Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 560

 

  Главная      Тесты     Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     558      559      560      561     ..

 

 

 

Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 560

 

 

 

??? № 1

Эклампсияның негізгі белгілері:
1 АҚҚ көтерілуі
2 Ісіктер
3 АҚҚ көтерілуі , ісік
4 Протеинурия
5  (+) АҚҚ көтерілуі ,протеинурия

 

??? № 2

Нәрестенiң дұрыс емес орналасуы кезiндегi жиi асқынуы:
1. Қан кету
2. Мерзiмiнен ерте босану
3. Нәресте гипоксиясы
4.  (+)  Қағанақ суының мезгiлiнен бұрын кетуi
5. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгiлiнен бұрын бөлiнуi

 

??? № 3

Қалыпты менструация циклының ұзақтығы (күндер):
1. 5-10
2. 12-17
3. 18-20
4.  (+) 21-35
5. 36-40

 

??? № 4

Барьер контрацепцияны көрсетің?
1 спираль
2 гормоналды дәрілер
3 (+)  презервативтер
4 хирургиялық стерилизация
5 жыныс қатнасты тоқтату

 

??? № 5

Ультраздыбыстық зерттеу арқылы кіндік қантамырына пункция жасап нәресте жағдайын анықтайтын әдісті қалай атайды:
1 амниотомия
2 амниоскопия
3 амниоцентез
4 лапароцентез
5 (+)  хордоцентез

 

??? № 6

Анатомиялық тар жамбаста жамбас өлшемдері тарылады:
1. 0,2-0,3 см
2. 0,5-0,9 см
3. 1,0-1,3 см
4. 1,4-1,5 см
5.  (+) 1,5- 2,0 см

 

??? № 7

Жатырлық циклдың қай фазасына аналық бездiң фолликулярлы фазасы сәйкес келедi:
1. Десквамация және секреция
2.  (+) Регенерация және пролиферация
3. Регенерация және секреция
4. Децидуалды єзгерiстер
5. Секреция және пролиферация.
 


 

??? № 8

Жатырдан тыс жүктiлiктi анықтауда қолданылатын қосымша зерттеу әдiстерiне жатады:
1. Метросальпингография, пельвиография, жатырдың сцинтиграфиясы зерттеу, лапароскопия
2.  (+) Жатырдың артқы күмбезi арқылы құрсақ қуысының пункциясы, ультрадыбысты зерттеу, лапароскопия
3. Цервикалды каналдың құрамын бактериологиялық зерттеу
4. Гистероскопия, кольпоскопия, цистоскопия
5. Кольпоскопия, жағындыны цитологиялық зерттеу

 

??? № 9

Эклампсияға тән негізгі симптом:
1. Артериалдық қан қысымының 180/110 мм с.б.б. дейін жоғары көтерілуі
2. Бастың ауруы, құсу
3.  (+) Тырысулар
4. Протеинурия
5. Гипотония

 

??? № 10

Босанудан кейінгі бөлімше құрамына кіреді:
1 босану алды платасы,босау залы,операциондық бөлім,интенсивті терапия палатасы
2 босану залы,босаудан кейінгі палата, нәрестелердің интенсивті терапия палатасы
3 қабылдау бөлімі, қарау бөлмесі, емшара бөлмесі
4 (+)  ана мен нәресте бірге болатын палата, емшара бөлмесі, шығару бөлмесі
5 қабылдау бөлімшесі, емшара бөлмесі, кіші операция болмесі, жүкті әйелдер палатасы

 

??? № 11

Қалыпты орналасқан бала жолдасының мезгілсіз бөлінуінің. клиникалық белгісіне жатпайды
1 (+)  жүктілік аурулары
2 геморрагиялық шок
3 нәрестенің жүрек соғысының өзгеруі
4 жатыр формасының өзгеруі
5 жатырдың пішіні жұмыртқа тәрізді

 

??? № 12

Қыздардағы жыныс мүшелері ауруларының қоздырғыштарына байланысты бөлінеді:
1.  (+) Арнайы, арнайы емес
2. Термиялық, химиялық
3. Гормональды, иммунды
4. Экзогенді, эндогенді
5. Коккты, вирусты

 

??? № 13

Пуберттаты кезеңде қасағаның түктенуі қалай аталады:
1. менархе
2.  (+) Пубархе
3. Телархе
4. Дактостаз
5. Мастит

