Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 1

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  70  71  72  73  74  75 

 

 

 

Дүниетану сабақтарында 2-сынып оқушыларының адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижесі

 

Дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәжірибе-эксперимент жұмысы М.Горький атындағы орта білім беретін мектептің 2-ші сыныптарында жүргізілді.

2 А сыныбы (бала саны 9) эксперимент тобы ретінде, 2 Б сыныбы ( бала саны 11) бақылау тобы ретінде тіркелді.

Тәжірибе-эксперимент жұмысы бір-бірімен өзара байланысқан үш кезеңнен тұрды: даярлық кезең, негізгі кезең, қорытынды кезең. Тәжірибе-педагогикалық жұмыста аталған кезеңдерді белгілеу негізіне П.Я.Гальперин және Н.Ф.Талызинаның ойлау әрекеттерін сатылы қалыптастыру теориясы алынды.

Дайындық қезең:

2-сыныптағы дүниетану пәнінде адамгершілік мәдениетті қалыптастыруға оқушыларды дайындаумен сипатталды.

Бұл кезеңнің міндеттері:

1)     Оқушылардың дүниетану пніндегі мәтіндердің тәрбиелік мәніне көп көңіл бөлгізу, өздіктерінен мәтіннің тәрбиелік идеясын анықтауға үйрету.

2)      Адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған әр тақырып бойынша этикалық әңгімелермен таныстыру.

 Негізгі кезең

Оқушылардың дүниетану пәні бойынша адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру бағдарламасын құру және оқу үрдісіне енгізумен айқындалды.

Бұл кезеңде төмендегідей міндеттерді шешуге бағыттылады:

1)     Оқушылардың дүниетану пәнінде адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың тиімді жолдарын анықтау;

2)     Оқушылардың дүниетану пәні бойынша адамгершілік мәдениеттерін қалыптастыру бағдарламасын негізге алып, сабақтар өткізу.

Қорытынды кезең

Мақсаты: Дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершілік мәдениеттерін қалыптастырудың жүйелі жүргізілуінің оқушының жалпы тәрбиелік деңгейіне әсерін дәлелдеу.

Бұл кезеңнің міндеттері:

1       Эксперимент тобы оқушыларының адамгершілік мәдениет деңгейімен бақылау тобы оқушыларының адамгершілік мәдениет деңгейін салыстыру, қорытынды шығару.

2       Ұсынылып отырған адамгершілік мәдениетін қалыптастыру бағдарламасының тиімділігін дәлелдеу.

Дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершілік мәдениетінің төмендегідей қалыптасу көрсеткіштерін зерттеу жұмысымыздың негізіне аламыз:

1           Оқушылардың тіршілік атаулыны сүйе білу мәдениеті;

2           Оқушыларың табиғатты қорғау қажеттіліктерін сезіне білуі;

3           Жан-жануарға қамқорлық жасай білуі;

4           Оқушылардың өзара көмекке келе білу мәдениеті;

5           Оқушылардың барлық жағдайда әділ бола білуі;

6           Жолдастық қатынас мәдениетінің болуы ;

7           Еңбексүйгіштік мәдениетінің болуы.

Белгіленген көрсеткіштерге сай адамгершілік мәдениетінің деңгейлері және оның диагностикалық белгілері анықталды.

Кесте 3 Оқушылардың адамгершiлiк мәдениетi деңгейiнiң диагностикалық белгiлерi

Адамгершiлiк мәдениет деңгейi

Диагностикалық белгiлерi

(критерийлер)

Жоғары деңгей

 

 

Оқушылардың бойында адамгершілік мәдениеті қалыптасқан. Тіршілік атауына сүйіспеншілікпен қарайды. Үлкенді сыйлай, кішіге ізет ете біледі. Жолдасық, достық қарым-қатынас мәдениеті жақсы дамыған. Адамгершiлiк мәдениетiне байланысты тақырыпты жақсы түсiнедi, негiзгi ұғымдарға, анықтамаларға сипаттама берiп, дәлелдей бiледi. Өздiгiнен бақылау жүргiзе алады. Ұғымдарды байланыстыра алады.

