Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 20

 

  Главная      Тесты     Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     18      19      20      21     ..

 

 

 

Гинекология, акушерлік. Жауаптарымен тест (2020 ж.) - 20

 

 

 

??? № 1

Жүктiлiктiң күмәнсiз белгiлерiне тән:
1. Көңiл-күйдiң өзгеруi
2. Иiс сезуiнiң өзгеруi
3. Нәрестенің жүрек соғысын тындау
4.  (+) Горвица-Гегар белгiсi
5. Диспепсиялық бұзылыс

 

??? № 2

Гиперандрогения – бұл гормон деңгейінің жоғарылауы:
1.  (+) Тестостерон
2. ФСГ
3. ЛГ
4. Пролактин
5. Прогестерон

 

??? № 3

ТШҚҰ – синдромы дамиды:
1. Плацентаның төмен орналасуында
2.  (+)  Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын сылынуында
3. Созылмалы плацентарлық жетіспеушілікте
4. Плацентаның шынайы сіресіп орналасуы
5. Дискоординацияланған босану ырғағында

 

??? № 4

Босанудың I кезеңiнде жыныс жолдарынан қан кетудiң жиi себептерi:
1.  (+) Жатыр мойнының жыртылуы
2. Босану дискоординациясы
3. Босану әрекетінің әлсiреуi
4. Қынаптың жыртылуы
5. Аралықтың жыртылуы

 

??? № 5

Жатыр мойнында бұлшық ет талшықтарының орналасуы
1. қиғаш
2. (+) циркулярлы
3. қиғаш-тікелей
4. тікелей
5. көлденең

 

??? № 6

Жүктілерде жасырын ісіну үшін тән
1 жүрек-қан тамыр жүйесі функциясының бұзылысы
2 бауыр функциясы бұзылысы
3 АҚ жоғарылауы
4 (+)  дене салмағын патологиялық қосу
5 бүйректің шығару функциясының бұзылуы

 

??? № 7

Жатыр денесінде бұлшық ет талшықтарының орналасуы:
1. қиғаш
2. циркулярлы
3. қиғаш-тікелей
4. (+) тікелей
5. көлденең

 

??? № 8

Бала жолдасының төмен орналысуының клиникалық белгісі
1 іштің төменгі жағының ауыруы
2 нәрестенің жүрек соғысының нашарлауы
3 жатыр пішінің өзгеруі
4 (+)  әртүрлі қарқынмен қан кету
5 жатыр суының кетуі

 

??? № 9

Уақытысына жетiлiп туылған нәрестенiң дене салмағы:
1. 750
2. 1000
3. 1200
4. 2000
5.  (+) 2500 ден жоғары

 

??? № 10

Босанғаннан кейінгі 4-8-шi күндегi лохия сипаты:
1. Қанды
2.  (+) Серозды-аздаған қанды
3. Серозды
4. Ірiңдi
5. Сулы.

 

??? № 11

Жүктілік пен босану мерзімі анықталмайды
1 соңғы етеккір бойынша
2 нәрестенің алғашқы қимылы бойынша
3 ерте тіркеуге тұру мерзімімен
4 ультра дыбыстық зерттеу арқылы
5 (+)  нәресте өлшемдерімен

 

??? № 12

Жүктiлiк кезiнде қант диабетiнiң негiзгi асқынуларына жатады:
1. Гипотония
2. Анемия
3.  (+) Жүктiлер гипертензиясының ауыр формасы
4. Нәрестенің құрсақішілік дамуының кідіруі
5. Азсулық

 

??? № 13

Плацентаның төмен орналасуында жыныс жолдарынан қан кетудің себебі:
1.  (+) Плацентаның сылынуы
2. Төмен орналасқан плацентаның бүрлерiнiң склероздануы
3. Хорион бүрлерiнiң дистрофиялық өзгерiстерi
4. Плацентаның жоғарғы бөлiгiнде фибриноидтты затттардың көп жиналуы
5. Гиперандрогения

 

