СП РК 3.02-127-2013 ПРОИЗВОДСТВЕННЫЕ ЗДАНИЯ (ҚР ЕЖ 3.02-127-2013) - 1

 

  Главная      Книги - Разные     СП РК 3.02-127-2013 ПРОИЗВОДСТВЕННЫЕ ЗДАНИЯ (ҚР ЕЖ 3.02-127-2013)

 

поиск по сайту            правообладателям  

 

   

 

   

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

 

СП РК 3.02-127-2013 ПРОИЗВОДСТВЕННЫЕ ЗДАНИЯ (ҚР ЕЖ 3.02-127-2013) - 1

 

 

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ
Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ӨНДІРІСТІК ҒИМАРАТТАР
ПРОИЗВОДСТВЕННЫЕ ЗДАНИЯ
Ресми басылым
Издание официальное
Қазақстан Республикасы Ұлттык экономика министрлігінің
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер
ресурстарын баскару комитеті
Комитет по делам строительства, жилищно-коммунального хозяй-
ства и управления земельными ресурсами Министерства нацио-
нальной экономики Республики Казахстан
Астана 2018
СП РК 3.02-127-2013*
АЛҒЫ СӨЗ
1 ӘЗІРЛЕГЕН:
«ҚазҚСҒЗИª АҚ, «ИННОБИЛДª ЖШС
2 ҰСЫНҒАН:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
және жер ресурстарын басқару комитетінің Техникалық
реттеу және нормалау басқармасы
3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
ҚОЛДАНЫСҚА
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
ЕНГІЗІЛГЕН:
және жер ресурстарын басқару комитетінің 2014 жылғы
«29ª желтоқсандағы № 156-НҚ бұйрығымен
Осы мемлекеттік нормативті Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және
құрылыс істері жөніндегі Уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатынсыз ресми басылым ретінде
толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық істері комитетінің техникалық және лингвистикалық тексеру жүргізу
тапсырмасына (2016 жылғы 7 қарашадағы № 38-02-5-1542 хаты) сәйкес құжат мәтіні өзгертілді
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2018 жылғы 1 тамыздағы №171-НҚ бұйрығына
сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізілді
ПРЕДИСЛОВИЕ
1 РАЗРАБОТАН:
АО «КазНИИСАª, ТОО «ИННОБИЛДª
2 ПРЕДСТАВЛЕН:
Управлением технического регулирования и нормирования
Комитета по делам строительства,
жилищно-
коммунального хозяйства и управления земельными ре-
сурсами Министерства национальной экономики Респуб-
лики Казахстан
3 УТВЕРЖДЕН И
Приказом Комитета по делам строительства, жилищно-
ВВЕДЕН В
коммунального хозяйства и управления земельными
ДЕЙСТВИЕ:
ресурсам Министерства национальной экономики
Республики Казахстан от
«29ª декабря
2014 года
№ 156-НҚ
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично
воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без разрешения
Уполномоченного государственного органа по делам архитектуры, градостроительства и
строительства Республики Казахстан
Текст документа откорректирован в соответствии с поручением Комитета по делам
строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства национальной экономики
Республики Казахстан
(письмо
№ 38-02-5-1542 от 7 ноября
2016 года) по технической и
лингвистической проверке
Внесены изменения и дополнения в соответствии с приказом Комитета по делам
строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства по инвестициям и развитию
Республики Казахстан от 1 августа 2018 года№171-НҚ
II
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
IV
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
2
4 ҚОЛАЙЛЫ ШЕШІМДЕР
3
4.1 Негізгі ережелер
3
4.2 Өрт қауіпсіздігі
4
4.2.1 Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету
4
4.2.2 Ғимараттан және үй-жайдан эвакуациялау
7
4.2.3 Өрттің таралуын болдырмау
13
4.3 Жер телімінің және аумақтың параметрлері
15
4.4 Ғимараттың көлемдік-жоспарлық шешімдері
16
4.4.1 Өндірістік үй-жайлардың сәулеттік-жоспарлық ережелері
16
4.4.2 Өндірістік үй-жайлардағы терезелерді, есіктерді, қақпаларды жобалау
20
4.4.3 Цех ішіндегі конструкциялар мен баспалдақтар
22
4.4.4 Жабындар
24
4.5 Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін қолжетімділік
25
4.6 Конструктивтік шешімдер
27
4.7 Инженерлік желілер мен жүйелерді жобалау
27
4.7.1 Желдету, жылыту, ауа баптау
27
4.7.2 Сумен қамту және кәріз жүйесі
30
4.7.3 Электрмен қамту және жарықтандыру
31
4.8 Қоршаған ортаны қорғау
33
5 ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ
35
5.1 Энергияны тұтынуды азайту
35
5.2 Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
36
А қосымшасы (міндетті) Микроскоппен жұмыс істеу аймақтарының талап етілетін
жарықтандырылуы
38
Б қосымшасы (міндетті) Көзбен қарап бақылайтын экранмен жұмыс істеу кезінде талап
етілетін жарықтандыру
39
В қосымшасы (міндетті) Жұмыс орнындағы ауа шығыны
40
Г қосымшасы (ақпараттық) Өндірістік үй-жайлар микроклиматы
41
Д қосымшасы (ақпараттық) Мәні бойынша және бағалау негізінде қоршаған ортаға әсерін
тигізетін қызмет түрлерінің жіктелуі
42
III
КІРІСПЕ
Осы құжат құрылыс саласын аймақтық және әлемдік әлеуметтік-экономикалық
жүйеге біріктіруге бағытталған нормалаудың параметрлік әдісіне сәйкес Қазақстан
Республикасының құрылысын саласы нормативтік базасы реформасының шегінде
әзірленді.
Осы ережелер жинағы өндірістік ғимараттарға қолданылатын
«Ғимараттар мен
құрылыстарға, құрылыс материалдары мен бұйымдарына қойылатын талаптарª
техникалық регламентінің дәлелдемелік базасына кіретін негізгі дәлелдемелік
нормативтік құжаттардың бірі болып табылады.
Осы ережелер жинағы ҚР ҚН «Өндірістік ғимараттардыңª жұмыс сипаттамаларына
қойылатын қолайлы шешімдер мен параметрлерді белгілейді және оларды орындаудың
бірден-бір әдісі болып табылмайды.
Осы ережелер жинағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы
мемлекеттік нормативтерді дамыту мен нақтылау үшін әзірленді.
IV
СП РК 3.02-127-2013*
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ӨНДІРІСТІК ҒИМАРАТТАР
ПРОИЗВОДСТВЕННЫЕ ЗДАНИЯ
Енгізілген күні - 2015-07-01
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1.1 Осы ережелер жинағы өндірістік ғимараттарды орналастыруға, жер теліміне,
аумағына, көлемдік-жоспарлық шешімдеріне, функционалдық топтарына, үй-жай құрамы
мен алаңдарына, инженерлік қамтамасыз етулерге және ішкі ортасына қатысты негізгі
ережелерді белгілейді.
1.2 Осы ережелер жинағы адам өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған
қолайлы шешімдерден тұрады. Олар өнеркәсіптің барлық саласындағы ғимараттар мен
өндірістік үй-жайларға таралады.
1.3 Осы ережелер жинағының талаптары өндірістік, зертханалық ғимараттарды,
шеберханалық үй-жайларды жобалаудың, құрылыс салудың барлық кезеңдерінде
сақталуы тиіс.
1.4 Осы ережелер жинағының қолайлы шешімдері әскери мақсаттағы, жарылғыш
заттар мен жарылыс құралдарын өндіруге, сақтауға арналған ғимараттарға және үй-
жайларға, метрополитендердің жер асты құрылысына, кен қазбаларына таралмайды.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы ережелер жинағын қолдану үшін мынадай нормативтік құжаттар қажет:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы №14 қаулысымен
бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптарª техникалық регламенті.
ҚР ҚН 3.02-27-2013 Өндірістік ғимараттар.
конструкцияларын қайталагі қолданудың ережелері.
жоспарлау және құрылысын салу.
ҚР ЕЖ 3.02-129-2012 Қоймалық ғимараттар.
ҚР ЕЖ 3.02-137-2013 Шатырлар мен жабындар.
Ресми басылым
1
топтары үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау.
ҚР ЕЖ 4.01-101-2012 Ғимараттар мен имараттардың ішкі су құбыры және кәрізі.
ҚР ЕЖ 4.02-101-2012 Ауаны жылыту, желдету және кондиционерлеу.
МЕМСТ 12.1.004-91 Еңбек қауіпсіздігінің стандарттар жүйесі. Өрт қауіпсіздігі.
Жалпы талаптар.
МЕМСТ 5746-2003 Жолаушылар лифтері. Негізгі параметрлері мен көлемі.
МЕМСТ 8823-85 Электр жүк көтергіш лифтілер. Негізгі параметрлері мен көлемі.
МЕМСТ 9238-83 Құрылыстар мен дөңгелек аралығы
1520
(1524) мм темір
жолдарының жылжымалы құрамының жақындау габариттері.
МЕМСТ 25772-83 Баспалдақтарды, балкондар мен төбелерді қоршау. Жалпы
техникалық шарттар.
Ескертпе
- Осы құрылыс нормаларын пайдаланған кезде ағымдағы жылғы жағдай бойынша
жасалатын «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының аумағында
қолданылатын нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілер тізбесіª,
«Қазақстан
Республикасының стандарттау бойынша нормативтік құжаттар көрсеткіштеріª және
«Қазақстан
Республикасының стандарттау бойынша мемлекетаралық нормативтік құжаттар көрсеткішіª ақпараттық
тізімдемесі және ай сайын шығатын тиісті ақпараттық бюллетень-журнал бойынша тексерген жөн. Егер
сілтеме құжат ауыстырылса (өзгерсе), онда осы нормативті пайдаланған кезде ауыстырылған (өзгертілген)
құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтеме құжат ауыстырусыз күшін жойса, онда оған сілтеме жасалған
ереже осы сілтемеге қатысы жоқ бөлігіне қолданылады.
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Осы ережелер жинағында осы нысанға арналған құрылыс нормаларында келтірілген
терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер
қолданылады:
3.1 Ғимараттың инженерлік қондырғылары: Сұйықтықтарды, газдарды, электр
энергиясын беруді және қайтаруды (су құбыры, газ құбыры, жылыту, электр, кәріз,
желдету жабдықтары) қамтамасыз ететін аспаптар, аппараттар, машиналар мен
коммуникация жүйелері
3.2
Нысанның қауіптілік класы: Мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық
бақылау органдарының санитарлық-эпидемиялық қорытындыны беруі арқылы қызмет
етудің осы түрін жүзеге асыратын жобалық ұйыммен анықталатын қоршаған ортаға және
адам денсаулығына жағымсыз әсер ететін шуылды, дірілді, иондалмайтын сәулеленуді
тудыратын, қуатқа, пайдалану шартына, сипатына және қоршаған ортаға
ластайтын заттарды бөлу мөлшеріне байланысты белгіленетін нысанның
санаты.
3.3 Сәулелік жылыту: Жылуды инфрақызыл сәулелену арқылы қызған беттерден аз
қызғандарына жіберу. Бұл сәулелену кез келген басқа ауқымдағы тура электр магниттік
сәулелену секілді қасиеті болады: тура тік таралады, мөлдір ауамен немесе вакууммен
сіңірілмейді. Сәуле жылуы ауадағы шаң бөліктерімен немесе көміртектің қос тотығымен
сіңіріледі.
3.4 Қоршаған ортаға әсер етуді бағалау: Қоршаған ортаға және адам
денсаулығына шаруашылық және басқа қызметтің ықтималды салдарын бағалау аясында
2
жүргізілетін процедура, жағымсыз салдарды (табиғи экологиялық жүйелерді және табиғат
ресурстарын жою, аздыру, зақымдау және тоздыру) болдырмау, экологиялық заңнама
талаптарын ескере отырып қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі шаралар әзірленеді.
3.5 Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар: Өнеркәсіптік және ауыл
шаруашылық өндірістер орналастырылған, технологиялық қондырғылар пайдаланылатын
және адамдардың еңбек етуі үшін қажетті жағдаймен қамтамасыз етілген өндірістік
нысандар.
3.6 Өндірістік ғимарат: Өндірістік ғимараттарға дайын өнімді немесе жартылай
фабрикаттарды шығаруды жүзеге асыратын ғимараттар жатады. Олар өндірістің сәйкес
саларына қарай көп түрге, әсіресе: механиканы құрастыратын, термиялық, штамптық,
тоқыма, аспаптық, жөндеу және т.б. бөлінеді.
3.7 Өткел: Бағанның екі қатарымен және шет жақ қабырғалармен шектелген ішкі
көлем. Негізгі конструкция жабынының тіреуіштері арасындағы қашықтық та
өткел болады. Қатар бойымен тіреуіштер арасындағы арақашықтық қадам деп
аталады.
3.8 Рекуператор: Келетін суық ауа үй-жайдан шығатын ыстық ауамен
жылытылатын жылу алмастырғыш.
4 ҚОЛАЙЛЫ ШЕШІМДЕР
4.1 Негізгі ережелер
4.1.1 Өндірістік ғимараттарды салу жобаларында, ҚР ҚН 3.02-27-2013 талаптарына
сай, төмендегілер қарастырылады:
а) өндірістік процестердің негізгі сипаттамалары, пайдаланатын материалдар мен
құрал-жабдықтар, ықтимал шығарындылар, ластағыш заттарды шығару, өндіру және
тұтыну қалдықтарының болжамды түзілу көлемдері;
б) зиянды өндірістік факторлардың әсер етуін болдырмайтын санитарлық-
гигиеналық, ұйымдастыру шаралары мен техникалық құралдар кешені;
в) өндірістік процестерде қайталама және айналымды сумен жабдықтау;
г) ел орналасқан жердің су қайтару жүйесінде оларды тастауға мүмкіндік беретін
өндірістік су ағындарын жергілікті тазалау.
4.1.2 Ғимараттың жалпы ауданы сыртқы қабырғалардың ішкі бет жақтары (немесе
сыртқы қабырғалары жоқ жердегі шеткі бағандардың осьтері) , тоннельдер, ішкі алаңдар,
антресольдер, ішкі этажеркалардың барлық қабаттары, рампалар, галереялар
(тік
проекцияда) және басқа ғимараттарға өтетін жерлер аясында өлшенген барлық
қабаттардың (техникалық, цокольді және жертөлені қосқанда жер үсті) аудан жиынтығы
ретінде анықталады.
Ғимараттың жалпы ауданына аспалы төбелердің үстіндегі шығыңқы конструкцияға
дейінгі кем дегенде биіктігі 1,8 м техникалық еден астындағы аудан, сондай-ақ, кран
астындағы жолдарға, крандарға, конвейерлерге, монорельстерге және шамдарға қызмет
көрсететін алаңдар кірмейді.
4.1.3 Екі қабат және одан асатын көп қабатты ғимарат (екі жарықты және көп
3
жарықты) шегіндегі биіктікті алатын үй-жайдың ауданын бір қабат шегінде жалпы
ауданға қосу қажет.
Ғимараттың қабаттылығын анықтау барысында ауданы ғимараттың қабат
ауданының 40 % астамын құрайтын кез келген белгідегі алаңдар, этажеркалар қабаттары
және антресольдер ескеріледі.
4.1.4 Өндірістік нысандардағы 1 жұмысшыға келетін аудан үлесі кем дегенде 4,5 м2 ,
үй-жайдың биіктігі - кем дегенде 3,2 м құрауы тиіс.
