Главная Книги - Разные СП РК 3.03-105-2014 СТОЯНКИ АВТОМОБИЛЕЙ (ҚР ЕЖ 3.03-105-2014)
поиск по сайту правообладателям
|
|
содержание .. 1 2 ..
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ
Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
АВТОМОБИЛЬ ТҰРАҚТАРЫ
СТОЯНКИ АВТОМОБИЛЕЙ
Ресми басылым
Издание официальное
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер
ресурстарын басқару комитеті
Комитет по делам строительства, жилищно-коммунального
хозяйства и управления земельными ресурсами
Министерства национальной экономики Республики Казахстан
Астана 2018
СП РК 3.03-105-2014*
АЛҒЫ СӨЗ
1 ӘЗІРЛЕГЕН:
«ҚазҚСҒЗИª АҚ, «ИННОБИЛДª ЖШС
2 ҰСЫНҒАН:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
және жер ресурстарын басқару комитетінің Техникалық
реттеу және нормалау басқармасы
3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ
Қазақстан
Республикасы
Ұлттық
экономика
ҚОЛДАНЫСҚА
министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық
ЕНГІЗІЛГЕН:
шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару
комитетінің
2014 жылғы 29-желтоқсандағы № 156-НҚ
бұйрығымен 2015 жылғы 1-шілдеден бастап
Осы мемлекеттік нормативті Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы
және құрылыс істері жөніндегі Уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатынсыз ресми
басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы
№275-НҚ бұйрығына сәйкес өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
ПРЕДИСЛОВИЕ
1 РАЗРАБОТАН:
АО «КазНИИСАª, ТОО «ИННОБИЛДª
2 ПРЕДСТАВЛЕН:
Управлением
технического
регулирования
и
нормирования Комитета по делам строительства,
жилищно-коммунального хозяйства и управления
земельными ресурсами Министерства национальной
экономики Республики Казахстан
3 УТВЕРЖДЕН И
Приказом Комитета по делам строительства, жилищно-
ВВЕДЕН В ДЕЙСТВИЕ:
коммунального хозяйства и управления земельными
ресурсами Министерства Национальной экономики
Республики Казахстан от 29.12.2014 № 156-НҚ с 1 июля
2015 года
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично
воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без
разрешения Уполномоченного государственного органа по делам архитектуры,
градостроительства и строительства Республики Казахстан
Внесены изменения и дополнения в соответствии с приказом Комитета по делам
строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства по инвестициям и
развитию Республики Казахстан от 29 декабря 2018 года№275-НҚ
II
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
IV
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
2
4 ҚОЛАЙЛЫ ШЕШІМДЕР
3
4.1 Негізгі ережелер
3
4.2 Автотұрақтарды орналастыру
4
4.3 Көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдер
5
4.3.1 Автомобиль тұрақтарының жалпы шешімдері
5
4.3.2 Автотұрақтардың әртүрлі типтеріне қойылатын арнайы талаптар
13
4.4 Инженерлік жүйелер
19
4.4.1 Сумен қамту
19
4.4.2 Жылыту, желдету және түтінге қарсы қорғаныс
20
4.4.3 Электр техникалық құрылғылар, жарықтандыру
25
4.4.4 Автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы
26
4.5 Тұрақтарды пайдалану
28
4.6 Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін қолжетімділік
28
4.7 Қоршаған ортаны қорғау
29
5 ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ
ПАЙДАЛАНУ
31
А ҚОСЫМШАСЫ (ақпараттық) Автотұрақтар типологиясы
33
Б ҚОСЫМШАСЫ (міндетті) Автотұрақтардан әртүрлі мақсаттағы ғимараттар мен
аумақтарға дейінгі арақашықтық
35
В ҚОСЫМШАСЫ (ақпараттық) Габариттеріне байланысты автомобиль өлшемдері . 36
Г ҚОСЫМШАСЫ (ақпараттық) Жабық жер асты және жер үсті автомобиль
тұрақтары үшін ағысты желдету және түтінді жою жүйелері
37
III
КІРІСПЕ
Осы ережелер жинағы нормалаудың параметрлік әдісіне сәйкес Қазақстан
Республикасының құрылыс саласындағы нормативтік базаны реформалау шегінде
әзірленді.
имараттардың, құрылыс материалдары мен бұйымдардың қауіпсіздігіне қойылатын
талаптарª техникалық регламентінің дәлелдемелік базасына кіретін нормативтік
құжаттардың бірі болып табылады.
Осы ережелер жинағы ҚР ҚН «Автомобиль тұрақтарыª жұмыс сипаттамаларына
қойылатын талаптарға қолайлы шешімдер мен параметрлерді белгілейді.
Ережелер жинағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік
нормативтер талаптарына сәйкес әзірленген.
«Автомобиль тұрақтарыª ережелер жинағының
«Көлемдік-жоспарлық және
конструктивтік шешімдерª бөлімінде тұрақтардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
бағытталған қолайлы шешімдер келтірілген. Сондықтан осы құжатта өрт қауіпсіздігін
қамтамасыз ету бойынша шешім жеке бөлім түрінде берілмеген.
Осы ережелер жинағы ҚР ҚН «Автомобиль тұрақтарыª белгіленген параметрлерді
орындаудың бірден-бір әдісі болып табылмайды.
Ережелер жинағы техника және технология ғылымының жетістіктері, озық отандық
және шетелдік тәжірибелерді ескере отырып әзірленген.
IV
СП РК 3.03-105-2014*
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
АВТОМОБИЛЬ ТҰРАҚТАРЫ
СТОЯНКИ АВТОМОБИЛЕЙ
Енгізілген күні - 2015-07-01
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1.1 Осы ережелер жинағы ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігіне,
автомобиль тұрақтарын инженерлік қамтамасыз етуге, көлемдік-жоспарлық және
конструктивтік шешімдерге, елді мекендер аумағына орналастыруға қолайлы шешімдерді
белгілейді.
1.2 Осы ережелер жинағы меншік түріне қарамастан автомобильдерді тұрғызуға
(сақтауға) арналған ғимараттар, имараттар, алаңдар мен үй-жайларға таралады.
1.3 Осы ережелер жинағында барлық кластағы жеңіл автомобильдер тұрақтары
қаралады.
1.4 Ережелер жинағының қолайлы шешімдері жарылғыш, улы, жұқпалы және
радиоактивті заттарды тасымалдау үшін автомобиль тұрақтарына арналған ғимараттар,
имараттар және үй-жайларға таратылмайды.
2
*НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы ережелер жинағын қолдану үшін төмендегідей нормативтік құжаттар қажет:
жоспарлау және құрылысын салу.
ҚР ЕЖ 3.01-105-2013 Елді мекендердің аумағын абаттандыру.
ҚР ЕЖ 3.02-136-2012 Едендер.
ҚР ЕЖ 3.03-101-2013 Автомобиль жолдары.
топтары үшін қолжетімділіктін есебімен жобалау.
ҚР ЕЖ 4.04-107-2013 Электр-техникалық құрылғылар.
МЕМСТ 22011-95 Жолаушылар және жүк лифтілері.
МЕМСТ 28911-98 Лифтілер және шағын жүк лифтілері.
МЕМСТ 12.1.005-88 Жұмыс аймағының ауасына қойылатын жалпы санитарлық-
гигиеналық талаптар.
Ресми басылым
1
Ескертпе
- Осы құрылыс нормаларын пайдаланған кезде ағымдағы жылғы жағдай бойынша
жасалатын «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының аумағында
қолданылатын нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілер тізбесіª,
«Қазақстан
Республикасының стандарттау бойынша нормативтік құжаттар көрсеткіштеріª және
«Қазақстан
Республикасының стандарттау бойынша мемлекетаралық нормативтік құжаттар көрсеткішіª ақпараттық
тізімдемесі және ай сайын шығатын тиісті ақпараттық бюллетень-журнал бойынша тексерген жөн. Егер
сілтеме құжат ауыстырылса (өзгерсе), онда осы нормативті пайдаланған кезде ауыстырылған (өзгертілген)
құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтеме құжат ауыстырусыз күшін жойса, онда оған сілтеме жасалған
ереже осы сілтемеге қатысы жоқ бөлігіне қолданылады.
(Өзгертілді - ҚТҮКШІК 26.12.2018 ж. №275-НҚ бұйрық)
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
Осы ережелер жинағында осы нысандарға құрылыс нормаларында келтірілген
терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ анықтамалары бар төмендегідей терминдер
қолданылады:
3.1 Оқшауланған рампа: Автомобильдерді сақтау үй-жайынан өртке қарсы
қоршаулармен бөлінген көлбеу конструкция.
3.2 Оқшауланбаған рампа: Автомобильдерді сақтау үй-жайынан өртке қарсы
қоршаулармен бөлінбеген көлбеу конструкция.
3.3 Бір бағытты рампа: Автомобильдердің жылжуы үшін бір жолақты көлбеу
конструкция.
3.4 Екі бағытты рампа: Автомобильдердің жылжуы үшін екі жолақты көлбеу
конструкция.
3.5 Жолдан әкету тұрағы: Автомобильдерге арналған орын, ол автомобиль
иелеріне өздерінің жеке көлік құралдарын қалдыруға және жүрісін жалғастыру үшін, кез-
келген қоғамдық көлік түріне ауысып отыруға мүмкіндік береді.
3.6 Шлюз-тамбур: Оттың, газдардың, будың, шаңның және басқа да зиянды
заттардың бір үй-жайдан екіншісіне кіруіне кедергі болатын, сондай-ақ үй-жайлардың
ішіндегі әуе кеңістігінің берілген параметрлерін ұстап тұруға арналған шлюзы бар үй-жай.
3.7 Өрт бөлігі: Конструкцияның отқа төзімділік шектері, өрт басылғанға дейін өрт
бөлігінің шегінен тыс жерлерге өрттің таралмауын қамтамасыз ететін ғимараттың,
имараттың және үйдің өртке қарсы қабырғалармен және өртке қарсы аражабындармен
немесе жабындармен бөлінген бөлігі.
3.8 Газ-баллон автомобилі: Сығылған табиғи газбен, немесе сұйытылған
көмірсутек газымен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар автомобиль.
3.9 Бокс: Үй-жайдың екеуден артық емес автомобильдерді сақтауға арналған,
қоршау конструкцияларымен, немесе торлы қоршаумен шектелген және қақпамен
жабдықталған бөлігі.
3.10 Көп қабатты гараж-тұрақ: Екі және одан астам қабаттарда орналасқан гараж-
тұрақ.
3.11 Жүк лифтілері бар гараж-тұрақ: Автомобильдер тиісті қабатқа
жүргізушілердің қатысуымен жүк таситын лифттермен жылжытылатын тұрақ-гараж.
2
4 ҚОЛАЙЛЫ ШЕШІМДЕР
4.1 Негізгі ережелер
4.1.1 Барлық кластағы автомобильдер тұрақтары үшін ғимараттар мен имараттарды
салу жобасында төмендегілер қарастырылады:
а) ластаушы заттарды ықтимал тастау, шығару, ағынды сулардың бағдарлық пайда
болу көлемдері және т. б.;
б) зиянды факторлардың әсер етуіне жол бермейтін санитарлық-гигиеналық шаралар
мен техникалық құралдар кешені;
в) қайталама және айналма сумен жабдықтау.
апатты жарығы қарастырылады.
4.1.3 Өрттің нақты пайда болу қауіпін бағалау кезінде, төмендегілерді қарастыру
керек:
а) автомобиль тұрақтарының өрт қауіптілігін талдау;
б) тұрақтардағы өрт қауіпті апатты жағдайлардың тізімін анықтау;
в) туындауы жағдайда, автотұрақтар үшін өрт қауіпті деп сипаттауға мүмкіндік
беретін себептердің тізімін анықтау;
г) өрттердің пайда болу және даму сценарийлерін құру;
д) өрт қауіпті жағдайлардың іске асу жиілігін анықтау.
4.1.4
Автомобиль қоятын орындармен қамтамасыз ету нормасы
4.1.5 Автотұрақтарды екі және одан астам жер асты қабаттарда орналастырған
жағдайда, өрт шыққан кезде ауа тірейтін шахталарда, кемінде екі жүк таситын лифтілер
қарастырған жөн.
4.1.6 Автотұрақтарды
(механикаландырылған автотұрақтардан басқа) жобалау
кезінде, өрт бөлігінің әр қабатынан тікелей сыртқа, басқыш шабақтарға, немесе сатыға
апаратын, екеуден кем емес бытырап орналасқан эвакуациялық шығаберістерді және
жабық рампаға, немесе сыртқа бірден шығатын (екіден) кем емес кіреберіс (шығаберіс)
жолын қарастыру қажет.
4.1.7 Тұрақтар құрылысы алаңының инженерлік-геологиялық шартына байланысты
жалпы ережені және ғимараттар мен имараттардың негізін, іргестар типін, алдын-ала
таңдауды инженерлік-геологиялық іздестірулер бойынша, нормативтік-техникалық
Ғимараттарға жолдар конструкцияларын жобалау мен автотұрақтың жоғарғы
4.1.8 Автотұрақ үй-жайының еденін жоспарлауды, еденге берілген әсерлерге және
оларға қоятын арнайы талаптарға байланысты, құрылыстың климаттық жағдайын ескере
отырып, жүзеге асыру керек.
