Банктердегі басқаруды ұйымдастыру

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 3

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  112  113  114  115  116  117  118  119  ..  

 

 

II тарау Банктердегі басқару процессіне сипаттама.
2.1.

Банктердегі басқаруды ұйымдастыру

 


Пайда табуға ұмтылу - менеджменттің бір ғана мақсаты емес Қазіргі менеджментте қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру факторы менджмент қызметінде басты орындағы әлеуметтік этика рөлі артып отыр. Кәсіпкерліктің әлеуметтік этикасын арам олжаға, пайданы өсіруге ұмтылу емес, қоғамға қажетті тауар өндірісі мен қызмет көрсетуді кеңейту анықтайды. Соңғы жылдары менеджмент мақсатына адам бойындағы қабілеттерге жол ашатын ұжымдағы элеуметтік мәселелерді шешу ісі де кіретін болды.
Менеджмент ғылым ретінде барлық қызмет саласына ортақ мына принциптерді сипаттайды:
1. Басқару субъектісі әрекетінің нақты мақсатқа жетуге бағытталуын.
2. Олардың алға қойған мақсаттарының, нәтижесінің және құралдарының ортақтығын.
3. Құрамына жоспарлау, талдау, реттеу және бақылау енетін басқару процесінің кешенділігін.
4. Олардың араларының үзілмеуін қамтамасыз ететін келешекке арналған және ағымдағы жоспардың бірлігін.
5. Оларды іске асырудагы маңызды фактор ретінде қабылданған бақылауды.
6. ¥жымның және оның әрбір мүшесінің шығармашылык белсенділігін, табыстылығы мен жетістігін материалдык және моральдық тұрғыдан ынталандыруды.
7. Ұжымның әрбір мүшесімен оның мүмкіндігін пайдалануға жол ашатын жеке жұмысты.
8. Жұмысшылардың кәсіптік деңгейін көтеруге, үнемі оқуға және қызметтің жаңа білімі мен салаларын меңгеруге мүдделілікті.
9. Ұжымдағы жақсы психологиялық жағдайға бағдарлануды.
10. Функционалдық және басқарушылық міндеттерді шешетін басқарудың ұйымдық құрылымының икемділігін.
Банк қызметкеріне менеджмент негізін білу өте маңызды. Ең алдымен банк экономисі (кәсіпорын, ұйым, кооператив) банктің клиенті болып табылатын немесе клиенті болғысы келетін кәсіпорын, ұйым, кооператив менеджменті деңгейін бағалай білуі қажет.
Шетелдік экономикалық әдебиеттерде кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығының, олардың несиені өтеу қабілетінің жоғарылығының маңызды факторы менеджмент сапасы болып табылады дегенді жазып жүр. Германияда шамамен 40% фирма және жеке кәсіпорындар менеджмент сапасының нашарлығына байланысты банкротқа ұшырады. Сондықтан менеджмент деңгейін бағалау клиенттің несиені өтеу қабілетін талдаудың және онымен несиелік қатынасқа баруда тәуекел деңгейін анықтаудың құрамдық элементтерінің бірі болып табылады.
Германияның коммерциялық банк қатарында практикалық (тәжірибелік) қызметінде тиісті фирманың менеджментті 10 балдық жүйе бойынша рейтінгілік бағалау қолданылып жүр.
Мәселен, 1 балл - барлық салада жоғары кәсіби және жеке біліктілік; 3 балл - жақсы біліктілік, әсіресе жекелеген салада; 5 балл - орташа біліктілік; 7 балл - жекелеген салаларда айқын әлсіздік; 10 балл - төмен деңгей.
Балдардың өсуі қауіп-қатер дәрежесінің өсуін білдіреді, ең көп шамадағы балда фирмамен несиелік, қатынас орнату проблемалы болып саналады.
Ақша нарығының ұдайы өзгеріп отыратын жағдайында жұмыс істейтін банк үшін міндеттерді сәтті шешуге мүмкіндік беретін менеджменттің орны бөлек.
Банк менеджментінің ерекшеліктері банк менеджментінің Коғамдық еңбек бөлінісі бөлімшесінің қызметімен байланысты нақты өзіндік ерекшелігі болады.
Айтылып кеткендей, банк бизнеспен айналысатын өзінше өзгешелігі бар кәсіпорын ретінде алға шығады. Ол несие ресурстарын қосымша ақшалай қаражатқа мұқтаж кәсіпорынға, ұйымға, кооперативке, халыққа, мемлекетке телем негізінде беретін кәсіпорын болып табылады.
