СП РК 5.03-107-2013 НЕСУЩИЕ И ОГРАЖДАЮЩИЕ КОНСТРУКЦИИ (ҚР ҚН 5.03-107-2013) - 1

 

  Главная      Книги - Разные     СП РК 5.03-107-2013 НЕСУЩИЕ И ОГРАЖДАЮЩИЕ КОНСТРУКЦИИ (ҚР ҚН 5.03-107-2013)

 

поиск по сайту            правообладателям  

    

 

   

 

   

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

 

СП РК 5.03-107-2013 НЕСУЩИЕ И ОГРАЖДАЮЩИЕ КОНСТРУКЦИИ (ҚР ҚН 5.03-107-2013) - 1

 

 

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ
Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
КҮШ ТҮСЕТІН ЖӘНЕ ҚОРШАУ
КОНСТРУКЦИЯЛАРЫ
НЕСУЩИЕ И ОГРАЖДАЮЩИЕ
КОНСТРУКЦИИ
ҚР ҚН 5.03-107-2013
СП РК 5.03-107-2013
Ресми басылым
Издание официальное
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер
ресурстарын басқару комитеті
Комитет по делам строительства, жилищно-коммунального
хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства
национальной экономики Республики Казахстан
Астана 2015
СП РК 5.03-107-2013
АЛҒЫ СӨЗ
1 ӘЗІРЛЕГЕН:
«ҚазҚСҒЗИª АҚ, «ИННОБИЛДª ЖШС
2 ҰСЫНҒАН:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
және жер ресурстарын басқару комитетінің Техникалық
реттеу және нормалау басқармасы
3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
ҚОЛДАНЫСҚА
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
ЕНГІЗІЛГЕН:
және жер ресурстарын басқару комитетінің 2014 жылғы
«29ª желтоқсандағы № 156-НҚ бұйрығымен
ПРЕДИСЛОВИЕ
1 РАЗРАБОТАН:
АО «КазНИИСАª, ТОО «ИННОБИЛДª
2 ПРЕДСТАВЛЕН:
Управлением
технического
регулирования
и
нормирования Комитета по делам строительства,
жилищно-коммунального хозяйства и управления
земельными ресурсами Министерства национальной
экономики Республики Казахстан
3 УТВЕРЖДЕН И
Приказом Комитета по делам строительства, жилищно-
ВВЕДЕН В ДЕЙСТВИЕ:
коммунального хозяйства и управления земельными
ресурсам Министерства национальной экономики
Республики Казахстан от
«29ª декабря
2014 года
№ 156-НҚ
Осы мемлекеттік нормативті Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы
және құрылыс істері жөніндегі Уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатынсыз ресми
басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично
воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без
разрешения Уполномоченного государственного органа по делам архитектуры,
градостроительства и строительства Республики Казахстан
II
СП РК 5.03-107-2013
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
VII
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
4
4 ҚОЛАЙЛЫ ШЕШІМДЕР
4
4.1 Жалпы ережелер
4
4.2 Бетон жұмыстары
10
4.2.1 Бетондарға арналған материалдар
10
4.2.2 Бетон қоспалары
10
4.2.3 Бетон қоспаларын төсеу
11
4.2.4 Бетонды бабына келтіру және күтіп-баптау
16
4.2.5 Бетон конструкцияларын қабылдау кезінде сынау
14
4.2.6 Кеуекті толтырғыштар негізіндегі бетондар
14
4.2.7 Қышқылға және сілтіге төзімді бетондар
15
4.2.8 Қызуға төзімді және ерекше ауыр және радиациялық қорғауға арналған
бетондар
18
4.2.9 Бетон жұмыстарын ауа температурасы теріс болған жағдайларда жүргізу
18
4.2.10 Бетон жұмыстарын 25° С жоғары температурада жүргізу
21
4.2.11 Арнайы бетондау әдістері
22
4.2.12 Деформациялық жіктерді, технологиялық жырықтарды, ойықтарды,
саңылауларды ойып кесу және монолит конструкцияларының бетін өңдеу
24
4.2.13 Жіктерді цементтеу. Торкретирлеу және бетонды-шашып салу бойынша
жұмыстар
25
4.2.14 Арматуралық жұмыстар
25
4.2.15 Қалыптау жұмыстары
27
4.2.16 Бетон және темірбетон конструкцияларын немесе құрылыс бөліктерін
қабылдау
29
4.3 Құрама темірбетон және бетон конструкцияларын монтаждау
31
4.3.1 Конструкцияларды монтаждау параметрлері
31
4.3.2 Негіздер мен іргетастарды орнату
34
4.3.2.1 Негіздерді, іргетастарды және қадаларды орнату
34
4.3.2.2 Іргетастар блоктарын және ғимараттардың жерасты бөліктерінің
қабырғаларын орнату
34
4.3.3 Ұстындар мен жақтауларды орнату
34
4.3.4 Беларқаларды, арқалықтарды, фермаларды, жабындар мен аражабындар
плиталарын орнату
35
4.3.5 Қабырға панельдерін орнату
36
4.3.6 Желдету блоктарын, лифттер шахталарының көлемді блоктарын және
санитарлық-техникалық кабиналарды орнату
36
4.3.7 Ғимараттарды аражабындарды көтеру әдісімен салу
37
4.3.8 Салма және байланыстыру элементтерін дәнекерлеу және олардың
тоттандырмайтын жабыны, түйіспелер мен жіктерді құйып бекіту
37
III
СП РК 5.03-107-2013
4.3.9 Толық жинақталған ғимараттардың сыртқы қабырғаларын судан, ауадан
және жылудан оқшаулау
38
4.4 Болат конструкцияларын монтаждау
39
4.4.1 Конструкцияларды монтаждауға дайындау
39
4.4.2 Ірілендіріп жинақтау
39
4.4.3 Орнату, теңестіру және бекіту
40
4.4.4 Тартылуы бақыланбайтын бұрамалар негізіндегі монтаждық қосылыстар
40
4.4.5 Тартылуы бақыланатын беріктігі жоғары бұрамалар негізіндегі монтаждау
қосылыстары
42
4.4.6 Беріктігі жоғары дюбельдер негізіндегі монтаждалған қосылыстар
43
4.4.7 Арнайы монтаждалған қосылыстар
44
4.4.8 Монтаждалған дәнекерленген қосылыстар
45
4.4.9 Конструкцияларды алдын ала кернелеу
45
4.4.10 Конструкциялар мен құрылыстарды сынау
46
4.4.11 Бір қабатты ғимараттар конструкцияларын монтаждаудың қосымша
ережелері
46
4.4.11.1 Монтаждауға қойылатын талаптар
46
4.4.11.2 Қабылдау кезіндегі бақылауға қойылатын талаптар
47
4.4.12 Көп қабатты ғимараттар конструкцияларын монтаждаудың қосымша
ережелері
50
4.4.12.1 Конструкцияларды ірілендіріп жинақтау, конструкцияларды көтеру
және орнату
50
4.4.12.2 Монтаждау барысында негізгі конструктивті элементтердің
орнықтылығын қамтамасыз ету
51
4.4.12.3 Кіріктірме конструкцияларды монтаждау
51
4.4.12.4 Құрылымдық жабындар конструкцияларын монтаждау
52
4.4.12.5 Аспалы кермелік жабындар конструкцияларын монтаждау
53
4.4.12.6 Мембраналық жабындар конструкцияларын монтаждау
54
4.4.12.7 Қабылдау кезінде бақылауға қойылатын талаптар
54
4.4.13 Тасымалдағыш галерея конструкцияларын монтаждаудың қосымша
ережелері
55
4.4.14 Сұйық сақтайтын қойма конструкцияларын монтаждаудың қосымша
ережелері
56
4.4.14.1 Негіздер мен іргетастарды дайындау
57
4.4.14.2 Конструкцияларды құрастыру
59
4.4.14.3 Сұйық сақтайтын қойма конструкцияларын сынау және
жұмыстарды қабылдау
64
4.4.15 Антенналық байланыс құрылыстары мен сорып алатын құбырлар
мұнараларының конструкцияларын монтаждаудың қосымша ережелері
67
4.4.15.1 Іргетастар және болат арқандардан жасалған кергіштер
67
4.4.15.2 Конструкцияларды көтеру және орнату
68
4.4.15.3 Қабылдау кезіндегі бақылауға қойылатын талаптар
