Банктерді басқару принциптері

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 3

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  112  113  114  115  116  117  118  119  .. 

 

 



2.2

Банктерді басқару принциптері

 


Банк қызметін басқарудың ерекшелігіне басқару салаларының ауқымдылығы жатады. Бұл басқару салаларына мыналар қатысты: макро және микро деңгейлердегі несие қатынасы мен ақша айналымы, ақшалай операцияларды орындауда қатердің біршама жоғары болуы.
Аталмыш қатер ақша нарығына және осыған орай институттардың қызметіне тән көптеген ішкі және сыртқы факторлардың ұштастырудың қиындығына байланысты туындайды. Сондықтан да банкте ең жауапты шешімдерді ұжыммен ақылдасып шешу принципі қолданылады, несие берушілерді ықтимал қатерлерден қорғаудың әр түрлі тәсілдері пайдаланылады, банктің негізгі кеңсесі мен филиалдары арасында несие операцияларын орындау саласындағы құқықтарды бөлу жүзеге асырылады.
Банк операцияларының келісімшарт сипатында болуы, клиенттермен жұмыс тек жоғары экономикалық дайындықты ғана қажет етіп қоймай, сонымен бірге, психология негіздерін, құқықты, іскерлік этиканы жақсы білуді, келіссөздер жүргізе білуді талап етеді, яғни банк мамандарын өзіндік ерекшеліктермен дайындауды қажетсінеді.
Банк менеджментінің негізгі бағытын екі үлкен салаға бөлуге болады:
1. Бірінші топ банк құзыреттілігіндегі экономикалық процестерді ұйымдастыру және басқару бойынша мәселелерді қамтиды.
2. Екінші топ банк ұжымын ұйымдастырумен және басқару мен байланысты.
Осы салалардың әрбіреуі өз кезегінде бірнеше бағытқа ие олардың негізгілерінің мазмүнын қарастырайық.
1) Банк тұрғысынан басқарудың ең жауапты бөлігіне жоспарлау жатады.
Бұл процесте келешектегі әрекетті анықтайтын банк саясаты жасалады. Бұл жұмыстың құрамдық бөлігіне нақты банкті дамытудың тұжырымдамасын қалыптастыру, тиісті кезеңге ағымдық міндеттерді белгілеу, оларды жүзеге асыратын шараларды жасау жатады. Ал, банк саясатының құрамдық бөлігіне несие, депозит, инвестиция және процент саясаттары жатады.
Банк дамуының сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткісіштерінің келешекте қалайша өзгеретінің анықтаудың, оның қызметін жүзеге асыратын принциптерді негіздеудің, артықшылыктарды бөліп алудың, жұмысты ұйымдастырудың әдістерін тандаудың маңызы зор.
2. Активтерді басқару банк менеджментінің маңызды бағыттарының біріне жатады. Ол тиісті кезеңге белгіленген банк саясатын жүзеге асырады. Активтерді басқару процесіңде біртұтас екі міндет алға қойылады - жүйелі талдаудың және активтердің құрылымын өзгертуге бағытталған мақсатты әрекеттердің салдарынан қалыптасатын ахуалдың негізінде ғана банк балансының өтімділігін сақтау арқылы банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету.
Әр алуан активтердің банкке әркелкі пайда әкелетіні және олардың қатер деңгейі әр қилы болатыны белгілі. Сондықтан да банк барлық активтерді қаражат салымының мерзіміне, олардың пайдалылығы мен қатер деңгейіне қарай жіктеуі қажет. Активтерді басқарудың әдістері біршама дәрежеде тиісті кезеңце банк шешетін міндеттердің ерекшеліктерімен анықталады. Сонымен Қатар, пассивтердің құрылымына қарай активтерді орналастырудағы тығыз байланыстың болуы активтерді басқарудың теориясын және оны жүзеге асыратын әдістемелерді әзірлеуді қажет етеді. Ақша нарығы дамыған елдерде қазіргі заман жағдайында активтерді басқару белгіленген пайдалылық пен өтімділік нормативтерінде активтерді орналастыру мен пассивтер жағдайы арасындағы белгілі бір тәуелділікті белгілеуді ұйғаратын экономикалық-математикалық үлгінің негізінде жүзеге асырылады. Бұл арада әр түрлі экономикалық ахуалдарға баламалы нұсқалар жасалады.