Автомобиль тұрақтарының үй-жайы едендері жабынының типін, ҚР ЕЖ 3.02-136
арнайы талаптарын ескере отырып, механикалық, сұйықтық және жылу әсерлерінің түрі
мен қарқындылығына байланысты, есеп бойынша белгілеу керек.
3
4.1.9 Автотұрақ едендерінің жабыны, үй-жайды құрғақ жинауға
(оның ішінде
механикаландырылған) есептелуі тиіс. Рампалар мен олардағы жаяу жүргіншілер
жолдарының жабыны сырғанақты болмауы тиіс.
4.1.10 Басқа мақсаттағы ғимаратқа кіріктірме, немесе оған жапсарлас гараж-
тұрақтардың инженерлік жүйелері осы ғимаратың инженерлік жүйелерінен дербес болуы
тиіс.
4.2 Автотұрақтарды орналастыру
4.2.1 Әртүрлі типті автотұрақтарды (Б қосымшасын қараңыз) функционалдық өрт
қауіптілік класы Ф 1.1, Ф 4.1, сондай-ақ А және Б санатты Ф 5 класс ғимараттарын
қоспағанда, функционалдық мақсаты басқа ғимараттарға жапсарлас орналастыруға жол
беріледі.
4.2.2 Автотұрақтарды жобалау нормалары бойынша А және Б санатты Ф 1.1, Ф 4.1,
Ф 5 класс ғимараттарын қоспағанда, С0 және С1 класты І және ІІ отқа төзімділік
дәрежесіне ие функционалдық мақсаты басқа ғимараттарға кіріктіруге жол беріледі.
4.2.3 Өзге мақсаттағы ғимараттарға кіріктірме автотұрақтардың отқа төзімділік
деңгейі мен конструктивтік өрт қауіптілік класы, олар кіріктірілген ғимараттың отқа
төзімділік деңгейі мен конструктивтік өрт қауіптілік класынан кем болмауға тиіс.
4.2.4 Өзге мақсаттағы ғимараттарға кіріктірме немесе оған жапсарлас
автотұрақтарда, өрттің таралуына жол бермеу мақсатында, автотұрақ ойықтарынан өзге
мақсаттағы ғимараттың терезе ойықтарының астына дейін 4 м кем емес арақашықтықты
сақтау, немесе (Ф 1.4 класты ғимараттардан басқа) көрсетілген ойықтардың өртке қарсы
толтырылуын қамтамасыз ету керек.
4.2.5 Автотұрақтар жер деңгейінен төмен және/немесе жоғары орналастырылуы, жер
үсті және жер асты бөліктерден құралуы, оның ішінде, осы ғимараттардың шатырын
пайдаланылуы, өзге мақсаттағы ғимараттарға жапсарлануы, немесе өзге функционалдық
мақсаттағы ғимарттарға кіріктірілуі мүмкін.
Жер асты автотұрақтарды, сондай-ақ құрылыс салынбаған аумақта
(өтетін
жолдардың, көшелердің, алаңдардың, гүлзарлардың, саябақтардың және т. б. астында)
орналастыруға жол беріледі.
4.2.6 Ф 1.4 класты ғимараттарда, автотұрақтарды олардың отқа төзімділік дәрежесіне
қарамастан кіріктіруге жол беріледі. Ф 1.3 класты ғимараттарға, жеке көлік иелеріне
арналған, тұрақта бекітілген орындары бар, жеңіл автомобильдер автотұрақтарын ғана
кіріктіруге жол беріледі.
4.2.7 Автотұрақтардан басқа ғимараттар мен имараттарға дейінгі арақашықтықты
4.2.8
Жанар-жағармай материалдарын
(ЖЖМ) тасымалдауға арналған
автомобильдер ашық алаңдарда, немесе С0 класты ІІ отқа төзімділік дәрежесінен кем емес
жеке тұрған бір қабатты ғимараттарда сақталуы тиіс. Мұндай автотұрақтарды, автомобиль
автотұрақтарында, тасымалданатын ЖЖМ жалпы сыйымдылығы
30 м3 аспайтын
автомобильдер сақталған жағдайда, С0 класты І және ІІ отқа төзімділік дәрежесіне ие 1-ші
немесе 2-ші типті, өндірістік ғимараттардың ойықсыз қалың, өртке қарсы қабырғаларына
кіріктіруге жол беріледі.
4
4.2.9 Ашық алаңдарда, ЖЖМ тасымалдауға арналған аталған материалдардың
жалпы сыйымдылығы 600 м3 жоғары емес, автомобильдер саны 50 аспайтын топтармен
ашық алаңдарда сақталуы керек. Мұндай топтардың арасындағы, сондай-ақ басқа
автомобильдерді сақтауға арналған алаңдарға дейінгі арақашықтық 12 м кем болмауы
тиіс.
4.2.10 Автомобиль қоятын жерлерді бір деңгейлі және екі деңгейлі инженерлік
құрылыстар түрінде орналастыруға жол беріледі.
4.2.11 Тұрғын ғимараттарға кірістірме және кірістірме-жапсарлас қоғамдық
мақсаттағы ғимараттарға келушілерге арналған паркингтерді, қолданыстағы нормативтік
құжаттардың талаптарына сәйкес, ғимарат тұрғындарына арналған автомобиль қоятын
аймақтан бөлек орналастыру керек.
4.2.12 Тұрғын құрылыс аумағында, тұрғындардың жеңіл автомобильдеріне арналған
ашық алаңдарды (қонақтар автотұрақтары), тұрғын үйлерден Б қосымшасына сәйкес
арақашықтықта, 1000 тұрғынға 40 жуық машина орындары есебінен қарастырған жөн.
4.2.13 Автомобиль қоятын жерлерді тұрғын үйлердің, қоғамдық ғимараттардың,
мекемелердің, базарлардың, спорт және демалыс нысандарының жанындағы магистраль
аралық аумақтарда, оқшауланған алаңдарда, зауыт алды және вокзал маңы алаңдарда
және басқа да әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандардың жанында, сондай-ақ ені 3 м
(арнайы белгілерді орнату арқыл) қосымша жолақтарды жасау арқылы, көшенің жүретін
бөлігінде, көлік құралдарын орналастыру сызбасына қарай, тереңдігі 2,5 бастап 5,5 м
дейінгі қалталарда, өтетін бөліктің
(өтетін бөліктің кеңейтілген жерінде) және
жаяужолдың арасындағы бүйірлі бөлетін жолақтарда орналастырады.
4.2.14 Жалпы қалалық маңыздағы магистралдық көшелерде, тұрақтарды тиісті жол
белгілерімен және көрсеткіштерімен белгіленген, арнайы бөлінген жерлерге
орналастыруға жол беріледі.
4.2.15 Бір деңгейлі тұрақтарды, қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар
талаптарын ескере отырып, жұмыс істеп тұрған инженерлік желілердің үстіне
орналастыруға жол беріледі.
4.3 Көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдер
4.3.1 Автомобиль тұрақтарының жалпы шешімдері
4.3.1.1 Автомобильдерді тұраққа қою:
а) жүргізушілердің қатысуымен
- пандустар
(рампалар) бойынша, немесе жүк
таситын лифтілерді пайдалану арқылы;
б) жүргізушілердің қатысуынсыз - механикаландырылған құрылғылармен жүргізілуі
мүмкін.
4.3.1.2
Автомобильдерді сақтауға арналған орындардың, пандустардың
(рампалардың) және автотұрақтағы өтетін жолдардың өлшемдері, сақтау орындарындағы
автомобильдер арасындағы, сондай-ақ автомобильдер мен ғимарат конструкцияларының
арасындағы арақашықтықтар, автомобильдердің типіне
(класына), сақтау тәсіліне,
автомобильдердің габариттеріне, оларды маневрлеуге және орналастыруға қарай,
технологиялық жобалау нормалары ескеріле отырып, белгіленеді.
5
4.3.1.3 Машина орнының өлшемдерін
(ең төменгі, жол берілетін, қауіпсіздік
саңылауларын ескере отырып) 5,5 м × 2,5 м, ал арба-креслоны пайдаланатын мүгедектер
үшін - 6,0 м × 3,6 м етіп қабылдау керек.
4.3.1.4 Автомобильдерді сақтауға арналған үй-жайлар мен ғимараттардың жарылыс-
өрт және өрт қауіптілігі бойынша санаттарын, қолданыстағы нормативтік-техникалық
құжаттарға сәйкес анықтау қажет. Автотұрақтар үй-жайлары В1-В4 санаттарына,
(қозғалтқыштары қысылған немесе сұйытылған газбен жұмыс істейтін автомобильдерді
қоспағанда) жеңіл автомобильдер автотұрақтарының ғимараттары - В санатына жатуы
мүмкін
4.3.1.5 Автотұрақтардың машина орындарының саны, есеп бойынша анықталады
және жобалауға берілген тапсырмада көрсетілуге тиіс.
4.3.1.6 Автотұрақтар ғимараттарында, қызмет көрсететін және кезекші
қызметкерлерге арналған қызметтік үй-жайларды
(бақылау немесе касса пункттері,
диспетчерлік бөлме, күзет), санитарлық тораптарды (оның ішінде халықтың мүмкіндігі
шектеулі топтары үшін бейімделген тораптар), келушілердің қол жүгіне арналған қойма
бөлмелерін, сонымен қатар қоғамдық телефондар мен жүк таситын лифтілерді
қарастыруға жол беріледі. Олардың қажеттігі, құрамы және аудандары автотұрақтың
өлшемдері мен оны пайдалану ерекшеліктеріне қарай жобада анықталады.
Аталған үй-жайлар, оның ішінде біріктірілген инженерлік жүйелердің үй-жайлары,
бір бірінен және автомобильдер сақталатын үй-жайдан, 1-ші типті арақабырғалармен
бөлінуге тиіс. Бұл үй-жайлардан шыға берістер автомобильдер сақталатын үй-жайлар
арқылы өтуі мүмкін.
4.3.1.7 Автомобильдерге, техникалық қызмет көрсету мен ағымдық жөндеу бойынша
жұмыстардың жекелеген түрлерін, немесе топталған жұмыстарын орындау үшін
қарастырылған үй-жайлар құрамы мен ауданы, технологиялық талаптармен анықталады.
4.3.1.8 Автотұрақтарда, автомобильдерден жүк түсіру орындары қарастырылған
жағдайда, оларды автоматты спринклерлік өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған және
автотұрақ үй-жайларынан 1-ші типті арақабырғалармен оқшауланған жеке үй-жайларда
орналастыруға жол беріледі. Аталған үй-жайларға кіре берістерді, жүк түсіретін
орындардың саны екеуден аспаған жағдайда, автотұрақ үй-жайлары арқылы
орналастыруға болады. Жоспарлық шешім, автотұрақтардың аталған жерлерінде
тауарларды, ыдыстарды және т. б. сақтауға мүмкіндік бермеуі тиіс.
4.3.1.9 Автомобильдер тұрақтарында және уақытша сақтау орындарының саны 50
және одан астам болса, негізгі кірер-шығар жолда бақылау-өткізу орны
(жинағыш
техникаға, қызмет көрсетуші жұмыскерлерге, дәретханаға және т. б. арналған үй-жайлар)
орналастырылуға, өртке қарсы керек-жарақтарды сақтауға, қоқыс жинағыш
контейнерлерді орналастыруға арналған, жабдықталған, алаң болуы тиіс.
4.3.1.10 Автомобильдер өтетін және сақталатын жерлерде, үй-жайлар мен
қақпалардың еденнен бастап шығыңқы конструкциялардың астына дейін және аспалы
жабдыққа дейінгі арақашықтық, автомобильдің ең жоғарғы биіктігінен 0,2 м кем емес
жоғары болуы және 2,0 м кем болмауы тиіс.
4.3.1.11 Автотұрақтардың ішінде, жүргізуші дұрыс бағыт алу үшін,
автомобильдердің қозғалу жолдарын көрсететін көрсеткіштер қарастырылуы керек.
6
4.3.1.12 Автомобильдер сақталатын үй-жайлардың ішіндегі өтетін жолдарда, маневр
жасайтын
(сақтайтын жерге орналастырылатын немесе одан шығып жатқан)
автомобильдердің, ғимараттар конструкциялары мен автомобильдер сақталатын
жерлерде, келесі арақашықтықтарды сақтау қарастырылуы керек:
а) көршілес автомобильдерге, немесе маневр жасайтын автомобиль сақталатын
қатардағы ғимараттың конструкциясына дейін, м:
0,2 - І-санатты автомобильдер үшін;
0,3 - ІІ-санатты автомобильдер үшін жоғарыдағыдай;
0,4 - III, IV-санатты автомобильдер үшін жоғарыдағыдай.
б) маневр жасайтын автомобиль сақталатын қатардан өтетін жолдың екінші
жағындағы автомобильдерге, немесе ғимарат конструкцияларына дейін, м:
0,7 - І-санатты автомобильдер үшін;
0,8 - ІІ-санатты автомобильдер үшін жоғарыдағыдай;
1,0 - III, IV-санатты автомобильдер үшін жоғарыдағыдай.
Ескертпе - Осы тармақта қарастырылған өтетін жолдар енінің шеңберінде, ұстындарды орнатуға жол
берілмейді.
4.3.1.13 Азаматтардың жеңіл автокөліктерді манеждік сақтауға арналған үй-
жайларында тұрақты бекітілген орындарды бөліп қою үшін, жанбайтын материалдардан
жасалған торлы қоршауларды пайдалануға жол беріледі.
