СП РК 3.04-104-2014 ПЛОТИНЫ БЕТОННЫЕ И ЖЕЛЕЗОБЕТОННЫЕ (ҚР ЕЖ 3.04-104-2014) - 1

 

  Главная      Книги - Разные     СП РК 3.04-104-2014 ПЛОТИНЫ БЕТОННЫЕ И ЖЕЛЕЗОБЕТОННЫЕ (ҚР ЕЖ 3.04-104-2014)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

   

 

   

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

 

СП РК 3.04-104-2014 ПЛОТИНЫ БЕТОННЫЕ И ЖЕЛЕЗОБЕТОННЫЕ (ҚР ЕЖ 3.04-104-2014) - 1

 

 

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс 
саласындағы мемлекеттік нормативтер 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ

 

Государственные нормативы в области 
архитектуры, градостроительства и строительства 
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

 

БЕТОН ЖӘНЕ ТЕМІРБЕТОН БӨГЕТТЕР 

ПЛОТИНЫ БЕТОННЫЕ И ЖЕЛЕЗОБЕТОННЫЕ 

ҚР ЕЖ 3.04-104-2014 
СП РК 3.04-104-2014 

Ресми басылым 
Издание официальное 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің  
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер 
ресурстарын басқару комитеті 

Министерство национальной экономики Республики Казахстан 
Комитет по делам строительства, жилищно-коммунального 
хозяйства

 

и управления земельными ресурсами

 

Астана 2015

 

ҚР ЕЖ 3.04-104-2014 
СП РК 3.04-104-2014

 

II 

АЛҒЫ

 

СӨЗ 

1

 

ӘЗІРЛЕГЕН: 

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ

 

2

 

ҰСЫНҒАН: 

Қазақстан 

Республикасы 

Ұлттық 

экономика 

министрлігінің 

Құрылыс, 

тұрғын 

үй-коммуналдық 

3

 

БЕКІТІЛГЕН

 

ЖӘНЕ

ҚОЛДАНЫСҚА
ЕНГІЗІЛГЕН:   

шаруашылық  істері  және  жер  ресурстарын  басқару 
комитетінің 

Техникалық 

реттеу 

және 

нормалау 

басқармасы

 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігі 
Құрылыс,  тұрғын  үй-коммуналдық  шаруашылық  істері 
және жер ресурстарын басқару комитетінің 2014 жылғы 
«29» желтоксан  №156 бұйрығымен 

2015 жылдың 1 

шілдеден бастап

ПРЕДИСЛОВИЕ 

1

 

РАЗРАБОТАН: 

АО «КазНИИСА» 

2

 

ПРЕДСТАВЛЕН: 

3

 

УТВЕРЖДЕН

 

И

ВВЕДЕН

 

В

 

ДЕЙСТВИЕ: 

Управлением 

технического 

регулирования 

и 

нормирования  Комитета  по  делам  строительства, 
жилищно-коммунального 

хозяйства 

и 

управления 

земельными  ресурсами  Министерства  национальной 
экономики Республики Казахстан

 

Приказом  Комитета  по  делам  строительства,  жилищно-
коммунального  хозяйства  и  управления  земельными 
ресурсами 

Министерства национальной экономики 

Республики Казахстан №156 от «29» декабря 2014 года 

с 1 

июля 2015 года

Осы  мемлекеттік  нормативті  Қазақстан  Республикасының  сәулет,  қала  құрылысы 

және  құрылыс  істері  жөніндегі  уәкілетті  мемлекеттік  органының  рұқсаты

н

сыз  ресми 

басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды 

Настоящий  государственный  норматив  не  может  быть  полностью  или  частично 

воспроизведен,  тиражирован  и  распространен  в  качестве  официального  издания  без 
разрешения  Уполномоченного  государственного  органа  по  делам  архитектуры, 
градостроительства и строительства Республики Казахстан 

ҚР ЕЖ 3.04-104-2014 

III 

МАЗМҰНЫ 

 

   

КІРІСПЕ .................................................................................................................................... IV

 

1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ ................................................................................................................ 1

 

2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР ............................................................................................... 1

 

3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР .................................................................................... 2

 

4 НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕР .................................................................................................................... 3

 

5 ҚОЛАЙЛЫ ШЕШІМДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ ........................................................... 5

 

6 ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ ............................................................................................... 8

 

7 ЖАЛПЫ КОНСТРУКТИВТІК ШЕШІМДЕРІ ...................................................................... 11

 

7.1 Жалпы ережелер .............................................................................................................. 11

 

7.2 Деформациялық жіктер және оларды тығыздау .......................................................... 13

 

7.3 Су жинайтын, су жіберетін және су шығаратын имараттар ....................................... 16

 

7.4 Бөгеттерді іргемен түйіндестіру .................................................................................... 18

 

8 НЕГІЗГІ ЕСЕПТІК ЕРЕЖЕЛЕР .............................................................................................. 19

 

8.1 Жүктемелер, әсер ету және олардың үйлесімдігі ......................................................... 19

 

8.2 Бөгеттерді есептеу ........................................................................................................... 29

 

9 ЖАРТАСТЫ ЕМЕС ІРГЕЛЕРДЕГІ БӨГЕТТЕР ................................................................... 36

 

9.1 Бөгеттер мен олардың элементтерін конструкциялау ................................................. 36

 

9.2 Жерастылық пішін .......................................................................................................... 39

 

9.3 Понурлар .......................................................................................................................... 40

 

9.4 Шпунттар ......................................................................................................................... 41

 

9.5 Тістер мен сүзуге қарсы бүркеулер ............................................................................... 42

 

9.6 Дренаждық құрылғылар ................................................................................................. 42

 

9.7 Бөгеттерді есептеу ........................................................................................................... 42

 

9.8 Анкерлік понурды есептеу ............................................................................................. 44

 

