Главная Книги - Разные СП РК 3.03-117-2013 МЕТРОПОЛИТЕНЫ (ҚР ЕЖ 3.03-117-2013)
поиск по сайту правообладателям
|
|
содержание .. 2 3 4 5 ..
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
- метрополитен басқармасы кеңестерінің, қызметтік және аралық байланыстарды;
-метрополитенді электрмен жабдықтау қызметі мен қаланы электрмен жабдықтау
ұйымдарының диспетчерлері арасындағы байланысты;
- станциялық (оның ішінде нұсқарлы) байланысты;
- жергілікті байланысты; ПҚАТ электромеханикасын, қосымша станция, эскалатор,
желілік пункт байланысын;
- қатты дауысты хабарландыру қондырғыларын;
- телебақылау және видео жазба қондырғыларын;
- электр сағаттарын;
- қалалық телефон байланысын;
- хабарландырушы сигналын беруді;
- күзет сигналын беруді;
- технологиялық радио байланысты;
- жергілікті радио телефон байланысын;
- туннельге кіруді бақылау қондырғысын,
-
«жолаушы-кезекші күзет»,
«жолаушы—станция бойынша кезекші» жедел
байланысын;
- орталықтанған диспетчерлік бөлімшенің операторымен шұғыл байланысты;
- қолжетімділікті бақылау жүйесін;
- жол ақысын төлеудің автоматты бақылау жүйесін қарастыруы керек.
17.2 Диспетчерлік және қызметтік байланыстардың барлық түрін топтық принцип
бойынша ұйымдастыру қажет.
Метрополитен басқармасы кеңесінің, қызметтік және аралық, желілік-жол
байланысын, станциядан желінің диспетчерлік пунктіне видео көріністерді беретін
телебақылау қондырғылары, күзет сигнализациясын, технологиялық радио байланысты,
туннельге кіруді бақылау қондырғыларын, жергілікті радио байланысын, орталық
диспетчерлік пункттің операторымен байланысын, қолжетімділікді бақылау жүйесі мен
жол ақысын төлеудің автоматты бақылау жүйесін жеке тапсырма бойынша жобалау керек.
17.3 Пойыз диспетчерінің станция бойынша кезекшісімен, орталықтандыру
станцияларімен, жылжымалы құрамды техникалық қарау пунктерінің бригадирлері мен
операторларымен, электрдепо және парк жолдары бойынша кезекшімен, апаттық -қайта
қалпына келтіру құралдары пунктерінің кезекшілерімен сөйлесіп байланысуы үшін әрбір
желіні пойыздың іріктеуші диспетчерлік байланысымен жабдықтау керек.
Пойыздың іріктеуші диспетчерлік байланысына қосымша метрополитендерде
телефондарға қосылған бесеуден аспайтын станция бойынша кезекшілер, орталықтандыру
станцияларының, электрдепоның, техникалық қарау пунктерінің, электрдепо
бастықтарының, поездар қозғалысының қауіпсіздігі бойынша ревизорлардың және
апаттық-қайта қалпына келтіру қондырғылары пунктерінің оперативті байланыстарын
қарастыруға рұқсат етіледі.
17.4 Электрмен жабдықтау диспетчерінің қосымша станциялардағы кезекшілермен,
желінің байланыс жүйесін ажыратқыш қызметкерлерімен, электрдепо кезекшісімен және
электрдепо байланыс жүйесінің таратушы пунктерінің қызметкерлерімен сөйлесіп
байланысуы үшін метрополитеннің әрбір жолын электрмен жабдықтау диспетчерлік
129
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
байланысымен жабдықтау керек.
17.5 Электромеханикалық қызмет диспетчерінің негізгі және транзитті суды айдау
қондырғыларындағы, туннель желдеткішін қондыру камераларындағы, түтінді жою
желдеткіш камералары мен тіруішке орнатылған желдеткіштер камераларындағы,
станциялардағы, аралықтардағы және тұйықтардағы кәріз жүйесінің сорғыш
қондырғаларының камераларындағы қызметкерлермен сөйлесіп байланысуы үшін
метрополитеннің әрбір жолын электромеханикалық диспетчерлік байланыспен жабдықтау
керек.
17.6 Диспетчердің машина жайларындағы және эскалаторлардың төменгі
алаңдарындағы қызметкерлермен, станциялар және эскалаторлардағы жолушыларды
телебақылау қондырғыларымен жабдықталған жайлардағы орталықтандыру станциялары
бойынша кезекшілермен және эскалаторлармен жабдықталған станцияның автоматты
бақылау пунктерінің контроллер кабинасындағы кезекшілермен сөйлесіп байланысуы
үшін метрополитеннің әрбір жолын эскалаторлық диспетчер байланысымен жабдықтау
керек.
Эскалаторлардың төменгі және жоғарғы тарақтарында КДЭ кабинасын алып
тастайтын эскалаторларды басқару диспетчерінің (ЭСБД) жеке станциясы болған кезде
ЭСБД станциясы мен станция бойынша кезекші және эскалатор қызметінің диспетчері
арасында байланыс қарастыру керек. Әрбір бекет үшін шақыру бөлек болуы тиіс.
17.7 Пойыздың радиобайланысын туннельдерге, станциялардағы, тұйықтар мен
жалғастырушы тармақтардағы пойыз диспетчерінің пойыздар машинистерімен екі жақты
сөйлесіп байланысуы , сондай-ақ парк және депо жолдарындағы электрдепоның бақылау-
сынақ пункті операторының поезд машинистімен екі жақты сөйлесіп байланысуы үшін
қарастыру керек.
Пойыз радиобайланысының таратушы радиостанцияларын желінің диспетчерлік
пунктінде, тұрақты радиостанцияларын станциялар мен электрдепоның бақылау-сынау
пунктінде, локомотив радиостанцияларын пойыз машинистерінің кабиналарында
орналастыру керек.
Станциялардағы таратушы және тұрақты радиостанциялар арасындағы
радиобайланысты сым арналары арқылы, ал тұрақты және локомотив радиостанциялары
арасындағы радиобайланысты радиоарна арқылы ұйымдастыру керек. Радиоарналарға
арналған бағыттаушы желілер
(антенна) ретінде ереже бойынша жылтырақ
шоғырсымдарды қолдану керек.
Ескертпе - Локомотив радиостанциялары және олардың антенналары вагон жиынтығына кіреді және
жылжымалы құраммен жеткізіледі.
17.8 Желінің диспетчерлік пунктінде туннель байланысы аппараттарын поезд
диспетчері байланысынң арнасына қосатын қондырғы орналастыру қажет.
Туннель байланысының телефон аппараттарын аралық туннельдерде және жолдың
жер үсті учаскелерінде әрбір
150-200 м сайын, жолдағы жартылай әрекет ететін
бағдаршамдарда, қызметтік тұғырнамаларда - жылжымалы құрамды техникалық қарау
пунктерінде
(бас және соңғы вагодардың тоқтайтын жерлерде), станция
тұғырнамаларында - пойыздың бас вагондары тоқтайтын жерде, ПҚАТ жайларында,
130
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
сондай-ақ электрдеподағы тармақтың портал алды учаскесінде кіре беріс және шыға беріс
бағдаршамдарында қондыру керек. Туннель байланыс аппаратының қасындағы туннельде
әкімшілік-өндірістік байланысының телефон жүйесіне туннель байланысының кабеліндегі
жеке сым жұбы арқылы қосылған розеткалар қондыру керек.
Туннель байланысының аппаратурасы пойыз диспетчерінің байланыс пультінде
шақыру қабылдау және шақыру түсу сигналын қамтамасыз етуі тиіс.
17.9 Жедел байланысты метрополитен жүйесінде метрополитеннің орталық
диспетчерлік пункті операторының желі диспетчерлерімен байланысы үшін үшеуден кем
емес желі болған кезде қарастыру керек.
Метрополитеннің орталық диспетчерлік пунктіндегі оперативті байланыстың
құрамына сондай-ақ станциялар бойынша кезекшілердің, орталықтандыру
станцияларының , электрдепоның, жылжымалы құрамды техникалық қарау пунктерінің,
қызметтер мен электрдепо бастықтарының, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі бойынша
ревизорлардың, машинистерді ауыстырудың желілік пунктері мен апаттық-қайта қалпына
келтіру құралдарының пунктері кезекшілерінің телефондары да кіру қажет.
17.10 Әкімшілік-өндірістік байланысты ұйымдастыру үшін жалпы қалалық АТС
желісіне қосылған метрополитеннің автоматты телефон станцияларын (АТС) қарастыру
керек. АТС саны, олардың сыйымдылығы мен орналасу орны жоспарлау кезінде
анықталады.
Әкімшілік-өндірістік байланыс станция қызметкерлері және метрополитеннің басқа
да объектілері мен бөлімшелерінің сөйлесуін қамтамасыз етуі тиіс.
17.11 Сөйлесу байланыстарын бақылауға арналған диспетчерлік пунктерде поездың
радиобайланыс желісі және байланыстың барлық диспетчерлік желілер бойында
дыбыстық жазу қондырғысын қондыру керек.
17.12 Диспетчерлер арасындағы байланыс желілері өзінің байланыс арнасындағы
поезд диспетчерінің басқа диспетчерлердің арналарына қосылуды қамтамасыз етуі тиіс.
17.13 ПҚАТ электромеханигінің қызметтік байланысымен метрополитеннің
инженерлік
ғимаратындағы
диспетчерлік
орталықтандыру
аппаратындағы
қызметкерлермен станциялардағы аппарат жайларының қызметкерлері арасындағы
сөйлесіп байланысуы үшін метрополитеннің әрбір жолын жабдықтау керек.
17.14 Электрмен жабдықтау электромеханигінің қызметтік байланысымен электрмен
жабдықтау қызметінің диспетчері жайындағы қызметкерлермен қосымша станциялардағы
телемеханика тіреуіш қондырғысындағы қызметкерлер арасындағы сөйлесіп байланысуы
үшін метрополитеннің барлық жолын жабдықтау керек.
17.15 Электромеханикалық қызмет электромеханигінің қызметтік байланысымен
электромеханикалық қызмет диспетчері жайындағы қызметкерлермен станциядағы КПС
аппаратындағы телемеханика тіреуіші қызметкерлері арасындағы сөйлесіп байланысуы
үшін метрополитеннің әрбір жолын жабдықтау керек.
17.16 Эскалаторлар электромеханикасының қызметтік байланысымен эскалатор
диспетчері мен станциядағы эскалаторлардың машиналар жайларындағы қызметкерлері
арасындағы сөйлесіп байланысуы үшін метрополитеннің әрбір жолын жабдықтау керек.
17.17 Желілік -жол байланысымен жолдағы және туннель құрылысындағы апаттық-
техникалық көмек көрсету қызметінің кезекші қызметкерлерінің жол мастерлерімен,
131
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
туннель мастерлерімен, жолды өлшеу-дефектоскоп станциялары қызметкерлерімен және
маркшейдер тобымен сөйлесіп байланысуы үшін метрополитеннің барлық жолдарын
жабдықтау қажет.
17.18 Құқықтық тәртіп күзетінің диспетчерлік байланысымен ішкі істер,
метрополитенді қорғау бөлімі кезекшісінің желі станцияларындағы күзет станцияларімен
сөйлесіп байланысуы үшін метрополитен жолдарын жабдықтау қажет.
17.19 Өртке қарсы қызметтің диспетчерлік байланысымен метрополитен желілерін
метрополитеннің өртке қарсы қызметінің бөлім кезекшісінің станциядағы және
электрдеподағы, метрополитен зауыты мен өндірістік базаларындағы бөлім
инструкторларымен сөйлесіп байланысуы үшін жабдықтау керек.
17.20 Метрополитен басқармасы кеңестерінің, қызметтер мен аралық байланысымен
метрополитен басқармасы басшыларының қызметтер, электрдепо мен зауыт
басшыларымен, сондай-ақ қызметтер басшыларының аралық басшылармен және аралық
басшыларының желілік учаскелермен сөйлесіп байланысу мүмкіндігін қамтамасыз етуі
тиіс.
17.21 Метрополитенді электрмен жабдықтау қызметі мен қаланы электрмен
жабдықтау ұйымдарының диспетчерлері арасындағы байланысты энергожүйесінің қуат
көздері орталықтарында және қалалық шоғырсым жүйелеріндегі апаттар кезінде
метрополитен тұтынушыларын электрмен жабдықтауда бұзушылық болған жағдайда
оперативті сөйлесіп байланысуы үшін ұйымдастыру керек.
17.22 Станциялық телефон байланысын СБК-ң
(ОББК) станция басшылығымен
және билет кассалары мен кезекші контроллерлер кабинасындағы, машинистерді
ауыстыру желілік пунктеріндегі, қосымша станция жайларындағы, эскалаторлардың
машина жайларындағы, станция және туннель қақпаларындағы, суды айдау және кәріз
жүйесі қондырғылары жайларындағы, туннель желдеткіші жайларындағы, желдеткіш
камераларында түтінді жою және тіреуішке орнатылған желдеткіштердің, медпункт, күзет
станциясындағы , станция алдындағы кезекші қызметкерлермен, сондай-ақ басқа желінің
ауыстырып отырғызу станциясындағы СБК-мен
(ОББК) сөйлесіп байланысуы үшін
қарастыру керек.
Станциялық телефон байланысы жүйесіне қосылатын нұсқарлы байланысты даму
жолдары бар станциялар мен электрдепо үшін жобалау керек. Нұсқаулы байланыс
пульттерін ОББК-ң жалғыз нұсқарлы ауыстырулар немесе ауыстыру топтарының қасына
жақын орналасқан метрополитен жұмысшыларымен байланысын ұйымдастыру үшін
станциялардағы және электрдеподағы электрлі орталықтандыру станциялары бойынша
кезекшілер жайларында, жолдың таралу бағытына қарай жүретін поездың бас вагонының
тоқтайтын жеріндегі станция тұғырнамасында, электромеханиктер және ПҚАТ
аппараттарының жайларында, электрдепо жолдары бойынша кезекшілер жайларында,
тұйықтарда
(бас және соңғы вагондардың тоқтайтын жері) жылжымалы құрамды
техникалық бақылау пунктерінің қызметтік тұғырнамаларында орналастыру керек.
Сонымен қатар, депо алдындағы станцияның электрлі орталықтандыру және
электрдепоның орталықтандыру бекеті арасында нұсқарлы байланыс қарастыру керек.
17.23 ПҚАТ электромеханигінің жергілікті байланысын ПҚАТ аппараты мен
туннельдердегі сигналды орындарда электромеханиктер арасындағы реттеу жұмыстарын
132
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
жүргізу кезіндегі байланысты ұйымдастыру үшін қарастыру керек. Байланыс желілері
ретінде ПҚАТ шоғырсымдарындағы сымдар қолданыла алады.
17.24 Қосымша станцияның МБ жүйесіндегі жергілікті телефон байланыс жүйесін
РУ 825 В және РУ 10 кВ жайларындағы қызметкерлердің қосымша станцияның РУ 0,4 кВ
және РУ 0,23 кВ жайларындағы қызметкерлермен және негізгі жолдардың байланыс
жүйесін ажыратушыларының қасындағы туннельдегі қызметкерлермен байланыс жүргізуі
үшін қарастыру керек. Байланыс желілері ретінде қосымша станция автоматикасының
бақылау шоғырсымдарының сымдары қолданыла алады.
17.25 Жергілікті эскалатор байланысын әрбір эскалатор туннельдерінде сөйлесіп
байланыс жүргізу үшін қарастыру қажет:
- эскалаторлардың бір маршында - эскалатор алаңдарының кіре беріс және шыға
беріс станциялары мен созылып тартылған камера бекеті арасында;
- эскалаторлардың екі маршында қосымша машина жайларындағы станциялар
арасында, екі марштың да төменгі тарақтарындағы, сондай-ақ жоғарғы тарақтарындағы
станциялар арасында қарастыру керек. Әрбір бекет үшін шақыру бөлек болуы тиіс.
17.26 Желілік пункт операторының жергілікті байланысын машинисті ауыстыру
желілік пункті операторының тұйықта жылжымалы құрамды техникалық қарау пункті
қызметкерлерімен сөйлесіп байланысуы үшін қарастыру керек.
17.27 Станциялар мен электрдеполарында жолаушылар мен қызмет көрсету
қызметкерлерін ақпараттандыру үшін қатты дауысты хабарландыру қондырғысын,
сондай-ақ электрлі орталықтандыру және ПҚАТ аппараттарының станцияларі арасындағы
қатты дауысты байланыс қондырғысын қарастыру керек. Қатты дауысты хабарландыру
және қатты дауысты байланыс аппаратурасы жиынтығын метрополитеннің орталық
күшейткіш станциясына қосу керек.
Қатты дауысты хабарландыру желілерін келесі учаскелер бойынша топтап
ұйымдастыру қажет:
-
туннельдік
- туннельдер, туннель алдындағы құрылыстар мен туннель
желдеткіші қондырғылары;
-
тұғырнамалық - тұғырнамалар және станцияның орта залдары;
-
эскалаторлық - эскалаторлық туннель және оған жақындау орны;
-
вестибюльді
- жүргіншілер өткеліндегі оған кіре беріс және шыға беріс
аймағының касса залы;
-
қызметтік
- барлық деңгелердегі станцияның қызметтік, өндірістік және
шаруашылық жайларының дәліздері.
Хабарландыруларды:
-
СБК жайынан - барлық топтар бойынша;
-
контроллер кабинасынан
- вестюбильді және эскалаторлы топтар бойынша
қарастыру керек.
Қатты дауысты хабарландыру желілері
19-бөлімнің талаптарын орындауды
қамтамасыз етуі тиіс.
17.28 Станцияларды жолаушылардың қозғалуын видеоға жазып алу функциясы бар
телебақылау қондырғыларымен жабдықтау керек. Жеке тапсырма бойынша көріністерді
станциядан желінің диспетчерлік пунктіне (орталық диспетчерлік пункт) беру қосымша
133
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
қарастырыла алады.
СБК (ОББК) жайларынан телебақылау белгілі бір тәртіпте әзірленетін техникалық
талаптарға сәйкес келуі және келесі аймақтарды қамтуы тиіс:
- баспалдақтардан төмен түсетін жер мен станцияға кіре берістегі жер асты
жүргіншілер өткелдері метрополитенді бақылау аймағында);
- вестюбильдердің касса залдары, автоматты бақылау пунктері
( жолаушылар
ағынына қарсы АБП-гі аймақ);
- жоғарғы, төменгі кіре беріс алаңдары мен эскалаторлардың баспалдақ төсемдері;
- станцияның орта залы, тұғырнамаға көтерілетін баспалдақтар;
- барлық ұзындығы бойынша бірінші және екінші жол жағындағы жолаушылар
тұғырнамасы, поездар маршрутының нөмірлері;
- балкондар, барлық ұзындық бойынша галереялар;
- қызметтік көпіршелерді қоса алғанда туннель жағындағы тұғырнамалардың
ауласындағы есіктер;
- орын ауыстыру ғимаратындағы дәліздер мен баспалдақтан түсетін жерлер;
- орын ауыстыру ғимаратының станцияның орта залына жанасу учаскесі,егер осы
аймақ басқа телекамералармен бақыланбаса,
- жолдың ашық учаскелеріндегі туннель мен электрдепоның рампалары мен
порталдары;
- жоспарлау тапсырмасына сәйкес станцияның басқа да аймақтарын телевизиялық
бақылау.
