған жерді аралаймын.

Бұл түс те өңге айналар етсек төзек,

Жүрекке «Жеңіс» деген орнап сезім-

Барамыз жауды қуып өз жеріне

Күн жақын оралатын Қарақозың. (Қ. Әбдәлиев«Сүйген жарға», 1942 жыл)

Жасөспірім:  Соғыс! Бұл   қантөгіс, ерлік, өлім ғана деген емес. Соғыста мейірбандылық, батырлық, қайырымдылық та болды... Алыстағы жақындарының маххабаты майдан күндерін аз уақытқа болса да ұмытуға көмектесіп, ерік-жігер беріп отырды. (Землянка әні орындалады)

          Қыз бала: Соғыс адам баласының  бір-біріне деген  түсінушілігін, сүйіспеншілігін ұмыттырмады. ... Соғыс алдындағы бақытты өмірі, туған-туыс, сүйіктісінің қолдауы оларға өте қажет еді...

(Перде ашылады. Сахнаның шетіне таман қолында қарындашы мен қағазы бар әскери адам өзінің әйеліне хат жазып отырып ойланып кетеді. Сахнаға гимнастеркалы, жалаң бас  жауынгер және жеңіл ақ көйлек киген, қолында бір шоқ гүлі және домбырасы бар қыз шығып екеуі сахнаның  ортасында кездесіп, қыздың қолынан домбыраны алады. Қыз біртіндеп жігіттің қасынан алыстап кете береді. Жігіт  алыстап бара жатқан қызға қол бұлғап тұрады да, Қ.Аманжоловтың «Дариға сол қызын» орынайды. Ақ көйлек киген қыз бен ақ шалбар, көйлек  киген жасөспірім жігіт билеп жүреді. Муызыка тоқтағанда әскери адам тақпақ оқиды.)

          Жауынгер:

 

СТАЛИНГРАД ҮШІН ШАЙҚАС

          Көркемсөз оқушы:

Отан үшін! Жеңіс үшін!

                                        Деп содаттар салып ұран,

                                       Көтерілді атакаға,

Оққа қарсы жауып тұрған.

Сол мезгілде бір жауынгер,

Шойырылды ма, сүрінді ме,

Көкірегін қолмен басып

Құлады, сәл жүгірді де.

Жығылды ол, жығыпты оқ,

Ақты қаны ердің жерге.

Жеткені ме арсыз ажал,

«Тағы бір жеңдім» дер ме?

-Жоқ, жоқ! Ажал, қателестің,

Әлі бойда қайратым бар!

Әлі де мен соғысамын!

Қайратым бар, айбатым бар!

          (Ж.Молдағалиев «Екеуін де көтерді ол»)

          Жасөспірім: 1942 жылдың жазының ортасында жарты жылға созылған тарихи Сталинград қырғыны басталады. 

          Қыз бала: Сталинград қаласына миллиондаған бомбалар жарылып, фашистердің үлкен армиясы жұмылдырылды. Дегенмен, жаралы, отқа күйген қала жаумен шайқасын жалғастыра берді.

          Көркемсөз оқушы:

Нүркеннің ерлігі мен айбын-даңқын

Жырлайды домбыра алып ауылда ақын.

Есімі ескірмесін, ен даланың

Сөнбейтін алауындай лауылдасын.

Отырып самолеттіғ рулінде,

Самғаса көк аспанның бір өрінде.

Ілескен ұшарында тілектес боп,

Арқаның ескек желі жүрер бірге,

«Қазақтың жас жігіті көкті қалап,

Қалайша дәл осындай бітті қанат?»

Деген ой басына оның келе қалды,

Орманнан күн асқанда тік сағалап...

...Қаптаған штурмовик қырпып өтіп,

Қалады аспанға атқыш сыр-сыр етіп,

Танктер колоннасын қуып жетті,

От шашқан айналасын күркіретіп.

Нұркеннің машинасы осы жерде,-

Селк етті шығар шақта тосын өрге

Тынысы тұншыққаннан тарылғандай,

Икемі келмей қалды жосуға енді.

