Общая терапия. Тесты с ответами на казахском языке (2021 год) - вариант 35

 

  Главная      Тесты     Общая терапия. Тесты с ответами на казахском языке (2021 год)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     33      34      35      36     ..

 

 

Общая терапия. Тесты с ответами на казахском языке (2021 год) - вариант 35

 

 

 

Вопрос № 1

Өкпенің осы ауруында науқасқа позициялық дренаж тағайындалады?:
Ответ1
бронх астмасында
Ответ2
пневмонияда
Ответ3  (+)
өкпе абсцесінде
Ответ4
өкпе эмфиземасында
Ответ5
пневмосклерозда

 

Вопрос № 2

Эндокардитке тән клиникалық белгілер?:
Ответ1
бас айналуы,ауыз дәмінің бұрмалануы
Ответ2
бел аймағының ауырсынуы,дизурия
Ответ3
бауыр коликасы, ауызына ащы дәмнің келуі
Ответ4
ұстамалы тұншығу,ентікпе
Ответ5  (+)
жүрек тұсының сыздап ауруы,тері түсінің «сутті кофе» тәрізді болуы

 

Вопрос № 3

Кардиогендік шоктың клиникалық белгілері?:
Ответ1
желке тұсының тартып ауруы,қан қысымының көтерілуі
Ответ2
төс артының сыздап ауруы,нитроглицериннен басылмауы
Ответ3  (+)
жүректің қатты шаншып ауруы,қан қысымының 80/60 мм сын.бағ болуы
Ответ4
жүректің шалыс соғуы, жүректің соғу жиілігі минутына 110-ға тең болуы
Ответ5
төс артының 5 минутқа дейін шаншып ауруы,нитроглицериннен басылуы

 

Вопрос № 4

Демікпеде мейірбике қандай көмек көрсету керек?:
Ответ1
мұзды мұйық қою
Ответ2
асқазанды жуу
Ответ3
тазалау клизма жасау
Ответ4  (+)
қалталы ингалятор қолдану
Ответ5
аяққа бұрау салу

 

Вопрос № 5

Сөл бөлуді нейтралдайтын препараттар?:
Ответ1  (+)
антацидтер
Ответ2
миотроптық спазмолитиктер
Ответ3
витаминдер
Ответ4
гормондар
Ответ5
коронаролитиктер

 

Вопрос № 6

Өкпе эмфиземасының негізгі клиникалық белгісі:
Ответ1
дене қызуының көтерілуі
Ответ2
пальпацияда дауыс дірілінің сезілмеуі
Ответ3  (+)
«бөшке» тәріздес кеуде клеткасы
Ответ4
іріңді қақырық тастап жөтелу
Ответ5
ұстамалы тұншығу болу

 

Вопрос № 7

Өкпе ісінуіндегі жедел көмек?:
Ответ1
бронхолитиктер,муколитиктер
Ответ2
жүрек гликозидтері,кальций антагонистері
Ответ3
стероидты емес қабынуға қарсы препараттар
Ответ4  (+)
оттегіні спирттен өткізіп беру,зәр айдағыштар
Ответ5
антигистаминдік препараттар,глюкокортикоидтар

 

Вопрос № 8

Фонокардиография анықтайды?:
Ответ1
қандағы ферменттер мөлшерін
Ответ2
жүрек көлемін
Ответ3
тамырлар қалпын
Ответ4
жүректің жиырылу қасиетін
Ответ5  (+)
жүректегі тондарды, шуларды

 

Вопрос № 9

Газ шығаратын түтікшенің қолданылуы?:
Ответ1
уланғанда
Ответ2
күнделікті
Ответ3  (+)
іш кепкенде
Ответ4
гипертермияда
Ответ5
әрдайым тамақтан кейін

 

Вопрос № 10

Ұлтабар зондтауды жүргізу керек?:
Ответ1
асқазан және 12- елі ішек жарасында
Ответ2
жедел холециститте
Ответ3
өт тасы ауруында
Ответ4  (+)
созылмалы холециститте
Ответ5
созылмалы энтероколитте

 