Метрополитеннің басқа объектілеріндегі телебақылау қондырғысы метрополитенді
пайдаланушы ұйыммен келісілген жобалау тапсырмасында қамтып көрсетілуі керек.
17.29 Ағымдағы уақыттың электр сағаттары мен секундтық есебімен поездар
арасындағы уақыт интервалдары есептегіштерін пойыздар жөнелтілетін жақтан станция
аулаларында орналастыру керек.
Станция және электрлі орталықтандыру станциялары бойынша кезекшілер
жайларында, құрамдардың бұрылу жолдарында, депо және парк жолдарында,
вестюбильдерде уақытты миннуттық есептейтін сандық немесе тілді электр сағаттарын, ал
станцияның және электрдепосының қызметтік және өндірістік жайларында уақытты
минуттық есептейтін тілді электр сағаттарын қондыру қажет.
Электр сағаттары желісін басқаруды орталық электр сағаты станциясы үйлестіретін
және бақылайтын алғашқы электр сағаттардан қарастыру керек.
17.30
Станциялардың жер асты вестибюльдеріне кіре беріс алдында
орналастырылатын телефон-автоматтарды және жеке тапсырмалар бойынша қосымша
абоненттердің телефон аппараттарын қосу үшін, қалалық телефон желісін енгізуді
қарастыру керек. Оның сыйымдылығы мен оны қосу орны қалалық телефон желісінің
техникалық шарттарымен анықталады.
17.31 СБК
(ОББК) жайларында, эскалаторлардың машина жайларында,
вестибюльдерде, станцияның тұғырнамалық залының алдында, медициналық пункттерде
және тұғырнамалар астында хабарландыратын сигнал беру жүйесін қарастыру керек.
Хабарландыратын сигнал беру жүйесі сондай-ақ шақырудың пайда болуын
қамтамасыз етуі тиіс:
134
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
- СБК (ОББК) жайларынан кассалар мен контроллер кабиналарына;
- контроллер кабиналарынан СБК (ОББК) жайларына;
- СБК (ОББК) жайларынан, кассалардан, контролрер кабиналарынан күзет бекеті
жайларына;
- ОББК жайларынан электромеханик және ПҚАТ аппаратына шыққан
шақырулардың өтуін қамтамасыз етуі тиіс.
Шақыру сигнализациясын байланыстың кез келген түрі бойынша қарастыру
міндетті:
- күзет бекеті жайынан касса залдарына;
- эскалаторлар машинисті жайынан машина жайы мен созылып тартылған камераға;
- СБК (ОББК) жайынан тұғырнамалық залға;
- қосымша станция кезекші үстелінен қосымша станция жайына шақыру сигналын
беруді қарастыру қажет.
Сыртта қондырылған телефон аппараттарында туннель байланысынан басқа, барлық
байланыс түрлерінде қатты шақыруды қайталағыштарда қарастыру керек.
17.32 Метрополитен станциясында СБК жайына іске қосылу туралы сигнал шығатын
күзет сигнализациясымен қондырғыларымен келесі объектілер жабдықталуы қажет:
- касса, медпункт, лифт операторларының, аппаратты телебақылау, ПҚАТ
аппараттары, кростық, радио тораптар, қызметтік қойма жайлары, автоматтандырылған
жұмыс орындары бар жайлар;
- күзет сигналымен жабдықталған қызметтік жайлардан тыс орналасқан күзет-өрт
сигнализациясы жүйесінің қабылдау-бақылау аспаптары бар шкафтар мен жәшіктер;
- эвакуациялық шыға берістер, сондай-ақ қолжетімділікті бақылау жүйесіне
қосылған есіктерден басқа, туннельдерге немесе туннель желдеткіші қондырғыларының
камерасына кіру мүмкіндігін беретін есіктер.
17.33 Технологиялық радиобайланысты пойыз диспетчерлері, станция және
орталықтандыру бекеті бойынша кезекшілер, пойыздарды қабылдау және жөнелту
бойынша кезекшілер, осы объект шеңберінде жұмыстарды атқаратын метрополитен
жұмысшылары арасындағы ақпаратты оперативті алмастыруды қамтамасыз ету үшін
метрополитеннің барлық объектілері шеңберінде
(желілер, аралық туннельдерге
жанасатын станциялар, электрдепоның парк жолдары және т.б.) ұйымдастыру қажет.
Технологиялық радиобайланысты жоспарлау тапсырмасына сәйкес жоспарлау керек.
17.34 Жергілікті телефон байланысын метрополитен қызметкерлерімен СБК-мен
(ОББК) ұялы байланысы үшін станция шеңберінде ұйымдастыру керек.
17.35
Туннельге кіруді басқару қондырғысымен
(ТКБҚ) станциялар мен
порталдарда туннельден жер үстіне шығатын шыға беріс жерлерді жабыдықтау керек.
Станцияларда ТКБҚ қабылдау жабдығын СБК
(ОББК) жайларында, ал тетіктерді
метрополитенді пайдаланушы ұйыммен келісілген жеке тапсырмаға сәйкес
тұғырнамалардың алдында туннельдерде орналастыру керек. ТКБҚ іске қосылғанда
сигнал сигналы түскен тетік орналасқан бекет артындағы телебақылау қондырғылары
қосылуы тиіс.
17.36
«жолаушы-кезекші күзет», жолаушы-станция бойынша кезекші» жедел
байланысын жолаушылардың станция күзетінің кезекші жұмысшыларымен немесе СБК
135
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
(ОББК) жайларындағы кезекші қызметкерлермен жылдам байланысуы үшін қарастыру
керек. Жолаушыларға арналған сөйлесу қондырғыларын метрополитен станциясының
кіре беріс есіктері алдынғы жер асты жүргіншілер өткелдерінде және платфомаларда
орналастыру керек.
17.37 Орталық диспетчерлік пункт операторымен жедел байланыс станциялардағы
немесе метрополитеннің басқа да объектілеріндегі жолаушылардың немесе метрополитен
жұмысшыларының жедел ақпарат беруді қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру керек.
17.38 Қолжетімділікті басқару жүйесі станциядағы және метрополитеннің басқа да
объектілеріндегі қызметтік, өндірістік және тұрмыстық жайларға қолданушының санаты
мен дәрежесіне қарай метрополитен жұмысшыларының әртүрлі деңгейдегі
қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс.
17.39 Жол ақысын төлеуді автоматты бақылау жүйесі станциядағы жолаушылардың
жол ақысын төлеуін және кіруін, метрополитен жолдары шеңберінде жолаушылар ағынын
есептеуді, жол құжаттарының әртүрімен операцияларда жүргізуге шектеу енгізу
мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
17.40 Эскалаторлардың жоғарғы алаңдарында эскалатордағы қызметкерлер және
станция бойынша немесе орталықтандару бекеті бойынша кезекші арасындағы байланыс
қондырғысын орналастыру керек.
17.41 Касса терезелерінде «жолаушы-кассир» сөйлесу қондырғысын (мембрананы)
ескеру қажет.
17.42 Көп тереңдікте орналасқан станцияларда өрт апаттық-құтқару бөлімшелерінің
байланыс қондырғысын қосу үшін ажыратқышы бар желі қарастыру керек.
Ажыратқыштарды орналастыруды 19.6.9 талаптарымен сәйкестікте қабылдау қажет.
17.43 Магистраль желілерін байланыстың орталық торабынан бастап станцияға
дейінгі учаскеде және станциялар арасында қарастыру керек.
Магистраль желілерінің сыймдылығын барлық байланыс түрлерін, қор арналарын,
қосалқы сымдар мен желіні дамыту болашағын есепке ала отырып анықтау қажет.
Магистраль желілерінің шоғырсымдарында диспетчерлік орталықтандару, қосымша
станцияларды телебақылау, эскалаторлармен, санитарлық-техникалық қондырғылармен
байланыс желісін сыйыстыру керек. Байланыстың басқа түрлеріне арналған
шоғырсымдарды жеке тапсырма бойынша қарастыру керек. Магистарль желілеріндегі
шоғырсымдар қоры 15% кем болмауы, таратушы желілернің шоғырсымдарында 30% кем
болмауы тиіс.
17.44 Магистраль желілерін ұйымдастыру әдісін (бірінші, екінші немесе аралас):
- желінің (немесе оның учаскесінің) ұзындығы мен даму болашығын;
- желінің орталық диспетчерлік пунктен
(желінің диспетчерлік пунктінен)
қашықтығын;
- жолдағы станциялар санын;
- бір желіде әртүрлі байланыс тізбегін және ақпараттар берудің басқа да тізбектерін
сыйыстыру мүмкіндігін есепке ала отырып анықтау қажет.
17.45 Бірінші магистраль желісін ақпараттарды берудің сандық жүйелерінің
аппаратурасын қолданып ұйымдастыру керек және байланыс тізбегі үшін топталған
жолдар мен үндестік жиілігін қалыптастыруды қамтамасыз етуі керек.
136
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
Байланыс желісі ретінде талшықты-оптикалық шоғырсымдар пайдалану керек.
Байланыс желілерінің қорын параллель шоғырсымдарды және байланыс желісінің
резервті жолға қосылуын қамтамасыз ететін ақпараттарды берудің сандық жүйесінің
аппаратураларының блоктарын қолдану арқылы сақтау қажет.
17.46 Екінші магистраль желісін ереже бойынша физикалық шоғырсым
тізбектерімен ұйымдастыру керек. Қорда сақталатын тізбектер түрлі шоғырсымдарда
қарастыру керек.
17.47 Станциялық және туннельдік желілерді физикалық шоғырсым тізбектерімен
қарастыру қажет. Туннельдік желілердің шекаралары ретінде жол ысырмаларын, немесе
олар болмаған жағдайда, жарықтандыру желілерінің электр бөлімдерін қарау қажет.
17.48 Станциядағы байланыс, электр сағаттары, сигнал беру және қатты дауысты
хабарландыру қондырғылары таратушы электр қалқанының (байланыс қондырғыларының
электр қуат көзі қондырғыларында бір желіден басқасына автоматты ауысатын) түрлі
бөлімінен кернеуі 220 немесе 380 В болатын айнымалы электр тоғының екі желісі арқылы
және тұрақты электр тоғының бір желісі арқылы қосымша станциядан электр қуат көзін
алуы тиіс.
Аппаратураға арналған қуат көзі қорының көзі ретінде байланыстың орталық
торабында электр қуат көздері қондырғыларын, станцияларда апаттық режимде 1сағат
бойы электр қуаты көзімен қамтамасыз етуге есептелінген үздіксіз қуат көздерін
қабылдау керек.
17.49 Байланыс аппаратурасын орналастыру үшін келесі негізгі жайларды қарастыру
керек:
- инженерлік корпуста
- ақпараттарды берудің сандық жүйесі аппаратурасына
арналған желілік-аппаратты цех және байланыстың таратушы және басқарушы
аппаратурасы, АТС пен орталық электр сағаты станциясына (біріктірілген аппаратық
байланыс қарастыруға рұқсат етіледі), аппаратық телебақылауға арналған желілік-
аппараттық зал;
- станцияда - желілік-аппарат цехы, кросс, радиоторап, аппаратты телебақылау және
электрқалқан байланыстары.
18 ЭЛЕКТРДЕПО
18.1 Ғимараттар мен имараттар
18.1.1 Метрополитен жолдарын жобалау кезінде 4.19 тармақ талаптарына сәйкес
негізгі және айналмалы электрдепо ғимаратын қарастыру керек.
Желінің негізігі электрдепода жылжымалы құрамның тұрағын, техникалық қызмет
көрсету мен күнделікті жөндеу (кіші мерзімді жөндеу ТР-1, үлкен мерзімді жөндеу ТР-2,
көтеріп жөндеу ТР-3) жұмыстарының барлық түрін, сондай-ақ жоспардан тыс
жөндеулерді орындауды қарастыру керек.
Желінің айналмалы электрдепода жылжымалы құрамның тұрағын, техникалық
қызмет көрсетудің барлық түрін, күнделікті жөндеу (ТР-1, ТР-2) және жоспардан тыс
жөндеулерді қарастыру керек. Электрдепоның техникалық жабдығы жылжымалы
137
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
құрамды техникалық қызмет қарау және жекеленген тораптарды жөндеудің агрегатты-
толассыз әдісін қоса алғанда, технологиялық үдерістерді кешенді механикаландыру мен
автоматтандыруды қолданып, вагондарды жөндеуді қамтамасыз етуі тиіс.
18.1.2 Электрдепо аумағының, желіні болашақта дамытуды есепке ала отырып,
негізгі және көмекші құрылыстардың кешенін орналастыруға жеткілікті өлшемдері болуы
тиіс.
Парк жолдарының шетінен тұрғын-үй ғимараттарына дейінгі санитарлық-қорғау
аймағының ені ереже бойынша 100 м кем болмауы тиіс.
18.1.3 Электрдепоның аумағында келесілерді орналастыру керек:
- әкімшілік-тұрмыстық корпус;
- Тек негізгі электродепода құрылған ТР-3 (көтеріп жөндейтін) күнделікті жөндеу
цехының ғимараты және вагондарды бояу және кептіру цехы;
- тұрақ-жөндеу корпусы;
- парк жолдары;
- өндірістік шеберханалар;
- вагондарды жууға және үрлеуге арналған камералар;
- мотовоз цехы;
- аппатық-қайта қалпына келтіру құралдарының пункттері;
- тартымды төмендету қосымша стациялары;
- электр орталықтандыру бекеті;
- компрессорлы станция;
- электрдеподағы жалғастырушы тармақ туннелі порталының күзет бекеті;
- әртүрлі мақсаттағы қоймалар
(материалдық, қосалқы дөңгелектер, тартымды
электр қозғалтқыштар, мотор-компрессорлардың, эскалаторлық торап, металл, кесілген
ағаш материалдар, жанатын және майлайтын материалдардың), мұнай өнімдерін тарату
колонкасы және пайдаланылған майларды ағызуға арналған тұндырғыш;
- жол құрал-жабдықтарына арналған қоймасы бар нұсқарлы бекет;
- жоғарғы жол құрылысының элементтерін сақтауға арналған алаң;
- желінің су бұрғыш сорғылы құрылғысынан қойыртпақты құюға арналған
тұндырғыш;
- өндірістік және объектілер мен электрдепо аумағынан келетін жаңбыр суларын
тазалауға арналған тазалау ғимараттары;
- жолдардың бірінде жылжымалы апаттық-қайта қалпына келтіру құралдарын
автожүрісте арнайы тұғырнамаларға тиеуге арналған эстакада;
- контейнер жуғышпен және қоқысы бар контейнерлерді түсіруге арналған
қондырғымен жабдықталған пункт;
- мұнай өнімдерінің түрлері бойынша құйып алу ыдыстары;
- қар еріткіш
(қыста 20 см-лік ең жоғарғы биіктіктен орташа қар жамылғысы
болатын аудандарда);
- МЕМСТ 7352 бойынша жүккөтерімдігі 3,2 тонналық аспалы электрлі кранмен
жабдықталған шатыры бар тиеу-түсіру алаңы;
- жеке автокөлікті қорғау тұрағы қарастырылуы тиіс.
18.1.4 Қызметтік шеберханалар
- жолдардың, туннель құрылыстарының,
138
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
санитарлық-техникалық, пойыздар қозғалысымен байланысқа арналған автоматика және
телемеханика, электрмен жабдықтау және эскалаторлар қызметтерінің шеберханасын
электрдепоның аумағында орналастыру керек.
18.1.5 Қызметтік шеберханаларға арналған бір түрлі жұмыстар цехы (бояу, пісіру
және темір жұмыстары және т.б.) ереже бойынша ортақ болуы тиіс.
18.1.6 Электрдепоның радиоландырылуы
(қатты дауысты хабарландыру),
телефондандырылуы тиіс, телебақылау, желдеткіш құралдарымен, сумен қамтамасыз ету,
суды айдау және кәріз жүйелерімен, электр сағаттарымен, өрт сигнализациясымен және
өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс, ал әкімшілік-тұрмыстық корпус сондай-ақ
радио арқылы хабар таратумен жабдықталуы тиіс.
Жинақтық-жөндеу корпусын жылыту, корпус есіктерінің ойықтарының ауа-
жылулық перделері, сондай-ақ электрдепоның басқа да ғимараттары мен жайларын
жылыту ҚР ЕЖ4.02-101, ҚР ҚН 3.02-28, ҚР ЕЖ 3.02-128, ҚР ҚН 3.02-08, ҚР ЕЖ 3.02-108,
ҚР ҚН 3.02-27, ҚР ЕЖ
3.02-127, ҚР ҚН
3.02-29, ҚР ЕЖ
3.02-129 тарауларының
талаптарына, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындарды жоспарлау санитарлық нормаларының
талаптарына сәйкес климаттық жағдайларға байланысты қарастырылуы тиіс.
18.1.7 Электродепо ғимараттарын жылумен қамтамасыз етуді қалалық жылу
жүйелерінен, ал олар жоқ болған жағдайда
- өз бетінше қазандық электродеподан
қарастыру керек.
Жеке жағдайларда негіздеме болған жағдайда әкімшілік-тұрмыстық корпусқа (екі
душ торларына) және тұрақ-жөндеу корпусына
(ТР-3 күнділікті жөндеу цехының
шұңғылшасына) жалпы қуаты 30 кВт-тан жоғары электрбойлерлерден алынатын ыстық
суды беруді резервке алуды қарастыру керек.
18.1.8 Электрдепоның тұрақ-жөндеу корпусындағы жолдар санын онда құрамдардың
эсплуатациялық санын орналастыру шартына, сондай-ақ тұйықтарда тұраққа
қалдырылған құрамдарды және ТР-3 күнделікті жөндеу цехындағы және өндірістік вагон
жөндеу базасындағы вагондарды шығарып тастап, резервтегі вагондар санына
(вагондардың пайдалану санының 10%-ы) сүйене отырып анықтау керек.
Ғимаратта маневр қозғалыстарына арналған қосымша бір жол орналастыру керек.
Құрал-жабдық паркі 200 вагоннан асқанда, маневр қоғалыстары үшін қосымша екі жол
қарастыру қажет. Сонымен қатар вагон асты жабдығын тазалауға және жууға арналған
қосымша бір жол қарастыру керек.
Пойыздағы вагондар саны болашақта есептелінгеннен кем болған жағдайда жолды
пайдалану мерзімі үшін құрамдардың тұрақ жолдарының бос учаскелерінде тұрақ-жөндеу
корпусында орналастыруға рұқсат етіледі.
18.1.9 Негізгі электрдепоның ТР-3 (көтеріп жөндейтін) күнделікті жөндеу цехында
технологиялық жабдық пен вагон кузовтарын жөндеуге және көтеруге арналған жүк
көтергіш механизмдер, арбашалар мен жабдықтар, тартқыш электрқозғалтқыштарын
жөндеуге арналған учаске, дефектоскопия учаскесі мен арбашалар мен вагон бөлшектерін
жуатын камера, сондай-ақ дөңгелектерді жөндеуге арналған учаске орналастыру керек.
Тартым электрқозғалтқыштарын жөндейтін учаскеде оларды үрлеуге арналған камера
қарастыру керек.
Айналмалы электрдепода жобадан тыс жөндеу учаскесінде технологиялық жабдық
139
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
пен жүк көтергіш механизм, сондай-ақ дефетоскопия учаскесін орналастыру керек.
