2- сыныптағы дүниетану пәні бағдарламасы мен оқулығына талдау

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 1

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  70  71  72  73  74  75 

 

 


 

Дүниетану ПӘНІ сабақтарында 2 - сынып оқушыларының адамгершілік мӘдениетТЕРін қалыптастыру

 

 

2- сыныптағы дүниетану пәні бағдарламасы мен оқулығына талдау

 

 

Дүниетану пәнi оқушыларға адам, қоғам және табиғаттың тылсым сыры жайлы түсiнiк беретiнiн ескерсек “табиғат” туралы көптеген дәлелдер айта беруге болады.

Оқушылардың адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыруды сол әсем табиғатты қорғаудан, туған жер табиғатын сүюден бастауға болады.

Табиғат адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол-ырыс пен мол қазынаның қайнар көзi. Сондықтан, халқымыз “Табиғат адамзаттың өмiр нәрi, қажетiнiң табылар содан бәрi” деп дәрiптеген. Табиғат адам бойына адамгершiлiк абзал қасиеттердi қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлiмi мол тәрбиешi.

Табиғаттан бабамыз ала берген секiлдi;

Дархандықты қазаққа дала берген секiлдi;

Еркелiктi ерiктi желден алған секiлдi;

Мөлдiрлiктi көгiлдiр көлден алған секiлдi.

Табиғат дегенiмiз – бұл бiздiң санамыздан тыс, бiзге бағынбайтын, бiздiң өмiрiмiздiң тiрегi болып тұрған болмыс, әсем дүние. Табиғатты адам өмiрiнiң барлық қажетiн толық өтейтiн құрал болу үшiн, ол мiндеттi түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиiс. Табиғат тазалығын сақтайтын да, оны былғайтын да адам. Адам өзiнiң де, табиғаттың да қаласа досы, санасыз iс-әрекет жасаса, жауы бола алады. Осындай ерекшелiктердi ескере отырып мұғалiм алдындағы әр оқушының санасына табиғат қорғаушысы болуын сiңiру жолдарын iздестiруi керек. Дүниетану сабағы- өсiмдiктер мен жануарлардың, адам ағзасы мен қоршаған ортаның, табиғат пен экологияның адам үшiн алар орнын ашу, мәнiн бiлдiру.

Бастауыш бiлiм- үздiксiз бiлiм берудiң алғашқы басқышы болғандықтан, оқушыларға белгiлi бiр көлемдегi бiлiм, бiлiк-дағдыларымен қатар адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру, жан-жақты дамыту бүгiнгi күннiң басты талабы.

Бастауыш сынып оқушыларына сапалы бiлiм мен тәрбие беруде әр пән жоғары деңгейде жүргiзiлуi тиiс. Бұл үшiн пән мұғалiмi әдiс тәсiлдердi жетiлдiре оқытып, оқушылардың сол пәнге деген ынтасын арттыра бiлуi қажет. Сабақ- ұстаздың көп iзденуiнен, көп еңбектенуiнен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы “шығарманы” алдында отырған оқушыларға игерте бiлу де оңай емес.

Ол үшiн мұғалiмнiң бiлiктiлiгi, iскерлiгi шеберлiгi арқылы оқушы жүрегiне жеткiзе алатындай шебер ой өрнегi болуы керек.

Дүниетану сабақтары арқылы оқушылар адам, табиғат, қоғам, яғни реалды дүниенiң үш құрамдас бөлiгi туралы бiлiм алады. Бұл пән оқушылардың танымдық белсендiлiгiн арттырып, дүниетанымын, адамгершiлiк қасиеттерiн жетiлдiрiп, өмiрдi, оның құбылыстарын танып бiлуге мумкiндiк бередi. Сонымен бiрге бастауыш сынып оқушыларының ой-өрiсiн дамытып, шығармашылыққа жетелейдi.

Адамгершiлiк мәдениетi өте кең көлемдегi ұғым, өйткенi оған адамға деген, досқа, ата-анаға, Отанға, үлкенге, iнi-бауырға тағы басқалармен бiрге табиғатта жатады.

