Главная Книги - Разные СП РК 2.03-102-2012 ИНЖЕНЕРНАЯ ЗАЩИТА В ЗОНАХ ЗАТОПЛЕНИЯ И ПОДТОПЛЕНИЯ (ҚР ЕЖ 2.03-102-2012)
поиск по сайту правообладателям
|
|
содержание .. 1 2 ..
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ
Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
СУ БАСҚАН ЖӘНЕ СУДЫҢ ДЕҢГЕЙІ КӚТЕРІЛГЕН
АЙМАҚТАРДАҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК КОРҒАУ
ИНЖЕНЕРНАЯ ЗАЩИТА В ЗОНАХ
ЗАТОПЛЕНИЯ И ПОДТОПЛЕНИЯ
Ресми басылым
Издание официальное
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс,
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын баcқару
комитеті
Комитет по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и
управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики
Республики Казахстан
Астана 2015
АЛҒЫ СӚЗ
1 ӘЗІРЛЕГЕН:
«ҚазҚСҒЗИª АҚ, «НТЦª ЖШС
2 ҰСЫНҒАН:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару
комитетінің Техникалық реттеу және нормалау
басқармасы
3 БЕКІТІЛІП,
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
ҚОЛДАНЫСҚА
министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық
ЕНГІЗІЛГЕН:
шаруашылық істері және жер ресурстарын баcқару
комитетінің
2014
жылғы
29-желтоқсандағы
№ 156-НҚ бұйрығымен 2015 жылғы
1-шілдеден
бастап
ПРЕДИСЛОВИЕ
1 РАЗРАБОТАН:
АО «КазНИИСАª, ТОО «НТЦª
2 ПРЕДСТАВЛЕН:
Управлением технического регулирования и
нормирования Комитета по делам строительства,
жилищно-коммунального хозяйства и управления
земельными ресурсами Министерства национальной
экономики Республики Казахстан
3 УТВЕРЖДЕН И
Приказом Комитета по делам строительства,
ВВЕДЕН В ДЕЙСТВИЕ :
жилищно-коммунального хозяйства и управления
земельными ресурсами Министерства национальной
экономики Республики Казахстан от «29ª декабря
2014 года
№ 156-НҚ с
1 июля
2015 года
Осы мемлекеттiк нормативті Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы
және құрылыс істері жӛніндегі уәкiлетті мемлекеттiк органының рұқсатынсыз ресми
басылым ретiнде толық немесе ішінара қайта басуға, кӛбейтуге және таратуға болмайды
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично
воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без
разрешения уполномоченного государственного органа по делам архитектуры,
градостроительства и строительства Республики Казахстан
II
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
IV
1 Қолдану саласы
1
2 Нормативтік сілтемелер
1
3 Терминдер мен анықтамалар
2
4 Тиімді құрылыс шешімдері
2
4.1 Аумақты су басудан және су астында қалудан қорғау
2
4.2 Су басудан және су астында қалудан қорғайтын имараттар
6
4.3 Бақылау-ӛлшеу құралын орнату
14
4.4 Санитарлық-гигиеналық және табиғатты қорғау іс-шаралары
15
А Қосымшасы (ақпараттық) Су қоймаларындағы инженерлік қорғауды техника-
экономикалық негіздеу
19
Б Қосымшасы (міндетті) Салынып жатқан аумақтарды жобалау, құрылысын салу
және пайдалануға беру кезінде су астында қалудың алдын алуға қатысты іс-
шаралары
23
В Қосымшасы (міндетті) Су астында қалуды ескертуге қатысты сақтандыру іс-
шараларының құрамы
25
Г Қосымшасы (міндетті) Ауылшаруашылық жерлерінің инженерлік қорғауын
жобалаудың әртүрлі кезеңдеріне арналған іздеулердің материалдарының құрамы
26
Д Қосымшасы (міндетті) Қорғайтын су тірейтін имараттардың кластары
28
Е Қосымшасы (ақпараттық) Қала аумақтарының және ӛнеркәсіптік алаңдардың
дренаждық имараттарын жобалау
29
БИБЛИОГРАФИЯ
33
III
КІРІСПЕ
Осы ережелер жинағы орындалуы
«Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс
материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарª техникалық
регламентінде, ҚР ҚН
2.03-02-2012
«Су басқан және судың деңгейі кӛтерілген
аймақтардагы инженерлік корғауª және басқа халықаралық келісімдер аясындағы ӛзге
нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген міндетті талаптарын сақтауды қамтамасыз
ететін су басатын және су астында қалатын аймақтарда инженерлік қорғау жүйелерін,
объектілерін және имараттарын жобалау жӛніндегі қағидалар мен нұсқаулардан тұрады.
Осы ережелер жинағына қалалық аумақтарды және ӛнеркәсіптік алаңдарды
дренерлеу кезіндегі дренаждық имараттарды жобалау мысалы кіргізілген, су астында
қалудың алдын алу бойынша ескерту шараларының құрамы және құрылысын салу мен
пайдалануға беру кезеңінде салынып жатқан аумақта су астында қалу ықпалдарының
әрекетін ескеруге қатысты іс-шаралар берілген.
IV
СП РК 2.03-102-2012
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
СУ БАСҚАН ЖӘНЕ СУДЫҢ ДЕҢГЕЙІ КӚТЕРІЛГЕН
АЙМАҚТАРДАҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК КОРҒАУ
ИНЖЕНЕРНАЯ ЗАЩИТА В ЗОНАХ ЗАТОПЛЕНИЯ И ПОДТОПЛЕНИЯ
Енгізілген күні - 2015-07-01
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1.1 Қазақстан Республикасының ережелер жинағы елді мекендердің, ӛнеркәсіптік,
энергетикалық және коммуналдық-тұрмыс объектілерінің, пайдалы қазбалар мен тау
қазбаларының кен орындарының, ауылшаруашылық және орман жерлерінің, табиғи
ландшафттардың аумақтарын су басудан және су астында қалудан инженерлік қорғау
жүйелерін, объектілерін және имараттарын жобалау мен құрылысын салуға таралады
және құрылыс үшін техникалық шешімдерге кепілдеме беретін және олардың нормативтік
құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттардың міндетті талаптарына
сәйкестілігіне қол жеткізудің амалдарын анықтайтын мемлекетаралық нормативтік
құжаттардың жүйесінің аясында әзірленді.
1.2 Ережелер жинағы техникалық шешімдерге кепілдеме береді және олардың ҚР
ҚН 2.03-02 «Су басатын және су астында қалатын аймақтардағы инженерлік қорғауª және
«Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдардың
қауіпсіздігіне қойылатын талаптарª техникалық регламентінің функционалдық
талаптарына сәйкестігіне қол жеткізудің амалдарын ұсынады, су басатын және су астында
қалатын аймақтардағы инженерлік қорғау имараттарының жұмыс сипаттамасының
минималды деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін тиімді құрылыс шешімдерін
ұсынады.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы ережелер жинағын қолдану үшін келесі сілтемелік нормативтік құжаттар керек:
«Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдардың
қауіпсіздігіне қойылатын талаптарª техникалық регламенті.
ҚР ҚН 2.03-02-2012 Су басқан және судың деңгейі кӛтерілген аймақтардагы
инженерлік корғау.
МҚН 2.03-02-2002 Аумақтарды, ғимараттар мен имараттарды қауіпті геологиялық
процестерден инженерлік қорғау. Негізгі ережелер.
МЕЖ 3.04-101-2005 Негізгі есептік гидрологиялық сипаттамаларды анықтау.
МемСТ 17.1.5.02-80 Табиғатты қорғау. Гидросфера. Су объектілерінің рекрияция
ӛңірлеріне қойылатын гигиеналық талаптар;
МемСТ 17.5.3.04-83 Табиғатты қорғау. Жерлер. Жерлерді рекультивациялауға
қойылатын жалпы талаптар;
Ресми басылым
1
МемСТ
8020-90 Кәріздік, су құбырлары және газ құбырлары желілерінің
құдықтарына арналған бетондық және темір бетондық конструкциялар.
ЕСКЕРТПЕ Осы мемлекеттік нормативті пайдалану кезінде сілтемелік құжаттардың әрекетін ағынды
жыл жағдайы бойынша жасалатын және ай сайын шығарылатын ақпараттық бюллетень-журналға сай
келетін ақпараттық «Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететін сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілердің тізбесіª,
«Қазақстан
Республикасының стандарттау жӛніндегі нормативтік құжаттарының кӛрсеткішіª,
«Қазақстан
Республикасының стандарттау жӛніндегі мемлекетаралық нормативтік құжаттарының кӛрсеткішіª
каталогтары бойынша тексеру мақсатқа сай келеді. Егер сілтемелік құжат ауыстырылған (ӛзгертілген) болса,
онда осы нормативтерді пайдалану кезінде ауыстырылған (ӛзгертілген) құжатты басшылыққа алу керек.
Егер сілтемелік құжат ауыстырылмай алынып тасталған болса, онда оған сілтеме жасалған ереже осы
сілтемені қозғамайтын бӛлікте қолданылады.
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Осы ережелер жинағында ҚР ҚН 2.03-02 құрылыс нормаларында берілген, тиісті
анықтамалары бар терминдер және қосымша келесі терминдер мен анықтамалар
қолданылды:
3.1 Географиялық ақпараттық жүйе, ГАЖ (geographic (al) information system,
GIS): Кеңістік-үйлестірушілік деректерді
(кеңістік деректерді) жинауды, сақтауды,
ӛңдеуді, қолжетімділікті, бейнелеу мен таратуды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
3.2 Табиғи жүйелер: Энергетикалық жағдайдың, заттардың ауысуы мен
айналуының белгілі заңдылықтарымен сипатталатын, тірі ағзалар мен оларды қоршаған
ортаның функционалдық ӛзара байланысының кеңістікті шектелген жиынтығы.
4 ТИІМДІ ҚҰРЫЛЫС ШЕШІМДЕРІ
4.1 Аумақты су басудан және су астында қалудан қорғау
4.1.1 Аумақты инженерлік қорғау жобасының құрамына кӛктемгі су тасқынын және
жазғы тасқындарды жіберуді қамтамасыз етуді қарастыратын, адам ӛлімінің алдын
алатын, апаттық жағдайлардың пайда болуына жол бермейтін немесе оның әрекетін
әлсірететін және ықтимал шығынды тӛмендететін ұйымдастыру-техникалық шараларын
енгізу керек.
Ұйымдастыру-техникалық шараларына:
- гидротехникалық имараттардың ысырмаларын, кӛтеру механизмдерін сынау;
- суағызғыш трактарын тасқындарды жіберуге кедергі келтіретін, бӛгде заттардан
тазалау;
- белгіленген жерлерде құрылыс материалдарының апаттық қосалқыларын дайындау
және қоймалау;
- резервтік сорғыш-күштік жабдықтарды алу;
- электр энергиясының ӛшуі немесе оның объектіде болмауы жағдайында
суағызғышта және сужинағышта жергілікті жарықтандыру құралын дайындау;
- пайдалануға беру ұйымын кӛктемгі және жазғы-күзгі су тасқындары болатын
кезеңде қысқа гидрометеоболжаммен қамтамасыз ету;
- су ағымын және оның имараттарын қадағалау, тежеу мен тоқтау қалыптасқан
жерлерде кезекшілік ұйымдастыру;
2
- гидротехникалық имараттарда, елді мекендердің және басқа объектілердің су
бӛгеттері мен су қоймаларында мұздың және қабыршақ мұздың қауіпті жиналуымен
күресу;
- іргелес аумақтарды су басудан қорғау кіреді. Қажеттілікке байланысты басқа да
ұйымдастыру-техникалық шараларын кіргізуге болады.
Инженерлік қорғауды жобалау мен құрылысын салуды [2] бойынша жүргізу керек.
4.1.2 Су басу мен судың деңгейі кӛтерілуден инженерлік қорғаудың кешенді
аумақтық жүйесі:
- қорғалатын аумақта қорғауды инженерлік қорғаудың жеке құралдарымен жүзеге
асыру мүмкін емес немесе тиімсіз болатын ӛнеркәсіптік немесе азаматтық имараттардың
бар болуы жағдайында;
- инженерлік қорғаудың жеке түрлерін қолдануға болмайтын күрделі
морфометрикалық, топографиялық, гидрогеологиялық және басқа жағдайларда
инженерлік қорғаудың бірнеше әртүрлі құралынан тұруы керек.
4.1.3 Гидроэнергетикалық және су шаруашылық объектілерінің құрылысын салумен
шақырылған су басу мен судың деңгейі кӛтерілуден аумақты қорғау кезінде, І және ІІ
класты инженерлік қорғаудың техника-экономикалық негіздемесін ақпараттық А
қосымшасына сәйкес техника-экономикалық есептің негізінде орындау керек.
Республикалық, ӛңірлік, облыстық және жергілікті мақсаттағы су шаруашылығы
объектілерін жобалау кезіндегі инженерлік қорғау имаратын, сонымен қатар ІІІ және IV класты
инженерлік қорғау имаратын негіздеуді ауыл шаруашылық қажеттіліктерге емес алынған
жерлердің орнына жаңа жерлерді иелендірудің нормативтік құнының негізінде орындау керек.
4.1.4 Жобалау, құрылысын салу жән пайдалануға беру кезінде салынып жатқан
аумақты су астында қалудан ескеру жӛніндегі шараларды осы ережелер жинағының Б, В
қосымшаларына сәйкес орындау керек.
4.1.5 Инженерлік іздеудің материалдары геологиялық процестердің: кӛшкіндердің,
жағаларды, карсты қайта ӛңдеудің, орман топырақтарын отырғызудың, суффозиялардың
ж.т.б. су басу мен судың деңгейі кӛтерілуіне ілеспелі қаупін кӛрсетулері керек.
Инженерлік іздеудің материалдарын Қазақстан Республикасы Энергетика және
минералдық ресурстар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті
жүзеге асыратын жер астылық сулардың және экзогендік геологиялық процестердің
тәртібіне кӛп жылдық бақылау жүргізудің нәтижелерімен, сонымен қатар МЕЖ 3.04-101
сәйкес гидрологиялық және гидрогеологиялық есептермен толықтыру керек.
4.1.6 Жобалауға арналған графикалық құжаттардың масштабтарын 1-кесте бойынша
жобалау кезеңдерінің есебімен анықтау керек.