18.1.10 Тұрақ-жөндеу корпусы бойларының құрылыстық өлшемдері
23 Кестеде
келтірілген көлемдерден кем болмауы тиіс.
23-кесте - Тұрақ-жөндеу корпусы бойының ең аз құрылыстық өлшемдері
Өлшемдер (м), кем емес
Вагондарға
ТР-1 және
ТР-3
Көрсеткіштер
техникалық
ТР-2
күнделікті
қызмет
күнделікті
жөндеу
көрсету
жөндеу
Рельстер басынан салмақ түсетін конструкцияға
4,8
4,8
9,6
дейінгі деңгей биіктігі
Вагондар
кузовтарының
арасындағы
1,6
2,0
3,1
өткелдердің ені (жол арасында бағаналар мен
қабырғалар болмаған кезде)
Өткел ені:
Бағаналар мен вагон кузовтары арасындағы
1,35
1,5
—
бойлық қабырға мен жақын жолда орналасқан
1,15
1,7*
3,8*
вагон кузовтары арасындағы
4,0**
4,2**
ұзындығы 3 м аспайтын жергілікті тарылту
1,1
1,1*
2,4*
кезінде
2,6**
2,8**
Алдыңғы қабырға бойының кіреберісінің ені
Қабырғадан бастап ашық арыққа түсетін жердің
2,3
2,3
2,3
жоғарғы сатысына дейін)
Артқы қабырға бойының кіреберісінің ені
2,3
2,3
4,5
Тексеріп қарайтын үңгірлерге түсетін жердің
1,5
1,5
1,5
жоғарғы сатысынан вагон тіркесінің белдеуіне
дейінгі қашықтық
Тексеріп қарайтын үңгір тереңдігі
1,4
1,4
1,4
Тексеріп қарайтын үңгір ені
1,35
1,35
1,35
Рельс бастары деңгейінен қақпалардың биіктігі
3,9
3,9
3,9
Қақпалардың ені
3,6
3,6
3,6
_________________
*вагон кузовы мен шеберханалар қабырғасына қарама-қарсы қабырға арасындағы өткелдің ені
**вагон кузовы мен шеберханалар қабырғасының арасындағы өткелдің ені
18.1.11 Тұрақ-жөндеу корпусын бір құрамның әрбір жолында қондыру
(парк
жолдарын корпустың бір жағында орналастырған кезде) шартымен немесе болашақта
вагондар саны болатын екі құрам (парк жолдарын ереже бойынша корпустың екі жағынан
орналастырған кезде) жоспарлау керек.
Корпустың әрбір жолының ұзындығын осы тараудың 23-кестеде нормаланған құрам
ұзындығы, өткелдердің ені және жақын вагондардың авто тіркестері арасында
әрқайсысының ұзындығы 1 м болатын үзілулер есебінен анықтау керек.
Жолды пайдаланудың бірінші мерзімінде корпустың бір жағынан парк жолдарын
орналастырған кезде әрбір парк жолында вагондар саны аз екі құрам, ал парк жолын екі
140
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
жағынан орналастыру кезінде үш құрам қондыруға рұқсат етеіледі.
18.1.12 Жөндеу жұмыстары жүргізілетін, сондай-ақ вагодарға техникалық қызмет
көрсететін және тұрақтайтын тұрақ-жөндеу корпусының жолдары үшін тексеріп қарау
үңгірлерін қарастыру керек. Вагодар тек қана тұрақтайтын жолдарда тексеріп қарайтын
үңгір қарастыру керек емес.
Тексеріп қарайтын үңгірі бар жолдар саны болашақтағы корпустың жалпы жол
санының 50% кем болмауы қажет. Электрдепоны бірнеше кезекте салу кезінде тексеріп
қарайтын үңгір жолдарды құрылыстың бірінші кезегінде салынуы керек.
Тұрақ-жөндеу корпусындағы еден деңгейі ереже бойынша:
- тексеріп қарайтын үңгірі бар бойлықта - рельс бастарынан 0,5 м төмен;
- тексеріп қарайтын үңгірі жоқ бойлықта,сондай-ақ ТР-3 күнделікті жөндеу цехында
- рельс бастырының деңгейінде қабылдау керек.
18.1.13 Тұрақ-жөндеу корпусының барлық жолдарында тұрақты авто тоқтау
тұтқалары мен тұйық тіреуіштері қарастырылуы тиіс.
18.1.14 Өндірістік шеберханаларды ТР-3 күнделікті жөндеу цехының қасында
орналстыру керек және олардың арасындағы қабырғада технологиялық тесіктер
қарастыру керек.
Өндірістік шеберханалар жайларының мақсаты мен алаңын бекітілген қайта
қабылданған шешімге сәйкес анықтауға рұқсат етіледі.
Шеберханаларда желінің
және электрдепоның жергілікті
желдеткіш
қондырғыларының шаңға қарсы сүзгіштерін тазалауға және жууға арналған учаске
қарастыру керек.
Аккумуляторлық бөлімді ТО-3 техникалық қызмет көрсету және ТР-1 күнделікті
жөндеу цехында орналастыруға рұқсат етіледі.
18.1.15 Электрдепоның парк жолдарын тұрақ-жөндеу корпусының бір жағынан
орналастыру керек. Техникалық-экономикалық негіздеме болған жағдайда парк жолдарын
тұрақ-жөндеу корпусының екі жағынан орналастыруға рұқсат етіледі.
18.1.16 Парк жолдары үшін:
- нұсқаулы ауысуларда, сондай-ақ парк жолдары аумағының көлденең және бойлық
бағыттарда әрбір
50 м сайын орналасатын крандары бар сығылған ауа жүйесін
(пневматикалық құралды қосу үшін);
-
100 м сайын орналасқан қуаты
40 кВт-қа дейін жол жәшіктері және парк
жолдарының алаңдарында 50 м сайын орналасқан қуаты 5 кВт-қа дейін ашалы розеткасы
бар кернеуі 380/220 В болатын электр күші жүйесін қарастыру керек.
18.1.17 Маневрлер жасауға арналған электрдепоның парк жолдарында құрылыстың
бірінші кезегінде салынатын екі сақтандырғыш тұйық орналастыру керек. Әрбір
тұйықтың пайланылатын ауданы болашақтағы құрам ұзындығына тең болуы тиіс.
ТР-3
(көтеріп жөндейтін) күнделікті жөндеу жүргізілетін электрдепода
600 м
ұзындықта тегістелген жол қарастырылуы тиіс. Тегістелген жолдың бір бөлігін
сақтандырғыш тұйық ретінде пайдалануға рұқсат етіледі.
Техникалық-экономикалық негіздеме болған жағдайда метрополитеннің
электрдеполарының біріндегі жолдарда вагондардың бұрылысы үшін айналмалы шеңбер
орналастыруға рұқсат етіледі.
141
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
18.1.18 Электрдепоның парк жолдарындағы қисықтарды басын ереже бойынша
тұрақ-жөндеу корпусы қабырғасынан 20 м жетпейтін қашықтықта орналастыру керек.
Қысылған тар талаптарда аталған қашықтықты 8 м дейін қысқартуға рұқсат етіледі.
18.1.19 Тұрақ-жөндеу корпусы қақпаларының төсемдері электр сымдарымен
жабдықталуы тиіс, жабық күйдегі тығыздағышы, жабық және ашық күйлеріне арналған
ілмек қондырғылары, рельс басы деңгейінен 1,4 м деңгейде сыртқа шығатын терезелері
болуы тиіс. Тұрақ-жөндеу корпусының бір бойында 0,8 м х2,0 м өлшемді есігі болуы тиіс.
Тұрақ-жөндеу корпусының алдыңғы қабырғасының бойында шоғырсымдық және
инженерлік-техникалық желілерді орналастыруға арналған екі жер асты
коммуникациялық туннель қарастыру қажет.
18.1.20 Тұрақ-жөндеу корпусының барлық ұзындығы бойынша әрбір жолдың
бойына арнайы күймешелердің көмегімен электр тоғын алуға арналған кернеуі 825 В-тық
түйіскен дөңгелек сым қарастыру керек.
Түйіскен шинасымды рельс басы деңгейінен 4,3 м биіктікте, электрдепоның тұрақ-
жөндеу корпусынан құрамның шығатын жерінде жолдың оң жағынан жол өсінен 1,6 м
қышықтықта орналастыру керек.
Жол арасындағы бір өс бойында және ТР-3 (көтеріп жөндейтін) күнділікті жөндеу
цехының бойлық қабырғаларының бойында 18 м кейін орналастырылатын кернеуі 825 В
болатын қосу станцияларын қарастыру керек.
Түйіскен әрбір шинасымды және әрбір қосу станциясының қуат көзі тұрақ-жөндеу
цехының ішінде және ТР-3 цехы қақпаларының үстінде орналасқан 825 В шина арқылы
және корпус пен цехтан құрамның шығатын жерінен оң жақта орналасқан жеке
ажыратқыштар арқылы электрдепоның қосымша станциянан жүзеге асыру қарастырылуы
керек.
18.1.21 Құрамды шаңдардан үрлеп тазалауға арналған камераны 13.2.1 тармағының
талаптарына сәйкес үйреншікті бекітілген түіскен рельспен жабдықтау керек.
Түйіскен рельспен депо және мотовоз цехының парк жолдарын, вагондарды жуу
камерасының депо жолдарын, тиеу-түсіру жолдарын, теміржолдың жылжымалы
құрамының қозғалысына арналған жолдарын жабдықтауға тыйым салынады.
18.1.22 ТР-3 күнделікті жөндеу цехында парк жолдары жағында ұзындығы 19 м кем
емес автопоездың (автокөліктің) өз бетінше кіруін қарастыру керек. ТР-3 цехының
алдында өткел ені 12 м кем болмауы тиіс.
18.1.23 ТР-1, ТР-2 және ТР-3 күнделікті жөндеу цехтарында вагондарды икемдеу
үшін кернеуі тұрақты электр тоғының 65 В жоғары емес қуаты 6 -10 кВт болатын түзеткіш
агрегаттарды қондыруды, ал тексеріп қарайтын үңгірлерде әрбір
15 м сайын
орналастырылатын аша ажыратқыштары (120 А) бар желіні салуды қарастыру керек.
18.1.24 Вагондарды қайта бояу және кептіру цехы жеке тұрған ғимаратта
орналастыру қажет. Өртке қарсы талаптары сақталатын жағдайда оны басқа мақсаттағы
ғимараттармен оқшаулауға рұқсат етіледі.
Цех алаңын бір вагон орнын, өндірістік жайларды (желдеткіш камералар, электр
қалқандары, автоматты өрт сөндіру қондырғылары, қоймалар ж.т.б.), қызметкерлерге
арналған жайлар мен тұрмыстық жайларды орналастыруға сүйене отырып анықталуы
керек.
142
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
18.1.25 Электрдепоны электрмен қамтамасыздандыруды терең бейтараппен
жерлендірілген жүйеде қарастыру керек.
18.1.26 Сорғыш желісінде электрлендірілген парк жолдарында ереже бойынша
түйіскен рельс орналасқан жер жағынан жолдың бір қозғалғыш рельсін пайдалану
мақсатты болып табылады.
Өзара жолдардың қозғалғыш рельстерінің тартым күштер желісін бекітуді жолдың
әрбір учаскесінің екеуден кем емес тартым күшінің сорғыш желісіне шығатын шыға берісі
болуы тиіс шартына сүйене отырып қарастыру керек.
18.1.27 Әрбір қуат көзі және сорып тастаушы желі, сондай-ақ түйіскен және
қозғалғыш рельстердің қосқыштары екі шоғырсымнан кем құралмауы тиіс. Түйіскен
рельстің айналмалы қуат көзі сызбасында қосқыштарда бір шоғырсым бола алады.
18.1.28 Тұрақ-жөндеу корпусындағы әрбір жол осы жолдың түйіскен шина сымына
түскен күш туралы ескертетін дыбыстық және жарық сигнал берумен жабдықталуы тиіс.
18.1.29 Тұрақ-жөндеу корпусы жолдарының әрбір қозғалғыш рельсін парк
жолдарының рельстерінен екі бөліп тұратын жапсарлармен бөлу керек. Бір жапсарды
корпустың ішінде, ал екіншісін сыртынан орналастыру керек. Жапсарлар арасындағы
қашықтық 12,5 м тең етіп алу керек.
Тұрақ-жөндеу корпусының әрбір жолының бір қозғалғыш (тартым) рельсін осы
жолдың түйіскен шина сымының қуат көзін ажыратқышпен шектелген ажыратқыш
арқылы 825 В болатын минустық шинамен жалғау қажет.
Минустық шинаны 825 В плюстық шинаның қасынан парк жолдарының тартым
рельстеріне оны екі жерден кем бомайтын етіп жалғастыра отырып салу керек.
18.1.30 Тұрақ-жөндеу корпусының 825 В болатын түйіскен желісінің, сондай-ақ парк
жолдарының түйіскен желісінің негізгі қуат көзін электрдепоның тартымды төмендетуші
қосымша станциясынан өз бетінше қуаттанатын желілерден, ал резервтік қуат көзін
электрдеподағы тармақтың түйіскен желісінен қарастыру керек.
Корпустың түйіскен желісінің негізгі қуат көзі желілерін корпустың ішінде
орналасқан 825 В (АР 1-825 В) таратушы пунктіне, ал парк жолындағы түйіскен желінің
негізгі қуат көзі желілерін осы жолдардың басында орналасқан АР2-825 В-а қосуды
қарастыру керек. АР 1 бөлек тұрған жайда орналастыру керек.
Резервтік қуат көзін АР 2-825 В қосу керек.
Таратушы пункттерді өзара шоғырсым қосқыштармен жалғау керек.
Желілерді АР қосуды қол қозғалтқыштары бар ажыратқыштар арқылы қарастыру
керек. АР енгізу ажыратқыштарын электр сымдарымен жабдықтауға рұқсат етіледі.
18.1.31 Кернеуі
10 кВ-тық электрдепоның тартымды төмендетуші қосымша
станциясының қуат көзін, сондай-ақ күш беруші және жарық беруші электр
қабылдағыштардың және электрдепоның 825 В-тық тарту желісінің қуат көзін 15-тарау
талаптарына сәйкес қарастыру керек.
18.1.32 Тартым желісі қуат көзінің тұрақты электр тогы 825 В кернеу болуы керек.
Күш беретін және жарық беретін электр қабылдағыштарының жерге нетралды
қысқа тұйықталған жалпы трансформаторлардан алатын қуат көзінің, поездар қозғалысын
басқару қондырғысының бөлек трансформаторлардан алатын ауыспалы электор тогы
380/220 В кернеу болуы керек.
143
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
Тұтынушылардың әрбір тобы үшін екі трансформатордан қабылдау қажет.
18.1.33 Тұрақ орны және жөндеу корпусының вагондарға кезекті жөндеу
жұмыстарын жүргізетін аралықтарында, ұзына бойғы қабырғалар мен бағаналардың
бойында пісіру және реттеу агрегаттарын қосуға арналған әрбір 20 м сайын орналасқан
штепсельді ажыратқыштары бар
380/220 В кернеулі желілер, сондай-ақ электр
құралдарына арналған розеткалары бар 42 В кернеулі желілер салу керек.
18.1.34 Электрдепо аумағының прожекторлармен жалпы жарықтандыруы және
аумақ қоршауының периметрі бойынша күзет жарықтандыруы болуы тиіс. Жарықтандыру
алыстан немесе автоматты басқарылуы тиіс.
18.1.35 Электрдепоның өндірістік (тұрақ-жөндеу корпусын қоса алғанда), әкімшілік
және қосымша жайлары ҚР ҚН 2.04-01 және ҚР ЕЖ 2.04-104 тарауының талаптарына
сәйкес табиғи және жасанды жарықтандырылуы тиіс.
18.1.36 Тұрақ-жөндеу корпусын жалпы жасанды жарықтандыру вагондар
арасындағы өткелдерде еден деңгейінде
75 лк жарықтандыруды жасай отырып,
люминесцентті шамдары бар шырақтармен жүзеге асырылуы керек.
18.1.37 Тұрақ-жөндеу корпусының тексеріп қарайтын үңгірлерді жарықтандыруды:
- жалпы жарықтандыру - кернеуі 220 В болатын айнымалы электр тоғы желісінен
электр тоғын алатын тұрақты шамшырақтардан
(торлы) қарастыру керек. Олардың
конструкциясы үңгірдің әрбір жағы бойынша шахматтық тәртіпте
5 м сайын
орналастырылатын аспапты пайдаланбай шамға қолжетімділік мүмкіндігін болдырмайды.
- жергілікті жарықтандыру - кернеуі 12 В болатын айнымалы электр тоғы желісінен
электр тоғын аша тәрізді розеткалар арқылы алатын 20 м сайын арықтың бір жағынан
орналастырылатын қозғалмалы шамшырақтардан қарастыру керек.
ТР-1 және ТР-2 күнделікті жөндеу жолдарының арықтарында аша тәрізді
розеткаларды 10 м сайын арықтың әрбір жағынан шахматтық тәртіпте орналастыру керек.
Үңгірлердегі жарықтандыру желілерін МЕМСТ 10704 және МЕМСТ 10706 бойынша
жұқа металл құбырларда жүргізу керек.
Тексеріп қарайтын үңгірлері бар және тексеріп қарайтын үңгірлері жоқ жолдар
арасындағы өткел өсі бойынша қозғалмалы шамшырақтарды еденге қосу үшін 20 м сайын
қақпағы бар металл қорапшаларда орналастырылған аша тәрізді розеткалары бар кернеуі
12 В болатын жергілікті жарықтандыру желісін қарастыру керек.
18.1.38 Тұрақ-жөндеу корпусының тексеріп қарайтын үңгірлерінде екі жағынан да
10 м сайын ұзындығы 1,0 м, биіктігі 0,7 м, тереңдігі 0,4 м-лік құрал-жабдықтар мен электр
жабдықтарының қондырғыларын сақтауға арналған қуыстар қарастыру керек.
18.1.39 Тұрақ-жөндеу корпусының тексеріп қарайтын үңгірлерінде компрессорлық
станциядан әрбір 20 м сайын орналастырылған ауаны жинау крандары бар қысылған ауа
желісін төсеу керек. Ауа жинайтын крандарды тексеріп қарайтын үңгірлері жоқ
жолдардың басындағы корпустарда да орналастыру керек.
18.1.40 Тұрақ-жөндеу корпусы бойының алдында бағаналарда ыстық су мен суық су
беретін және тұрмыстық кәріз жүйесіне қосылған шұңғылша орналастыруды қарастыру
керек.
18.1.41 Электрдепоның мотовоз цехында тұрақ, шаруашылық поездарының тартым
және тіркеме бірліктерін күнделікті жоспардан тыс жөндеуді қарастыру керек.
144
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
Цех ұзындығын электрдеподағы тартым және тіркеме бірліктерінің санына
байланысты есеппен, бірақ 36 м кем емес етіп орналастыру керек.
Цехтағы жолдар саны төртеуден кем болмауы тиіс. Цехтағы барлық жолдардың
тексеріп қарайтын үңгірлері болуы тиіс, жолдардың біреуінің жүккөтерімдігі 3 тонна
болатын кран-бөренемен жабдықталуы қажет.
Метрополитендегі шаруашылық пойыздардың тартым және тіркеме бірліктері саны
елуден көп болған жағдайда электрдеполарының бірінде аталған қолғалмалы бірлңктердің
ТР-3 (көтеріп жөндейтін) күнделікті жөндеу арнайы цехын қарастыру керек.
