Главная Учебники - Разные СП РК 3.05-103-2014. ТЕХНОЛОГИЧЕСКОЕ ОБОРУДОВАНИЕ И ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ ТРУБОПРОВОДЫ
поиск по сайту правообладателям
|
|
|
содержание .. 1 2 ..
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ
Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚ ЖӘНЕ
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰБЫР ЖОЛДАРЫ
ТЕХНОЛОГИЧЕСКОЕ ОБОРУДОВАНИЕ И
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ ТРУБОПРОВОДЫ
СП РК 3.05-103-2014
Ресми басылым
Издание официальное
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер
ресурстарын басқару комитеті
Комитет по делам строительства, жилищно-коммунального
хозяйства и управления земельными ресурсам Министерства
национальной экономики Республики Казахстан
Астана 2015
СП РК 3.05-103-2014
АЛҒЫ СӨЗ
1 ӘЗІРЛЕГЕН:
«ҚазҚСҒЗИ» АҚ, "Астана Строй консалтинг" ЖШС
2 ҰСЫНҒАН:
Қазақстан
Республикасы
Ұлттық
экономика
министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару
комитеті
3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
ҚОЛДАНЫСҚА
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
ЕНГІЗІЛГЕН:
және жер ресурстарын басқару комитетінің
2014 жылғы 29-желтоқсандағы № 156-НҚ бұйрығымен
2015 жылғы 1-шілдеден бастап
ПРЕДИСЛОВИЕ
1 РАЗРАБОТАН:
АО «КазНИИСА», ТОО "Астана Строй консалтинг"
2 ПРЕДСТАВЛЕН:
Комитетом по делам строительства, жилищно-
коммунального хозяйства и управления земельными
ресурсам Министерства национальной экономики
Республики Казахстан
3 УТВЕРЖДЕН И
Приказом Комитета по делам строительства, жилищно-
ВВЕДЕН В
коммунального хозяйства и управления земельными
ДЕЙСТВИЕ:
ресурсам Министерства национальной экономики
Республики Казахстан от «29» декабря 2014 года
№ 156-НҚ с 1 июля 2015 года
Осы мемлекеттік нормативті Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы
және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатысыз ресми
басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично
воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без
разрешения уполномоченного государственного органа по делам архитектуры,
градостроительства и строительства Республики Казахстан
II
МАЗМҦНЫ
КІРІСПЕ ««««««««««««««««««««««««««««««««.
IV
1
ҚОЛДАНУ САЛАСЫ«««««««««««««««««««««««««
1
2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР««««««««««««««««««««.
1
3
ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР ««««««««««««««««..
3
4
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР «««««««««««««««««««««««
4
5
ҚҦРАСТЫРУ ЖҦМЫСТАРЫН ЖАСАУҒА ДАЙЫНДЫҚ ««««««
9
5.1 Жалпы талаптар ««««««««««««««««««««««««
9
5.2 Жабдықтарды,
бұйымдарды және материалдарды құрастыруға
беру««««««««««««««««««««««««««««««..
11
5.3 Ғимараттарды, құрылыстар мен іргетастарды құрастыруға қабылдау
13
5.4 Құбырлардың құрастырылатын бірліктерін дайындау
14
5.5 Технологиялық блоктар мен байланыс блоктарының құрастырылуы«««...
15
5.6 Технологиялық құбырлар мен технологиялық жабдықтардың пайдалану
қасиеттерін арттыру «««««««««««««««««
16
6
ҚҦРАСТЫРУ ЖҦМЫСТАРЫН ЖАСАУ ««««««««««««««««
22
6.1 Жалпы талаптар «««««««««««««««««««««««««..
22
6.2 Жабдықты құрастыру «««««««««««««««««««««««.
23
6.3 Құбырларды құрастыру ««««««««««««««««««««««..
24
7
ҚҦБЫРЛАРДЫҢ ДӘНЕКЕРЛЕНГЕН ЖӘНЕ БАСҚА АЖЫРАМАЙТЫН
ҚҦРАМАЛАРЫ «««««««««««««««««««««.«..««.««.
28
7.1 Жалпы талаптар ««««««««««««««««««««..«««
28
7.2 Болаттан жасалған құбырлардың жалғану сапасын бақылау ««.«
32
7.3 Түсті металдар мен қосындылардан жасалған құбырлар қосылыстары
сапасын тексеру
37
7.4 Пластмасса құбырлардың қосылыстарының сапасын тексеру ««««««.
37
8
МОНТАЖДАЛҒАН ЖАБДЫҚТАР МЕН ҚҦБЫРЛАРҒА ДЕРБЕС СЫНАҚ
ЖҤРГІЗУ ««««««««««««««««««««««««««««««.
39
9
ЭНЕРГИЯНЫ ЖӘНЕ ҚОРДЫ ЖИНАҚТАУ ««««««««««««««..
44
9.1 Құбырлардың энергетикалық тиімділігі «««««««««««««««..
44
9.2 Табиғи қорларды тиімді пайдалану «««««««««««««««««..
44
10 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ««««««««««««««««««
44
А Қосымшасы
(міндетті) Іске қосу-жөндеу жҧмыстарын жасау тәртібі
46
Б Қосымшасы
(міндетті) Жылу электр станцияларын іске қосу және
жөндеуді жҥргізу тәртібі«««««««««««««««««..
48
В Қосымшасы
(міндетті) Жабдықтар мен қҧбырларды қҧрастыру кезінде
ресімделетін өндірістік қҧжаттар
50
Г Қосымшасы
(міндетті) Болат қҧбырлардың пісірілген нҧсқаларын
механикалық сынау«««««««««««««««««««..
53
Д Қосымшасы
(міндетті) Болат қҧбырлардың пісірілген қосылыстар
сапасының жиынтық балын радиокескіндемелік бақылау
нәтижелері бойынша анықтау контроля««««««««««.
54
КІТАПНАМА
58
III
КІРІСПЕ
Осы ҚР ЕЖ X.XX-XX-20XX «Технологиялық жабдық және технологиялық құбыр
жолдары» Параметрлік тәсілдің нормалауын енгізуінің есебімен құрылыс ортаның
нормативті базаның реформалауының шегінде зерттеу. Ережелер жинағы жобалау,
құрылыс және технологиялық жабдық және технологиялық құбыр жолдары үшін тиімді
шешімдерді тағайындайды.
ҚР ЕЖ X.XX-XX-20XX
«Технологиялық жабдық және технологиялық құбыр
жолдары» зерттеу кезінде жаңа технология және ғылым, жобалау, құрылыс,
технологиялық жабдық және технологиялық құбыр жолдарын құрастыруы бойынша
шетел елдерден озық тәжірибелері, Қазақстан Республикасының күші бар нормативті
құжаттарыдың тәжірибе қолданысы есепке алынған.
IV
СП РК 3.05-103-2014
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
ҚҦБЫР ЖОЛДАРЫ
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ ОБОРУДОВАНИЯ И ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ
ТРУБОПРОВОДЫ
Енгізу уақыты - 2015-07-01
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1.1 Бұл ережелер жинағын технологиялық жабдықтар мен технологиялық
құбырларды жобалау, жасау және құрастыру жұмыстарын қабылдау кезінде (әрі қарай,
0,001 МПа (0,01 кгс/см2) ден 100 МПа қоса
(1000 кгс/см2)-ге дейінгі абсолютты қысым
кезіндегі бастапқы, аралық және соңғы ӛнімдерді алу, ӛңдеу және тасымалдау), сонымен
қатар жабдықтың жұмысына қажетті, жылу тасымалдағыштар, майлар және басқа заттар
үшін сақтау қажет.
1.2 Технологиялық құбырларға дайын түйіндерден құрастырылатын, айналма сумен
қамтамасыз ету құбырлары, агрессиялы ағындар кезіндегі ӛндіріс қалдықтары,
технологиялық үрдісті жүргізу мен жабдықты пайдалануды(бу, су, ауа, газдар, салқын
агенттер, қара май, майлар, эмульсиялар жән т.с.с.) қамтамасыз ететін, қосалқы
материалдар, дайын ӛнім, жартылай фабрикаттар, шикізатты осы кәсіпорындар топтары
мен ӛнеркәсіптік кәсіпорындар шегінде тасымалдауға арналған құбырлар жатады
1.3 Технологиялық құбырларға қалалар мен басқа елді мекендер аймақтарында
салынатын ӛртті, жылу беруді, кәріздің грессиялы емес ағындарының, нӛсер кәріздері,
мұнай ӛнімдері құбырлары сумен қамтамасыз ететін құбырлар, магистральды мұнай
құбырлары мен газ құбырлары жатпайды.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл ережелер жинағын қолдану үшін келесі сілтемелік нормативтік құжаттар қажет:
Қазақстан Республикасының
2001
жылдың
16-шілдесіндегі
«Қазақстан
Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі туралыª № 242-II заңы
( 03.07. 2013 ж. ӛзгерістер және толықтыруларымен).
Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 13-қаңтарындағы № 541-IV
«Энергия
үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралыª заңы ( 03.07.2013 ж. ӛзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 20 маусымындағы № 442-II Жер кодексі
( 04.07.2013 ж.ӛзгерістерімен және толықтыруларымен)
Ресми басылым
1
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 9-қаңтардағы
№ 212-III Экологиялық
Кодексі ( 03.07.2013 ж. ӛзгерістерімен және толықтыруларымен)
2010 жылдың 17-қарашасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен
бекітілген № 1202 «Ғимараттар мен құрылыстар, құрылыс материалдары мен бұйымдарª
Қазақстан Республикасының Техникалық Регламенті(23.07.2013 жылдағы ӛзгерістерімен).
ҚР ҚН 1.03-00-2011 «Құрылыс ӛндірісі. Құрылыс кәсіпорындарын, ғимараттарды
және құрылыстарды ұйымдастыруª
ҚР ҚН 5.01-30-2013 «Қозғалыс жүктемесі бар машиналардың іргетестарыª
ҚР ҚН 1.03-20-2013 «Құрылыстағы геодезиялық жұмыстарª
ҚР ҚН 4.04-20-2013 «Электротехникалық құрылғыларª
ҚР ҚН 2.01-06-2013 «Құрылыс конструкцияларын коррозиядан қорғауª
СН 550-82 «Пластмасса құбырлардан технологиялық құбырларды жобалау жӛніндегі
нұсқаулықª
ҚР ҚН 1.02-03-2011 «Құрылысқа жобалау құжаттамасының құрамы және дайындау,
келісу, бекіту тәртібіª
ВҚН 478-86 «Технологиялық жабдықты және технологиялық құбырларды құрастыру
жӛніндегі ӛндірістік құжаттамаª
ҚР ҚЕ
4.02-101-2002 «Жылу жүйелерін полимерлі металл құбырлармен жобалау
және құрастыруª
ҚР ҚБҚ
1.03-18-2013
«Геодезиялық қызмет және құрылыстағы геодезиялық
жұмыстарды ұйымдастыру туралы ережеª.
МСТ 24444-87 «Технологиялық жабдық. Монтажды технологиялықтың жалпы
талаптарыª
МСТ 24379.0-80* «Іргетас бұрандалары. Техникалық жағдайлар.ª
МСТ 24379.1-80 «Іргетас бұрандалары, Жалпы құрылым мен мӛлшеріª
МСТ 16037-80* «Дәкекерленген болат құбырларды біріктіру. Негізгі түрлері,
құрылымдық элементтер және мӛлшерлеріª
МСТ 22130-86 «Болат құбырлардың бӛлшектері. Жылжымалы тіреулер мен аспалар.
Техникалық жағдайларª
МСТ
6996-66*«Дәнекерлерген құрамалар. Механикалық қасиеттерін анықтау
әдістеріª
МСТ 3242-79 «Дәнекерленген ұүрамалар. Сапасын бақылау әдістеріª
МСТ 6032-89 «Коррозияға тӛзімді болаттар мен қорытпалар. Кристалл аралық
коррозияға қарсы тұрақтылықты анықтау әдістеріª
МСТ 6996-66*
«Дәнекерленген құрамалар. Механикалық қасиеттерін анықтау
әдістеріª
ЕСКЕРТПЕ Бұл ережелер жинағын пайдаланған кезде жыл сайын ағымдағы жылға
жасалатын «Қазақстан Республикасы аймағында әрекет ететін сәулет, қала құрылысы және
құрылыс саласындағы нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық тізімª, «Қазақстан
Респуб-ликасыныың стандарттау жӛніндегі нормативтік құжаттар кӛрсеткішіª және
«Мемлекетаралық нормативтік құжаттар кӛрсеткішіª ақпараттық сілтемелік құжаттардың
қолданылуы бойынша тексеру орынды. Егер сілтемелік құжат алмастырылса(ӛзгертілсе), онда
бұл нормативті пайдаланған кезде алмастырылған(ӛзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек.
2
Егер сілтемелік құжат алмастырылмай ӛзгертілсе, онда оған берілген сілтеме, осы сілтемеге
қатысы жоқ бӛлікте қолданылады.
3 ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР
Бұл ережелер жинағында сәйкес анықтамалардағы келесі терминдер қолданылады:
3.1 Қызмет жҧмыстарының жобасы(ЖӚЖ): Бұл жұмыс сапасын жақсарту және
еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, нысандар құрылысының ұзақтығын қысқарту, ӛзіндік
құны мен кӛп еңбек етуді азайтуға әсер ететін, құрылыс-құрастыру жұмыстарын орындау
мен дайындаудың анағұрлым тиімді әдістері белгіленген, нысанды салуды ұйымдастыру
мен технологиясы жӛніндегі техникалық құжат.
3.2 Полиэтилен: Шикізаты этилен болып табылатын, ақ түсті қатты материал.
3.3 Фторопластар: Фтордан жасалатын этилен қатарының барлық полимерлерінің
жиынтық техникалық атауы.
3.4 Желі: Тасымалданатын заттың тұрақты параметрлері бар құбыр телімі.
3.5 Торап: Мӛлшер мен кескіндер бойынша жобалау ережесіне орнатылуы мүмкін
құбыр желісінің бӛлігі.
3.6 Блок: Бір немесе бірнеше тораптардан, арматура мен құбырлар кесінділерінен
тұратын, ажырайтын және ажырамайтын құрамалардан жинақталған құбыр желісінің
бӛлігі.
3.7 Шыбыртқы: Құбырды құрастыру орнында ӛзара дәнекерленген бірнеше
бӛлімше.
3.8 Секция: Кӛлік ауқымдылығымен шектелген, бірдей диаметрлі бірнеше
құбырдан тұратын тік желілі құрастыру бірлігі.
3.9 Пісіру: Дәнекерленген бӛліктер арасындағы молекула аралық қатынас арқылы
конструкция элементтерінің ажыратылмайтын құрамаларын алудың технологиялық
үрдісі.
3.10 Тҥйістіре пісіру: Жапсарланатын кесіктердің беті бойынша жүргізілетін
дәнекерленетін бӛліктер құрамаларын, басым қорытпаларымен жылумен түйістіріп
дәнекерлеу.
3.11 Шашыранды пісіру: Құбырлар мен бӛлшектердің бір бӛлшегінің қорытылған
ұшын, екіншісінің қорытылған ұшына енгізіп дәнекерлеу.
3.12 Айқастыра пісіру: Дәнекерленетін бӛлшектер беттерінің жиектері бір-бірін
жауып тұратын, бір жақты немесе екі жақты дәнекерлеу.
3.13 Саңылау: Дәнекерлеуге жинақталған, дәнекерленетін бӛлшек беттері
аралығындағы қашықтық.
3.14 Псіру кернеуі: Дәнекерлеу үрдісінен туындайтын, дәнекерлеу құрамасының
меншікті кернеуі.
3.15 Жҧмыс қысымы (
): Арматура мен құбырлардың бӛлшектерін пайдалануға
берілген режим қамтамасыз етілетін ең кӛп артық қысым.
3.16 Шартты қысым (
):
20°С температураға сәйкес, олардың тӛзімділігінің
нақты материалдары мен сипаттамаларының тӛзімділігі есебіне негізделген, берілген
мӛлшерлері бар, арматура мен құбыр бӛлшектерінің ұзақ жұмысы кезінде рұқсат етілетін,
20°С ортадағы температура кезіндегі ең кӛп артық қысым .
3
3.17 Сыналатын қысым (
): Арматура мен бӛлшектердің 70°С-дан артық және
5-тен кем емес температурада немесе нормативтік-техникалық құжатта кӛрсетілген басқа
температурадығы суға беріктігі мен тығыздығына жүргізілетін гидравликалық сынақтың
артық қысымы.
3.18 Шартты ӛткел(
):
(: Қосылатын құбырдың ішкі номинальды диаметрі.
3.19 Беріктікті сынау: Сынақ кезінде құбыр жүйесінде жұмыс қысымынан
сұйықтықтың қысымы пайда болуынан тұрады. Құбырдың материалында жоғары
кернеулер туындайды да, ақау болған кезде осы ақаулар орналасқан жерде шоғырланады
да, құрылымның зақымдалған бӛлігін бұзады.
3.20 Тығыздықты сынау: Құбырда сұйықтықтың жұмыс қысымы пайда болған
кезде, жүйенің тығыз еместігін анықтау мақсатында тексеру жүргізіледі.
