Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 47

 

  Главная      Тесты     Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     45      46      47      48     ..

 

 

 

Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 47

 

 

 

??? № 1

Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен ерте сылынуына тән:
1. Нәрестенің созылмалы гипоксиясы
2. Нәресте зақым алмайды
3. Нәресте өсуінің кідіруі
4. Құрсақішілік пневмония
5.  (+)  Нәрестенің жедел гипоксиясы

 

??? № 2

Жүкті әйелдің босануға физиопсихопрофилактикалық дайындығының 1-ші сабағының мазмұны:
1 (+)  жыныс жүйесінің қысқаша құрылысы және қызметі
2 босану ізашарлары жайлы түсінік
3 босану кезеңі және ұзақтығы
4 нәресте туылуы және босанудан кейінгі алғашқы сағаттары
5 емшекпен емізудің принциптері

 

??? № 3

Эклампсияға тән:
- Гипотония, iсiктер
- Альбуминурия, iсiктер
- Лейкоцитурия, iсiктер
-  (+) Ұстамалар, кома
- Склераның сарғаюы, терiнiң қышуы.
 
 

 

??? № 4

«Орташа дәрежедегі анемия» деген диагноз жүкті әйелге қандай жағадайда қойылады:
1) 100 г\л төмен
2)  (+) 90 г\л төмен
3) 80 г\л төмен


 

??? № 5

Гестозды емдеу принциптеріне кіреді
1 емдеу-қорғаныш тәртібін құрау
2 гипотензивті терапия
3 диуретиктерді енгізу (салуретиктерден басқа)
4 жатыр-плацентарлы қан айналымды жақсарту
5 (+)  барлық аталған принциптер

 

??? № 6

Нәрестенiң жамбаспен жатуымен босанушы әйелдерде кездесетін асқынулар:
1. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы
2. Плацентаның жатуы
3. Көпсулық
4.  (+) Қағанақ суының мерзiмiнен бұрын кетуi
5. Мерзiмiнен бұрын босану.

 

??? № 7

Уақытысына жетiлiп туылған нәрестенiң дене салмағы:
1. 750
2. 1000
3. 1200
4. 2000
5.  (+) 2500 ден жоғары

 

??? № 8

Менструалды циклдың реттелуiне келесi құрылымдар қатысады:
1. Гипоталамус,гипофиз,сыртқы жыныс мүшелерi
2. Ми қыртысы,гипоталамус,iшкi жыныс мүшелерi
3. Гипоталамус,гипофиз,бүйрек үстi безi, жатыр
4.  (+) Ми қыртысы,гипоталамус,гипофиз,аналық безі,нысана мүшелерi мен тiндер
5. Ми қыртысы,аналық безі,сүт бездерi.

 

??? № 9

Жүктіліктің қай мерзімінен мезгілінен ерте босану болып саналады:
1. 20 апта
2.  (+) 22 апта
3. 28 апта


 

??? № 10

Консервативтi емге көрсеткіш:
1. Іш қуысына қан кетуде
2. Перитонитте
3. Тубоовариалды абцесстің перфорациясында
4.  (+) Пельвиоперитонитте
5. Жатыр перфорациясында

 

??? № 11

Қыздардың жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының жиі себебі:
1.  (+) Механикалық
2. Химиялық
3. Физикалық
4. Инфекционды
5. Термиялық

 

??? № 12

Мерзіміне жеткен жүктілікке тән емес:
1. Іш айналым өлшемі - 95-98 см
2. Жатыр түбі биіктігі - 34-36 см
3.  (+)  Жатыр түбі биіктігі - 28-30 см
4. Кіндік шығыңқы
5. Нәресте басы кіші жамбас кіреберісіне қондырылған

 

??? № 13

Жаңа туылған нәрестеде жүрек соғысы сирек, тыныс алуы жоқ, терi жабындысы көгерген, арефлексия, атониясы анықталады. Апгар шкаласы бойынша бағалаңыз:
1. 0 балл
2.  (+) 1 балл
3. 2 балл
4. 3 балл
5. 4 балл