1-кесте - Жобалау кезеңдері және графикалық құжаттардың масштабтары
Инженерлік қорғауды жобалаудың кезеңі
Графикалық құжаттардың масштабы
1. Инженерлік қорғаудың кешенді аумақтық
1:250 000 - 1:10 000
жүйелерінің схемасы
(күрделі
инженерлік-геологиялық
жағдайлардағы
-
1:2
000
-
1:1
000
ойымдар 1:5 000)
2. Инженерлік қорғаудың аумақтық жүйелері
1:250 000 - 1:10 000
объектілерінің
құрылысын
салудағы
(ойымдар 1:5000 - 1:1000)
инвестицияларды негіздеу
3. Қала құрылысының жобасы
1:5 000 - 1:2 000
(шолу жоспарлары 1:10 000 - 1:5000,
ойымдар 1:1000-1:50)
3
1-кестенің жалғасы
Инженерлік қорғауды жобалаудың кезеңі
Графикалық құжаттардың масштабы
4. Келесілердің құрылысын салуға арналған
жобалық құжаттама:
екі сатылық жобалау:
а) сәулеттік жоба
1:5000 - 1:500 (ойымдар 1:400 - 1:50)
б) құрылыстық жоба
1:2000 - 1:500 (ойымдар 1:400 - 1:50)
бір сатылық жобалау:
белгіленген бекітілген сәулеттік бӛлімі бар
1:2000 - 1:500 (ойымдар 1:400 - 1:50)
құрылыстық жоба
1-кесте бойынша графикалық құжаттарды келесі деректермен:
- оларда табылған деформациялар туралы айғақ мәліметтері бар қолданыстағы
имараттардың, жолдардың, коммуникациялардың замани жағдайының бағасымен;
- аумақтың халық шаруашылықтық және экологиялық мәндерін бағалаумен және
оны келешекте пайдаланумен;
- инженерлік қорғаудың қазіргі бар және орындалатын шаралары мен имараттары,
олардың жағдайлары, оларды дамыту және реконструкциялау қажеттігі мен мүмкіндігі
туралы ақпараттармен ж.т.б. толықтыру керек.
4.1.7 Жеке объектілердің
(ӛнеркәсіптік кәсіпорындар, тұрғын-коммуналдық
имараттар, әртүрлі мақсаттағы дербес ғимараттар мен имараттар) инженерлік қорғауының
жұмыс құжаттамасы мен бір сатылық жобаларын құру кезінде қорғалатын аумақтың ары
қарай пайдалануына: ӛнеркәсіптік, қалалық және ауылдық құрылыс салу, жерлерді ауыл
шаруашылыққа иелендіру, ауыл шаруашылық немесе сызықтық құрылыс салу ж.т.б.
байланысты инженерлік қорғауға қойылатын [1] талаптарын ескеру керек.
4.1.8 Ауылшаруашылық жерлерінің инженерлік қорғау жобаларын ӛңдеу кезінде
іздеу материалдарының құрамы жобалаудың әртүрлі кезеңі үшін міндетті Г
қосымшасының талаптарына сәйкес келуі керек.
4.1.9 Жергілікті орынның виртуалдық үш еселік модельдерін соғу мен сараптау үшін
сандық картографикалық және аэрографикалық ақпараттарды автоматты түрде ӛңдеудің
әдістерін, алгоритмдерін, компьютерлік бағдарламалары мен тәжірибелік тәсілдерді
қолдануға кепілдеме беріледі.
4.1.10 Су тасқыны кездегі елді мекендер аумағының су басу аймағын бағалау үшін
моделдеу әдісін және жоғары кеңістіктік рұқсаты бар ғарыштық суреттерді пайдалану
арқылы ГИЖ-технология базасындағы компьютерлік технологияны қолдануға кепілдеме
беріледі.
4.1.11 Су тасқынын ескерту мен жағымсыз салдарын тӛмендету шараларының
кешенін ӛңдеу кезінде шешім қабылдайтын тұлғаларға ақпараттық қолдау кӛрсету үшін
дайын есептер жүргізуге және су тасқындық гидротехникалық имараттардың әртүрлі
нұсқаларын «ұтылып қалуғаª мүмкіндік беретін қорғау су тасқындық гидротехникалық
имараттардың әдістемесі мен компьютерлік технологияны пайдалану керек.
4.1.12 Су астында қалудан инженерлік қорғау жобаларын ӛңдеу кезінде су астында
қалудың келесі кӛздерін: жерастылық сулардың тірегіштерінің су қоймаларынан,
арналардан, гидроэлектр станцияларының бассейндерінен және басқа гидротехникалық
имараттардан таралуын, іргелес аумақтарға суғарылатын жерлерден сүзу есебінен
жерастылық сулардың таралуын, су тасушы коммуникациялар мен қорғалатын
аумақтардағы имараттардан су кетуді, атмосфералық шӛгінділерді ескеру керек.
Осы жерде су астында қалудың жеке кӛздерінің немесе олардың үйлесімдерінің бір
мезетте пайда болу мүмкіндігін ескеру керек.
4
Жобаланатын су қоймасының немесе басқа су объектісінің жағалау аумағындағы су
астында қалу аймағын су объектісінде
- геологиялық және гидрогеологиялық іздеу
базасында, ал қолданыстағы су объектілерінде
- гидрогеологиялық зерттеулердің
негізінде судың есептік деңгейіндегі жерастылық сулардың таралуының жайылу
болжамымен анықтау керек.
Түйіндескен аумақтарда суғарылатын жерлерден жерастылық сулардың таралуының
жайылу аймағын субаланстық және гидродинамикалық есептердің, геологиялық және
топырақтық зерттеулердің қорытындыларының негізінде анықтау керек.
Бұл жерде:
- қорғалатын аумақтың атмосфералық ылғалдылығының дәрежесін;
- су тасушы коммуникациялар мен сыйымдылықтан су жоғалтуды ескеру керек.
Иеленген аумақтарға арналған су астында қалудың болжамдық кӛлемдік
сипаттамаларын гидрогеологиялық бақылаулардың нақты деректерімен салыстыру керек.
Нақты деректердің болжамдықтан асып кеткен жағдайда, су астында қалудың қосымша
кӛздерін анықтау керек.
4.1.13 Қалалық және ӛнеркәсіптік аумақтардың инженерлік қорғауы кезінде су
астында қалудың:
- инженерлік имараттардың іргелерінде топырақтың физика-механикалық қасиетінің
ӛзгеруіне және жерастылық сулардың басқыншылығына;
- ғимараттар мен имараттардың, оның ішінде ӛңделетін және бұрын ӛңделген
аумақтарда салынып жатқан, сенімділігіне;
- жерастылық сулардың гидростатикалық қысымы ӛзгерген кезде жерастылық
имараттардың тұрақтылығы мен беріктігіне;
- метал конструкциялардың, құбыр жол жүйелерінің, сумен жабдықтау және жылыту
жүйелерінің жерастылық бӛлігінің тоттануына;
- судың жерасты үй-жайларына ену салдарынан инженерлік коммуникациялардың,
имараттар мен жабдықтардың функциялану сенімділігіне;
- суффозия мен эрозияның пайда болуына;
- аумақтың санитарлық-гигиеналық жағдайына;
- жертӛлелік және жерастылық қоймаларда азық-түліктік және азық-түліктік емес
тауарларды сақтау жағдайларына кері әсерлерін ескеру керек.
4.1.14 Ауыл шаруашылығы жерлерінің және табиғи ландшафтардың су астында
қалған кезде су астында қалудың:
- топырақтың тұздалу тәртібінің ӛзгеруіне;
- аумақтың батпақтануына;
- табиғат жүйесіне толықтай және флора мен фауна ӛкілдерінің тіршілік ету
жағдайына;
- аумақтың санитарлық-гигиеналық жағдайына әсерін ескеру керек.
4.1.15 Аумақ үстін:
- құрылыс салуға су басқан, уақытша су басқан және су астында қалған аумақтарды
иелену үшін;
- жерлерді ауыл шаруашылық ӛндірісіне пайдалану үшін:
- су қоймаларының және басқа су объектілерінің жағалаудағы белдеуін абаттандыру
үшін кӛтеру керек.
4.1.16 Топырақпен еселеу арқылы аумақтарды тік жоспарлаудың жобасын аумақтың
құрылыс салу тығыздығының, алдыңғы қарастырылған жоспарлық жұмыстардың
орындалу дәрежесінің, қорғау имараттары кластарының, қорғалатын аумақта орналасқан
ӛзен мен су қоймаларының жерастылық судың болжамдық кӛтерілуінің есебі арқылы
гидрологиялық тәртібі ӛзгерудің есебімен ӛңдеу керек.
5
4.1.17 Аумақ үстін су басудан жасанды түрде кӛтеруді жобалау кезінде судың
есептік деңгейіне ӛзендегі немесе су қоймасындағы су деңгейінің белгісін
4.2.5
тармағының талаптарына сәйкес қабылдау керек.
4.1.18 Жасанды еселеуді құрғату қажеттілігі іргелес аумақтың гидрогеологиялық
жағдайларымен және ірге мен еселеу топырақтарының сүзгіш қасиеттерімен анықталады.
Уақытша су ағындарын, су қоймаларын және жерастылық суларды жүктеу
орындарын еселеу кезінде есепке сәйкес талап етілуші шығынға су шығыстарының
құрылғыларын қарастыру керек.
4.1.19 Аумақ үстін топырақпен еселеу немесе шаю жолымен жасанды кӛтеру
бойынша жұмыс технологиясын таңдау кезінде тұрғылықты жағаның немесе алқаптың су
баспайтын телімдерінен топырақтық массаны су басатын телімдерге ауыстыруды
қарастыру керек. Топырақтың тапшылығы кезінде кеме жүргізу, ескі арналарды, ағындар
мен қорғалатын аумақта немесе оның маңайында орналасқан басқа су қоймаларын тазалау
мен абаттандыру мақсаттары үшін ӛзен арналарын тереңдетуде пайдалы шұқырларды
пайдалану керек.
4.2 Су басудан және су астында қалудан қорғайтын имараттар
4.2.1 Инженерлік қорғау имаратының жобасы:
- қорғаныс қимараттарының сенімділігін, олардың пайдалануға беру шығындары
кезінде пайдалануға берудің үздіксіздігін;
- имараттар мен жабдықтардың жұмысына және жағдайына жүйеленген бақылау
жүргізу мүмкіндігін;
- су лақтыру имараттарын пайдалануға берудің оңтайлы тәртібін;
- жергілікті құрылыс материалдары мен табиғи ресурстарды максималды
пайдалануды қамтамасыз етуі керек.
Инженерлік қорғау имаратын таңдау нұсқалары теңестірілетін нұсқалардың
кӛрсеткіштерін техника-экономикалық салыстыру негізінде жүргізілуі керек.
Гидротехникалық имараттарды [7, 10] сәйкес жобалау керек.
4.2.2 Инженерлік қорғау имаратының кластары, әдетте, экономика объектілерінің
мәндеріне байланысты қорғалатын объектілердің кластарынан тӛмен емес етіп
белгіленеді.
Әртүрлі кластың объектілері орналасқан аумақтарды қорғау кезінде, инженерлік
қорғау имаратының класы әдетте, қозғалатын объектілердің басым кӛпшілігінің класына
сәйкес келуі керек. Осы жерде класы айтарлықтай жоғары жеке объектілер, аумақтың
инженерлік қорғау имараты үшін белгіленген класқа қарағанда, жергілікті түрде қорғалуы
мүмкін. Осындай объектілердің кластары мен олардың жергілікті қорғауы бір-біріне
сәйкес келуі керек.
Егер техника-экономикалық негіздемемен жергілікті қорғаудың мақсатқа сай
келмейтіндігі белгіленсе, онда аумақтың инженерлік қорғау класын бірлікке кӛтеру керек.
4.2.3 Су тарату типтес инженерлік қорғаудың тұрақты гидротехникалық
имараттарының кластарын
[7] талаптарына сәйкес және осы ережелер жинағының
міндетті Д қосымшасы бойынша қорғалатын аумақтың сипаттамасына байланысты
белгілеу керек.
4.2.4 Су таратушы емес типтегі (ағынды реттеуші және ағысты реттеуші, дренаждық
жүйелер ж.т.б.) қорғау имаратының кластарын конструкцияны жобалау кезінде
ғимараттың, имараттың жауапкершілік дәрежесіне сәйкес белгілеу керек.
Жобалауға арналған есептік шарттар қабылданған класқа сәйкес
[7] бойынша
қабылданады.
6
4.2.5 Су ағындарының және су қоймаларының жағаларында инженерлік қорғауды
жобалау кезінде есептік деңгей ретінде негізгі есептік жағдайға арналған [7] талаптарына
сәйкес инженерлік қорғау имаратының класына байланысты судың кӛтерілу мүмкіндігі
бар максималдық деңгей қабылданады.
ЕСКЕРТПЕ 1 Ауылшаруашылық аумағының 100 мың га аса ауданын қорғайтын, І класты
имараттарға арналған судың есептік деңгейі кӛтерілу мүмкіндігі 0,5 % тең; сауықтыру-рекреациондық және
санитарлық-қорғау мақсаттағы аумақтарды қорғайтын IV класты имараттар үшін - кӛктемгі су тасқынының
10 % тең етіп қабылданады.
ЕСКЕРТПЕ 2 Судың тексермелі есептік деңгейі кезінде қалалық аумақтағы инженерлік қорғау
имаратының жотасы арқылы судың асуына [7] сәйкес жол берілмейді. Қалалық аумақтар мен жеке тұрған
ӛнеркәсіптік кәсіпорындар үшін тексермелі есептік жағдайға тең қамтамасыз етуі бар сел жүру жағдайына
ұйымдастыру-техникалық шаралардың жоспары әзірленуі керек.
4.2.6 Су астында қалудан қорғау имараттарының кластарын құрғату нормаларына
және жерастылық сулардың деңгейін есептік түсіруге байланысты 2-кесте бойынша
белгілеу керек.
4.2.7 Аумақтарды су басудан қорғау кезінде қорғалатын аумақты оның табиғи
үстінің тӛмендетілген белгілерінің ұзын бойына үюдің жалпы схемасын Қазақстан
Республикасы құрылыс істері жӛніндегі комитетпен бекітілген немесе келісілген
республикалық және ведомстволық нормативтік құжаттардың және стандарттардың
талабының есебімен нұсқаларды техника-экономикалық салыстыру негізінде таңдау
керек.