69
4.5 Ағаш конструкцияларын монтаждау
70
IV
СП РК 5.03-107-2013
4.5.1 Жұмыстарды өндіру және ағаш конструкцияларын қабылдау
70
4.5.2 Ағаш ұстындар мен тіректерді, арқалықтарды монтаждау
72
4.5.3 Ағаштан құрастырылған фермаларды монтаждау
72
4.5.4 Желімделген ағаш аркалар мен жақтауларды монтаждау
73
4.5.5 Желімделген ағаштан жасалған ойлы-қырлы мұнараларды монтаждау
74
4.5.6 Қабырға панельдерін және жабын плиталарын монтаждау
74
4.6 Жеңіл қоршау конструкцияларын монтаждау
75
4.6.1 Жеңіл қоршау конструкцияларын монтаждау кезінде жұмыстарды жүргізу
75
4.6.2 Хризотилцемент табақтардан, экструзиондық тақталар мен плиталардан
жасалған қоршау конструкциялары
75
4.6.3 Табақтап жинақталған және сэндвич-панелдерден жасалған жабынның
қоршау металл конструкцияларын монтаждау
76
4.6.4 Қаңқалы-қаптамалы арақабырғалар
79
4.6.5 Жеңіл жаппа панелдердан жасалған сыртқы қабырғалар
80
4.6.6 «Сэндвичª типті панельдерден жасалған қабырғалар
81
4.6.7 Қасбет жүйелері
83
4.7 Тас конструкциялар
86
4.7.1 Қалау жұмыстарын жүргізу
86
4.7.2 Керамикалық және силикат кірпіштен, пішіні дұрыс керамикалық, бетон,
силикат және табиғи тастардан қалау
87
4.7.3 Көп қабатты жеңілдетілген сыртқы қабырғаларды қалау
89
4.7.4 Көп қабатты қабырғалардың беткi қабатының конструкциясына және
материалдарына қойылатын талаптар
91
4.7.5 Қабырғаларды ірі пішінді керамикалық қуысты тастардан қалау
92
4.7.6 Қабырғаларды ірі силикат блоктарынан қалау
92
4.7.7 Қалау барысында қабырғаларды қаптау
93
4.7.8 Аркалар мен тоғыспаларды қалудың ерекшеліктері
94
4.7.9 Кесек тастан және кесектасты бетоннан қалау
95
4.7.10 Тас конструкцияларын қыс жағдайларында салу
96
4.7.11 Конструкцияларды кейіннен қыздыру арқылы нығайта отырып аязға
қарсы қоспаларымен және оларсыз ерітінділер негізінде қалау
96
4.7.12 Мұздату тәсілімен қалау
98
4.7.13 Жұмыстар сапасын бақылау
99
4.7.14 Реконструкцияланатын және зақымдалған ғимараттардың тас
конструкцияларын күшейту
100
4.7.15 Тас конструкцияларды қабылдау
102
4.8 Құрылыс конструкцияларының монтаждалған қосылыстарын дәнекерлеу
103
4.8.1 Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу
103
4.8.2 Болат конструкциялардың монтаждалған қосылыстарын құрастыру және
дәнекерлеу
105
4.8.3 Темірбетон конструкцияларының монтаждық қосылыстарын құрастыру
және дәнекерлеу
108
4.8.4 Монтаждық дәнекерленген қосылыстардың сапасын бақылау
111
V
СП РК 5.03-107-2013
4.8.4.1 Болат конструкциялардың дәнекерленген қосылыстарын қабылдау
кезінде бақылау
111
4.8.4.2 Темірбетон конструкцияларының дәнекерленген қосылыстарын
қабылдау кезінде бақылау
115
5 ӨНДІРІС ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ТАЛАПТАРЫ, ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН
ОРТАНЫ ҚОРҒАУ
117
6 ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ . 118
А қосымшасы (ақпараттық) Құрылыста цементтердің қолданылу саласы
120
Б қосымшасы (ақпараттық) Бетондарға арналған материалдар
123
В қосымшасы (ақпараттық) Бетондарға қоспаларды қолдану саласы
124
Г қосымшасы (ақпараттық) Монолитті конструкцияларды қыста бетондау кезінде
бетонды ең үнемді ұстау әдісін таңдау
127
Д қосымшасы (ақпараттық) Бетонды және темірбетонды өңдеу үшін ұсынылатын
ұнтақ және алмас құралы байланыстырғышының ұсынылатын
маркалары
128
Е қосымшасы (ақпараттық) Монолитті және темірбетон конструкцияларының
қалыптарын есептеу барысындағы жүктемелер мен деректер
129
Ж қосымшасы (ақпараттық) Құрылыстық қалау ерітінділерінің тұтқырлаушы
заттары және олардың құрамдары
132
И қосымшасы (ақпараттық) Ерітінділерге қосылатын аязға қарсы және
пластификациялайтын қоспалар, оларды пайдалану шарттары және
ерітіндінің болжалды беріктігі
135
VI
СП РК 5.03-107-2013
КІРІСПЕ
Осы ережелер жинағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау сапасын,
ғимараттар мен құрылыстардың ұзақ мерзімділігі мен сенімділігін, сондай-ақ техникалық
регламенттер талаптарына сәйкес адамдардың қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында
әзірленді.
Ережелер жинағы көтергіш және қоршау конструкцияларын салу мен монтаждаудың
қолайлы шешімдерін ұсынады, оның нәтижесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Қаулысымен бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен
бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарª техникалық регламентінің негізгі
талаптары жүзеге асырылады.
Осы ережелер жинағы ҚР ҚН «Күш түсетін және қоршау конструкцияларыª
белгіленген параметрлерді орындаудың бірден-бір әдісі болып табылмайды.
Осы ҚР ЕЖ «Күш түсетін және қоршау конструкцияларыª ережелер жинағын
әзірлеген кезде техника мен технология ғылымының жетістіктері, жұмыс өндірісінің озық
отандық және шетелдік тәжірибелері ескерілді.
VII
СП РК 5.03-107-2013
БЕЛГІ ҮШІН
VIII
СП РК 5.03-107-2013
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
КҮШ ТҮСЕТІН ЖӘНЕ ҚОРШАУ КОНСТРУКЦИЯЛАРЫ
НЕСУЩИЕ И ОГРАЖДАЮЩИЕ КОНСТРУКЦИИ
Енгізілген күні - 2015-07-01
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1.1 Осы ережелер жинағы кәсіпорындарды, ғимараттар мен құрылыстарды салу және
реконструкциялау кезінде көтергіш және қоршау конструкцияларды тұрғызу және
монтаждау бойынша орындалатын жұмыстарды жүргзу және қабылдау талаптарын
орындаудың қолайлы шешімдерін белгілейді.
1.2 Ережелер жинағы құрылыс алаңында бетон және темірбетоннан жинақталған
конструкцияларды монтаждау жұмыстары, оның ішінде жай ауыр, аса ауыр және басқа да
бетон түрлерінен монолитті бетон және темірбетон конструкцияларын жасау, бетондау
бойынша арнайы жұмыстарды орындау, көтергіш және қоршау конструкцияларды (болат,
ағаш, жинақталған темірбетон конструкцияларын және жеңіл тиімді материалдардан
жасалған конструкцияларды) монтаждау, керамикалық, силикаттық, табиғи және бетон
материалдарынан, оның ішінде кірпіштен, тастармен блоктардан, тас және
арматураланған тас конструкцияларын жасау, құрылыстық болат және темірбетон
конструкцияларының жинақтау қосылыстарын, арматура мен монолитті темірбетон
конструкцияларының салмалы бұйымдарының қосылыстарын дәнекерлеу кезінде
қолданылады.
Осы ережелердің талаптарын ғимараттар мен құрылыстар конструкцияларын
жобалау кезінде пайдалану керек.
1.3 Көтергіш және қоршау конструкцияларды салу және жинақтау жұмыстарын,
жұмыстарды атқарудың жобасына (ЖАЖ) сәйкес орындау қажет, сонымен қатар тиісті