 

??? № 14

Жүкті әйелдің Михаэлис ромбының өлшемі - 11х10 см, бұл өлшем тән:
1.  (+)  Қалыпты жамбасқа
2. Жалпы тарылған тар жамбасқа
3. Жалпы рахитикалық тар жамбас
4. Жай жалпақ тар жамбас
5. Көлденең тарылған тар жамбас

 

??? № 15

Әйел жыныс мүшесінің қай бөлігінде ұрықтану жүреді:
1. Қынапта
2.  (+) Жатыр түтікшелерінде
3. Жатыр қуысында
4. Цервикальді каналда
5. Қынапқа кіреберісте

 

??? № 16

Қайта босанушы жүкті әйелдің бетінде, аяғы мен қолдарында,құрсақтың алдыңғы қабырғасында ісінулер анықталды,АҚҚ 180/100 с.б.б., 180/110 с.б.б.. Зәрде белок- 4,5 г/тәу. Диагноз қойыңыз:
1. Гипертониялық ауру
2. Преэклампсияның дәрежесі
3. Гломерулонефрит
4.  (+)  Преэклампсияның ауыр дәрежесі
5. Созылмалы пиелонефриттің өршуі

 

??? № 17

Жүктiлiктiң нақты белгiсi:
1. Етеккiр тоқтауы
2. Жүктiлiкте оң биологиялық сынама
3.  (+)  Жатырда ұрықтың болуы
4. Сүт бездерiнiң үлкеюi
5. Жатырдың үлкеюi

 

??? № 18

Әйелдер кеңесі– бұл:
1. Науқастарға амбулаторлық көмек көрсету
2. Жүкті әйелдерге стационарлық көмек көрсету
3. Гинекологиялық науқастарға стационарлық көмек көрсету
4. Әйелдерге амбулаторлы көмек көрсету
5.  (+) Әйелдерге амбулаторлық акушерлік- гинекологиялық көмек көрсету мекемесі

 

??? № 19

Дүние жүзi бойынша ана өлiмi себебінің бiрiншi орнында:
1. Жүктілікпен шақырылған гипертензия
2. Экстрагениталды патология
3.  (+) Қан кету
4. Босанудан кейінгі сепсис
5. Жатырдың жыртылуы

 

??? № 20

Жатыр түбі биіктігіне байланысты жүктілік мерзімін бейнелейтін кесте қалай аталады:
1 партограмма
2 гистерограмма
3 (+)  гравидограмма
4 кардиотокограмма
5 электрокардиограмма

 

??? № 21

Суреттен периметрийдi көрсетіңіз:

 

 

 
1. 1
2. 2
3.  (+) 3


 

??? № 22

Жатырдың шырышасты миомасының негізгі клиникалық симптомы:
1. Жамбастағы созылмалы ауру сезімі
2. Альгодисменорея
3.  (+) Меноррагия
4. Екіншілік бедеулік
5. Жанаспалы қанды бөлінулер

 

??? № 23

Жүктілік кезінде гломерулонефриттің жиі асқынуы:
1.  (+) Жүктілерде гипертензияның дамуы
2. Жедел бүйрек жетіспеушілігі
3. Плацентаның жатуы
4. Мерзімінен бұрын босану
5. Мерзімінен кеш босану

 

??? № 24

«Қауіпсіз ана»бағдарламасы мен қанша ЕД окситоцин ерітіндісі енгізіледі?
1 15 ЕД
2 5 ЕД
3  (+) 10 ЕД
4 20 ЕД
5 7 ЕД

 

??? № 25

Кеш түсiктiң жиi себептерi:
1.  (+) Истмикалық-цервикалдық жетiспеушiлiк
2. Көпсулық
3. Экстрагениталдық патологиялар
4. Жатырдың даму ақаулары
5. Ерте токсикоз.

