СП РК 3.02-131-2012 ЗДАНИЯ И СООРУЖЕНИЯ ДЛЯ ХРАНЕНИЯ И ПЕРЕРАБОТКИ С/Х ПРОДУКЦИИ (ҚР ЕЖ 3.02-131-2012) - 1

 

  Главная      Книги - Разные     СП РК 3.02-131-2012 ЗДАНИЯ И СООРУЖЕНИЯ ДЛЯ ХРАНЕНИЯ И ПЕРЕРАБОТКИ С/Х ПРОДУКЦИИ (ҚР ЕЖ 3.02-131-2012)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

   

 

   

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

 

СП РК 3.02-131-2012 ЗДАНИЯ И СООРУЖЕНИЯ ДЛЯ ХРАНЕНИЯ И ПЕРЕРАБОТКИ С/Х ПРОДУКЦИИ (ҚР ЕЖ 3.02-131-2012) - 1

 

 

 

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс 
саласындағы мемлекеттік нормативтер 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ 
 
Государственные нормативы в области 
архитектуры, градостроительства и строительства 
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

 
 

 
 
 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН  
САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУГЕ АРНАЛҒАН 

ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАР 

 
ЗДАНИЯ И СООРУЖЕНИЯ 
ДЛЯ ХРАНЕНИЯ И ПЕРЕРАБОТКИ  
СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННОЙ ПРОДУКЦИИ 
 

 

ҚР ЕЖ 3.02-131-2012 
СП РК 3.02-131-2012 

 
 
 
 
 

Ресми басылым 
Издание официальное 

 

 
 
 
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер 
ресурстарын баcқару комитеті 

 

Комитет по делам строительства, жилищно-коммунального 
хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства 
национальной экономики Республики Казахстан 
 
 
 

 

Астана 2015 

 

 

ҚР ЕЖ 3.02-131-2012 
СП РК 3.02-131-2012 

II 

АЛҒЫ

 

СӨЗ 

1

 

ӘЗІРЛЕГЕН: 

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ, «НТЦ» ЖШС 

2

 

ҰСЫНҒАН: 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері 
және жер ресурстарын басқару комитетінің Техникалық 
реттеу және нормалау басқармасы 

 

3

 

БЕКІТІЛІП,

ҚОЛДАНЫСҚА
ЕНГIЗІЛДІ:

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері 
және жер ресурстарын баcқару комитетінің 2014 жылғы 
29-желтоқсандағы                № 156-НҚ бұйрығымен 2015 
жылғы 1-шілдеден бастап 

ПРЕДИСЛОВИЕ 

АО

1

 

ПОДГОТОВЛЕН:  

      

АО

 «КазНИИСА», ТОО «НТЦ» 

2

 

ПРЕДСТАВЛЕН: 

Управлением технического регулирования и нормирования 
Комитета  по делам строительства, жилищно-
коммунального хозяйства  и управления земельными 
ресурсами Министерства национальной экономики  
Республики Казахстан 

3

 

УТВЕРЖДЕН 

И

 

ВВЕДЕН

 

В

ДЕЙСТВИЕ: 

Приказом Комитета по делам строительства, жилищно-
коммунального хозяйства и управления земельными 
ресурсами Министерства национальной экономики 
Республики Казахстан от «29» декабря 2014 года  
№ 156-НҚ с 1 июля 2015 года 

Осы  мемлекеттік  нормативті  Қазақстан  Республикасының  сәулет,  қала  құрылысы 

және  құрылыс  істері  жөніндегі  уәкілетті  мемлекеттік  органының  рұқсатысыз  ресми 
басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды 

Настоящий  государственный  норматив  не  может  быть  полностью  или  частично 

воспроизведен,  тиражирован  и  распространен  в  качестве  официального  издания  без 
разрешения  уполномоченного  государственного  органа  по  делам  архитектуры, 
градостроительства и строительства Республики Казахстан 

ҚР ЕЖ 3.02-131-2012 

III

 

МАЗМҰНЫ 

 

КІРІСПЕ ....................................................................................................................................... IV 
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ ................................................................................................................ 1 
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ............................................................................................... 2 
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР .................................................................................... 2 
4 ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ 
ҚАТЫСТЫ ҚОЛАЙЛЫ ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ШЕШІМДЕР  ......................................................... 4 
4.1 Ғимараттардың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз ету бойынша 
ұсынылатын көлемдік-жоспарлық және конструкциялық шешімдер  .................................... 4 
4.2 Ғимараттар мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігін, гигиена және адам денсаулығын 
қорғау талаптарын қамтамасыз етуге қатысты құрылыстық шешімдер   ............................... 6 
4.3 Пайдалануға жарамдылықты және пайдалану кезіндегі қолжетімділікті қамтамасыз 
етуге қатысты қолайлы шешімдер   ............................................................................................. 7 
4.4 Энергияның үнемделуін, жылу шығынының азаюын және табиғи ресурстардың 
ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін ұсынылатын шешімдер  ................................ 9 
5 ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРДЫҢ ҚОЛАЙЛЫ ЖЫЛУ-ТЕХНИКАЛЫҚ 
ШЕШІМДЕРІ  .............................................................................................................................. 10 
5.1 Табиғи конвекция жағдайларындағы жылу алмасу  .......................................................... 11 
5.2 Желдетілетін қабат болған жағдайда, сыртқы қабырғаның ішкі беті тұсындағы 
жылу алмасу  ................................................................................................................................ 12 
5.3 Сақтауға арналған үй-жайлардың технологиялық жылытылуы  ..................................... 14 
5.4 Желдету жүйелері ................................................................................................................. 15 
5.5 Жылумен өңдеуге арналған жабдықтың қуаттылығы (пиязды жылумен өңдеу 
мысалында) .................................................................................................................................. 18 
5.6 Қоршау конструкцияларының жылу берілуіне кедергісі  ................................................. 20 
5.7 Жылыту үшін қажетті жылудың ұсынылатын мөлшері  ................................................... 20 
5.8 Қысқы (күзгі) және жазғы мезгілдердегі ауа алмасу  ........................................................ 24 
5.9 Жылыту мен желдетудің ұсынылатын режимдерін қамтамасыз ететін инженерлік 
іс-шаралар  ................................................................................................................................... 26 
А ҚОСЫМШАСЫ (ақпараттық) Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау кезінде ауаның 
таралу жүйелерінің ұсынылатын сипаттамалары  ................................................................... 29 
Б ҚОСЫМШАСЫ (ақпараттық) Өнім үйіндісінің гидравликалық кедергісі, Па ................. 35 
В ҚОСЫМШАСЫ (ақпараттық) Қазақстан Республикасының елді мекендері үшін (1) 
және (2) формулаларындағы коэффициенттердің мәндері   ................................................... 36 
Г ҚОСЫМШАСЫ (ақпараттық) Жылу мен ылғал бөлулердің және өнімнің үйме 
салмағының есепті мәндері ........................................................................................................ 37 
Д ҚОСЫМШАСЫ (ақпараттық) Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта 
өңдеуге арналған ғимараттар мен құрылыстардың ұсынылатын конструкциялық 
схемалары және көлемдік-жоспарлық шешімдерінің мысалдары ......................................... 38 
Е ҚОСЫМШАСЫ (ақпараттық) Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау схемалары  ......... 41 
БИБЛИОГРАФИЯ ....................................................................................................................... 43 

