Балалар аурулары («Емдеу ісі»). Жауаптары бар тесттер (2020) - 138

 

  Главная      Тесты     Балалар аурулары («Емдеу ісі»). Жауаптары бар тесттер (2020)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     136      137      138      139     ..

 

 

 

Балалар аурулары («Емдеу ісі»). Жауаптары бар тесттер (2020) - 138

 

 

 

??? № 1

6 айдан кейінгі баланың тәуліктік тамақтануы орта есеппен:
1. 3 рет
2. 4 рет
3. 5 рет   (+)
4. 6 рет

.

 

??? № 2

Гипогалактияның келесі түрін ажыратамыз, тек мынадан басқа:
1. ерте
2. кеш
3. біріншілік
4. екіншілік
5. үшіншілік   (+)



 

??? № 3

«Д»-витаминінің жеткіліксіз енуі, Р- Са алмасуы бұзылысы себеп болады:    
1. пиодермияға
2. пневмонияға
3. рахитке   (+)
4. диареяға

 

??? № 4

Бала салмағы мен бойының бір қалыпты төмендеуі- ол:
1.      Гипотрофия   (+)
2.       Гипостатура
3.       Гипоплазия
  

 

??? № 5

Жедел бронхиттер клиникасына не тән:
1. дене температурасының жоғарлауы
2.жөтел
3.қатты тыныс
4.құрғақ және ылғалды сырылдар өкпенің барлық аланында естіледі
5.барлық аталғандар.   (+)



 

??? № 6

Аллергиялық диатездің емі:
1.      таза ауа
2.      видехол беру
3.      Антигистаминді препараттар   (+)
4.      Нистатин беру



 

??? № 7

Қай кезеңде бала гуілдей бастайды?
1. 2 апталығында
2. 1 айлығында
3. 1,5 айлығында   (+)
4.4 айлығында



 

??? № 8

Спазмофилияда ағзада орын алады:    
1. аталғандардың барлығы   (+)
2. ішекте Са, Р тұздарының сіңірілуі күшейеді
3. бүйректе Са, Р тұздарының реабсорбциясы күшейеді, алкалоз


 

??? № 9

Балалардағы гельминтоз ауруын шақырады
1.      бактериялар;
2.      саңырауқұлақтар;
3.      қарапайымдар;
4.      паразитті құрттар;   (+)
5.      вирустар.
 

 

??? № 10

Қосымша тамақтар түрлері:    
1. өңделген сиыр сүті
2. көкөніс пюресі, сүт ботқалары, сиыр сүті не айраны   (+)
3. арнайы құрғақ сүт қоспалары



 

??? № 11

Мерзімінен ерте туылған жас нәресте күтімінің ерекшелігі:    
1. аталғандардың барлығы   (+)
2. температуралық режимді бақылауда ұстау
3. жатырдағы жағдайға жақындатылған орта ұйымдастыру


 

??? № 12

Ревматизммен ауыратын науқастарға тағайындалатын диета №
1.     7
2.     10   (+)
3.     1

 

??? № 13

Кеуде сүтінің бөлінуін белсендіретін гормонды көрсетіңіз:
1. кальцитонин
2. тироксин
3. инсулин
4. Окситоцин
5.Пролактин   (+)



 

??? № 14

Мешелдің алғашқы кезеңіне тән симптом:
1.      Шекедегі және желкедегі анық байқалатын бұдырлар
2.     Кеуде клеткасының қисаюы
3.     Айқын білінген терлеу, желке шашының түсуі   (+)
4.     Омыртқаның қисаюы


 

??? № 15

Анемия диагнозы қойылатын қан көрсеткіші:    
1. Нв – 130 г/л-ден, Эр – 4,5 х10 12/л-ден төмен
2. Нв - 120 г/л; Эр- 4,5х 10 12/л.
3. Нв - 100г/л –ден, Эр-4х10 12/л-ден төмен   (+)
4. Нв – 140 г/л; Эр – 4,5 х10 12/л



 

??? № 16

Баладағы моторлы сөйлеу мына жаста анықталады:
1. 5-6 айлығында
2. 7-8 айлығында
3. 8-9 айлығында
4.10-12 айлығында   (+)
5.12-15 айлығында.



