Главная Книги - Разные СП РК 3.03-117-2013 МЕТРОПОЛИТЕНЫ (ҚР ЕЖ 3.03-117-2013)
поиск по сайту правообладателям
|
|
содержание .. 1 2 3 4 ..
жатқан пойыздың қозғалыс бағыты бойынша жердің үстіне немесе көше астындағы жаяу
жүргіншілер жолына қайтару керек.
14.1.31 Медициналық пунктер, дәретханалар, кәріздік сорғы қондырғылар, жағармай
материалдары қоймаларының жайларына жергілікті желдету қондырғыларының
жабдықтарын жеке жайларда орналастырған жөн.
14.1.32 Пойыз жүретін туннельдердің арасында орналасатын сорғылық сутөкпе
қондырғы жайларын желдету, әдетте, пойыз қозғалысы кезіндегі поршенді әрекеттің
есебінен, ал туннельдердің бүйір жақтарында орналасатын сутөкпе сорғылық
қондырғылардың жайлары - жергілікті тартушы желдеткіштері есебінен қамтамасыз
етіледі, ал ауа ғимаратқа кіретін есіктің артындағы пойыз жүретін туннельге поезд
қозғалысының бағыты бойынша шығарылады.
14.1.33 Жергілікті желдету қондырғыларының ауа сорғыштары мен ауа
шығарғыштары бөлек тұрған, станциялардың жердегі вестибюльдеріне кіріктірілген
немесе басқа ғимараттарға жалғастырып салынған бола алады.
Ауа алғыш торлардың астынан жер бетіне дейінгі қашықтықтан
2 м, ал ауа
шығарғыштар үшін - 0,7 м кем болмауы керек. Дәретханалар, жағармай материалдарының
қоймалары мен аккумуляторлық жайлардан ауа шығарғыш торларын есепке алмағанда,
оларды жер асты вестибюльдеріне кіре беріс (шығу) болып табылатын көше астындағы
өткелдерінде орналастыруға болады.
Ауа соратын және ауа шығаратын торлардың арасындағы, сондай-ақ, олардан
ғимарат терезелеріне дейінгі арақашықтық 10 м кем болмауы тиіс.
14.1.34 Желдету қондырғыларының құрылыстары тозаңның, микроағзалардың
жиналуына және олардың өзі қызмет көрсететін жайлардатаралуына себеп болмауы керек.
Ауа өткізгіш және тозаң жинайтын басқа да элементтердің ішкі беттерін тазарту
мүмкіндігін жасауға арналған құрылғылары болуы керек.
14.1.35 Метрополитен станцияларының жер асты бөлме-жайларында санитарлық-
гигиеналық талаптарға сәйкес келетін, жанбайтын материалдардан жасалған ауа
өткізгіштерін пайдаланған жөн.
14.1.36
8.5 т. сәйкес, ауаны желдету мен кондициялау жүйелері, бөлме-жай
блогының өртке қарсы секцияларының әрқайсына бөлек орнатылғаны жөн.
Өртке қарсы бір секцияға жататын, блок ғимараттаның ішіндегі ауа өткізгіштерінің
өртке төзімділігі нормаланбайды. Іргелес өртке қарсы секцияларды бөлетін, өртк е қарсы
кедергілер қиылысқан жағдайда, сәйкес орындаудағы өрт ұстаушы клапандарды орнату
қарастырылуы керек. Өртке қарсы бір секцияның дәліздерінде салынатын, жиналмалы ауа
өткізгіштерінің өртке төзімділігі EI 30 болғаны дұрыс.
Транзиттік ауа өткізгіштерінің, өртке төзімділік шегі ЕI 150 болуы керек. Транзиттік
ауа өткізгіштерінің ернемектері тығыз қосылуы немесе дәнекерленуі тиісті. Транзиттік ауа
өткізгіштерін жағармай материалдарының қоймалары мен кіші станциялар,
аккумуляторлық жайлары, сондай-ақ
8.5 т. көрсетілген жайлары арқылы өткізуге
болмайды.
14.1.37 Желдету қондырғыларында жүйе өнімділігін өлшеу мүмкіндігін қамтамасыз
ететін құрылғылар болуы керек.
14.1.38 Метрополитеннің жер асты желілерінің учаскелері өлшенетін ауа
84
параметрлерінің мәндерін электрмеханикалық қызметтің диспетчерлік пунктіне жіберетін
телеметрикалық ақпарат жүйесімен қамтамасыз етілуі тиісті.
Бұл мақсаттар үшін мына қадағалардың орнатылуын қарастырған жөн:
- станцияның тұғырнамалық бөлігінің соңында - ауа температурасы, салыстырмалы
ылғалдылығы мен құрамындағы тозаңның, көміртегі тотығы мен қос тотықтың,
радиациялық фоны мен қауіпті заттардың болуы;
- туннельдік желдету қондырғыларының ауа жинайтын шахталарындағы желдету
камераларында - ауа температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы, көміртегі тотығы мен
қос тотықтың жәнеқұрамындағы тозаңныңболуы;
- туннельдік желдету қондырғыларыныңжелдету камераларында
- радиациялық
фоны мен қауіпті заттардың, жарылу қаупі бар газдар (газы бар геологиялық қабаттар, газ
мен мұнай құбырлары, жанармай құю станциялары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың
қиылыс учаскелері ж.т.б.);
- вестибюльдердің кассалық залдарында және станциялар арасындағы дәліздерде -
ауа температурасы, салыстырмалы ылғалдылығы мен қозғалғыштығы, жарылу қаупі бар
газдар (метан).
Қауіпті (қатты әрекет етуші, улы) заттарды қадағаларын жеке тапсырмаға сәйкес
орнатқан жөн.
14.2 Жылумен қамтамасыз ету, жылыту
14.2.1 Жылу энергиясын (сумен және электрмен) келесі тұтынушыларға: вестибюль
жайларындағы касалық залдарға, станцияның жеке жайлары мен туннель маңындағы
ғимараттарға, сондай-ақ вестибюльдерді ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінің су
жылытқыштарына берген жөн.
14.2.2 Жылу тасымалдаушы ретінде төмендегілерді қабылдаған жөн:
- вестибюльдерде орналасқан қызметтік бөлмелер менкассалық залдарды жылыту
құралдары үшін 95-70° С температурасындағы суды;
- ауамен жылыту калориферлері мен вестибюльдердің жергілікті ағындық желдету
жүйелері, вестибюльдерге кіру
(шығу) есіктерінің ауа-жылу шымылдықтарының
калориферлері, вестибюльдердің кассалық залдарындағы жылыту құралдары, сондай-ақ
вестибюльдерді ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесі үшін - температурасы 1500С дейін
қатты қыздырылған суды;
- жылыту құралдары, ауамен жылытылатын калориферлер мен жергілікті желдетудің
ағындық жүйелері: тереңдегі станциятұғырнамалары деңгейінде орналасқан медициналық
пунктер, 19 кестенің 21 және 24 жолдарында көрсетілген жайларда, сондай-ақ, терең
орналасқан станциятұғырнамалары деңгейінде және тұғырнамалардың астында және
туннель маңындағы ғимараттарда орналасқан қосалқы жайлар үшін, егер климаттық
жағдайы бойынша ол жылынуға тиіс болса, сондай-ақ кезекші бақылаушылардың
кабиналары мен станциятұғырнамаларындағы кабиналар үшін - кернеуі 220 В электр
энергиясы;
- баспалдақ басқыштары мен жер асты вестибюльдерге кіретін (шығатын) шақыру
алаңдары мен лифт холлдарын жылыту үшін - электр жылтушы шоғырсымдар, қорғаулы
85
жылыту элементтері бар электр инфрақызыл сәуле тартушы немесе жылытылатын бетте
30С-тан төмен емес есептік температураны қамтамасыз ететін басқа құрылғылар беретін
электр энергиясын, ал егер шақыру алаңдары болмаған жағдайда, баспалдақтан түсетін
жермен жалғасатын ұзындығы
3 м тротуар бөліктерін жылытуды
(жылытатын
шоғырсымдармен) қарастырған жөн;
- туннельдік және туннель маңындағы ғимараттарда орнатылған электр жабдығы бар
шкафтарды жылыту үшін - кернеуі 220 В электр энергиясын.
14.2.3 Сумен жылыту және ыстық сумен жабдықтаудың жылу желілерін
метрополитеннің жерастылық станциясы арқылы бір вестибюльден екіншісіне төсеуге
жол берілмейді.
Жылу желілері мен шықпаларын ҚР ҚН 4.02-04 және ҚР ЕЖ 4.02-104 талаптарына
сәйкес жобалау керек.
14.2.4 Жылу жүйесінің құбырларын енгізуді станцияның әр вестибюліне олардың
әрқайсысына жылуды өз бетінше есепке алатын жылыту пункттерін орналастыра отырып
қарастыру керек. Жылумен қамтамасыз ету көзіне жақын орналасқан вестибюльдің жылу
пунктіне орналастыра отырып бір ғана ендіруді қарастыруға болады. Бұл жағдайда екі
вестибюльдің де жылу пункттерінің арасына құбырларды жердің астымен жүргізу керек,
ал жылудың жалпы есебін ендірудің жылу пунктінде қарастыру қажет. Станцияда бір ғана
жылулық ендіруді пайдаланған кезде жылу пункттерін жерасты каналында биіктігі
1100мм төмен емес орналастырылатын құбырлармен байланыстыру керек.
14.2.5 Жылу жүйесін станция вестибюльдеріне тартуды өтетін, жартылай өтетін
және өтпейтін каналдарда биіктігі 1100 мм кем емес қалалық жылу жүйесіне қарай
қарастыру керек, станцияның вестибюльдеріне
5 м ұзындықта жалғасатын жылу
жүйесінің каналдарын гидроизоляциясы бар монолиттік темірбетоннан қарастыру қажет.
Жылу жүйесін вестибюльдерге енгізуде полиэтиленді
қаптамадағы
пенополиуретаннан жасалған индустриалды жылу изоляциясы және ЖҚБ жүйесі бар
болат құбырларды пайдаланып, каналсыз салуға болады.
14.2.6 Жылу пункттерін вестибюльдердің бөлек бөлмелерінде орналастырған жөн.
Бөлменің биіктігі
2,2 м кем болмауы, құрылғыларға қызмет көрсетуге арналған
жолдардың ені - 0,8м кем болмауы тиіс.
Құбырларды жерасты вестибюліне енгізуді қабырғаға орнатылатын сальникті
тығыздығы бар футляр арқылы қарастыру керек. Қабырғаның жылу жүйесінің жалғасқан
каналының алаңы бойынша жылу ұстағыш гидрооқшаулағышы болуы қажет.
Ыстық суы бар жылу пунктері мен құрылғыларын жылу таратқыш ретінде
жолаушылар бөлмесінің, аппаратық, кросстық, подстанциялардың эскалаторлардың
машналық бөлмелерінің үстіне орналастыруға болмайды. Жылу пункті бөлмесінің
едендері таза еден белгісінен 200 мм биікте қабырғаға орналастырылған термотұрақты
гидрооқшаулауы болуы қажет.
Жылу пунктінің және су құбырларын енгізу құрылғыларын ортақ бөлмеде
орналастыруға болады.
14.2.7 Жылыту және жылумен қамтамасыз ету жүйелерінде қолдануға рұқсат
берілген келесі типті шойын құбырларды пайдалануға болады:
- сыртқы диаметрі 60 мм дейін болатын құбырлар - шойын сугазөткізгіш қалыпты,
86
шойын электсваркалы;
сыртқы диаметрі 60 мм асатын құбырлар - шойын;
- дренаждық және ауа шығаратын құбырлар үшін
- МЕМСТ 3262 бойынша
мырышталған құбырлар.
14.2.8. Метрополитен жылуын тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етудің ашық
және жабық жылу жүйесіне қосуды әдетте жылумен қамтамасыз ету жүйесіндегі
құбырлардағы кері қысым мен статикалық қысым болған жағдайда жылуды тұтыну
жүйесі үшін рұқсат етілген шектегі тәуелді схема бойынша қарастыру керек, басқа
жағдайларда тәуелсіз схеманы пайдалану қажет.
Станцияны жылыту жүйесін тәуелді схема бойынша қосуды ығыстыру сорғысы
арқылы қарастыру керек.
Станцияны жылыту жүйесін тәуелсіз сызба бойынша қосуды жылытудың ішкі
торындағы судың сорғымен циркуляциялануын қарастыра отырып жылу алмасқыш
арқылы жүзеге асыру керек.
14.2.9 Жылыту құралдарындағы жұмыс қысымы келесілерден аспауы тиіс:
-шойын радиаторлары мен қабырғалы құбырлары бар жылыту жүйесі үшін
-
0,6 МПа;
-алюмини және биметалды радиаторлары бар жылыту жүйесі үшін 1,0 МПа;
- болат конвекторларды, калориферлерді құбырлардан жасалған регистрлерді және
су жылытқыштарды пайдаланатын жылу жүйелері мен басқа жылу тұтынушылар үшін
-
1,0 МПа.
14.2.10 Жердегі жайлар, туннельдердегі вестибюльдер мен порталдардың ауа-жылу
шымылдықтарының жылыту жүйелерін ( сонымен қатар әуелік) есептеу үшін, сыртқы
ауаның есептік температуралары мен жылуды ұстауын ҚР ЕЖ 4.02-101 тарауына сәйкес
келетін Б параметрлерін қабылдау керек.
14.2.11 Жердегі вестибюльдерде орналасқан жақын жатқан торларды
жылытудыайдың ең суық
0
ºС төмен сыртқы ауаның орташа температурасымен
қалалардағы жүргіншілердің түсуі үшін эскалаторларды қолдану жағдайында ғана
қарастыру қажет. Жақын орналасқан торларды жылыту үшін болат тігіссіз құбырлардан
жасалған регистрді қолдану қажет.
14.2.12 Жер асты вестибюльдеріне кіретін
(шығатын) жерлерде басқыштарды
жылытуды ең суық айдағы сыртқы ауаның орташа температурасы 0 °С төмен аудандар
үшін қарастырған жөн. Сыртқы ауаның есептік температурасы мәніне қар шөгінділерінің
сомалық түсуі 80 % кем емес жылдық барлық қар шөгіндісі түсуін құрайтын уақыт
ішіндегі температуралық мәнін қабылдау керек.
14.2.13 Әуе-жылу шымылдықтарын станция вестибюльдеріне кіретін (шығатын)
жерлерде ең суық айдағы сыртқы ауаның орташа температурасы 0 °С төмен қалалар үшін
қарастырған дұрыс.
Әуежылу шымылдықтары тамбурға температурасы +45 °С аспайтындай, кассалық
залға енетін температурасы +5 °С дейінгі сыртқы ауаны жылытуды қамтамасыз ететін
көлемде берілуі үшін есептелуі тиіс.
Арматураны
реттейтін
калоферлердің
құбырөткізгіштердегі
әуе-жылу
шымылдықтарының жапқышын электр жетегімен қоса қабылдау қажет.
87
Құбырларда суды қатып қалудан сақтап қалу үшін:
- түтіктердегі су қозғалысының жылдамдығын есепте негіздеу немесе 0,12 м/сек етіп
қабылдау керек;
- техникалық негіздеу кезінде ауа жылытқыштарда араластырғыш сорғылардың
орнатылуын қарастыру керек.
Туннель порталдарында әуе немесе әуе-жылу шымылдықтарын орнату қажеттілігі
жылдың жылы мерзімінде порталға ең жақын станциядағы ауа температурасы +5 °С
төмен болмауын қамтамасыз ету шартын есептеуде анықталады.
14.2.14 Станция вестибюльдерінде жылыту құралдарын жабатын сәндік торлар
жанбайтын материалдардан жасалуы тиісті. Торлардың қолданылуы құралдарды
жылытудың есептік бетін 15% асырмағаны жөн.
14.2.15 Ең суық айдағы сыртқы ауаның орташа температурасы 0°С төмен қалаларда
жер асты және жердегі станциялар вестибюльдерінің кассалық залдары үшін сумен
жылытуды қарастырған жөн.
Ең суық айдағы сыртқы ауаның орташа температурасы 0 °С төмен қалаларда жер
асты және жердегі станциялар вестибюльдерінің кассалық залдары үшін жылытуды тек
қана кассирлер жайлары мен қызмет көрсететін қызметкерлер үнемі болып-тұратын
жайлар үшін қарастырылады.
Жердегі бекет вестибюльдерін (қызметтік жайларды қосқанда) электрмен жылытуға
болады.
14.2.16 Жерүсті ғимараттары мен басқа да құрылыстардың жылыту жүйесін
ҚР ҚН 4.02-02 сәйкес қарастыру керек. Жылу тораптарына қосылу мен сыртқы жылу
жүйелерін ҚР ҚН 4.02-04 сәйкес қарастырған жөн.
14.2.17 Пойыз жүретін туннельдердің бүйір жағында немесе ауа температурасы +5
°С төмен болуы ықтимал туннель учаскелерінде, электрмен жылытуды қарастырған жөн.
14.2.18 Пойыз жүретін туннельдер мен өзге де ғимараттар үшін, оларды мұз басудың
алдын алу жөніндегі іс-шараларды қарастыру қажет.
14.2.19 Жылытудың электр құралдарын жылытатын элементтерін жауып, беткі
температурасын 95 °С асырмай қолданылып, тұрақты түрде бекітілуі тиіс, оларды электр
желісіне қосуды 15.7.8 т. сай қарастыру қажет.
14.3 Сумен қамтамасыз ету
14.3.1 Метрополитеннің жер асты ғимараттарын шаруашылық-ас су, технологиялық
және өртке қарсы қажеттіліктерді қамтамасыз ететін біріккен су құбырының жүйесімен
жабдықтау қажет. Техника-экономикалық негіздеу кезінде бөлінген су құбырының
шаруашылық-ас су, өртке қарсы және технологиялық жүйелерін қарастыруға болады.
Ас су қажеттіліктеріне арналған судың сапасы қолданыстағы нормативтер
талаптарын қанағаттыруы тиіс.
Су құбырының технологиялық жүйесі жабық ауа салқындатқыштарындағы желдету
жүйелерің ауасын салқындатуға, туннельдер мен станцияларды жууға арналған су
шығынын қамтамасыз етуі тиіс. Ауа салқындатудың ашық жүйелерінде бүріккі
камераларды қолданған кезде ас судың сапасындай суды пайдалану керек.
88
14.3.2 Сумен қамтамасыз ету көзі ретінде қалалық су құбырларын қабылдау керек.
Технологиялық мақсаттар үшін әдете станция жанындағы тазарту құрылғысынан алынған
таза суды пайдалану қажет. АҚ және ТЖ режимінде метрополитен бағытын шаруашылық-
тұтыну және техникалық сумен қамтамасыз етуді артезиандық ұңғылардан және бейбіт
уақытты пайдалануға қарастырылған метрополитеннің ішкі су құбырлары жүйесін
пайдалана отырып қалалық су құбырлар жүйесінен жүзеге асыру керек. Жерасты
бағытындағы ұңғыларды саны екіден төмен емес болса қабылданады.
Су қоршау ұңғыларының, сонымен қатар, технологялық сумен қамтамасыз ету
жүйесінің құрылғыларын судың салқындату жүйесінде пайдаланғаннан кейін, стациялық
тазарту құралдары мен қалалық жүйелерге түсу шарттарын ескере отырып жобалау керек.
14.3.3 Метрополитен жер асты желілерінің біріккен су құбыры жүйесі станцияларға,
поезд жүретін туннельдер мен туннель маңындағы ғимараттарға судың берілуін
қамтамасыз етуі керек. Бекет су құбырының желісін әрбір көршілес станциясындағы су
құбырының желісімен әрбір поезд жүретін туннельде рельс бастарының деңгейінен
0,6-0,8 м биіктікте бір-бірден салынатын екі құбырмен қосылуы керек. Екі жолдық
туннельде су құбырын екі жақтан салған дұрыс.
Іргелес станциялар арасындағы пойыз жүретін туннельдер учаскесінде екі жолдың
су құбырларын өзара электр жетекті жапқыштары бар қосқыштармен қосу керек, қосатын
орын мен санын таңдаған кезде туннельді желдетудің пойыз жүретін қондырғыларының
орналасуын ескерген жөн.