 

??? № 26

Жатыр мойнының патологиясын анықтауда қолданылады:
1. УДЗ
2.  (+) Кольпоскопия
3. Гистероскопия
4. Лапароскопия
5. кульдоскопия.

 

??? № 27

Бровкин әдісімен емдегенде магний сульфатын енгізеді
1 (+)  ауыруды басатын дәріден кейін
2 вена қан тамырына өте жай тамшылап
3 жіңішке қысқа инемен
4 терінің астына
5 Салқындатып

 

??? № 28

Босануға дейінгі декреттік демалыс қанша күнге беріледі:
1.60
2. (+) 70
3.80


 

??? № 29

Михаэлис ромбының тік және көлденең ұзындығы:
1) 10х10см
2) (+)  11х11 см
3) 12х12 см


 

??? № 30

Бимануалды тексеру кезінде жатыр қабынуының белгілері:
1. тығыз, ауру сезімді
2. (+)  жұмсақ, ауру сезімді
3. көлемінің ұлғаюы 10 аптаға дейін
4. көлемінің кішіреюі
5. артқа еңкейген

 

??? № 31

Эклампсияның салыстырмалы диагностикасы жүргiзiледi:
1.  (+) Эпилепсиямен
2. Истериямен
3. Гипертоникалық кризбен
4. Менингитпен
5. Паркинсон ауруымен.

 

??? № 32

Нәрестенiң физиологиялық сарғаюының себебi:
1. Нәрестенiң гемолитикалық ауруы
2. Резус-қайшылықты жүктiлiк
3. Туа пайда болған гепатит
4. Өт шығару жолдарының механикалық бiтелуi
5.  (+)  Бауырдың ферментативтi белсендiлiгiнiң жетiспеушiлiгi

 

??? № 33

Плацентаның ажырау белгілері болмағанда 30 мин ішінде қажет
1 (+)  плацентаны қолмен ажырату және бала жолдасын бөлу
2 бала жолдасын Креде – Лазаревич бойынша бөлу
3 бала жолдасын Абуладзе бойынша бөлу
4 жатырға сырттай массаж жасау
5 метилэргометринді тамыр ішіне енгізу

 

??? № 34

Гормоналды контрацепцияны көрсетің?
1 спираль
2 (+)  Диане-35
3 презервативтер
4 жыныс қатнасты тоқтату

 

??? № 35

Жатыр түтікшелері келесі қабаттардан тұрады:
1. Шырышты, шырыш асты, бұлшық еттік
2. Шырышты, майлы, бұлшық еттік
3.  (+) Шырышты, бұлшықетті, серозды
4. Эпителиальды, бұлшықетті, серозды
5. Эндометрий, миометрий, серозды

 

??? № 36

Жүктілікпен шақырылған гипертензияда жедел босандыруға көрсеткіш:
1. Аяқтарында айқын ісіну
2. Протеинурия 0,3г/тәу жоғары
3.  (+) Олигоурия
4. Артериалдық қан қысымының 140/100 мм.сп.бб. дейін көтерілуі


 

??? № 37

Патологиялық аменорея түрi:
1. Лактациялық
2. Гестациялық
3.  (+) Аменорея – галакторея
4. Жыныстық жетiлуге дейiнгi
5. Менопаузальды.

 

??? № 38

Гинеколог дәрігерге мерзімі 9-10 апталық жүктілігі бар әйел келді. Әйел инфекциялық ауруханадан қызылшаның ауыр дәрежесімен ауырып емделіп шықты. Дәрігердің тактикасы:
1 Жүктілікті жалғастыруға болады
2 Гормонотерапияны тағайындап диспансерлің бақылау керек
3 Витаминотерапия жүргізу керек
4 (+)  Жүктілікті үзу керек
5 Дене шынықтыратын шаралар жүргізу керек

 

??? № 39

Қандай контрацептив жыныс жолдарымен таралатын аурудан. сақтайды
1 люфеминал
2 депо провера
3 (+)  презерватив
4 фарматекс
5 тригулон

 