 

??? № 17

Балалардың госпитальдық пневмониясының жиі кездесетін себебі:
1.      Вирус   (+)
2.     Ашытқы тәрізді саңыраулақ
3.     Менингококк

 

??? № 18

Ревматизммен ауыратын балалар:
1.     Жаңа туған
2.     Емшек жастағы
3.     Мектепке дейінгі    (+)
4.     Мектеп жасындағы 

 

??? № 19

Аллергиялық диатез кезінде көбінде зақымданатын ағза:
1.      жүрек
2.      орталық жүйке жүйесі
3.      тері   (+)
4.      бүйрек
 

 

??? № 20

Жас нәрестелердің гемолитикалық ауруының емі:
1.      Оттегілік терапия
2.      Антибиотикотерапия
3.      Симптоматикалық
4.      Ауыстырып қан құю   (+)
5.      физиотерапия



 

??? № 21

Жас нәрестенің салмағы үш есе көбейеді:
1.      4-4,5 ай кезінде
2.     5-6 ай кезінде
3.     7-8 ай кезінде
4.     9-10 ай кезінде
5.     12 ай кезінде   (+)



 

??? № 22

Балаға қосымша тамақ тағайындалады:
1.      Емшекпен тамақтандырар алдында   (+)
2.      емшекпен тамақтандырар алдында 20 минут бұрын
3.      Емшекпен тамақтандырған соң
 

 

??? № 23

5 жастағы балалардың тыныс алу жиілігі (1 минутта):
1.      16-20.
2.      20-30.   (+)
3.      30-40.



 

??? № 24

Қан айналым жүйесі АФЕ-сі:   
1. қантамырлар тонусы,қан қысымы жоғары
2. қантамырлар тонусы өте төмен, АД анықталмайды
3. миокард жетілмегендіктен пульс сирек
4. артерия және вена қиындысы өзара жуық, АД төмен, пульс жиі   (+)
5. ересек адамның қан айналым жүйесінен айырмасы жоқ

 

??? № 25

Зәрді Сулкович сынамасы бойынша немен емдегенде тексереді:
1.      Антибиотиктермен
2.      Дәуірмендер В тобы
3.      Дәуірмендер А тобы
4.      Дәуірмендер Д тобы   (+)
5.      гепаринмен

 

??? № 26

Босанғанға дейінгі патронаж саны:    
1. ай сайын
2. апта сайын   (+)
3. 2 рет

 

??? № 27

Балалардағы тыныс алу жүйесінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері:
1. мұрын жолдары тар, кілегейлі, жұқа бездердің дамуының жетіспеуі, қанмен бай қамтамасыз етіледі    (+)
2. мұрын жолдары кең, қалқандары жұқа, кілегейлі, ісінген
3. қосымша қайнаулары қалыптасқан, жасмұрын өзекшесі кең

 

??? № 28

Гемолиздік аурудың ауыр түріне шалдыққан жас нәрестені емдеудің ең тиімді жолы:
1.      Гемотрансфузия
2.     Оксигенді терапия
3.     Дәрілік шөптермен емдеу
4.     Қан ауыстыру операциясы   (+)
5.     Тұзды-глюкозалы препараттарды тамырға тамшылатып жіберу

 

??? № 29

Нәрестелердегі терінің анатомо-физиологиялық ерекшелігі:
1. капиллярлы торға бой, тер бездері нашар дамыған, май бездері жақсы дамыған   (+)
2. капиллярлы тор айқындығы нашар, тер бездері жақсы дамыған
3. тері ашқызыл боялған, қабаты қалың


