СП РК 3.02-130-2014 СКЛАДЫ СУХИХ МИНЕРАЛЬНЫХ УДОБРЕНИЙ И ХИМИЧЕСКИХ СРЕДСТВ ЗАЩИТЫ РАСТЕНИЙ (ҚР ЕЖ 3.02-130-2014) - 1

 

  Главная      Книги - Разные     СП РК 3.02-130-2014 СКЛАДЫ СУХИХ МИНЕРАЛЬНЫХ УДОБРЕНИЙ И ХИМИЧЕСКИХ СРЕДСТВ ЗАЩИТЫ РАСТЕНИЙ (ҚР ЕЖ 3.02-130-2014)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

   

 

   

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

 

СП РК 3.02-130-2014 СКЛАДЫ СУХИХ МИНЕРАЛЬНЫХ УДОБРЕНИЙ И ХИМИЧЕСКИХ СРЕДСТВ ЗАЩИТЫ РАСТЕНИЙ (ҚР ЕЖ 3.02-130-2014) - 1

 

 

 
 

 

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс 
саласындағы мемлекеттік нормативтер 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ 
 
Государственные нормативы в области 
архитектуры, градостроительства и строительства 
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

 

 
 

ҚҰРҒАҚ МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАР МЕН 
ӨСІМДІКТЕРДІ ҚОРҒАУДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ КҰРАЛДАРЫНЫҢ 
ҚОЙМАЛАРЫ 
  
СКЛАДЫ СУХИХ МИНЕРАЛЬНЫХ УДОБРЕНИЙ И 
ХИМИЧЕСКИХ СРЕДСТВ ЗАЩИТЫ РАСТЕНИЙ

 

 
 
 

 

ҚР ЕЖ 3.02-130-2014 
СП РК 3.02-130-2014 
 

 
 
 

Ресми басылым 
Издание официальное 
 
 
 

 

 
Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігі  Құрылыс, 
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын 
басқару комитеті

 

Комитет 

по 

делам 

строительства, 

жилищно-коммунального 

хозяйства  и  управления  земельными  ресурсами  Министерства 
национальной экономики Республики Казахстан 

 
 

Астана 2015 

ҚР ЕЖ 3.02-130-2014 
СП РК 3.02-130-2014

 

II 

 

АЛҒЫ

 

СӨЗ 

 

1

 

ӘЗІРЛЕГЕН: 

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ

,

 

«

ЗЦ АТСЭ

» 

ЖШС

 

 

2

 

ҰСЫНҒАН: 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігі 
Құрылыс,  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  істері 
және  жер  ресурстарын  басқару  комитетінің  Техникалық 
реттеу және нормалау басқармасы

  

3

 

БЕКІТІЛГЕН

 

ЖӘНЕ

 

ҚОЛДАНЫСҚА

 

ЕНГІЗІЛГЕН:  

Қазақстан Республикасы Ұлттык экономика   министрлігі 
Құрылыс,  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  істері 
және жер ресурстарын баскару комитетінің  
2014  жылғы  29-желтоқсандағы  №  156-НҚ  бұйрығымен 
2015 жылғы 1-шілдеден бастап 
 
 
 

 

ПРЕДИСЛОВИЕ 

 

1

 

РАЗРАБОТАН:  

АО «КазНИИСА», ТОО

 «

ЗЦ АТСЭ

»

 

 

2

 

ПРЕДСТАВЛЕН: 

Управлением 

технического 

регулирования 

и 

нормирования  Комитета    по  делам  строительства, 
жилищно-коммунального  хозяйства    и  управления 
земельными  ресурсами  Министерства  национальной 
экономики  Республики Казахстан 

 

3

 

УТВЕРЖДЕН

 

И

 

ВВЕДЕН

 

В

 

ДЕЙСТВИЕ: 

 

Приказом  Комитета  по  делам  строительства,  жилищно–
коммунального  хозяйства  и  управления  земельными 
ресурсами  Министерства  национальной  экономики 
Республики Казахстан от «29» декабря 2014 года  
№ 156-НҚ с 1 июля 2015 года 
 

 

Осы  мемлекеттік  нормативті  Қазақстан  Республикасының  сәулет,  қала  құрылысы 

және  құрылыс  істері  жөніндегі  уәкілетті  мемлекеттік  органының  рұқсатысыз  ресми 
басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды.  

   
Настоящий  государственный  норматив  не  может  быть  полностью  или  частично 

воспроизведен,  тиражирован  и  распространен  в  качестве  официального  басылым  без 
разрешения  уполномоченного  государственного  органа  по  делам  архитектуры, 
градостроительства и строительства Республики Казахстан 

ҚР ЕЖ 3.02-130-2014

 

III 

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ 

 

1  ҚОЛДАНУ ОБЛЫСЫ ………………………………………………………............. 

2  НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР……………………………………………………. 

3  ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР ………………………………………… 

4  ЖОБАЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ …………………………………………………………… 

  4.1 Жалпы ұстамдар..…………………………………………………………………... 

 

  4.2 Ұсынылатын жобалық шешімдер ....……………………………………………… 

 

5  ИНЖЕНЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖОБАЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ...........................…….. 

  5.1 Cу жүргізу және кәріз жүйелері .………..……………………………………….. 

17 

  5.2 Жылыту және желдету жүйелері …………………………………………………. 

18 

  5.3 Электрмен 0амтамасыз ету ……….……………………………………………….. 

21 

6  ӨРТКЕ ҚАРСЫ ІС- ШАРАЛАР...................……………………………………….. 

23 

 А  ҚОСЫМШАСЫ 

(ақпараттық)

  Қатты  агрохимикаттардың  унификацияланған 

сипаттарының мәндері…………………………………………… 

27 

Б ҚОСЫМШАСЫ 

(ақпараттық) 

Минералды тыңайтқыштар ассортименті.......... 

28 

В  ҚОСЫМШАСЫ 

(ақпараттық)

  Шаңданбайтын  химиялық  мелиоранттар  мен 

фосфорит  ұнының  негізгі  түрлерінің  көлемдік  массасы,  үйкеліс  коэффициенті, 
аэродинамикалық қасиеттері мен тығыздығы …………............................................. 

29 

Г  ҚОСЫМШАСЫ 

((ақпараттық)

  Шаңданбайтын  химиялық  мелиоранттар  мен  

тыңайтқыштарды сақтаудың технологиялық сызбасы ..........................................… 

31 

ПРИЛОЖЕНИЕ Д 

((ақпараттық)

 Тыңайтқыштардың үю тығыздығы ………….

 

33 

Е  ҚОСЫМШАСЫ 

(міндетті) 

Бөліктердің  өлшемдері  мен  онда  орналасатын 

бурттардың көлемін анықтау әдісі ........………………………………………………… 

35 

Ж  ҚОСЫМШАСЫ 

(ақпараттық) 

Қоймалардың  сыйымдылығы  мен  ауданын 

есептеу...................................................................................................................................... 

37 

З  ҚОСЫМШАСЫ 

(ақпараттық) 

Тыңайтқыштар  мен  химиялық  мелиоранттар 

қоймаларындағы ауаның шаңдану көрсеткіштері ....................................................... 

38 

И  ҚОСЫМШАСЫ 

(ақпараттық) 

Минералды  тыңайтқыштардың  негізгі  түрлерінің 

өрт қауіптілігі бойынша сипаттамалары ......................………………….