 

??? № 14

Жасөспiрiм қыз балаларда жалған аменореяға әкеледі:
1. Қынаптың агенезиясы
2. Тернер синдром
3. Екi мүйiздi жатыр
4.  (+) Қыздық перденiң атрезиясы
5. Ювенильдi жүктiлiк

 

??? № 15

Меноррагияға тән:
1.  (+) Ұзақ уақыт етеккiрдiң көп мөлшерде келуi (7 күннен көп)
2. Етеккiрдiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн)
3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз)
4. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен көп
5. Реттi емес, етеккiр арасындағы жатырдан қанды бөлiнулер.

 

??? № 16

Кольпитке тән емес:
1. қынаптың шырышты қабаты ісінген
2.  (+) Жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің бөлінуі
3. Қынаптың шырышты қабаты гиперемияланған
4. жыныс жолдарынан  iрiңдi бөлiндiлердің бөлінуі
5. Жыныс жолдарының қышуы

 

??? № 17

Етеккiр циклының орташа ұзақтығы:
1. 8 күн
2. 18 күн
3.  (+)  28 күн
4. 38 күн
5. 48 күн.

 

??? № 18

Әйелдiң репродуктивтi жүйесi қай жаста функционалдық белсендiлiкке жетедi.
1. 14-15 жас
2.  (+)  16-18 жас
3. 19-20 жас
4. 21-22 жас
5. 22-23 жас.

 

??? № 19

Жүктiлiктiң 22 аптасынан кейiн АҚ жоғарлауының себептерiнiң бiрi:
1. Гипертониялық ауру
2.  (+) Жүктiлер гипертензиясы
3. Созылмалы гломерулонефрит
4. Созылмалы пиелонефрит
5. Зәр тас ауруы

 

??? № 20

Қыздардағы қабыну үрдісінің ең жиі орналасуы:
1.  (+) Сыртқы жыныс мүшелері
2. Қынап
3. Жатыр
4. Аналық бездері
5. Жатыр түтіктер

 

??? № 21

Жатыр түбі биіктігі семсертәрізді өсінді және қабырға доғасы деңгейінде қай мерзімге сәйкес келеді:
1 24 апта
2 28 апта
3 (+)  32 апта
4 38 апта


 

??? № 22

Алғашқы босанушы әйел 35 жаста, аудандық орталық тұрғыны, 10 жыл бойы I бедеулікпен ауырады,осы жүктілігі экстракорпоралдық ұрықтанудан кейін дамыды. Босануға қайда жіберіледі:
1.  (+) Облыстық перинатальды орталыққа.
2. Аудандық орталық ауруханаға.
3. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығында
4. Қалалық перзентханада
5. Қалалық перинатальды орталыққа.

 

??? № 23

Алғашқы етеккiрдiң келуi қалай аталады:
1.  (+) Менархе
2. Пубархе
3. Телархе
4. Лактостаз
5. Мастит

 

??? № 24

Дені сау жүкті әйелдң қынабын әйелдер консультациясында тексеруден өткізу
1 әйелдер консультациясына көрінген сайын
2 әрбір үш айда
3 (+)  есепке алынған кезде
4 өзгеріс динамикасын бағалау үш айда бір рет
5 соңғы триместрде

 

??? № 25

Полименореяға тән:
1. Қалыпты етеккiрде жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлінділердің болуы
2. Етеккiрдiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн)
3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз)
4. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен көп
5.  (+) Қалыпты етеккiрдiң ұзаққа созылуы (7 күннен көп)

 

??? № 26

Қыздардың жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының арнайы емес қоздырғыштарына жатады:
1.  (+) Стафилококк
2. Стрептококк
3. Туберкулез
4. Ішек таяқшасы
5. Лактобактериялар

 

??? № 27

ЖІС қолдануының абсолютті қарсы көрсетілімі :
1 (+)  кіші жамбас қуысы ағзаларының қатерлі жаңа өсінділері
2 жыныс жүйесінің даму ақауы
3 инфантилизм
4 жатыр мойны эрозиясы
5 жатыр миомасы

 

??? № 28

Плацента тығыз бекуі кездеседі
1 алғаш босанған әйелдерде
2 гестоз дамығанда
3  (+) эндометрийдің құрылымды-морфологиялық өзгерістері кезінде
4 көп ұрықты жүктілік кезінде
5 экстрагенитальды патология кезінде