нормативтік құжаттардың, құрылыс өндірісін ұйымдастыру және құрылыстағы қауіпсіздік
техникасы бойынша ережелер жинағының, құрылыс-жинақтау жұмыстарын орындау
кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын, сондай-ақ мемлекеттік қадағалау
органдарының талаптарын сақтау керек.
1.4
Автомобильдік
жол көпірлерінің,
құбырлардың,
туннельдердің,
метрополитендердің, аэродромдардың, гидротехникалық мелиорациялық және басқа да
құрылыстарды, оған коса шөгінді жерлерде, қосымша өнделетін аймақтарда және
сейсмикалық аудандарда салған кезде қосымша түрде сәйкес нормативтік-техникалық
құжаттардың талаптарын басшылыққа алу керек.
Ресми басылым
1
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы ережелер жинағын қолдану үшін келесі нормативтік құжаттар қажет:
ҚР ЕЖ 1.03-106-2012 Құрылыстағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы.
ҚР ЕЖ 2.01-101-2013 Құрылыс конструкцияларын тот басудан қорғау.
ҚР ЕЖ 2.04-104-2012 Табиғи және жасанды жарықтандыру.
ҚР ЕЖ 2.04-106-2012 Ғимараттардың жылу қорғанысын жобалау.
ҚР ЕЖ 3.03-112-2013 Көпірлер және құбырлар.
ҚР ЕЖ 5.01-101-2013 Жер имараттары, іргелер мен іргетастар.
ҚР ЕЖ 5.01-102-2013 Ғимараттар мен имараттардың іргелері.
ҚР ЕЖ 5.03-102-2013 Жиналмалы темірбетон конструкциялар мен бұйымдардың
өндірісі.
ҚР СТ 2150-2011 Желімделген ағаш конструкциялар. Жалпы техникалық шарттар.
ҚР СТ ISO 7089-2012 Жалпақ тығырықтар. Жай топтама. Класы және А бұйымдары.
ҚР СТ ISO 12439 Бетон қоспасына арналған су.
ҚР СТ EN 197-1-2011 Цемент.
1 бөлім. Қалыпты цементтер үшін құрамы,
спецификациясы және сәйкестік критерийлері.
ҚР СТ EN 206-1-2011 Бетон. 1 бөлім. Техникалық талаптар, көрсеткіштер, өндірісі
және сәйкестігі.
ҚР СТ EN 934-2-2011 Бетонға, ерітіндіге және инъекциялық ерітіндіге арналған
қоспалар.
2 бөлім. Бетонға арналған қоспалар. Анықтамасы, талаптары, сәйкестігі,
таңбалануы және заттаңбалануы.
ҚР СТ EN
10080-2011 Темірбетон конструкцияларына арналған арматура.
Пісірілетін арматура. Жалпы ережелер.
ҚР СТ EN 12350-2 Жаңа дайындалған бетон қоспасын сынау. 2 бөлім. Конустың
шөгуін анықтау.
ҚР СТ EN 12350-3 Жаңа дайындалған бетон қоспасын сынау. 3 бөлім. Вебе әдісі.
ҚР СТ EN 12620-2011 Бетонға арналған толтырғыштар.
ҚР СТ ГОСТ Р 12.4.026-2002 Дабыл түстері, қауіпсіздік белгілері және дабылдық
белгі. Жалпы техникалық шарттар және қолдану тәртібі.
ҚР СТ СТБ EN
1713-2008 Бұзылмайтын пісірме қосылыстарды бақылау.
Ультрадыбыстық әдіс. Пісірме жік ақауларының жіктелуі.
ГОСТ 9.014-78 Тоттану мен ескіруден қорғаудың бірыңғай жүйесі. Бұйымдардың
уақытша тоттануға қарсы қорғалуы. Жалпы талаптар.
ГОСТ 12.1.046-85 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Құрылыс. Құрылыс
алаңдарын жарықтандыру нормалары.
ГОСТ 379-95 Кірпіш және силикат тастар. Техникалық шарттар.
ГОСТ 530-2012 Кірпіш және керамикалық тас. Жалпы техникалық шарттар.
ГОСТ 969-91 Глиноземды және жоғары глиноземды цементтер. Техникалық
шарттар.
ГОСТ 2246-70 Дәнекерленетін болат сым. Техникалық шарттар.
ГОСТ 3242-79 Пісіру қосылыстары. Сапаны бақылау әдістері.
2
ГОСТ
5264-80 Қолмен доғалы пісіру. Пісіру қосылыстары. Негізгі типтері,
конструктивтік элементтері және өлшемдері.
ГОСТ 5686-2012 Топырақтар. Қадалармен далалық сынақ әдістері.
ГОСТ 5802-86 Құрылыс ерітінділері. Сынау әдістері.
ГОСТ 6402-70 Серіппелі тығырық. Техникалық шарттар.
ГОСТ 6996-66 Пісіру қосылыстары. Механикалық қасиеттерді анықтау әдістері.
ГОСТ 7473-2010 Бетон қоспасы. Техникалық шарттар.
ГОСТ 7512-82 Бұзбайтын бақылау. Пісіру қосылымдары. Радиографиялық әдіс.
ГОСТ 7566-94 Металл өнімі. Қабылдау, таңбалау, орау, тасымалдау және сақтау.
ГОСТ
8713-79 Флюспен дәнекерлеу. Пісірме қосылыстар. Негізгі типтері,
конструктивтік элементтері және өлшемдері.
ГОСТ
8267-93 Құрылыс жұмыстары үшін тығыз жыныстардан жасалған
қиыршықтас және малтатас. Техникалық шарттар.
ГОСТ 8736-93 Құрылыс жұмыстарына арналған құмдар. Техникалық шарттар.
ГОСТ 9087-81 Ерітілген пісіру флюстеры. Техникалық шарттар.
ГОСТ 9206-80 Алмас ұнтақтары. Техникалық шарттар.
ГОСТ 32496 Жасанды кеуекті малтатас, қиыршықтас және құм. Техникалық
шарттар.
ГОСТ 10178-85 Портландцемент және қожпортландцемент. Техникалық шарттар.
ГОСТ 10180-2012 Бетондар. Бақылау үлгілері бойынша беріктікті анықтау әдістері.
ГОСТ 10181-2000 Бетон қоспалары. Сынау әдістері.
ГОСТ 10243-75 Болат. Макроқұрылымды сынау және бағалау әдістері.
ГОСТ 10906-78 Қисық тығырықтар. Техникалық шарттар.
ГОСТ 10922-2012 Арматуралық және бітеу бұйымдары, пісіру қосылыстары,
пісірілген арматура және темірбетон конструкцияларының салма бұйымдары.
ГОСТ 11371-78 Тығырықтар. Техникалық шарттар.
ГОСТ 11533-75 Автоматты және жартылай автоматты флюс арқылы доғалы пісіру.
Сүйір және доғалыы бұрышты пісіру қосылыстары. Негізгі типтері, конструктивті
элементтері және өлшемдері.
ГОСТ 11534-75 Қолмен доғалы пісіру. Сүйір және доғалы бұрышты пісіру
қосылыстары. Негізгі типтері, конструктивті элементтері және өлшемдері.
ГОСТ 13015-2012 Құрылыс үшін темірбетон және бетон бұйымдары. Жалпы
техникалық талаптар. Қабылдау, таңбалау, тасымалдау және сақтау ережелері.
ГОСТ
14098-91 Темірбетон конструкцияларының арматурасы мен салмалы
бұйымдарының қосылыстары. Типтері, конструкциялары және өлшемдері.
ГОСТ 14771-76 Қорғау газымен доғалы пісіру. Пісіру қосылыстары. Негізгі типтері,
конструктивті элементтері және өлшемдері.
ГОСТ 14782-86 Бұзбайтын бақылау. Пісіру қосылыстары. Ультрадыбыстық әдістер.
ГОСТ 15150-69 Машиналар, аспаптар және басқа техникалық бұйымдар. Әр түрлі
климаттық аудандар үшін орындау. Сыртқы ортаның климаттық факторларының әсер ету
бөлігіндегі санаттары, пайдалану шарттары, сақтау және тасымалдау.
ГОСТ 15164-78 Электрқождық дәнекерлеу. Пісіру қосылыстары. Негізгі типтері,
конструктивті элементтері және өлшемдері.
3
ГОСТ
16037-80 Болат құбырларының пісіру қосылыстары. Негізгі типтері,
конструктивті элементтері және өлшемдері.
ГОСТ 18105-2010 Бетондар. Бақылау және беріктігін бағалау ережелері.
ГОСТ 18442-80 Бұзбайтын бақылау. Капиллярлық әдістер. Жалпы талаптар.
ГОСТ 20276-2012 Топырақтар. Беріктік және деформациялану сипаттамаларын
далалық анықтау әдістері.
ГОСТ 20850-84 Желімделген ағаш конструкциялар. Жалпы техникалық шарттар.
ГОСТ 20910-90 Қызуға төзімді бетон. Техникалық шарттар.
ГОСТ 21779-82 Құрылыстағы геометриялық параметрлердің дәлдігін қамтамасыз
ету жүйесі. Технологиялық рұқсат етулер.