2-кесте - Жерастылық сулардың деңгейін есептік тӛмендетудің және
құрғатудың нормалары
Құрғату
Имараттың кӛрсетілген кластарына арналған жерастылық сулардың
нормалары, м
деңгейін есептік тӛмендету, м
I
II
III
IV
15 дейін
5 жоғары
5 дейін
-
-
5
-
3 жоғары
3 дейін
-
2
-
-
-
2 дейін
4.2.8 Қалалық аумақтардың және ӛнеркәсіптік аудандардың жоғарғы суларын реттеу
және бұру бойынша имараттарды [5] аумақты инженерлік дайындаудың талаптарына
сәйкес әзірлеу керек.
Ӛнеркәсіптік және азаматтық құрылыс салу аумақтарында жабық типті дренаждық
жүйені қарастыру керек. Ашық су бұру құрылғыларын (арықтар, жыралар, науалар)
қолдануға
1-2-қабаттық имараттары бар аудандарда, саябақ аумақтарында және
кӛшелермен, жолдармен, ӛтпе жолдармен және тротуарлармен қиылысу орындарында
кӛпірше немесе құбыр қондырғысы бар демалу аймағында - [3, 4] автомобиль және темір
жолдарын жобалау нормаларының талаптарына сәйкес жол беріледі.
4.2.9 Ағын реттеуші және арна реттеуші имараттар мен реті жоқ орташа және
кішкентай ӛзендерге жанасқан ауылшаруашылық аумақтарын су басу мен су астында
қалудың кӛтерілудің алдын алу бойынша шараларды, сонымен қатар пайдалы
қазбалардың ашық және жерастылық тау қыртыстарын және автожолдың астындағы ӛтпе
жолдар, кеме жүрісі имараттарына баратын ӛтпелер сияқты жеке халық шаруашылық
объектілерін қорғауға арналған шараларды:
- аумақты су басу масштабы мен уақытына;
- табиғи ықпалдар - су астында қалу мен су эрозиясына;
7
- қорғалатын объектілердің аумағындағы жерлердің су басу мен су астында қалуды
күшейтетін техногендік ықпалдарға байланысты қолдану керек.
4.2.10 Қорғалатын аумақтағы ағын реттеуші имараттар жоғарғы ағынның
гидрографиялық желіге немесе су қабылдағыштарға бұрылуын қамтамасыз етуі керек.
Жоғарғы суларды ұстап қалу мен бұру таулық арналарға үйлесімді қоршау
үймелерін қолдану арқылы жүзеге асырылуы керек.
ЕСКЕРТПЕ Пайдалы қазбалардың аумағын қорғау кезінде ағыс реттеуші имараттардың жобасы [9]
талаптарымен байланысты болуы керек.
4.2.11 Қорғалатын аумақтарда орналасқан су ағындарындағы ағын реттеуші
имараттар судың есептік деңгейі кезіндегі су тасқынына кететін судың шығынына,
аумақтың су баспауын қамтамасыз етуге, ӛзен арнасының есептік суландыруына және
еленген аумақтардың құрғап кетуін болдырмауға есептелінуі керек. Сонымен қатар, бұл
имараттар қолданыстағы арналарға су толтыру шарттарын бұзбауы, ағынның қатты
ағысын, сондай-ақ мұз бен шуганы жіберу тәртібін ӛзгертпеуі керек.
4.2.12 Су қабылдағыштар ретінде іргелес су жинағыштан жоғарғы және жерастылық
сулар жіберілетін су ағындары, кӛлдер, су қоймалары пайдаланылады.
4.2.13 Су қабылдағыштар аумақты дреналаудың маңызды элементі болып табылады,
сол аумақтың жағдайына, іргелес жерлердің жоғарғы және жерастылық суларының
деңгейіне байланысты болады. Жерлерді су басу мен су астында қалу су қабылдағыштың
қанағатсыз жағдайымен шарттасады.
4.2.14 Су қабылдағыш ағысының тұрақсыз жағдайы:
- бір жерлерде типті шаю және басқа жерлерде оның лайлануының бар болуымен;
- еңістерді шаюмен, жуумен;
- түптер мен жағаларды шӛп қаптаумен және судың барлық шығындары бойынша
шектердің ӛсуіне әкелетін ағынға судың еркін ағуына кедергі жасаумен сипатталады.
4.2.15 Су қабылдағышты реттеу келесі әдістермен жүргізіледі:
- кӛлбеу ӛлшемдері олардың табиғи еңісінде тазалаумен, тереңдетумен немесе
түзету имараттарын салумен үйлесімі бар есептік шығынды жіберуді қамтамасыз
етпейтін, ӛзен арнасының таңдамалы түзетуі;
- кӛлбеу ӛлшемдері су деңгейінің табиғи еңісінде есептік шығынды жіберуді
қамтамасыз етпейтін жеке телімдердегі батпақты ӛзен арналарының шешімді түзетуі;
Мұндай су ағындарының трассалары жер үстінің айтарлықтай тӛмен белгілерімен
шымтезек терең орналасқан жерлерге тӛселінеді;
- су сақтағыштарда, су қоймаларын, жүк түсіру және лақтырмалы арналардың
құрылысын салу арқылы судың ағысын және деңгейін реттеу;
- ӛзен арналарының бифуркациясы (ӛзен арнасын бірнеше ӛзіндік су ағыстарына
бӛлу);
- қорғау құралдарын абаттандыру арқылы арна түптері мен жағаларын бекіту.
4.2.16 Кӛпірлер, шлюздер, құбырлардың маңында ағынның кӛлбеу ағу қалпының
және кӛлбеу пішінінің ӛзгеру және су қабылдағышқа түсетін басқа арналармен түйісу
орындарында арынды жоғалтуды азайту және арнаны шайылу мен лайланудан сақтау
үшін еңістің және су қабылдағыштың арнасы тұратын топырақтар үшін жол берілмейтін
кӛлбеу жылдамдық кезіндегі түптің қажетті жерлерінде бекіту арқылы бірқалыпты
кескіндердің ӛтпелі телімдерін орналастыру керек.
4.2.17 Су қабылдағыштың реттеу әдісі техника-экономикалық есептердің,
пайдалануға беру шығындары мен шаруашылық салаларының қажеттілігін
қанағаттандыру есебі бар су кӛзінің табиғи ерекшелігі есебі негізінде таңдалады.
4.2.18 Арналарды реттеу тапсырмасына ағыстың қалыптастырушы қызметін тоқтату
кірмейді, ал керекті бағыттағы ағын жасаушы процеске назар аудару алға қойған
8
мақсаттарды қанағаттандыратын, тиісті ӛлшемді жасау арқылы қажетті жіберу қасиетіне
қол жеткізу үшін орындалады.
4.2.19 Мелиоративтік жүйелердің су қабылдағыштарын [8] бойынша жобалау керек.
4.2.20 Аумақтарды минералданған сулармен техногендік су басудан жұтқыш
ұңғымалар мен құдықтардың кӛмегімен қорғауды тек ерекше жағдайларда және ҚР «Жер
қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыª заңының талаптары мен шарттарын
сақтаған кезде, Денсаулық сақтау министрлігі мен техникалық реттеу саласындағы
мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен келісу бойынша Қазақстан
Республикасы Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Геология және жер
қойнауын пайдалану комитетінің рұқсатымен жүзеге асыруға жол беріледі.
4.2.21 Су астында қалған аумақтардағы қорғау имараттарының құрамын су астында
қалудың сипатына (тұрақты, маусымдық, эпизодтық) және оның әкелген зиянының
кӛлеміне байланысты белгілеу керек. Қорғау имараттары
4.1.12 және
4.1.13
тармақшаларының талаптарына сәйкес су астында қалудың негізгі себептерін жоюға
бағытталған болуы керек.
4.2.22 Дренаждық имараттардың жүйелерін таңдау кезінде дреналауды талап ететін
аумақтың қалпы мен ӛлшемі, жерастылық сулардың әрекетінің сипаты, геологиялық
құрылым, су тасушы қыртыстың сүзу қасиеті мен сыйымдылық сипаттамасы, жерастылық
сулардың қоректену және жүктеу жағдайының есебімен су тасушы қабаттардың таралу
облысы есепке алынып, жерастылық сулардың балансын құрайтын сандық кӛлем
анықталуы, жерастылық сулардың деңгейінің кӛтерілуінің және оның қорғау шараларын
жүзеге асыру кезінде тӛмендеуінің болжамы жасалуы керек.
Су баланстық, сүзу, гидродинамикалық және гидравликалық есептердің, сонымен
қатар нұсқаларды техника-экономикалық салыстыру негізінде аумақтарды дреналаудың
соңғы жүйелерін таңдауды орындау керек. Осы жерде су астында қалудан таңдалған
қорғау шаралары құрылыс салынған аумақтарды немесе оларға іргелес жатқан
аймақтарды 4.1.12 және 4.1.13 тармақшаларында кӛрсетілген залалдарға әкеп соқпауы
керек.
4.2.23 Су астында қалудан инженерлік қорғау жүйелерін негіздеу үшін келесі негізгі
есептерді орындау керек:
- аумақтың ықтимал су астында қалу дәрежесі мен ықтимал залал объектілерін
бағалаумен су астында қалудың болжамы;
- гидрогеологиялық және гидрологиялық есептер;
- дренаждық сулардың кӛлемінің есебі;
- гидравликалық дренаждық құбырлар мен коллекторлар;
- жерастылық сулардың бетондық, темірбетондық және металл конструкцияларға
қатысты басқыншылығының бағалары;
- инженерлік қорғау жүйелерінің топырақтың құрылыстық қасиеті мен қорғалатын
аумақ үстінің деформациясының ӛзгеруіне, сонымен қатар санитарлық-гигиеналық
жағдайлардың ӛзгеруіне әсер етуін бағалау.
4.2.24 Дренаждық жүйелерді есептеу кезінде 4.1.12 және 4.1.13 тармақшаларының
талаптарын сақтау және олардың оңтайлы орналасу орны мен қорғалатын аумақта
жерастылық сулардың нормативтік тӛмендеуін қамтамасыз ететін тереңдікті анықтау
керек.
4.2.25 Қолданыстағы су астында қалудан инженерлік қорғау жүйелерін
реконструкциялау мен күшейту кезінде қолданыстағы дренаждық құрылғылармен қол
жеткізетін құрғату әсерлерін есепке алу керек.
4.2.26 Бӛгетшелердің су ағынының бойына немесе су қоймасын түгендеу аймағында
елеулі созылу кезінде жота белгісін салыстырмалық деңгей кезіндегі судың бос үстінің
кӛлбеу еңісіне сәйкес ағын бағытына түсіру керек.
9
Конструктивтік ерекшеліктер бойынша екі типтегі: сығылған және керіліп жайылған
пішінді топырақтық бӛгетшелерді қолданады.
4.2.27 Қоршау бӛгетшелердің типін таңдауды табиғи жағдайлардың; топографиялық,
инженерлік-геологиялық, гидрологиялық және климаттық жағдайлардың, аудан
сейсмикалығының, сонымен қатар жергілікті құрылыс материалдарының,
жабдықтарының; жұмыс ӛндірісін ұйымдастыру схемасының бар болуының, құрылыс
мерзімі мен пайдалануға беру шарттарының, ауданды дамыту болашағының, 4.4-бӛлімнің
табиғатты қорғау талаптарының есебімен жүргізу керек.
Қорғау бӛгетшелерінің типін таңдау кезінде жергілікті құрылыс материалдарын
және олар осы мақсаттарға жарамды болса, пайдалық ойықтар мен ӛндіріс қалдықтарынан
жасалған топырақтарды пайдалануды қарастыру керек. Үю бӛгетшелерін жобалауды [6]
талаптарына сәйкес жүргізу керек.
Жартастық емес іргелердегі топырақтық материалдардан жасалған бӛгетшелерді
арынды фронттың қатаң телімдері үшін қарастыру керек. Жартастық емес іргедегі
бетондық және темірбетондық бӛгеттерді су лақтырғыш имараттар ретінде ғана қарау
керек.
Кӛшкіндік немесе нағыз кӛшкіндік телім бойынша бӛгетшелердің трассаларын
жасау кезінде кӛшкінге қарсы іс-шараларды әзірлеу керек.
4.2.28 Бӛгетше трассаларын 4.2.13-тармақшасының талаптарының ескере отырып,
құрылыс салудың топографиялық және инженерлік-геологиялық жағдайларына, аумақтың
нақты телімінің халық шаруашылығына деген мәніне байланысты, су ағынының
гидрологиялық тәртібінің минималды ӛзгерісі мен опырылған аумақты максималды
пайдалану есебімен таңдау керек.
Уақытша бүйір су ағысы кезінде су қоймасының немесе су ағынының суды кесу
бойына бӛгетшелерді үздіксіз трассалауды қолдану мақсатқа сай келеді. Тұрақты бүйір су
ағысы кезінде опырылу, әдетте, ағын арасындағы телімдер бойынша орындалады және
негізгі су ағыны мен оның тармақтарының жағаларын опыру бӛгетшелерінен тұрады.
Аспалы бӛгетшелермен опыру кезінде барлық қорғау имараттары су тасқыны
кезеңінде су басуға жол беруі керек.
Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді қорғау үшін бӛгетшелерді трассалау
кезінде [8] талаптарын ескеру керек.
Қала шегіндегі опыру бӛгетшелерін трассалауды қорғалатын аумақтарды құрылыс
салуға пайдалану есебімен қарастыру керек.
4.2.29 Су қоймасындағы немесе су ағынындағы судың максималдық деңгейінің
есептік деңгейден асуын:
- су баспайтын бӛгетшелер үшін - имарат класына байланысты [7] талаптарына
сәйкес;
- аспалы бӛгетшелер үшін - [8] бойынша қабылдау керек.
4.2.30 Инженерлік қорғау жобаларын әзірлеу кезінде автомобиль және темір
жолдарын тӛсеу үшін опыру бӛгетшелерінің жоталарын пайдалануды қарастыру керек.
Бұл жағдайда жота бойынша бӛгетшенің енін және қисық радиусын [3, 4] талаптарына
сәйкес қабылдау керек. Барлық басқа жағдайларда бӛгетше жотасының енін жұмыс
ӛндірісінің шартынан және пайдалануға беру ыңғайынан шыға, минималды етіп белгілеу
керек.