3.21 Герметикалық сынау: Ауамен немесе инертті газбен сыналатын құбырда
жұмыс қысымы пайда болатындықтан, құбыр тұйықтандырылады және осы қысымда 24
сағаттан кем емес уақыт ұсталады. Құбырдың герметикалығын қысымның түсу кӛлемі
бойынша бағалайды.Бұл сынақ жүйедегі тығыздықтың шамалы ған аздығын анықтауға
мүмкіндік береді.
3.22 Инженерлік желілер: Елді мекен аймақтарында, сонымен қатар
ғимараттарда(құрылыстарда) салынатын түрлі мақсаттағы(су құбыры, кәріз, газ, жылу
жүйесі,байланыс және басқалар) құбырлар мен сым желілер.
4 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
4.1 Жабдық пен құбырларды құрастыру жӛніндегі жұмыстар ӛнідірісін бекітілген
жобаға сәйкес орындау қажет. Жұмыстар ӛндірісін ұйымдастыру құрылыс ӛндірісінің
ұйымы арқылы ҚР ҚН 1.03-00-2011 талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.Құрылыс-
құрастыру жұмыстары ӛндірісі кезінде ҚР ҚНжЕ 1.03-05-2001 еңбекті қорғау мен еңбек
қауіпсіздігі талаптарын және Қазақстан Республикасының
«Ғимараттар мен
құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын
талаптарª техникалық регламентін басшылыққа алу керек.
4.2 Жабдық пен құбырларды құрастыру бойынша жұмыстар ҚР ҚНжЕ 1.03-05-2001
талаптарына сай дайындалатын және бекітілетін, бекітілген жобалау-сметалық
құжаттамасына және қызмет құжаттарына сәйкес жүргізілуі тиіс.
Жекеленген жабдықтарды орнату, олардың жеке кезектерінің, технологиялық
кешендерінің, ӛнеркәсіп кәсіпорындарының құрылысы, қайта құрылымдары мен
техникалық қайта жарақтандыру кезіндегі технологиялық құбырлар мен технологиялық
жабдықтарды құрастыру кезінде, ҚР ҚН 1.03-00-2011 талаптарына сәйкес, жұмыстарды
ӛндіру жобаларын( әрі қарай ЖӚЖ) дайындаудың, құрамының және мазмұнының тәртібі
белгіленеді.
ЖӚЖ құрастыру ұйымының немесе министрліктің бас жобалау ұйымының
тапсырыстары бойынша, салушының қайта құрылымдауға және техникалық қайта
жарақтандыруға жататын ерекше күрделі, ірі, техникалық күрделі нысандарына
мамандандырылған жобалау ұйымдарын дайындайды.
4
ЖӚЖ дайындау үшін тапсырыс беруші жобалау ұйымына бастапқы жобалау-
сметалық және конструкторлық құжаттаманы келісілген тізімдеме бойынша береді. ЖӚЖ
дайындау үрдісінде тапсырыс берушімен келісім бойынша құрастыру жұмыстарының
технологиясы мен ұйымдастыру жӛніндегі оңтайлы шешімдерді таңдаукезінде, ӛзгерістер
мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, ал қажет болған жағдайда ЖӚЖ дайындаудың құны
мен мерзімдерін түзету жүргізіледі.
ЖӚЖ құрамына нысандарды кезек бойынша салған кезде бірінші кезекте алғашқы
және келесі кезектерді және нысанды тұтастай салудың технологиялық жүйелілігіне
сәйкес құрылыс кезіндегі құрастыру жұмыстарын жүзеге асыруды ескеру керекҚұрастыру
жұмыстарының ерекше жағдайларында тапсырмада ЖӚЖ құрамына қосымша бӛлімдерді
жасау қажеттілігі қарастырылуы мүмкін.
Жабдық пен құбырларды құрастыру ЖӚЖ талаптарын және дайындаушы-
кәсіпорындар құжаттамаларын есепке ала отырып орындалады. Шетелде ӛндірілген
материалдарды, бұйымдарды пайдаланған кезде, олар Қазақстан Республикасының
нормативтік базасының талаптарына сәйкес болуы керек немесе зертханалық сынақтар
мен сертификациялаудан ӛткізілуі тиіс.
Құрылыс-құрастыру жұмыстарын орындау кезінде жобаға ӛзгерістер енгізу қажет
болған жағдайда, бұл ӛзгерістер белгіленген тәртіпте жобаны дайындаушымен келісілуі
тиіс және жобаға енгізілуі керек.
Жұмыстарды дайындау кезінде жоба дайындаушының ӛкілі бас мердігер немесе
қосалқы мердігерлік құрастыру ұйымдары орындайтын жұмыстардың орындалуы мен
сапасына авторлық бақылауды жүзеге асырады
[4].Жаңа инновациялық жабдықты
құрастыру кезінде бақылауды дайындаушылар, ғылыми-зерттеу институттарының
ӛкілдері орындай алады. Жекеленген жағдайларда күрделі жабдықты құрастыруға тікелей
оны дайындаушы тартылады, ал қосалқы жұмыстарды бас мердігер орындайды.
Импорттық жабдықты құрастыру кезінде дайындаушыы-кәсіпорынның тауарлық
ілесспе құжаттамасының құрамында оның Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіліне
түп нұсқасымен бірдей аудармасы болуы тиіс, сонымен қатар егер бұл жабдық тау
техникалық бақылау аймақтарындағы қауіптілігі жоғары болса, қабылдау сынақтарына
рұқсат алынуы тиіс.
4.3 ЖӚЖ құрамы нысанның түріне, оның ССТ 36-143-88 бойынша күрделілігі мен
жұмысының қиындылығына байланысты қабылданады.
ЖӚЖ құрамында дайындалатын құжаттар мен басқа материалдар тізбесі:
титул парағы;
құжаттар тізімі;
түсіндірме жазбахат;
монтаждық құрылыс бас жоспары;
құрастыру жұмыстары ӛндірісінің күнтізбелік жоспары;
жабдықты, құрылғыны және құбырларды, сонымен қатар жиынтық блоктарды
беру кестесі;
негізгі тетіктердің қозғалу кестесі;
жұмысшы мамандардың қозғалыс кестесі;
жабдықты құрастыру жӛніндегі нұсқаулар;
5
жабдықты, құрылғыны, жиынтық блоктарды құрастыру сызбалары;
жабдықты құрастырудың технологиялық карталары;
құрастыру құрылғыларының, жеке дайындау құралдары мен жарақтарының
жұмыс сызбалары;
құбырларды құрастыру бойынша нұсқаулар;
құбырларды(сонымен бірге тіреу құрылғыларды) құрастыру сызбалары;
құбырларды құрастырудың технологиялық карталары;
дәнекерлеу жұмыстарын жасау бойынша нұсқаулар;
құбырлар желісінің дәнекерленген құрамалары бойынша негізгі деректер;
дәнекерлеу жұмыстары бойынша тізімдер (дәнекерленген құрамаларды жылумен
ӛңдеу және сапасын бақылау, дәнекерлеу бойынша жұмыс кӛлемдері);
металл және металл емес құбырлардың құрамаларын дәнекерлеудің
технологиялық карталары;
құрастыру жұмыстары кӛлемінің тізімі
(технологиялық тораптар, цехтар,
қондырғылар бойынша);
құрастыру құралдары мен аспаптарының тізімі;
материалдар мен сатып алынатын материалдар тізімі;
уақытша қоректендіретін электр желілерінің сызбасы.
Жұмыстарды орындауға қажетті, құрамындағы ақпарат кӛлемінің жеткіліктілігін
сақтау жағдайындағы, осы стандартта қарастырылғаннан ерекшелінуі мүмкін әзірлемесін
автоматтандыру кезінде, сонымен бірге тапсырыс берушінің келісілген, ЖӚЖ-ға кіретін
құжаттамалардың саны, түрі және құрамы, ЖӚЖ немесе оның жекеленген бӛлімдері
электронды таратушымен берілуі мүмкін.
ЖӚЖ тапсырмасына сәйкес, құрастыру ұйымында жиналатын жиынтық блоктарды
қолдану қарастырылған нысандар үшін, жұмыстарды ұйымдастыру бойынша шешімдер ,
технологиялық карталар мен блоктарды құрастыру сызбалары жасалады.
4.4 Жабдық пен құбырларды құрастыру құрылыс жұмыстары ӛндірісінің тасқынды
ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
ЕСКЕРТПЕ 1 Тораптық әдіс дегеніміз- құрылылыс-құрастыру жұмыстарын механизмдер
мен қондырғыларды, агрегаттарды кешенді сынау мен жеке сынақтар, қосып- реттеу жұмыстарын
жүргізу, нысанның тұтастай дайындығына қарамастан, аяқтағаннан кейін құрылыс-құрастыру
жұмыстарын автономды түрде жүргізуге мүмкіндік беретін техникалық дайындығы, құрылыстың
конструктивтік және технологиялық жекеленген бӛліктерінің -технологиялық тораптармен ӛзара
қиыстыра қосылған кешенін бӛлу арқылы ұйымдастыру.
ЕСКЕРТПЕ 2 Кешенді-блок әдісі дегеніміз-жабдықтар мен құбырларды құрастыруды
құрылыс алаңының жұмыстарын блокті құрылғылар жиынтығы түріндегі құрылыстарға жеткізуді
ұйымдастыру, жабдықтарды блоктарға агрегациялап, ӛнеркәсіп ӛндірісі жағдайында құрылыс
алаңындағы жұмыстарды, құбырлар мен құрылымдарды жеткізіп беруші-кәсіпорындарда құрылыс
индустриясының жинау-құрастыру кәсіпорындары мен құрылыс құрастыру ұйымдарына барынша
кӛшіріп ұйымдастыру.
6
4.5 ЖӚЖ құрамындағы мамандандырылған жобалау ұйымы берген құжаттамада,
нысанның күрделілігіне, ауқымдылығына және құрастыру жұмыстарының кӛлеміне
байланысты мыналар қарастырылуы мүмкін:
а) құрастыру жұмыстарын жүзеге асыратын жоғарыда тұрған тапсырыс беруші мен
мердігерлік ұйымдармен бекітілген немесе ӛзара келісілген, оның номенклатура мен
техникалық талаптар негізіндегі құрамдас бӛліктерін, агрегацияланған технологиялық
блоктар мен байланыс блоктарын қолдану;
б) құрылыс нысанын құрастыру жұмыстарын жүзеге асыратын тапсырыс беруші
және мердігермен келісім бойынша, жобалау ұйымы белгілейтін технологиялық
тораптарға, құрамға және шекараға бӛлу;
в) бұрылыс әдісімен құрастыруға арналған тірек құрылыс құрылымдарындағы
қабырғалары мен жабындарындағы және топсалық құрылғылардағы монтаждық ойықтар
қажетті жағдайларда жасап, жиналған түрде, соынмен қатар құрастыру үрдісінде
туындайтын, қажет болған жағдайда қосымша уақытша жүктемелерді қабылдауға
арналған құрылыс құрылымдарын күшейту арқылы құрастыру орнына технологиялық
блоктар мен байланыс блоктарын беру мүмкіндігі; ауыр салмақты және ірі ауқымды
жабдықты, сонымен бірге жүк кӛтергіштігі үлкен крандарды тасымалдауға арналған
тұрақты немесе уақытша жолдар;
г) жабдықты құрастыруға арналған ішкі геодезиялық бӛлу жұмыстарын жасау және
геодезиялық бӛлу жұмыстарын орындау дәлдәгән есептеуге арналған рұқсат жӛніндегі
деректер.
Аталған құжат немесе оның бір бӛлігі ЖӚЖ құрамында болуы мүмкін, немесе, тиісті
лицензиясы болған жағдайда, тапсырыс берушінің келісімі бойынша, құрастыру ұйымы
ӛздігінен жасай алады.
4.6 Технологиялық жүйелерге конструкторлық және техникалық жүйелер бойынша
жобалық құжаттаманы келісімшарт бойынша жұмыстар басталғанға дейін 30 күннен
кешіктірілмей бас мердігер құрастыру ұйымына береді. Құжаттама құрамына мыналар
енуі тиіс:
қызмет кӛрсететін және қолданыстағы жүйелермен монтаждалатын жүйе
байланысының сызбалары мен принциптік сызбалары; жабдық құрылғысының сызбалары
мен монтаждық сызбалары; тораптар мен бӛлшектердің сызбалары;
жүйені дайындауға, сынауға және қабылдауға техникалық жағдайлар;
құрастыруға техникалық сипаттамалар және техникалық жағдайлар; жүйені
пайдалану жӛніндегі нұсқаулар;
қосу реттеу жұмыстарының және автономды сынақтардың бағдарламасы мен
әдістері;
монтаждық ұйымдардың күшімен дайындау кезіндегі, жабдықтар мен
материалдарға тапсырылған ерекшеліктер; типтік емес элементтердің, тораптардың,
құрылғылар мен стандартты емес жабдықтың сызбалары.
4.7
Бас мердігер монтаждық ұйымды ғимараттар мен құрылыстардың
конструкциялық шешімдеріне, сонымен қатар жиынтық-блоктық және мүмкін болуы
анықталған және тораптық әдістермен жасалатын негізгі жағдайлардағы технологиялық
жинақталуларға, құрылыс ұйымының жобасы бойынша қорытындыны қарастыруға және
7
құрастыруға монтаждық ұйымды тартуы тиіс. Монтаждық ұйым жобаны қарастыруға
және ол бойынша қорытынды жасауға қатысуға құқылы.
4.8 Құрастыру ұйыидары жасауға жататын, блоктар ерекшелігіне енгізілген,
машиналарды, аппараттарды, арматураларды, құрылымдарды, бұйымдар мен
материалдарды бірінші кезекте жеткізу қарастырылуы тиіс, құрастыру ұйымымен
келісілген, график бойынша жүзеге асырылуы тиіс, іріктеп жиналатын бұйымдар мен
материалдарды құрастыруға арнлған жабдықтарды, құбырларды жеткізу.Құрылыс
алаңына түсетін аппараттар, машиналар, материалдар, бұйымдардың сапасын бақылау
керек.
4.9 Құрылыс алаңындағы мердігерлік құрылыс-құрастыру ұйымы құрылыстардағы
ӛнімдердің, материалдар мен құрылымдардың кіруін бақылауды жүзеге асыруы керек
және түсетін материалдардың жиынтықталуының, нормативтік талаптарға сәйкестігінің
тексеру нәтижелерінің жазбасын жүргізу. Сонымен бірге жобалық және ілеспе
құжаттамаларды тексеру қажет. Кіруді бақылауды арнайы телімде, қажетті құралдар мен
жабдықтарды пайдалану арқылы жүргізеді. Нормативтік әдістерден бӛлек сынақ әдістері,
жабыдықтаушымен немесе тапсырыс берушімен келісіліп жасалады
Бақылаудың бұл түрін инженерлік-техникалық қызметкерлер, прорабтар, шеберлер,
бригадирлер, қоймашылар жүзеге асырады. Ірі құрылыстарда құрылыс бұйымдары мен
материалдарды сынауға арналған арнайы жабдықталған зертханалар жасалуы мүмкін.
4.10 Тапсырыс беруші құрылыс нысанында Ӛнімді қабылдауды бақылау журналын
жүргізу керек, оның ішіне: ӛнімнің түсу уақыты, жазба нӛмірі, ӛнімнің атауы, ілеспе
құжаттың таңбасы, құжыттың нӛмірі, ӛнімнің дайындалуының НТҚ (ТЖ, стандарттары)
белгісі,тексерілген ӛнімнің сапасы, жарамсыз ӛнімнің саны(сонымен бірге
жинақталмаған), қабылдау түрі(сынау), күні, талаптары бұзылған ӛнімдердің бұзылу
сипаты мен нормативтік-техникалық құжаттардың тармағының нӛмірі, тауар сапасы
жӛніндегі шағымды жабу бойынша іс-шаралар, ескертулер енгізіледі.
4.11 Осы ережелердің 8-бӛліміне сәйкес орындалған және жабдықтың қабылдау
актісінің жұмыс комиссиясы қол қойған жеке сынақтардың аяқталуын, жабдықтар мен
құбырларды құрастыру жӛніндегі жұмыстардың аяқталуы деп есептеуге болады.
Құрастыру ұйымы құрастыру бойынша жұмыстарды аяқтағаннан кейін, яғни,
кешенді сыннан ӛткізетін жабдықтар мен құбырлардың жеке сынақтары мен қабылдауы
аяқталғанынан кейін, тапсырыс беруші міндетті А және Б Қосымшаларына сәйкес
жабдықтың кешенді сынақтан ӛткізілуін жүргізеді
4.12 Жабдық пен құбырларды құрастыру үрдісінде құрылыстың әрбір нысанында
түрлері мен мазмұны міндетті, формалары ведомствалық нормативтік құжаттармен
тағайындалатын, В Қосымшасына сәйкес ӛндірістік құжаттаманы рәсімдеуге тиіс және
құрылыс ӛндірісін ұйымдастыру жӛніндегі ҚР ҚН 1.03-00 сәйкес жұмыс ӛндірісінің
арнайы және жалпы журналдарын жүргізуі керек.