ГОСТ 21780-2006 Құрылыстағы геометриялық параметрлердің дәлдігін қамтамасыз
ету жүйесі. Дәлдікті есептеу.
ГОСТ 22263-76* Таужыныстардан алынған қиыршықтастар және құмдар.
Техникалық шарттар.
ГОСТ 22266-2013 Сульфатқа төзімді цементтер. Техникалық шарттар.
ГОСТ 22355-77 Жоғары төзімді бұрамалары бар С дәлдік класының тығырықтары.
ГОСТ
22690-88 Бетондар. Беріктікті бұзбайтын бақылаудың механикалық
әдістерімен анықтау.
ГОСТ 23407-78 Құрылыс алаңдары мен құрылыс-монтаждау жұмыстарын өндіру
орындарындағы түгендеме қоршаулары. Техникалық шарттар.
ГОСТ 23518-79 Қорғайтын газдармен доғалы пісіру. Сүйір және доғалы бұрышты
пісіру қосылыстары. Негізгі типтері, конструктивтік элементтері және өлшемдері.
ГОСТ 23732-2011 Бетондар мен ерітінділерге арналған су. Техникалық шарттар.
ГОСТ 23858-79 Түйістік пісіру қосылыстары және темірбетон конструкцияларының
таврлық арматуралары. Сапаны бақылаудың ультрадыбыстық әдістері. Қабылдау
ережелері.
ГОСТ 24211-2008 Бетондар мен құрылыс ерітінділеріне арналған қоспалар. Жалпы
техникалық шарттар.
ГОСТ 24379.0-2012 Іргетас бұрамалары. Жалпы техникалық шарттар.
ГОСТ 25192-2012 Бетондар. Жіктелуі және жалпы техникалық шарттар.
ГОСТ 25820-2000 Жеңіл бетондар. Техникалық шарттар.
ГОСТ 26433.1-89 Құрылыста геометриялық параметрлердің дәлдігін қамтамасыз ету
жүйесі. Өлшеу ережелері. Зауыттық дайындау элементтері.
ГОСТ 26633-2012 Ауыр және ұсақ түйірлі бетондар. Техникалық шарттар.
ГОСТ 26887-86 Құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған алаңдар мен сатылар.
Жалпы техникалық шарттар.
ГОСТ 27006-86 Бетондар. Құрамын таңдап алу ережелері.
ГОСТ 30971-2012 Терезе блоктарының қабырға ойықтарына жанасу түйіндерінің
монтаждық жіктері. Жалпы техникалық шарттар.
ГОСТ 30515-2013 Цементтер. Жалпы техникалық шарттар.
Ескертпе
- Осы құрылыс нормаларын пайдаланған кезде ағымдағы жылғы жағдай бойынша
жасалатын «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының аумағында
қолданылатын нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілер тізбесіª,
«Қазақстан
4
Республикасының стандарттау бойынша нормативтік құжаттар көрсеткіштеріª және
«Қазақстан
Республикасының стандарттау бойынша мемлекетаралық нормативтік құжаттар көрсеткішіª ақпараттық
тізімдемесі және ай сайын шығатын тиісті ақпараттық бюллетень-журнал бойынша тексерген жөн. Егер
сілтеме құжат ауыстырылса (өзгерсе), онда осы нормативті пайдаланған кезде ауыстырылған (өзгертілген)
құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтеме құжат ауыстырусыз күшін жойса, онда оған сілтеме жасалған
ереже осы сілтемеге қатысы жоқ бөлігіне қолданылады.
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Осы ережелер жинағында келесі терминдер тиісті анықтамаларымен, сондай-ақ
берілген объектіге қатысты құрылыс нормаларында келтірілген терминдер мен
анықтамалар қолданылған.
3.1 Конструкцияның сенімділігі: Конструкцияның берілген функцияларды
белгіленген пайдалану көрсеткіштері мәндерінің мерзімін талап етілетін пайдалану,
техникалық қызмет көрсету, жөндеу, сақтау және тасымалдау режимдері мен шарттарына
сәйкес берілген шектерде сақтай отырып, орындау қабілеті.
4 ҚОЛАЙЛЫ ШЕШІМДЕР
4.1 Жалпы ережелер
4.1.1 Құрылыс алаңында жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу кезінде Қазақстан
Республикасының заңнамасы және ҚР ЕЖ 1.03-106 талаптары сақталуға тиіс.
4.1.2 Құрылыс алаңы ГОСТ 23407 талаптарына сәйкес қоршалуы және қауіпсіздік
белгілерімен және белгіленген нысандағы жазулармен ҚР СТ ГОСТ Р
12.4.026
талаптарына сәйкес белгіленуі керек. Құрылыс алаңы, жұмыс орындары, жұмыс
орындары, оларға апаратын жолдар мен кірме жолдар тәуліктің қараңғы уақытында
ҚР ЕЖ 2.04-106 және ГОСТ 12.1.046 талаптарына сәйкес жарықтандырылуға тиіс.
4.1.3. Ғимараттар мен имараттарды салу бойынша жұмыстарды бекітілген
ұйымдық-технологиялық құжаттама бойынша, оның ішінде жұмысты атқару жобасы
(ЖАЖ) бойынша жүргізу қажет.
4.1.4 Конструкциялар мен қондырғылар монтажын қатар орындауды жұмыстарды
қатарынан атқару тәртібі, монтаждық қабаттар мен аймақтардың өзара байланысты
схемасы, конструкциялар мен қондырғыларды көтеру кестесі бар ЖАЖ бойынша орындау
керек.
4.1.5 ЖАЖ монтаждық элементтерді орнатуға ауытқушылықтарды белгілеуі тиіс,
оның жағдайы барлық монтаждық жұмыстарды аяқтағаннан кейін олардың шекті
мәндерден аспау есебімен оларды тұрақты бекіту мен кезекті конструкциялармен жүктеу
процесінде өзгеруі мүмкін.
Тиісті негіздемелер кезінде жобаларға осы ережеде көзделгендерден
айрықшаланатын параметрлері дәлдігіне, бақылау көлемі мен әдісіне талаптар белгілеуге
жол беріледі. Нормативтік талаптар бойынша дәлдік есебі негізінде конструкциялардың
геометриялық параметрінің дәлдігін белгілеу керек.
4.1.6 Жұмысты орындаушы (мердігерші) оған орындау үшін берілген жобалық
құжаттамаға ішкі бақылауды орындауға, құрылыс салушыға
(тапсырысшыға) ол
5
анықтаған ақаулықтар тізбесін беруге, олардың қалпына келтірілуін тексеруге құқылы.
Жобалық құжаттамаға ішкі бақылауды орындау мерзімі шартта белгіленеді.
4.1.7 Ұсынылған жобалық құжаттамаға ішкі бақылау құрылыс ұйымының жобасын
(ҚҰЖ) және жұмыс құжаттамасын қоса алғанда, барлық ұсынылған құжаттаманы талдауы
тиіс, бұл жағдайда мыналарды тексеру керек:
- оның жиынтықтылығын;
- жобалық осьтік көлемдердің және геодезиялық негіздердің сәйкестігін;
- материалдар мен бұйымдарға сілтемелердің болуын;
- бақыланатын параметрлерге шекті мәндердің болуын;
- бақылау мен өлшеу әдісі туралы, оның ішінде тиісті нормативтік құжаттарға
сілтемелер түрінде нұсқаулардың болуын.
4.1.8 Жұмысты орындаушы бір мезгілде қажет жағдайда әзірлемеге жаңа
технологиялық әдістер мен қондырғылар қажеттігін, сондай-ақ қолданылуы жобалық
құжаттамада көзделген материалдар мен бұйымдарды алу мүмкіндігін анықтай отырып,
жобаны белгілі әдістермен іске асыру мүмкіндігін тексере алады.
Қажет жағдайда ЖАҚ құрамына тұрғызылатын конструкциялардың құрылыстық
технологиялылығын арттыруға бағытталған қосымша техникалық талаптар әзірленуі тиіс,
олар белгіленген тәртіппен жобаны әзірлеуші - ұйыммен келісілуі және атқарушылық
жұмыс сызбасына енгізілуі тиіс.
4.1.9 Жобалық құжаттама негізінде жұмысты орындаушы ғимараттар мен
имараттардың заттай бөлінген осьтерінің орналасу схемасын, осы осьтерді бекіту
белгілері мен монтаждық бағдарын, сондай-ақ конструкцияларды орналастыру схемасын