 

 

ҚР ЕЖ 3.02-131-2012 

 

IV

 

КІРІСПЕ 

 

Ережелер 

жинағы 

Қазақстан 

республикасының 

ережелер 

жинағы                               

ҚР  ҚН  3.02-31-2011  талаптарына  сәйкес,  Қазақстан  Республикасы  техникалық 
регламенттері  мен  құрылыс  нормаларының  міндетті  талаптарын  орындауға  мүмкіндік 
беретін  техникалық  шешімдерді  регламенттейтін  нормативтік  құжаттар  жүйесі  аясында 
әзірленген.  

Ережелер жинағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған 

ғимараттар  мен  құрылыстардың  жұмыс  сипаттамаларының  қолайлы  шешімдерінің 
деңгейлерін және ең төменгі параметрлерін белгілеуге мүмкіндік береді.  

ҚР ЕЖ 3.02-131-2012 

СП РК 3.02-131-2012 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ 

СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН              

___________________________________________________________________________ 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН САҚТАУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ӨҢДЕУГЕ 

АРНАЛҒАН ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАР 

 

ЗДАНИЯ И СООРУЖЕНИЯ ДЛЯ ХРАНЕНИЯ И ПЕРЕРАБОТКИ 

СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННОЙ ПРОДУКЦИИ 

_____________________________________________________________________________ 

Енгізілген күні 

 2015-07-01

 

 

1

 

ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 

 

1.1

 

Осы  ережелер  жинағы  жыл  бойы  және  маусымдық  түрде  өндірілетін    ауыл 

шаруашылығы  өнімдерін  сақтау  мен  қайта  өңдеуге  арнап  салынатын  және  қайта 
құрылатын ғимараттар мен құрылыстарды жобалауда қолданылады.  

Аталған ғимараттар мен құрылыстарға:  
- көкөністерді, картопты, жеміс шаруашылығы және жүзім шаруашылығы өнімдерін 

сақтауға (өнімдерді тауарлық өңдеуді қоса алғанда) және қайта өңдеуге арналған; 

-  сүтті,  етті,  құсты,  жүн  мен  теріні,  майлы  және  тінді  дақылдарды  бастапқы  қайта 

өңдеуге арналған және т.б. ғимараттар мен құрылыстар жатады. 

1.2  Осы  ережелер  салқындатып  сақтайтын  ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  сақтауға 

арналған ғимараттар мен құрылыстарды (камераларды) жобалауда қолданылмайды.  

 

2

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 

 

Осы ережелер жинағын қолдану үшін келесі сілтемелік нормативтік құжаттар қажет: 
«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті. 
«Ғимараттар  мен  құрылыстардың,  құрылыс  материалдары  мен  бұйымдарының 

қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті. 

ҚР  ҚН  3.02-31-2011  Ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  сақтау  мен  қайта  өңдеуге 

арналған ғимараттар мен имараттар.  

ЕСКЕРТПЕ  Осы  ережелер  жинағын  пайдалану  кезінде  ағымдағы  жылдағы  ахуал  бойынша 

«Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарының көрсеткіші», «Стандарттау 
жөніндегі  мемлекетаралық  нормативтік  құжаттардың  көрсеткіші»,  «Қазақстан  Республикасы  аумағында 
қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік-
техникалық  актілердің  тізімі»  атты  жыл  сайын  басып  шығарылатын  ақпараттық  көрсеткіштер  бойынша 
сілтемелік  стандарттар  мен  нормативтік  құжаттардың  қолданылуын  тексеру  мақсатқа  сай  болады

Егер 

сілтемелік құжат ауыстырылған (өзгертілген) болса, онда осы нормаларды пайдалану кезінде ауыстырылған 
(өзгертілген)  құжатты  басшылыққа  алу  қажет.  Егер  сілтемелік  құжат  ауыстырылмастан,  алып  тасталған 
болса, онда оған сілтеме жасалатын ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады. 

 

_____________________________________________________________________________ 

Ресми басылым 

ҚР ЕЖ 3.02-131-2012 

 

2

 

 

3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР 

 
Осы  ережелер  жинағында  тиісті  анықтамалары  берілген  келесі  терминдер 

қолданылады:  

3.1

 

Қауіпсіз  жағдайлар 

(адамның  тіршілік  етуі  үшін):

 

Мекендеу  ортасының 

факторлары  адамға  шамадан  тыс  зиянды  ықпал  ететін  тәуекелдерге  жол  берілмейтін 
жағдайлар. 

3.2

 Желдету: 

Тәулік  бойы  жұмыс  істегенде  –  жылына  400  сағат  және  күндізгі 

уақытта  бір  ауысымдық  жұмыс  істеу  кезінде  жылына  300  сағат  орташа 
қамтамасыздандырылмау  жағдайында    қызмет  көрсетілетін  немесе  жұмыс  аймағындағы 
ауаның  сапасын  және  рұқсат  етілетін  микроклиматты  қамтамасыз  ету  мақсатында 
жылудың,  ылғалдың,  зиянды  және  басқа  да  заттардың  артық  мөлшерін  жою  үшін  үй-
жайлардағы ауаны алмастыру.  

3.3 

Ғимараттағы  қосымша 

жылу 

бөлінулері

:

 

Ғимараттың 

үй-жайларына 

адамдардан,  ауыл  шаруашылығы  өнімдерінен,  қосулы  энергия  тұтыну  аспаптарынан, 
жабдықтан,  электр  қозғалтқыштарынан,  жасанды  жарықтандырудан  және  т.б.,  сондай-ақ 
ішке енетін күн радиациясынан берілетін жылу. 

3.4

 Ғимарат: 

Адамдардың  өмір  сүруіне,  жүріп-тұруына  және  (немесе)  жұмыс 

істеуіне,  өндірістерді  орналастыруға,  өнімді  сақтауға  немесе  жануарларды  ұстауға 
арналған  үй-жайлары  бар

 

жер  үсті  бөлігінен  және,  қажет  болған  жағдайда,  жер  асты 

 

бөлігінен тұратын құрылыстық үй-жай.  

3.5

 

Индивидуалды  жылумен  жабдықтау  жүйесі: 

Селолық  және  қалалық 

қоныстардағы  бір  пәтерлі  және  бөліктелген  тұрғын  үйлерді,  қоймалық,  өндірістік  үй-
жайларды және қоғамдық мақсаттағы үй-жайларды жылумен жабдықтау жүйесі.

