СП РК 2.04-106-2012 ПРОЕКТИРОВАНИЕ ТЕПЛОВОЙ ЗАЩИТЫ ЗДАНИЙ (ҚР ЕЖ 2.04-106-2012) - 1

 

  Главная      Книги - Разные     СП РК 2.04-106-2012 ПРОЕКТИРОВАНИЕ ТЕПЛОВОЙ ЗАЩИТЫ ЗДАНИЙ (ҚР ЕЖ 2.04-106-2012)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

   

 

   

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

 

СП РК 2.04-106-2012 ПРОЕКТИРОВАНИЕ ТЕПЛОВОЙ ЗАЩИТЫ ЗДАНИЙ (ҚР ЕЖ 2.04-106-2012) - 1

 

 

 

 

 

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс 
саласындағы мемлекеттік нормативтер 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ 

 

Государственные нормативы в области 
архитектуры, градостроительства и строительства 
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

 

 
 
 
 
ҒИМАРАТТАРДЫҢ ЖЫЛУ ҚОРҒАНЫСЫН 

ЖОБАЛАУ 

ПРОЕКТИРОВАНИЕ ТЕПЛОВОЙ ЗАЩИТЫ 

ЗДАНИЙ 

 

 

 

ҚР ЕЖ 2.04-106-2012* 
СП РК 2.04-106-2012* 
 
 

Ресми басылым 
Издание официальное 

 
 
 

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму 
министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 
істері комитеті 
 
Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального 
хозяйства Министерства индустрии и инфраструктурного развития 
Республики Казахстан 

 

 

Астана 2019 

ҚР ЕЖ 2.04-106-2012* 
СП РК 2.04-106-2012* 

II 

АЛҒЫ

 

СӨЗ 

 

1

 

ӘЗІРЛЕГЕН: 

«ҚазҒЗСТҚСИ» РМК, «НТЦ» ЖШС

 

2

 

ҰСЫНҒАН: 

Қазақстан 

Республикасы 

Ұлттық 

экономика 

министрлігінің

 

Құрылыс  және  тұрғын  үй–коммуналдық 

шаруашылық  істері  және  жер  ресурстарын  баcқару 
комитетінің 

техникалық 

реттеу 

және 

нормалау 

басқармасы

  

 3 БЕКІТІЛГЕН

 

ЖӘНЕ

 

ҚОЛДАНЫСҚА

 

ЕНГIЗІЛГЕН: 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігі 
Құрылыс,  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  істері 
және  жер  ресурстарын  баcқару  комитетінің  2014  жылғы 
29-желтоқсандағы  №  156-НҚ  бұйрығымен  2015  жылғы             
1-шілдеден бастап 
 

Осы  мемлекеттік  нормативті  Қазақстан  Республикасының  сәулет,  қала  құрылысы 

және  құрылыс  істері  жөніндегі  Уәкілетті  мемлекеттік  органның  рұқсатынсыз  ресми 
басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды 

Қазақстан Республикасы Ұлттық  экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын  үй-

коммуналдық шаруашылық істері комитетінің техникалық және лингвистикалық тексеру 
жүргізу  тапсырмасына  (2016  жылғы  7  қарашадағы  №  38-02-5-1542  хаты)  сәйкес  құжат 
мәтіні өзгертілді  

Қазақстан  Республикасы  Индустрия  және  инфрақұрылымдық  даму

 

министрлігі 

Құрылыс  және  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  істері  комитетінің  2019  жылғы  1 
сәуірдегі №46-НҚ бұйрығына сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. 

 

ПРЕДИСЛОВИЕ 

 

1

 

РАЗРАБОТАН:  

РГП «КазНИИССА», ТОО «НТЦ»

 

2

 

ПРЕДСТАВЛЕН: 

Управлением 

технического 

регулирования 

и 

нормирования  Комитета  по  делам  строительства  и 
жилищно–коммунального 

хозяйства 

и 

управления 

земельными  ресурсами  Министерства  национальной 
экономики Республики Казахстан

 

3

 

УТВЕРЖДЕН

 

И 

 

ВВЕДЕН

 

В 

 

ДЕЙСТВИЕ: 

Приказом  Комитета  по  делам  строительства,  жилищно-
коммунального  хозяйства  и  управления  земельными 
ресурсами  Министерства  национальной  экономики 
Республики  Казахстан  от  «29»  декабря  2014  года                      
№ 156-НҚ с 1 июля 2015 года 
 

Настоящий  государственный  норматив  не  может  быть  полностью  или  частично 

воспроизведен,  тиражирован  и  распространен  в  качестве  официального  издания  без 
разрешения  Уполномоченного  государственного  органа  по  делам  архитектуры, 
градостроительства и строительства Республики Казахстан 

Текст документа откорректирован в соответствии с поручением Комитета по делам 

строительства  и  жилищно-коммунального  хозяйства  Министерства  национальной 
экономики  Республики  Казахстан  (письмо  №  38-02-5-1542  от  7  ноября  2016 года)  по 
технической и лингвистической проверке 
Внесены  изменения  и  дополнения  в  соответствии  с  приказом  Комитета  по  делам 
строительства  и  жилищно-коммунального  хозяйства  Министерства  индустрии  и 
инфраструктурного  развития  Республики  Казахстан  от  1  апреля  2019  года  №46-НҚ

ҚР ЕЖ 2.04-106-2012* 

 

III 

МАЗМҰНЫ 

 

КІРІСПЕ ........................................................................................................................................ V

 

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ ................................................................................................................ 1

 

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ............................................................................................... 2

 

3 ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР ................................................................................. 3

 

4 ЖЫЛУЛЫҚТЫ САҚТАУДЫҢ ТӘРТІБІ ................................................................................ 3

 

4.1 Ғимаратта жылу сақтауды жылутехникалық жобалау кезінде шешуді қажет 

ететін тапсырмалар ....................................................................................................................... 3

 

4.2 Құрылымдық қорщаулардың жылулықты сақтау ерекшеліктерін таңдау ............... 4

 

5 ЖЫЛУЛЫҚТЫ САҚТАУДЫ ЖОБАЛАУДЫҢ БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕРІ ....................... 4

 

5.1 Сыртқы ауа райы жағдайлары ...................................................................................... 4

 

5.2 Ішкі ортаның параметрлері ........................................................................................... 5

 

5.3 Құрылыс материалдарының сипаттамалары және құрылымдары ............................ 6