??? № 14

Жүктiлiктiң ерте токсикозы қай мерзiмде басталады?
1.  (+) 12 аптаға дейiн
2. 16аптаға дейiн
3. 22 аптаға дейiн
4. 34 аптаға дейiн
5. 40 аптаға дейiн

 

??? № 15

Овуляция – бұл:
1. Фоликуланың жетiлуi
2. Жұмыртқа жасушасының керi дамуы
3.  (+) Жетiлген фолликуланың жарылуы және аналық жыныс жасушасының шығуы
4. Сары дененің түзiлуi
5. Сары дененiң жарылуы

 

??? № 16

Жаңа туылған нәрестенiң салмағы 3000,0, 5-күннен кейiн оның салмағы 2500,0-ге азайды. Салмақ жоғалуды бағалаңыз:
1. Физиологиялық
2.  (+) Патологиялық
3. Шекаралық
4. Өте көп
5. Шамадан көп

 

??? № 17

Амниоскопияға көрсеткiш:
1. Нәрестенiң даму ақауы
2. Бала жолдасының бекiнуiнiң ауытқуы
3. Көп нәрестелi жүктiлiк
4. Ірi нәресте
5.  (+) Ана мен нәресте қанының изосерологиялық сәйкессiздiгi

 

??? № 18

Менстраульды циклға сәйкес гонадотропты гормондарының бөліну сипаттамасы қай жаста толығымен тұрақталады:
1.  (+) 16-17 жаста
2. 14-15 жаста
3. 12-13 жаста


 

??? № 19

Мерзімінде туылған нәрестенiң дене салмағы төмендегіден кем емес:
1. 500 г
2. 1000г
3. 1500г
4. 2000г
5.  (+) 2500-3000г

 

??? № 20

Бастың орта қиғаш өлшемі өлшенеді:
1 мұрын үсті шұңқырынан шүйде қырына дейін
2 үлкен еңбектен
3  (+) маңдайдың шашты бөлімінен шүйде асты шұңқырына дейін
4 үлкен еңбектің алдыңғы бұрышынан шүйде асты шұңқырына дейін
5 үлкен еңбек пен кіші еңбек аралығы.

 

??? № 21

Алғаш босанушы әйелдің II кезеңінің орташа ұзақтығы:
1. 1-3 сағ
2.  (+) 1-2 сағ
3. 3-4 сағ
4. 6-7 сағ
5. 10-11 сағ

 

??? № 22

Гинеколог дәрігерге мерзімі 9-10 апталық жүктілігі бар әйел келді. Әйел инфекциялық ауруханадан қызылшаның ауыр дәрежесімен ауырып емделіп шықты. Дәрігердің тактикасы:
1 Жүктілікті жалғастыруға болады
2 Гормонотерапияны тағайындап диспансерлің бақылау керек
3 Витаминотерапия жүргізу керек
4 (+)  Жүктілікті үзу керек
5 Дене шынықтыратын шаралар жүргізу керек

 

??? № 23

Жүктiлiктiң бiрiншi триместрi қандай кезең болып аталады:
1.  (+) Органогенез және плацентация
2. Эмбрионды
3. Нәрестелiк
4. Бластоцисттер
5. Эмбрионалды

 

??? № 24

Сперматозоидтардың өмiр сүру ұзақтығы:
1. 14 сағат
2. 20 сағат
3. 24 сағат
4.  (+) 48 сағат
5. 72 сағат

 

??? № 25

Босанудан кейінгі кезең қанша күнге созылады :
1) 7
2) (+)  42

 

??? № 26

Гипофиздiң алдыңғы бөлiгiнiң гонадотропты гормондарына жатады:
1.  (+) ФСГ, ЛГ, пролактин
2. ЛГ, пролактин, окситоцин
3. Пролактин, ФСГ, окситоцин
4. ФСГ, ЛГ, прогестерон, ингибин
5. ФСГ, ЛГ, пролактин, релаксин

 

??? № 27

Аналық жыныс жасушасының өмiр сүру ұзақтығы:
1. 14 сағат
2. 20 сағат
3.  (+) 24 сағат
4. 48 сағат
5. 72 сағат

 

??? № 28

Қыздардағы қабыну үрдісінің ең жиі орналасуы:
1.  (+) Сыртқы жыныс мүшелері
2. Қынап
3. Жатыр
4. Аналық бездері
5. Жатыр түтіктер

 

??? № 29

Босануды қоздыруға қарсы көрсеткiш:
1. Преэклампсия
2. Көпсулық
3.  (+) Нәрестенiң көлденең жатуы
4. Азсулық
5. Мерзiмiнен асқан жүктiлiк.