 

??? № 29

Суретте жүктiлiктiң қай белгiсi көрсетiлген:
 

 


1. Горвица
2. Гегар
3. Гентер
4.  (+) Пискачек
5. Снегиров


 

??? № 30

Ұрық жүйке трубкасы дұрыс қалыптасу үшін әйелге жүктіліктің 12 аптасына дейін қандай препарат тағайындау керек:
1 Минералді-витамин кешені
2 Жақсы тамақтану
3 (+)  Фолий қышқылын
4 Йод препараттарын
5 Ұйқы және демалу режимін сақтау

 

??? № 31

Көлденең тарылған тар жамбасқа тән:
1. Михаэлис ромбысының вертикалды диагоналының тарылуы
2. Жамбастың барлық тiк өлшемдерiнiң тарылуы
3. Шынайы конъюгатаның кеңеюi
4.  (+) Жамбастың көлденең өлшемдерiнiң тарылуы
5. Кiшi жамбас кiреберiсiнiң тiк өлшемінiң тарылуы.

 

??? № 32

Жүктiлiктiң ерте мерзімінде үзiлуінің жиі себебі:
1. Истмика-цервикалдық жетiспеушiлiк
2. Жыныс мүшелерiнiң даму ақаулары
3.  (+) Гормондық бұзылыстар
4. Әйел жыныс мүшелерiнiң қабыну аурулары
5. Экстрагениталды патология

 

??? № 33

Босанудан кейінгі кезең қанша күнге созылады :
1) 7
2) (+)  42

 

??? № 34

Ұрықтың басының үлкен қиғаш өлшемі қаншаға тең:
1) 9,0 см
2)  (+) 13,0 см

 

??? № 35

Кіші жамбаста неше жазықтық бар?
1) (+)  4
2) 5

 

??? № 36

Босанғаннан кейiн қан ағу - бұл босанғаннан кейiнгi қан жоғалту:
1. 100 мл және одан жоғары
2. 200 мл және босанудан кейiн көп
3. 300 мл және босанудан кейiн көп
4. 400 мл және босанудан кейiн көп
5.  (+)  500 мл және босанудан кейiн көп.

 

??? № 37

Бала жолдасы кезеңiнде физиологиялық қан жоғалту босанушы әйелдiң дене салмағының қанша пайызын құрайды:
1. 0,1%
2. 0,3%
3.  (+) 0,5%
4. 0,8%
5. 1%

 

??? № 38

Гиперменореяға тән:
1. Қалыпты етеккiр циклыны ұзақтығы мен сақталған қалыпты ритмде аздаған қанды бөлiнулер
2. Етеккiрдiң келу күнiнiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн)
3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз)
4. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен көп
5.  (+) Етеккiрдiң көп мөлшерде келуi.

 

??? № 39

Төменде көрсетiлген байламдардың қайсысы жатырды ұстап тұру аппаратына жатады:
1. Жамбас түбiнiң фасциялары
2.  (+) Жалпақ байламдар
3. Аралықтың сiңiрлi орталығы
4. Жамбас диафрагмасы
5. Кардиналды байламдар

 

??? № 40

Базалды температураны өлшеп нені анықтаймыз?
1 (+)  овуляцияның болғанын
2 нәрестенің дене қызуының
3 әйелдің дене қызуының
4 әйелдің босанғанын
5 нәрестенің жүрек соғысын

 

??? № 41

Нағыз конъюгата тең:
1.  (+) 11см
2. 13см
3. 9см
4. 20см
5. 23см

 

??? № 42

Қыз балаларда қынап патологиясын анықтауда қолданылады:
1. Кульдоскопия
2. Гистероскопия
3. Кольпоскопия
4. Лапароскопия
5.  (+) Вульвоскопия.