Қозғалтқыштардың тартым бірліктерінің күрделі жөндеу жұмыстарын
мамандандырылған кәсіпорынға жүктеген дұрыс.
18.1.42 Мотовоз (электровоз) цехында өндірістік және тұрмыстық жайлар блогын
орналастыру керек. Олардың құрамында электровоз цехы үшін аккумулыторларды
сақтайтын және қызмет көрсететін жайлар, сондай-ақ ТҚ 825 В зарядтау бөлімшесі кіруі
тиіс.
Мотодепоның аумағында зумпф агрегаттарынан бөлінетін қойыртпақты құятын
ыдыс қарастыру қажет.
18.1.43 Электрдепоның аумағындағы шоғырсымдарды коллекторларда, блоктарда,
құбырларда, жер үсті науаларында, сондай-ақ корпус ғимарытында ашық және электрдепо
аумағының ашық темірбетон шарбақтарында жүргізу керек.
Жолдардың астындағы шоғырсымдарды топырақтың тоттану белсенділігіне
қарамастан жақсы қорғалған металл құбырларда жүргізу керек. Нұсқаулар мен
крестовиндер орналасқан жерлерде шоғырсымдар төсеуге рұқсат етілмейді.
18.1.44 Кернеуі
825 В болатын желінің қуаттанатын шоғырсымдарын ереже
бойынша парк жолдарының астында жүргізуге бомайды.
Жолдардың ең жақын рельльсі мен параллель жүргізілген шоғырсым арасындағы
қашықтық 2 м кем болмауы тиіс.
18.1.45 Электрдепоның әкімшілік-тұрмыстық корпусын тұрақ-жөндеу корпусының
қасында, олардың арасында жылытылатын өткелді қарастыра отырып орналастыру керек.
Электрдепоның әкімшілік-тұрмыстық корпусында ҚР ҚН
3.02-08 және
ҚР ЕЖ 3.02-108 тарауларының талаптарына сәйкес машинистердің демалыс бөлмелерін,
асхана, денсаулық пунктін, сондай-ақ басқа қосымша жайлар қарастыру керек.
18.1.46 Электрдепоның әкімшілік-тұрмыстық корпусында ыстық су беру қорын
электрлі су жылытқыштардан қарастыру қажет.
Тұрақ-жөндеу корпусында және басқа да өндірістік ғимараттарда ыстық сумен
қамтамасыз ету үшін электрлі сужылытқыштар қолдану керек.
Электрдепоның әкімшілік-тұрмыстық корпусында ыстық суды электрлі
сужылытқыштардан асхана мен екі душ торларына жүргізу қажет.
18.1.47 Электрдепоның өндірістік жайларындағы шу деңгейі МЕМСТ 12.1.003-те
белгіленген мәндерден аспауы тиіс, ал демалу жайларында және денсаулық
пункттеріндегі дәрігерлер кабинеттеріндегі шу деңгейі ҚР ҚН
2.04-02 тарауында
белгіленген мәндерден аспауы тиіс.
18.1.48 Электрдепоның аумағы абаттандырылған, қабырғамен қоршалған болуы
тиіс, оның бойында шуды азайту үшін ағаштарды отырғызу қарастырылуы керек және
145
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
қалалық поездарға жалғанған беттері жетілдірілген жолдары, автомашиналарға арналған
тұрақтар және жұмыста үзіліс кезінде қызметкерлердің демалуына және гимнастикалық
жаттығулар жасауына арналған жетілдірілген алаңы болуы, прожекторлармен
жарықтандырылуы тиіс.
Ең жақын парк жолының өсінен қоршауға дейінгі қашықтық
2,5 м кем емес,
ғимараттар қабырғаларына дейінгі қашықтық 3 м кем емес етіп қабылдау керек.Есіктері
жоқ ғимараттар қабырғаларына дейінгі қашықтықты 2,5 м етіп қыбылдауға рұқсат етіледі.
18.1.49. Парктік жолдарды қосу үшін 1:5 маркалы крестовиналары бар Р50 үлгісінің
ауыстыру нұсқарларын пайдалану керек.
18.2 Жол
18.2.1 Жолдардың жоспары мен бойлық сұлбасы 24 кестеге сай келуі тиіс.
21-кесте - Жолдардың жобасы және бойлық сұлбасы
Мөлшер
Параметр
Қиын
негізгі
жағдайларда
Парк жолдары жобасындағы қисық радиус, м, кем емес
75
60
Қозғалыстағы құрамның айналымы үшін жолдардағы нұсқарлы
ауысудың айқастырылған табан ағашының маркасы :
Метрополитеннің
1:5
-
1520 мм табанды темір жолдардың
1:9
-
Электрлендірілген парк жолдарының тік учаскесінің ұзындығы, м,
кем емес, жобадағы екі қисық арасында орналасқан,бағытталған:
Бір жаққа
3
-
Көп жаққа
15
-
Электрленбеген парк жолдарының тік учаскесінің ұзындығы, кем
3
-
емес, жобадағы екі қисық арасында орналасқан
Жобадағы қисықтың бастапқы нүктесінен және сұлбадағы тіктік
қисықтың ара қашықтығы , м, кем емес:
Тұрақ-жөндеу корпусының алдыңғы қабырғасына дейін
20
8
Жанынан 1:5 маркалы нұсқарлы ауысу ортасына дейін
жүйектеме рельстеріне
10
8
Парк жолдарының бойлық еңісі , %, көп емес:
Нұсқарлы ауысу төсеуінің орындарында
5
10
Пойыз тоқтауы мүмкін жерлерде (сору жолдары, ТЖК алдында)
1,5
-
Депо жолдарының бойлық еңісі, %
0
-
Еңіс мәнінің алгебралық әртүрлілігі кезіндегі тіктік қисықтың
1500
-
радиусы, 2 және одан да көп %, м, кем емес
21-кесте - Жолдардың жобасы және бойлық сұлбасы
(жалғасы)
Мөлшер
Параметр
Қиын
негізгі
жағдайларда
Парк жолдарының бойлық сұлбасы элементінің ұзындығы:
Электрлендірілген
Ескертпе 2 -
-
146
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
Электрлендірілмеген, м, кем емес
50
40
Ескертпе
1 Қиын жағдайлар - электродепо территориясының шектелген өлшемдерімен байланысты шарттар
2 Элемент ұзындығын поездың келешектегі ұзындығынан кем емес етіп алу қажет
18.2.2 Парк жолдарының қисық учаскелерін ішкі рельстерді сыртқы рельстердің
үстіне көтеріліп кетпейтіндей етіп және өтпелі қисықсыз тік учаскелермен байланыстыру
қажет.
18.2.3 Жолдың төменгі құрылысы есебінде мыналарды қарастыру керек:
а) парк жолдарында - ІІ санатты темір жолдар үшін ҚР ҚНжЕ 3.03-01 бойынша жер
қазу төсемдері немесе 11 тарауға сәйкес темірбетоннан жасалған тегіс негіздеме;
б) депо жолдарында
-жыралардың темірбетондыконструкциялары немесе
темірбетоннан жасалған тегіс негіздеме;
Жолдың жоғарғы жағының құрылысы ретінде рельстерді, рельстік дәнекерлеу,
нұсқаулы ауысу, рельс астына төселетін негіз, балластты қабат.
18.2.4 Парк жолдарының жер қазба төсемдері үшін мыналарды қарастыру қажет :
-үймедегі топырақты нығыздау;
- балластты призманың құмнан жасалған (майда және шаңды құмды қоспағанда)
қорғаныс қабаты;
- жоғарғы және топырақ суларының жер төселімдерінен бұру;
- жер төселімдері еңісінің нығаюы;
Құрғатылған топырақтардағы қорғаныс қабатының қалыңдығын (құмды жастықша)
0,2 м кем емес етіп, ал құрғатылмаған топырақтарда - 0,8 м етіп алу қажет.
Қорғаныс қабаты еңістігінің құламалығы 1:2 болуы тиіс.
18.2.5 Жолдың жоғарғы құрылысы
25 кестеге сай болуы керек.18.2.7 Парк
жолдарының қисық учаскелеріндегі табан енін, жол осі бойынша қисықтың радиусына
байланысты әр жол бойынша жеке орнату қажет.
18.2.6 Парктік жолдардың қисық учаскелеріндегі жолдардың енін әрбір жол үшін
белдігі бойынша қисық жолдың радиуысына қарай орналастыру керек.
18.2.7 Аралық рельстік бекітпелерді бөлектемей не бөлек түрде рельстік
төсемелермен және жол бұрамаларымен бірге қарастыру қажет.
Жолдың электрлендірілген бекітпелері жолдың төменгі құрылысынан рельстерді
электрлі оқшаулауды қамтамасыз етуі тиіс.
18.2.8 Электрлі орталыққа қосылған нұсқарлы ауысудағы бұранды рельстік
түйісулердің электрөткізгіштігін қамтамасыз ету үшін электрқосқыштарды қолдануға,
электрлендірілген жолдың басқа учаскелерінде тәрелкелі серіппені қолдануға рұқсат
етіледі.
25-кесте - Жолдың жоғарғы құрылысы
Жолдар
Көрсеткіш
парк
Депо
Рельстердің түрлері
Жаңа және ескі жылғы
Р50
147
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
Жолдар
Көрсеткіш
парк
Депо
Шпалдар
ағаштан, ж/б
1 км жолға шпал саны, шт.:
Тік және қисық учаскелерде радиусы 1200 м және жоғары
1600
2400
Қисық учаскелерде радиусы 1200 м
1760
-
Ескертпе - ТЖК депо жолдарында және мотовоз цехыныңшпалдары жолды бойлай орналасады
Бұранды рельстік түйісулердің электрлі қарсылығы 1м ұзындықтағы рельстің бүкіл
учаскесінің қарсылығынан аспауы тиіс.
Электрөткізгіш бұранды рельстік түйісулердегі саңылаудың аумағы
17 кестеге
сәйкес келуі тиіс.
Оқшаулағыш бұранды рельстік түйісулерді қажетті техникалық талаптарға сәйкес
келетін полимерлі жасанды немесе желім-бұранда түрінде немесе оқшаулағыш
түйісулермен қарастыру қажет.
18.2.9 Электрлендірілген депо жолдарының рельстерін ара қашықтығы
12,5 м
ғимарат қабырғасының екі жағынан орналасқан екі жұпты оқшаулағыш түйісулері бар
электрлендірілген парк жолдарының рельстерінен бөлу керек..
18.2.10 Электрлі орталыққа қосылған парк жолдарының нұсқаулы ауысуында
автопневмоүрлеу құрылғысын немесе, мердігердің талабы бойынша, электржылыту
құрылғысын қарастыру қажет.
Барлық нұсқарлы ауысуларда шекті бағаналарды қарастыру қажет .
18.2.11 Рельс астына негіз ретінде МЕМСТ 22830 бойынша ағаш шпалдар және
МЕМСТ 8816 бойынша нұсқарлы ауысулар үшін ағаш қырлы бөренелерді қарастыру
керек.
Электрлендірілген жолдардағы рельсастылық ағаш негіз электр қуатын өткізбейтін
зарарсыздандырғыштармен қуаттандырылуы керек.
Парк жолдарындағы рельсастылық ағаш негіздің төсемін жоғарғы қабатпен
жоғарыға, ал депо жолдарында - жоғарғы қабатпен төмен етіп қарастыру қажет.
Жолды төсеу кезінде рельсастылық ағаш негіздің астына бұрғыланған бұрамалы
саңылаулар үш реттен электр қуатын өткізбейтін зарарсыздандырғыштармен майлануы
тиіс.
18.2.12 Парк жолдарының балластты қабаты үшін МЕМСТ 7392 бойынша қажалуға
мықтылығы бойынша И20м, И40м маркалы таулы жыныстардың табиғи тастарынан
жасалған шағыл тастарды немесе МЕМСТ 7394 бойынша қиыршық тастарды қарастыру
қажет.
Парк жолдарының бір жолды учаскелерінің үстіңгі жағындағы балластты призманың
енін 3,2 м кем емес етіп қабылдау керек.
Балластты призманың үстіңгі жағы рельсастылық ағаш негіздің жоғарғы
қыртысынан 3 см кем болуы тиіс, балластты призма еңісінің құламалығы - 1:1,5.
Рельстерді орналастыру жерлеріндегі рельсастылық ағаш негіздің астындағы
балластты қабаттың қалыңдығы 25 см кем болмауы керек.
148
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
18.2.13 Электродепо жолдарын темір жолдардың жалпы желі жолдарымен
байланыстыратын сыртқы теміржол кіреберіс жолдары, және электродепо аумағында
орналасқан 1520 мм табанды темір жолдың қозғалмалы құрамының айналымына арналған
ішкі темір жолдары ҚР ЕЖ 3.03- 122 және СТН Ц-01[4] бойынша қарастырылуы қажет.
18.3 Байланыс рельсі
18.3.1 Байланыс рельстерін бекітуге арналған тіреуіштер арасындағы ара қашықтық
парк жолдарында 4,5 м 5,4 м дейін, депо жолындағы құрамдарды үрлеу камерасында - 6,0
м аспауы тиіс.
18.3.2 Байланыс рельстерін байланыстыруды жасанды әдіс көмегімен немесе
электробайланыстырушы әдіспен орындау керек. Парк жолдарындағы өрменің
ұзындығын 37,5 м аспайтын, депо жолындағы құрамдарды үрлеу камерасында - 100 м алу
керек.
Байланыс рельсінің дәнекерленген өрмелері жерлерінде температуралы түйісулерді
қарастыру қажет.
Температуралы түйісулердегі электрлі қарсылық пен саңылаудыңкөлемі, 13.2 бөлім
бойынша, сәйкестендірілуі тиіс.
Температуралы түйісулермен айқасқан тіреуіштер арасындағы ара қашықтық 2,5м
аспайтындай етіп қабылдау қажет.
18.3.3 Байланыс рельсін айдап әкетуге қарсы құрылғыларын орнату арқылы айдап
әкетуге бекіту қажет.
18.3.4 Байланыс желілерін секциялау жерлерінде, нұсқарлы ауысулар мен
құрылғыларды орналастыру жерлерінде байланыс рельстерінің әуе аралықтарын
қарастыру керек.
Байланыс рельсіндегі әуе аралықтарын құрылғыларының орындарында еңісі 1:25
кем емес болытындай етіп шеткі бұрмалар қарастыру керек.
Бір вагонның электрқабылдағыштарымен бөгелген байланыс рельс бұрмаларының
металл түбінің арасындағы ара қашықтық 10 м аспауы керек, бөгелмегендер - 14 м кем
болмауы керек.
Байланыс рельсінің әуе аралықтары шегінде орналасқан құрылғыларды бұрманың
металл түптерінен 0,8 м кем емес ара қашықтықта ұстау қажет.
Автокөлік жолының шегінен байланыс рельс бұрмаларының металл түптеріне
дейінгі ара қашықтық 1,5 м кем болмауы тиіс.
Парк жолдарындағы әуе аралықтарын нұсқарлы посттарға, қоймаға, құрылғыларға
ең ыңғайлы өтуді қамтамасыз етуді есептей келе, орналастыру қажет.
18.3.5 Шеткі бұрмалары бар байланыс рельсінің ұзындығы 18,7 м кем болмауы тиіс.
Тығыз жағдайларда, құрылғыны байланыс рельсінің төсеме кеңістігіне орналастыру
қажеттігі туған жағдайда, әр тіреуіште айдап әкетуге қарсы құрылғысымен бекітілген 9,0
м кем болмайтын шеткі бұрмалары бар ұзындықты қарастыруға рұқсат етілген.
18.3.6Байланыс рельсімен жабдықтауға рұқсат етілмейді:
149
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
- әртүрлі пайдаланымдағы цехтардың парк жолдары, сондай-ақ жүктерді тиеу және
жүктерді түсіруге арналған жолдар және 1520 мм табанды темір жолдардың қозғалғыш
құрамының айналымдары;
-ТЖК-ның депо жолдары, әртүрлі пайдаланымдағы және құрамдарды жуу
камералары.
18.3.7 Байланыс рельсінің
есептерін,
13.2
бөліміне
сәйкес рельстер
температурасының теңселу интервалын есептей келе, орындау қажет.
19 ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ
19.1 Өртке қарсы талаптар
19.1.1 Метрополитен объектілерін жобалауда, салуда, қайта салуда және
пайдалануда
«Ғимараттарды, жайларды және құрылыстарды автоматты өрт сөндіру
жүйелерімен және автоматты өрт сигнализациясымен жабдықтау, өрт кезінде адамдарды
хабарландыру және сыртқа шығаруды ұйымдастыру бойынша талаптар»,
«Өрт
қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар», «Метрополитендер қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар» белгіленген техникалық регламенттердің, ӨҚЕ 147 ережелерінің талаптарын
сақтау қажет.
19.1.2 Әртүрлі санатты А, Б, В1, В2, В3 бөлмелерін, сондай-ақ бұл бөлмелерді В4, Г,
Д және дәліздерді төменде келтірілген түрдегі өртке қарсы қалқалармен және өртке
қарсы жабындармен бір-бірінен ажырату керек:
- өртке төзімділіктің І дәрежелі ғимараттарында
-
1-ші үлгідегі өртке қарсы
қалқалармен, 2-ші үлгідегі өртке қарсы қалқалармен (қабатаралық және жертөле үстінде);
- өртке төзімділіктің ІІ және ІІІ дәрежелі ғимараттарында - 1-ші үлгідегі өртке қарсы
қалқалармен, 3-ші үлгідегі өртке қарсы қалқалармен (қабатаралық және жертөле үстінде).
19.1.3 Станцияның жер үсті вестибюльдері, электрдепоның ғимараттары мен
құрылыстары және басқа мақсаттағы ғимараттар отқа төзімдігі жағынан II деңгейден
төмен болмауы тиіс және ҚР ҚНжЕ 2.02-05 бойынша С1 төмен емес конструктивті өрт
қауіпсіздігі класы болуы тиіс.
Метроға кіретін павильондар және металл қаңқамен жасалған метроға кіре берістегі
көше астындағы жүргіншілер өтпелі ҚР ҚНжЕ2.02-05 бойынша отқа төзімділігі бойынша
ІІІ а дәрежесінен кем болмауы керек.
19.1.4 Жер асты жайларының және құрылыстарының барлық құрылыс
конструкциялары ҚР ҚНжЕ 2.02-05 бойынша өрт қауіпсіздігі К0 класына сәйкес болуы
тиіс. Құрылыс конструкциялары мен өртке қарсы кедергілердің отқа төзімділік шегін
26-кесте бойынша қабылдау керек.
19.1.5 Бағыттың жердегі (жер үстіндегі) аймақтарының, сонмен бірге жабық жерүсті
станцияларының негізгі құрылыстық конструкциялары К0-ден кем емес өрт қауіпсіздігі
классына сәйкес келуі керек және REI 60 кем емес өртке тұрақтылық шегі болуы керек.
Галереялар мен бастырмалардың, бағыт аймақтарының жердегі
(жер үстіндегі)
металл каркастан орындалған құрылыс конструкцияларын ҚР ҚНжЕ 2.02-05 бойынша
өртке тұрақтылықтың ІІІ а төмен емес деңгейін қабылдау қажет.