4.2.31 Бӛгетшелердің пішіні (керіліп жайылған немесе сығылған) жергілікті құрылыс
материалдарының, жұмыс ӛндірісі технологиясының, жоғарғы еңістегі және сүзгіш ағын
шығысындағы - тӛменгі, жел толқуының жағдайының есебімен таңдалады.
ЕСКЕРТПЕ Қолайлы бӛгетшелерге еңістерде биологиялық бекітулері бар керіліп жайылған пішіндегі
бӛгетшелер жатады.
10
4.2.32 Бӛгетшелерді қабылдау кезінде олардың параметрлерін бӛгетше ұзындығынан
15 % кем емес жалпы ұзындықта әртүрлі телімдерде таңдамалы түрде жүргізу керек.
4.2.33 Құрғақ аудандарда бӛгетшелерді салу кезінде топырақтың маусымдық
ылғалдануын максималды түрде пайдалану керек. Осы жерде топырақты шӛгінділермен
қарқынды ылғалдандырғаннан кейін үйіндіні жасау үшін оны ӛңдеуді тікелей жүргізу
керек.
Топырақтың 20 % оңтайлы ылғалдылығы кезінде топырақтың келесі отыруының
есебімен оның биіктігін ұлғайту арқылы үю жасауға жол беріледі.
Үйменің соңғы габариттері, әдетте, топырақты тығыздау бойынша тәжірибелік
жұмыстар жүргізілгеннен және оларды салудың технологиясын толықтырғаннан кейін
белгіленуі керек.
4.2.34 Топырақ материалдардан жасалған ағыстық бӛгетшелерді есептеуді
[6]
талаптарына сәйкес орындау керек.
4.2.35 Таулы арналардың гидравликалық есебі арқылы олардың кезінде судың
есептік жылдамдығы рұқсатты шаюдан аз және арналар лайланғаннан артық болатын
кӛлбеу қиылыс параметрлерін анықтау керек.
4.2.36 Таулы арналардың еңістерін орналастыруды ұқсас гидрогеологиялық және
геологиялық жағдайларда болатын, қолданыстағы арналардың тұрақтылығы туралы
деректердің негізінде қабылдау керек; ұқсас жағдайлар жоқ болған кезде,
5 метрден
асатын тереңдікті шұңқыры бар арналарын еңістерін геотехникалық есептердің негізінде
қабылдау керек.
4.2.37 Судың есептік шығынын жіберу үшін таулы арналардың кӛлбеу қиылысының
қалпын гидрогеологиялық тәртіп пен қорғалатын аумақтың құрылысын салу
тығыздығының есебімен қабылдау керек.
Бекітілмеген түп пен құламалардың арналардың еңістері 0,3-0,5 м/сек аспайтын
жылдамдық кезінде судың минималды шығынын жіберуді қамтамасыз етулері керек. Киім
жоқ кезде арналардың айтарлықтай рұқсатты кӛлбеу еңістерін 0,0005-0,005 тең етіп алу
керек.
Арна қисығының радиусының минималдық кӛлемі судың есептік шығыны кезіндегі
оның кемері бойынша арнаның екі еселік енінен кем болмауы керек. Гидравликалық
есептелмеген арналарға арналған бұрылыстың минималдық радиустары 25 метрге дейін
және гидравликалық есептелген арналар - 2-ден 10 b дейін (мұнда b - арнаның су кемері
бойынша ені, м) болады.
50 м3/сек асатын шығыны бар арналарға арналған судың рұқсатты шайылмайтын
жылдамдығын зерттеулер мен есептердің негізінде қабылдау керек.
4.2.38 Тереңдігі
5 метрге және су шығыны 50 м3/сек дейінгі таулы арналарды,
сонымен қатар дюкерлер мен акведуктарды [8] сәйкес жобалау керек.
4.2.39 Сорғыш станциясы имаратының құрамын, құрастыруы мен конструкциярын
су тарту кӛлемінің үлкендігі мен шоғырландыру сыйымдылығын жасау мүмкіндігіне
байланысты орнату керек.
Сорғыш станциялары мен олардың жабдықтарының типін, класы мен қуаттылығын:
- судың есептік шығынының, беру биіктігі мен жиегінің тербелуінің;
- сорғыштардың пайдалы әрекетінің оңтайлы коэффициентін қамтамасыз ету
есебімен белгілеу керек.
4.2.40 Сорғыштардың типі мен саны судың есептік шығыны мен ағысының, тӛменгі
және жоғарғы бьефтердегі жиектердің тербелу амплитудасының есебін есептеу арқылы
белгілейді.
Резервтік агрегатты қолдану қажеттілігі [8] құрғату сорғыш станцияларын жобалау
нормаларына сәйкес жобамен негізделуі керек.
11
4.2.41 Сужинағыш имарат пен сорғыш станция біріктірілген немесе бӛлек типте
орындалуы мүмкін.
Сужинағыш имараттар:
- су беру кестесі мен су кӛзіндегі су деңгейінің есебіне сәйкес судың жиналуын;
- пайдалануға берудің қалыпты тәртібі мен жабдықты жӛндеу мүмкіндігін;
- оларға балықтардың түсіп кетуінен қорғауды қамтамасыз етулері керек.
4.2.42 Сорғыш станциялардың сужинағыш имараттары судың су объектілеріне
қалыпты жіберілуін қамтамасыз етіп, судың кері тогы мүмкіндігіне жол бермеуі керек.
4.2.43 Аумақтарда су астында қалудың алдын алу немесе жою үшін дренаждық
жүйелерді жобалау кезінде МҚН 2.03-02, сонымен қатар [8, 9] талаптарын орындау керек.
4.2.44 Дренаждық жүйелерді жобалау кезінде суды ӛзіндік ағыспен бұру дренаждық
жүйелерін таңдаған жӛн. Суды күшпен шығарудың дренаждық жүйелері қосымша
негіздеуді талап етеді.
Гидрогеологиялық жағдайларға байланысты горизонталь, вертиаль және аралас
дренаждарды қолдану керек.
4.2.45 Дренаждық жүйе қорғау шарттары бойынша талап етілетін жерастылық
сулардың деңгейлік тәртібін: елді мекендердің аумағында - МҚН 2.03-02 талаптарына
сай, ал ауылшаруашылық жерлерінде - [8] сәйкес, қамтамасыз етуі керек.
4.2.46 Дренаждық жүйені қолдануды жерастылық сулардың су балансын, ал қуаң
аймақтар үшін - тұз балансын қоса зерттеумен негіздеу керек.
Бір сатылық жобалау кезінде су астында қалудың себептері мен залалдарының
есептері мен сараптамасын жүргізу керек. Екі сатылық жобалау кезінде, бірінші сатыда
қорғалатын аумақтың құрылысын салу сипаты мен иелену келешегінің есебімен алынған
геологиялық және гидрогеологиялық іздеулер мен зерттеулердің қорытындыларының
деректерінің негізінде, дренаждық желінің жоспарда орналасуын, орналасу тереңдігін
және жеке дренаждық сызықтардың ӛзара түйіндесуін анықтау керек.
Дренаждардың таңдалған схемаларына арналған гидрогеологиялық есептері:
- олардың дебитінің минималдық мәнінің шартынан бӛгетшелерге немесе
іргетастардың шекараларына қатысты жағалық, бас және басқа дреналардың оңтайлы
жағдайын;
- дреналарды орналастырудың қажетті тереңдігі мен олардың арасындағы
қашықтық, дренаждық сулардың, соның ішінде қотарылатындардың да, шығынын;
- қорғалатын аумақтағы депрессиондық қисықтың күйін белгілеуі керек.
4.2.47 Горизонталь дренажды ашық траншеялы және траншеясыз әдіспен орындау
экономикалық мақсаттылықпен анықталады. Жер бетінен 4 м дейін ашық горизонталь
дренаждарды орнату кезінде топырақтың қату тереңдігін, сонымен қатар олардың шӛп
басып кету мүмкіндігін ескеру керек.
4.2.48 Вертикаль дренажды қолданудың барлық жағдайларында, оның су
қабылдағыш бӛлігін жоғары су сіңіргішті топырақтарда орнату керек.
4.2.49 Ашық дренаждық арналар мен траншеяларды аз тығыздылықты бір-екі
қабаттық имараты бар аумақтардың аудандары бойынша айтарлықтай құрғату талап
етілген жағдайда орнату керек. Сонымен қатар, оларды жерүстілік кӛліктік
коммуникацияларды су астында қалудан қорғау үшін де қолдануға болады.
Ашық (траншеялық) кӛлбеу дренажды есептеуді оны таулы арнамен немесе су бұру
жүйесінің коллекторымен біріктіру есебімен жүргізу керек. Бұл жағдайда, траншеялық
дренаждың пішінін аумақты ӛзідік ағыспен құрғату кезіндегі судың жоғары ағынының
есептік шығыны бойынша жинау керек.
Ашық дренаждық және траншеялардың құламасын бекіту үшін бетондық немесе
темір бетондық тақталарды, немесе тас нобайды пайдалану керек. Бекітілген құламаларда
дренаждық ойықтарды қарастыру керек.
12
Жабық дренажда сүзгіш және сүзгіш шашпа ретінде құм-малтатастық қоспаны,
керамзитті, қожды, полимерлік және басқа материалдарды қолдану керек.
Дренаждық суларды траншеялар мен арналар бойынша ӛзіндік ағыспен бұру керек.
Қотарудың сорғыш станциялары бар сужинағыш су қоймаларын орнату қорғалатын
аумақтың бедерінің белгілері қорғалатын аумақтан жоғары ағыс бұрылуы керек жақын су
объектісінің деңгейінен айтарлықтай тӛмен болған жағдайда орнату мақсатқа сай келеді.
4.2.50 Дренаждық құбырлар ретінде керамикалық, асбестцементтік, бетон,
темірбетондық немесе поливинилхлоридтік құбырларды, сонымен қатар борпылдақ
бетоннан немесе борпылдақ полимербетоннан жасалған құбыр сүзгіштерді қолдану керек.
Бетон, темірбетон, асбестцементтік құбырларды, сонымен қатар борпылдақ бетоннан
жасалған құбыр сүзгіштерді бетонға қатысты басқыншылықты емес топырақтар мен суда
ғана қолдану керек.
Тұрақтылық шарты бойынша құбырларды сүзгіш шашпамен және траншеяларды
топырақпен құю арқылы орналастырудың рұқсатты максималдық тереңдігі 3-кестеде
кӛрсетілген.
3-кесте - Дренаждық құбырлардың диаметрі және орналастыру тереңдігі
Құбырдың түрі
Құбырдың диаметрі,
Құбырды орналастыру тереңдігі,
мм
м
керамикалық
дренаж
150 - 200
3,5
сол сияқты
300
3,0
кәріздік
150
7,5
сол сияқты
200
6,0
сол сияқты
250
5,5
сол сияқты
300
5,0
бетондық
200
4,0
сол сияқты
300
3,5
Құбыр сүзгіштерден жасалған дренаждарды орналастырудың шекті тереңдігін [11]
талаптарына сәйкес қиратушы жүктеме бойынша анықтау керек. Қалалық аумақтар мен
ӛнеркәсіптік алаңдардың дренаждық имаратын жобалаудың мысалы Е қосымшасында
берілген.
4.2.51 Асбестцемент, бетон және темірбетон құбырлардың үстіндегі суқабылдағыш
ойықтардың саны мен ӛлшемін ойықтың су жіберу мүмкіндігі мен есептеумен
анықталатын дренаждық шығынына байланысты анықтау керек.
Дренаждық құбырлардың маңайында құбырлардың диаметрі 300 мм дейінгі құм-
малтатастық шашпалар түріндегі сүзгіштерді немесе үлкен диаметр кезіндегі жасанды
талшықты материалдардан жасалған орамаларды қарастыру керек Құм мен малтатастың
қалыңдығын және түйіршік метрикалық құрамын [9] талаптарына сәйкес есептермен
жинау керек.
4.2.52 Дренаждық суды су объектісіне (ӛзенге, арнаға, кӛлге) жіберуді жоспарда
ағын ағысының бағытына қарай сүйір бұрыш астына орналастыру, ал оның сағалық
бӛлігін бетондық жақтаумен жабдықтау немесе тастық қалаумен, не нобаймен бекіту
керек.
Егер жауындық кәріздің мүмкіндігі дренаждық жүйеден түсетін судың қосымша
шығындарының есебімен анықталса, онда дренаждық суларды жауындық кәрізге
лақтыруға жол беріледі. Бұл жерде дренаждық жүйенің тіреуішіне жол берілмейді.
13
Дренаждық шолу құдықтарын дренаждың тік сызықты телімдерінде, сонымен қатар
дренаждық құбыр еңістерінің бұрылу, қиылысу және ӛзгеру орындарында 50 метрден
сирек емес етіп орнату керек. Шолу құдықтарын тұндырғышы бар темірбетондық
сақиналардан
(тереңдігі кемінде
0,5 м) және МемСТ
8020 бойынша бетондалған
түптермен құрамдап қолдануға рұқсат беріледі. Мелиоративтік дренаждардағы шолу
құдықтарын [8] бойынша қабылдау керек.
4.2.53 Құбырлардың диаметрі 50 және 63 мм кезінде барлық дренаның орташа нақты
құламасы кемінде 0,0025 болуы керек.
Жабық коллекторлар мен диаметрі 100 мм және одан да асатын дреналардың орташа
нақты еңісі жобалық еңістен минус 0,0005 аса айырмашылықта болмауы керек. Дрена мен
ұзындығы 10 метрге дейінгі коллекторлардың телімінде дренаждық құбырдың ішкі
диаметрінің жартысынан аспайтын шектегі белгілерден нӛлдік немесе терім ауытқуларға
жол беріледі. Дренадағы немесе коллектордағы мұндай телімдердің саны екіден аспауы
керек.
4.2.54 Траншея түбінің немесе орналастырылған дренаждық құбырлардың бетінің
белгілерін тексеруді: дренаждың 0,005 дейінгі еңісінде - 3 м кейін, үлкен еңіс кезінде - 5
м кейін; дренаждық құбырларды траншеясыз дрена қалаумен қалау кезінде - еңіске
тәуелсіз 5 м кейін жүргізу керек.
