|
|
содержание .. 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 ..
Тақырып 6 Әлемдік қаржы нарығы
1 Әлемдік қаржы нарығының қалыптасуы. 2 Евронарық және шетелдік валюта нарығы. 37Әлемдік ақша орталығы
Әлемдік қаржы нарығы қалай қалыптасты? Әлемдік экономикалық қызметте несие нарқы нарықтық қатнастарға тән сипат. Бұл салада елдер арасында қаржыға деген сұраныс пен ұсыныс мәселелеріне байланысты міндеттер өз шешімін табады. Бұл үшін қолдағы капитал қорын бөліске салу, оның қайтарымын қамтамасыз ету міндеті шешіледі. Ол қызмет – капиталдың кері қайтарылуын және пайыздық төлемінің келісім-шартта белгіленген талапқа сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс. Әлемдік қаржы қозғалысы тәжірибесінде қаржы нарқы дегеніміз – қарыз капиталының бір бөлігінің нарық жүйесі арқылы елдер арасындағы қаржылық алмасуды бейнелеуі. Тәжірибеде қаржы нарқы екі саладан тұрады: -қарыз капиталының қысқа мерзімді мақсаттағы нарқы, бұл қаржы нарқы деп аталады. -қарыз капиталының орташа және ұзақ мерзімге арналуы ұйымдастыратын нарқы – бұл капитал нарқы деп аталады. Экономикалық даму барысында әр ел өз өндірісін табысты жүргізуге, үздіксіз өрге бастыруға ынталы болады. Бұл үшін материалдық өндіріске қаржы қажет екені белгілі. Егер қолда қажетті қаржы болмаса, не істеу керек? Осындай жағдайда қаржыға қажеттілік, несие нарқы арқылы шешіледі. Экономикалық даму талабы капитал нарқының қозғалысына да өзгерістер енгізуді алға тартты. Сондықтан капиталды нарықта сала-салаға бөлу, оны пайдалануда мерзімдік жағынан шектеуді өзгерту қажет болды. Қарыз капиталының тек бұрынғы ғана түрі қысқа мерзімдісі қысқартылып, оның орнына қаржыны бірден орташа және ұзақ мерзімді нарық арқылы пайдалану ісі өмірге келді. Экономикалық тиімділік тұрғысынан алғанда, қарыз капиталын пайдаланудың бұл шарасы аса тиімді. Бұл шара несие нарқында шетелдерден капитал алуды және шетелдік мемлекеттердің заңды тұлғаларға, жеке азаматтарға беретін қаражатты нарыққа шоғырландыра отырып, қаржыға деген сұранысқа сәйкес капитал бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады. Бұл әдіс нарықтық қатнас жүйесінде несие нарқын тиімділік мақсатта дамытуға, капитал қозғалысын барынша өрістетуге елеулі үлес қосады. Әлемдік қарыз капиталы қалай пайда болды? Әлемдік қарыз капиталы нарқы, тарихи тұрғыдан алғанда, қарыз капиталының халықаралық деңгейде ұлттық нарықтың өріс алуымен пайда болды. Сонан оларды кең дамыту қажеттілігі артты. Қазіргі заманға әлемдік қарыз капиталының нарқы ХХ ғасырдың 60- жылдары қайта өріс жайды. Өйткені бұл нарық 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарысқа, екінші дүниежүзілік соғысқа байланысты 40 жыл бойы тоқырауға ұшыраған еді. Сонан 70-90 – жылдары қарыз капиталы нарқы қайтадан қанат жайды. Әлемдік қарыз капиталы нарқының басты бағыттары - әр ел өзінің ұлттық қарыз капиталын шетелге шығаруына, оны шетелдік банкке беруіне, сөйтіп, шетелдік капиталды ұлттық банктердің өзіне кері тартуына өріс берді. Экономикалық даму барысында ертеден қалыптасқан тарихи тәжірибек бойынша шетелдік несие мен қарыз қаржы принципі өзара қарыз қаржы алмасудың жекелей валюталық бірыңғайлық принципіне негізделген. Мысалы, француздық фирма Лондонда несиені ағылшын ақшасымен, яғни