 

??? № 30

Базалды температураны өлшеп нені анықтаймыз?
1 (+)  овуляцияның болғанын
2 нәрестенің дене қызуының
3 әйелдің дене қызуының
4 әйелдің босанғанын
5 нәрестенің жүрек соғысын

 

??? № 31

Бровкин әдісімен емдегенде магний сульфатын енгізеді
1 (+)  ауыруды басатын дәріден кейін
2 вена қан тамырына өте жай тамшылап
3 жіңішке қысқа инемен
4 терінің астына
5 Салқындатып

 

??? № 32

Коагулопатиялық қан ағудың жиi себептерi:
1. Плацентаның жатуы
2.  (+) Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуы
3. Басталған мерзiмiнен бұрын босану
4. Босану жолдарының жыртылуы
5. Қынаптың варикозды кеңейген веналарының жарылуы

 

??? № 33

Әйелге оптимальды контрацепция таңдаңыз 28 жаста, тұрмыста, 3 баласы бар, 2-3 жылда жүктілік жоспарламайды, аяқтарының тромбофлебиті бар:
1 комбинирленген оральды контрацептивтер;
2 таза прогестинді контрацептивтер;
3 (+)  жатыр ішілік контрацепция;
4 хирургиялық стерилизация;
5 химиялық контрацепция.

 

??? № 34

ЖІС қолдануының абсолютті қарсы көрсетілімі :
1 (+)  кіші жамбас қуысы ағзаларының қатерлі жаңа өсінділері
2 жыныс жүйесінің даму ақауы
3 инфантилизм
4 жатыр мойны эрозиясы
5 жатыр миомасы

 

??? № 35

Бірінші рет босану кезінде жатыр мойнының құрылымының өзгеруі мынадан басталады:
1  (+) сыртқы ернеуінен
2 ішкі ернеуінен
3 жатыр мойнының қынаптық бөлігінен
4 жатырдың төменгі сегменті аймағынан
5 сыртқы және ішкі ернеуден бірдей

 

??? № 36

Преэклампсияның негізгі симптомдары:
1.  (+) Артериалдық гипертензия, протеинурия, ісіктер
2. Гипотония, олигоурия, гематурия
3. Ауру сезімі, жағынды тәрізді бөлінулер, дене қызуының жоғарылауы
4. Лейкоцитурия, бактериурия, глюкозурия
5. Лейкоцитоз, тромбоцитопения, нейтрофилез

 

??? № 37

Жүктiлiк ағымын бақылауға арналған медициналық құжат:
1. Нақтыланған диагноздың статистикалық талоны
2. Стационардан шығару картасы
3.  (+) Жүктi әйелдiң жеке картасы
4. Ауруханаға орналастыру журналы
5. Әйелдер кеңесіне алғаш келуiн тiркейтін журнал

 

??? № 38

Әйелдерде профилактикалық қараудың негізгі мақсаты:
1. Жыныс ағзаларындағы ақауды анықтау
2. Етеккір циклінің бұзылысын ерте анықтау
3.  (+)  Жатыр мойының рагын ерте анықтау
4. Жыныс мүшелерінің созылмалы ауруларын ерте анықтау
5. Жүктілікті анықтау

 

??? № 39

Босанғаннан кейiнгi кеш қан кету – бұл:
1. 2 сағаттан кейiн
2. 4 сағаттан кейiн
3. 8 сағаттан кейiн
4. 16 сағаттан кейiн
5.  (+) 24 сағаттан кейiн