5 ҚҦРАСТЫРУ ЖҦМЫСТАРЫН ЖАСАУҒА ДАЙЫНДЫҚ
5.1 Жалпы талаптар
8
5.1.1 Жабдықтар мен құбырларды құрастырудың алдында осы ЕЖ мен құрылыс
ӛндірісін ұйымдастыру жӛніндегі ҚР ҚН
1.03-00 сәйкес дайындық болуы тиіс.
Құрылысты ұйымдастыру жобасын
(ҚҰЖ) жобаның құрамындағы жобалау ұйымы
жасайды және бас мердігерлік ұйыммен, тапсырыс берушімен келісіледі. ҚҰЖ бойынша
шығындарды жобалау ұйымы нысан бойынша жинақ сметалық есептің құрамына
енгізеді.
5.1.2 ҚҰЖ құрамы мен мазмұны жоспарланатын нысандардың күрделілігі мен
ерекшелігіне, қосалқы құрылыстар, құрылғылар мен қондырғыларға, кейбір жұмыс
түрлерінің ерекшеліктеріне, сонымен бірге құрылыс алаңдарына материалдарды,
құрылғыларды және жабдықтарды жеткізу жағдайларына байланысты ӛзгеруі мүмкін.
5.1.3 Күрделі емес нысандарға ҚҰЖ қысқартылған кӛлемде жасау керек. Ол
құрылыстың күнтізбелік жоспарынан; бас құрылыс жоспарынан; ҚМЖ кӛлемдері туралы
деректер мен құрылыстың негізгі материалдар, бұйымдар мен жабдықтар құрылымдарына
қажетіліктерінен; құрылыс машиналары мен кӛлік құралдарына қажеттілік кестесінен;
ішінде еңбекті қорғау шаралары бар, қысқаша түсіндірме жазбадан; техникалық-
экономикалық кӛрсеткіштерден тұрады. Бірегей технологиялық жабдық, принциптік
жаңа технология алғашқы рет қолданылатын күрделі нысандар, соеымен бірге ерекше
күрделі жағдайларда құрылысы салынатын ғимараттарға, ҚҰЖ құрамына ең маңыздысы
кешенді ірілендірген желілік кесте (ІЖК) болып табылатын, бірнеше қосымша құжаттар
енгізіледі.
5.1.4 Жалпы ұйымдастыру-техникалық дайындық кезінде тапсырыс берушімен
белгіленуі және бас мердігер және құрастыру ұйымымен келісілуі тиіс:
а) технологиялық желіге, технологиялық торапқа, технологиялық блокқа жабдық
жиынтықтарын жеткізуді қарастыратын, тапсырыс берушінің
жабдықтар мен
материалдарды жеткізу нысанын жасақтау жағдайлары;
б) жабдықтар, бұйымдар мен материалдарды құрастыру ретін, сонымен бірге арнайы
бірге жүретін құрылыс және қосу-реттеу жұмыстарының жасалуын ескеріп жеткізудің
мерзімін белігілейтін кестелер;
в) МСТ 24444 талаптарын есепке алатын және құрастыруға жататын, жабдықтың
жеткізілуіне құрастыру-технологиялық талаптарды анықтайтын жабдықтың зауыттық
дайындығының деңгейі;
г) дайындаушы-кәсіпорындардың бас құрастыру қызметкерлерін тарту арқылы
монтаждалатын жабдықтар тізімі;
д) ірі ауқымды және салмағы ауқымды жабдықты құрастыру орнына тасымалдау
жағдайлары.
5.1.5 Құрастыру ұйымын жұмыстар жасауға дайындау кезінде мыналар болуы тиіс:
жабдықтар мен құбырлар құрастыру бойынша ЖӚЖ бекітіліуі тиіс;
жабдықтар, технологиялық блоктар және коммуникацияларды ірілендіріп
жинауға арналған алаңдарды дайындау жұмыстары орындалуы тиіс;
ЖӚЖ қарастырған санитарлық-тұрмыстық және ӛндірістік құрылыстар,
жабдықты құрастыру және жеке сынауға арналып, дайындалған құрылғылар, кӛліктер,
жүк кӛтергіш құралдар;
9
Еңбекті қорғау, ӛрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бойынша
орындалған іс-шаралар.
5.1.6 Құрастыру жұмыстары ӛндірісін дайындау кестеге сәйкес жүзеге асырылуы
тиіс және оған: тапсырыс берушінің жабдықты,бұйымдарды және материалдарды
құрастыруға беруі; жабдықтар мен құбырларды құрастыруда ӛндірістік ғимараттарды,
құрыстар мен іргетастарды бас мердігерден құрастыру ұйымның қабылдап алуы;
құбырлар мен құрылғыларды дайындау; жабдықтың технологиялық блоктары, байланыс
блоктары мен ірілендіріліп жиналуы; жабдықтардың, құбырлардың және құрылғылардың
жұмыс аймағына жеткізілуі енгізілуі тиіс.
5.1.7 Жабдықты бас құрастыруға кеісімшартты(тікелей келісім) жасаған кезде,
тапсырыс беруші және жабдықтаушы-кәсіпорын арасындағы келісімге бас құрастыру
жұмыстары орындалуының күнтізбелік жоспары қоса беріледі. Жабдықты құрастыру баға
кӛрсеткіштерімен қарастырылған жабдықтың түрлерін құрастыру кезінде, сонымен қатар
бас құрастырусыз жеткізілетін жабдықтың қалыпты жұмысы мен жинаудың дұрыстығына
дайындаушы-фирма кепілдік бермесе, баға кӛрсеткіші қарастырылмаған, жетілдірілген
және жаңа түрдегі жабдықты құрастыру кезінде бас құрастыру орындалуы тиіс.
Бас құрастыру қызметкерлері зауыт жеткізіп берген жабдық жӛніндегі барлық
техникалық мәселелерді сол жерде шешеді, келісіммен белгіленген және тапсырыс
берушінің келесі нақтыланған мерзімінде нысанға келуге тиісті, құрастыру ұйымы
ӛндірісінің дұрыстығына мамандандырылған техникалық бақылаумен қамтамасыз етуге
және құрастыру ұйымымен бірге жұмыстардың сапасына жауапты болуы керек.
Жабдықты құрастыру саласындағы бас құрастыру қызметкерлерінің барлық нұсқауларын
құрастырушылар орындайды.
5.1.8 Құрылыс нысанында жабдықты монтажадау сапасын қамтамасыз ету үшін,
сапа бақылауының барлық түрлерін қарастыру керек.Құрылыстың сапасының сыртқы
бақылауын мемлекеттіңк және ведомствалық бақылау органдары жүзеге асырады.
Тапсырыс беруші- жұмыс сапасының техникалық бақылауын орындайды, орындалған
жұмыстардың кӛлемін тексереді(мамандарды тарту арқылы), жұмыс мерзімін
қадағалайды және құрылыстың аяқталған нысандарын қабылдауға қатысады.
Мемлекеттік сәулет-құрылысын бақылау органдары жұмыстарды орындауға рұқсат
береді, телім құрылысының дұрыстығын және қолданыстағы техникалық ережелердің
сақталуын бақылайды. Авторлық қадағалау (әдетте бас жобалау ұйымының ӛкілі) жобалау
шешімдерінің орындалған жұмыстардың, сонымен бірге құрылыс-құрастыру
жұмыстарының сапасына сәйкестігін бақылайды.Ӛрт инспекциясы құрылыстың және
нысанды пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, ӛртке қарсы жобаланған
шаралардың орындалуын бақылайды. Санитарлық инспекция құрылыс алаңындағы
санитария мен гигиена ережелерін сақтауды және қоршаған ортаны қорғау жӛніндегі
шаралардың уақытылы орындалуын қадағалайды (мысалы, тазалау құрылғыларының
құрылысы). Мемлекеттік тау-кен-техникалық қадағалау жоғары қысымды ыдыстарды,
кӛтергіш-кӛлік машиналарын пайдаланудың техникалық жағдайы мен қауіпсіздігін
бақылайды. Кәсіподақ кеңесінің техникалық инспекциясы еңбекті қорғау, қауіпсіздік
техникасы, еңбекті қорғау және еңбек заңнамасы ережелерінің орындалуын бақылауды
жүзеге асырады.
10
5.1.9 Құрастыру жұмыстарының сапасына құрылыс-құрастыру жұмыстарын
орындайтын, құрылыс ұйымдарының ӛздері қол жеткізеді. Құрылыстың сапасына
жауапкершілікқұрылыс фирмаларының, прорабтарының, шеберлерінің, бригадирлерінің,
жұмысшыларының бас инженерлеріне жүктеледі. ҚР ҚН сәйкес ҚМЖ сапасын ӛндірістік
бақылауға мыналар кіреді:
жұмыс құжаттарының, бұйымдардың, материалдар мен жабдықтардың кіріс
бақылауы;
жекеленген құрылыс үрдістерінің немесе ӛндіріс операцияларының операциялық
бақылауы;
ҚМЖ қабылдау бақылауы;
инспекциялық бақылу.
ҚМЖ сапасы ҚР ҚН және жобалардың талаптарына сәйкес сипатталады. Бұл
талаптардан кез-келген ауытқушылық уақытында табылуы және түзетілуі тиіс.Бұған
сапаны күнделікті операциялық бақылау жағдайында ғана қол жеткізіледі. Операционный
контроль качества ҚМЖ сапасын операциялық бақылауды қажет болған жағдайда
құрылыс зертханасы мен геодезиялық қызмет ӛкілдерін тарту арқылы жұмыстарды
орындаушы жүзеге асырады. Операциялық бақылаудың негізгі міндеті берілген пайдалану
кӛрсеткіштерінің ұзақ мерзімділігін, сенімділігін, қажетті сапасын қамтамасыз ету,
жұмыстарды орындау кезіндегі ақауларды болдырмау, жұмыс сапасын үшін жеке
жауапкершілікті арттыру болып саналады.
5.2 Жабдықтарды, бҧйымдарды және материалдарды қҧрастыруға беру
5.2.1 Жабдықтарды, бұйымдарды және материалдарды құрастыру ұйымына бергенге
дейін тапсырыс беруші(бас мердігер) мыналарды тапсыруы тиіс:
а) осы ережелердің МСТ 24444 және 4.2 Тармағына сәйкес жабдық мен арматураға
ілеспе құжаттама;
б)
құбырларының 10 МПа (100 кгс/см2) артық жинақталатын бірліктеріне -
құрастыру мен сынаудың жұмыс параметрлері, нормалары кӛрсетілген, материалдар
ерекшеліктерінің сапасын куәландыратын құжаттар мен құбырлардың, тіректердің және
топсалардың жинау сызбалары;
в) материалдарға - жабдықтаушы-кәсіпорындардың сертификаттары.
Сонымен қатар тапсырыс беруші дайындаушы-зауыттардың келесі кешенді
құжаттамасын тапсырады: жабдықтау жинағына кіретін, бақылау-ӛлшеу құралдарының,
аппараттардың, машиналардың тӛлқұжаттары, жеке блоктармен түсетін жабдықтардың
жинау сызбалары, жабдықты жинау, дәнекерлеу, қосу және сынау бойынша зауыттық
нұсқаулар, машиналар мен аппараттардың жинауға рұқсатнама кӛрсетілген формулярлар.
Жабдықтаушы-кәсіпорындардың құжаттары болмаған жағдайда, олар тапсырыс
берушінің жауапты ӛкілдері қол қойған, мазмұны жағынан сәйкес келетін құжаттармен
алмастырыла алады. Монтаздау жүзеге асырылуы тиіс, жұмыс құжаттары материалдары
мен жабдықтар, бұйымдар мен материалдардың басқа сипаттамалары мен мӛлшерлері,
таңбаларының сәйкестігі ілеспе құжаттама арқылы тексерілуі тиіс
11
5.2.2 Жиынтығы түгел болмауын, жеткізудің техникалық жағдайға сәйкессіздігін,
жабдықтың қанағаттанғысыз жағдайы немесе сапасы нашар болуын байқаған кезде, жүкті
алушы(жабдыққа тапсырыс беруші) В Қосымшасында келтірілген үлгі бойынша акт
жасайды да жабдықтаушының ӛкілін екі жақты акт жасауға шақырады. Жабдықтаушының
ӛкілі келмеген жағдайда акт басқа кәсіпорынның ӛкілетті ӛкілінің қатысуымен жасалады.
Актіге байланысты жабдықтаушыға 10 күн мерзіміне тауар сапасы жӛнінде шағым(талап)
беріледіі.
5.2.3 Жабдық лайықты түрдегі техникалық жағдайлар қарастырылған, сонымен бірге
дайындаушы-зауыттың нұсқаулары бар қоймаларда сақталуы тиіс. Жабдықты
механикалық ақаулар мен ӛзгерістерден сақтап және тексеру, тасымалдау және
құрастыруға ақаусыз және тазалау, тексеріс және жӛндеу бойынша қосымша жұмыстар
жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етіп, орналастыру керек. Қаптамасы болуына қарамастан
жабдық топырақпен жанасуды бодырмайтын тӛсемге орналастырылуы тиіс.
Ашық және жартылай ашық қоймалардағы жабдықтар атмосфералық жауын-
шашыннан қорғалуы тиіс.
5.2.4 Жабдық, бұйымдар мен материалдар құрастыруға жұмыс сызбаларына сәйкес
блокқа және технологиялық торапқа жиынтығымен берілуі тиіс.
10 МПа (100 кгс/см2)
артық Рy құбырларын құрастыруға жинақтау бірліктеіне жинап береді.
5.2.5 Жабдықты қабылдауды құрастыру ұйымының ӛкілі оны тораптар мен
бӛлшектерге ажыратпай, сырттай қарау арқылы жүзеге асырады. Сонымен бірге мыналар
тексеріледі:
жабдықтың жұмыс сызбаларына сәйкестігі; дайындаушы-зауыттың зауыт
құжаттамасы бойынша бақылау құрастыруы мен сынауды орындауы;
жабдықтың жіберу және қаптамалау тізімдеріне немесе зауыттың ерекшеліктеріне
сай болуы, сонымен қатар арнайы құрал мен аспаптардың болуы;
жабдықтың кӛрініп тұратын ақауларының және зақымдануларының болмауы,
сырының, бұзылмайтын жабындарының, пломбаларының сақталуы;
құрастыру жұмыстарының ӛндірісі үшін қажетті, дайындаушы-зауытардың
техникалық құжаттамасының болуы және толықтығы; сақтаудың немесе тексерудің
кепілді мерзімдері.
Жабдықты құрастыруға беру(қабылдау) құрастыру ұйымы мен тапсырыс берушінің
ӛкілетті ӛкілдерінің міндетті түрде қатысуымен оның сенімхаты бойынша немесе бас
мердігер ұйымның, сонымен қатар егер техникалық жағдайларда осы жабдықты бас
монтаждалуы қарастырылса, бас құрастыру ұйымының ӛтінімдері бойынша жүргізіледі,
Тапсырыс беруші құрастыру ұйымына жабдықты нысан жанындағы қоймаларға
жиынтығы түгел және толықтай ақаусыз етіп береді.
Кепілдік мерзімі ӛткенге дейін жабдықты қабылдау кезінде, ақауларды жою
жабдықтаушының міндеті болып саналады, бұл келісімшарт жасалған кезде ескертіледі.
5.2.6 Қоймаларда нормативтік мерзімдерінен ұзақ сақталған жабдық, тапсырыс
берушінің қаражаты есебінен құрастыру алдындағы тексеріс жүргізгеннен кейін беріледі.
Тапсырыс беруші жарамдылық мерзімі ӛтіп кеткен автоматика және бақылау-ӛлшеу
құралдарын құрастыруға бергенге дейін, дұрыстығын, таңба басылуын тексеру және
тӛлқұжаттарын қайта рәсімдеу үшін зертханаға беруі тиіс. Егер жабдықтың қоймада
12
жатуының нормадан асып кету мерзімі, бас мердігер немесе құрастыру ұйымының кінәсі
бойынша, келісімде белгіленген мерзімде жұмыстарды орындамаудан туындаса, онда
тексеріс кінәлі тараптың есебінен жүргізіледі.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері формулярларға, тӛлқұжаттарға және басқа
ілеспе құжаттарға енгізілуі тиіс.
5.2.7 Құрастыруға қабылданған жабдықтар, бұйымдар және материалдар
дайындаушы-кәсіпорындардың талаптарына, ЖӚЖ мен Мемлекеттік стандарттарға
сәйкес сақталуы тиіс.
Сақтау кезінде тексеруге мүмкіндік қамтамасыз етілуі, механикалық зақымдарды,
ақаулар, ішкі қуыстарына ылғал мен шаң түсуін болдырмайтын жағдайлар жасалуы тиіс.
5.3 Ғимараттарды, қҧрылыстар мен іргетастарды қҧрастыруға қабылдау
5.3.1 Жабдықтары мен құбырлары құрастыруға берілетін ғимараттар мен
құрылыстарда, ЖӚЖ қарастырған құрылыс жұмыстары, сонымен қатар осы ережелердің
5.1.5. Тармағында кӛрсетілген, жерасты байланыстары салынуы, жобалау белгілеріне
дейінгі топырақты кері салу мен тығыздау жүргізілуі, едендер мен каналдардың
жабынының астына тартақысулар салынуы, кран астындағы жолдар мен монорельстер
дайындалуы және қабылдануы, құбырларды салу үшін саңалаулар жасалуы және олардың
астына тіреу орнатуға арналған толтырма бӛлшектерлі салу орындалуы тиіс; ойықтар
қоршалып, тартпалар мен люктер жабылуы тиіс.