  

3.6

 Жылу  өткізгіштік  коэффициенті

  (

),Вт/(м



С):

 

Бірге  тең  температуралық 

градиентте  изотермиялық  бет  ауданының  бірлігі  арқылы  уақыт  бірлігі  ішінде  берілетін 
жылу мөлшері. 

3.7

 Механикалық  қауіпсіздік: 

Ғимараттың,  құрылыстың  немесе  олардың  бір 

бөлігінің  бұзылуы  немесе  орнықтылығын  жоғалтуы  салдарынан  адамдардың  өмірлеріне 
немесе  денсаулықтарына,  мүлікке,  қоршаған  ортаға,  жануарлар  мен  өсімдіктердің 
өмірлері мен денсаулықтарына зиян келтірілуімен байланысты тәуекелге жол берілмейтін 
ғимараттың немесе құрылыстың жай-күйі.  

3.8

 Көп қабатты ғимарат: 

Екі және одан көп қабаттан тұратын ғимарат.

  

3.9

 Жылыту: 

Жылу  ысыраптарының  орнын  толтыру  және  нормаланатын 

температураны  ұстап  тұру  үшін  жылдың  суық  мезгілінде  үй-жайды  жасанды  жолмен 
жылыту.  

3.10

 

 

Өрт  қауіпсіздігі: 

Өрттің  шығуы  мен  өршуінің,  сондай-ақ  адамдарға,  мүлікке 

және  қоршаған  ортаға  өрттің  қауіпті  факторларының  шамадан  тыс  ықпал  етуінің 
тәуекеліне жол берілмейтін ғимараттың немесе құрылыстың жай-күйі.  

3.11

 

Үй-жай: 

Белгілі  бір  мақсатта  қолданылатын  және  барлық  жағынан  құрылыс 

конструкцияларымен шектелген ғимарат немесе құрылыс көлемінің бір бөлігі.  

ҚР ЕЖ 3.02-131-2012 

3

 

3.12

 Есепті 

жылу 

өткізгіштік

:

 

Температурасы, 

ылғалдылығы, 

монтаждық 

тығыздалуы  және  жылу  оқшаулау  конструкциясында  жіктердің  болуы  есепке  алынатын 
пайдалану  жағдайларындағы  жылу  оқшаулау  материалының  жылу  өткізгіштік 
коэффициенті. 

3.13

 

Қызмет  ету  мерзімі: 

Құрылыс  объектісін  ары  қарай  пайдалануға  болмайтын 

немесе мақсатқа сай емес болатын күйге дейін қалыпты пайдалану ұзақтығы.  

3.14

 

Құрылыстық  модуль  (М): 

Құрылыс  бұйымдары  мен  конструкцияларын 

Бірыңғай  модульдік  жүйе  (БМЖ),  яғни  ғимараттар  мен  олардың  элементтері 
өлшемдерінің бірыңғай модульге қалдықсыз бөлінуі негізінде осы өлшемдерді үйлестіру 
ережелерінің жиынтығы негізінде бірыңғайландырады. Негізгі модуль (М) 100 мм-ге тең 
болып  қабылданған.  Сондай-ақ  өндірістік  модульдер  (ӨМ)  –  ірілендірілген  (60М,  30М, 
15М, 12М, 6М, 3М, 2М) және бөлшекті (М/2, М/5, М/10, М/20, М/50, М/100) модульдер 
бар.  

3.15 

Ғимараттың  жылу  қорғанысы: 

Үй-жайлардағы  ауаның  мүмкін  болатын 

шектерден  аспайтын  алмасуын  есепке  ала  отырып,  ғимараттың  жылу  энергиясын  (жылу 
келуін) шығындауының берілген деңгейін, сондай-ақ олардың ауа өткізгіштігін және оның 
үй-жайлары  микроклиматының  оңтайлы  параметрлерінде  қатты  дымқылданудан 
қорғалуын  қамтамасыз  ететін,  ғимараттың  сыртқы  және  ішкі  қоршау  конструкциялары 
жиынтығының жылу қорғау қасиеттері. 

3.16

 

Жылу генератоpы: 

Тұтынушыға жіберілетін жылу тасымалдағышты қыздыру 

үшін  отынның  жануы  кезінде  бөлінетін  немесе  электр  энергиясының  түрленуі  есебінен 
түзілетін жылу пайдаланылатын жылу көзі.

 

3.17

 

Жылдың  жылы  мезгілі: 

Сыртқы  ауаның

 

+10  (8)

С-тан  жоғары  орташа 

тәуліктік температурасымен сипатталатын жыл мезгілі.

  

3.18

 

ЖЭО: 

Жылу мен электр энергиясын құрамдастыра отырып шығаруға арналған 

жылу электр орталығы. 

3.19

 

 

Қоршау конструкциясының жылу беруге шартты кедергісі

: Саны жағынан 

жылу-техникалық  әркелкіліктері  жоқ  шартты  қоршау  конструкциясының  жылу  беруге 
келтірген кедергісіне тең болатын физикалық шама. 

3.20

 

Жылдың  суық  мезгілі: 

Сыртқы  ауаның  +10  (8)

С-қа  тең  және  одан  төмен 

орташа тәуліктік температурасымен сипатталатын жыл мезгілі. 

3.21

 

Пайдалану: 

Ғимараттың немесе үй-жайдың пайдаланушылық сипаттамаларын 

және  қауіпсіздік  дәрежесін  қажетті  деңгейде  ұстай  отырып,  оны  мақсатты  түрде 
пайдалану үдерісі.  

 

4 ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ 

ЕТУГЕ ҚАТЫСТЫ ҚОЛАЙЛЫ ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ШЕШІМДЕР  

 
4.1 Ғимараттар мен имараттардың сенімділігі мен орнықтылығын қамтамасыз 

ету бойынша ұсынылатын көлемдік-жоспарлық және конструкциялық шешімдер  

4.1.1

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар 

мен құрылыстар өмірлік циклының барлық кезеңдерінде 3.02-31 ҚР ҚН және «Ғимараттар 
мен  құрылыстардың,  құрылыс  материалдары  мен  бұйымдарының  қауіпсіздігіне 

ҚР ЕЖ 3.02-131-2012 

 

4

 

қойылатын  талаптар»  техникалық  регламентінің  талаптарына  сәйкес  қауіпсіздік 
талаптарына жауап берулері тиіс.  

4.1.2

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар 

мен құрылыстарды: 

- бір қабатты; 
- жоспарда тік бұрышты; 
-  ені  мен  биіктігі  бірдей  қанаттары  қатарласа  орналасқан  етіп  жобалау  ұсынылады 

[11,13]. 
        4.1.3

 

Ғимараттар  мен  құрылыстардың  ұсынылатын  конструкциялық  схемалары  мен 

көлемдік-жоспарлық шешімдерінің мысалдары

 

Д қосымшасында келтірілген.