4.1.5 Әрбір тұрақты және тұрақсыз жұмыс орнының ауданы кем дегенде
2,2 м2
(бос ауданның көлемі арнайы талаптармен келісілетін кабиналар мен
нысандарды қоспағанда) құрауы тиіс.
4.1.6 Нормативке құрал-жабдықпен, қызмет көрсету аймағымен, өткелдермен, жүру
жолдарымен, аралық қоймалау орындарымен және өндірісті келешекте кеңейту үшін
резерв алаңдарымен қамтылатын аудандар кірмейді.
4.1.7 Шу параметрлерін қолданыстағы санитарлық нормалар талаптарына дейін
жеткізу мүмкін болмаған жағдайда:
а) стационарлық жабдықтауға дыбысты оқшаулайтын кабиналарды, процесті
қашықтықтан басқаруды құрауды қарастыру;
б) қол құралын басқа жұмысшыларға шудың әсер етуін болдырмайтын жұмыс
орындарында орналастыруды қарастыру қажет.
4.1.8 Жасанды жарықтандыру жұмыс уақытына және апатты кезеңге
қарастырылады. Орташа дәлдік жұмыс уақытында жұмыс орнындағы үйлестірілген
жарықтандыру кем дегенде 500 люкс (бұдан әрі - лк), аса дәлдікті қажет етпейтін және
ауыр жұмыстар орындарында кем дегенде 200 лк болуы тиіс.
4.1.9 Бинокулярлық стереоскопиялық микроскопты қолданатын жұмыстар
орындалған жағдайда микроскоп шекарасынан тыс монтаждау үстелінің жұмыс істеу
аймағының жарықтығы А қосымшасына сәйкес белгіленеді. Микроскоптың көру
аймағында болатын нысандар жарықтандыру біркелкі реттелуі тиіс, ал оның жоғарғы шегі
кем дегенде 20 000 лк жетуі тиіс.
4.1.10 Көру жүктемесі көп жұмыстар үшін көзбен қарау экраны бар жұмыс
орындарының жарықтандыру деңгейі Б қосымшасына сәйкес қабылданады.
4.2 Өрт қауіпсіздігі
4.2.1 Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету
4.2.1.1 Жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі бойынша ғимараттың категориялары осы
немесе басқа қауіптегі үй-жайдың сомаланаған үлесімен және ауданымен анықталады.
4.2.1.2 Өрт шығудың нақты қаупін бағалау және төмендегі көрсетілетін ғимараттың,
үй-жайдың, қондырғылар мен құрал-жабдықтың жоспарларын қарастыру негізінде
жүргізіледі:
а) жанғыш материалдар шоғырланған орындар немесе өрт-жарылыс қаупі бар
жанғыш ортаның ықтималды туындау жерлері,
б) ықтималды тұтану көздері,
4
в) үй-жай мен ғимараттың өрт-жарылыс және өрт қаупі бойынша санаты,
г) құрылыс конструкцияның өрт қауіптілік класы.
1-кесте - Ғимараттың өрт бөлігі шегіндегі қабат ауданы
Ғимараттың өрт бөлігінің шегіндегі
қабат ауданы, м2
Қабат-
Ғимарат-
Ғимараттың немесе өрт
тың жол
тың отқа
көп қабатты
бөлігінің санаты
берілген
төзімділік
бір қабатты
3-ші және
саны
дәрежесі
2-ші
одан көп
қабатта
қабатты
А, Б
6
I
Шектелмейді
А, Б (мұнай өңдеуші,
6
II
Сондай
газ, химия және
мұнайхимия өнеркәсібі
1
IIIa
5200
-
-
ғимаратын қоспағанда)
А - мұнай өңдеуші, газ,
6
II
Шектелмейді
5200
3500
химия және мұнайхимия
1
IIIa
3500
-
-
өнеркәсібі ғимараты
Б -мұнай өңдеуші, газ,
6
II
Шектелмейді
10400
7800
химия және мұнайхимия
1
IIIa
3500
-
-
өнеркәсібі ғимараты
8
I, II
Шектелмейді
3
III
5200
3500
2600
2
IIIa
25000
10400**
-
В
1
IIIб
15000
-
-
2*
IVa
2600
2000
-
2
IV
2600
2000
-
1
V
1200
-
-
4.2.1.3 Ғимараттың
отқа төзімділік дәрежесін, жол берілген қабат саны
мен өрт
бөлігінің шегіндегі ғимарат қабатының ауданын (бұдан әрі
- қабат ауданы) 1-кесте
бойынша қабылдау керек.
Қабат ауданы және қабаттың жол берілген саны бірінші санатты үй-жайлар бар
ғимарат үшін белгіленген. Ғимаратқа әртүрлі санаттағы үй-жайларды орналастырған кезде
қабат ауданы мен қабаттың жол берілген саны технологиялық жобалау нормасына сәйкес
жобаның технологиялық бөлігінде белгіленетін ғимараттың жалпы санаты (немесе өрт
бөлігі) бойынша анықталады.
Аралас қабаттың аражабындарында ашық технологиялық ойықтар болған кезде осы
қабаттардың жиынтық ауданы 1-кестеде көзделген қабат ауданынан аспауы тиіс.
5
4.2.1.4 Ғимараттың және өрт бөліктерінің өлшемдерін, сондай-ақ ғимарат
арасындағы арақашықтықты таңдау олардың отқа төзімділік деңгейіне,
конструктивті және функционалдық өрт қауіптің класына, өрт жүктемесінің
көлеміне байланысты, сондай-ақ, өртке қарсы қорғауда қолданылатын құралдардың
тиімділігін, өрт қызметтерінің болуын және алшақтығын, олардың жабдықталуын,
өрттің ықтимал экономикалық және экологиялық салдарын ескере отыра жүргізу қажет.
Қажетті есептік деректер жоқ болған жағдайда, қолданыстағы нормативтік-
құқықтық актілер ережелерін, сондай-ақ, басқа қолданыстағы нормативтік-құқықтық
актілерін басшылыққа алу қажет.
4.2.1.5 Ғимараттар мен құрылыс арасындағы қашықтықты отқа төзімділік дәрежесіне
байланысты 2-кесте бойынша қабылдау керек.
2-кесте - Отқа төзімділік дәрежесі мен өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша
өндіріс санатына байланысты ғимараттар мен өндірістік ғимараттар
құрылыстарының арасындағы өртке қарсы қашықтық
Ғимараттың, құрылыстың отқа төзімділік дәрежесі кезіндегі
Ғимараттың, құрылыстың
ең төменгі қашықтық, м
отқа төзімділік дәрежесі
IIIб, IV,
I, II, IIIа
III
IVa, V
I, II, IIIа
9 * - өрт-жарылыс және өрт
9
12
қауіптілігі бойынша А, Б және В1-
В4 өндірістік санатындағы
ғимараттар мен құрылыстар үшін;
Г және Д өндірістік санатындағы
ғимараттар мен құрылыстар үшін
нормаланбайды
III
9
12
15
IIIб, IV, IVa, V
12
15
18
*Өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша А, Б және В1-В4 өндірістік санаттағы отқа төзімділік
дәрежесі І, ІІ, ІІІа ғимараттар мен құрылыстар үшін көзделген қашықтықты төмендегідей шарттардың
бірі сақталған кезде 6 м бастап 9 м дейін қысқартуға жол беріледі:
1) ғимараттар мен құрылыстар өрт сөндірудің стационарлық автоматты жүйесімен жабдықталса;
2) В1-В4 өндірістік санаттағы ғимараттардағы жанатын заттардың үлестік жүктемесі қабаттың 1
м2 ауданынан кем немесе 10 кг тең.
4.2.1.6 Өрт шығудың ықтималды сандық бағасы МЕМСТ 12.1.004 бойынша немесе
ұқсас нысандардағы статистикалық деректер негізінде орындалуы мүмкін.
4.2.1.7 Өрт қауіптілік класы С2, отқа төзімділік деңгейі IVа бір қабатты
ғимараттарында жалпы ауданы 300 м2 аспайтын А және Б санаттарды орналастыру рұқсат
етіледі. Бұл жағдайда жоғарыда көрсетілген үй-жайлар 1-типті өртке қарсы қалқанмен
және 3-типті жабындылармен бөлінуі тиіс. Осы үй-жайлардың сыртқы қабырғалары үшін
6
өрт қауіптілік класы К0 немесе К1 болуы тиіс.
А және Б санаттағы өрт қауіптілік класы С2 және С3, отқа төзімділік деңгейі IV бір
қабатты ықшам ғимараттарды 75 м2 аспайтын ауданмен жобалауға рұқсат етіледі.
4.2.1.8 Жарылыс-өрт және өрт қауіптіліктері бойынша ғимарат санаттарын өрт
қауіпсіздігі жөніндегі қолданыстағы құжаттарға сәйкес анықтау қажет.
4.2.1.9 В санаттың өрт қауіптілік класы С0, отқа төзімділік деңгейі ІІІа ғимараттың
К0 класындағы қоршау
(қабырғалар мен жабындар) конструкциясын, EI
0,75 отқа
төзімділіктің ең аз шегі бар жабынды тақталарды, автоматты өрт сөндіру
қондырғыларымен өрт қауіпті үй-жайлардың құрал-жабдықтарын пайдаланғанда
және осы үй-жайларды
1-типті өртке қарсы қалқандармен бөлгенде қабат
саны 6 қабатқа дейін қоса алғанда жобалауға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда биіктігі
3 қабат және одан жоғары ғимаратқа арналған қабаттың ауданы
10400 м2
асырпауы тиіс.
В санаттың отқа төзімділік деңгейі ІІІа өрт қауіптілік класы С1 бір қабатты
ғимаратында К0 класындағы қоршау (қабырғалар мен жабындылар) конструкциясын,
EI 0,75 отқа төзімділіктің ең аз шегі бар жабынды тақталарды пайдаланғанда және осы үй-
жайларды 1-типті өртке қарсы қалқандармен бөлгенде А, Б және В санаттағы үй-жайды
автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықталған болса қабаттың ауданын
50000 м2 аса қабылдау рұқсат етіледі.
4.2.1.10 Ұн тартатын, жармалық және құрама жем өнеркәсіптің Б санаттағы үй-
жайларын 8 қабаттан аспайтын қабат саны бар отқа төзімділік деңгейі 1 және 2 ғимаратта
орналастыру рұқсат етіледі.
4.2.1.11 А, Б, B1, B2, В3 санаттағы үй-жайды бір бірінен келесі типті өртке қарсы
қалқандармен және өртке қарсы жабындармен бөлу қажет:
а) отқа төзімділік деңгейі І ғимараттарда
- 1-типті өртке қарсы қалқандармен,
2-типті өртке қарсы жабындылармен (қабат аралық және жертөле үстінде) ;
б) отқа төзімділік деңгейі ІІ, ІІІ және ІІІб ғимараттарда, В1-В3 санаттағы үй-жайдың өрт
қауіптілік класы С2 және С3, отқа төзімділік деңгейі IV ғимараттарда - 2-типті өртке қарсы
қалқандармен, 3-типті өртке қарсы жабындармен (қабат аралық және жертөле үстінде);
в) А және Б санаттағы отқа төзімділік деңгейі IV ғимараттарында 1-типті өртке
қарсы қалқандармен, 3-типті жабындармен.
4.2.1.12 А, Б, В санаттағы үй-жайы бар ғимараттарда орналасатын көтергіш болат
үлдіріктер үшін осы конструкциялардың отқа төзімділіктің ең аз шегін кемінде EI 0,75
қамтамасыз ететін оттан қорғауды қарастыру қажет. Бұл жағдайда автоматты өрт сөндіру
құралдары қарастырылуы тиіс.
4.2.1.13 Отқа төзімділік деңгейі I, II, III, IIIa, IIIб, IVa ғимараттарда орналастырылған
үлдіріктердің және алаңдардың тіректері мен аражабындарын жанбайтын топтар
материалдарынан жобалау керек, ал отқа төзімділігі IV деңгейдегі ғимаратта Г1 және Г2
топтарының материалдарынан жобалауға жол беріледі.
4.2.2 Ғимараттан және үй-жайдан эвакуациялау
4.2.2.1 Эвакуациялық шығатын жерді отқа төзімділік дәрежесі IIIб, IV, IVa және V,
7
конструктивтік өрт қауіптілік класы С2 және С3 ғимараттарда өндірістік үй-жай арқылы
қарастыруға жол берілмейді.
В, Г және Д санатты үй-жайлардағы эвакуациялық жолдарда А және Б санатты үй-
жайдағы тамбуршлюз арқылы өтетін учаскелерді қосуға болмайды.
4.2.2.2 В4, Г және Д санатты үй-жайлардағы биіктігі кемінде төрт
қабатты қосымшаларда және ендірмелерде орналастырылған баспалдақ торынан
эвакуациялық шығатын жерді қосымшалар мен ендірмелердің екі жағына орналастыру
шартымен В4, Г немесе Д санатты үй-жайдың сырты арқылы қарастыруға жол
беріледі
(егер қосымша немесе ендірме ғимаратты оқшауланған бөлікке бөлетін
болса).
4.2.2.3 А және Б санаттағы үй-жайға қызмет көрсетуге арналған және А және Б
санатты үй-жай арқылы бір эвакуациялық шығатын жері бар инженерлік қондырғылар бар
тұрақты жұмыс орындарынсыз үй-жайдың барынша алыс нүктесінің қашықтығы 25 м
аспауы тиіс.
4.2.2.4 Өртке қауіптілік класы С0 және С1, отқа төзімділік деңгейі I, II, III және
IV ғимараттардың
антрессольдеріндегі
және кіріктірмелердегі
(қосымша
құрылыстардағы) және өртке қауіптілік класы С2 және С3, отқа төзімділік деңгейі IV
жылжымалы бір қабатты ғимараттардың антрессольдеріндегі В4, Г және Д санатты,
тұрақты жұмыс орындары жоқ ғимараттардың инженерлік құрал-жабдықтарын
орналастыруға арналған жайлардың көшіру жолдарын В1-В4, Г және Д санатты үй-
жайларда орналастырылған жанбайтын материалдардан жасалған 2-типті баспалдақтарда
қарастыруға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда инженерлік құрал-жабдығы бар үй-жайдың ең
алыс нүктесінен ғимараттан көшіру жолдарынан шығатын жерге дейінгі арақашықтық 3-
кестеде белгіленген мәннен аспауы тиіс.
Үй жайдың ең алыс нүктесінен баспалдаққа шығатын жерге дейін 25 м аспайтын
жанбайтын материалдардан жасалған көрсетілген үй-жайдың бірінен 2 және 3-типті
баспалдақтарда бір шығатын жерді (екінші құрылғысыз) қарастыруға рұқсат етіледі.
4.2.2.5 Алаңдардан және үлдірік ярустарынан эвакуациялық шығатын жерлерді
оларда тұрақты жұмыс орындары болғанда кез-келген белгіде қабат алаңының 40 %
асатын болса, баспалдақ торлары арқылы қарастыру керек.
4.2.2.6 Бір баспалдақты А және Б санатты үй-жайлар үшін 108 м2, В1-В4, Г және Д
санатты үй-жайлар үшін - 400 м2 аспайтын үлдіріктің әрбір ярусының немесе алаң
еденінің алаңы кезінде жобалауға жол беріледі.
4.2.2.7 Әр қабаттағы (бірінші қабаттан басқа) жұмысшылардың саны ең көп саны
бар ауысымда төмендегілерден аспайтын болса, биіктігі 28 м аспайтын ғимараттардағы
қабатта
3-типті баспалдақтарды екінші көшіру жолы ретінде қолдануға
болады:
а) 15 адам - кез келген санаттағы үй-жайлардағы көп қабатты ғимараттарда;
б) 50 адам - В1 - В3 санаттағы үй-жайлардағы екі қабатты ғимараттарда;
в) 100 адам - сондай, В4, Г және Д санатты.
8
3-кесте - Эвакуациялық шыға беріске дейінгі арақашықтық
Ғимараттың
Ғимараттың
Арақашықтық, ортақ өту
отқа
конструктивтік
жолындағы адам ағынының
Үй-жайдың
Үй-жай
төзімділік
өрт қауіптілік
тығыздығында, м, адам/м2
көлемі, мың м3
санаты
деңгейі
класы
1 көп
3 көп
1 дейін
3 дейін
5 дейін
А, Б
I, II, IIIа
С0
40
25
15
В1-В3
I, II, III, IIIа
С0
100
60
40
15 дейін
IIIб, IV
С1
70
40
30
IVа, V
С2, С3
50
30
20
30
А, Б
I, II, IIIа
С0
60
35
25
В1-В3
I, II, III, IIIа
С0
145
85
60
IIIб, IV
С1
100
60
40
40
А, Б
I, II, IIIа
С0
80
50
35
В1-В3
I, II, III, IIIа
С0
160
95
65
IIIб, IV
С1
110
65
45
50
А, Б
I, II, IIIа
С0
120
70
50
В1-В3
I, II, III, IIIа
С0
180
105
75
60 және одан
А, Б
I, II, IIIа
С0
140
85
60
көп
В1-В3
I, II, III, IIIа
С0
200
110
85
80 және одан
В1-В3
I, II, III, IV
С0
240
140
100
көп
I, II, III, IIIа
С0
Шектелмейді
Көлемге
В4, Г
IIIб, IV
С1
160
95
65
қарамастан
IVа, V
С2, С3
120
70
50
I, II, III, IIIа
С0, С1
Шектелмейді
Сондай
Д
IV, IVа, V
С2, С3
160
95
65
4.2.2.8 Тікелей сыртқа немесе баспалдақ торына қарай үй-жайдағы ең алыс жұмыс
орнынан үй-жайдан жақын арадағы көшіру жолына дейінгі арақашықтық
3-кестеде
келтірілген мәннен аспауы тиіс. 3 кестеде көрсетілген арақашықтық 1000 м2 асатын үй-
жайдың ауданы үшін сыртқа немесе баспалдақ алаңының шығатын жеріне дейін дәліз
бойымен жолдың ұзындығын қосады.