10 ЖАРТАСТЫ ІРГЕЛЕРДЕГІ ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ БӨГЕТТЕР ......................................... 45

 

10.1 Гравитациялық бөгеттер мен олардың элементтерін конструкциялау .................... 45

 

10.2 Гравитациялық бөгеттерді есептеу .............................................................................. 48

 

11 ЖАРТАСТЫ ІРГЕЛЕРДЕГІ КОНТРФОРСТЫҚ БӨГЕТТЕР ............................................ 55

 

11.1 Контрфорстық бөгеттер мен олардың элементтерін конструкциялау ..................... 55

 

11.2 Контрфорстық бөгеттерді есептеу ............................................................................... 57

 

12 АРКАЛЫҚ БӨГЕТТЕР .......................................................................................................... 62

 

12.1 Аркалық бөгеттер мен олардың элементтерін конструкциялау ............................... 62

 

12.2 Аркалық бөгеттерді есептеу ......................................................................................... 63

 

13 БӨГЕТТЕРДІ СЕЙСМИКАЛЫҚ АУДАНДАРДА ЖОБАЛАУ ........................................ 65

 

13.1 Жалпы ережелер ............................................................................................................ 65

 

13.2 Есептік сейсмикалық жүктемелер ............................................................................... 68

 

13.3 Есептік сейсмикалық жүктемелерді спектралдық әдіс бойынша анықтау .............. 68

 

А  ҚОСЫМШАСЫ 

(ақпараттық) 

Есептік  сейсмикалық  жүктемелерді  синтезделген 

акселеограммаларды  және  жер  сілкінісі  кезінде  іргелерді  жылдамдатудың 
аспаптық жазбаларын қолдану арқылы анықтау ................................................................. 73

 

 

ҚР ЕЖ 3.04-104-2014 

IV 

КІРІСПЕ 

Осы  ережелер  жинағы  нормалаудың  параметрлік  әдісіне  сәйкес  Қазақстан 

Республикасының  құрылыс  саласын  техникалық  реттеу  жүйесін  реформалау  аясында 
әзірленді. 

Осы  ережелер  жинағы  энергетикалық,  су-көліктік  мақсаттағы  имараттардың 

құрамына кіретін, мелиоративтік жүйелердің, сумен жабдықтау және ағынды қайта ағызу 
жүйелерінің,  сонымен  қатар  су  тасқынымен  күресу  имараттарының  қайтадан  соғылатын 
және реконструкцияланатын бетон және темірбетон бөгеттерін жобалауға қатысты негізгі 
қолайлы шешімдер мен қағидалардан тұрады. 

Осы  ережелер  жинағы    бетон  және  темірбетон  бөгеттердің  құрылысын  салу  мен 

пайдалануға  беру  объектілерінің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  бойынша  Қазақстан 
Республикасының  «Ғимараттар  мен  құрылыстардың,  құрылыс  материалдары  мен 
бұйымдарының  қауіпсіздігіне  қойылатын  талаптар»  техникалық  регламентінің  және        
ҚР  ҚН  3.04-04  «Бетон  және  темірбетон  бөгеттер»  құрылыс  нормаларының  талаптарын 
сақтау жөніндегі дәлелдеу базасының нормативтік құжаттарының бірі болып табылады. 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚР ЕЖ 3.04-104-2014 

СП РК 3.04-104-2014 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ 

CВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

 

БЕТОН ЖӘНЕ ТЕМІРБЕТОН БӨГЕТТЕР 

 

ПЛОТИНЫ БЕТОННЫЕ И ЖЕЛЕЗОБЕТОННЫЕ 

 

 

Енгізілген күні  

 - 

2015-07-01

 

1

 

ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 

1.1  Осы  ережелер  жинағы  су  ортасының  әсер  етуіне  ұшырайтын  және 

энергетикалық,  су-көліктік  мақсаттағы  имараттардың  құрамына  кіретін,  мелиоративтік 
жүйелердің,  сумен  жабдықтау  және  ағынды  қайта  ағызу  жүйелерінің,  сонымен  қатар  су 
тасқынымен  күресу  имараттарының  қайтадан  соғылатын  және  реконструкцияланатын 
бетон және темірбетон бөгеттерін жобалауға таралады.  

1.2  Ережелер  жинағы  бұзылысы  жер  сілкінісі  кезінде,  негіздеменің  төтенше 

отырмалы, ісетін немесе карсттық  деформациясынан, немесе төтенше  табиғи апаттардан 
қауіпті экологиялық және әлеуметтік салдарға әкелуі мүмкін бөгеттерге таралмайды.

 

 

                                                      2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР  

 

Осы ережелер жинағын қолдану үшін келесі сілтемелік нормативтік құжаттар керек: 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17-қарашадағы №1202 қаулысымен 

бекітілген «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының 
қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті; 

ҚР ҚН 1.01-01-2011 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік 

нормативтер. Негізгі ережелер. 

ҚР ҚН 3.04-01-2013 Гидротехникалық имараттар.  
ҚР  ҚНжЕ  3.04-01-2008  Гидротехникалық  имараттар.  Жобалаудың  негізгі 

қағидалары. 

ҚР ҚНжЕ 2.01-07-85* Жүктемелер мен әсерлер. 
ҚР  ҚНжЕ  3.04-40-2006  Гидротехникалық  имараттарға  түсетін  жүктемелер  мен 

әсерлер. 

ҚР ҚНжЕ 2.03-30-2006 Сейсмикалық аудандардағы құрылыс. 
ҚНжЕ  2.06.08-87  Гидротехникалық  имараттардың  бетон  және  темірбетон 

конструкциялары. 