4.3.1.14 Автомобильдерді сақтауға арналған үй-жайларды табиғи жарықсыз, немесе
биологиялық әсері бойынша жеткіліксіз күйде орналастыруға жол беріледі.
4.3.1.15 Газ-баллон автомобильдерін сақтауға арналған үй-жайлар, С0 класты отқа
төзімділігі I, II, III және IV дәрежелі жеке ғимараттар мен имараттарда қарастырылуы тиіс.
Жеңіл газ-баллон автомобильдерін сақтауға арналған үй-жайлар, бензинмен, немесе
дизель отынымен жүретін автомобильдер тұратын жеке автотұрақтардың үстіңгі
қабаттарында, орналастырылуы мүмкін.
4.3.1.16 ЖЖМ тасымалдауға арналған автомобильдер, жеке тұрған тұрақ-гараждарда
және бір қабатты өндірістік ғимараттардың жапсаржайларында, автоцистерналарының
жалпы сыйымдылығы 30 м3 дейін, 10 данаға дейін сақталуы тиіс. Жеке тұрған гараж-тұрақ
пен жапсаржайдың, нормативтік құжаттардың талаптары бойынша, отқа төзімділігі
ІІ дәрежеден төмен болмауы, жапсаржай ғимараттан 2-ші типті, ойықсыз қалың, өртке
қарсы қабырғамен бөлінуі тиіс.
4.3.1.17 ЖЖМ тасымалдауға арналған автомобильдерді сақтайтын үй-жайларда,
жарылыс-өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:
- осы үй-жайларда, сағатына бір еселік ауа алмасудан кем емес, табиғи желдетуді
қамтамасыз ете отырып, сыртқы қабырғалардың жанында орналастырылуы;
- соратын желдеткіштің орнатылуы;
- жарылыс қауіпті концентрация пайда болған және соратын желдеткіш жұмыс істеп
тұрған кезде, үй-жайға кіре
(шыға) берістің алдында, газ талдағыш жарықтық және
дыбыстық сигнализацияның орнатылуы, сондай-ақ сигналдың, қызметкерлер тәулік бойы
болатын үй-жайға шығуы қарастырылу керек.
7
4.3.1.18 Автомобильдер сақталатын үй-жайларда, автотұрақтың иесі болып
табылатын кәсіпорынға қызмет көрсететін автомобильдерді жүктеуге (тиеуге) арналған,
екеуден артық емес, машина орындарын қарастыруға жол беріледі. Бұл жағдайда,
автотұрақтың осы жерінде, жүктерді үздіксіз сақтауға жол берілмеуі керек.
4.3.1.19 Жерүсті автотұрақтарының биіктігі
9 қабат
(ярус), жерасты
автотұрақтарының биіктігі
- 5 қабаттан
(ярустан) артық болмауы тиіс. Ғимараттың
қабаттылығын анықтау кезінде, астыңғы қабатты жерүсті қабат деп есептеу керек.
4.3.1.20 Биіктігі
10 м асатын көп қабатты автотұрақтардың, қолданыстағы
нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес, ғимараттар шатырына шыға
берістері болу керек.
4.3.1.21 Қабатаралық аражабындардың еңісі 6 % аспауы тиіс.
50 дейін машина орындарын сақтайтын автотұрақтарда, бір жүк таситын лифті,
100 дейін машина орындарын сақтайтын автотұрақтарда - екіден кем емес жүк таситын
лифт, 100 астам машина орындарын сақтайтын автотұрақтарда - лифтерді есеп бойынша
орналастыруға жол беріледі. Лифтілер, МЕМСТ 22011 және МЕМСТ 28911 талаптарына
сәйкес болу керек.
4.3.1.22 Шахтадағы лифт кабинасының есіктерінің ені 2650 мм кем емес және
биіктігі
2000 мм кем емес болуы керек, ал кабинаның ішкі өлшемі - технологиялық
жобалау нормаларына сәйкес болуы тиіс.
4.3.1.23 Жолаушылар лифтілерінің біреуінде, кресло-арбаны пайдаланатын
халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарын тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін, өлшемдер болуы тиіс.
4.3.1.24 Өзге мақсаттағы ғимараттарға кірістірме автотұрақтарда, ортақ кәдімгі
басқыш шабақтарын және ортақ лифт шахталарын қарастыруға жол берілмейді.
4.3.1.25 Лифтілік шахталар мен баспалдақ торынан шығатын басқа мақсаттағы
автотұрақтар мен ғимараттардың функционалдық байланысын қамтамасыз ету үшін, өрт
кезінде автотұрақтар қабатына ауа тірегіші бар
1-ші типті шлюз-тамбурларды және
ғимаратарды, үй-жайлар мен имараттардағы
өрт сигнализациясының автоматты
жүйесімен өрт сөндіру және адамдарға өрт туралы хабарлау жүйесімен жабдықтауды,
белгіленген нормасына сәйкес, автотұрақ жағынан автоматты қосқышы бар ойық үстіне
дренчерлік пердені орнату арқылы, аталған ғимараттың негізгі кіреберіс вестибюлінде
қарастыру керек.
4.3.1.26 Автотұрақты қоғамдық ғимараттардың барлық қабаттарымен байланыстыру
қажет болған жағдайда, «өрт сөндіру бөлімшелерін тасымалдауª режимі болатын ортақ
лифт шахталарын жобалауға жол беріледі. Бұл жағдайда, белгіленген нормаларға сәйкес,
автотұрақ қабаттарында, ауа екі шлюзға да тірелетін қос шлюз жасалуы
(лифт
шахтасымен шектесетін біріншісіне - жабық есік есебінен шлюз-тамбур, екіншісіне -
жабық есік есебінен) және дренчер шымылдығы орнатылуы керек.
4.3.1.27 Көп қабатты автотұрақтар ғимараттарында, автомобильдердің қозғалуы
үшін, рампаларды (пандустарды), еңісті қабатаралық аражабындарды, немесе арнайы
лифтілерді (механикаландырылған құрылғыларды) қарастыру керек.
Едені тұтас шиыршықты конструкцияларды пайдалану кезінде, әрбір толық
айналымды ярус (қабат) ретінде қарастырған жөн.
8
Жартылай қабаттары бар, көп қабатты автотұрақтардың жалпы қабаттар саны,
жартылай қабаттарды екіге бөлу арқылы, қабаттың ауданын екі шектес жартылай
қабаттардың аудандарын қосу арқылы анықтайды.
4.3.1.28 Автотұрақтардың өрт сөндіру бөлігінің қабатынан, эвакуациялық
шығаберістердің бірін, оқшауланған рампаға қарай қарастыруға жол беріледі.
Пандустардың жаяу жолдары арқылы жартылай қабаттағы басқыш шабаққа өтетін жолды
эвакуациялық жол деп есептеуге болады.
Аталған шығаберістердің
(кіреберістердің) бірін, шектес өрт сөндіру бөлігі арқылы
орналастыруға жол беріледі.
4.3.1.29 Автотұрақтардағы рампалардың саны және тиісінше қажетті кіреберістер
мен шығаберістер саны, автотұрақтың пайдаланылу режимі, қозғалыстың есептік
қарқындылығы және оны ұйымдастыру бойынша жоспарлық шешімдер ескеріле отырып,
бірінші қабаттан басқа (жерасты тұрақтар үшін - барлық қабаттарда), барлық қабаттарда
орналасқан автомобильдер санына қарай анықталады.
Рампалардың типі мен саны, автомобильдер санына байланысты, төмендегідей
қабылданады:
а) 100 дейін - тиісті сигнализацияны қолдану арқылы бір бағытты бір рампа;
б) 1000 дейін - бір бағытты бір рампа немесе бір бағытты екі рампа;
в) 1000 жоғары - екі бағытты екі рампа.
4.3.1.30 Автотұрақтардың кіреберістері мен шығаберістері, жобалауға берілген
тапсырмада белгіленетін қолайлы сақталуды, қауіпсіз кіру мен шығуды және тұрақтардың
ішінде қозғалуды, техникалық байқау мен ұсақ жөндеу жұмыстарын және автомобиль
жууды жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, негізгі технологиялық талаптардың
орындалуына және қалыптасқан қала құрылысы жағдайына негізделетін, көлемдік-
жоспарлық шешімдермен анықталады.
Автотұрақтың жер асты қабаттарынан, бірінші және астыңғы қабаттардағы
автомобильдерді сақтау аймағы арқылы кіруге (шығуға) жол берілмейді.
4.3.1.31 Жабық типті автотұрақтарда, барлық қабаттар үшін ортақ рампалар, әр
қабатта автомобильдерді сақтауға арналған үй-жайлардан, 1 және 2-кестелер талаптарына
сәйкес, өртке қарсы бөгеттермен, қақпалармен және (немесе) өрт кезінде ауа тірелетін
шлюз-тамбурлармен бөлінуі (оқшаулануы) керек.
4.3.1.32 Эвакуациялық басқыш шабақтар мен 3-ші типті сатылар марштарының ені
1 м кем болмауға тиіс.
4.3.1.33 Оқшауланбаған рампаларды, жерүсті автотұрақтарда келесі жағдайларда
орнатуға жол беріледі:
а) отқа төзімділік деңгейі І және ІІ қолданыстағы ғимараттарды реконструкциялау
кезінде: бұл жағдайда, оқшауланбаған рампалармен жалғанған қабаттар аудандарының
қосындысы ретінде анықталатын, өрт сөндіру бөлігі
(бөліктері) қарастырылу керек.
Мұндай өртке қарсы бөліктің ауданы 10400 м2 аспауға тиіс;
б) қабаттың жиынтық алаңы 10400 м2 аспайтын, конструктивтік өрт қауіптілік класы
С0 және С1 және отқа төзімділік деңгейі І және ІІ ғимараттарда;
в) ашық типті автотұрақтарда.
9
1-кесте - Шлюз-тамбурды орнату қажетті бойынша талаптар
Рампаның қоршау
конструкцияларының (өртке қарсы
Автотұрақтар
Шлюз-тамбурды орнату
бөгеттердің) отқа төзімділік шегі, мин.,
типі
қажеттігі бойынша талаптар
кем емес
қабырғаларда
қақпаларда
Тереңдігі қақпаның
ашылуын қамтамасыз ететін,
Жерасты
EI 45
EI 30
бірақ 1,5 м кем емес шлюз-
тамбур
Жерүсті
EI 15
EI 15
Талап етілмейді
2-кесте - Өртке қарсы қоршаулар типі
Өртке қарсы қоршаулар типі
Гараж-тұрақтың қабаты
Қабырғалар
Қақпалар
Шлюз-тамбурлар
Жер асты
1
-
1*
Жер үсті
2
2
2**
_____________
* Шлюз-тамбурдың тереңдігі қақпаның ашылуын қамтамасыз етуге және 1,0 м кем болмауға тиіс
** Шлюз-тамбурды орнатқан жөн.
Ескертпе
- Өртке қарсы қоршаулар типі өрт қауіпсіздігі бойынша ҚР нормативтік-құқықтық
актілермен белгіленген жіктеме бойынша қабылданған.
4.3.1.34 Автотұрақтардағы рампалар келесі талаптарға сай болу керек:
а) тік сызықты рампалардың жабық жылытылмайтын және ашық типті тұрақтарда
қозғалу жолағының осі бойынша бойлық еңісі 18 % аспауы, қисық сызықтық рампаларда
- 13 % аспауы, ашық (атмосфералық жауын-шашындардан қорғалмаған) рампалардың
бойлық еңісі - 10 % аспауы тиіс;
б) рампалардың көлденең еңісі 6 % аспау керек;
в) пандустардың негізгі ұштасулары еденнің көлденең учаскелерімен 13 % аспайтын
еңіспен орнатылады;
г) рампалардың өтетін бөлігінің ең төменгі ені: тік сызықты және қисық сызықты -
3,5 м, кіру және шығу жолағының ең төменгі ені - 3,0 м, қисық сызықтық учаскеде - 3,5 м
қамтамасыз етіледі;
е) қисық сызықты учаскелердің ең төменгі сыртқы радиусы 7,4 м сақталады.
4.3.1.35 Сыйымдылығы 100 дейін машина орындарын құрайтын жер асты және жер
үсті автотұрақтарда, рампалардың орнына автомобильдерді тасымалдауға арналған жүк
таситын лифтілерді қарастыруға жол беріледі.
10
4.3.1.36 Әрбір өрт сөндіру бөлігінен, өрт шыққан жағдайда, ойықтың үстінде, 1-ші
типті өртке қарсы қақпасы бар автоматты іске қосылатын дренчер шымылдығы
орнатылған жағдайда, жабық немесе ашық рампаларға екеуден кем емес шығаберіс
қарастырылуы тиіс.
4.3.1.37 Екі және одан артық қабаттарда орналастырылған автотұрақтарда, әр өрт
сөндіру бөлігіне
«өрт сөндіру бөлімшелерін тасымалдауª режимімен жұмыс істейтін
кемінде бір лифт қарастырылуы керек.
4.3.1.38 Рампаға, немесе шектескен өрт сөндіру бөлігіне шығу үшін, қақпаның
жанынан, немесе қақпаға өртке қарсы есік (есікше) орнатылуы тиіс.
Есікше табалдырығының биіктігі 15 см аспауы керек.