Вопрос № 11

Өкпе рагының себептерінің бірі?:
Ответ1  (+)
канцерогенді заттардың әсері
Ответ2
инфекцияның әсері
Ответ3
аллергендердің әсері
Ответ4
психоэмоционалдық стресс
Ответ5
кеуде клеткасының жарақаттары

 

Вопрос № 12

Созылмалы гастриттің жиі кездесетін себебі?:
Ответ1
темекі шегу
Ответ2  (+)
тамақтану режимін бұзу
Ответ3
салқын тию
Ответ4
ауа бассейінінің былғануы
Ответ5
жарақаттар

 

Вопрос № 13

Миокард инфарктісінің негізгі клиникалық белгілері?:
Ответ1
бастың ауруы,қан қысымының көтерілуі
Ответ2
ұстамалы тұншығу,жөтел,мөлдір қақырыктың бөлінуі
Ответ3  (+)
төс артының сығып ауруы,ұзақтығы 15 минуттан көп,нитроглицериннен басылмауы
Ответ4
төс артының сыздап ауруы,ұзақтығы 15 минутқа дейін,нитроглицериннен басылуы
Ответ5
бастың ауруы,қан қысымының төмендеуі

 

Вопрос № 14

Өкпе абсцесінің бірінші кезеңіндегі қызбаның түрі?:
Ответ1
тұрақсыз
Ответ2
тұрақты
Ответ3  (+)
гектикалық
Ответ4
теріс
Ответ5
толқын тәрізді

 

Вопрос № 15

Өт қапшығының ұстамасында ауырады?:
Ответ1
сол жақ қабырға асты
Ответ2  (+)
оң жақ қабырға асты
Ответ3
эпигастрий аймағы
Ответ4
кеудесі
Ответ5
белі

 

Вопрос № 16

Обструктивті бронхиттің емінде қолданылатын дәрілер?:
Ответ1
нитраттар
Ответ2
жүрек гликозидтері
Ответ3  (+)
бронхолитиктер
Ответ4
салицилаттар
Ответ5
нитрофурандар

 

Вопрос № 17

Құрғақ плевриттің аускультациясында болатын өзгеріс?:
Ответ1
қатаң тыныс
Ответ2
везикулярлы тыныс
Ответ3
әлсіз везикулярлы тыныс
Ответ4  (+)
плевраның үйкеліс шуы
Ответ5
бронхиалды тыныс

 

Вопрос № 18

Созылмалы гастритте тағайындалатын диета?:
Ответ1  (+)
1
Ответ2
4
Ответ3
5
Ответ4
9
Ответ5
10

 

Вопрос № 19

Жүрек аритмиясын анықтау үшін қолданылатын инструменталдық тексеру?:
Ответ1
жүрек флюорографиясы
Ответ2
спирометрия
Ответ3  (+)
электрокардиография
Ответ4
бронхография
Ответ5
электроэнцефалография

 

Вопрос № 20

Атеросклероздың ең жиі кездесетін бейімдеуші факторы?:
Ответ1
инфекция
Ответ2
психоэмоционалдық стресс
Ответ3  (+)
майлы тағамды көп қабылдау
Ответ4
көмірсуларға бай тағамдарды қабылдау
Ответ5
белоктарға бай тағамдарды қабылдау

 

Вопрос № 21

Атеросклероз ауруында тыйым салынатын тағамдар?:
Ответ1  (+)
майлы ет,қою ет сорпалары,тәтті өнімдер
Ответ2
жеміс-жидектер,сусындар
Ответ3
көкөністер
Ответ4
вегетариандық сорпалар
Ответ5
сүт өнімдері

 

Вопрос № 22

Гипертониялық кризде қыша қағазы қойылады?:
Ответ1
арқаға
Ответ2
иықтарына
Ответ3
ішіне
Ответ4
табандарына
Ответ5  (+)
желке тұсына,балтырларға

 

Вопрос № 23

Крупозды пневмонияда осы асқыну болуы мүмкін
Ответ1
кардиогенді шок
Ответ2
анафилактикалық шок
Ответ3
естен тану
Ответ4  (+)
инфекциялы-токсикалық шок
Ответ5
уремиялық кома