 

??? № 43

Амниоскопияға көрсеткіш болып табылады:
1 анемия
2 (+)  жүктілік мерзімінен асуы
3 жүктілік мерзіміне жетпеуі
4 ірі нәресте
5 даму ақауы

 

??? № 44

Босанудың I кезеңіндегі латентті фазада жатыр мойнының ашылу жылдамдығы:
1  (+) 0,35 см/сағ
2 0,5 см/сағ
3 1,0-1,5 см/сағ


 

??? № 45

Босанғаннан кейiнгi кезеңнiң ұзақтығы:
1. 2 апта
2. 4 апта
3.  (+)  6 апта
4. 10 апта-
5. 12 апта-

 

??? № 46

Босанудың  I кезеңі аяқталады:
1. Ізашарлардың болуымын
2. Прелиминарлы кезеңмен
3.  (+) Жатыр мойнының толық ашылуымен
4. Нәрестенің шығуымен
5. Плацентаның бөлінуімен

 

??? № 47

Үйреншiктi жүктiлiктi көтере алмаушылық - бұл анамнезiнде келесi жиiлiктегi өзiндiк түсiктiң болуы:
1. Бiр
2.  (+) Екi және одан көп
3. Үш және одан көп
4. Төрт және одан көп
5. Бес және одан көп

 

??? № 48

Бала жолдасының төмен орналасуның жиі кездесетін себебі
1 жатыр дамуының ауытқуы
2  (+) жыныс мүшелерінің қабынулары
3 жатыр миомасы
4 эндометриоз
5 түсіктер

 

??? № 49

Жүктiлiктiң II жартысында патологиялық дене салмағын қосқан кезде күдiктену қажет:
1. Ірi нәресте
2.  (+) Преэклампсия
3. Көпсулық
4. Көп нәресте
5. Семiздiк

 

??? № 50

Босанудың I кезеңiнде жыныс жолдарынан қан кетудiң жиi себептерi:
1.  (+) Жатыр мойнының жыртылуы
2. Босану дискоординациясы
3. Босану әрекетінің әлсiреуi
4. Қынаптың жыртылуы
5. Аралықтың жыртылуы

 

??? № 51

Плацентаның жатуын диагностикалайтын зерттеу әдісі:
1. Амниоскопия
2. Кольпоскопия
3. Хорионбиопсия
4. Кардиотокограмма
5.  (+) Ультрадыбыстық зерттеу

 

??? № 52

Суретте қандай тексеру жүргiзiлуде:
 
 

 


1. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң I тәсілі
2. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң II тәсілі
3.  (+) Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң III тәсілі
4. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң IV тәсілі
5. Сыртқы акушерлiк тексеру, Леопольдтiң V тәсілі

 

??? № 53

Қосарланған оралды контрацептивтердiң гормондар концентрациясы бойынша жiктелуі:
1. Монофазалы, екi фазалы, үшфазалы
2. Оральды, трансдермальды, парентеральды
3.  (+) Төмен, жоғары дозалы
4. Микродозаланған, орташа дозаланған
5. Докоитальды, посткоитальды, постгравидарлы

 

??? № 54

Мерзімінде туылған нәрестенiң дене салмағы төмендегіден кем емес:
1. 500 г
2. 1000г
3. 1500г
4. 2000г
5.  (+) 2500-3000г

 

??? № 55

Қыз балаларда ановуляторнлық жатырлық қан кетулерде болмайды:
1. овуляция жәнелютеинді фазаның болмауы
2. фолликулдар персистенциясы
3. фолликулдар атрезиясы
4. (+)  эндометрия атрофиясы
5. эндометрияныңның безді гиперплазиисы

 

??? № 56

Түсiк тастау жүктiлiктiң қай мерзіміне сәйкес келеді:
1.  (+) 21аптаға дейiн
2. 22-27 апта
3. 28-36 апта
4. 37-41 апта
5. 42-43 апта

 

??? № 57

Жүктіліктің күмәнді белгілеріне жатпайды:
1. құсу
2. дәм сезудің өзгеруі
3. Жүрек айну
4. иіс сезудің бұрмалануы
5.  (+)  Пискачек, Снегирева, Горвица-Гегар белгісі

 

??? № 58

Гонобленнореядан сақтандыру үшін нәрестенің көзіне не жасалады?
1 96% спирт пен өнделеді
2 (+)  30% альбуцид ерітіндісі мен өнделеді
3 бриллиант жасыл ерітіндісі мен өнделеді
4 су тегі тотығы ерітіндісі мен өнделеді
5 йод спиртті ерітіндісі мен өнделеді

 

??? № 59

Бастың кіші қиғаш өлшемі келесіге тең:
1 30 см
2 (+)  32 см
3 40 см


 