 

??? № 30

1-жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру түрлері:    
1. диетотерапия, режиммен рационалды
2. күнделікті, емдік
3. сүт өнімдері, ет өнімдері, көкөніс
4. табиғи, аралас, жасанды    (+)
5. қосымша, үстеме

 

??? № 31

Жаңа туған нәрестенің гемолиздік ауруында ағзаға улы әсер етеді:
1.      Ақуыз
2.      Тура билирубин
3.      Тура емес билирубин   (+)
4.      Глюкоза


 

??? № 32

Мерзіміне жетіп туған нәресте бірінші айында салмағына қанша қосады (грамммен):
1.      1000
2.      900
3.      800
4.      700
5.      600   (+)



 

??? № 33

Жас нәрестелерде өткір кезеңдегі орталық жүйке жүесінің туа біткен жарақатын негізгі емдеу принципі:
1.      Антибиотиктерді тағайындау
2.     Электр тогымен емдеу
3.     Массаж және емдік жаттығулар   (+)
4.     Дәрумендерді тағайындау


 

??? № 34

Гипотрофияның ІІІ-ші дәрежесіндегі салмақ кемістігі:    
1. 5-10%
2. 20-30%
3. 30%-дан жоғары   (+)
4. 10-20%


 

??? № 35

ҚР ұлттық егу күнтізбесі бойынша қандай жастағы балаларға эпидемиялогиялық паротитқа қарсы тірі вакцинация жасалады:        
1. Өмірінің 0 -4 күні, 2 ай,4 ай
2. 2, 3,4 және 8 ай
3. Өмірінің 0 -4 күні, 6 ай
4.12-15 ай және6 жас   (+)
5. 2, 3 және 4 ай және 12-15 ай



 

??? № 36

Қан түзу жүйесі зақымдануы семиотикасы:   
1. әлсіздік, шаршағыштық, аурушаңдық
2. тері-шырышты қабықтың қуқылдануы, құрғауы
3. гепатоспленомегалия, қан жоғалтуға бейімділік
4. жалпы қан анализіндегі қалыпты көрсеткіштердің өзгерісі
5. аталғандардың барлығы   (+)

 

??? № 37

Босанғанға дейінгі патронаждар мерзімі:    
1. жүктіліктің әр айы толғанда
2. әйелдің есепке алынған ж/е декретке шығатын кезінде   (+)
3. жүктіліктің алғашқы және екінші жартыжылдығында

 

??? № 38

Гемолитикалық аурудың клиникалық формалары:    
1. айқын, латентті
2. асқынған, асқынбағын
3. жеңіл, көк, ақ
4. анемиялық, сарғыш, ісікті   (+)
5. типті, атипті

 

??? № 39

Адам ағзасында острицалар қай жерде өмір сүреді?
1.      тік ішекте   (+)
2.      асқазанда
3.      тыныс алу жолдарында

 

??? № 40

Асқазан ойық жарасының асқынуы
1.      инфекциялық ауру тудыру
2.      қан кету
3.      тесілу
4.      ракқа айналу   (+)
5.      b ,c, d жауаптары


 

 

??? № 41

Бронхиттің негізгі клиникалық белгісі:    
1. кеуде клеткасының ауырсынуы
2. ринит
3. жөтел   (+)
4. бастың ауырып, айналуы


 

??? № 42

Апгар шкаласымен бағаланатын критерийлер:    
1. тыныс алу саны, реттілігі
2. жүрек соғысы саны, ырғағы
3. тері түсі, бұлшық ет тонусы
4. тітіркендіргіштерге жауабы
5. аталғандардың барлығы   (+)

 

??? № 43

Зәр шығару жүйесі АФЕ-сі:    
1. бүйрек салыстырмалы үлкен
2. бүйректің астауша, табақшалары кең
3. несеп ағарлар иілісті, қатпарлы    (+)
4. несеп жолдары бұлшық ет қабатының созылғыш- серпінділігі төмен