Ортаңғы деңгей

 

Белгіленген көрсеткіштер орта деңгейде қалыптасқан. Оқушылар табиғатты қорғау қажеттігін біледі, дегенмен маңыздылығын түсінбейді. Адамгершiлiк тәрбиесiне қатысты тақырыпты орташа түсiнедi, мұғалiмнен көмек күтедi, әсiресе ұғымдар арасында байланыстарды табуда қиналады. Өздiгiнен бақылау жүргiзе алады.

Төменгi деңгей

Оқушыларда адамгершілік мәдениеті төмен дрежеде қалыптасқан. Табиғатты аялай білмейді. Жан-жануарға қатыгездікпен қарайды. Сыныптағы оқушылармен жолдастық қатынасы ауыр. Өзімшіл.

Тәжірибе-эксперимент жұмысының алғашқы сатысында оқушылардың дүниетану пәнінде адамгершілік мәдениетінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау үшін ауызша сұрақ-жауап арқылы эксперимент және бақылау топтарынан тестілер алынды. Мұндай бақылау оқушылардың жеке даралық қасиеттерін анықтауға, тұлғалық мінездеме алуға, оқушылардың оқу пәндеріне қатынасын анықтауға мүмкіндік берді. Бұл тестілеу балалардың бойында адамгершілік құндылық бағдарларының қалыптасу деңгейін айқындау үшін пайдаланылады.

Тест сұрақтары төмендегiдей:

1 Үлкендi сыйлау қандай әрекетке жатады?

а) әдет

ә) әдет-ғұрып

б) дәстүр.

2 Ұлттық намыс қай рәсiмге жатады?

а) қайырымдылық

ә) әдептiлiк

б) перзенттiк парыз.

3 Саған ең жақын кiм?

а) дос

ә) аға

б) жолдас.

4 Бата қай дәстүрге жатады?

а) ырым

ә) тыйым

б) сенiм.

5 Ел белгiсi ненi көрсетедi?

а) рәсiм

ә) рәмiз

б) жөн-жоралғы.

6 Үлкенге сәлемдесу қай рәсiмге жатады?

а) iзеттiлiк

ә) салауаттылық

б) үнемдiлiк.

7 Мына үш негiздiң қайсысы өмiрге бiрiншi керек?

а) бiлiм

ә) еңбек

б) денсаулық.

8 Бірлі, достық туралы мақалдарды аяқта

а) Бірлігі жоқ ел тозады, ....

ә) Алтау ала болса, ....

 Төртеу түгел болса,...

9 «Үш дос» жануарды анықта

а) түлкі, қоян, қасқыр

ә) аю, жолбарыс, борсық

б) суыр, архар, шақшақай.

10 Сыныптағы бір баланы барлығы мазақ қылады. Ал сен не істер едің?

а) ештеңені білмегендей боласың

ә) достарыңмен бірге мазақ қыласың

б) достарыңның табалауынан қорықпастан, осы баламен достасасың

11 Досыңды қандай қасиеттеріне қарай бағалайсың

а) шыншыл, берілген

ә) мақтаншақ

б) өсекші

12 Малдың пайдасы қандай?

а) шөп жейді, су ішеді

ә) ет, сүт, жүн, тері береді

б) малдың пайдасы жоқ

13 Асқар – Алтынайдың ағасы. Алтынай-Арманның шешесі. Арман Асқарға кім болып келеді?

а) ағасы

ә) немересі

б) нағашысы

14 «Жақсыдан – үйрен, жаманнан - ....» мақалды аяқта

а) жирен

ә) үлгі ал

15 Жаман адам қайдан пайда болады?

а) білімдіден

ә) ұйқышылдықтан

б) тәртіпсіздіктен

Жауаптары: 1-б; 2-б; 3-б; 4-б; 5-ә; 6-ә; 7-б, 8-а Бірлігі күшті ел озады. ә-Ауыздағы кетеді, төбедегі келеді, 9-б, 10-б, 11-а, 12-ә, 13-б, 14-а, 15-б.