??? № 40

Бірінші рет босану кезінде жатыр мойнының құрылымының өзгеруі мынадан басталады:
1  (+) сыртқы ернеуінен
2 ішкі ернеуінен
3 жатыр мойнының қынаптық бөлігінен
4 жатырдың төменгі сегменті аймағынан
5 сыртқы және ішкі ернеуден бірдей

 

??? № 41

Босанудың III кезеңіндегі қан кету басталғанда ең бірінші
1  (+) бала жолдасын қолмен алу
2 жатырдың жиырылуын жақсартатын дәрі енгізу
3 босану жолдарын тексеру
4 бала жолдасының бөліну белгілерін анықтау
5 іштің төменгі жағына мұз қою

 

??? № 42

Жаңа туылған нәрестенiң физиологиялық салмақ жоғалтуы байқалады:
1. 1-шi күні
2.  (+)  2-3-шi күні
3. 5-6-шы күні
4. 7-8-шi күні
5. 1 ай

 

??? № 43

Босанудан кейiнгi кезеңде қалқанша безiнiң ауруларының негiзгi асқынуы:
1. Бездiң кемiстiгi
2.  (+) Қан кету
3. Жатырдың айналуы
4. Ірiңдi-септикалық асқыну
5. Артериальды гипертензия

 

??? № 44

Қайта жүкті әйел 33 жаста, жүктіліктің 30-31 аптасында қағанақ суы кеткен. Жүкті әйел қайда жатқызылу керек:
1. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығында.
2. Қалалық перзентханада.
3. Шұғыл гинекологиялық бөлімге
4. Облыстық перзентхана
5.  (+) Перинатальды орталыққа

 

??? № 45

Қалыпты орналасқан бала жолдасының мезгілсіз бөлінуінің. клиникалық белгісіне жатпайды
1 (+)  жүктілік аурулары
2 геморрагиялық шок
3 нәрестенің жүрек соғысының өзгеруі
4 жатыр формасының өзгеруі
5 жатырдың пішіні жұмыртқа тәрізді

 

??? № 46

Гиперменореяға тән:
1. Қалыпты етеккiр циклыны ұзақтығы мен сақталған қалыпты ритмде аздаған қанды бөлiнулер
2. Етеккiрдiң келу күнiнiң қысқаруы (бiрнеше сағаттан 2 күнге дейiн)
3. Етеккiр арасындағы интервалдардың қысқаруы (21 күннен аз)
4. Етеккiр арасындағы интервалдардың ұзаруы 35 күннен көп
5.  (+) Етеккiрдiң көп мөлшерде келуi.

 

??? № 47

Жүктiлiктiң I жартысындағы токсикоздың жеңiл дәрежесiнде құсу жиiлiгi
1. 1-2 рет
2.  (+)  3-5 рет
3. 6-10 рет
4. 10-15 рет
5. 15-20 рет

 

??? № 48

Перзентхананың барлық бөлімдерінде маска тағылады.
1 бас дәрігер айналып шығарда
2 әйелдермен кеңес өткізгенде
3  (+) эпидемия уақытында
4 жұмыс орнында
5 әрдайым

 

??? № 49

Босанудың I кезеңiнiң белсендi фазасында жатыр мойнының ашылуы (см/сағ):
1. 0,5 - 1,0
2.  (+)  1,1-1,5
3. 1,8-2,0
4. 2,1 - 2,5
5. 2,6-3,0

 

??? № 50

Суреттен миометрийдi көрсетіңіз:
 

 
1. 1
2.  (+) 2
3. 3

 
 
 
 

 

??? № 51

Эклампсияға тән негiзгi симптом:
1. АҚҚ 120/90 мм.сын.бағ. дейін жоғарылауы
2. Бас ауруы
3.  (+)  Ұстамалар
4. Протеинурия
5. Гипотония

 