 

??? № 44

Эмбрионда қан түзу мүшелері болып табылады:    
1. бауыр,  аталғандардың барлығы    (+)
2. талақ
3. жілік майы


 

??? № 45

Еркін ана сүтімен тамақтану дегеніміз:
1. әр 3 сағатта түнгі үзіліспен
2. әр 3 сағтта түнгі үзіліссіз
3. баланың талап етуі бойынша   (+)
4. белгілі уақытта баланың қажет ету көлемі бойынша

 

 

??? № 46

Нәресте гемолитикалық ауруында тері сарғаюы байқалады:
1.      өмірінің 1 тәулігінде
2.      өмірінің 3 тәулігінде
3.      өмірінің 5 тәулігінде
4.      өмірінің 7 тәулігінде   (+)
5.      өмірінің 9 тәулігінде

 

??? № 47

Ауыз қуысының қабынуы қалай аталады?
1.      стоматит   (+)
2.      гастрит
3.      хейлит



 

??? № 48

Үстеме тағамға жатпайды:
1.      ботқалар
2.      жеміс пюресі
3.      шырын
4.      айран
5.      ірімшік   (+)


 

??? № 49

Балалық шақ кезеңдері:   
1. 1-жасқа дейінгі, 1-жастағы, 1-жастан кейінгі
2. құрсақтағы жас нәресте, жас нәресте, емізулі, сүт тістері шығу, мектеп алдына дейінгі препубертатты, пубертатты   (+)
3. сәбилік, балдырған, бала, бозбала


 

??? № 50

Асқазанда ана сүтінің қорытылу уақыты:
1.1-2 сағат
2.2-2,5 сағат
3. 2,5-3 сағат   (+)
4. 3-4 сағат


 

??? № 51

8 айлық бала. Ішек инфекция ауырымен ауырғаннан кейін 2-ші дәрежелі гипотрофия анықталды. Емшек сүтімен тамақтанады. Баланы тамақтандыруда сіздің ұсынысыңыз:
1. емшек сүтімен тамақтандыруды жалғастыру
2. құрғақ бейімделген қоспалармен жасанды тамақтандыруға көшіру
3. қышқыл-сүтті қоспалармен жасанды тамақтандыру
4. аралас тамақтандыруға көшу   (+)
5. анасының тілегі бойынша кез-келген тамақтандыру


 

??? № 52

Жаңа туған нәрестенің сулы кіндік жарасын мына ерітіндімен тазалайды:
1.      Сутегі асқын тотығының 3 % ерітіндісімен,70° спиртпен, 1 % бриллиант жасылымен
2.      Сутегі асқын тотығының 3 % ерітіндісімен, 70° спиртпен, 5 % калий перманганатымен   (+)
3.      Сутегі асқын тотығының 3 % ерітіндісімен, 70° спиртпен, 5 % йод ерітіндісімен


 

??? № 53

Гипокальцемияда көптеп бөлінетін гормон:    
1. пролактин
2. адреналин
3. инсулин
4. паратгормон   (+)
5 трииодтиронин

 

??? № 54

Қосымша тамақтарды енгізудегі мақсат:     
1. аталғандардың барлығы   (+)
2. шайнауды қалыптастыру
3. рационды мин. тұздар, микроэлементтермен байыту


 

??? № 55

Мерзіміне жетіп туған нәресте денесінің орташа ұзындығы:
1.       40-42 см
2.      42-45 см
3.      46-49 см
4.      50-54 см   (+)
5.      55-58 см



 

??? № 56

Балалардағы асқазан жара ауруына маңызды ролді жатқызады:
a)      ішек таяқшасына
b)      протеяға
c)      стафилакокқа
d)      хеликобактериялық микроағзаларға   (+)
e)      саңырауқұлақтарға



 

