Главная Книги - Разные СП РК 1.04-101-2012 ОБСЛЕДОВАНИЕ И ОЦЕНКА ТЕХНИЧЕСКОГО СОСТОЯНИЯ ЗДАНИЙ И СООРУЖЕНИЙ (ҚР ЕЖ 1.04-101-2012)
поиск по сайту правообладателям
|
|
содержание .. 2 3 4 5 ..
ҚР ЕЖ 1.04-101-2012 43 - инженерлік-геодезиялық, инженерлік-геологиялық жә не инженерлік- гидрометеорологиялық іздеулер; - тексерілетін имараттың конструктивтік шешімдерін, қолданылатын материалдарының, арматуралау параметрлерінің беріктілік сипаттарын анықтау ж.с.с.; - ғимарат элементтерінің деформациясын анықтау; - қолданыстағы жүктемелер мен олардың реконструкциялаудан кейін өзгеруін анықтау жатады. 5.3.9 Конструктивтік шешімдерді анықтауды қолда бар жобалық-техникалық құжаттаманы жә не бақылайтын өлшеулерді қолдану арқылы орындау керек. Өлшеу үшін өлшеуіш, аспалар немесе геодезиялық аспаптар қолданылады. Қандай да бір сызба жоқ ә тижесінде нақты күш түсетін жүйе, сонымен қатар күш түспейтін элементте р жә не олардың күш түсетін элементтермен байланысы анықталуы керек. 5.3.10 Тексерген кезде, ең бірінші, қысылған элементтерге назар аудару керек, өйткені жіңішке қабырға тұрғысынан олардың қиысуы көбінесе беріктікпен емес, ә йкес келетіндігі анықталуы, сырықтардың тік сызықтығы, қосылыс енсіз жұқа тақтайшасы, ә сіресе қысылған сырықтарда бар болуы тексерілуі керек. Нормативтік майысудың, бұрылу бұрыштарының жә не элементтердің басқа орын ауысуының асып кетуі бар-жоқтығын анықтау керек. 5.3.11 Көпір имараттардың металл конструкциясының материалдарының сапасы имаратты қауіпсіз пайдалануға беруге жауапты ведомстволардың арнайы нормативтік ы ә дістеме бойынша жүргізіледі. Имараттың металл конструкциясының материалдарының сапасын жалпы бағалау үлгілерге механикалық сынақ жүргізу, химиялық жә не металл-графикалық талдау жолымен жүргізіледі. Механикалық сынаудың дайындамасы конструкцияның аз кернелген телімдерінен алынады (металл кесетін аспаппен араланады немесе автогенмен кесіледі). Дайындама өлшемдері сынауға арналған үлгілерді стандарттарға с ә йкес дайындау мүмкіндігін қамтамасыз етулері керек. Созуға сынау үшін бастапқы есептік ұзындығы мм үлгілерді қолданылады, мұнда Fo – үлгінің жұмыс бөлігіндегі көлденең қиысудың мм 2 берілген ауданы. Қалыңдығы 8...10 мм илемнен тегіс үлгілерді дайындауға арналған дайындаманы аралаған кезде минималдық өлшемдері ұзындық бойынша жә не ені 12...15 мм дайындаманы кесуге жол беріледі. Үлгілерді автогенмен кескен жағдайда сезілген сызық жағынан 60 мм дейінгі элементтің қалыңдығы жә не үлкен қалыңдық кезінде 30 мм кем емес ә діптер қалдырылуы керек. Созу мен соққылық тұтқырлыққа сынаудың сынамалары пішінді илеу сызығының бойынан алынады. |