 

Вопрос № 24

Ревматизмде профилактикалық мақсатта қолданылатын антибиотик?:
Ответ1
оксациллин
Ответ2
канамицин
Ответ3
тетрациклин
Ответ4  (+)
бициллин
Ответ5
мегасеф

 

Вопрос № 25

Холестаздың(өттің дұрыс жүрмеуінің)белгілері?:
Ответ1
«бауыр алақаны»
Ответ2  (+)
терінің қышуы
Ответ3
«тамыр жұлдызшалары»
Ответ4
әлсіздік
Ответ5
асцит

 

Вопрос № 26

Құсу кезіндегі қауіпті асқынулар?:
Ответ1
қайта жұту
Ответ2
жөтел
Ответ3  (+)
құсықтың тыныс жолдарына енуі
Ответ4
іштің өтуі
Ответ5
зәрдің жүрмеуі

 

Вопрос № 27

Атеросклерозда қан анализіндегі өзгеріс ?:
Ответ1
гипергликемия
Ответ2
гиперпротеинемия
Ответ3  (+)
гиперхолестеринемия
Ответ4
гипогликемия
Ответ5
гипербилирубинемия

 

Вопрос № 28

Гипертензияда қан қысымы?:
Ответ1  (+)
көтеріледі
Ответ2
қалыпты болады
Ответ3
өзгермейді
Ответ4
төмендейді
Ответ5
анықталмайды

 

Вопрос № 29

Стенокардияда миокардта болатын өзгеріс?:
Ответ1
дистрофия
Ответ2
атрофия
Ответ3  (+)
ишемия
Ответ4
некроз
Ответ5
қабыну

 

Вопрос № 30

Өкпе туберкулезінің қоздырғышы?:
Ответ1
стафиллококк
Ответ2
стрептококк
Ответ3
пневмококк
Ответ4  (+)
Кох бацилласы
Ответ5
Фридлендер таяқшасы

 

Вопрос № 31

Ревматизмнің қосымша критерийлеріне жатады?:
Ответ1
кардит
Ответ2
көшпелі артрит
Ответ3
кіші хорея
Ответ4  (+)
апатия,адинамия
Ответ5
тері асты ревматикалық түйіндері

 

Вопрос № 32

Бауыр цирроздарға тән клиникалық белгілері?:
Ответ1
он жақ мықын аймағының ауыруы
Ответ2
бел тұсы ұстамалы ауыруы,шапқа тарауы
Ответ3
кіндік айналасының ауыруы,іш өтуі
Ответ4
белінін ауыруы, зәрде протеинурия пайда болуы
Ответ5  (+)
оң жақ қабырға астында ауырлык сезуі,бауыр және талақ үлкейюі

 

Вопрос № 33

Перкуссияда анықталатын жүрек шекараларының саны?:
Ответ1
5
Ответ2
4
Ответ3  (+)
3
Ответ4
2
Ответ5
1

 

Вопрос № 34

Қан тоқтататын дәрілерді атаңыз?:
Ответ1
гепарин,неодикумарин
Ответ2  (+)
викасол,кальций хлорид
Ответ3
фестал,мезим-форте
Ответ4
ранитидин,ранисан
Ответ5
трихопол,оксациллин

 

Вопрос № 35

Өкпе эмфиземасына тән кеуде клеткасы?:
Ответ1  (+)
«бөшке» тәріздес
Ответ2
нормостеникалық
Ответ3
семген
Ответ4
астеникалық
Ответ5
гиперстеникалық

 

Вопрос № 36

Гирудотерапияға көрсетпе болып табылады?:
Ответ1  (+)
артериалдық гипертензия
Ответ2
миокард инфарктысы
Ответ3
бронхиалдық астма
Ответ4
пневмония
Ответ5
цистит

 

Вопрос № 37

Манту сынағы оң мәнді болады,егер папуланың диаметрі?:
Ответ1
3мм
Ответ2
4мм
Ответ3
2мм
Ответ4
1мм
Ответ5  (+)
6мм

 