ҚНжЕ 2.03.01-84* Бетон және темірбетон конструкциялар. 
ҚР ҚНжЕ 5.04-22-2002 Болат конструкциялар. 
ҚР ҚНжЕ 3.04-02-2008 Топырақ материалдар жасалған бөгеттер. 
ҚР ЕЖ 2.01-101-2013 Құрылыс конструкцияларын тот басудан қорғау. 
___________________________________________________________________ 

Ресми басылым

 

 
 

ҚР ЕЖ 3.04-104-2014

 

 

ВҚН  5-84  Гидротехникалық  жүйелер  мен  имараттар.  Гидрогеологиялық  және 

инженерлік-геологиялық іздеулер. 

МемСТ  31938-2012  Бетон  конструкцияларды  арматуралауға  арналған  композиттік 

полимерлік арматура. 

 

ЕСКЕРТПЕ Осы мемлекеттік нормативті пайдалану кезінде сілтемелік құжаттардың әрекетін ағынды 

жыл  жағдайы  бойынша  жасалатын  және  ай  сайын  шығарылатын  ақпараттық  бюллетень-журналға  сай 
келетін ақпараттық «Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін сәулет, қала құрылысы және құрылыс 
саласындағы  нормативтік  құқықтық  және  нормативтік-техникалық  актілердің  тізбесі»,  «Қазақстан 
Республикасының  стандарттау  жөніндегі  нормативтік  құжаттарының  көрсеткіші»,  «Қазақстан 
Республикасының  стандарттау  жөніндегі  мемлекетаралық  нормативтік  құжаттарының  көрсеткіші» 
каталогтары бойынша тексеру мақсатқа сай келеді. Егер сілтемелік құжат ауыстырылған (өзгертілген) болса, 
онда  осы  нормативтерді  пайдалану  кезінде  ауыстырылған  (өзгертілген)  құжатты  басшылыққа  алу  керек. 
Егер  сілтемелік  құжат  ауыстырылмай  алынып  тасталған  болса,  онда  оған  сілтеме  жасалған  ереже  осы 
сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады. 

 

3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР

 

 

Осы ережелер жинағында ҚР ҚН 1.01-01 құрылыс нормаларында баяндалған тиісті 

анықтамалары бар, сонымен қатар келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады

1.1

 

Бөгет:

  су  деңгейін  көтеруге  арналған,  су  ағыны  мен  оның  маңайын  қоршап 

тұратын негізгі су тірейтін имарат; 

1.2

 

Бьеф: 

су тірейтін имаратқа жанасатын су ағынының бөлігі; 

1.3

 

Жоғарғы бьеф: 

бөгеттің ағысы бойынша жоғарғы ағын

  (

су тірейтін имараттың 

жоғарғы жағындағы бьеф); 

1.4

 

Төменгі бьеф:

 ағыстың төменгі бөлігі (су тірейтін имараттың төменгі жағындағы 

бьеф); 

1.5

 

Су  ағызғыш: 

артық  суды  (әдетте,  тасқынның  суын)  су  қоймасынан  ағызып 

жіберуге арналған гидротехникалық имарат; 

1.6

 

Жота:

 бөгет пішінінің жоғарғы жағы; 

1.7

 

Дренаж:

  сүзілген  және  жерастылық  суларды  жинау  мен  бұруға  арналған 

құрылғы; 

1.8

 

Бөгеттің  тісі:

  бөгеттің  тұрақтылығын  арттыру  немесе  сүзу  жолын  ұлғайту 

мақсатында іргеде табанды жартылай тереңдету; 

1.9

 

Бөгеттің табаны:

 бөгеттің іргеге жанасқан беті; 

1.10

 

Тірейтін  деңгей:

    тірегіштің  әрекетінің  нәтижесінде  су  ағынында  немесе  су 

қоймасында пайда болған судың деңгейі;

 

 

1.11

 

Потерна: 

бөгеттің ішіндегі галерея; 

1.12

 

Экран:

 бөгеттің жоғарғы сүзуге қарсы құрылғысы; 

1.13

 

Кавитация: 

қысымның  өзгеруі  кезінде  сұйықтықтың  тұтастылығының 

бұзылуы,  су  ағынын  бетон  бетінен  кетіру  және  бетон  бетінің  тегіссіздігінен  құрылған 
және  қатты  беттің  кавитациялық  эрозиясына  әкеп  соғатын  су  қабаттарын  ауамен 
қанықтыру; 

1.14

 

Дрена: 

вертикаль немесе горизонталь дренаждық ұңғыма; 

ҚР ЕЖ 3.04-104-2014

 
 

 

1.15

 

Понур:

  бетоннан,  темірбетоннан,  асфальттан  немесе  басқа  материалдардан 

жасалған сүзуге қарсы жабын; 

1.16

 

Шпунт:

  қағылған  қалқаншалардан  (металл,  темірбетон  немесе  ағаш)  жасалған 

бөлетін вертикаль қабырға; 

1.17

 

Ряж:

 таспен немесе қиыршық таспен толтырылған металл торлар;

 

1.18

 

Рисберма: 

су ағызуды аяқтайтын табанның горизонталь телімі 

1.19

 

Жоғарғы еңіс:

 жоғарғы бьеф жақтағы бөгеттің беті; 

1.20

 

Астыңғы еңіс:

 бөгеттің төменгі бьеф жақтағы беті;

 

1.21

 

Берма: 

суды  бұруға  және  мақсаттарға  арналған  бөгеттердің  еңістерінде 

орнатылатын, кішкене еңісі бар горизонталь алаңша; 

1.22

 

Суффозиялық 

жаратылыс:

 

бетонның 

топырақтың 

құрамындағы 

сульфаттардан тот басуы; 

1.23

 

Кері сүзгіш: 

дренаж бен топырақтық бөлшектерді шығаруға кедергі келтіретін 

дренаждалған дененің байланысындағы ұсақ ұяшықты сүзетін қабат; 

1.24

 

Сүзуге  қарсы  құрылғы: 

судың  сүзілуіне  кедергі  келтіретін  аз  сіңіретін 

топырақтың немесе жасанды материалдың қабаты;

 

1.25

 

Шашкалар: 

биіктігі  ұзындығынан  немесе  енінен  кіші  судың  энергиясын 

сөндірушілер;

 

1.26

 

Пирстер:

  биіктігі  ұзындығынан  немесе  енінен  үлкен  судың  энергиясын 

сөндірушілер. 