 

43 

К  ҚОСЫМШАСЫ 

(міндетті) 

Агрохимикаттар,  пестицидтер  мен  консерванттар 

қойма бөлмелерінің жарылу мен өрт қауіптілігі бойынша классификациясы ......

 

45 

Л  ҚОСЫМШАСЫ 

(ақпараттық) 

Қолдану  шарттары  мен  электр  тогы  қауіптілігі 

бойынша  бөлмелердің  сипаттамасы  және  электр  машиналары  мен  аппараттардың 
қорғаныс дәрежесі ……………………………………………………..

 

47 

М  ҚОСЫМШАСЫ 

(міндетті)

  Минералды  тыңайтқыштардың  конструкцияларға 

зиянды әсер дәрежесі .................................................................…… 

55 

Н  ҚОСЫМШАСЫ

  ((ақпараттық) 

Алдын  ала  өрт  сөндіру  құралдарының  нормасы 

...................................................................................................................................  

70 

БИБЛИОГРАФИЯ ………………………………………………………………………… 

72 

ҚР ЕЖ 3.02-130-2014

 

IV 

 

КІРІСПЕ

 

 
Осы  ережелер  жинағы  Қазақстан  Республикасы  Техникалық  регламенттері 

«Ғимараттар мен имараттардың, материалдар мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын 
талаптар»,  «Өрт  қауіпсіздігінің  жалпы  талаптары»,  құрылыс  нормалары  мен 
қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттардың негізінде орындалған. 

Ережелер  жинағында  жаңа  қоймалар  мен  қойма  бөлмелерін    жобалағанда, 

құрылысын  салғанда,  жаңартқанда  немесе  кеңейткенде  ҚР  ҚН  3.02-30-2014  «Құрғақ 
минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғайтын  химиялық  заттардың қоймалары» 
құрылыс  талаптарын  орындауға  бағытталған  тиімді  құрылыс  шешімдері  мен  
параметрлері келтірілген. 

 
 

 

 

 

 
 

 

ҚР ЕЖ 3.02-130-2014 

СП РК 3.02-130-2014

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ 

СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

ҚҰРҒАҚ МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАР МЕН ӨСІМДІКТЕРДІ 
ҚОРҒАУДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ КҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚОЙМАЛАРЫ 

 

СКЛАДЫ СУХИХ МИНЕРАЛЬНЫХ УДОБРЕНИЙ И ХИМИЧЕСКИХ 

СРЕДСТВ ЗАЩИТЫ РАСТЕНИЙ 

 

Енгізілген күні -  2015-07-01 

 

1

 

ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 

 

Осы ережелер жинағы жаңадан салынатын, қайта құрылатын және техникалық қайта  

жабдықталатын құрғақ минералды тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғайтын  химиялық  
заттарды  сақтауға  арналған  қойма  ғимараттары  мен  бөлмелерді  жобалаған  кездде 
қолдануға ұсынылады. 

 

2

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 

 

Осы ережелер жинағын қолдану үшін мына нормативті нұсқаулық құжаттар қажет: 
СанПиН 1.2.2584-10 Пестицидтер мен агрохимикаттарды сынау, сақтау, тасымалдау, 

өткізу,  зарарсыздандыру  және  кәдеге  жарату(жою)  барысында  қауіпсіздік  сақтауға  
гигиеналық талаптар. 

СанПиН  2.1.6.1032-01  Атмосферадағы  ауаның  сапасын  қамтамасыз  етуге  арналған 

гигиеналық талаптар.  

СанПиН  2.2.1/2.1.1.1200-03  Санитарлық-  қорғау  зоналары  және  кәсіпорын, 

имараттар және басқа нысандардың санитарлық классификациясы.  

ҚР ҚН 3.02-30-2014 Құрғақ минералдык тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғаудың 

химиялық құралдарының қоймалары.  

ҚР ЕЖ 2.01-101-2013 Қүрылыс конструкцияларын тот басудан қоргау. 
ҚР ЕЖ 3.02-108-2013 Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар. 
ҚР ЕЖ 3.02-127-2013 Өндірістік ғимараттар. 
ҚР ЕЖ 3.02-129-2012 Қоймалық ғимараттар. 
ҚР ЕЖ 3.02-136-2012 Едендер.  
ҚР ЕЖ 4.01-101-2012  Ғимараттар мен имараттардың ішкі су қүбыры жэне кэрізі. 
ҚР ЕЖ 4.02-101-2012 Ауаны жылыту, желдету және кондиционерлеу. 
МЕМСТ 23838-89 Кәсіпорын ғимараттары. Параметрлер. 

 

ЕСКЕРТУ  Аталмыш  ережелер  жинағын  пайдаланғанда  сілтемелік  стандарттар  мен  нормативтік 

құжаттардың  қолданысын  жыл  сайын  жарияланатын  «Қазақстан  Республикасының  стандарттау  бойынша 
нормативті  құжаттар  нұсқаулығы»,  «Стандарттау  бойынша  мемлекетаралық  нормативті  құжаттар 
нұсқаулығы»,  «Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс  

 

Ресми басылым 

 

ҚР ЕЖ 3.02-130-2014

 

 

саласындағы  нормативті  құқықтық  және  нормативті-техникалық  актілер  тізімі»  ақпараттық 
нұсқаулықтардың ағымдағы жылда шыққан басылымдары сәйкес тексерген жөн.  

Егер  сілтемелік  құжат  алмастырылған  (өзгертілген)  болса,  онда  нақты  нормаларды  қолдану  кезінде 

алмастырылған (өзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек. Сілтемелік құжат алмастырылмай жойылған 
болса, сілтеме көрсетілген ереже осы сілтемеге қатысты емес бөлікте қолданылады. 

 

3

 

ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР 

 

Осы  ережелер  жинағында  ҚР  ҚН  3.02-30  «

Құрғақ  минералды  тыңайтқыштар  мен 

өсімдіктерді  қорғайтын    химиялық    заттардың  қоймалары»  құрылыс  нормаларында 
келтірілген терминдер мен олардың анықтамалары қолданылған

 

4

 

ЖОБАЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 

 
4.1

 

Жалпы қағидалар 

 
4.1.1

 

Тыңайтқыштар  и  пестицидтер  қоймаларының  бас  жоспарын  өнеркәсіп 

орындарының бас жоспарын жобалаудың нормативті құжаттарының талаптарына сәйкес, 
ал  жерасты  қоймаларын  ауыл  шаруашылық  кәсіп  орындарының  бас  жоспарын 
жобалаудың нормативті құжаттарының талаптарына сәйкес жобалау қажет. 

4.1.2

 

Қоймаларды  жобалау ҚР аумағында қолдануға рұқсат етілген тыңайтқыштар и 

пестицидтер  енгізілген  Мемлекеттік  тізімдемедегі  тыңайтқыштар  и  пестицидтерге  ғана 
қатысты. 

4.1.3

 

Тыңайтқыштар,  пестицидтер  және  консервантттар  қоймаларын  тұрғын  үй, 

қоғамдық  және  өндіріс  ғимараттарының  ық  жағына(жылдың  жылы  кездеріндегі  желдің 
басым бағыты үшін) орналастыру қажет. 