Вопрос № 38

«Кофе қоюы» тәріздес құсық болғанда қан кетеді
Ответ1  (+)
асказаннан
Ответ2
ащы ішектен
Ответ3
сигма тәрізді ішектен
Ответ4
өкпеден
Ответ5
тік ішектен

 

Вопрос № 39

Өкпе абсцессінде қақырықтың ерекшелігі?:
Ответ1
аз мөлшерде кілегейлі
Ответ2
қан аралас
Ответ3
алқызыл түсті көпіршікті
Ответ4  (+)
көп мөлшерде иісі жаман
Ответ5
«темір тотығы» түстес

 

Вопрос № 40

Ұлтабар жарасының перфорациясындағы ауырсынудың түрі?:
Ответ1
тұрақты
Ответ2
шаншымалы
Ответ3
ауырсыну әр кезде пайда болуы
Ответ4  (+)
«пышак сұққандай» болуы
Ответ5
ауырсынусыз

 

Вопрос № 41

Экстрасистолиядағы жүрек қызметіндегі өзгеріс?:
Ответ1
соғысының жиілеуі
Ответ2
бұлшықет талшықтарының үйлесімсіз жиырылуы
Ответ3
соғысының сиреуі
Ответ4
соғысының ұстамалы жиілеуі
Ответ5  (+)
кезектен тыс жиырылуы

 

Вопрос № 42

Созылмалы холециститтің диагностикасында маңызды мәлімет береді?:
Ответ1
ұлтабарды зондтау
Ответ2  (+)
ультрадыбыспен тексеру
Ответ3
ирригоскопия
Ответ4
жалпы қан анализі
Ответ5
жалпы зәр анализі

 

Вопрос № 43

Гипотонияда қан қысымы?:
Ответ1
көтеріледі
Ответ2
анықталмайды
Ответ3  (+)
төмендейді
Ответ4
қалыпты болады
Ответ5
өзгермейді

 

Вопрос № 44

Дене қызуының нәтижесі тіркеледі?:
Ответ1
ауру тарихының күнделігіне
Ответ2
түскен науқасты тіркейтін журналға
Ответ3  (+)
дене қызу парағына
Ответ4
дәрігердің нұсқау қағазына
Ответ5
босану тарихының күнделігіне

 

Вопрос № 45

Сөл бөлу туралы дәлірек мәлімет береді?:
Ответ1
асқазанның рентгеноскопиясы
Ответ2  (+)
фракциялық тәсілмен зондтау
Ответ3
ұлтабарды зондтау
Ответ4
ФГДС
Ответ5
ультрадыбыспен тексеру

 

Вопрос № 46

Жүрек ауруларымен науқасты бақылау үшін?:
Ответ1
бойын өлшейді
Ответ2  (+)
қан қысымын өлшейді,пульс жиілігін санайды
Ответ3
бас көлемін өлшейді
Ответ4
тыныс алу жиілігін санайды
Ответ5
салмағын өлшейді

 

Вопрос № 47

Бауырдың калыпты көлемі бұғана ортасы сызығы бойынша?:
Ответ1
5-6см
Ответ2
7-8см
Ответ3  (+)
9-11см
Ответ4
11-12см
Ответ5
15-17см

 

Вопрос № 48

Құрғақ плевриттің негізгі клиникалық белгілері?:
Ответ1
кеудесі ауырады,өкпеде құрғақ сырыл естіледі
Ответ2
тұншығып жөтеледі,кілегейлі қақырық тастайды
Ответ3  (+)
кеудесі ауырады,өкпеде плевраның үйкеліс шуы естіледі
Ответ4
кеудесі ауырады,еріне,мұрынына герпес шығады
Ответ5
жөтеледі,ауызы тола іріңді қақырық тастайды

 

Вопрос № 49

Диффузды жайылмалы пневмосклероз осы аурудың асқынуы?:
Ответ1
жедел пневмония
Ответ2
ошақты туберкулез
Ответ3
плеврит
Ответ4  (+)
созылмалы бронхит
Ответ5
трахеит

 