4.2.2.9 Адам ағынының тығыздығы осы өтетін жолдың алаңына ортақ өту жолымен
көшірілетін адам санының арақатынасы ретінде анықталады.
9
А және Б санаттағы үй-жайдың арақашықтығы 50 м2 тең келетін тез тұтанғыш
немесе жанғыш сұйықтықтардың төгілу ауданын есептей отырып белгіленеді; 4-кестеде
көрсетілген төгілу ауданының басқа сандық мәндерінде арақашықтық
50/F
коэффициентіне көбейтіледі, мұндағы F - жобаның технологиялық бөлігінде анықталатын
ықтимал құю ауданы.
Үй-жай көлемінің аралық мәні барысында арақашықтық сызықтық интерполяциямен
анықталады.
4.2.2.10 Ішкі этажеркалар мен алаңдар, әдеттегідей, кем дегенде екі ашық болат
баспалдақтан тұруы тиіс.
Алаңдар мен үлдіріктердегі ең алыс нүктеден ғимараттан ең жақын көшіру жолына
дейінгі арақашықтықты 2-типті баспалдақ бойынша көшіру жолының ұзындығын ескере
отырып 4-кесте бойынша қабылдау қажет.
4.2.2.11 Ауданы 1000 м2 аспайтын ең алыс үй-жайдың есігінен сыртқа шығатын ең
жақын шығуға немесе баспалдақ алаңына дейінгі дәліз бойымен арақашықтығы 4-кестеде
келтірілген мәннен аспауы тиіс.
4 кесте - Сыртқа шыға беріске дейінгі дәліз бойынша арақашықтық
Дәліздегі адам ағынының
тығыздығы бойынша сыртқа
Ғимараттың
Ғимараттың
шығуға немесе жақын арадағы
Шығатын
Үй-жай
отқа
конструктивтік
баспалдақ торына дейінгі дәліз
жердің
санаты
төзімділік
өрт қауіптілігі
бойындағы арақашықтық, м.,
орналасуы
деңгейі
класы
адам/м2
2 көп 3
3 көп
4 көп 5
2 дейін
дейін
4 дейін
дейін
Сыртқа қарай
А, Б
I,II, IIIа
С0
60
50
40
35
екі шығу
IIIa,
С0
120
95
80
65
жері немесе
В1-В3
IIIб, IV, IVа,
С1
85
65
55
45
баспалдақ
V
С2, С3
60
50
40
35
торлары
I,II, III, IIIa,
С0
180
120
100
арасында
140 100
В4, Г, Д
IIIб, IV, IVа,
С1
125
85
70
70
V
С2, С3
90
60
50
Тұйыққа
Санатына
I, II, III, IIIa,
С0
30
25
20
15
тірелген
байланысты
IIIб, IV, IVа,
С1
20
15
15
10
дәлізде
емес
V
С2, С3
15
10
10
8
4.2.2.12 Арақашықтық биіктігі 6 м дейінгі үй-жайға белгіленген (бір қабатты ғимарат
үшін биіктік ферманың астына дейін қабылданады); үй-жайдың биіктігі 6 м асатын болса,
арақашықтық ұлғаяды: 12 м үй-жайдың биіктігінде - 20 %; 18 м - 30 %, 24 м - 40 %, бірақ
А, Б санаттағы үй-жайға 140 м және В1-В4 санаттағы үй-жайға 240 м артық емес болуы
тиіс; үй-жай биіктігінің аралық мәнінде арақашықтықтың ұлғаюы сызықтық
интерполяциямен анықталады немесе белгіленген тәртіпте келісілетін арнайы техникалық
10
шарттар әзірленеді.
3-5-кестелерде ғимараттар мен өрт бөліктерінің санаттарына арналған көзделген
үйлесімдегі отқа төзімділік деңгейі мен ғимараттың өрт қауіптілік класының нормалары
белгіленген. Кестеде көрсетілгеннен басқа үйлесімдерде арақашықтық пен адам саны үй-
жайдың осы санатына арналған көрсеткіштердің нашарымен қабылданады.
4.2.2.13 Үй-жайдан көшірудің шығу жолының енін осы шығу жолы арқылы
көшірілетін жалпы адам санына және 5 кестеде белгіленген шығу жолының (есіктің) ені
1 м адам санына байланысты, бірақ жұмыс істейтін тірек-қимыл аппараттарының кемістігі
бар мүгедектердің санында кем дегенде 0,9 м қабылдау қажет.
Үй-жай көлемінің аралық мәні кезінде шыға беріс еннің
1 м адам саны
анықталады.
4.2.2.14 Биіктігі 6 м асатын үй-жайдан эвакуациялау жолының (есігі) 1 м еніне адам
саны ұлғаяды: үй-жайдың биіктігі 12 м - 20 %, 18 м - 30 %, 24 м - 40 %; үй-жай биіктігінің
аралық мәнінде шығу жолының 1 м еніне адам санының ұлғаюы интерполяциямен
анықталады.
4.2.2.15.Жұмыс орнының ең алыс нүктесінен өрт қауіптілік класы С2 және С3, отқа
төзімділік деңгейі IVа бір - немесе екі қабатты ғимараттан ең жақын көшіру жолына
дейінгі арақашықтықты төмендегілерден асырмай қабылдау қажет:
а) В1-В3 санатты - 50 м, В4, Г және Д санатты - 80 м үй-жайлары бар бір қабатты
ғимараттарда;
б) В 1-В3 санатты - 40 м, В4, Г және Д санатты - 60 м үй-жайлары бар екі қабатты
ғимараттарда.
Көзделген арақашықтықты, егер жұмысшыға үй-жайдағы құрал-жабдықпен
толтырылмаған еден ауданы 75 м2 және В1-В4, Г және Д санатты үй-жайлардағы бір
қабатты ғимараттарда барынша көп санды ауысымда бір жұмыс істейтіндер үшін одан көп
ауданды құраса, 50 % ұлғайтуға жол беріледі, көзделген арақашықтықты сақтау мүмкін
болмаған жағдайда, эвакуациялық шыға берісті
72 м сайын ғимараттың периметрі
бойынша сыртқы қабырғаларға орналастыру қажет.
4.2.2.16.Екінші қабаттан көшірілетін адам санына байланысты баспалдақ маршының
ені, сондай-ақ, көшіру жолындағы есіктердің, дәліздердің немесе өтетін жолдардың ені
100 адамға 0,6 м есеппен қабылдануы тиіс.
4.2.2.17.Жұмыс істейтін тірек-қимыл аппараттарының кемісі бар мүгедектер
болатын баспалдақ маршының енін кем дегенде 1,2 м қабылдау қажет.
4.2.2.18.Н2
2-типті түтін толмайтын баспалдақ алаңдары
(баспалдақ алаңы
көлемінен тыс жерде баспалдақ алаңының бір бөлігінен басқасына өткенде) В санаттағы
ғимараттарда Г және Д және 20 м санаттағы ғимараттардың биіктігімен әрбір 30 м сайын
бітеу өртке қарсы қалқанның екі қадам басу биіктігіне бөлінуі тиіс.
11
5-кесте - Эвакуациялық шыға берістегі адам саны
Ғимараттың
Ғимараттың
Эвакуациялау жолының
Үй-жайдың
Үй-жай
отқа
конструктивтік өрт
(есіктің) 1 м еніне адам
көлемі, мың м3
санаты
төзімділік
қауіптілігі класы
саны, адам, артық емес
деңгейі
А, Б
I, II, IIIа,
С0
45
I, II, III,IIIа,
С0
110
15 дейін
IIIб, IV, IVа,
С1
75
В1 - В3
V
С2, С3
55
А, Б
I,II, IIIа
С0
65
30
I, II, III, IIIа,
С0
155
B1-В3
IIIб, IV
С1
110
А, Б
I,II, IIIа
С0
85
175
40
I,II, III, IIIа,
С0
В1-В3
120
IIIб, IV
С1
А, Б
I, II, IIIа
С0
130
50
I,II, III, IIIа,
С0
195
В1-В3
IIIб, IV
С1
135
А, Б
I, II, IIIа
С0
150
60 және одан көп
С0
220
I, II, III, IIIа,
В1 - В3
С1
155
I,II
С0
260
80 және одан көп
В1-В3
С1
220
I, II, III, IIIа,
С0
260
Көлемге
В4, Г
IIIб, IV, IVа,
С1
180
қарамастан
V
С2, С3
130
Сондай
Д
Нормаланбайды
4.2.2.19.Дәлізден сыртқа немесе баспалдақ торына көшіру жолының (есіктің) енін
осы шығу жолы арқылы көшірілетін жалпы адам санына және 6 кестеде белгіленген шығу
жолының (есіктің) 1 м ені адам санына байланысты кем дегенде 0,8 м, бірақ жұмыс
істейтін тірек-қимыл аппараттарының кемісі бар мүгедектердің санында кем дегенде 0,9 м
қабылдау қажет.
12
6-кесте- Дәліз арқылы эвакуациялау жолына адам саны
Ғимараттың
Дәлізге шығатын өрт
Дәлізден көшіру жолының
Ғимараттың отқа
конструктивтік
қауіптілігі жоғары үй-
(есіктің) 1 м еніне адам
төзімділік деңгейі
өрт қауіптілік
жайдың санаты
саны, адам
класы
А, Б
I, II, IIIа
С0
85
I, II, III, IIIа
С0
175
В1-В3
IIIб, IV, IVа,
C1
120
V
С2, С3
85
I, II, III, IIIа
С0
260
В4, Г, Д
IIIб, IV, IVа,
С1
180
V
С2, С3
130
4.2.3 Өрттің таралуын болдырмау
4.2.3.1. Ғимарат қабаттылығын анықтаған кезде ғимарат қабаты ауданының 40%
астамын құрайтын кез-келген белгідегі алаңдар, этажеркалар ярустары мен антресольдар
есептеледі. Мұндай жағдайда қабат ауданына қойылатын талаптар көп қабатты ғимарат
ретінде анықталады.
Үй-жайды
1-кестеде көзделген автоматты өрт сөндіру құрылғыларымен
жабдықтаған кезде отқа төзімділік дәрежесі ІІІа және ІІІб ғимараттарды қоспағанда, 100 %
ұлғайтуға жол беріледі.
4.2.3.2. Осы ережеде қарастырылмаған үйлесімділікте қабаттың ауданы мен
ғимараттың биіктігін осы санатты ғимарат көрсеткішінің төменгі көрсеткішімен
қабылданады немесе белгіленген тәртіпте келісілген арнайы техникалық шарттар
әзірленеді.
4.2.3.3. Өрт қауіптілік класы С2, отқа төзімділік дәрежесі IVа бір қабатты
ғимараттарда жалпы ауданы 300 м2 аспайтын А және Б санатты үй-жайды орналастыруға
рұқсат етіледі. Бұл жағдайда көрсетілген үй-жайлар 1-типті өртке қарсы қалқандармен
және 3-типті жабындармен бөлінуі тиіс. Осы үй-жайлардың сыртқы қабырғаларының
класы К0 немесе К1 болуы тиіс.
Ауданы 75 м2 аспайтын А және Б санаттың өрт қауіптілік класы С2 және С3 отқа,
төзімділік дәрежесі IV бір қабатты ықшам ғимараттарды жобалауға жол беріледі.
4.2.3.4. Бір ғимаратта немесе үй-жайда әртүрлі жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі
бар технологиялық процестерді орналастыру барысында жарылыстың және өрттің
таралуының алдын алу шараларын қарастыру қажет.
4.2.3.5. Егер көрсетілген шаралар толық тиімді болып табылмаса, әртүрлі жарылыс-
өрт және өрт қауіптілігі бар технологиялық процестерді жеке үй-жайларда орналастыру
қажет; бұл жағдайда А, Б, B1, B2, В3 әртүрлі санаттағы үй-жайларды, сондай-ақ осы үй-
жайларды В4, Г және Д санаттағы үй-жайдан және дәліздерді келесі типті өртке қарсы
қалқандармен және өртке қарсы жабындармен бір бірінен бөлу қажет:
13
а) отқа төзімділік дәрежесі І ғимараттарда
-
1-ші типті өртке қарсы
арақабырғалармен, 2-ші типті өртке қарсы аражабындармен (қабатаралық және жертөле
үстінде);
б) отқа төзімділік деңгейі II, III және IIIб ғимараттарда 1-ші типті өртке қарсы
арақабырғалармен, өрт қауіптілік класы С0 және С1 отқа төзімділік дәрежесі ІІІа
ғимараттарда - 2-ші типті өртке қарсы арақабырғалармен;
в) В1-В3 санаттағы үй-жайдың өрт қауіптілік класы С2 және С3, отқа төзімділік
деңгейі IV ғимараттарда
- А және Б санаттағы үй-жайда
2-ші типті өртке қарсы
арақабырғалармен - 3-ші типті өртке қарсы аражабындармен (қабатаралық және жертөле
үстінде).
4.2.3.6. Жертөлеге В1-В3-санаттағы үй-жайды орналастыру барысында әрбіреуі
3000 м2 аспайтын аудан бөлігіне 1-типті өртке қарсы қалқандармен бөлінуі тиіс, бұл
жағдайда әрбір бөліктің ені
(сыртқы қабырғадан есептегенде)
30 м аспауы тиіс.
Көрсетілген үй-жайларда түтінтартқыны орнатуға арналған ені кем дегенде 0,8 м және
ұзындығы 1,8 м шұңқыры бар ені кем дегенде 0,75 м және биіктігі кем дегенде 1,2 м
терезе қарастыру қажет.
4.2.3.7. Терезелердің жалпы ауданын үй-жайдың еден ауданынан кем дегенде 0,2 %
қабылдау қажет. Ауданы 1000 м2 асатын үй-жайларда кем дегенде екі терезені қарастыру
қажет. Жертөле үстіндегі жабындылар кем дегенде EI 45 отқа төзімділік шегінде болуы тиіс.
4.2.3.8. Дәліздер тікелей сыртқа шығу жолдары бар немесе оңашаланған баспалдақ
алаңдары арқылы шығатын ені кем дегенде 2 м болуы тиіс. Үй-жайды дәлізден бөлетін
қалқандар 1-ші типті өртке қарсы болуы тиіс.
4.2.3.9. Өндірістің технология талаптарымен сыртқы қабырғаларда орнатыла
алмайтын В1-В3 санатты үй-жайлары бар жертөлелерді өрт қауіпсіздігі бойынша
қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес әрбіреуі түтін сейілткіш
құрылғысы бар 1500 м2 аспайтын аудан бөліміне өртке қарсы қалқандармен бөлу қажет.
4.2.3.10.А және Б санатты үй-жайға локомотивтің, ал паровоз бен тепловоздардың -
В1-В3 санатты үй-жайға да және К2 және К3 класты жабынды конструкциясы бар үй-
жайға барлық түрлерін кіргізуді қарастырмау қажет.
4.2.3.11 Барлық қабаттағы А және Б санатты үй-жайлардағы лифтілердің алдында
ауаның тұрақты қысымы бар 1-ші типті тамбур-шлюзді қарастыру қажет. А және Б санатты
ғимарат лифтілерінің машина бөлімдерінде өрт қауіпсіздігі бойынша қолданыстағы
нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес ауаның тұрақты қысымын қарастыру қажет.
4.2.3.12. Г3 және Г4 топтағы материалдардан жасалған жарық өткізетін элементтері
бар зенит шамдарды тек қиыршық тастардан жасалған қорғау жабындысы бар НГ және Г1
өрт қаупі мен орамды жабын материалдарға жабындыларымен В4, Г және Д санатты үй-
жайларда өрт қауіптілік класы С0, отқа төзімділік дәрежесі I, II және III ғимараттарда ғана
қолдану рұқсат етіледі.
4.2.3.13.Осындай шамдардың жарық өткізетін элементтерінің жалпы ауданы
жабындының жалпы ауданының 15 % аспауы тиіс, бір шамның ойылған ауданы - 20 кг/м2
аспайтын жарық өткізетін элементтердің үлес салмағында12 м2 артық емес және 10 кг/м2
аспайтын жарық өткізетін элементтердің үлес салмағында 18 м2 артық емес болуы тиіс.
Бұл жағдайда орамды жабынды қиыршық тастардан жасалған қорғау жабыны болуы тиіс.
14
4.2.3.14.Осы шамдардың арасындағы арақашықтық
(жарық кезінде) ойылған
жерлердің ауданы 6 м2 бастап 18 м2 дейін болғанда кем дегенде 6 м және ойылған жердің
ауданы 6 м2 дейін болғанда кем дегенде 3 м құрауы тиіс.
Шамдарды топтарға орналастыру барысында олар барлық көрсетілген шектеулерге
жататын бір шам ретінде қабылданады.
4.2.3.15.Әрбір 54 м сайын ғимарат жабынының тігінен және көлденең бағыттарда Г3
және Г4 топтарының материалдарынан жасалған жарық өткізетін толтырулары бар зенит
шамдарының арасында ені кем дегенде 6 м болатын жарықтар орналастырылуы тиіс.
Өртке қарсы қабырғалардан көрсетілген зенит шамдарға дейінгі көлденең
арақашықтық кем дегенде 5 м құрауы тиіс.
4.2.3.16.Өрт бөлімшелеріне кіруге арналған 3-ші типті баспалдақтардың ені кем
дегенде 0,7 м болуы тиіс.
4.3 Жер телімінің және аумақтың параметрлері
4.3.1 Өндірістік ғимараттарды жобалау ҚР ЕЖ
3.01-101 және ҚР ҚН
3.02-27
талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.
4.3.2 Өндірістік нысандардың жобаланатын нысандарын, әдеттегідей, қосалқы
-
қосымша қызметтер кооперациясы, инженерлік және көліктік қамтамасыз ету, мәдени-
тұрмыстық қамтамасыз ету жүйелері бар кооперациялар тобының құрамына ықшамдап
орналастыру керек.
4.3.3 Жеке ғимараттар мен құрылыстарды қолданыстағы санитарлық талаптарға
сәйкес өндірістік үй-жайлардағы жұмыс аймағы үшін желдету және ауаны тазарту
жүйелерімен ауаны ұйымдастырған және ұйымдастырмаған жинау орындарында
сырттағы ауадағы зиянды заттардың құрамы шекті рұқсат етілген шоғырланудың (бұдан
әрі - ШРШ) 30 % аспайтындай нысан алаңында орналасады.
4.3.4 Қағида бойынша, нысан аумағында функционалдық аймақтар бөлінеді:
а) өндірістік;
б) әкімшілік-шаруашылық;
в) көлік-қоймалық;
г) қосалқы нысандар.
Зиянды заттарды қолданатын нысандарда әкімшілік-шаруашылық және қосалқы
аймақтар өндірістік, көлік-қоймалыққа іргелес өндірістік ғимараттардан туындаған
циркуляциялық аймақтың енінен кем емес алшақтықтар арқылы бөлінеді.
4.3.5 Көлік трафиктерін кіргізбеу мақсатында өндірістік ғимараттың аумағына кіруді
жүргінші көшелерден және көшелерден алыс жерде орналастыру ұсынылады.
4.3.6 Жүк және жеңіл машиналарына арналған кіреберіс жолдарды мүмкіндігінше
бөлек болғаны тиіс.
4.3.7 Жүк көліктерінің өндірістік ғимараттың аумағында жүру жолы кем дегенде 4 м
айналу радиусымен ені 10 м аспауы тиіс. Жеңіл көлікке арналған кіреберіс жолдары ені
6,5 м аспайтын және кем дегенде 4 м айналу радиусы болуы тиіс.
4.3.8 Қоршаудың биіктігі мен түрін 7-кесте бойынша қабылдау ұсынылады.
4.3.9 Өндірістік ғимараттың жер телімін жобалау барысында жүкті тиеу алаңына
15
арналған орынды қарастыру қажет. Жүк тиеу алаңдарын ауланың көрінбейтін артқы
жағында орналастыру ұсынылады.
7-кесте - Қоршаудың ұсынылатын параметрлері
Метрмен
Қоршаудың
Кәсіпорынның, ғимарат пен құрылыстың сипаттамасы
Қоршау түрі
биіктігі
1
Жер үстілік көліктің тұрақты қозғалысы
қарастырылатын аумақтағы кәсіпорындар мен
Болат тор немесе
нысандар, сондай-ақ, қауіпсіздік техникасы талаптары
1,6
темірбетон
тор
бойынша қоршалатын басқа да кәсіпорындар мен
қоршауы
нысандар
2 Санитарлық талаптар бойынша қоршалатын азықтық,
Цоколді болат тор
ауылшаруашылық және басқа өнімдерді қайта өңдеу
1,6 бастап
немесе
цоколді
(ет-сүт және балық өңдеуші кәсіпорын, көкөністі сүрлеу
2,0 дейін
темірбетон
тор
және шарап ашытатын зауыттар және т.б.) кәсіпорны
қоршауы
3 Бірнеше сақталмайтын ғимараттарда орналастыру
Болат тор немесе
барысында бағалы өнімдерді өндіру кәсіпорыны,
1,6 бастап
темірбетон
тор
бағалы материалдар мен құрал-жабдықтардың
2,0 дейін
қоршауы
қоймалары
4 Ерекше бағалы материалдарды, құрал-жабдықтар мен
Темірбетон тұтас
өнімдерді өндіру кәсіпорыны
(асыл металдар, тастар
2,0
қоршауы
және т.б.)
5 Қауіпсіздік техникасы талаптарымен немесе
санитарлық-гигиеналық талаптармен қоршалатын
1,2 бастап
кәсіпорын аумағындағы нысандар
(ашық таратқыш
Болат тор
1,6 дейін
құрылғылар, ішкі станциялар, артезиандық ұңғыма,
суды жинау және т.б.)
Ескертпе - Қоршауды жобалау барысында техникалық және экономикалық мақсатқа сай басқа
материалдардан жасалған қоршауларды қолдануға жол беріледі.
4.4 Ғимараттың көлемдік-жоспарлық шешімдері
4.4.1 Өндірістік үй-жайлардың сәулеттік-жоспарлық ережелері
4.4.1.1 Көлемдік-жоспарлық шешімдер бойынша өнеркәсіптік ғимараттар бір
қабатты, көп қабатты және аралас қабатты, сондай-ақ, тұтас және павильонды
құрылыстарға бөлінеді.
4.4.1.2 Технологиялық үдеріс көлденең жүретін, ауыр және көлемді құрал-
жабдықпен, ірі габаритті бұйымдармен және айтарлықтай динамикалық жүктемелермен
сипатталатын өндірісті бір қабатты ғимараттарда орналастырады.
Көп қабатты ғимараттарда жеңіл, азықтық кәсіпорындар, радиотехникалық және
16
ұқсас өнеркәсіптік түрі үшін тік бағытталған технологиялық процестері бар өндірістерді
орналастырады.
4.4.1.3 Көп қабатты ғимараттың бірінші қабатының алаңын, егер бірінші қабаттағы
аражабын 1-типті өртке қарсы аражабын болып табылса, бір қабатты ғимарат нормасы
бойынша қабылдауға жол беріледі.
4.4.1.4 Өндірістік ғимараттардың қабырғалары келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
- ғимаратта қажетті ылғалдылық-температуралық режимді ұстауды қамтамасыз ету;
- статикалық және динамикалық жүктеменің әрекетіне берік және тұрақты болу; отқа
төзімді және ұзақ мерзімді болу;
- құрылғының технологиялық және пайдалану сапасы жақсы болу;
- мүмкіндігінше аз салмақты және технологиялық көрсеткіштері жақсы болу.
4.4.1.5 Ұсақ өлшемді элементтерден (кірпіштен және ұсақ блоктардан) жасалған
қабырғалар аз өлшемді және көп есіктері, технологиялық ойықтары, сондай-ақ, аса көп
ылғалдылық пен агрессивті орта байқалатын өндіріспен байланысы бар ғимараттарда
орналасады.
4.4.1.6 Б және В санаттағы көп қабатты қоймалық ғимараттарды ені
60 м
аспайтындай жобалау қажет.
4.4.1.7 Ауа ортасының тұрақты параметрлерін ұстап тұру және инженерлік құрал-
жабдықты, коммуникацияны орналастыру технологиясының шарттарымен талап етілетін
өндірістік ғимараттарда және үй-жайларда төмендегілерді қарастыруға рұқсат етіледі:
а) аспалы (астынан тігілген) төбелер мен жалған едендер - коммуникацияларға
қатынау үшін қызмет көрсететін қызметкерге өту жолын қарастыру талап етілмеген
жағдайда. Көрсетілген коммуникацияларға қызмет көрсету үшін люктер мен тік болат
баспалдақтарды жобалауға рұқсат етіледі;
б) техникалық қабаттар - осы қабаттарда орналасатын инженерлік құрал-жабдыққа,
коммуникацияларға және қосалқы технологиялық құрылғыларға технологиялық шарттар
бойынша қызмет көрсету үшін өтетін жердің құрылғысы талап етілген жағдайда.
4.4.1.8 Айқын жылу артықшылығы (23 Вт/м2 артық) бар өндіріске, сондай-ақ, зиянды
газдардың, булардың және шаңдардың айтарлықтай бөлінуі бар өндіріске арналған үй-жай
мен телімдерді ғимараттың және құрылыстың сыртқы қабырғаларда орналастыру қажет.
Үй-жайдың ең көп жағы ғимараттың немесе құрылыстың сыртқы қабырғасына жалғасып
жатуы тиіс.
Егер технология шарттар бойынша көрсетілген өндірістік жер телімдер ғимараттың
және құрылыстың сыртқы қабырғасына орналаса алмаса, онда желдету жүйелерімен
сыртқы ауа ағынын міндетті қамтамасыз ету арқылы рұқсат етіледі.
4.4.1.9 Үй-жайдың ауасына булар, газдар және шаңдар түріндегі зиянды заттардың
келіп түспей
(23 Вт/м2 артық), айқын жылу артықшылықтарымен сипатталатын
өндірістерді орналастыру үшін табиғи ауа алмастыруды қамтамасыз ететін қабырға мен
жабынның конструктивті элементтері бар ғимаратты қарастыру қажет. Зиянды заттар
бөлініп шығу жағдайларында табиғи ауа алмасуды жобалау рұқсат етілмейді.
4.4.1.10 Зиянды заттар бөлініп шығуымен байланысты өндірісті жобалау барысында
құрал-жабдықты қашықтықтан басқару үшін оңтайлы еңбек шарттары бар оқшауланған
кабиналар құрылғысын, үй-жайды немесе операторлық аймақтарды қарастыру қажет.
17
4.4.1.11 Жапсарлас үй-жайға құрылыс конструкциялары арқылы электр магниттік
энергияның ықтималды өту жағдайында әр түрлі экрандау материалдарынан
(арақабырғалар, металл табақтар, торлар) жасалған құрылыс материалдары мен
конструкцияларын қолданады.
4.4.1.12 Плазмалы технологияларға арналған үй-жайларда:
а) бір жұмысшыға есептегенде еденнің төменгі нүктесінен құрал-жабдықпен
толтырылмаған кем дегенде 10 м2 және үй-жайдың биіктігі кем дегенде 3,5 м алаңның
болуы қарастырылады;
б) қабырғалары мен төбелері ультракүлгін сәулеленуді сіңдіретін жанғыш емес тесік
шығаратын материалдан жасалған қорғау жабындысы бар дыбыс жұтатын қаптамамен
жабылады. Құрал-жабдықтың өзінде дыбыс жұтатын қорғау жоқ болғанда қаптаманың
биіктігі кем дегенде 2,7 м болуы тиіс.
4.4.1.13 Ықтималды жебірлі сұйықтықтардың (қышқылдар, сілтілер және т.б.) және
сынап, еріткіштер, биологиялық белсенді заттар секілді зиянды заттар әсер ететін орындарында
көрсетілген заттардың әрекетіне тұрақты, олардың сорбциялануына жол бермейтін және
тазалауға, зарарсыздандыруға ыңғайлы еден жабындарын қарастыру қажет.
4.4.1.14 Ғимаратқа теміржолдарды кіргізу жобаның технологиялық бөлігіне сәйкес
және МЕМСТ 9238 талаптарын ескере отырып қарастыруға рұқсат етіледі.
Теміржолдар рельстер бастиектерінің жоғарғы жағы таза еден белгісінде болуы тиіс.
4.4.1.15 Тамбурлар мен тамбур-шлюздардың енін 0,5 м кем емес ойықтардың артық
енін (ойықтың әрбір жағымнан 0,25м бойынша) , ал тереңдігі 0,2 м кем емес, бірақ 1,2 м
кем емес есік немесе қақпа төсемінің артық енін қабылдау қажет. Жұмысшылардың
ішінде кресло-арбаны қолданылатын мүгедектер болған жағдайда тамбурлар мен тамбур-
шлюздардың тереңдігін кем дегенде 1,8 м қабылдау қажет.
4.4.1.16 Үй-жайдың және жабдықтың түрлі түсті безендіру жұмыстары
шағылысудың ең аз (0,4 аспайтын) коэффициентін ескеріп орындалады.
4.4.1.17 Жылытылатын үй-жайларда тік тұрып жұмыс істеу барысында тұрақты
жұмыс орындарында еденді жабатын материал сағатқа көбейтілген және градусқа
көбейтілген шаршы метрге 6 килокалориядан аспайтын жылу игеру коэффициентіне
(ккал/м²·сағ·град) тең болуы немесе ағаш қалқандармен не жылу оқшаулайтын
кілемшемен жабылуы қажет.
сәйкес басқа үй-жайлардан бөлу қажет.
4.4.1.19 Азық өнімдерін сақтауға арналған қоймалық үй-жайларда келесілерді
қарастыру қажет: сыртқа шығып тұратын қырлары жоқ және кемірушілер бұзбайтын
материалдан жасалған қоршау конструкциясы; тұтас және қуыссыз сыртқы есіктердің,
қақпалардың төсемдері және люктердің қақпақтары; желдету жүйесі арналарының
саңылауларын жабуға арналған құрылғы; еден деңгейінен жоғары
1,2 м биіктік
шамасында орналасқан қабырғаларда және ауа өткізгіштерде желдеткіш саңылауларды,
және жертөле қабатындағы терезелерді
(терезелердің болат тормен қоршау
конструкциясы ашылатын немесе алынып-салынатын болуы тиіс) болат тормен
(өлшемдері 12 мм × 12 мм аспайтын ұяшықты) қоршау.
4.4.1.20 Осындай қоймалық ғимараттардың жобаларында құбырларды өткізуге
18
арналған саңылаулардың мұқият өңделу (қабырғаларда, қалқаларда және жабындыларда)
және үй-жайдың қоршау конструкциясын (ішкі және сыртқы қабырғаларды, қалқандарды
өзара және еденмен немесе жабындылармен) ұштастыру жөніндегі көрсетулерді
қарастыру қажет.
4.4.1.21 Азық өнімдерін сақтауға арналған қоймалық үй-жайлардың едендерін жабу
үшін қарамай, қарамай шайырларын және басқа экологиялық зиянды материалдарды
қолдануға жол берілмейді.
Азық өнімдерін сақтауға арналған қоймалық үй-жайлар кемірушілерге қарсы
жүйелермен жабдықталауы мүмкін.
4.4.1.22 Тиеу-түсіру рампалары мен платформаларда кемінде екі бөлініп-бөлініп
орналасқан баспалдақтар мен пандустар болуы тиіс.
4.4.1.23 Тиеу-түсіру рампаларын және платформаларын жүктерді және жүкті тиеу-түсіру
механизмдерін атмосфералық жауын-шашыннан қорғау талаптарын ескере отырып жобалау
қажет. Теміржол жүк тиеу-түсіру рампалары және платформалары үстіндегі қалқа
теміржолдардың осьтерін 0,5 м кем болмайтындай жабуы қажет, ал автокөлік рампалары үстінен
рампа шетінен 1,5 м кем болмайтындай автокөлік жүру жолын жабуы тиіс.
4.4.1.24 Автокөлік подъезі жағынан автокөлікке арналған жүкті тиеу-түсіру рампа
шетінің белгісі жолдың жүргінші бөлігінің бет жақ деңгейінен немесе жүкті тиеу-түсіру
алаңынан 1,2 м тең болуы тиіс.
4.4.1.25 Еден үстілік көлік құралдары өтетін жерге арналған пандустардың ені жүк
тиелген көлік құралының үлкен енінен кем дегенде 0,6 м асуы тиіс. Пандустардың еңісі
оларды жабық үй-жайда орналастыруда 16 % аспайтын және ғимараттың сыртынан
орналастыруда 10 % аспауы тиіс.
4.4.1.26 Қоймалық үй-жайларда сыртқы қабырғалардағы қақпалардың ойықтарында
қойманың ішкі кеңістігін сыртқы ортаның әсерінен оқшаулау арқылы докшелтерлерді
монтаждау қажет.
4.4.1.27 Үй-жайдың температуралық-ылғалдылық режиміне байланысты жабынды
жылытылған және салқын болуы мүмкін.
4.4.1.28 Жылытылған жабындарды жылытылатын үй-жайларда, сондай-ақ,
айтарлықтай артық жылу бөлінетін ғимараттарда
(термиялық цехтерда, ыстықтай
қалыптау цехтарында) орналастырады.
4.4.1.29 Жылытылмайтын үй-жайлардың үстінен, сондай-ақ, айтарлықтай жылу
бөлінетін ыстық цехтерде жылуды оқшаулайтын қабат және буды оқшаулауы болмайтын
суық жабындарды орнатады.
4.4.1.30 Пайдалану режиміне байланысты жабынның қоршау бөлігі желдетілетін,
ішінара желдетілетін және желдетілмейтін болуы мүмкін. Желдеткіш үрлеудің міндеті
жабынды кілем астынан су буларын айдау болып табылады. Желдетілетін жабындарды
сондай-ақ, қызып кетуден үй-жайды қорғауын қамтамасыз ету үшін оңтүстік аудандарда
орнатады. Одан басқа, желдеткіш үрлеулер жабынның сенімділігін және пайдалану
сапасын жоғарлауын қамтамасыз етеді.
4.4.1.31 Қайтадан салынатын және қайта конструкцияланатын әкімшілік, тұрмыстық
ғимарат пен өнеркәсіптік кәсіпорынның үй-жайларын, қосымша арнайы үй-жайларды
және өндірістік процестердің жіктелуіне байланысты әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы
19
құрылғыларды жобалау ҚР ЕЖ 3.02-108 ережесіне сәйкес болуы тиіс.
4.4.1.32 Кресло-арбаны пайдаланатын мүгедектердің еңбек етуіне арналған екінші
қабат және одан жоғарғы үй-жай бар болғанда, егер бірінші қабатта мүгедектердің жұмыс
орындарын ұйымдастыру мүмкін болмаса, ғимаратта жүргінші лифтін қарастыру қажет.
Лифттің кабинасының өлшемдері келесілерден кем болмауы тиіс: ені - 1,1 м, тереңдігі -
2,1 м, есіктің ені - 0,85 м.
4.4.1.33 Өндірістік қалдықтарды уақытша сақтау рұқсат етілетін өнеркәсіптік
кәсіпорынды жобалау, салу және қайта конструкциялау барысында арнайы стационарлық
қоймалар немесе алаңдар қарастырылады.
4.4.1.34 Стационарлық қоймаларда қалдықтарды уақытша сақтау барысында жұмыс
аймағының ауасындағы зиянды заттардың шекті құрамының белгіленген гигиеналық
нормативтерін және өндірістік үй-жайдың микроклиматқа қойылатын талаптарын сақтау
қарастырылады.
4.4.1.35 Ашық немесе қымталмаған ашық қорапта қаттау жолымен кәсіпорын
аумағында арнайы ұйымдастырылған алаңдарда өнеркәсіптік қалдықтарды сақтау
жұмыстарын жүзеге асыру барысында жер бетінен 2 метрге дейін биіктікте ауадағы