фунт стерлингпен алады, керісінше ағылшын фирмасы Парижден несие қаржы алса, онда француз ақшасымен алады. Валюталық өзара қаржы алмасудың бірыңғайлылығы дегеніміз осы. ХХ ғасырда 50-жылдардан бастап, доллар негізінде еуропалық валюта нарқы қалыптасты. Мұның мәнісі мынадай: егер доллар иесі депозитті америкалық банктен еуропалық шетелдік банкке аударса, ол еуропалық доллар болып саналатын сипат алады. Долларды осындай әдіспен алған еуропалық банктер бұл долларды өз қаражаты сияқты кез келген елге несие беру үшін пайдалануға ерікті болады. Қазіргі кезеңде әлемдік қарыз капиталы нарқы бір-бірімен өзара тығыз байланысты үш саланың қызметі бағытымен ерекшеленіп отыр. Олар: -Ірі банктер арсындағы әлемдік ақша нарқы. Бұл салада депозиттік қарыз беру бір күнге немесе бір жылға дейінгі қысқа мерзімдік талап бойынша іске асырылады. Мұнда несие алу телефон байланысы арқылы да шешіле салатын болады. Осыған сәйкес 50-жылдардың соңында еуропа валюталық нарқы пайда болды. -Капиталдың әлемдік нарқы өзіндік сала. Бұл сала екі түрлі міндетті жүзеге асырады: -қарыздың берілетін орны мен валюталық мөлшерді сипаттайтын міндет. Бұд міндет бойынша дәстүрлі әдіспен шетелдік несиелер орташа және ұзақ мерзімге беріледі. -еуропалық несие нарқында 1968 жылдан бастап қарыз ақша бір жылдан 15 жылға, тіпті одан да көп мерзімге берілетін әдіс қалыптасты. -дүниежүзілік ақша нарқының қалыптасуы. Бұл салада құнды қағаздарды шығару және сату іске асырылады. Осы саладағы қызметке қарай 70-жылдардан бастап, еуропалық қаржы нарқы қалыптасты. Бұл салада несиеге байланысты қызмет мынадай түрде ұйымдастырылады. Еуропалық банк несие беру үшін оны алатын алымшының алған несиесін қайтара алатын қабілет – мүмкіндігін, төлемді өтеу мүмкіндігін зерттеп, анықтайды. Сонан соң қарыз беру жөнінде келісім-шарт жасасады. Сөйтіп, несие қатаң ставкамен толық беріледі, бұл бір жыл мерзімге арналады. Ал орташа ұзақ мерзімді несие Стэнбай деп аталатын шарт бойынша беріледі. Мұның мәнісі – банк несиені ұзақ мерзімге арнап тиісті мөлшерді түгел береді, бірақ ол мерзімді 3,6,9,12 айлық етіп бөледі де, осы әр мерзім бойынша ставка пайызды өзгертіліп отырылады. Сол сияқты банк несиені ролловерлік деп аталатын шарт бойынша береді. Ролловерлік – несие алуды қайталап жүргізу, жаңғырту деген ұғым. Еуропалық несиелік банктер несие беруді ролловерлік келісім-шартымен төрт түрлі жағдайда атқарады: -инвестициялық барлық соманы келісім бойынша бірден, түгел береді. Несиені қайтару толық немесе біртіндеп, бөліп-бөліп жүргізіледі -несие белгіленген лимит бойынша, алымшының сұраған мөлшерінде беріледі -несиенің көлемі, ставка пайызы, өтеу мерзімі (жарты жыл, бір жыл) көрсетіледі. Несие бірнеше айға немесе 10 жылға, одан да көп мерзімге беріледі; -ролловерлік шарт бойынша қажетті соманы толық беру мүмкіндігін қалыптастыруға назар аударылған. Әдетте, еуропалық несие беру жүйесі әлемнің 30-40 банктік консорциуымын қатыстырып, өзіне үлкен пайда келтіруде. Қазіргі кезеңде халықаралық несие беру, қаржыландыру ісінің негізгі көздері: -халықаралық банк несиелері; -халықаралық эмиссиялық облигациялық қарыздар; -еуропалық векселдер болып табылады. Қазір әлемдік несие нарқының қызметі әлемдік қаржы нарқымен тығыз байланысты