және осы осьтер мен бағдарға қатысты олардың элементтерін дайындауы тиіс.
Схемаларды заттай бөлінген осьтер мен бағдар шартының нәтижесінде әзірлейді,
олар құрылыстың барлық кезеңінде конструкция элементтері жағдайының дәлдігін
бақылаған кезде қадағалау үшін технологиялық қолжетімді болуы тиіс. Қажет жағдайда
бір мезгілде бар немесе геодезиялық бөлу жұмыстарының дәлдігін орындау мен бақылау
әдістемесін, монтаждық бағдарларды түсіру мен бекіту ережесін түзету немесе әзірлеу
керек.
4.1.10 Жобалық құжаттаманы алу бойынша жұмысты орындаушы оларға
қолданылатын сапаны өндірістік бақылаудың барлық түріне құжатталған рәсімдердің
ұйымдық-технологиялық құжаттамасының (оның ішінде ЖАЖ) болуын тексеруі, олардың
толықтығын тексеруі және қажет жағдайда оларды түзетуі, сондай-ақ жетпейтіндерді
әзірлеуі тиіс.
4.1.11 Жұмысты орындаушы қажет жағдайда қызметкерлерді оқытуды орындауы,
сондай-ақ жұмысты орындаушы жеке күшімен орындай алмаған сынақ түрлерін
орындауға аккредитацияланған зертханалармен шарт жасауы керек.
4.1.12 Сатып алынатын (алатын) материалдар мен бұйымдар сапасы көрсеткішінің
нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін ішкі бақылаумен тексереді.
Қажет жағдайда жоғарыда көзделген көрсеткіштерді бақылаулық өлшеу мен сынау
орындалуы мүмкін.
Осы өлшеулер мен сынақтардың әдістері мен құралдары нормативтік құжаттар
талаптарына сәйкес болуы тиіс.
6
Ішкі бақылау нәтижесі құжатталуы тиіс.
Алынатын материалдар мен бұйымдарды ішкі бақылау кезінде көзделген
материалдар мен бұйымдардың қауіпсіздігі мен сапасын айғақтайтын жеткізімшінің
(өндірушінің) ілеспе құжаттарының болуы мен мазмұны тексеріледі.
Нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келмейтін материалдар мен бұйымдар
қолданылған жұмыстарды оларды ауыстырғанға немесе жөндегенге дейін тоқтату керек.
Құрылыс салушы (тапсырысшы) жұмысты тоқтағаны және оның себептері туралы
хабардар болуы тиіс.
4.1.13 Бақылау мен сынақтарды тартылған аккредитацияланған зертханалар
орындаған жағдайда, олар қолданатын бақылау мен сынақ әдістерінің бақыланатын
өнімдерге белгіленген нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексеру.
4.1.14 Стандарттық емес бұйымдарды (конструкцияларды) тасымалдаған, сақтаған
кезде мынадай талаптарды сақтау керек:
- конструкциялар, әдеттегідей, тиісті жобалық (арқалықтар, фермалар, плиталар,
қабырға панельдері және т.б.) жағдайдағыдай болуы тиіс, ал осы шартты орындау мүмкін
болмаған кезде
- олардың беріктілігін қамтамасыз ету шартымен тасымалдау мен
монтажға беру (колонна, сатылық марштар және т.б.) үшін ыңғайлы жағдайда болуы тиіс;
- конструкциялар жобада көзделген орындарда орналастырылған құрал-жабдықтар
төсеміне және тік бұрышты қималар төсеміне тірелуі тиіс; көп қабатты арту және бір типті
конструкцияларды қалау кезінде төсемдер мен аралықтар көтергіш құрылғылардың желісі
(ілмек, саңылау) бойынша тігінен немесе жұмыс сызбасында көзделген басқа жерлерге
орналастырылуы тиіс;
- конструкциялар аударылудан, бойлық және көлденең жылжудан, бір-бірінен
немесе көлік құралдары конструкцияларының өзара соққыларынан қорғалуы үшін сенімді
бекітілуі тиіс; бекіту қалғандарының орнықтылығын бұзбай, көлік құралдарынан әрбір
элементті түсіру мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;
- фактураланған үстіңгі бет зақымдану мен ластанулардан қорғауы қажет;
- арматураларды шығару және шығыңқы бөлшектер зақымдалудан сақталуы тиіс,
зауыттық таңба тексеру үшін қолжетімді болуы тиіс;
- монтаждық қосылыстардың ұсақ бөлшектерін салу элементтеріне бекіту немесе бір
мезгілде бөлшектер белгілері мен олардың саны бар биркалармен жабдықталған
ыдыстағы конструкциялармен бірге салу керек; осы бөлшектерді шатырдың астында
сақтау керек;
- бекіткіш бұйымдарды түрі мен таңбасы бойынша, бұрандамалар мен сомындар -
беріктілік санаты мен диаметрі бойынша, ал жоғары беріктілікті бұрандамалар, сомындар
мен тығырықтар - партиялар бойынша сұрыпталған жабық үй-жайда сақтау қажет.
4.1.15 Егер қалау мен сақтаудың белгіленген ережесінің бұзылғаны анықталса,
жұмысты орындаушы оларды кешіктірмей қалпына келтіруі тиіс. Жұмысты орындаушы
дұрыс қаланбаған және сақталмаған материалдар мен бұйымдарды қолданғанда, мәселені
шешкенге дейін қажет жағдайда жобалаушы өкілін және мемлекеттік бақылау (қадағалау)
органын тарту арқылы құрылыс салушының (тапсырысшының) құрылыс сапасына залал
келтірусіз оларды қолдану мүмкіндігі тоқтатылуы тиіс. Бұл шешім құжатталуы тиіс.
7
4.1.16 Қалау кезінде бұйымды (конструкцияны) таңбасы бойынша сұрыптау және
монтаж кезектілігін ескере отырып қалау тиіс.
4.1.17 Кез-келген бұйымды
(конструкцияны) сүйретпемен ауыстыруға тыйым
салынады.
4.1.18 Тасымалдау мен сақтау кезінде ағаш конструкциялардың сақталуын
қамтамасыз ету үшін тіреуіш және конструкциялардың жұмсақ аралықтарымен және
төсемдермен жанасу орындарына орнатылған құрал-жабдық құрылғыларын (ложементті,
қамыттарды, контейнерлерді, жұмсақ стропаларды) қолдану, сондай-ақ оларды күн
радиациясының ықпалынан, кезекпе-кезек ылғалдану мен құрғаудан сақтау қажет.
4.1.19 Құрама конструкцияларды, әдеттегідей, көлік құралдары немесе ірілендіру
стендтері арқылы орнату керек.
4.1.20 Әрбір монтаждық элементті көтеру алдында мыналарды тексеру қажет:
- оның жобалық таңбаға сәйкестігін;
- салма бұйымдар мен орнату сызығының жағдайын, кірдің, қардың, қақтың,
өңдеуде, тегістеуде және бояуда зақымдалудың жоқтығын;
- жұмыс орнында қажетті біріктіру бөлшектері мен қосалқы материалдардың
болуын;
- жүк қармағыш құрылғылар бекіткішінің ақаусыздығы мен сенімділігін;
- сондай-ақ ЖАЖ сәйкес тас төсеу құралдарымен, сатылармен және қоршаулармен
жабдықтау.
4.1.21 Монтаждалатын элементтер стропын жұмыс сызбаларында көзделген
орындарда орындау және олардың көтерілуін және жобаға жақын жағдайға орнату орнына
беруді қамтамасыз ету қажет. Строптау орнын өзгерту қажеттілігі кезінде олар жұмыс
сызбасын әзірлеуші - ұйыммен келісілуі тиіс.
4.1.22 Монтаждалатын элементтерді кез-келген жерде строптауға тыйым салынады.
4.1.23 Ірілендірілген жазық және кеңістіктік элементтерді строптау элементті көтеру
кезінде олардың беріктігін, орнықтылығын және геометриялық көлемі мен пішінінің
өзгермеушілігін қамтамасыз етуі тиіс.
4.1.24 Монтаждалатын элементтерді жұлқымай, шайқамай және айналдырмай,
әдеттегідей тартқышты қолдану арқылы бірқалыпты көтеру қажет.