4.3.1.39 Оқшауланған рампаларда, өртке қарсы қақпаның орнына, қабаттардағы
рампа ойығының биіктігінің жартысынан кем емес мөлшерде жабатын, сақтайтын үй-
жайлар жағындағы ойықтың үстінде дренчер шымылдығы бар, автоматты құрылғыларды
(түтінге қарсы экрандар) орнатуға жол беріледі.
4.3.1.40
4.3.1.6 көрсетілген үй-жайлардан, эвакуациялық шығаберістерді
автомобильдерді сақтауға арналған үй-жайлар арқылы орнатуға жол беріледі.
Келүшілердің қол жүктеріне арналған қойма орнын, автотұрақтың бірінші (отырғызатын)
қабатында ғана орналастыруға болады.
Ең алыс сақтайтын орыннан, ең жақын эвакуациялық шығаберіске дейінгі, жол
берілетін, арақашықтық 3-кестеге сәйкес қабылдану керек.
Эвакуациялық жол ретіндегі баспалдақтар ені кемінде 1 м болуы тиіс.
3-кесте - Ең жақын эвакуациялық шығаберіске дейінгі арақашықтық
Ең жақын эвакуациялық шығаберіске дейінгі
арақашықтық, м, сақтайтын орынның орналасқан жері
Гараж-тұрақ қабаты
эвакуациялық
үй-жайдың тұйық
шығаберістердің арасында
бөлігінде
Жер асты
40
20
Жер үсті
60
25
Ескертпе - Эвакуациялау жолдың ұзындығы автомобильдердің орналасуын ескере отырып,
өткелдер мен көлік жүретін жолдардың орта сызығымен өлшенеді.
4.3.1.41 Келесілерде, рампадан рампаға қабат арқылы өтуге болады:
а) ашық типті автотұрақтарда;
б) жабық типті жер үсті автотұрақтарда;
в) рампалары оқшауланған жер асты автотұрақтарда;
г) жылытылмайтын автотұрақтарда.
4.3.1.42 Рампаға немесе шектес өрт сөндіру бөлігіне шығу үшін, қақпаның төменгі
бөлігіне өрт сөндіретін түтік құбырларды жүргізу мүмкіндігі үшін, өлшемі 20 х 20 см
өздігінен жабылатын жапқышы бар люк қарастыру қажет.
11
4.3.1.43 Автотұрақтардың,
«өрт сөндіру бөлімшелерін тасымалдауª режимімен
жұмыс істейтіндерден басқа лифтілер, өрт кезінде олардың негізгі отырғызу қабатына
көтерілуін (түсірілуін), есіктердің ашылуын және кейіннен сөндірілуін қамтамасыз ететін
автоматты құрылғылармен жабдықталады.
4.3.1.44 Автотұрақтардағы басқыш шабақтардың есіктерінің өртке қарсы төзімділік
шегі ЕІ 30 кем емес болуы тиіс.
4.3.1.45
200 астам машина орындары бар, автомобильдерді тұрақты сақтайтын
автотұрақтарда
(тұрғын үйлердің астында орналастырғандардан басқа), тазарту
құрылғылары бар автомобиль жуғыш қарастыру керек. Сумен жабдықтаудың айналма
4.3.1.46 Постылар саны және жуу типі (қолмен немесе автоматты) жобада, 200
машина орнына бір постыны және одан әрі қарай, әрбір келесі толық және толық емес 200
машина орнына, бір постыны ұйымдастыру шартымен қабылданады және жобалауға
берілген тапсырмада бекітіледі.
4.3.1.47 Жуғыштарды орнатудың орнына, жобаланатын нысманнан, 400 м аспайтын
радиуста орналасқан, қолданыстағы жуғыш орындарын пайдалануға жол беріледі.
4.3.1.48 Автомобиль тұрағы үшін ғимараттың жабыны қолданылған жағдайда,
аталған жабынға автотұрақтың кәдімгі аражабындарына қойылатын талаптар қойылады.
Мұндай пайдаланылатын жабынның үстіңгі қабаты жануды таратпайтын материалдардан
жасалуы тиіс (мұндай материалдар бойынша жалынның таралу тобы РП 1 төмен болмау
керек).
4.3.1.49
50 және одан астам автомобиль сыятын оқшауланған алаңда
орналастырылған, бір деңгейдегі автотұрақтар мен автомобиль қоятын жерлердің бір
бірінен 15 м қашықтықта орналасқан бөлек кіреберістері мен шығаберістері болу керек;
сыйымдылық бұдан төмен болған жағдайда, ені 6 м кем емес қосарлы кіреберістер мен
шығаберістер болуы мүмкін.
4.3.1.50 Көлік құралдарына, қызмет көрсету режимі бақыланатын
(күзетілетін
автотұрақтар мен автомобиль қоятын жерлер) автотұрақтар мен автомобиль қоятын
жерлерде, ені 6 м кем емес қосарлы кіреберістер мен шығаберістерді және автотұрақтар
мен автомобиль қоятын жерлердің сыйымдылығына қарай бөлек эвакуациялық
шығаберістерді орналастыруға жол беріледі. Күзетілетін автотұрақтар мен автомобиль
қоятын жерлердегі көлденең кедергілер алдына, сыйымдылығы
100 автомобильден
жоғары болғанда - ұзындығы 12 м кем емес және сыйымдылығы одан төмен болғанда - 6
м кем емес жинақтаушы алаңдарын орналастыру қажет.
Көлденең кедергілер типі мен санын жобалауға берілген тапсырмада қарастырылуы
керек.
4.3.1.51 Бір деңгейдегі автотұрақ, немесе автомобиль қоятын жер алаңының
шекарасынан бастап, қиып өтетін көшенің бөлігінің ең жақын шетіне дейінгі
арақашықтық, кіреберістегі алаңның шекарасынан бастап жерүсті жүргіншілер өткелінің
ең жақын шекарасына дейін - 15 м кем емес, жер асты жүргіншілер өткелінің кіреберісіне
дейін - 5 м кем болмауы тиіс.
4.3.1.52 Көп қабатты гараж-тұрақтарда адамдардың жүруін мыналар бойынша
қарастыру керек:
12
- басқыш шабақтар бойынша;
- рампа құрылғысының арнайы қарастырылған жүргіншілер жаяужолы бойынша;
- қабаттардағы магистралдық өтетін жолдар бойынша;
- еңіс аражабындардың магистральдық өтетін жолдары бойынша;
- бірінші және үстіңгі қабаттар белгілерінің айырмасы 15 м жоғары болған жағдайда,
жолаушылар лифтілері қарастырылуы керек, бұл жағдайда жолаушылар лифтілерінің
біреүінің кабинасының өлшемдері кресло-арба пайдаланатын мүгедектерді тасымалдауды
қамтамасыз етуі тиіс.
4.3.2 Автотұрақтардың әртүрлі типтеріне қойылатын арнайы талаптар
4.3.2.1 Жеңіл автомобильдердің жерасты автотұрақтары
4.3.2.1.1 Қабаттарының саны екеуден артық, құрылыс салынбаған аумақта
орналасқан, бөлек тұрған жерасты жеңіл автомобильдер автотұрақтарында, оқшауланған
бокстарды орналастыруға жол беріледі. Бұл жағдайда, әр жерасты қабатынан тікелей
сыртқа апаратын дербес шығаберіс жол қарастырылуға тиіс.
4.3.2.1.2 Ғимараттың (имараттың) талап етілетін отқа төзімділік дәрежесін, жол
берілетін қабаттылығын және өрт сөндіру бөлігінің шеңберіндегі қабат ауданын 4-кесте
бойынша қабылдау қажет.
4-кесте - Талап етілетін отқа төзімділік деңгейі, жол берілетін қабаттылық және
өрт сөндіру бөлігінің шегіндегі қабат ауданы
Өрт сөндіру
Ғимараттың
Ғимараттың (имараттың)
Өрт сөндіру
бөлігінің
(имараттың) отқа
конструктивтік өрт
бөлігінің
шегіндегі қабат
төзімділік дәрежесі
қауіптілік класы
қабаттылығы
ауданы, м2
I
С0
5
6000
II
С0
3
6000
4.3.2.1.3 Кезекші және қызмет көрсетуші қызметкерлердің қызметтік үй-жайларын,
өрт сөндірудің және сумен жабдықтаудың сорғы орындарын, трансформаторлық қосалқы
бекеттерді (тек қана трансформаторларық құрғақ), келушілердің қол жүктеріне арналған
қойма орнын, мүгедектерге арналған үй-жайды құрылыстың бірінші (үстіңгі) жерүсті
қабатынан жоғары орналастыруға жол беріледі. Қабаттарда өзге техникалық үй-жайларды
орналастыруға шек қойылмайды.
Аталған үй-жайлар, автомобильдер сақталатын үй-жайлардан 1-ші дәрежелі өртке
қарсы арақабырғалармен бөліну керек.
4.3.2.1.4 Жер асты автотұрақтардың аражабындарында, өрт сөндіру жағдайында, су
бұруға арналған құрылғыларды қарастыру керек.
13
4.3.2.1.5 Сәулет-ландшафтық нысандарды
(жер үсті бақтарын), жер асты және
жартылай жер асты автотұрақтар үстіне орналастыру кезінде, келесідей талаптарды
орындау қажет:
а) жер үсті бағының аумағы, автокөліктердің кіруіне жол бермеу үшін, 0,5 м биік
ернеумен шектелуі керек. Спорт алаңдары биіктігі 4 м дейін тормен қоршалуы тиіс;
б) кез келген алаңдарды (демалыс алаңдары, балаларға арналған алаңдар, спорт
алаңдары), желдету шахталарынан 15 м кем емес арақашықтықта орналастыру қажет.
4.3.2.2 Жеңіл автомобильдерге арналған жабық типті жер үсті автотұрақтары
4.3.2.2.1 Отқа төзімділік дәрежесі І және ІІ жерүсті автотұрақтарда, автомобильдерді
бокстарда сақтау кезінде, азаматтардың жеңіл автомобильдерін сақтау орындарын бөлу
үшін, оқшауланған бокстардың арасында отқа төзімділік шегі R 45 арақабырғаларды, К0
тең өрт қауіптілігі класын қарастыру қажет. Бұл бокстардағы қақпалар торлы қоршау
түрінде болуы, немесе әр бокстың қақпаларында 1,4 м бастап 1,6 м дейінгі биіктікте, өрт
сөндіру құралдарын беруге және бокстың өртке қарсы күйін бақылауға арналған, өлшемі
300 мм × 300 мм кем емес, саңылаулар қалдырылуы тиіс.
5-кесте - Талап етілетін отқа төзімділік деңгейі, жол берілетін қабаттылық және
өрт сөндіру бөлігінің шегіндегі қабат ауданы
Ғимараттың
Өрт сөндіру бөлігінің шегіндегі қабат
Ғимараттың
(имараттың)
ауданы, м2
(имараттың)
Ең жоғары қабат
конструктивтік
отқа төзімділік
саны
бір қабатты
көп қабатты
өрт қауіптілік
дәрежесі
ғимаратта
ғимаратта
класы
С0
9
10400
5200
I, II
С1
2
5200
2000
С0
5
7800
3600
III
С1
2
3600
1200
С0
1
5200
-
IV
С1
1
3600
-
С2, С3
1
1200
-
-
V
Нормаланбайды
1
1200
4.3.2.2.2 Жабық типті жер үсті гараж-тұрақ қабатының ауданы, өрт сөндіру бөлігінің
шегінде, отқа төзімділік дәрежесіне және қабаттылығына қарай, 5-кестеде көрсетілгеннен
жоғары болмауы керек.
14
4.3.2.3 Жеңіл автомбильдерге арналған ашық типті жер үсті автотұрақтары
4.3.2.3.1 Өрт сөндіру бөлігінің шегіндегі, жеңіл автомобильдерге арналған ашық
типті жер үсті автотұрақтардың, талап етілетін отқа төзімділік деңгейін, жол берілетін
қабаттылығын және қабаттың ауданын 6-кесте бойынша қабылдау керек.
6-кесте - Ашық типті жер үсті автотұрақтардың, талап етілетін отқа төзімділік
деңгейі, жол берілетін қабаттылық және өрт сөндіру бөлігінің шегіндегі қабат
ауданы
Ғимараттың
Ғимараттың
Өрт сөндіру бөлігінің шегіндегі
(имараттың)
(имараттың)
Өрт сөндіру
қабат ауданы, м2
отқа
конструктивтік
бөлігінің
төзімділік
өрт қауіптілік
қабаттылығы
бір қабатты
бір қабатты
дәрежесі
класы
ғимаратта
ғимаратта
С0
9
10400
5200
I, II
С1
2
3500
2000
С0
6
7800
3600
III
С1
2
2000
1200
С0
6
7300
2000
IV
С1
2
2600
800
4.3.2.3.2 Жолдан әкету автотұрақтарында, қоғамдық тамақтандыру орындарын, сауда
және сервис нысандарын, мобильдік санитарлық кабиналарды орналастырған жөн.
4.3.2.3.3 Сыртқы қоршау конструкцияларындағы ашық ойықтарды толтыру үшін,
жанбайтын материалдардан жасалған торды немесе жалюздерді пайдалануға жол беріледі.
Бұл жағдайда, қабаттың өтпелі желдетілуі қамтамасыз етілуі тиіс.
Атмосфералық жауын-шашындардың әсерін азайту үшін, ашық ойықтардың үстінде
жанбайтын материалдардан жасалған күнқағарлар мен жалюздер орнатуға болады. Бұл
жағдайда да қабаттың өтпелі желдетілуі қамтамасыз етілуі тиіс.