 

??? № 40

Пуберттаты кезеңде қасағаның түктенуі қалай аталады:
1. менархе
2.  (+) Пубархе
3. Телархе
4. Дактостаз
5. Мастит

 

??? № 41

Жүктiлiктiң II жартысында патологиялық дене салмағын қосқан кезде күдiктену қажет:
1. Ірi нәресте
2.  (+) Преэклампсия
3. Көпсулық
4. Көп нәресте
5. Семiздiк

 

??? № 42

Жүктiлiктiң 2-шi триместрiнде үзiлуінің жиі себебі:
1. Хромосомдық ақаулар
2. Жыныс мүшелерiнiң даму ақаулары
3. Гормондық бұзылыстар
4.  (+) Инфекция
5. Экстрагениталдық патологиялар.

 

??? № 43

Босанудың II кезеңiнде нәрестенiң жүрек соғысын тыңдау керек:
1.  (+) Әр күшенуден кейін немесе 5 минут сайын
2. 15 минут сайын
3. 25 минут сайын
4. 35 минут сайын
5. 45 минут сайын

 

??? № 44

Жүкті әйел, 6-7 апталық жүктілік мерзімінде жүрек айнуына, тәулігіне 10-12 рет құсуға, жалпы әлсіздікке, 2кг салмақ жоғалтуына шағымданады. Тері жамылғылары бозғылт, пульсі 90 рет минутына, артериалдық қан қысымы 90/60 мм.сн.бб. Болжам диагноз:
1. Жедел гастрит
2. Жедел холецистит
3. Ерте токсикоз, жеңіл дәрежелі, жүктілік құсуы
4.  (+) Ерте токсикоз, орташа дәрежелі, жүктілік құсуы
5. Ерте токсикоз, ауыр дәрежелі, жүктілік құсуы

 

??? № 45

Босанудың клиникалық ағымының бірінші кеезеңін анықтаңыз?
1 (+)  Жатыр мойнының ашылуы
2 Ұрықтың босану жолдарынан өтіп,туылуы
3 Плацентаның жатыр қабырғасынан бөлінуі
4 нәресте мүшесінің жатуы және оған қатынасы
5 жатыр жұмсаруы, мойын аймағында

 

??? № 46

Жаңа туылған нәрестенiң тыныс алу жиiлiгi:
1. Минутына 18-25 рет
2. Минутына 16-20 рет
3.  (+) Минутына 40-60 рет
4. Минутына 20-30 рет
5. Минутына 80-100 рет

 

??? № 47

Эндометритке тән:
1. Аралық аймағындағы ауру сезiмi, қызба жоғарылауы
2.  (+) Іштiң төменгi бөлiгiндегi ауру сезiмi, iрiңдi ақкiр, дене қызуының жоғарылауы
3. Оң жақ мықын аймағындағы ауру сезiмi, диарея
4. Ауру сезiмi, ақкiр, қышу сезiмi
5. Қалтырау, жиi зәр шығару.

 

??? № 48

Уақытысына жетiлiп туылған нәрестенiң дене салмағы:
1. 750
2. 1000
3. 1200
4. 2000
5.  (+) 2500 ден жоғары

 

??? № 49

Тар жамбаспен босану кезiндегі асқынуларға жатады:
1.  (+) Қағанақ суының мерзiмiнен бұрын кетуi
2. Нәрестенiң жедел гипоксиясы
3. Қарқынды босану
4. Шапшаң босану
5. Нәресте қолының түсiп кетуi

 

??? № 50

Мерзiмiнен өткен жүктiлiктiң белгiсi:
1. Уыздың пайда болуы
2. Жыныс жолдарынан шырыштың бөлiнуi
3.  (+)  Іш айналымы 100 см және одан да көп
4. Нәресте басының кiшi жамбас кiреберiсiне қондырылуы
5. Сүт безiнен уыз денешiктерiнiң бөлiнуiнiң жоғарылауы

 