Су құбырының тұйық учаскелерін өзара қосқыштарға қол жетекті жапқыштарын
орната отырып қосу қажет.
14.3.4 Метрополитеннің әрбір желісінің су құбыры жүйесінде қалалық су құбыры
желісінен, әдеттегідей, әрбір бекетке шартты диаметрі 100 мм келетін, бір-бір қосылу
жолы болуы тиіс, қосылған жерге немесе қосылуға жақын жерге тиекті арматурадан,
судың шығынын қашықтықтан және жергілікті есептуге арналған телеметрикалық
шығысы бар құралмен судың өртке қарсы және шаруашылық керек-жарақтарға кететін ең
үлкен шығынын есептейтін және өткізуді қамтамасыз ететін біріктірілген есептегіштен
тұратын су өлшейтін торабы бар құдық орнатылады.
Су өлшейтін торапты:
- электр оқшаулағыш ернемектермен;
- электр жетегі бар жапқыш (ысырма) пен су өлшейтін торапқа дейін қосудағы кері
клапанмен;
- айналма жолы бар электр жетекті жапқыш (ысырма) пен судың шығынын
қашықтықтан және жергілікті есептуге арналған телеметрикалық шығысы бар құралмен
судың өртке қарсы және шаруашылық керек-жарақтарға кететін ең үлкен шығынын
есептейтін және өткізуді қамтамасыз ететін су есептегішімен жабдықтаған жөн.
Айналма жол судың ең үлкен есептік шығынына сүйенуі керек.
Қосылған жерде гидростатикалық күш жеткіліксіз болған жағдайда өртке қарсы
қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін арттырушы сорғылық қондырғыларды қолданып,
оларды станцияның желдеткіш-шоғырсымдық арнасы деңгейінде орналастырған жөн.
Қондырғылар өрт сөндіргіш ағынының өнімділігі мен бекет тұғырнамасында,
вестибюльдердің қызметтік және өзге де жайлары мен тұйық жолдарда өрт сөндіру
89
кезінде өрт сөндіруші крандар талап ететін күшті қамтамасыз етуі керек.
14.3.5 Метрополитеннің жер асты желілерінің су құбырлық желісін бір уақыттағы ең
үлкен шаруашылық-ас су, технологиялық және өрт сөндіру кезіндегі су шығынын келесі
жағдайлар есептеген жөн:
- өртті екі өрт сөндіргіш краннан станцияның ең қолайсыз жерінде сөндірген кезде;
- қалалық су құбыры қосылған жердің істен шығуы және бұл бекетке туннельдерде
салынған құбырлар арқылы көршілес станциялардың су құбыры желісінен су беруі;
- қалалық су құбыры желісіндегі судың ең төмен қысымы.
Егер мұндай жағдайда су шығыны қамтамасыз етілмесе, бекетте екінші қалалық су
құбырын қосуды қарастыру қажет. Бұл жағдайда қосуды әр түрлі вестибюльдер арқылы
өткізген дұрыс.
Шаруашылық-ас су қажеттіліктеріне кететін су шығынын ҚР ҚН
4.01-01,
ҚР ЕЖ 4.01-101, ҚР ҚН 4.01-03 және ҚР ЕЖ 4.01-103 талаптарына сәйкес қабылдау керек,
ал технологиялық мақсаттарға кететін су шығынын есептеулер арқылы анықтау қажет.
Құрылғылар бір уақытта жұмыс істеген кезде келесі су шығыны қамтамасыз етілуі тиіс,
л/с есебімен:
- 3,0 — диаметрі 50 мм су құю краны;
- 0,5 — диамерті 20 мм бес су құю краны;
- 6,5 — жуатын агрегат.
Метрополитеннің жер асты жайларындағы өртті сөндіруге кететін су шығынын
төмендегілерді есепке ала отырып анықтаған жөн:
- 1 -желідегі өрт саны;
- 3 -бекет пен тұйық жолға арналған ағын саны;
- 2 -пойыз жүретін туннель, қосқыш тармақ, вестибюльдің кассалық залы, қызметтік,
өндірістік және тұрмыстық блоктарының дәліздері, эскалаторлардың машиналық жайы
мен эскалатолық туннель, ауысып отыратын ғимараттың дәлізіне арналған ағындар саны;
- 3,4 л/с - бекет пен тұйық жолдағы бір ағынға кететін су шығыны;
-
2,5 л/с - пойыз жүретін туннель, қосқыш тармақ, ветибюльдің кассалық залы,
қызметтік, өндірістік және тұрмыстық блоктарының дәліздері мен басқа да
ғимараттардағы бір ағынға кететін су шығыны;
- 5 м кем емес — ағынның шағын бөлігінің әрекет ету радиусы;
-
65 мм — өрт сөндіру кранының (вентиль мен қосқыш бастың) және өртке су
себетін түтік құбырдың диаметрі.
14.3.6 Сумен қамту жүйелері үшін жер бетінен құралдар орналасқан жерге дейін
есептегенде, гидростатикалық қысым мен қалалық су құбырлары желісіндегі қысымның
максималды сомасына тең, құралдардағы ең жоғары қысым кезінде жүйе жұмысын жүзеге
асыра алатын, арматуралар мен құбырларды пайдаланған жөн. Диаметрі 50 мм және одан
кем, пайдаланылған тірек арматуралардың түрлі-түсті қорытпалардан құйылғанын таңдау
керек.
14.3.7 Су құбырларының магистральдық және араластырушы жүйелерін ашық
шоғырсымдық туннельдерде, дәліздерде, өндірістік бөлмелердің блоктарында қарастыру
керек. Электроқалқандық, аппараттық кросстық, қоймалық гардеробтық ж.т.б. орындарда
су құбырларын жүргізуге жол берілмейді. Тарыққан шарттарда магистральды құбырларды
90
гардероб және қойма бөлмелері арқылы бітеу-реттеу арматураларын орната отырып
жүргізуге болады.
14.3.8 Станциялардың вестибюльдері мен дәліздеріндегі диамерті 50 мм және одан
да артық (өрт сөндіру крандарына өткізілетін орындарды санамағанда) болған салқын су
құбырларында және ұзаққа созылған ыстық су құбырларында
(мысалы, эскалатор
туннелінің желдеткіш- шоғырсым бөлімдерінде өткізілсе) жылу оқшаулағыштар болуы
тиіс.
14.3.9 Тереңге салынған станцияларда вестибюльден жолаушы тұғырнамасының
деңгейі аралығындағы су құбырларын арнайы ұңғымалар арқылы немесе эскалатор
туннелінің желдеткіш- шоғырсым бөлімі боймен өткізген жөн.
14.3.10 Өрт сөндіру шкафтарында орнатылған, су құбыры желісіндегі өрт сөндіру
крандарын (тетіктер мен дәнекерлеуіш түтіктер) келесідей орналастырылуы керек:
- 20 м өртке су себетін түтік құбырлары және стволымен бірге: касса және эскалатор
залдарында
- екі шкафтан, эскалаторлардың машиналық бөлімдерінде, жылжымалы
құрамның техникалық байқау бөлімдерінде - әр қабатқа бір шкафтан; қызмет, өндіріс
және тұрмыстық бөлме блоктарының дәліздерінде, сауда-саттық кеңістіктерін,
павильендар, дүңгіршектер мен басқа да жолаушыларға қызмет көрсететін ұқсас
объекттер орналастырылған жаяу жүргіншілерге арналған жер асты өтпе жолдарында - әр
20 м кем емес аралықта бір шкафтан орналастырылады;
- 40 м (немесе 2 м ×20 м) өртке су себетін түтік құбырлары және стволымен бірге:
бекеттік әр бүйірінде
(бірінші және екінші жолдардың бойымен), станциялардың
арасындағы дәліздердің әр шетінде, сонымен қатар әр тұйық жолдардың басында және
аяғында.
14.3.11 Су құбыры желісінің бойымен өрт сөндіру крандарын
(тетіктер мен
дәнекерлеуіш түтіктер) келесі қашықтықта орналастырылуы тиіс, м:
-
30 - станция тұғырнамаларындағы “М” типіндегі люктерде, бір жақты тұйық
жолдарда (бір жпайдаланылғана), екі жақты тұйық жолдарда (екі пайдаланылған);
- 90 - пойыз жүретін туннельдерде (бір пайдаланылған);
- 40 - станциялардың арасындағы дәліздерде.
14.3.12 Су құбырлары желісі үшін шартты диаметрі келесідей құбырлар
пайдаланылады, мм:
-
100 - қалалықсуқұбырларынақосылғанжерлерде, суөлшейтінтораптың белдеулік
сызығы, станциялар мен тұйық жолдардағы магистральдар;
- 80 - туннельдердегі магистральдар;
- есептеулер бойынша - магистраль тармақтары.
Құбыр қабырғаларының қалыңдығы есептеулер арқылы анықталады.
Туннельдегісуқұбырын, әдетте, жанасқан рельстерге қарама-қарсы орналастырады. Су
құбырымен жанасқан рельстер бір жаққа қарай орналасқан болса, құбырдыболат
қаптаманың ішіне салу қажет болады.
Өзара қиысқан жерлердегі жолдардың астында орналақан су құбырларын өткізу
барысында тоттануға қарсы бүркеніш қабатын және құбырларды электрден оқшаулау, ал
қиылысқан жерлердегі су құбырларының ұштарына
- электр оқшауландырушы
ернемектер мен ысырмалар орнатуды қарастыру керек.
91
Поезд жүретін туннельдердегі су құбырларына әр
500 м сайын қол жетекті
ысырмалар, ал станциялардың бүйірлерінде электр жетекті ысырмалар орнатылады.
Ысырмалардың орнына домалақ ернемекті крандарды пайдалануға рұқсат етіледі.
14.3.13 Су құбыры желілерін бекет вестибюльдерінің кіре берісіне және жаяу
жүргінші жер асты өтпе жолдарына түсетін баспалдақтарға аяқ астындағы торларды жуу
үшін және туннель желдеткіштері орнатылған жерлерге желдету арналарын жуу үшін
қарастыру қажет.
14.3.14 Бекеттен шығатын (кіретін) орындар болып табылатын, айдау туннельдерінің
су құбыры желілерінде, бекет тұғырнамаларында, тұғырнама астындағы шоғырсымдық
коллекторларда, эскалатор туннельдерінде, станциялар арасындағы дәліздерде,
вестибюльдегі касса залдарында, жаяу жүргінші жер асты өтпе жолдарында, туннель
желдеткішінің арналарында әр 30 м сайын суаратын крандар орнатылауын қарастыру
керек; туннельдік желдету орындарына су құбыры желісін құрғақ құбырлар (сухотрубы)
өткізе отырып салу керек.
Су ағызатын және кәріздік сорғы қондырғылары орнатылға жерлерде, туннельдік
желдеткіштің жер үстіндегі дүңгіршектерде, ауа-жылу бүркеуіші орындарында,
туннельдік және жергілікті желдеткіштерде, жаяу жүргінші жер асты өтпе
жолдарынанемесе жер асты вестибюльдеріне кіретін дәліздердің кіре берісінде (шыға
берісінде) бір-бір суаратын кранды қарастыру қажет. Суаратын крандардың диаметрі -
20 мм.
Әр туннельде бекет тұғырнамасының бүйір жақтарының бірінде, сонымен қатар әр
500 м сайын жуу құрал-саймандарын толтыру үшін, әр қайсысының диаметрі 50 мм
болатын екі кран орнатуды қарастырған жөн.
14.3.15 Пайдаланылған станциялардың су құбыры желісінде су бір жерден, ал
технологиялық желілерді сумен салқындату қажет болған жағдайда екі жерден су келіп
тұруы керек: жер үстіндегі қуаттандырушы кіші стансада - қалалық су құбырынан, ал жер
асты біріктірілген қуатты төмендететін кіші стансада - туннельде салынған су құбыры
желісінен.
14.3.16 Станциялар мен вестибюльдерді ыстық су құбырларымен жабдықтау керек.
Тұтынушыларға жеткен су температурасы 60 °С аспауы тиіс.
Ыстық су эскалаторлардың машина орындарындаға, трансформаторлық кіші
стансалардағы және кассалардағы раковиналарға, тамақ ішетін орындардағы,
медициналық бөлімшелердегі, дәретханалардағы, сонымен қатар душтардағы
қолжуғыштарға қосылуы тиіс.
Әдетте су ысыту көзі болып станцияның жылумен қамту жүйесі табылады. Суды
электр су жылытқыштарында жылыту амалы да қарастырылады.
Жылумен қамту жүйесі ағытылған кездерде қолжуғыштар мен душтарға ыстық суды
электр су жылытқыштары арқылы беру жолдарын қарастыру қажет. Эскалаторлардың
машина бөлімдерінегі қолжуғыштар мен техникалық қызмет көрсету бөлімдеріндегі (ТҚБ)
душтарға ыстық суды электр су жылытқыштары арқылы беруді қамтамасыз ету керек.
Тамақ ішетін орындарда және медициналық бөлімшелерде қорғаныс аппараттары
арқылы қосылатын, өнеркәсіптік өндіріс стационарлық электр су қайнатқыштарын
орнатуды қарастыру қажет.
92
14.3.17 Платформа деңгейіндегі еден жуатын машиналар бөлмесінде және
станцияның жерасты бағытының әр вестибюлінде шаруашылық-тұтыну қажеттіліктері
үшін еденнен 0,5 0,7 м дейінгі биіктікте екі су тарату крандарын орнату керек, 0,04 л/с
болатындай біреуіне ыстық суды, екіншісіне суық суды қосу қажет. Крандардың астына
трап орналастыру керек.
14.3.18 Жолдың жер үстінде орналасқан станцияларында шаруашылық ауыз су және
өрт сөндіруге арналған су құбырларын ауа температурасы жылы жерлерге орналастырған
жөн. Бекет су құбырынан тұғырнаманың ұзына бойына 30 м сайын орнатылған, суару
крандары бар диаметрі 50 мм құрғақ құбырларды (сухотруб) өткізу керек.
Сумен қалалық су құбырлары желісі арқылы қамтамасыз етіледі.
14.4 Су бұрғыш
14.4.1 Метрополитеннің жер асты ғимараттарына өздігінен қозғалатын науалар мен
құбырлардан, су сақтайтын құдықтардан, басқыштар мен тоғандар мен қысымды құбыр
өткізгіштері бар су төгетін сорғы құрылғылардан тұратын су бұрғыш жүйесін орнатқан
дұрыс. Су бұрғыш жүйесі метрополитеннің жер асты ғимараттарына топырақтан
төсемелердің тығыз емес жерлері арқылы салқындату қондырғыларынан шығып,
станциялар мен туннельдерді жуу кезінде және өрт сөндірген кезде берілетін суды
қабылдануын және ағуын қамтамасыз етуі тиіс:
14.4.2 Судың өз бетінше ағуын келесі жағдайларда қарастыру қажет:
- жер асты станцияларінде: жол учаскелерінде, тұғырнамалардың астында, желдету
арналарында, шоғырсым коллекторларында және бекетке қарасты ғимараттарда - ашық
науалар бойынша;
-
платформларда,
вестибюльдердің
касса
залдарында,
эскалаторлардың
машина бөлімшелерінде, жергілікті желдету құрылғылары
орналастырылған жерлерде, сутартқыштарда, жылу, аккумуляторлық бөлімшелерінде
және дәліздерде (олардың астында басқа ғимараттар болған жағдайда) - “М” типіндегі
траптар арқылы шойын құбырлар және өз бетінше ағатын науалар бойымен;
- көше астындағы жаяу жүргінші жер асты өткел жолдарында, эскалаторлардың
машина бөлімшелерінде және дәліздерде (олардың астында басқа құрылыстар болмаған
жағдайда) -траптар арқылы шойын құбырлар мен өз бетінше ағатын лотоктар бойымен
торлары бар құдықтар арқылы, және өз бетінше ағатын науалармен;
- платформаларда жолдық лотоктарға қарай бұрулар қарастырылады;
- метро қозғалысына арналған туннельдер, қызмет тармақтары, электрдеполар мен
тұйық жолдардағы тармақтарда: бетон төсемесінде орналасқан жол учаскелерінде,
сонымен қатар техникалық байқау жасайтын шұңқырлардың еденінде
- ашық
науаларбойымен;
- ұсақ тас балластында орналасқан жол учаскесінде - әр қайсысының диаметрі 200
мм болатын екі құбырдың бойымен немесе “М” типті құдықтар арқылы диаметрі 300 мм
бір құбырдың бойымен, сонымен қатар себебі дәлелденген болса, әр қайсысының
диаметрі 150 мм-лік үш құбырдың бойымен су ағызылады.
Құбырлар мен ашық науалардың ұзына бойы еңісі 3% кем болмауы тиіс. Өз бетінше
ағатын құбырлардың диаметрін 100 мм, ал көлденең жазықтық иілімдері - 120°С кем
93
болмауы керек.
Траптар, құдықтар, құбырлардағы ревизиялық люктар, оларды тазалау үшін тиімді
жерлерде орналасуы тиіс. Траптар мен құдықтрдың арақашықтығы 20 м аспауы тиіс.
14.4.3 Аяқкиімнен аққан су мен балшықты қабылдауға арналған торлары бар
шұңқырларды жерасты жаяу жүргіншілер жолында баспалдақтың төменгі сатысында
орналастыру керек. Торлардағы тесіктердің ені
15 мм аспауы тиіс. Торларды
баспалдақтық марштардың бүкіл ені бойынша орнату қажет. Шұңқырдың су жиналатын
бөлігінің тереңдігі
0,65 м артық болмауы керек, ондағы су жергілікті су ағызатын
құрылғыға кетуі тиіс.
Жер үстіндегі вестибюльдер мен жер асты жаяу жүргіншілер жолындағы су
жинайтын шұңқырларда шұңқырлардан балшықты жуып әкететін құралдар немесе
шұңқырдың жанынан су құбырларына қосылған, балшықты жууға арналғансу бүрку
крандарын қарастыру керек. Жерасты жаяу жүргіншілер жолындағы немесе станцияның
жер астындағы вестибюліне кіреберістердегі шұңқырлардың тереңдігі мен енін
конструктивті шешімге сәйкес суды жасыл аймаққа немесе қаланың арық жүйесіне жібере
отырып қабылдау қажет.
14.4.4 Су ағызатын сорғы қондырғылар мақсатына және орналасуына қарай негізгі,
транзиттік және жергілікті болып бөлінеді. Әр су ағызатын сорғы қондырғыны әдетте жол
туннельдерінің арасына жеке құрылыстарға орнату керек.
Ең суық айларда сыртқы ортаның орташа температурасы 0 °С төмен болатын
қалалардағы метрополитендердің пойыз жүретін туннельдерінде орнатылған сорғы
қондырғыларын туннель желдеткішінің пайдалануарнасынан 100 м кем емес қашықтықта
орналастыру қажет.
Су ағызатын сорғы қондырғыларды былай орналастыру қажет:
- негізгі - жол желісінің төмендеген жерлеріне, сонымен қатар қондырғы суды поезд
жүретін туннельдерден алатын болса, терең емес станцияларда;
- транзиттік
- су айырығынан төмендетілген нүктеге дейін
1500 м астам
қашықтықта және рельстер головкасы деңгейінен құрылғы орналасқан жердегі туннель
қаптамасына гидравликалық қысым 100 кПа (1 кгс/см2) асатын жол еңістері ұзақ болып
келетін учскелердің ортасында;
- жергілікті - пайдаланылған су метрополитен жолының су ағызатын желісіне өз
бетімен ағып келе алмайтын станцияның төмендетілген орындары м ен туннельге қарасты
құрылыстарда.
14.4.5 Негізгі су ағызатын сорғы қондырғыларын үш сорғымен жабдықтаған жөн.
Станциялар мен тұйық жолдардағы транзиттік және жергілікті су ағызатын сорғы
қондырғыларын - екі сорғымен, бекетте кіре беріс болып табылатын көшеге қарасты
өткел жолдар мен дәліздердегі жергілікті сорғы қондырғыларды
- бір сорғымен
жабдықтаған дұрыс.