 

        4.1.4

 

Қолданылатын құрылыс конструкциялары, ықтимал қауіпті ықпалдарды есепке 

ала  отырып,  төзімді  және  сенімді,  сондай-ақ  [1]  сәйкес  тиісті  есептермен  расталған 
үдемелі бұзылуға берік болулары тиіс.  

 

 

 

 

 

1-сурет 

– Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар 

мен құрылыстардың үлгілік конструкциялық схемалары. а – тіреу-бөренелік қаңқа; б –

рамалық қаңқа;  в – аралас қаңқа; г – қаңқасыз схема;  1 – іргетас; 2 – баған; 3 – бір жағы 

құламалы жабын арқалығы; 4 – үш бұрышты қиғаштап қойылған тірексіз ферма; 5 – 

жабын тақталары; 6 – қабырғалық панельдер; 7 – күш түсетін рамалар; 8 – таспалы 

іргетас; 9 – күш түсетін қабырғалар;10 – екі жағы құламалы арқалық; 11 – темір-бетон 

сырғауылдар; 12 – шатыр; 13 – ағаштан жасалған шатыр тіреушілер. 

4.1.5

 

Күш  түсетін  конструкцияларды  [2]  сәйкес  жүктемелердің  ықпалына  есептеу 

ұсынылады.  

ҚР ЕЖ 3.02-131-2012 

5

 

4.1.6

  

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған бір қабатты 

ғимараттарды жобалау кезінде, қағида бойынша, келесі параметрлер қабылданады: 

-

 

қанаттары – 12 және 18 м; 

-

 

бағандарының  қадамы  –  6  м,  шеткі  қатарларда  қадамын  3  м-ден  жасауға  болады 

(өнімдер  үйілген  күйде  сақталатын  секциялардың,  қамбалардың,  тұқым  қорын  сақтауға 
арналған секциялардың шекаралары бойында); 

-

 

үй-жайлардың  биіктігі  (еденнен  тірекке  сүйенген  жабынның  күш  түсетін 

конструкцияларының төменгі жағына дейін) 3,6; 4,8 және 6 м, жемістер мен көкөністерді 
контейнерлерде сақтауға арналған ғимараттарда 7,2 м биіктікке рұқсат беріледі [10]. 

4.1.7

 

Қанаттары  екі  өзара  перпендикуляр  бағытта  орналасатын,  сондай-ақ 

қанаттарының ені мен биіктігі әр түрлі ғимараттар мен құрылыстарды тек технологиялық 
үдерісті  жүргізу  мен  тиісті  жабдықты  орнатудың  қажеттігі  негізделген  жағдайда  ғана 
жобалау мақсатқа сай болады.

  

4.1.8

 

Бір  бағыттағы  шектес  қанаттардың  арасындағы  биіктік  ауысымдарын  6М 

модуліне  қалдықсыз  бөлінетіндей  қабылдау  қажет.  Көп  қанатты  ғимараттардың  бір 
бағыттағы  қанаттары  арасында  биіктіктердің  1,2  м-ден  аз  мөлшерде  ауытқуының 
болмағаны дұрыс.  

4.1.9

 

Көп қабатты ғимараттар мен құрылыстарды жобалау кезінде: 

-

 

қанаттарын – 6 м; 

-

 

жоғарғы қабаттың жабынындағы қанаттарын – 12 м және 18 м; 

-

 

бағандардың қадамын – 6 м; 

-

 

үй-жайлардың биіктігін – 4,8 және 6 м етіп қабылдау ұсынылады. 

Ғимараттардағы  қабаттардың  санын  қабат  саны  әр  түрлі  ғимараттарда  өндірістерді 

орналастыру  нұсқаларын  техника-экономикалық  салыстыру  негізінде  қабылдау  қажет 
[11]. 

4.1.10

 

Ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  қайта  өңдеуге  арналған  ғимараттар  мен 

құрылыстардың едендерін  оларда орналастырылатын өнімнен  болатын жүктемелерді, [2, 
9, 14] сәйкес механикалық және басқа да ықпалдардың түрін және қарқындылығын есепке 
ала отырып, жобалау қажет.  

4.1.11

 

Бір ғимаратта және құрылыста өндірістік, қосалқы және қоймалық мақсаттағы 

үй-жайларды орналастыра отырып, әр түрлі өндірістерді біріктіру ұсынылады. 

4.1.12

 

Ғимараттар мен құрылыстардың геометриялық параметрлері [13] талаптарына 

сәйкес  қабылданады.  Жабындардың  күш  түсетін  конструкцияларының  жоспардағы 
өлшемдері және бағандар торы, қағида бойынша, 30М модуліне сәйкес келеді.  

Шатыр  тіреушілерсіз  жабындарда  құрама  жабын  тақталарының  тіректері  тікелей 

қада-бағандардың 

(бағандардың) 

сағаларында, 

рамаларда 

немесе 

аркаларда 

орналастырылады.   

 

4.2  Өрт  қауіпсіздігін,  гигиена  және  адам  денсаулығын  қорғау  талаптарын 

қамтамасыз етуге қатысты құрылыстық шешімдер   

 

4.2.1

 

Өрт-жарылыс  және  өрт  қаупі  бойынша  ғимараттар  мен  имараттардың 

санаттары  «Өрт  қауіпсіздігіне  қойылатын  жалпы  талаптар»  техникалық  регламентінің 

ҚР ЕЖ 3.02-131-2012 

 

6

 

талаптарына сәйкес жобаның технологиялық бөлімінде белгіленеді.  

4.2.2

 

Өртке  қарсы  қабырғалар  арасындағы  қабаттың  ауданын,  қабаттардың  санын 

және  отқа  төзімділік  дәрежесін,  әр  түрлі  санаттардағы  өндірістердің  орналастырылуын, 
адамдардың  эвакуациясын  ұйымдастыруды  және  түтінді  жоюды,  сондай-ақ  үй-жайларда 
орналастырылатын  өндірістердің  санаттарына  қарай  олардың  қоршау  конструкцияларын 
орнатуды  «Өрт  қауіпсіздігіне  қойылатын  жалпы  талаптар»  техникалық  регламентінің 
және [3,11] талаптарына сәйкес қарастыру ұсынылады. 

4.2.3

 

Жарылыс  қаупі  бар  ауа-тозаң  қоспаларын  түзуі  мүмкін  жанғыш  шаңдар 

болатын өндірістер орналасқан үй-жайларды желдетілмейтін кеңістіктер мен шаңның (үй-
жайда қалықтап жүрген және қонған) жиналуына жол берілмейтіндей етіп жобалау қажет. 