??? № 52

Жүктілерде жасырын ісіну үшін тән
1 жүрек-қан тамыр жүйесі функциясының бұзылысы
2 бауыр функциясы бұзылысы
3 АҚ жоғарылауы
4  (+) дене салмағын патологиялық қосу
5 бүйректің шығару функциясының бұзылуы

 

??? № 53

Мерзімінде туылған нәрестенiң дене салмағы төмендегіден кем емес:
1. 500 г
2. 1000г
3. 1500г
4. 2000г
5.  (+) 2500-3000г

 

??? № 54

Коагулопатиялық қан ағудың жиi себептерi:
1. Плацентаның жатуы
2.  (+) Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы
3. Басталған мерзiмiнен бұрын босану
4. Босану жолдарының жыртылуы
5. Қынаптың варикозды кеңейген веналарының жарылуы

 

??? № 55

Аплазия дегенiміз:
1.  (+) Ағза бөлiктерінің жоқ болуы
2. Ағзаның жетілмеуі
3. Ағза бөліктерін алып тастау
4. Ағзаның үлкеюі
5. Ағзаныңболмауы

 

??? № 56

Жүктілік гипертензиясын дәлелдеу үшін артериалдық қан қысымын өлшеу жиілігі:
1. 1 сағат
2. 3 сағат
3.  (+) 30 минут
4. 9 сағат


 

??? № 57

Қағанақ суының қалыпты мөлшері:
1. 50-500
2.  (+) 500-1500мл
3. 1500-2000мл
4. 2000-2500мл
5. 2500-3000мл

 

??? № 58

Кіші жамбастың барлық тік ортаңғы өлшемдерін қосатын сызық аталады:
1 шынайы конъюгата
2 анатомиялық конъюгата
3 (+)  жамбастың өткізгіш осі
4 жамбастың бүгілу бұрышы
5 шығаберіс жазықтықтың тік өлшемі

 

??? № 59

Жүктіліктің 24 аптасында әйелдің эпигастрий аймағында ауру сезім байқалды. Әйелді тексергенде жүктіліктің 31-32 аптасы анықталды, АҚҚ 150\100 мм с.б. екі жағында, зәрі лай, балтырларында ісік байқалады. Диагноз:
1 Жүктіліктің 31-32 аптасы. Гестациялық гипертензия.
2 Жүктіліктің 31-32 аптасы. Преэклампсияның жеңіл дәрежесі
3 Жүктіліктің 31-32 аптасы. Пиелонефрит фонында болған артериалді гипертония
4  (+) Жүктіліктің 31-32 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі
5  Жүктіліктің 31-32 аптасы. Эклампсия.

 

??? № 60

Пиелонефритті емдеудің негізгі қағидалары:
1.  (+) Зәрдің шығуын жақсарту, микробты шығару, зәр шығару жолдарын өңдеу
2. Зәр келуінің төмендету, микробты шығару
3. Зәр келуін белсендендіру,микробты шығару
4. Қанның реологиялық құрамын жақсарту
5. Жатыр- плацентарлы қан жүйесінің жақсарту

 

??? № 61

Босанғаннан кейiнгi маститтiң ауыр түрi:
1. Лактостаз
2. Емiзiктiң жарылуы
3. Инфильтративтi
4. Серозды
5.  (+) Ірiңдi.

 

??? № 62

Жүктілерде созылмалы гломерулонефриттің қандай формасы жиі кездеседі:
1.  (+) Латентті
2. Гипертензионді
3. Нефротикалық
4. Аралас
5. Гипрекалиемиялық

 

??? № 63

Менструалды циклдың реттелуiнде керi байланыстың ұзын тiзбегiнде Гормондар арасындағы арақатынас сипатталады:
1. Гипофиздiң алдыңғы бєлiгi мен гипоталамуста
2. Гипофиздің артқы бєлiгi мен гипоталамуста
3.  (+) Аналық без,гипоталамус және гипофизде
4. Гипоталамус пен гипоталамус нейроциттерiнде
5. Аналықжәне қалқанша безде

 

??? № 64

Соңғы етеккірдің бірінші күні 10 қаңтар болғандағы,босану мерзімін анықтаңыз:
1 03.07
2 17.11
3 (+)  17.10
4 10.11
5 07.12

 

??? № 65

Етеккiр циклының орташа ұзақтығы:
1. 8 күн
2. 18 күн
3.  (+)  28 күн
4. 38 күн
5. 48 күн.