Негізгі сорғы қондырғысының қалыпты жұмыс режимінде екі сорғының жұмыс
істеп тұрғаны, ал апаттық жұмыс режимінде барлық сорғылар жұмыс істеп тұруы тиіс.
Транзиттік немесе жергілікті сорғы қондырғысында - бір сорғы, ал апаттық жұмыс
режимінде - барлық сорғы қондырғылары.
Сорғыларды қосу және сөндіру автоматты түрде жүзеге асырылады. Ол тоғандағы су
94
деңгейіне байланысты.
Негізгі, транзиттік немесе жергілікті су төгетін қондырғылардың барлық сорғы
агрегаттарының өнімділігі өте жоғары деңгейде су аққан жағдайда ағынды суларды
жоюды қамтамасыз ететін болуы тиіс.
14.4.6 Негізгі және транзиттік сорғы қондырғылары орналасқан құрылыстардағы
еденнің деңгейі, таяз орналасқан станцияларда орналасқан негізгілерді санамағанда, жол
рельстері бастиегінің деңгейінен 0,25 м жоғары болуы тиіс.
Техникалық байқаудан өтетін ойықтары бар тұйық жолдарда орналасқан жергілікті
сорғы қондырғылары еденінің деңгейін рельстердің бастиегі деңгейінен 0,15 м төмен
қабылдауға рұқсат етіледі, таяз орналасқан станциялардағы қалған жергілікті сорғы
қондырғылар мен негізгі сорғы қондырғыларының деңгейі, әдетте көршілес
құрылыстардың еденінің деңгейінен жоғары емес.
14.4.7 Су ағызатын сорғы қондырғылары тоғандарының көлемі
20-кестеде
келтірілген көлемнен кем болмауы тиіс.
20-кесте - Су ағызатын сорғы қондырғылары тоғандарының көлемі
Тоған көлемі (м3)
Су ағызатын қондырғылардың орналасуы
Жұмыс р.
апаттық
толық
Топырағы суландырылған таяз орналасқан
жолдарда:
Негізгі
30
40
70
Транзиттік
15
25
40
Жергілікті
7
—
7
Топырағы суланбаған таяз орналасқан жолдарда
және таяз орналасқан жолдарда:
негізгі және транзиттік
15
15
30
Жергілікті
4
—
4
Ескертпелер:
1 Тоғанның жұмыс көлемін барлық сорғылар сөнетін су деңгейінен, орнатылған сорғылардың соңғысы
қосылатын деңгейге дейін есептеген жөн.
2 Тоғанның апаттық көлемін орнатылған сорғылардың соңғысы қосылған су деңгейінен, таяз орналасқан
станциядағы су ағызатын құрылғы тоғаны бұғауының төменіне дейін және қалған су ағызатын
қондырғылар шпалдарының табанына жеткенге дейінгі аралықта есептеп шығарған дұрыс.
14.4.8 Негізгі, транзиттік және жергілікті су ағызатын қондырғылардың тоғандарын
су қабылдайтын бөлік және жұмыс бөлігіне бөлген жөн.
Су қабылдаушының жұмыс бөлігінде баспалдағы бар люк (тар жол) қарастырылсын.
Су жинаушы түбінің шұңқырға еңісі 20 % кем болмау керек.
Тоғандарды тұнбаны шайқайтын және сорғының құрал-саймандарын қосатын
құрылғылармен жабдықтау қажет.
Барлық су ағызатын қондырғылар сорғы құрал-саймандарын көтеру және қозғалтуға
арналған қол жетегі баркөлік-көтерме механизмдермен жабдықталуы тиіс.
14.4.9 Электрдеподан басқа метрополитен жолдарының негізгі және транзиттік
95
тоғандардың су ағызатын сорғы қондырғыларынан шыққан пайдаланылған суларын
қаланың жаңбыр немесе ортақ кәріздердің өзіне алдын ала тазалаусыз қотарып құюды, ал
жергілікті су ағызатын сорғы қондырғыларының тоғандарынан
- екі поезд жүретін
туннельдің су бұрғыш желісіне, ал негізделген болса, қаланың жаңбыр немесе ортақ
кәрізіне қотарып құюды қарастыру қажет.
Су құятын науалардан немесе поезд жүретін туннельдерден шыққан пайдаланылған
сулар, әдетте ашық науалардың бойымен ағып, негізгі және транзиттік су ағызатын сорғы
қондырғыларының тоғандарына түсуі тиіс.
14.4.10 Негізгі су ағызатын сорғы қондарғасының барлық жағдайларда, ал транзиттік
су ағызатын сорғы қондырғысы, егер өзен немесе қойма астында орналасса, қысымды екі
құбыры болуы тиіс. Басқа учаскелерде орналасқан транзиттік су ағызатын
қондырғылардың қысымды бір құбыры болады.
Қысымды құбырды қаланың жаңбыр немесе ортақ кәрізіне тұндырғышы жоқ соңғы
құдық арқылы қосу керек. Құбырды ұңғымадағы немесе топырақтың өзіндегі ең қысқа
жолмен өткізу керек.
Пойыз жүретін туннельдерде өткізіліп жатқан құбырлар үшін МЕМСТ
8732
бойынша ыстықтай құйылған жіксіз болат құбырлар қарастырылады.
14.4.11 Жер асты вестибюліне кіре беріс (шыға беріс) болып табылатын, көше
астындағы жер асты өткел жолы немесе жер асты дәрізінде орналасқан жергілікті сорғы
құрылғысының қысымды құбыры, сонымен қатар жер үсіндегі табан қыратын торлардың
шұңқырынан өткізілген өз бетімен ағатын құбырларды тұндырғысы бар соңғы құдық
арқылы қаланың жаңбыр немесе ортақ кәрізіне қосқан дұрыс. Сонымен қатар тұндырғы
түбінің белгісі жер бедері деңгейінен 4,5 м, ал тұндырма көлемі - 2 м3 кем болмауы тиіс.
14.5 Кәріз
14.5.1 Станцияның жер үсті және жер асты вестибюльдерінде, тұғырнама
деңгейінде және жерасты станциясының ( оның әрбір соңында) жылжымалы құрамын
техникалық байқау бөлімшелерінде ерлер мен әйелдер үшін бөлек салынған бөлімдері бар
қызмет етуші жұмыскерлер үшін санитарлық торап қарастырылуы керек. Әйелдер
дәретханасында жеке гигиена кабинасы болуға тиіс. Таяз орналасқан станцияның жер
асты вестибюльдерінің бірінде медициналық бөлімшенің жанында бір бөлімі ғана бар
дәретхана орнату қажет.
Тереңге салынған бекет вестибюльдерінің әрқайсысына, тұғырнама деңгейіндегі
(оның әрбір соңында) таяз орналасқан бекетте және жылжымалы құрамның техникалық
байқау бөлімінде жұмыскерлер үшін дәтерханалардың жанында орналасқан, екі бөлімі бар
(ерлер және әйелдерге арналған) душ қоюды қарастыру керек.
Медициналық бөлімшелер, дәретханалар мен тамақтанатын орындарда
қолжуғыштар орнатылуға тиіс, ал шпайдаланылған бекет құрылыстарында, касса ж әне
эскалаторлардың машина бөлімдерінде раковина тұрған жөн.
14.5.2 Жер бетінен төмен орналасқан, дәретханалар мен душтардан шыққан
пайдаланылған суды қотарып құюды ұңғымадағы немесе топырақтың өзіндегі ең қысқа
жолмен өткізілетін, шартты диаметрі 100 мм кем емес қысымды құбыр бойымен кәріздік
96
сорғы қондырғыларының сұйыққоймаларынан жер бетіне дейін фекалды көлденең немесе
батырылған сорғы арқылы жүзеге асырады. Құбырларды қаланың тұрмыстық кәріз
құдықтарына соңғы құдықтар арқылы қосу керек.
Қысым құбырларының диаметрін есептеулер арқылы анықтау қажет. Қаланың кәріз
желісіне қосылу, қысымды азайту қызметін атқаратын, соңғы құдықтар арқылы жүзеге
асырылады. Құбырөткізгіштерге бөлінген сұйықтықтың көлемін қашықтықтан және
жергілікті есептеу үшін телеметрлік шығысы бар құрылғыларды орнату қажет.
Әр сорғы агрегатының қысымды құбырына жапқыштар (шарлы крандар) мен кері
қақпақтар орнату керек.
Раковиналардан аққан суды метрополитеннің тұрмыстық кәріз жүйесі,ал
қолжуғыштардан
- станцияның кәріз жүйесі арқылы
(фекалды сұйыққоймаларға
лықсытылатын пайдаланылған суды жинау мен көтеру үшін транзиттік сорғы
станциялары жарамды) ағызып жіберу қарастырылады.
14.5.3 Таяз орналасқан әр бекетте тұғырнама деңгейінде бір кәріздік сорғы
қондырғысын орнату керек. Таяз орналасқан әр бекетте платфонма деңгейндегі бір
құрылғыны және әр жер асты вестибюлінде бір құрылғыдан орнату қажет.
14.5.4 Әр кәріздік сорғы қондырғыларында екі батырылатын сулы сорғы немесе
батырылмайтын құрғақ сорғы (жұмыс және сұйыққоймалық) және люгі бар сұйыққойма
болуы тиіс.
Сұйыққойма көлемін сегіз сағат бойына жиналған сұйықтық көлемінен есептеп
шығаруға болады. Сорғылар автоматты түрде сұйыққоймадағы сұйықтық көлеміне
байланысты қосылады және сөндіріледі. Сұйыққойма сорғыларының соратын шағын
құбыр кесіндісі тік шыбықтары бар тормен қорғалуы тиіс.
Кәріз қондырғыларының сұйық қабылдайтын сұйыққоймалары тұнбаны шайқайуға
арналған құрылғылармен, саңыласыз люктармен, пайдаланылған су деңгейінің апаттық
сигналымен жабдықталуы тиіс. Сору жолдарының астындағы шұңқырларға апаратын
сұйыққойма еденінің ойысуы 20 % кем болмауы тиіс.
Кәріз қондырғыларында сұйық қабылдайтын сұйыққоймалардағы пайдаланылған су
деңгейінен аққан сұйықпен жұмыс істейтін сорғы агрегаттарын қарастыру қажет.
Кәріз қондырғыларын жеке ғимараттарда орналастырған жөн.
14.6 Құбырлар
14.6.1 Вестибюльдерге, эскалаторлық көлбеу туннельдерге және басқа да
құрылыстарға қалалық су құбырлары мен магистральдерін енгізу үшін, сонымен қатар
станциялар, тұйық жолдар мен пойыз жүретін туннельдерге су құбырлары желісін тарту
үшін МЕМСТ 9940 бойынша коррозияға қарсы болаттан ыстықтай құйылған жіксіз
құбырларды, немесе МЕМСТ 9941 бойынша жіксіз салқын және жылу деформацияланған
құбырларды, ал тармақталулар үшін
- МЕМСТ 3262 бойынша тот баспайтын болат
мырышталған құбырларды пайдалану керек.
Жылу желісінің құбырлары үшін МЕМСТ
8732 бойынша болаттан ыстықтай
құйылған жіксіз құбырларды пайдалану керек. Ыстық сумен қамту құбырлары үшін
МЕМСТ 3262 бойынша болаттан құйылып мырышталған (күшейтілген) құбырларды
97
пайдаланған дұрыс.
Поезд жүретін туннельдердегі және станцияның тұйық жолдарындағы туннельдік
(соның ішінде өртке қарсы) су құбырын орнатқан кезде металл құбырлардың орынына
композициялық, синтетикалық және тоттануға төзімді материалдарды пайдалануға
болады.
14.6.2 Су бұрғыштың қысымды құбырлары және кәріз үшін, МЕМСТ 8732 бойынша
болаттан ыстықтай құйылған жіксіз құбырларды пайдалану керек.
14.6.3 МЕМСТ 9602-ке сәйкес, құбырлар (су құбырлары, жылумен қамту, жылыту
құбырлары және кәріз) хомиялық тоттанудан және қаңғыма тоқтан пайда болатын
тоттанудан қорғалуға тиіс.
Метрополитен құрылысынан және электрдепо аумағынан жер үстіне шыққанда
жалғасып жатқан құбырларға электр оқшаулаушы ернемектерді орнату қажет.
15 ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
15.1 Жалпы ережелер
15.1.1 Метрополитен желісінің тұтынушыларын электрмен қамтамасыз етуді
біріктірілген күшейткіш-кернеуді реттейтін
(БККР) және кернеуді реттейтін аралық
станциялар (КРАС) арқылы жүзеге асыруды қарастыру керек. Негіз болған жағдайларда
жерүсті тартымды-кернеуді реттейтін
(БККР) және кернеуді реттейтін аралық
станцияларды (КРАС) жобалауға болады.
БККР - станцияларда, КРАС - жүктеме шоғырланған бекет және поезд жүретін
орындарда орналастыру қажет.
Жер үстіндегі желілердің тұтынушыларын жер үстіндегі шағын станциялардан
электрмен қамтамасыз ету керек.
15.1.2 БККР электрмен қамтамасыз ету қаланың электр желісінің тәуелсіз қуат
көздерінен қуаттылығы 10кВ үш шоғырсым желісі арқылы, ал техникалық мүмкіндік
болмаған жағдайларда екі шоғырсым желісі арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Бірінші қуат
көзі ретінде - қуат жүйесінің аралық станциясының өзін, екінші және үшінші қуат көзі
ретінде - көршілес БТКР желілерін қабылдау керек.
Аралық станциялардың санын, түрі мен олардың желіде орналастырылуын
есептеулер арқылы растау қажет.
15.1.3 Электрмен сенімді қамтамасыз ету үшін электр қуатын қабылдаушы
құрылғыларды келесі санаттар бойынша бөліп қарастыру қажет [4]:
- І санатты электрқабылдағыштардың ерекше тобы - ПҚАТБ (пойыз қозғалысын
автоматты теле басқару) құрылғыларының қондырғылары, байланыс пен электр сағаттары
қондырғылары, пойыздар қозғалысын басқару қондырғылары, электр қондырғылары мен
апаттан хабар беруші желілерді қашықтықты және теле басқару құрылғылары;
- I санат - тартымдылық желілері, эскалаторлар, туннельдерге жарық беру желілері,
өрт сигналының автоматты қондырғылары, өрт пен өрт сөндіру туралы хабарламалар,
түтінге қарсы қорғаныс қондырғылары, су ағызатын қондырғылар, күзет сигналы
қондырғылары, жүру құнын төлеудің автоматтандырылған жүйелері;
98
- II санат - бекетке жарық беру желілері;
- Ш санат
- түтінге қарсы қорғаныс жүйелерінде пайдаланылмайтын, туннель
желдеткішінің қондырғылары және басқа да электр тұтынушылары.
І санатты электрқабылдауыштардың ерекше тобына арналған және І санатты
электрқабылдауыштарға арналған резервтік қуатты автоматты қосу құрылғыларын электр
қуатын тұтынушылардың өзінде орнату қажет.
15.1.4 Бірінші санатты электрқабылдауыштар қалыпты режимде бірін-бірі
резервтейтін екі тәуелсіз қуат көзінен электр қуатымен қамтамасыз етіледі.
Бірінші санатты электрқабылдауыштардың ерекше тобын электрмен қамтамасыз ету
үшін, бірін-бірі резервтейтін үшінші тәуелсіз қуат көзінен қосымша қуат алу жолдары
қарастырылуы тиіс.
Ерекше топтағы бірінші санатты электрқабылдауыштар мен бірінші санатты
электрқабылдауыштарды электрмен қамтамасыз етудегі үзіліс қуаттандыруды автоматты
қалпына келтіру кезінде, немесе теле басқару жүйесі бойынша ауыстыруды жүзеге асыру
үшін диспетчерге қажетті уақытқа ғана рұқсат етіледі.
15.1.5 Бірінші қорек көзін бөлу құрылғысының (БҚ) бірінші шиналар секциясына 6,
10, 20 кВ БТҚС қосу, екінші қорек көзін ( көрші БТҚС-ның бірінші шиналар секциясынан
БҚ 6, 10, 20 кВ шығатын)
- БҚ 6, 10 екінші шиналар секциясына қосу 20 кВ. Үшінші
қорек көзін қосуда, ол болған жағдайда, желі қосалқы станцияларын электрмен жабдықтау
схемасын жасаған кезде анықтау керек.
ТҚС электмен жабдықтауды таяудағыбір немесе екі БТҚС арқылы олардың
орналасуына қарай қарастыру керек.
15.1.6 Желілердің электрқондырғыларын жерге орналастыру жүйесінде жерге
тұйықтау ретінде туннельдердің шойын қаптауларын, темірбетон конструкцияларының
металлоқшаулағыштарын,
қазаншұңқырларды
бекітуге
арналған
металл
конструкцияларды, арнайы бітелген трубаларды қолдануға болады. Жерге орналастыру
өткізгіштері ретінде аралық туннельдердегі жарықтандырудың жеке дара
шоғырсымдарын төсеу үшін арналған болат қиықтарын қолдануға болады.
БҚА-ның жерсіндіру құрылғыларының кедергісі 0,5 Ом аспауы тиіс.
Станция вестибюльдерінде және желінің басқа да аймақтарында орналасқан ҚА
үшін жеке дара жерге орналастыруды қарастыруға жол берілмейді.
Станция вестюбильдерінде және желінің басқа да учаскелерінде орналастырылған ТАС
үшін бөлек электрді жерге тұйықтауыштарды қарастырмауға рұқсат етіледі. Электрді жерге
тұйықтаушы құрылғыларын конструкциялық орындауды ЭОЕ сәйкес қарастыру керек.
15.1.7 Үздіксіз қуат алу көзі (ҮҚК) жай жерлерде ( жарылыс қаупі жоқ) құруға
арналған аккумуляторлық батареялы (АБ) 380/220 В үздіксіз қуат алу агрегатынан және
ауыспалы қуаттың ҚА тұрады.
ҮҚК қуаттылығын І санатты ерекше топтың электрқабылдағыштарының жұмыс
режимін есептей келе анықтау қажет. Есепте станцияның, БҚА, ҚА және оған жалғасып
жатқан туннельдердің аймақтарын апатты жарықтандыру жүктемесін де есептеу қажет.
БҚА-да басқару және дабыл сигналдары жүйесін қуаттандыру үшін ҚА қарастыру
қажет.
99
ҚА бөлмесінде қышқылға төзімді материалдарды қолданумен еденнің құрылыс
конструкциясының күшейтілген гидрооқшалануы болуы керек.
*15.1.8 Жерасты қазбаларында кернеуі
1 кВ дейінгі ауыспалы токтың электр
желілері оқшауланған бейтарап трансформаторлармен бірге қолданылуы керек.
(Өзгерт.ред. - ҚТҮКШІК 02.09.2019 ж. №129-НҚ бұйрық).
Ауыспалы тоқтың 1 кВ дейін кернеулі электр тораптарының қондырғыларының
параметрлерін пойыздардың қозғалысын басқаруға сәйкестендіруді басқару жүйелеріне
техникалық құжаттаманың негізінде қабылдау қажет.
15.1.9 Электр қуатын қабылдағыштарды электр қуатымен қамтамасыз ету үшін
келесі кернеулерді қамтамасыз ету қажет, В:
-
тұрақты тоқтың тораптарында:
а)
825 -күш торабы, БҚА шиналарында;
б)
750,
550 және
975
- жылжымалы құрамның тоқ қабылдағыштарында,
тиісіншеноминалды, ең аз және ең көп рұқсаты шектелген;
в)
220 -подстанциялардағы басқару және дабыл тізбектері;
-
ауыспалы тоқтың тораптарында:
а)
380/220 - эскалаторлар, желдетулік және сорғы қондырғылары, жарықтандыру
тораптары (жұмысшы және апатты), қондырғылары байланыс және жол жүру төлем
ақысының автоматтандырылған жүйелері (ЖТАЖ);
б)
220 - жарықтандыру және жылытуаспаптары;
в)
12 -алып жүретін және жергілікті жарықтандыру.