??? № 60

Плацентаның жартылай тығыз бекуiнде дәрігер тактикасы:
1. Бiрмезетте көктамырға окситоцин енгiзу
2. Көктамырға тамшылатып метилэргометрин енгiзу
3. Бұлшықетке питуитрин енгiзу
4.  (+)  Бала жолдасын қолмен бөлу және оны шығару
5. Жатыр қуысын қолмен тексеру
 



 

??? № 61

Жүктiлiктiң I жартысындағы токсикоздың жеңiл дәрежесiнде құсу жиiлiгi
1. 1-2 рет
2.  (+)  3-5 рет
3. 6-10 рет
4. 10-15 рет
5. 15-20 рет

 

??? № 62

Жүктiлерде жиi қан айналымның жетiспеушiлiгi жүрек аурумен бiрге мына мерзiмде туындайды:
1. 8-12 аптада
2. 13-18 апта
3. 19-24 апта
4.  (+) 24-32 апта
5. 32-36 апта

 

??? № 63

Жедел жәрдем машинасында босанған әйелді жатқызады
1 физиологиялық босану бөліміне
2  (+) физиологиялық босанудан кейінгі бөлімге
3 перзентхананың обсервациялық бөліміне
4 жұқпалы аурулар ауруханасына
5 патология бөліміне

 

??? № 64

Төменгі тізімнен допплерометрия және кардиотокография жүргізілетін жағдайды көрсетіңіз:
1 Егіз нәрестелік
2 Үштік нәрестелер
3  (+) Құрсақ ішілік нәресте дамуының кідіруі
4 Ірі нәресте
5 Туа біткен жүрек ақауы

 

??? № 65

Бауыр аурулары кезiнде жүктi болуға қарсы көрсеткiш:
1.  (+) Бауыр циррозы
2. Вирусты гепатит А
3. Вирусты гепатит В
4. Вирусты гепатит С
5. Вирусты гепатит Д.

 

??? № 66

Мезгілінен асқан жүктілік белгілері:
1. Іш айналымының 10 см-ге ұлғаюы
2. Жыныс жолдарынан шырышты тығынның бөлінуі
3. Іш айналымының 10 см-ге және одан көп кішіреюі
4. Нәресте басының кіші жамбас кіре берісіне қондырылуы
5.  (+)  жұктiлiк аптасы 42 аптадан асқан

 

??? № 67

Преэклампсияның ең қауіпті симптомдарына кіреді
1 альбуминурия 1 г/л
2 айқын дене салмағын қосу
3  (+) эпигастрий аймағында ауырсыну
4 жүрек айну, құсу
5 Тежелу

 

??? № 68

Диагональдi конъюгата- бұл:
1.  (+) Шат сүйегiнің төменгi қырынан сегiзкөздiң ең шығыңқы мүйiсiне дейiнгi аралық
2. Шонданай төмпешiктерiнiң аралығы
3. Мүйiс пен қасаға сүйегiнiң ортаңғы жоғарғы аралығы
4. Құйымшақ пен қасағаның төменгi жиегiнiң аралығы
5. Шат сүйегiнiң төменгi қырынан

 

??? № 69

Жүктіліктегі Пискачека белгісі - бұл:
1 жатыр жұмсаруы, мойын аймағында
2 пальпация кезінде жатыр жұмсақтығының консистенциясының өзгеруі
3 (+)  жатырдың үлкеюі
4 жатырдың алдыңғы қабырғасындағы айдар тәрізді өсінді

 

??? № 70

Жүктілік пен босану мерзімі анықталмайды
1 соңғы етеккір бойынша
2 нәрестенің алғашқы қимылы бойынша
3 ерте тіркеуге тұру мерзімімен
4 ультра дыбыстық зерттеу арқылы
5  (+) нәресте өлшемдерімен
 

 

??? № 71

Анемия кезiнде босанудан кейiнгi кезеңінiң негiзгi асқынуы:
1.  (+) Ірiңдi -септикалық аурулар
2. Гипертензия
3. Гипотензия
4. Олигоурия
5. Анурия

 

??? № 72

Жүкті әйелдердің жатыр жыртылуының жоғары қаупіне жатады:
1.  (+) Жатыр тыртығы
2. Жатыр миомасы
3. Эндомиометрит
4. Анамнезінде түсіктің болуы
5. Анамнезінде тубэктомияның болуы