 

5.4 Жылытылатын аудандарды және көлемді ғимараттарды анықтау ........................... 7

 

6 ЖЫЛУЛЫҚ ҚОРҒАУДЫ НОРМАЛАНДЫРЫЛАТЫН ҰСТАНЫМДАРДЫ АНЫҚТАУ 

ДЕҢГЕЙІ ........................................................................................................................................ 8

 

7 ЖЫЛУЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІ ..................................................................... 12

 

8 СЫРТҚЫ ТЕРЕЗЕЛЕР МЕН ҚАБЫРҒАЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ ............................. 15

 

9

 

КЕШЕНДІ ЖЫЛУМЕН ҚАМТУ ЖОБАСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ ...................................... 16

 

9.1 Жарық өткізбейтін қоршау құрылымдары ................................................................ 17

 

9.2 Жылы шатыр төлелердің қоршау құрылымдары ..................................................... 20

 

9.3 Техникалық жертөлелерді қорғайтын құрылымдар ................................................. 24

 

9.4 Жарық өткізгіш қоршау құрылымдары ..................................................................... 25

 

9.5 Шыны лоджиялар мен балконды қоршау құрылымдары ........................................ 26

 

10 КЕШЕНДЕРДІҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІКТЕРІН КӨТЕРУ ............................... 27

 

11

 

ЖЫЛУ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ........................................................................................................ 28

 

11.1 Жылдың жылы мезгілінде қоршау құрылымдарының жылу тұрақтылығы ........ 28

 

11.2 Суық мезгілде кешен ішіндегі жылу тұрақтылығы ................................................ 32

 

12 КЕШЕН МЕН ҚОРШАУ ҚҰРЛЫМДАРЫНЫҢ АУА ӨТКІЗГІШТІГІ ........................... 38

 

13

 

ҚОРШАУ ҚҰРЫЛЫСТАРЫНЫҢ БУ ӨТКІЗГІШТІККЕ ДЕГЕН КЕДЕРГІСІ 

(ЫЛҒАЛДАН САҚТАУ) ............................................................................................................ 41

 

14 ЕДЕН БЕТКІ ҚАБАТТАРЫНЫҢ ЖЫЛУ ҚАБЫЛДАУ ЕСЕБІ ....................................... 43

 

15 ҒИМАРАТТАРДЫҢ ЖЫЛУ ҚАБЫЛДАУЫНЫҢ НОРМАЛАНҒАН КӨРСЕТКІШТЕРІ
 ....................................................................................................................................................... 45

 

16 ЖОБАНЫҢ «ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК» БӨЛІМІ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРАМЫ

 ....................................................................................................................................................... 45

 

16.1

 

Жалпы ережелер ........................................................................................................ 45

 

16.2

 

«Энергетикалық тиімділік» бөлімінің мазмұны ..................................................... 46

 

17

 

ҒИМАРАТТЫҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ПАСПОРТЫНЫҢ ДАЯРЛАНУЫ ....................... 47

 

А қосымшасы (міндетті) Құрылыс материалдары мен өнімдерінің жылу-техникалық 
көрсеткіштері ............................................................................................................................... 49

 

Б қосымшасы (міндетті) Жылуөткізуге қарсы қоршау құрылымдарын анықтау 

ҚР ЕЖ 2.04-106-2012* 
 

IV 

әдістемесіне қатысты температуралық аумақтар негізінде келтірілген ................................ 59

 

В қосымшасы (ақпараттық) Шық нүктесінің температуралары ............................................ 61

 

Г қосымшасы (ақпараттық) Қаныққан су буының парциалдық қысымдық түрлері Е , Па, 
түрленген температуралар мағыналарының түрлері үшін В=100,7 кПа ............................... 62

 

Д қосымшасы (ақпараттық) Жылу өткізгіштікке қарсылық ретінде көрсетілген R

0

r

, мөлдір 

емес элементтермен көлеңкелеу коэффиценті 

 , терезелердің, балкондық есіктер және 

шамдардың күн сәулесін өткізуге қатысты коэффиценті k .................................................... 65

 

Е қосымшасы (ақпараттық) Күн радиацияларының соммалық мағыналары ....................... 68

 

Ж қосымшасы (ақпараттық) Парақтық материалдарының бу өткізгіштікке қарсы 
есептемелер .................................................................................................................................. 69

 

 

 

 

ҚР ЕЖ 2.04-106-2012* 

 

КІРІСПЕ 

 

Осы  ережелер  жинағы  ғимараттың  жылулықты  сақтау  жобасында  қолданатын 

«Ғимараттар  мен  құрылыстардың,  құрылыс  құралдары  мен  бұйымдардың  қауіпсіздігіне 
талаптама»  Техникалық  регламенті  деректер  негізінің  нормативтік  құжаттарының  бірі 
болып табылады. 

Осы  ережелер  жиынтығы  ҚР  ҚН  2.04-03  «Ғимаратта  жылулықты  сақтауға» 

қатысты  қызметтік  сипаттамаларының  талаптарына  сәйкес  жарамды  шешімдер  мен 
параметрлер орнатады және олардың жалғыз орындау жолы болып табылмайды. 

Осы ережелер жиынтығы архитектура, қала құрылысы және құрылыс саласындағы 

мемлекеттік  көрсеткіштерді  айқындау  мен  дамытудағы  халықаралық  нормалау 
қағидаттарына сәйкес өнделген.  
 

 

ҚР ЕЖ 2.04-106-2012* 
 

VI 

БЕЛГІ ҮШІН 

 
 

ҚР ЕЖ 2.04-106-2012* 

СП РК 2.04-106-2012* 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ 

СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

 

ҒИМАРАТТАРДЫҢ ЖЫЛУ ҚОРҒАНЫСЫН ЖОБАЛАУ 

 

DESIGNING OF THERMAL PROTECTION OF BUILDINGS 

 

Енгізілген күні - 2015-07-01

 

 

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 

 
1.1 Ғимаратта жылулықты сақтауды жобалаудың ережелер жиынтығының мазмұны 

жобалаудың әдістерінен, қоршайтын құрылымдардың жылу техникалық  сипаттамаларын 
есептеуді,  ҚР  ҚН  2.04-03  «Ғимаратта  жылулықты  сақтаудың»  талаптарын,  сондай-ақ, 
шетелдік  стандарттарды  орындауға  мүмкіндік  беретін  ұсыныстар  мен  анықтама 
мәліметтерден тұрады. 