4.1.25 Монтаждық элементтерді орнау кезінде мыналар қамтамасыз етілуі тиіс:
- монтаждың барлық сатысында олардың жағдайының орнықтылығы мен
өзгермеушілігі;
- қауіпсіз жұмыс өндірісі;
- тұрақты геодезиялық бақылау көмегімен олардың жағдайының дәлдігі;
- монтаждық қосылыстардың беріктігі.
4.1.26 Элементтерді қабылданған бағдарлар бойынша
(сызық із, қадалық істік,
тіреуіш, шек және т.б.) жобалық жағдайға белгілеу қажет.
Арнайы салма немесе басқа тіркеуші құрылғылар бар элементтерді осы құрылғылар
бойынша орнату керек.
4.1.27 Қалыптауға дейін орнатылатын монтаждық элементтер сенімді бекітілуі тиіс.
8
4.1.28 Орнатылатын элементті дұрыстауды және сенімді (уақытша немесе жобалық)
бекітуды аяқтағанға дейін оған жоғарыдағыларға жататын конструкцияларды сүйеуге жол
берілмейді, егер мұндай сүйеу ЖАҚ қарастырылмаса.
4.1.29 Оларға жүк полиспасттарын бекіту үшін орнатылған конструкцияларды,
бұрып жіберетін блоктарды және басқа жүк көтергіш құрылғыларды қолдануға ЖАЖ
қарастырылған және қажет болған жағдайда конструкциялардың жұмыс сызбаларын
орындаған ұйымымен мақұлдасқан жағдайларында ғана рұқсат етіледі.
4.1.30 Сейсмикалық аудандарда кірпіштен және керамикалық кеуек тастардан
қалағанда мынадай талаптарды сақтау арқылы орындауы тиіс:
- тас конструкцияларды қалауды әрбір қатардағы конструкциялардың барлық
қалыңдығына жүргізу;
- қабырғаны қалау бір қатарлы (тізбекті) орамды қолдану арқылы орындалуы тиіс;
- қалаудың көлбеу, тік, көлденең және бойлық жапсарын қалаудың сыртқы
жағындағы ерітіндіні қию арқылы ерітіндімен толық толтыру керек;
- тұрғызылған қалаудағы уақытша (монтаждық) үзіктерді тек еңістік штрабпен
аяқтау және қабырғаларды конструктивтік армирлеу орнынан тыс жерге орналастыру
керек.
4.1.31 Құрамында үлкен тұз бар, олардың үстіңгі бетіне қатысатын кірпіш пен
керамикалық тастарды қолдануға тыйым салынады.
Кірпіштің, тастың және арқалықтардың үстіңгі беттерін қалау алдында шаң мен
кірден тазарту қажет:
- ыстық климатты аудандарда - су ағынында әдеттегі ерітіндімен қалау үшін;
- щетканың немесе сығылған ауаның көмегімен полимерцементтік ерітіндімен қалау
үшін.
4.1.32 Сыртқы ауаның кері температурасы кезінде ірі арқалықтарды монтаждауды
аязға қарсы қоспалар бар ерітінділермен жүргізу керек. Бұл жағдайда мынадай талаптарды
сақтау қажет:
- қалау жұмыстарын бастағанға дейін қабырға материалын алдын-ала ылғалдандыру
және ерітінді қоспасының су ұстау көлемі арасындағы оңтайлы қатынасын анықтау
керек;
- әдеттегі жоғары су ұстау қабілеті бар ерітінділерді (су бөлу 2 % көп емес) қолдану
қажет.
4.1.33 Ерітінділерді даярлау үшін, әдеттегідей, портландцементті қолдану қажет.
Полимерцементті ерітінділерді пайдалану үшін қож-портландцементке және пуццолондық
портландцементке жол берілмейді.
Ерітінділерді даярлау үшін ГОСТ
8736 талаптарын қанағаттандыратын құмды
қолдану қажет. Ұсақ толтырғыштардың басқа түрлерін олардың негізінде ерітінділердің
беріктік және деформациялық қасиетіне, сондай-ақ қалау материалдары арқылы жалғасу
беріктігіне зерттеу жүргізгеннен кейін пайдаланады. Полимерцементтік ерітінділерде ұсақ
түйіршікті сазды және шаңды бөліктердің жоғары маңызы бар құмдарды қолдануға
болмайды.
4.1.34 Полимерцементтік ерітінділерде кірпішті қалауды орындаған кезде қалау
алдында, сондай-ақ жинау кезеңінде қалау беріктігін ылғалдандыруға болмайды.
9
4.1.35 Қолмен қалау кезінде ерітіндінің қалыпты жалғасу беріктігін бақылауды 7
тәул. мөлшерінде жүргізу керек.
4.1.36 Жалғастыру көлемі 28-күндік мөлшердегі беріктіктің кемінде 50 % құрауы
тиіс. Жобалық көлемдегі тас қалауды жалғастыру беріктігінің сәйкессіздігі кезінде
жобалық ұйым мәселені шешкенге дейін жұмысты атқаруды тоқтату қажет.
4.1.37 Ғимараттарды салу кезінде қабырғалардағы текшелер мен жарылуларды,
аражабын плиталарының арасындағы аралықтарды және темірбетон қосымшалары,
белдеулер мен орамдар, сондай-ақ оларда орналастырылған арматуралар үшін белгіленген
басқа да жерлерді ерітінділермен және құрылыс қоқыстарымен ластауға жол берілмейді.
4.1.38 Жобада көзделген сейсмикаға қарсы жапсарлардың енін азайтуға тыйым
салынады.
4.1.39 Сейсмикаға қарсы жапсарларды қалыптар мен құрылыс қоқыстарынан босату
қажет.
4.1.40 Сейсмикаға қарсы жапсарларды кірпішпен, ерітіндімен, кесетін
материалдармен және т.б. бітеуге тыйым салынады.
4.1.41 Қосу және матау шығырларын орнату кезінде жобада көзделген саңылау
арқылы тік арматураға еркін кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.
4.1.42
Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын өндірістік бақылауды
қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жүзеге асыру тиіс.
Қабылдау бақылауында мынадай құжаттамалар ұсынылуы тиіс:
- конструкцияларды даярлаушы кәсіпорын, сондай-ақ жобалық ұйыммен - сызба
әзірлеушімен келісілген монтаждау ұйымы рұқсат еткен енгізілген негіздер бар (олар
болған кезде) атқарушылық сызбалар және оларды келісу туралы құжаттар;
- болат, темірбетон және ағаш конструкцияларға зауыттық техникалық паспорттар;
- құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын материалдардың
сапасын қанағаттандыратын құжаттар (сертификаттар, паспорттар);
- жасырын жұмыстарды куәландыру актілері;
- конструкцияларды аралық қабылдауға жауаптылар актілері;
- конструкцияның жағдайының атқарушылық геодезиялық схемалары;
- жұмыс журналдары;
- дәнекерлеу қосылыстарының сапасын бақылау туралы құжаттар;
- конструкцияларды сынау актілері (егер сынау осы ережелер жиынының ережесінде
немесе жұмыс сызбаларында көзделсе);
- қосымша ережелерде немесе жұмыс сызбаларында көзделген басқа да құжаттар.
Тиісті негіздеме кезінде жобаларға осы ережеде көзделгендерден айрықшаланатын
параметрлер дәлдігіне, бақылау көлемі мен әдісіне талаптар белгілеуге жол беріледі. Бұл
жағдайда конструкциялардың геометриялық параметрлерінің дәлдігін ГОСТ 21779 және
ГОСТ 21780 бойынша дәлдікті есептеу негізінде белгілеу керек.
4.1.43 Жобада жұмысты атқаруда (ЖАЖ) арнайы нұсқаулар болмаған жағдайда,
элементтердің ауытқушылық мөлшері орнату кезінде қабылдауға арналған шекті
ауытқушылықтың 0,4 аспауы тиіс.
10
4.1.44 Орындалған жұмыстар сәйкестігін бағалауды орындаған кезде бақылау
рәсімдеріне мемлекеттік қадағалау, авторлық қадағалау тиісті органдарының өкілі,
сондай-ақ қажет жағдайда тәуелсіз сарапшылар қатыса алады.
4.1.45 Жұмысты орындаушы үш жұмыс күнінен кешіктірмей қалған қатысушыларға