4.1.4

 

Тыңайтқыштар, пестицидтер және консервантттар қоймаларының ғимараттары 

мен имараттарының көрші кәсіпорындар мен тағы басқа нысаналардың ғимараттары мен 
имараттарына  дейінгі  санитарлық  және  зооветеринарлық  арақашықтықтарын(алшақтық)  
төмендегі 1 кесте бойынша алу керек 

4.1.5

 

Тыңайтқыштар, 

пестицидтер 

қоймаларының 

ғимараттары 

мен 

имараттарының  арақашықтықтарын  олардың  өртке  төзімділік  деңгейлеріне  байланысты 
қабылдау керек. 

4.1.6

 

Қойма  ғимараттарының  жалпы  ауданын,  ғимараттар  қабаттарының 

ауданын(өрт бөліктері),құрылыс алаңдарының ауданын, құрылыс көлемдерін есептеу  ҚР 
ЕЖ 3.02-127 талаптарына сәйкес жүргізілу керек. 

4.1.7

 

Тыңайтқыштар, 

пестицидтер 

және 

консерванттар 

қоймаларының 

имараттарын (тоннелдер, галереялар, эстакадалар, каналдар, бункерлер, силостар және б.) 
жобалауды  өндіріс  ғимараттарын  жобалау  нормаларының  талаптарына  сәйкес  жүргізу 
керек. 

4.1.8

 

Қоймалар  жұмысшыларына  арналған  әкімшілік,  тұрмыстық  ғимараттар 

және бөлмелер ҚР ЕЖ 3.02-108 талаптарына сәйкес жобалану қажет. 

4.1.9

 

Бос  үйілген  және  қапталған  нықталған  тыңайтқыштар  мен  шаңсыз 

химмелиоранттар, пестицидтерді сақтау үшін қоймалар ғимараттары қарастырылған. 

ҚР ЕЖ 3.02-130-2014

 

4.1.10

 

Нықталмаған  тыңайтқыштар  мен  ұнтақ  химмелиоранттарды  (фосфорит, 

известняк,  доломит  ұнтақтары  және  т.б.)  сақтау  үшін  силос  және  силостық  корпустар, 
бункерлер және бункерлер батареясын қарастыру қажет. 

Контейнерлерге  салынған  тыңайтқыштарды(аммиак  селитрасынан  басқа)  қалқаның 

астында немесе ашық алаңқайларда  дестелеп сақтау керек. 

 

Кесте 1 

Санитарлық және зооветеринарлық арақашықтықтар 

 

Нысандар  

Тыңайтқыштар, пестицидтер 

және консервантттар қоймаларынан 

алшақтық , м 

Тағам  өнімдерін  өндіру  және  қайта  өңдеу 
ғимараттары мен имараттары  

Рельске жақындары 1000 

Уақытшалары 200 

Тағам  өнімдерін  сақтау  ғимараттары  мен 
имараттары 

Рельске жақындары 1000 

Уақытшалары 200 

Жануарлар,  аңдар  және  құстарға  ғимараттары 
мен имараттары 

100 

Жануарларға  арналған  жемдік  қоспалар  сақтау 
ғимараттары 

50 

Мұнай  және  мұнай  өнімдерін  сақтау 

қоймаларының ғимараттары мен имараттары 

Өртке қарсыдан кем емес 

(көрші кәсіпорындарға дейінгідей) 

Осы  1-5  кестедегіден  басқа  кәсіпорындар 

ғимараттары мен имараттары   

Ғимараттар мен имараттардың 
отқа төзімділік деңгейіне 

байланысты, өртке қарсыдан кем 

емес 

Жер  үсті  су  нысаналары(теңіздер,  көлдер, 

су  қоймалары  және  б.)  су  шаруашылықтарынан 
басқа 

500 

Балық    шаруашылықтарының  жер  үсті  су 

нысаналары(теңіздер,  көлдер,  су  қоймалары 
және б.) 

2000 

Сумен қамтамасыз етудің орталық жүйесі, 

су жүргізу және су тартқыштар көздері 

Санитарлық қорғау аймағынан 

кем емес  

        
ЕСКЕРТУ 

Тыңайтқыштар,  пестицидтер  және  консервантттар  қоймаларын 

орналастырғанда  су  қоймаларына  зиянды  заттар  түсіп  кетуін  болдырмау  шараларын 
сақтау  қажет

.Ерекше  мәжбүрлік  жағдайларда  балық  қорын  қорғау  органдарының  келісімі 

бойынша  көрсетілген  қоймалардан  балық  шаруашылығы  суаттарына  дейінгі  ара  қашықтықты 
азайтуға болады. 

 

 
4.1.11

 

Уақытша  қоймаларда  100  т  көп  емес  ұнтақ  (шаң  тәрізді)  агрохимикаттар 

сақтауға болатын тұтас қоршаумен бөлінген бөлмелер болуы қажет. 

4.1.12

 

Тыңайтқыштар  мен  пестицидтер  қоймаларын  бір  қабатты,  төрт  бұрышты, 

ҚР ЕЖ 3.02-130-2014

 

 

параллель орналасқан бір енді және бірдей биіктікте орналасқан жабын діңгектері бар етіп 
жобалау  керек.  Технология  талаптарына  сәйкес  перпендикуляр  орналастырып  әр  енді 
және  бірдей  емес  биіктікте  орналасқан  жабын  діңгектері  бар  етіп  жобалауға  болады. 
Қойма ғимараттарында биіктіктерінің алшақтығын  1,2 м алып жобалауға болмайды. 

4.1.13

 

Құрылыс  алаңындағы  жер  асты  сулары  жоспарлық  деңгеймен 

салыстырғанда 1,5 м тереңдіктен кем емес орналасуы керек.  

4.1.14

 

Көпқабатты  қоймаларды  технико-экономикалық  негіздеме  жасалған 

жағлайда ғана жобалауға болады.  

4.1.15

 

Ауамен  тірелетін  пневматикалық  имараттарды  осы  имараттарды  жобалау, 

құрастрыу  мен  пайдаланудың  Уақытша  қағидаларына  сай  ғана  тыңайтқыштарды  сақтау 
үшін қолдануға болады 

4.1.16

 

Агрохимикаттар, 

консерванттар 

мен 

пестицидтер 

қоймаларын 

орналастырғанда зиянды заттардың су жиналмаларына түсуін болдырмаудың шараларын 
қарастыру керек. Өте қажет болған жағдайда балық қорларын қорғау мекемесімен келісім 
жасау арқылы қойма мен балық шаруашылығының суларына дейінгі ара қашықтықтықты 
азайтуға болады.  

4.1.17

 

Агрохимикаттар  мен  пестицидтер  қоймаларының  ғимараттары  сақтау 

тәсілдеріне  байланысты  іштей  діңгек  қабырғалармен  және  қоршаулармен  бөлінеді. 
Техникалық  экономикалық  негізделген  жағдайларда  агрохимикаттар  бос  үйіндісін 
қоймалардың сыртқы қабырғаларынан діңгек қабырғалармен бөліп қоршауға болады. 

4.1.18

 

Пестицидтерді  сақтау  үшін  жеке  тұрған  қоймалар  ғимараттары 

қарастырылған.  Пестицидтердің  ауданы  200  м

2

  тан  аспайтын  уақытша  қоймаларын 

агрохимикаттардың  қоймаларымен    біріктіріп  жобалауға  болады.  0°С-  тан  жоғары 
температурада сақталатын пестицидтер үшін жылытылған қоймалар жобалану қажет. 