4.3 Бақылау-ӛлшеу құралын орнату
4.3.1 І-ІІІ класының бӛгеттерінің жобаларында, құрылыс салу процесімен қатар
пайдалануға беру кезеңін қоса, имараттар мен олардың іргесінің жұмысына және күйіне
кӛзбе-кӛз қадағалауды жүргізу үшін бақылау-ӛлшеу аппаратурасын орнатуды, осы
қадағалаулардың нәтижесінде объектінің сенімділігін бағалау, ақауларды дер кезінде
анықтау, жӛндеу шараларын белгілеу, апаттардың алдын алу және пайдалануға беру
жағдайларын жақсарту үшін пайдалануды қарастыру керек. Кӛзбе-кӛз қадағалаулар
бақылаушы және арнайы болуы мүмкін.
4.3.2 Бақылаушы кӛзбе-кӛз қадағалауды бӛгет пен іргесінің жұмыстарының негізгі
параметрлерін зерттеу олардың жағдайын кешенді саралау және пайдалануға беру
сенімділігін бағалау мақсатында жүргізу керек. Бақылаушы қадағалаудың құрамы мен
кӛлемін бӛгет класына, оның контруктивтік ерекшеліктеріне, геологиялық,
геокриологиялық, гидрогеологиялық, климаттық сейсмикалық жағдайларына, сонымен
қатар құрылыс салу жағдайлары мен пайдалануға беру талаптарына байланысты белгілеуі
керек.
Бақылау кезінде, әдетте:
- тӛменгі және жоғарғы бьефтердегі су деңгейінің белгісін;
- бӛгеттер мен жағалардың денесіндегі депрессиондық үстінің күйін;
- дренаждың және сүзуге қарсы құрылғылардың жұмыстарының сапасын;
- бӛгет және оның іргесі арқылы, сонымен қатар бӛгеттің бетондық имараттарға
жанасу орындарында сүзілетін судың шығынын;
- сүзілген судың лайлығын, температурасын, қажет болған жағдайларда, оның
химиялық құрамын;
- бӛгет денесі мен іргенің саздық элементтеріндегі жыныстық қысымды;
- бӛгет денесінің, ірге мен жағалық жанасудың шӛгіндісін;
- жотаның, берманың және сүзуге қарсы құрылғылардың горизонталь жылжуын;
- бӛгет денесіндегі, сүзуге қарсы құрылғылардағы, сондай-ақ іргедегі кернеу мен
деформацияны;
- сейсмикалық ауытқуларды;
- мұздардың әсер етуін анықтау керек.
14
Бақылаушы қадағалаудың құрамына бекітулер мен құламалардың жергілікті
деформацияларының жағдайларына, бӛгет жотасының, сулақтырғыш жоталардың күйіне,
сүзілген сулардың шығуы пайда болуына, құламалар мен жағалардың шайылуына,
қызылсу мұзының, лайдың пайда болуына және дренаждық траншеялардың шӛп басып
кетуіне жүйелі визуалдық қадағалауды ендіруі керек.
4.3.3 IV кластың бӛгеттері мен олардың іргелері үшін кешенді визуалдық
қадағалауларды қарастыру керек. Аспаптық қадағалауларды, әдетте, жылжып кетуді,
шӛгіндіні, депрессиондық беттің күйі мен сүзгіштік шығындарды қадағалаумен шектеу
керек. Тиісті негіздеме бар болған жағдайда, аспаптық қадағалауды жүргізбеуге жол
беріледі.
4.3.4 Арнайы кӛзбе-кӛз қадағалау тиісті негіздеме бар болған кезде, есеп пен
модельдік зерттеулердің әдістері мен нәтижелерін нақтылауға деректер алу,
конструктивтік шешімдер мен жұмыс ӛндірісінің әдістерін негіздеу, бӛгеттерді
пайдалануға беру жағдайларын жақсарту мақсаттарында жүргізіледі.
4.3.5 Кӛзбе-кӛз қадағалау жобасына:
- бақылау-ӛлшеу аппаратурасының мақсаттары, тапсырмалары, құрамы, кӛлемі,
мерзімдерін кӛрсету арқылы әдістемелері, номенклатурасы мен техникалық сипаттамасы
баяндалған қадағалау бағдарламасы;
- бӛгеттегі, іргедегі, жағалық жанасу мен жеке элементтердегі, сым желілерінің
аралығы мен коммутациясындағы және ӛлшеу пульттарының құрылғыларындағы
бақылау-ӛлшеу аппаратурасын орналастыру мен монтажының жалпы схемалары мен
жұмыс сызбалары;
- бақылау-ӛлшеу аппаратурасын орнатуға арналған тӛсеу бӛлшектердің және
монтаждық жабдықтардың жұмыс сызбалары;
- орнатылатын бақылау-ӛлшеу аппаратурасының, екіншілік аспаптардың, қосалқы
жабдықтардың, сымдардың айрықшылығы;
- бақылау-ӛлшеу аппаратурасын орнату, сымдық желілерді тӛсеу мен пульттарды
жабдықтау жӛніндегі нұсқаулық;
- аспаптардың, қосалқы жабдықтардың, сымдық ӛнімнің сметасы, қадағалауды
жүргізу, нәтижелерді ӛңдеу мен сараптау кіруі керек.
Номенклатураны, аспаптың саны мен олардың бӛгет денесінде, іргеде, жағалық
жанасу мен имараттың жеке элементтерінде орналасуын қадағалау мен зерттеулердің
тапсырмасының және кӛлемінің құрамынан шыға белгілеу керек. Бұл жерде барлық
қадағалауларды автоматтандыруға тырысу керек.
4.3.6 Жобаға, құрылыс салу кезеңімен пайдалануға беру кезеңін қоса, имараттың
жұмысы мен оның іргесінің жағдайына кӛзбе-кӛз қадағалауды жүргізудің, ӛңдеу мен
жүйелендірудің жүйелілігі бойынша талаптар кіргізілуі керек.
4.3.7 Барлық кластың бӛгеттерін есептеген кезде кӛзбе-кӛз қадағалаумен
бақыланылатын бӛгеттер мен олардың іргелерінің жағдайының параметрлерінің шекті
рұқсатты мәндері белгіленуі керек.
Жеке кесте түріндегі шекті рұқсатты параметрлердің мәндері жобаға енгізіледі.
4.3.8 Бӛгет жағдайының параметрлерінің шекті рұқсатты мәндері жүктемелердің
негізгі және ерекше үйлесіміне арналған есептік мәндеріне тең етіп қабылданады,
сонымен қатар құрылыс салу мен пайдалануға беру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.4 Санитарлық-гигиеналық және табиғатты қорғау іс-шаралары
4.4.1 Инженерлік қорғау жүйелерін жобалау кезінде Қазақстан Республикасы
Экологиялық кодексінің, СанЕжН мен басқа қолданыстағы нормалардың талаптарына сай
«Қоршаған ортаны қорғауª бӛлімін әзірлеу керек.
15
4.4.2 Аумақты су басу мен судың деңгейі кӛтерілуден инженерлік қорғау жобасында:
- арналардың, жағалардың, сонымен қатар, су ағысының қорғау бӛгетшелерімен
және жағалық бекітулермен қысылуынан пайда болған қорғау имараттарының
бекітілмеген жағамен түйісу телімдерінің қауіпті шайылуының алдын алуды;
- қорғалатын аумақта қалдырылған суқоймаларының маңында ағаш-бұта және
шабындық ӛсімдіктерінің, отырғызылған ағаштардың сақталуын;
- қорғалатын аумақта су эрозиясымен күресу бойынша агротехникалық, шабындық-
орман мелиоративтік және гидротехникалық шаралардың кешенін жүзеге асыруды;
- елді мекен аумақтарының, ӛнеркәсіптік объектілердің, мелиоративтік телімдердің
ж.т.б. қорғалатын бӛлігін кӛгалдандыруды;
- топырақтың, су қоймаларының, рекреация үшін пайдалынатын қорғаудағы ауыл
шаруашылық жерлері мен аумақтарының жұқпалы аурулардың қоздырғыштарымен,
ӛнеркәсіптік ӛндірістің қалдықтарымен, мұнай ӛнімдерімен және улы химикаттармен
ластанудың алдын алуды;
- қорғалатын аумақ шекараларында жануарлардың кӛшуінің табиғи жағдайларын
сақтауды;
- жайылма кӛлдердің, ескі арналардың және суы таяз суқоймаларының құрғап кету
нәтижесінде жойылып кеткен уылдырық шашу орындарын сақтауды немесе жаңасын
жасауды;
- инженерлік қорғау объектілерінде балықтардың қырылуы мен жарақаттануының
алдын алуды;
- қорғалатын аумақта қорғалған жануарлардың табиғи ӛмір сүру жағдайын
сақталынуын;
- қорғалатын аумақта суда жүзетін жыл құстары пайдаланатын су-саз батпақ
жерлердің тәртібінің кӛшу уақытында сақталынуын қарастыру керек.
4.4.3 Инженерлік қорғау имараттары мен құрылыстық базаны орналастыру кезінде
ауыл шаруашылығына жарамайтын жерлерді, немесе тӛменгі сапалы ауылшаруашылық
жерлерін таңдау керек. Мемлекеттік орман қорының жерлерінде имараттарды салу үшін
орманды емес алаңдарды, немесе бұталар немесе аса қымбат емес кӛшеттер отырғызылған
алаңдарды таңдау керек.
Ерекше ғылыми немесе мәдени құндылығы бар қорықтар мен табиғи жүйелердің,
соның ішінде қорықтардың маңайындағы қорғалатын аймақтардың шегіндегі табиғат
кешендерін бұзуға жол берілмейді.
4.4.4 Шашпалар мен әртүрлі ойпаңдары бар алаңдардың іргелеріндегі топырақтың
құнарлы қабаты, негізгі жер жұмыстары басталғанға дейін, құрылыс салу ұйымының
жобасымен белгіленген ӛлшемдерде түсірілуі және топырақ құнарлығын қалпына келтіру
немесе аз ӛнімді жерлердің құнарлығын кӛтеру кезінде оны ары қарай пайдалану үшін
үйіндіге салынуы керек.
Құнарлы қабатты:
- құнарлы қабаттың қалыңдығы кемінде 10 см кезде;
- саз батпақта, шалшықталған және суландырылған телімдерде;
- МемСТ 17.5.3.04 сәйкес тӛмен құнарды топырақтарда;
- траншеяның тӛбе бойынша 1 м және одан да кем енін әзірлеу кезінде алмауға жол
беріледі.
Алынатын құнарлы қабатты алу қажеттілігі мен қуаттылығы қолданыстағы
стандарттардың талаптарына сәйкес құнарлық пен табиғи аймақтың деңгейінің есебімен
құрылыс салу ұйымының жобасында белгіленеді.
4.4.5 Құнарлы қабатты алу мен қондыруды топырақ қатпаған күйде болғанда жүргізу
керек.
16
4.4.6 Топырақтың құнарлы қабатын бӛгеттер мен шашпалардың, басқа тұрақты және
уақытша жер имараттарының құрылғылары үшін пайдалануға тыйым салынады.
4.4.7 Жер жұмыстарының ӛндірісі кезінде археологиялық және палеонтологиялық
объектілер табылған жағдайда, сол телімдегі жұмыстарды тоқтатып, табылған жайлы
жергілікті атқарушы органдарға хабарлау керек.
4.4.8 Суастылық жер жұмыстары ӛндірісінің мерзімдері мен әдістерін жұмыс
ӛндірісі аймағындағы экологиялық жағдай мен табиғи биологиялық ырғақтардың
(балықтардың уылдырық шашуы, кӛшуі ж.т.б.) есебімен белгілеу керек.
4.4.9 Инженерлік қорғау объектілерін ауылшаруашылық жерлерде және құрылыс
салынған аймақтарда жасау кезінде табиғи жүйелердің функциясына дұрыс әсер ететін
биогеохимиялық айналым процесі бұзылмауы керек.
4.4.10 Санитарлық-сауықтыру шараларын елді мекендердің даму келешегінің
есебімен жобалау керек. Елді мекендердің маңайында суы таяз аймақтардың, сонымен
қатар уақытша су басу және қатты су астында қалу аймақтарының пайда болуына жол
беруге болмайды.
Су қоймаларынан тұрғын және қоғамдық ғимараттарға дейінгі қашықтық әрбір жеке
жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен белгіленуі керек.
4.4.11 Инженерлік қорғаудың барлық жобаларында су басу мен судың деңгейі
кӛтерілу әсерлерінен пайда болатын геодинамикалық, гидрологиялық, гидрохимиялық,
геотермикалық, биологиялық сынды табиғи процестер динамикасының болжамынан
негізделетін қоршаған табиғи ортаға техногендік әсерлердің ықтимал салдарын бағалау,
сонымен қатар паразиттік жағдайлардың ӛзгеруінің болжамдары болуы керек.
4.4.12 Қорғау имараттарын орнату кезінде құрылыс материалдары ретінде
топырақтар мен қоршаған табиғи ортаны ластамайтын ӛндіріс қалдықтарын пайдалануға
жол беріледі.
Топырақты бӛгетшелерді ӛсіруге арналған қорғаныс имараттарының жармасынан
тӛмен қазуға жол берілмейді.
Су қоймалары мен су ағындарындағы суды қорғау аймақтарында еңістерді кесуге,
жергілікті материалдардың карьерлерін ӛңдеуге жол берілмейді.
4.4.13 Инженерлік қорғау объектілерінің құрылысын салу жобаларында
қолданыстағы гигиеналық талаптардың есебімен қорғалатын елді мекендерді
орталықтандырылған сумен жабдықтау мен кәрізін қарастыру керек.
4.4.14 Қорғалатын аумақтарда орналасқан шаруашылық-ауыз су мақсаттағы су
кӛздерінің маңайында Қазақстан Республикасы Су кодексінің талаптарына жауап беретін,
қорғаудың санитарлық аймақтарын құру керек.
4.4.15 Инженерлік қорғау имараттарының
(таулы арналар, нығайту бӛгетшелер
ж.т.б.) жануарлар кӛшу жолдарымен түйіскен жерлерде:
- мал айдауларын орналастыру;
- имаратты кӛшу жолының шекарасынан шығару;
- жер имараттарының еңістерін жануарлардың кедергісіз жүруін қамтамасыз ететін
бекітусіз де орналастыруды орындау;
- жануарлардың ӛтуіне қауіп тӛндіретін жылдамдықты ағысы бар арна телімдерін
құбыр жолдарына ауыстыру керек.
4.4.16 Инженерлік қорғау объектілерін құру кезінде бұзылған аумақтардың
құнарлығын қалпына келтіру мен абаттандыруды МемСТ
17.5.3.04 талаптарының
есебімен әзірлеу керек.