1.2 Ережелер  жинағының  қағидалары  жылу  ресурстарын  үнемдеуге  арналаған 

сәулеттік,  құрылыстық  және  инженерлік  шешімдерді  қолдану  арқылы  жылулық  әсерінің 
жиынтығын анықтап, тиімді жылу қолдану жүйесімен ғимараттарды жобалауға мүмкіндік 
береді.  

1.3  Ережелер  жиынтығында  ғимараттың  жылу  тепе-теңдігіне  сүйенген  жылулықты 

сақтау  деңгейлерін  таңдау  ұсыныстары,  келтірілген  біртекті  емес  құрылымдық 
қоршаулардың  жылу  өткізгіштігіне  қарсылығын  есептеу  арқылы,  ғимараттарда 
жылулықты  сақтау  көзқарасына  сәйкес  талаптардың  құрылымдық  және  сәулеттік 
шешімдер  ұсынылған.  Ғимараттың  жылу  энергетикалық  параметрлерінің,  сыртқы 
құрылымдық  қошаулардың  жылулықты  сақтаулығын,  ауа,  бу  өткізгіштіктің  қарсылығын 
анықтау  әдістері  ұсынылған,  ғимарат  төлқұжатының  электронды  нұсқасын  толтыру  түрі 
мен әдістемесі ұсынылған. 

Өңделген нормативті-техникалық құжаттың жобасы нақты ылғалды температуралық 

тәртіпті  қолдану  қажет,  ауданы  50  м

2

  асатын,  құрылып  жатқан,  қайта  құрылып  жатқан 

тұрғын  үйлерге, қоғамдық,  өндірістік, ауыл  шаруашылық және қоймалық  ғимараттарға ( 
одан әрі – ғимараттар) қолданылады. 

1.4 Ережелер жиынтығы келесі ғимараттарда жылулықты сақтауға қолданылмайды: 
- діни ғимараттар; 
- мерзімді  (аптасына  3  күннен  аз)  немесе  маусымдық  (жылына  3  айдан  кем 

тоқтаусыз) жылытылатын тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттар; 

- екі жылыту маусымына ғана қолданысқа алынған уақытша ғимараттар;

 

-

 

жылыжайлар, көшетханалар және тоңазытқыш ғимараттар; 

-

 

Кедендік Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес, мәдени мұра  

нысандары  болып  табылатын  (мәдени  және  тарихи  ескерткіштер)  ғимараттар, 

құрылыстар, құрылымдар; 

Қосалқы қолданыстағы құрылыстар, құрылымдар. 
Аталған  ғимараттардың  жылулықты  сақтау  деңгейін  тиісті  қағидалар  мен  ережелерге 

сәйкес  орнату  ұсынылады,  ал  егер  де  ондай  жоқ  болған  жағдайда,  санитарлық-гигиеналық 
нормаларды сақтай отырып, жеке меншик иесі (тапсырыс беруші) шешімімен орнатылады. 

Ресми басылым

 

ҚР ЕЖ 2.04-106-2012* 
 

1.5  Осы  Ережелер  жиынтығы,  тарихи-архитектуралық  мағынасы  бар  ғимараттарды 

қайта  құруда,  әр  нақты  жағдайда  олардың  тарихи  құндылығын  ескере  отырып,  билік 
мекемелерінің  шешімі  мен  мәдени  және  тарихи  ескерткіштерді  қорғау  саласындағы 
мемлекеттік бақылау мекемелерінің келісімімен ғана қолданылады. 

 

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 

 

Осы  Ережелер  жиынтығын  қолдану  үшін  келесі  нормативті  құжаттарға  сілтемелер 

қажет: 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 қаулысымен 

бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының 
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы 

№  169  бұйрығымен  бекітілген  Адамға  әсер  ететін  физикалық  факторларға  қойылатын 
гигиеналық нормативтер. 

Қазақстан Республикасы  Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы 

№  174  бұйрығымен  бекітілген  «Өндірістік  мақсаттағы  ғимараттарға  және  құрылыстарға 
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары. 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 

ҚР  ДСМ-29  бұйрығымен  бекітілген  «Әкімшілік  және  тұрғын  үй  ғимараттарына 
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары. 

ҚР  ҚН  2.04-21-2004*  Азаматтық  ғимараттардың  энергия  тұтынуы  және  жылулық 

қорғауы. 

ҚР ҚН 2.04-03-2011 Ғимараттардың жылу қорғанысы. 
ҚР ҚН 4.02-01-2011 Ауаны жылыту, желдету және кондиционерлеу. 
ҚР ЕЖ 2.04-01-2017 Құрылыс климатологиясы. 
ҚР ЕЖ 2.04-107-2013 

Құрылыстық жылу техникасы

.

  

МЕМСТ 12.1.005-88 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Жұмыс аймағының 

ауасына қойылатын жалпы санитариялық-гигиеналық талаптар. 

МЕМСТ  30494-2011  Тұрғын  және  қоғамдық  ғимараттар.  Үй-жайлардағы 

микроклимат параметрлері. 

МЕМСТ  26602.2-99  Терезе  және  есік  блоктары.  Ауа  және  су  өткізгіштікті  анықтау 

әдістері. 

МЕМСТ 26253-84 Ғимараттар мен құрылыстар. Қоршау конструкцияларының жылу 

тұрақтылығын анықтау әдісі.  

 
Ескертпе  -  пайдалану  кезінде  ағымдағы  жылғы  жағдай  бойынша  жыл  сайын  жасалатын  «Қазақстан 

Республикасының аумағында әрекет ететін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік 
құқықтық  актілер  мен  нормативтік  техникалық  құжаттардың  тізбесі»,  «Қазақстан  Республикасының 
стандарттау  жөніндегі  нормативтік  құжаттардың  көрсеткіштері»  және  «Қазақстан  Республикасының 
стандарттау  жөніндегі  мемлекетаралық  нормативтік  құжаттардың  көрсеткіштері»  ақпараттық  каталогтары 
бойынша  және  ай  сайын  шығарылатын  ақпараттық  бюллетеньдерге  сәйкес  сілтемелік  құжаттардың 
қолданылуын  тексеру  орынды  –  ағымдағы  жылы  жарияланған  журналдарға  және  стандарттардың 
ақпараттық сілтемелеріне. Егер сілтеме құжаты ауыстырылса (өзгертілсе), онда осы норматив қолданылған 
кезде  ауыстырылған  (өзгертілген)  құжатты  басшылыққа  алу  керек.  Егер  сілтеме  құжаты  ауыстырылмаған 
болса, онда оған сілтеме берілген Ережелерлер осы сілтемені қозғамайтын бөлігінде қолданылады. 