4.2.4

 

Сыртқы ернеуінің жоғарғы жағына дейінгі биіктігі 10 м-ден асатын ғимараттар 

мен құрылыстардың сыртқы қабырғаларының периметрі бойынша шатыр жабындарында 
жанбайтын  материалдардан  биіктігі  0,6  м-ден  кем  емес  қоршаулар  қарастырылады.  Ішкі 
суағарлары жоқ ғимараттарда бұл қоршаулар, қағида бойынша, торлы болып жасалады. 

4.2.5

 

Сыртқы ернеуінің жоғарғы жағына дейінгі биіктігі 10 м-ден асатын ғимараттар 

мен құрылыстар үшін  ені 0,6 м болаттан жасалған вертикаль сыртқы өрт баспалдақтары 
жобалануы  тиіс;  ғимараттың  периметрі  бойынша  баспалдақтардың  арасындағы 
арақашықтық  150  м-ден  аспауы  тиіс.  Өрт  баспалдақтары  жер  бетінен  1,5  м  биіктікте 
жобаланады, ал жоғарғы жағында тұтқасы бар алаңмен аяқталады.  

4.2.6

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар 

мен  құрылыстарды,  соның  ішінде  маусымды  түрде  жұмыс  істейтін  ғимараттар  мен 
құрылыстарды  өртке  қарсы  сумен  жабдықтау  технологиялық  жобалау  нормаларына 
немесе  жобаның  технологиялық  бөліміне  және  «Өрт  қауіпсіздігіне  қойылатын  жалпы 
талаптар» техникалық регламенті мен [11, 16] талаптарына сәйкес жобалануы тиіс.

 

4.2.7

 

Ғимараттар  мен  құрылыстар  арасындағы  өртке  қарсы  алшақтықтар,  өртке 

қарсы  сумен  жабдықтауға  қойылатын  талаптар,  сондай-ақ  өрт  техникасы  мен  өрт-
техникалық жабдықты орналастыруға қойылатын талаптар [9, 12] сәйкес болуы тиіс.  

4.2.8

 

Өндірістік  ғимараттар  мен  үй-жайларды,  олардың  жалпы  ауданын  [11]  сәйкес 

қабылдау ұсынылады. 

4.2.9

 

Әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар мен тұрмыстық үй-жайларды нормативтерге 

сәйкес жобалау ұсынылады.  

4.2.10 Ғимараттар 

мен 

құрылыстардың 

электр 

жабдығы, 

электрмен 

жарықтандырылуы  және  электр  құралдары  (желдеткіштер,  салқындатқыштар, 
жылытқыштар және т.б.) [22] талаптарын қанағаттандырулары тиіс.  

4.2.11

 

Жылыту  кезеңі  басталғанға  дейін  (көктемде)  немесе  жылыту  кезеңі  

басталғаннан  кейін  (күзде)  жұмыс  істейтін  маусымдық  ғимараттар  мен  құрылыстар 
жылыту жүйесімен жабдықтала алады.  

4.2.12

 

Көктемде,  жазда  және  күзде  немесе  екі  кезеңнің  бірінде  жұмыс  істейтін 

маусымдық  өндірістер  ғимараттарында  (құрылыстарында)  [6]  сәйкес  күн  сәулесінен 
қорғайтын қоршау конструкцияларын жобалау ұсынылады.  

4.2.13

 

Жемістер  мен  көкөністерді  тауарлық  өңдеу,  сұрыптау  және  қайта  өңдеу 

жүргізілетін  ғимараттар  мен  құрылыстарды  оларда  қызмет  көрсетуші  құрам  болатын 
кездерде [6] сәйкес тікелей күн сәулесімен инсоляциялау ұсынылады.  

ҚР ЕЖ 3.02-131-2012 

7

 

4.2.14

 

Жылдың  жылы  мезгілінде  ғана  пайдаланылатын,  ауыл  шаруашылығы 

өнімдерін  қайта  өңдеуге  арналған  ғимараттар  мен  құрылыстарда  (маусымдық 
кәсіпорындарда) сыртқы киім мен үй киімін ілгектері бар ілгіштерде (жұмысшылар саны 
ең көп екі шектес ауысымдағы  әрбір жұмысшыға екі  ілгек  есебінен) және жұмыс киімін 
ашық шкафтарда сақтауға арналған гардеробтарды жобалауға болады. 

  

4.3

 

Пайдалануға  жарамдылықты  және  пайдалану  кезіндегі  қолжетімділікті 

қамтамасыз етуге қатысты қолайлы шешімдер

 

 

 

4.3.1

 

Ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  қайта  өңдеуге  арналған  ғимараттар  мен 

имараттар жыл бойы жұмыс істейтін және маусым кезінде жұмыс істейтін болып бөлінеді, 
бұл ретте олардағы қоймалар, қағида бойынша, жыл бойы жұмыс істейді.  

4.3.2

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар 

мен  құрылыстарды  қамтитын  өндірістерді  орналастыру  аймақтарын  шикізат  өсірілетін 
(алынатын) жерден қашықтау, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға, тауарлық өңдеуге 
немесе  қайта  өңдеуге  жеткізудің  шаруашылықішілік  құралдарының  көліктік  жүру  жолы 
қашықтығында құру ұсынылады.  

4.3.3

 

Бірыңғай  технологиялық  үдеріспен  (жабдықтың,  үздіксіз  конвейерлік  көліктің 

және  т.с.с.  бірыңғай  жүйесі)  байланыстырылған  және  ұқсас  метеорологиялық 
жағдайларды  қажет  ететін  ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  қайта  өңдеуге  арналған  үй-
жайлар, қағида бойынша, бір ғимаратта орналасады. 

4.3.4

 

Ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  сақтауға  арналған  үй-жайлардың  биіктігін 

жабдық  габариттеріне  немесе  өнімдерді  қоймаға  орналастырудың  ең  жоғары 
мүмкіндіктегі биіктігін негізге ала отырып, ең төмен деңгейде қабылдау қажет.  

4.3.5

 

Ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  қайта  өңдеуге  арналған  ғимараттар  мен 

құрылыстардың  биіктігін,  қағида  бойынша,  4,8  м-ден  кем  емес  етіп  қабылдайды, 
технологиялық жабдық габариттеріне қарай кейбір жерлерді жоғарылатуға болады.  

4.3.6

 

Ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  тауарлық  өңдеуге  арналған  ғимараттар  мен 

құрылыстардың биіктігін 3,6 м-ден кем емес етіп жобалау ұсынылады.  

4.3.7

 

Қоймаға  орналастырылуына  бірдей  талаптар  қойылатын  ауыл  шаруашылығы 

өнімдерінің  әр  түрлі  түрлерін  сақтауға  арналған  ғимараттар  мен  құрылыстар,  қағида 
бойынша, бірыңғайланған бір биіктікте жобалануы тиіс. 

4.3.8  Картоп  пен  көкөністерді  үйілген  күйінде  сақтауға  арналған  қоймаларда  ішкі 

жағынан,  сыртқы  қоршау  конструкцияларынан  белгілі  бір  қашықтықта  сыртқы 
қабырғалардан  сақталатын  өнімге  дейін  жылытылатын  кеңістік  түзетін  тірек  арақабырға 
орнатылуы тиіс.  