3. Пассивтерді басқару менеджменттің дербес бағытын бідіреді. Бұл процесте мынадай міндеттер шешімін табады:
• міндетті резервтерді қалыптастыратын бөлігін есептемегенде табыс әкелмейтін қаражаттың банкте болуың-жол бермеу;
• банк өз клиенттерінің алдындағы тиісті міндеттемелерді орындауы үшін әрі активтік операцияларды дамыту үшін қажетті несие ресурстарын іздестіру;
• банктердің «арзан» ресурстар есебінен пайда алуын қамтамасыз ету.
Осы міндеттердің әрбіреуі мәселені шешудің айрықша тәсіліне ие. Осылардың ішінде депозиттік процент, оның салым мерзіміне қарай әртараптануы маңызды орын алады. Алайда мөлшерді арттыруды ғана емес, сонымен бірге түрлерді әр алуан етуді білдіретін пассивтік операциялардың дамуы ақша және қаржы нарығының алғашқы негізі ретінде болатын акция айналымының тұрақтылғын қажет етеді. /1. 144-147б/
Менеджмент міндеттері:
1. Өзіндік банк қаражатын басқару оның өтімділігі мен
төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуде айрықша маңызды орын
алады. Банктің активтік операцияларын ұлғайтуда әрі депозит
мөлшерін өсіруде өзіндік банк капиталын арттыру қажеттілігі
пайда болады.
Өзіндік банк капиталын басқару оның жеткіліктілігінін, сондай-ақ осы жеткіліктілікті бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді тандаудың өлшемдерін негіздеуді қажет етеді. Өзіндік банк капиталын басқарудың тиімді құралына банк шығарған акция бойынша дивидендтер саласындағы саясат жатады. Дивидендтердің артуы акция бағасын өсіреді және осыған орай қосымша акцияларды сатудың, өзіндік капитал өсуінің ықтималдығын тудырады.
2. Банк жұмысының пайдалылығын басқару оның кірісгері
мен шығыстарын, тартылған қаражат бойынша шекті шығындарын
және несиелеу мен инвестициядан түсетін шекті табысын, каржылық нәтижелер тұрақтылығының қамтамасыз егілуін, ысырап қатерін бақылауды қажет етеді. Банк алатын пайданың шамасына әсерін тигізетін банк қызметіндегі алаяқтық операциялардың арту себебіне, күмәнді және залалды операциялардың талдауына айрықша назар аударылады.
3. Банк қызметіндегі тәуекелдіктерді басқаруға тәуекелдік - менеджменті жатады.
Банк қызметінде қатер әр түрлі операцияларды орындау барысында орын алады: несиенің және ол үшін алынатын проценттің қайтарылмай қалу қатері, қаражатты жеткізушінің уақтылы ала алмай қалу қатері, пайданың алынбай қалу қатері, өтімділіктің болмай қалу қатері және т.б.
Тәуекелдік болмаған жерде кәсіпкерлік болмайды, сондықтан да оны басқара білу қажет. Тәуекелдікті басқару процесінде шешімін табуы тиіс басты міндеттер:
• қауіп-қатер пайда болуының ықтимал жағдайын көре білу;
• болжалды зиянның ауқымын бағалау;
• ескертудің тәсілін немесе оның орнын толтыратын көзді табу.
Қауіп-қатерді (тәуекелдікті) басқару өткен шақта зиянның қалай пайда болғандығын зерделеуге, нақты клиент үшін оның пайда болу ықтималдығын болжауға, ескертудің немесе ықтимал зиянның орнын толтырудың тәсілдерін алдын ала негіздеуге құрылады. Біздің іс-тәжірибеде мәселе бұлайша алғаш рет қойылғандықтан өзіне айрықша назар аудартады. Осыған байланысты банк қызметіндегі ықтимал тәуекелдіктерді болжау мен бағалау бойынша әдістемелік нұсқауларды әзірлеу бірінші кезектегі міндет болып табылады.