??? № 57

Рахиттің клиникасы аталған жүйе тарапынан болатын белгілерден басталады:    
1. зәр бөлу
2. жүйке жүйесі   (+)
3. ас қорыту

 

??? № 58

Өмірге келген нәрестеде тыныс алу белгісі байқалмайды, терісі боз, тітіркенуге жауап бермейді, жүрек соғысы 90 рет минутына, қол аяқтары созылыңқы. Алғашқы диагноз :
1.      жеңіл дәрежелі асфиксия
2.      орташа дәрежелі асфиксия
3.      ауыр дәрежелі асфиксия   (+)
4.      өлі туу

 

 

??? № 59

Мерзіміне жетіп туған нәрестелердің физиологиялық эритемасы пайда болады:

1.      өмірінің бірінші күнінде
2.     өмірінің 5-6 күнінде
3.     өмірінің 7-10 күнінде   (+)
4.     өмірінің 10-15 күнінде


 

??? № 60

Орталық нерв жүйесінің зақымдалуы бойынша қатерлі топтағы балаларда мынадан басқаның бәрін бақылау қажет:
1. бұлшық ет тонусы, тұру мен қимыл белсенділігі
2. лоқсу мен құсу сипатына
3. бас сүйек тігістері мен еңбегінің жағдайына байланысты
4.патологиялық неврологиялық рефлекстердің болуына байланысты
5. тері қабатаның құрғақтығына   (+)


 

??? № 61

Балада кеуде кифозы неше жаста пайда болады:
1.       3 айда
2.     6 айда   (+)
3.     8 айда




 

??? № 62

Мерзіміне жетіп туған нәрестенің орташа салмағы:        
1.       2000-2300г.
2.      2300-2500г.
3.      2500-3000г.
4.      3000-3500г.   (+)
5.      4000г. және одан жа жоғары



 

??? № 63

Мерзіміне жетіп туған нәрестедегі физиологиялық сарғаюы кетеді:
1.      3-4 күнінде
2.      5-6 күнінде
3.      7-8 күнінде
4.      10-12 күнінде
6.      14-21 күнінде   (+)



 

??? № 64

Рахиттің профилактикасы:    
1. «Д» витаминін тағайындау, дұрыс күтім    (+)
2. темір препараттарын тағайындау
3. тамақтандыруда сүт өнімдерін кеңінен қолдану

 

??? № 65

Сусыздану белгілеріне сипаттама:    
1. ентікпе, цианоз
2. шөл, тері және шырышты қабықтың құрғауы, үлкен еңбектің түсуі   (+)
3. пиодермия



 

??? № 66

Жасанды тамақтандыру бұл:
1.    ананың сүтімен тамақтандыру
2.    ана сүті мен бейімделген қоспа
3.    қоспалармен ғана тамақтандырылады   (+)
4.    ана сүтімен бірге қосымша тамақ




 

??? № 67

Бас және кеуде клеткасының шеңбері теңеледі
1.өмірінің 2-3айларында
2.өмірінің 3-4 айларына   (+)
3.өмірінің 5-6 айларына 



 

??? № 68

ДДҰ бойынша «денсаулық» ұғымы:
1.       Физикалық қалыпты жағдай.
2.       Рухани қалыпты жағдай..
3.      Әлеуметтік қалыпты жағдай.
4.      Аталғандардың барлығы.
5.      Аурудың болмауы.   (+)
 
 

 

??? № 69

Ревматизмнің қоздырғышы:
1.     Вируспен
2.     Ішек таяқшасымен
3.     Стрептококк   (+)
4.     Стафилококк


 

??? № 70

Ашығу – ауырсыну – тамақ ішу – тынышталу – ашығу – ауырсыну ырғағы асқорыту жүйесі ауруларының қайсысына тән?
1.      гастрит
2.      асқазан ойық жарасы   (+)
3.      хейлит
4.      стоматит
5.      аскаридоз



 