Табиғат - адам баласының материалдық және рухани қажеттiгiне жарайтын ең негiзгi байлық. Себебi қоршаған орта барлық адамдарға ортақ, сондықтан оның таза және әсем болуына бастауыш сынып оқушылары да үлес қоса алады. Дүниетану сабағында оқушыларда табиғатқа деген сүйiспеншiлiк сезiмiн қалыптастырып қана қоймай, оларды қорғап, оның байлықтарын тиiмдi пайдалану жұмыстарын тәрбиемен байланыстырып жүргiзiлетiн жұмыстар өткiзу мұғалiмге байланысты.

Төменгi сыныптарда оқушылар табиғаттың жеке бөлшектерiнiң жағдайын, табиғаттың әсем маусымына байланысты өзгерiсi мен оның себептерiн, тiрi табиғат пен өлi зат арасындағы қарым қатынас, адам әрекетiнiң табиғатқа жасайтын ықпалы, қоршаған табиғат жайлы жалпылай мағлұмат алады.

 Ал оны тереңдетiп, оқушыларға практикалық мысалдармен жеткiзе бiлу мұғалiмнiң шеберлiгiне байланысты. Әрине оқушылардың жас ерекшелiктерi, бiлiм деңгейлерi ескерiледi немесе жануарлармен таныстыратындығын алдын ала белгiлеп алады. Табиғат пен оған жасалған адам ықпалын оқу процесiнде оқушылар бөлме өсiмдiктерiн көбейту, құстарды тамақтандыру, ағаш отырғызу сияқты практикалық жұмыстардан да мағлұмат алады. Сабақ барысында табиғатқа, жан-жануарлар, өсiмдiктер мен құстарға деген қамқорлық жасау қалыптасады. Серуенге шыққан оқушыларды тағам қалдықтары мен қағаздарды жағып жiберуге, қатты заттарды көмiп тастауға үйретуi керек [43, 397 ].

 Адамға бiлiм де, дұрыс тамақтану да, жақсы киiну де, тiптi көтерiңкi көңiл күй де, т.б көптеген нәрсе қажет. Осылардың бәрiн ол айналадағы дүниеден алады. Дегенмен айналадағы дүние өзiнiң барын адамға сый етiп бере бермейдi. Себебi айналадағы дүние көп нәрсеге мұқтаж.

Мысалы: бақтағы алма ағашын алайық. Ол - табиғат перзентi. Тiршiлiк ету үшiн оған да су, ауа, қорек, жылу жарық керек, яғни адам сияқты ол да тiршiлiк етедi.

 Жемiсiн адамға сыйлайды. Ағашқа күтiм қажет. Бағбан оны суарады, түбiн қопсытады, дiңiн әктейдi, күтедi. Сонда ғана ол жемiс бередi. Сондықтан да оқушылар санасына ағаш адамға жемiсiн сыйласа, адам оған су, ауа, қорек болатындай жағдай жасап, қажетiн өтейдi. Бұл жерде оқушының өз ауласындағы бақшасы, мектептегi жемiс-жидектерге қандай көмек көрсететiнiн өздерiне әңгiмелетiп, мысалдар айқызуға болады.

Адамгершiлiкке тәрбиелеудiң негiгi әдiстерiне түсiндiрудi жатқызуға болады. Оның құралдары ретiнде мақалдар мен мәтелдер, әңгiмелер мен ертегiлер, аңыздар мен аңыз-әңгiмелер қызмет еттi. Оқушылармен әнгiмеде тап сол жағдайға қолайлы мақалдар мен мәтелдер арнайы сұрыпталып, реттелiп алынып отырады. Адамгершiлдiкке тәрбиелеудiң аса бай жолдары белгiлi болғанына көз жеткiзу үшiн келесi әдiстер мен құралдарды атап өтуге болады. Олар: көрсету, үйрету,жаттықтыру, сендiру, өтiну кеңес, мақұлдау, сәттiлiк тiлеу, тыйым салу, ант беру, сөгiс беру,кiнәлау жатады.