??? № 51

Әйелдер кеңесiнде жүктiлiк мерзiмi қалай есептеледі:
1.  (+) Соңғы етеккiр күнi,ұрықтың бiрiншi қозғалуы,әйелдер кеңесiне бiрiншi келген кезiнен,объективтiк көрсеткiш бойынша және УДЗ көрсеткіштері
2. Соңғы етеккiр,овуляция,iш шеңберi ,ұрықтың бiрiншi қозғалуы
3. Соңғы етеккiр күнi,овуляция,iш шеңберi,жатырдың түбiнiң тұруы деңгейi,iш шеңберi
4. Ұрықтың жатырда орналасуы,жүрек соғысы бойынша УДЗ
5. Соңғы етеккiр күнi,овуляция,ұрықтың жүрек соғуы бойынша

 

??? № 52

Анемия кезiнде босанудан кейiнгi кезеңінiң негiзгi асқынуы:
1.  (+) Ірiңдi -септикалық аурулар
2. Гипертензия
3. Гипотензия
4. Олигоурия
5. Анурия

 

??? № 53

Жүктілік кезінде ағзаның оттегіге қажеттілігі:
1.  (+) Жоғарылайды және босану алдында 15-30% көтеріледі
2. Жоғарылайды және босану алдында 20-30% көтеріледі
3. Жоғарылайды және босану алдында 30-40% көтеріледі


 

??? № 54

«Қауіпсіз ана»бағдарламасы мен 10 ЕД окситоцин ерітіндісі қашан енгізіледі?
1 (+)  босанғаннан кейін
2 толғақ басталғанда
3 басы көрінгенде
4 бала жолдасы туылғаеда
5 дурыс жауабы жоқ

 

??? № 55

Босанудан кейiнгi кезеңде қалқанша безiнiң ауруларының негiзгi асқынуы:
1. Бездiң кемiстiгi
2.  (+) Қан кету
3. Жатырдың айналуы
4. Ірiңдi-септикалық асқыну
5. Артериальды гипертензия

 

??? № 56

Қайта жүкті әйел 33 жаста, жүктіліктің 30-31 аптасында қағанақ суы кеткен. Жүкті әйел қайда жатқызылу керек:
1. Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығында.
2. Қалалық перзентханада.
3. Шұғыл гинекологиялық бөлімге
4. Облыстық перзентхана
5.  (+) Перинатальды орталыққа

 

??? № 57

Ана мен ұрықтың байланыстыратын негізгі буын
1 кіндік бау
2 жатыр
3 аналық без
4 (+)  плацента
5 қағанақ су

 

??? № 58

Суреттен жатыр түтiкшелерiнiң интерстициалды бөлiмiн көрсетіңіз:
 

 

 

 

 

1.  (+) А
2. В
3. С
4. Д
5. Г
 

 

 

??? № 59

Шап аралығы жыртылуының І дәрежесінде аталған асқынулардың ішінде зақымдалмайды
1 қынап қабырғасының үштен бір бөлігі
2 артқы спайка
3 шап аралықтың терісі
4 жамбас түбі бұлшықетінің сыртқы қабаты
5  (+) жатыр мойны

 

??? № 60

Эклампсияға тән негiзгi симптом:
1. АҚҚ 120/90 мм.сын.бағ. дейін жоғарылауы
2. Бас ауруы
3.  (+)  Ұстамалар
4. Протеинурия
5. Гипотония

 

??? № 61

Плацентаның төмен орналасуына тән:
1. Артериалдық гипотония
2. Артериалдық гипертензия
3. Анемия
4.  (+) Жыныс жолынан кезектi түрде қанды бөлiндiлердiң бөлiнуi
5. Жүктiлердiң iсiнуi

 

??? № 62

Менструалды циклдың реттелуiнде қанша деңгей бар:
1. Бір
2. Үш
3. Төрт
4.  (+) Бес
5. Алты

 

??? № 63

Аспапты зерттеу әдiстерiне жатады:
1. Тазалық дәрежесiне жағынды алу
2.  (+) Жатырды зондтау
3. Биопсия
4. Сыртқы жыныс мүшелерiн қарап тексеру
5. Бимануалдық-қынаптық зерттеу.