Қатерлерді басқару проблемасы банк қызметін үйымдастыру-№ең, жауапкершілік жүйесімен жэне банк жүмыскерін еңбекке экономикалық түрғыдан ынталандырумен тығыз байланысты.
Шетелдік іс-тәжірибеде жекелеген несие операциясын орындау кезінде негізі жоқ шешім қабылдау қатерін кеміту үшін құзыреттілікті шектеу принципі пайдаланылады. Мәселен, банк филиалы аса ірі мөлшерде кәсіпорынды несиелеу туралы шешім қабылдамайды немесе қатер деңгейі айрықша жоғары операцияларды орындамайды. Мұны көбінесе басқарудың ұжымдық органы орындайды.
4. Менеджмент мазмұны сонымен қатар еңбек ұжымы әзірлейтін басқару түжырымдамасын да қамтиды.
Шетелдік іс-тәжірибеде менеджменттің екі үлгісі бар:
• жапондық үлгісі банк қызметінің түпкілікті жоғары нәтижеге қол жеткізуде ұжымның атқарған рөлін тануға (мойындауға) негізделеді;
• американдық үлгі бүкіл ұжым қызметінде шешуші рөл ойнайтын тұлғаға бағдарланады.
Осы бастапқы екі идеяға қарай шешім қабылдауды, қызметкерлердің жауапкершілігін бақылауды, басшылардың бағыныштылармен қатынасын, еңбекақы жүйесін, басқару сапасын бағалауды, менеджерлерді дайындауды және т.б. қамтитын басқарудың бүкіл жүйесі құрылады.
Ұжымды басқарудағы басты міндет - менеджер әрбір қызметкердің бойындағы әлеуетті мүмкіндіктері мен қабілеттерін, ынтасын оята білуі керек, оларды терең ойлауға үйретуі қажет.
Шетелдерде жүргізілген әлеуметтік зерттеу мынаны көрсетіп берді: қаржылық қатынастағы жетістіктің 85%-і менеджердің әріптестерімен тіл табыса білу қабілетіне, яғни оның жеке басынын қасиетімен әрі адамдарды басқара білуімен байланысты.
¥жымды басқаруда менеджер білуі тиіс үш фактордың орны ерекше:
• ұжым жұмысын ұйымдастыра білу;
• әр қызметкермен тіл табыса білу;
• ұжым алдына қойылған міндеттерді шешу үшін әр қызметкерге ықпал етудің тәсілін таба білу.
Менеджердің ұжым еңбегін ұйымдастыра білуі міндеттерді ұжым мүшелеріне жаңылыспай бөліп беру, нақты тапсырмалар беру, оларды нақты көрсеткіштермен (сандық және сапалык) көрсету, тиісті тапсырманың орындалу уақытын анықтау, акпараттық базамен және техникалық құралдармен қамтамасыз ету,міндеттерді мерзімділігі мен маңыздылығына карай жіктей отырып, оларды орындаудың кезегін анықтау қабілеттеріне негізделеді.
Менеджердің әр ұжым мүшесімен тіл табыса білуі біршама дәрежеде оның жеке басының қасиетіне байланысты, ол әр қызметкердің мінез-құлқын жақсы білуі керек әрі ұжым жұмысының нәтижесі басшы мен бағыныштының ынтымақтасып жұмыс істегендеріне қарай болатынын сезінуі тиіс.
Дамыған елдердің кәсіпорындарында билік орындаушыға (атқарушыға) беріледі. Сондықтан да іскерлік сипатындағы әңгімеде иландыра білудің маңызы жоғары әрі пікірлесушінің мінез-кұлқын білген дұрыс.
Бағыныштыға қатысты басшыға тән мінез-құлық стилінің екі түрі болуы мүмкін:
1) түсіндірмелері болатын директивалық нұсқаудың негізінде;
2) шешім қабылдауда, бастама көтеруде құқықтар беру. Мінез-құлықтың тиісті түрі қызметкердің өз еңбегінің нәтижесін арттырудағы кұзыреттілігі мен мүдделілігінің деңгейлеріне қарай таңдалады.
Францияда осы өлшемдер бойынша басшы мінез-кұлқын анықтайтын мамандардың төрт тобы бөліп көрсетіледі:
1) еңбек нәтижесіне құзыретті және мүдделі емес (мінез-құлықтың директивалық-ықыластандырғыш түрін пайдаланады);
2) еңбек нәтижесіне құзыретті болмаса да мүдделілік танытады (әдетте жас маман (тұрақты басшылықты қажет етеді);
3) құзыретті, алайда, мүдделі емес (мүдделілік жүйесін құру қажет);