15.1.10 Метрополитен жолының күшейткіш желісін қуаттандыру номиналдық мәні
825 В (шағын станция шиналарында) тұрақты ток станцияларынан жүзеге асырылады.
Шағын станция шиналарындағы кернеу мөлшері 975 В артық болмауы, ал жылжымалы
құрамның тоққабылдауыштарында 550 В-тан кем болмауы тиіс.
Түрлі жолдардағы күшейткіш желі қуатын бір шағын станциядан алуға рұқсат
етілмейді.
15.1.11 Электрдепо күшейткіш желісін (негізгі және резервтік)кернеуі 825 В тұрақты
тоқпен қуаттандыру қажет:
- негізгі - дербес күшейткіш-кернеу реттейтін шағын станциядан;
- резервтік - электрдепо тармағының күшейткіш желісінен.
15.1.12 Келесі жағдайларға негізделе отырып, қалыпты, жұмыс және апаттық
режимдер үшін, кернеуі 10 кВ БККР электрмен қамтамасыз ету желілерін есептеуді
орындау керек:
- қалыпты режим - БККР электрмен бірінші қуат көзінен екі параллельдік желі
бойымен, екінші қуат көзінен - бір желі бойымен қамтамасыз ету;
- жұмыс режимі - бірінші қуаттандыру көзінен бір желі жұмысынан шығуы;
- апаттық режим - біріншіқуаттандырукөзініңжұмыстаншығуы.
Қуаттандырудың қалыпты және жұмыс режимдеріне арналған шоғырсымдарды
15.1.14 т. сәйкес шоғырсымдарын шамадантысжүктеугекелетіндей етіп таңдау керек.
Шоғырсымдарды термиялық және динамикалық төзімділігіне қысқа тоқ соғу
режимінде тексеру қажет.
15.1.13 Шағын станциялар мен оларды қуаттандыру желілеріне бөлген кезде:
100
- қарбалас сәттегі пойыздар қозғалысының жиілігі мен ондағы вагондардың санын
болжамдық жоғары көрсеткіш және пайдаланудың алғашқы кезеңі ретінде қабылдау
керек;
-шағын станцияның сыртқы сипатының әсерін және қарбалас сәттегі пойыздар
қозғалысының графигінен ±15 с шамасында ауытқуды ескеру қажет;
- шағын станцияның қалыпты жұмыс режимі үшін шиналардағы кернеу 10 кВ,
есептелетін шағын станция үшін қалыптыдан 5% жоғары, ал қалған шағын станцияларда -
қалыпты кернеуді қабылдау керек; шағын станцияның апаттық жұмыс режимінде -
барлық агрегаттардың жұмысы кезінде кез келген шағын станциядағы түзету
агрегаттарының бірінің жұмысынан басқа шағын станцияларға шығуы. Жәнеде соңғы
шағын станцияларда кем дегенде үш түзеу агрегаттарын орнату қажет.
Электрмен қозғалатын құрамдардың тоққабылдағыштарындағы кернеудің деңгейін
есептеу барысында келесідей қабылдануы тиіс: ең жоғарғы мөлшерді анықтаған кезде -
10 кВ шағын станция шиналарындағы номиналдан
5% жоғары кернеу
(желідегі
күшейткіш жүктелімдер болмаған жағдайда), ал ең төмен мөлшерді анықтаған кезде -
10 кВ шағын станция шиналарындағы номиналдан 5% төмен кернеу (желідегі күшейткіш
жүктелімнің ең жоғары деңгейінде).
15.1.14 Аралық станциялардың қуаттандыру желісін жобалауды келешекте поезд
қозғалысының қарқындауын және келесілерді есепке ала отырып жүзеге асыру қажет:
- бір қуаттандыру желісі ұзақ мерзімге істен шықан болса (5 тәуліктен артық), қалған
желілер шоғырсымдарға күш түсірмей жұмыс істеуі тиіс;
- бір қуаттандыру көзі 5 тәулікке дейін істен шыққан болса, әр тәулік сайын 5 сағат
бойына қуаттандырушы желі жұмысына жүктелімнің қалған 15 % қабылдау мүмкіндігі.
15.1.15 Электр құралдарының, коммутациялық аппаратураның, шоғырсымдардың,
су құбырлары мен шиналардың параметрлерін, қалыпты, апаттық және жұмыс режиміне
арналған жүктелім мен қысқа тоқ толқындарын есептеу нәтижелеріне байланысты
қабылдау қажет.
15.1.16 БККР бірі 825 В ТҚ істен шыққан кезде және басқа БККР жұмысының
қалыпты режимінде пойыз қозғалысының ең жоғарғы қолжетімді жиілігін есептеу
күшейткіш жүктелімдермен күшейткіш желі параметрлерін есептеу нәтижелерінің
негізінде анықталады (көршілес БККР шиналарындағы номиналды кернеу 10 кВ болғанда,
әр БККР үшін есептеу қажет).
15.1.17 Кернеуі 10 кВ және 825 В электр желілерін, сонымен қатар шағын станция
көлемін, 4.5 тармаққа сәйкес, кезкелген кезеңде ең жоғарғы есептеу параметрлерінде
қарастырған дұрыс.
15.1.18 ТҚ шағын станциялары шиналарынан электр қабылдауыштарға дейін электр
желілеріндегі кернеудің 220 және 380 В жоғалуы келесі мәндерден жоғары болмауы тиіс, %:
- 5 - станцияларда;
- 8
- қалыпты қуаттандыру режимінде жұмыс істеп тұрған поезд жүретін
туннельдерде;
- 12 - апаттық режимдегі поезд жүретін туннельдерде.
15.1.19 Электр тораптарының қысқа тұйықталу тоқтарынан және белгіленген
нормалардан асып түсуінен қорғанысы болуы тиіс, ал күш тораптарының элементтерінде
101
(түрлендіруші агрегаттар, 825 В таратушы құрылғылары, шоғырсымдар және түйіспелі
тораптың жабдықтары) оған қоса - тұйықталудан жерсіндірілген қорғанысы болуы тиіс.
Аталған қорғаныстарды қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда арнайы
техникалық шешімдерді қарастыру қажет.
15.1.20 Жабдықтардың контактілі тораптарында (номиналды 1050 В кернеуімен
шығарылатын тез әрекет етуші сөндірушілерден басқа) және шоғырсымдарда номиналды
3 кВ кернеуін белгілеу қажет.
15.1.21 Кернеуі 1 кВ асатын айнымалы тоқтың электр құрылғыларына арналған
қысқа тоқ толқындарын есептеуді (ЭОЕ) электр қондырғыларын орнату ережелеріне
сәйкес жүзеге асыру керек.
15.1.22. Аралық станциялардағы түзеткіш агрегаттардың саны мен қуатын
пойыздарды пайдаланудың бірінші кезеңіндегі пойыз қозғалысын қамтамасыз ету
шарттарына сүйене отырып белгілеу керек. Бұл ретте қосалқы станцияларда кем дегенде
үш түрлендіргіш агрегат орналастыру керек.
15.1.23 Жер асты құрылыстарында электр коррозиясының әсерін бақылайтын және
одан қорғайтын құралдар болу керек.
15.2 Аралық станциялар
15.2.1 Метрополитеннің шағын станцияларын келесідей жобалау керек:
- біріктірілген күшейтілген-кернеу реттеуші - күш және қуат беретін желі немесе
электрдепо жүктелімдерін қуаттандыру үшін;
- кернеуді түсіруші - күш және қуат беретін желі немесе электрдепо жүктелімдерін
қуаттандыру үшін.
15.2.2 Кернеуі 10 кВ таратушы құрылғылардың (ТҚ) шағын станцияларын, арасында
ажыратқыштары мен айырғыштары бар шиналардың екі секциясынан жобалау керек.
ПҚАТБ трансформаторларының 10 кВ ТҚ-на және кернеу трансформаторларына қосу
үшін жоғары вольтты сақтандырғыштарды, басқа қосылулар үшін электр жетекті
ажыратқыштарды қарастыру керек.
15.2.3 Кернеуі 825 В БККР мен метрополитеннің КРШС таратушы құрылғыларын
шиналардың дара жүйесімен жоспарлау керек.
825 В ТҚ құрамына жанамалы желілерді
негізгі қуаттандыру жолдарының орынын басуға арналған бір немесе екі резервтік
қуаттандыру желілері, сонымен қатар оң шинаның жерге тұйықталған айырғысы енеді.
825 В ТҚ қуаттандырушы желілері тоқтан максималды қорғанышы бар жылдам
әрекет еткізетін автоматты ажыратқыштармен жабдықталуы тиіс.
825 В теріс шина оқшаулануы тиіс.
15.2.4 Жанасу желілерін қысқа толқынды тоқтан қорғау,қалыпты және апаттық
режимдерде бір жақты қуаттандырылатын жанасу желісінің аумағын қуаттандыратын бір
желіні және екі жақты қуаттандырылатын жанасу желісінің аумағын қуаттандыратын екі
желіні ажыратуды қамтамасыз етуі керек.
Қысқа толқынды тоқтан жанасу желілерінің қорғалуы немесе кернеудің тиімді
деңгейлері бойынша осы тараудың
15.1.6 тармағындағы талаптардың орындалуы
қамтамасыз етілмеген жағдайларда арнайы техникалық шешімдерді қарастыру керек.
102
15.2.5 Электрдепоның кернеуді күшейткіш-реттеуші шағын станцияларда екі түзеу
агрегатын орнату қажет, олар: жұмыс және резервтік. Агрегаттардың біреуіне жылдам
әрекет ететін автоматты ажыратқыш арқылы, жөндеу тұрағы корпусында орналасқан,
825 В тарату шиналарының қуаттандыру желісін, ал екіншісіне парк жолдарында
орналасқан, 825 В тарату шиналарының қуаттандыру желісін қосу керек.
15.2.6 Күшейту және жарық беру электр қабылдауыштарын қуаттандыруды келесі
жерлерде жүзеге асыруды қарастырған жөн:
- жер астындағы және жер үстіндегі жабық желілерде - қабылдауыштың әр түрі
үшін екі трансформатордан;
- жер үстіндегі ашық желілерде - қабылдауыштардың екі түріне де ортақ, екі
трансформатордан.
Трансформаторларды 10 кВ ТҚ шиналарының түрлі секцияларына қосқан дұрыс. Әр
трансформатор апаттық жұмыс режимінде мүмкін болатын, шамадан тыс жүктелім
кезінде, электрқабылдауыштарға қажетті қуатты қамтамасыз етуі тиіс.
15.2.7 Станциялар мен элетр деполардағы ПҚАТБ құрылғыларын шағын станцияның
10 кВ ТҚ шиналарының әр түрлі секцияларына қосылған, екі дербес трансформатордан
екі қуат желісімен қуаттандыруды қарастыру қажет.
15.2.8 Шағын станцияның кернеуі 380, 220 және 380/220 В тарату құрылғыларының
шиналары секцияларға бөлінген болуы тиіс. ТҚ шиналарына трансформаторлардық осуды
және ТҚ шиналарын секцияларға бөлуді қол жетекті автоматты ажыратқыштармен
айырғылар арқылы жүзеге асырған дұрыс.
15.2.9 Әдетте, әр шағын станцияның төменгі қабатында, қуат алу құрылғысымен
буферлік режимде жұмыс істеп тұрған, кернеуі
220 В қышқылды аккумуляторлық
батареяны орнату қажет. Батареяның сыйымдылығын 1 сағат ішінде кернеуі 220 В
бекетке және туннельге қарасты учаскелерге апаттық жағдайда жарық түсіретін
жүктелімдерді, сонымен қатар шағын станция автоматикасының құрылғыларын
қуаттандыруды қамтамасыз етуіне қарай есептеп шығару керек. ПҚАТБ аппаратурасы мен
байланыс құрылғыларының қуатын резервтеу үшін жеке аккумуляторлық батареяларды
немесе үздіксіз қуат көздерін қарастыру қажет.
Қуат алатын агрегаттардың қуаттылығын аккумуляторлық батареяның максималды
қуат алу тоғына қарай есептеп шығару керек.
15.2.10 220 В ТҚ секцияларындағы апаттық жарық беру жұмыс режиміндегі жарық
беру секцияларының біріне автоматты түрде ауысыу тиіс, ал егер айнымалы тоқ кернеуі
мүлде жоғалған болса, аккумуляторлық батареядан қуат алуы керек.
15.2.11 Метрополитен туннельдеріне жарық беру желілерін қуаттандыру үшін, 220 В
ТҚ-да жарық беру секцияларының бірінен екіншісіне қолмен ауыстыру мүмкіндігі
қарастырылуғы тиіс.
15.2.12 Жер асты шағын станцияларында маймен толтырылатын құрылғыларды
пайдалануға тыйым салынады.
15.2.13 Шағын станцияларда жартылай өткізгіш түзегіштерді, құрғақ
трансформаторлар
(күшейткіш, жарық беретін және ПҚАТБ) мен
10 кВ майсыз
ажыратқыштарды орнату амалдары қарастырылады.
Саны 12 бірлікті құрайтын құрғақ трансформаторларды және саны
6 бірлікті
103
құрайтын жартылай өткізгішті түзегіштерді, әдетте ортақ ғимараттарда ортнатады.
15.2.14 Жарықта шағын станция қабырғаларынан трансформатор қабығының ең
шығыңқы бөліктеріне дейінгі
(еден деңгейінен
190 см дейінгі биіктікте) қашықтық
келесіден кем болмауы тиіс, м:
- қуаттылығы 1000 кВ* А трансформаторлар үшін - 50;
- қуаттылығы 1000 кВ* А дейінгі трансформаторлар үшін - кіре беріс жағынан 60;
- қуаттылығы 1000 кВ* А жоғары трансформаторлар үшін - 80;
- қуаттылығы 1000 кВ* А жоғары трансформаторлар үшін - кіре беріс жағынан 100.
15.2.15 Кернеуді күшейткіш-реттеуші шағын станцияларда электр слесарьлық
жұмыстарды орындау немесе күрделі жөндеу жұмыстары кезінде уақытша
аккумуляторлық батареяны орнату үшін ауданы 10 м2 ғимараттарды, сонымен қатар
ауданы 6 м3қоймалар мен ауданы 8 м2болатын жұмыскерлер бөлмесінқарастыру керек.
15.2.16 Бекет маңында орналасқан шағын станцияға кіретін негізгі есікбекет
тұғырнамасынан немесе вестибюльден қарайды.
15.3 Автоматика және телемеханика
15.3.1 БККР және КРШС электрмен қамтамасыз ету қызметінің диспетчерлік
бөлімшелерінен автоматтандырылған және телебасқарылатын етіп жоспарлау керек.
15.3.2 Автоматика құрылғылары барлық шағын станцияларда келесіні қамтамасыз
етуі тиіс:
- электр құрылғыларын қысқа толқынды тоқтар мен шамадан тыс жүктелуден
қорғау;
- айнымалы тоқ кернеуі жоғалған уақытта апаттық жарық беру секцияларынан
аккумуляторлық батареялардан қуат алуға ауысуды;
- жедел тоқ тізбектері мен апаттық жарық беру желілерін қуаттандыратын, қуат
алатын аккумуляторлық батарея құрылғыларына ауыстыруды;
- жедел тоқ тізбегінде кернеудің болуын қадағалауды;
- шағын станцияның қалыпты жұмыс режимінде жедел тоқ тізбектеріндегі кернеуді
қуат алатын құрылғыларымен тұрақтандыру;
- қауіпсіздікті қорғау;
- басқарылатын объектілердің жағдайын жарық сигналымен, сонымен қатар шағын
станция жұмысының қалыпты режимі бұзылғандығы және басқарылатын объектілердің
апаттық ағытылуы туралы жарық және дыбыс сигналдарымен қамтамасыз етеді;
- кернеуі
220, 380 В айнымалы тоқтың таратату желілерін және кернеуі 220 В
тұрақты тоқ желілерін қадағалауды;
-
10 кВ ажыратқыштардағы, қайта қалпына келтіруші агрегаттар мен
трансформаторлардағы, сонымен қатар электрмен қамтамасыз ету қызметі диспетчерлік
бөлімшелерінің орталық станцияларында орналастырылып, бекітілген тәртіпте берілген,
электрмен қамтамасыз етудің техникалық шарттарына сәйкес субабоненттермен
пайдаланылатын электр қуатын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйесін
қамтамасыз етеді.
Тапсырмаға сәйкес, электр қуатының шығындарын есепке алу бойынша ақпаратты
104
метрополитеннің бас энергетигінің жұмыс орынында шығару мүмкіндігі қарастырылды.
Ескертпелер:
1 Метрополитенде күшейту, эскалаторлар қозғалысына, бекет тұғырнамаларына, вестибюльдерге
жарық беру мақсатына, басқа да техникалық және өзге қажеттерге жұмсақталған электр қуаты біріңғай
тарификацияланады.
2 Техникалық есепке алу құралдарын электр қуатын тұтынушылар орналасқан жерлерге орнатуға
болады.
15.3.3 Әр кернеуді күшейту-реттеу және күшейту шағын бекетінде, 15.3.2 тарауда
белгіленген талаптардан басқа, автоматика құрылғылары келесіні қамтамасыз етуі тиіс:
- қауіпсіздік шарттары бойынша қорғану әрекеттерінен
10 кВ желілердегі
ажыратқыштарды сөндіру және олардың қайта қосылуына жол бермеу;
- қайта жасаушы агрегаттарды жерге іштей тоқ соққан кезде ажырату;
- қайта жасаушы агрегаттарды және 825 В қуаттандырушы желілерді 825 В ТҚ жерге
тоқ соққан кезде ажырату;
- қайта жасаушы агрегат сызбаларының жеке элементтерін, сонымен қатар өз
қажеттеріне арналған трансформаторларды агрегатқа байланыстыру;
-
825 В қуаттандырушы желілерді шоғырсымдағы тоқтың жерге соғуы кезінде
ажырату;
- бір шағын станциядағы
825 В қуаттандыру желісін жанасу желілірінің сол
учаскесін қуаттандыратын, басқа шағын станциялардағы желі ажыратқышын апатты
жағдайда сөнген кезде ажырату;
- шамадан тыс жүктелуіне немесе күшейту желісіндегі қысқа тоқ соғудан кейін,
825 В қуаттандыру желісін бір рет қайта қосуды қамтамасыз етеді.
15.3.4
Әр кернеуді күшейтетін-реттейтін
және күшейткіш шағын
станциялардакелесілердің болуын қарастыру керек:
- әр элементті жергілікті басқару құрылғылары, басқарылатын объекттер күйінің
жарық сигналы, олардың апаттық жағдайда ажыратылуы туралы белгі беретін жарық және
дыбыс сигналы, сонымен қатар қорғау мен блокадалу әрекеттерін сақтай отырып, қайта
жасаушы агрегаттар мен 825 В қуаттандыру желілерін жергілікті автоматты басқару;
- ажыратқыштарды теле басқару (ТБ): 825 В ТҚ-на10 кВ желілерді, қайта жасаушы
агрегаттарды, басты жолдар, тұйық жолдар, біріктіретін тармақтар мен электрдепо
тармақтарының жанасатын желілерінің 825 В қуаттандыру желілерінің электр жетектері
бар ажыратқыштары мен айырғыларды, жерге түсірілген ажыратқыштармен секцияларға
бөле отырып енгізу;
- телебасқарылатын объекттердің, күшейткіш трансформаторлардың
10 кВ
ажыратқыштары, төмен вольтты тартатын қалқандардың кірме және секциялық
ажыратқыштары мен ПҚАТБ құрылғыларын қуаттандыратын шкафтар, қол жетекті 825 В
ажыратқыштар күйі туралы, шағын станция жұмысының қалыпты режимі бұзылғандығы
туралы, сонымен қатар шағын станциядағы өрт сөндіру және өртке қарсы сигналының
іске қосылғандығы туралы телесигнал (ТС), жәнеде диспетчердің бірдей әрекетін талап
ететін сигналдарды біріктіре алады;
-
10 кВ ажыратқыштардағы және қайта жасаушы агрегаттардағы тоқ мөлшерін,
105
10 кВ айнымалы және
825 В тұрақты тоқтың шиналардағы кернеуінің мөлшерін
телеөлшеу (ТӨ).