 

ҚР ЕЖ 2.04-106-2012* 

 

3 ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР 

 

Осы  ережелер  жиынтығында  қолданыстағы  нормативтік  құжаттарда  келтірілген 

тиісті  анықтамаларымен  бірге  терминдер  қолданылады,  сонымен  қатар,  келесі 
анықтамалар мен терминдер: 

3.1

 Ғимаратта  қосымша  жылу  бөлу: 

Бөлмедегі  адамдардан бөлінетін, қуат көзіне 

қосылған 

құрылғылардан, 

жабдықтардан, 

электрқозғалтқыштардан, 

жасанды 

жарықтандырудан және т.б., сондай-ақ, өтетін күн радиациясынан бөлінетін жылулар.  

3.2

 Ғимарат  алдының  шынылану  коэфициенті: 

Ғимарат  алдының  сыртқы 

құрылымдық  қошауларының  жалпы  ауданына,  жарық  өткізгіш  бөліктерін  қоса,  жарық 
өткізгіш бөліктер ауданының қатынасы.  

3.3 

Жылутехникалық  біртектіліктің  коэфициенті:

 Үзіндінің  ауданымен  бірдей 

шартты  құрылымдық  қоршаудың  үсті  арқылы  өтетін  жылу  ағымының  құрылымдық  қошау 
фрагменті арқылы өтетін жылу ағымына сандық тепе-тең қатынастың мөлшерсіз көрсеткіші.  

3.4 

Ғимараттың  жылытылатын  көлемі:

 Ғимараттың 

сыртқы  құрылымдық 

қоршауларының  ішкі  беттерімен  шектелінген  қабырғалар,  жабылған  (қайта  жабылған 
шатыр  асты),  қайта  жабылған  бірінші  қабаттың  едендері  немесе  жылытылатын 
жертөленің көлемі. 

3.5 

Ғимараттың  жылулық  сақтау  қаблеттілігі:

 Ғимарат  бөлмелерінің  рұқсат 

етілген шектеулерінен аспайтын ауа алмасуды есепке алғып, сонымен қатар, олардың ауа 
өткізгіштішін  және  бөлмелеріндегі  тиімді  микроклимат  параметрлерімен  шамадан 
ылғалдандырудан  қорғай  отыра,  ғимараттың  белгіленген  жылу  энергиясын  (келетін 
жылудың)  шығындауын  қамтамасыз  ететін,  ғимараттың  сыртқы  және  ішкі  құрылымдық 
қоршауларының жылулық сақтау қабілеттілік ерекшеліктерінің жиынтығы. 

3.6

  Ғимараттың  жылыту  кезеңіндегі  жылыту  мен  желдетуге  жұмсалған  жылы 

энергиясының  салыстырмалы  шығыны: 

Ғимараттың  жылу  жоғалтуын  өтеуге  қажет, 

соның  ішіндегі  бөлмелеріндегі  жылулық  және  ауа  нормалау  параметрлері  арқылы,  ауа 
алмасу  мен  қосымша  жылу  бөлінуді  есепке  ала  отырып,  жылыту  кезеңіндегі  тәуліктегі 
градусты  және  жылытатын  көлемнің  аудан  бірлігіне  немесе  аудун  бірлігіне  қатынасты 
жылу энергиясының нормаланған көлемі. 

3.7

 Ғимаратты 

жобалаудың 

энергетикалық 

төлқұжаты: 

Қолданыстағы 

ғимараттардың,  сонымен  қатар  ғимараттар  мен  олардың  қорғау  конструкцияларының 
жобаларының  энергетикалық,  жылу-техникалық  және  геометриялық  сипаттарынан 
тұратын  және  олардың  нормативтік  құжаттардың  талаптарына  сәйкестігі  мен 
энергетикалық тиімділігінің класын белгілейтін құжат. 

  

4 ЖЫЛУЛЫҚТЫ САҚТАУДЫҢ ТӘРТІБІ 

 
4.1 Ғимаратта  жылу  сақтауды  жылутехникалық  жобалау  кезінде  шешуді 

қажет ететін тапсырмалар  

 

*4.1.1 Сыртқы  климаттық  жағдайлардың  параметрлерін  анықтау  –  осы  Ережелер 

жинағының  5.1-тармағына  және  ҚР  ҚН  2.04-01  сәйкес,  ғимараттар  үй-жайларының 
ылғалдық режимі – құрылыстың тиісті тармағы үшін ҚР ҚН 2.04-03 талаптарына сәйкес, 
ішкі орта параметрлері – осы Ережелер жинағының 5.2-тармағына сәйкес 

(Өзгерт.ред. – 

ҚТҮКШІК 01.04.2019 ж. №46-НҚ бұйрық)

.  

4.1.2 ҚР  ҚН  2.04-03  талаптарына  сәйкес  С,  В  және  А  ғимараттың  жылу 

энергетикалық класын таңдау. 

4.1.3 Барлық  ғимараттардың  құрылымдық  қоршауларының  жылу  өткізгіштігіне 

ҚР ЕЖ 2.04-106-2012* 
 

қарсыласудың  бөлек  құрылымдық  қоршаулардың  нормаланған  мағынасын  немесе 
азаматтық (тұрғын үйлер мен қоғамдық) ғимараттарды жылыту үшін шығындалған жылу 
энергиясының нормаланған үлесін ҚР ҚН 2.04-03 талапатарымен тиісінше осы Ережелер 
жиынтығының 6 тармағына сәйкес жылулық сақтау деңгейін анықтау. 

4.1.4 Құрылымдық  қоршауларды  жобалау.  Жобалау  барсысында  осы  Ережелер 

жиынтығының  5.3  сәйкес  құрылыс  құралдары  мен  құрылымдардың  есептік 
сипаттамалары анықталады, осы Ережелер жиынтығының 9 бөліміне сәйкес құрылымдық 
қоршаулардың бөлек элементтерімен қоса ғимарат алдыңғы бөлігінің жылу өткізгіштігіне 
келтірілген қарсылықты есептейді, 4.1.3-де анықталған деңгейді нәтижемен салыстырып, 
қажеттілік  туындаған  жағдайда  тиісті  өзгертулер  құрылымдық  қоршаулар  жобасына  да 
жалпы ғимараттың жобасынада енгізеді; осы Ережелер жиынтығының 13 бөліміне сәйкес 
құрылымдық қоршаулардың шамадан тыс ылғалданудан қорғанысын тексереді. 