 

4 НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕР 

 

A – 

бөгет секциясының табанының ауданы;  

A

red 

 контрфорстың берілген горизонталь қиысуының ауданы; 

А

s

 –

 арматураның қиысуының ауданы; 

E

b

 

– 

бетон серпінділігінің бастапқы модулі; 

E

bd

 –

 бетон қалаудың деформация модулінің есептік мәні; 

Е

s

 – 

арматура серпінділігінің модулі;  

F – 

жалпыландырылған күшпен әсер етудің есептік мәні; 

Н

u

 

– жоғарғы бьеф жақтан келген қысым;  

Н

t

 

– төменгі бьеф жақтан келген қысым;  

H

d

 

– есептік қиысудың астындағы қысым;  

H

dr

 

– дренаж осьі бойынша қалдық сүзілген қысым; 

Н

as

 

– цементтік бүркеудің осьі бойынша қалдық сүзілген қысым; 

I

cr,m

 

– ағынның қауіпті орташа градиенті;  

I

adm

 

– ағынның рұқсатты градиенті;  

I

red

 

– контрфорстың берілген горизонталь қиысуының инерциясының сәті;  

М 

– күштің сәті, иілетін сәт;  

N

 – дұрыс күш;  

P

WS

 

 

сорғыштардың жоғарғы бьеф жағынан қысымы; 

– жылжытудың күші; 

– жалпыландырылған күш түсетін қабілеттіліктің есептік мәні; 

ҚР ЕЖ 3.04-104-2014

 

 

Р

b

 

– бетонның қысуға есептік кедергісі; 

Р

bt

 

– бетонның осьтік созуға есептік кедергісі; 

U

rot

 

– судың бөгет табанына толық қысымға қарсылығы; 

U

f

 

–  бөгеттің  жерастылық  пішінінің  жеке  телімдеріндегі  сүзгіштік  қысымға 

қарсылығы; 

U

v

 

– өлшенетін қысымға қарсылық; 

W

x

, W

y

 

– қиысудың 

х-х

 және 

у-у 

осьтеріне қатысты кедергісінің сәттері; 

a

dr

 

– бөгеттің ағындық шегінен дренаж осьіне дейінгі қашықтығы; 

– бөгеттің ірге бойынша ені; 

– бөгет секциясының ені; 

d

t

 

– бөгет денесінің горизонталь қиясыулардағы және байланыс қиысуындағы созылу 

аймағының тереңдігі; 

d

t,lim

 

– бөгеттің жоғарғы шегіндегі созылу аймағының шекті тереңдігі; 

– еркін құлауды жылдамдату; 

– бөгеттің биіктігі; 

h

ws

 

 

сорғыштардың бөгет алдындағы биіктігі; 

К 

– сүзу коэффициенті; 

К

y

 

– қысу кезіндегі топырақ төсемдерінің коэффициенті;  

К

х

 

– жылжыту кезіндегі топырақ төсемдерінің коэффициенті;  

l

u

 – су қысымының жоғарғы бьеф жағындағы әрекетінің есептік ұзындығы;  

l

t

 

– су қысымының төменгі бьеф жағындағы әрекетінің есептік ұзындығы; 

m

и

,  m

t

 

–  есептік  қиысу  деңгейіндегі  бөгеттің  жоғарғы  және  астыңғы  шектерінің 

еңістері;  

2

 

– қысымға қарсы тиімді алаңның коэффициенті; 

lc

 

– жүктемелердің үйлесімінің коэффициенті;  

n

 

– имараттың мақсаты бойынша сенімділік коэффициенті; 

cd

 

 

бөгет жұмыстарының жағдайының коэффициенті;  

cda

 

 

аркалық бөгеттердің жұмыс жағдайының коэффициенті; 

ws

 

 

өлшенген күйдегі тосқындар топырағының салыстырмалық салмағы;  

w

 – судың тығыздығы; 

v

 – топырақтың Пуассон коэффициенті;  

 – дұрыс кернеулер;  

 – жанама кернеулер. 

 

5 ҚОЛАЙЛЫ ШЕШІМДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ 

 

5.1  Конструктивтік  шешімдер  мен  технологиялық  мақсаттарға  байланысты  бетон 

және темірбетон бөгеттер: 

а) конструктивтік шешім бойынша: 
а.1 жартасты іргелердегі гравитациялық: 
а.1.1 массивтік (1.а-сурет); 
а.1.2 кеңейтілген жіктері бар (1.б-сурет); 
а.1.3 іргесінде бойлық жазығы бар (1.в-сурет); 

ҚР ЕЖ 3.04-104-2014

 
 

 

а.1.4 қысымды шектегі экраны бар (2.а-сурет); 
а.1.5 негіздемеде анкерлеуі бар (2.б-сурет); 
а.1.6 анкерлік понуры бар; 
а.2 жартасты іргелердегі контрфорстық: 
а.2.1 массивтік ауыздықтары бар (массивтік контрфорстық) (3.а-сурет); 
а.2.2 аркалық жабыны бар (көп аркалы) (3.б-сурет); 
а.2.3 жазық жабыны бар(4-сурет); 
а.3 жартасты шатқалдағы аркалы: 
а.3.1 қысылған тірегі бар (5-сурет); 
а.3.2 периметралдық жігі бар (6.а-сурет); 
а.3.3 үш топсалы белдіктен жасалған (6.б-сурет); 
а.3.4 гравитациялық тірегі бар (7-сурет); 
б) технологиялық мақсат бойынша:   
б.1 енжарлы (1.а, 1.б, 2.а, 2.б-суреттер);  
б.2 су ағызатын: 
б.2.1.1 үстіңгі суағары бар (1.в, 3.а, 8.а-суреттер); 
б.1.2 тереңдік су ағызғышы бар (1.в, 2.а, 8.б-суреттер); 
б.2.1.3  көп  ярустық  (үстіңгі  суағары  мен  тереңдік  су  ағызғышы  бар)  (8.в-сурет) 

болып бөлінеді. 