??? № 71

Темір тапшылық анемиясының ауыр түріндегі гемоглобин деңгейі мына шамадан бастап төмендейді:
a)    70 г/л   (+)
b)     100 г/л
c)     90 г/л


 

??? № 72

Сыртқы кефалогематома-бұл қан құйылу:

1.        бастың жұмсақ ұлпаларына
2.     ми затына
3.     қатты ми қабатының үстіне   (+)
4.     қатты ми қабатының астына

 

 

??? № 73

Дені сау баланың үлкен еңбегінің жабылады:
1.      4-6 айда.
2.      8-10 айда
3.      12-15 айда   (+)
4.      18-20 айда

 

 

??? № 74

Сарыптың үлкен критериі:
1.      гипертеремия
2.      полиартралгия
3.      мұрыннан қан кету
4.      лейкоцитоз
5.      полиартрит   (+)
 

 

??? № 75

Жас нәресте сепсисі кезіндегі инфекция түсудің ең жиі жерлері:
1.      тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары
2.      көз коньюктивасы
3.      жарақатталған тері
4.      кіндік жарасы   (+)
5.      сыртқы жыныс мүшелерінің шырыштылары



 

??? № 76

Ерте жастағы бала салмағының артықшылығын көрсететін термин:
1.      Гиперсомия
2.      Эйтрофия
3.      Паратрофия   (+)
4.      Дистрофия

 

 

??? № 77

Балаларға дегельминтизация жүргізу үшін қолданылады:
1.      вермокс;   (+)
2.      карбенициллин;
3.      септрил;



 

??? № 78

Баланың жасын анықтаыз, егер ол жеке буындарды айтса, есімін білсе, ойыншықтарды қолынан қолына ауыстырса, ішінен арқасына бұрылса, отырғызған кезде өз бетімен отыра алса.   
1.      7 ай
2.      5 ай
3.      4 ай
4.      6 ай
    8 ай   (+)



 

??? № 79

Пневмония кезіндегі тыныс жетіспеушілігінің этиопатогенезі:    
1. газдар дифузиясы бұзылысы   (+)
2. өкпе гипертензиясы
3. жүректің оң бөлігінің гипертрофиясы



 

??? № 80

Балаларды дегельминтиздеу үшін қолданылады:
1.      фестал
2.     вермокс   (+)
3.     фуразолидон
4.     бисептол
5.     тавегил
 

 

??? № 81

Жаңа туған сәбидің ауыр дәрежедегі асфиксиясы Апгар шкаласы бойынша сипатталады:
1.      10-8 ұпай
2.     6-7 ұпай
3.     7-8 ұпай
4.     3-1 ұпай   (+)
5.     0 ұпай
 

 

??? № 82

Мұрыннан қан кету кезіндегі жұғыл жәрдем:
1.      Науқасты көлденеңінен жатқызу
2.      Басын артқа қарай шалқайтып отырғызу
3.      Басын біраз алдыға қарай еңкейтіп отырғызу     (+)
4.      бас жағын жоғары жатқызу

 

??? № 83

Өмірінің бірінші тоқсанында дені сау емшектегі нәресте өседі:
1.      20 см
2.      15 см
3.      12 см
4.      9 см
5.      3 см   (+)



 

??? № 84

Балаларды емдеу мекемелерінің жұмыс бөлімдері:   
1. емдеу, профилактикалық және санитарлық -ағарту   (+)
2. көпшілік спорт, арнайы спорт, денешынықтыру
3. мәдени іс-шара, кәсіби-мәдени іс-шара


 

??? № 85

Бақылап тамақтандыруды жүргізудегі мақсат:     
1. бірмезгілде қабылдаған тамақ мөлшерін, қалыппен салыстыру   (+)
2. баланың тәбетін бағалау
3. қақалып-шашалуға жол бермеу

 

 