Әр күшейткіш шағын станциялардатөмендегілерді қарастыру қажет:
- әр элементті жергілікті басқару құрылғылары, басқарылатын объекттер күйінің
жарық сигналы, олардың апаттық жағдайда ажыратылуы туралы белгі беретін жарық және
дыбыс сигналы;
- ТҚ ажыратқыштарымен: 10 кВ желілерді секциялары бойынша енгізу;
- теле басқарылатын объекттердің күйі мен шағын станция жұмысының қалыпты
режимі бұзылғандығы туралы ТС;
- 10 кВ шиналардағы кернеу мөлшерін ТӨ;
- ТБ, ТС және ТӨ электрмен қамту қызметінің диспетчер бөлімшесінде
орналастырған дұрыс.
15.3.5 ТБ, ТС және ТӨ құрылғылары келесіні қамтамасыз етуі тиіс: әр
подстанциядағы объекттерді дербес байланыс арналарымен немесе бірнеше шағын
станциялардағы объекттерді ортақ байланыс арнасы бойынша басқару мүмкіндігін; түзеу
агрегаттарын, ажыратқыштар мен
825 В қуаттандыру желілерінің айырғыларын
бағдарламалық басқаруды; басқару объектілерінің жағдайы туралы екі позициялық
сигналды және басқа да теле сигналдарды жаңғырту.
15.3.6 ТБ, ТС және ТӨ құрылғылары үшін негізгі және автоматты түрде қосылатын
резервтік қуаттануды қарастырған дұрыс.
15.3.7 Жол өрісі бар станциялардағы
825 В күшейткіш желіде электр жетегі бар
ажыратқыштарды орталықтандыратын орыннан кезекші қашықтықтан басқара алу
мүмкіндігін қарастыру қажет.
15.3.8 Санитарлық-техникалық қондырғылар үшін келесілерді қарастыру қажет:
- әр элементті жергілікті басқару - туннельдік желдеткіштер мен түтінді жоятын
құрылғылардың желдеткіш агрегаттарының элементтерін,
жергілікті желдету
құрылғыларының агрегаттарын, ауа және жылу-ауа бүркеулерінің элементтерін, су
құбырларындағы көтеретін сорғыларды, қалалық су құбырлары мен туннель су
құбырларына енетін орындардағы электр жетекті жапқыштарды, ауа ұңғымаларының
сорғыларын және жапқыштардың электр жетектерін, шағын станциялар мен
эскалаторлардың машина ғимараттарындағы желдеткіш құрылғыларды;
- жергілікті автоматты басқару - резервуарлардағы сұйық деңгейіне байланысты
сорғы құрылғыларының агрегаттарын, сонымен қатар қоршаған орта температурасына
байланысты шағын станциялар мен эскалаторлардың машина ғимараттарындағы сорғы
құрылғыларының агрегаттарын;
- бір мезгілде жұмыс істеуі үшін жергілікті желдету жүйесінің ағындық және сорғы
желдеткіштерін блокадалайтын функциялары бар мезгіл-мезгіл желдету режиміндегі
жергілікті желдету құрылғыларын бағдарламалық басқару;
- бекет кезекшісінің орынынан (БКО) немесе орталықтандыру орынынан (БКОО)
қашықтықтан басқару - су бөлетін ұңғымалардың сорығларын және жапқыштарын;
- тайыз орналастырылған станциялардағы өрт қауіпсіздігі шкафтарының жанында
және терең орналастырыған станциялардың вестибюльдерінде су құбырларындағы
жоғарылатқыш сорғылардың қашықтықтан басқаруға арналған түймешікті орындары;
106
- БКО
(БКОО) орындарынан қашықтықтан басқару және электромеханикалық
қызметтің диспетчерлік бөлімшелерінен теле басқару - туннельдік желдеткіштер мен
түтінді жоятын құрылғылардың желдеткіш агрегаттарының элементтерін, жергілікті
желдету құрылғыларының агрегаттарын, ауа және жылу-ауа бүркеулерінің элементтерін,
су құбырларындағы көтеретін сорғыларды,
14.3.3-те көрсетілген жапқыштарды,
баспалдақтар мен жер асты өткел жолдарына кіретін алаңдарды және лифт холлдарын
электр жылыту құралдарын;
- БКО
(БКОО) орындарындағы қашықтықтан басқарылатын сигналдар
-
қашықтықтан басқарылатын объекттердің жағдайы туралы, станциядағы су ағызатын
және кәріз қондырғыларының барлық агрегаттарының қосылулы тұрғаны және осы сорғы
қондырғыларының сұйықтық резервуарларындағы апаттық деңгейі туралы, жерге тоқ соғу
және қашықтықтан басқару тізбектері мен сигналдарында кернеудің жоғы туралы,
туннель желдеткіштеріндегі желдету дүңіршектерінің есіктері ашылғандығы туралы,
қалалық су құбырына енетін орындардағы қысым туралы;
- электромеханикалық қызметтердің диспечерлік бөлімшелеріндегі теле сигналдарды
- теле басқарылатын объектердің күйі және олардың теле басқаруға дайындығы туралы,
станциялардағы барлық су ағызатын агрегаттар мен кәріздердегі сорғы құрылғыларының
автоматты басқаруға дайындығы және қосулы тұрғандығы туралы, күшейтетін
тізбектердегі кернеудің бұзылғандығы немесе доғы туралы, резервуарлардағы
сұйықтықтың апаттық деңгейі және сорғылардың бұзылғандығы туралы, сонымен қатар
шағын станциялар мен эскалаторлардың машина бөлімдеріндегі ауа температурасының
шамадан тыс артып кетуі туралы, туннель желдеткіштеріндегі желдету дүңгіршектерінің,
сутөкпе қондырғылары мен дербес жылумен қамту ғимараттарындағы есіктердің
ашылғандығы туралы, автоматты өрт сөндіру қондырғыларының іске қосылуы туралы;
- орталық станциялардағы
электромеханикалық қызметтердің диспетчерлік
бөлімшелерінде орналастырылған, жылу, су және ағызып жіберген сұйықтық шығысын
есептеудің автоматтандырылған жүйесін.
15.3.9 Станциялар мен пойыз жүретін туннельдердегі ауа параметрлерін бақылау
жүйесінің датчиктерінен түскен телесигналдарды 14.1.38 тармақта айтылған талаптарды
ескере отырып қарастыру қажет.
15.3.10 Эскалаторларды басқару, ондағы сигнал белгілері мен жұмысын қадағалау
құрылғыларын, сонымен қатар эскалатордың машина бөлімдеріндегі кернеуі
380 В
қуаттандыру желілерін
автоматты ауыстыру және БКО
(БКОО) орындарынан
эскалаторларды,
электромеханикалық қызметтің диспетчерлік бөлімін басқаруға
қойылатын талаптарды эскалаторларды дайындайтын кәсіпорынның электротехникалық
тапсырмаларына сәйкес қабылдау қажет.
15.3.11 Бекетке жарық беретін желілерде және пойыз жүретін туннельдерде келесіні
қарастыру керек:
- бекетке жарық беру тораптарын, пойыз жүретін туннельдер мен туннельге қарасты
ғимараттарды жергілікті дербес басқаруды;
- БКО (БКОО) орындарынан қашықтықтан басқару - станцияның жолаушылар
ғимараттарына жарық беру тораптарын, туннель желдеткішінің подтұғырнамалық
арналарын (желдеткіш-шоғырсым арналарын), пойыз жүретін туннельдер мен тұйық
107
жолдарды, бекет тұғырнамалары шеттерінің астындағы жанасатын рельстер аймағын,
сонымен қатар пойыз жүретін туннельдердегі жарық беру тораптарын орталықтан сөндіру
(жарық белгілерін беру үшін);
- жер асты өткел жолдарына түсетін баспалдақтардың үстіндегі күнқағарлар мен “М”
символдарына жарық түсіретін тораптарды (дала жарығының деңгейіне байланысты),
пойыз жақындаған кездегі туннель порталының алдындағы электрдепоның біріктіргіш
тармағына күшті жарық түсіру тораптарын, жолаушылар санына байланысты тәуліктің
қараңғы мезгілінде берілетін жарықты азайтуды жүзеге асыратын, станцияның
жолаушылар орналасқан орындарына берілетін жарық тораптарын автоматты бақару.
Ескертпе - Жер асты өткел жолдарына түсетін баспалдақтардың үстіндегі күнқағарлар мен “М”
символдарына жарық түсіретін тораптарды БКО (БКОО) орындарынан қашықтықтан басқару мүмкіндігі
қарастырылады.
15.3.12 ТБ, ТС және ТӨ жүйелерінің арналарын, түрлі туннельдерде салынатын
байланыс шоғырсымдарының бойымен өткізуді қарастыру керек. Шоғырсымдардың
сыйымдылығы желінің болашақта дамуы ескеріле отырып есептеледі. Шоғырсымдарда
жалпы санының 10 %-ын құрайтын резервтік тарамдар болу керек. Бірақ әр жүйе үшін
олардың саны төртеуден аспауы тиіс.
15.3.13 Қашықтық және теле басқару, сонымен қатар қондырғылар жұмысы туралы
сигнал көлемін агрегаттарды басқару және осы қондырғылардың құрылымы көрсетілген
сызбаларға сәйкес қабылдауға болады.
15.4 Шоғырсымдық желі
15.4.1 Мертополитен құрылыстарындағы жоспарланып жатқан барлық желілер үшін
сипаттамасы техникалық ережелерде нұсқалған шоғырсымдарды пайдалану керек.
Туннельдерде, туннельге қарасты ғимараттарда, туннельдік желдету арналарында,
магистральдық желілердегі станциялардың шоғырсым туннельдерінде, сонымен қатар
туннельге қарасы ғимараттардың таратушы желілерінде А қосымшасына сәйкес
брондалған шоғырсымдарды, ал станцияның өндірістік және басқа да ғимараттарында
брондалмаған шоғырсымдар пайдалану қажет.
Көпірлер, эстакадалар мен жол өтпелері арқылы салынатын, шоғырсым желілері
үшін алюминь қабықтағы, болат ленталармен брондалған немесе поливинилхлорид
шлангісімен қапталған шоғырсымдарды пайдалану керек.
15.4.2 Пойыз жүретін туннельдерде, туннельдік желдету арналарында,
қызметкерлерге арналған өткелдерде, станцияның техникалық бөлмелерінде, бекетке
қарасты және туннельге қарасты ғимараттарда, шағын станция ғимараттарында
шектеулері мен аралықтары жоқ кернейлік немесе сөрелік тіреуіштерге барлық
жағдайларға арналған шоғырсымдарды ашық өткізу қарастырылады.
Тіреуіштер мен шоғырсымдардың арасындағы ең аз қашықтықтарды, сонымен қатар
шоғырсымдар орналасқан жерлердің көлемін 21-кесте бойынша жасаған жөн.
15.4.3 Бір жолды туннельде күшейтетін және қадағалау шоғырсымдарын өткізу
поезд қозғалысы бағытына қарай туннельдің сол жақ беті бойымен, ал байланыс
108
шоғырсымдары және ПҚАТБ шоғырсымдары оң жағынан салынуы тиіс.
Байланыстың жеке шоғырсымдарын сол жағынан салуға болады. Олар әдетте
күшейткіш шоғырсымдардан төмен салынады. Күшейткіш шоғырсымдарды туннельді оң
жағынан өткізуге болады. Олар әдетте байланысқа бельдерінен жоғары орналастырылады.
Шоғырсымдарды өткізетін учаскенің ұзындығы 500 мартық болмауы тиіс.
21-кесте - Тіреуіштер мен шоғырсымдардың арасындағы ең төменгі қашықтық
Көлемі
Көрсеткіштердің атауы
тігінен
көлденеңнен
Тіреуіш кернейлерінің арасындағы қашықтық
125
—
Сөрелер арасындағы қашықтық
150
—
Тіреуіштер арасындағы қашықтық
1000-1200
800-1100
Жүретін жердегі және шоғырсымды өткізетін
1800
—
аумақтағы бекет тұғырнамасының астынан
салынған желдеткіш-шоғырсым арнасының
биіктігі
Шағын станциядағы шоғырсымдық қабатының
биіктігі
1800
—
Шоғырсымдардың бір жақ шетінен екінші жақ
шетіне дейінгі аралық:
күшейткіш, кернеуі 3 кВ дейін
60
15
күшейткіш, кернеуі 10 кВ дейін
100*
шоғырсым
диаметрінен
кем емес,
күшейткіш, кернеуі 3 кВ дейін және күшейткіш,
100*
сондай
кернеуі 10 кВ дейін
күшейткіш, кернеуі 3 кВ дейін және қадағалаушы
60
15
күшейткіш және байланыс:
кернеуі 3-10 кВ күшейткіш шоғырсымдарының
500
—
үстіне байланыс шоғырсымдарын орналастырған
кезде
сондай, кернеуі 1 кВ дейін
100
—
21-кесте - Тіреуіштер мен шоғырсымдардың арасындағы ең төменгі қашықтық
(жалғасы)
кернеуі
10 кВ күшейткіш шоғырсымдарының
100
—
астынан
байланыс
шоғырсымдарын
орналастырған кезде
кернеуі
1 кВ дейінгі күшейткіш шоғырсымдар
15
15
109
мен байланыс шоғырсымдары қиысқан кезде,
сондай, кернеуі 3-10 кВ
Шоғырсымдардың топтарының бірін
құбырларға салып орнату немесе
оларды
бір-бірінен
жанбайтын
материалмен оқшаулау қажет
________________
* Шоғырсымдар тіреуіш кернейлеріндешахматтық тәртіпте орналасқан болса, диагоналі бойынша көлемін
80 мм кем емес етіп қабылдау қажет.
825 В байланыстыратын желілердің жалғастырғыш шоғырсымдарымен
825 В
соратын желі шоғырсымдарын, туннельдің екі жағымен, негізгі шоғырсым тіреуіштерінен
төмен орнатылатын қосымша тіреуіштерді өткізе отырып орнатқан жөн. Шоғырсымдарды
туннельдің бір жағынан екінші жағына өткізу үшін, туннель бойын жағалай 1 м сайын
арнайы құрылымдар немесе тіреуіштердің көмегімен орнатылған қатты бекітілетін
қысқыштармен өткізу қажет.
Шоғырсымдарды жолдардың астымен өткізуге болмайды.
15.4.4 Тіреуіштердегі шоғырсымдарды жоғардан төменге қарай келесі тәртіпте
орналастыру қажет: кернеуі 10 кВ шоғырсымдар, кернеуі 3 кВ шоғырсымдар, кернеуі 1 кВ
шоғырсымдар, бақылау шоғырсымдары.
15.4.5 Диаметрі 65 мм-лік тіреуіш кернейлерінің бірігуіне шоғырсымдарды келесідей
орналастыруға болады:
- екі байланыс шоғырсымын, блокадалушы-белгілік немесе бақылау, немесе әр
қайсысының диаметрі 30 мм аспайтын кернеуі 1 кВ дейінгі күшейту шоғырсымдарын;
- үш байланыс шоғырсымын, әр қайсысының диаметрі 20 мм аспайтын сигналдық-
құрсаулау немесе бақылау шоғырсымдары.
Тіреуіштің бір кернейінен күшейткіш шоғырсымды, байланыс және бақылау
шоғырсымдарын бірге өткізуге болмайды.
15.4.6 Шоғырсым мен желдету шахталарындағы оқпандарда әр
3 м сайын
орналастырылған алаңдары бар темір баспалдақтар орнату қажет.
15.4.7 Блоктық немесе құбырлық шоғырсым кәріздерінің тік сызықты учаскелерінде
60 м сайын, сонымен қатар оның жолының бағыты өзгерген жерлерде құдықтар немес
шкафтар орнату керек; құдықтардың немесе шкафтардың арасындағы блоктар мен
құбырлар 3% кем болмайтындай бір жақты еңіс болуы тиіс.
15.4.8 Туннель қабырғаларынан ойылған жерлерге шоғырсымды жол бойы
ойықтардың үстімен немесе дөңес бойымен, 1 м сайын орнатылатын, қатты бекіткіштері
бар тіреуіштерге салу керек.
Эскалатор туннельдерінде шоғырсымды кернейлік немесе сөрелік тіреуіштердің
бойымен өткізеді. Әр бесінші тіреуіш шоғырсымдарды мықтап бекітетін қысқыштарымен
болу керек.
Эскалаторлардың машина бөлімдеріндегі шоғырсым арналарына транзиттік
шоғырсымдарды өткізуге болмайды.
15.4.9 Станциялар мен поезд жүретін туннельдерде, көпірлер, эстакадалар мен
өткелдерде, көпір құрылымынан эстакадаларға ауысқан орындарда, сонымен қатар
галереялардағы жер үсті учаскелерінде кернейлік және сөрелік тіреуіштердегі шоғырсым
110
коммуникацияларының арналарындағы деформациялық, зілзалаға қарсы және
температуралық тігістерімен шоғырсым өткен жерлерде, коммуникациялардың ықтимал
жылжулары үшін жеткілікті, ұзындығы артық шоғырсымдар салынады.
15.4.10 Кернеуі
10 кВ бірін-бірі резервтейтін шоғырсымдарды әр түрлі айдау
туннельдерінде салған жөн.
Кернеуі 220 және 380 кВ бірін-бірі резервтейтін шоғырсымдарды әр түрлі айдау
туннельдерінде салған жөн.
Бекет бойымен немесе ғимараттарда бірін-бірі резервтейтін шоғырсымдарды әртүрі
жолдарда өткізу қажет. Мұндай шоғырсымдарды ортақ жол бойымен салу қажет болған
жағдайда, оларды жанбайтын материалдардан жасалған аралықтармен бөлген дұрыс.
15.4.11 Баспалдақ басқыштары мен шақыру алаңдарын жылыту жүйесінде электрмен
ыситын шоғырсымдарды пайдаланған кезде, жылыту құралдарына техникалық қызмет көрсету
және шоғырсымның зақым келген учаскелерін жөндеу мүмкіндігін қарастырған жөн.
15.5 Құрылыстар мен қондырғыларды қаңғыма тоқ тоттануынан сақтау
15.5.1 Жер асты құрылыстарының, сонымен қатар метрополитен көпірлері мен
эстакадаларының тоттанулық күйін қадағалау үшін, онда бақылау-өлшеу бөлімшелерін
(БӨБ) орналастыру қажет. Олар келесідей:
I БӨБ - туннель қаптамасы (арматурасы) мен жерге тұйықталған шиналарға қатысты
жүру рельстарының шамасын өлшеу үшін;
II БӨБ
- туннель қаптамасының
(арматурасының) қоршаған ортаға, топыраққа
қатысты шамасын өлшеу үшін.
15.5.2 I БӨБ әр бекетте
(оның бүйір жақ қуыстарының біріне) дроссель -
трансформаторларының маңына, сорғы бөлімшелерінде, көпірдің, эстакада мен өткелдің
әр басына, барлық айдау туннельдерінде 500-100 м сайын орнату қажет.
Егер І БӨБ сорғы шоғырсымдары немесе жолдардың арасындағы жалғастырғыш
шоғырсымдарға қосылатын, дроссель-трансформатордың жанымен бір жолдан өтетін
болса, І БӨБ екінші жолда орнатудың қажеті жоқ.
15.5.3 II БӨБ бойынмен немесе темірбетонмен қапталған айдау туннельдерінде
орналастыру керек (егер қаптау арматурасы ұзына бойы жерге тұйықтау шиналары немесе
құбырларды бекіту құрылымының өзіне және шоғырсым тіреуіштеріне металлмен
қосылған болса): метрополитен жолдарының трамвай жолдарымен қиылысқан жерлерінде
немесе темір жолдардың тұрақты тоғына электрлендірілген, сонымен қатар метрополитен
жолдары аталып өткен жолдарға параллель болса.