4) құзыретті және мүдделі (бастама көтерудің кең ауқымды құқығын білдіреді).
Еңбекке деген ынтасын және энтузиазмын ояту үшін ұжымға ықпал етудің тәсілдерін таба білу. Бұл - менеджердің ең жауапты әрі күрделі міндеті. Осыған байланысты менеджердің әрбір қызметкердің жетістігіне көңіл бөле білуінің маңызы зор: жетістігі үшін оған (қызметкерге) алғыс айту, оның материалдық жағдайын жасау әрі оны еңбекке моральдық тұрғыдан ынталандыру. Осының барлығы менеджерді дайындаудың әэне қайта дайыидаудың арнайы жүйесін қажет етеді. Менеджерлерді дайындаудың жүйесі тек кәсіби оқытуды ғана қарастырмай, сонымен қатар ұжымды басқарудың әдістеріне, іскерлік әңгімелесудің өнеріне үйретуі керек.
III тарау Банктік менеджментті жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасындағы банктік басқарудың жоспарлауы. Стратегиялық жоспарлау ретінде ең алдымен ағымдағы және келешектік жоспар мен олардың уақтылы орындалуына бақылау жасалуы түсініледі. Банктердің көшпілігінде басқару процесі үш деңгейде өтеді. Шешімдерді мыналар қабылдайды:
а)жоғарғыбасшылық;
ә) бөлімше басшылары;
б)мамаңдандырылған функциональды бөлімдердің басшылары.
Стратегиялық жоспарлар, әдетте, 3-5 жыл мерзімге дейін құрылады. Стратегиялық жоспарлаудың кейбір жалпы жағдайлары бар:
- банктің жалпы стратегиясын эксперттер тобы әзірлейді және алғашқы инвестиция бөлінгенге дейін жоғары басшылық мақұлдап, қолдауы тиіс;
- стратегия жасап шығару барысында нақтылы іске асатын мақсаттар қойылып, оларға жетудің нақты жоспарлары жасалады;
- ұсынылатын жұмысты орындайтын мамандар аясы анықталады;
- қызметкерлерді, менеджерлерді және техникалық еңбеккерлерді даярлаудың стратегиясы ойластырылады;
- стратегиялық және ағымдағы жоспарлар үйлестіріледі,
- негізгі құрам мен тиісті тәртіппен даярланады;
Жоғары басшылық тарапынан стратегиялық жоспарлардың орындалуын үнемі бақылау жүзеге асырылады. Банктегі қаржылык менеджмент мыналарды басқарады:
- банктің меншікті капиталын;
- активтерін;
- қарыздың (заем) қаражатын;
- пассивтерін;
- пайданы;
- инвестициялық қоржынды;
- коммерциялық банктің өтемпаздығы.
Меншікті капитал - АҚ, не болмаса ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) нысанында құрылған коммерциялық банктің қай-қайсысының да қаржылық ресурстарының қажетті, ажырағысыз бөлігі. Меншікті капиталды жарғылық қор түрінде қалыптастыру дегеніміз - коммерциялық банктің іс-әрекеті басталуы алдындағы ізашар, міндетті түрде болатын кезең.
Меншікті капиталды басқару сапасы былайша бағаланады:
а) тартылған капиталдың (облигациялар, ұзақ мерзімді сипаттағы вексельдер) акционерлікке қатынасын анықтау (50%-тен аспауы тиіс);
ә) дивиденд төлемдерін ұқсас банктер тобы бойынша тиісті орташа көрсеткіштермен салыстырумен.
Әлемдік банк тәжірибесінде банк капиталының жеткіліктілігін бағалаудың негізгі көрсеткіштері мыналар:
- банк жарғылық капиталының ең аз шамасы;
- I және II деңгейдегі капитал арасындағы арақатынас (негізгі және екінші реттегі);
- тәуекелді ескеріп, безбенделген, I деңгейдегі капиталдың активтерге қатынасы ретінде есептелетін капиталдың жеткіліктілік коэффициенті;
- «левереджа» (тетік) коэффициенті;
- жиынтық капитал мен активтердің өсуі қарқының арақатынасы;
- активтердің сапасы.
Отандық тәжірибеде банктің меншікті капиталына мыналар кіреді:
- жарғылық капитал;
- резервтік капитал;
- әр түрлі қорлар;
- ағымдағы жылдың пайдасы.
Банктің белсенді операциялары банктің елеулі және белгілі бір бөлігін құрайды.