4.4.17 Рекреация үшін ӛзендер мен су қоймаларының қорғалатын су басатын және
судың деңгейі кӛтерілетін жағалық аймақтарын пайдалануды табиғатты пайдалану мен
ӛзендерде су шаруашылық кешендерін құрудың басқа түрлерімен бірдей қарастыру керек.
17
Аумақты су басу мен судың деңгейі кӛтерілуден инженерлік қорғауды жүзеге асыру
кезінде қорғалатын аумақтар мен іргелес акваторийдің рекреациялық келешегін
тӛмендетуге жол берілмейді.
Рекреациялық мақсаттар үшін пайдаланылатын, қорғалатын аумақтарда орналасқан,
бақтың жас кӛшеттерімен үйлескен су қоймалары Қазақстан Республикасы Су кодексі мен
МемСТ 17.1.5.02 талаптарына жауап берулері керек. Инженерлік қорғау жобасында
гигиеналық талаптарға сәйкес жаз мезгілінде - су алмастыру нормалары, қыс мезгілінде -
санитарлық рұқсаттар қарастырылуы керек.
4.4.18 Саз батпақталған және су астында қалған аумақтарды жою кезінде
магистралды арналардың трассаларының бойына МемСТ
17.1.5.02 сәйкес елді
мекендердің маңайында рекреациялық су қоймаларын құруға жол беріледі.
18
А ҚОСЫМШАСЫ
(ақпараттық)
Су қоймаларындағы инженерлік қорғауды техника-экономикалық негіздеу
А.1 Инженерлік қорғаудың экономикалық мақсатқа сай келуін салыстырмалық
тиімділік әдісі бойынша анықтауға кепілдеме беріледі. Күрделі қаржылық салымдардың
салыстырмалық тиімділігінің кӛрсеткішіне берілген шығындардың кӛлемі жатады.
Салыстырмалық тиімділік қатарынан минималдық берілген шығындары бар нұсқа
таңдалады.
А.2 Ауыл шаруашылық жерлерін, елді мекендерді, ӛнеркәсіптік және басқа
кәсіпорындарды бір уақытта қорғау кезінде Зз берілген шығындарды тӛмендегі формула
бойынша анықтауға кепілдеме беріледі:
Зз = ЕнКз + Из
(А.1)
мұнда Ен - 0,12 кӛлемінде қабылданатын тиімділіктін нормативтік коэффициенті;
Кз - су басқан жерлерді, елді мекендерді, ӛнеркәсіптік және басқа кәсіпорындарды
инженерлік қорғау имаратының құрылысын салуға салынған қаржы;
Из - су басқан жерлерді, елді мекендерді, ӛнеркәсіптік және басқа кәсіпорындарды
инженерлік қорғау имаратының құрылысын салу бойынша жыл сайынғы ұсталымдар.
А.3 Баламалық Зальт нұсқасы бойынша берілген шығындар тӛмендегіні құрайды:
Зальт = Ен (Кальт.с + Кальт.п + Фост.п - Фреал) + Иальт.с + Иальт.п,
(А.2)
мұнда Кальт.с
- ауыл шарушылығы бойынша баламалық нұсқаның қаржылық
салымы;
Кальт.п - жаңа жерде оларды қорғаумен алмастыру үшін аталған ӛнеркәсіптік және
азаматтық имараттардың құрылысын уақытылы салудың қаржылық салымы;
Фост.п - инженерлік қорғаудың құрылысын салу кезеңіне су басу аймағында тұрған
ӛнеркәсіптік кәсіпорындардың, елді мекендердің ғимараттары мен имараттарының, темір
және тас жолдардың қалдық баланстық құны;
Фреал - қалдық қорларды іске асыру сомалары;
Иальт.с
- ауыл шарушылығы бойынша баламалық нұсқаның жыл сайынғы
ұсталымдары;
Иальт.п - жаңа жерде оларды қорғаумен алмастыру үшін аталған имараттардың
жұмысы бойынша жыл сайынғы ұсталымдар.
Кальт.с кӛлемін ауыл шаруашылық ӛндірісін белсендіру үшін жаңа жерлерді
иеленуге шығындарды есептеу негізінде анықтауға кепілдеме беріледі, ол үшін су басқан
жерлер оларды белсенді пайдаланған кезде берген ауыл шаруашылық ӛнімінің кӛлеміндей
кӛлемді алу үшін су басқан аймақтан тыс аландарды пайдалану керек.
Егер су басқан жерлердің орнына игерілетін жерлер алдын-ала белгілі болса, онда
Кальт.с кӛлемі тікелей есеппен анықталады. Басқа жағдайда Кальт.с кӛлемін жерді
мелиорациясына салыстырмалық капитал салу нормативтері бойынша, немесе кеңестік
республикалардың министр кеңестерімен бекітілген, ауылшаруашылық емес
қажеттіліктер орнына алынатын жерлерді игерудің нормативтері бойынша анықтауға
кепілдеме беріледі.
Иальт.с кӛлемі су басқан жерлер үшін орнын толтыру ретінде соғылатын
мелиоративтік жүйелерді күтуге кететін жыл сайынғы шығындарды сипаттайды. Егер
алынатын жерлердің орнына құнарлықты қалпына келтіру немесе мәдениеттелінген
19
жерлер енгізілетін болса, онда Иальт.с кӛлемін қайтадан иеленетін жерлердің ауыл
шаруашылық мәдениетінің ӛндірісін кӛзделген деңгейге дейін жеткізуге қажетті жыл
сайынғы қосымша шығындардың кӛлемі бойынша анықтауға кепілдеме беріледі.
А.4 Инженерлік қорғаудың ірі объектілерін жүзеге асыру, әсіресе, тиісті баламалық
нұсқаларды уақытылы даярлау бірқатар жылдар ішінде жүргізілуі мүмкін. Бұл жағдайда
экономикалық тиімділіктің есептері уақыт ықпалын ескеруі керек. Осы жерде әртүрлі
жылдардың шығындарын қандай болса да бір базистік жылға әкелуге кепілдеме беріледі.
А.5 Инженерлік қорғау, бірқатар жағдайларда, аумақтардың немесе объектілердің
(ерекше бағалы ауылшаруашылық жерлері немесе жаңа жерде орнына келтіру тіпті
мүмкін емес айрықша объектілер, ж.т.б.) сақталуын қамтамасыз ететін жалғыз ықтимал
шара болып табылатындығын есепке алу керек. Бұл жағдайда, инженерлік қорғаудың
экономикалық тиімділігін капитал салудың жалпы (абсолюттік) әдісі бойынша негіздеуге
кепілдеме беріледі.
А.6 Елдің табиғи аймақтарының әртүрлі жағдайларында инженерлік қорғаудың
оңтайлы нұсқасын анықтауға қатысты техника-экономикалық есептерді:
- қоршаған ортаның ӛзгеруінің;
- жер, ӛсімдік жамылғылары мен жануарлар әлеміндегі ӛзгерістердің;
- іргелес аумақтардың табиғи жағдайларының ӛзгеруі мен ресурстарын
экононмикалық бағалаудың;
- су қоймаларының әсер ету салдарының;
- табиғи жүйелерді орнына келтіруге бағытталған орнын толтыру шараларының
есебімен орындау керек.
А.7 Іргелес аумақтардың табиғи жағдайларындағы ӛзгерістерді табиғи, экологиялық,
технологиялық және экономикалық бағалаудың есебімен анықтау керек.
Табиғи бағалау белгіленген (экологиялық, климаттық, гидрологиялық, ботаникалық,
топырақ және басқалар) ӛзгерістердің сол кӛрсеткіштермен тұрақты немесе уақытша
ӛзгерістерімен салыстырудан тұруы керек.
Экологиялық бағалауды бір кӛрсеткіштердің
(желдің жылдамдығы, топырақтың
ылғалдылығы, атмосфералық шӛгінділер ж.т.б.) ӛзгерістерін екіншісінің (шабындық пен
орман ӛсімдіктерінің биологиялық және шаруашылық ӛнімділігімен) ӛзгерістерімен
салыстыру жолымен орындау керек.
Технологиялық бағалау сол ӛзгерістерді шаруашылықтың, ӛндірістердің және адам
қызметінің түрлерінің (ауыл, балық, орман және аңшылық шаруашылық, рекреация ж.с.с.)
әртүрлі салаларының замани және келешек талаптарының тұрғысынан қарауды
қарастыруы керек.
Экономикалық бағалау іргелес аумақтардың ауылшаруашылық жерлерінің,
шабындықтары мен ормандардың биологиялық ӛнімділігінің тӛмендеуінен болатын
зияндардан (немесе кӛтерілуден болатын ықпалдан) тұрады.
А.8 Энергетикалық мақсаттағы су қоймаларын құру кезінде, жағалық аумақтарды
инженерлік қорғаудың айтарлықтай оңтайлы схемасын су қоймаларының жағалық
аумақтарға ықпал етуінің барлық түрлері мен масштабтарын есепке алуда анықталатын,
жер пайдаланушылардың шығындары мен ауылшаруашылық ӛндірісінің зияндарын ӛтеу
қажеттілігінен шыға, таңдау керек.
Су қоймаларын жасау және кӛзделген шаралардың әртүрлі нұсқалардың тиімділігі
жағдайында ауыл шаруашылықтың оңтайлы қайта құруын негіздеу кезінде бірінші
кезектегі жұмыстардың түрлері ретінде:
- қайта иеленетін жерлерде топырақтың құнарлығын мәдениеттеу мен кӛтеруді;
- құрғату мен суландыруға қатысты жұмыстарды, сонымен қатар мәдени-техникалық
шараларды жүргізу есебі арқылы бұталармен, шауып алумен, саз батпақпен және басқа
20
ауыл шаруашылықтық емес жерлермен бос емес ауыл шаруашылықтық емес мақсаттағы
жерлерді иелендіруді;
- су астында қалған жерлерді, таяз суларды, тӛменгі бьефтің уақытша су басқан және
құрғатылған жерлерін пайдалануды;
- жаңа шаруашылықтар ұйымдастыруды қарастыру керек.
А.9 Инженерлік қорғаудың экономикалық тиімділігін бағалау кезінде шешілетін
халық шаруашылық тапсырмалардың техника-экономикалық кӛрсеткіштерін, инженерлік
қорғау шараларын жүзеге асырғаннан кейінгі экономикалық дамыту кӛрсеткіштерін және
қорғау шараларын жүргізусіз - ықтимал шығынның кӛрсеткіштерін есепке алу керек.
Жағалық аумақтардың инженерлік қорғауының экономикалық тиімділігін белгілеу
кезінде су қоймаларын жасауда:
- жүргізілетін шаралардың табиғи ортаға дұрыс және кері әсерлерін;
- жеке су пайдаланушылар - су шаруашылық кешенінің қатысушыларының немесе
барлық мүдделі және қозғалмалы салалардың ықпалында немесе шығындарында
кӛрсетілетін, су тұтынушылар мен су пайдаланушылардың экономикалық және әлеуметтік
мүдделерін;
- су шаруашылық кешені элементтерінің әрекеттерін қамтамасыз ететін құрылғылар
мен шаралардың, имараттардың, техникалық шешімдердің ӛзара байланысты жүйелерін;
- су тұтынушылар мен су пайдаланушылардың мүдделік кӛрсеткіштерінің және су-
жер ресурстарын айтарлықтай тиімді пайдалану мүмкіндігінің есебімен екеуінің арасында
жағалық аймақ алаңдары мен су қоймаларының акваторийін бӛлуді;
- қорғалатын аумақ пен акваторийдің рекреациялық келешегін тӛмендету
мүмкіндігін есепке алу керек. Қажетті жағдайларда орнын толтыру шараларын қарастыру
керек.
ЕСКЕРТПЕ Су қоймалары бойынша шаралардан болатын суммарлық ықпалдың құрамында
қорғау ықпалын қарастыру кезінде, жүргізілетін шаралардан болатын ықпалдарды максималды
кӛбеюді анықтайтын есептеуді орындау керек.
Қорғау имараттары жүйелерінің тиімділігінің кӛрсеткіші барлық су шаруашылық
кешенінің ұқсас кӛрсеткішімен ӛлшенетіндей болуы керек.
А.10 Су басу мен су астында қалудан болған шығындарды есептеу кезінде:
- ауылшаруашылық ӛндірісінің пайдалы жерлерін алып алуды;
- су басудың, судың деңгейі кӛтерілудің, мерзімдердің қозғалуының немесе жерлерді
қысқы су басудың ұзақтығы ӛсуіне байланысты жер сапасының тӛмендеуін;
- ауылшаруашылықтың пайдалы жерлерінің ӛнімділігінің және егіннің, жеміс-жидек
кӛшеттерінің, пішендер мен жайылымдардағы шабындық шӛптің құрылымдарының және
пайдалы жерлердің трансформациясының ӛзгеруін;
- реттелінетін жайылымдық аумақтарды келешекте экономикалық дамытуды есепке
алу керек. Бұл жерде қолданыстағы мелиоративтік жүйені реконструкциялау бойынша
қосымша шығындарды жаңа объектіні құруға байланысты шығарылған орнын толтыру
шығындарына жатқызу керек.
Энергетикалық мақсаттағы су қоймаларын құру кезінде су басатын және су астында
қалған ауылшаруашылық жерлерін қорғауда, жобаның құрамына инженерлік қорғау
имараттарынан басқа, тұрақты және жоғары егін ӛсіру жӛніндегі технологиялық талаптар
анықталатын аумақтарды мелиоративтік игеру бойынша имараттарды қосу керек.
А.11 Ауылшаруашылық, рекреациялық және басқа мақсаттар үшін нығайтусыз
таяздықтарды пайдалану кезінде санитарлық шараларды орындауға, саз батпақтауды
жоюға, ӛсімдіктерді уақытылы жинауға, ластанудан қорғауға, сонымен қатар рекреация
аймақтарын аумақтық және кӛліктік иелену ыңғайлылығын кӛтеруге кететін шығындарды
анықтау керек.
21
А.12 Су астында қалған жерлерді қорғау шараларын жүргізусіз пайдалану кезінде
ӛсімдіктерді егуге, табиғи құнарлықты сақтап қалуға және ауылшаруашылыққа пайдалану
үшін жағдай жасауға шығатын пайдалануға беру шығындарын анықтау керек.