4.1.5  4.1.3-де  анықталған  жылу  өткізгіштікке  талапталған  қарсылықты  жарық 

өткізгіш  және  осы  Ережелер  жинағының  12  бөліміне  сәйкес  ауа  өткізгіш  құрылымдық 
қоршауларын таңдау. 

4.1.6 Осы  Ережелер  жинағының  11  бөліміне  сәйкес  жылдың  жазғы  мезгіліндегі 

құрылымдық  қоршаулардың  жылу  сақтау  қабілеттілігін  және  суық  кезеңіндегі 
бөлмелердің жылу сақтау қабілеттілігін қажет жағдайларда есептеу. 

4.1.7 Осы  Ережелер  жинағының  14  бөліміне  сәйкес  жылу  игерудің  нормаланған 

мағыналары бойынша едендердің құрылымдарын жобалау. 

4.1.8 Осы Ережелер жинағының 16 бөліміне сәйкес ғимаратта жылулықты сақтауды 

жобалауды «Энерготиімділік» жоба бөлімін дайындаумен аяқталады. 

 

4.2 Құрылымдық қорщаулардың жылулықты сақтау ерекшеліктерін таңдау 

 

6  бөлімде  құрылымдық  қорщаулардың  жылулықты  сақтау  ерекшеліктерін  таңдау 

тәртібі егжей тегжейлі келтірілген. Осы құжаттың қосымшаларында осы тапсырмалардың 
шешімін жеңілдеті мақсатында есептеудің тиісті мысалдары дайындалған.  

 

5 ЖЫЛУЛЫҚТЫ САҚТАУДЫ ЖОБАЛАУДЫҢ БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕРІ 

 

5.1 Сыртқы ауа райы жағдайлары 

 

*5.1.1 5.1.1  t

ext

,  °С  сыртқы  ауаның  есептік  температурасын  тиісті  қалалық  немесе 

ауылдық елді мекен үшін 0,92 қамтамасыз етілген ең суық бес күндік орташа температура 
бойынша  қабылдау  керек.  Нақты  пункт  үшін  деректер  болмаған  жағдайда  есептік 
температураны  ҚР  ЕЖ  2.04-01  көрсетілген  жақын  пункт  үшін  қабылдау  керек 

(Өзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 01.04.2019 ж. №46-НҚ бұйрық)

*5.1.2  Жылыту  кезеңінің  ұзақтығы  zht,  тәулік,  және  textav,  °C,сыртқы  ауаның  орташа 

температурасын жылыту кезеңі ішінде сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы 8°С-тан 
аспайтын  кезең  үшін,  ал  емдеу-алдын  алу,  балалар  мекемелері  мен  қарттарға  арналған 
интернат-үйлерін жобалау кезінде 10°С-тан аспайтын (ҚР ЕЖ 2.04-01, 3.1-кестенің 9, 10, 11, 12-
бағандары).  Нақты  пункт  үшін  деректер  болмаған  жағдайда  жылыту  кезеңінің  есептік 
параметрлерін ҚР ЕЖ 2.04-01 көрсетілген жақын пункт үшін қабылдау керек. Жылыту кезеңі 
ішінде Dd градусо-тәулік шамасын мына формула бойынша есептеу керек: 

D

d

 = (t

int

- t

ext

av

) z

ht

,     (1) 

мұнда t

int

 – ішкі ауаның есептік орташа температурасы, °С, 5.2.-тармақтың нұсқауларына 

ҚР ЕЖ 2.04-106-2012* 

 

сәйкес айқындалатын 

(Өзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 01.04.2019 ж. №46-НҚ бұйрық)

5.1.3  Жылыту  кезеңіндегі  сыртқы  ауаның  орташа  үлестік  салмағы  γ

a

ht

,  Н/м

3

  келесі 

формула бойынша есептеп шығару қажет 

 

 

  

               

   

  

 

 

 

 

(2) 

бұл жерде t

ext

av 

5.1.2 ,   С бірдей. 

5.1.4  Жылыту  кезеңіндегі  келетін  ауаның  орташа  тығыздығын  ?  келесі  формула 

бойынша есептеп шығару қажет 

 

 

  

                  

   

   

   

 

,   

 

 

(3) 

бұл жерде t

int

, 5.1.2 ,   С бірдей.  

t

ext

, 5.1.1 ,   С бірдей. 

 

5.2 Ішкі ортаның параметрлері 

 

Тұрғын  үйлер  мен  қоғамдық  ғимараттардың  ішіндегі  жайлылық  жағдайлары 

бойынша  ауа  параметрлерін  жылдың  суық  мезгілдерінде  1  кестеге,  жылдың  жылы 
мезгілінде 2 кестеге сәйкес анықтау қажет. Өндірістік бағыттағы ғимараттардың ішіндегі 
ауа параметрлерін МЕМСТ 12.1.005 және тиісті ғимараттар мен имараттарды жобалаудың 
нормаларына сәйкес қабылдау қажет. 

 

1-кесте – Жылдың суық мезгіліндегі ғимараттың ішіндегі оңтайлы температура 

мен рұқсат етліген ауаның қатынасты ылғалдылығы 

 

Ғимарат түрі 

Ғимарат ішіндегі ауа 

температурасы t

int

,   

С 

Ғимарат ішіндегі 

ауаның қатынасты 

ылғалдылығы φ

int % 

аспайтын 

Тұрғын үйлер 

20 – 22 

55 

Емханалар мен емдік мекемелер 

21 – 22 

55 

Мектепке дейінгі мекемелер 

22 – 23 

55 

Ескертпелер  
1  Кестеде  көрсетілмеген  ғимараттарға,  ғимараттың  ішіндегі  ауа  температурасын  t

int

,  ауаның 

қатынасты  ылғалдылығын  φ

int  % 

және  соларға  сәйкес  шық нүктесінің температурасын 30494  МЕМСТ  және 

тиісті ғимараттарды жобалау нормаларына сәйкес қабылдау қажет. 