??? № 86

Жас нәрестенің іріңді-септикалық ауруының жалпы(генерализованная) түрі түрі:
1.      Омфалит
2.     Сулы кіндік
3.     Жас нәресте көпіршіктері
4.     Сепсис   (+)
5.     Псевдофурункулез

 

??? № 87

Бронхит диагностикасында маңызды:    
1. жалпы қан анализі, шырыш микроскопиясы   (+)
2. өкпе рентгенографиясы
3. бронхоскопия


 

??? № 88

Ас қорыту жүйесі зақымдануы семиотикасы:    
1. іштің кебуі, кекіру, қыжылдың болуы
2. тәбет бұзылысы, эпигастралды аймақтағы қолайсыздық
3. ауырсыну, лоқсу, құсу
4. іштің қатуы немесе диарея
5. аталғандардың барлығы   (+)

 

??? № 89

Өткір кезеңіндегі аллергиялық диатезді емдеуде таңдап алынатын препарат:
1.      пенициллин
2.     преднизолон   (+)
3.     парацетамол



 

??? № 90

Айыршық (тимус)бездің ағзадағы ролі:   
1. иммундық жүйенің негізгі ағзасы    (+)
2. Т- лимфоциттерді қалыптастырады
3. клетканың иммундық жауабын қамтамасыз етеді

 

??? № 91

Айқын спазмофилияға тән клиника:    
1. тершеңдік, шошығыштық
2. тәбеттің болмауы, лоқсу, құсу
3. терідегі ұсақ бөртпе
4. ларингоспазм,карпопедалды спазм, эклампсия   (+)
5 ентікпе, жөтел

 

??? № 92

Мерзімінде туылған жас нәресте:    
1. жүктіліктің 36- 38-ші аптасы аралығында дүниеге келген
2. жүктіліктің 38-40 аптасында дүниеге келген   (+)
3. жүктіліктің 42-ші аптасынан кейін дүниеге келген

 

??? № 93

Стероидсыз, қабынуға қарсы ревматизмде қолданылатын дәрі:    
1. ацетилсалицил қышқылы   (+)
2. фоли қышқылы
3. лимон қышқылы

 

??? № 94

Гипофиздің алдыңғы бөлігі гиперфункциясы салдарынан болады:   
1. фондық аурулардың орын алуы
2. нанизм 
3. гигантизм   (+)
4. семіздік
5. жыныстық жетілудің ауытқуы

 

??? № 95

Көк (қара) типті ақауларға жатады:
1.     Үлкен айналым ернеуіндегі жетіспеушілік
2.     Тетрада Фалло
3.     Аортаның стенозы
4.     Митральды стеноз
5.     Қолқа коарктациясы   (+)

 

??? № 96

«Д» -гипервитаминозының алғашқы клиникалық симптомы:

1.      гипертермия
2.     жөтел
3.     гликемия
4.     анорексия   (+)
5.     бұлшықет тонусының жоғарлауы

 

??? № 97

Ерте жастағы балалардың фондық аурулары:    
1. пустулез, везикулопустулез
2. рахит, гипотрофия, анемия, аллергиялық диатез   (+)
3. асфиксия, гемолитикалық ауру

 

??? № 98

Эндокрин жүйесі зақымдануы семиотикасы:    
1. дене мүшелері диспропорциясы
2. жыныстық жетілудің ауытқулары
3. тахикардия, тершеңдік, АД↑
4. физикалық-жүйкелік-психикалық ауытқулар
5. аталғандардың барлығы   (+)

 

??? № 99

Созылмалы патологияға қатысы жоқ, денесі және жүйке психикасы
қалыпты дамыған дені сау балалар мына топқа жатады
1.      1   (+)
2.      2
3.      3



 

??? № 100

Жас нәрестелердегі орта жүйке жүйесінің ошақтық зақымдану белгісіне жатады:
1.      «Ми айқайы»
2.      Клоникалық-тоникалық тырысулар   (+)
3.      Гипертеремия
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..     136      137      138      139     ..