болып отыр. Сонан әлемдік қаржы нарқы өз қызметін құнды қағаздар шығару ( бірінші нарық) және оларды сату-сатып алу ( екінші нарық) мақсатына мамандануда. Қаржы нарқында кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттердің қаржыға деген сұранысы өсіп отыр. Осыған байланысты облигация (қарыз қағаз) нарқы да ұлғая түсуде. Бұл қолдағы қаржы қорын толықтыру, оны сату мен сатып алудан көбірек табыс келтіру мақсатын көздейді. Қорыта келгенде, әлемдік несие және қаржы нарқының жақсы жағы да бар, кемшілігі де бар. Жақсы жағы әлемдік деңгейде басы артық қаражатты жинастыру, оны бөліске салу арқылы капиталды шоғырландыруға, бір орталықтандыруға, экономикалық байланысты күшейтуге, өндіргіш күштерді дамытуға, әлемдік шаруашылық байланысын дамытуға мүмкіндік жасайды. Қолдағы капиталдың экономикалық проблемаларды шешуге бағытталуын қамтамасыз етеді. Халықаралық несие қатынастарының нысандары қандай? Халықаралық несие қатнастары валюталық қатнастар сияқты, тек нарық саласына ғана емес, сондай –ақ мемлекеттік басқару, реттеу саласы мүддесі үшін де қызмет атқарады. Ал мемлекет тарапынан халықаралық несие қатнастарына араласудың нысандары түрліше. Алайда көптеген елдердің реттеу, басқару саласындағы қызметтері ұйымдық, талдау, зерттеу тұрғысынан бір-біріне ұқсас. Өйткені, мемлекет несие, қарыз қаржы, кепілдеме беруші рөлінде халықаралық несие қатнастарында ерекше белсенділік көрсетеді. Мемлекеттік бюджет арқылы жинақталған ұлттық кірістің бір бөлігін мемлекет басқа бір елдерге аралас несие, қарыз қаржы түрінде көмек көрсете алады. Осы тұрғыдан айтар болсақ, АҚШ 60 жылдары екі жақты, көп жақты несие беруді тікелей мемлекет тарапынан жүзеге асырды. Қазіргі кезеңде мемлекеттік несие негізінен дамушы елдерге көмек ретінде берілуде. Батыс Еуропа елдерінде мемлекет дәстүрлі халықаралық несиенің кепілі ретінде рөл атқарады. АҚШ пен Жапония қазіргі уақытта экспорттық (сыртқа тауар шығару) саланы қаржыландыру, оған несие беру ісін бір жүйеге келтірген. Сөйтіп, мемлекеттер пайыздық ставкаларды қаржыландыру ісінде кәсіпорындардың халықаралық сыртқы байланыс қызметін қолдап отыруды әдетке айналдырған. Мемлекет тарапынан жүргізілетін қысқа мерзімге арналған экспорттық несие (сыртқа өнім шығаруды күшейту үшін) түріндегі акцептік-авальдық операциялар (қызмет) экспортпен шұғылданушылар траттасын бірінші деңгейдегі төлем қаражатына айналдыруға мүмкіндік жасады. Мемлекет сыртқа тауар шығарушыларды жанама немесе кейбір тікелей салық төлеуден босататын болды. Бұл сырттан, яғни шетелдерден әкелетін тауарлардың бағаларын арзандатуға, сонымен бірге сол тауарлардың сауда жүйесінде бәсекелестік қабілетін- өтімділігін арттыруға ықпал жасады. Өйткені халықаралық қызмет саласының талабы бойынша шекарадан ел ішінде өткен тауар жанама салықтан босатылуы керек. Осыған орай мемлекет экспорттық несие мөлшерінде, оған қойылатын талаптарға баса назар аудару негізінде орта және ұзақ мерзімді несие беруді тиімділік тұрғыдан қарастырады. Мемлекеттік бюджет есебінен жекеменшік фирмалар мен банктерге төмен пайызбен, экспорттық несиені жеңілдік беру негізінде ұйымдастырады. Мемлекет тауар шығарушыларға берілетін несиенің қайтарылуы мерзімін ұзарта алады, несие берудің әдістерін жеңілдетіп, бұл