4.3.9

 

Картоп  пен  көкөністерді  үйілген  күйінде  сақтауға  арналған,  белсенді 

желдетілетін  секциялардағы  тарату  каналдары,  қағида  бойынша,  еден  үстінде  алынып-
салынбалы  болып  жасалады,  ал  магистралды  каналдар  көбіне  еден  үстілік  және  өтпелі 
болып орындалады.  

4.3.10

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар 

мен құрылыстардың қақпаларын айқара ашылатын, жылжымалы немесе перделі етіп алу 
қажет.  Адамдарды  эвакуациялау  үшін  автомобиль  көлігіне  арналған  айқара  ашылатын 

ҚР ЕЖ 3.02-131-2012 

 

8

 

және  жылжымалы  қақпаларда  ғимараттан  шығатын  жол  бағытында  ашылатын  кішкене 
қақпаларды  (табалдырықсыз  немесе  биіктігі  0,1  м-ден  аспайтын  табалдырықпен) 
қарастыруға  болады.  Рельссіз  көлікті  өткізуге  арналған  қақпалардың  жарықтағы 
өлшемдері  биіктігі  бойынша  0,2  м  және  жалпақтығы  бойынша  0,6  м  жүк  тиелген  көлік 
құралдарының габариттік өлшемдерінен жоғары болулары тиіс.  

4.3.11

 

Картоп  пен  көкөністерге  арналған  қамбаларды,  сондай-ақ  сақталатын  өнімді 

ғимараттардың  сыртқы  қабырғаларынан  бөліп  тұратын  (ауа  қабатын  жасау  үшін) 
арақабырғаларды  немесе  ғимараттарды  секцияларға  бөлетін  арақабырғаларды  (өнімді 
сақтау  технологиясының  талаптары  бойынша),  қағида  бойынша,  тұтас  қоршаумен, 
қаңқалы етіп жобалайды. 

Жұмыс  сызбаларында  техникалық  маталардан,  пленкалардан  және  басқа  да  орама 

және жұқа табақты материалдардан жасалған қабырғаларды жобалау кезінде өнімді тиеу 
және түсіру бірізділігін көрсету ұсынылады.  

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтаудың ұсынылатын схемалары Е қосымшасында 

келтірілген.  

4.3.12

 

Құрылыс  конструкциялары  мен  олардың  қаптамаларының,  әрлеу  және 

қорғаныс  жабындарының  материалдары  тамақ  өнімдерімен  жанасуы  мүмкін  жерлерде 
олар  үшін  зиянсыз  болулары  тиіс.  Үй-жайлардың  қоршау  конструкцияларының  ішкі 
беттерін өңдеуді [8] және жобаның технологиялық бөліміне сәйкес жобалау қажет.  

4.3.13  Жүк  платформалары  (рампалар),  пандустар  және  еден  үстімен  жүретін  көлік 

құралдарының  енуіне  арналған  пандус  көлбеушелері  ауыл  шаруашылығы  өнімдерін 
сақтау  мен  қайта  өңдеуге  арналған  ғимараттарды  технологиялық  жобалау  нормаларына 
және көлік құралдарының техникалық сипаттамаларына сәйкес жобалануы тиіс.  

Өнімді  қабылдауға  немесе  жөнелтуге  арналған  алаңдар  мен  рампалар  көлік 

құралдарының, сондай-ақ оларға қызмет көрсететін көтергіш-көлік жабдығының қауіпсіз 
орналасуын  және  маневр  жасауын  қамтамасыз  етулері  тиіс.  Машиналарды  бүйірлік 
(қуыстық)  орнату  кезінде  жүкті  тиеу  және  түсіру  орындарының  арасындағы  ең  аз 
қашықтықты  –  1  м,  ал  ағымдық  (өтетін  жолда)  орнату  кезінде  1,5  м  етіп  қабылдау 
ұсынылады. Рампа алаңын бір автомашинаға 4,5 м есебінен қабылдайды.  

4.3.14

 

Мүгедектерге  арнап  жұмыс  орындары  ұйымдастырылатын  ғимараттар  мен 

құрылыстардың қолжетімділігін қамтамасыз ету [15] талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.  

  

4.4

 

Энергияның  үнемделуін,  жылу  шығынының  азаюын  және  табиғи 

ресурстардың  ұтымды  пайдаланылуын  қамтамасыз  ету  үшін  ұсынылатын 
шешімдер

 

 

 

4.4.1

 

Ашық  жерде  орнатуға  болатын  технологиялық,  энергетикалық  және 

санитарлық-техникалық жабдықты орналастыру үшін (технологиялық жобалау нормалары 
бойынша, белгіленген тәртіпте немесе жобаның технологиялық бөліміне сәйкес бекітілген 
арнайы тізімдер бойынша) ашық алаңдар қарастырылуы тиіс.  

4.4.2

 

Атмосфералық  жауын-шашынның,  желдің,  шаңның  қолайсыз  ықпалдары 

салдарынан  ашық  алаңда  орнатыла  алмайтын  және  пайдаланылуы  белгілі  бір  плюстік 
температураны  ұстап  тұруды  және  қызмет  көрсетуші  құрамның  үнемі  болуын  қажет 

ҚР ЕЖ 3.02-131-2012 

9

 

етпейтін жабдықты орналастыру үшін төбе жаппалар немесе жылытылмайтын ғимараттар 
жобалануы тиіс. 

4.4.3

 

Вертикаль  қоршау  конструкцияларын  пайдалану  режимін  жеңілдету  және 

белсенді  түрде  желдетілетін  қоймалардың  технологиялық  желдету  жабдығының  энергия 
тұтынуын азайту мақсатында сақтауға арналған үй-жайларды (қамбаларды, секцияларды) 
құрастыру  кезінде  сыртқы  қабырғалардан  өтетін  жолдармен,  өтпелі  желдету 
каналдарымен,  неғұрлым  жоғары  температурада  өнімдерді  сақтауға  арналған 
секциялармен бөліп орналастыру қажет. 

4.4.4

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар 

мен құрылыстардың жылыту және желдету жүйелерін [5] сәйкес жобалау ұсынылады.  

4.4.5

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар 

мен құрылыстарды, қағида бойынша, құрама күш түсетін және қоршау конструкцияларын 
және жергілікті құрылыс материалдарынан жасалған бұйымдарды қолдана отырып, көбіне 
қаңқалы етіп жобалау қажет. 

4.4.6

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар 

мен  құрылыстарды  жылыту  кезінде  жаңғыртылмайтын  табиғи  ресурстарды  ұтымды 
пайдалану  үшін  қолайлы  жылу-техникалық  шешімдерді  осы  ережелер  жинағының  5-
бөліміне және А қосымшасына сәйкес қабылдау ұсынылады.  