4.3.2.3.4 Отқа төзімділік дәрежесі IV ғимараттарда, эвакуациялық басқыш
шабақтардың және олардың элементтерінің қоршау конструкциялары, отқа төзімділік
дәрежесі ІІІ ғимараттардың басқыш шабақтарына қойылатын талаптарға сәйкес болуы
тиіс.
4.3.2.3.5 Түтін кетіретін және желдету жүйелерін қарастыру талап етілмейді.
4.3.2.3.6 Эвакуациялық жол ретінде, пандустар бойынша басқыш шабақтарға қарай
жартылай қабатқа өткелді есептеуге жол беріледі. Өткелдің ені 80 см кем емес және өтетін
бөліктен шамамен 10-15 см жоғары болуы, немесе доңғалаққағармен қоршалуы тиіс.
4.3.2.3.7 Жолдан әкету тұрақтарына келесі автотұрақтардың типтер жатады:
- автобус көліктері қызмет көрсететін;
- рельсті көліктер қызмет көрсететін;
- автомобиль иелерін уақытша жолдан әкетуге арналған;
- тұрақтарды бірге пайдалану үшін, автомобиль иелерін біріктіру қағидалары
бойынша жұмыс істейтіндер.
15
Жолдан әкету тұрақтарын жоспарлау кезінде қоғамдық көлік стансаларының бар
болуын, аумақтық резервтерді, жолаушылар ағынының мөлшерін, салыстырмалы көше-
жол желісінің орналасуын ескеру қажет.
4.3.2.3.8 Жолдан әкету тұрақтарын жобалаудың негізгі принциптері:
- қала аумағында, бірыңғай жолдан әкету тұрақтарының жүйесін құру. Мінсіз
жағдайда, жолдан әкету тұрағы, әр көліктік-ауыстыру торабының құрамына кіруі керек;
- жол жүрудің барлық кезеңдерінде: көліктік-ауыстыру торабына жақындау, тұрақта
кіру-шығуды ұйымдастыру, тұрақ орнын іздестіру, жолаушылар көлігіне ауыстырып
отырғызу және бағдардың соңғы нүктесіне шығу - ең төменгі бөгелістер санымен жолдан
әкету тұрағын пайдалана отырып жол жүрудің барынша жайлы жағдайларын қамтамасыз
ету;
- жолаушының да, оның автомобилінің де қажетті қауіпсіздік шараларымен
қамтамасыз ету;
- толық ақпараттық қосталуын қамтамасыз ету;
- жоғары сервис деңгейін және қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету.
4.3.2.4 Модульдік тез салынатын және жүзбелі автотұрақтар
4.3.2.4.1 Модульдік қондырма салуды, қолжетімді тұрақ орындарының санын
арттыру үшін, ашық алаңдарда, қолданыстағы жазық тұрақтар үстінде қолдану қажет.
4.3.2.4.2 Модульдік автотұрақтың конструкциялары, тірек темірбетон плитасына,
немесе тұрақ орындарын қабат-қабат орналастырылатын, тез салынатын іргетасқа
орнатылады.
4.3.2.4.3 Қажет болса, қалалық тұрақ алаңдары жеткіліксіз болған жағдайда, жүзбелі
автотұрақтар, қолданыстағы, немесе қайта салынатын дебаркадерлерде орналастырылуы
мүмкін. Дебаркадер жүзбелі понтоннан және жайүсті салынымнан құралады.
Дебаркадерлер бетонды монолитті, құрастырмалы-монолитті, құрастырмалы болуы
мүмкін.
Қондырма салу, бір декалы - бір палубалы дебаркадер, немесе екі декалы - екі
палубалы дебаркадер болуы мүмкін.
4.3.2.4.4 Автомобильдердің дебаркадер тұрағына, траптар, немесе автомобиль
иесінің қатысуынсыз, механикалық тәсілмен тиелуі мүмкін.
4.3.2.5 Құрылғылары механикаландырылған автотұрақтар
4.3.2.5.1 Автомобильдерді тұрақ орнының әр ярусының суландырылуын қамтамасыз
ететін,
автоматты
өрт
сөндіру
құралдарымен жабдықталған жағдайда,
механикаландырылған тұраққа қою құралдарын пайдалана отырып, көп ярусты тұрақ
орнында сақтауға жол беріледі.
4.3.2.5.2 Құрылғылары механикаландырылған автотұрақтарды, жер үстінде және жер
астында жобалауға болады. Жерүсті автотұрақтарын өзге мақсаттағы ғимараттармен
қатарластыру үшін, отқа төзімділік шегі REI 150 кем емес, ойықсыз қалың қабырғаларға
жапсарлауға жол беріледі.
Механикаландырылған құрылғыны басқару, оның жұмысы мен өрт қауіпсіздігін
бақылау, отырғызу қабатында орналасқан диспетчер бөлмесінен жүзеге асырылу керек.
16
4.3.2.5.3 Механикаландырылған автотұрақтардың ғимараттары
(имараттары),
конструктивті өрт қауіптілік класы С0 тең, жер үстінде салынуы мүмкін.
Автотұрақтарды, қорғалмаған металл қаңқаны және жанғыш жылытқыштарды
қолданбай, жанбайтын материалдардан жасалған қоршау конструкцияларын пайдалана
отырып (көп ярусты этажерка тәрізді) жобалауға жол беріледі.
4.3.2.5.4 Құрылғысы механикаландырылған автотұрақ блогының сыйымдылығы 100
машина орындарынан жоғары емес және ғимаратының биіктігі 28 м артық емес болуы
мүмкін.
Автотұрақты бірнеше блоктан құрастыру қажет болған жағдайда, оларды 1-ші типті
өртке қарсы арақабырғалармен бөлу қажет.
Құрылыстың биіктігі жерден 15 м дейін болған жағдайда, блоктың сыйымдылығын
150 машина орындарына дейін көбейтуге жол беріледі. Механикаландырылған автотұрақ
блогында, механикаландырылған құрылғы жүйелерінде, техникалық қызмет көрсету үшін
қабаттар (ярустар) бойынша, жанбайтын материалдардан жасалған ашық сатыны орнатуға
жол беріледі.
4.3.2.5.5 Құрылғылары механикаландырылған автотұрақтарды, отқа төзімділік
дәрежесін IV кем емес және конструктивтік өрт қауіптілік класын С0 тең етіп, жобалауға
болады.
4.3.2.5.6 Ашық типті механикаландырылған тұрақтарда, қоршау конструкциялары
4.3.2.3.3 сәйкес қарастырылуы мүмкін. Желдету мен түтінді жою жүйелерін қарастыру
талап етілмейді.
4.3.2.5.7 Жүк таситын лифтілері бар тұрақ-гараждың, өрт сөндіру бөлігінің шегіндегі
ауданы, отқа төзімділік дәрежесі мен қабаттылығына қарай,
4-кестеде көрсетілген
ауданнан жоғары болмау керек.
4.3.2.5.8 Жүк таситын лифттердің жүк көтергіштігі, автомобильдердің техникалық
сипаттамалары ескеріле отырып, жобалау құжаттамасында анықталады. Жүк таситын
лифтілер кабинасының ішкі габариттері, автомобильдердің санатына қарай белгіленеді
және автомобильдердің өлшемдері, 7-кестеде көрсетілген шамадан, артық болуға тиіс.
4.3.2.5.9 Гараж-тұрақтардың отырғызу қабатындағы жүк лифтісіне кіреберіс (одан
шығаберіс), 1-ші типті өртке қарсы арақабырғалармен бөлінген және тікелей сыртқа шыға
берісі мен кіреберісі бар, үй-жайдан тікелей қарасырылуы керек.
4.3.2.5.10 Жүк лифтілері, лифтілерді орналастыру және қауіпсіз пайдалану
ережелерінің талаптарына сай болуы тиіс.
4.3.2.5.11 Жүк лифтілерінің саны, гараж-тұрақтың қолданылу режимі, жүк таситын
лифтілердің техникалық сипаттамалары және тұрақ-гараждардың көлемдік-жоспарлық
шешімдері ескеріле отырып, бірінші қабаттан басқа (жер асты гараж-тұрақтар үшін -
барлық қабаттарда), барлық қабаттарда орналасқан автомобильдердің санына қарай
есептеу арқылы анықталады.
4.3.2.5.12 Гараж-тұрақ екі және одан артық гараждан құралған жағдайда, барлық
қабаттар үшін ортақ жүк лифтісі, әрбір қабатта автомобильдерді сақтайтын үй-жайлардан,
өртке қарсы қоршаулармен бөлінуі тиіс.
17
7-кесте - Автомобиль өлшемдерінің арту мәндері
Ең төменгі арту өлшемдері, м,
Арту параметрлері
автомобильдер санаты
I
II
III
IV*
Автомобиль өлшемдерінің артуы:
ені
0,6
0,6
0,6
-
ұзындығы
0,8
0,8
0,8
-
биіктігі
0,2
0,2
0,2
-
_____________
* IV-ші санатты автомобильдерді жүк лифтілері арқылы гараж-тұрақтарда сақтауға жол берілмейді.
4.3.2.6 Механикаландырылған тұрақтар
4.3.2.6.1 Автомобильдерді тұраққа қоюдың механикаландырылған жүйесіне мыналар
кіреді:
а) автомобильдер кезегін орналастыруға арналған терминалға кірме жолдар;
б) автомобильдерді, тұрақтың механикаландырылған құрылғыларына беру
терминалдары;
в) автомобильдерді, көлденең және тігінен жылжытудың механикаландырылған
құрылғылары;
г) механикаландырылған құрылғылардың жұмыс аймақтары;
д) автомобильдерді сақтау орындары.
4.3.2.6.2 Механикаландырылған автомобиль тұрақтарын төмендегілер бойынша
жіктейді:
а) автоматтандырылу деңгейі;
б) автомобильдерді сақтау орындарының жылжымалылығы;
в) автомобильдерді кедергісіз алып кету мүмкіндіктері;
г) автомобильдерді қармау
(беру және сақтау) элементтерінің конструктивті
жасалуы;
д) тұраққа қойылған автомобильдердің кеңістікте өзара орналасуы.
4.3.2.6.3 Автомобильдерді тұраққа қоюдың механикаландырылған жүйелері:
а) мұнара тәрізді;
б)
автомобильдерді
стационарлық
сақтау
орындарының арасында,
механикаландырылған құрылғының жылжуына арналған, кеңістік қарастырылған екі тік
қатары бар көп қабатты;
в) сақтау орындарының қайта топталуы және жылжымалылығы қарастырылатын
стеллаждық;
г) автомобильдерді, қисық сызықты траектория бойынша, қозғалтатын роторлық
жүйелер болуы мүмкін.
18
4.4 Инженерлік жүйелер
4.4.1 Сумен қамту
4.4.1.1 Ағыстар санын және жабық типті автотұрақтардың ішін жылытылатын, өрт
сөндіру үшін, бір ағысқа жұмсалатын судың ең төменгі мөлшерін, өрт сөндіру бөлігінің
көлемі, ҚР ЕЖ
4.01-101 сәйкес,
0,5 бастап
5 мың м3 дейін болғанда
-
2,5 л/с-тан
2 ағыс, 5 мың м3 жоғары болғанда - 5 л/с-тан 2 ағыс деп, қабылдау қажет.
Бір және екі қабатты боксты автотұрақтарда, әр бокстан тікелей сыртқа шығатын
болса, ішкі өртке қарсы су құбырларын орнатпауға жол беріледі.
4.4.1.2 Өзге мақсаттағы ғимараттарға кірістірме (жапсарлас) автотұрақтардың, өрт
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін инженерлік жүйелері, осы ғимараттардың инженерлік
жүйелерінен дербес болуы тиіс.
4.4.1.3 Ашық және жабық типті жер үсті автотұрақтар ғимараттарының сыртындағы
өртті сөндіруге жұмсалатын есептік су мөлшері, 8-кесте бойынша қабылдануы керек.
8-кесте - Ашық және жабық типті жерүсті автотұрақтар ғимараттарының
сыртындағы өрт сөндіруге жұмсалатын судың есептік мөлшері
Бір өртке шаққандағы автотұрақтар
ғимараттарының сыртындағы өртті
Ғимараттың
сөндіруге жұмсалатын су мөлшері, л/с,
Ғимараттың отқа
конструктивтік өрт
ғимараттың (өрт сөндіру бөлігінің) көлемі,
төзімділік дәрежесі
қауіптілік класы
мың м3
5 жоғары
20 жоғары
5 дейін
50 жоғары
20 дейін
50 дейін
I, II, III
С0, С1
10
15
20
30
IV
С0, С1
10
15
20
-
IV
С2, С3
20
25
-
-
V
Нормаланбайды
20
-
-
-
Өзге автотұрақтар түрлерінің сыртындағы өртті сөндіруге жұмсалатын есептік су
мөлшерін төмендегідей алу қажет:
- екі және одан артық қабаттардан құралатын жер асты автотұрақтарда - 20 л/с;
- әр бокстан сыртқы тікелей шығаберістері бар боксты автотұрақтарда, бокстарының
саны 50 бастап 200 дейін болғанда - 5 л/с, 200 астам болғанда - 10 л/с;
- механикаландырылған автотұрақтарда- 10 л/с;
- автомобильдерді сақтауға арналған ашық алаңдарда, автомобильдер саны 200 дейін
қоса алғанда - 5 л/с, 200 астам болғанда - 10 л/с.