150
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
19.1.6 Метрополитен станциялары мен қосымша станцияларының шоғырсымды
арналарының, станция тұғырнамасы астындағы туннель желдеткіші арналарының
(желдеткіш-шоғырсымды арналарының), құрылыс конструкциялары R
45 кем емес,
тұғырнамаға шығатын арналар люгінің EI 30 кем емес отқа төзімділік шегі болуы тиіс.
Туннель желдеткішінің арналарында (желдеткіш-шоғырсымды арналарында) торлармен
жабылатын жолаушылар жайларынан ауаны жинауға
(шығаруға) арналған ашық
ойықтардың болуына, қажет болған жағдайда ауан шығынын реттейтін қондырғы
қондыруға рұқсат етіледі.
26-кесте - Өртке қарсы кедергілердің құрылыс конструкцияларының отқа
төзімділік шектері
Отқа төзімділік шегі,
Құрылыс конструкцияларының атаулары
кем емес
Станцияның тұғырнамалық және орта залдарын, туннельдерді,
R 120
станция алдындағы және туннель алдындағы құрылыстарды
қаптау
Аралық және тұйықты туннельдерді қаптау
R 120
Станцияның пилоны және бағаналары
R 120
Лифт шахталары оқпандарының қоршаулары
REI 120
Баспалдақ торларының қабырғалары
REI 120
Қосымша станция қабырғалары
REI 120
Жанатын-майлайтын және бояу материалдары қоймасының
REI 120
қабырғалары, арақабырғалары, аражабындары
Эскалаторлық туннельдер мен станция вестибюльдерін қаптау
R 120
Жолдар мен туннель желдеткішінің арналары арасындағы
REI 60
қабырғалар (желдеткіш-шоғырсымды арналары)
Баспалдақ торларының алаңы, косоурлар, бөренелер, марштар
REI 60
Ішкі қоршаулар конструкциясы:
тақталар
REI 60
бөренелер
REI 60
Өрт қауіпсіздігі бойынша В1-В3 санатындағы жайлардың,
дәліздердің, тамбурлардың қабырғалары мен қоршаулары,
REI 60
жолдарды астындағы орын ауыстыру дәліздерінің қоршаулары
Туннельдер
арасындағы
эвакуациялық
жалғастырушы
REI 60
дәліздердің қабырғалары (қоршаулары)
151
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
26-кесте - Өртке қарсы кедергілердің құрылыс конструкцияларының отқа
төзімділік шектері (жалғасы)
Отқа төзімділік шегі,
Құрылыс конструкцияларының атаулары
кем емес
Эвакуацияның ортақ жолдарын, оның ішінде жолаушыларға
REI 60
жолайы қызмет көрсету объектілерін бөлектеп тұратын
қабырғалар мен қоршаулар
Өртке қарсы есіктер
REI 45
Түтін өткізбейтін есіктер
EIS 30
Лифт шахталарының есіктері
REI 60
Өртке қарсы люктер
REI 45
Тұғырнама және станция жолдары үстіндегі өткелдердің салмақ
REI 90
түсетін және қоршайтын конструкциялары
Өрт қауіпсіздігі бойынша В4, Г және Д санатындағы жайлардың
REI 30
қабырғалары (арақабырғалары)
Дәліздердегі аспалы төбелер
RE 30
Шоғырсымды туннельдердің арақабарғалары отқа төзімділік шегі EI 45 шамасында
өртке қарсы болуы тиіс. Станцияның айналмалы шоғырсымды туннельдерінде біреуден
кем емес арақабырға қарастыру керек. Арақабырғалар отқа төзімділік шегі EI
45
шамасында өртке қарсы болуы тиіс. Туннель мен арақабырғалардың есіктері отқа
төзімділік шегі REI 30 шамасында өртке қарсы болуы тиіс. Әрбір бөлік өрт қауіпсіздігі
сигнализациясының автоматтандырылған қондырғысымен, ал өрт қауіпсіздігі жүйесіне
180 МДж·м-2 артық жүктеме түсетін жағдайлар ескерілген кезде өрт сөндірудің
автоматтандырылған қондырғысымен жабдықталуы тиіс.
19.1.7 Басқа мақсатта салынған ғимараттағы немесе оған жалғастырып салынған
ғимараттағы станция вестибюлі өртке қарсы қабырғалармен және отқа төзімділік шегі
REI 150 шамасындағы аражабындармен оқшаулануы тиіс, тікелей сыртқа шыға берісі
болуы тиіс.
19.1.8 Станцияның жолаушылар жайларындағы су бұрғыш зонттарды қондыру үшін
Г1, В1, Д1, Т1 топтарына сәйкес келетін мәндерден жоғары өрт қауіпсіздігі сипаттамасы
бар материалдар қолдануға рұқсат етілмейді.
19.1.9 Жер асты жайларының:
- отқа төзімділік шегі нормаланатын қабырғалар мен арақабырғаларда отқа
төзімділік шегі EI 30 кем емес өртке қарсы есіктері;
- дәліздерді ұзындығы 60 м кем емес учаскелерге бөлетін арақабырғаларда отқа
төзімділік шегі EI 15 кем еместүтін өткізбейтін есіктері;
- қалған арақабырғаларда отқа төзімділік шегі EI 15 кем емес өртке қарсы есіктері
болуы тиіс.
ЖММ және бояу материалдары қоймаларының өртке қарсы есіктері өздігінен
жабылатын және жайдан шығу бағыты бойынша ашылуы тиіс. Есік ойығында табалдырық
немесе биіктігі 0,15 м кем келмейтін пандус қарастыру керек.
152
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
Вестибюльдерге, жер асты өткелдеріне төмен түсетін баспалдақтар үстіндегі шағын
ғимараттарға, жер асты вестиюбльдерінің касса залдарына, әжетханалар мен басқа да
ұқсас жайларға кіре беріс есіктерінің төсем материалдарына өртке қарсы талаптар
қойылмайды және отқа төзімділік шегі нормаланбайды.
Жер үсті вестюбильдерінің терезелеріндегі торлар қозғалмалы немесе ашылатын
болуы тиіс.
19.1.10 Құрылыс конструкцияларын қаптау және станция құрылысының едендерін
қаптау үшін жанбайтын материалдар қолдану керек, ал қабырғалар мен төбелерді бояу
үшін жанбайтын бояулар қолдану керек.
19.1.11 Терең салынған станцияның эскалаторлық туннельдерінде және
шахталардың оқпандарында туннельдік желдетуқондырғыларын шартты диаметрі 80 мм
құрғақ труба төсемелерін қарастыру қажет. Өрт сондіру автокөліктерінің түтік
құбырларының жалғануы үшін құрғақ трубаның жоғарғы жағында бір жалғастырғыш
ілгіш, төменінде
- екі жалғастырғыш ілгіш болуы тиіс. Жалғастырғыш ілгіштердің
алдында тиек арматурасын қарастыру қажет, ал ілгіштерді бітеуіштермен бітеу
керек.Жалғастырғыш ілгіштердің үлгісі мен диаметрін қалалық өрт сөндіру қызметіне сай
қабылдау қажет.
19.1.12 Станция тұғырнамаларындағы орындықтар конструкцияларын жанбайтын
материалдардан, отыратын орынды Г2, Д2, Т2 топтарына сәйкес келетін мәндерден
жоғары емес өрт қауіпсіздігі сипаттамасы бар материалдардан қарастыру керек.
19.1.13 Өртке қарсы кедергілердің ауа кіретін жолмен қиылысуын ҚР ЕЖ 4.02-101
бойынша қарастыру керек.
19.1.14 Эскалаторлық туннельде желдеткіш-шоғырсымды бөлігінің жабуы су
өтпейтін темірбетоннан болуы тиіс және REI 60 кем емес отқа төзімділік шегі болуы тиіс.
Желдеткіш арнаны ереже бойынша вестибюльге кіре берістен 15 м кем емес етіп жоғары
шығару керек.
19.1.15 Жанатын материалдардан жасалған станцияда жайғастырылған жарнама
бұйымдары құрылыстың жолаушылар жайындағы қабырғалардың ішкі бетінің жалпы
алаңының 5 % көбін алмауы тиіс.
Жарнама тақталарының өлшемдерінің ені 5 м, биіктігі 2 м аспауы тиіс. Тақталар
арасындағы қышықтық 1 м кем болмауы тиіс. Жарнама бұйымдарының салмақ түсетін
конструкциялары жанбайтын материалдардан жасалуы тиіс, сыртқа шығару
жолдарындағы тақталардың бекітулері 1 сағат көлемінде 300 °С температураға шыдауы
тиіс. Жарнама бұйымының материалы арасында ауа қалмайтын жанбайтын негізге
желімденуі және жанғыштығы жағынан Г1 тобына сәйкес келетін мәндерінен жоғары
болмайтын өрт қауіпсіздігі сипаттамасы бар материалдардан жасалынуы тиіс.
19.1.16 Жер асты құрылысы жайлары мен басқа да көлемді жоспарлау элементтері
(вестибюльдер, касса залдары, эскалаторлық туннельдер, станцияның тұғырнамалық және
орта залдары, тұғырнама астындағы жайлар және т.б.) жарылыс қаупі және өрт қауіпі
бойынша санатқа бөлінуге жатады.
Метрополитеннің жер асты жайларының жарылыс қаупі және өрт қаупі бойынша
санаттарын 27-кестеге сәйкес қабылдау керек.
153
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
27-кесте - Жарылыс қаупі және өрт қаупі бойынша метрополитеннің жер асты
жайларының санаттары
Заттар мен
Жарылыс қаупі және
Жайлар мен құрылыстар
материалдардың
өрт қаупі бойынша
сипаттамасы
жайлар санаты
Станция бастықтарының кабинеттері, аға
Қатты жанатын
В2
операторлардың, учаске басшыларының,
материалдар (ҚЖМ)
мастерлердің, эскалатор машинистренің,
электромеханиктердің жайлары,
Билет кассалары және ақша санау жайлары
сол сияқты
В2
Күзет станцияларының жайлары
“
В2
Өртқа қарсы қызмет бөлімінің жайлары
“
В2
Кезекші қызметкерлер жайлары
“
В2
Кезекшілік, техникалық кабинеттер
“
В2
Тамақтанатын жайлар
“
В2
Медициналық пункттер
ҚЖМ, тез жанатын
В2
сұйықтықтар (ТЖС)
Демалыс бөлмелері
ҚЖМ
В2
Кір жуатын
сол сияқты
В2
Арнайы киімдерді кептіретін бөлмелер
“
В2
Гардероб
“
В2
Әжетханалар
Жанбайтын заттар мен
Д
материалдар
Жылыту пункттері
сол сияқты
Д
Су өлшеу торапты
сол сияқты
Д
СБК (ОББК) жайлары
ҚЖМ, шоғырсымдар
В2
мен электр
жабдықтарын электр
оқшаулау материалдары
(ЭОМ)
Душтар
Жанбайтын заттар мен
Д
материалдар
ЭО станциялары
ЭОМ
В2
ПҚАТ аппараттары
сол сияқты
В2
Байланыс жайлары
“
В2
Кросс жайлары
“
В2
Электрқалқан бөлмелері
“
В4
Радиотораптап
ҚЖТ, ЭОМ
В4
Желінің командалық пункті
(учаскенің,
сол сияқты
В2
станцияның)
Жергілікті желдеткіш қондырғыларының
Қызмет көрсетілетін жайлардың санаты мен
жайлары (ЖЖҚ)
класына сәйкес келеді
Бояу материалдар қоймасына арналған ЖЖҚ
Сол сияқты
жайлары
ЖММ қоймаларының ЖЖҚ жайлары
“
27-кесте - Жарылыс қаупі және өрт қаупі бойынша метрополитеннің жер асты
154
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
жайларының санаттары (жалғасы)
Жарылыс қаупі
Заттар мен
және өрт қаупі
Жайлар мен құрылыстар
материалдардың
бойынша жайлар
сипаттамасы
санаты
Түтінді жою ЖЖҚ жайлары
ЭОМ өте аз мөлшерде
В4
АБ қышқыл немесе сілтілі электролиттері бар
Зарядтау
А
аккумуларторлар жайлары
қондырғыларының
жұмысы кезінде
сутегінің бөлінуі
АБ гель электролиті бар аккумуларторлар жайлары
ҚЖМ өте аз өлшерде
В4
АБ жөндеу жайлары
ҚЖМ өте аз өлшерде
В4
Калориферлік және АЖП жайлары
сол сияқты
В4
ТҚ жайлары 10 кВ, 825 В
ҚЖМ, ЭОМ
В4
Трансформаторлар залы
сол сияқты
В4
ТҚ жайлары, ТҚ мен электр қалқанының
“
В4
біріктірілген жайлары
Тегістеу агрегаттарының жайлары
ЭОМ
В4
Сорғыш қондырғыларының жайлары
ЭОМ өте аз мөлшерде
В4
Автоматтық бөлімшелер қоймалары
ҚЖМ
В2
Қоймалар
сол сияқты
В2
Шеберханалар
“
В2
Өрт сөндірудің автоматты қондырғылар жайлары
Жанбайтын заттар мен
Д
материалдар
Кішкентай сынбайтын ыдыстағы бояу
Тұтану температурасы
А
материалдарының қоймалары (ТЖС)
28°С ТЖС
ТЖС қоймалары
Тұтану температурасы
Б
28°С ТЖС
ЖММ (ЖС) қоймалары
Тұтану температурасы
В1
61°С ТЖС
Эскалаторлардың аспалы станциялары
ҚЖМ
В3
Эскалаторлардың машина жайлары
ҚЖМ, ЖС өте аз
В3
мөлшерде
Лифттердің машина жайлары
ЭОМ өте аз мөлшерде
В4
Эскалаторлар астындағы желдеткіш-шоғырсымды
ҚЖМ, оғырсымдарды
В3
секциялар
оқшаулауды қоса
алғанда
Туннель желдеткіші қондырғыларын бөлшектеу
Жанбайтын заттар мен
Д
жайлары
материалдар
Туннель желдеткіші қондырғыларының машина
ЭОМ өте аз мөлшерде
В4
жайлары
Ұйымдастырылған сауда аймақтарындағы жайлар
Жанатын заттар мен
В2
материалдар, ЖС
155
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
19.1.17 Метрополитен объектілеріндегі жайлар мен аймақтардың жарылыс қаупі
және өрт қаупі санаттарын 27 кестеде болмаған жағдайда немесе күтілетін өрт күші
санатын дәлдеп анықтау қажет болған жағдайда:
- «Өрт қауіпсіздігіне жалпы талаптар» техникалық регламентіне сәйкес А, В, Г1, Г2,
Д санаттары үшін;
Q
g
,
(11)
max
S
формуласымен анықталатын кез келген учаскенің бірінде
шекті өрт күшінің ең жоғарғы мәнімен
g
МДж/м2
29 кестеде келтірілгендей етіп
max
учаскедегі
g
, МДж/м2, шекті өрт күші мәнін салыстыру арқылы В1-В4 санаттары үшін 28
u
кестедегідей анықтау керек.
Бұл жердегі Q- өрт күші, МДж; S-өрт күшін орналастыру алаңы, м2.
19.1.18 Q, МДж өрт күшін төмендегі формула бойынша анықтау керек:
n
Q
G
Q
p,
(12)
i
ni
i
Бұл жердегі Gi- i өрт күші материалының саны, кг;
p
Q
- i өрт күші материалының ең төменгі температурасы, МДж/кг.
ni
28 -кесте - Шекті өрт күшінің мәндері
Өрт
Учаскедегі шекті өрт
қауіпсіздігі
Орналастыру әдісі
бойынша
күші
g
, МДж/м2
u
жайлар санаты
В1
2200 жоғары
Нормаланбайды
В2
1400 2200 дейінқоса
Ескертпені қараңыз
алғанда.
В3
180-нен 1400- гедейін
Ескертпені қараңыз
В4
180- ге дейін
Ауданы 10 м2 жайдың кез келген учаскедегі
едені
2
Ескертпе - Егер (19.2),
Q
0,64g H
формуласы бойынша анықталған В2 және В3 санаттарын анықтау
u
min
кезіндегі өрт күші Q болса, онда жай тиісінше В1немесе В2 санатына жататын болады. Бұл жердегі Hmin -
өрт күші бетінен жабу бағанасына ең аз қашықтық, м.
19.1.19 Өрт қаупі бойынша жайлар мен аймақтардың санаттарын 19.1.19 тармағына
сәйкес анықтау кезінде, электр шоғырсымдарымен берілетін шекті өрт күшін есепке ала
отырып, жайлар мен құрылыстардың топтарына арналған ең жоғарғы шекті өрт күшін
δ, МДж/м2анықтау керек, бұл төмендегі формула бойынша анықталады:
n
P
0,272Н
Q
m
К
С
H
i
i
,
(13)
S
П
.С
156
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
Бұл жердегі
0,272
- шоғырсым жайларындағы шоғырсымдардың жанғыш
материалдарының орташаландырылған массалық мөлшерін есепке алатын коэффициент;
-
H
- шоғырсымдық құрылыстың биіктігі, м;
КС
p
-
Q
-
37,6 тең шоғырсымдардың оқшаулау материалдарының төменгі жану
Í
жылулығы МДж/кг;
-
m
- жайлардың көлденең қиылысуындағы і- кабелінің қума метрінің массасы,
i
кг/м;
- n - жайлардың көлденең қиылысуындағы көп шоқталған шоғырсымдардың саны;
-
S
жайлардың көлденең қиылысу ауданы, м2.
П
С
19.2 Адамдарды сыртқа шығару
19.2.1 Адамдарды эвакуациялау өрт болған жағдайда жер асты ғимараттарында
жүргізіледі. Эвакуация жолдарында адамдарды өрттің қауіпті факторларының әсерінен
қорғауды қарастыру керек.
Адамдарды станциядан эвакуациялаудың есептік уақытын эвакуациялық жол
еденінен 1,7 м биіктікте өрттің қауіпті факторлары критикалық мәнге жеткенге дейін,
станцияның қорғалған эвакуациялық жолдарына дейінгі жоспарлық шешімдерінің
ерекшеліктерін ескере отырып анықтау керек. Эвакуация уақытын есептегенде барлық
эвауациялық жолдарды ескеру қажет.
Станция ғимаратындағы адамдардың есептелген санын жобаланушы станцияның
максималды мүмкін жолаушылар легін ескеріп анықтау керек.
Адамдарды станциядан эвакуациялаудың есептік уақытын
2
қосымша
МЕМСТ 12.1.004 бойынша станцияның жоспарлық шешімдерінің ерекшеліктерін және
станция ғимаратындағы адамдардың максималды санын есепке ала отырып анықтау
қажет.
19.2.2 Ғимарат және құрылыс жайларынан, қабаттарынан
(деңгейлерден) шыға
берістердің саны мен жалпы ұзындығын олар арқылы сыртқа шығарылатын адамдардың
ең жоғарғы мүмкін санына және қызметкерлер болуы мүмкін ең шеткі орыннан жақын
эвакуациялық шыға беріске дейінгі шекті мүмкін қышықтыққа байланысты анықтау
керек.
19.2.3 Станцияның тұғырнамалық залдарынан сыртқа шығару үшін келесі жолдарды
ескеру керек:
- 2-типтегі баспалдақтар, дәліздердер, эскалаторларбойымен, вестибюльдердің касса
залдары, жер асты өткелдері арқылы - сыртқа шыққанға дейін;
- орын ауыстыру құрылыстары арқылы басқа желінің станциясына және одан әрі
2-типтегі баспалдақтар, эскалаторлар мен дәліздер арқылы, вестибюльдердің касса
залдары, жер асты өткелдері арқылы - сыртқы шыққанға дейін.