Вопрос № 50

Проктит дегеніміз?:
Ответ1
тоқ ішектің кілегей қабатының қабынуы
Ответ2
ащы ішектің кілегей қабатының қабынуы
Ответ3
сигма тәрізді ішектің кілегей қабатының қабынуы
Ответ4  (+)
тік ішектің кілегей қабатының қабынуы
Ответ5
ұлтабардың кілегей қабатының қабынуы

 

Вопрос № 51

Асқазан катерлі ісігінің емінде қолданылатын препараттар?:
Ответ1
гептрал,гепабене,карсил
Ответ2
индометацин,бруфен
Ответ3
алоэ,ФИБС,стекловидное тело
Ответ4
мукалтин,бронхолитин
Ответ5  (+)
циклофосфан,5- фторурацил

 

Вопрос № 52

Семіздікте тағайындалатын диета?:
Ответ1
1
Ответ2
7
Ответ3
5
Ответ4  (+)
8
Ответ5
9

 

Вопрос № 53

Артериалдық гипертензияның асқынуы?:
Ответ1
кардиогендік шок
Ответ2
миокардит
Ответ3  (+)
гипертониялық криз
Ответ4
коллапс
Ответ5
перикардит

 

Вопрос № 54

Тромбоэмболиялық асқынуларды алдын-алу үшін қолданылады?:
Ответ1  (+)
гепарин
Ответ2
строфантин
Ответ3
ампициллин
Ответ4
аскорбин қышқылы
Ответ5
фуросемид

 

Вопрос № 55

Асқазан ойық жарасының асқынуы?:
Ответ1
гипергликемиялық кома
Ответ2  (+)
қан кету
Ответ3
гипертониялық криз
Ответ4
гипогликемиялық кома
Ответ5
анафилактикалық шок

 

Вопрос № 56

Брадикардияға тән 1 минуттағы жүректің соғу саны?:
Ответ1
120
Ответ2
95
Ответ3
84
Ответ4
75
Ответ5  (+)
55

 

Вопрос № 57

DOTS бағдарламасының ерекшелігі?:
Ответ1
ұзақ мерзімді
Ответ2  (+)
қысқа мерзімді
Ответ3
жыл бойы
Ответ4
жарты жыл
Ответ5
өмір бойы

 

Вопрос № 58

Антибиотиктерді дұрыс тағайындау үшін қажет?:
Ответ1
қан анализін зерттеу
Ответ2
қақарықты жалпы анализге алу
Ответ3  (+)
қақырықты антибиотикке сезімталдығына алу
Ответ4
қақырықты атипиялық клеткаға алу
Ответ5
қақырықты Кох бацилласына алу

 

Вопрос № 59

Созылмалы гепатиттердің негізгі себебі?:
Ответ1
салқын тию
Ответ2
темекі түтіні
Ответ3  (+)
Боткин ауруы
Ответ4
тамақтану режимінің бұзулуы
Ответ5
стресс факторы

 

Вопрос № 60

Қан кету осы аурудың асқынуы?:
Ответ1
ангина
Ответ2
құргақ плеврит
Ответ3  (+)
өкпенің рагы
Ответ4
бронх астмасы
Ответ5
жедел бронхит

 

Вопрос № 61

Созылмалы холециститте ауырсыну беріледі?:
Ответ1
сол жақ иыққа,жауырынға,бұғанаға
Ответ2  (+)
оң жақ иыққа,жауырынға,бұғанаға
Ответ3
оң аяққа
Ответ4
сол аяққа
Ответ5
шапқа

 

Вопрос № 62

Асқазан пенетрацияның белгісі?:
Ответ1
аш қарынға эпигастрий аумағындағы ауырсынудың күшеюі
Ответ2
эпигастрий аймағы түнде ауру
Ответ3
қыжыл мазалау
Ответ4
кекіру
Ответ5  (+)
эпигастрий аймағының тұрақты ауруы

 

Вопрос № 63

Тұз қышқылы және пепсині жоқ гастритті атаңыз?:
Ответ1
гиперацидтік
Ответ2
гипоацидтік
Ответ3  (+)
ахилиялық
Ответ4
қышқылы қалыпты
Ответ5
-

 