Монтаждалуының температуралық режиміне, тазалығына және т.б. арнайы талаптар
қарастырылған, жабдықтары мен құбырлары техникалық жағдайлармен орнатылған
ғимараттарды құрастыруға берген кезде осы жағдайлардың сақталуы қамтамасыз етілуі
тиіс.
5.3.2Жабдықтың астындағы іргетасы жобаға сай орындалуы тиіс және беттерінде
жарылулары, зақымдалған бұрыштары мен жалаңаштанға арматуралары болмауы тиіс.
Іргетасты құрастыруға бергенге дейін жер жұмыстары кезінде пайда болған шұңқырлар
жабылып, дерелері алынып және тығындар алынып тасталуы керек, беттері құрылыс
қоқыстарынан мұқият тазалануы тиіс. Анкерлік бұрандалардың құдықтары да тазалануы
тиіс. Қозғалыстағы жүктемелері бар машиналарға арналған іргетастар ҚР ҚН 5.01-30
талаптарына сай болуы тиіс.
Жабдықтары мен құбырлары құрастыруға берілетін, ғимараттарда, құрылыстарды,
іргетастарда және басқа құрылғыларда ҚР ҚН 1.03-20 және ҚР ҚБҚ 1.03-18 белгілеген
тәртіпке сәйкес монтаждалатын элементтердің жобалау ережелерін белгілейтін, біліктер
мен биіктік белгілері салынуы тиіс. .
Жабдықты дәлдігіне жоғары талап қойылатын іргетаста орнату үшін, сонымен қатар
жабдықты айтарлықтау ұзақ білікте және биіктік белгісінде орнату үшін металл тығын
пластинкалары салынуы тиіс.
Құюды қажет ететін жабдықтың іргетасының биіктік белгілері, жабдықтың тіреу
бетіндегі жұмыс сызбаларындағы кӛрсетілген белгіден 50-60 см тӛмен болуы тиіс, ал
шығып тұратын қабырғалар орналасқан жерлерде-осы қабырғалар белгісінен 50-60 см
тӛмен болуы керек
13
5.3.3 Егер орнатылуы іргетастың жұмыс сызбаларында қарасытырылып, іргетас
бұрандасы астында ұңғымалар бұрғыланса немсе құдық жасалса, құрастыруға берілетін
іргетастарда іргетас бұрандалары мен тығындау бұрандалары орнатылуы тиіс.
Кӛпшілік жағдайда жабдықты МЕМСТ 24379.0 және МЕМСТ 24379.1 сәйкес
іргетас бұрандаларымен бекітеді..
Оларды кондуктор бойынша орнатады да іргетасты бетондаған кезде құяды. Мұндай
бұрандаларды іргетасты дайындау кезінде құдықтар қарастырылғанда қолданады,
жабдықты мұқият тексеріп, орнатқаннан кейін бетон қоспасымен құяды.
Іргетасқа тербеліс және қозғалыс жүктемелерін беретін, технологиялық жабдықты
бекіткен кезде, анкерлік бұрандалар орнатады.Бұрандалардың мұндай құрылымы оларды
жүйелі түрде қарауға және қажет болған кезде ауыстыруға мүмкіндік береді.
Технологиялық жабдықтарды бұрғыланған саңылауларға орнатып, содан кейін
арнайы желімдермен бастыратын, бұрандаларда бекіту нұсқалары мүмкін болады. Бұл
жабдықтың дәл орнатылуын қамтамасыз етеді.
Жабдықты түрлі құрылымдағы дюбельдермен және ӛздігінен анкерленетін
бұрандалармен бекіткен кезде, жабдықты орнатқаннан кейін бірден жүктеуге және
сынауға болады
Егер жұмыс сызбаларында іргетас алабында қалатын іргетас бұрандаларына
арналған кондукторлар қарастырылса, онда бұл кондукторлар мен оларға бекітілетін
іргетас бұрандаларын орнатуды жабдықты монтаждайтын ұйым жүзеге асырады.
Іргетастардағы ұңғымаларды бұрғылауды, желіммен және цемент қоспаларымен
бекітілетін іргетас бұрандаларын орнатуды құрылыс ұйымы жүзеге асырады. Бүтінделген
бұрандалардың шығып тұратын бӛліктері коррозиядан қорғалуы тиіс.
5.3.4 Ғимараттар, құрылыста және құрылыс құрылымдарын құрастыруға бер-
қабылдау кезінде жабдық пен құбырлардың іргетас бұрандалары, тығын және басқа бекіту
бӛлшектерінің орналастырудың орындалу сызбасы бірге берілуі тиіс.
Ауытқушылықтар тиісті нормативтік құжаттарда белгеленген, жұмыс сызбаларында
кӛрсетілген нақты мӛлшерлер кӛлемінен аспауы тиіс.
5.3.5 Технологиялық торап жасайтын, жабдықтар мен құбырлар кешенін орнатуға
қажетті ғимараттар, құрылыстар мен іргетастар құрастыруға бір мезгілде берілуі тиіс.
5.4 Қҧбырлардың қҧрастырылатын бірліктерін дайындау
5.4.1 Құбырлардың құрастырылатын бірліктерін дайындау технологиясына екі
кезеңнен тұрады: элементтерді құрастыру бірліктеріне дайындау және оны кезектегі
құрастыру мен дәнекерлеу.
Құбырлардың құрастырылатын бірліктерін дайындау МЕМСТ 16037 бӛлшектеу
сызбаларына сәйкес жүргізілуі тиіс. Негізгі түрлері, құрылымдық элементтері мен
мӛлшерлері және ведомствалық нормативтік құжаттардың талаптары. Ажыратылмайтын
құрамалар осы ережелердің 7 Бӛлімінің талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.
5.4.2 Құрастыруға берілетін құбырлардың құрастыру бірліктері, бӛлшектеу
сызбаларының ерекшеліктері бойынша жинақталуы; дәнекерленетін жапсарлары,
14
дәнекерленуі және бақылануы; беттеріне топырақ салынуы(дәнекерленетік жиектерінен
басқасы); құбырлардың саңылаулары тығындармен жабылуы тиіс.
5.4.3 Құбырлардың құрастыру бірліктері мен элементтерінің мӛлшерлерінің
жобалаудан ауытқушылықтары 3мм-5мм-ге дейінгі мӛлшерде және мӛлшердің әрбір
келесі метріне қосымша-2 метрден аспауы тиіс, сонысен бірге жалпы ауытқушылық -10
миллиметрден аспауы тиіс. Жапсардың екі жағынан 200 мм қашықтықта ӛлшенген,
жиналатын элементтер және құрастыру бірліктерінің тура сызықтан рұқсат етілетін
ауытқушылығы
0,5 мм-ден аспауы тиіс. Ӛлшеуді сызғышпен құбырды айнала үш-тӛрт
нүктеде жүргізеді. Сыртқы диаметрге байланысты,
100 мм-ден тӛмен ұзындықтағы
базалық бетке бұрыштаманы салып ӛлшенген, эелементтер мен құрастыру бірліктері
білігінің кесіктерге перпендикуляр болмауы, 1 Кестеде кӛрсетілген мәндерден аспауы
тиіс.
1 Кесте - Қҧбырлардың элементтері мен қҧрастыру бірліктері мӛлшерлерінің
ауытқушылықтары
159- дан
273- тен
530 -дан
Сыртқы диаметрі
630-дан
133-ге дейін
219-ге
426-ға
630-ға
Dн, мм
аса
дейін
дейін
дейін
Кесіктердің құбыр
біліктерге
1
2
3
4
5
перпендикуляр
болмауы, мм
ЕСКЕРТПЕ Құбыр бӛлшектері кесіктері беттерінің саңылау білігіне перпендикулярлығы мен
параллельдігіне рұқсат ету МЕМСТ 24643, МЕМСТ 17380 және т.б. кӛрсетілген.
5.5 Технологиялық блоктар мен байланыс блоктарының қҧрастырылуы
5.5.1 Құрастыру алдында құбырлардың дайын тораптарын блоктарға, ал
құбырлардың секцияларын-шырмауыққа ірілендіреді. Құбырлардың ірілендіріп
құрастырылуын
дәнекерлеген кезде бӛлшектердің, элементтердің, тораптардың,
құбырлар мен арматуралардың дұрыс орналасуын қамтамасыз ететін, арнайы стендтер
мен құралдарды қолданға мұқият тексерілген қатты стеллаждарда жүзеге асырады.
5.5.2 Блоктың құрамындағы құбырларды құрастыру мен дәнекерлеуді осы
ережелердің 5 және 7- Бӛлімдерінің талаптарына сәйкес жүргізу керек.
Блоктағы құралдардың, бақылау және басқару құралдарының, электромеханикалық
құрылғылардың және автоматтандыру жүйелерінің орнатылуы, электротехникалық
құрылғылар мен автоматтандыру жүйесін құрастыру туралы ҚР ҚН
4.04-20-2013
талаптарына сай жүзеге асырылуы тиіс.
5.5.3 Құбырлар блоктарының және тораптардың салмақтары крандар мен басқа
такелажды құралдардың жүк кӛтергіштігіне сай болуы тиіс. Блокты кӛтерген және
орнатқан кезде оның сынуы немесе ӛзгеріс қалдықтарын болдырмау үшін, қажетті
қаттылығы мен беріктігін сақтауы тиіс.
5.5.4 Дайын блокта барлық слесарлық және дәнекерлеу жұмыстары аяқталуы тиіс,
жапсарлардың термиялық ӛңделуі жүргілілуі керек(егер бұл жобада және техникалық
15
шарттарда қарастырылса), дәнекерлеу сапасы тексеріліп, барлық фланецтік құрамаларға
тӛсемдер салынып, толықтай тартылуы керек. Технологиялық блоктар құрастырылғаннан
кейін сыналыуы, сырлануы тиіс, ал саңылаулар тығындармен жабылуы керек.
Блоктар немесе құрастыру бірліктерінің сынақтарын осы ережелердің 8-Бӛлімінің
талаптарын сақтай отырып жүргізу керек.
Жабдықпен қосылмаған байланыс блоктарының құрастыру бірліктері жеке сынаққа,
жабдықтың алдындағы тығындарды орнату кезінде және ашық тығын арматурасымен
жобалау жағдайына орнатқаннан кейін ұшырайды.
5.5.5 Құрастырылған блоктарды сақтау кезінде осы ережелердің 5.2.5. Тармағындағы
талаптар сақталуы тиіс.
5.5.6 Байланыс блоктарындағы құбырлар тұрақты тіреулерде орнатылуы және
бекітілуі тиіс.
5.6 Технологиялық қҧбырлар мен технологиялық жабдықтардың пайдалану
қасиеттерін арттыру
5.6.1 Жабдық пен құбырларды құрастыру алдында ҚР ҚН 1.03-00 және осы ережелер
жинағына сәйкес дайындық жүргізілуі тиіс. ҚҰЖ жобалау ұйымымен бірге жобалау
құрамымен бірге дайындалып, тапсырыс беруші және бас мердігермен келісіледі. ҚҰЖ
бойынша шығындар нысанның жинақ сметалық есебінің құрамымен жобалау ұйымына
енгізіледі.
5.6.2 Технологиялық құбырлар мен жабдық қызметінің ұзақ мерзімділігін арттыру
үшін, ҚР ҚН
2.01-06 сәйкес жер асты және жер үстіндегі металл құбырлардың
коррозиядан қорғау қарастырылуы тиіс.
5.6.3 Коррозиялық зақымдануларды болдырмау үшін, технологиялық құбырлар
коррозияға қарсы қорғаныс жабындарымен(әрекетсіз қорғаныс) және қосымша
электрохимиялық қорғаныс құралдарымен(белсенді қорғаныс) қамтамасыз етілуі тиіс.
5.6.4 Коррозиядан әрекетсіз қорғаныста әдісі құбырдың металы мен оны қоршап
тұратын топырақ арасында ӛтпейтін кедергі жасалады. Бұл шараға құбырға арнайы
қорғаныс жабындарын салу арқылы қол жеткізіледі(битум, таскӛмірлі пек, полимерлік
ленталар, эпоксидті шайырлар және т.б.) салу арқылы қол жеткізіледі.
Құрылыс пен пайдалану үрдісінде саңылаулардың оқшауланған жабындарындағы
жаншылулар мен басқа механикалық зақымданулардың туындауын болдырмауды
қамтамасыз ету керек. Қорғаныс жабынының тесіп ӛтетін ақаулары аса қауіпті болып
саналады.
5.6.5
ҚР ҚН
2.01-06 сәйкес құбырларды салу мен пайдаланудың нақты
жағдайларына байланысты қорғаныс жабындарының екі түрін қолдану керек: күшейтілген
және қалыпты.
Қорғаныс жабындарының күшейтілген түрін тӛсем жағдайына қарамастан үлкен
диаметрлі құбырлардағы сығымдалған кӛмірсутегі құбырларында, сонымен қатар кез-
келген диаметрдегі түрлі құбырлардың қиылысында- қиылысу орнының екі жағынан 20
метрден: адасқан токтар телімдерінде;
40° С температурасында және басқа қолайсыз
жағдайларда тасымалданатын ӛнім құбырлары телімдерінде қолдау керек.
16
Барлық басқа жағдайларда қалыпты түрдегі қорғаныс жабындары қолданылады.
5.6.6 Коррозияға қарсы қорғаныс жабындары келесі талаптарға сай болуы тиіс:
тӛмен ылғалӛткізгіштік;
жоғары механикалық сипаттамалар;
тӛмен оттегі ӛткіізгіштік;
металлдың бетіндегі жабынның жабысу уақытының жоғары және тұрақты болуы;
жақсы диэлектрлік сипаттамалар;
катодтық қыртыстануға тӛзімділігі;
жабынның ультрокүлгін сәуледен және жылудан ескіруіне тӛзімділігі.
5.6.7 Коррозияға қарсы қорғаныс жабындары құбырларды пайдаланудың мүмкін
болатын мерзімін ең ұзақ мүмкін деңгейде қорғауды қамтамасыз етіп, құбырларды
пайдалану мен құрылыс температурасының кең аралықтағы ӛз міндеттерін орындауы тиіс.
Ғимараттың шегінен тыс пайдаланылатын технологиялық құбырларды оқшаулау
үшін қорғаныс жабынының үш түрін қолдану ұсынылады:
а) битумды-мастикалы жабындар;
б) полимерлы ленталы жабындар;
в) аралас мастикалы-ленталы жабындар.
5.6.8 Битумды-мастикалы жабынның құрылымы битумды немесе битумды-
мастикалы грунтталған қабаттан тұрады
(битумның бензинмен қосылған ерітіндісі),
арасында арматуралық материал
(шыныкенеп немесе шыныторша) мен қорғаныс
қаптамасының сыртқы қабаты бар, екі немесе үш қабатты битумды мастика қабатынан
тұрады. Қорғаныс қаптамасы ретінде кӛбінесе қалыңдығы 0,5 мм -ден кем емес полимерлі
қорғаныс жабындар, битумды мастика немесе битумды-полимерлі
қабат,
арматураланатын материал қабаты(шыныкенеп немесе шыныторша), екінші қабатына
оқшаулау мастикасы, арматуралау материалының екінші қабаты, қорғаныс полимерлі
қаптаманың сыртқы қабаты қолданады.Күшейтілген түрдегі битумды-мастикалы
жабынның жалпы қалыңдығы 6,0 мм -лен кем емес, ал трассалық салынған қалыпты
түрінің жабындары үшін - 4,0 мм-ден кем емес болады.
5.6.9 Битумды-мастикалық жабынды салуға арналған оқшаулау мастикасы ретінде
битумды-резеңке мастикалар, битумды-полимерлік мастикалар(полиэтилен, атактикалық
полипропилен қоспаларымен), термоэластпласт қоспалары бар битумды мастикалар,
асфалтты шайырлы қоспалар негізіндегі мастикалар қолданылады.
Битумды-мастикалық жабындарды қолдануға ұсынылатын сала- пайдаланудың
қалыпты температурасында жұмыс істейтін, кіші және орташа диаметрдегі құбырларды
коррозиядан қорғау.
МЕМСТ-тың Р 51164 талаптарына сай битумды жабындардың қолданылуы
диаметрлері
820 мм-ден, пайдалану температурасы
40
° С аспайтын құбырлармен
шектеледі.
Битумды-мастикалы жабынды тӛсеген кезде бұл жабынның тӛмендегі ерекше-
ліктерін ескеру керек:
қолданудың шектеулі температуралық ауқымымен (минус 10-тан плюс 40 °С-ға
дейін);
жаншылып соғылуға беріктілігі мен тұрақтылығының тӛмендігін;
17
жоғары ылғалсіңірушілігін;
жабынның биотұрақтылығының тӛмендігін;
қызмет кӛрсетуінің шектеулі болуы (10 - 15 жыл).
