|
|
содержание .. 40 41 42 43
2.2. Ақша айналысы заңы
Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол - тауар – ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ақшан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар байланысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері (А мөлш.) екі факторға біріншіден, бір кезеңде, болуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына (Стб); екіншіден ақша айналымының жылдамдығына (А жылд.) байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:
Ақша айналысы заңының мәні – ақшаның айналыс құралы қызметін орындауы үшін қажетті ақша мөлшері сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысы бір аттас ақша өлшемінің айналым санына бөлгенге теңесуі керек. Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тизігеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды. Қорытындысында, айналыстағы ақша мөлшерін анықтаушы заң мынадай формуламен өрнектеледі:
Онда: А мөлш. – айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріне қажет ақша мөлшері; - 25 - Стб – сатылуға тиіс тауарлар бағасының сомасы; Стбн – несиеге сатылған тауарлар бағатының сомасы; Ст – қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төленетін сома; Сө - өзара өтелетін талаптар мен міндеттемелердің сомасы; Ақ – ақша қоры; Ажылд. – айналыс құралы және төлем құралы қызметіндегі ақша айналымының орталық саны. Осы теңдіктегі ел экономикасында сатылған тауарлардың бағасынан айналыста әлдеқайда кем ақша массасының жүруінің себебі төлемеушілік проблемасының болуынан. Сол кезде Ст мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстан және басқа да директивалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік проблемасы жай ақша массасын ұлғайтумен шешіледі дегенді көрсетпейді. Айналысқа қажетті ақша мөлшері өндірістің даму жағдайларына әсер ететін көп факторларға байланысты өзгереді: айналыстағы тауарлар мөлшеріне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейіне және т.б. айналысқа қажетті ақша мөлшері ақша айналысының жылдамдығына кері пропроционалды өзгереді. Ал ақша айналысына әсер етеді. Ақша айналымының екі жағының бірлігі, олардың бір формасының екіншісіне алмасуы қажет етеді. Себебі ақша массасы ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім арасында және белгілі бір күнге ақша айналымының сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс – шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Ақша массасының нақты құрамы әр мемлекеттің өзіне тән ақша несие жүйесімен анықталады.
содержание .. 40 41 42 43
|
|
|