жұмысты ұзаққа созбай атқаруға үлкен мән береді. Сыртқы рынокта монополиялардың кең өріс жаюына айрықша қарау, ол саладағы қызметті қолдау ретінде мемлекет экономикалық жағынан ұтымды шараларды жүзеге асырады. Содай шаралардың бірі – мемлекеттік немесе жартылай мемлекеттік деңгейде экспорттық – импорттық банктер ұйымдастыру болды. Ол банктер сыртқы сауда қызметтері мақсатына несие беру, жеке меншік банктердің экспорттық несиесіне кепілдік жасау, сақтандыру жұмысымен айналысады. Мысалы, 1934 жылы АҚШ-та экспорттық банк құрылды. Бұл банк көптеген елдерге несие берумен шұғылданды. Осы банк арқылы АҚШ жалпы өзі беретін несиенің 40 пайызын жүзеге асырып отыр. Қазір осындай банктер Австрия, Бельгия, Англия, Дания, Франция, Жапония және басқа елдерде де құрылған. Экономикалық салада халықаралық несие қатнастарын мемлекттік тұрғыдан реттеудің, басқарудың өзіндік қалыптасқан нысандары бар. Атап айтқанда: -банктердің шетелдермен байланысы қызметінің шеңберін шектей білу -ішкі және сыртқы қарым-қатнастардағы қызметтің өзара ықпалының салдарын айқындау, шектеу -ұлттық банктің халықаралық банк консрциумдарымен қарым-қатнасын реттеу, басқару болып табылады. Осы аталған міндеттер мемлекеттік органдар арқылы, өзара сыйластық, ынтымақтастық негізде қадағалау, бақылау міндетін жүзеге асырады. Қай елде болмасын экономикалық дамуға байланысты міндеттер әрқашан қаржының қажет екенін алға қояды. Сонда қаржыны молайтудың ресурсы болмаған жағдайда не істеу керек? Міне, осындай қаржыға мұқтаждық жағдайында мемлекет-басқа бір шет елдерден қарызға қаражат алады. Экономикалық түсінікте бұл экспорттық несие деп аталады, бұл мемлекет шет елге тек өз тауарларын ғана емес, басы артық қаржысын да шығарады деген сөз. Сонымен, дүние жүзінде 70-жылдардан бастап дүниежүзілік нарыққа экспорттық несие шығару өріс алды. Экспорттық несие мемлекет қоры есебінен, сол сияқты жеке меншік банк, фирма қаражаттары есебінен құралады. Экспорттық несие берудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мемлекет тарапынан берілетін экспорттық несие жағдайында сауда-саттық саласында тауарлар, машина, құрал-жабдықтар сатылатын нарықта басымдылық алу мақсаты көзделеді. Сондықтан, мемлекеттер экспорттық несие жөнінде өзара қақтығыстарға жол бермеу, несие беру, несие алу ісін түсіністікпен, экономикалық өзара тиімділікпен жүргізу үшін келісім-шарт жасау әдісін қолданады. Осы шартта несие алу –беру ісін дұрыс ұйымдастыру, пайыздық ставка мөлшерін жарты жыл өткен сайын төмендету, несиені қайтарудың мерзімін дәл анықтау, несиеге қатысты жеңілдіктер беру мәселелері нақты көрсетіледі. Экспорттық несиенің осындай ерекшеліктеріне қарай несие алушы елдер үш топқа бөлінген. Ол елдер өзінің кірісі деңгейіне қарай – кірісі төмен, кірісі – орташа, кірісі – жоғары деп аталады. Осыған сәйкес ұлттық кірісі төмен елдерге несие төмен пайыздық ставкамен, ал кірісі жоғары елдерге-жоғары пайыздық ставкамен беріледі. Экспорттық несие алушы елдер осы белгіленген тәртіпті берік ұстауға басты назар аударып отырады. Экспорттық несиенің жалпы көлемі мемлекттердің инвестициялық мүмкіндіктеріне байланысты анықталады. Әлемде 1981 жылы экспорттық несиенің көлемі 17,2 млрд/АҚШ/ доллар болды. Әсіресе, мұнай сататын елдерде