4.4.7 Ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  сақтау  мен  қайта  өңдеу  технологиясының 

талаптарына  қайшы  келмейтін  барлық  жағдайларда  суды  қайта  пайдалануды  қарастыру 
ұсынылады. 

4.4.8

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған  ғимараттар 

мен  құрылыстардың  ішкі  су  құбыры  мен  канализациясы  [16]  талаптарына  сәйкес 
жобалануы тиіс. 

4.4.9

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар 

мен  құрылыстардың  жылыту  және  желдету  жүйелерін  энергия  үнемдеудің  Еуропалық 
озық тәжірибесін [19-21] есепке ала отырып, [3, 4, 13] сәйкес жобалау ұсынылады.  

4.4.10

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар 

мен құрылыстарды жылумен жабдықтау (жылыту және желдету, ыстық сумен жабдықтау 
және технологиялық қажеттіліктер үшін), қағида бойынша, ЖЭО жылу желілерінен және 
қазандықтардан  қарастырылады.  Техникалық  мүмкіндік  болып,  экономикалық  тұрғыдан 
мақсатқа  сай  болған  жағдайда,  электрмен  жылыту  құрылғылары,  жылу  генераторлары, 
баламалы және жаңғыртылатын көздерден алынатын энергия (күн, жел, геотермалды және 
т.б.)  пайдаланылатын  индивидуалды  жылумен  жабдықтау  жүйелерін  пайдалану 
ұсынылады. 

4.4.11

 

Ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  сақтауға  арналған  ғимараттар  мен 

құрылыстардағы  ауаның  бапталуын,  егер  берілген  метеорологиялық  жағдайлар  мен 
олардағы  ауаның  тазалығы  желдету  арқылы  қамтамасыз  етіле  алмайтын  болса, 
экономикалық  тұрғыдан  мақсатқа  сай  болған  жағдайда,  өнімді  сақтау  технологиясының 
талаптары бойынша қарастыруға болады. 

4.4.12

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен қайта өңдеуге арналған ғимараттар 

мен құрылыстардың ыстық сумен жабдықталуын [16] сәйкес жобалау ұсынылады.  Ыстық 

ҚР ЕЖ 3.02-131-2012 

 

10

 

судың температурасы мен шығынын технологиялық жобалау нормалары немесе жобаның 
технологиялық бөлімі бойынша қабылдайды. 

 

5

  

ҚОЛАЙЛЫ ЖЫЛУ-ТЕХНИКАЛЫҚ ШЕШІМДЕР  

 

5.1

 

Табиғи конвекция жағдайларындағы жылу алмасу

  

 

 

5.1.1

 

Ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  сақтауға  арналған  ғимараттар  мен 

құрылыстардың  қоршау  конструкцияларының  жылу-техникалық  есептерін,  осы 
ғимараттардағы жылу алмасу ерекшеліктерін есепке ала отырып, [7,8, 18] сәйкес орындау 
ұсынылады.  

Жылу-техникалық  есептерде  көкөністерді  сақтау  технологиясы  мен  үй-жайлар 

микроклиматының негізгі талаптары есепке алынады:  

-

 

өнім  қамбаларда  және  қамбаларсыз  бос  (ақтарылған)  күйінде  белсенді  желдету 

жағдайларында,  сондай-ақ  контейнерлерде  сақталады  (қоршау  конструкцияларының 
есептері); 

- өнім  массасындағы  температуралық  режим  сақтаудың  әрбір  кезеңі  үшін  оңтайлы 

сыртқы  желдету  (ішкі  ауа),  немесе  олардың  қоспасы  (қажет  болған  жағдайда,  жылыта 
отырып) арқылы сақталады; 

- сақтауға  арналған  үй-жайларды  технологиялық  жылыту  қуаттылығы  жылу 

алмасуға қатысатын өнімнің жылу бөлулерін есепке ала отырып, қабылданады (жинаудың 
үймелі тәсілінде); 

- жабынның  ішкі  жақ  бетінде  сыртқы  ауаның  қысқы  есепті  температураларында 

консенсаттық  тамшы  түзілмеуі  тиіс,  сақталатын  өнім  үйіндісінің  бетінде  ылғалдың 
жинақталуына жол беруге болмайды; 

- қоршау  конструкцияларының  жылу  беруге  талап  етілетін  кедергісі  жылу 

алмасудың стационарлық жағдайлары үшін анықталады; 

- ішкі және сыртқы ауа температураларын тұрақты етіп қабылдайды; 
- тек  күзде  немесе  көктемде  (маусымдық  кәсіпорындарда)  пайдаланылатын 

ғимараттар  мен  құрылыстардың  қоршау  конструкцияларын  жобалау  кезінде  сыртқы 
ауаның есепті температурасын осы ғимараттарды пайдалану кезеңінің ең суық айындағы 
сыртқы  ауа  температурасының  ең  жоғары  тәуліктік  ауытқу  шектерінің  0,7  шамасына 
азайтылған  осы  айдағы  сыртқы  ауаның  орташа  температурасына  тең  етіп  қабылдау 
ұсынылады.  

5.1.2

 

Жылу  алмасуын  есептеу  төбелердің  беттері  және  өнім  үйіндісінен  өтетін 

жолмен бөлінген сыртқы қабырғалар үшін орындалады.  

5.1.3

 

R

0

эк

,  м

2

∙°С/Вт  қоршау  конструкцияларының  жылу  беруге  кедергісін  [8,  18] 

сәйкес анықтау қажет.  

5.1.4  Есепті  салыстырмалы  ылғалдылық  ретінде  ең  жоғары  шамалар  қабылдануы 

тиіс болатын пияз (салқын жерде сақтау тәсілі кезінде) бен сарымсаққа арналған қоймадан 
басқа, сақтауға арналған үй-жайлардағы есепті  жылу берілісі мен ауаның салыстырмалы 
ылғалдылығы ретінде ең төменгі мәндер қабылдануы тиіс.   

ҚР ЕЖ 3.02-131-2012 

11

 

5.1.5 

R

0

эк

, м

2

∙°С/Вт қоршау конструкциясының жылу беруге кедергісін [8, 18] сәйкес 

келтірілген шығындардың минимумы бойынша анықтау қажет.  

5.1.6

 

t

жыл.кез.

,  °С  жылыту  кезеңінің  орташа  температурасы  мен  z

жыл.кез.

,  сағ.  оның 

ұзақтығын келесі формулалар бойынша анықтау қажет: 

 

 

𝑡

жыл.кез.

= 𝑎

1

𝑡

ш

2

+ в

1

𝑡

ш

+ 𝑐

1

,          

                                                            (1) 

 

                   

𝑧

жыл.кез.