2  Арнайы  жалпы  білім  беретін  мектеп  интернаттардың,  балаларды  сауықтандыратын  және  метепке 

дейінгі  мекемелердің  микроклимат  параметрлері  заңдық  күші  бар  санитарлық  қағидалар  мен  Денсаулық 
сақтау министрлігінің нормаларына сәйкес қабылдау қажет.

  

2-кесте – Жылдың жылы мезгіліндегі ғимараттың ішіндегі рұқсат етліген 

температура мен ауаның қатынасты ылғалдылығы 

Ғимарат түрлері 

Ғимарат ішіндегі ауа 

температурасы t

int

,   С 

Ғимарат ішіндегі ауаның 

қатынасты 

ылғалдылығы φ

int % 

аспайтын 

Тұрғын үйлер 

24 – 28 

60 

Емханалар мен емдік мекемелер 

24 – 28 

60 

Мектепке дейінгі мекемелер 

24 – 28 

60 

ҚР ЕЖ 2.04-106-2012* 
 

5.2.1  Тұрғын  үйлер  мен  қоғамдық  ғимараттардың  ішіндегі  ауа  ылғалдылығының 

қатынастық  есебі  1,2  кестенің  4  бағанада  белгіленген  көрсеткіштен  аспау  керек;  өндірістік 
бағыттағы  ғимараттардың  ішіндегі  ауа  ылғалдылығының  қатынастық  есебі  МЕМСТ  12.1.005 
және тиісті ғимараттар мен құрылымдарды жобалаудың нормаларына сәйкес болуы қажет. 

Құрылымдық  қоршаулардың  тұтыну  ережелерін  қамтандыруды  ғимараттың 

ылғалдану тәртібі мен ылғадану зоналарына сәйкес келесі жолмен қамтамасыз ету қажет: 

-  карта  бойынша  ылғалдану  зоналарын  (ылғалды,  орташа,  құрғақ)  анықтау,  соның 

ішінде мекеннің ылғалдану зонасының шекарасына түскен жағдайда ең ылғалды зонаны 
таңдау қажет; 

- ішкі ауаның температурасы мен ылғалдылығының қатынастық есебіне байланысты 

бөлменің ылғалдану тәртібін (құрғақ, орташа, ылғалды немесе дымқыл) анықтау; 

-  бөлменің  ылғалдану  тәртібі  мен  ылғалдану  зоналарына  байланысты  құрылымдық 

қоршаулардың тұтыну ережелерін бекіту ( А немесе Б). 

*5.2.2 Жылдың  суық  кезеңі  үшін  t

int

  тұрғын  және  қоғамдық  ғимараттардың  ішіндегі 

ауаның есептік температурасы адамға және МЕМСТ 30494 әсер ететін физикалық факторларға 
гигиеналық  нормативтерде  келтірілген  оңтайлы  температуралардың  ең  төменгі  мәндерінен 
төмен  болмауы  тиіс.  Адамға  әсер  ететін  физикалық  факторларға  гигиеналық  нормативтерде 
көрсетілмеген қалған ғимараттар үшін ауа параметрлерін МЕМСТ 12.1.005 бойынша оңтайлы 
температураның  ең  төменгі  мәндері  және  тиісті  ғимараттарды  жобалау  нормалары  бойынша 
қабылдау  керек.  Жылдың  жылы  кезеңі  үшін  t

int

  ғимаратының  ішіндегі  ауаның  есептік 

температурасы Адамға әсер ететін физикалық факторларға гигиеналық нормативтерде және 2-
кестесінде  келтірілген  МЕМСТ  30494  рұқсат  етілген  мәндерден  аспауы  тиіс 

(Өзгерт.ред.  – 

ҚТҮКШІК 01.04.2019 ж. №46-НҚ бұйрық)

 

5.2.3 Ғимараттың  қоршауларының  ішкі  бетінің  температурасы,  жылу  құрылғылары 

бар  (диафрагмалар,  тесіп  өтпелі  қосулары  цемент-құм  немесе  бетон  қосындыларынан, 
тақтааралық тораптар, қатты жалғаулар, көпқатпарлы тақталардағы икемді байланыстар,  
терезелік жиектеулер және т.б) бұрыштарда және терезелік еңістерде, ғимараттың ішіндегі 
шық  нүктесінің  температурасына  t

d

  (3-кесте)  қатынасты  ылғалдылыққа  қарағанда  j

int

 

болжамды қызу

 

t

int

 ішкі температураға қарағанда кем болуы керек (1-кесте).  

3-кестеде тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттарда шық нүктесінің қызуы t

1-кестеде 

сәйкестендірілген ең төменгі көрсетілген температураларда және қатынасты ылғалдылықтарда. 
 
 

3-кесте – Ғимараттың ішіндегі суық кезеңдерге арналған шық нүктесінің 

температурасы 

Ғимараттың түрі 

Шық нүктесінің 

температурасы

 

t

d

 ,°С 

Тұрғын, мектептік және басқа да қоғамдық ғимараттар 
(2 және 3 көрсетілгендерден басқа)  

10,7  

Емханалар және емдік мекемелер  

11,6  

Мектепке дейінгі мекемелер 

12,6  

 

5.3 Құрылыс материалдарының сипаттамалары және құрылымдары 
 

Жылулықты  сақтау  жобалауында  келесідей  құрылыс  материалдары  және 

құрылымдардың  есептік  көрсеткіштер  қолданылады  (пайдалану  үшін  қоршау 

ҚР ЕЖ 2.04-106-2012* 

 

құрылымдары А немесе Б) 

- жылу өткізгіштік есеп айырысу коэффиценті λ, Вт/(м·°С); 
- жылуды меңгеру коэффиценті (24 сағ. Кезеңде) 

s

, Вт/(м

2

·°С); 

- үлесті жылусыйымдылық (кұрғақ күйде) с

0

, кДж/(кг·°С); 

- буөткізгіштік  коэффиценті  µ,  мг/(м·ч·Па),  немесе  бу  өткізуге  қарсылық  R

vr

м

2

·ч·Па/мг; 

- ауааралық қабаттардың термиялық қарсылығы R

a.l

, м

2

·°С/Вт; 

- сертификатталған  қарсылықтардың  көрсетілген  терезелердің,  балкон  есіктерінің, 

фанарьлардың жылуөткізгіштік мағыналары 

 

 

 

, м

2

·°С/Вт; 

- сертификатталған  қарсылықтардың  мөлдір  емес  элементтермен  көлеңкелену 

коэффиценті t және терезелердің күн радиациясын салыстырмалы түрде өткізуі k; 

- ауаөткізгіштікке  қарсылық  R

a

,  м

2

·ч·Па/кг,  немесе  оның  сертификатталған 

мағыналары, м

2

·ч/кг, терезелер және балкон есіктері үшін; 

- қоршау бетінің күн радиациясын жұту коэффиценті ρ

s

- беттің жылулық сәуле шығару коэффициенті (жылулық эмиссиясы) ε. 