Вопрос № 64

Бауыр ауруларының диагностикасында қолданылатын инструменталдық тексеру?:
Ответ1
фиброгастродуоденоскопия
Ответ2
ректороманоскопия
Ответ3
колоноскопия
Ответ4
ирригоскопия
Ответ5  (+)
ультрадыбыспен тексеру

 

Вопрос № 65

Ұлтабар жарасының негізгі рентгенологиялық белгісі?:
Ответ1  (+)
бұлтиып шығып («ниша») көрінуі
Ответ2
өңеште барий қоспасының тұрып қалуы
Ответ3
ішек жиырылуының жоқ болуы
Ответ4
өт қапшығының деформациясы
Ответ5
асқазан деформациясы

 

Вопрос № 66

Энтеритте қабынады?:
Ответ1
тоқ ішектің кілегей қабаты
Ответ2  (+)
ащы ішектің кілегей қабаты
Ответ3
сигма тәрізді ішектің кілегей қабаты
Ответ4
тік ішектің кілегей қабаты
Ответ5
ұлтабардың кілегей қабаты

 

Вопрос № 67

Өкпе рагында қақырықта анықталатын клеткалар?:
Ответ1
Кох бацилласы
Ответ2
Шарко-Лейден кристалдары
Ответ3  (+)
атипиялық клеткалар
Ответ4
эозинофилдер
Ответ5
Куршман спиралі

 

Вопрос № 68

Жедел жүрек жетіспеушілігінің клиникалық белгілері?:
Ответ1
жүрек тұсының сыздап ауруы,дене қызуының көтерілуі
Ответ2
төс артының сыздап ауруы,нитроглицериннен басылуы
Ответ3  (+)
тұншығу ұстамасы, цианоз,көбікті қызғылт-күлгін қақырық тастау,дистанциялық сырылдардың болуы
Ответ4
төс артының қысып ауруы, нитроглицериннен басылмауы
Ответ5
жүректің шалыс соғуы,жүректің соғу жиілігі минутына 100 рет

 

Вопрос № 69

Миокард инфарктісінің асқынуына жатады?:
Ответ1  (+)
кардиогендік шок
Ответ2
миға қан құйылу
Ответ3
гипертониялык криз
Ответ4
инфекциялы-токсикалық шок
Ответ5
анафилактикалық шок

 

Вопрос № 70

Н2 - блокаторларға жатады?:
Ответ1  (+)
ранитидин
Ответ2
интал
Ответ3
атропин
Ответ4
алмагель
Ответ5
маалокс

 

Вопрос № 71

Өкпе абсцесінде антибиотиктерді енгізудің тиімді жолы?:
Ответ1
 бұлшық етке
Ответ2
тері астына
Ответ3
тері ішіне
Ответ4  (+)
бронхоскоп арқылы
Ответ5
тік ішекке

 

Вопрос № 72

Атеросклероздың емінде қолданылатын препараттар?:
Ответ1
ауырсынуды басатын
Ответ2  (+)
қанда холестерин мөлшерін төмендететін
Ответ3
қан қысымын жоғарылататын
Ответ4
қабынуға қарсы
Ответ5
қандағы қант мөлшерін азайтатын

 

Вопрос № 73

Зәр айдағыштарға жатады?:
Ответ1
левомицетин
Ответ2
нитроглицерин
Ответ3  (+)
фуросемид
Ответ4
гепабене
Ответ5
алмагель

 

Вопрос № 74

Тахипноэ дегеніміз?:
Ответ1  (+)
тыныс алудың жиіленуі
Ответ2
тыныс алудың сиреуі
Ответ3
пульстің жиіленуі
Ответ4
пульстің сиреуі
Ответ5
қан қысымының төмендеуі

 

Вопрос № 75

Жасырын ісікті анықтайтын тәсіл?:
Ответ1
сипау
Ответ2
қан қысымын өлшеу
Ответ3  (+)
су балансын анықтау
Ответ4
бойын өлшеу
Ответ5
спирометрия жүргізу

 

Вопрос № 76

Бронхоэктаз ауруын дәлелдеу үшін диагностикасында қолданылады?:
Ответ1
фиброгастроскопия
Ответ2  (+)
бронхоскопия
Ответ3
ультрадыбыспен зерттеу
Ответ4
электрокардиография
Ответ5
флюорография