Мәселен, халық ұғымында, адам баласының мiнез-құлығына тәрбие мен тәлiм арқылы тек бiлiм мен ақылды ұштастыра бiлгенде ғана сiңетiн, аса құдiреттi, қасиеттi мол адамшылық атаулының бiр көрiнiсi. Шындық пен әдiлнттi суреттейтiн көркем шығармалардың iшiндегi аңызды айтсақ-“Аяз бидi” еске аламыз. Шыр етiп дүниеге келген перiште сәбиге адами асыл қасиеттер ана сүтiмен, берiсi бесiктен дамиды десек, қателеспеймiз. Ал адам балысының тәрбиесiнiң ошағы саналатын – мектеп тәрбиесi бала бойында iзгi қасиеттердiң қалыптасуына үлкен де, маңызды атқарары даусыз. Тәрбиенiң негiзгi – iргетасы адамгершiлiк тәрбиесiне байланысты.

Өйткенi, адам бойындағы мыңдаған қасиеттердiң iшiндегi негiзгi орын алатын қасиет – адамгершiлiк қасиетi. Бұл- аксиома. 2-сыныпта дүниетанудан “Өсiмдiктер мен жануарлар” бөлiмiндегi “Қызыл кiтап” тақырыбын өткенде – Қазақстан Республикасының “Қызыл кiтабы” Оның мұқабасының тысы қызыл. Қызыл түс қауiп- қатердiң белгiсi сияқты. Бұл кiтап өсiмдiктер мен жануарлардың көптеген түрлерiнен жер бетiнен жоғалып, құрып кетуi қаупi төнгенiн ескертедi. Егер, жануарлар жайылып өсiмдiктердi жұлып, кесiп немесе оларды аямай таптап, балалар ойнап сындыра берсе, өсiмдiктер құрып кетедi. Адамның қорғауына өте мұқтаж жануарлар мен өсiмдiктер көп.

Елiмiздiң “Қызыл кiтабына” талас қайыңы, Қарқаралы бөрiқарақаты тағы басқа, өсiмдiктер, құстардан қоқиқаз, бүркiт, ақбас, тырна, аққу, басқа жаныарлар енгiзiлген. Табиғатты қорғауы туралы заңды тек үлкендер ғана емес, балалар да сақтауға тиiс. Мысалы, саған құс ұясын алыстан бақылауға болады.

Ал оларға тиюге, ұяны бұзуға рұқсат жоқ. Құмырсқа илеуiн бұзып, таптау –зиянкестiң iсi. Себебi құмырсқаның орманға тигiзетiн пайдасы зор: олар ағаш зиякестерiн жояды. Ал ағаш -өсiмiдiк, ол адам үшiн көп пайда бередi. Оны өздерiң бiлесiңдер деп әр-кез топсеруен, бақылау кезiнде ескертудi естен шығармау керек. Өсiмдiктердiң де “Қызыл кiтапқа енген” түрлерi көп [18, 111].

Кесте 1  2 сыныптағы “Дүниетану” пәнiн оқытудың күнтiзбелiк жоспары (68 с)

Сабақтың тақырыбы

Әдiстерi мен тәсiлдерi

Көрнекi құралдары

I Кiрiспе-6 сағат.

1 Адамның айналадағы дүниемен қарым қатынасы. Бiлу және бiлгендi өмiрге пайдалану.

“Табиғат” бейнеленген сурет, схема макеттерi.

 

2-3 Адам өмiрiне не қажет? Оларды адам қайдан алады? “Сыйға-сый,- әдептiлiк.”

Схема макеттерi, судың, ауаның, күннiң суреттерi.

Әңгiмелесу, схема құрастыру

4 Еңбекпен келген нан-қасиеттi тағам.

Таблица макетi, Тақырыпқа байлынысты суреттер.

Әңгiмелесу, таблица толтыру

5 Топсаяхат “Алтын күз”.

Бақылау жоспары.

Модельдеу, бақылау

II Сурет және сұлба (8 сағат)

6 Көкжиек және көкжиек сызығы, тұстары

Схемалар Сарамандық әдiс

7 Бағдарлау. Компас

Схемалар, компас

Сарамандық әдiс

8 Қашықтықты өлшеу.

Масштаб шартты белгiлер.

Ермек сазынан жасалған макет, шартты белгiлерiнiң суретерiнiң

Сарамандық жұмыс

9 Сұлба және сурет.