 

??? № 66

Нәрестенiң антенаталдық өлiм себебi:
1. Гипотониялық қан ағудың
2. Жатырдың даму ақауының
3. Плацентаның шынайы бiтiсiп өсуiнiң
4.  (+)  Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы
5. ТШҚҰ-синдромының.

 

??? № 67

Жатыр жыртылуы бойынша қауіп-қатер тобына кім жатады:
1 көпсулығымен асқынған жүкті әйел
2  (+) кесар тілігінен кейін тыртығы бар жүкті әйел
3 босану әрекетінің әлсіздігі болған босанушы
4 босану әрекетінің тым күштілігі болған босанушы
5 Жатыр мойынын хирургиялық коррекция жасаған босануша

 

??? № 68

Босану тарихы– бұл форма №:
1 №113/У
2 №002/У
3 (+)  №096/У
4 №111/У
5 №097/У

 

??? № 69

Бала туылатын залдың температурасы
1 (+)  20-21 °С
2 19 °С төмен болмау керек
3 26-28° С төмен болмау керек
4 29-30 °С төмен болмауы керек


 

??? № 70

Ішкі әйел жыныс мүшесі...
1 Қасаға
2 (+)  жатыр
3 Шүрті
4 үлкен жыныс ернеу
5 кіші жыныс ернеу

 

??? № 71

ЖІС:
1. АИВ-індеттелеген пациенке тиімді контрацепция тәсілі болып табылады
2.  (+)  АИВ-індеттелеген пациенке тиімсіз контрацепция тәсілі болып табылады
3. презерватив тәрізді нәтиже береді
4. АИВ-індеттелеген пациенке қысқа уақытты контрацепция нәтиже береді
5. АИВ-індеттелеген пациенке жалғыз контрацепция тәсілі болып табылады

 

??? № 72

Диагональдi конъюгата тең:
1.  (+) 12-13см
2. 31-32см
3. 28-29см
4. 25-26см
5. 19-11см

 

??? № 73

Жүктiлiк кезiндегi гипертензияға жатады:
1.  (+)  Систоликалық қысымның 140/90 мм с.б. дейiн және одан да жоғары тұрақты көтерiлуi
2. Диастоликалық артериялық қысымның бастапқыдан 10% жоғары көтерiлуi
3. Орташа артериялық қысым 100 мм с.б.-на тең
4. Систоликалық артериялық қысымның бастапқыдан 10% жоғары көтерiлуi
5. АҚ 110/80 мм с.б. дейiн бiр реттiк көтерiлуi

 

??? № 74

Преэклампсияның негізгі симптомдары:
1.  (+) Артериалдық гипертензия, протеинурия, ісіктер
2. Гипотония, олигоурия, гематурия
3. Ауру сезімі, жағынды тәрізді бөлінулер, дене қызуының жоғарылауы
4. Лейкоцитурия, бактериурия, глюкозурия
5. Лейкоцитоз, тромбоцитопения, нейтрофилез

 

??? № 75

Экстрагенитальды аурулардың қандай түрінде преэклампсия жиі дамиды:
1.  (+) Артериальды гипертензия
2. Семіру
3. Миопияның жоғары дәрежесі
4. Жүректің туа пайда болған ақаулары
5. Варикозды аурулар

 

??? № 76

Нағыз конъюгата тең:
1.  (+) 11см
2. 13см
3. 9см
4. 20см
5. 23см

 

??? № 77

Босанғаннан кейiнгi маститке әкелетін факторлар:
1. Ретсiз емiзу
2. Кесар тілігі арқылы босандыру
3.  (+) Патологиялық лактостаз, емшек ұштарының жарылуы
4. Босану әрекетiнiң әлсiздiгi
5. Преэклампсия