Самолет жанып тұрған шүйілерде,

Жауының төбесінен түйілерде.

Құрыш қол қатып қалып, дәл нұсқады,

Фашистік колонна жиын жерге.

Гүрс еткен жарылыстың үні естілді,

Көрсетті қызыл жалын бұл екпінді,

Желбіреп қызыл тудай қайсар жанның

Жеңісін жарлағандай үдеп тұрды!...  ()1942жылы 19 желтоқсанда Сталинград түбінде ерлікрен қаза тапқан Нүркен Әбдіровке қайтыс болғаннан соң Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

 

ДЕМАЛЫСТА

          Көркемсөз оқушы: Сағынышты қам көңілмен ұласып,

     Күз аспаны бірде күңгірт,

      Бірде ашық,

Қыршын қазақ отыр окоп ішінде,

Ән серігі – домбырамен сырласып

Сағынғаны Сарыарқаның өлкесі,

Сағынғаны Алатаудың өркеші,

Сағынғаны Ақжайықтың толқыны

Сағынғаны кербез сұлу еркесі (М.Әлімбаев «Бір жас қазақ»)

(Перде ашылады. Орман ішіндегі алаңқайда жауынгерлер – командирлер, солдаттар, мейірбикелер біреуі жерде жатыр, екінші түрегеп тұр, кейбіреуі ойланып отырады (театралдық топ). Барлығы Ұлы Отан соғыс жылдарындағы әскери киім киген. Орталарында тұмар үстінде  қолында домбырасы бар гимнастеркалы басы таңылған жас жігіт отырады.  Ол алыстағы Ұзынағаштан келген хатты шолып, оны оқып отыр... Бұл жауынгер жігіт ұлы Жамбылдың  баласы Әбіл болатын.)

          Жауынгер: («Дариға сол бір қыз» әнінің әуенімен)

«Жарығым! Сен өз достарың туралы жазыпсың. әрине, олардың бәрін біле бермеспін, көбінің жүзін де көрмеген шығармын, әйтсе де олар да өзіңдей ет-жақыным сияқты болып кетті. Мен олардың ерлігінен көз алмай қадағалаудамын. Әрдайым абыройлы болсын бәрі. : Біздің ата-бабаларымыз да қатты айқасты көп өткізген басынан. Батырларымыз бойынан бес қаруын тастамай, айлары мен жылдарын жорықта өткізген. Дені сау, дәті берік жігіттерге соғыс ауыртпалығы сөз бе екен.

          Біздің ержүрек жігіттерге ақ басты Жамбылдан сәлем айт. Абыройлы болыңдар, ұлдарым, сендер Отанға, партияға адал қызмет етіп жүрсіңдер, мен бәріңе де ризамын. Ердің ерлігі, жігіттің жігіттігі сыналар шақ бұл.

          Әттең, кәрілік! Әйтпесе, үйде отырар ма едім мен? Баяғының батырындай желеулі найза қолға алып, сауыт –сайман асынып, майданға мен де бармас па едім. Менің айтарымосы еді. Мен сендермен біргемін. Жеңіс тез келіп, туған ауылда жолығатын болайық. Әкең Жамбыл» 

          Жасөспірім: Ауыр шайқастардан кейін жауынгерлерге соғыстың ауыртпалығына төзу үшін аз да болса демалыс керек еді.

          Қыз бала: Әрине, жауынгерлер ертең алдарында өлім күтіп тұрғанын білді. Дегенмен, соғыста әзіл-қалжың, ән-мен күйді ұмытылмады.

        Көркемсөз оқушы:

Айтып болды дүние талай әнді,

Аспан жүзін таң алды, арай алды.

Жетсек деген бір сөзбен ел оянды.

 

Төрт жыл бойы жел соғып, дауыл келді,

Қала көрді қиындық, ауыл көрді.

Жеңіс, Жеңіс! Әке мен оның ұлын

Кездестірмей қойғаның ауыр болды.

 

Менде шықтым көшеге қарап елге,

Есікбай қарт ер салды қарагерге.