Паралель трассалар учаскесінде II БӨБ трамвай немесе темір жолға жақын
орналасқан метрополитен туннеліне орнату қажет: осы учаскенің екі басына, сонымен
қатар трассалардың арақашықтығы 100 м кем болғанда әр 300 м сайын және трассалардың
арақашықтығы 100 м-ден 200 м-ге дейін болғанда әр 500 м сайын. Метрополитен желісі
мен трамвай немесе пойыз жолдары метрополитен туннельдерінің бірінде қиысатын
учаскелерде қиысқан жерге жақын және оның екі жағына
200 м қашықтықта
орналастырылуы тиіс.
Егер жолдар параллелінде немесе қиылысу аймағында трамвай немесе поезд
111
жолының күшейткіш шағын станциясы орналасқан болса, онда БӨБ-нің біреуін осы
станцияның сорғысына жақын жердегі туннельдерде орналастыру қажет.
II БӨБ сонымен қатар агрессиялық ортада құрылған туннельдерде орналастыру
керек.
15.5.4 І БӨБ және ІІ БӨБ орнату орындары сәйкес келе қалған жағдайда, тек ІІ БӨБ
орнатылады.
15.5.5 Жоспардың жақындасу орындарында (50 м дейін) және метрополитеннің таяз
туннельдерінің трамвайлықнемесе электрификацияланған темір жолдармен жақындасуы
орындарында туннельдердің темірбетонды қаптамасының күшейтілген сыртқы
қорғанысты және электроизоляциялық қаптамасы болуы тиіс. Күшейтілген сыртқы
қорғанысы және электроизоляциялық қаптамасы айқасқан жерлердітікелей трамвай
жолының немесе темір жолдың астына және олардың әрқайсысынан 50 м қашықтықта
орналастыру қажет.
15.5.6 Қозғалыс рельстерінің және жол бұру құрылғыларының электрөткізгіш
жіктердің электр кедергісі ұзындығы 1 м тұтас рельстің учаскесінің, 36 м дроссель -
трансформаторлары орнатылған изоляциялық жіктердің кедергісін ен аспауы тиіс.
15.5.7 БҚА-ларда подстанциялардың жерсіндіру құрылғыларына қатысты шинаның
минус
825 В орташа тәуліктік потенциалдарын өлшеуге арналған аспапты
(вольт-
сағаттардың өлшеуішін) орналастыруды қарастыру қажет.
15.5.8 Айдау туннельдерінде және бетонды және темір бетонды станцияларда әрбір
бесінші шоғырсым тіреуіші 40×4 мм кесікпен болат шинаға (немесе құбырға) дәнекерленуі
тиіс. Шинаны (құбырды) шағын станцияның жерге кіргізілген шетіне немесе станцияның
эскалаторлық туннелінің тюбингіне қосу керек. Темір бетонмен қапталған шахта оқпанындағы
болат шиналарға (құбырларға) әр тіреуішті дәнекерлеген жөн.
Метрополитен құрылысында өткізіліп жатқан күшейткіш, бақылаушы,
блокадалаушы-сигналдық және байланыс шоғырсымдарын қорғаныс қабатының бронімен
және алюминь немесе қалайы қаппен қаптап, оларды соңғы өңдеу орындарында жерге
енгізу қажет.
15.6 Тарту желісі
15.6.1 Метрополитеннің байланыстырушы желісі негізгі жолдар, тұйықтар,
қызметтік және элетрдепо тармақтарының байланыс рельстерінен, кабелдік
қоректендіргіш желілерінен,
байланыс
рельстер арасындағы шоғырсымды
жалғастырғыштардан, сонымен қатар байланыс рельстерінің жанында орнластырылған,
ажыратқыштардан тұруы қажет.
15.6.2 Метрополитеннің әр негізгі жолының байланыстырушы желісі, өзінің
қалыпты жұмыс режимінде, барлық тартылыс және тартылыс күшін төмендететін шағын
станцияларынан 825 В тұрақты тоқ кернеуінен қатар қуат алуы қажет
15.6.3 Шағын станциялардың арасында орналасқан негізгіжолдың байланыстырушы
желінің ауқымы, өзінің қалыпты жұмыс істеу режимінде, екі шағын станциялардан дербес
желілер бойынша; консольды ауқым шағын станциялардан (негізгі) бір дербес желі
112
бойынша және
(қосымша) басқа желі арқылы, басқа немесе аралас жолдың
байланыстырушы желісінен қуат алуы қажет.
15.6.4 Байланыстырушы желілерін жобалау кезінде байланыс рельстерінің секцияға
бөлінуін; қоректендіргіш шағын станциялары орналасқан жерлерде негізгі жолдарды;
тұйықтар, қызметтік тармақтарының негізгі жолдармен түйісетін орындарындағы
жолдарын; электрдеполар тармақтарының парк жолдарымен
(тармақ босағасында)
түйісетін жолдарын қарастыру қажет.
Секциялауды байланыс
рельсінде бір вагонның тоқ қабылдағышымен
қоршалмайтын әуе аралықтарын орналастыру арқылы орындау керек.
Негізгі жолдардағы байланыс рельсінің қоршалмайтын әуе аралықтарын, пойыз
өтетін, негізінде, пойыз шығатын жерде орналастыру қажет.
15.6.5 Негізгі жолдардың байланыстырушы желісінің негізгі және қосымша
қоректендіруін,
электрмен жабдықтаудың диспетчерлік пункті
(ЭЖДП) арқылы
телебасқарылатын электржетектері бар ажыратқыш арқылы байланыс рельсіне жалғау
қажет.
15.6.6 Желідегі соңғы станцияларда, негізгі жолдардың байланыстырушы желісін
секцияға бөлмей қарастыра беруге болады. Осы жағдайда желінің одан әрі ұзартылуын
ескере отырып, желінің қоректендіру сызбасын әзірлеу қажет.
15.6.7 Станцияның негізгі жолдарындағы байланыстырушы желісінде жолдардың
дамуына қарай қарастыру қажет:
- станциядан айналу жолына қарай пойызды жөнелту жолындағы қоршалған әуе
аралығының басын шығу жолдағы бағдаршамнан 125 м қашықтықта орнату қажет;
- станциядан айналу жолына қарай пойызды келу жолындағы қоршалған әуе
аралығын бағыт ауыстыру жанында орналастырады;
- коршалмайтын әуе аралығы техникалық-экономикалық негіздемелеріне орай
қарастыруға рұқсат етіледі;
- көрсетілген жерлердегі әуе аралықтары байланыс рельс бөліктерімен қалыпты
жұмыс режиміндегі оқшауланған электр жетегі бар ажыратқыш арқылы шоғырсымды
жалғастырғышпен жалғануы керек.
Электр жетегі бар ажыратқышты телебасқаруын ЭЖДП қарастырса, ал оларды
қашықтықтан басқарылуын және электр жетектерінің қоректендіруді сөндргішпен
өшірілуін (қосылуын) орталықтандыру станциясынан қарастырылу қажет.
15.6.8 Соңғы станциядан кейінгі негізгі жолдың бөлігі пойыздардың тұруына
арналған жағдайда, байланыс рельстерінде қоршалған әуе аралығың қарастырылуы қажет.
Сонымен қатар байланыс рельс бөліктері, қол жетегі бар ажыратқыш арқылы
шоғырсымды жалғастырғышпен жалғануы керек.
15.6.9 Байқау жыралары бар айналу тұйықтарындағы жыралардың байланыстырушы
желісін және қиылысатын құламалардың қоректендіруін РУ-825 В қол немесе электр
жетегі бар ажыратқыштар арқылы жүргізу қажет. РУ-825В тұйық соңында жылжымалы
құрамның техникалық байқау пунктінің жанында орналастырылады. Оған негізгі және
қосымша қорек болуын; негізгі қоректі шағын станциялардан ал қосымша қоректі желінің
негізгі жолындағы байланыс рельстерінің бірінен қарастыру қажет
113
Негізгі қорек желісін тұйықтың РУ-825В-не электр жетегі бар ажыратқыштар
арқылы болса, ал қосымша қорек желісін қол немесе электр жетегі бар ажыратқыштар
арқылы қосу керек.
Қосымша қоректендіру желісін электр жетегі бар ажыратқыштар арқылы негізгі
жолдағы байланыс рельстеріне қосу керек.
Қосымша қоректің электр жетегін басқаруды осы тараудың 15.6.7 тармағына сәйкес,
ал негізгі қоректі ЭЖДП қабылдау қажет.
Бөлу пунктің жылжымалы құрам габаритінен тыс тұйық тіректерінде орналастыру
қажет.
15.6.10 Байқау жыраларының жүріс рельстерін негізгі жолдардың жүріс
рельстерімен қосылуын РУ-825В қол жетегі бар ажыратқыштар арқылы жасау керек.
Байқау жыраларының сөндірілген байланыс рельстерін туннельдік жерлендіру
магистраліне ажыратқыш арқылы қосу қажет. Осы ажыратқышта байланыс рельсінің
ажыратқышы бар механикалық бұғаттағыш және жүріс рельстерінің қосылған жеріндегі
ажыратқышы бар жалпы қол жетегі болады.
Жылжымалы құрамның техникалық байқау жолдарының бөлігіндегі жүріс
рельстерін қиылыс құламаларындағы жүріс рельстерінен оқшау ұстау қажет. Жылжымалы
құрамның техникалық байқау жолдарының бөлігінде байланыс рельсіне кернеу берген
кезде, оқшау түйіспені автоматты түрде тұйықтау қажет.
15.6.11 Жылжымалы құрамның техникалық байқау жолдарының бөлігіндегі байқау
жыралары бар айналу тұйықтарында негізгі қорек желісін тұйық РУ-825В-нің шағын
станциясында орналасқан қашықтықтан өшірілетін жедел іске келтірілетін автоматты
ажыратқышты қарастыру қажет.
15.6.12 Байқау жыралары орналасқан жердегі айналу тұйықтарын, байланыс
рельсіне кернеу келгенін хабарлау үшін, дыбыс сигналы мен ал кернеудің болғанын
(болмағанын) білдіретің жарық сигналымен жабдықтау қажет. Жарық сигналын байқау
жыраларында және тұйықтың екі жағында орналастырылу қажет.
15.6.13 Байқау жыралары жоқ айналу тұйықтарының байланыстырушы желісінің
негізгі және қосымша қорек болуын қадағалау қажет:
-негізгіні желінің негізгі жолындағы байланыс рельстерінің бірінен;
-қосымшаны басқа негізгі жолындағы байланыс рельстерінің бірінен қоректендіруді
қарастыру қажет.
Айналымдық тұйықтың байланыс желісі қорегінің шоғырсымдық желілерін бас
жолдың байланыс рельстеріне электр жетегі бар ажыратқыштар арқылы қосу керек.
Электр жетектерді басқаруы осы тараудың
15.6.7 тармағына сай етіп жүзеге
асырылады.
15.6.14 Метрополитеннің екі желісін қосып тұрған қызметтік тармақтағы байланыс
рельстерін қоректендіруі негізгі және қосымша болуын;
- негізгіні электр жетегі бар ажыратқыштар арқылы бірінші желінің негізгі жолдағы
байланыстырғыш желісінен;
- қосымшаны қол жетегі бар ажыратқыштар арқылы екінші желінің негізгі жолдағы
байланыстырғыш желісінен қарастыру қажет.
114
Қызметтік тармақтағы байланыс рельстерінің негізгі қоректендіруі, дербес
қоректендіргіш желілер бойынша, электр жетегі бар ажыратқыштар арқылы,
метрополитеннің 825 В шағын станцияларынан қуат алуға техникалық-экономикалық
негіздемелері болған жағдайда қарастыруға рұқсат етіледі.
Қосымша қорек желісі жағындағы жүріс рельстері негізгі жолдағы жүріс
рельстерінен оқшау болуы керек. Сонымен қатар оларды қосымша қоректендіру желісінің
ажыратқышы бар жалпы қол жетігі болатын ажыратқыш арқылы қосу мүмкіндігін ескеру
керек.
Негізгі қорек желісінің ажыратқыш электр жетегінің басқаруы негізгі жолдан осы
тараудың 15.6.7 тармағына, ал шағын станциядан 15.6.5 тармағына сай етіліп жүзеге
асырылады.
15.6.15 Электрдепо тармақтарындағы байланыс рельстерінің негізгі қоректендіруін,
негізгі жолдардағы тиісті байланыс рельстеріндегі жалғастырғыштар бойынша қарастыру
қажет. Тармақтың ұзындығы 0,7 км көп болған жағдайда метрополитеннің 825 В шағын
станцияларынан дербес желімен қуат алатын байланыс рельстерінің негізгі қоректендіруін
қарастыру қажет.
Қоректендіргіш желінің немесе жалғастырғыштардың қосылуын электр жетегі бар
ажыратқыштар арқылы жүзеге асыру қажет.
Электр жетектерді басқару осы тараудың
15.6.15 тармағына сай етіп жүзеге
асырылады.
Электрдепо тармақтарындағы тартылыс күшінің қосымша қоректендіруің қол жетегі
бар ажыратқыштар арқылы парк жолдарының тартылыс желісінен қарастыру қажет.
Техникалық-экономикалық негіздеме болған жағдайда тармақтағы тартылыс
желісінің негізгі қоректендіруін электрдепо шағын станциясынан ал қосымшасы негізгі
жолдардың тартылыс күшінен қарастыруға рұқсат етуге болады.
Электрдепо тармақтарындағы жүріс рельстері парк жолдарындағы жүріс
рельстерінен оқшау болуы керек. Олардың қосылуын электрдепо тармағындағы байланыс
рельстерінің қосымша қоректендіргіш ажыратқышы бар жалпы қол жетегіне ие
ажыратқыш арқылы қарастыру қажет.
Электрдепо жағынан 825 В ажыратқышты шиналау кезінде қалыпты шешілген
түйінді қарастыру қажет.
Ескертпе - Түйіннің шешілуі ажыратқыштардың өшірілуімен бірге қосу тармақтарындағы атқарылып
жатқан жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
15.6.16 Сору желілері мен жол арасындағы тартылыс желісінің рельстік
жалғастырғыштарын жүріс рельстеріне, жолдағы дроссель трансформаторлар арқылы
16.23 тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес қосылуы қажет.
15.6.17 Тартылыс желісінің қоректендіруші және сору шоғырсымдарының саны мен
қималары шағын станциялар мен тартылыс желісінің қалыпты және авариялық жұмыс
істеу режимдеріндегі тартылыс жүктемелеріне байланысты белгіленуі қажет, ол осы
тараудың 15.1.22 тармағында перспективалық қозғалыс өлшемдері үшін сипатталған
талаптарға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
115
Әр қоректендіргіш немесе сорғыш желі және де тартылыс желі бөлігін қосып тұрған
жалғастырғыштар үшін кемінде екі шоғырсымнан қабылдау қажет.
Шоғырсымдардың саны мен қималарын жүктеме бойынша есептеу қажет.
- қоректендірудің қалыпты режимінде кез-келген желі немесе жалғастырғышта бір
шоғырсымның істен шыққан жағдайда;
- қоректендірудің апаттықрежимінде тартылыс желісінің бөлігі қуат алатын екі
шоғырсымның бірі істен шыққан жағдайда.
Тартылыс желісінің сызбасында қосымша қоректендіру желісі қарастырылған
жағдайда, негізгі желінің ең көп жүктемесі бойынша тандау қажет. Негізгі желілердің
есептері екі шоғырсымның бірі істен шыққан жағдайды қоспағанда, қалыпты режимдегі
жүктеме бойынша есептеу керек. Негізгі желілер, резервтік желілер мен
жалғастырғыштардың есептеулерінде аталған екі шарт бойынша шоғырсымға шамадан
артық тыс жүк 15 % рұқсат етіледі.
15.6.18 Қоректендіруші желілер мен шоғырсымды жалғастырғыштар үшін кернеулігі
3 кВ және 2л МЕМСТ 7006 бойынша қорғаныш жабыны бар бір желілі шоғырсымдар, ал
сорғыш желілер үшін кернеулігі 1 кВ бір желілі шоғырсымдар қолданылады.
15.7 Күш беретін қондырғылар
15.7.1 Негізгі және транзиттік су ағызу қондырғыларын электрмен жабдықтауды екі желі
бойынша қарастыру қажет. Оның бірі тікелей РУ-380 В шағын станциясының бір секциясына
қосылса, екіншісі басқа РУ 380 В шағын станциясының басқа бір секциясына қосылатын
жалпы магистральді желіге қосылады. Қоректендірудің бір желіден екінші желіге ауысуы
автоматты түрде болуы керек. Әр желіні бір уақытта қалыпты режиміндегі негізгісінде екі
сорап және транзиттік қондырғыдағы бір сораптың жұмысы негізінде, ал авариялық рұқсат
етілген жүктемені қосқандағы барлық сораптардың жұмысы негізінде есептеледі.
Жергілілікті сутөкпе қондырғыларын электрмен жабдықтауды әртүрлі РУ-380 В
шағын станциясының бір шина секциясына қосылған жалпы магистральді желіден
шыққан екі желі арқылы қарастыру қажет. Қоректендіру бір желіден екінші желіге қолмен
ауыстыратын болуы керек.
Кәріз қондырғыларын электрмен жабдықтау үшін, жалпы магистральді желіден,
магистральды жол жәшіктерінен немесе 380 В бөлу пунктінен шыққан бір желі арқылы
қарастыру қажет.
15.7.2 Туннельді екі желдеткіші бар желдеткіш қондырғыларың электрмен
жабдықтау үшін, тікелей СТП мен ПП әртүрлі туннельдерде төселген,
0,4 кВ
трансформаторлық қалқанның әр секциясына қосылған екі дербес шоғырсымды желі
арқылы қарастыру қажет.
Әрбір туннельдік желдету қондырғыларын қоректендіретін желінің жұмысын
қалыпты режимде бір желдеткішпен, ал авариялық режимде екі желдеткіштің рұқсат
етілген жүктемесін қарастыру қажет. Авариялық режимді осы туннельдік желдету
қондырғысын түтіннен қорғау жүйесінде қолданған жағдайда ғана есептеу керек.
15.7.3 Эскалатор электржетектерінің бір еңістен қоректенуін РУ 380 түрлі секциялар
шинасынан екі желіде қарастыру керек. «Тізбек» сұлбасы бойынша қоректенуге рұқсат
116
етiлген эскалаторлардың электр жетекшелері:
- эскалатормен қатар баспалдақтар орналасқанда, станцияның вестюбльдері мен
платоформалары арасындағы екі еңіс;
- станцияның орташа залында ауысып отыратын түйіннің екі көлбеулерінде.
Әр желі қоректендіруді қамтамасыз етуге арналуы керек:
- үш эскалатор бір көлбеуде болған жағдайда:қалыпты режимде - екі эскалаторды
көтеру қажет, апаттық режимде - екі эскалаторды көтеру және біреуін түсіру қажет.
- төртэскалатор бір көлбеуде болған жағдайда: қалыпты режимде - екі эскалаторды
көтеру қажет, апаттық режимде - үшеуін көтеру және біреуін түсіру қажет.
Авариялық режимде әр желіні артық жүктемені есепке ала отырып көздеу керек.
Күш-қуатты қажет ететін электр жетектерінің қоректендіру сызықтарын есептеу
кезінде мыналарды ескеру қажет: қолдану кезінде орнатылған салмақты есепке ала
отырып көтерілуге және эскалатордың биікке көтерілуін, ал төмен түсуін - эскалатордың
бос жүруі кезінде.
Көлбеудегі шеткі эскалаторларды бір қоректендіру желісінен қолмен басқарылатын
басқа желіге, ал орташа эскалаторларды автоматты желіге ауыстыру керек.
15.7.4 Эскалаторлардың электр жетегін басқаруын былай ескеру қажет: жергілікті-
көліктік қалыпта орналасқан басқару шкафынан, қашықтықтан - эскалатордың жоғарғы
және төменгі кіру алаңында орналасқан пульт арқылы, және телебасқару - эскалатордың
диспетчерлік станциясынан басқару. Эскалаторлар автоматты құрылғыларымен
жабдықталуы қажет.