А.13 Инженерлік қорғауға қатысты шараларды жүзеге асырғаннан кейін аумақтарды
экономикалық дамыту кӛрсеткіштері:
- айтарлықтай бағалы жерлердің ресурс беруін кӛтеруге байланысты қорғалған
жерлердің уақыт бойынша ӛсетін тиімділігін;
- қорғалатын аумақта су ағынын реттеуді жүзеге асыруға байланысты ресурс беруді
ұлғайту мүмкіндігін;
- ауылшаруашылық және жайылымдық жерлердің су ағысын реттеу нәтижесінде су
баспаған жерлерден қосымша ауылшаруашылық ӛнімін алуды;
- табиғатқа су басу мен судың деңгейі кӛтерілумен келген шығынды толтыру
мүмкіндігін беретін экологиялық жағдайларды орнына келтіруді ескерулері керек.
22
Б ҚОСЫМШАСЫ
(міндетті)
Салынып жатқан аумақтарды жобалау, құрылысын салу және пайдалануға
беру кезінде су астында қалудың алдын алуға қатысты іс-шаралары
Б.1 Құрылысы салынып жатқан аумақтың ықтимал су астында қалудың дәрежесіне,
әрекеттері құрылыс салудың осы кезеңінде және табиғи жағдайларда болуы мүмкін су
астында қалудың себептері мен ықпалдарына байланысты су астында қалудың ықтимал
дамушы немесе дамыған процестеріне қарсы сол немесе басқа шаралар қолданылуы
керек.
Б.2 Су астында қалуға қарсы іс-шаралар келесілерге бӛлінеді:
- ескерту іс-шаралары, олар ғимараттарды, имараттарды немесе олардың кешендерін
жобалау процесінде аумақтың ықтимал су астында қалуын және су астында қалу
болжамын анықтау негізінде есепке алынуы керек, олардың мақсаты
- аумақ пен
имаратты су астында қалудан сақтау;
- қорғау іс-шаралары, олар құрылысы салынған аумақтарда су астында қалудың
дамыған процесі жағдайында орындалуы керек, олардың мақсаты - аумақ пен имаратты
су астында қалудан сақтау.
Б.3 Ескерту іс-шаралары аумақта су астында қалудың дамуын ескертуді
қарастырады және әрекеттері ғимараттар мен имараттардың, жерастылық су тасушы
коммуникациялардың құрылысын салу немесе пайдалануға беру кезінде орын алуы
мүмкін ықпалдарға қарсы бағытталған.
Б.4 Қорғау іс-шаралары немесе су астында қалумен күресуге қатысты іс-шаралар,
негізінен, ғимараттарды немесе имараттарды пайдалануға беру кезеңінде
(жалпы
құрылысы салынған аумақта) жүзеге асырылады, және қала, ықшам аудан, ауыл,
кәсіпорын ж.т.б. аумағында әрекет етуші ықпалдарға қарсы бағытталған.
Б.5 Ескерту іс-шараларының басым кӛпшілігі (дренаждық қондырғылардан басқасы)
арнайы күрделі шығындарды талап етпейді, сондай-ақ мұқият орындалуы салынып
жатқан аумақтың су астында қалу мүмкіндігін айтарлықтай тӛмендететін, және кӛптеген
жағдайларда болашақта қымбат тұратын арнайы қорғау іс-шараларын қолдану
қажеттілігін жоққа шығаратын ұйымдастыру-техникалық шаралардан тұрады.
Б.6 Ескерту іс-шаралары су астында қалудың салынып жатқан аумақта әрекет етуші
ықпалдарға қарсы бағытталған.
Ескерту іс-шаралары, әдетте, жобалау кезеңінде қарастырылады және құрылыс салу
кезеңінде, кейде - пайдалануға беру кезеңінде орындалады.
Б.7 Су астында қалудың сол немесе ӛзге ықпалының пайда болуын ескеруге
бағытталған іс-шаралардың біреуін таңдау үшін, барлық шаралар жүйелендірілген және
ӛздері қарсы бағытталған ықпалдарға байланысты біріктірілген:
- Б.1-сурет - Іс-шаралардың схемасы;
- В қосымшасы. Су астында қалуды ескертуге қатысты сақтандыру іс-шараларының
құрамы.
Б.8 Жоғарыда берілген су астында қалудың алдын-алуға қатысты іс-шаралардан
басқа:
- құрылыс салу кезеңінде авторлық қадағалауды жүзеге асыру керек;
- пайдалануға беру кезінде ағып кетуді оперативтік түрде жою, су тасушы
коммуникациялардың жӛндеуін уақытылы орындау керек;
- бас жоспарды әзірлеу кезеңінде - қаланың инженерлік қорғауының бӛлігі ретінде,
жоғарғы сулардың ағыстарын және инфильтрациялық және құрғатылған сулардың су
бұрғыштарын қамтамасыз етудің жалпы схемасын әзірлеу керек.
23
Құрылысы салынып жатқан
аумақтардағы су астында қалу
ықпалдарының алдын-алуға қатысты іс-
аралар
Құрылыс салу
Пайдалануға беру
кезеңінде
кезеңінде
Белсенді
Белсенді емес
Белсенді
Белсенді емес
ықпалдардың
ықпалдардың
ықпалдардың
ықпалдардың
әрекеттері
әрекеттері
әрекеттері
әрекеттері
кезінде
кезінде
кезінде
кезінде
Б.1-сурет - Іс-шаралардың схемасы
24
В ҚОСЫМШАСЫ
(міндетті)
Су астында қалуды ескертуге қатысты сақтандыру іс-шараларының құрамы
Сақтандыру іс-шараларына:
- құрылысы салынып жатқан аумақты немесе оның жеке телімдерін жерастылық
сулардың деңгейі кӛтерілуден, топырақтардың опырылуы мен ылғалдануынан және
олардың салдарынан сақтандыратын шаралар - жоғарғы сулардың ағымын ұйымдастыру
мен жерастылық ағымды белсендіру, әртүрлі қағып алушы және құрғататын имараттар
мен қондырғылар, ӛзендерді реттеу ж.с.с. шаралар;
- жеке ғимараттар мен имараттарды, сонымен қатар коммуникацияларды
жерастылық сулардың деңгейі кӛтерілуден сақтандыратын шаралар
- қорғаудың
жергілікті шаралары - гидрооқшаулау, қабырғалық, қыртыстық, сәулелік және сақиналық
дренаждар ж.т.б. шаралар;
- әртүрлі жоғарғы және ӛндірістік сулардың инфильтрациясын, ӛндірістік ағымдар
мен су тасушы коммуникациялардан, жинақтардан, әртүрлі су қоймаларынан, «сулыª
технологиялық процесі бар цехтерден ж.т.б. кеткен сулардың инфильтрациясынан
сақтандыратын шаралар;
- ғимараттар мен имараттардың іргесінде және қазаншұңқырлар мен траншеяларда
кері құюлардағы сулы булардың конденсациясы және олардың ішіндегі ылғалдың
конденсациясы мүмкіндігінен сақтандыратын шаралар
- кері құю топырақтарын
тығыздау, желдеткіш дренаждық жатады.
25
Г ҚОСЫМШАСЫ
(міндетті)
Ауылшаруашылық жерлерінің инженерлік қорғауын жобалаудың әртүрлі
кезеңдеріне арналған іздеулердің материалдарының құрамы
Г.1-кесте - Инженерлік қорғауды жобалаудың әртүрлі кезеңіне арналған іздеу
материалдары
Іздеу материалдары
Кӛрсетілген графикалық қосымшалардың масштабы
схемалардың
жобаның
жұмыс
жобасының,
жұмыс
құжаттамасының
Карталар
1. Гидрогеологиялық
1:500 000-1:200 000
1:100 000-1:50 000
1:10 000
2. Гидрогеология-
1:500 000-1:200 000
1:100 000-1:50 000
-
мелиоративтік
аудандастыру
3. Инженерлік-
1:500 000-1:200 000
1:100 000-1:50 000
-
геологиялық
аудандастыру
4. Инженерлік-
1:50 000-1:20 000
1:25 000
1:10 000
геологиялық
5. Жерастылық сулардың
-
1:50 000
1:10 000
пайдалануға беру
ресурстары
6. Геология-
1:50 000-1:20 000
1:50 000
1:10 000
литологиялық кешендер
7. Жерастылық сулардың
1:500 000-1:200 000
1:100 000-1:50 000
1:10 000
гидрооқшаулау гипстары
мен орналасқан тереңдігі
8. Сүзу схемалары
1:500 000-1:200 000
1:100 000-1:50 000
1:10 000
бойынша аудандастыру
9. Жерастылық сулардың
1:500 000-1:200 000
1:100 000-1:50 000
-
болжамдық пайдалануға
беру ресурстары
10. Құрылыс
1:500 000-1:200 000
-
-
материалдарының кен
орындары
11. Ауылшаруашылық
1:500 000-1:200 000
-
-
құрылысын салу
схемалары
12. Топырақтық
1:200 000-1:100 000
-
-
13. Топырақтық-
-
1:25 000
1:10 000
мелиоративтік
14. Сорлану
-
1:10 000
1:5 000-1:2 000
26
Г.1-кесте - Инженерлік қорғауды жобалаудың әртүрлі кезеңіне арналған іздеу
материалдары (жалғасы)
Іздеу материалдары
Кӛрсетілген графикалық қосымшалардың масштабы
схемалардың
жобаның
жұмыс
жобасының,
жұмыс
құжаттамасының
15. Топографиялық
1:500 000-1:100 000
1:50 000-1:25 000
1:10 000-1:2 000
Басқа материалдар
16. Инженерлік-
-
есеп бойынша
-
геологиялық және
гидрогеологиялықа)
бӛлімдер
17. Аэрация ӛңірлері
-
сол сияқты
-
тектерінің сорлану
эпюрлері
18. Жерастылық су
-
-
-
деңгейінің тербелу
кестелері
19. Инженерлік-
-
-
-
геологиялық және
гидрогеологиялық
материалдар
20. Топырақ алқаптарына
-
-
-
арналған үлгілік,
тәжірибелік алаңдардағы
(монолиттердегі)
сорланылған
топырақтардың тұз
беруін зерттеу
21. Топырақтардың су-
-
-
-
физикалық қасиеттерін
зерттеу
22. Топырақтық-
-
-
-
мелиоративтік
зерттеулердің
материалдары
23. Қорғалатын жер
-
жоба бойынша
-
аудандарының
климаттық сипаттамасы
24. Қорғалатын
-
сол сияқты
-
аумақтардағы ӛзендер
мен су қоймаларының
гидрогеологиялық
сипаттамасы
а) Кесіктердің масштабы
жобалаудың
тиісті
кезеңдеріне жауап
беретін
карталардың
масштабтарымен келісілуі керек
27
Д ҚОСЫМШАСЫ
(міндетті)
Қорғайтын су тірейтін имараттардың кластары
Д.1-кестесі - Судың максималдық есептік ағысы
Аумақтардың атауы және сипаттамасы
Қорғайтын имараттардың кӛрсетілген
кластарына арналған су тірейтін
имараттардың максималдық есептік су
ағысы, м
I
II
III
IV
Қоныстық
Тұрғын аудан аумағының тұрғын қорының
тығыздығы, 1 гектарға м2:
2500 жоғары
5 дейін
3 дейін
-
2100-2500
8 дейін
5 дейін
2 дейін
1800-2100 дейін
10 дейін
8 дейін
5 дейін
1800 аз
-
10 жоғары
10 дейін
8 дейін
Сауықтыру-рекреациялық және санитарлық-
-
-
10 жоғары
10 дейін
қорғау мақсаттағы
Ϊнеркәсіптік
Ӛнеркәсіптік кәсіпорындар
-
8 жоғары
8 дейін
5 дейін
Коммуналдық-тұрмыстық
Жалпы мақсаттағы коммуналдық-тұрмыстық
-
8 дейін
5 дейін
2 дейін
кәсіпорындар
Басқа
да
коммуналдық-тұрмыстық
-
8 жоғары
8 дейін
5 дейін
кәсіпорындар
Мәдениет және табиғат ескерткіштері
-
3 дейін
-
-
* Тиісті негіздеме бар болған жағдайда, егер қатардан шығу қорғалатын ірі қалалар мен
ӛнеркәсіптік кәсіпорындар үшін апаттық сипаттағы салдарға әкелетін болса, қорғау имараттарын І
класқа жатқызуға рұқсат беріледі
28
Е ҚОСЫМШАСЫ
(ақпараттық)
Қала аумақтарының және ӛнеркәсіптік алаңдардың дренаждық имараттарын
жобалау
Дренаждық имараттарды жобалау: дренаждық желіні жоспарда орналастырудан,
дренаждарды орналастыру тереңдігін таңдаудан, дренаждық сызықтарды жоспарда және
пішінде біріктіруден, дренаждардың жобалық еңістерін таңдаудан тұрады.
Е.1 Дренаждық желіні жоспарда орналастыру
Қалалық аумақтарды және ӛнеркәсіптік алаңдарды құрғату кезінде дренаждық
желіні жоспарда орналастыру дренаждың жүйесімен және типімен, сонымен қатар
құрылыс салудың сипатымен анықталады.
Бас дренажды жоспарда орналастыру құрғатылатын аумақтың жоғарғы
шекарасымен және осы аумаққа басқа жақтан ағып келетін жерастылық сулардың
ағысының бағытымен анықталады. Бас дренаждың трассасын жерастылық сулардың
ағысының бағытына қарай мейлінше дұрыстап орналастырады; осы жерде оны тӛсеу үшін
құрғатылатын телімнің жоғарғы шекарасының маңайынан ӛтетін қолданыстағы ӛтпе
жолдарды немесе кӛшелік магистралды пайдалану керек.
Жағалық дренаждық трассасының жағдайы осы аумақ су астында қалудан
қорғалатын, су қоймасының жағалық сызығының бағытымен анықталады; осы жерде
сондай-ақ ӛтпе жолдар немесе құрылысы салынбаған телімдер барынша пайдаланылуы
керек. Жағалық дренаждың түйісетін (қосалқы) сызықтары мүмкіндігінше дренаждың
ӛзен алқабының биік террасаларымен түйісу орнына қысқа қашықтық бойынша
бағытталуы және қолданыстағы ӛтпе жолдар немесе кӛшелерге орайластырылуы керек.