4.1.19

 

Сұйық  агрохимикаттар  мен  консерванттар  резервуарларда  сақталады. 

Резервуарлар топтап орналасады. Резервуарлар топтамасы барлық жағынан арнаулы темір 
бетон  дуалдармен  немесе  топырақ  үйіндісімен  қоршалады.Резервуар  қоршауларынан 
өтетін  жерлерге  көпіршелер  қарастырылу  керек.  Көпіршелердің  арақашықтықтары  80  м 
ден аспауы, ал саны 2 ден кем болмауы тиіс. Резервуар қоршауларының биіктігі 3,5 м ден 
аспауы қажет. 

4.1.20

 

Қойма  ғимараттарының  сыртқы  қабырғаларының  периметрі  бойынша  ені 

төбе  жабындысының    шығып  тұрған  жерінен  (қабырғаның  сыртқы  бетінен)  0,3м  артық 
болатындай, еңістігі 0,05-0,1 отмосткалар жобалау қажет. 

4.1.21

 

Қоймалардың  құрылыс  алаңдарын  таңдағанда  ауыл  шаруашылық 

авиациясының  (жобалауға  тапсырмалар  бойынша),    авиация-химиялық  жұмыстар 
жүргізетін ұшақтары мен тік ұшақтарының ұшып-қонуына  жарамды алаңқайлар болуын 
ескеру керек. 

4.1.22

 

Агрохимикаттар, 

пестицидтер 

және 

консерванттар 

қоймаларының 

территориясының  қоршауы  тұтас,  жоспарлы  белгінің  деңгейінен  2,0  м  кем  емес  болуын 
ескеру керек. 

4.1.23

 

Агрохимикаттар, 

пестицидтер 

және 

консерванттар 

қоймаларының 

ғимараттарын  жобалауды 

СанПиН  1.2.2584 

жобалау  нормаларының  талаптарына  сәйкес 

жүргізу керек. 

ҚР ЕЖ 3.02-130-2014

 

4.1.24

 

Тыңайтқыштар  мен  пестицидтер  қоймаларының  имараттарын  (тоннелдер, 

галереялар,  эстакадалар,  каналдар,  бункерлер,  силостар  және  т.б.)  жобалауды  өндіріс 
имараттарын жобалау нормаларының талаптарына сәйкес жүргізу керек. 

4.1.25

 

Тыңайтқыштар  мен  пестицидтер  қоймаларының  ғимараттарының  жалпы 

ауданы  сыртқы  қабырғалардың  ішкі  беттерінің  шегінен  (немесе  сыртқы  қабырғалар  жоқ 
жерде, шеткі бағандардан) өлшенген, барлық қабаттардың (жерүсті, техникалық, астыңғы 
және  подвалды  қосқанда),  галереялардың  (горизонталь  проекциясы  бойынша), 
тоннелдердің, алаңқайлардың, антресолдердің, рампалардың және басқа ғимараттарға өту 
жолдарының аудандарының қосындысымен анықталады. 

 

ЕСКЕРТУ  Техникалық  жертөле  (көрінер  биіктігі  1,8  м  бірінші,  астыңғы  және  подвал 

қабаттардың  астында)  және  кран  жолдарына,  крандарға  және  конвейерлерге  қызмет  көрсету 
алаңқайлары ғимараттардың жалпы ауданына кірмейді. 

 
4.1.26

 

Ашық  жерде  орнатуға  рұқсат  етілген  (технологиялық  жобалау  нормалары, 

тағайындалған  тәртіппен  бекітілген  арнайы  тізіммен  немесе  жобаның  технологиялық 
бөлігі  бойынша)  технологиялық  және  энергетикалық  құралдарды  (тук  араластырғыш 
құрылғылар,  жүк  түсіргіш  құрылғылар  және  т.б.)    орналастыруға  ашық  алаңқайлар 
қарастырулары керек. 

Атмосфералық  жауын  шашын,  жел,  шаңның  қолайсыз  әсерлерінен  ашық  жерде 

орнатуға  рұқсат  етілмеген  құралдарды  және  пайдалану  кезінде  температураның  плюс 
болуын және қызмет көрсетушінің үнемі  қасында болуын талап етпейтін қүралдардарды 
орналастыруға жылусыз ғимараттар жобалау қажет. 

4.1.27

 

Нықталған  тыңайтқыштар  (бос  үйілген  және  қапталған)  сақтау  үшін 

қоймалар  ғимараттарын  жобалау  керек,  ал  нықталмаған  тыңайтқыштар  (нықталмаған 
түйіршік  тыңайтқыштар,фосфорит, известняк, доломит  ұнтақтары және т.б.) сақтау үшін 
силос  және  силостық  корпустар  жобалау  қажет.  Жерасты  қоймаларында  нықталмаған 
тыңайтқыштарды  (фосфорит,  известняк,  доломит  ұнтақтары  және  т.  б.)  1000  т  аспайтын 
көлемде қойма ғимараттар бөлмесінде сақтау қарастырылады. 

4.1.28

 

Пестицидтерді  сақтау  бөлмелерінің  ауданы  500  м

2

  тан  аспайтын  болса 

бөлмелерді  қоймалар  ғимараттарында  қарастыру  керек.  Пестицидтерді  сақтау 
бөлмелерінің  ауданы  одан  үлкен  болған  жағдайда  жеке  тұрған  қоймалар  ғимараттарын 
жобалауға  болады.  0°С-  тан  жоғары  температурада  сақталатын  пестицидтер  үшін 
жылытылған қоймалар жобалану қажет. 

4.1.29

 

Аммиак  селитрасын  сақтау  үшін  отқа  төзімділігі  II  деңгейдегі  бірқабатты 

қоймалар  ғимараттарын  жобалау  қажет.  Аммиак  селитрасын  сақтау  бөлмелерін  басқа 
тыңайтқыштар  немесе  пестицидтер  қоймалар  ғимараттарында  орналастыруға  болады. 
Аммиак  селитрасын  сақтау  бөлмелерінде  басқа  заттар  мен  материалдар    сақтауға 
болмайды. 

Қапталған аммиак селитрасының дестедегі  салмағы    700 т дан аспауы;  дестелердің 

арақашықтығы механизмдер өту үшін 1,5 м, өту жолы- 1 м болуы керек. 

4.1.30

 

Қоймалар  құрамында  4.8  п.  көрсетілген  қойма  ғимараттары  мен 

имараттардан басқа, тыңайтқыштар  мен пестицидтерді  технологиялық  талаптарға сәйкес 
сақтау  және  жобалауға  тапсырмаларында:тук  араластырғыштар,алаңқайлар,  қалқалар 

ҚР ЕЖ 3.02-130-2014

 

 

және  ыдыстарды  зарарсыздандырып  және  сақтайтын,  ерітінділер,  эмульсиялар  және 
суспензиялар  дайындайтын,  механизация  және  құрал  жабдықтарды  сақтайтын  сарайлар, 
автоөлшеуіштер,  компрессор  және  аккумулятор  (зарядтауға)  станцияларын  есепке  алу 
керек. 

4.1.31

 

Тыңайтқыштар  мен  пестицидтердің  қоймаларында  жұмыс  істейтіндерге 

арналған    қосымша  ғимараттар  мен  бөлмелерді  өнеркәсіп  орындарының  құрылыс 
норматив құжаттарының талаптарына сәйкес жобалау қажет. 