5.6.10 Конструкция полимерного ленточного покрытия трассового нанесения в
соответствии с МЕМСТ Р 51164 сәйкес трассалаық салынатын полимерлік ленталы
жабынның құрылымы жабысқақ грунттаудан, қалыңдығы 0,6 мм-ден кем емес полимерлі
оқшаулау лентасынан және қалыңдығы 0,6 мм-ден кем емес полимерлі қаптамадан
тұрады. Жабындының жалпы қалыңдығы- 1,2 мм-ден кем емес.
МЕМСТ Р 51164 талаптарына сай газ құбырларын трассалық оқшаулау кезіндегі
жабысқақ полимерлік ленталарды қолдану, пайдалану температурасы плюс 40 °С артық
емес және диаметрлері 820 мм -ден артық емес құбырлармен шектелген. Құбырларды
зауыттық оқшаулау кезінде оқшаулау лентасы мен қаптамасы қабаттарының саны артады.
Сонымен қатар жабындының жалпы қалыңдығы: диаметрі 273 мм-ге дейінгі құбырлар
үшін- 1,2 мм-ден кем емес, диаметрі 530 мм-ге дейінгі құбырлар үшін- 1,8 мм-ден кем
емес және диаметрі 820 мм-ге дейінгі құбырлар үшін - 2,4 мм-ден кем емес болады.
Полимерлі ленталы жабынды тӛмендегілерден тұрады:
жабындының болатқа жабысуын(ені 2 кг/см-ден кем емес), катодты қатпарлануға
тӛзімділікті қамтамасыз ететін, коррозияға белсенді агенттердің, оттегінің, топырақ
электролитінің, судың құбырлардың бетіне ӛтуіне кедергі жасайтын қорғаныс кедергісі
міндетін атқаратын оқшаулау лентасы.
құбырды орға салу кезінде салу және топырақпен жабу кезінде, сонымен қатар
топырақты отырғызу мен құбырды технологиялық жылжытуда ленталы жабындыны
зақымданудын қорғайтын қорғаныс қаптамасы.
Полимерлік ленталы жабындыға тән белігілер:
зауыттық және трассалық жағдайдағы құбырларға салудың жоғары
технологиялығы;
жоғары диэлектрлік сипаттамалар;
тӛмен ылғал ӛткізгіштік;
қолданудағы температуралық ауқымның кеңдігі.
Полимерлі ленталы жабындылардың негізгі кемшіліктері:
тапырақтың шӛгуі әсерінен жылжуға тұрақтылығының тӛмендігі;
жабындының соғуға тӛзімділігі жеткіліксіздігінің жоғары болуы;
ЭХЗ экрандалу;
Жабындының жабысқақ ішкі қабатының биотұрақтылығының тӛмендігі.
5.6.11 Құбырдың коррозиядан толық қорғанысын енжар әдіспен жүзеге асыру
мүмкін болмағандықтан, ҚР ҚН 2.01-06 сәйкес электрохимиялық қорғаныс (белсенді
қорғаныс) құралдарын қарастыру қажет. .
5.6.12 Технологиялық құбыр жүйелерінің қажетті ұзақ мерзімділігі мен пайдалану
қауіпсіздігін қамтамасыз ету құбырдың материалын таңдау арқылы да жүзеге асырылады.
5.6.13 Жобаны дайындау кезінде құбырлардың тӛменгі ішкі бетінің жаңартылатын
акедір-бұдырлылығы аз, қатты пассивтелетін үлбірінің есебінен коррозиядан
электрохимиялық қорғаудың белсенді әдістердің коррозиялы-механикалық тӛзімділігі,
18
олардың коррозиялық тӛзімділігін арттыру негізіндегі «жыралықª тозуына ұшыраған,
кәсіпшілік және технологиялық құбырларды ұзақ мерзімділігі мен пайдаланудың
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және ресурстық қорғайтын әдістер мен тәсілдер
қарастырылуы тиіс.
5.6.14 Технологиялық жабдық пен технологиялық құбырлардың мақсатына
байланысыт олардың қосылған жерлері, әдетте, дәнекерлеу кезінде қарастырылады.
Құбырларды арматураға және жабдыққа фланецте қосуға рұқсат етіледі.
Ажыратылатын(фланецтік және бұрандалы) құрамаларды ілмекті арматураны, бақылау-
ӛлшеу құралдары мен құбырлардың электр қорғаныс құрылғыларын орнату орындарында
қарастыру керек.
Муфталық құрамалар тәртібі сәйкес нормативтік ережелермен белгіленеді.
5.6.15 Құбырлардағы ілмекті арматуралар саны қажеттілігі аз, сенімді және апатсыз
жұмысты қамтамасыз ететін болуы тиіс. Қайталанатын ілмекті арматураны орнатуға тиісті
негіздеме болған кезде рұқсат етіледі.
5.6.16 Құбырды пайдалану талаптарына байланысты(тасымалданатын химиялық
заттар, олардың қоспалары, температура және т.б.) түрлі байланыстыратын және
арматураланатын полимерлік толықтырғыштар қолданады, ал қажет болған жағдайда
құбырдың қасиеті олардың қоспаларына байланысты болғандықтан, бірнеше түрлері
қиыстырылып құрастырылады.Тағайындалған тәжірибе кӛрсетіп отырғандай, жеткізілетін
құбырлардың әрбір партиясы техникалық тӛлқұжатпен жабдықталады.
Агрессивті құралдарды тасымалдауға қатысты, техникалық жобаны дайындау
кезінде Тапсырыс берушінің техникалық тапсырысты толық және егжей-тегжейлі
толтыруы ең маңызды кезең болып саналады.
5.6.17 Химиялық ӛнеркәсіптің агрессивті ортасын тасымалдауға арналған
технологиялық құбырлар қызметінің сенімділігі мен ұзақ мерзімділігі шыны пластикалы
құбырларды қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
5.6.18 Арматураланған пластмассалардан жасалған, сонынмен бірге шыны
пластикалық құбырлардың тӛмендегідей сипаттамалары болады [3]:
Электорхимиялық коррозияға ұшырамайды және қышқылдардың, топырақты
коррозияның, бактериялардың, судың әсеріне тӛзімділігі жоғары болады, бұл шыны
пластикалық құбырларды барлық қызмет мерзімінде сенімді пайдалануды қамтамасыз
етеді;
жоғары механикалық тӛзімділігі арқасында салмағы аз болады, бұл оны
құрастыру мен тасымалдауға шығындарды, жүк кӛтеру техникасына қажеттілікті
азайтады;
-
90˚С дан
+150˚С температурасында жұмысқа қабілеттілігін кең ауқымда
сақтайды;
ішкі беті тегіс болады, ішкі қимасында бітелулер жоқ, бұл қызмет мерзімінің
барлық кезеңінде тасымалданатын сұйықтық кӛлемінің тұрақтылығын сақтайды және
гидравликалық шығындарды тӛмендетеді, осының арқасында электр энергиясының
шығындары айтарлықтай азаяды.
5.6.19
100°С - 150°С температурасындағы және ішкі қысымы 20 атм. агрессивті
ортаны тасымалдауға арналған коррозияға қарсы химиялық тӛзімді құбырлар 37 мм; 62,5
19
мм; 75,5 мм; 100 мм; 150 мм; 195 мм; 250 мм ішкі диамермен; ұзындығы 300 мм және 477
мм 1 ден 10 метрге дейін, Тапсырыс берушімен келісімімен шығарылады.
5.6.20 Агрессивті ортаға арналған құбырларды ӛзара біріктіру бұрандамен,
бұрандалы желіммен және фланецті кертпекпен қарастырылады.
Құбырды құрастыру кезінде бұрандалы құрамаларды пайдаланғанда, құбырдың
ұштарына сыртқы бұранда жасалады.Қосу элементі ретінде ішкі бұрандасы бар муфта
пайдаланылады. Құбырды пайдалану жағдайына және жүктеменің сипатына байланысты
цилиндр түріндегі немес конус түріндегі бұрандалар пайдаланылады. Муфта құбырға
берік бұралады. Содан кейін муфтаның бос саңылауына келесі құбыр бұралады.
Тығыздағыш ретінде ФУМ лентасы немесе бұрандалы тығыздағыш компаундтар
пайдаланылады.
Анрессивті ортаға арналған құбырларға бұрандалы желімді құрамалар
қарастырылады. Құбырларды құрастыру кезінде бұрандалы желімді құрамаларды
пайдаланған кезде, құбырдың ұштарына сыртқы бұранда жасалады.Қосу элементі ретінде
ішкі бұрандасы бар муфта пайдаланылады. Құбырды пайдалану жағдайына және
жүктеменің сипатына байланысты цилиндр түріндегі немес конус түріндегі бұрандалар
пайдаланылады. Құбырдың майсыздандырылған бетіне және муфтаның ішкі бетіне желім
компаудының тұтас жұқа қабаты жағылады. Содан кейін бос саңылауға келесі құбыр
бұралады. Түпкілікті жинап болғаннан кейін жапсарды толықтай берік қылу үшін оны
температуралық ӛңдеуден ӛткізеді.
Құбырды құрастыру кезінде фланецті кертпекті құрамаларды пайдаланған кезде,
дайындаушы кәсіпорын жағдайында құбырдың ұштарына фланец кигізіледі, содан кейін
оралады да кертпектер кертіледі.Құбырды құрастыру кезінде қосылатын құбырлардың
кертпектерінің арасына тӛсем орнатылады және фланецтер арқылы құбырлар тартылады.
Тӛсемге арналған материал ретінде(тасымалданатын ортаға байланысты) химиялық
тұрақты резеңке, паронит немесе фторопласт пайдаланылады.
5.6.21 Химиялық ӛнеркәсіпке арналған шыны пластикалы құбырлар агрессивті
ерітінділерді тасымалдауға арналған технологиялық құбырлар қызметінің беріктігі мен
ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етеді. Олар тӛмендегі технологиялық құбырларды
пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді:
су ерітіндісін тасымалдау H2SO4
-
140-142 г/л; Na2SO4
-
285-290 г/л су
ерітіндісін тасымалдауға арналған; ZnSO4- 16-18 г/л, жұмыс температурасы 50°С);
бу-ауа қоспасын тасымалдау (тасымалданатын орта: CS2 - 180-200 г/м3, іздер
H2SO4, жұмыс температурасы70°С, вакуум 300-400 мм рт.ст.);
күкірт қышқылын тасымалдау
(шоғырлануы
8-10%, жұмыс температурасы
30°С, қысымы 2 атм);
кремнийлі фторлы сутегі қышқылын тасымалдау (шоғырлануы 3-7%, жұмыс
температурасы 67°С, давление 2 атм);
хлорлы калий және хлорлы натрий ерітінділерін тасымалдау(қаныққан
ерітінді, жұмыс температурасы 70°С;
тұз қышқылын тасымалдау
(шоғырлануы до
35%, жұмыс температурасы
30°С, қысымы 4 атм);
20
жуатын судың ағызылуы (тасымалданатын орта: H2 SO4 - 3-4%;
майлы қышқылдар, жұмыс температурасы 60°С);
гальвана жабындылар цехының ағындылары;
сұйық азотты тасымалдаутранспортировки жидкого азота.
5.6.22 Поливинилхлоридті құбырлардың артықшылығына УК сәулелерге
сезімталдығының жоғары болмауы, басқа полимерлер және сополимерлермен
алыстырғанда жанғыштығының тӛмендігі, агрессивті ортаның әсеріне тӛзімділігінің
жоғары болуы жатады. Сонымен қатар олардың қасиеті:
коррозияға тӛзімділігі;
беріктігі мен иілгіштігі;
монтаждалуының жеңілдігі;
құбыр жұмысының сенімділігі;
жұмыс қысымы 16 атмосфераға дейін;
температуралық ауқымы минус 40 °С- дан плюс 140 °С-ға дейін.
5.6.23 Жобаланатын құбырлардың ауқымдылығын ескере отырып, темірбетоннан
жасалған технологиялық құбырлар үлкен тәжірибелік қызығушылық туғызады.
Темірбетонды қысымсыз құбырлар ауыр бетоннан, бір цилиндрлі тірекпен
арматураланып жасалады және ӛндірістік кәсіпорындардың жұмыс істеп болған ӛздігінен
ағатын сұйықтықтарын және атмосфералық ағын суларды, сонымен қатар жерасыт сулары
мен бетонға агрессивті емес ӛндірістік сұйықтықтарды тасымалдайтын жерасты
құбырларын салуға арналады. L = 2500 мм. L = 3000 мм тік жасалған қысымсыз
темірбетон құбырлар тербеп тығыздау әдісімен тік жасау технологиясы бойынша
жасалады.
Баспалдақты тӛлкелі ұшы бар кең қонышты цилиндр құбырлардың жапсарларлы
құрамалары резеңке сақиналармен тығыздалады.
Коллекторлардың ашық әдісті құрылсына арналған, полиэтиленмен футерленген тік
жасалған қысымсыз темірбетон құбырлар, бетон мен темірбетонға агрессивті ӛндірістік
сұйықтықтарды, ағын суларды тасымалдайды. Қорғаныс қабықшаларын тӛмен қысымды
полиэтиленнен дайындалады (ТҚП) және темірбетон ортасына агрессивті құбырлардың
ішіне әсер ету жағдайында әсер ету кезінде құбырлардың ұзақ мерзімділігі (50 жылдан
кем емес) мен су ӛткізбеуді қамтамасыз ету үшін қолданылады, ТҚП-ға майлар әсер
етпейді, иілгіш, соққыға тӛтеп береді, сілтілермен, тұз, қышқыл ерітінділерімен қарым-
қатынасқа түспейді, бензинге және тӛмен температураға тӛзімді (70 ° С-ға дейін).
Футерленген темірбетон құбырлар байланысқа түскен кезде,ішкі беті футерленген
құбырлар ӛзгеріске ұшырамайды және коррозияға түспейді, агрессивті сұйықтықтардың
түрлі ағындарын тасымалдауға арналған.
5.6.24 Технологиялық жабдық пен құбырларды пайдалану үрдісінде, жабдықтың
қабырғаларының металл беттеріне қатты тұздар түсуі себебінен жылу алмасу
нашарлайды.Коррозиялық белсенділік пен шӛгінді(тұзды) су пайда болуын азайту үшін,
сонымен қатар жобадағы металлдарды коррозиядан қорғау мен табиғи жылу қасиеттерінің
тұрақтылығын артыру үшін, технологиялық құбырлар мен технологиялық жабдықтарды
пайдаланудың технологиялық регламентінде судың коррозиялық белсенділігі мен
21
шӛгінділер түсуіне бейімділігін азайтуға мүмкіндік беретін, концентраттар мен
ингибиторларды қолдану қарастырылуы мүмкін
6 ҚҦРАСТЫРУ ЖҦМЫСТАРЫН ЖАСАУ
6.1 Жалпы талаптар
6.1.1 Жабдықтар мен құбырларды тиеу, түсіру, тасымалдау, кӛтеру, орнату және
тексеру кезінде олардың бұзылмаушылығы қамтаасыз етілуі тиіс. Алаңаралық
тасымалдау, орнату және тексеру ЖӚЖ-ға сәйкес жүзеге асырылады. .
6.1.2 Жабдықтарды, құбырларды, технологиялық блоктар мен байланыс блоктарын
осы мақсатқа қарастырылған бӛлшектерді дайындаушы-кәсіпорын кӛрсеткен орындарда
берік бекіту керек. Жабдық пен құбырларды тіреуіштен бостауды оларды берік немесе
тұрақты жағдайға орнатқаннан кейін жүргізу керек.
6.1.3 Жабдықтар мен құбырларды тасымалдау мен орнатуға байланысты
туындайтын, құрылыс құрылымдарының монтаждық жүктемелері, сонымен қатар
құрастыру жұмыстарын жасауға арналған құралдар, жұмыс сызбаларында кӛрсетілген ең
жоғары пайдалану жүктемелерінен(кӛлемі, бағыты мен орналасу орны бойынша) аспауы
керек. Жүктемелерді арттыру мүмкіндігі жобалау ұйымы және жалпы құрылыс
жұмыстарын орындайтын ұйыммен келісілуі тиіс.
6.1.4 Жабдық пен құбыр арматурасы белгіленген тәртіппен келісілген, мемлекеттік,
салалық стандарттар және
техникалық жағдайлармен қарастырылғаннан басқа
жағдайларда, бӛлшектеу мен тексеру кезінде құрастыруға жатпайды
Осы ережелердің
5.2.4 Тармағында кӛрсетілгеннен басқа жағдайларда,
дайындаушы-кәсіорыннан пломбыланып түскен жабдықты бӛлшектеуге тыйым салынады.
6.1.5 Жабдықтарды құрастыру мен пайдалану үрдісінде жабық қорғаныс құрамымен
қалуы тиіс беттерден басқалары, бұзылмайтын майлар мен жабындылардан тазартылуы
тиіс.
Әдетте, жабдықтың қорғаныс жабындылары дайындаушы-кәсіпорындардың
құжаттамасында келтірілген нұсқауларға сәйкес, жабдықты бӛлшектемей, жеке сынақ
алдында алынып тасталуы тиіс.