 

??? № 64

Преэклампсияның ең қауіпті симптомдарына кіреді
1 альбуминурия 1 г/л
2 айқын дене салмағын қосу
3  (+) эпигастрий аймағында ауырсыну
4 жүрек айну, құсу
5 Тежелу

 

??? № 65

Жүктiлiктiң күмәнсіз белгiлерiнiң бiрi:
1.  (+) Жатырдың үлкейуі
2. Ұрықтың қимылы
3. Ұрықтың мүшелерін пальпациялау
4. Тәбеттің төмендеуі
5. Етеккірдің тоқтауы

 

??? № 66

25 жастағы алғаш жүкті әйелге әйелдер кеңесі дәрігерінің қабылдауында мынандай диагноз қойылды: Жүктіліктің 28 аптасы. Преэклампсияның ауыр дәрежесі. Дәрігерге дейінгі көмек неден басталады:
1. Магний сульфатын бұлшықетке еңгізу
2.  (+) Стартты дозалы магний сульфатын көктамырға енгізу
3. Ганглиоблокаторларды енгізу
4. Нейролептиктерді көктамырға енгізу
5. Диуретиктерді енгізу

 

??? № 67

Бастың кіші қиғаш өлшемі келесіге тең:
1 30 см
2 (+)  32 см
3 40 см


 

??? № 68

Бiрiнiшiлiк аменорея - бұл етеккiрдiң мына жастан бастап болмауы.
1.  (+) 16 жастан
2. 17 жастан
3. 20 жастан және одан үлкен жастан
4. 22 жастан және одан үлкен жастан
5. 26 жастан және одан үлкен жастан.

 

??? № 69

Агнезия дегенiмiз:
1. Ағзаның жетілмеуі
2.  (+) Ағзаның жоқ болуы
3. Ағза бөлiктерiн алып тастау
4. Ағзаның төмен түсуi
5. Ағзаны алмастыру

 

??? № 70

Параметритті анықтаудың негізгі әдісі:
1. қынаптың артқы күмбезінің пункциясы
2. бактериоскопия
3. ультрадыбыстық зерттеу
4. (+)  бимануалды тексеру
5. МСГ

 

??? № 71

Түсiк тастау жүктiлiктiң қай мерзіміне сәйкес келеді:
1.  (+) 21аптаға дейiн
2. 22-27 апта
3. 28-36 апта
4. 37-41 апта
5. 42-43 апта

 

??? № 72

Преэклапсияның ауыр дәрежесiне тән:
1. Ісiк
2. Ісiк, гипертензия
3. Гипертензия
4.  (+) Гипертензия, протеинурия, бас ауыру
5. Бас ауру

 

??? № 73

Бартолин бездерінің шығару өзегі ашылады:
1. кіші жыныс еріндері негізінде
2. үлкен және кіші жыныс еріндерінің төменгі үштігі мен қыздық перде арасындағы сайда
3. (+)  үлкен және кіші жыныс еріндерінің төменгі үштігіне
4. үлкен жыныс еріндерінің артқы бөлімінің қалыңдау жерінде
5. көрсетілгендердің ешқайсысы емес

 

??? № 74

Ішкі және сыртқы жыныс мүшелерінің шекарасы болып табылады:
1. жатырдың сыртқы ернеуі
2. жатырдың ішкі ернеуі
3. (+) қыздық перде (қынапқа кіреберіс)
4. кіші жыныс еріндері
5. ешқайсысы емес

 

??? № 75

Плацентация басталады:
1.  (+)  Жүктiлiктiң 3- аптасынан
2. Жүктiлiктiң 10 аптасынан
3. Жүктiлiктiң 16 аптасынан
4. Жүктiлiктiң 20 аптасынан
5. Жүктiлiктiң 30 аптасынан

 