Жерасты  қоймаларда  жұмысшы  саны    ауысымда  25  адамға  дейін  болса 

жылытылмаған  қоқыс  төгілетін  жерімен  дәретхана  және  қоймалардың  бөлмелерінде 
сыртқы,  үй  ішіндегі  және  арнаулы  киімдерге  арналған  шкаф  және  жай  қолжуғыш 
жобалауға рұқсат етіледі. 

4.1.32

 

Қоймаларды  жобалағанда  жұмысшылардың  зиянды  әсерін  тигізетін 

сақталушы  заттармен  тікелей  тиіспеуін,  қоймалардағы  технологиялық  операцияларды 
кешенді  механикаландыру,  қоршаған  табиғи  ортаны  (топырақты,  суаттарды, 
ауаны)ластауға әкеліп соғатын қауіпті және зиянды өндірістік қалдықтарды  (ыдыстарды, 
сөрелерді, құралдарды жуу кезіндегі және т.б.) дер кезінде зарарсыздандыру және жоюды 
ескеру керек. 

 
4.2

 

Ұсынылатын жобалық шешімдер

 

 
4.2.1

 

Каркасты  ғимараттардың  геометриялық  параметрлері  (пролет  өлшемдері, 

колонналар адымы, қабаттың биіктігі) МЕМСТ 23838 талаптарына сәйкес болуы қажет.  

Ағаш аркалы немесе рамалы ғимараттардың геометриялық параметрлерін 

 

 пролеттер енін -3 м 

 

 рамалардың(аркалардың) адымын- 4,5 м етіп жасау керек. 

Бар  ғимараттарды  қайта  жөндеуді  жобалау  кезінде  көрстілген  параметрлерден 

ауытқуға болады. 

Механикаландырудың мобильді құралдарын пайдаланғанда олардың еркін қозғалуы 

үшін колонналардан бос отсек ауданы 6x12 м кем болмауы қажет. 

4.2.2

 

Бірқабатты  қойма  ғимараттарын  жобалауда  келесі  параметрлерді  қабылдау 

қажет: 

-  аспалар  12,  18  және  24  м,  пестицидтерге  арналған  қоймаларда  аспа  6  м  рұқсат 

етіледі 

-  тіреулердің  (колонналар)  адымы  6  м,  шеткі  қатарларға  3  м,  ағаш  аркалар  немесе 

рамалар үшін 4,5 м рұқсат етіледі. 

-  сыртқы  және  ішкі  салмақ  түсетін  қабырғалары  немесе  кірпіш  тіреулер  бар 

ғимараттардың биіктігі(еденнен тіреуде тұрған құрылымның етегіне дейін) 0,6 м, бірақ 3,6 
м ден кем емес, биіктігі 0,3 м (шегі 3,6 дан 7,2 м дейін) 

4.2.3

 

Қойма  ғимараттарының  биіктіктерін  құрал  жабдықтардың  габариттерін 

және  тыңайтқыштар  мен  пестицидтердің  жинау  биіктіктерін  ескеріп  жасау 
керек.Тыңайтқыштар  үйінділері  немесе  дестелерінің  төбесінен  және  технологиялық 
жабдықтардың  жоғары  шығып  тұрған  жерінен(көтерме-транспорттар  мен  нормативті-
техникалық  құжаттармен  регламенттелген  жабдықтардан  басқа)  салмақ  түсетін 

ҚР ЕЖ 3.02-130-2014

 

конструкциялардың  жабындыларына  дейінгі  вертикаль  арақашықтық    0,4  м  ден  кем 
болмауы тиіс. 

4.2.4

 

Бөлменің(немесе алаңқайдың, көпіршенің және с.с.) еденінен салмақ түсетін 

конструкциялардың жабындыларына, ілінген жабдыктар мен коммуникацияларға  дейінгі 
биіктік адамдар көп жүретін жерлерде 2 м кем болмауы, адамдар сирек жүретін жерлерде  
1,8 м болуы тиіс. 

4.2.5

 

Жеке  тұрған  қойма  ғимараттарында  3500  т  дейін  аммиак  селитрасын 

арнаулы  қаптарда,  жанбайтын,  отқа  төзімділік  шегі  0,75  сағ.жоғары    перегордкалармен 
бөлінген қойма бөлмелерінде, әрқайсысындағы селитраның салмағы 1750 т аспайтындай 
етіп сақтауға рұқсат етіледі. 

4.2.6

 

Қоймашылардың.есепшілердің  және  операторлардың  жұмыс  орындары 

тыңайтқыштар  мен  пестицидтер  сақтау  технологиясының  талаптары  бойынша  тікелей 
қойма  бөлмелерінде  орналасуын  және  қажет  жағдайларда  биіктігі  1,8  м  әйнек 
перегородкамен қоршауға рұқсат етіледі. 

4.2.7

 

Тыңайтқыштар  мен  пестицидтер  қойма  ғимараттарын  көбіне  жиналмалы 

және  қоршаулық  конструкцияларды,  сонымен  бірге  негізгі  материалдарды  үнемдеп 
жұмсаудың  Техникалық  ережелеріне  сай  жергілікті    құрылыс  материалдардан  жасалған 
конструкциялар мен бұйымдарды қолданып жобалау қажет. 

Тыңайтқыштар  мен  пестицидтердің  жылытылмайтын  қойма  ғимараттарын 

жобалағанда ағаштан желімделген конструкцияларын қолдану қажет. 

Аммиак  селитраларының  қойма  ғимараттарының  салмақ  түсетін  конструкциялары 

темір  бетон  болуы  қажет.Ағаш  конструкцияларын  аммиак  селитраларының  қойма 
ғимараттарына  қолдануға  болмайды,  ал  кальций  мен  натрий  селитраларының  қойма 
ғимараттарына  ағаш конструкцияларының осы  тыңайтқыштармен тікелей тиісуі  болмаса 
рұқсат етіледі. 

4.2.8

 

Тыңайтқыштар 

мен 

пестицидтердің 

жылытылмайтын 

қойма 

ғимараттарының қабырғаларын асбестоцементтен жасалған ирек парақтан, іргесін биіктігі 
0,6  -  0,9  м  ылғалға  төзімді  материалдардан(темірбетон  панелдерден,  бетон  блоктардан, 
кірпіштен  және  т.б.),  ал  тыңайтқыштар  салмақ  түсіретін  қабырғаларды  темірбетон 
панелдерден, бетон блоктардан, кірпіштен жобалау қажет. 

Пестицидтердің жылытылатын қойма ғимараттарының қабырғаларын асбестоцемент 

жылытқыш панельдерден, жеңіл бетоннан(ұялы немесе қуыс), кірпіштен жобалау қажет. 

4.2.9

 

Тыңайтқыштар  қойма  бөлмелерін  бөліктерге  бөліп  тұрған  арақабырғалар 

немесе  тыңайтқыштар  үйіндісін(селитрадан  басқа)  сыртқы  қабырғалардан  бөліп  тұрған 
перегородкалар ағаштан, селитра қойма бөлмелері- темібетоннан жобалау қажет. 

Арақабырғалар  биіктігі 0,6 м және тыңайтқыштар үйіндісінен (дестелерінен) 0,2 м 

жоғары болуы қажет. 