 

??? № 78

Плацентаның жатырға жабысуының жиi кездесетiн түрi:
1. Алдыңғы қабырғa
2.  (+) Артқы қабырғасымен
3. Төменгi сегмент
4. Жатыр түбi
5. Жатыр жаны

 

??? № 79

Жаңа туылған нәрестенiң тыныс алу жиiлiгi:
1. Минутына 18-25 рет
2. Минутына 16-20 рет
3.  (+) Минутына 40-60 рет
4. Минутына 20-30 рет
5. Минутына 80-100 рет

 

??? № 80

Әйелдiң репродуктивтi жүйесi қай жаста функционалдық белсендiлiкке жетедi.
1. 14-15 жас
2.  (+)  16-18 жас
3. 19-20 жас
4. 21-22 жас
5. 22-23 жас.

 

??? № 81

Эклампсияның негізгі белгілері:
1 АҚҚ көтерілуі
2 Ісіктер
3 АҚҚ көтерілуі , ісік
4 Протеинурия
5  (+) АҚҚ көтерілуі ,протеинурия

 

??? № 82

Леопольд Левицкийдің неше пальпация тәсілі бар?
1) (+)  4
2) 5


 

??? № 83

Жүктіліктің физиологиялық ағымында терапевттің қарауы жүктіліктің қай мерзіміне сәйкес:
1. 12 апта және 20 аптада
2. 12 апта және 30 аптада
3. Алғаш келуі және 36 апта
4. 16 апта және 32 аптада
5.  (+) Алғаш келуі және 30 апта

 

??? № 84

Нәрестенiң дұрыс емес орналасуы кiмдерде жиi кездеседi:
1. Тұңғыш босанушыларда
2.  (+)  Көп босанушыларда
3. Жас тұңғыш босанушыларда
4. Үлкен жастағы алғаш босанушыларда
5. Тар жамбаста

 

??? № 85

БЦЖ вакцинасы қолданылуы мүмкін
1) 1 тәулік ішінде
2) (+)  3 сағаттың ішінде
3) 6 сағаттың ішінде


 

??? № 86

Суретте босану биомеханизмiнiң келесi сәтi көрсетiлген
1. Бiрiншi
2. Екiншi
3. Үшiншi
4.  (+) Төртiншi
5. Бесiншi
 

 

 

 

 

??? № 87

Жедел жәрдем машинасында босанған әйелді жатқызады
1 физиологиялық босану бөліміне
2  (+) физиологиялық босанудан кейінгі бөлімге
3 перзентхананың обсервациялық бөліміне
4 жұқпалы аурулар ауруханасына
5 патология бөліміне

 

??? № 88

Қынаптың кіреберісінің үлкен бездері орналасады:
1. кіші жыныс еріндерінің негізінде
2. үлкен жыныс еріндерінің ортаңғы бөлімінің қалыңдау жерінде
3. үлкен және кіші жыныс еріндерінің төменгі үштігіндегі сайда
4. (+) үлкен жыныс еріндерінің артқы бөлімінің қалыңдау жерінде
5. артқы спайкада

 

??? № 89

Жатыр денесі қандай қабаттардан тұрады:
1. Эндометрий, серозды, шырышты
2. Эндосальпинкс, миосальпинкс, перисальпинкс
3. Эндоцервикс, миоцервикс, перицервикс
4. Шырышты, шырышасты, бұлщықетті
5. Эндометрий, миометрий, периметрий   (+)

 

??? № 90

Әйелдер кеңесінің қабылдауында алғаш жүкті әйел, 25 жаста, жүктіліктің 28 аптасы, преэклампсияның ауыр дәрежесі диагнозы қойылды. Жедел көмек неден басталады:
1. Магний сульфатын бұлшық етке енгізуден
2.  (+) Магний сульфатының бастапқы дозасын көк тамырға енгізуден
3. Ганглиоблокаторларды енгізуден
4. Нейролептиктерді көк тамырға енгізуден
5. Диуретиктерді енгізуден
 