19.2.4 Жайлар мен құрылыстардың тұйық учаскелерінің ұзындығы (дәліздердің,
шоғырсымдық туннельдердің, желдеткіш арналардың және т.б.) 25 м көп болмауы тиіс.
19.2.5 Станцияның платформалық залдарынан адамдардың эвакуациялануын
қамтамасыз ететін кем дегенде екі жан-жақты шығу орындарын қарастыру керек.
157
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
Терең салынған станция үшін:
- 1. 2-ші типегі баспалдақпен, дәліздермен, эсалаторлармен, вестебюльдің кассалық
залы арқылы, жерасты жолдары - сыртқа шығуға дейін;
-
2.
Жолдық туннельдермен өтетін орындардағы вентбағадарға дейін,
вентбағандардың металл баспалдақтарымен сыртқа шығуға дейін;
-
3. Жолдық туннельдермен алдыңғы немесе келесі станцияның платформалық
аймағына дейін, әрі қарай 1 жолмен сыртқа шығуға дейін.
Екі вестибюлі бар таяз салынған станция үшін:
- 1. 2-ші типтегі баспалдақпен, дәліздермен, эсалаторлармен, вестебюльдің кассалық
залы арқылы, жерасты жолдары - сыртқа шығуға дейін.
Бір вестибюлі мен апат жағдайында шығатын есігі бар таяз салынған станция үшін:
-
1.
2-ші типтегі баспалдақпен, дәліздермен, эскалаторлармен, вестебюльдің
кассалық залы арқылы, жерасты жолдары - сыртқа шығуға дейін;
-
2.
«үрейге қарсы» типіндегі есіктермен жабдықталған
1-ші типтегі апатты
баспалдақпен сыртқа шығуға дейін.
19.2.6 Ортақ вестибюлі бар көп тереңдікте орналасқан орын ауыстыру
станцияларында станцияны бөлек пайдалану мүмкіндігін және станциялардың біріндегі
өрт кезінде оларды қауіпті факторлардың келуінен қорғауды (өртке қарсы ауаны тіреуіші
бар аймақтар, ауаны тіреуіші бар тамбурлар-шлюздер, әуе аймағы арқылы шығаберістерді
қондыру) қарастыру керек.
19.2.7 Тұрмыстық және өндірістік жайлардағы дәліздер мен баспалдақтар енін:
- дәліз - 1,2 м;
- баспалдақ торларының маршы - 1,0 м;
- қосымша станция ішіндегі екі қабат арасындағы ашық баспалдақтар - 0,8 м кем
етіп қабылдау керек.
Баспалдақ ауданының ені марш енінен кем болмауы тиіс.
Сыртқа шағыру жолдарының көлденең учаскелерінің жарықта биіктігі 2 м кем
болмауы тиіс.
19.2.8 Адамдарды жер астындағы қызметтік, өндірістік және тұрмыстық жайлар
блоктарынан сыртқа шығару үшін келесі жолдарды ескеру керек:
- вестибюльдің касса залы деңгейіндегі жайлардан - дәліздер бойымен касса залы,
жер асты жүргіншілер өткелі арқылы немесе сыртқа шыққанға дейінгі дәліз, сондай-ақ
2-типтегі баспалдақтар және (немесе) эскалатор бойынша станция тұғырнамасына және
одан әрі станцияның басқа вестибюлі арқылы сыртқа шығу;
- эскалаторлардың машина жайларынан - 1-типтегі баспалдақ бойымен касса залына
және одан әрі жер асты жүргіншілер өткелі арқылы сыртқа н емесе балюстрад астындағы
кеңістік және аспалы камера арқылы эскалатор астындағы аймаққа, одан әрі қызметтік,
өндірістік және тұрмыстық жайлардың блоктарындағы дәліздер бойымен станция
вестибюлінің касса залы және жер асты жүргіншілер өткелі арқылы сыртқа шығу;
- тұғырнамалық жайлардан - дәліз бойымен, станция тұғырнамасының дәліздері
алдындағы
1-типтегі баспалдақтар бойымен, одан әрі вестибюльдер мен жер асты
жүргіншілер өткелі арқылы сыртқы шығу;
- туннель желдеткішінің (желдеткіш-шоғырсымды арналар) тұғырнама астындағы
158
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
арналардан - әрбір арнаның соңындағы 0,7 м х0,9 м өлшемдегі люк арқылы, металл
баспалдақ бойымен станция тұғырнамасына шығу;
- тұғырнама деңгейіндегі жайлардан
- бірінші және
(немесе) екінші
жол
туннельдеріне баратын дәліздер бойымен және діліздер, қызметтік көпіршелер (бірінші
және екінші жол туннельдерінде) бойымен станция тұғырнамасына, одан әрі
вестибюльдер мен жер асты өткелдері арқылы сыртқа немесе ең жақын станцияның
сыртына шығуға арналған туннельге шығу;
- вестибюльдің касса залы мен аз тереңдікте орналасқан станция тұғырнамасы
арасындағы деңгейлердегі жайлардан - дәліздер мен 1-типтегі баспалдақтар бойымен
вестибюльдің касса залына, одан әрі жер асты жүргіншілер өткеліне сыртқы шыққанға
дейін, сондай-ақ дәліздер, 1-типтегі баспалдақтар бойымен, бірінші және екінші жол
туннельдеріндегі қызметтік көпіршелер бойымен станция тұғырнамасына, одан әрі
вестибюль және жер асты жүргіншілер өткелдері арқылы сыртқа немесе ең жақын
станцияның сыртына шығуға арналған туннельге шығу;
- тұйықтағы жылжымалы құрамның ҚТБ екінші қабаттағы жайлардан (оларда
5 артық адам болғанда) - металл баспалдақ бойымен, бірінші қабат жайларынан тұйық
туннеліне
(25м аспайтын қашықтықта), одан әрі туннельдер бойымен станция
тұғырнамасына және вестибюльдер мен жер асты жүргінші өткелдері арқылы сыртқа
шығу;
- адамдар үнемі бомайтын туннель алдындағы қрылыстардан - аралық туннельге,
одан әрі станция тұғырнамасына және вестибюльдер мен жер асты жүргіншілер өткелдері
арқылы сыртқа шығу.
19.2.9 Адамдарды қызметтік, өндірістік және тұрмыстық жайлардың блоктарынан
сыртқа шығару үшін екеуден кем емес алыс орналасқан эвакуациялық шыға беріс болуы
тиіс.
19.2.10 Бір уақытта 50 адамнан көп болатын жайлардан адамдарды сыртқа шығару
үшін екеуден кем емес алыс орналасқан эвакуациялық шыға беріс қарастыру қажет.
Бір бірінен неғұрлым шет орналасқан эвакуациялық шыға берістер L арасындағы
минималды қашықтықты төмендегі формула бойынша анықтау керек:
L ≥ 1,5P0,5,
(14)
Бұл жердегі Р- жайдың периметрі, м.
19.2.11 Сыртқа шығару жолдарында адамдардың сырғанауын және құлауын
болдырмайтын іс-шаралар қарастыру керек, осыған байланысты едендерде белгіленген
биіктікте және арнайы көрсетілген өлшемді есік ойықтарындағы табалдырықтардан басқа,
0,45 м кем емес биіктің ауытқуы және шоқылар қарастыру ұсынылмайды. Биіктіктің
ауытқуы бар жерлерде саты саны үшеуден кем емес баспалдақтар немесе пандус
қарастыру керек, бұл ретте сатылар
(пандустар) еден жамылғысының басқа
конструкцияларынан түсі және контрасттылығы бойынша өзгеше болуы тиіс.
Пандус ылдиларын төмендегідей етіп қабылдау керек:
- 1:6 - ғимарат және имарат ішінде;
- 1:8 - ғимарат пен имараттан сыртқа шыға берісте.
159
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
Пандустың немес баспалдақтың басынан ( соңынан) есікке дейінгі қашықтық 1,5 м
кем болмауы тиіс.
19.2.12 1 м көп биіктіктің ауытқуы болған кезде бір немесе екі жапсарлас жайлардың
(арақабырғалармен бөлінбеген) жоғарғы деңгей периметрі бойынша
1,0 м кем емес
қоршау немесе адамдардың құлау мүмкіндігін болдырмайтын басқа да сақтандыру
құралдарын қарастыру қажет.
19.2.13 Аспалы камерадан төменгі эскалатор алды аймағына шыға берісті
0,7м х 0,9м кем емес жабуларда люк арқылы тік металл баспалдақ бойымен қарастыру
керек. Ылди бұрышы көлбеуге 75 ° төмен қарай түсетін баспалдақтар қондыруға рұқсат
етіледі.
19.2.14 Жайлардан ортақ дәліздерге және баспалдақ алаңдарына ашылатын есіктер
ашық күйінде сыртқа шығу жолдарың енін кішіретпеуі тиіс. Бұл жағдайда сыртқа шығару
жолдарының ені ретінде дәліздердің, баспалдақ алаңдары мен марштардың:
- есіктер бір жақты орналасқан жағдайда есік төсемінің енін жартылай
кішірейтілген;
- есіктер екі жақты орналасқан жағдайда есік төсемінің енін кішірейтілген
жарықтағы енін қабылдау керек.
19.2.15 Баспалдақ марштары мен алаңдарының тұтқалы қоршаулары болуы тиіс.
Баспалдақ алаңының көлемі баспалдақ маршының көлемінен кем болмауы тиіс.
Баспалдақ алаңдарында әртүрлі мақсаттағы жайлар қарастыруға, ауа шығатын
жолдар, ыстық сумен жабдықтайтын құбырлар орналастыруға, электр шоғырсымдары мен
сымдарын жүргізуге (дәліздер мен баспалдақтарды жарықтандыруға арналған электр
сымдарынан басқа), сондай-ақ қабырғадан шығып тұратын және баспалдақ бетінен
2,2 м дейін биіктікте сыртқа шығару жолдарының нормаланған енін қысқартып тұратын
жабдықтар қондыруға рұқсат етілмейді.
Сыртқа шығару жолдары учаскелерінің көлденең және еңкейген ылдиларының
биіктігі жарықта 2 м кем болмауы тиіс. Ортақ дәліздерде қабырғалардан шығып тұратын
жылыту құралдары мен басқа да жабдықтар еден деңгейінен 2 м дейін сыртқа шығару
жолының нормаланған енін қысқартпаулары тиіс.
19.2.16 Өрт қауіпсіздігі бойынша А және Б санатындағы жайлар үшін, сондай-ақ бір
уақытта 5-уден көп адам болатын жайларда есіктердің ашылуын жайлардан шығу бағыты
бойынша қарастыру керек.
Қарама қарсы қабырғалар мен А және Б санатындағы жайларды басқа санатты
жайлардан, сондай-ақ дәліздер мен баспалдақ алңдарынан бөліп тұратын арақабырғалар
арасындағы ойықтарда ауа алмасатын тамбур-шлюздер қарастыру керек. В1-В3
санатындағы жер асты жайларының отқа төзімділік шегі EI 30 кем емес өртке қарсы
есіктері болуы тиіс.
19.2.17 Тамбурлар мен тамбур-шлюздердің енін есік немесе шарбақ ойықтарының
енінен кем дегенде
0,5 м үлкен етіп (ойықтың әр жағынан 0,25 м етіп), ал тереңдігін
ойықтардың енінен 0,2 м үлкен және 1,2 м кем емес етіп қабылдау керек.
19.2.18 Баспалдақ торларының есіктері, сондай-ақ сыртқа шығу жолдарында
орналасқан есіктер өздігінен жабылуы және тығыз қапталған болуы тиіс. Сыртқа шығу
жолдарында пайдалану шарттарына сәйкес есіктерді орналастырғанда оларда жабылған
160
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
есіктердің құлпын ішінен кілтсіз ашу мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.
19.2.19 Аралық туннельдерде тоқтаған пойыздардан адамдарды сыртқа шығару үшін
келесі жолдарды ескеру керек: бір жолды туннельдерде бір жағының бойымен, екі жолды
туннельдерде екі жағының бойымен шығу.
Туннельдердегі 1,5 м биіктіктегі сыртқа шығу жолдарының ені жүргіншелер жолы
бетінен 0,7 м кем болмауы тиіс. Жүргіншілер жолында адамдардың еркін қозғалуына
кедергі келтіретін ешқандай кедергілер болмауы тиіс.
19.2.20 Жолаушыларды сыртқа шығару үшін бір туннельден екінші туннельге өтетін
өткелдер, яғни жалғастырушы дәліздер де ескерілуі керек.
Жалғастырушы дәліздер арасындағы қашықтық 300 м көп, дәліздер ені - 1,5 м кем
болмауы, биіктігі - 2 м, есік ойығының жарықтағы биіктігі - 1,95 м кем болмауы тиіс.
Есік ойығындағы есік екі жағына да ашылуы тиіс.
Біріктіргіш түйіспелерді вентиляциялық түйіспелермен, сонымен қатар негізгі және
транзиттік суды ағызғыш құрылғылармен қосуға болады.
19.2.21 Туннельдердегі адамдар ағынын қайта құру орындарында (жалғастырушы
дәліздерге және аралық туннельге кіре берісте, қозғалғыш рельстер арасында жабдықтар
орналастырылған жерлерде, түйіскен рельстер арқылы өтетін жерлерде) жүргіншілер
жолдырын, көпіршелер (желпуіш құралдар) мен сатылар қарастырылуы қажет.
Жалғастырушы дәліздерге кіре беріс алдында желпіп тұратын құралдардың
ұзындығы бұзу еніне сәйкес келуі тиіс, бірақ 2 м кем болмауы тиіс, станцияға кіре беріс
алдында 3 м кем болмауы тиіс.
Жабдықтар орналастырылған орындарда желпіп тұратын құралдардың ұзындығы
жабдықты орналастыру аймағының ұзындығынан 2 м ұзын болуы тиіс.
Желпіп тұратын құралдарды жанбайтын материалдардан немесе жанғыштығы
жағынан Г1 және Г2 тобына жататын материалдардан қарастыру керек.
19.2.22 Сыртқа шығу жолдарына жақын қауіпті учаскелерін
(жабдықтар
орналастырылған жерлер, жүргіншілер жолдарының аралары ж.т.б.) ені 100 м-лік тұтас ақ
түсті жолақпен белгілеу қажет.
19.2.23 Жер асты құрылысынан сыртқа шығатын жолдарға жақын сауда аймақтары
мен басқа да жолаушыларға жолай қызмет көрсету объектілерін орналастыру қандай да
бір жағдайда эвакуация көрсеткіштеріне әсер етпеуі тиіс, ал өрт кезінде сауда
аймағындағы адамдардың қауіпсіздігі МЕМСТ 12.1.004 талаптарына сәйкес қамтамасыз
етілуі тиіс.
19.2.24 Сауда аймақтарын, шағын ғимараттарды, дүңгіршектерді және басқа да
ұқсас жолаушыларға жолай қызмет көрсететін объектілерді бес объектіден аспайтын
топтарға бөле керек. Жоспарда бір топ объектілерінің ұзындығы
15 м аспауы тиіс.
Объектілер тобы арасындағы отқа төзімділік шегі ЕI 45 кем емес өртке қарсы қалқандар
қарастыру керек.
19.2.25 Станциялардағы жолаушылар конвейрін, лифттер мен көтерілетін
тұғырнамаларды жабдықтау қолданыстағы нормативтер талаптарына сәйкес болуы тиіс.
161
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
19.3 Өртке қарсы сумен жабдықтау
19.3.1 Жер үсті құрылыстарының өртке қарсы сумен жабдықтау ҚР ҚНжЕ 4.01-01
және ҚР ЕЖ 4.01-101 бойынша, ал жер асты құрылыстарын - осы ережелер жинағы
ҚР ЕЖ 3.03-17 бойынша орындалуы тиіс.
19.3.2 Қалалық су жолы желісінде аз тереңдікте орналасқан станцияға кіре берістен
100 м аспайтын және жер үсті вестибюлінен немесе жер асты өткелі арқылы көп
тереңдікте орналасқан станция вестибюліне кіре берістен 20 м аспайтын қашықтықта
екеуден кем блмайтын өртке су себу гидрантын қондыруды қарастыру керек.
Электрдепода өртке су себу гидранттарын парк жолдарында олардың ара
қашықтығы100 м кем емес етіп, сондай-ақ ғимараттын алдында да орналастыру керек.
Гидранттардың жарық көрсеткіштері болуы тиіс.
Электрдепоның аумағында өрт сөндіру техникасының су алуы үшін жылдың кез
келген уақытында пайдалануды қамтамасыз ету шартында сыртқы су көздерін
(резервуарларды) қарастыруға рұқсат етіледі.
19.3.3 Аз тереңдіктегі желілерде сорғыш күшейткіш қондырғысын алыстан қосуды
станция бойынша кезекші (СБК) жайынан немесе орталықтандару станциясынан (ОББК)
және станцияның барлық деңгейлеріндегі және тұйықтардағы өрт сөндіру крандары
шкафтарынан қарастыру қажет.
Көп тереңдіктегі желілерде сорғыш күшейткіш қондырғысын алыстан қосуды
вестибюльдегі өрт сөндіру шкафынан қарастыру керек.
19.3.4 Крандар, өртке су себетін құбыр түтіктер мен тіреуштер орналасқан шкафтар
ҚР ҚНжЕ
2.02-05 тарауына, ҚР СТ
1719 талаптарына сәйкес келуі тиіс және
«Объектілерді қорғауға арналған өрт сөндіру техникасының қауіпсіздігіне талаптар»
техникалық регламентінің талаптарына сәйкес қондырылуы тиіс. Өрт сөндіру шкафтары
адамдарды сыртқа шығару және жайды тазалау кезінде кедергі келтірмеуі тиіс.
Өрт сөндіру шкафтарының ең аз тереңдігін таңдау керек.
Өрт сөндіру кранының қақпақтары еден деңгейінен 1,35 м биіктікте қондырылуы
тиіс.
Қақпаққа жалғастырушы ілгіш арқылы өрт сөндіру тіреуштері бар өртке су себетін
түтік құбырға жалғануы тиіс.
Станция тұйықтарында өрт сөндіру крандарын ашық орналастыруға рұқсат етіледі,
бұл ретте өртке су себетін түтік құбырларды кассеталарға салу керек.
Өртке су себетін түтік құбырлары жоқ өрт сөндіру крандарын люктерде немесе
қабырғаларда орналастыру керек.
Өрт сөндіру кранының желпуішінен және жалғаушы ілгіштің люк төбесіне дейінгі
ара қашықтық 30 см аспауы қажет.
19.3.5 Станция тұғырнамасының әрбір аула бетіндегі кіре берісте қол өрт
сөндіргіштер үшін өлшемдері 0,9м х 0,25м х 1,0м-лік кіріктірме немесе еден үстілік шкаф,
сондай-ақ қозғалмалы ұнтақ өрт сөндіргіш
(көмір қышқылды) үшін өлшемдері
0,6м х 0,6м х1,7м-лік еден үстілік шкаф қондыруды қарастыру керек.
19.3.6 Автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталған жайларда ішкі өрт
сөндіру крандарын спринклер (су шашатын түтікше) су жүйесіне басқарау траптарынан
162
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
кейін орналастыруға рұқсат етіледі. Сорғыш станцияларынан шыға берістерді тікелей
станцияның жер асты жүргіншілер өткеліне қарай жасауға рұқсат етіледі.