басы артық қаржы көп болды. Сондықтан, олар экспорттық несие көлемін ұлғайтуға елеулі үлес қоса алды. Бірақ 80-жылдардың ортасында мұнайдың бағасы халықаралық саудада арзандап, оны сатудан алынатын қаржы мөлшері де азайды. Осының салдарынан Батыс елдерінде қарыз капиталына сұраныс арта түсті. Әсіресе банктер беретін несие көлемі күрт кеміді. Бірақ қаржыға деген сұраныс кеміген жоқ. Көптеген дамушы елдер несие жөнінде қарызды өтей алмау дағдарысына ұшырады. Осындай дағдарыстан шығу үшін, Латын Америкасы елдерінде 90-жылдары инвестицияны тікелей алу, бағалы қағаздар нарқын күшейту шарасы жүргізілді, . Экспорттық несие алушы елдер қарызын қайтарудың түрліше мүмкіндіктерін пайдалану негізінде дағдарыстан шыға бастады, өйткені ол елдер халықаралық банктерден жеңілделілген несие алу, өз өнімдерін сыртқы саудаға көбірек шығару сияқты мүмкіндіктерді пайдаланады. Мұнда ең бастысы әр ел өзінің экономикасын жақсы өркендетудің ішкі өндірістік резервтерін толық пайдалануға күш салды. Осы негізде сыртқы қарыздан құтылудың экономикалық шаралары жүзеге асырыла бастады. несиенің келесідей нысандарын кездестіруге болады: несиенің келесідей нысандарын кездестіруге болады:
Тақырып 7 Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі1 Қаржы нарығы инфрақұрылымындағы банктердің ролі. 2 Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар бойынша операциялары 3 Коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында эмитенттер және инвесторлар ретінде.
. Коммерциялық банк дегенiмiз не және оның мiндетi қандай? Коммерциялық банк нарықтық экономикада несие жүйесiнiң негiзгi буыны.Олардың мiндетi ақша айналымы мен капитал айналымының үздiксiз қозғалысын қамтамасыз ету,өнеркәсiп мекемелерiн,мемлекет пен халықты несиелеу,халық шаруашылығына қор жинау үшiн жағдай жасау болып табылады. Қазiргi коммерциялық банк – бұл тiкелей кәсiп орындарға,ұйымдарға,сондай ақ халыққа қызмет ететiн банiктердi бiлдiредi. Коммерциялық банк деп – бұл жерде Қазақстан республикасындағы екiншi деңгейдегi банктер туралы айтылып отыр. . Коммерциялық банк қандай белгiлерiне байланысты жiктеледi? Коммерциялық банктер мынандай белгiлерiне байланысты жiктеледi 1 Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай: - мемлекеттiк - акционерлiк - жеке - пай қосу арқылы жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк - аралас, шетел капиталының қатысуымен.
2 Операцияларының түрлерiне қарай: - әмбебап, яғни экономиканың балық салаларына бiрдей және кең көлемде банктiк қызмет көрсететiн банктер - Маманданған, яғни бiр ғана салаға қызмет көрсететiн банiктер. 3 Аумақтық белгiсiне қарай: - халықаралық - мемелекетаралық - ұлттық - аймақтық 4 Салалық белгiсiне қарай: - өнеркәсiптiк банктер - сауда банiктерi - ауылшаруашылық банiктерi - құрылыс банктерi - басқа да банiктер 5 Филиалдар санына қарай: - филиалсыз - көп филиалды. . Коммерциялық банк қызмет қалай ұйымдастырылады?. Коммерциялық банiктiң ұйымдастырылу құрылымы банктi басқару құрылымына және оның функциянолдық бөлiмшелерi мен әртүрлi қызметтерiнiң құрылымына бөлiнедi. Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктердiң қызметiне тиiмдi жетекшiлiк етудi қамтамасыз етедi. Банктiң құрылтайшылары басқару органына тiкелей қатысады.