Сақиналық дренаждарды жоспарда орналастыру сол қорғалатын телімдердің, жеке
имараттардың немесе ғимараттардың пішіндерімен анықталады; күрделі пішіндер бар
болған жағдайда - оларды қатаң қолданудың қажеті жоқ, барынша дренаждық сақинаның
сызықтарын қысқартуға талпыну керек. Судың деңгейі кӛтерілуден қорғауды талап ететін
бӛлек телімдер немесе имараттар үшін жобада жергілікті сақиналандырудың
нұсқаларымен қатар сақиналық дренаждың жоспарында аса тиімді орналастыруды таңдау
үшін техника-экономикалық кӛрсеткіштерге ие болу үшін одан да кӛлемді ауданды
сақинаға алу нұсқаларын ӛңдеу керек.
Аудандық (жүйелі) дренаждық кезінде магистралдық коллекторларды, әдетте, ӛтпе
жолдар мен кӛшелік магистралдарда, ал жинағыштарды - екінші деңгейлі ӛтпе жолдар
мен кӛшелерде орналастырады. Дренаждық-дреналарды құрылыс салудың
кварталдарының ішінде тӛсейді, ол үшін аула ӛтпе жолдарын немесе салынбаған
аудандарды пайдаланады.
Дреналанатын аумақтың жеке телімдерінде дренаждық желілерді трассалау кезінде,
қабылданған жүйеге тәуелсіз, кӛрші аумақтардағы құрылыс салушылардың мүдделерін
есепке алу керек, ол одан да оңтайлы шешімдерге әкеледі.
Жобаланушы дренаждық желі қаланың қолданыстағы және жобаланушы
жерастылық шаруашылығымен немесе ӛндірістің кәсіпорынмен байланыста болуы керек.
Құрылыс салу үшін жаңа аумақтарды иелену кезінде горизонталь дреналар мен
коллекторларды, мүмкіндігінше - біріктірілген (басқа жерастылық коммуникациялармен)
траншеяларда, тӛсеуді жүзеге асыру керек.
29
Дренаждық желінің жоспарда орналастыру, сонымен қатар, дреналанатын аумақтың
гидрогеологиялық жағдайларына да байланысты болады. Сӛйтіп, бас дреналарды жобалау
кезінде оларды су тірегіштің жоғары жағындағы елеулі биік белгілері бар телімдерде
(олардың орналастыру тереңдігін азайту үшін) орналастырған жӛн. Қорғалатын телімнің
гидрогеологиялық жағдайлары дренаждың басқа жүйелерінде де ескерілуі керек.
Құрылыс салынған жерлерде дренаждық сызықтарды орналастыруды бӛлек
имараттың немесе ғимараттың жағдайларымен байланыстыру керек, себебі горизонталь
және аралас дренаждардың тӛсеніші, сонымен қатар вертикаль дренаждарда жүргізілген
қондырғылардың тӛсеніштері осы имарат пен ғимараттар үшін ірге болып табылатын
топырақ тұрақтылығының жағдайын ішінара бұзады.
Су тірегіште тӛсеуге жетілген типтегі горизонталь дренаждық қолданылған, ал
ғимараттың немесе имараттың іргетастары дрена белгілерінен тӛмен орналасқан
жағдайда, дренаждың ғимараттан немесе имараттан қашықтығы жұмыс ӛндірісінің
жағдайы мен шолу құдықтарының орналасуына байланысты кез-келген болып қабылдана
беруіне болады (әдетте тәжірибеде ол шамамен 4-5 м етіп қабылданады).
Жетілмеген типтегі
(яғни, оның іргесі су таситын топыраққа тӛселгенде)
горизонталь дренажды қолдану және қорғалатын имараттың іргетастары, сондай-ақ су
таситын топырақта (дренажбен бір деңгейде немесе одан биік) орналасу жағдайында,
дренаждың дреналынатын әрекетінің нәтижесінде топырақтың тұрақтылық жағдайы
имараттың іргесі нашарлауы мүмкін және олардың шӛгу (әдетте тегіс емес) қаупі тууы
ықтимал. Сондықтан жетілмеген типтегі горизонталь дренаждық және іргетас кесігінің
арасындағы минималдық рұқсатты қашықтық қорғалатын имарат іргесінің тұрақтылығын
қамтамасыз ету шартынан шығатын есеппен негізделуі керек. Сонымен қатар бұл
қашықтық жұмыс ӛндірісінің ыңғайлы шарттарымен және шолу құдықтарының
орналасуымен келісуі керек.
Дренаждық осьінен ғимараттың қабырғасына дейінгі болжамды рұқсатты қашықтық
(Е.1) формуласы бойынша анықталуы мүмкін:
B
H
h
L
b
(Е.1)
MIN
2
tan
мұнда b - іргетасты кеңейту, м;
B - дренаждық траншеяның ені, м;
H - дренаны орналастыру тереңдігі, м;
h - іргетасты орналастыру тереңдігі, м;
φ - топырақтың ішкі үйкеліс бұрышы.
Е.2 Дренаждарды орналастыру тереңдігін таңдау
Дренаждарды орналастыру тереңдігінің үлкен мәні бар және ол жерастылық
сулардың деңгейін тӛмендетудің талап етілетін кӛлемімен, дренаждың жүйесімен және
типімен, дреналанатын аумақтың гидрогеологиялық шарттарымен анықталады.
Бас дренаждық кезінде оны орналастырудың тереңдігіне су тірегіштің үстіңгі
жағдайы әсер етуі мүмкін, ӛйткені қарапайым жағдайларда жерастылық ағынды ұстап
қалуға дреналарды су тірегіште немесе оның маңайында орналастыру кезінде елеулі
толық қол жеткізіледі. Алайда, кейбір жағдайларда және су тірегішті терең орналастыру
кезінде немесе оның үстіңгі жағында елеулі тегіссіздіктер бар болған жағдайда, дренажды
одан да биік белгілерде орналастыру
(оның астына шпунтты немесе ӛзге бір
30
дидирланатын қрылғыны тӛсеу арқылы) орналастыру мақсатқа сай келеді. Ашық әдіспен
ӛңделген дренаждық траншеялардың шекті тереңдігі 6-8 метрден аспайды. Терең емес
орналасқан горизонталь типтіі құбырлық дренаждарды қолдану кезінде, топырақтың
қатып қалу тереңдігін де есепке алу керек, ӛйткені топырақтың кезең сайын қатуы мен
еруі - құбыр сызықтарының толық бүлінуіне әкеп соғуы мүмкін. Дренаның айналасында
қатып қалған топырақ судың дренаға түсуін қиындатады.
Е.3 Дренаждық сызықтарды жоспарда және пішінде жанастыру
Жеке дренаждық сызықтарды жоспарда және пішінде ӛзара жанастыру дренаждың
қабылданған жүйелеріне және конструкция типтеріне байланысты әртүрлі жүзеге асады.
Ашық (жыралар, науалар), сонымен қатар тұтас толтырылған жабық дренаждар су
бұрғыш имараттарды трассалау кезінде тәжірибеленетін тәсілдермен жанасады. Бұл жерде
жеке дренаждық бӛліктердің немесе олардың жоспардағы сынықтарының
30° кем
бұрышта жанасуына жол бермеу керек.
Дренаждың жоспада орналасудың қабылданған жүйесіне (бас, жағалық, сақиналық
немесе аудандық дренаждар) байланысты горизонталь құбырлық дренажды қолдану
кезінде жанасудың келесі негізгі жағлайлары кездесуі мүмкін: үлкен бұрыш астындағы
бұрылыста сызықтардың сынуы; бойлық сызықтардың кӛлбеу шығарылымдарға
бұрыштық жанасуы (әдетте 90° бұрыш астында немесе оған жақындау); үш сызықтың (екі
бойлық сызықтың бір кӛлбеу шығарылыммен) бір торапта қосылуы және т.б.
Вертикаль жазықтықта горизонталь дренаждың жеке сызықтарының жанасуы
құлама құрылғылармен де, оларсыз да жүзеге асырылуы мүмкін.
Жоспардағы барлық сызықтарда және бір торапта үш сызықтың жанасуында,
сонымен қатар құлама болатындай жанасудың барлық жағдайында оларға тиісті
бұрыштарда жеке сызықтарды қосу арқылы шолу құдықтары орнатылады. Құлама кезінде
осы құдықтардағы құбырлардың сызықтарын жанастыру құдық-тұндырғыш типі бойынша
қабылданады. Соңғыларын дренаждық құбырлар құдық артындағы (кейде ағыннан тӛмен)
кіші еңістердің салдарынан дренаждық сулардың ӛлшенген бӛліктерімен бітелуінен
қауіптенген жағдайларда қолданады.
Галереялық дренажды ашық әдіспен орнату кезінде жанастыруды, мүмкіндігінше тік
бұрышқа жақындау бұрыштың астында жасаған жӛн, ӛйткені гидравликалық шарт
бойынша дренаждық сулардың ағысының бірқалыпты жанасуында аса қажеттілік жоқ.
Трассаның гидравликалық шарты бойынша вертикаль жазықтықта галереяның жеке
бӛліктерін түйістіру құламалардың болу қажеттілігіне әкеледі, ол шахталық құдықтар
орнату арқылы жүзеге асырылады.
Галереялық дренажды жерастылық әдіспен орнату кезінде гидравликалық талаптар
сондай болып қалады. Бұл жағдайда, жеке телімдердің немесе жоспардағы галерея
тармақтарын түйістіру жұмыс ӛндірісінің жағдайларымен немесе имараттың
конструктивтік ерекшеліктерімен анықталады. Бұл түйістіру, әдетте, тік бұрыштың
астында жүргізіледі. Жоспардағы галереяның әлсіз сынықтарында бірқалыпты қисықтар
жайғастырылады (соңғыларының жайғастыру мүмкіндігі басу әдісін қолданған кезде -
жоққа шығарылады). Осы қисықтардың рұқсатты радиустарының шекті мәндерін белгілеу
кезінде топырақты илеу жағдайынан шығуға тура келеді. Сонымен қатар қисықтарды
бӛлуді трассаның конструктивтік ерекшеліктерімен және гидрогеологиялық
жағдайларымен келісу керек.
Дренаждардың тік типтеріндегі дренаждық сызықтардың жанасуының суды
орталықтандырылған қотаруы бар дренаждық бүркеуді қолдану кезінде мәні бар. Бұл
жағдайда түйіндесі шарты жүргізетін құрылғылардың сипатымен анықталады. Ӛзіндік
ағысы бар қатаң коллекторлар мен сифондарды қолдану кезінде құбырлық құдықтарды,
31
ішінде ӛзіндік ағыны бар науалар орнатылған немесе сифондық құбыр жолдары
жүргізілген арнайы галереяларға шығарады. Бірінші жағдайда - құбырлық құдықтардан
түсетін су науаға ӛздігінен құйылады; екінші жағдайда - әрбір құбырлық құдық сифонға
сорғыш шығанақтың кӛмегімен қосылады. Тікелей сорғышқа қосылған соратын құбыр
жолдарының келтіруші құрылғысы ретінде қолдану кезінде, соратын құбыр жолдары бар
құбырлық құдықтардың түйіндесуі, әдетте, сифондарға ұқсайтын, арнайы
Әрбір құбырлық құдық үстіндегі су бұрғыштың эрлифтілік әдісі кезінде, ішінде
ауаны жіберуді және суды ӛзіндік ағыспен су қабылдаушыға немесе оны қотарудың
орталықтандырылған орындарына бұруға арналған ӛзіндік ағыны бар, құбыр жолдарын
реттеу құрылғысы орналасқан шолу құдығы орнатылады.
Аралас дренаждардағы горизонталь дренажы бар, вертикаль құбыр тәрізді
құдықшалардың жанасуын да арнайы қондырылған шолу құдықтарында жүзеге асырады.
Е.4 Горизонталь дренаждардың жобалық еңістерін таңдау
Дреналардың жобалық еңістерін белгілеу кезінде, ең алдымен олардың жұмысының
гидравликалық жағдайына қарауға, ал кейбір типтер
(дренаждық штольнялар) үшін
жұмыстардың жағдайлары мен ӛндірісін де ескеруге тура келеді.
Горизонталь дренаждарды трассалау кезінде бағдар ретінде еңістердің минималдық
мәндерін (Е.1-кестесі) қабылдау керек.
Е.1-кестесі - Дренаждық сызықтардың минималдық еңістерінің шамасы
Дренаждық
Дренаждық
Дренаның
Кепілдемелік минималдық
элементтер
диаметрі, мм
еңіс
Арықтар мен
-
-
0,003-0,005
науалар
Тұтас
-
-
0,01
толтырғышы
бар, жабық
Құбыр тәрізді
Дренаждық
200 дейін
0,002 (балшықты топырақ),
0,003 (құмды топырақ)
Жинағыштар
200-300
0,0015
Магистралдық
300 аса
0,0005
коллекторлар
Галереялық
-
-
0,001
32
БИБЛИОГРАФИЯ
[1] ҚР ҚН 1.02-03-2013 Құрылысқа арналған инженерлік іздеулер. Сейсмикалық
шағын аймақтандыру. Жалпы ережелер.
[2] ҚР ҚН 2.03-02-2012 Су басқан және судың деңгейі кӛтерілген аймақтардагы
инженерлік корғау.
[3] ҚР ҚНжЕ 3.03-01-2001 1520 мм колея темір жолдары.
[4] ҚР ҚНжЕ 3.03-09-2006* Автомобиль жолдары.
[5] ҚР ҚН 4.01-03-2011 Су бұру. Сыртқы желілер мен имараттар.
[6] ҚР ҚНжЕ 3.04-02-2008 Топырақ материалдарынан соғылған бӛгеттер.
[7] ҚР ҚН 3.04-01-2013 Гидротехникалық имараттар.
[9] ҚР ҚН 2.03-05-2013 Тау казбаларын жерастылық жоне жерүстілік сулардан
корғау.
[10] ҚР ҚН 3.04-09-2012 Гидротехникалық ӛзен имараттары.
[11] ВҚН 13-77 Тығыз толтырғыштардағы ірі борпылдақ сүзілген бетоннан жасалған
дренаждық құбырлар.
33
ӘОЖ 699.82 (083.74)
МСЖ 93.160
Негізгі сӛздер: инженерлік қорғау, су басқан аймақ, су астында қалған аймақ,
дамба, дренаж, сору станциясы, су тасқыны
34
содержание .. 1 2 ..
////////////////////////// |
||
|
|
|