Ішкі өрт сөндіру жүйесінің жұмысы кезіндегі шығын судың сомалық есебін
спринклер жұмысын, жалпы шығыны
10 л/с-тық станциядағы үш өрт сөндіру
крандарының бір уақытта жұмыс істеуін, сондай-ақ дренчерлердің бір бөлімінің
жұмысын есепке ала отырып, анықтау керек.
Өрт сөндіру крандарының жұмыс уақыты 3 сағаттан кем болмауы тиіс.
19.3.7 Көп тереңдікте орналасқан станцияның эскалаторлық туннельдерде және УТВ
шахта оқпандарында шартты диаметрі 80 мм-лік құрғақ құбыр жүргізуді қарастыру керек.
Құрғақ құбырдың бір ұшын вестибюльдің касса залы деңгейінде қалалық
жылжымалы сорғыш қондырғыларының өртке су себетін түтік құбырын бір
жалғастырғыш ілгішпен, ал басқа бір ұшын төменгі эскалатор залы деңгейінде шартты
диаметрі 80 мм-лік жалғастырғыш ілгішпен жабдықтау керек.
Жалғастырғыш ілгіштердің алдында тиекті арматура қарастыру керек, ал ілгіштерді
бітеуіштермен жабдықтау керек.
Жалғастырғыш ілгіштердің типтері ҚР СТ 1719 сәйкес келуі тиіс.
19.4 Өртті байқау және сөндіру автоматты қондырғылары
19.4.1 Жер үсті ғимаратары, жер беті және жер асты құрылыстары мен жайлары
30 Кестеде келтірілген талаптарды есепке ала отырып, «Ғимараттарды, жайларды және
құрылыстарды автоматты өрт сөндіру жүйелерімен және автоматты өрт
сигнализациясымен жабдықтау, өрт кезінде адамдарды хабарландыру және сыртқа
шығаруды ұйымдастыру бойынша талаптар» техникалық
регламентінің,
ҚР ҚНжЕ 2.02-05, ҚР ҚН 2.02-02, ҚР ЕЖ 2.02-102 және ҚР ҚН 2.02-11 және 29 Кестеде
көрсетілген талаптарға сәйкес автоматты өрт сөндіру қондырғысымен (АӨСҚ) және өрт
қаупі сигнализациясымен (ӨҚС) жабдықталуы қажет.
Жылжымалы құрамның түнде тоқтауын қарастыратын станциялық жолдардағы
(тұйықтардағы) аймақтар автоматты түрде қосылатын жергілікті өрт сөндіру
қондырғысымен жабдықталуы тиіс.
АӨСҚ және ХЭБЖ жұмысқа қосу кем дегенде екі өрт қаупін хабарландырушы іске
қосылғанда жүргізілуі тиіс.
19.4.2 ӨҚЖ қабылдау-бақылау аспаптарын СБК (ОББК) жайында орналастыру
керек.
Жергілікті желдеткіш қондырғысын басқару сызбалары ӨҚЖ және АӨСҚ іске
қосылғанда олардың:
-
станцияның тұғырнамалық учаскесінде өрт шыққанда
- тұғырнамалық
учаскелер жайларында;
-
вестибюльде өрт шыққанда - вестибюль жайларында;
-
станция алдыдағы және туннель алдындағы құрылыстарда өрт шыққанда -
осы құрылыстардың жайларында;
-
қосымша станцияда өрт шыққанда
- қосымша станция жайларында
автоматты түрде өшу мүмкіндігін қарастыру керек.
163
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
29-кесте - Шекті өрт күші мәндерінің нормативтері
Шекті өрт күші, МДж/м2,
Жай, құрылыс, жабдық
аудан, м2,
АӨСҚ
ӨҚС
Шоғырсымды арықтар, станция бойындағы
180 МДж/м2жоғары
180 МДж/м2және
туннельдер, шоғырсымды қабаттар
жоғары
Туннель желдеткішінің
180 МДж/м2жоғары
180 МДж/м2және
арналары(желдеткіш-шоғырсымды
жоғары
арналар)
Эскалаторлардың балюст астындағы
ауданға байланысты
-
кеңістіктері
емес
Таратушы қондырғыларының жайлары
-
ауданға байланысты
10 кВ; 825 В; 380 В
емес
Электр қалқандары
-
ауданға байланысты
емес
Жанатын-майланатын материалдардың
ауданға байланысты
-
және бояу материалдарының қоймалары
емес
Өрт қауіпсіздігі бойынша В1 санатындағы
ауданға байланысты
-
жайлар
емес
Өрт қауіпсіздігі бойынша В12, В2 және В4
300 м2және жоғары
300 м2 төмен
санатындағы жайлар
Қуат көздерін енгізу және машина
шкафтың ішкі көлемі
—
жайларында эскалаторларды басқару
шкафтары
Ескертпелер:
1 Осы кестеге кірмеген және өрт қаупсізіді бойынша санаты жоқ жайларды өрт қаупі сигналдық
жүйесімен қорғау керек.
2 Үлестік өрт күштемесін (13) формула бойынша анықтау қажет
Түтінді жою режиміндегі жұмыс үшін туннель желдеткіші жүйесін, сондай-ақ
түтінге қарсы қорғау қондырғысын қосуды электромеханикалық қызметтің диспетчерлік
пунктінен және СБК (ОББК) жайларынан қарастыру керек.
19.4.3 Станциядағы және туннель алдындағы құрылыстардағы өрт туралы сигналды
СБК (ОББК) жай арқылы желінің диспетчерлік пунктіне
(ЖДП), ал электрдеподағы өрт
туралы сигналды ЖДП жеткізу керек.
19.4.4. Шоғырсымдардың жалғаушы қорғасын муфталарында кернеуі 6, 10 және
20 кВ болатын желілерде арнайы металл өртке қарсы қаптамалар қарастыру керек.
19.4.5 АӨСҚ іске қосылғанда электрдеподағы ОРК -да ішкі желінің 825 В қуат көзі,
ал айналмалы тұйықтарда түйіскен рельстердің 825 В қуат көзі автоматты түрде ажырауы
тиіс.
19.4.6 Станцияның жер асты жайлары және туннель алдындағы құрылыстар «Өрт
қауіпсіздігіне жалпы талаптар» техникалық регламентіне сәйкес алғашқы өрт сөндіру
құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
19.5 Түтінге қарсы қорғану
164
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
19.5.1 Жер үсті ғимараттарының, жер асты құрылыстары мен жайларының, сондай-
ақ метрополитен туннелінің түтінге қарсы қорғануы
«Метрополитен қауіпсіздігіне
талаптар»,
«Өрт қауіпсіздігіне жалпы талаптар» техникалық регламенттерінің
талаптарына және ҚР ҚНжЕ 2.02-05 сәйкес болуы тиіс.
19.5.2
Станциялардағы және станциялар арасындағы орын ауыстыру
ғиараттарындағы сытрқа шығару жолдарының түтінге қарсы қорғануы (ТҚҚ) үшін
жолаушылар мен қызметкерлері сыртқа шығаруды, поездан (поездардан) шығу кезінде
және сыртқа шыққанға дейінгі сыртқа шығу жолдарымен қозғалу кезінде оларды түтіннен
қорғауды, ішінде пойыздар қалған станцияларға жақын туннельдердің, сондай-ақ жақын
жатқан станциялардың түтінбенуін қамтамасыз ететін туннель желдеткіштері
қондырғыларын апаттық режим жұмысына оперативті ауыстыруды қарастыру керек.
ТҚҚ сондай-ақ үш және одан да жоғары деңгейде орналасқан қызметтік, өндірістік
және тұрмыстық жайлары бар жер асты станцияларындағы вестибюльдерде
қызметкерлерді сыртқа шығару жолдарында да қарастыру керек.
19.5.3 Аралық туннельдердегі сыртқа шығару жолдарының ТҚҚ:
- ауа ағынының сыртқа шығарылып жатқан адамдарға қарсы бағытталуын және ауа
ағынының бағыты өзгеруге бейім (адамдарда өрт ошағынан бір бағытта сыртқы шығару
кезінде) учаскелерде оның тұрақтылығын;
- өрт ошағынан адамдарды екі бағытта сыртқа шығару кезінде туннельдегі ауа
қозғалысының 0,5 м/с дейін жылдамдығын қамтамасыз етуі тиіс.
19.5.4 Станциялар мен туннельдердің ТҚҚ үшін туннель желдеткіші
қондырғыларын, ал қажет болған жағдайда қосымша техникалық құралдар-арнайы
желдеткіш қондырғылар және түтін аймағын жасау үшін станцияның тұғырнамалық
(орта) залының жоғарғы бөлігіндегі аралықтарды пайдалану керек.
Туннель желдеткіші көмегімен ТҚҚ мақсатына жету мүмкін болмаған жағдайда:
- басқа да жоспарлау шешімдерінен тұратын конструктивті түтінге қарсы қорғануды;
- станцияның тұғырнамалық залдарының жоғарғы аймағынан түтінді арнайы немесе
пайдалану желдеткіш арналары арқылы жоюды;
- туннель желдеткіші қондырғылары желдеткіштерінің өнімділігін арттыруды;
- вестибюльдердегі ауа алмастыратын желдеткіштерді;
- аралық туннельдерді жеке желдедетіп тұратын желдеткіш жүйесі қарастыру керек.
Туннель желдеткішінің станциялық қондырғыларының реверсивтік желдеткіштері
үшін сору режиминде ең жоғарғы өнімділігін қарастыру, ал аралық туннельдерде түтінді
жою әсерін жоғарылату мақсатында, тез салынатын желдеткіш қосқыштарын пайлану
ұсынылады.
19.5.5 Станцияның тұғырнамалық залдарынан сыртқа шығару кезінде адамдарды
түтінен қорғауды залдардың күмбезі астында конструктивті аралықтармен немесе
қосқыштармен қажетті көлемдегі
«түтін резервуарларын» жасау жолымен немесе
құрылыстың жоғарғы бөлігінен түтінді жою жолымен жүзеге асыру ұсынылады.
Сыртқа шығарудың ақырғы уақыты деп
(сырқа шығу жолдарын блокадалау
уақытын) түтіннің тұғырнамалық зал еденінен 2,5 м деңгейдегі төменгі шекарасына
немесе туннель жолының қатты негізіне жетуін санау керек. Осы уақытты анықтау кезінде
165
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
өрт шыққан сәттен бастап өрт болу ауданының
(периметрінің) өзгеруін, түтіннің
жартысын желдеткіш арқылы шығаруды есепке алу қажет. 1 м/мин өрттің желілік таралу
қозғалысы болғанда есептеу үшін басты станциялық жолдағы немесе туннельдегі
пойызда орын алған өртті қабылдау керек.
19.5.6 Сыртқа шығу жолдарында адамдарды түтіннен қорғау үшін станцияның
тұғырнамалық залдарына жақын сыртқа шығу жолдары аймағында жылдамдығы 1,7 м/с
кем емес ауа ағынын жасауды қарастыру керек.
Егер туннель желдеткішінің жүйесі аталған көрсеткішті қамтамасыз ете алмаса,
ауаны эскалаторлық туннельдерге (төмен түсетін баспалдақтарға) беру үшін вестибюльде
жер бетінен ауа жинайтын тіреуге қойылған желдеткіштерді қолдану керек. Тіреуішке
қойылған желдеткіштер туннель желдеткішінің станциялық қондырғылары жұмыс
істегенде ғана қосылуы тиіс.
Ескертпе - Егер адамдарды сыртқа шығару есептеулерге сәйкес станция залында шыққан өрттің
қауіпті факторлары сыртқа шығу жолдарын блокадалағанға дейін аяқталса, онда ауа ағынының
көрсеткіштеріне талаптар қолданылмайды.
19.5.7 Станцияға жақын туннельдердің түтінденбеуін оларда станция бағытында
0,5 м/с кем емес жылдамдықта ауа ағынын жасау арқылы қамтамасыз ету керек.
19.5.8 Станцияның желдеткіш желісінің есептік статистикалық сызбасына көрші
станцияларды қоса алғанда трасса учаскесіндегі құрылыстар мен желдеткіштер; орын
ауыстыру станциясы үшін жақын станция және онымен көршілес станцияларға дейінгі
учаскелер кіруі қажет.
Есептеулер жүргізу кезінде туннельде қалдырылған поездардың болуын және шыға
берістегі вестибюльдер есіктерінің ашық күйін ескеру қажет.
19.5.9 Туннельдердегі ауа ағынының тұрақтылығын
,
(15)
P
TP
артында анықтау керек.
Бұл жердегі
- апаттық желдеткіш режимін енгізген кездегі туннельдегі ауаның
P
есептік жылдамдығы, м/с;
- желдеткіш ағынына қарсы түтіннің таралуын болдырмауға қажетті туннельдегі
TP
ауа жылдамдығы .
Қажетті ауа жылдамдығын 30-кесте бойынша анықтау керек.
Желдеткіш желісінің есептеу сызбасында туннельдің аппаттық учаскесінен екі
жағынан ушеуден кем емес туннель желдеткіші орнатылған трасса учаскелері болуы тиіс.
Ылдиы 10 % болатын трасса учаскелері үшін тунельдерді жеке желдету сызбасын
қарастыру ұсынылады.
19.5.10 Үш және одан жоғары деңгейдегі станция дәліздерінде, жер асты
вестибюльдерінде түтінді жоюды ҚР ЕЖ4.02-101 талаптарын есепке ала отырып,
қарастыру керек. Түтінді жою үшін желдеткіш қондырғысын жоғарғы деңгейде
орнластыру керек.
30-кесте - Түтіннің таралуын болдырмайтын туннельдегі қажетті
166
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
ауа жылдамдығы
Қажетті ауа жылдамдығы, м/с,
Аралық туннель
туннель ылдиы болғанда, %
0
10
20
30
40
50
Ішкі диаметрі 5,6 м шеңбер пішінді
2,17
2,23
2,30
2,38
2,43
2,50
Ішкі диаметрі 5,1 м неңбер пішінді
2,23
2,30
2,36
2,43
2,50
2,56
Тіктөртбұрыш пішінді, бір жолды
2,28
2,35
2,42
2,49
2,56
2,63
Тіктөртбұрыш пішінді, екі жолды
1,80
1,86
1,91
1,97
2,02
2,07
19.5.11 Эскалаторлардың машина жайларының жергілікті желдеткіш қондырғылары
ТҚҚ режиминде түтіннің жер бетіне шығуын қамтамасыз етуі тиіс. Шығарылатын ауа
шығынын машина жайында эскалаторлық туннельдің жолаушылар аймағының көлеміне
қатысы бойынша
20 Пакем емес ауаны сейілтуді қамтамасыз етуге есептеу керек.
Есептеулерді аспалы камера есіктерінің
(люктерінің), вестибюльге апаратын машина
жайы есіктерінің және демонтаж шахтасының қақпаларының жабық күйінде болу
шартына сүйене отырып, орындау керек.
19.5.12 ТҚҚ жүйесінің есептеулерін:
- станцияның барлық жолында пойыздың бастапқы, соңғы, ортаңғы вагондарында;
- эскалаторлық туннельде, эскалаторлардың машина жайында және вестибюльде;
- орын ауыстыру эскалаторында;
- аралық туннельдегі пойызда өрт шыққан кезінде станция үшін жүргізу керек.
Аралық туннель үшін пойызда өрт шыққанда жасау керек.
19.5.13 ТЖҚ қызметтік, өндірістік және тұрмыстық жайлардан сыртқа шығару
жолдарының, сондай-ақ сауда аймақтары мен адамдарды станциядан сыртқа алып шығу
уақыты ішінде жүргіншілерге жол-жөнекей қызмет көрсету басқа да объектілерінің
түтінделмеуін қамтамасыз етуі тиіс
19.5.14 Вестибюлі ортақ орын ауыстыру станцияларында осы станциялардың бірінде
өрт шыққан жағдайда станцияларды бөлек пайдалану мүмкіндігі мен оларды түтін кіріп
кетуден және қондырғыларды
(ауа алмастырғышы бар өртке қарсы аймақтардың
қондырғысы, ауа алмастырғышы бар тамбур-шлюздерді, ауа аймағы арқылы шығатын
жолдарды) өртенуден қорғауды қарастыру керек.
19.5.15 Өртке қарсы кедергілердің ауа шығатын жолдармен қиылысуын 14.1.36
тармағының талаптарына сәйкес орындау керек.
19.5.16 Эскалаторлық туннельде желдеткіш-шоғырсымды қуысындағы аралық өртке
қарсы болуы тиіс, отқа төзімділік шегі RЕI 45 кем болмауы тиіс. Желдеткіш арналардың
жоғарыға шығуын, әдетте, вестибюльге кіре берістен 15 м кем емес етіп орналастыру
керек.
19.6 Өртке қарсы қондырғыларды электрмен қамтамасыз ету
19.6.1 Өртке қарсы техникалық қондырғыларды электрмен қамтамасыз ету
15
тарауға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
167
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
19.6.2 Электр жабдықтары
(ЭОЕ) электр құрылғыларын орнату ережелері
талаптарына сәйкес болуы тиіс.
19.6.3 Шоғырсымдардың жалғастырғыш муфталарындағы кернеуі
10 кВ-тық
желілерде арнайы қорғағыш металл қаптаманы қарастыру керек.
19.6.4 Қосымша станцияның шоғырсымды қабаттарында, станцияның тұғырнамасы
астындағы туннель желдеткішінің арналарында кернеу
10 кВ болатын шоғырсымда
жалғастырғыш муфталар қондыруға рұқсат етілмейді. Туннель желдеткіші арнасындағы
шоғырсымда жалғастырғыш муфта орналастырылған жағдайда қаптамаға қарай ұзындығы
2 м болатын учаскеде муфтадан жоғары және төмен орналастырылған барлық
шоғырсымдарды оттан қоғайтын қаптамамен жабуды қарастыру керек.
19.6.5 Аралық туннельдерде орналастырылатын шоғырсымдарда жалғастырғыш
муфталар қондырылған жерлерде де қаптамаға қарай ұзындығы
2 м-лік учаскеде
муфтадан жоғары және төмен орналастырылған барлық шоғырсымдарды оттан қорғайтын
қаптамамен жабуды қарастыру керек.
19.6.6 ТҚҚ қондырғылары үшін өрт кезінде кем дегенде 1 сағат бойы жұмыс істеуге
есептелінген қызуға шыдамды күш беретін және бақылау шоғырсымдарын қолдану керек.
19.6.7 Станция тұғырнамасының әрбір аула бетіндегі кіре берісте екі жол бойынша
апаттық жарықтандыру желісіне қосылған, жарықтандыру аспаптарын және жалпы қуаты
3 кВт дейін болатын өртке қарсы апаттық-құтқару бөлімшелерінің құрал-жабдықтарын
қосуға арналған штепсельді ағытпаларды қарастыру керек.
19.6.8 Сыртқа шығару жолдарындағы жырық сілтемелерді апаттық жарықтандыру
желісіне қосу керек.
19.6.9 Көп тереңдікте орналасқан станциялардағы басқару шкафтарының қасында
орналасқан эскалаторлар алаңдарының жоғарғы және төменгі кіре берістерінде (шыға
берістерінде) және тұғырнамадан аралық туннельге кіре беріс жерлерде өртке қарсы
апаттық-құтқару бөлімшелерінің сөйлесу қондырғыларын қосуға арналған ағытпаларды
қарастыру қажет. Ағытпа түрлерін мемлекеттік өрт қадағалау орнадарымен келісе отырып
қабылдау керек.