15.7.5 АСКОПМ жүйесінің автоматты бақылау пунктерінің қоректенуін
(Метрополитенде автоматтандырылған жол ақыны төлеуді бақылау жүйесі) және билет
сататын автоматты кепілді электр қорегінің жүйесінен қарастыру керек.
Аға кассир бөлмесінде есептік және сұрыптағыш көліктерді іске қосу үшін 220
вольттік екі үшполюсті розеткалар орнатылуы қажет.
15.7.6 МГН үшін лифттер мен көтергіштерді қуаттандыруда әр түрлі РУ 380 шиналардың
секцияларындағы екі шоғырсымды сызықтар арқылы ескеру қажет. Кіші станцияларда қорды
қуаттандыруды автоматты іске қосу құрылымдарымен қарастыру керек.
15.7.7 Жиынтық қуаттылығы 60 кВт-қа дейін жылжымалы агрегаттарды станциялар
мен аралық туннельдерде қоректендіруді ортақ магистральды желіден қарастыру
қажет.Магистральды жолдарға қосылу үшін автоматты ажыратқыштары мен штепсельдік
ағытпалары бар жол жәшіктерін қарасыру керек.
Жол жәшіктерін былайша орналастыру керек:
- желдеткіш-шоғырсымды каналдағы станция тұғырнамасының астында;
- айырғыш туннельдерде;
а) станция тұғырнамасында;
б) нұсқарлы ауысымдарда;
в) негізгі және транзиттік СБҚ-да;
г) жоғарыда көрсетілген орындарда 100 м сайын ( аспайтын);
д) біржолды айырғыш туннельде екі жағынан да шахмат тәрізді формада 50 м сайын;
Магистралды жолдың көршілес шағын станциялар арасындағы электрлі бөлімі
кеңістігіндегі шеткі жол жәшіктерінің ара қашықтығы 15 м аспайтындай етіп қабылдау керек.
117
15.7.8 Вестибюльдердегі, эскалатордың машиналы және тартылмалы жайларындағы,
СБҚ-да, ТЖҚ машиналы және желдету дүңгіршектеріндегі, кәрізді және су тартатын
құрылғылардағы қуаттылығы 20 кВт жөндеу механизмдерін қуаттандыру үшін 380/220 В
қажет болған жағдайда трансформаторлар мен ҚӨҚ қолдануға болатын, жақын жердегі
бөлуші бөлімшелерге қосылған жол жәшіктерін қарастыру қажет.
Стационарлы электрқабылдағыштарды қосу үшін автоматты ажыратқышты қолдану
керек, ал қозғалмалы жөндеу және жинау механизмдері үшін - қорғанысты байланысы
бар ажыратқыш штепсельдерін қолдану керек.
Штепсельдік ажыратқыштарды әр
25 м сайын эскалатордың машиналы және
тартатын жайларында, өндірістік жайларда, станцияның жүргінші жайларында қара стыру
керек. Штепсельдік ажыратқыштардың полюстерінің санын қосылған құрылғының түріне
байланысты анықтайды.
Ескертпе - ҚӨҚ қолдану ПУЭ талаптарына жауап беруі тиіс.
15.7.9 Электр құралдарын қуаттандыру жүйелерінде күш жоғалтуы 15 % аспауы
қажет.
15.8 Жарықтандыру
15.8.1 Жолаушыларға арналған бөлмелер, баспалдақтар, эскалаторлар, дәліздер, сондай-
ақ туннельдер, тұйықтар, туннель жанындағы құрылыстар, шағын станциялар, эскалаторлар
мен лифттердің машиналық бөлмелері, керу камералары мен іргелес эскалаторлардың
конструкциялары арасындағы өткелдер,СК (ОСК) бөлмелері, АТДП, операторлық бөлме,
байланыс блмесі, күзет посттары, кассалар, медпункттер, қалқанды, сутөкпе және кәріз
құрылғылары, желдеткіш камералар ортақ жарықтандырудың екі түріне ие болуы тиіс-
жұмыстық және апаттық (эвакуациялық және қауіпсіздік жарықтандыруы).
Жолаушыларға арналған бөлмелерде, станциялардың аралық қабаттарының дәліздерінде,
эскальорлар мен баспалдақтарда апаттық жарықтандыру шырақтарының автоматты қосылуын
қарастыру керек. Қалған бөлмелерде апаттық жарықтандыру желісін қолмен, ал аралық
туннельдер мен тұйықтарда КБ (ОКП) бөлмесінен қашықтықтан қосу керек.
Аралық туннельдерде, туннель жанындағы құрылыстарда, тұйықтар мен
жалғастырғыш тармақтарда ортақ жарықтануға қосымша ретте 15.7.8 талаптарына сәйкес
орнатылатын штепсельдік розеткаларға қосылатын тасымалданатын шырақтармен
күшейтілген жергілікті жарықтандыру мүмкіндігін қарастыру керек.
Тұйықтар мен туннельдердің өрт крандарын, сондай-ақ туннельдер арсындағы
байланыстыру орындарын апаттық жарықтандыру желісіне қосылған жарық
көрсеткіштерімен таңбалау керек.
22-кесте - Ортақ жарықтандыру жүйесімен құрылған станция, вестибюльдер
және туннельдердің жарықтандырылуы
Көлденең жарық, лк,
шам арқылы
Жарық
Бөлімше
қыздыру
люминесцент-
нормаланатын
118
шамдары
тік шамдар
жазықтық:
Жұмыстық жарықтандыру
Жерасты станциясы:
станцияның орта және тұғырнамалық
100 (150***)
200 (100***)
еден деңгейі
залдары,
вестибюльдің
кассалық
және
75 (100***)
150 (100***)
еден деңгейі
эсалаторлық
залдары,
станциялар
арасындағы өткелдер мен дәліздер,
эскалаторлардың
тарақтары
мен
50* (75***)
100*
еден деңгейі
баспалдақтар,
жер асты вестибюльдеріне іргелес кіру
—
50 (100***)
еден деңгейі
дәліздері мен көшелік жаяу жүретін
өткелдер.
Жердегі станция:
Тұғырнама
50 (75***)
75 (100***)
еден деңгейі
Вестибюль
75
100
еден деңгейі
Қызметтік, өндірістік және тұрмыстық
ҚР ҚН 2.04-01 бойынша
бөлімшелер
Аралық туннель, съезд камерасы, тұйық,
—
10**
рельс
жалғастыратын тармақ.
бастарының
деңгейі (РБД)
Тұйықтағы қызмет тұғырнамасы
—
30
тұғырнама
Станция алдындағы және одан кейінгі
—
60
РБД
ұзындығы 25 м-лік туннель учаскесі
Келесі ұзындықтағы портал алдындағы
туннель учаскесі, м:
—
1000
РБД
5 енгізілім.
—
750
сондай
шыр.
5
“ 25“
—
500
“
“
25 “
50“
—
300
“
“
50
“
75“
—
150
“
“
75
“ 100“
—
60
“
“
100
“ 125“
—
20
“
“
125
“ 150“
Апаттық жарықтандыру
15.8.1-де
көрсетілген
жолаушыларға
арналған бөлмелер, қызметтік өту жолдары,
2
—
еден деңгейі
баспалдақтар мен бөлмелер
22-кесте - Ортақ жарықтандыру жүйесімен құрылған станция, вестибюльдер
және туннельдердің жарықтандырылуы
(жалғасы)
Туннельдер:
аралық және тұйық
0,5
—
РБД
Жол айырғыштардың ұшкі ұштары
—
20
сондай
119
орналсқан жерлердегі съезд камералары
Тұйықтағы қызметтіктұғырнама
2
—
тұғырнама
________________
* Эскалатор тарақтарын көлденең жарықтандыру ортақ жарықтандыратын шырақтармен сондай-ақ
балюстрадтарда орнатылатын жергілікті жарықтандыратын шырақтармен қамтамасыз етілуі тиіс.
** Көлденең жарықтану шамдарды бір мезгілде қосқанда қамтамасыз етілуі тиіс.
Ескертпелер:
1 Бөлмелердің люминесцентік шамдармен жарықтандыру қорының коэффициентін 1,6 деп,ал қыздыру
шамдарымен жарықтандыруды 1,4 деп қабылдау керек.
2 Ең жоғарғы және ең төменгі жарықтандырудың арақатынасы станцияларда 1,2:1 туннельдерде 2,5:1 болуы
тиіс.
15.8.2 Жолаушыларға арналған бөлмелерді, сондай-ақ қызмет көрсетуші құрам үнемі
болатын қосымша және өндірістік бөлмелерді, әдетте, люминесцентті шамдармен
жұмыстық жарықтандыру қажет.
15.8.3 Бөлмелердің бойлық өсі бойынша ортақ жарықтандыру жүйесінен құрылатын
станция бөлмелерінің, вестибюльдер мен туннельдердің жарықтануын (оның минималды
мән нүстесінде) 22 Кесте бойынша қабылдау керек.
15.8.4 Станциялар мен туннельдердегі шырақтарды қызмет көрсетуге қол жетімді
жерлерде орналастыру керек. Шырақтарды жолдардың, эскалаторлардың үстінен, сондай-
ақ баспалдақтың үстінен 5 м аса биіктікте орналастыруға рұқсат етілмейді.
Шырақтарды еден деңгейінен 5 м биік етіп орнатқанда, жобаның құрылыс бөлімінде
оларға қызмет көрсетудің техникалық құралдары
(еденде жылжитын көтсеру
құрылғылары, стацинарлық және жылжымалы көпірлер немесе т.б.) қарастырылуы керек.
Бір нығайтқыш түйіні бар аспалы шырақтар (люстралар) сақтандыру құрылғыларына
ие болуы тиіс.
Станциялардың платоформалық залдарын карниздерде, бөле төбесінің
кессондарында орналасқан, сондай-ақ поезд машинистерінің көзін шағылыстыруды
болдырмайтын көлеңкелегіштерді қолдана отырып, ашық орналасқан шырақтарды
қарастыру керек.
Аралық туннельдерді жарықтандыру үшін, жолдың өсіне перпендикуляр
орналастыра отырып, симметриялық емес жанына жарық бөлетін шырақтарды қолдану
қажет.
Жарық ағынының өсі тігінен 30° бұрышта бағытталуы тиіс.
15.8.5 Станция тұғырнамасының күнқағары астында
8 м сайын жұмыстық
жарықтандырудың дербес тобына қосылатын шырақтар орнату керек.
15.8.6 Бір жолды аралық туннельде орналасқан шырақтар туннельдің түрлі
жақтарына төселетін жұмыстық жарықтандырудың екі тобына және апаттық
жарықтандырудың бір тобына қосылуы тиіс.
Екі жолды туннельде немесе тұйықта екі жұмыстық топқа және апаттық
жарықтандырудың екі тобына (жұмыстық топтарды, сондай-ақ апаттық жарықтандыру
топтарын туннельдің түрлі жақтарына төсеу керек) қосылуы тиіс.
Аралық туннельдердің, сондай-ақ тұйық тунельдері бар аралық туннельдердің
немесе қызметтік тармақтың (айқасталған съезді және жол айырғыштарды) жұмыстық
жарықтандыру топтарын қоректендіруді, бір жұмыстық жарықтандыру секциясынан
120
келесі секцияға өту мүмкіндігін қарастыра отырып, шағын станциядан екі кәбілдік желі
бойынша іске асыру керек.
Апаттық жарықтандыру топтарын шағын станцияның РУ-220 В апаттық
жарықтандыру секциясынан бір-бір шоғырсымдық желілер бойынша қоректендірілуін
қарастыру керек.
Тұйықты жарықтандыру топтарының аралық туннельдерді жарықтандырудың
шоғырсымдық желілерінен қоректендіруге рұқсат етіледі.
Жол айырғыштардың үшкір ұштарына апаттық жарықтандырудың дербес тобына
қосылатын қосымша шырақтарды орнату керек.
Станцияның ОДП-де орналасқан басқару пультінен қашықтықтан басқаруға ие
болуы тиіс.
15.8.7 Аралық, байланыстыру және тұйық туннельдерде жұмыстық және апаттық
жарықтандыру үшін, люминесценттік шамдары бар шырақтарды қолдану керек.
Жұмыстық және апаттық режимдерде шырақтағы кернеу номиналды тоқтың
90%-ынан
кем емес және 105 %-ынан аспайтын болуы керек.
15.8.8 Станцияларда, тұйықтар мен туннельдердегі байланыс шкафтарында
қуаттылығы 100 Вт дейінгі жүктемелерді, қыздыру мен жарықтандырудың, сондай-ақ
тұйықтардағы электр сағаттарын 220 В кернеулі жұмыстық жарықтандыру желісінен
қоректендіру керек.
15.8.9 Тұйықтың қадағалау арналарын жарықтандыру мыналарды қарастырады:
- ортақ
-
220 В кернеулі айнымалы тоқ желісінен стационарлық шамдармен
(торлары бар) жарықтандыру, олардың конструкциясы шахматтық тәртіпте арнаның әр
жағынан 5 м сайын орнатылатын аспапты қолданбай-ақ қол жеткізу мүмкіндігін жоққа
шығарады;
- жергілікті - арнаның бір жағынан 20 м сайын орнатылатын штепсельдік розеткалар
арқылы 12 В кернеулі айнымалы тоқ желісінен тасымалданатын шамдармен.
Пойыздар тоқтайтын учаскеде қадағалау ранасы жоқ жолдарда жергілікті
жарықтандыруды тұйықтардың бүйір қабырғаларында және 20 м сайын колонналарда
орнатылатын шепсельді розеткалар арқылы
12 В кернеулі желіге қосылатын
тасымалданатын шамдарды қарастыру керек.
Арбалар мен вагондардың автотізбектері орналасқан аймақта рельс бастарының
деңгейінен
1100 мм биіктікте тұйық қабырғаларындағы арналардың екі жағынан
люминесценттік шамдармен қосымша жарықтандыруды қарастыру қажет.
Қадағалау арналарындағы және қадағалау арналары жоқ жергілікті жарықтандыруда
ортақ және жергілікті жарықтандыру желілерін МЕМСТ 10704 және МЕМСТ 10706
бойынша жұқа қабырғалы металл құбырларда төсеу керек.
15.8.10. Аппараттық, машиналық бөлмелерде және эскалаторлардың керілу
камераларында, туннельдік желдету камераларында, калориферлік және сорғы сутөкпе
құрылғылары бөлмелерінде, жол айырғыштарда және ысырмаларды қоректендіру
шкафтарында тасымалданатын шамдарды қосу үшін
12 В кернеулі штепсельдік
розеткаларды, ал сужинақтар мен фекальды жинақтарда 12 В кернеулі стационарлық
шамдар қарастырылуы тиіс.
15.8.11.Туннель жанныдағы құрылыстарда 220 В жұмыстық жарықтандыру желісін,
121
әдетте, 380/220 В трансформаторлары арқылы 380 В жергілікті тарату пункттеріне, ал
желі мен апаттық жарықтандыруды аралық туннельдерді апаттық жарықтандыру
топтарына қосу керек.
15.8.12 Апаттық жарықтандыру желілерінде тұрақты тоқтың құлдырауы 12% аспауы
керек.
15.8.13 Әрбір жер үстіндегі вестибюльдерге иллюминациялы жарық шамдарын іске
қосу үшін, 5кВт күшке дейін жұмыстық жарықтандыружасау қажет.
15.8.14
Станциялар
мен вестибюльдердегі
жолаушылар бөлмесінде
поливинилхлоридтік немесе жұқа қабырғалы металл құбырлардағы бүркелген электр
жетектерін де қарастырған жөн.
Құрама металл конструкциялардағы ернеулерде ашық электр жетегіне рұқсат
етіледі.
Туннельдерде және туннель жанындағы құрылыстарда,сондай-ақ қызмет көрсетуші
және қосымша бөлмелерде МЕМСТ 10704 және МЕМСТ 10706 бойынша ашық электр
жетекті шоғырсымдарды, ал коллекторларда және станция тұғырнамасының астынан жұқа
қабырғалы құбырларды қарастыру қажет.
15.8.15 Шахталар мен шахта оқпандарын туннельдерінің кіре берісін, сондай-ақ қос
жолдың кіру (шығу) жолдарыбар туннель жанындағы құрылыстарды жарықтандыру
желілерін шамдарды екі жақтама қосу (өшіру) сызбасы бойынша жобалау керек.
15.8.16 Станциялар мен аралық туннельдерді жұмыстық жарықтандыру сигналдық
аспаптардың отындарының көрініп тұруын бәсеңдетпеуі керек.
15.8.17 Станция тұғырнамалырының бөренелерінде қоршау шамдарын қосу үшін, 10
а дейінгі тоқ күшіне ие штпесельді розеткаларды қарастыру керек.
15.8.18 Бөлмелерде жұмыстық және апаттық жарықтандыру шоғырсымдарын жеке
трассалар бойынша төсеуді қарастыру қажет.
Жекелеген учаскелерде тар жағдайда аталған кабелдерді арасында 40 мм кем емес
саңылау қалдыра отырып, бір-бір трассадан төсеуге болады.
15.8.19 Эвакуация жолындағы жарық көрсеткіштерін жарық жүйесіне 19.6.8 т.
талаптарына сәйкес қосу қажет.
16 ПОЙЫЗДАР ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ АВТОМАТИКАСЫ ЖӘНЕ
ТЕЛЕМЕХАНИКАСЫ
16.1 Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін және ұйымдастыруды қамтамасыз ету
үшін метрополитен жолдары төмендегі тұрақты қондырғылармен жабдықталуы тиіс:
а)
қосымша жүйелерден тұратын пойыздар қозғалысын басқарудың
автоматтандырылған кешенді жүйесі:
- жылдамдықты автоматты түрде реттейтін автоматты локомотив станциясы
(ЖАР-АЛС);
- поездарды автоматты басқару (ПАБ).
б)
нұсқарлар мен сигналдарды электрлік орталықтандыру (ЭО);
в) автоматты құрсаулау (АБ);
г)
диспетчерлік орталықтандыру (ДО).
122
16.2 Метрополитен жолындағы станциялық және жол қондырғыларынан тұратын
ЖАР-АЛС қосымша станциясының тұрақты қондырғылары жолдың барлық
учаскелеріндегі пойыздар қозғалысының мүмкін жылдамдығы және электрдепоның
төселген жолдары туралы рельстер тізбегіне немесе радиоарналар арқылы сигналдық
жиілік командаларын беруді қамтамасыз етуі тиіс. Электрдепоның депо және парк
жолдары ЖАР-АЛС-ң қосымша станцияларымен жабдықталуы мүмкін.
16.3 ТР-3
(көтеріп жөндейтін) күнделікті жөнделетін жолдардан басқа, депо
жолдары мен вагондарды жуу және үрлеу жолдарын ЖАР-АЛС-ң пойыз
аппаратурасының жұмыс қабілетін тексеретін қондырғылармен жабдықтау керек.
16.4 Диспетчерлік басқару орталығының
(ДБО) қондырғыларынан, сондай -ақ
метрополитен жолындағы станция және жол қондырғыларынан тұратын ПАБ қосымша
жүйесінің тұрақты қондырғылары пойыз қондырғыларына кестені орындау және поезд
қозғалысы режимі командаларын жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.
16.5 Метрополитен жолдары авто тоқтаусыз төрт таңбалы сигнализациямен
автоматты блокадалау және түнгі уақытта шаруашылық пойыздарының қозғалысын
ұйымдастыруға, сондай-ақ интервалы жолдың максималды өткізгіштік қабілетінің 70%-на
сәйкес келетін басқа пойыздар қозғалысын сақтағанда, ақаулы ЖАР-АЛС қондырғылары
бар пойыздарды жолдан шығару мүмкіндігіне арналған қорғаныш учаскелерінің
қондырғыларымен жабдықталуы тиіс.
Жартылай автоматты әрекет ететін бағдаршамдардан басқа бағдаршамдар қалыпты
жағдайларда өшіріліп тұруы тиіс және қажет болған жағдайда жеке учаскелерде сияқты
жолда да ДБО орталығынан ДО арналары немесе ЭО станциясының пульт-тақталары
арқылы қосылуы тиіс.