5.2 Жартасты іргедегі бетон бөгеттерді: 
– кең жармалар жағдайында: гравитациялық және контрфорстық;  
–  жартасты  шатқал  жағдайында  (l

ch

/h≤5  кезінде):  аркалық-гравитациялық  және 

аркалық  (l

ch

  –  шатқалдың  ені  хорда  бойынша  бөгет  жотасының  деңгейінде;  h  –  бөгеттің 

ені) түрлерінде жобалау керек.  

Топографиялық  және  геологиялық  жағдайларға  байланысты  бір  жармада  әртүрлі 

түрдегі, мысалы, гравитациялық және контрфорстық немесе аркалық және гравитациялық 
ж.с.с. бөгеттер бір уақытта қолданыла алады. 

 

а)                                       б)                                         в) 

               

    

 

1-сурет – Гравитациялық бөгеттердің кесіктерінің схемалары 

(а – массивтік бөгет; б – кеңейтілген жіктері бар бөгет; 

в – іргесінде анкерлеуі бар бөгет; 1 – кеңейтілген жік; 2 – бойлық қуыс) 

 

 

ҚР ЕЖ 3.04-104-2014

 

 

                                                 а)                                                             б) 

                   

 

  

2-сурет – Гравитациялық бөгеттердің кесіктерінің схемалары 

(а – ағындық шегінде экраны бар бөгет; б – іргесінде анкерлеуі бар бөгет; 

3 – экран; 4 – алдын-ала кернелген анкер) 

 

 

    а)                                                                                     б) 

   

 

3-сурет – Контрфорстық бөгеттердің кесіктерінің схемалары 

(5 – массивтік ауыздықтар; 6 – контрфорстар; 7 – аркалық жабын) 

 

 

4-сурет – Жазық жабыны бар контрфорстық бөгеттің кескінінің схемасы 

(8 – жазық жабын) 

 

5-сурет – Аркалық бөгеттің кескінінің схемасы 

 

 

а)                                                                         б) 

ҚР ЕЖ 3.04-104-2014

 
 

 

    

  

          

 

6-сурет – Аркалық бөгеттің кескіндерінің схемалары  

(а – перименталдық жігі бар бөгет; б – үш топсалы белдіктен құрылған бөгет;  

9 – перименталдық жік; 10- үш топсалы белдік; 11 – топсалар) 

 
 

      

 

 

7-сурет – Гравитациялық тірегі бар аркалық бөгеттердің кескінінің схемасы  

(12 – гравитациялық тіректер) 

 

 

 

8-сурет – Жартасты емес іргедегі су ағызатын бөгеттердің негізгі түрлері  

(а – суағар; б – терең су ағызғыштар; в – екі ярустық) 

5.3  Жартасты  емес  іргедегі  бетон  және  темірбетон  бөгеттерді,  әдетте,  су  ағызатын 

түрінде жобалау керек (8-сурет). Қысымды фронттың енжарлы телімдері үшін бетон және 
темірбетон бөгеттерді қолдану қажеттілігі негізделуі керек. 

5.4  Бетон  және  темірбетон  бөгеттердің  класы  олардың  биіктігі  мен  әлеуметтік-

экономикалық  жауапкершілік  пен  ҚР  ҚНжЕ  3.04-01  А  қосымшасындағы  А.1  және  А.2-
кестелерінде  көрсетілген  пайдалануға  беру  жағдайларының  есебі  бар  топырақ 
жағдайларының типтеріне байланысты белгіленеді. 

Егер  бөгеттің  ағыстық  фронтының  жеке  телімдері  әртүрлі  конструкциялы  немесе 

биіктіктегі  бөгеттерден  жасалған  болса,  онда  олардың  класы  бөгеттің  ең  терең  бөлігінің 
класына тең етіп қабылданады. 

5.5  Бөгеттің  класын  анықтаған  кезде  оның  биіктігі  жарманың  ең  терең  теліміндегі 

бөгеттің биіктігіне тең етіп қабылданады. Бөгеттің биіктігі жота (парапетті қоса) мен бөгет 
табанының астының белгілерінің айырмашылығы (іргедегі ірі сызаттарды қалауға қажетті 
іргедегі жергілікті тереңдетудің немесе тіс не анкер құрылғысының т.с.с есебісіз) ретінде 
анықталады. 

Егер  жотаның  ең  терең  бөлігі  массивтік  тығыз  түрінде  орындалған  болса,  онда 

бөгеттің биіктігі тығынның үстінен бөгет жотасына дейін анықталады. 

ҚР ЕЖ 3.04-104-2014

 

 

5.6  Бөтен жотасының бойындағы ең биік телімнің ұзындығы:  
– жартасты емес іргелердегі бөгеттер үшін – бір секцияның ұзындығына тең етіп;  
– жартасты іргелердегі бөгеттер үшін – бір секцияның ұзындығының шамасының ең 

кішісіне тең етіп немесе жота бойынша бөгеттің ұзындығының 1/50 етіп қабылданады. 
 