4.4.1.4 Өрт сөндіру сорғылары мен өртке қарсы су құбыры желісінің арасындағы
қуаттандыру желісінде кері клапандарды орналастыру қажет.
19
4.4.1.5 Өртке қарсы сумен қамту жүйелерімен барлық типтегі гараж-тұрақтарды
жабдықтау керек.
4.4.1.6 Екі қабатты жер асты гараж-тұрақтарда, ішкі өртке қарсы су құбырын, басқа
ішкі су құбыры жүйелерінен бөлек орналастыру керек.
Екі және одан жоғары қабатты жерасты автотұрақтарда, ішкі өртке қарсы су
құбыры мен автоматты өрт сөндіру қондырғыларының, жылжымалы өрт сөндіру
техникасын қосу үшін, вентильдермен және кері клапандармен жабдықталған
жалғастырғыш бастары бар, сыртқа шығарылған келте құбырлары болуы тиіс.
4.4.1.7 Екі қабатты жерүсті тұрақ-гараждарда, жылытылмайтын тұрақ-гараждарда
және ашық типті тұрақ-гараждарда, ішкі өртке қарсы су құбырының өрт сөндіру
техникасын қосу үшін
(екеуден кем емес автомобиль) шұралармен және айналма
қақпақшалармен жабдықталған жалғастырғыш бастары бар, диаметрі
89
(77) мм
құрайтын, сыртқа шығатын келтеқұбырлар болуы тиіс.
4.4.1.8 Өрт сөндіру кезінде, суды тартып шығаруға, жер асты суларын кетіруге және
басқа да ағындарды жоюға арналған автоматты сорғы стансаларын, сыйымдылығы есепке
сәйкес келетін, бірақ 2 м3 кем емес, су жинауға арналған резервуарлармен жабдықтау
қажет.
4.4.1.9 Өрт болған жағдайда, су бұруға арналған құрылғы үшін, құбырлар әрбір
қабат үшін бөлек болуы тиіс. Суды жергілікті тазарту құрылыстарын орнатпай, жаңбыр
кәрізінің желісіне, немесе жер құрылысына жіберуге жол беріледі.
4.4.2 Жылыту, желдету және түтінге қарсы қорғаныс
4.4.2.1 Гараж-тұрақтарда, жылыту, желдету және түтінге қарсы қорғаныс жүйелерін
алу қажет.
4.4.2.2 Жылытылатын автотұрақтардағы автомобильдерді сақтауға арналған үй-
жайлар ауасының есептік температурасы 5 °С кем болмауға тиіс.
4.4.2.3 Жылытылмайтын автотұрақтарда 4.3.1.6 көрсетілген қосалқы үй-жайлардың
ғана жылытылуы жеткілікті.
4.4.2.4 Жабық типті жылытылмайтын жер үсті автотұрақтарда, механикалық жолмен
іске қосылатын, тартатын желдету жүйелері, сыртқы қоршаулардағы ойықтардан 20 м
астам қашықтықта орналасқан аймақтарда ғана қарасыруға жол беріледі.
Зиянды газ шығарындыларын сұйылтуға және жоюға арналған сорып-тартатын
желдету ассимиляциясның есебі бойынша, МЕМСТ 12.1.005 талаптары қамтамасыз етуі
тиіс.
4.4.2.5 Жабық типті автотұрақтарда, СО концентрациясын өлшеуге арналған
қондырғы және қызметкерлер тәулік бойы кезекшілікте болатын үй-жайдың ішінде СО
бақылайтын тиісті сигналдық аспаптар орналастырылуы керек.
шыққан қабаттан (ярустан) жану өнімдерін шығару үшін:
а) автомобильдер сақталатын үй-жайлардан;
б) оқшауланған рампалардан түтінді сорып шығаратын желдету жүйелері
қарастырылуы тиіс.
20
4.4.2.7 Түтіндерді, жасанды жолмен тартып соратын шахталар арқылы шығару
керек.
Екі қабатқа дейінгі жер үсті автотұрақтарда және бір қабатты жер асты тұрақтарда
түтіннің табиғи жолмен кетірілуін қарастыруға жол беріледі, сонымен қатар, бір қабатты
жер асты, немесе жер үсті тұрақтарда, терезелер мен үстінгі шамдар арқылы,
терезелердің үстіңгі бөлігінде, 22 м және одан (еденнен) жоғары деңгейде фрамугаларды
ашуға және шамдардағы ойықтарды ашуға арналған механикаландырылған жетекпен
жабдықталған, ауа соратын шахталардың көмегімен, түтіндерді табиғи жолмен кетіруге
болады. Ашылатын ойықтардың, есептеу арқылы анықталатын, жалпы ауданы, үй-
жайдың ауданынан 0,2 % кем болмауы керек, ал терезелерден үй-жайдың ең алыс
нүктесіне дейінгі арақашықтық 18 м аспауы тиіс. Өзге мақсаттағы ғимараттарға кірістірме
автотұрақтарда, түтіннің ашылатын ойықтар арқылы шығарылуын қарастыруға жол
берілмейді.
Рампалары оқшауланған автотұрақтарда, әр қабаттағы соратын шахталарда түтін
клапандарын орнату қажет.
Талап етілетін түтін жою шығындары, шахталар мен түтін клапандарының саны
есептеу арқылы анықталады.
Жер асты автотұрақтарда, бір түтін шахтасына, әр жер асты қабатында, жалпы
ауданы 3000 м2 аспайтын түтін аймақтарын жалғауға жол беріледі. Бір түтін шахтасынан
таралатын түтін өткізгіш тармақтар саны нормаланбайды.
4.4.2.8 Тікелей сыртқа апаратын баспалдақ торларында және автотұрақ лифтілерінің
шахталарында, өрт шыққан кезде, ауаның тірелуін немесе барлық қабаттарда өрт шыққан
кезде, ауа тірелетін 1-ші типті шлюз-тамбурлардың орнатылуы былайша қарастырылуы
тиіс:
а) жер асты қабаттары екеу және одан жоғары болғанда;
б) егер баспалдақ торлары мен лифтері автотұрақтың жерасты және жерүсті
бөліктерін байланыстырса;
в) егер баспалдақ торлары мен лифтері өзге мақсаттағы ғимараттың жер үсті
қабаттарымен байланысты болса.
4.4.2.9 Өрт шыққан кезде, жалпы ауа алмасу желдетуінің сөндірілуі қарастырылуы
керек.
Түтінге қарсы жүйелерді қосу тәртібі (реттілігі), соратын желдетудің (ауа келтіретін
желдетуден бұрын) алдын ала іске қосылуын қарастыру керек.
Соратын түтінге қарсы желдету жүйелеріндегі, өртке қарсы (оның ішінде түтіндік)
клапандардың газ бен түтіннің өтуіне қарсыласуы, өткел қимасы ауданының әр
1 м2
шаққанда 8000 кг-1·м-1 кем болмауы тиіс.
4.4.2.10 Сыйымдылығы
100 машина орындарынан бастап және одан жоғары
автотұрақтарда, соратын желдету шахталарын, көп пәтерлі тұрғын үйлерден, балаларға
арналған мектепке дейінгі мекемелер учаскелерінен, интернат-үйлерінің жатын
корпустарынан, емдеу мекемелерінің стационарларынан
30 м кем емес қашықтықта
орналастыру керек. Аталған шахталардың желдету саңылаулары жер деңгейінен 2 м кем
емес биіктікте қарастырылуы тиіс. Автотұрақтар сыйымдылығы 10 машина орындарынан
артық болған жағдайда, желдету шахталарынан, аталған ғимараттарға дейінгі
21
арақашықтық және олардың құрылыс шатыры деңгейінен жоғары орналасуын, түтіннің
тұрғын құрылыс аумағындағы атмосфераға таралуын және шу деңгейін есептеу арқылы
анықталады.
4.4.2.11 Тұрғын үйлерге кірістірме автотұрақтардың желдету жабдығының, шу
жұтуы, түнгі уақыттағы жұмысты ескере отырып есептелуі тиіс.
4.4.2.12 Соратын шахталар конструкциясы, үй-жайдан шығаберістерде орналасқан
өрт сөндіру автоматикасы жүйесінен басқарылатын және қашықтықтан қолмен
басқарылатын, от бөгейтін клапандардың орнатылуының есебінен, түтіннің бір қабаттан
екінші қабатқа кіру мүмкіндігін болдырмау керек.
4.4.2.13 Дыбыстық сигнализация, гараж-тұрақтарда жұмыс істейтін қызметкерлердің
барлығының әуе ортасын, автоматты бақылау жүйесінің іске қосылғандығы туралы
құлақтандырылуын қамтамасыз ету керек. Дыбыс және жарық сигнализациясы, газ-
баллон автомобильдері сақталатын үй-жайларда, сондай-ақ шектес үй-жайлардың
кіреберіс жағында және адамдар тәулік бойы үздіксіз болатын (күзет, диспетчерлік үй-жай
және т. б.) үй-жайларда орнатылу керек.
4.4.2.14 Газ-баллон автомобильдерін сақтайтын үй-жайлардың әуе ортасын
автоматты бақылау жүйесі, үй-жай ішіндегі газдың концентрациясы ең төменгі
концентрациялық тұтану шегінен, 20 % артық мөлшерге жеткен жағдайда, келесілерді:
- үй-жайлардан шығаберістердің үстінде және эвакуациялау жолдары бойынша,
шамамен әр 50 м сайын орнатылатын жарық көрсеткіштерін қоса отырып, жоғарыда
көрсетілген үй-жайлардың, сондай-ақ олардан барлық эвакуациялау жолдарының, оған
қоса рампалардың дыбыс және жарық сигналдарының, апатты жарықтандырылуының іске
қосылуын, сондай-ақ көп қабатты тұрақ-гараждағы шектес үй-жайлар мен шектес
қабаттардың тартатын желдеткішінің іске қосылуын;
- аталаған үй-жайда, өртке қарсы қорғаныстың техникалық құралдарын қоспағанда,
басқа да барлық электр энергиясын тұтынушылардың сөндірілуін автоматты түрде
қамтамасыз ету керек.
Қозғалтқыштары сұйытылған көмірсутек газбен
(СКГ) жұмыс істейтін
автомобильдер сақталатын үй-жайлармен, шектес үй-жайлардың электр жабдықтары, әуе
ортасын бақылау жүйесі іске қосылған кезде, автомобильдер сақталатын үй-жайдың
электр жабдығымен бірге бір уақытта сөндірілу керек.
4.4.2.15 Газ-баллон автомобильдері сақталатын үй-жайларда, ауаны қайта
айналдыратыны бар тартатын желдеткіш жүйелерін жобалауға жол берілмейді.
4.4.2.16 Тартатын жүйелердің ауа өткізгіштерінде, газ-баллон автомобильдері
сақталатын үй-жайларға қызмет көрсететін желдету камералары шегінде, кері клапандар
құрылғысы қарастырылуға тиіс. Соратын желдету камералы үй-жайларында, табиғи
желдеткіш орнатылуы керек.
4.4.2.17 Қайта айналдыру арқылы жұмыс істейтін желдеткіш және ауамен жылыту
жүйелері, өрт шыққан кезде, автоматты және қашықтықтан орталықтандырылған жолмен
сөндірілу керек
(бүкіл гараж-тұрақ көлемінде). Аталған жүйелердің, қашықтықтан
орталықтандырылған басқару құрылғыларын, ауа қайта айналатын үй-жайлардан тыс,
гараж-тұрақтың эвакуациялық шығаберістерінің жанында орналастырған жөн.
22
4.4.2.18 Автомобильдер сақталатын жылытылатын үй-жайлардың сыртқы
қақпаларын, бір қақпаға шаққанда сағатына 20 дейін кіру және шығу жүзеге асырылған
жағдайда, әуе-жылу шымылдықтарымен жабдықтау қажет. Әуе-жылу шымылдықтары
автоматты түрде іске қосылуға және сөндірілуге тиіс.
4.4.2.19 Қабаттары бір-бірінен және рампалардан оқшауланған, көп қабатты тұрақ-
гараждарда, автомобильдер сақталатын үй-жайлардың тартатын және соратын желдету
жүйелері (желдеткіш және ауа өткізгіштер) әр қабатта бөлек болу керек. Қабаттарға
апаратын тарамдарда, автоматты кері клапандар орнатылған жағдайда, тартатын ауа
өткізгіштерді, желдеткіштің алдында, бір магистральға біріктіруге жол беріледі.
4.4.2.20 Желдеткіш ауа өткізгіштерді, олардың өртке қарсы қоршаулармен
қарсы клапандармен жабдықтау керек. ,
4.4.2.21 Қабаттары бір-бірінен оқшауланбаған, көп қабатты гараж-тұрақтарда
автомобильдер сақталатын үй-жайлардың барлық қабаттарына, ортақ тартатын және
соратын желдеткіш жүйелерді жобалау қажет.
4.4.2.22 Тартатын желдеткіш жүйелердің қабылдаушы құрылғыларын, сағатына
10 астам автомобильдер кіретін және шығатын қақпадан, 12 м кем емес қашықтықта
орналастыру керек. Бір сағатта кіретін және шығатын автомобильдер саны 10-нан кем
болған жағдайда, тартатын желдету жүйелерінің қабылдаушы құрылғыларын, қақпадан 1
м кем емес қашықтықта орналастыруға жол беріледі.