Жеңіс! Жеңіс! Анамның көз жасы юоп,

Тамып түсіп жаттың сен қара жерге.

 

Састырды ғой сол төрт жыл сабырлыны,

Сарғайды ғой, ананың сағым мұңы.

Келмейтінін әкемнің біліп анам,

Зар жылаған екен-ау со бір күні...

 

Қуанышқа кетті бір толып менен,

Желік басқа бүгінгі, көрік бөтен.

Тойға бардым мен мәз боп өз әкемді

Көрмеймін деп мен ойлап көріп пе екем.

 

Қандай ауыр болсаң да Жеңіс едің,

Аялайды арманың мені сенің.

Аямайды кәмпитті, береді аға,

Бәрін билеп ап кетті тегі сенім.

Бір жыр қалсын сонау бір ауыр кезден,

Әдет өзге ол кезде, ғұрып өзге.

Баққа сендік келетін көп кешікпей,

Бәрімізге қарайтын жылы көзбен.

Шуақты күн, мөлдір көл, мөлдір дала,

Шын бақыттың келгенін сендірді аға.

Жеңіс күнін тойлады біздің ауыл,

Өз әкесін ойлады әрбір бала.

Уақыт өзі бағасын берер кейін,

Құс боп ұшуға-дағы өлең бейім.

Жеңіс күні келгенде сол Жеңіспен

Әкем бірге келердей елеңдеймін...

                                                            (Т.Молдағалиев «Жеңіс күні»)

 

(Би биленіп болған соң, сапқа тұрып сахнадан шығып кетеді )

 

ПАРТИЗАНДАР

Абыржымай ақырын

Теңселеді қара орман,

Мұздай темір құрсанып

Түн қатады партизан.

 

Түн қатады партизан,

Қар құшады, мұз жайлап,

Қалтырамас біреуі

Көр қылсаң да ойбайлап.

Қатал қайсар жүрегі

Қайтпас боран кәрінен,

Қымбат елдің намысы

Партизанға бәрінен. (Ж.Саин “Түн қатады партизан”)

          Жүргізуші: Ұлы Отан соғысындағы партизандар қозғаалысы туралы, олардың ерлік қимылдары туралы тебіренбей айту мүмкін емес. Өйткені, қайталанбас тамаша ерліктері мен көрген ауыр азап, асқан қиындықтарын, таңғажайып табандылық көрсеткендердің ішінде қазақстандық жерлестеріміздің партизан қозғалысына, неміс басқыншылары басып алған жерлердегі қаһармандық күрестерінің алар орны ерекше. Олар Белоруссия ормандары ма, орыстың кең даласы ма, қай жерде соғысса да, өздерінің туған Қазақстанын, бүкіл елді,  халқының жүрегіне ең ыстық, ең қымбат нәрселердің бәрін қорғайтынын айқын білді.  Қасым Қайсенов, Әди Шәріпов. Балалар, партизан-жазушы Қасым Қайсеновтың “Жас партизандар”, “Илько Витряк”, “Жау тылындағы бала” тағы басқа кітаптарымен таныс боларсыңдар. Бұл оқырмандар ықыласына бөленіп, орыс, украин тілдеріне аударылған.

(айтылмай кеткен аманат: жаудың оғынан қаза тапқан партизандарға арналады)

... Күбірлеп сонда сөйледі ол,

Қолымды қатты бір қысып;

Жас жаны сая тапқандай,

Құтыдан жұтым суды ішіп:

-Анам бар ед алпыста,

Аппақ шашын күн сүйген,

Асыл еді жүрегі,

Айнымаған бір күйден,

Бесігіме телміріп,

Ай батқанша қараған.

Ақ уілдір бөбегін

Асқарлы шыңға санаған.

Айбарлы туың, ақ балаң

Алысқа кетті дегейсің,

Ажалменен айқасқан,

Шабыста кетті дегейсің.

Жауар күндей күркіреп,

Жауға төнді дегейсің.

Адам жегіш жетдеттіжаншып өлді дегейсің.