зиянды заттардың құрамы жұмыс аймағының ауасының шекті рұқсат етілген шоғырлануы
(ШРШ) мәнінің 30 % аспауын, ал кәсіпорын аумағында жертөледегі және су және
топырақтың бет жағындағы зиянды заттардың құрамы осы заттардың белгіленген ШРШ
аспауын және ағынды сулардың ластануынан жер үсті суларын қорғау жөніндегі талаптар
көзделуі тиіс.
4.4.1.36 Қалдықтарды сақтауға арналған алаң аумақтың желдетілетін аймағында
бөлінеді, зиянды заттарды ұстап алуды, осындай ағындарды тазалауды және
зарарсыздандыруды қамтамасыз ететін тазалау құрылғысы жағына еңкейтіп, нөсерлі
ағыстардың автоматты жүйесімен жабдықтау арқылы зиянды заттарға арналған
бұзылмайтын және су өтпейтін ылғалға төзімді материалмен жабылады.
4.4.1.37 Сондай-ақ, атмосфералық жауын-шашынның әсерінен және қатталған
қалдықтардың массасына жел тиюден қорғау қарастырылады.
4.4.1.38 Қалдықтарды уақытша сақтау орындарында стационарлық немесе
жылжымалы жүк тиеу-түсіру механизмдері және полигонға шығару үшін қалдықтарды
жылжытуға, тиеуге арналған қабылдағыштар қарастырылады.
4.4.2 Өндірістік үй-жайлардағы терезелерді, есіктерді, қақпаларды жобалау
4.4.2.1 Терезесіз және жарық беретін шамдарсыз ғимаратты салу барысында табиғи
жарықтандыруы жеткіліксіз жертөле және цокольдік қабаттардағы тұрақты жұмыс
орындары бар өндірістік ғимаратты орналастыру алдында келесі жағдайларды қарастыру
қажет:
а) жасанды жарықтандыру;
б) ультракүлгін сәулеленуге арналған құрылғы;
в) табиғи жарықтандыруы бар (табиғи жарықтандыру коэффициенті кем дегенде
0,5
%) жұмыс орындарынан 100 м аспайтын арақашықтықта жұмысшылардың қысқа
уақыт демалуға арналған бөлмені ұйымдастыру;
20
г) қолданыстағы санитарлық нормативтерге сәйкес тұрақты жұмыс істейтін
мәжбүрлі желдетуді қамтамасыз ету.
4.4.2.2 Шамдар желге төзімді болуы тиіс. Шамдардың ұзындығы 120 м аспауы тиіс.
Шамдардың бүйірлер арасы және шамның бүйір жағы мен сыртқы қабырға арасындағы
арақашықтық кем дегенде 6 м болуы тиіс. Шам жармаларын ашу механикаланған (үй-
жайдан шығатын жерде ашу механизмін қосумен), қолмен басқарылатын болуы тиіс.
4.4.2.3 Жеңіл лақтырылатын конструкция ретінде, әдеттегідей, бір рет шыныланған
терезе мен шамдарды пайдалану керек. Аудан жеткіліксіз болғанда, шынылауда болат пен
алюминий табақтардан жасалған жабын конструкциясын және жанбайтын тиімді
жылытқышты пайдалануға жол беріледі.
4.4.2.4 Жеңіл лақтырылатын конструкция ауданын есеппен анықтау керек. Есептік
мәліметтер болмаған жағдайда, жеңіл лақтырылатын конструкция ауданы А санатты үй-
жайдың 1 м3 көлемінде кем дегенде 0,05 м2 және Б санатты үй-жайда - кем дегенде 0,03 м2
құрауы тиіс.
4.4.2.5 Жеңіл лақтырылатын конструкциялар жабынының аймағындағы орама
кілемді әрқайсысының ауданы 180 м2 аспайтын картада кесу керек.
4.4.2.6 Жеңіл лақтырылатын конструкциялар жабынының салмақтан болатын
есептік жүктемесі 0,7 кПа (70 кгс/м2) аспайтын жүктемені құрауы тиіс.
Ескертпе - Терезе әйнегі 3 мм, 4 мм және 5 мм қалыңдық және ауданы кем дегенде (сәйкесінше) 0,8
м2; 1 м2 және 1,5 м2 кезде жеңіл лақтырылатын конструкцияларға жатады. Арматураланған шыны мен шыны
пакеттер жеңіл лақтырылатын конструкцияларға жатпайды.
4.4.2.7 Шынылау сипаты, терезенің пішімі мен өлшемі технологиялық процеске
қызмет көрсететін жұмысшыларға қажетті жарық режимін қамтамасыз ету шартымен
жарық техникалық есептің негізінде қабылдайды.
Жарық ойықтары жеке терезелер мен таспалар түрлерінде болуы мүмкін. Таспалы
түрінде де тұтас әйнектеу бола алатын жақсы табиғи жарықтандырылатын үй-жайларда
орнатады.
4.4.2.8 Шынылау бір қабаттық және екі қабаттық болуы мүмкін. 4 м биіктіктегі екі
қабаттық шынылау жұмыс орындары кем дегенде 2 м арақашықтықта сыртқы қабырғаның
жанында орналасқанда, сондай-ақ, жұмыс орындардың кез келген орналасуында қысқы
есептік температурасы минус 30 °С және одан төмен аудандарда қолданылады.
4.4.2.9 Конструктивтік шешім бойынша терезе жақтаулары бітеу және жармалы
болады. Ішке қарай және сыртқа қарай ашылатын жарма жақтаулары табиғи желдету
қажет болатын ғимараттарда қолданылады. Жарықтандыруға ғана арналған ойықтар бітеу
терезе жақтаулармен толтырады.
4.4.2.10 Металл жақтауларын прокат және иілгіш профильдерден әзірлейді. Болат
жақтауларын жеке блок-жақтаулардан немесе тақталардан құрайды. Есік жақтауларын үй-
жайдың қалыпты температуралық-ылғалдылық режимі бар ғимаратта қолданады. Ағаш
жақтауларды үй-жайдың үй-жайдың қалыпты температуралық-ылғалдылық режимі бар
ғимаратта қолданады.
4.4.2.11 Өндірістік үй-жайдан сыртқа немесе баспалдақ торына шығаратын есіктер
шығатын жаққа қарай ашылуы тиіс.
21
4.4.2.12 Өндірістік ғимараттардың сыртқы қабырғаларына жер үсті көлік құралын
өткізу үшін қақпаны құрайды. Олардың орналасуы мен саны технологиялық процестің
ерекшелігін, көлемдік-жоспарлау шешімінің сипатын ескере отырып анықтайды.
4.4.2.13 Жер үсті көлікке арналған қақпаның жарықтағы өлшемін биіктігінен 0,2 м
және енімен 0,6 м кем емес көлік құралдардың габариттерін ұлғайтумен (жүктелген
күйде) қабылдау қажет.
4.4.2.14 Үлкен өлшемді өнімдерді шығаратын цехтарда қақпада ондаған метрге
дейін өлшемдер бола алады. Ғимараттың сыртында қақпаның алдында 1:10 көлбеумен
пандустар қарастырылады.
Жылытылатын ғимараттағы көп жылуды жоғалтпай, солардың ішінде өтпе желдер
пайда болмас үшін қақпаны ауа-жылу қалқалармен жабдықтайды.
4.4.2.15 Конструктивті шешім бойынша қақпалар кең ашылатын, жылжымалы,
көтермелі, сырғытпалы тағы сол сияқты болады. Екі жаққа ашылатын және сырғымалы
жарма есікті жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес қабылдау керек. Бекіткішті металл
профильдерінен жасайды. Қақпа төсемдерінде адамдарды кіргізу үшін кішкентай қақпа
жасауға рұқсат етіледі.
4.4.2.16 Ойықтарды жиектейтін қақпаның жиектері құрамалы және монолитті
темірбетонды болу мүмкін. Қақпа орналасқан арадағы әрбір бағанның қадамдары аясында
іргетас арқалықты төсемейді.
4.4.2.17 Ойықтардың номиналды өлшемдері: ені 1 м, 1,5 м және 2 м және биіктігі
1,8 м, 2 м, 2,3 м және 2,4 м. Ені мен олардың орналасуын толығымен үй-жайдан және
ғимараттан адамдарды қауіпсіз көшіруді қамтамасыз етуді ескере отырып анықтайды.
Сыртқы есіктердің жанында тереңдігі есік төсемдерінің енінен 0,4 м-0,5 м үлкен болатын
тамбурлар орнатады.
4.4.3 Цех ішіндегі конструкциялар мен баспалдақтар
4.4.3.1 Өндірістік ғимараттарда қажетті пайдалану шарттарын және технологиялық
құрал-жабдыққа жөндеу жұмыстарын жасау үшін техникалық қызмет көрсететін алаңдар,
антресольдар мен этажеркаларды орнатады.
4.4.3.2 Технологиялық алаңдар цехта орналасқан құрал-жабдыққа қызмет көрсетуге,
материалдар мен шикізаттарды қаттауға арналады. Әсіресе осындай алаңдар
технологиялық процесс тігінен ұйымдастырылған
(азықтық, химиялық және басқа
өндірістің түрлерінде) цехтерде қажет болады. Алаңдар ғимарат қаңқасының негізгі
конструкциясына немесе технологиялық құрал-жабдыққа тіреуіштерге тірелуі мүмкін
және көп қабатты ярустардан тұрады.
4.4.3.3 Осы құрылғылардың барлық түрлері темірбетоннан, металл құрамалы немесе
монолитті конструкциядан жасалынады. Олардың кеңістікті қаттылығы болат
байланыстарын орнатумен қамтамасыз етеді. Әрбір қабат деңгейінде міндетті түрде
биіктігі кем дегенде 1 м болатын қоршау қояды. Қабат арасындағы қатынас металл
баспалдақтары арқылы жүзеге асырылады.
4.4.3.4 Баспалдақтың арналуы бойынша өндірістік үй-жайларда төмендегілері
болады:
22
- негізгі;
- қызметтік;
- өрт;
- апаттық.
Конструктивтік шешімдерге қарай негізгі баспалдақтар азаматтық ғимараттың
баспалдақтарына ұқсас болып келеді.
4.4.3.5 Баспалдақ қадамдары және алаңдары бүтін темірбетонды элементтер түрінде,
қиғаш арқа бойымен жеке сатылардан және тегіс алаңда қолданылатын тақталардан
дайындалады. Қадамның еңісі 0,3 м × 0,15 м саты еңісі 1:2 өлшемімен қабылданады.
Қадамдар
1,35 м,
1,5 м және
1,75 м еніне, көтеру биіктігіне
-
1,2 м бастап,
2,1 м дейін болады.
4.4.3.6 Баспалдақ алаңдарының жанында жүргінші және жүк лифтілерін қояды.
4.4.3.7 Қызметтік баспалдақтарды құрал-жабдықты қарауға және ең жауапты
құрылыс конструкциясына қызмет көрсетуге арналып қойылады. Оларды металды
профильдерден
(швеллерден және бұрыштардан) жасау ұсынылады және құрылыс
конструкцияларына, еденге және құрал-жабдыққа бекітіледі.
4.4.3.8 Қызметтік баспалдақтар қарқынды пайдалануға арналған. Марштардың ені
600 мм бастап 1000 мм дейін, баспалдақ енінің қадамы 200 мм - 300 мм. Марштардың
биіктігі - 600 мм бастап 6000 мм дейін. Марштардың тұтқалы қоршауы болады. Егер
баспалдақ жеке қолдануға арналған болса, онда ені 600 мм болатын тік басқышты қояды.
Баспалдақ енінің қадамы 300 мм өзектерден тұрады.
4.4.3.9 Баспалдақ ені
0,3 м болғанда, баспалдақ алаңы қадамдарының еңісі
1:2 қатынасында қабылдау қажет; жертөле қабаттары мен шатыр астына баспалдақ ені 0,26 м
болғанда баспалдақ алаңы марштарының еңісі 1:1,5 қатынасында қабылдау рұқсат етіледі.
4.4.3.10 Жоғарғы қабат биіктігі аясында шатырға шығу үшін баспалдақ алаңы тиімсіз
болған жағдайда 30 м аспайтын жердің жоспарланған белгісінен жоғарғы қабаттың таза еден
белгісі дейінгі ғимараттың биіктігі үшін осы баспалдақ арқылы баспалдақ алаңынан шатырға
шығуға арналған сыртқы ашық болат баспалдақты жобалау рұқсат етіледі.
4.4.3.11 Өрт сөндіру баспалдақтарын биіктігі 10 м аспайтын ғимаратқа, сондай-ақ,
көршілес өткел биіктіктерінің ауытқу орындарында қояды. Оларды әдетте қабырғалардың
бітеу телімдерінде ғимарат перимерті бойынша 200 м сайын орналастырады. Биіктігі 30 м
дейінгі ғимараттар үшін баспалдақтарды тігінен орнатады, ал биіктігі одан үлкен болғанда
- ені 0,7 м маршпен еңіс күйде және биіктік бойымен әрбір 8 м жиі емес аралықтағы
алаңдармен
орналастырады.
Баспалдақтарды
сүйеніштермен
жабдықтайды.
Баспалдақтарды қабырғаларға немесе қаңқаларға биіктік бойымен әрбір 2,4 м - 3,6 м
сайын бұрыштармен немесе швеллерден жасалған анкерлермен бекітеді.
4.4.3.12 Апатты
баспалдақтарды ғимараттың сыртында орналастырады.
Баспалдақтарда көп маршты конструкция болатын және көшіру жолының деңгейінде
құрылатын алаңдар немесе балкондар арқылы үй-жайлармен қатынасады.
Баспалдақтардың енін кем дегенде
0,7 м, марштардың еңісін
-
1:1 аспайтындай
қабылдайды. Қоршау кем дегенде 0,8 м биіктікте болуы тиіс. Оларды өрт сөндіру
баспалдақтары секілді болаттан немесе темірбетоннан жасайды.
4.4.3.13 Ішкі ашық баспалдақтар (баспалдақ алаңының қабырғалары жоқ болған
23
жағдайда) 1:1 аспайтын көлбеу болуы тиіс. Бір жұмыс орнына өтетін жолға арналған
ашық баспалдақтардың көлбеуін 2:1 дейін ұлғайтуға рұқсат етіледі.
10 м аспайтын
көтерілу биіктігінде жабдықты қарау үшін ені 0,6 м болатын тік баспалдақтарды жобалау
рұқсат етіледі.
4.4.3.14 Бір ауысымда кемінде үш рет қызмет көрсетуі қажет тұрақты жұмыс
орындары мен қондырғылар бар биіктігі 15 м асатын көп қабатты ғимараттарда МЕМСТ
5746 талаптарына сәйкес жолушылар лифтісін қарастыру қажет. Жолаушылар лифтісін
МЕМСТ 8823 бойынша жобаның технологиялық бөліміне сәйкес қарау керек. Лифтінің
саны мен жүк көтерімділігін жолаушылар мен жүк ағынына байланысты қабылдау қажет.
15 м жоғары орналасқан барлық қабаттарда жұмыс істейтіндер саны 30 аспаған кезде
(барынша көп санды ауысымда) ғимаратқа бір лифт қоюды қарастырған жөн.
4.4.4 Жабындар
4.4.4.1 Еңісті және аз көлбеулі жабын үшін өнеркәсіптік құрылыста жабынды
4.4.4.2 Жылытылатын ғимараттар үшін үнемдеу мақсатында 1,5 % бастап 12 %
дейінгі көлбеу жабындар орнатылатын орамды немесе мастикалы жабындарды қолдану
ұсынылады.
4.4.4.3 Су өткізбеуді қамтамасыз ету үшін мөлшері жабынның көлбеуіне
байланысты болатын бірнеше қабатын төсейді:
- 15 % жоғары - қорғау қабаты жоқ екі қабатты;
- 10 % бастап 15 % дейін- қорғау қабаты жоқ үш қабатты;
- 2,5 % бастап 10 % дейін- қорғау қабаты бар үш қабатты;
- 2,5 % дейін - қорғау қабаты бар төрт қабатты (және одан көп) .
4.4.4.4 Көлбеулігі 15% дейін орама материалдардың ені параллель, көлбеулігі 19 %
артық болатын - атшаға көлденең, ендерді бір біріне
50 мм бастап 100 мм дейін
қатарластыра отырып орналастырады.
4.4.4.5 Көлбеуі 12 % дейінгі жабындарда 10 м артық ернеуге немесе биіктігі жақтау
төбесіне дейінгі ғимараттарды, сондай-ақ, 7 м артық ернеудің төменгі жағына дейінгі
ғимарат биіктігінде
12 % артық көлбеуі бар жабындарды қоса алғанда ғимараттың
биіктігіне қарамастан, қоршауды МЕМСТ 25772 сәйкес қарастыру қажет.
4.4.4.6 Орамды жабынды шығыңқы элементтерге жанасқан жерлерде және шатырда
температуралық жіктерді орнату жерлерінде су оқшаулайтын кілемнің қосымша
қабаттарын төсейді.
Кілемді шығыңқы элементтерге кіргізеді, оларға шегелермен немесе дюбельдермен
бекітеді, ал түйісетін жерлерді жағып қорғайды немесе мырышталған болатпен қаптайды.
Барлық еңіс жабындардың шатырнауа телімдерінде қорғайтын малтатасты немесе
слюдалы қабатпен орналастырады.
4.4.4.7 *Өнеркәсіптік ғимараттардың жабындарындағы су бұру сыртқы және ішкі
болады. Ұйымдастырылмаған сыртқы су бұруды ғимарат 12 м артық емес биіктікте
болған, сондай-ақ су ағатын құйғыштар арқылы ұйымдастырылған кезде жасайды.
Жылу берілмейтін ғимараттар үшін, әдетте, төбе жабынынан судың еркін ағуы
24
жобаланады. Жылу берілмейтін ғимараттардан ішкі суды ағызу ғимараттың оң
температурасын немесе су ағатын түтік пен құбырды арнайы жылымен қамтамасыз ететін