 

??? № 91

(Перзентханада) Акушерлік емханада медицина қызметкерлеріндегі "алтын" стафилакокті анықтау үшін бактериологиялық зерттеу өткізіледі
1 айына 1 рет
2 3 айда 1 рет
3 (+)  6 айда 1 рет
4 1 жылда 1 рет


 

??? № 92

Босанудың  I кезеңі аяқталады:
1. Ізашарлардың болуымын
2. Прелиминарлы кезеңмен
3.  (+) Жатыр мойнының толық ашылуымен
4. Нәрестенің шығуымен
5. Плацентаның бөлінуімен

 

??? № 93

Жүктi әйелдерде қалқанша безiнiң аурулары кезiнде болатын қауiпті асқыну:
1.  (+) Нәрестенің өлi туылу
2. Ерте  өлiм
3. Кеш  өлiм
4. Интранатальды өлiм
5. Көп нәрестелi

 

??? № 94

Жүктілік мерзімін қандай негіздерге байланысты есептейміз? Дұрыс жауапты тандаңыз:
1 (+) соңғы етеккір уақыты бойынша, нәрестенің бірінші қимылдауы, әйелдер консультациясына бірінші келуі бойынша, объективті көрсеткіштер , УДЗ бойынша
2 соңғы етеккір уақыты бойынша, овуляция бойынша, іш айналымы бойынша, нәрестенің бірінші қимылдауы бойынша
3 соңғы етеккір уақыты бойынша, овуляция бойынша, іш айналымы бойынша, жатыр түбі биіктігі бойынша
4 нәрестенің жатырда орналасуы бойынша, жүрек соғуы,УДЗ бойынша.
5 соңғы етеккір уақыты бойынша, овуляция бойынша, жүрек соғуы бойынша.

 

??? № 95

Босанудың басталуы -бұл:
1. Ретсіз толғақтардың басталуы
2.  (+)  Реттi толғақтардың басталуы
3. Қағанақ суының кетуi
4. Күшенудiң болуы
5. Нәресте басының жарып шығуы

 

??? № 96

Бала жолдасының толық немесе толық емес жатуын диагностикалаудағы ең тиімді әдіс:
1.  (+) УДЗ
2. Сыртқы қан кету көлемiмен
3. Ауру синдромының анық дәрежесiмен
4. Анемия көрiнiсiнiң анық дәрежесiмен
5. Нәресте жағдайын бағалау

 

??? № 97

Түсiк тастау жүктiлiктiң қай мерзіміне сәйкес келеді:
1.  (+) 21аптаға дейiн
2. 22-27 апта
3. 28-36 апта
4. 37-41 апта
5. 42-43 апта

 

??? № 98

Нәрестенің ақауларын антенаталдық анықтау үшін бірінші УДЗ қашан жүргізу қажет (ДДҰ нұсқауы):
1 жүктіліктің мерзімене қарау маңызды емес
2 6 аптадан кейін
3 10-11 апта аралығында
4 2-13 аптадан кейін
5  (+) 14 аптадан кейін

 

??? № 99

Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуының клиникасына тән:
1.  (+) Науқас жағдайының ауырлығы мен сыртқы қан ағудың сәйкес келмеуi
2. Науқас жағдайының ауырлығы мен сыртқы қан ағудың сәйкес келуi
3. Тыныштық жағдайда жыныс жолдарынан қан кету
4. Жиi жағынды түрiндегi жыныс жолдарынан қан кету
5. Түнгі уақытта жыныс жолдарынан қан кету

 

??? № 100

Плацентаның жатуын диагностикалайтын зерттеу әдісі:
1. Амниоскопия
2. Кольпоскопия
3. Хорионбиопсия
4. Кардиотокограмма
5.  (+) Ультрадыбыстық зерттеу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     45      46      47      48     ..