4.4.2.23 Автомобиль сақталатын үй-жайлар үшін, ауамен жылыту желдеткіш
жүйелерін, өзге мақсаттағы, осыған ұқсас жүйелерден бөлек жобалау қажет.
4.4.2.24 Жер асты гараж-тұрақтарда, желдету жүйелерін әр қабатта бөлек орнату
керек.
4.4.2.25 Автомобильдер сақталатын үй-жайлардан және рампалардан, ауа астыңғы
және үстіңгі аймақтардан бірдей шығуы керек. Үй-жайдың ішіне тартылатын ауа, өтетін
жолдардың бойымен топтап жіберіледі. Қабаттың астыңғы аймағынан, ауаны кетіруге
арналған ауа өткізгіштерді, дөңгелек ұру құрылғыларында (жаяужолдарда) орналастыруға
жол беріледі.
4.4.2.26 Құрылысы салынбаған аумақта орналастырылатын жер асты гараж-
тұрақтар, өзге мақсаттағы ғимараттардан (құрылыстардан) және халықтың демалатын
аймақтарынан, 15 м кем емес қашықтықта орналасқан, жер деңгейінен 3 м кем емес
биіктіктегі, соратын желдету шахталарымен жабдықталуы тиіс.
Түтінді жоюға арналған, жер асты гараж-тұрақтардың үй-жайларында,
ҚР ЕЖ 4.02-101 талаптарына сәйкес келетін, механикалық жолмен іске қосылатын
соратын желдеткіштерді пайдалануға жол беріледі.
4.4.2.27 Қоғамдық және тұрғын ғимараттардың астында орналастырылатын гараж-
тұрақтарда, соратын желдеткіш шахталарды, гараж-тұрақтың нормативтік санитарлық-
қорғаныс аймағының радиусында орналасқан, ең жоғары ғимарат шатыры деңгейінен 2 м
асатын биіктікке шығару қажет.
Аталған гараж-тұрақтар үшін, тартылатын ауаның көлемін, кетірілетін ауа көлемінің
20 % кем емес мөлшерінде қарастыру керек.
23
4.4.2.28 Биіктігі екі қабатқа дейінгі жер үсті тұрақ-гараждарында және І санатты 25
автомобильге дейін сыятын жылытылмайтын тұрақ-гараждарда, табиғи желдетуі бар
соратын шахталарды орнатуға жол беріледі.
4.4.2.29 Жанар-жағармай материалдарын таситын автоцистерналарының жалпы
сыйымдылығы
30 м3 дейінгі,
10-ға жуық автомобиль сақтайтын үй-жайларда,
негізгі вентиляторлар тоқтап қалған жағдайда, автоматты түрде іске қосылатын
резервтік вентиляторларды орната отырып, жарылыстан қорғалған үш еселік ауа алмасу
көлемінде механикалық сорғы желдетудің орнатылуын қарастыру керек.
4.4.2.30 Газ-баллон автомобильдері сақталатын үй-жайларда, сұйытылған табиғи
газдың (СТГ), немесе СКГ ағуына байланысты апатты жағдайдың алдын алу үшін, келесі
шаралар қарастырылуы тиіс:
- әуе ортасын автоматты бақылайтын жүйелерді орнату;
- үй-жайларда және олардан барлық эвакуациялау жолдарында, апатты
жарықтандыру жүйелерін орнату;
- үздіксіз табиғи желдету жағдайларын жасау.
4.4.2.31 Газ-баллон автомобильдері сақталатын үй-жайларда:
- механикалық жалпы алмасатын сорып-тартатын желдеткіш;
- бір рет ауа алмасуға лайықталған табиғи желдету қарастырылуы керек.
Механикалық жалпы ауаны алмастыратын сорып-тартатын желдеткіштерді, табиғи
желдету арқылы кетірілетін ауа көлемін ескере отырып, бензинмен, немесе дизель
отынымен жұмыс істейтін автомобильдер қозғалтқыштарының жұмыс жағдайына есептеу
керек.
4.4.2.32 СКГ-бен жұмыс істейтін газ-баллон автомобильдерін сақтау кезінде және
көп қабатты тұрақ-гараждарда, бір реттік жапы ауаны алмастыру, резервтік соратын
жүйесі бар және резервті жұмысқа автоматты енгізетін, жарылыстан қорғалған,
механикалық жолмен іске қосылатын үздіксіз жұмыс істейтін, соратын желдету арқылы
қамтамасыз етілуі керек.
4.4.2.33 Газ-баллон автомобильдері сақталатын үй-жайларда, оның ішінде
апаттар кезінде де, ауа алмасу арқылы, олардағы СТГ бен СКГ концентрациясын
тұтанудың 10 % төменгі концентрациялық шектен асырмай ұстауды қамтамасыз ету
керек. Көрсетілген ауа алмасуды, негізгі желдету жүйелерімен қамтамасыз ету мүмкін
Барлық соратын желдету жүйелері жарылыстан қорғалған болуы тиіс.
4.4.2.34 Ашық типті гараж-тұрақтар мен функционалдық өрт қауіптілік класы Ф1.4
тең, ғимараттарға кірістірме (жапсарлас) гараж-тұрақтарда, сондай-ақ әр бокстан тікелей
сыртқа шығаберістері бар, бір және екі қабатты гараж-тұрақтарда, түтінге қарсы қорғаныс
жүйесін орнатпауға жол беріледі.
4.4.2.35 Автомобильдерге сервистік қызмет көрсететін үй-жайды жылыту мен
желдетуді, кәсіпорындарға арналған нормалар талаптарын ескере отырып қарастыру
керек.
4.4.2.36 Өртке қарсы қоршаулармен бөлінген, қызмет көрсетілетін қабат немесе үй-
жай шегінен тыс, транзиттік ауа өткізгіштердің отқа төзімділігінің шегі, кемінде ЕІ 30
болуы керек.
24
4.4.3 Электр техникалық құрылғылар, жарықтандыру
4.4.3.1 Автотұрақтардың электр техникалық құрылғыларын, ҚР ЕЖ 4.04-107 сәйкес,
қарастыру керек.
4.4.3.2 Аражабындарды кесіп өтетін, кабельдік желілер, металл құбырларда, немесе
отқа төзімділік шегі кемінде ЕІ 50 коммуникациялық қораптарда (түптерде) төселуі тиіс.
4.4.3.3 Жерасты автотұрақтарында, от таратпайтын қабығы бар электр кабельдерді
қолдану керек.
4.4.3.4 Электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету бойынша, автотұрақ
тұтынушыларын келесі санаттарға жатқызу керек:
а) І-ші санатқа - өртке қарсы қорғаныста, оның ішінде автоматты өрт сөндіру және
автоматты сигнализацияда, түтінге қарсы қорғаныста, өрт сөндіру бөлімшелерін
тасымалдауға арналған лифтерде, өрт туралы құлақтандыру жүйелерінде, өртке қарсы
қақпа механизмдерінің электр жетегінде, газ-баллон автомобильдері сақталатын үй-
жайлардағы, әуе ортасын автоматты бақылау жүйелерінде қолданылатын электр
қондырғылары;
б) ІІ санатқа - лифтердің және автомобильдердің жылжуына арналған, басқа да
механикаландырылған құрылғылардың электр жетектері;
в) қол жеткізгісіз қақпаны ашу механизмдерінің электр жетектері және шығуға үнемі
дайын автомобильдер тұрақтарының апатты жарықтандырылуы;
г) ІІІ санатқа
- автотұрақтардың технологиялық жабдықтарында қолданылатын
қалған электр тұтынушылары.
4.4.3.5 Автомобиль автотұрақтарында жарықтандыруды, ҚР ЕЖ
2.04-104
талаптарына сәйкес, ұйымдастыру қажет.
4.4.3.6 Қозғалыс бағытын көрсететін шамдалдар, бұрылыстардың жанында, еңістер
өзгерген жерлерде, рампаларда, қабаттарға кіреберістерде, қабаттардағы және баспалдақ
торларына кіреберістер мен шығаберістерде орнатылады.
Қозғалыс бағытының көрсеткіштері, кез-келген нүктеден тікелей көріну шегінде,
еденнен 2 м аспайтын және 0,5 м кем емес биіктіктерде, эвакуациялау жолдары мен
автомобильдерге арналған өтетін жолдарда орнатылады.
4.4.3.7 Кірістірме аккумуляторлы жарық көрсеткіштерін пайдалану кезінде, олардың
сыйымдылығы көрсеткіштердің бір сағаттан кем емес уақыт бойы үздіксіз жұмыс істеуін
қамтамасыз ету керек.
Көрсеткіштерді, апатты (эвакуациялық) жарықтандыру желісінің шамдалдарымен
жарықтандырылған жағдайда, оларды жарық көрсеткіштері түрінде жасамауға жол
беріледі.
4.4.3.8 Өртке қарсы қорғаныстың техникалық құралдарымен жабдықталған тұрақ-
гараждарда, апатты (эвакуациялық) жарықтандыру желісіне:
- әр қабаттағы эвакуациялық шығаберістердің;
- автомобильдер қозғалатын жолдардың;
- өрт сөндіру техникасын қосуға арналған, жалғастырғыш бастар орнатылған
жерлердің;
- ішкі өрт сөндіру крандары мен өрт сөндіргіштер орнатылған жерлердің, жарықтық
көрсеткіштері қосылуы керек.
25
4.4.3.9 Жабық типті автотұрақтарда, әр қабатқа кіреберістерде, электрлендірілген
өрт-техникалық жабдықты 220 В кернеумен пайдалану мүмкіндігі болу үшін, электрмен
жабдықтау желісіне І-ші санат бойынша қосылған, розеткалар орнатылуы тиіс.
4.4.3.10 Гараж-тұрақтар мен тұрақтар үй-жайларындағы байланысты, сигнализация
және инженерлік жабдықты диспетчерлеу құрылғысын нормативтік құжаттар
талаптарына сәйкес жобалау қажет.
4.4.3.11 Ауыр жарылыс қауіпті газдардың кіруі мүмкін болатын үй-жайлардың
ішіндегі әуе ортасын бақылау жүйесі іске қосылған жағдайда, жұмысын тоқтатпайтын
жүйелер мен қондырғыларды, қуат алатын трансформаторлық шағын станцияларды,
бөлгіш және топтық қалқандар үй-жайларын, электр қондырғыларын орнату ережелерінің
талаптарына сәйкес жобалау керек. Бұл жағдайда, аталған электр техникалық үй-
жайларды, осы үй-жайлардың қозғалтқыштары, сұйытылған көмірсутек газымен жұмыс
істейтін автомобильдер сақталатын үй-жайлармен шектес қабырғалардың саны біреуден
артық болатындай орналастыруға жол беріледі.
4.4.3.12 Әр бокстан тікелей сыртқа шығаберістері бар, боксты бір және екі қабатты
гараж-тұрақтарда эвакуациялық шығаберістерінде жарық көрсеткіштерін орнату талап
етілмейді.
4.4.4 Автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт сигнализациясы
4.4.4.1 Өрт сөндіру жүйесін автоматты орнату типін, сөндіру тәсілін және өрт
сөндіретін құралдардың түрін жобалау ұйымы, қорғалатын үй-жайдың технологиялық,
конструктивті және көлемдік-жоспарлық ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Белгіленген
тәртіппен сертификатталған, өздігінен іске қосылатын (ұнтақтық, аэрозольдық және т. б.)
модульдер мен жүйелерді пайдалануға жол беріледі.
4.4.4.2 Автомобильдерді сақтайтын үй-жайларында, автоматты өрт сөндіруді жабық
типті автотұрақтарда қарастыру керек:
а) қабаттылығына қарамастан жерасты автотұрақтарда;
б) екі және одан астам қабатты жерүсті автотұрақтарда;
в) ауданы 7000 м2 және одан астам, отқа төзімділік дәрежесі І, ІІ және ІІІ, ауданы
3600 м және одан астам С0 класты отқа төзімділік дәрежесі IV, С1 класты - 2000 м2 және
одан астам, С3 - 1000 м2 бастап және одан астам бір қабатты жерүсті автотұрақтарда; бұл
ғимараттарда автомобильдер оқшауланған бокстарда сақталған жағдайда
- бокстар саны
5 асқан жағдайда;
автотұрақтарда;
д) жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған автомобильдер
сақталатын үй-жайларда;
е)
көпірлердің, эстакадалардың, жол өтпелерінің астында орналасқан
автотұрақтарда;
ж) механикаландырылған автотұрақтарда;
и) өзге мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас, немесе 10 машина орнынан аспайтын
сыйымдылықпен осы ғимараттарға кірістірме автотұрақтарда қарастырған жөн.
26
4.4.4.3 Құрылыс салынбаған аумақта орналастырылатын, сыйымдылығы 25 машина
орнына дейінгі, бір қабатты жерасты автотұрақтарда, автоматты өрт сөндіруді
қарастырмауға жол беріледі.
4.4.4.4 Бокстары оқшауланған, 4.3.2.2.1 талаптарына сай келетін, автотұрақтарда әр
бокста модульдік өрт сөндіру қондырғылары
(өздігінен іске қосылатын модульдер)
қолданылған жағдайда, бокстардың арасындағы өтетін жолдарда автоматты өрт сөндіруді
қарастыру талап етілмейді. Бұл жағдайда, аталған өтетін жолдар: қабаттағы өтетін
жолдардың ауданы 500 м2 дейін болғанда - әр қабатқа 1 дана, 500 м2 жоғары болғанда -
әрбір қабатқа
2 дана есебінен, әр қабат жылжымалы өрт сөндіргіштерімен
(ОП-50,
ОП-100 типті) жабдықталуы тиіс.