 

??? № 73

Босанудың басталуы -бұл:
1. Ретсіз толғақтардың басталуы
2.  (+)  Реттi толғақтардың басталуы
3. Қағанақ суының кетуi
4. Күшенудiң болуы
5. Нәресте басының жарып шығуы

 

??? № 74

Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен ерте сылынуына тән:
1. Нәрестенің созылмалы гипоксиясы
2. Нәресте зақым алмайды
3. Нәресте өсуінің кідіруі
4. Құрсақішілік пневмония
5.  (+)  Нәрестенің жедел гипоксиясы

 

??? № 75

Жаңа туылған нәрестеде жүрек соғысының жиілігі минутына 100 рет, демалысы реттелмеген, дауысы жоқ , терi жабындысы көкшiл, рефлекстерi әлсiз анықталады , бұлшықет тонусы жоқ. Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:
1. 2-3 балл
2. + 4 балл
3. 6 балл
4. 8 балл
5. 10 балл

 

??? № 76

Эстроген әсерiнен эндометрийде болатын өзгерістер:
1. Секреция
2.  (+) Пролиферация
3. Десквамация
4. Гиперплазия
5. Атрофия

 

??? № 77

Менопауза – бұл:
1. 6 ай ішінде етеккірдің болмауы
2. Өздігінен келген соңғы етеккірге дейін менопаузальды симптомдардың пайда болуы
3.  (+) Аналық безінің инволюциясына байланысты 1 жыл ішінде етеккірдің болмауы
4. Менопаузадан кейін менопаузальды симптомдардың пайда болуы
5. 65-69 жастан кейін менопаузальды симптомдардың пайда болуы

 

??? № 78

Дүниежүзі бойынша ана өлімінің себебінің 1-ші орнында:
1. Жүктілікпен шақырылған гипертензия
2. Экстрагенитальды патология
3.  (+) Босанудан кейінгі қан кету
4. Босанудан кейінгі сепсис
5. Жатырдың жыртылуы

 

??? № 79

Эктопиялық жүктiлiктi диагностикалауда ең ақпаратты әдіс:
1. Кульдоцентез
2. Эндометрий биопсиясы
3.  (+) Лапароскопия
4. ХГ сериясын анықтау
5. Кiшi жамбас мүшелерiнiң УДЗ

 

??? № 80

Жаңа туылған балаға вакцинация егіледі
1 (+)  0-4 күннің ішінде, салмағы 1500гр кем болмаса
2 перзентханадан шыққан кезде салмағы 2700гр
3 салмағы 3000,0 гр
4 перзентханадан шығарда салмағы 2500,0 гр
5 0-4 күнде салмағы 2700,0 гр

 

??? № 81

Патологиялық аменорея түрi:
1. Лактациялық
2. Гестациялық
3.  (+) Аменорея – галакторея
4. Жыныстық жетiлуге дейiнгi
5. Менопаузальды.

 

??? № 82

Бала жолдасының жатырға бекінуің жиі кездесетін түрі:
1. Алдыңғы қабырғасында
2.  (+) Артқы қабырғасында
3. Төменгі сегментінде
4. Жатыр түбінде
5. Жатырдың бүйір бөліктерінде

 

??? № 83

Репродуктивті жастағы әйелде жатыр түтіктерінің ұзындығы:
1. 7-8 см
2. 9-10 см
3. (+) 10-12 см
4. 15-18 см


 

??? № 84

Пиелонефритте қолайлы босандыру әдістері:
1. Жоспарлы түрде кесар тілігін жасау
2. Жедел түрде кесар тілігін жасау
3.  (+) Табиғи босану жолдары арқылы
4. Вакуум салу арқылы табиғи босандыру жолдармен
5. Акушерлік қысқыш салу арқылы

 

??? № 85

Леопольд Левицкийдің неше пальпация тәсілі бар?
1) (+)  4
2) 5


 

??? № 86

Эндометрия рагына күдіктенгенде гистероскопияда анықталмайды:
1. патологиялық процестің болуы
2. процестің беткей бойына таралуы
3. (+)  инвазияның тереңдігі
4. нысаналы биопсия жүргізу
5. патологиялық процестің орналасуы

 