= [𝑎

2

𝑡

ш

2

+ 𝑎

2

𝑡

ш

+ 𝑐

2

]10

2

,                   

                                            (2) 

мұндағы а

1

, в

1

, с

1

, а

2

, в

2

, с

2

 В қосымшасынан қабылдануы тиіс;  

t

ш 

–  келесі  формула  бойынша  анықталатын  сыртқы  ауаның  шекаралық 

температурасы, °С: 

 

                                              t

ш

= t

в

q

м

F

пр

Fc

R0

c

+

Fп

R0

п

 ,

   

                                                                   (3)

 

((3) 

                                                            𝑡

г

= 𝑡

в

𝑞

м

𝐹

пр

𝐹𝑐

𝑅0

𝑐

+

𝐹п
𝑅0

п

                                                                (3)

 

 

 
мұндағы q

м 

– өнім үйіндісінен шығатын, картоп үшін 2,7 Вт/м

2

-ге, тамыр жемістері, пияз, 

сарымсақ және қырыққабат үшін 1,9 Вт/м

2

-ге тең жылу ағыны; 

F

пр 

– өнім үйіндісінің вертикаль, көлбеу және горизонталь (еденмен шектесіп жатқан 

бетінен басқа) беттері аудандарының жиынтығы, м

2

F

c

,  F

п 

–  сақтауға  арналған  үй-жаймен  бірыңғай  көлемді  шектейтін  барлық  сыртқы 

қабырғалар беттерінің аудандары, м

2

R

0

c

R

0

п

 – жылу инерциясын есепке ала отырып анықталатын сыртқы қабырғалар мен 

жабындардың  (желдетілетін  қабаттары  бар  сыртқы  қабырғалардан  басқа)  жылу  беруге 
кедергілері, м

2

, °С/Вт. 

5.1.7 Өнім үйіндісін сыртқы қабырға бетінен биіктігінің жалпақтығына қатынасы 6-

дан  көп  болатын  (тығыздалған  конвекция)  ауа  қабатымен  бөлген  кезде,  соңғысының 
бетінде  конденсаттың  түзілуіне  және  өнімнің  қабырғаға  жақын  орналасқан  қабатының 
қатып қалуына жол бермеу мақсатында оны ішкі ауамен желдету қажет.  

5.1.8

 

Қоршау  конструкцияларының  шешімін,  олардың  ішкі  беттерінің  жанында 

тиімді жалпақтығы  ζ

пр

 = 0,05 – 0,07 м болатын желдетілетін ауа қабатын орната отырып, 

қабылдау ұсынылады. 

 

 

5.2

 

Желдетілетін  қабат  болған  жағдайда,  сыртқы  қабырғаның  ішкі  беті 

тұсындағы жылу алмасу  

 

5.2.1

 

𝑅

0

эк

,  м

2

∙ºС/Вт  желдетілетін  қабаты  бар  сыртқы  қабырғаның  жылу  берілуіне 

кедергісін  П, теңге/м

2

 ең аз көлемдегі келтірілген шығындар әдісі бойынша [9,21] сәйкес 

анықтау қажет: 

 

П = С

д

+ (t

в

− t

жыл.кез.

)z

жыл.кез.

т

l

т

 ,

 

(4) 

 

мұндағы  С

д 

–  (5)  формуласы  бойынша  анықталатын  қоршау  конструкциясының  «іс 

жүзіндегі» құны, теңге/м

2

ҚР ЕЖ 3.02-131-2012 

 

12

 

т  –  1,05-ке  тең  болып  қабылданатын,  сыртқы  ауа  инфильтрациясына  жұмсалатын 

жылудың қосымша ысыраптарын есепке алатын коэффициент; 

l

т 

–  [18]  бойынша  қабылданатын,  болашақта  жылу  энергиясы  құнының  өзгеруін 

есепке алатын коэффициент; 

C

т 

–  жылытуға  жұмсалатын  энергияның  құны,  теңге/Дж;  3600  –  БЖ  өлшем 

бірліктеріне ауыстыру коэффициенті; 

E

н.п

. – әр түрлі уақытта болған шығындарды келтіруге арналған коэффициент, 1/жыл, 

0,08-ге тең; 

R

–  (7)  формуласы  бойынша  анықталатын,  ең  төменгі  келтірілген  шығындарды 

есептеу үшін қабылданатын қоршау конструкциясы нұсқаларының жылу беруге кедергісі, 
м

2

∙ºС/Вт. 

5.2.2

 

Қоршау конструкциясының «іс жүзіндегі» құны: 

 

С

д

=

С

д1

+ С

д2

δ

2

+ (С

т

+ В

в

С

к

+ В

з

)

F

c

 ,

 

(5) 

мұндағы  С

д1

,  С

д2 

–  қалыңдығы  тұрақты,  теңге/м

2

  және  өзгермелі  (есептеу  барысында), 

теңге/м

3

  қоршау  конструкциясы  қабаттарының  құрылыс-монтаж  жұмыстарының  өзіндік 

құны;  

δ

– қоршау конструкциясы қабатының ауыспалы қалыңдығы (есептеу барысындағы 

нұсқалар), м; 

С

т 

– қабатқа ауа беріп тұратын желдеткіштердің өзіндік құны, теңге; 

В

в 

– (6) формуласы бойынша анықталатын, қабаттан жоғарғы аймаққа өтетін ауаны 

жылыту үшін қажетті электр калориферлерінің қосымша саны, дана; 

С

к 

– электр калориферінің өзіндік құны, теңге/дана; 

В

з 

– қабатқа ауаны бөліп тарататын ауа өткізгіштердің өзіндік құны, теңге. 

5.2.3

 

Жоғарғы  аймақтағы  электр  калориферлерінің  қосымша  саны,  дана  мына 

формула бойынша анықталады: 

 

В

в

=

LC

p

γ

в

(t

в

− t

пр

)l

3600N

 ,

 

(6) 

 

мұндағы  L–  қабаттағы  ауаның  көлемді  шығыны,  м

3

/(сағ.∙м).  Жоғарғы  аймақтан  қабатқа 

ауаны жылытусыз беру ең оңтайлы шешім болып табылады; 

С

р 

– қабаттағы ауаның 1 кДж/(кг∙ºС) тең болатын үлесті жылу сыйымдылығы; 

γв – қабаттағы ауаның тығыздығы, кг/м

3

;  

t

в 

– жоғарғы аймақтан алынатын ауаның қабатқа кіре берістегі температурасы 1°С-қа 

жоғары болып қабылданады;  

t

np 

– ауаның қабаттан шыға берістегі температурасы, °С;  

l′ – желдетілетін қабаты бар қабырғаның сыртқы бөлігінің ұзындығы, м; 
N – бір электр калориферінің қуаттылығы, кВт.; 
В

в

  шамасының  мәні  оның  бөлшектік  бөлігі  ≥  0,3  болғанда,  арту  жағына;  ал  олай 

болмаған жағдайда – азаю жағына тұтас санға дейін дөңгелектеледі.  

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

//////////////////////////