өндірістік жылу шығарулар болған жағдайда рұқсат етіледі (Өзгерт.ред. - ҚТҮКШІК
01.08.2018 ж. №171-НҚ бұйрық).
4.4.4.8 Ішкі су бұрғышты орнату кезінде суды нөсерлік кәрізге жинайтын және
жіберетін суды қабылдайтын шұңғымаларды, бұрғыш құбырлар мен тіреуіштерді жабын
ауданына және көлденең профиліне сәйкес өлшемдермен жайғастырады.
Жабынды орнату барысында шатырнауа қабаттарында айнымалы қалыңдықтың
жеңіл бетонды төсеу арқылы суды қабылдайтын шұңғымалар жағына көлбеу құрау қажет.
4.4.4.9 Шұңғымалар жабын бетінде біркелкі орналасуы тиіс. Олардың арасындағы
көп арақашықтығы 48 м - 60 м аспауы тиіс. Ғимараттың көлденең бағытында ғимараттың
әрбір бойлық бөлу осьінде кем дегенде екі шұңғыманы орналастыру қажет.
4.4.4.10 Ішкі су бұрғыштары бар ғимараттарда жабынды қоршау ретінде биіктігі 0,6
м жақтау қолдануға рұқсат етіледі.
4.4.4.11 Жердің жоспарланған белгісінен бастап ернеуге немесе жақтау төбесіне
дейінгі биіктігі 10 м ғимарат үшін жабындыға бір шығатын жерді (әрбір толық және толық
емес 40 000 м2 жабындыға) қарастыру керек, соның ішінде ғимараттар үшін:
а) бір қабатты - сыртқы ашық болат баспалдағымен;
б) көп қабатты - баспалдақ торынан жобалау қажет.
4.4.4.12 Жабынға шығу үшін жоғарғы қабаттың биіктігі шегінде баспалдақ торы қолайсыз
болған жағдайда, биіктігі жердің жоспарлық белгісінен бастап жоғарғы қабаттың таза еденінен
30 м аспайтын ғимарат үшін осы баспалдақ алаңы арқылы баспалдақ торынан жабынға шығу
үшін сыртқы ашық болат баспалдақты жобалауға жол беріледі.
4.5 Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін қолжетімділік
4.5.1 Кресло-арбаны пайдаланатын көру кемшіліктері бар және мүгедек адамдарға
арналған дәретхана жұмыс орнынан 60 м аспайтын жерде орналасуы тиіс. Көруі бойынша
мүгедектер үшін ерлер мен әйелдер дәретханасын бірге орналастыруға жол берілмейді.
4.5.2 Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру
- мүгедектердің
анатомиялық-морфологиялық
және
физиологиялық
ақаулықтарының орнын толтыратын қондырғыларды басқару мен қызмет көрсету үшін
арнайы құрал-жабдықтарды пайдалану;
- пішіні, көлемі және жетек элементтері қарсылығының мөлшері сенімді қармау мен
тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін арнайы әзірленген қол аспаптарын қолдану;
- қондырғыларды, технологиялық немесе ұйымдастырушылық жабдықтарды басқару
жүйесін, жұмыс орнында жөнделетін бөлшектерді мүгедектің антропометрикалық көлемі
мен физикалық шектеулілігін ескеретін мотор алаңына қол жетерлік шекте орналастыру;
- үстелдің жұмыс үстіңгі бетінің биіктігін және жұмыс орындығы элементтерін
реттеу үшін сенімді бекіткіші бар жеңіл қол жететін және басқарылатын механизмдерді
пайдалану;
- кіре беріске, жұмыс орнында айналуды және мүгедектік арбада жұмыстарды
25
орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қосымша алаңдарды бөлу;
- жұмыс орнындағы қондырғылар мен жиһаздарды мүгедектердің жекелеген
топтарының (соқыр, нашар көретін, саңырау) өзінің жұмыс орнындағы ақпараттарды
кедергісіз қабылдауы мен жұмыстарды орындау мүмкіндігі мен шектеулілігін ескеретін
индикаторлармен (көзбен көретін, акустикалық, түйсіну) жабдықтау;
- шамдардың тиімді көздерін таңдау кезінде жарықтың берілу көзін, жарық реңкін
ескерген жөн. Шамалы көретін мүгедектер үшін жалпы және жергілікті жарықтандыруды
қарастыру керек;
- жүрек-қан тамыры сырқаттары және туберкулезбен ауыратын мүгедектер болатын
үй-жайларда ауа алмасудың еселігі жоғары болуы тиіс.
4.5.3 Жылжу үшін кресло-арбаны пайдаланатын мүгедектер еңбегіне арналған
жұмыс орнындағы станоктарды, қондырғылар мен жиһаздарды орналастыру кіре беріске
және мүгедектік арбаның айналуына мүмкіндікті, ал көздері көрмейтін және нашар
көретіндер жұмыс орындарында
- үй-жайдағы басқа қызметкерлердің қозғалуына
кедергісіз жұмыс мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Көздері көрмейтін қызметкерлердің
өздерінің жұмыс орындарында ыңғайлы болулары үшін станоктар, қондырғылар немесе
жиһаздар түйсіну бағдарымен жарақтандырылуы тиіс. Мүгедектерге арналған жұмыс
орындарындағы ұйымдастыру-техникалық жабдықтар
(жұмыс үстелі, шеберханалық
үстел, сөре, шкаф)
8-кестеде көзделгендей орындаушының антропометрикалық
мәліметтеріне сәйкес келуі тиіс.
4.5.4 Өндірістік үй-жайларды екінші қабаттан жоғары орналастырған кезде ақырын
жүретін жолаушылар лифтісі қарастырылады.
4.5.5 Қосалқы, арнайы және санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды бір ғимаратқа
өндірістік цехтармен бірге орналастырады немесе жылы өткелдер арқылы олармен біріктіреді.
4.5.6 Шамалы көретін мүгедектердің жұмыс аймағы мен жұмыс орындарын жасанды
жарықтандыруды жалпы және жергілікті жарықтандыруды қарастыра отырып, барынша
мұқият ұйымдастыру қажет.
8-кесте - Мүмкіндігі шектеулі қызметкерлер үшін жұмыс орындарын ұйымдастыру
Адамның бойы, мм, кемінде
Параметрлер және жұмыс жағдайы
төмен
орта
жоғары
Әдеттегі жұмыста отыру кезіндегі жұмыс үстелінің биіктігі
700
725
750
Отырып істейтін жұмыстағы аса нақты жұмыстарға арналған
900
950
1000
үстелдің биіктігі
Отырып істейтін жұмыстағы станоктар мен машиналардағы
800
825
850
жұмыс үшін жұмыс үстіңгі бетінің биіктігі
Отырып істейтін жұмыстағы станоктар мен машиналардағы
1000
1050
1100
жұмыс үшін жұмыс үстіңгі бетінің биіктігі
Жұмыс кезіндегі жұмыс үстіңгі бетінің биіктігі, мұнда жұмыс -
950
1000
1050
отырып немесе тұрып істеу жағдайы өзгеруі мүмкін
Ескертпе - Еден белгісінен бастап үстелдің төменгі бетіне дейінгі аяққа арналған биіктік шамамен -
600 мм - 625 мм, аяққа арналған аймақ ені - 400 мм.
26
4.5.7 Шамалы көретін мүгедектер жұмыс орындарының қондырғыларына кіретін
шкафтар немесе сөрелер шкаф есіктерін ашқан кезде автоматты қосқышы бар ақаусыз
шамдар болуы тиіс.
4.6 Конструктивтік шешімдер
4.6.1 Ғимараттың беріктік, төзімділік
конструкциясын есептеу ғимарат
конструкциясының механикалық беріктілігін қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы
нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес жүргізіледі.
4.6.2 Ішкі бағандардың болуы және орналасуына байланысты ғимаратты тұтас
құрылыс салу көп аралық ұяшықты және залды болып бөлінеді.
4.6.3 Аралық жүк көтергіштігі
1 т бастап
5 т дейін немесе аспалы арқалық
крандарымен немесе жүк көтергіштігі 10 т бастап 500 т дейін тіреуіш көпір крандарымен
жабдықталуы мүмкін.
4.6.4 Бір қабатты аралық ғимараттарды жабу негізінен бір біріне жиналған
жүктемені беретін тақталар, арқалықтар, фермалар бірізділікпен салынған тегіс
элементтерден жасалады.
4.6.5 Еденнен шығыңқы конструкцияның астына дейінгі биік үй-жайларда жабынды
(жабыны) кем дегенде 2,2 м, тұрақты адам жүретін жолда және көшіру жолдарында
шығыңқы конструкция коммуникациясы мен құрал-жабдықтың еденнен астына дейінгі
биіктігі
- кем дегенде
2 м, адам көп жүрмейтін жерлерде
- кем дегенде
1,8 м болуы тиіс. Ғимаратқа автокөлік кіру қажет болғанда, коммуникация мен құрал-
жабдықтың шығыңқы бөлшектер конструкцияның астына дейін жүріп өтетін
жердің биіктігі кем дегенде 4,2 м, өрт автокөліктері үшін - кем дегенде 4,5 м болуы
тиіс.
4.6.6 100 м дейінгі аралықты үлкен тереңдіктегі залды ғимараттарда ірі габаритті
машиналардың және тәжірибелік аппаратуралардың маневрлігін қамтамасыз етеді. Олар
көліктің аспалы және еден үстілік құралдармен жабдықталады.
4.6.7 100 м дейінгі зал ғимараттардың аралықтары беріктігі жоғарғы қорытпалардан
жасалған жеңілдетілген фермалармен, аспалы құралымдармен, темір бетонды
арқалықтармен және екі жақты қисық қабықпен жабылады.
4.6.8 Павильонды құрылыс салу ғимараты бір-екі аралықты, павильонды және зал
түрінде болып бөлінеді. Бір-екі аралықты ғимарат артық жылу бөлетін цехтерде
қолданылады.
4.7 Инженерлік желілер мен жүйелерді жобалау
4.7.1 Желдету, жылыту, ауа баптау
4.7.1.1 Өндірістік ғимарат пен құрылысты жылыту, желдету және ауабаптау
4.7.1.2 Гигиеналық және санитарлық-техникалық тұрғыдан фермалар арасындағы
27
кеңістікті жасанды жарықтандыру мен ауа-райы бар ғимараттарда мүмкіндігінше ауа
арналары, электр сымдары және т.б. орналасатын техникалық шатыр деп аталатын аспалы
төбелермен бөлу қажет.
4.7.1.3 Механикалық желдету жұмыс аймағындағы ауада нормаланған
микроклиматтық параметрлер және зиянды заттардың құрамы табиғи желдетумен
қамтамасыз етіле алмайтын үй-жайлар мен жеке телімдерге, сондай-ақ, табиғи желдетуі
жоқ үй-жайларда, аймақтарда қарастырылады. Табиғи ағымды немесе ауа әкетуді ішінара
пайдаланумен механикалық желдетумен қоса жобалау рұқсат етіледі.
4.7.1.4 Жұмыс аймағындағы ауа ортасының нормативті параметрлерін қамтамасыз
ету үшін қажетті ауа мөлшерін үй-жай көлемінде зиянды заттарды, жылу мен ылғалдың
біркелкі таралмауын ескере отырып есептеу әдісімен анықтау қажет, соның ішінде:
а) жылу бөлетін үй-жайлардағы есептеу айқын жылудың артық мөлшері бойынша
жүргізіледі;
б) жылу және ылғал бөлінетін үй-жайлардағы есептеу құрылыс конструкциялар мен
құрал-жабдықтың бет жағында ылғал конденсациясын ескеру қажеттілігін ескере отырып,
айқын жылудың, ылғалдың, жасырын жылудың артық мөлшері бойынша жүргізіледі;
в) ауаға бір уақытта бірнеше зиянды заттардың бөлінуі бар үй-жайлардағы есеп
оның шекті рұқсат етілген шоғырлануын (ШРШ) (зиянды заттардың бір бағыттағы әрекет
етуі барысында ауаны есептеу оларды жинақтау арқылы әрбір зат бойынша анықталады)
қамтамасыз ету үшін ауаны ең көп жұмсауды талап ететін зат бойынша жүргізіледі;
г) зиянды заттарды, жылуды және ылғалды бір уақытта бөлетін үй-жайлардағы
есептеу өндірістік бөлінудің әрбір түрі бойынша жүргізіледі; бұл жағдайда жобалау үшін
ауаның ең көп жұмсалатын есептік нәтижелері қолданылады.
Үй-жайларда бөлінетін зиянды заттардың, жылу мен ылғалдың мөлшерін жобаның
техникалық бөлігінің деректерімен, технологиялық жобалау нормаларымен немесе
технологиялық құрал-жабдықтың паспортымен қабылдау қажет.
4.7.1.5 Қажетті мәліметтер жоқ болған жағдайда табиғи немесе зертханалық
шарттарда толық жүктеу арқылы жұмыс істейтін технологиялық құрал-жабдықтан зиянды
заттардың, жылу мен ылғалдың жалпы бөлінуін бағалау бойынша зерттеу жұмыстары
жүргізіледі, жобада көрсетілуі қажет болатын есептеу жолымен алынған осыған ұқсас
кәсіпорындарда немесе деректерде нақты зерттеу жұмыстарының нәтижелерін қолдану
рұқсат етіледі.
4.7.1.6 Өндірістік үй-жайларда табиғи және механикалық желдетуді жобалау кезінде бір
жұмысшыға сыртқы ауа шығынын В қосымшасының талаптарына сәйкес қабылдау қажет.
4.7.1.7 Ауа ағындағы зиянды заттардың құрамы (ауа таратқыштан және т.б. ағын
саңылаулардан шығуда) өндірістік және әкімшілік-тұрмыстық үй-жайларға арналған
жұмыс аймағының ауасында ШРШ
30 % аспайтын ауаны қабылдау құрылғысын
орналастырған орындарда осы заттардың фондық шоғырлануын ескере отырып есептеу
әдісімен анықтау қажет.
4.7.1.8 Өндірістік үй-жайдан және әкімшілік-тұрмыстық ғимараттан ағынды ауаны
тарату және ауаны жою, сондай-ақ келетін жылудың, ылғалдың және зиянды заттардың
болуы оларды тәулік немесе жыл бойы қолдану режимін ескере отыра қарастырылады.
4.7.1.9 Өндірістік ортаның сипаты мен көрсетілген факторға байланысты өндірістік
28
үй-жайларда келетін ауаны жұмыс аймағына беру қажет:
а) ғимараттың қоршау конструкциясында ылғал конденсатының аймағында
айтарлықтай ылғал және артық жылулары бар үй-жайларда;
б) жоғарғы аймақта орналасқан ауаны таратқыштан шығатын жоғарыдан төменге
қарай бағытталатын шаң ағындары бөлінетін үй-жайларда;
в) қызмет көрсету немесе жұмыс аймағында орналасқан ауа таратқыштардан
шығатын төменнен жоғары қарай бағытталған ауа ағынын беруге рұқсат ететін шаң
бөлінбейтін әр түрлі мақсаттағы үй-жайларда;
г) ағыстармен (жоғарыдан төмен қарай бағытталған тік; төменге қарай көлденең
немесе еңкейтілген) жоғарғы аймақта орналасқан ауа таратқыштардан шығатын ауаны
беруге рұқсат ететін айтарлықтай артық жылулары бар үй-жайларда;
д) жергілікті сорғыштармен жабдықтау мүмкін болмайтын зиянды заттарды бөлу
көздері бар үй-жайларда, ауа ағыны осы көздерде болатын болса, тұрақты жұмыс
орындарына тікелей беріледі.
4.7.1.10 Өндірістік ғимараттарда ағынды желдеткіш камераларына алаңдар бөлінеді.
Ағынды камераларға кіру үй-жайдан, дәлізден, тамбурдан немесе сырттан болуы тиіс.
Ағынды желдетудің камерасына сыртқы ауаны жинау жерден 2 м төмен емес
биіктікте жүргізіледі.
4.7.1.11 Ең ластанған немесе ең жоғары температуралы үй-жайдан желдету
жүйелерімен ауаны әкету келесі аймақтардан қарастыру қажет:
а) төменгі аймақтан шаң мен аэрозольдердің бөлінуі жағдайында. Ластанған ауаны
олардың тұрақты келетін жерлеріне адамдар тыныс алатын аймақтары арқылы бағыттауға
болмайды;
б) жоғарғы аймақтан зиянды газдар мен булар бөліну кезінде 1 сағат ішінде ауаны
бір реттік алмастырудан кем емес көлемде, биіктігі 6 м жоғары үй-жайларда - 1 м2 үй-
жайға кем дегенде 6 м3/сағат.
4.7.1.12 Зиянды заттарды, шаңды, жылуды, ылғалды бөлумен сипатталатын жабдық
технологиялық құрал-жабдыққа кірістірілген немесе барынша оған жақындатылған
желдетудің жергілікті сору құрылғысымен
(ашық немесе жабық сорғыштармен)
жабдықталуы тиіс.
4.7.1.13 Технологиялық жабдықтан 1 және 2 қауіптілік класындағы зиянды заттар
алынатын желдетудің жергілікті сору жүйесін қосуды желдетудің өшірілген жергілікті