Тест мәліметтерін талдау эксперимент және бақылау топ оқушыларының дүниетануға қатысты адамгершілік мәдениет деңгейлері салыстырмалы түрде шамалас денгейде екені анықталды. Оны төмендегідей суреттен көруге болады.

 

 

 

Кесте 4 Эксперимент және бақылау топтарының алғашқы тілік қорытындыларының салыстырмалы көрсеткіштері

 

Көрсеткіштері

Алғашқы тілік℅

Эксп. топ

Бақылау топ

1

Жоғарғы деңгей

 

18

23

2

Орта деңгей

 

25

27

3

Төмен деңгей

 

57

50

 

Констатациялық эксперимент нәтижелері экспеимент сыныбы бойынша бізді қанағаттандырған жоқ, оқушылар берілген тест сұрақтарына нақты жауап бере алмады, адамгершілікке байланысты мысалдар келтіре алмады. Сондықтан, эксперимент сыныбында адамгершілік білім мен тәрбие деңгейін көтеруге арналған оқыту экспериментін өткізуге мақсат қойдық.

Дүниетану сабағында және сыныптан тыс оқытуда адамгершілік мәдениетін қалыптастыру бағытында өткізілетін жұмыс жүйесін құрылды.

Құстарға қамқорлық тақырыптары қамтылды.

 

 

 Кесте 5 Оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың жұмыс жүйесі

 

Оқыту экспериментінің барысында жүргізілген сабақтар мен сабақтан тыс жүргізілген жұмыстардың кейбір үлгілерін бере отырып, оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру жолдарын көрсетіледі.

Сабақтың тақырыбы: Еңбекпен келген нан – қасиетті тағам.

 Еңбек етпеген ішіп, жемейді.

Сабақтың мақсаты:

1 Оқушыларға адам өзіне қажетті жағдайлар туғызу үшін еңбек етуі керек деген ұғымды қалыптастыру.

2 Оқушыларға еңбек арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға әсер ету.

Кесте 6 Көрнекі құралдар: таблица бөлшектері, суреттер, нанның суреті немесі өзі, тірек-сызба

Кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті.

Оқушылардың іс-әрекеті

І Ұйымдастыру

ІІ Дайындық кезеңі.

 

 

 

 

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Тыныштандырып.

Өткен сабақтарда құрастырған сызбаны іліп, әңгіме жүргізуден бастау.

 

«Әдептілік» сызбасын тақтаға іліп қою.

 

Мұғалім: Анасы Асанға дүкенге барып нан әкеліп қой деді. Асан нанды әкелмепті. Үйде нан жоқ.

1)     Асан ата-анасына қандай зиян келтірді?

2)     Өзінің денсаулығына қандай зияны бар?

3)     Асан неліктен нанды әкелмепті?

4)     «Сыйға-сый» дегенді қалай түсінесіңдер?

Нанды неліктен қасиетті тағам дейміз?

 

Оқушылар үйден өздері ойластырып келген сызбаларына сипаттама береді.

Оқушылар осы сызбаны кезектесіп түсіндіреді.

Оқушылар: ұмытып кетті, ерінді, ауырып қалды, еріншек, жалқау, ол нан әкелмесе де басқа тағам ішіп қарны ашқан жоқ деген сияқты әртүрлі жауаптар береді

 

 

 

 

Оқушылар нанның адам өміріндегі пайдасы туралы айтып, әңгімелейді.

Оқушылар нанның

Кесте 6 жалғасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІҮ Жаңа сабақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ү Бекіту.

 

Нанның адам өміріне денсаулығына қандай пайдасы бар?

 

 

 

 

 

 

Мұғалім нанның бір тілімін алып, «Осыған неше адамның еңбегі сіңген? Сендер қалай ойлайсыңдар?» деп сұрақ қояды.

Тақтаға сызба құрастыру.

 

 

 

Ілінген сызбаға қарап «Нан біздің дастарханға дейін қандай жол жүріп келеді?» деп сауал тастау.