 

Вопрос № 77

Крупозды пневмонияда қақырықтың микроскопиялық тексеруінде көруге болады?:
Ответ1  (+)
эритроциттерді
Ответ2
атипиялык клеткаларды
Ответ3
Куршман спиралін
Ответ4
Шарко-Лейден кристалдарын
Ответ5
Кох бацилласын

 

Вопрос № 78

Стенокардияда науқасқа қатаң төсек режимі келесі асқынудың алдын-алу үшін тағайындалады?:
Ответ1
жүрек ақауларын
Ответ2
миға қан құйылуды
Ответ3  (+)
миокард инфактісін
Ответ4
атеросклерозды
Ответ5
миокардитті

 

Вопрос № 79

Өкпе гангренасында қолданған дұрыс?:
Ответ1
димедрол
Ответ2  (+)
цефазолин
Ответ3
5- нок
Ответ4
гепарин
Ответ5
панзинорм форте

 

Вопрос № 80

5 диета тағайындалатын аурулар?:
Ответ1  (+)
бауыр
Ответ2
буйрек
Ответ3
ішек
Ответ4
ұйкы безі
Ответ5
асқазан

 

Вопрос № 81

Созылмалы гепатиттің клиникалық белгілері?:
Ответ1
кіндік айналасынын ауыруы, іш өтуі
Ответ2
талактың үлкеюі
Ответ3
сол жақ қабырға астынын ауыруы
Ответ4
белінін ауыруы, зәрде гематурия пайда болуы
Ответ5  (+)
он жақ қабырға астында ауырлык сезуі, көзінін сарғаюы

 

Вопрос № 82

Ұлтабар ойық жарасына тән клиникалық белгілер?:
Ответ1
ауырсынудың пайда болуы тамаққа байланысты емес
Ответ2
асқазан аймағы тамақтан кейін ауырады,ауалы кекірік,лоқсу пайда болады
Ответ3  (+)
асқазан аймағы тамактан кейін 1-1,5 сағат соң ауырады,қышқыл кекірік келеді,лоқсиды, құсады
Ответ4
оң қабырға асты ауырады,ауызына запыран дәмі келеді,құсады
Ответ5
эпигастрий аймағы белді айналып ауырады,құсу жеңілдік әкелмейді,әлсіздік

 

Вопрос № 83

Перикардит дегеніміз?:
Ответ1
миокардтың қабынуы
Ответ2
жүректегі зат алмасудың бұзылуы
Ответ3  (+)
жүректің сыртқы қабатының қабынуы
Ответ4
миокардтың өлі еттенуі
Ответ5
эндокардтың қабынуы

 

Вопрос № 84

Артериалдық гипертензияның емінде қолданылатын препарат?:
Ответ1  (+)
энам
Ответ2
инсулин
Ответ3
бисептол
Ответ4
травясил
Ответ5
карсил

 

Вопрос № 85

Некроздан кейінгі цирроздың себебі?:
Ответ1
салқын тию
Ответ2
темекі түтіні
Ответ3  (+)
Боткин ауруы
Ответ4
тамақтану режимінің бұзулуы
Ответ5
стресс факторы

 

Вопрос № 86

Өкпе рагында диагнозын дәлірек анықтайтын тексеру әдісі?:
Ответ1
бронхография
Ответ2
рентгенография
Ответ3
томография
Ответ4
рентгеноскопия
Ответ5  (+)
бронхоскопия және тін биопсиясы

 

Вопрос № 87

Миокардит дегеніміз не?:
Ответ1
миокардта газ алмасудың бұзылуы
Ответ2
миокардта зат алмасудың бұзылуы
Ответ3
жүрек бұлшықетінің өлі еттенуі
Ответ4  (+)
жүрек бұлшықетінің қабынуы
Ответ5
жүректің сыртқы қабатының қабынуы

 

