Жедел жағдайлар кезінде қызметкерлер корпоративтік
 

  Главная      Учебники - Право Казахстана     Статьи на казахском языке - часть 3

 поиск по сайту

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  113  114  115  116  117  118  119  120  .. 

 

 

 

 

Корпоративтік төлем карточкаларды қолданудың пайдалылығы:
1.Уақытты үнемдеу:
Іс сапарды хаттаумен байланысты құжат айналымын айтарлықтай азайтады;
POS – терминал арқылы карточкалық шотқа ақша аударымын тездетеді (15 мин);
2. Бақылау:
Кредиттік лимтті белгілеу мүмкіндігі;
Ай сайын карточкалық шот бойынша көшірмелер алу;
Әр қызметкрлерге жеке шығын лимтін белгілеу мүмкіндігі;
Карточкалық шотты қолдану кезеңінде операция түрлерін азайту мүмкіндігі;
3. Ыңғайлылық:
Жедел жағдайлар кезінде қызметкерлер корпоративтік карточкаларды қолдана алады;
Компанияның ағымдық төлемдердің процедураларын жүзеге асырудың жеңілдетілуі;
Мемлекеттік бюджетке төлемдерді және кеден төлемдерін төлеу процедураларын жеңілдетеді;
Пластикалық карточкалардың артықшылықтары:
Үлкен таңдау. Сіз төлем жай «электрондық» карточкадан – мәртебелі «алтын» карточкаға дейінгісін аша аласыз;
Жаңа ұсыныстар мен мүмкіндіктер. Коммерциялық банктер төлем карточкаларының иелеріне арналып жасалған жаңа бағдарламаларды Visa карточкалары клиенттердің сұраныстарына және халықаралық жоғары стандарттарға жауап беретін жаңа өнімдер мен қызметтердлі ұсынуға дайын. Коммерциялық банктер төлем карточкаларының иелеріне көтермелеудің түрлі жүйелерін және өмірлеріңізді ыңғайлы да тартымды ететін көптеген басқа да қызықты ұсыныстарды енгізуді қарастырып отыр;
Қазіргі заман легіндегі төлем карточкалар. Коммерциялық банктер өз клиенттеріне VSDC (Visa Smart Debit Credit) технологиясына негізделген қазіргі заман легіндегі төлем карточкаларын ұсынады. Visa карточкалары ең жоғарғы талаптарды қанағаттандырады: пайдаланудың өте қолайлығы және өнімді кеңінен қолдану мүмкіндігі, сондай – ақ уақыт және жері бойынша шекетелмеген қаражатқа кіру. Коммерциялық банктер клиенттерінің карточкалық шоттарын қорғауға арналған бақылау механизмдерін енгізуге мүмкіндік береді;
Халықаралық деңгейде танылу. Коммерциялық банктер Visa халықаралық карточкаларының иесі болуды және әлемнің кез келген елінде Visa логотипі бар барлық сауда – сервистік кәсіпорындарда тауарлар мен қызметтер үшін қорлма – қол ақшасыз ақы төлеу мүмкіндігін ұсынады. Бұдан басқа карточкалық шотыңыз болса, сіз барғани еліңізде валютада теңге немесе АҚШ долларының қолма – қол ақша ала аласыз;
Қарапайымдылық пен ыңғайлылық. Коммерциялық банктер төлем карточкасына қатысты сізде, бар борлғаны қолма – қол ақшаны алумен, сақтаумен және аударумен байланысты мәселе туындамайтын болады. Сізге шет елге кетерде карточкалық шоттағы ақшаны мәлімдеудің керегі де жоқ;