??? № 76

Қалыпты орналасқан плацентаның мерзiмiнен бұрын сылынуының негiзгi симптомы:
1. Жүктiлiк кезiнде жыныс жолдарынан қанды бөлінділіердің болуы
2. Жоғарлаған анемия
3.  (+) Жатырдың жергiлiктi ауру сезiмi
4. "Жастық" симптомы
5. Нәрестенiң жүрек соғысы 136 рет.мин

 

??? № 77

Жедел жәрдем машинасында босанған әйелді жатқызады
1 физиологиялық босану бөліміне
2  (+) физиологиялық босанудан кейінгі бөлімге
3 перзентхананың обсервациялық бөліміне
4 жұқпалы аурулар ауруханасына
5 патология бөліміне

 

??? № 78

Жатыр мойынының қатерлі ісігінің 3 сатысында қандай ем қолданылады?
1.Кеңейтілген жатырдың экстирпациясы.
2.  (+) Қосарланған сәулелі ем.
3. комбинациялық ем
4. комплексті ем
5.ем қажет емес

 

??? № 79

Гениталийдің туберкулезді инфекциясының жиі орналасатын жері:
1. жатыр
2. қынап
3. сыртқы жыныс мүшелері
4. жатыр мойны
5. (+)  жатыр түтіктері

 

??? № 80

Дені сау жүкті әйелдң қынабын әйелдер консультациясында тексеруден өткізу
1 әйелдер консультациясына көрінген сайын
2 әрбір үш айда
3 (+)  есепке алынған кезде
4 өзгеріс динамикасын бағалау үш айда бір рет
5 соңғы триместрде

 

??? № 81

Репродуктивті жастағы әйелде жатыр түтіктерінің ұзындығы:
1. 7-8 см
2. 9-10 см
3. (+) 10-12 см
4. 15-18 см


 

??? № 82

Плацентаның жартылай тығыз бекуiнде дәрігер тактикасы:
1. Бiрмезетте көктамырға окситоцин енгiзу
2. Көктамырға тамшылатып метилэргометрин енгiзу
3. Бұлшықетке питуитрин енгiзу
4.  (+)  Бала жолдасын қолмен бөлу және оны шығару
5. Жатыр қуысын қолмен тексеру
 



 

??? № 83

Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен ерте сылынуына тән:
1. Нәрестенің созылмалы гипоксиясы
2. Нәресте зақым алмайды
3. Нәресте өсуінің кідіруі
4. Құрсақішілік пневмония
5.  (+)  Нәрестенің жедел гипоксиясы

 

??? № 84

Нәрестенің көлденең жатуына тән емес:
1. Жатыр көлденең өлшемде шығыңқы
2. Жатыр түбінде ірі бөлшектің болмауы
3. Жатыр түбі биіктігінің қалыптыдан төмен
4.  (+)  Нәрестенің жамбасы кіші жамбастың кіре берісінде
5. Жатырдың бүйір бөлігінде ірі мүшесінің болуы

 

??? № 85

Суретте босану биомеханизмiнiң келесi сәтi көрсетiлген
1. Бiрiншi
2. Екiншi
3. Үшiншi
4.  (+) Төртiншi
5. Бесiншi
 

 

 

 

 

??? № 86

Іш айналымы өлшенедi.
1. Кiндiк және қанатты өсiндiлерiнiң арлығының ортасында
2.  (+) Кiндiк тұсында
3. Кiндiктен 3 саусақ төмен
4. Кiндiктен 2 саусақ жоғары
5. Мықын сүйегiнiң тұсында

 

??? № 87

Акушерия ғылымы-
1. Босанған әйелдерге және нәрестеге көмек көрсететін медицина саласы.
2. Жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету.
3.  (+) Жүкті, босанатын және босанған әйелдерге дәрігерлік көмек көрсететін медицина ғылымының бір саласы.
4.        Босанатын және босанған әйелдерге көмек көрсету.
5. Жүктілікті зерттейтін медицина ғылымының бір саласы.