Ескертпе – Тиімді жылу оқшаулағыш материалдарының көрсеткіштері рұқсат етіледі (минералданған 

мақта, шыны  талшықты  және  полимерлік), сонымен бірге  А қосымшасында көрсетілмеген материалдар, Е 
қосымшасында  көрсетілген  жылу  техникасының  сынақтарына,  аккредитацияланған  сынақ  зертханасынан 
өткенге сәйкес қабылдау. 

 

5.4 Жылытылатын аудандарды және көлемді ғимараттарды анықтау 
 

5.4.1 Ғимараттың жылытылатын ауданын қабаттардың ауданы ретінде белгілеу тиіс 

(соның  ішінде  мансардттық,  жылытылатын  цокольдік  және  жертөлелік)  ғимараттар, 
сыртқы  қабырғаларының  ішкі  беттері  өлшенетін,  ауданды  қоса  алғанда,  орын  алатын 
аралықтармен  және  ішкі  қабырғалармен.  Дегенмен,  баспалдақ  алаңының  ауданы  және 
лифт шахтасы қабаттың аумағына кіреді.  

Жылы шатырлар және жертөлелер, жылытылмайтын техникалық қабаттар, жертөле 

(еден  асты),  суық  жылытылмайтын  дәліздер,  жылытылмайтын  баспалдақ  алаңының 
ауданы,  сонымен  бірге  суық  шатыр  немесе  оның  мансардқа  қолдануға  алынбаған  бөлігі 
ғимараттың жылытылатын аумағына кірмейді.  

5.4.2 Мансардттық  қабаттың  ауданын  анықтау  кезінде  төбенің  еңкейіңкі  биіктік 

ауданы 1,2 м көкжиекке қарай еңкейінкі күйінде 30°; 45°  - 60° күйінде 0,8 м; 60° немесе 
одан артық күйінде – аудан ірге бастырғыға дейін өлшенеді.  

5.4.3 Тұрғын  үйлердің  ауданы  ғимараттағы  бөлмелер  (мейманханалар)  және 

жатаржайлардың жалпы ауданымен есептелінеді.  

5.4.4 Ғимараттың  жылытылынатын  көлемі  бірінші  қабат  еденінен  соңғы  қабаттың 

төбесі аралығымен өлшенетін қабаттардың ішкі биіктік ауданына анықталады. 

Ғимараттағы  ішкі  көлемінің  күрделі  пішіндерінде  жылыту  көлемі  сыртқы 

қоршаулардың  ішкі  беттерінің  (қабырға,  жабын  немесе  шатырдағы  жабын,  цокольдік 
жабын) шектеулі кеңістік көлемдерімен анықталады,  

Ғимаратты  толтыратын  ауаның  көлемін  анықтау  үшін,  жылытылатын  көлем  0,85 

коэффицентке көбейтіледі. 

5.4.5 Сыртқы 

қоршатылған  құрылыс  ауданы  ғимараттың  ішкі  көлемімен 

ҚР ЕЖ 2.04-106-2012* 
 

анықталады. Сыртқы қабырғалардың жалпы ауданы (терезелік және есік ойықтарын қоса 
алғанда)  ішкі  бетінің  ғимараттың  ішкі  биіктігіндегі  сыртқы  қабырғалар  периметрімен 
бірінші  қабат  еденінен  соңғы  қабаттың  төбесі  аралығымен  өлшенетін  және  терезелік 
аудандар  және  есіктік  еңістерді  қоса  алғанда  қабырғаның  ішкі  беттер  тереңдігінен 
терезелік немесе есіктік блоктармен анықталады.  

Терезелердің  жиынтық  ауданы  жарықтағы  ойықтардың  көлемімен  анықталады. 

Сыртқы  дуалдардың  ауданы  (күңгірт  бөлігі)  сыртқы  қабырғалардың  жалпы  ауданының 
түрлілігімен және терезелердің ауданымен және сыртқы есіктермен анықталады.  

5.4.6 Сыртқы көлденең қоршаулардың ауданы (жабындар, шатырлық және цокольдік 

бөгеулер) ғимаратың қабатының ауданы ретінде анықталады (сыртқы қабырғалардың ішкі 
беттерінің шегінде). 

Бүркеудің  ауданы  соңғы  қабаттың  көлденең  төбелердің  беттерінде,  шатыр 

арқалығында шатырдың ішкі бетінің ауданы ретінде анықталады.  

 

6 ЖЫЛУЛЫҚ ҚОРҒАУДЫ НОРМАЛАНДЫРЫЛАТЫН ҰСТАНЫМДАРДЫ 

АНЫҚТАУ ДЕҢГЕЙІ 

Жалпы қағидалар: 
1 Ғимараттың түрін анықтайды. 
2 Сыртқы климаттық параметрлерді таңдайды. 
3 Ғимараттың дымқылдық деңгейін таңдайды. 
4 Энергетикалық тиімділікке қарап ғимараттың тобын таңдайды.  
6.1 ҚР ҚН

 

2.04-03 талаптамаларына қатысты, олардың бөлмелеріндегі микроклимат-

ты  берілген  жылулықты  шығыстау  мөлшерлемесімен  ғимараттарда  жылулылықты 
сақтауды  жобалау  негізгі  мақсат  болып  табылады.  Сондай-ақ  ғимарат  санитарлық-
гигиеналық жағдаймен де қамтамасыз етілуі керек. 