көзделген рәсімдерді өткізу мерзімі туралы хабарлайды.
4.1.46 Кезекті жұмыстармен жасырылатын жұмыстарды қабылдау нәтижелері
(жасырын жұмыстарды куәландыру) жобалық және нормативтік құжаттамалар
талаптарымен жасырын жұмыстарды куәландыру актілерімен ресімделеді.
Құрылыс салушы (тапсырысшы) анықталған ақаулықтарды қалпына келтіргеннен
кейін қайтадан куәландыруды талап етеді.
4.1.47 Жекелеген конструкциялардың, конструкциялар ярустарының (қабаттарының)
сәйкестігін бағалау рәсіміне жұмысты орындаушы осы конструкциялардың, геодезиялық
атқарушылық схемалардың құрамына кіретін барлық жасырын жұмыстарды
куәландыратын актілерді, сондай-ақ жобалық құжаттамада және (немесе) мердігерлік
құрылыс шартында көзделген жағдайда, конструкцияларды сынау хаттамаларын
тапсыруы тиіс.
4.1.48 Құрылыс салушы
(тапсырысшы) жұмысты орындаушы тапсырған
атқарушылық геодезиялық схемалардың дұрыстығына бақылау жүгізеді. Осы мақсатта
жұмысты орындаушы қабылдауды аяқтағанға дейін заттай бекітілген бөлу осьтері мен
монтаждық бағдарларды сақтау ытиіс.
4.1.49 Жекелеген конструкцияларды қабылдау нәтижелері конструцияларды аралық
қабылдау актілерімен ресімдеуі тиіс.
4.1.50 Көтергіш және ғимараттар мен имараттардың қоршау конструкцияларын салу
кезінде қолданылатын материалдар мен бұйымдарды
(конструкцияларды) ішкі
бақылаудың құжатталған нәтижелері, осы материалдарға, бұйымдарға (конструкцияларға)
сертификаттар мен паспорттар, операциялық бақылау мәліметтері, жасырын жұмыстарды
куәландыру актілері, жекелеген конструкцияларды аралық қабылдау актілері, басқа
құжаттар қатарындағы геодезиялық атқарушылық схемалар құрылыс аяқталған
ғимараттар мен имараттарды қабылдауда тапсырылады.
4.1.51 Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау туралы мәліметтер, оның ішінде
операциялық бақылау нәтижелерін күнделікті құрылыс конструкцияларын монтаждау,
дәнекерлеу жұмыстары, дәнекерлік қосылыстарды тот басудан қорғау, монтаждық
түйыстер мен тораптарды монолиттеу, бақыланатын кернеу бар бұрандамаларда
монтаждық қосылыстарды орындау бойынша жұмыс жоспарына сапа менеджменті
жүйесінің тиісті құжаттарына енгізу, сондай-ақ конструкцияларды монтаждау барысы
бойынша олардың геодезиялық атқарушылық схемалардағы жағдайын белгілеу қажет.
4.2 Бетон жұмыстары
4.2.1 Бетондарға арналған материалдар
4.2.1.1 Бетон қоспасын дайындауға арналған цементтерді осы ережелерге
(А қосымшасын қараңыз) және ҚР СТ EN 197-1, ГОСТ 30515 сәйкес таңдап алу қажет.
11
Цементтерді қабылдау, тасымалдау және сақтау ҚР СТ EN 197-1, ГОСТ 30515 және
ҚР ЕЖ 5.03-102 бойынша жүзеге асырылады.
4.2.1.2 Жол және аэродром жабындарының бетондары, түтін және желдету
құбырлары, темірбетон шпалдары, желдету және мұнара градирнялары, жоғары вольттық
желілер тіректері, көпір конструкциялары, темірбетонды тегеурінді және тегеурінсіз
құбырлар, тірек бағандары үшін минералдық құрамы ГОСТ 10178, ГОСТ 26633 бойынша
нормаланған клинкердің негізінде жасалған портландцементті пайдалану қажет.
4.2.1.3 Бетондарға арналған толтырғыштар Б қосымшасында көрсетілген
нормативтік құжаттарға сәйкес келуі тиіс.
4.2.1.4 Бетон қоспаларының технологиялық қасиеттерінің және бетондардың
пайдалану қасиеттерінің талап етілген деңгейіне қол жеткізу үшін химиялық қоспаларын
немесе олардың кешендерін Б және В қосымшаларға сәйкес пайдалану керек.
4.2.1.5 Бетон қоспасын тығындауға және химиялық қоспалар ерітінділерін
дайындауға арналған су ҚР СТ ISO 12439, ГОСТ 23732 сәйкес болу керек.
4.2.2 Бетон қоспалары
4.2.2.1 Бетон қоспасын бөліп дайындау технологиясымен әзірлегенде төмендегідей
реттілігік сақталуы қажет:
- жұмыс істеп жатқан жылдам араластырғышқа су, құмның бір бөлігі, ұсақ
ұнтақталған минералды толтырғыш
(қолданылған жағдайда) және цемент өлшеніп
салынған соң барлығы араластырылады;
- пайда болған қоспаны қалған толтырғыштар мен су алдын ала құйылған
бетонараластырғышқа салады да, тағы да барлығын араластырады.
4.2.2.2 Пайдалануға дайын және құрғақ бетон қоспаларын ГОСТ 7473 талаптарына
сәйкес дайындайды, тасымалдайды және сақтайды.
Бетон қоспаларының құрамына, дайындалуына және тасымалдануына қойылатын
талаптар 1-кестеде келтірілген.
1-кесте - Бетон қоспаларының құрамына, дайындалуына және тасымалдануына
қойылатын талаптар
Бақылау (әдісі,
Параметрі
Параметрдің шамасы
көлемі, тіркеу түрі)
1 Түйіршіктері ірі болған жағдайда ірі
ҚР СТ EN 12620,
толтырғыштың
фракцияларының
ГОСТ 8267
саны, мм:
бойынша өлшеу
бақылауы,
жұмыстар журналы
40 дейін
Екеуден кем емес
40 артық
Үшеуден кем емес
12
2 Толтырғыштардың төмендегілер
үшін ең жоғары ірілігі:
темірбетон конструкциялары
Арматура шыбықтарының
арасындағы ең қысқа ара
жоғарыдағыдай
қашықтықтың 2/3 бөлігінен артық
емес
плиталар
Плита қалыңдығының ½ бөлігінен
артық емес
жұқақабырғалы конструкциялар
Бұйым қалыңдығының
1/3-1/2 бөлігінен артық емес
бетонсорғысымен айдап қотару
Құбырдың ішкі диаметрінің
кезінде:
0,33 артық емес
Оның ішінде ине және тақтайша
пішінді ең ірі түіршіктер
Салмағы бойынша 15 % артық емес
Бетонтасығыштармен айдап қотару
ҚР СТ EN 12620,
кезінде құрамындағы құмның ірілігі:
ГОСТ 8736
бойынша өлшеу
0,14 мм кем емес
5 % бастап 7 % дейін
бақылауы,
0,3 мм кем емес
15 % бастап 20 % дейін
жұмыстар журналы
4.2.3 Бетон қоспаларын төсеу
4.2.3.1 Тасты негізді бетондау алдында жұмыс жапсарларының көлбеу және еңіс
бетон үстіңгі беттері қоқыстан, кірден, майдан, қар мен мұздан, цементтік қабықшалардан
тазартылуы тиіс.
Бетон қоспаларын тікелей қалау алдында тазартылған үстіңгі беттер сумен шайылуы
және ауа ағынымен құрғатылуы тиіс.
4.2.3.2 Бетон қоспаларын бетондалатын конструкцияларға қалауды барлық қабаттың
бір жағына бірізді қалау бағытымен, үзусіз бірдей қалыңдықта горизонталь қабатпен
қалау қажет.
4.2.3.3 Бетон қоспаларын нығыздау кезінде арматураға және салма бұйымдарға,
тартпаға және қорама қалыпты бекітудің басқа элементтеріне дірілді қоюға жол
берілмейді.
4.2.3.4 Бетон қоспасының келесі қабатын қалауға алдыңғы қабат бетонды алуды
бастағанға дейін жол беріледі. Бетон қоспасының аралас қабаттарын қалау аралығындағы
үзілістің ұзақтығын жұмыс жапсарын құрусыз құрылыс зертханасы белгілейді.
4.2.3.5 Терең дірілдеткіштің бетон қоспасына бату тереңдігі оның бұрын төселген
қабаттың
(5-10) см дейін батуын қамтамасыз етуге тиіс. Терең дірілдеткіштердің