Үлкейтiлген жер бетiнiң сұлбасы. Оқушыларда: сұлба, қарындаш, сызғыш,

 компас. Сурет.

Әңгiмелесу, сарамандық жұмыс

Кесте 1 жалғасы

 

10 Жергiлiктi жердiң

 сұлбасы

Сұлбалар, жiп сызғыш

Әңгiмелесу, сарамандық жұмыс

11 Қорытынды сабақ.

Карточкалар, сұлбалар, схемалар

Оқушылардың бiлiмiн бағалау әдiсi.

12 Өлi табиғат. Ауа. Ауаның қасиетерi

1- сыныптағы табиғаттың құрамының схемасы, доп, шарик, банка, майшам.

Схеманы сызу әдiсi, сарамандық әдiс.

13 Ауаның табиғаттағы және адам өмiрiндегi маңызы.

Кемелердiң, ұшақтың суреттерi.

Схема құрастыру, әңгiмелесу.

14 Судың қасиеттерi.

Суреттер, стакан, қант, тұз, сүт, қағаз, шүберек.

Модельдеу.

15 Су ерiткiш.

Марганец, бордың ұнтағы, су, стакан.

Таблицаны жалғастыру

16 Судың табиғаттағы және адам өмiрiндегi маңызы.

Схеманы құрастыратын бөлшектер,суқоймасының «композициясы»

Сарамандық әдiс, модельдеу.

17 Топырақ.

2 стакан, топырақ, спиртовка, темiр қалбыр

Таблицаны толтыру.

18 Топырақтың табиғаттағы, адам өмiрiндегi маңызы.

Топырақ коллекциясы, схеманың бөлшектерi.

Модельдеу.

19 Қорытынды сабақ

Таблицалар, 1-сынып схема “ Өлi табиғат”.

Балалардың бiлiмiн тексеретiн карточкалар,

Тестер

Бақылау әдiсi.

20 Тiрi табиғат.

1-сыныптағы схема

Модельдеу әдiсi,

Кесте 1 жалғасы

 

Өсiмдiктердiң тiршiлiгi.

суреттер, 1сыныптағы “Тұқым” тақырыбына арналған модельдер.

сарамандық жұмыс

21 Өсiмдiктердiң жалпы құрылысы

Суреттер, схемалар.

Модельдеу әдiсi, сарамандық жұмыс.

22 Тамыр.

Тамырдың түрлерi,

Гербарий, схема бөлшектерi.

Модельдеу.

Әңгiмелесу.

Бақылау.

23  Сабақ.

Суреттер, гербарий, схема бөлшектерi.

Модельдеу,

әңгiмелесу.

24.Жапырақ. Күзде

жапырақ неге сарғаяды ?

Микроскоп, оның шы-нылары, ине, жапырақ, жапырақтың суретi,

Гербарий.

Сарамандық жұмыс.

Әңгiмелесу.

25 Өсiмдiктердiң көбеюi.

1-сыныптағы схема,

модельдер, схеманың бөлшектерi

Модельдеу.

26 Өсiмдiктер қалай дүниеге келедi ?

“Мәдени өсiмдiктердiң пайда болу орталығы”

таблицасы “Аквариум”.

Бақылау, қосымша

әдебиеттермен жұмыс

27 Тұқым және жемiс.

1-сыныптағы модель схема №№1-2 бөлшектерi, тәжiрибенi қою

Модельдеу әдiсi.

28 Тамырсабақ, түйнек, пиязшық арқылы көбеюi.

1-сыныптағы модель. Гербарий, схема бөлшек-терi №3 тәжiрибенi қою

Модельдеу

29 Өсiмдiктердiң жер

бетiндегi мүшелерi арқылы

Қалемшелер, “Жапырақпен көбею”.

Сарамандық жұмыс.

Кесте 1 жалғасы

 

көбеюi.

 Схемасы.

 

30 Өсiмдiктiң өсiп өнуiне қажеттi жағдайлар.

Бақылау тапсырмалары.

Тұқымдар, опырағы бар

Жәшiк.

Бақылау әдiсi.