Көзбе-көз қадағалау және зерттеу 

 
5.7  I,  II  және  III  кластарының  бетон  және  темірбетон  бөгеттерінде  имараттар  мен 

олардың іргелерінің жағдайына құрылыс  салу кезеңімен қатар пайдалануға беру процесі 
кезінде  де  көзбе-көз  қадағалау  мен  зерттеу  жүргізу  үшін  бақылау-өлшеу  құралын  (БӨҚ) 
орнату керек.  IV класының бөгеттерінде БӨҚ орнату олардың қажеттілігін негіздегеннен 
кейін жүргізіледі. БӨҚ орнату, құрамы, көлемі, сонымен қатар көзбе-көз қадағалау және 
зерттеу бағдарламасы жобалық тапсырмада белгіленеді. 

5.8  Көзбе-көз қадағалау ҚР ҚН 3.04-01 нормативтінің талаптарына сай орындалады. 

 

6   ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ 

 
6.1  Бетон  және  темірбетон  бөгеттер  мен  олардың  элементтеріне  арналған  құрылыс 

материалдары  ҚНжЕ  2.03-01,  ҚР  ҚНжЕ  5.04-22,  МемСТ  31938-2012  және  осы  бөлімнің 
талаптарын қанағаттандыруы керек. 

6.2  Бетон  және  темірбетон  бөгеттер  мен  олардың  элементтерінде  бетонның  жұмыс 

жағдайына байланысты бөгетті пайдалануға беру кезінде оның әртүрлі бөліктерінде келесі 
төрт аймақты (8-сурет) ажырата білу керек: 

I – бөгеттердің сыртқы бөліктері мен олардың атмосфераның әсеріндегі және сумен 

шайылмайтын элементтері;  

II  –  жоғарғы  және  төменгі  бьефтегі  су  деңгейінің  тербелісі  шегіндегі  бөгеттердің 

сыртқы бөліктері, сонымен қатар су ағысының кезеңдік әсер етуіне (су ағызу, су жіберу, 
су шығару, су бұру құрылғылары ж.с.с.) ұшырайтын бөгеттің бөліктері мен элементтері; 

III  –  жоғарғы  және  төменгі  бьефтегі  судың  минималдық  пайдалануға  беру  

деңгейінен төмен орналасқан сыртқы және бөгеттер бөлігінің іргесіне жанасқан бөліктері; 

IV  –  I-III  аймақтарына  кірмейтін  бөгеттің  ішкі  бөлігі,  оның  ішінде  контрфорстық 

бөгеттердің тұйық бөліктеріне жанасқан бетон мен конструкциялар. 

Бетон  және  темірбетон  бөгеттердің  әртүрлі  аймақтарындағы  бетонға  қойылатын 

талаптарды  әртүрлі  аймақтардың  жұмыс  жағдайына  тәуелсіз  1-кесте  бойынша  қабылдау 
керек. 

6.3  Бөгеттердің  сыртқы  бөліктерінің  қалыңдығын  (І-аймақ)  бөгеттің  түрінің, 

кернеулі  күйінің,  бөгеттің  конструктивтік  бөліктері  мен  элементтерінің,  судың 
қолданыстағы  қысымының  шамасының,  температураның  тәуліктік  құлауының  ену 
тереңдігінің есебімен қабылдау керек. 

6.4  Бетонның  су  сіңірмеушілік  маркасын  су  ағынының  градиентіне  байланысты  2-

кесте бойынша қабылдау керек. 
 

1-кесте – Бөгеттің әртүрлі аймағындағы бетонға қойылатын талаптар 

 

ҚР ЕЖ 3.04-104-2014

 
 

 

Бөгеттің әртүрлі аймағындағы бетонға қойылатын 

талаптар 

Бөгет аймақтары 

бетон 

темірбетон 

Қысуға деген беріктілік бойынша 

I, II, III, IV 

I, II, III, IV 

Созуға деген беріктілік бойынша 

I, II, III 

I, II, III 

Су сіңірмеушілік бойынша 

II, III 

II, III 

Аязға төзімділік бойынша 

I, II 

I, II 

Шекті созылғыштық бойынша 

I, II, III, IV 

Талап койылмайды 

Судың  басқыншылықты  әсеріне  қарсы  беріктік 
бойынша 

II, III 

II, III 

Өлшенген және алынатын тосқыны бар болған кезде 
судың  ағысымен  шайылуға  кедергілік,  сондай-ақ 
судың  бетон  бетіндегі  15  м/с  және  одан  да  үлкен 
жылдамдығы  кезінде  кавитацияға  қарсы  төзімділік 
бойынша 

 

II 

 

II 

Бетон қатқан кездегі жылу бөлушілік бойынша 

I, II, III, IV 

Тиісті 

негіздеме 

кезінде қойылады 

ЕСКЕРТПЕ  IV  класының  бөгеттері  үшін  бетонға  шекті  созылғыштық  және  жылу  бөлушілік 
бойынша талаптар қоймауға жол беріледі 

 

2-кесте – Бетонның су сіңірмеушілігіне қойылатын талаптар 

 

Ағынның көрсетілген градиенті кезіндегі бетонның су сіңірмеушілік маркасы, м 

5 дейін 

5-10 

10-15 

15-20 

20-30 

W2 

W4 

W6 

W8 

W10 

 

6.5  Бөгеттердің  арасында  сумен  шайылып  тұратын  бөліктері  мен  элементтері  (ІІ 

аймақ)  үшін  бетонның  су  сіңірмеушілік  маркасы  W4  төмен  емес;  бетонға  алынатын 
сорғыштар  арқылы  су  ағынының  әсері  кезінде,  сонымен  қатар  бетонның  кавитацияға 
қарсы беріктілігін қамтамасыз ету кезінде бетонның су сіңірмеушілік маркасы W8 төмен 
емес етіп қабылданады. 

Судың бетонға деген басқыншылығы кезінде бетонның су сіңірмеушілік маркасы ҚР 

ЕЖ 2.01-101 сай қабылданады. 