соруында жұмыс істей алмайтындай сол жабдықпен бұғаттау қажет.
4.7.1.14 Сорғыш желдетуді өшірген кезде өндірістік процесті тоқтату мүмкін
болмаған жағдайда немесе жабдықты (процесті) тоқтату барысында ШРШ асыратын
шоғырлануларда үй-жайдың ауасына зиянды заттардың бөлінуі жалғаса беретін болса,
оларды автоматты ауыстырып-қосуы бар жергілікті сорғыштар үшін резервті
желдеткіштерді орнатуды қарастыру қажет.
4.7.1.15 Үй-жайларда жыл сайын және тәулік бойы жұмыс істеуге арналған, сондай-
ақ, табиғи желдетуі жоқ үй-жайларға арналған ауабаптау жүйелерін талап етілетін ауа
алмастырғыштың кем дегенде
50
% және жылдың суық мезгілінде белгіленген
температураны қамтамасыз ететін резервтік ауабаптағыштармен, сондай-ақ,
ауабаптағыштарды суару камераларында ауру тудыратын микроорганизмдердің
29
жиналуына кедергі болатын құрылғылармен жобалау қажет.
4.7.1.16 Кәсіпорын ғимараты және құрылысы үшін жобалатын жылыту (жылыту
аспаптары, жылу тасушылар - ауа, су және бу, электрлік және газ немесе жылу беретін
бет жақтар) жүйелері өндірістік үй-жайларда жағымсыз факторлар (оның ішінде иістер)
пайда болуының қосымша көздері болмауы тиіс.
4.7.1.17 Инфрақызыл газ сәулелендіргіштер бар сәулелік жылытуды қолдану
атмосфераға
(сыртқа) газ оттығынан тікелей келетін жану өнімдерін толық жою
жағдайында немесе жұмыс аймағының ауа сапасына қойылатын гигиеналық талаптарды
сақтау барысында қарастыруға жол беріледі.
4.7.1.18 Өндірістік ғимараттарда сәулелі жылыту
(қыздыру) жүйесін пайдалану
барысында жұмыс орындарындағы микроклиматтың параметрлері (жылу тасушының
түріне тәуелсіз) Г қосымшасында көрсетілген мәндерге сәйкес келуі тиіс. Бұл жағдайда
жылуды шығару көзі көру мүшесіне жылу сәулеленудің тікелей әсер ету аймағында
орналаспауы тиіс.
4.7.1.19 Ауа және ауа-жылу перделерін
(ауаны жылытатын ауа перделерін) үй-
жайдың сыртқы қабырғаларындағы тұрақты ашық ойықтарда, бес реттен жиі немесе
ауысымда 40 минуттан кем емес ашылатын тамбурсыз сыртқы қабырғалардағы қақпалар
мен ойықтарда, 15 °С және одан төмен жылытуды жобалауға арналған сыртқы ауаның
есептік температурасы бар аудандарда құрылатын жылытылатын ғимараттар мен
құрылыстардың технологиялық ойықтарында, сондай-ақ, тиісті негіздеме болғанда және
сыртқы ауаның ең жоғарғы есептік температурасында, қақпа және басқа ойықтарды
ашудың кез келген ұзақтығында қарастыру қажет.
4.7.1.20 Ауа-жылу перделерімен берілетін ауа температурасын сыртқы есіктерде 50 °С
артық емес және сыртқы қақпа мен ойықтарда 70 °С артық емес деп қабылдау қажет.
4.7.1.21 Ауа және ауа-жылу перделері қақпаларды, есіктерді және технологиялық
ойықтарды ашу уақытында төмендегілерден төмен болмайтын үй-жайға келетін ауаның
температуралық қоспасын ескере отырып есептелінеді:
а) жеңіл физикалық жұмыс істеу барысында өндірістік үй-жайлар үшін 14 °С (жалпы
энергияны жұмсауы 68 Вт/м2 - 88 Вт/м2);
б) орташа ауыр жұмыстарды істеу барысында өндірістік үй-жайлар үшін 12 °С
(жалпы энергияны жұмсауы 113 Вт/м2 - 145 Вт/м2) ;
в) ауыр жұмыс істеу барысында өндірістік үй-жайлар үшін 8 °С (жалпы энергияны
жұмсауы 177 Вт/м2);
г) ауыр жұмыс істеу барысында және сыртқы қабырғалардан 3 м және одан аз және
есіктерден, қақпа мен ойықтардан 6 м және одан аз арақашықтықта тұрақты жұмыс
орындары болмағанда, өндірістік үй-жайлар үшін
5 °С
(жалпы энергияны жұмсауы
177 Вт/м2).
4.7.2 Сумен қамту және кәріз жүйесі
4.7.2.1 Өндірістік кәсіпорындарда шаруашылық-ауыз су және техникалық (қажет
болған жағдайда) сумен қамту жүйелері жобаланады және жабдықталады.
Берілетін судың сапасы қолданыстағы гигиеналық нормативтерге сәйкес болуы тиіс.
30
4.7.2.2 Сумен қамту және кәріз жүйесі ақаусыз, ағусыз қалыпты әрі қауіпсіз жұмыс
істеуіне қажетті негізгі және қосалқы жабдықтарға, аспаптарға жеткілікті көлемде және
қысымда судың келуін қамтамасыз ете отырып, ҚР ЕЖ 4.01-101 талаптарына сәйкес
орнатылуы және пайдаланылуы тиіс.
4.7.2.3 Кәсіпорынның техникалық суды есептік тұтынуы айтарлықтай шамада
пайдаланатын жабдықтың түріне және технологиялық процестің қабылданған сызбасына
байланысты болады. Техникалық суды кәсіпорынның есептік тұтынуын суды тұтынатын
жабдықтың технологиялық мәліметтері бойынша ғана анықтауға болады.
4.7.2.4 Өнеркәсіптік канализацияны жобалау барысында техника-экономикалық
көрсеткіштерді басшылыққа алу қажет.
4.7.2.5 Азықтық өнеркәсіп кәсіпорындарында біріктіріп ағызу үшін кәріздің ортақ
желісін орнату тиімді. Егер кәсіпорында зиянды және ерекше лас шығарындылар болса,
онда бұл жағдайда арнайы тазартқыш қондырғыларды орнату қажет:
- тұндырғыштар;
- май ұстағыштар;
- жүн ұстағыштар;
- бейтараптандырғыштар.
4.7.2.6 Кәріз желілерінде улы немесе жарылыс қауіпті булар және газдар бөлінетін
немесе құбырларда ермейтін заттардың көп бөлігі туындаумен химиялық реакцияға әкелуі
мүмкін болатын ағуларды қосуға рұқсат етілмейді.
4.7.2.7 Өнеркәсіптік ағынды сулардың сорғы станцияларын пайдалану барысында
төмендегілер рұқсат етілмейді:
а) ағынды сулардың қабылдау резервуарын аса толтыруға және олардың сорғы
станциясының үй-жайларына кетуіне;
б) сорғы ғимаратында басқа мақсаттағы сорғыны орналастыруға;
в) сорғыларды әкелу үшін ашық орындаудағы электр қозғалтқыштарын пайдалануға;
г) үй-жайдың ағынды-сорғыш желдетуі өшірілген жағдайда сорғылардың жұмыс
істеуіне;
д) машина бөлімдерінің терең жерінде тұрмыстық және қосалқы үй-жайлардың
(шеберхана, электр станция, қалқандық, диспетчерлік) қондырғыларын пайдалануға.
4.7.3 Электрмен қамту және жарықтандыру
4.7.3.1 Электрмен қамту, жерге тұйықтау жүйелері және электр қауіпсіздігін қорғау
шаралары, жарықтандыру ҚР ЕЖ
2.04-104 талаптарына және қолданыстағы өзге
нормативтік құжаттарға сәйкес орындалады.
4.7.3.2 Жарық беретін қондырғыларды жобалау барысында шағылысқан жарқылдың
жұмысшыларға зиянды әсер етуін болдырмау үшін төмендегілерді қарастыру қажет:
- жарық беретін арматурада жарық көзін пайдалану (ашық шамдарды пайдалануға
рұқсат етілмейді);
- экрандалатын шағылулары және шашыратқыштары бар үлкен шамдарды
пайдалану (мүмкіндігінше арнайы жарығы аз және ауданы ұлғайтылған үлкен шамдарды
пайдалану) ;
31
- үлкен шамдардың ілу биіктіктерін сақтау;
- бағытталған немесе бағытталған-шашыратқыш
(аралас) шағылысу беттері бар
жұмыстарды орындау барысында жарық түсетін беттердің жарықтығын шектеуден және
жұмыс беттеріне, жұмысшы көзіне қатысты үлкен шамдарды орналастырудан тұратын
жарықтандырудың арнайы тәсілдерін сақтау. Жұмыс беттерінде және жұмысшының
көзіне қатысты үлкен шамдарды орналастыру жұмыс орындарды жарықтандыруды
бағалау бойынша қолданыстағы әдістемелік құжаттардың ережелеріне сәйкес жүзеге
асырылады;
- бейне дисплейлік терминалдарда шағылысуға қарсы жабындыларды және арнайы
шағылысуға қарсы сүзгілерді қолдану;
- жұмыс бет жақтарында және құрал-жабдығында, сондай-ақ, фон болып табылатын
үй-жайдың қабырғасында күңгірт бетжақтарын (реңдерін) пайдалану;
- үй-жай мен жабдықтың түрлі түсті безендіруі шағылудың ең аз коэффициентін (0,4
артық емес) ескеріп орындалу қажет.
4.7.3.3 Жарықтандыруды жобалау барысында көзді шағылыстыру көрсеткішінің
мәнін және жұмыс беттерінің ең үлкен рұқсатты жарықтығын шектейтін шараларды
қарастыру қажет, әсіресе:
- жарық беретін қондырғыларды дұрыс орнату
(сүт түсті әйнегінен жасалған
шағылдырғыштың, шашыратқыштың, көлеңкелеудің болуы) ;
- жарықтандырудың талап етілген деңгейлерін сақтау;
- жарықтандыратын немесе жарқылдайтын беттердің ауданын шектеу;
- жұмыс беттерінің жарықтығы мен оның бетіне тиісті жарықтықтың
(үстел,
жабдық) - 3:1, жұмыс беті мен қоршаған беттердің ұсынылатын арақатынасы (қабырғалар,
қалқалар, бағандар) - 10:1. Бейне дисплейлік терминалдармен жұмыс істеу үшін бақылау
аймағындағы жарықтық қатынасы (экран, құжат, үстелдің бет жағы) 10:1 аспауы тиіс;
- шағылдырғышпен немесе экрандайтын торлардың тақтайларымен құрылатын
үлкен қорғау бұрышы бар үлкен шамдарды пайдалану;
- күннен қорғайтын құралдарды қолдану
- жарық сейілткіш перделер, терезе
жапқыштар, күннен қорғайтын күнқағарлар.
Ұзындығы еден үстінде шамның екі есе биіктікте ілгеннен аспайтын, сондай-ақ,
адамдар уақытша болатын, өтуге немесе жабдыққа қызмет көрсетуге арналған алаңы үй-
жайлары үшін көзді шағылыстыру көрсеткіші шектелмейді.
4.7.3.4 Үй-жайды табиғи жарықтандырусыз жобалау барысында келесілерді
қарастыру қажет:
- жарық беретін қондырғыларда табиғи жарық спекторына жақын келетін спектор
құрамы бар жарық көзінің ортақ және жергілікті жарықтандыруын пайдалану: жарықтың
газбен разрядталатын көздері немесе ақ жарқыраудың жарық диодтары
(түс
температурасы 2400 K бастап, 6700 K дейінгі қатынасында);
- жарықтандыру шкаласы бойынша бір сатыда көзбен қарап жұмыс істейтін тиісті
разряд үшін нормаланған жарықтандыруды жоғарлату;
- динамикалық жарықтандыру құрылғысы, яғни, қажудың өршуін болдырмайтын
кезеңдерде жұмыс күні динамикасында жарық көздері сәулеленуінің жарықтандыру
деңгейін немесе спекторлық құрамын өзгерту қарастырылатын жарықтандыру;
32
- табиғи жарықтандыруға ұқсас келетін (витраждар, жалған терезелер және т.б.)
арнайы сәулет түрлерін пайдалану.
4.8 Қоршаған ортаны қорғау
4.8.1 Қоршаған ортаға әсер етуді бағалау Д қосымшасының талаптарына сәйкес
анықтау қажет.
4.8.2 Пайдалы қазбалар және жалпы таралған пайдалы қазбалар орындарының
аудандарындағы кәсіпорындарды, өнеркәсіп тораптарын өкілетті органдармен келісе
отырып орналастыруға жол беріледі.
4.8.3 Кәсіпорынды және өнеркәсіп тораптарын төмендегідей жерлерде
орналастыруға жол берілмейді:
а) су нысандары жағалауы жолағында;
б) сумен қамту көздерінің санитарлық қорғаныс аймағының бірінші белдеуінде;
в) жобалатын нысандар тікелей курорттың табиғати емдік құралдарын пайдаланумен
байланысты емес болса, курорттарды санитарлық қорғау округінің бірінші аймағында;
г) қаланың көгалды аймақтарында;
д) қорықты жерлерде және олардың қорғалатын аймақтарында;
е) табиғатты қорғау, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерде;
ж) өкілетті органның рұқсатынсыз тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау
аймақтарында;
з) кәсіпорын үйінділерінің қауіпті аумақтарында;
и) құрылысқа және кәсіпорынды пайдалануға қауіп төндіруі мүмкін белсенді карст,
жер астын өндірудің әсерінен үстіңгі беттердің көшкіні, шөгуі немесе қирауы
аймақтарында;
к) санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің өкілетті органдарымен белгіленген
мерзім өткенге дейін органикалық және радио белсенді қалдықтармен ластанған
телімдерде;
л) бөгеттің немесе дамбаның бұзылу нәтижесінде ықтималды апатты су басу
аймақтарында.
Ескертпе - Тереңдігі 1,5 м апатты су басу және өзінен кейін ғимарат пен құрылыстың бұзылуына,
адамдардың өліміне, кәсіпорын жабдығының істен шығуына әкелуі мүмкін аумақ апатты су басу аймақтары
болып табылады.
4.8.4 Жерді бұзуға байланысты құрылыс жұмыстарын орындау барысында
топырақтың құнарлы қабатын алуды, қолдануды және сақтауды қарастыру қажет.
Топырақтың құнарлы қабатын алу жердің барлық санатында жүргізіледі.
4.8.5 Жүк айлақтарын, кеме жайларды немесе басқа порт құрылыстарын
орналастыруды талап ететін кәсіпорындарды қоныстану аумағынан төмен жерде өзен
ағысы бойымен орналастыру қажет.
4.8.6 Қайта құрылыс жүргізілетін кәсіпорын үшін қоршау шегінде көгалдандыруға
арналған жер телімдердің ауданын ең көп санды ауысымда жұмыс істейтін бір адамға кем
дегенде 3 м2 есебінен анықтау қажет. Кәсіпорын 1 га ауданында 300 және одан көп адам
33
жұмыс істейтін кәсіпорын үшін көгалдандыруға арналған жер телімінің ауданын құрылыс
тығыздығының белгіленген көрсеткішін қамтамасыз ету есебінен азайтуға рұқсат етіледі.
Көгалдандыруға арналған жер телімінің жалпы мөлшері кәсіпорын алаңының ауданынан
кем дегенде 15 % болуы тиіс. Кәсіпорынды қайта жаңғырту барысында көгалдандыруға
арналған жер телімінің ауданы ең көп санды ауысымда жұмыс істейтін бір адамға кем
дегенде 3 м2 болуы мүмкін.
4.8.7 Көгалдандыру ретінде ағашты және бұталарды контейнерлерде орналастыра
отырып «жылжымалы бақтардыª пайдалануға жол беріледі.
4.8.8 Өндірістік нысандардың қоршаған ортаға кері әсерін болдырмау үшін
өнеркәсіптік ағыстарды тазалау және майсыздандыру, технологиялық және желдеткіш
шығарындыларын ұстап алу және тазалау, қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды
енгізу; өндірістің қалдықтарын дер кезінде жою, майсыздандыру және қайта жарату
шараларын орындау қажет.
4.8.9 Құрылыс барысында ағаштарды қорғау экологиялық жүйемен қалыптасқан
басты қорғау шарты болып табылады.
Жұмыстарды жасау барысында тазалау жолағына кірмейтін ағаштың ұшар басынан
1 м жақын жерде машиналар мен механизмдердің өтуіне тыйым салынады. Белгіленген
аймақтың шегінде осы талапты орындау мүмкін болмаған жағдайда арнайы қорғау
жабындысын төсеу қажет.
4.8.10 Құрамы инертті материалдарды сақтау кезінде (тас материалдары, құм және
т.б.) нөсермен және еріген сулармен шайып кетуді, су ағыстарына материалдарды
шығаруды болдырмайтын шараларды қабылдау қажет. Бұл беттерді тығыздаумен немесе
жабын жауып қорғаумен, аумақты тік жоспарлаумен, сақтауға арналған ауданның
периметрімен таулы және су бұрғыштарының жыра құрылғыларымен биіктетілген
алаңдарда қаттаумен қол жеткізіледі. Су жағасындағы жолақтардағы