4.2.10

 

Тыңайтқыштар 

мен 

пестицидтердің 

жылытылмайтын 

қойма 

ғимараттарының  төбе  жабындысын  ұзынынан  және  көлденеңінен  тығыздап 
асбестоцементтен  жасалған  ирек  парақтан  (обрешетка  немесе  прогондар  бойынша) 
жобалауға;негізделген жағдайларда ғимараттардың төбесін орама материалдармен жабуға 
болады. 

Тыңайтқыштар мен пестицидтердің жылы қойма ғимараттарының төбе жабындысын 

жылуланған асбестоцемент плиталармен жобалау керек. 

ҚР ЕЖ 3.02-130-2014

 

 

4.2.11

 

Агрохимикаттар, пестицидтер мен консерванттар қойма ғимараттарын ені 72 

м  артық  емес,  ішкі  суағарсыз  жобалаған  жөн.  Төбе  жабындысының  шығысы(сыртқы 
қабырғалардан) 0,2 м кем болмауы тиіс, ал тыңайтқыштар сыртқы қабырғамен жанасатын 
ғимаратта - 0,7 м. 

4.2.12

 

Тыңайтқыштар  мен  пестицидтер  қойма  ғимараттарындағы  едендер              

ҚР ҚЕ 3.02-136 және осы нормативті құжат еределеріне сәйкес жобалануы керек.  

Агрохимикаттар  (аммиак  селитрадан  басқа)  сақтайтын  қойма  бөлмелеріндегі 

едендерді  асфальт  бетоннан,  ал  қышқыл  ерітінділері  әсері  болмаса  бетоннан  жобалаған 
жөн.  Аммиак  селитралар  сақтайтын  қойма  бөлмелеріндегі  едендер  ұшқынсыз  қышқылға 
төзімді  қабатпен  жабылған  болуы  қажет,  сонымен  қатар  асфальт  бетоннан  бола  береді 
(орнықты селитра бөлмелерінен басқа). 

 

2 кесте -

 

 Құрылыс -климаттық зоналарда қоймаларды пайдалану кезіндегі 

ылғалдылыққа байланысты агрессивтік деңгейі

 

 

 

 

 

 

 

Темірбетон конструкциялары 

зоналар  

нөмірі 

ҚҰРЫЛЫС -КЛИМАТТЫҚ 

ЗОНАЛАРДА ҚОЙМАЛАРДЫ 

ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ 

ЫЛҒАЛДЫЛЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ 

АГРЕССИВТІК ДЕҢГЕЙІ 

 

құрғақ 

қалыпты 

ылғал 

Қабырғалар мен бағандар биіктігі 
тыңайтқыштардың үю биіктігінен 0,5 м 
(қойма ішінде); тіреу-бөлгіш және тіреу 
қабырғаларының тұтас биіктігі(екі 
жағынан); силостардың ішкі беттері 

орташа 

орташа 

күшті 

Қабырғалар мен бағандардың жоғары 
жақтары - 1 зонадан жоғары, балкалар, 
фермалар және жабынды плиталары 
(қойма ішінде) 

әлсіз 

әлсіз 

орташа  

Қоймалардың сыртқы беттері еденнен 1 
м биіктікте, рампалардың бүйір беттері 
барлық биіктікте, силостың астындағы 
қабаттың колонналары 

орташа  

орташа  

күшті  

Фундамент блоктары, фундамент 
плиталары, фундамент балкалар 

Орта- және күшті агрессивті -

жерасты суларының агрессивтік 

әсеріне байланысты 

 

4.2.13

 

Агрохимикаттар, 

пестицидтер 

және 

консерванттардың 

қойма 

ғимараттарының  еден  деңгейі  құрылыс  учаскесідегі  жерасты  су  котерілуінің  қауіпті 
деңгейінен  жоғары  және  ғимараттарға  жанасып  жатқан  жерлердің  жоспарланған 
белгілерден 0,2 м жоғары болуы керек. 

ҚР ЕЖ 3.02-130-2014

 

Пестицидтер  сақтайтын  қойма  бөлмелеріндегі  едендер  деңгейі  жүк  платформалы 

ғимараттардағы платформалар деңгейінен 0,02 м жоғары болуы керек. 

4.2.14

 

Қойма  ғимараттарының  қабырғасын  қалыңдығы  0,02  м,  1:2    қатынастағы 

цемент құм ерітіндісімен және табақша гидроизоляция материалдармен су өткізбейтіндей 
етіп жасау керек. 

4.2.15

 

Тыңайтқыштар  мен  пестицидтер  қойма  ғимараттарының  қақпалары  екі 

жаққа ашылатын немесе жылжымалы болуы қарастырылады. Адамдарды эвакуация жасау 
үшін  екі  жаққа  ашылатын  немесе  жылжымалы  қақпаларда  ғимараттан  шығатын  жаққа 
ашылатын кішкене есіктер (табалдырықсыз немесе табалдырық биіктігі 0,1 м ден аспауы) 
болуы  керек.  Қақпалардың  размерлері  рельссіз  транспортты  өткізу  үшін  жүк  тиелген 
транспорттық құралдардың көрінген размерлерінен биіктігі 0,2 м жоғары , ені 0,6 м артық 
болуы керек. 

4.2.16

 

Тыңайтқыштар  қойма  ғимараттарының  терезелері(әсіресе  ғимараттарда 

жермен  қозғалатын  механизация  қолданғанда)  сыртқы  қабырғалардың  жоғары  жағында, 
ал  пестицидтер  қойма  ғимараттарында  сөрелер  арасыннан  жүргенде  жарық  болуын 
ескеріп орналастыру керек. 

Пестицидтер  қоймаларында  күндіз  бүйірден  жарық  түсу  коэффициенті  0,1  екенін 

ескеріп, терезелердің 20 % жақтаулары ашылатын етіп жобалау қажет. 

Тыңайтқыштар қойма ғимараттары мен бөлмелері негізделген жағдайда терезелерсіз 

болуына рұқсат етіледі. 

4.2.17

 

Тыңайтқыштар  мен  пестицидтер  қойма  ғимараттары  и  имараттардың 

құрылғыларын  коррозиядан  қорғауды  ҚР  ЕЖ  2.01-101,  М  Қосымшасын  және  осы 
тараудағы  қойма  ғимараттары  и  имараттардың  құрылғыларына  талаптарға  сәйкес 
қарастыру қажет. 

4.2.18

 

Қойма  ғимараттардағы  құрал  жабдықтарға  қызмет  көрсету  алаңшалары 

құрал жабдықтарды пайдаланудың техникалық талаптарына сәйкес болуы керек;сонымен 
бірге аммиак  селитраға арналған қойма бөлмелеріндегі  алаңшалардың тұтас жабындысы 
және биіктігі 0,15 м борты(шеттері)  болуы қажет. 

4.2.19

 

Құрғақ  агрохимикаттар,  пестицидтер  және  консерванттар  қойма 

ғимараттарына  теміржол  енгізуді  ҚР  ЕЖ  3.02-129  сәйкес  қарастыру  қажет.  Аммиак 
селитраға арналған қойма бөлмелеріне теміржол енгізуге болмайды. 