6.6 Бөгеттің астыңғы шегінде орналастырылған темірбетон қаптаудың 15 см асатын 

қалыңдығы кезінде І аймақтың бетонының аязға төзімділігін қорғалмаған сыртқы беттерге 
арналған маркамен салыстырғанда бір маркаға төмен маркамен қабылдауға жол беріледі. 
Қаптау  түйістерінің  конструкциясы  бөгет  денесінің  бетонына  ылғалдың  тікелей  түсуін 
жоққа шығаруы керек. 

6.7 Бетонның қысуға деген беріктілігі мен осьтік созудың жобалық класына және су 

сіңірмеушілік  маркасына  сәйкес  келетін  бетонның  жасын  (қату  мерзімін)  имаратты  салу 
және су қоймаларын толтыру мерзімдерінің есебімен белгілеу керек. 

Әдетте,  бөгеттің  беріктілік  класы  мен  су  сіңірмеушілік  маркасына  сай  келетін 

монолиттік  бетонының  жасын  180  тәулікке,  ал  аязға  төзіміділік  бойынша  жасын  28 
тәулікке тең етіп алу керек. Биіктігі 60 м және бетонының көлемі 500 мың м

3

 асатын бетон 

ҚР ЕЖ 3.04-104-2014

 

 

10 

бөгеттер  үшін  көрсетілген  беріктілік  және  су  сіңірмеушілік  жасын  бір  жылға  тең  етіп 
қабылдау керек.  

6.8  Имараттағы  бетонның  әртүрлі  кластарының  санын,  әдетте,  төрттен  асырмай 

қабылдауға  кеңес  беріледі,  ал  бетон  класының  санын  өсіруге  тиісті  негіздеме  болғанда 
жол беріледі. 

Бетон бөгеттерге арналған бетонның есептік кедергілерін бетонның  конструкцияны 

төменде  берілгендей  пайдалануға  беру  жүктемелерімен  жүктеу  уақытындағы  бетонның 
нақты жасының есебімен анықтау керек: 

– қысуға арналған формула: 

R

br

 = γ

rc.

γ

n

.R

b

                                                                                                

(1) 

– созуға арналған формула: 

R

brt

 = γ

rt.

γ

n

.R

bt

                                                                       (2)      

мұнда 

R

br

,  R

bt

 

–  ҚР  ҚН....2014  «Гидротехникалық  имараттардың  бетон  және 

темірбетон  конструкциялары»  бойынша  қабылданатын,  сәйкесінше  180  тәулік  жастағы 
қысуға және созуға есептік кедергілер (

R

br,ser

, R

bt,ser

 келесі аналогтық формулалар бойынша 

анықталады: 

R

br.ser

 = γ

rc.

γ

n

.R

b,ser 

; R

bt.ser

 = γ

rc.

γ

n

.R

bt,ser

); 

γ

rc.

γ

rt

 – бетонның жасының оның қысу және созу кезіндегі беріктілігіне әсерін ескеретін, 

сәйкесінше 3-кесте бойынша анықталатын коэффициенттер; 

γ

n

  –  бақылау  үлгілері  мен  имараттардағы  бетон  беріктілігіндегі  айырмашылықты 

ескеретін коэффициент, ол: 

–  механикалық  әзірлеу,  тасымалдау  мен  бетон  ерітіндіні  қол  дірілдеткіштерімен 

бөлу және тығыздау арқылы беру кезінде – 1,0;  

–  бетон  ерітіндіні  автоматтық  әзірлеу,  бетон  ерітіндіні  толығымен  механикалық 

тасымалдау, қалау және тығыздау кезінде – 1,1 тең етіп қабылданады. 

6.9  I  және  II  класының  бөгеттері  үшін  оларды  белгілі  тәртіп  бойынша  келісе  және 

бекіте отырып, цементке арнайы техникалық шарттарды әзірлеуге жол беріледі.  

6.10 Бетонының көлемі 1 млн м

3

 бетон бөгеттер үшін ҚР ҚНжЕ 2.06.08 белгіленген 

бетонды қысудың нормативтік кедергілерімен бірге олардың аралық мәндерін де белгілеу 
керек. 
 

ҚР ЕЖ 3.04-104-2014

 
 

 

11 

3-кесте – Бетон жасының оның қысу және созу кезіндегі беріктілігіне әсер етуін 

ескеретін коэффициенттер 

 

Бетонның имаратты 

батыру сәтіндегі жасы, 

жыл 

Төменде көрсетілген аудандарға 

арналған 

 

коэффициенті 

 коэффициенті 

сыртқы ауасының 

орташа жылдық 

температурасы 0°С 
және одан да үлкен 

аудандар 

сыртқы ауасының 

орташа жылдық 

кері температурасы 

бар аудандар 

0,5 

1,0/0,9 

1,0/0,9 

1,0/0,9 

1,0 

1,1/1,0 

1,05/1,0 

1,05/1,0 

2,0 

1,15/1,10 

1,10/1,05 

1,1/1,05 

3,0 және одан көп 

1,20/1,15 

1,15/1,10 

1,15/1,1 

ЕСКЕРТПЕ  1  Азайтқышта  бетонның  180  тәулік  жасындағы,  ал  азайғышта  бетонның  360 

тәулік жасындағы 

коэффициенттерінің мәндері берілген. 

ЕСКЕРТПЕ 2 Секциялық кескін кезінде 

коэффициентін сыртқы ауасының орташа жылдық 

температурасы 0°С және одан да үлкен аудандар сияқты қабылдау керек. 

ЕСКЕРТПЕ  3  І  класс  бөгеттері  үшін 

коэффициенттерін  қабылданған  құрамның 

бетондарын эксперименталдық жолмен анықтауға жол беріледі

 

 

7 ЖАЛПЫ КОНСТРУКТИВТІК ШЕШІМДЕР 

 
7.1 Жалпы ережелер 

 
7.1.1  Енжар  бөгеттің  жотасының  ені  мен  конструкциясын  бөгеттің  түрінк,  жұмыс 

өндірісінің жағдайларына, жотаны пайдалануға беру кезеңінде жүру, өткел немесе басқа 
да мақсаттар үшін пайдалануға байланысты, бірақ 2 м кем емес етіп қабылдау керек.  