Сонымен қатар, банк басқа біреулердің (бөтен) ақшасымен «жүмыс істейді». Онда айналым шеңберінен босаған әр түрлі меншік иелерінің, атап айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, акционерлік кәсіпорындар мен қоғамдардың, кооперативтердің, жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттары шоғырланады. Осының нәтижесінде банк қоғамдық капиталды бөлуші әрі сақтаушы ретінде алға шығады. Бұл клиенттерге тиесілі ақшалай қаражаттардың сақталуына банктін жауапкершілігін арттырады әрі банктің қоғамдағы маңызды орнын айқындайды.
Сонымен, банк тек өзінің немесе жекеше шыққандардың ғана емес, сонымен бірге, қоғамның мүддесін де танытатын кәсіпорын ретінде көзге түседі. Банк мүдделерді ұштастырып отырмаса баланстың өтімділігін қамтамасыз ете алмайды әрі осыған байланысты банктің ақша нарығындағы позициясы тұрақты болмайды.
Банк қызметінде серіктестік сипатқа ие келісімшарттық қатынас маңызды орын алады. Серіктестік қатынасқа сенім, өзара пайда, шешімнің бірауыздылығы және әрекеттің бір жерден шығуы секілді белгілер тән. Несие мәмілесі өзара пайдалы болуы үшін тараптар оның шарттарын бірігіп талдайды, келіспей қалған жағдайда ымыраға келеді. /5.185б/
Жеке және ұжымдық мүдделердің ұштасуы банк менеджментінің мазмұнында қалайша көрініс табады? Ең алдымен, ол банк менеджменті алға қоятын мақсаттардың өзіндік ерекшелігін анықтайды:
1) ақшалай нарық жағдайында шаруашылық жүргізуші субъекті ретінде банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету;
2) банк сенімділігінің кепілдігі ретінде банк балансысының өтімділігін қамтамасыз ету;
3) іскер байланыстың тұрақты болуына әрі ұзаққа созылуына септігін тигізетін банк қызметінің ауқымы, құрылымы, сапасы арқылы клиенттің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру;
4) ұжымның өндірістік, коммерциялық және әлеуметтік проблемаларының сәтті шешілуін ұштастыру;
5) әлеуетті мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мамандарды дайындаудың, қайта дайындаудың және орналастырудың тиімді жүйесін құру.
Аталмыш мақсаттарға сәйкес банк менеджменті сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштерді орындауға бағдарланады.
Сандық көрсеткіш банк қызметін басқарудың барлық саласына қатысты, қызметтің жалпы нәтижелерін талдау және бағалау үшін пайдаланылады әрі ол мыналарды қамтиды:
- банк клиенттері мен олардың шоттарының саны, депозиттердің, несие салымдарының, инвестицияның мөлшері;
- банк орындайтын операциялар мен қызмет көрсетулердің ауқымы.
Сапа көрсеткіштерін үш топқа бөлуге болады:
1. Банктің кірістері мен шығыстарына қатысты көрсеткіш. Осы көрсеткіштің көмегімен банктің пайдалылығы басқарылады.
2. Қаражат айналымының жылдамдық көрсеткіші, операцияларды орындауға кететін шығынның еңбек сыйымдылығының, көрсеткіші, құжаттарды өңдеуден өткізудің жылдамдық көрсеткіші.
3. Көрсетілетін банк қызметінің ауқымы, құрылымы және
сапасы бойынша клиенттер тілегін қанағаттандыру деңгейінің
көрсеткіштері, банктің іскерлік келіссөздердің құпиялылығын,
ақпараттардың сақталуын қамтамасыз ету қабілеті.
Әлеуметтік көрсеткіштер ұжым мүшелерінің кәсіби дайындығының қалай дамығандығын, олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік проблеманы шеше білетін деңгейін сипаттайды.
Банк менеджментінің өзге ерекшелігі мынаған байланысты: мемлекет банк қызметін ақшалай слымдар мен депозит иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында қатаң реттеп отырады. Банк қызметін реттейтін мұндай зандардан басқа несие мекемелерінің өтімділігін қамтамасыз етуге бағытталған міндетті нормативтер мен ережелер бар. Бұл басқаруды ұйымдастыру тұрғысынан алғанда нені білдіреді? Біріншіден, міндетті нормативтер мен ережелерді (ұйғарымдар) сақтау себебі бойынша дербес шешім қабылдаудың белгілі бір шекарасы болады. Екіншіден, тұрақты түрде өзгеріп отыратын ақшалай нарық конъюнктурасы жағдайында менеджердің банк өтімділігін қамтамасыз ету жолдарын іздестіру (белгіленген нормативтерге қарай) мүмкіндігі.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  112  113  114  115  116  117  118  119  ..