Активтерді басқарудың негізгі принциптеріне мьшалар жатады:
- активтер құрылымының мақсатқа сәйкес жөн-жосығын сақтау;
- белсенді операцияларды әртараптандыру (диверсификациялау);
- тәуекелділікті бақылау және резервтер құру;
- активтердің табысты болуын қалау.
Басқару жүйесіндегі коммерциялық банк. Стратегиялық менеджмент коммерциялық банкті басқару мәселелерін қаржы нарығының объектісі ретінде қамтиды.
Отандық банк жүйесін реформалау процесі елдің қаржылық секторын дамытуда өзінің жетекші орында екендігін көрсетті. 2003 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда жұмыс істейтін банктердің жалпы саны 38-ге жетті, оның ішінде мемлекеттік - 2.
2002 жылдың ішінде банктердің жиынтық мемлекеттік капиталы 32%-ға (37,9 млрд теңге) асты және 161,2 млрд теңгені құрады. Банк капиталдануының айтарлықтай өсуі жалпы банк жүйесінің баянды тұрақтылығының артуын айғақтайды. Сонымен бірге, 2003 жылдың 1 қаңтарында 33 банктің жиынтық меншікті капиталы 1 млрд теңгеге тең болды немесе артты. Капиталдандыру мен банктердің ресурстық базасының өсуі жағдайында депозиттердің едәуір түсімі есебінен банк активтерінің ұлғаюы жалғаса береді. 2002 ж. ішінде банктің жиынтық активтері 40,2%-ке өсті және 1145 млрд теңге сомасын құрады.
Республикада банк жүйесінің нығаюы мен қаржылық қызмет көрсететін қазақстандық сатушылардың клиеттерінің мүддесін қорғауға мүмкіндік беретін шаралар қабылдануда. Оларға мыналар жатады, мысалы:
- халықтың және зейнетақы қорларының ақшалай салымын 1999 ж. теңгенің құбылмалы бағамын енгізу кезінде құнсызданудан қорғау мақсатымен теңгелік депозиттерді айырбастау (конвертация) (бір валютаны қолданыстағы валюталық бағам бойынша басқасына айырбастау; қағаз ақшаны алтынға айырбастау мүмкіндігі);
- депозитгердің (оның ішінде заттай және талап етілгенге) кепілді міндетті сақтандыру қорының пайда болуы;
- 2000 ж. наурызында «ҚР-ның банк құпиялары мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын қабылдау.
Коммерциялық банк стратегиясын құрудың типтік схемасына мыналар кіреді:
а) жалпы мақсат;
ә) уақытша ауқым;
б) стратегиялық бағдар:
- банктің болашақтағы рөлі;
- басқару міндеттері;
в) банктің жағдайын талдау:
- банктің жағдайын (статусын) бағалау;
- бэселестік позиция;
- клиенттермен қарым-қатынас;
- каржылық жағдай;
г)іс-әрекеттің жаңа ауқымын игеруде артықшылықтарды
анықтау:
- жаңа қаржылық қызмет көрсету;
- жаңа қаржылық қүралдар;
- жаңа клиенттер;
ғ) жаңа өндірісті құру жоспарын жасау;
д) нақты каржылық міндеттерді анықтау;
е) банктік әлеуеттің дамуы;
ж) стратегиялық жоспарлау мен жедел жоспарларды үйлестіру;
з) қосарланушы талдау жүргізу.
Коммерциялық банктің несиелік операцияларын басқаруға мыналар кіреді:
1) несиелік қатынастар технологиясы;
2) несиелік тәуекелділік.
Коммерциялық банктің пайдасын басқарудың құрамдас элементтері бұлар:
- банк кірістерін басқару;
- банк пайдасын қалыптастыруды бақылау;
- сандық және сапалық тұрғыдан алғанда банктің табыстылығы мен пайда деңгейін бағалау;
- банктік өнім мен көрсетілетін қызметтің тиімділігін бағалау.
Коммерциялық банктің өтеу алатындығы (өтемпаздығы) оның іс-әрекетіне берілетін сапалық сипаттама болып табылады. Ол коммерциялық банктің активтерді ақшалай қаражатқа уақтылы және шығынсыз есебінен салымшылардың қажеттіліктілектерін қанағаттандыруға қабілеттілігін көрсетеді./3.220-222б/




 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  112  113  114  115  116  117  118  119  ..