7.1.2  Енжар  бөгеттің  жотасының  жоғарғы  бьефтегі  судың  деңгейінен  асуын  ҚР 

ҚНжЕ 3.04-02 бойынша анықтау керек. Бұл жерде бөгет жотасының ұлғаюының қорының 
шамасын (парапеттің есебімен) І кластың бөгеттері үшін – 0,8 м; ІІ кластың бөгеттері үшін 
– 0,6 м; III және IV кластың бөгеттері үшін – 0,4 м етіп қабылдау керек. 

7.1.3  Су  ағызатын  бөгеттердің  діңгектерінің  өлшемдерін  ысырманың  типі  мен 

конструкциясына,  су  ағызатын  тесіктердің  өлшемдеріне,  бойлық  галериядан  шығатын 
пайдалануға беру және апаттық шығыстарға, көпірлік аралық құрылыстардың өлшемдері 
мен  конструкциясына  байланысты  қабылдау  керек.  Бұл  жерде  діңгектің  ойықты 
мойнағының қалыңдығын барлық жағдайда 0,8 м кем емес етіп қабылдау керек.  

7.1.4  Су  ағызатын  бөгеттердің  жоғарғы  бьеф  жағындағы  діңгектерінің  үстінің 

белгісін  енжар  бөгеттің  жотасының  белгісінің,  ысырмалардың  типтерінің,  оларды  епті 
әдістендірудің шарттарының, көтеретін және көлік механизмдерінің, көпірлік өтпелердің 
бар  екендігінің  және  оның  биіктік  бойынша  габариттерінің  есебімен,  жоғарыда  аталған 
жағдайлардың әрқайсысы бойынша ең үлкенін қабылдау керек. 

ҚР ЕЖ 3.04-104-2014

 

 

12 

7.1.5  Жоспардағы  діңгектердің  одан  жоғары  бьеф  жағындағы  көрінісі  судың  су 

ағызатын тесіктерге қалыпты кіруі мен ағыстың минималдық қысылуын қамтамасыз етуі 
керк. 

Мұзды өткізген жағдайда, діңгектік ауыздығын үшкір формалы етіп жобалау керек. 
7.1.6  Жоспардағы  діңгектердің  одан  жоғары  бьеф  жағындағы  көрінісі  беріктілік 

және  гидравликалық  шарттардың,  көпірлік  конструкциялар  мен  басқа  имараттардың 
орналасуының, сонымен қатар діңгектердің үстінің су астында қалмайтындығының есебі 
бар жалпы конструктивтік талаптарға сәйкес келуі керек. 

7.1.7  Су  ағызғыш  шегіндегі  бөлетін  және  жағалық  тіректердің  беткі  шегін 

діңгектердің шектеріне аналогтық түрде жобалау керек. 

7.1.8  Бөгеттердің  діңгектері  мен  тіректері  бойына  автомобильдік  немесе  темір  жол 

көпірлерін жабалау кезінде діңгектер мен тіректерге көпірлік тіректерге қойылған сияқты 
қосымша талаптар қою керек. 

7.1.9  Бөгеттің  жеке  бөліктерін  (су  ағызатын  бөлігін  енжар  бөлігімен)  түйіндеген 

кезде  бөгеттің  бір  бөлігінің  екінші  бөлігіне  деген  тірек  шегіндегі  дөңес  жерлерге  жол 
бермеу керек. 

7.1.10 Бөгеттің жоғарғы шегінің бойына бойлық галереяларға шығысы бар вертикаль 

ұңғыма  (дрена)  түріндегі  немесе  бөгеттің  секция  аралық  жіктерінде  орналасқан  қарау 
шахталарына  шығысы  бар  бетондау  ярустарының  деңгейлерінде  горизонталь 
дреналардың дренаж құрылғысын қарастыру керек.  

7.1.11  Вертикаль  дренаждық  ұңғымалардың  диаметрін  10-30  см  шамасында; 

дренаның осьтерінің арасындағы қашықтықты – 2-3 м етіп қарастыру керек. 

Ауданы  400-800  см

2

  трапецеидалдық  немесе  тік  бұрышты  қиысудың  горизонталь 

дреналарын бөгеттің биіктігі бойынша әрбір 2-3 м сайын орналастыру керек. 

7.1.12  Бөгеттің  ағындық  шегінен  дренаждың  осьіне  дейінгі,  сонымен  қатар  бойлық 

галереяның жоғарғы шегіне дейінгі қашықтық 

a

dr

 төмендегі шартты сақтау кезінде 2 м кем 

болмауы керек: 

  

                                                                                                 (3) 

мұнда 

H

d

 –

 есептік қиысудың үстіндегі ағын; 

n

  –  имараттың  класына  байланысты  4-кесте  бойынша  қабылданатын,  имараттың 

мақсатына қатысты сенімділік коэффициенті; 

I

cr,m

 –

 бөгет бетонына арналған ағынның қауіпті орташа градиенті. 

Ағынның қауіпті орташа градиентінің шамасын төмендегідей етіп қабылдау керек:  
- гравитациялық және массивтік-контрфорстық бөгеттер үшін – 25 м; 
-  аркалық  және  аркалық-гравитациялық  және  көп  аркалық  бөгеттердің  аркалық 

ағындық жабындары үшін – 50 м.  

7.1.13 Бөгеттердің іргесінде, қажет болған жағдайда, дренаж құрылғысын қарастыру 

керек. 

7.1.14  Бөгет  денесінде  бөгет  биіктігі  бойынша  әрбір  15-40  м  сайын  орналасқан 

бойлық және көлденең галереяларды қарастыру керек. 

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

//////////////////////////