6.2 Ғимараттарда  жылуды  қорғаудың  негізгі  үш  өзара  қатынасты  келесідей  негізде 

қалыптасқан көрсеткіш:  

«а» 

  ғимаратта  құрылған  нормаланылатын  мағыналары  жылуөткізгіштікке  қарсы 

жылуды сақтаудың бөлек қоршатылған конструкцияларына;  

«б» 

 қызу құлауы көлемдерін қалыптастыратын өзара ішкі ауа температурасы және 

беткі  қоршалған  құрылымдарда  және  беттің  ішкі  қоршалған  құрылымдары  шық 
нүктесінен биік; 
   «в» 

  жылу  энергияларының  жылытуға  шығындалатын  нормаланған  көрсеткіштері, 

қоршатылған жылуқорғағыш құрылғылардың көлемдерімен түрлендіріп микроклиматтың 
нормаландырылатын параметрлерінің жүйесімен қоса алғанда;  

Егер тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жобалауға «а» және «б» немесе «б» және 

«в» топтарының талаптары сақталғанда және өндірістік бағыттағы ғимараттарға «а» және 
«б»  сақталған  кезінде  ҚР  ҚН

 

2.04-03  талаптары  орындалады.  Жобалау  жүргізілетін 

болатын  көрсеткіштерді  таңдау  жобалаушы  немесе  тапсырыс  беруші  мекеменің 
құзыреттілігіне  кіреді.  Амалдар  және  қолжетім  жолдары  аталған  нормаланатын 
көрсеткіштер жобалау кезінде таңдалады. 

«Б»  көрсеткіштерінің  талаптарына  қоршаушы  құрылымдардың  барлық  түрлері  сай 

болуы: адамның келуі кезінде жылы-жай шарттарымен қамтамасыз ету және ғимараттың 

ҚР ЕЖ 2.04-106-2012* 

 

ішіндегі беткейлердің ылғалдылықтан, суланудан және тат басуының алдын алу. 

6.3  «В»  көрсеткіштеріне  сәйкес  ғимаратты  жобалау  жылулықты  сақтау  кешенінің 

көлемін  анықтау  жолымен  сәулеттік,  құрылыстық,  жылутехникалық  және  инженерлік 
шешімдерді,  энергетикалық  ресурстарды  үнемдеуге,  сондықтан  қажет  болған  жағдайда 
әрбір  аталмыш  кезеңде  кішілікті  орнату,  «а»  көрсеткіштеріне  қарағанда  қоршалған 
құрылымдардың бөлек түрлеріне жылуөткізгіштікке нормаланатын қарсылық.  

6.4 Ғимаратты  жобалау  барысында  жылулылық  энергиясын  шығындаудың  есептік 

көрсеткіші  анықталады,  олар  қоршаған  құрылымдардың  жылусақтау  құрамына  тәуелді, 
үлкен  көлемді  бөлмелі  ғимараттың,  ғимараттың  бөлмелеріне  жылушығарғыш  және 
түсетін  күн  сәулесінің  энергия  мөлшері,  инженерлік  жүйелер  артықшылығы  бөлмедегі 
талап  етілетін  микроклиматты  және  жылуқамсыздандыру  жүйелерін  қолдайды.  Аталған 
есептік көрсеткіш нормаланатын көрсеткіштен артық болмауы керек. 

6.5 «В» көрсеткіштері бойынша жобалау келесідей артықшылықтар береді: 
- қоршағыш  құрылымдардың  берілген  жылуөткізгіштікке  қарсы  нормаланатын 

мағыналарының қол жеткізуінің бөлек элементтерінің қажет болмауы; 

-  Ғимаратты  кешендік  жылулықты  сақтау  жобалау  және  жылулықпен  қамтамасыз 

ету жүйелерін дұрыстығын тіркеу энергоүнемдеумен қамтамасыз етеді. 

- жобалау шешімдері және жобалауға үлкен таңдау бостандығын 
6.6 Ғимараттағы жылуды сақтаудың жобасы 1-кестеде көрсетілген.  
Қоршау  конструкцияларының  жылу  қорғау  қасиеттерін  таңдау  төменде  келтірілген 

кезектілікпен орындалуы керек: 

-  ҚР  ЕЖ  2.04-01  сәйкес  сыртқы  климаттық  параметрлерді  таңдайды  және  жылыту 

кезеңінің градусо-тәулігін есептейді; 

-  ғимарат  ішіндегі  микроклиматтың  оңтайлы  параметрлерінің  ең  аз  мәнін 

гигиеналық  нормативтер  бойынша  ғимараттың  мақсатына  сәйкес  Адамға  әсер  ететін 
физикалық  факторларға,  МЕМСТ  12.1.005  және  МЕМСТ  30494.  А  немесе  Б  қоршау 
конструкцияларын пайдалану шарттарын белгілейді; 

-  ғимараттың  көлемдік-жоспарлау  шешімін  әзірлейді,  k

e

des 

ғимараттарының жинақы 

көрсеткішін  есептейді  және  оны  нормаланған  мәнмен  салыстырады.  Егер  есептік  мән 
нормалаудан  артық  болса,  онда  нормаланатын  мәнге  қол  жеткізу  мақсатында  көлемдік-
жоспарлау шешімін өзгерту ұсынылады; 

-  «а»  немесе  «в»  көрсеткіштерінің  талаптарын  таңдайды 

(Өзгерт.ред.  –  ҚТҮКШІК 

01.04.2019 ж. №46-НҚ бұйрық)

 

 

ҚР ЕЖ 2.04-106-2012* 
 

10 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1-сурет – Ғимаратта жылуды сақтауды жобалаудың сұлбасы 

Жылулық қорғау көрсеткіш мөлшерінің сәйкестік тәсілін анықтау 

Қоршаушы құрылымдарға элемент нормалары 

бойынша 

Электртұтыну көрсеткіштері бойынша 

Градус-тәулік бойынша элементтік көлемдерді 

таңдау  

 

Жылу энергиясының 

өтемдік мөлшерін 

таңдау 

 

Элементтік мөлшерлерді анықтау бойынша 

 

 

 

Жылу энергиясын салыстырмалы шығындау 

бойынша болжау 

Тексеру 

 

Жылу энергиясын 

шығындау бойынша 

болжау  

Ішкі беттегі температураны шектеуіне қарай тексеру 

 

Қарсылыққа енген жылуөткізгіштікке, ауа өткізгіштікке, дымқылдықтан қорғанышқа, жылулықты 

сіңірудің жылуды тұрақтылығын, конденсаттың түспеуіне болжам.  «б» көрсеткіші бойынша тексеру. 

Ғимараттың Энергетикалық төлқұжаты 

«а» Көрсеткіштері 

«б» Көрсеткіштері 

Есептемелі көрсеткіштерді мөлшерленетін көрсеткіштерге сәйкестігін 

тексеру 

ЖОБАЛАУДЫ АЯҚТАУ 

Иә 

Жоқ 

Жобаны  
өзгерту 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

//////////////////////////