ауыстыру аралығы олардың әсер ету радиусының бір жарым бөлігінен аспау керек, ал
үстірт дірілдеткіштердің ауыстыру аралығы дірілдеткіш алаңымен дірілдетілген жері
шегінің 100 мм жабылуын қамтамасыз етуге тиіс.
13
4.2.3.6 Төселген бетон қоспасының үстіңгі деңгейі қалып қалқандары үстінен
(50-70) мм төмен болу керек.
4.2.3.7 Бетон қоспасын үзіп-үзіп қалау кезінде құралатын жұмыс жіктерінің беті
бетондалатын ұстындар мен арқалықтардың осіне, плиталар мен қабырғалардың бетіне
перпендикулярлы болуға тиіс. Бетонның беріктігі 1,5 МПа кем емес шамаға жеткеннен кейін
қайта бетондауға рұқсат етіледі. Жұмыс жіктерін жобалау ұйымымен келісе отырып
төмендегілерді бетондау кезінде жасауға жол беріледі:
- ұстындарды - іргетас үсті, жүгіртпе асты, арқалықтар мен кранасты консолі, кранасты
арқалықтар үсті, ұстындар әсембағандарының асты белгілеулерінде;
- плиталармен тұтасқан үлкен көлемді арқалықтарды - плитаның төменгі беті белгісінен
(20-30) мм төмен, ал плитада доғалы қиыстар болған жағдайда - плита доғалықиысы астының
белгілеулерінде;
- жалпақ плиталарды - кез-келген плитаның ең кіші жағына параллельді жерде;
- қырлы аражабындарды - екінші дәрежелі арқалықтарға параллельді бағытта;
- жеке арқалықтарды - арқалықтар аралығының ортаңғы үштен бір бөлігінің шегінде,
жүгіртпелер мен плиталар аралығының екі ортаңғы төрттен бір бөліктерінің шегіндегі негізгі
арқалықтарға (жүгіртпелерге) параллельді бағытта;
-
сілемдерді,
аркаларды, тоғыспаларды, сұйыққоймаларды, бункерлерді,
гидротехникалық құрылыстарды, көпірлерді және басқа да күрделі инженерлік құрылыстар
мен конструкцияларды - жобаларда көрсетілген жерлерде.
4.2.3.8 Бетон қоспаларын қалауға және тығыздауға қойылатын талаптар 2-кестеде
келтірілген.
2-кесте - Бетон қоспаларын қалауға және тығыздауға қойылатын талаптар
Бақылау (әдісі, көлемі,
Параметрі
Параметрдің шамасы
тіркеу түрі)
1 Цемент пленкасынан төмендегі тәсілмен
төмен емес, МПа:
ГОСТ 10180, ГОСТ 18105,
тазарту кезіндегі бетон негіздері беттерінің
ГОСТ 22690 бойынша өлшеу
беріктігі:
бақылауы, жұмыстар журналы
сумен және су ағысымен
0,3
механикалық металл щеткамен
1,5
гидроқұмағыстық немесе механикалық
5,0
фрезамен
2
Бетон
қоспасын
төмендегі
артық емес, м:
Өлшеу, бір ауысымда екі рет,
конструкциялар қалыпына еркін тастау
жұмыстар журналы
биіктігі:
ұстындардың
5,0
аражабындардың
1,0
қабырғалардың
4,5
14
құрғақ және тұтас топырақтардағы сирек
4,5
арматураланған
жерасты
3,0
4,5
конструкцияларының
3,0
жиі арматураланған
құрғақ және тұтас топырақтардағы сирек
арматураланған
жерасты
конструкцияларының
жиі арматураланған
3
бетон
қоспасының
төселетін
Дірілдеткіштің жұмыс
Өлшеу, бір ауысымда екі рет,
қабаттарының қалыңдығы:
бөлігінің ұзындығынан
жұмыстар журналы
(5-10) см төмен
қоспаны ауыр аспалы тігінен орналасқан
дірілдеткіштермен тығыздау кезінде
қоспаны ауыр аспалы тігінен орналасқан
Дірілдеткіштің жұмыс
дірілдеткіштермен тығыздау кезінде
бөлігі ұзындығынан
(5-10) см кем
Дірілдеткіштің жұмыс
қоспаны вертикальға (30° дейін)
бөлігі ұзындығының тік
бұрышпен орналасқан аспалы
проекциясынан артық
дірілдеткіштермен тығыздау кезінде
емес
Дірілдеткіштің жұмыс
қоспаны терең қол
қоспаны терең қол дірілдеткіштерімен
бөлігі ұзындығының
дірілдеткіштерімен
тығыздау кезінде
1,25 бөлігінен кем емес
тығыздау кезінде
қоспаны төмендегі конструкцияларда
үстірт дірілдеткіштермен тығыздау
артық емес, см:
кезінде:
арматураланбаған
40
бір арматуралы
25
қос арматуралы
12
4.2.4 Бетонды бабына келтіру және күту
4.2.4.1 Жаңадан төселген бетонның ашық беттері бетондау ақталғаннан кейін (оның
ішінде төсеу кезіндегі үзілістерде де) дереу судың булануынан сенімді қорғалу керек.
Жаңадан төселген бетон сондай-ақ атмосфералық жауын-шашындардан қорғалуға тиіс.
Бетонның ашық беттерінің қорғалуы бетонның
70
% кем емес беріктігіне жетуін
қамтамасыз ететін уақыттың ішінде қамтамасыз етіліп, кейіннен оның беріктігінің
жоғарылауын қамтамасыз ететін жағдайларды жасау арқылы температуралық-ылғалдық
режимі тұрақты ұсталу керек.
4.2.4.2 Бетонды күтіп-баптау
(тәртібі, мерзімдері және бақылау) іс-шаралары,
конструкциялардың қалыптарын шешу технологиялық құжаттама
(ЖАЖ) бойынша
жүзеге асырылады.
15
4.2.4.3 Жоғарғыға жататын конструкциялар қалыптарын орнату және адамдардың
бетондалған конструкциялар бойынша қозғалысына бетон беріктігі кемінде 1,5 МПа
жеткеннен кейін рұқсат етіледі.
4.2.5 Бетон конструкцияларын қабылдау кезінде сынау
4.2.5.1 Бетондардың
физика-механикалық
қасиеттерінің
көрсеткіштерін
статистикалық әдістермен бағалайды. Стандартталған статистикалық бақылау әдістері
жоқ болған жағдайда бетондар қасиеттерінің көрсеткіштерін үлгілер топтамасын сынау
нәтижелері бойынша анықтап, сынау әдістеріне белгіленген тиісті стандарттарда
қарастырылған тәртіппен бағалайды.
4.2.5.2 Техникалық бақылау қабылдаған барлық бұйымдардың қабылданған
бұйымдар партиясының номері және осы бетон партиясының номері көрсетілген
техникалық бақылау мөрі болуы тиіс.
4.2.6 Кеуекті толтырғыштар негізіндегі бетондар
4.2.6.1 Кеуекті толтырғыштар негізіндегі бетондар жеңіл бетондарға арналған
нормативтік құжаттар талаптарын қанағаттандыруы тиіс.
Кеуекті толтырғыштар негізіндегі бетондарды дайындау, жеткізу, қалау мен күту
нормативтік құжаттар талаптарына сай болуы тиіс.
4.2.6.2 Химиялық қоспаларды қоса алғанда, бетондарға арналған материалдарды
Б және В қосымшаларына сәйкес таңдау керек.
Бетон құрамын іріктеуді ГОСТ 27006 сәйкес жүргізу керек.
4.2.6.3 Бетондар ГОСТ 25820 талаптарына сай болуға тиіс.
Бетон қоспасының және бетонның негізгі сапа көрсеткіштері ГОСТ 7473 шартына
жауап беруі және 3-кестеге сәйкес бақылануы тиіс.
3-кесте - Бетон қоспасы мен бетон сапасының негізгі көрсеткіштері
Параметрі
Параметрдің шамасы
Бақылау (әдісі, көлемі, тіркеу түрі)
1 Қатпарлануы, артық емес
6 %
ГОСТ
10181 бойынша өлшеу бақылауы, бір
ауысымда 2 рет, жұмыстар журналы
2
Бетонның
беріктігі
ГОСТ 10180 және ГОСТ 18105 бойынша өлшеу
(конструкциялар қатпарланған
бақылауы, бүкіл қатпарлану көлеміне бір реттен
кезде) төмен емес:
кем емес рет, жұмыстар журналы
жылуоқшаулағыш
0,5 МПа
конструкциялық-
1,5 МПа
жылуоқшаулағыш
3,5 МПа, бірақ жоба
арматураланған
беріктігінің 50 % кем
емес
14,0 МПа, бірақ жоба
алдын ала кернеленген
беріктігінің 70 % кем
емес
16

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..      1       2         ..

 

//////////////////////////////////////////