 

??? № 88

Бала полимилит вакцинасын алады
1 туылған бойда
2 туылғаннан кейін 24 сағат өткенде
3 4 күннің ішінде
4 (+)  2 айдан кейін
5 6 айда

 

??? № 89

ҚР Денсаулық Сақтау Министірлігі бекіткен, әйелдер кеңесінің мақұлданған стандартты бойынша физиологиялық жүктілік кезінде әйелдер кеңесіне қанша рет қаралу қажет:
1. 3-4 рет
2. 5-6 рет
3.  (+) 7-8 рет
4. 9-10 рет
5. 11-12 рет

 

??? № 90

Жетiлген бала жолдасының салмағы:
1. 100-200г
2. 300-400г
3.  (+) 500-600г
4. 700-800г
5. 900-1000

 

??? № 91

Босанудың III кезеңі сипатталады:
1. Нәресте басының шығуымен
2. Нәрестенің туылуымен
3.  (+) Бала жолдасының бөлінуі және шығуы
4. Лактация
5. Толғақтың болуы

 

??? № 92

Ұрықтану дегеніміз не?
1 овуляция болуы
2 етеккірдің басталуы
3  (+) еркек және әйел жыныс жасушаларының қосылуы
4 жатыр түтекшесінің ұрықты өткізуі
5 нәрестенің туылуы

 

??? № 93

32 жастағы әйел соңғы 2 жылда сирек және аз мөлшерлі етеккірге шағымданады. Бедеулік -3жыл. Осы патологияда қандай гормондарға тексеру қажет?
1.  (+) ФСГ,ЛГ,ПРЛ
2. ЛГ,ПРЛ
3. ФСГ,ЛГ;эстроген,прогестерон
4. Эстроген, прогестерон,ПРЛ
5. ФСГ,ЛГ

 

??? № 94

Қалқанша безінің функциясының бұзылуында бедеуліктің дамуы немен байланысты:
1. Май алмасудың айқын бұзылуына
2. Дененің тұрақты гипотермиясына
3. Дененің тұрақты гипертермиясына
4.  (+) Овуляция үрдісінің тежелуіне
5. Аналық бездің жетіспеушілігі

 

??? № 95

Жүктілікпен шақырылған гипертензия кезінде мерзімінен бұрын босандыру көрсеткіштері:
1. Аяқтағы айқын ісіктер
2. 0,3 г\тәу жоғары протеинурия
3.  (+) Олигоурия
4. Артериалдық қан қысымының 140/100 мм.с.б.б. дейін жоғарылауы
5. Полиурия

 

??? № 96

Әйел жыныс мүшесінің қай бөлігінде ұрықтану жүреді:
1. Қынапта
2.  (+) Жатыр түтікшелерінде
3. Жатыр қуысында
4. Цервикальді каналда
5. Қынапқа кіреберісте

 

??? № 97

Босану кезінде жатыр мойны жыртылуын алдын алуға жатпайды
1 босануға жатыр мойнын дайындау
2 босанудың бірінші кезеңінде спазмолитиктерді енгізу
3 босанудың екінші кезеңінде спазмолитиктерді енгізу
4 (+)  босануда бета-адреномиметиктерді қолдану
5 аталғандардың барлығы

 

??? № 98

Соңғы етеккірдің бірінші күні 10 қаңтар болғандағы,босану мерзімін анықтаңыз:
1 03.07
2 17.11
3 (+)  17.10
4 10.11
5 07.12

 

??? № 99

Жүктiлiктiң анық белгiлерiне жатады.
1. Нәрестенің қозғалуы
2. Жатырдыңүлкеюi
3. Қынап цианозы
4.  (+) Жатырдағы нәресте  мүшелерiн пальпациялау
5. Ректальдi температураның жоғарылауы

 

??? № 100

Сыртқы акушерлiк зерттеудің бiрiншi әдісінде анықталады:
1. Нәрестенің жатқан бөлiгi
2. Нәрестенің түрi
3.  (+) Жатыр түбiнiң биiктiгi
4. Нәрестенің позициясы
5. Жатырдың алдыңғы және артқы қабырғасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     18      19      20      21     ..