Вопрос № 88

Созылмалы холециститтің ремиссия кезеңіндегі болатын белгі?:
Ответ1
кеуденің шаншуы
Ответ2
қыжыл мазалауы
Ответ3  (+)
майлы тағамды сіңіре алмау
Ответ4
кекіру
Ответ5
ішектен қан кету

 

Вопрос № 89

Өкпе абсцесінің екінші кезеңі?:
Ответ1
қуыс бронхқа ашылғанға дейінгі
Ответ2  (+)
қуыс бронхқа ашылғаннан кейінгі
Ответ3
кризис
Ответ4
лизис
Ответ5
ремиссия

 

Вопрос № 90

Пульстік қысым дегеніміз?:
Ответ1  (+)
систолдық және диастолдық қысым арасындағы айырмашылық
Ответ2
систолдық қысым
Ответ3
диастолдық қысым
Ответ4
порциалдық қысым
Ответ5
теріс қысым

 

Вопрос № 91

Туберкулезге қарсы бағдарлама?:
Ответ1
«Лемон»
Ответ2
«Жанұяны жоспарлау»
Ответ3
«Емшекпен тамақтандыру»
Ответ4  (+)
«DOTS»
Ответ5
«Пероральды регидратация»

 

Вопрос № 92

Миокард инфарктісінде ауырғандықты басу үшін қолданылады?:
Ответ1
антибиотиктер
Ответ2
зәр айдағыштар
Ответ3
бронхолитиктер
Ответ4  (+)
наркотикалық аналгетиктер
Ответ5
витаминдер

 

Вопрос № 93

Асқазан қатерлі ісігінің клиникалық белгілері?:
Ответ1
эпигастрий аймағы белді айналып ауырады
Ответ2
эпигастрий аймағы тамақтан кейін 1-2 сағаттан соң ауырады,қыжыл мазалайды
Ответ3  (+)
эпигастрий аймағы тұрақты ауырады,науқас тез арада арықтайды
Ответ4
эпигастрий аймағы тамақтан кейін 3-4 сағаттан соң ауырады
Ответ5
оң қабырға асты ауырады,ауызына запыран дәмі келеді

 

Вопрос № 94

Қан кеткеннен кейінгі екі күн бойы ұстайтын диета?:
Ответ1  (+)
аштық диета
Ответ2
№10
Ответ3
№9
Ответ4
№7
Ответ5
№5

 

Вопрос № 95

Созылмалы колиттің емінде қолданылатын препараттар?:
Ответ1
фурадонин,невиграмон,палин
Ответ2
алмагель,фосфалюгель
Ответ3
пенициллин,стрептомицин
Ответ4  (+)
фуразолидон,энтеросептол
Ответ5
карсил,сирепар,эссенциале

 

Вопрос № 96

Манту сынағы жасалынады?:
Ответ1
емдік мақсатта
Ответ2
профилактикалық мақсатта
Ответ3  (+)
диагностикалық мақсатта

 

Вопрос № 97

Өкпе рагының асқынуларына жатады?:
Ответ1
гипертониялық криз
Ответ2  (+)
қан кету
Ответ3
коллапс
Ответ4
гипогликемиялық кома
Ответ5
анафилактикалық шок

 

Вопрос № 98

Кох бацилла қандай аурудың қоздырғышы?:
Ответ1
өкпенің рагы
Ответ2  (+)
өкпе туберкулезі
Ответ3
өкпе эмфиземасы
Ответ4
өкпе гангренасы
Ответ5
бронхоэктаз ауруы

 

Вопрос № 99

Өкпе абсцесі дегеніміз?:
Ответ1
өкпе тінінің дәнекер тінмен алмасуы
Ответ2  (+)
өкпеде іріңді қуыстың пайда болуы
Ответ3
өкпе альвеоласының шамадан тыс кеңейіп кетуі
Ответ4
өкпенің ауалығының жоғарылауы
Ответ5
өкпе тінінің қабынуы

 

Вопрос № 100

Билиарлы цирроздың себебі?:
Ответ1
маскүнемдік
Ответ2  (+)
холестаз
Ответ3
Боткин ауруы
Ответ4
тамақтану режимінің бузулуы
Ответ5
стресс факторы
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     33      34      35      36     ..