6.1.6 Қорғаныс жабындылары мен ӛңделегн беттері және басқа ақаулары бар,
ластанған, ӛзгеріске ұшыраған жабдықтар мен құбырлар, зақымданулар мен ақауларды
жойғанға дейін құрастыруға жатпайды
6.1.7 Жабдықтар мен құбырларды құрастыру кезінде орындалған жұмыстардың
сапасын операциялық бақылау жүзеге асырылуы тиіс. Анықталған ақаулар келесі
операциялар басталғанға дейін жойылуы тиіс.
6.1.8 Жабдықтар мен құбырларды пайдалану жағдайларында қарастырылған
жағдайлардан тӛмен немесе жоғары температура кезіндегі құрастыру жұмыстары,
олардың сақталуын қамтамасыз ететін шараларды сақтау арқылы жүргізілуі тиіс.
6.2 Жабдықты қҧрастыру
22
6.2.1 Құрастыру жұмыстары бекітілген жобалау-сметалық және жұмыс
құжаттамасына, ЖӚЖ және дайындаушы-кәсіпорындардың құжаттамаларына сәйкес
жүргізілуі тиіс.
Жабдықты пайдалану сенімділігі мен ұзақ мерзімділігі, техникалық
сипаттамаларына әсер етпейтін және жұмыстарды орындау кезінде құрастыру ұйымы
жіберген, техникалық құжаттама талаптарынан шегіністер, шегіністерді есептеу
журналында немесе маршруттық тӛлқұжатта
(кеземен қабылдау журналында) Бұл
шегіністер құрастыру ұйымының, тапсырыс берушінің ӛкілдерімен және авторлық
қадағалауды жүзеге асыратын жобалау ұйыммен келісіледі.
Ғимараттың құрылыс бӛлігінің жобалау құжаттамасындағы талаптарға сәйкес
болмауы және оны дайындау кезінде жіберілген, жабдықтың сапасындағы
ауытқушылықтардан, құжаттамадағы түйіспеушіліктен туындаған, техникалық
құжаттамадан шегіністер техникалық шешімдер арқылы рәсімделеді.Бұл шешімдерді
конструкторлық құжаттаманы дайындаған, бас ұйымның ӛкілі бекітеді, авторлық
қадағалауды жүзеге асыратын, бас монтаж және құрастыру ұйымы, жобалау ұйымының
тапсырыс берушілерінің ӛкілдері қол қояды.
6.2.2 Жабдықты тексеру тексерілетін жабдықпен
кинематикалық немесе
технологиялық байланысты, бұрын орнатылған жабдыққа қатысты немесе біліктері мен
белгілерінің реперлері(қажетті дәлдікпен) және таңбалары арнайы бектіліген жұмыс
сызбаларына қатысты және дайындаушы-кәсіпорын құжаттамасындағы нұсқауларға
сәйкес жүргізілуі тиіс
6.2.3 Бекітудің жоғары сенімділігі мен қатаңдығын талап ететін машиналар мен
механизмдерді, уақытша тіреу элементтерін пайдаланып, сонымен қатар тікелей іргетасқа
құюға тұтас тіреп орнатады.. Құюға дейін түпкілікті бекітуді талап ететін аппараттарды
аралас тірей отырып монтаждайды(құюға және тұрақты тіреу элементтеріне).
Жиі реттеуді және ауыстырып отыруды талап етеін жабдықты құрастыру кезінде,
құюсыз тұрақты тіреу элементтеріне жергілікті тіреп орнату әдісін пайдаланады.
6.2.4 Жабдықты уақытша тіреу элементтерінде орнату, оның құюға дейінгі
ӛзгерістерінің болмауы мен беріктігін қамтамасыз етуі тиіс.
6.2.5 Жабдықтың реттеуден кейінгі тірек бетінің іргетастағы жағдайы барлық тіреу
элементтеріне, реттеу бұрандалары-тірек пластиналарына, ал тұрақты тірек
элементтері(бетон жастықшалар, металл тӛсемдер және т.б.) - іргетастың қалыңдығы 0,1
мм сүзгімен бақыланатын бетіне тығыз қабысуы тиіс.
6.2.6 Құю кезінде жабдықтың ығысуының алдын-алу мақсатында жабдықтың
монтаждалатын уақытша тірек элементтерін тектсеру үшін пайдаланған кезде, гайкаларды
алдын-ала тарту керек. Дайындаушы-кәсіпорынның техникалық құжаттамасына сәйкес
түпкілікті тарту, құю материалын
70% -дан кем емес жобалық беріктікте құюға
жеткізгеннен кейін жүзеге асырылады.
Тұрақты тірек элементтерін тексеру үшін пайдаланған кезде гайкаларды түпкілікті
тартуды құюға дейін жүргізеді
Жабдықты іргетасқа бекіткеннен және тексергеннен кейін, оны орнатудың тексеру
актісі жасалуы тиіс.
6.2.7 Жабдықты құюды құрастыру ұйымыны оның ӛкілінің қатысуымен жазбаша
хабарлама жасағаннан кейін, 48 сағаттан кешіктірмей құрылыс ұйымы орындауы тиіс.
23
6.2.8 Құйылған бетонды ұстау және оны күту бетон жұмыстарын ӛндірудің ЖӚЖ
және ҚР ҚН талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
6.3 Қҧбырларды қҧрастыру
6.3.1
Құбырларды құрастыруды құрастыру жұмыстарын ең жоғары
механикаландырылған блоктармен жиналатын құбырлармен және кӛбінесе дайын жинау
бірліктерімен жүргізу керек. Құбырларды салу алдында олардың кеңістіктегі
құбырларының орналасуын анықтайтын трассаларын
(біліктерін) және жекеленген
нүктелері бӛлінуі тиіс. Құбырлардың орналасу трассасын бӛлу кезінде сызбаларын
кӛрсетіп, бұрылыстардың орнын, сонымен қатар құбырдың аралса желісінің орналасу
орнын белгілейді.
Құюды талап ететін жабдықты орнатуға арналған іргетастың биік белгілері,
жабдықтың тірек беті белгісінің жұмыс сызбаларында кӛрсетілгеннен 50-60 см тӛмен, ал
шығып тұратын қабырғалар орналасқан орындарда осы қабырғалардан 50-60 см тӛмен
болуы тиіс.
Құрастыруға берілетін іргетастарда, іргетас бұрандаларының астынан ұңғымалар
ойылып немесе құдықтар орындалса, іргетастың жұмыс сызбаларында оларды орнату
қарастырылған болса, құрастыруға тапсырылатын іргетастарда іргетас бұрандалары мен
тығындау бӛлшектері орнатылуы тиіс.
Егер жұмыс сызбаларында іргетас бұрандаларына арналған кондукторлар іргетас
алабында қалып қарастырылса, онда осы кондукторларды және оған бекітілген іргетас
бұрандаларын орнатуды жабдықты монтаждайтын ұйым жүзеге асырады.
Іргетастағы ұңғыманы бұрғылау, желіммен және цемент қоспаларымен бекітілетін
іргетас бұрандаларын орнатуды құрылыс ұйымы орындайды.
Іргетастан шығып тұратын бӛліктер, іргетастаста біртұтасталған іргетас
бұрандалары коррозиядан қорғалуы тиіс.
6.3.2 Құбырларды тіреуде бекітілген жабдыққа ғана қосуға рұқсат етіледі. Құбырды
жабдықпен ауытқусыз және қосымша керіліссіз қосу керек. Қозғалмайтын тіреулерді
тіреу құрылғыларына құбырларды жабдықпен қосқаннан кейін бекітеді.
Құбырлардың жинау бірліктерін жобалау жағдайында орнату алдында фланец
құрамалардың бұрандаларының гайкалары тартылуы және дәнекерлеу жапсарлары
дәнекерленуі тиіс.
6.3.3 Олардың жылжитын тіреулері мен бӛлшектері МЕМСТ 22130-86 -ге сәйкес
құбырдың әрбір телімінің жылуының ұзартылуын(қысқартылуын) ескеріп орнатылуы
тиіс.
Құбырлардың астындағы тіреу құрылымдары мен тіреулерді орнату кезінде, егер
басқа рұқсатнамалар жобада қарастырылмаса, олардың жоспардағы жобалаудан ауытқу
жағдайлары,
+0,001-ден аспайтын бағыт бойынша, сыртқы жұмыстар үшін ±10 мм,
ғимараттың ішінде салынатын құбырлар үшін п ±5 мм -ден аспауы тиіс.
Құбырлардың дәнекреленген жапсарлары тіректердін
50 мм-ден кем емес
қашықтықта болуы тиіс, ал бу мен ыстық су құбырларында 200 мм-ден кем болмауы тиіс.
24
Құбырлардың фланецтік құрамаларын тікелей тіреулердің жанында орналастыру
ұсынылады.
Құбырдың жобалау бағытын қамтамасыз ету үшін, тығын бӛліктеріне немесе болат
құрылғыларға дәнекерленетін металл тӛсемдерді тіреулердің астына орнатуға рұқсат
етіледі.
Тіреулер мен аспалардың серіппелері жұмыс сызбаларында келтірілген нұсқауларға
сәйкес тартылуы тиіс.
6.3.4 Болат құбырларды эстакадаларда, арналарда немесе тартпаларда салу кезінде,
құбырларды әрбір температуралық блокта түпкілікті бекіту қозғалмайтын тіреулерден
басталып жүргізілуі тиіс.
6.3.5 Құбырлардың гильзаларға бекітілген телімдері, қабырғалар және жабулар
арасынан салынған құбырлардың жапсарлары болмауы тиіс. Құбырларды гильзаға
орнатқанға дейін оқшаулануы және сырлануы тиіс. Құбырлар мен гильзалар арасындағы
саңылаулар жанбайтын материалдармен тығыздалуы тиіс.
6.3.6 Технологиялық құбырларды құрастыру кезінде арматуралар, фланецтік және
алмал-салмалы құрамаларды(сорғы құрылғыларымен қоса) терезе және есік ойықтарының
үстіне орнатуға болмайды.
6.3.7 Технологиялық құбырлар желілерімен ӛтетін жерлердің(жолдардың) қиылысын
жол білігінен 90° бұрыш астында қарастыру керек. Қажет болған жағдайда қиылысу
бұрышын 45°-қа дейін азайтуға болады. .
6.3.8 Барлық тірек құрылыс құрылымдары жанбайтын материалдардан орындалуы
тиіс.
6.3.9 КӘУЗ тасымалдайтын құбырларға арналған, түтіндейтін қышқылдар, улы
қасиеттері бар ӛнімдер, жанғыш газдар, сығымдалған газдар(қаныққан булардың
парцианальды қысымына байланысты емес) және ОТС(қайнау температурасына
қарамастан), егер жобада басқалар қарастырылмаса, тек жер беті тӛсемі рұқсат етіледі.
КӘУЗ -ден басқа тізбеленген орталарда, құрғақ құммен және тақта тастармен жабылатын,
ӛтпейтін каналдардағы сорғыларға соратын құбырлар салуға рұқсат етіледі. Ғимарат
құрылымындағы едендерде кӛрсетілген технологиялық құбырлардың каналсыз жабуға
рұқсат етілмейді.
6.3.10 Әкімшілік-шаруашылық және тұрмыстық ғимараттар, сонымен қатар
электромашиналық ғимараттар, желдеткіш камералар, БӚҚ үй-жайлары, электрді
тарататын, трансформаторлық және басқа да осыған ұқсас үй-жайларға құбырлар салуға
рұқсат етілмейді.
6.3.11
Кӛлік құралдарының қозғалысы қарастырылмаған орындардағы
технологиялық құбыр салу тереңдігі (жер бетінен құбырдың үстіне дейін немесе жылу
оқшаулау құрылғысына дейін), 0,8 метрден кем болмауы тиіс, ал басқа телімдерде
құбырдың беріктігін есептеу жағдайымен қабылданады
6.3.12 Теміржолдар үстіне, автожолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарында
орналасқан құбырларда, арматураларды, фланецті және бұрандалы құрамаларды, линзалы
және толқынды теңгермелер мен сорғы құралдарын орналастыруға тыйым салынады.
6.3.13 Цехаралық эстакадаларда салынатын, жоғары агрессивті сұйықтықтар мен
тұрлі қышқылдарға арналған құбырлар, барлық басқа құбырлардан, әсіресе отты-
жарылғыш және улы орталар үшін тӛмен орналасуы керек.
25
6.3.14 Бір орда екі немесе одан кӛп құбырларды бір мезгілде салу кезінде оларды бір
қатарда орналастыру керек (бір кӛлбеу жазықтықта). Олардың арасындағы қашықтықтар:
а) 300 мм-ге дейін шартты диаметрдегі құбырларға - 0,4 метрден кем емес;
б) 300 мм-ден артық шартты диаметрдегі құбырларға - 0,5 м-ден кем емес.
6.3.15 Кез-келген әдіспен дайындалған құбырдың майысқан бӛлшектері мен
дәнекерленген тігістеріне штуцерлер, дӛңесшелер, сорғылар дәнекерлеуге рұқсат
етілмейді.
6.3.16 Құбырларда ендірмелерді дәнекерлеу қажет болғанда, құбырдың диаметріне
қарамастан олардың ұзындығы 100 мм-ден кем болмауы тиіс.
Кӛлденең дәнекерленетін тігіс немесе құбырдың иілуінің басталуына дейін
бұрышталға тігісібар басқа элемент пен штуцерге дейінгі қашықтық үлкен диаметрлі
құбырлар үшін-100 мм-ден кем емес және 100 мм-ге дейінгі құбырлар үшін 50 мм- ден
кем болмауы тиіс.
6.3.17 Құбырларды салу кезінде туындаған біліктердің сәйкеспеуі немесе құбырлар
шӛркелері арасындағы саңылауларды жоюды қыздыру, тарту немесе біліктерді қисайту
жолымен жоюға рұқсат етілмейді.
6.3.18 Мыс, жез, алюминий, титан және қорғасын сияқты түсті металлдардан
жасалған құбырларды құрастру кезінде, кӛміртекті болаттан жасалған құбырларға
арналған талаптар сақталады. Мұндай құбырларды құрастыруды жабдық пен болат
құбырларды құрастыру бойынша барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін ғана бастайды.
6.3.19 Қорғасын құбырларды тақтайлар немесе бұрыштар сияқты, тұтас негіздемеде
салады. Фланецтер мен арматуралардың орналасу орындарында және науаларда аздаған
үзіктер қалдырады.Науаларға салынған құбырларды әрбір 700-1000 метр сайын қорғасын
ленталармен бекітеді.
6.3.20 Пластмасса технологиялық құбырларды салу және құрастыру жұмыстары
ӛндірісі кезінде ҚР ҚН 4.02-101 талаптарын сақтау керек..
Пластмасса құбырларды пайдалану оның материалына, пайдалану жағдайындағы
химиялық тӛзімділігіне, тасымалданатын ортасының температурасына байланысты
жұмыс қысымын шектеу ҚН 550 және ҚН 4.02-101 талаптарына сай белгіленеді.
6.3.21 Пластмасса құбырларды такелаждау жұмыстары кезінде кендірден,
текстолентадан және олардың беттерінің зақымдануын болдырмайтын басқа
материалдардан жасалған тіреуіштер қолданылады.
6.3.22 Металл емес құбырларды барлық құрылыс және ӛңдеу жұмыстары
аяқталғаннан кейін, жабдық пен болат құбырларды монтаждағанан кейін монтаждайды
(оларды сынау, сырлау, жылуын оқшаулаумен қоса).
Алдымен полэтилен, полипропилен, винипласт және фторопласт құбырларды, содан
кейін фаолитті, асбесоцементті, фарфор, шыны және графитопластты құбырларды
монтаждайды.
6.3.23 Металл емес құбырларды жер астына салу науаларда, каналдарда және
орларда жүзеге асырылады. Орларда негізінен тек полиэтилен, полипропилен,
винипластты және асбестоцементті құбырларды салады.
26
6.3.24 Жобада нұсқаулар болмаға кезде, шыны және ситалл құбырларды: газ бен
буды-0,002, суды-0,003, қышқылдар мен сілтілерді- 0,005, тағам ӛнімдерін тасымалдау
кезінде - 0,01 кӛлбеу салады.
Шыны құбырлар мен үлгі бӛліктерді кесіген жердегі құбырды айналдыра орап, 0,8 -
1,2 мм диаметрлі нихромды сыммен электрмен жылыту арқылы, сонымен қатар D 200 -
300 мм болат дискілермен және
1,5 - 2 мм қалыңдықтағы карборундты дӛңгелектермен
кеседі. Кескеннен кейін құбырлар біліктерінің үшкір шеттерін, дӛңестерін, ойықтарын
алып ӛңдейді.
Кескеннен және тегістегеннен кейін тік бұрыштан ауытқу: D
45 мм-ге дейін - 0,5
мм-ден асырмай; 68 мм-ге дейін - 1 мм, 122 мм-ге дейін - 1,5 мм және 221 мм-ге дейін - 2
мм рұқсат етіледі.
6.3.25 Шыны, ситалл, фарфор және керамикалық құбырларды аппараттан бастап,
алдын-ала орнатылған тіректерде, кронштейндерде мен аспаларда монтаждайды.
Құбырлардың және ұлгі бӛліктерінің металл бӛлшектермен тікелей жанасуына жол
берілмейді, ол үшін резеңке тӛсемдер салынады.