19.6.10 Апаттық-құтқару және өртке қарсы қызметтердің үздіксіз жұмысын
қамтамасыз ету үшін,саңылаулы сәуле шығаратын шоғырсымдар қолдану керек.
20 КҮЗЕТ СИГНАЛИЗАЦИЯСЫ
Автоматты күзет сигнализациясын:
- жолаушылар жайларына кіре берістерде;
- желінің өмірлік іс әрекетін, жолаушылардың қауіпсіздігі мен поездар қозғалысын
ұйымдастыруды қаматамасыз ететін жабдықтар орналасқан өндірістік жайларға кіре
берістерде;
- жер үсті объектілері қоршауларының (электрдепоның, жолдың ашық учаскелерінің
ж.т.б.) периметрі бойынша қарастыру қажет.
21 ҚЫЗМЕТТЕР БӨЛІМШЕСІ МЕН БАҒЫТТАҒЫ БӨЛМЕЛЕР
168
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
21.1 Метрополитен жолының жобасында болашақта және пайдаланудың бірінші
мерзімінде желіге немесе желі учаскесіне қызмет көрсетумен тікелей байланысты бірінші
пайдалану бөлімшесі қызметкерлерінің санын есептеу керек, сондай-ақ қызметкерлерді
станцияда орналастыруды қарастыру керек.
Қызметкерлер санын есептеу кезінде қарастырылатын автоматтандыру, қондырғылар мен
метрополитенді пайдалану проецестерін алыстан және диспетчерлік басқару, желіде
жөндеу және жинау жұмыстарының махнизациясы бойынша іс-шаралар деңгейін есепке
алу керек.
21.2 Қолданыстағы жолдардың жалғасы болып табылатын немесе қолданыстағы
жолдарға жанасатын жолдар учаскелеріне арналған қызметтер бөлімшелерінің
қызметкерлер санын есептеу кезінде қолданыстағы жолдар қызметкерлерін пайдалану
мүмкіндігін қарастыру керек.
21.3 Бөлімшелер қызметкерлерін бөлуді қызмет көрсету учаскелері шеңберінде және
мүмкіндігінше жол станциясы бойынша тегіс бөлуді қарастыру керек.
21.4 Жұмысы үнемі жолда болумен байланысты емес қызметтер бөлімшелерінің
қызметкерлері үшін жол станциялары бірінің қасындағы жер асты ғимаратында
қызметтік, өндірістік және тұрмыстық жайлар, жолдың кезекші қызметкерлері үшін
станцияларда, вестибюльдерде және тұйықтарда жайлар қарастырылуы керек.
Машинистерге арналған ұйықтау жайларын электрдепоның әкімшілік-тұрмыстық
корпусында және жылжымалы құрамның тоқтауына арналған тұйықтары бар станция
қасында орналасқан пайдаланылып жатқан немесе салынып жатқан үйлерде орналастыру
керек.
21.5 Станциялар мен вестибюдбдердегі тамақтануға, жуынуға, әжетханаға арналған
жайларды, ал сондай-ақ майлайтын материалдарға арналған қоймаларды барлық
қызметтер бөлімшелерінің жұмысшыларына ортақ етіп қарастыру керек.
21.6 Ұзындығы 15 20 км дейін болатын жол станцияларының біріне жақын жер үсті
ғимаратында денсаулық пунктін, буфет пен жиналыс залдарын, ал қажет болған жағдайда
жоспарлау тапсырмасына сәйкес жолдағы қондырғыларды күнделікті күтіп ұстауға
арналған қызметтердің жеке шеберханаларын қарастыру керек.
21.7 Метрополитеннің түрлі қызмет бөлімшелеріндегі қажетті қызметкерлер санын
есептеу және қызметтік, тұрмыстық және өндірістік жайларды жобалау кезінде Б
қосымшасында берілген мәліметтерді қолдануға ұсыныс беріледі.
21.8 Жолдағы жайларды ҚНжЕ
3.02-27, ҚР ҚН
3.02-08, ҚР ҚН
2.04-02
тарауларының, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындарды жобалаудың санитарлық
нормаларының талаптарын есепке ала отырып,
метрополитенді пайдалану
ерекшеліктеріне сүйене отырып жобалау керек.
169
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
22 МЕТРОПОЛИТЕН ҒИМАРАТЫ МЕН ҚҰРЫЛЫСЫН САНИТАРЛЫҚ-
ГИГИЕНАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
22.1
Метрополитен ғимараттарында жолаушыларды тасымалдаудың және
метрополитен қызметкерлері мен құрылыс ұйымдарының жұмысының қолайлы және
қауіпсіз жағдайларын, сондай-ақ құрылыстарды және ғимараттарды кеміргіштер мен
шыбын-шіркейден қорғау бойынша іс-шараларды қамтамасыз ететін санитарлық және
гигиеналық талаптар сақталуы тиіс.
22.2
Конструкцияларда және интерьерді өңдеу кезінде қолданылатын
материалдардың санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы тиіс және ауаға,
топырақ пен жер асты суларына елді мекендер үшін қазіргі шекті мүмкін
концентрациясынан
(ШМК) аспайтын концентрациядағы зиянды химиялық заттар
бөлінбеуі тиіс. Үй-жайлардың қоршау тұратын беттеріне арналған интерьер элементтері
мен өңдеу материалдары жуу құралдарымен өңдеуге, залалсызданыруға жарамды болуы
тиіс, эстетикалық жағынан айқын болуы тиіс және ерекше иістері болмауы тиіс.
22.3 Ғимараттарды, имараттар мен үй-жайларды көлемді жоспарлау шешімдері
санитарлық сипаттамаларды және өндірістік үдерістер тобын ескере отырып,
ҚР ҚН 3.02-08-ке сәйкес келуі тиіс.
Үй-жайларды жобалау мен интерьер элементтері желдеткіш жүйесінің және ауаны
кондициялау жұмысын бұзбауға, ауаның іркілген аймақтарын жасамауға, өткелдерді
қиындатпауға, травма алу қауіпін туғызбауға, беттердің жарықтануы төмендетпеуге тиіс,
сондай-ақ шаңдар мен микроағзаларды жинаушы болмауы тиіс.
22.4 Адамдар үнемі болатын жайлар, бір жұмыс орнында болатын (бір жайда немесе
ғимаратта) техникалық қондырғылар мен жабдықтар техникалық эстетика талаптарына
сәйкес болуы тиіс.
22.5 Технологиялық жабдық пен қондырғылар травмалық жағынан қауіпсіз,
дыбыстық, жарықтық және басқа да қауіп туралы сигнал беру жүйесінің болуы тиіс. Бұл
ретте жұмысшылар мен жолаушыларға физикалық, химиялық және билогиялық
табиғаттың техногенді факторларының әсерін гигиеналық нормативтерге сәйкес шекті
мүмкін деңгейлер мен концентрацияларға дейін түсіру бойынша іс-шаралар қарастыру
керек.
22.6 Жолаушылар жайларында келесі микроклиматтың келесі көрсеткіштерімен
қамтамасыз етілуі тиіс:
- жылдың жылы мезгілінде (сыртқы ауаның орта тәуліктік температурсы 10°С-тан
жоғары)
- ауа температурасы
18
°С-тан
28
°С-қа дейін, ауаның орташа қозғалу
жылдамдығы 0,5 2,0 м/с-ке дейін;
- жылдың суық мезгілінде (сыртқы ауаның тәуліктік температурасы 10°С-қа тең
немесе төмен) - ауа температурасы 5 °С-тан 16 °С-қа дейін, ауаның орташа қозғалу
жылдамдығы 0,5 2,0 м/с-ке дейін.
22.7 Қызметкерлер үнемі болатын өндірістік жайларда және денсаулық сақтау
жайларында микроклиматтың оптималды шарттарымен қамтамасыз етілуі тиіс, ал
қызметкерлер уақытша жүретін қалған тұрмыстық және өндірістік жайлар қолданыстағы
нормативтер талаптарына сай мүмкін мөлшерге сәйкес келуі тиіс.
170
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
22.8 Жолаушылар жайларындағы ауада көміртегінің қос тотық құрамы жылдың
жылы мезгілінде көлемі бойынша 0,1 %, суық мезгілде - 0,12 % аспауы тиіс.
22.9 Ғимараттар мен жайлардан құрамында зиянды заттар болу мүмкіндігі бар ауаны
тек қана сыртқа шығару қарастырылады.
22.10 Желдету дүңгіршектерін, шахта оқпандарын, машина жайларын, шаң жиналып
қалуы мүмкін желдеткіш жүйесінің ауа шығатын жолдарын шаңды жинауға немесе оны
жууға ынғайланған құралдармен жабдықталады.
Әуе жолдарының ауа жолдарын тазалауға мүмкіндік беретін есіктері, алынбалы
люктері және т.б. болуы тиіс. Әуе жолдарының тез кірленетін элементтері үшін, оларда
кассеталық алмасуды қарастыру керек.
22.11 Жалпы ауыспалы желдеткіштер мен ауаны кондициялау жүйелері жергілікті
тартып алынатын және технологиялық желдеткіштермен, сондай -ақ жергілікті ауа
сорғыштармен бірге орналастырылмауы тиіс. Жалпы ауыспалы желдеткіштер
жүйелерінде ауаны және суды қайта айналдыруға рұқсат етілмейді.
Желдеткіш және ауаны кондициялау жүйелерінің әуе және су контурларының
барлық учаскелерінің олардың ішкі беттерін мерзімді тазалау мензалалсыздандыру үшін
техникалық мүмкіндіктері (люктер, есіктер және т.б.) болуы тиіс.
22.12 Ауаны ылғандыруды және оны контактты («сулы») әдіспен салқындатуды
қолданатын кондициялау жүйелерінде норматив талаптарына жауап беретін су құбыры
суын ғана қолдануға болады.
Қызметкерлер үнемі болатын жайларда ауаны қайта айналдыруға рұқсат етілмейді.
22.13 Ауа сапасын автоматты бақылау жүйесінің тетіктерінің құрамы мен орналасуы
жолаушылар жайларындағы
(тұғырнамалар, станция вестибюльдері, орын ауыстыру
дәліздері), сондай-ақ қызметкерлер үнемі болатын өндірістік және тұрмыстық жайлардағы
ауа ортасының жағдайы туралы ақпарат алуды қамтамасыз етуі тиіс.
22.14 Жылыту жүйесінің конструкциясы шаңның жиналуын алдын алатын және
оның термиялық айналма шешімдерін қарастыру керек.
22.15 Шаруашылық-ауыз су қажеттіліктерін сумен қамтамасыз ету есебін адам саны
ең көп жұмыс ауысымына қарай орындау керек. Суды пайдалану төмендеген кезде су
құбырында тұрып қалуды және су сапасының төмендеуін алдын алу бойынша іс-
шараларды қарастыру керек.
22.16 Жолаушы, тұрмыс және өндірістік ғимараттарда инфродыбыстың дыбыс
қысымдары мен дыбыс қысымының жалпы деңгейі ҚР СанЕжН №3.01.030 бекітілген
шектік деңгейден және рұқсат етілген деңгейден аспауы тиіс.
Уақыты жағынан ауытқымалы және үзілмелі инфрадыбыс үшін дыбыс қысымының
деңгейі 120Бд аспауы тиіс.
22.17 Жұмыс орындарындағы ауа ультрадыбысының дыбыстық қысымының
деңгейі, діріл жылдамдығының ең жоғарғы мәндері мен түйіскен ультрадыбыс дірілі
жылдамдығының деңгейі жұмысшылар үшін қолданыстағы нормативтерде бекітілген
шекті мүмкін көлемнен аспауы тиіс.
22.18 Көлемді-жоспарлау шешімдерін және интерьерді сәулеттік-көркем безендіруді
таңдауды, дыбыс жұтатын материалдарды таңдауды, акустикалық есептерді
ҚР ҚН 2.04-02 бойынша орындау керек.
171
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
Қызметкерлер үнемі болатын жайларда жоғарғы деңгейдегі шуды болдырму үшін
оларды эскалаторлардың машина жайларының астында, эскалаторлардың және туннель
желдеткіштері қондырғысының қасында орналастыруға рұқсат етілмейді.
22.19 Жалпы дірілдің дірілжылдамдату және дірілжылдамдық мәндері жолаушылар
бөлмелерінде, діріл көздері бар өндірістік жайларда, діріл көздері жоқ өндірістік
жайларда және тұрмыстық жайларда (денсаулық сақтау жайларынан басқа) қолданыстағы
нормативтерде бекітілген шекті мүмкін деңгейлерден және сәйкес шекті көлемнен аспауы
тиіс:
22.20 Жергілікті дірілдердің дірілжылдамдату және дірілжылдамдық мәндері
қолданыстағы нормативтерде бекітілген шекті көлемдерден аспауы тиіс.
22.21 Станциялардың вестибюльдеріне кіре берістерде аяқ астына салынатын торлар
қарастыру керек, олардың көлемі жолаушылар ағынының есепке ала отырып анықталады,
ал олардың астындағы шұңқырларды жылыту, тазалау және жуу қондырғыларымен
жабдықтау керек.
22.22 Станцияларда пайдаланылып болған құрамында сынап бар электр шамдарын
уақытша сақтауға арналған, қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды тиеу және шақыру
ыңғайлығын есепке ала отырып оларға арналған орындар мен контейнерлер қарастыру
керек.
22.23 Машинисттер ауысымы бөлімшелерінде, жылжымалы құрамды техникалық
байқау, шағын станциялар жайларында, эскалаторлардың машиналы залында, касса
блогында қолжуғыштарды; әжетханаларда - әйелдердің тазалығына арналған бөлімдерді
қарастыру қажет.
22.24 Үнемі адам болатын өндірістік және тұрмыстық жайларда табиғи
жарықтандыру мен желдетуді қарастыру керек. Терезелердің құрылымдық шешімдері
қолайсыз ауа райы жағдайларында қажетті табиғи желдету және жарықтандыру әсерін,
сондай-ақ оларды тазалау және ылғалды жинау ыңғайлығын қамтамасыз етуі тиіс.
22.25 Зиянды химиялық, физикалық және биологиялық факторлар әсері болатын
технологиялық үдерістер мен операцияларды
(мотовоз және электровоз цехтары,
компресорлық станция, жылжымалы құрамды жуу, кептіру және бояу цехтары, қоқыстар
мен қалдықтар ж.т.б. бар контейнерлерді жинау және тиеу пункттері) жеке тұрған
ғимараттарда немесе қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар орындайтын және
санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерді сақтайтын алаңдарда қарастыру
керек.
22.26 Атмосфераға зиянды заттарды тастау байқалғанда, қоршаған ортаның
қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар (зиянды заттарды тастау деңгейін жер
бетінен жоғарылату, оларды ауа жинау қондырғыларынан алып қажетті қашықтыққа
тастау, тазалау қондырғыларын қондыру, жабық технологиялық циклдарды енгізу және
т.б.) қарастыру керек.
22.27 Жылжымалы құрамды тазалау мен жуу технологиялық үдерістері
автоматтандырылған және қоршаған ортадан бөлек болуы тиіс. Осыған арналған
камералардың поездарды заласыздандыру, газсыздандыру және қатерсіздендіру
құралдары, сондай-ақ шаң мен басқа да қалдықтарды жинайтын технологиялық жүйесі
болуы тиіс.
172
ҚР ЕЖ 3.03-117-2013*
22.28 Құрамында жанғыш сұйықтар, асылып тұрған заттар, майлар, қышқылдар мен
желілердің қалыпты жұмысын бұзатын немесе бұзылуды болдыратын басқа да заттары
бар өндірістік пайдаланылған суларды жергілікті тазалау ғимаратындағы кәріз жүйесінің
сыртқы желісіне келгенге дейін тазалау керек.
Қалалық жаңбыр суының кәріз жүйесінің желісіне құюдан бұрын электрдепоның
аумағында ластануы жағынан соларға жақын жер үстіндегі (жаңбырдың, тал және су құю
жуу суларын) және өндірістік пайдаланылған суларды тазалайтын ғимарат қарастыру
қажет.
22.29 Жылжымалы құрамды жөндеуге арналған жолдардағы тексеріп қарайтын
үңгірлердің қоршау беттерін майлардан тазалауын адсорбция жасамай арнайы
еріткіштермен мүмкін болатын материалдармен күптеу керек.
22.30 Өндірістік жайларда және климаты салқын аудандарда орналасқан ғимараттар
арасындағы ашық өткелдерде ауа температурасының тік және көлденең қатты өзгеруін
болдырмайтын және микроклиматтың нормативтік көрсеткіштерін, оның ішінде еденге
қатысты ғимараттың төмен учаскелерінде (тексеріп қарайтын үңгірлер және т.б.), сақтап
тұратын қосымша жылыту (ауамен мен панельді жылыту, қақпаларда ауамен жылытылған
перделер, едендерді жылыту, жергілікті электр калориферлер ж.т.б.) қарастыру керек.
22.31 Электрдепоның асханасы ауысыммен жұмыс істейтін жұмысшылардың ең
жоғарғы санына қызмет көрсету есебінен жоспарлануы тиіс.
22.32 Өндірістік ғимараттар құрамында гардеробтар, аяқ ванналары бар душ,
дәретхана, жуынатын бөлмелер, арнай киімдер мен аяқ киімдерді кептіруге арналған
кептіргіштер, тамақтанатын, демалу және психофизилогиялық жеңілдену, медициналық
көмек көрсету жайлары қарастырылуы тиіс.
22.33 Әкімшілік-өндірістік ғимараттарында төмендегілерден тұратын тұрмыстық
жайлар блогын қарастыру керек:
- асхана немесе буфет;
- денсаулық пункті және дәріханалық дүңгіршек;
- демалуға және қызметкерлердің функционалдық жағдайын оңтайландыруға
арналған жайлар;
- басқа да тұрмыстық жайлар.
22.34 Радиациялық-экологиялық жұмыстарды ізденістер, құрылыс салу кезеңдерінде
және 31 кестеге сәйкес оюъектілерді пайдалануға беруден бұрын жүргізу керек.
22.35 Радиациялық-экологиялық жұмыстарды сәйкес рұқсаттары (лицензиясы) бар
мамандандырылған ұйымдар орындауы тиіс.
Қоқыс тасталған жерлердегі, бұрынғы суландырылған алқаптарда, үйілген топырағы
бар учаскелерде құрылыс жұмыстары мүмкін техногенді радиациялық ластануды есепке
ала отырып, радиациялық қауіпті мұқият зерттеуден кейін ғана басталуы тиіс.
Жерлер мен топырақтың радиоактивтік ластануы анықталған жағдайда,одан әрі
зерттеу жұмыстарын жүргізу, осы ауданда құрылыс салу мүмкіндігі, тиісті алдын алу іс-
шараларын жүргізу туралы мәселелер тиісті әкімшілік органдарын тарту арқылы жеке
жеке шешілуі тиіс.
Радиациялық-экологиялық жұмыстар нәтижелерін
31 кестеге сәйкес кезеңдерде
радиологиялық өлшеу нәтижелерінің сараптамасынан тұратын техникалық есептерде
173
содержание .. 2 3 4 5 ..
|
||
|
|
|