Сарамандық жұмыс

31 Өсiмдiкке топырақ керек

№1сарамандық жұмыстардың сипаттамасы

Таблица сызу.

32 Өсiмдiкке су керек

№2 сарамандық жұмыс-

тың сипаттамасы

Таблица сызу.

33 Өсiмдiктерге ауа және жылу керек.

 №3,4 сарамандық жұмыстардың сипаттамасы

 Таблица сызу

34 Қорытынды сабақ.

Бақылау тапсырмалары, тестер

Бақылау әдiстерi.

35 Тiрi табиғат. Жануарлардың тiршiлiгiне не қажет ?

Жылу

Суреттер, схемалардың бөлшектерi

Схема сызу.

Таблица толтыру

36 Жарық және су-жануарлар тiршiлiгiне қажеттi (заттар) жағдай.

Табиғаттағы байланыстарды көрсететiн схеманың бөлшектерi, суреттер

Модельдеу.

37 Жануарлар немен

қоректенедi ?

Қоректiк тiзбектердiң бөлшектерi,1-сыныптағы мүшелер қатарлары.

Модельдеу.

38 Жануарлар жемiсiн қалай аулайды. Әр құсқа өз тұмсығы қажет.

Қоректену схемасының бөлшектерi 1-сыныптағы қатар

Модельдеу.

Кесте 1 жалғасы

 

39 Бунақденелiлер жауыннан қалай қорғанады? Бейiмдiлiк.

Суреттер,схемалар.

“Қоректiк тiзбек”

Ойын, әңгiмелесу

40 Бейiмдiлiк. Бүркенiш рең жануарға да қажет. Аңдар неге “ жуынады” ?

Суреттер 1-сыныптағы

Қатар

Әңгiмелесу, ойын

41 Ұрпақ-тiршiлiк жалғасы

Бунақденелiлердiң көбею схемасы. Қосмекендiлердiң көбею схемасы. Сүтқоректiлердiң көбею схемасы.

Дидактикалық әдiс

Ойындар.

Жұмбақтар.

Ребустар.

42 Жануарлардың бiр-бiрi-не қайырымдылығы.

“Биотикалық байланыс-тар” таблицасы. Схема бөлшектерi.

Модельдеу әдiсi.

43 Табиғат-бiртұтас жүйе.

Өлi табиғат, тiрi табиғат

Схемалар. Қоректену пирамидасы: оны құрастыру бөлшектерi.

Модельдеу әдiсi.

44 Табиғатты қорғау.

“Қызыл кiтап”, ”Қорықтар” суреттерi.

Әңгiмелесу, жеке тапсырмаларды орындау

45 Бiз ненi үйрендiк:.

Бақылау карточкалары, тестер, тапсырмалар.

Бақылау әдiсi.

     

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк бiлiм беру саясаты Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” жаңа заңына сәйкес жүзеге асуда. Осыған орай бiлiм мазмұнын қайта құруға, республикамыздың мектептерiнде пәндердi оқытуды,оқушының жеке басының қабiлеттерi мен қызығуын ескере отырып ұйымдастыруға ерекше мән берiлiп отыр. Бұл факторлар жаңа заман талабына сай төл оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн жасауды талап етедi.

 Оқулық-мектептiң негiзi бiлiм беру мiндеттерiн, яғни ынталандырғыштық, бағыттаушылық, дамытушылық, тәрбиелiк, бақылаушылық қызметтерiн жүзеге асыратын негiзгi оқыту құралы. Қазақстан Республикасының ғалым-әдiскерлерi Т.Мұсақұлов, Б.Мұханов, Қ.А.Аймағанбетова, Қ.Жүнiсова, А.Бермағанбетовалардың жаңа бағдарлама мен оқулықтардың шығуына, оқыту әдiстемесiне қосқан үлестерi мол.

 Бастауыш мектептiң 2-сынып оқушыларына арналған Дүниетану оқулығының мазмұны: Адам. Табиғат. Өсiмдiктер. жануарлар. Отан деген бөлiмдерден тұрады. Оқулық мәтiндерi тусiнiктi, оқушылардың жас ерекшелiктерiне сай деуге ьолады [18].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  70  71  72  73  74  75