Visa төлем карточкаларының пайдасына бірнеше салмақ дәлелдер:
Күллі әлем бойынша банктерді біріктіретін Visa International ғаламдық төем жүйесінің микропроцессорлық карточкаларының 68 миллион иесінің бірі болуға мүмкіндік;
Visa карточкалары әлемнің түрлі елдерінде 30 миллион сауда нүктесінде қабылданады;
Visa карточкаларын әр әлемнің түрлі елдеріндегі 820000 банкомет пен 410000 банк бөлімшелері қабылдайды;
Қажеттілікке қарай ақшалай қаражатты қарызға алу мүмкіндігі;
Ай сайынғы көшірмелер жеке қаражатты бюджеттеу мен қаржылық бақылауды жеңілдетеді;
Ыңғайлы, жеке қаражатыңызға тәулік бойы қол жеткізуінізді қамтамасыз етеді;
Шотыңызға бекітілп берілген қосымша карточкалар, жанұя мүшелеріне арналған және банктің көрсететін өзге де арнайы қызметтері;
Карточка қолма – қол ақшадан гөрі қауіпсіздеу;
Авиабилетті, қонақ үйдегі бөлмені күні бұрын алып қою және автокөлікті жалға алу үшін Visa карточкасын пайдаланыңыз;
Қауіпсіздік шаралары:
Карточкаңызға ұқыпты қараңыз. Карточканы пайдалануға құқығы бар жалғыз тұлға болып табыласыз және жүргізілетін барлық опреациялар үшін жауаптылықта боласыз. Карточкаңызды ешқандай жағдайда үшінші тұлғаға беруге болмайды. Карточкаға бөгде адамдардың қолы жетуіне жол бермеу, оны қауіпсіз жерде сақтаңыз. Бөгде адамдардың карточка нөмірін және қолтаңбаңыздың үлгісін түсіріп жаза алатын жерде карточкаңызды қалдырмаңыз;
Сатып алған заттарыңызға ақыны төлем карточкаңызбен төлей отырып, онымен барлық операциялардың өзіңіздің қатысуыңыз арқылы іске асырылуына ұмтылыңыз. Сатушының карточкаңызды басқа үй – жайға алып кетуіне рұқсат етпеңіз және оны көз алдыңыздан кетіріп алмаңыз;
Чектерді сақтаңыз және карточкалық шот бойынша көшірмесімен салыстырыңыз. Егер көшірмедле есіңізде жоқ төлем жазылған болса немесе қандай да болмасын басқа сәйкестіксіз пайда болса, банкпен дереу байланысыңыз;
Сатып алудан бас тартсаңыз немесе чекті рәсімдеу кезінде қателер жіберілген болса, онда бөлінген чекті өзіңіздің көзінізше жоюды сұраңыз, ал екінші данасын өзіңізбен бірге алып, бір ай ішінде сақтаңыз;
Отбасыңыздың мүшелерінің қосымша карточкаларды қолданғанын бақылаңыз. Карточкаңыз бойынша және қосымша карточкалар бойынша жүргізілген барлық опреациялар бойынша сіз толық жауаптылықта боласыз;
Төлем карточкаңыз жоғалған немесе ұрланған кезде бұл туралы дереу хабарлаңыз. Сізге рұқсат берілмеген пайдаланушының жүзеге асырған транзакциялары үшін жауапкершілік жүктелуі мүмкін. Сондықтан, егер сіз төлем карточкаңызды жоғалтып алсаңыз немесе оны ұрлап алса, банкпен дереу байланысыз;
Төлем карточкаңызхдың барлық нөмірлері және банктің байланыс телефонын шұғыл жағдай үшін жазып алыңыз;
ПИН – кодыңыз өзіңізге ғана белгілі болуы тиіс. ПИН – кодыңызды басқа адмға соның ішінде, банк қызметкерлеріне ешуақытта тапсырмаңыз. ПИН – кодыңызды жұртқа жаю мен басқаға беруді сізден талап етуге ешкімнің құқығы жоқ. Оны естеи қалдырыңыз және қандай да болмасын қосалқы таңбаларсыз жазып қойыңыз және мүмкіндігінше өзіңіз қолыңыз жететін жерде сақтаңыз. Жазылған жеке теңдестіру нөмірді (ПИН – код) төлем карточкасымен бір жерде ешуақытта сақтамаңыз;
Карточка операция жүргізу кезінде ПИН – кодын енгізу сәтінде ПИН – кодыңыздың бөгде адамға белгілі болып қалмауын қадағалаңыз;





 

 

 

 

 

 

 

 

содержание   ..  113  114  115  116  117  118  119  120  ..