Метрополитен жолдарын үш таңбалы сигнализациясы бар автоматты блокадалау
қондырғысымен жабдықтауға рұқсат етіледі. Бұл ретте қорғаныш учаскелері бар
автоматты блокадалау бағдаршамдарында электромеханикалық авто тоқтаулар
орнатылады. Олар тыйым салынған көрсеткіші бар бағдаршамды өту кезінде поезды
(құрамын) шұғыл тоқтатады.
Авто тоқтау тұтқалары жолдың оң жағында 20 м аспайтын қашықтықта бағдаршам
алдында орналастырылады.
16.6 Пойыздар қозғалысын автоматты басқарудың кешенді жүйесінен басқа,
электромеханикалық авто тоқтаулары және қорғауыш учаскелері бар автоматты
блокадалау қондырғыларымен жабдықталған қазіргі жолдың жалғасы болып табылатын
учаскенің жобасында жобалауға арналған белгіленген тапсырмаларға, талаптарға сәйкес
әзірленетін электромеханикалық авто тоқтаулары және қорғауыш учаскелері бар
автоматты блокадалау қондырғыларын қондыруды ескеру керек.
16.7 Болашаққа қабылданған жолдың өткізгіштік қабілетін қамтамасыз етуге
арналған ЖАР-АЛС қондырғыларының есептерінде поездардың аралықтағы қозғалысы
үшін 15 с кем емес және станцияға жақындау учаскесінде 5 с кем емес қосымша уақыт
қарастырылуы тиіс.
16.8 Бағдаршамдар, дроссель-трансформаторлар мен үйлестіруші қондырғылардан
басқа, ЖАР-АЛС-ң жол қондырғылары мен авто блокадалау жабдықтарын әр станциядағы
аппараттық жайда орналастыру керек.
123
Станциялардағы ПҚАТ қондырғыларын қуаттандыру үшін электр қалқанын және
қажет болған жағдайда үздіксіз қуат көздерін (ТҚК) ескеру керек.
16.9 Аппараттық жайларда поезд жағдайының индикациясын және негізгі құралдар
мен тізбектердің істеп тұрған жағдайын көрсетіп тұратын ЭО-ң бақылау тақтасын
(ақпаратты көрсету қондырғысы) орналастыру керек.
16.10 ЭО станцияларының пульт-тақтасының және ЭО-ң бақылау тақталарының
орнына орталықтандару станциясы бойынша кезекшінің және СОБ қондырғысының
электромеханигінің автоматтандырылған жұмыс орнын (АЖО) қолдануға рұқсат етіледі.
16.11 ДО-ң пульт-тақтасы мен бақылау тақтасының орнына пойыз диспетчерінің
автоматтандырылған жұмыс орын (АЖО) қолдануға рұқсат етіледі.
16.12 ДО жүйесі рұқсат етілмеген қол жетімділіктен сақталынуы тиіс, объектілерді
басқару жүйемен анықталатын диспетчердің кодын (шифрын) енгізген кезде ғана жүзеге
асырылуы тиіс.
16.13 Диспетчерлік орталықтандыру (ДО) қондырғылары орталық диспетчерлік
пункттен таратпа жолды станцияларға арналған жартылай автоматты нұсқарлар мен
белгілерді
(бағдаршамдарды) басқаруды, сондай-ақ барлық станциялар мен
аралықтардағы басқарылатын объектілер мен жол учаскелерінің жағдайын басқаруды
қамтамасыз етуі тиіс. ДО қондырғылары поездар қозғалысының атқарылған кестесінің
автоматты жазылуын қамтамасыз етуі тиіс.
ДО қондырғыларында нұсқарлар және сигналдармен (бағдаршамдармен) бақылауды
электрлік орталықтандыру станцияларының пульт-тақтасына ауыстыру мүмкіндігін
қарастыру керек. Жолдың диспетчерлік пунктынан және ЭО станциялық станциясынан
бір уақытта нұсқарлар және сигналдармен басқаруға рұқсат етілмейді. Басқару режимін
таңдауды поезд диспетчерінің нұсқауы бойынша қарастыру керек.
ДО пен ЭО қондырғыларының арасындағы тізбектер бұзылған жағдайда ашық
поезд, маневрлік және шақыру сигналдары автоматты түрде ажыратылуы тиіс.
Диспетчерлік орталықтандыруды ереже бойынша станцияға келіп тоқтаған поезд
нөмірлерін бақылау қондырғыларымен толықтыру керек.
16.14 ПҚАТ қондырғылары жұмысының сенімділігін арттыру үшін оларда
нұсқарларды басқару сызбасын және ДО-ң байланыссыө аппаратурасының жеке торабын,
сондай-ақ нұсқармен басқару сызбасын макетке ауыстыру мүмкіндігін қарастыру керек.
Нұсқармен басқару жүйесі мыналарды қарастыру керек:
- нұсқарлар ұштарының орнын үнемі бақылау;
- нұсқарлардың басталған ауысу сәтінде жылжымалы құрамның нұсқарлы учаскеге
келуінде нұсқарлар ұштарын шеткі орнына дейін жеткізу:
- жылжымалы құрам астындағы нұсқарлардың өз бетінше ауысуын қоса алғанда,
сымдардың тұйықталуында, оларды жерге тұйықтағанда және өзге қуаттандыру к өзінен
тоқ түскенде нұсқарлардың ауысу және жалған бақылаудың пайда болу мүмкіндіктерін
жою;
- кесіп өту туралы сигналды тіркеу арқылы нұсқарды кесіп өтуді бақылау;
- осы әрекетті тіркеу арқылы нұсқарды жеке тетікшемен ауыстыру мүмкіндігі;
- нұсқар сызбасының ажыратылу мүмкіндігі.
16.15 Жер асты жолдарында «М» типті аз габаритті бағдаршам, ал электрдепоның
124
парк жолдарында және жер үсті учаскелерінде теміржолда қолданылатын бағдаршамдар
(діңгегі қысқартылған) қондыруды қарастыру керек.
Бағдаршамдарда екі желілі шам немесе жарықдиодын қолдану қажет.
Негізгі жолдарда бағдаршамдарды бірінші жол үшін тақ сандармен, екінші жол үшін
жұп сандармен белгілеу қажет.
Бағдаршам нөмірі аралық нөмірінен (бір немесе екі бірінші сандар) және аралықтағы
бағдаршамның реттік нөмірінен (соңғы сан) тұруы тиіс.
Жартылай автоматты әрекет ететін бағдаршамдарда нөмір алдында станция атауын
қысқартып білдіретін екі әріп жазу керек. Маневрлік бағдаршамдарды бір ғана әріппен
белгілеуге болады.
Бағдаршамдарды тура учаскелерде поезд қозғалысының бағыты бойынша жолдың
оң жағынан немесе машинист көре алатындай жерлердің қисық учаскелерінің басында
орналастыру керек. Нашар көрінетін жерлерде қисық учаскелердегі бір жолды
туннельдерде поезд қозғалысының бағыты бойынша сол жақтан орналастыруға рұқсат
етіледі.
16.16 Негізгі жолда бұрыс бағыттағы поездардың қозғалысына рұқсат ететін
станциялардағы маневрлік бағдаршамдардан басқа, жартылай автоматты әрекет ететін
бағдаршамдар шақыру сигналдарымен жабдықталуы тиіс.
Жартылай әрекет ететін бағдаршамдар екі жұмыс режимінен тұруы тиіс: ажыратулы
және қосулы автоқұрсаулау.
Негізгі жолдардағы шақыру сигналдары тізбек сымдары бүтіндігінің тұрақты
бақылануын, жарық көздерінің істеп тұрғандығын және пойыздар қозғалысының бағыты
бойынша нұсқарлар жағдайын бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.
16.17 Парк жолдарындағы электрдепоның шақыру сигналдарын ереже бойынша
жолдардан пойыздарды қабылдау маршруттарын қоршайтын кіре беріс бағдаршамдарда,
парк жолдарынан шыға беріс топтық бағдаршамдарында және созылған тұйықтардың
бағдаршамдарында орналастыру керек.
Жеке бағдаршамдарда жарық маршруттық нұсқауларды қондыруға рұқсат етіледі.
Парк жолдарындағы шақыру сигналдарының электр сызбасы тізбектің бүтіндігін
үнемі бақылауды, шақыру сигналдарының жарық көздерінің істеп тұрғандығын және
поездар қозғалысының бағыты бойынша нұсқарлар жағдайын бақылауды қамтамасыз етуі
тиіс.
16.18 Метрополитен жолдарын екі желілі рельс тізбектерімен, ал электрдепоның
жолдарын және желінің ажырама жолдарының қиылысуын бір желілі рельс тізбектерімен
жабдықтау керек.
Бір желілі рельс тізбектерін сондай-ақ станция тұғырнамасының астында дроссель-
трансформатор қондыру мүмкіндігі болмаған кезде станциялық жолдарда және поезд
қозғалысының жылдамдығын бақылау үшін ашық жер үсті учаскелерінің негізгі
жолдарында да қарастыруға рұқсат етіледі.
Бір желілі рельс тізбегі болған кезде, тартқыш электр тоғын өткізу үшін түйіскен
рельске ереже бойынша жақын орналасқан қозғалғыш рельсті пайдалану керек.
Бір желілі рельс тізбегін айнымалы тартқыш электр тогынан болатын кедергілердің
әсерінен қорғау керек.
125
Әрбір рельс тізбегінің екеуден кем бомайтын тартқыш электр тогының шыға берісі
болуы тиіс; станциялық жолдардың бір желілі рельс тізбегінде ұзындығы 12,5 м көп
болмайтын бір шыға беріске рұқсат етіледі.
Жобалауға берілген тапсырмаларға сәйкес байланысу жерлері жоқ (бөліп тұратын
жерлері жоқ) рельс тізбектерінің жүйесін қолдануға рұқсат етіледі.
16.19 Таратпа жолды станция шекараларында маршрут бойынша қозғалысқа рұқсат
беретін ЖАР-АЛС код сигналын бағдаршамның рұқсат беру көрсеткішінің ашылуымен
бір уақытта маршрутты қондырудан және тұйықталуынан кейін қосу керек.
Берілмеген маршрут кезінде жартылай әрекет ететін бағдаршам алдындағы рельс
тізбегіне абсолютті тоқтау ЖАР-АЛС код сигналын беруге ұсыныс беріледі.
Поезд маршрутты (немесе оның бөлімдерін секциялық босату) толық босатқаннан
кейін маршрут арасы алшақтануы тиіс. Маршруттың алшақтану сызбасы ол бойынша
поезд сияқты жалғыз жылжымалы бірлік қозғалғанда да жұмыс істеуі тиіс.
Маршрут арасын жасанды алшақтату жабық бағдаршамда және ЖАР-АЛС рұқсат
беру сигналы болмаған кезде ғана орталықтандару станциясы және жолдың диспетчерлік
пункті бойынша пульт-тақтасындағы
(АЖО) кезекші тетігі арқылы тіркелмей
қарастырылуы тиіс.
16.20 ПҚАТ қондырғылары желінің әрбір жолында жабдықтарды орналастыра
отырып, поезд жүріп тұрғанда жылжымалы құрамның техникалық жағдайын тексеруді
қамтамасыз етуі тиіс.
Аталған қондырғылар ДО және ЭО сызбаларымен үйлесімде болуы керек.
Қондырғымен тіркелген штаттан тыс (апаттық) жағдайлар автоматты түрде желінің
диспетчерлік пунктіне және станцияның орталықтандыру станциясына берілуі тиіс.
16.21 ПҚАТ қондырғыларының уақыт интервалы есептегішімен және жол
қақпаларымен үйлесімде болуы керек.
16.22 Тоқ көзін рельс тізбегіне қосуды жақын жатқан рельс тізбектеріндегі әрбір
торап әртүрлі сатыда болатындай етіп қарастыру керек. Қосымша рельс болған кезде
ереже бойынша рельстерде тартым тоғын тегістеу үшін рельстердің транспозициясын
қарастыру қажет. Рельстердің транспозициясы рельс тізбегіндегі электр тоғын сатылау
үшін электрдепоның жолдарында қарастыруға рұқсат етіледі.
16.23 Бөліп тұратын жапсарлары бар жақын жатқан рельстерден бөлінген әрбір
тармақталған рельс тізбегінде екеуден аспайтын жол дроссель-трансформаторы болуы
тиіс. Тармақталған рельс тізбектерінде үш дроссель-трансформатор орналастыруға рұқсат
етіледі.
Екі желілі рельс тізбегі болғанда, рельстерге әртүрлі мақсаттағы сымдар мен
шоғырсымдарды қосуды
(тартым электр тоғын шығару, жол арасындағы рельс
жалғастырғыш) жол дроссель-трансформаторының орта өткізгіші арқылы екі бөліп
тұратын жапсардан кейін жиі емес қашықтықта жүзеге асыру керек. Бұл ретте жол
арасындағы рельс жалғастырғышы және тартым электр тоғын шығару арқылы жақын
және параллель орналасқан рельс тізбектері бойынша сигнал тоғына арналған айналма
жолдың ұзындығы 1000 м кем болмауы тиіс. Жалғастырғыштардың бірінде айналма
жолдың ұзындығы қысқа болған кезде дроссель немесе сигнал тоғына кедергісі 2 Ом кем
емес жиілігі 50 Гц болатын дроссель-трансформатор орналастыру керек.
126
Бір жолақты рельстік тізбектер кезінде тартпалы желінің жүру рельсінің сору
кабеліне қосылуын тікелей жүзеге асыру керек.
16.24 Автоматика мен телемеханика шоғырсымдарындағы желі қоры жалпы желі
қорының
10 % кем, бірақ екі желіден кем болмауы тиіс.
16.25 Әрбір станцияда ПҚАТ қондырғыларын қуаттандыру айнымалы электр тоғы
бар кернеуі 220 В болатын дербес екі трансформатордың біреуінен қарастырылуы керек.
Таратпа жолды станцияларда ПҚАТ қондырғыларының қуат көзін ПҚАТ
қондырғысының қасындағы жайда орналастырылатын орта нүктесі шығарылған буфер
сызбасы бойынша жұмыс істейтін аккумулятор батареяларының біреуінен қуаты 24 В
болатын тұрақты электр тоғымен, сондай-ақ қосымша станцияларда орналыстырылатын
қуаты 220 В болатын аккумулятор батареяларының тұрақты электр тоғымен қарастыру
керек.
Қуаты 24 В болатын әрбір батареяның сыйымдылығы 1 сағаттан кем емес уақыт
шамасында қондырғылар күшін қамтамасыз етуі тиіс, бұл ретте батареяларға қосымша
күштерді қосуға рұқсат етілмейді.
16.26 Қосымша станция дөңгелектерінен бастап бұдан да алыс жерлерге дейінгі
автоматика және телемеханика желілерінде күштердің қуатты жоғалтуы 10% аспауы тиіс.
16.27 Шақыру сигналдары мен нұсқарлы бақылау релесін, сондай-ақ ЭО
станциясының пульт-тақтасындағы бақылау шамдарының қуат көзін айнымалы электр
тоғымен қарастыру керек.
Шақыру сигналдары мен нұсқауды бақылау релесінің тізбектерінде айнымалы
электр тоғы жоғалып кеткенде қуаты 220 В болатын тұрақты электр тоғын өңдегіш қуат
көзіне, ал пульт-тақтасындағы шамдардың тізбегін қуаты 24 В болатын аккумулятор
батареясының қуат көзіне немесе үздіксіз қуат көзіне автоматты түрде қосуы тиіс.
16.28
Туннельдерде орналастырылатын автоматика және телемеханика
жабдықтарын ереже бойынша түйіскен рельске қарама-қарсы жақтан қондыру керек.
16.29 Негіздерінен бөлу қажет болатын дроссель-трансформаторлардың сырты мен
нұсқарлы қозғалтқыштан басқа метрополитен жолдарындағы металл конструкциялары
мен ПҚАТ жабдықтарын жерге қосып тұйықтау керек.
16.30 Бірнеше бағытта, оның ішінде шақыру сигналы бойынша қозғалуға рұқсат
беретін бағдаршамдарда жарық маршруттық көрсеткіштерді қарастыру қажет.
16.31 Бір рельс тізбегіне үшеуден аспайтын нұсқарлы жылжытуды қосуға рұқсат
етіледі.
16.32 Рельс тізбектері:
- рельстер арасындағы бөліп тұратын жапсарлар тұйықталған кездегі іргелес рельс
тізбектерінің өзара әсер етуінен;
- рельстердегі тартым электр тоғы мен қанғыма электр тоқтарының әсерінен;
- басқа сызбаларда қолданылатын қондырма электр тоқтарының әсерінен қорғалуы
тиіс.
16.33 Әрбір рельс тізбегі рельс желілерінің-қозғалғыш рельстің бүтіндігін бақылау
үшін қолдынылуы тиіс.
16.34 Нұсқарлы электр жетектерінің, нұсқарлардың бақылау тізбектерінің,
бағдаршамдардың, рельс тізбектерінің қуат көзін және реле аяқтарының қуат көзі
127
тізбектерін әртүрлі шоғырсымдарда ескеру қажет. Жол релелерінің қабылдау тізбектері
мен нұсқауларлардың бақылау тізбектерінен басқа әртүрлі бағыттағы қуат көзі тізбектерін
бір шоғырсымда біріктіруге рұқсат етіледі.
16.35 Әрбір жол бойынша ПҚАТ қондырғылары үшін жеке шоғырсымды желілер
қарастыру керек. Әртүлі жолдарға жататын көмекші тізбектерді бір шоғырсымда
біріктіруге рұқсат етіледі.
Шоғырсым желісінде реттеу жұмыстарын жүргізу және қажетті жағдайда қор
мақсатында пайдалану үшін әрбір сигнал нүктесіне шығатын бір бос шоғырсым жұбын
қарастыру қажет.
16.36 ПҚАТ аппараттарында енгізу-тарату панельдерін қарастыру керек, олар:
- айнымалы электр тоғының үш қуат беру желілісінің немесе айнымалы электр
тоғының екі қуат беру желілісінің және үздіксіз қуат көзінің қосылуын;
- күштер бойынша электр қуатын таратуды;
- қуаттандырылатын желілердің автоматты және қолмен қосылуы;
- қауат беру желілерінде кернеудің жоқтығы туралы жарық және дыбыстық сигнал
беруді;
- қуат беру желілерінде электр кернеуін және тоқ күшін өлшеуді;
- аккумулятор батареяларын буфер сызбасы бойынша қосуды, оны аздап зарядқа
беруді және зарядтауды;
- жеке тізбектер мен қондырғылардың қуат көзінің қорын қамтамасыз етуі тиіс.
16.37 Аппарат жайларының сыртына шығатын желілерде әрбір тізбекте екі полюсті
ажыратуды қарастыру қажет.
16.38 Электр қуат көзінің барлық түрін ажырату үшін, ПҚАТ аппаратының қасында
жеке жайда орналастырылатын арнайы электр қалқан қарастыру керек.
Жеке электр қалқан бөлмесінде енгізу-тарату панелін орналастыру кезінде, қуат
көзін ажыратудың аталғанқалқанын пайдалануға рұқсат етілмейді.
17 БАЙЛАНЫС, ЭЛЕКТР САҒАТТАРЫ
17.1 Пойыздар қозғалысын ұйымдастыру және метрополитеннің барлық
объектілерінің жұмысын үйлестіру үшін:
- пойыздағы, электрмен қамтамасыз ету, электромеханикалық және эскалаторлық
диспетчерлік байланысты;
- пойыздың радиобайланысын;
- туннельдегі байланысты;
- оперативті байланысты;
- әкімшілік-өндіріс байланысын;
- дыбыстық жазу қондырғысын;
- жолдың диспетчерлік пунктінде диспетчерлер арасындағы байланысты;
-қызметтік байланыстарды; ПҚАТ электромеханикасын, электрмен жабдықтау
электромеханикасы,
электромеханикалық
қызметтің
электромеханикасын,
эскалаторлардың электромеханикасын, желілік-жол байланысын, құқықтық тәртіп
күзетінің, өртке қарсы қызметтің байланысын;
128
содержание .. 1 2 3 4 ..
|
||
|
|
|