6.3.26 Шыны, ситалл, фарфор және керамикалық құбырларды автомобиль немесе
теміржол жолдарының астында, сонынмен қатар ӛртке қарсы кедергілер арқылы салуға
рұқсат етілмейді. Улы және ӛрт қаупі бар ӛнімдерді тасымалдайтын құбырларды
механикалық зақымдану мүмкіндігі аз жерлергеорналастыру керек және тӛсемдермен,
қалқандармен және т.с.с. қорғау керк. Мұндай құбырлардың ажыратылатын құрамаларына
қорғаныс бүркеніштерін кигізеді.
6.3.27 Шыны, гуммирленген және пластмассамен футерленген құбырларды
құрастыру кезінде қыздыру арқылы июге, құбырға штуцерлер мен дӛңесшелерді
жинақталған құбырларға кесп салуға рұқсат етілмейді.
6.3.28 Қажет болған жағдайда шыны құбырларды ӛздігінен тасыымалданатын
ӛнімдерден
0,1 МПа (1 кгс/см2) астам қысым астында инертті газбен немесе ауамен
босату керек.
6.3.29 Шыны құбырларды құрастыру кезінде, қажет болған жағдайда құбырларды
жууға пайдаланылатын, ортаға химиялық жағынан тұрақты, тығыздалған иілімді
тӛсемдермен муфталық немесе фланецтік алмалы-салмалы құрамалар қолданылуы тиіс.
7 ҚҦБЫРЛАРДЫҢ ДӘНЕКЕРЛЕНГЕН ЖӘНЕ БАСҚА АЖЫРАМАЙТЫН
ҚҦРАМАЛАРЫ
7.1 Жалпы талаптар
7.1.1 10 МПа (100 кгс/см2) артық Рy , болат құбырлардың жапсарларын дәнекерлеуге
I-IV санаттағы (СН 527-80 10Мпа дейінгі Ру технологиялық болат құбырларды жобалау
бойынша нұсқаулық) «Дәнекерлеушілерді аттестациялау ережелерінеª сәйкес сынақ беру
туралы құжатталры болған дәнекерлеушілерге рұқсат етіледі.V санатындағы болат
құбырлардың жапсарларын дәнекерлеуге аталған аттеатациядан ӛтпеген, бірақ сынау
жапсарларын дәнекерлеген дәнекерлеушілерге рұқсат етіледі.
Дәнекерлеу жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету, соның ішінде келесі
жағдайларда білімдерін қайтадан тексеруге ұшырауы мүмкін, дәнекерлеушілердің жыл
сайынғы жүйелі аттестациясының есебінен қол жеткізіледі:
27
-
бұйымдарды жаңа материалдардан дәнекерлегенде немесе дәнекерлеу
технологиясының елеулі ӛзгерісі кезінде;
- дәнекерлеу технологиясын бұзғаны үшін дәнекерлеушіні уақытша шеттеткеннен
кейінгі жұмыс үзілісі кезінде;
- ол үшін жаңа дәнекерлеу технологиясы немесе жұмыс түрлеріне ауысқан кезде.
Білімдерін тексеру нәтижелері хаттамамен рәсімделеді. Хаттама мен куәлікте еңбек
ӛтілі, дәнекерлеу жұмыстарының түрлеріне рұқсатнама, дәнекерленетін элементтердің
түрлері, болаттың таңбасы, тігістердің түрлері және олардың орналасуы кӛрсетіледі.
Хаттаманың негізінде құрастыру ұйымының басшысы дәнекерлеушіні дәнекерлеуге
рұқсат беруі туралы бұйрық шығарады(электр доғасымен қолмен, газбен, СО2 ортасында
жартылай автоматты дәнекерлеу).
Сол бұйрықта дәнекерлеушіге жеке таңба немесе нӛмір беріледі.
7.1.2 Аталған нысанды құрастыруда дәнекерлеуге алғашқы рет кіріскен немесе ӛз
жұмысында 2 ай үзілісі бар дәнекерлеушілер(дәнекерлеудің кез-келген түрі бойынша),
сонымен қатар жаңа дәнекерлеу материалдары немесе жабдықты қолданған жағдайда,
оларда аттестациялануы туралы құжаттары болғанына қарамастан, құбырлардың
дәнекерленуі жүргізілетін осы нысанда, солармен ұқсас жағдайда екі сынақ дәнекерлеуін
жасауы тиіс. Сонымен бірге, жапсардың біреуі тік, екіншісі-кӛлбеу болуы тиіс. Сынақ
дәнекерлеуді бұрылмайтын жағдайда дәнекерлейді. Пластмасса құбырлар құрылысы
кезіндегі дәнекерлеу-құрастыру жұмыстарына жіберілген дәнекерлеушілер, ПНП және
ПП құбырларын дәнекерлеу кезінде жапсарлы, ПВП құбырларын дәнекерлеу кезінде
жапсырлы және қонышты дәнекерлеуі тиіс.
Аққыштық шегі 390 Мпа және одан артық болат құрылымын дәнекерлеуге осы
бӛлшектерді дәнекерлеу бойынша жұмыстарға құқығы туралы куәлігі бар
дәнекерлеушілерге рұқсат етіледі. Дәнекерлеудің механикаландырылған тәсілдері арнайы
теориялық және тәжірибелік дайындықтан ӛткен дәнекерелеуші-операторларға рұқсат
етіледі.Түсті металлдардан құрамалар жасауға, пластмасса құбырларды дәнекерлеуге
арнайы бағдарламалар бойынша сынақ тапсырған және дайындықтан ӛткен мамандар
жіберіледі. Дәнекерлеу жұмыстарының алдында құрастыру ұйымының ӛкілдері
мыналарды бақылау керек:
- дәнекерлеу жұмыстары ӛндірісіне жіберілетін дәнекерлеушілердің біліктілігін;
- дәнекерлеу мен қосуға бӛлшектер мен құрастыруларды дайындау;
- дәнекерлеу жұмыстары ӛндірісінің технологиясын сақтау және дәнекерленген
материалдардың сапасы, орындалған дәнекерлеу құрамаларының сапасы;
- дәнекерлеу жұмыстарының атқарушылық құжаттамасын жүргізу.
7.1.3 Болат құбырлардың сынама жапсарлары:
а) ӛрескел қабыршықты, дәнекерленген тігісте
0,5 мм-ден астам тереңдікте
кесіндері, кратерлері, қаптаулары, саңылаулары, жарықшақтары болмауы тиіс;
балқытылған металлдың беті құбырдың барлық периметрі бойынша, негізгі металлға
бірқалыпты ӛтіп, аздап дӛңестеу болуы тиіс; тігістің күшейтілу биіктігі 1 - 3 мм шегінде
болуы тиіс, ал тігістің ені әрбір тарабының жиектерін жабуға 2 - 3 мм қамтамасыз етуі
тиісті;
28
б) тұтастықты тексеру осы ережелердің
7.2.7
-
7.2.11 Тармақтарына сәйкес
бұзбайтын әдістермен бақыланады;
в) міндетті 4-Қосымшаға сәйкес МЕМСТ 6996 бойынша үлгілерді механикалық
сынау. Механикалық сынақ жүргізуге арналған үлгілерді дәнекерлеу құрамаларының
түрлі телімдерінен кесіп алады, осылайша барлық тігістің сапасын кешенді бағалауды
қамтамасыз етеді.
7.1.4 Сынама жапсарлардың сапасының қанағаттанғысыз жағдайларында
анықталған:
а) сыртқы тексеруде жапсарды жарамсыз деп таниды да басқа бақылау әдістеріне
ұшыратпайды;
б) бақылаудың бұзбайтын әдістерімен тексеру кезінде, ақау жіберген дәнекерлеуші,
тағы екі сынама жапсарды дәнекерлейді, егер бақылау кезінде жапсарлардың ең
болмағанда біреуі ақаулы болса, сынама жапсарларды жарамсыз деп таниды;
в) механикалық сынақ кезінде осы дәнекерлеуші дәнекерлеген жапсарлардан кесіп
алынған, үлгілердің екі еселенен санын қайта сынауды жүргізеді, егер қайталама
еханикалық сынамалардағы үлгілердің ең болмаса біреуі ақаулы болса, сынама
жапсарларды жарамсыз деп таниды.
7.1.5 Құбырларды дәнекерлеуге жинау алдында жүздерін дайындаудың дұрыстығы
тексеріледі; жапсарланатын құбырлардың жиектері ішкі және сыртқы жағынан 20 мм
қашықтықта металл жылтырына дейін қорғалуы тиіс. Қорғалатын беттерде кір, май,
ылғал, қабыршақтар және коррозия ӛнімдері болуына рұқсат етілмейді.
7.1.6 Құбырларды, бӛлшектерді және арматураларды дәнекерлеп, жапсарлау
кезіндегі жиектердің ығысуы мен түрлі қабырғалығын, қабырғаның қалыңдығынан 10%
мӛлшерінде, бірақ 3 мм-ден асырмай қабылдау керек.
Егер жапсарланатын элементтердің іртүрлі қабырғалығы, жиектерінің ығысуы
немесе құбырлардың ішкі диаметрлерінің айырмасы кӛрсетілген кӛлемнен асып кетсе,
онда ӛңдеу арқылы құбыр білігінің 15° аспайтын бұрышы астында ең жуан элементтен ең
жіңішке элементке бірқалыпты ӛту қамтамасыз етілуі тиіс.
Болат құбырларды дәнекерлеу кезінде жиектердің түрлі қабырғалығы немесе
жиектердің ығысуы жапсарланатын элементтердің қабырғаларының қалыңдығына
байланысты, 2 Кестеге сәйкес қабылдайды.
2 Кесте - Жапсарланатын элементтердің әр тҥрлі қабырғалығы немесе
жиектерінің ығысуы
Жапсарланатын
элементтердің
3 тен 4
5 тен 6
7 ден 8ге
9 дан 14 ке
15 және одан
қабырғаларының
ке дейін
ға дейін
дейін
дейін
жоғары
қалыңдығы, мм
Рұқсат етілетін түрлі
қабырғалық немесе
1
1,5
2
2,5
3
жиектердің ығысуы, мм
7.1.7 Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде мердігер ауа температурасын
бақылауы керек. Болат құбырлардың жапсарлық құрамаларын дәнекерлеуді сыртқы
29
ауаның минус 50 °С -ға дейінгі температурасында жүргізуге рұқсат етіледі. Сонымен
қатар, дәнекерленетін қорытпаларды жылытусыз дәнекерлеу жұмыстарын минус 20 °С-қа
дейінгі ауа температурасында орындауға рұқсат етіледі. Түсті металлдардан жасалған,
сонымен бірге полимерлік құбырларды дәнекерлеуді
5 °С-тан тӛмен емес қоршаған аа
температурасында жүргізуге болады. Полимерлік құбырларды дәнекерлеуді тығын
жылытқыштармен құрама бӛлшектерін дәнекерлеуді минус 5 °С-тан тӛмен емес ауа
температурасында белгіленген тәртіпте бекітілген талаптарды ескере отырып,жүргізеді.
Теріс температурада құбырлардың жапсарларын жинау кезінде, соққыларды
болдырмай, қосу ұштарын тек қызып тұрған жағдайда түзету керек. Тігістің түбірін
толықтай дәнекерлеуді қамтамасыз ететін, ең аз саңылауларды ұстау қажет. Сонымен
бірге қоныштарды ұзындау етіп, кӛп мӛлшерде салады. Қажет болған жағдайда
дәнекерленетін құбырлар мен бӛлшектердің ұштарының алдын-ала жергілікті жылытуын
жүргізеді.
7.1.8 Жинау кезінде құбырларды бекітуді, осы болатпен және сол электродтармен
құбырларды дәнекерлеп жатқан, сол біліктіліктегі дәнекерлеушілер жүргізеді.
7.1.9 Қалып қойған дәнекерлеу кернеулерін азайту және дәнекерлеу құрамаларының
талап етілетін қасиеттерін қамтамасыз ету үшін, С, ХГ, ХМ және ХФ топтарындағы
болаттан жасалған құбырлар жапсарларын дәнекерлегеннен кейін бірден термиялық
ӛңдеуден ӛткізу керек.
7.1.10 Анықталған рұқсат етілмеген ақауларды жойғаннан кейін, сыртқы бақылаудан
ӛткен дәнекерлеу құрамалары термиялық ӛңдеуге жіберіледі.
7.1.11 Дәнекерлеу құрамаларын термиялық ӛңдеу кезінде жапсардың
температурасын үздіксіз бақылауды қамтамасыз ету керек. Құбырлар термиялық ӛңдеу
кезінде ауаның тарту күші мен жапсардың суып қалуының алдын алу үшін,құбырлардың
біліктері уақытша тығындармен жабылуы тиіс.Термиялық ӛңдеуді жүргізгенде жылытқан
кезде үзілістер ұсынылмайды
7.1.12 Түсті металдар мен қорытпалардан ажырамайтын жалғастырғыштарды
орындауға, пластмасса құбырларды дәнекерлеуге және жабыстыруға оқытудан ӛткен,
тиісті куәліктері бар және сынақтарды тапсырған жұмысшылар ғана жіберіледі.
7.1.13 Алюминийден, мыстан және жезден жасалған құбырлар үшін газ, электр
доғасы дәнекерлеуін және қорғалған газдар ортасындағы дәнекерлеуді пайдаланады.
Мыстан және жезден жасалған құбырлар үшін сонымен қатар пісіруді пайдаланады.
7.1.14 Дәнекерленген құраманы қарама-қарсы орындау қажет. Оның кӛлемі жұмыс
сызбасында кӛрсетілуі, құбыр қабырғасының бес есе қалыңдығынан кем болмауы тиіс.
Дәнекерлеудің алдында тораптың бақылау жинақталуын орындайды және 0,3 мм-ден
аспауы тиіс қосылған жердегі саңылауларджы тексереді.
7.1.15 Болат құбырларды құрастыру алдында құбырлар мен тетіктердің
дәнекерленген қосылыстары олар толық суығанға дейін ұсталуы, ал желіммен қосылған
пластмасса құбырлар - 2 сағаттан кем емес уақыт ұсталуы тиіс.
7.1.16 Dн
40 мм-ден жоғары және қабырғасының қалыңдығы 3 мм-ден артық ПВП
мен ПП жасалған құбырлар тетіктері мен құбырлардың ажырамайтын жалғануын
түйіспелі дәнекерлеумен қыспақ түрінде орындайды.
30
Dн 16...140 мм-ге дейінгі және қабырғасының қалыңдығы 2...12 мм болатын ПНП
жасалған құбырлар зауытта дайындалған құйылған тетіктердің кӛмегімен тікелей және
тікелей-қосылған дәнекерлеу жолымен түйіспелі дәнекерлеу арқылы жасалынады. Тікелей
дәнекерлеу құбыр үлгісінен бір үлгі жоғары тетіктермен құбарларды жалғанғанда
қолданылады, ал тікелей-қосылған дәнекерлеу арқылы бір үлгілі құбырлар мен тетіктерді
жалғастырады. Қабырғаның қалыңдығы 3 мм-ден артық болған және бұл құбырлар мен
тетіктерді жалғайтын құйылған тетіктері болмаған жағдайда, түйіспелі жанаспа
дәнекерлеу жолымен орындайды.
ПВХ-дан жасалған құбырлардың ажырамайтын жалғауын жабыстыру жолымен
орындайды.
Шыбық дәнекерлеуін, бұл қосылыстарды түйіспелі дәнекерлеумен орындау мүмкін
болмаған жағдайда, III және IVсанаттағы құбырлардың жалғасуы үшін пайдаланады.
7.1.17 ПВП мен ПНП
-дан жасалған құбырларды қоршаған орта дағы ауа
температурасы минус 5°С-тан тӛмен болмаған жағдайда түйіспелі дәнекерлеумен, плюс
5°С-тан тӛмен болмаған жағдайда - шыбық дәнекерлеумен дәнекерлеуге болады. ПП мен
ПВХ-дан жасалған құбырларды - қоршаған орта ауасы температурасы плюс 5°С-тан
тӛмен болмаған жағдайда, дәнекерлеудің барлық түрлерімен дәнекерлеуге болады.
Дәнекерлеу байланыстарын тек табиғи жолмен ғана суытуға болады, мехникалық
жүктемелерге тек 24 сағат ӛткеннен кейін ғана салуға болады, тек толық суығаннан кейін
ғана жүктеме салуға болатын түйіспелі дәнекерлеу жолымен орындалғандарынан
басқаларын.
7.1.18 Құрастыру ұйымдары ӛкілдері тӛмендегілерді бақылаулары қажет:
дәнекерлеу жұмыстары ӛндірісіне жіберілген дәнекерлеушілердің біліктіліктерін;
дәнекерлеу және ұстату үшін тетіктер мен жинақтарды дайындауды;
дәнекерлеу жұмыстары ӛндірісі технологиясының сақталуын және дәнекерлеу
материалдарының сапасын; орындалған дәнекерленген жалғасулардың сапасын;
дәнекерлеу жұмыстарына орындау құжаттамасының жүргізілуін.