(аймақтардағы)
балық шаруашылық су қоймаларында құрамы инертті материалдарды сақтауға тек
өкілетті органмен келісе отырып жол беріледі.
4.8.11 Сумен өзара белсенді әрекет ететін материалдарды сақтау (цемент, әк, тұздар
және т.б.) жабынның астында арнайы қоймаларда, немесе ең қолайлысы, герметикалық
ыдыстарда механикаландырылған жүкті тиеу және түсірумен жүзеге асыру қажет.
4.8.12 Органикалық тұтқыр заттарды сақтау (битум, гудрон, қара май, шайыр және
т.б.) шұқыр түрінде арнайы жабық қоймаларда немесе герметикалық ыдыстарда жүзеге
асыру қажет. Органикалық тұтқыр заттарды ашық шұқырларда және ыдыстарда сақтауға
рұқсат етілмейді.
4.8.13 Заттар мен материалдарды жер астында сақтау кезінде мемлекеттік бақылау
органымен келісілген тәртіпте өндірістің зиянды заттары мен қалдықтарын жер астына
көму осы мақсатқа бөлінген орыннан тыс жерге, жер асты және су бетіне олардың
таралуын болдырмайтын шараларды қарастыру қажет.
34
5 ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ
ПАЙДАЛАНУ
5.1 Энергияны тұтынуды азайту
5.1.1 Пайдаланатын энергия шығындарын төмендету мақсатында ғимараттың
сыртқы беттерінің ішкі көлемге қатынасына тең ықшамдылықтың ең аз мәніне
ғимараттың көлемді-жоспарлау шешімдерін қабылдаған жөн.
5.1.2 Ғимараттың энергия тиімділігін жоғарлатудың ұсынылатын техникалық
құралдары:
а) энергияның балама көздерін пайдалану;
б) жылу сорғыларын пайдалану;
в) жылыту жүйесінің температурасын төмендету;
г) жылуды оқшаулайтын қасбеттер мен шатырларды жақсарту;
д) желдеткіш жүйелерін және айдайтын сорғыларды орталықтан басқару;
и) артық технологиялық жылуды пайдалану.
5.1.3 Ғимараттың энергия тиімділігін жоғарлату мақсатында келесілер қажет:
а) жарық жақтары бойынша ғимараттың оңтайлы бағдарлау, үй-жайды
функционалдық аймақтандыру, оның ішінде микроклиматтың температуралық-
ылғалдылық параметрлері бойынша;
б) жаңа бірыңғай шешімдер негізінде ғимарат көлемі және ауданы үлестерін азайту;
в) қоршау конструкциясы алаңын қысқартуға мүмкіндік беретін келесі бұғаттауды
ескере отырып ғимаратты модульдерден қалыптастыру;
г) жарық жақтарымен осындай қоршаулардың бағытын ескерумен жарық өткізетін
және бітеу қоршау алаңдарының арақатынасын оңтайландыру;
д) жаңа көпқабатты қоршайтын конструкцияларды (желдетілетін, гелиобелсенді,
реттелетін және т.б.) және полимерлі жарық өткізетін қоршауларды әзірлеу;
е) көтергіш конструкцияларды заманауи энергияны үнемдейтін машиналы
технология негізінде әзірлеу.
5.1.4 Сыртқы ауаның есептік температурасы минус
15 °С және одан төмен
аудандардағы ғимараттар кіре берісіне тамбур-шлюздерді немесе ауа-жылу бүркемесін
орнату қарастыру керек.
5.1.5 Артық жылу бөліну суық аймақтарды, телімдерді жылыту үшін қолданыла
алады (тікелей қолдану, кәдеге жаратушыларды орнату, жылу сорғылардың көмегімен
көгалдандыру) .
5.1.6 Жылдың суық мезгілінде жылуы жеткіліксіз өндірістік ғимараттарда жылу
шығындарын қысқарту инфрақызыл газбен жылытудың, перделер және т.б. көмегімен
жергілікті жылыту көмегімен жүзеге асырыла алады.
Инфрақызыл сәулелену жүйесі үй-жайдың биіктігіне температураның біркелкі
таралуына мүмкіндік туғызады, сонымен қатар, инфрақызыл сәулелену кезінде ауа
температурасын нормативтен 4 °С - 5 °С төмен ұстап тұруға болады. Ауа алмастыруды
жергілікті сорғылар мен рециркуляция, сондай-ақ, өтемдік жабындар көмегімен қысқарту
мүмкін болады.
35
5.1.7 Ауа алмастыруға қойылатын жоғары талаптары бар өндіріс үшін (1,5-еседен
бастап және одан жоғары) ауаның рекуператорларын пайдалануға жол беріледі.
5.1.8 Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайды өндірістік ғимараттың ішкі құрылысында 1-
суретте көрсетілгендей орналастыру үй-жайды жылытуға, желдету жүйесіне және ауаны
тазартуға кететін шығындарды тиімді етуге мүмкіндік береді.
1-сурет - Кіріктірілген әкімшілік-тұрмыстық үй-жайдың орналасу үлгісі
5.1.9 Экология, қауіпсіздік және энергетика тұрғысынан жылыту және ауа баптау
жүйесінің оңтайлы жұмысын тұрақты техникалық қызмет көрсету және білікті құрам
жүйесін тексеру жолымен қамтамасыз ету.
5.2 Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
5.2.1 Өндірістік ғимараттарды салу кезінде табиғи ресурстарды тиімді пайдалану
мақсатында ҚР ЕЖ
1.04-108 талаптарына сәйкес бұрын қолданылған құрылыс
материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды пайдалануға жол беріледі.
5.2.2 Қала және қала сыртындағы аймақтарды жоспарлау, құрылыс салу
жобаларында бағалы табиғат ландшафттарын ұтымды пайдалану және оларды сақтау,
ландшафтты-рекреациялық аумақтарды бөлу, оның тұрақтылығына сәйкес ландшафтқа
рекреациялық жүктемені шектеу, ерекше қорғалатын аумақтың режимдік талаптарын-
мемлекеттік қорықтарды, табиғи ұлттық саябақтарды, ботаникалық бақтар мен
дендрологиялық, сондай-ақ, табиғат ескерткіштерін
- орман, су және геологиялық
саябақтарды сақтау көзделуі қажет.
5.2.3 Экологиялық талаптармен, экономикалық түсінікпен, сондай-ақ, өнеркәсіптік
кәсіпорындарда табиғат көздеріндегі судың шектеулі қорларымен техникалық сумен
қамтамасыз етудің айналмалы жүйелерін салу ұсынылады. Техникалық сумен қамтамасыз
етудің айналмалы жүйелерінде су көп рет қолданылады.
Пайдалану барысында судың сапасы өзгеруіне байланысты айналмалы сумен
қамтамасыз ету келесілерге бөлінеді:
- «таза циклдерª, пайдалану барысында тек қыздырылатын суға арналған;
- «лас циклдерª, тек ластанатын суларға арналған;
-
«аралас циклдерª, пайдалану барысында бір уақытта қыздырылатын және
ластанатын суларға арналған.
36
5.2.4 Құрылыс жұмыстарын орындау барысында табиғат ресурстарын ұтымды
шығындаудың келесі бағыттарын қарастыру қажет:
- тұрақты, уақытша және бір рет пайдалануға арналған қолданыстағы нормативтерге
сәйкес бөлінетін жер аудандарын қысқарту, ауылшаруашылықта пайдаланатын жерді
әсіресе, егінді жерлерді, жайылмалы алқаптарды және өзен бойымен орман суын
қорғайтын жолақтарды, тікелей балық шаруашылық су қоймаларына жататын басқа
жерлерді барынша сақтау;
- құрылыстарда табиғат ресурстарын пайдалану көлемін азайту (жер, минералды
материалдар, орман, топырақ және т.б.) ;
- уақытша және бір рет пайдалануға бөленетін жерлерде топырақтың құнарлы
қабатын сақтау, бұзылған топырақтың құнарлығын қалпына келтіру, тіршілік
жағдайларының бұзылуын қайта қалпына келтіру және барлық жануарлар мен
балықтарды қайта өсіру;
- табиғат жағдайларын өзгертетін (шайылу, кебу, батпақтану, көшкін, шөгінді және
т.б.) теріс гео- және гидродинамикалық құбылыстардың ықтималды туындауын
болдырмау, сондай-ақ, жұмыс орындау салдарынан табиғи су қоймаларының
гидрологиялық және биологиялық режимдерін өзгерту.
37
А қосымшасы
(міндетті)
Микроскоппен жұмыс істеу аймақтарының талап етілетін жарықтандырылуы
А.1-кестесі - Микроскоптан тыс жерде монтаждау үстелінің жұмыс аймағын
жарықтандыру
Ажырату
Жұмыс ауысымы
нысанының
Жарықтандыру,
Жұмыс бетінің
уақытындағы пайызбен
өлшемі,
люкс (әрі қарай -
жарықтандырылуы,
дәл көру жұмысының
бұрыштық
люкс)
кд/м²
уақыты
минуттар
60 артық
4000
300 бастап
1,5 кем
60 бастап 30 дейін
3000
500 дейін
30 кем
2000
60 артық
2000
1,5 бастап
150 бастап,
60 бастап 30 дейін
1500
3,0 дейін
300 дейін
30 кем
1000
60 артық
1000
3,5 бастап
750 бастап
60 бастап 30 дейін
750
5,0 дейін
150 дейін
30 кем
500
38
Б қосымшасы
(міндетті)
Көзбен қарап бақылайтын экранмен жұмыс істеу кезінде талап етілетін
жарықтандыру
Б.1-кестесі - Көзбен қарап бақылайтын экрандары бар жұмыс орындарын
жарықтандыру деңгейлері
Жарықтандыру, лк
Экран жазықтығында экранның
Экран түрі
Жұмыс
бейнесінің коэффициенті кезінде
үстелінде
0,2-0,4
0,4-0,6
0,6-0,8
Телевизиялық:
қоса алғанда 0,5 кд/м² бастап
150 дейінгі кд/м² белгінің
200
200-300
100-200
75-100
жарықтығымен
қоса алғанда 150 кд/м² бастап
400
300-500
200-300
150-200
500 кд/м² дейін
Кері қарама-қарсылығы бар дисплейлі
құрылғылар:
қоса алғанда 0,5 кд/м² бастап
150 дейінгі кд/м² белгінің
300
200-400
100-200
75-150
жарықтығымен
400
200-400
100-200
75-150
қоса алғанда 150 кд/м²бастап
500 кд/м² дейін
Тікелей қарама-қарсылығы бар
300
100-150
50-75
50
дисплейлі құрылғылар
39
В қосымшасы
(ақпараттық)
Жұмыс орындарындағы ауаның шығыны
В.1-кестесі - Бір жұмысшыға сыртқы ауаның ең аз шығыны
Табиғи
Табиғи емес желдетумен
желдетумен
Үй-жай
ауаның шығыны
(телімдер,
Ағын жүйелері
жалпы ауа
аймақтар)
1 адамға
1 адамға
алмасу/
алмастырғыштың
м3/сағ
м3/сағ
адам
%,
артық емес
Өндірістік
1
сағатта
10
алмастыру және
одан артық ауа
30*
алмастыру
60
1
-
20**
еселігінде қайта
айналымсыз
немесе
қайта
айналымды
1
сағатта
10
алмастырудан
60
-
20
кем
ауа
-
90
-
15
алмастыру
120
-
10
еселігінде қайта
айналымды
Қоғамдық
Тиісті
және
құрылыс
әкімшілік-
нормалары
60
тұрмыстық
мен
20***
-
-
-
ережелерінің
талаптарымен
* 1 адамға үй-жайдың көлемі (телімі, аймағы), 20 м3 кем болғанда
** 1 адамға үй-жайдың көлемі (телімі, аймағы), 20 м3 және одан артық болғанда.
*** Адамдар үздіксіз 3 сағатқа дейін болатын көрермен залдары, жиналыс залдары мен басқа
үй-жайлар үшін.
40
Г қосымшасы
(ақпараттық)
Өндірістік үй-жайлардың микроклиматы
Г.1-кестесі - Сәулелі жылыту (қыздыру) жүйелерімен жабдықталған өндірістік үй-
жайлар микроклиматының көрсеткіштері
Дененің
Ауаның
Бастың жылумен
Ауа
жылумен
Ауаның
қозғалу
сәулелену
температурасы,
сәулелену
салыстырмалы
жылдамдығы,
қарқындылығы,
град. °С
қарқындылығы,
ылғалдылығы, %
м/с,
Вт/м2
Вт/м2
артық емес
11
60
150
15 - 75
0,4
12
60
125
15 - 75
0,4
13
60
100
15 - 75
0,4
14
45
75
15 - 75
0,4
15
30
50
15 - 75
0,4
16
15
25
15 - 75
0,4
Ескертпе - Жұмыс ауысымның 8 сағаттық кезіндегі көрсеткіштерге келтірілген талаптар 0,155 град. С
× м2/Вт (жалпы ластанудан қорғайтын арнайы киім) жылу оқшаулауы бар киім жиынтығын киген және
орташа ауыр жұмысты (Па - Пб санатты) орындайтын адамдарға қолданылады. Басқа жағдайларға
қойылатын гигиеналық талаптар жұмысшылардың жылы күйіндегі арнайы физиологиялық-гигиеналық
зерттеу нәтижелері негізінде белгіленуі тиіс.
41
Д қосымшасы
(міндетті)
Мәні бойынша және бағалау негізінде қоршаған ортаға әсерін тигізетін қызмет
түрлерінің жіктелуі
Д.1 Мәні бойынша және толық бағалауда қоршаған ортаға әсер етуді бағалауға
жүргізілетін өндірістік қызмет 4 санатқа бөлінеді - I, II, III, IV.
I санатқа өндірістік нысандардың санитарлық жіктелуіне сәйкес қауіптіліктің 1 және
2 класына жататын қызмет түрлері, сондай-ақ, жалпы таралғандардан басқа, пайдалы
қазбаларды барлау және өндіру жатады.
II санатқа өндірістік нысандардың санитарлық жіктелуіне сәйкес қауіптің 3 класына
жататын қызмет түрлері, сондай-ақ, жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіру, орманды
пайдаланудың және арнайы суды пайдаланудың барлық түрлері жатады.
III санатты өндірістік нысандардың санитарлық жіктелуіне сәйкес қауіптің 4 класына
жататын қызмет түрлері жатады.
IV санатқа өндірістік нысандардың санитарлық жіктелуіне сәйкес қауіптің 5 класына
жататын қызмет түрлері, сондай-ақ, әуесқой (спорттық) балықшылық пен аңшылықты
қоспағанда, жануарлар әлемі нысандарын пайдаланудың барлық түрлері жатады.
Д.2 Өндірістік нысандардың санитарлық жіктелуіне сәйкес қауіпті кластарға
жатпайтын қызмет түрлері жіктелмейтін болып табылады.
Д.3 Әртүрлі санатты нысандардың қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүргізуге
қойылатын сараланған талаптар қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу бойынша
нұсқаулықпен белгіленеді.
42
БЕЛГІ ҮШІН
43
ӘОЖ 727.14
МСЖ 91.040.10
91.040.30
Түйінді сөздер: өндірістік ғимараттар, үй-жай санаты, отқа төзімділік дәрежесі,
ғимараттың конструктивтік өрт қауіптілік класы.
44
СОДЕРЖАНИЕ
ВВЕДЕНИЕ
IV
1 ОБЛАСТЬ ПРИМЕНЕНИЯ
1
2 НОРМАТИВНЫЕ ССЫЛКИ
1
3 ТЕРМИНЫ И ОПРЕДЕЛЕНИЯ
2
4 ПРИЕМЛЕМЫЕ РЕШЕНИЯ
3
4.1 Основные положения
3
4.2 Пожарная безопасность
4
4.2.1 Обеспечение пожарной безопасности
4
4.2.2 Эвакуация из зданий и помещений
8
4.2.3 Предотвращение распространения пожара
13
4.3 Параметры участка и территории
15
4.4 Объемно-планировочные решения зданий
16
4.4.1 Архитектурно-планировочные положения производственных помещений
16
4.4.2 Проектирование окон, дверей, ворот в производственных помещениях
20
4.4.3 Внутрицеховые конструкции и лестницы
22
4.4.4 Кровли
24
4.5 Доступность для маломобильных групп населения
25
4.6 Конструктивные решения
27
4.7 Проектирование инженерных сетей и систем
27
4.7.1 Вентиляция, отопление, кондиционирование
27
4.7.2 Водоснабжение и канализация
30
4.7.3 Электроснабжение и освещение
31
4.8 Охрана окружающей среды
33
5 ЭНЕРГОСБЕРЕЖЕНИЕ И РАЦИОНАЛЬНОЕ ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ПРИРОДНЫХ
РЕСУРСОВ
35
5.1 Сокращение энергопотребления
35
5.2 Рациональное использование природных ресурсов
36
Приложение А (обязательное) Требуемая освещенность рабочей зоны при работе с
микроскопом
38
Приложение Б (обязательное) Требуемая освещенность при работе с экранами
визуального наблюдения
39
Приложение В (информационное) Расход воздуха на рабочих местах
40
Приложение Г (информационное) Микроклимат производственных помещений
41
Приложение Д (информационное) Классификация видов деятельности, оказывающих
воздействие на окружающую среду, по значимости и на основе оценки
42
III

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

//////////////////////////