4.2.20

 

Агрохимикаттар, пестицидтер мен консерванттар  қойма ғимараттары және 

имараттарын есептеу кезінде: 

а)  көлемдік  салмағын,  ішкі  үйкеліс  бұрыштарын(табиғи  еңістің  бұрыштары)  және 

тыңайтқыштардың 

өңделмеген 

ағашпен,бетонмен 

 

және 

металмен 

үйкеліс 

коэффициенттерін В қосымшадан алынады; 

б)  тыңайтқыштардың  -  сусымалы  дене  ретінде  конструкцияларға  түсіретін 

нормативті қысымын; 

в) артық жүк коэффициентін 1,3  ескеру қажет. 
4.2.21

 

Бірқабатты 

ғимараттардың 

биіктігі 

(еденнен 

салмақ 

түсіретін 

конструкцияның тіреу жабындысына дейін) шығын материалдар қоймасы үшін 3,6 м ден 
кем болмауы, рельске жақын қоймалар үшін 6 м ден кем болмауы тиіс. 

Қойма ғимараттарының биіктіктерін есептегенде жабдықтардың габариттерін және 

агрохимикаттар, пестицидтер және консерванттардың жинау биіктіктерін ескеріп жасаған 

ҚР ЕЖ 3.02-130-2014

 

10 

 

жөн. 

Аркалы қоймалардың жабындысын жобалағанда биіктікті еденнен  арканың етегіне 

дейін агрохимикаттар, пестицидтер және консерванттардың қойманың сыртқы 
қабырғалары бойымен үйінділеп немесе дестелеп жинаудың шектеу сызықтарынан 1,5 м 
қашықтықта болатындай алу керек. 

Агрохимикаттар,  пестицидтер  және  консерванттардың  бурттар  мен  штабелдер 

төбесінен, технологиялық жабдықтардың шығып тұрған төбесінен(көтергіш-транспорттар 
мен нормативті-техникалық құжаттармен регламенттелген басқа құрал саймандар,) қойма 
ғимараттарының салмақ түсіретін конструкцияның тіреу жабындысына дейінгі  вертикаль 
ара қашықтық менее 0,2 м кем болмауы тиіс . 

4.2.22

 

Рельске  жақын  қоймалардың  пестицидтерді  қабылдау  және  беру 

орындарының  (алаңдардың,  рампалардың,теміржолдардың)  үсті  жанбайтын  қалқалармен 
жабылуы қажет. Рельстің басынан қалқаның төменгі жағына дейінгі биіктік 6,0 м ден кем 
болмауы тиіс. 

Шығын материалдар қоймаларында еденнен салмақ түсіретін конструкцияның тіреу 

жабындысына дейінгі биіктік 3,6 м  кем болмауы тиіс. 

4.2.23

 

Бөлменің(немесе алаңқайдың, көпіршенің және с.с.) еденінен салмақ түсетін 

конструкциялардың жабындыларына, ілінген жабдыктар мен коммуникацияларға  дейінгі 
биіктік адамдар көп жүретін жерлерде 2 м кем болмауы, адамдар сирек жүретін жерлерде  
1,8 м болуы тиіс. 

4.2.24

 

Қойма  ғимараттары  мен  ғимараттар  қабатындағы  алаңның  өрт  қауіпсіздік 

отсегінің шегінде отқа төзімділік деңгейін өрт қауіпсіздігі туралы нормативті құжаттарға 
сәйкес алу керек. 

 
ЕСКЕРТУ  Аммиакты  селитраны(суға  төзімді  селитрадан  басқасы)  сақтауға  арналған  қабат 

алаңшасын анықтағанда өртке қарсы қабырғалардың арасында үйілген 5000 т дейін селитра  және 
арнаулы  қаптағы    2500  т  дейін  сақтауға  болатынын  ескеру  қажет.  3500  т  дейінгі  аммиак 
селитрасын  арнаулы  қаптарда,  жеке  тұрған,  жанбайтын  отқа  төзімділігі  R  45  материалдан 
жасалған перегордкалармен бөлінген, қойма ғимараттарының бөлмелерінің әрқайсысында  1750 т 
бөліп, сақтауға болады. 

 
4.2.25

 

Тыңайтқыштардың  силос  және  силостық  корпустарында  адамдарды 

силостың  үстіндегі  тұрақты  жұмыс  орны  жоқ  галереяға  көтеретін  лифтісіз  жобалауға 
болады. 

4.2.26

 

Силос  үстіндегі  бөлменің  ең  алыс  бөлігінен    сыртқы  басқышқа  немесе 

басқыш алаңына шығатын ең жақын арақашықтық 75 м ден артық болмауы тиіс. 

4.2.27

 

Қоймашылардың.есепшілердің  және  операторлардың  жұмыс  орындары 

агрохимикаттар,  пестицидтер  және  консерванттар  сақтау  технологиясының  талаптары 
бойынша тікелей қойма бөлмелерінде орналасуын және қажет жағдайларда биіктігі 1,8 м 
әйнектен жанбайтын арақабырғамен қоршауға рұқсат етіледі. 

4.2.28

 

Агрохимикаттар,  пестицидтер  және  консерванттар  қойма  ғимараттарын 

көбіне  каркасты  жиналмалы  және  қоршаулық  конструкцияларды,  сонымен  бірге 
жергілікті    құрылыс  материалдардан  жасалған  конструкциялар  мен  бұйымдарды 

ҚР ЕЖ 3.02-130-2014

 

11 

қолданып жобалау қажет. 

Салмақ түсетін желімдеп жасалған ағаш конструкцияларды құрғақ агрохимикаттар 

қоймаларында(жылытылмайтын ғимараттарда) қолдануға болады.Ағаш 
конструкцияларды аммиакты селитралар қоймаларында қолдануға болмайды, ал кальций 
және натрий селитраларының ғимараттарына рұқсат етіледі, егер ол тыңайтқыштар ағаш 
конструкцияларға тікелей тиіп жатпаса. 

Аммиакты    селитралар  қойма  ғимараттарының  салмақ 

түсетін 

конструкцияларын 

темірбетоннан жобалау қажет. 

4.2.29

 

Қойма  ғимараттарының  қабырғаларын  заводта  жасалған  жиналмалы 

панелдерден  жобалау  қажет.  Сонымен  бірге  қабырғаларды  табақша  материалдардан, 
кірпіштен және табиғи тастардан жасау мүмкіндігі қарастырылады. 

4.2.30

 

Жарылыс  өртқауіпті  және  өртқауіпті  пестицидтер  сақтау  қойма  бөлмелері 

басқаларға қарағанда отқа төзімділік шегі  EI 45 кем болмауы және өртқауіпті класы КО, 
есіктерінің  отқа  төзімділік  шегі    EI  30  болуы  қажет.  Аммиакты  селитралардың  1500  т 
арналған

 қойма бөлмелерін басқа бөлмелерден, соның ішінде 

тыңайтқыштар мен пестицидтер 

сақтау  қойма  бөлмелерінен  отқа  төзімділік  шегі    EI  45  кем  болмайтын  тұтас(ойықсыз) 
қалқалармен 

бөліп қою қажет.

 

4.2.31

 

Агрохимикаттар  сақтау  бөлмелерін  бөліп  тұрған  тіреу  межелер  мен 

агрохимикаттар  үйіндісін  сыртқы  қабырғалардан    бөліп  тұрған  тіреу  қабырғаларды 
жиналмалы ағаштан немесе  темірбетоннан жобалаған жөн. Селитраның барлық түрлерін 
сақтау бөлмелерінде ағаштан жасалған тіреу межелер мен тіреу қабырғалар болмауы тиіс. 