 

Ата-аналарыңның еңбегі бар ма?

 

 

«Сыйға-сый» деген сөздің мәнін тағы айтып, нанды

сыртқы қабыршығындағы дәрумендер, құрамындағы тұздар адамның өсуіне, ауырмауына, қозғалуына өте үлкен пайдасы бар екенін айтады

 

 

Дәптерлеріне: жер жыртады, егінді күтеді, жинайды, диқаншы, диірменші, комбайншы, наубайшы, дүенші еңбек етеді деп жазып, оқулықпен жұмыс жүргізеді.

Ауа-райын бақылаушылар, ауланы жинағыштар, машина жөндеушілер деп жауап береді

Ата-аналар еңбек етіп ақша табады. Оған нан сатып алады деген жауаптар береді.

 

Мақал-мәтелдер айтады.

Кесте 6 жалғасы

 

 

 

 

ҮІ Қорытынды.

 

 

 

ҮІІ Үйге тапсырма.

ҮІІІ Бағалау

 

қадірлеу керек екені сөз етіледі.

 

Адам көңіл-күйі жақсы болуы үшін не істеуі керек?

 

 

 

10-12-беттегі мәтінді түсініп оқып, сұрақ тапсырмаларын орындау.

 

 

 

Денсаулығы жақсы болуы керек, қарны ашпау керек, басқалармен дұрыс қарым-қатынас жасауы қажет, еңбек етуі керек.

 

     

 Тәжірибе-эксперимент жұмысының соңғы кезеңінде эксперимент және бақылау топтарының оқушыларынан екінші қайтара тексеру алынды. Тексеруге негіз болған көрсеткіштер:

1 Оқушылардың тіршілік атаулыны сүйе білу мәдениеті;

2 Оқушыларың табиғатты қорғау қажеттіліктерін сезіне білуі;

3 Жан-жануарға қамқорлық жасай білуі;

4 Оқушылардың өзара көмекке келе білу мәдениеті;

5 Оқушылардың барлық жағдайда әділ бола білуі;

6 Жолдастық қатынас мәдениетінің болуы ;

8      Еңбексүйгіштік мәдениетінің болуы.

9       

Нәтижесінде, осы көрсеткіштер негізінде эксперимент және бақылау топ оқушыларының адамгершілік мәдениет деңгейлері салыстырылды. Сыныптар арасындағы ауытқуды келесі суреттен көруге болады (Сурет 3 ).

 

 

Соңғы тілік нәтижесі эксперимент топ оқушыларының адамгершілік мәдениет деңгейлері әр көрсеткіш бойынша артқанын көріп тұрмыз. Мысалы, эксперимент сыныбында жоғары деңгей 13 пайызға артқаны, төменгі деңгей 18 пайызға төмендегені байқалды.

Эксперимент және бақылау топ оқушыларының алғашқы және соңғы тілік қорытындылары бойынша адамгершілік мәдениетінің деңгейлік ауытқуын келесі кестеден айқын көре аламыз.

Кесте 7 Эксперимент және бақылау топтарының алғашқы және соңғы тілік қорытындыларының салыстырмалы көрсеткіштері

Көрсеткіштері

Алғашқы тілік℅

Соңғы тілік℅

Эксп. топ

Бақылау топ

Эксп. топ

Бақылау топ

1

Жоғарғы деңгей

18

23

31

17

2

Орта деңгей

25

27

31

33

3

Төмен деңгей

57

50

38

50

Кестеде көрсетілгендей, тәжірибе-эксперимент жұмысы нәтижесінде эксперимент және бақылау сыныптарының соңғы тіліктерінің қорытындысы бойынша эксперимент сыныбында жоғарғы деңгейі бақылау сыныбымен салыстырғанда 14 пайызға артық екендігі көрінді.

Сонымен, қорытындылай келе, дүниетану пәнінде оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастыру эксперименті оңды нәтиже беріп, зерттеу болжамы дәлелденді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  70  71  72  73  74  75