5. Коммерциялық банктер қандай операциялар жұргізеді? Пассивтiк операциялар негiзiнде банктiң ресурстары жинақталады. Сондыктан да пассивтiк операцилардың коммерциялық банктердiң қызметiндегi ролi жоғары. Банк ресурстары пассивтiк операциялар нәтижесiнде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс, қаржы және несие сөздiгiнде пассивтiк операциялар бұл несиелiк және активтiк операцияларды жүзеге асыруға арналған банктiң өз ресурсын құру операциялары делiнедi. Пассивтiк операциялар көмегiмен банктер нарықтан несиелiк ресурстарды сатып алады. Пассивтiк операциялардың мынандай формалары болады - коммерциялық банктердiң бағалы қағазды алғашқы эмиссиялауы. - Банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту немесе құру - басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу - депозиттiк операциялар. Сонымен банктiң ресурстары 2 топқа бөлiнедi 1. Банктiң меншiктi қаражаттары 2.Банктiң тартылған қаражаттары
Банктiң меншiктi қаражаттары - бұл ұзақ мерзiмдi активтерге жұмсалымдардың басты көзi болып табылады Банктiң меншiктi қаражаттары банктiң экономикалық дербестiгiн және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететiн әртүрлi қорлар/ капиталдар/ мен бөлiнбеген пайда жиынтығы. Банктiң меншiктi қаражатына жататындар: - Банктiң жарғылық капиталы - Банктiң резервтiк капиталы - қосымша капиталы және пайда есебiнен құрылған басқа қорлары. - Сақтандыру резервтерi - Бөлiнбеген пайдасы
Банк жарғылық капиталы – банктiң заңды тұлға ретiнде мiндеттi түрде құрылуын және өмiр сүруiнiң экономика негiзiн құрайды. Резервтiк қор – банк қызметiнде пайда болуы мүмкiн зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты. Қосымша капитал – негiзгi құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебiнен және белгiлi мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесiнде құрылады. Арнайы қорлар болса – негiзгi қорларды қайта бағалау негiзiнде, Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесiнде құрылады. Бөлiнбеген пайда – акциялар бойынша дивидендтi төлегеннен кейiн және резервтiк қорға аударғаннан қалған пайданың бөлiгi.
Банктiң тартылған қаражаттары - активтiк операциялар, оның iшiнде, несиелiк операциялардың 90 пайызға жуықтай ресурстарға деген қажетiн қанағаттандырады. Олардың ролi бiршама жоғары тұрады. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысы мен қатар халықтың тұтыну қажетiн қанағаттандырады. Әлемдiк банктiк тәжiрибеден барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсiлдерге байланысты үлкен 2 топқа бөледi 1 - топ депозиттер; 2 - топ депозиттiк емес тартылған қаражат. Тартылған қаражаттар iшiнде ең көп бөлiгiн депозиттер құрайды.Депозиттер банк үшiн бiрден – бiр арзан ресурс көзi болып табылады. Депозит – бұл клиенттердiң, жеке және заңды тұлғаларды, банктегi белгiлi бiр шотқа салған және өздерi пайдалана алатын қаражаттары. Депозиттiк емес тартылған қаражат - бұл банктiң қарыз түрiнде немесе өз меншiктi қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.
Активтiк операциялар – бұл операциялардың көмегiмен банктер өз қарамағындағы ресурстарды пайда табу үшiн және тде өздерiнiң өтемпаздығын қолдануды қамтамасыз ету үшiн орналастырады. - шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге әртүрлi қажеттерiн қанағаттандыру үшiн, қысқа, орта, ұзақ мерзiмдi несие беру. - Халыққа тұтынушылық несие беру, үй құрылысын жүргiзу, пәтер, үй және басқа да ұзақ мерзiмде пайдалануға, мүлiк сатып алу. - құнды қағаздар сатып алуға несие беру - Лизингiлiк операцияға несие беру - Факторингiлiк операцияларға несие беру - Басқа банктерге несие беру, банк аралық несие
7. Коммерциялық банктердiң басқа да қаржылық қызметтерi Лизингтiк операциялар, «лизинг» ағылшын тiлiнен аударғаннннда жалға беру деген ұғымды бiлдiредi, лизингтiк операция деп - ұзақ мерзiмде пайдаланылатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль,компьютерлердi) жалға берудi айтады. Лиззинг бiрнеше қызмет атқарады 1. Ол келесi қорларға ақша жұмсау, яғни қаржылардың формасы; 2. Бұл өндiрiстi жаңа құрал - жабдықпен, алдыңғы техниикамен материалды - техникалық қамтамасыз етудiң анағұрлым прогресивтi формасы. Лизингтiк мәмiледе 3 қатысушы болады: Олардың өзра қатынастары мәмiлемен реттеледi: 1. қатысушы мүлiк иесi ( лизинг берушi) 2. мүлiктi пайдаланушы (лизинг алушы) 3. Мүлiктi сатушы. Коммерциялық банкткрдiң басқа да қаржылық қызметтерi