??? № 87

Босанғаннан кейiнгi ерте қан кету- бұл:
1. Алғашқы 2 сағатта
2. Алғашқы 4 сағатта
3. Алғашқы 8 сағатта
4. Алғашқы 16 сағатта
5.  (+) Алғашқы 24 сағатта

 

??? № 88

Михаэлис ромбының тік және көлденең ұзындығы:
1) 10х10см
2) (+)  11х11 см
3) 12х12 см


 

??? № 89

Жүктіліктің ерте мерзімінде қандай ауру нәрестенің туа біткен ақауларына әкеп соқтырады.
1 (+)  қызылша
2 туберкулез
3 жел шешегі
4 жұқпалы гепатит
5 трихомониаз

 

??? № 90

Әйелдің жүктілік мерзімі 38-39 апта. Іш шеңбері – 99 см, Жатыр денесінің биіктігі – 36см. Жорданиа бойынша нәрестенің болжам салмағын көрсетіңіз:
1) 3375,0 гр
2) 4000,0 гр
3)  (+) 3564, 0 гр


 

??? № 91

Жатыр мойынының қатерлі ісігінің 3 сатысында қандай ем қолданылады?
1.Кеңейтілген жатырдың экстирпациясы.
2.  (+) Қосарланған сәулелі ем.
3. комбинациялық ем
4. комплексті ем
5.ем қажет емес

 

??? № 92

Қынаптың кіреберісінің үлкен бездері орналасады:
1. кіші жыныс еріндерінің негізінде
2. үлкен жыныс еріндерінің ортаңғы бөлімінің қалыңдау жерінде
3. үлкен және кіші жыныс еріндерінің төменгі үштігіндегі сайда
4. (+) үлкен жыныс еріндерінің артқы бөлімінің қалыңдау жерінде
5. артқы спайкада

 

??? № 93

Суреттен жатыр түтiкшелерiнiң интерстициалды бөлiмiн көрсетіңіз:
 

 

 

 

 

1.  (+) А
2. В
3. С
4. Д
5. Г
 

 

 

??? № 94

Ірі нәрестемен босануда кездесетін жиі асқыну:
1. Ананың экстрагениталдық аурулары
2. Нәрестенiң туа бiткен даму ақаулары
3.  (+) Жатырдың шамадан тыс созылуы
4. Нәрестенiң жедел гипоксиясы
5. Тар жамбас.

 

??? № 95

АИВ/ЖИТС жұқпайды:
1. стерилденбеген көп рет қолданатын инені қолданғанда
2. ЖИТС ауыратын аурумен қорғалмаған жыныстық қатынас болса
3. (+) ЖИТС ауруды құшақтағанда және сүйгенде
4. қорғайтын қолғапсыз зиянды қалдықтармен жұмыс жасау
5. қалыптағы хирургиялық қолғаптармен операция жасағанда

 

??? № 96

Плацентаның жатуын анықтауда ең тиімді зерттеу әдісі:
1. Анамнез жинау
2. Сыртқы акушерлiк тексеру
3. Айнамен қарау
4. Қынаптық зерттеу
5.  (+) УДЗ

 

??? № 97

Менструальды циклдың 1-күнiнен басталып овуляциямен аяқталатын аналық безі циклының фазасы қалай аталады:
1. Лютеинді
2. Пролиферация
3.  (+) Фолликулярлы
4. Секреция
5. Десквамация

 

??? № 98

Дүние жүзi бойынша ана өлiмi себебінің бiрiншi орнында:
1. Жүктілікпен шақырылған гипертензия
2. Экстрагениталды патология
3.  (+) Қан кету
4. Босанудан кейінгі сепсис
5. Жатырдың жыртылуы

 

??? № 99

Етеккiр циклы мен етеккiрдiң орташа ұзақтығы қанша:
1. 21 күн және 1-2 күн
2. 25 күн және 3-4 күн
3.  (+)  28 күн және 3-7 күн
4. 30 күн және 8-9 күн
5. 32 күн және 10-11 күн

 

??? № 100

Дамып келе жатқан жүктiлiкте болмайды:
1. Жатырдыңөлшемiнiңүлкеюi
2. Жатырдың  жұмсаруы
3. Пальпацияға реакциялықөзгерiс
4.  (+) Жатырдың қатаюы
5. Жатыр формасыныңөзгеруі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     558      559      560      561     ..