7.1.19 Тапсырыс берушінің техникалық бақылау ӛкілдері міндетті:
дәнекерлеушілердің
біліктіліктерінің ӛздері орындайтын дәнекерлеу
жұмыстарына сәйкестігін бақылауға;
құрастыру ұйымының ҚР ҚН және МСТ, технологиялық құжаттамамен
қарастырылған дәнекерлеу байланыстары сапасын бақылау бойынша жұмыстардың
барлық кӛлемін орындауын тексерулері;
дайындамаларға, дәнекерлеу материалдарына, тетіктердің дәнекерлеу үшін
дайындалуы сапасына және дәнекерлеу жұмыстары ӛндірісінің технологиясының
сақталуына сапаны бақылау жүргізуге;
орындалған дәнекерлеу жұмыстарына қабылдауды жүзеге асыруға.
7.2 Болаттан жасалған қҧбырлардың жалғану сапасын бақылау
7.2.1 Болаттан жасалған құбырлардың дәнекерлеу жалғауларының сапасын бақылау
тӛмендегі жолмен жүруі тиіс: дайындау және құрастыру үдерісінде жүйелік операциялық
бақылау; пісірілген жерлерді сырттай бақылау; бақылаудың бұзылмайтын әдістерінің
31
бірімен ішкі ақауларды анықтай отырып түйіскен жерлердің бүтіндігін тексеру; сынақ
жалғаспаларынан кесіліп алынған үлгілерді механикалық сынау, сонымен қатар аталмыш
ережелердің 8 Бӛліміне сәйкес одан кейінгі гидравликалық және пневматикалық сынақтар.
Дәнекерлеу жалғаспалары сапасын бақылау әдісі МЕМСТ 3242 келтірілген.
V санаттағы құбырлардың дәнекерлеу тігістері сапасын тексеру операциялық
бақылау мен сыртқы қарауды жүргізумен шектеледі.
7.2.2 Операциялық бақылау дәнекерленуі тиіс құбырлар тетіктері, арматура және
дәнекерлеу материалдары сапасын тексеруді, шеттерінің тегістелуінің дұрыстығын және
олардың бетерінің сапасын; түйісетін жерлердің жиынтығы сапасы және жинақтау
операцияларының орындалу дәлдігі
(саңылаулар мен шеттерінің қозғалып кетуі);
дәнекерлеу үдерісінде технологиялық үдерістің және тәртіптің сақталуы сапасын
тексеруді қарастыруы қажет.
Сынақ дәнекерлеу байланыстарын, осындай байланыстар үшін қарастырылған
нормалар бойынша бағалау қажет. Сынақ түйісулерінен дайындалған дәнекерлеу
үлгілерін механикалық сынау, келесі талаптардың сақталуын растауы қажет:
а) статикалық тартудағы уақыттық кедергі дәнекерленіп отырған металлдың уақттық
кедергісінің тӛменгі шегінен кем болмауы тиіс;
б) статикалық иіліске сынау барысында бұрылу бұрыштары, аталмыш ережелер
жинағында келтірілгендерден кем болмаулары тиіс.
7.2.3 Келесі ақауларды анықтау үшін барлық дәнекерлеудің түйіскен жерлері
сырттан шоынулары тиіс:
а) дәнекерлеу аймағында енгізгі металл немесе тігіс сыртына шығып тұрған
сызаттар;
б) енгізгі металдан балқытылған металға ӛту аймағындағы томпақ және кесілген
жерлер;
в) күйген жерлер;
г) дәнекерленген жердің кӛлденеңінен жәнпе тігінен күшейтілуінің тегіс еместігі,
сонымен қатар оның ӛзектен ауытқулары (қисаюлар).
Дәнекерленген жердің беті ұсақ қабыршақты болуы қажет; тесік, қуыс, ірі
қабыршақты болуына рұқсат берілмейді; балқытылған металдан негізгі металға ӛту
біркелкі болуы, пісірілген жерлерде кратерлер қалмаулары қажет.
Пісірілген жерлердің қалыптары мен мӛлшерлері дәнекерлеу жұмыстары ӛндірісін
реттейтін техникалық құжаттама нормаларына сәйкес болулары қажет.
Визуалды бақылау барысында дәнекерленген жерлер келесі талаптарды
қанағаттандырулары қажет:
негізгі металға ӛрескел ӛтулерсіз тегіс немесе бірқалыпты бетінің болуы;
пісірілген жерлер ұзына бойына тығыз болулары және кӛзге кӛрінетін күйіктерсіз,
тарылусыз, үзіліссіз, ағусыз, сонымен қатар кӛлемдері бойынша рұқсат етілмейтін
кесулерсіз, пісірілген жерлер түбіндегі пісірілмей қалған жерлерсіз, шеттері бойынша
балқымауларсыз, шлактарсыз және тесіктерсіз болулары қажет;
пісірілген жер және пісірілген жер маңайы металы кез-келген бағыттағы және
ұзындықтағы сызаттарй болмауы;
32
дәнекерлеу аяқталған жерлердегі пісірілген жерлер кратерлері қайтадан
дәнекерленуі, ал аяқталған жерде бітелуі тиіс.
7.2.4 Дәнекерленген және термо ӛңдегеннен (қажет болған жерлерде) кейін барлық
пісірілген жерлер, түрі және мӛлшері 3-ші Кестеде кӛрсетілген баықлауға алынады.
7.2.5 Бақылаудың бұзбайтын әдістері ретінде, нақты жағдайларды ескере отырып,
ультрадыбыстық, электрорентгенографиялық және фотоқағазды пайдалана отырып
рентгенографиялық әдістерді пайдалануға болады. Бүкіл периметр бойынша құбырлардың
пісірілген жерлері, техникалық шарттарда немесе 4-ші Кестеге сәйкес қарастырылған
санда тексерілетін болады.
7.2.6 Әртүрлі болаттарды дәнекерлеу барысында 10 МПа артық Ру құбырларының
және I - IV санаттағы құбарлардың пісірілген жерлерінің
100% және V санаттағы
құбарлардың 10% жарық түсіру арқылы тексерілулері тиіс.
3 Кесте-Дәнекерленген байланыстарды тексеру әдісі
Қҧбырлар санаттары
Операциялар
I
II
III
IV
V
Сырттай қарау және ӛлшеу
+
+
+
+
+
Жарық
түсіру,
енбелі
Стандарт
сәулелендірумен; магнитографиялық
+
+
+
+
бойынша
тексерумен тексеру
Механикалық сынақтар
Дәнекерлеушілерді сынау барысында
-
жүргізіледі
Металлографиялық зерттеулер
Сызба немесе стандарт талабы бойынша
-
Ауамен сынау
Жоба нұсқауы бойынша
-
Түрлі-түсті әдіспен бақылау
Сызба немесе стандарт талабы бойынша
-
3 Кесте-Дәнекерленген байланыстарды тексеру әдісі (жалғасы)
Қҧбырлар санаттары
Операциялар
I
II
III
IV
V
Құрамында ферриттің болуын бақылау
Сызба немесе стандарт талабы бойынша;
-
аустенитті болат үшін250°С-тан
жжоғары температурада - 5%-дан артық
емес
Коррозияға ұшырауын тексеру
Сызба немесе стандарт талабы бойынша
-
Гидравликалық қысыммен сынау
+
+
+
+
+
4 Кесте-Қҧбырларға арналған қосылыстардың дәнекерлеушінің дәнекерлеу
тҥйіспелерінің жалпы санынан (бірақ біреуден кем емес) %-бен ультрадыбыспен
немесе радиографиялық әдіспен пісірі байланыстарын тексеру кӛлемі
Тексерілетін пісірілген жерлердің
Қҧбырлар санаты
минималды саны, %-бен
Ру10 МПа артық (100 кгс/см2) және I санатты -
100
33
70°С-тан тӛмен температурада
I
20
II
10
III
2
IV
1
ЕСКЕРТПЕ Тексерілетін пісірілген жерлердің минималды саны, әрбір дәнекерлеуші
дәнекерлеген ӛндірістік пісірілген жерлердің жалпы санынан%-бен берілген, бірақ бір пісірілген
жерден кемболмауы қажет.
7.2.7 Радиографиялық бақылау нәтижесі бойынша болат құбырлардың пісірілген
түйіскен жерлерінің сапасын бағалауды, міндетті 3-ші Қосымшаға сәйкес баллдық жүйе
бойынша жасау қажет. Пісірілген байланыстар, егер олардың жалпы балдары құбырлар
үшін тең немесе артық болса, жарамсыз деп танылулары қажет:
а) Рy 10 МПа артық (100 кгс/см2): 2;
б) I санат: 3;
в) II санат: 3;
г) III санат: 5;
д) IV санат: 6.
Кӛрсетілген немесе одан да кӛп балмен бағаланған пісірілген жерлер, түзетілулері
тиіс, одан кейін ақауға жол берген дәнекерлеушінің орындаған пісірілген жерлері саны
бастапқы мӛлшерден екі есе артық қайталап тексерілетін болады.
Тиісінше жалпы балдары 4 және 5 бағаланған, III және IV санаттағы құбырлардың
дәнекерленген байланыстары, түзетілмейді, бірақ бұл дәнекерлеушінің орындаған
пісірілген жерлері саны бастапқы мӛлшерден екі есе артық қайталап тексерілетін болады.
Егер, қосымша тексеру барысында тіпті бір пісірілген жер жарамсыз деп танылса
(ал, III және IV санаттағы құбырлар үшін тиісінше 4 және 5 жалпы балына бағаланса),
онда аталмыш дәнекерлеуші орындаған пісірілген жерлер 100% тексерілетін болады. Егер
бұл жағдайда, тіпті бір пісірілген жер жарамсыз деп танылса, дәнекерлеушіні
құбарлардағы дәнекерлеу жұмыстарынан алып тастайды.
7.2.8 Радиографиялық тексерудің сезімталдығы [1] Py 10 МПа артық (100 кгс/см2)
сәйкес болуы тиіс, I және II санаттар үшін- 2-ші сыныпқа, III және IV санаттағы құбырлар
үшін- 3-ші сыныпқа сәйкес болулары тиіс.
7.2.9 Ультрадыбыстық тексеру нәтижелері бойынша
[2]Py
10 МПа артық (100
кгс/см2) құбарларының дәнекерлеу қосылыстары, егер тӛмендегілер болмаған жағдайда
сапалы деп саналатын болады:
а) созылмалы жалпақ және кӛлемді ақаулар;
б) қабырғаның қалыңдығы 20 мм-ден артық болса және 3 мм2және одан да артық
болса - 2 мм2және одан да артық баламалы аумаққа сәйкес кері қайтарылған белгі
амплитудасы бар ұзын емес кӛлемді ақаулар;
в) пісірілген жердің әрбір
100 мм-не саны үштен артық емес қабырғаның
қалыңдығы 20 мм-ден артық болса және 3 мм2және одан да артық болса - 2 мм2және одан
да артық баламалы аумаққа сәйкес кері қайтарылған белгі амплитудасы бар ұзын емес
кӛлемді ақаулар.
34
I
- IV санаттағы болаттын жасалған құбырлардың дәнекерленген қосылыстары
салалық стандарттармен бекітілген талаптарға сай болулары қажет. Ультрадыбысты
әдіспен ең құрығанда бір пісірілген жер бойынша қанағаттандырарлық емес нәтиже
алынған жағдайда, аталмыш дәнекерлеуші орындаған пісірілген жерлер екі есе артық
тексерілетін болады. Қайталама тексеру нәтиесі қанағаттандырарлық болмаса пісірілген
жерлер 100% тексерілетін болады. Ақау жіберген дәнекерлеуші құбырларды дәнекерлеуге
тек, «Дәнекерлеушілерді аттестаттау ережесінеª сәйкес тек білімін қайтадан тексергеннен
кейін ғана жіберіледі.
7.2.10 Егер, дәнекерлеуші сынақ барысында пісірген тексеру қосылыстарының
пісірілген жерлері сыртқы түрі бойынша және бұзылмайтын тәсілмен тексеру нәтижесінде
қанағаттандырарлық деп танылса, онда пісірілген жерлерден механикалық сынақтарға
арналған үлгілер кесіліп алынады.
7.2.11 Механикалық қасиеттерін тексеру МСТ
6996-66* талаптарына сәйкес
жүргізілетін болады. Ол сынақтың тӛмендегі түрлерінде жүргізіледі:
а) қисаю немесе майысуға;
б) созылуға;
в) соққы жабысқақтығына
(құбыр қабырғасының қалыңдығы
12 мм-ден кем
болмаған жағдайда);
г) қаттылықты ӛлшеу барысында.
7.2.12 Жергілікті іріктеу және одан кейінгі пісір жолымен түзетуге (бүкіл қосылысты
қайтадан дәнекерлеусіз), егер пісірілген жердің ақаулы телімін жойғаннан кейінгі
іріктеменің кӛлемі
5-ші Кестедегі мәндерден артық болмаса, болаттан жасалған
құбырлардың пісірілген тұстары телімі жатады.
5 Кесте - Іріктеме кӛлемдері
Қҧбыр қабырғасының номиналды
Дәнекерленген қосылыстың номиналды
қалыңдығына немесе пісірілген
сыртқы периметріне арналған сомалық
жердің есептік кесіндісіне арналған
ҧзындығы, %
іріктеме тереңдігі, %
Рy 10 МПа артық (100 кгс/см2) құбырлары үшін
15-ке дейін
Нормаланбайды
15-тен 30-ға дейін
35 -ке дейін
„ 30
„
50
„ 20
50-ден артық
„ 15
I - IV санатты құбырлар үшін
25-ке дейін
Нормаланбайды
25-тен 50-ге дейін
50-ге дейін
50-ден артық
„
25
Ақауланған телімді түзету үшін, 3-ші Кестедегі рұқсат етілген кӛлемнен үлкен
іріктеме жасауды қажет ететін пісірілген қосылыс, түгелдей жойылуы қажет, оның орнына
«катушкаª дәнекерленуі қажет.
35
Сырттай қарау және ӛлшеулер, ультрдыбыспен, магниттік ұнтақпен немесе түрлі-
түсті әдіспен тексеру барысында анықталған пісірілген жерлердің барлық ақаулы
телімдері түзетілулері тиіс.
Радиографиялық тексеру нәтижелері бойынша жарамсыз деп танылған пісірілген
жерлерде, 7.2.7. Тармаққа және міндеттң Г Қосымшасына сәйкес анықталатын ең жоғары
балмен бағаланған пісірілген жерлер телімдері жатады. Егер, пісірілген жерлер бірдей
балдар сомасы бойынша жарамсыз деп танылса, онда аяғына дейін дәнекерленбеген
телімдер ғана түзетілулері тиіс.
Пісірілген жерді бір реттен артық емес түзетуге жол беріледі. Ақауларды шекіме
арқылы түзетуге тыйым салынады.
Пісірілген жерлердің түзетілген жерлерінің барлығы бұзбайтын тәсілмен
тексерілулері қажет.
Түзетулер мен қайталап тексеру туралы мәліметтер міндетті В Қосымшасына сәйкес
ӛндірістік құжаттамаға енгізілулері тиіс.
7.2.14 Металдың пісірілген жерінің қаттылығын сынауға Рy 10 МПа (100 кгс/см2)
артық болат құбырларының дәнекерленген қосылыстары, сонымен қатар термикалық
ӛңдеуден ӛткен ХМ және ХФ топтары болатынан жасалған Рy 10 МПа дейін (100 кгс/см2)
құбырлары жатады.
Қаттылықты тексеру нәтижелері бойынша, пісірілген қосылыстар тӛмендегі
шарттарды орындау барысында сапалы деп саналатын болады:
а) балқытылған металдың қаттылығының негізгі металдың қаттылығының тӛменгі
мәнінен 25 НВ артық емес тӛмендеуінде;
б) балқытылған металдың қаттылығының негізгі металдың қаттылығының жоғарғы
мәнінен 20 НВ артық емес артуында;
в) негізгі
металдың және термикалық ықпал аймағындағы металдың
қаттылықтарындағы айырмашылықтың 50 НВ-дан артық болмауы жағдайында.
Рұқсат етілген қаттылықтағы айырмашылық жағдайында, қосылыстарды қайтадан
термикалық ӛңдеу қажет және егер, рұқсат етілген қаттылықтағы айырмашылық
қайталама термикалық ӛңдеуден кейін де артық болған жағдайда, онда соңғы тексеруден
кейінгі аталмыш дәнекерлеуші дәнекерлеген, негізгі метал мен пісірілген қосылыс
металдарының барлық бір үлгілік қосылыстарына стилоскопированиесін жасау қажет.
Балқытылған металдың химиялық құрамының берілген үлгілерге сәйкес келмеуі
жағдайында қосылыстар жарамсыз деп танылады.
7.2.15 Кристаллит аралық коррозияға сынау және оны бағалау МСТ 6032-89 және
ведомстволық нормативтік құжаттарғасәйкес, егер бұл жобамен қажет етілген жағдайда,
тек жоғары қосындыланған, қышқылға тӛзімді болаттар үшін жүргізіледі.
7.3 Тҥсті металдар мен қосындылардан жасалған қҧбырлар қосылыстары
сапасын тексеру
7.3.1 Дәнекерленген және пісірілген қосылыстардың сапасын тексеруді оларды
сырттай қарау жолымен, сонымен қатар құбырларды аталмыш ережелердің
8-ші
36
содержание .. 1 2 ..
///////////////////////////////////////
|
|