8. Лизинг түрлерi. Жедел лизинг - анағұрлым қысқа мерзiмге берiледi. Оның объектiсi болып моральдiк тозу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал жабдықтар табылады Каржылық лизинг – анағұрлым ұзақ мерзiмге берiледi. Ол мерзiм машиналар мен құрал жабдықтардың амортизациялық тозу мерзiмiмен сәйкес келедi. Бұл жерде мәмiле аяқталмай, күшiн тоқтата алмайды, онда мүлiктi лизинг алушы мен сатып алушы мүмкiндiгi көрсетiлген. Қалдық құны бойынша лизинг – пайдалануда болған құрал жабдықтарды жалға беру,сондықтан лизинг объектiсi бастапқы құнымен емес, қалдық құны бойынша бағаланған. Лизингтiк бизнестiң дамуы үшiн лизингке берiлетiн арнайы лизингтiк компаниялар құрылады, олардың негiзгi қаражат көзiне құрал жабдықтарды сатып алу үшiн берiлетiн банктiк несиелер жатады. Факторингтiк операциялар – клиентпен төленбеген қарыздың талаптар, счет факторлар, векселдер, бойынша төлемдi талап ету құқын басқа банкiге беру. Факторинг мәнi – банктер өз клиенттерiнен төлем – құжаттарды, олардың дебиторлардың қарызын, пайыздық сыйақы үшiн сатып алу.
9.Коммерциялық банк ресурстарының ұғымы және құрылымы. Банк ресурстары – бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталған банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы. Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстардың құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік кпиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асығаны үшін алынған тауарлы – материалды құндылықтар жатады. Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануына, әмбебаптығы мен қызметінің ерекшелігіне қарай ерекшеленеді. Банк ресурсының құрылымына мыналар жатады: 1) Банктің меншікті капиталы; 2) Банктің заемдық және тартылған қаражаттары. Банк ресурсының құрылымындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға деген қажеттілігінің 10 % - ға жуық бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.
10.Коммерциялық банктің меншікті капиталы:көздері мен қызметтері. Коммерциялық банктің меншікті кпиталының рөлі мен шамасы басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банктік қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимараттар, құрал – жабдықтар, жалақыға жұмсалған және т.б. жабылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі. Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық Банкте ашылатын корреспонденттік шотта көрсетіледі. Бұл активті шот, сондықтан да дебеті бойынша ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі. Банктің меншікті капиталы - бұл банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрған банктің әртүрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы. Қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптардан тұрады: - жарғылық капитал, - меншікті капитал, қосымша капитал, - банк операциялары бойынша тәуекелдікті төмендету мақсатында құрған қорлар (резервтер), - бөлінбеген банк пайдасы.
11. Банктің тартылған қаражаттары. Банк ресурсының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады. Банктік тәжірибеде барлық тартылған қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі: - депозиттік қаражаттар; - депозиттік емес тартылған қаражаттар. Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден – бір арзан ресурс көзі болып табылады. Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері падалана алатын қаражаттары. Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тартылған қаражаттары. Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды, екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туады. Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.
Бақылау сұрақтары 1. Коммерциялық банк туралы не білесіз? 2 Коммерциялық банк дегенiмiз не және оның мiндетi қандай? 3 Коммерциялық банк қандай белгiлерiне байланысты жiктеледi? 4 Коммерциялық банк қызметiн ұйымдастыру. 5Коммерциялық банктердiң операциялары - банктiң пассивтiк операциялары. 6 Банктердiң активтiк операцияларына не жатады? 7 Коммерциялық банктердiң басқа да қаржылық қызметтерi қандай? 8 Лизинг түрлерi қандай? 9 Коммерциялық банк ресурстарының ұғымы және құрылымы туралы не айтала аласыз? 10 Коммерциялық банктің меншікті капиталы: көздері мен қызметтері. 11 Банктің тартылған қаражаттарына не жатады?
содержание .. 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 ..
|
|
|