Тіреу межелер мен тіреу қабырғалардың биіктігі 0,6 м және үйінді биіктігінен  0,2 м 

жоғары болуы тиіс. 

4.2.32

 

Қойма  ғимараттарының  жабындыларын  индустриалды  тақталардан  

(панелдер) жобалау қажет. 

Жылытылатын  және  суытылатын  қойма  ғимараттарының  және  пестицидтер  сақтау 

қойма  бөлмелерінің  төбесін  тиімді  жылыланған  темірбетон  тақталармен  және  орама 
жабындылармен жобалаған жөн. 

4.2.33

 

Агрохимикаттар, пестицидтер және консерванттардың қойма ғимараттарын 

ішкі  су  ағу  жолдарынсыз  жобалау  керек,  ені  72  м  аспауы  керек.  Шатыр  жабынынң 
шығымын (сыртқы қабырға бетінен сыртқа) 0,2 м аз алмау керек. 

4.2.34

 

Агрохимикаттар, 

пестицидтер 

және 

консерванттардың 

қойма 

ғимараттарының едендері еңіссіз жобалаған жөн. 

4.2.35

 

Пестицидтер  сақтайтын  қойма  бөлмелеріндегі  едендер  қышқыл  және 

сілтілердің  ерітінділері  әсеріне  төзімді,  ал  жарылыс  өртқауіпті  заттар  бөлмелерінде  еден 
ұшқынсыз  болуы  қажет;  пестицидтер  сақтайтын  қойма  бөлмелеріндегі  едендер  асфальт 
бетоннан, ал қышқыл ерітінділері әсері болмаса еден бетоннан бола береді. 

4.2.36

 

Пестицидтер  сақтайтын  қойма  бөлмелеріндегі  едендер  қышқыл  және 

сілтілердің ерітінділері әсеріне төзімді, ал . жарылыс өртқауіпті заттар бөлмелерінде еден 
ұшқынсыз  болуы  қажет;  пестицидтер  сақтайтын  қойма  бөлмелеріндегі  едендер  асфальт 
бетоннан бола береді, ал қышқыл ерітінділері әсері болмаса еден бетоннан бола береді. 

4.2.37

 

Тыңайтқыштар  мен  пестицидтердің  қойма  ғимараттарының  еден  деңгейі 

құрылыс  учаскесідегі  жерасты  су  котерілуінің  қауіпті  деңгейінен  жоғары  және 
ғимараттарға  жанасып  жатқан  жерлердің  жоспарланған  белгілерден  0,2  м  жоғары  болуы 

ҚР ЕЖ 3.02-130-2014

 

12 

 

керек. 

4.2.38

 

Тыңайтқыштар  сақтайтын  қойма  бөлмелеріндегі  едендер  деңгейі  жүк 

платформалар деңгейінен 0,02 м. жоғары болуы керек. 

4.2.39

 

Темір  жол  транспортының  жүк  платформасының  биіктігі  табаны  1520  мм 

рельс  басының  деңгейінен  1,1  м  тең  болуы  қажет.  Авто  жол  транспортының  жүк 
платформасының биіктігі кірме жолдар бетінің немесе тиеу түсіру алаңының деңгейінен 
1,2 м тең болуы қажет.   

Рельске жақын сұйық агрохимикаттар қоймаларының (жоғарыдан ағызу пунктерімен 

жабдықталған)  биіктігі  3,5  м  кем  емес,  ені  1,5  м  кем  емес,  ұзындығы  -  ағызатын  стояк 
біреу  болса  6  м  кем  емес;  екі  немесе  көп  стояк  болса  шеткі  стояктардың 
арақашықтығынан  жан  жағынан  3  м  асатын  ұзындыққа  тең  эстакадамен  жабдықталуы 
қажет. 

4.2.40

 

Тыңайтқыштар 

қойма 

ғимараттарының 

қабырғасын 

су 

өткізбес 

гидроизоляция үшін құрамы1:2 цемент- құм араласын қалыңдығы 0,02 м  жобалау  керек. 

4.2.41

 

Агрохимикаттар, 

пестицидтер 

және 

консерванттардың 

қойма 

ғимараттарының  қақпасын  екі  жаққа  ашылатын,  жылжымалы  немесе  дөңгелетіп 
жылжымалы  болуын  қарастыру  керек.  Адамдарды  эвакуация  жасау  үшін  автомобиль 
транспорты  қақпаларында  ғимараттан  шығатын  жаққа  ашылатын  кішкене  есіктер 
(табалдырықсыз немесе табалдырық биіктігі 0,1 м ден аспауы) болуы керек. Қақпалардың 
көрінген  размерлері  рельссіз  транспортты  өткізу  үшін  жүк  тиелген  транспорттық 
құралдардың габариттік размерлерінен биіктігі бойынша 0,4 м  жоғары болуы керек.Өту 
ені [1] келтірілген. 

4.2.42

 

Агрохимикаттар  қойма  ғимараттарының  терезелері  сыртқы  қабырғалардың 

жоғары  жағында,  ал  пестицидтер  қойма  ғимараттарында  сөрелер  арасыннан  жүргенде 
жарық  болуын  ескеріп  орналастыру  керек.  Агрохимикаттар,  пестицидтер  және 
консерванттар қойма ғимараттары мен бөлмелерін  терезелерсіз жобалауға рұқсат етіледі. 
Бұл жағдайда ҚР ЕЖ 4.02-101 сәйкес түтін шығарғыш шахталар ескерілуі қажет.   

Пестицидтер  қоймаларында  жалын  немесе  ұшқын  шығу  температурасы  100  °С  тан 

төмен болса, терезе ойықтары болмауы керек. 

4.2.43

 

Қоймалар  ғимараттартарының  темірбетон  конструкцияларының  әр  түрлі 

бөліктерін  коррозиядан  қорғауды    ҚР  ЕЖ  2.01-101  сәйкес  орындап  және  2  кестеде 
келтірілген конструкцияларға агрохимикаттардың агрессивтік деңгейін  ескеру керек.

 

4.2.44

 

Қойма  ғимараттарында  жабдықтарға  қызмет  көрсетілетін  және  жұмысты 

қауіпсіз  жүргізуге  алаңқайлар  мен  көпіршелер  болуы,  ал  аммиак  селитрасының 
қоймаларында олардың тұтас төсеніштері және биіктігі 0,15 м бортттары (шеттері) болуы 
керек. 

4.2.45

 

Құрғақ  агрохимикаттар,  пестицидтер  мен  консерванттардың  қойма 

ғимараттарына теміржол кіруін ҚР ЕЖ 3.02-127 ережелеріне сәйкес орындау керек. 

4.2.46

 

Құрғақ бос агрохимикаттар қойма ғимараттарына теміржолды эстакадамен, 

ал  қапталған  агрохимикаттар  қоймасында  еден  деңгейімен  енгізуді  қарастыру  қажет. 
Эстакадаларды  өндірістік  кәсіпорындарына  арналған  нормативті  документ  талаптарына 
сәйкес жобалау қажет. 

4.2.47

 

Жер  транспорттық  құралдары    жүретін  пандустар  ені  жүк  тиеген 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

//////////////////////////