Он фашисті бір өзі

Қанға малды дегейсің.

Қайырылуға тынысы

Жетпей қалды дегейсің.

Ана сенің атыңды,

Ақтап өлді дегейсің,

Жүрегінде имандай

Сақтап өлді дегейсің!   

 

ЖЕҢІС

        Көркемсөз: «Біздің жауынгерлерді қыранмен, бүркітпен теңеуді қоятын кез жетті. Қазақ жігіиті Қошқарбаев өз жолдастарымен рейхстагқа ту тікті. Жанған от ішінде, ажал аузында ерлік көрсетті олар. Осындай ердің образын беру үшін бөлекше теңеу, бөлек поэзия керек» деп жазды орыстың белгілі жазушысы Б.Горбатов. Рақымжанның сол бір ерлігі уақыт өткен сайын ұрпақ алдында тұлғаланып келеді. Ерлік иесіне деген шалқар құрмет барған сайын шалқи түсуде.

        Жасөспірім: 1945 жылдың  1 мамырына қараған түні Рейхстагқа алғашқы Жеңіс туы желбіреді.

        Қыз бала: Күні кеше ғана қолдарына қару алып, кеңестік жауынгерлерінің айналаына қарсы соғысқа қатысқан неміс әскерінің әйелдері мен балалары, әкелері мен шешелері топталудаҮнсіздік жайлаған, бүлініп қираған Берлин қаласының тұрғындары алымен жасқана, біраздан кейін батылдана шыға бастады..

        Жасөспірім: Адамтөзгісіз шаршандыққа қарамастанмарлығы қуанышты еді

        Қыз бала: Жеңісті ұзақ күтті

(Осы кезде перде ақыындап ашылады. Сахнада гүл шоқтары жатады)

        Жасөспірім: Левитан былай деп есіне алады: Жеңіс күні хабарлай бергім

 

        Жасөспірім: Иә, біздер жеңіске жеттік. Біздермен бірге бүкіл Еуропа халқы да жеңіске жетті. Біздер жербетіне жеңіс туын тіктік. Бұл  күнді аңсап мыңдаған, жүз мыңдаған боздақ көз жұмды. Жеңіс жолында жанын пида етті. Тірі қалғандар көзінен жасы парлап тұрып сол күні қуанды. Жеңіс күні  Сұлтан, Нүркен, Әлия, Мәншүк, Бауыржан, Мәлік, Төлеген бастаған батырларын, жас өмірлерін қиған өзге де қыршындарын еске алу орынды. Соларды еске ала отырып, 9 мамырды Жеңіс мерекесі дейміз.

           Жеңіс күнін жақындатуға тылдағы миллиондаған еңбекші халық маңдай терін төкті, табан етін тауысты. Ұлы Жеңстен кейін ел есін жиды, етегін жапты. Миллиондаған халық соғыста қираған қалалар мен шаруашылықты қалпына келтіру үшін аянбай еңбек етті. Бүгінгі заманға жеттік. Қазақстан көп ұлтты мемлекет, бұл ұлы соғысқа жүздеген ұлт өкілдерінің барлығы қатысты. Бұл соғыс сол кездегі кеңес халқының басына келген нәубет еді. Сол апаттың бетін барлық халық бірігіп қайтарды.

        Қыз бала: Бір минут үнсіздік хабарлайды (барлығы тұрады)

        (Үнсіздік минутынан кейін перде ашылады. Сахнаға кешке қатысушылардың барлығы шығады)

        Жүргізуші: Ұлы Отан соғысындағы ұлы Жеңіс достық пен бірлікті жырлаған, ер намысы мен боп атылған, ел даусысы боп шақырған жеңіс. Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұландары жерін қорғады, халқының өмірін қорғады, өзі туған өңірін қорғады, ақ сүт берген анасын қорғады, ақ самал ескен даласын қорғады. Осы соғыста қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандар қаншама! Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігіміздің нұрындай мәңгі шуағын шашпақ! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  1  2  3  4  5  6  7  8  9  10    ..