Автомобильдерге, сервистік қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда, автоматты өрт
сөндіруді орнату қажеттігі, автомобильдерге қызмет көрсететін кәсіпорындарға арналған
норма талаптарына сәйкес, анықталады.
4.4.4.5 Автоматты өрт сөндіру сигнализациясымен:
а) ауданы 4.4.5.2 көрсетілген ауданнан төмен, немесе автомашиналар саны 25 дейін
қоса алғанда, жабық типті бір қабатты жер үсті автотұрақтар;
б) бокстарда модульдік өрт сөндіру қондырғылары
(өздігінен іске қосылатын
модульдер) қолданылған жағдайда, оқшауланған бокстар және олардың арасындағы
өтетін жолдар;
в) автомобильдерге сервистік қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар жабдықталу
керек.
Кезекші қызметкерлер тәулік бойы болатын үй-жайларды, автоматты өрт сөндіру
сигнализациясымен жабдықтамауға жол беріледі.
4.4.4.6 Қабаттар саны екі және одан жоғары, сыйымдылығы 100 машина орнына
дейінгі жабық типті жер үсті автотұрақтар (әрбір бокстан тікелей сыртқа шығатын жолдар
мен механикаландырылған автотұрақтар бар автотұрақтарды қоспағанда)
1-ші типті,
сыйымдылығы 100 машина орындарынан астам автотұрақтарда - 2-ші типті хабарлау
жүйелерімен, белгіленген нормалар бойынша, жабдықталуға тиіс.
Қабаттарының саны екеу және одан көп жер асты автотұрақтар 9-кестеге сәйкес
хабарлау жүйелерімен жабдықталуы керек.
9-кесте - Хабарлау жүйелерімен жабдықтау
Сыйымдылығы
Машина орындарының саны
Хабарлау жүйесінің типі
а) сыйымдылығы кезінде
50 машина орнына дейін
- 2-ші типті;
50 жоғары 200
б) сондай
"
- 3-ші типті;
дейін
в) сондай
200 жоғары
"
- 4-ші немесе 5-ші типті.
27
4.5 Тұрақтарды пайдалану
4.5.1 Автомобильдердің жүру жолдарын және негізгі мақсатты нүктелерін
(қабаттардағы шығаберістерді, өрт сөндіру крандары, өрт сөндіргіштер орнатылған
жерлерді және т. б.) белгілеу үшін жарқырайтын бояулар мен люминесценттік
жабындарды пайдаланған жөн.
4.5.2 Конструкциялардың ашық беті қапталған, арнайы оттан қорғайтын жабындар
мен сіңдіретін материалдар бұзылған жағдайда
(толығымен немесе жартылай істен
шыққан жағдайда), немесе сол жабындар мен сіңдіретін материалдардың техникалық
құжаттамасында белгіленген пайдалану мерзіміне сәйкес, мерзім сайын қалпына
келтірілуі, немесе ауыстырылуы тиіс.
4.5.3 Сыртқы өтетін жолдар (пандустар) және сыртқы сатылар қар мен мұздан
тазартылып тұруы керек.
4.5.4 Автомобильдерді сақтауға арналған жеке бокстарды жөндеу жұмыстарын
жүзеге асыруға арналған, үй-жайлар ретінде, қайта жабдықтауға немесе пайдалануға жол
берілмейді.
4.5.5 Автомобильдер сақталатын үй-жайлар мен рампада, гараж-тұрақта шылым
шегуге тыйым салынатындығы туралы көрсеткіштері болуы керек.
4.5.6 Гараж-тұрақтар, қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес,
бастапқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы тиіс.
4.6 Халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін қолжетімділік
4.6.1 Халықтық мүмкіндігі шектеулі топтарына қызмет көрсететін және олар
тұрақты болатын жерлер, үй-жайлардан эвакуациялық шығаберістерден, мейлінше, ең
төменгі арақашықтықта, ғимараттар қабаттарынан сыртқа қарай орналастыру керек.
4.6.2 Көру қабілеті кем мүгедектер үшін жалпы және жергілікті жарықтандыру
қарастырылу керек. Оңтайлы жарық көздерін таңдау кезінде жарық көзінің жарық беруін,
жарық түсін ескеру қажет.
4.6.3 Көру қабілеті жеткіліксіз адамдар мен кресло-арбаны пайдаланатын мүгедектер
үшін ерлер мен әйелдерге арналған санитарлық тораптарды іргелес орналастыруға жол
берілмейді.
4.6.4 Екінші және одан жоғары қабаттардан эвакуациялау жолы болып табылатын
пандус ғимараттан, құрылыстан сыртқа шығаберіспен тікелей байланысты болуы тиіс.
4.6.5 Егер жоба бойынша, халықтың мүмкіндігі шектеулі топтарының дер кезінде
эвакуациялануын қамтамасыз ету мүмкін болмаса, онда оларды құтқару үшін,
эвакуациялау жолдарында, олар құтқару бөлімшелері келгенге дейін болатын қауіпсіздік
аймақтарын қарастыру керек. Эвакуациялау жоспарларында, қауіпсіздік аймақтарының
орналасқан жерлері белгіленуге тиіс.
4.6.6 Қауіпсіздік аймағы ретінде, өрт бөлімшелерін тасымалдауға арналған лифтілер
холын, сондай-ақ халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары пайдаланатын лифтілер холын
пайдалануға жол беріледі. Бұл лифтілер өрт бөлімшелерін тасымалдауға арналған
лифтілерге ұсынылатын талаптарға сәйкес, автоматтандырылуы және өртке қарсы
28
қорғаныс жүйелерімен жарықтандырылуы тиіс. Аталған лифтілер өрт кезінде
мүгедектерді құтқаруға да пайдаланылады.
4.6.7 Алып жүрушісі бар, кресло-арбадағы мүгедектің пайдалануына арналған
лифтілерді қолданған жөн. Олардың кабиналарының ішкі өлшемдері: ені - 1100 м кем
емес және тереңдігі - 1400 мм кем болмауы керек.
4.6.8 Кірістірме, оның ішінде жерасты автотұрақтардағы лифтілердің, оның ішінде
алып жүрушісі бар, кресло-арбадағы мүгедектердің қозғалуы үшін бейімделген
лифтілердің көмегімен, ғимараттың функционалдық қабаттарымен тікелей байланысты
болуы тиіс. Бұл лифтілер және оларға апаратын жолдар, арнайы белгілермен көрсетілуі
керек.
4.6.9 Қызмет көрсету мекемелері ғимараттарының учаскесіндегі, жанындағы немесе
ішіндегі жеке автотұрақтарда, мүгедектердің көліктеріне арналған орындарды бөліп қою
керек. Олардың
50 % кресло-арбадағы мүгедектердің автокөліктеріне арналған
мамандандырылған орындар болуға тиіс. Бөлінетін жерлер халықаралық тәжірибеде және
ЖҚЕ (жол қозғалысы ережелерінде) қабылданған және тұрақ жазықтығында орнатылған
белгілермен белгіленуге және тік жазықтықта (қабырғада, бағанада, тіреуіште және т. б.)
белгімен қайталануы тиіс.
4.6.10 Мүгедектердің жеке автокөліктеріне арналған орындарды, мүгедектерге
қолжетімді кіреберістің жанынан, бірақ 50 м әрі емес, ал тұрғын ғимараттардың жанында
- 100 м әрі емес орналастыру керек.
Жолдың жиегіне параллельді орналасқан тұраққа қою орындарының өлшемдері,
пандусты немесе көтергіш құралды пайдалану үшін, автомобильдің артқы бөлігінің
жанынан қолжетімділікті қамтамасыз ету керек.
4.6.11
Көп деңгейлі паркингтердегі,
арба-креслодағы
мүгедектердің
автомашиналарына арналған орындар, бірінші қабаттағы шығаберістің жанында немесе
лифттердің жанында орналасуы керек.
4.6.12 Автотұрақтарға кіргенге және шыққанға дейінгі, ең аз арақашықтықты, жеңіл
сәйкес, ал осы кәсіпорынның әкімшілік және тұрмыстық ғимараттарына дейін - кемінде
50 м қабылдау керек.
4.7 Қоршаған ортаны қорғау
4.7.1 Қазақстан Республикасының шағын, орташа, үлкен өзендер мен су
қоймаларының, сондай-ақ су айдындарының жағалау шегіне автотұрақтар орналастыруға
тыйым салынады.
4.7.2 Тұрақтардың шатырлары мен аумағынан, жаңбыр және еріген суларды бұру
үшін жаңбыр канализациясының жүйесін қарастыру керек.
4.7.3 Сыйымдылығы 100 автомобильден асатын тұрақтарды орналастыру кезінде,
тұрақтар аумағынан жаңбыр ағындарын тазалайтын тазалау құрылғыларын қарастыруы
қажет.
4.7.4
4.3.1.6 көрсетілген үй-жайлардан ағатын шаруашылық-тұрмыстық және
технологиялық ағынды суларды,
қалалық шаруашылық-тұрмыстық канализация
29
жүйесіне, ол болмаған жағдайда - кейіннен тазартылған ағынды суларды, су айдынына
тастау арқылы жобаланатын тазартқыш құрылыстарға бұру қажет.
4.7.5 Тұрақтарды салуға арналған алаңды таңдау кезінде, олар орналасатын ауаның
атмосфералық ауасының құрамындағы зиянды заттардың, фондық шоғырланымын ескеру
қажет.
Паркингтерді көп пәтерлі тұрғын ғимараттардың астында орналастырған кезде,
жоғарғы тұрғын қабаттарды, пайдаланылған газдан оқшаулау бойынша шаралар
қарастырылуы керек.
4.7.6
«Қоршаған ортаны қорғауª тарауының құрамында барлық жобаланатын
тұрақтар үшін (қайта салынған немесе реконструкциялауға немесе кеңейтуге жататын),
атмосфераға жалпы шығарындыларды және атмосфера құрамындағы зиянды заттардың
төмен шоғырланымын есептеу қажет.
4.7.7 Тұрақтарды салу кезінде, аумақты көгалдандыру мен көріктендіру бойынша
шаралар қарастырылуға тиіс.
4.7.8 Қалалардың тұрғын үй құрылыстарын салу және реконструкциялау кезінде,
жоспарланған қоғамдық нысандар қызметкерлерінің автомобильдеріне арналған
тұрақтарды жер асты деңгейінде орналастыру керек.
4.7.9 Қалалардағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында, автотұрақтардың,
ең алдымен жер асты және жартылай жер асты автотұрақтардың шатырларында, сәулет-
ландшафтық нысандарды - «жер үсті бақтарынª жасауды қарастыру керек. Көгалдандыру
4.7.10 Гараж-тұрақ пен тұрақтардың аумағында қатты тұрмыстық қалдықтар мен
пайдаланылған майларды бөлек жинауға арналған контейнерлерді орнатуды қарастыру
керек.
4.7.11 Автотұрақтардың қоршаған ортаға кері әсер етуіне жол бермеу үшін,
ағындарды тазарту және зарарсыздандыру, технологиялық және желдету
шығарындыларын ұстау және тазалау, пайда болған қалдықтарды дер кезінде жою,
зарарсыздандыру және кәдеге жарату бойынша шараларды орындау қажет.
4.7.12 Гараждар мен тұрақтарды жобалау кезінде, бөлінетін жер телімдерінің
аудандарын қысқарту үшін: құрылыстар қабаттылығын, оның ішінде оларды жерасты
бөлігінің есебінен жоғарылату; құрылыстардың сыйымдылығын манеждік үй-жайларды
және жартылай рампалы, еңісті және еңісті-бұрандалы кіру және шығу жүйелерін пайдалана
отырып арттыру; көпшілік баратын нысандармен шектесетін гүлзарлар мен көшелердің
астындағы аумақтарды пайдалану; көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдерді
сәйкестендіруді қарастыру керек.
4.7.13 Қоршаған ортаны қорғау үшін көгалды тұрақтарды құру оңтайлы тәсіл болып
табылады, яғни:
1) Жоспарлау:
- тұраққа қоятын орындардың санын азайту (жұмыскерлердің жұмыс орнына дейін
қоғамдық немесе корпоративтік көліктермен жетуге мүмкіндігі болуы үшін, нысандарды
көлік артерияларының жанына салу);
30
- тұраққа қоятын орындарды азайту (18 м2 дейін), осы орындар автомобильдердің
көпшілігі үшін жеткілікті болады
(шағын автомобильдерге арналған тұраққа қою
орындары);
- тұраққа қоятын жерді бірнеше мекемелердің пайдалануы (күндік тұраққа қоятын
жерді ұйым қызметкерлері, ал кешке мейрамханаға келушілер пайдаланады);
- тұраққа қоятын жерді және оның түрін өзгертү (автотұрақты ғимараттың артына
орналастыру, оны бөліктерге бөлу).
2) Нөсерлі ағындарды басқару. Көгалды тұрақ және онымен іргелес аумақтар артық
суларды тиімді ұстап қалуға, ластағыш заттарды кетіруге және жаңбыр суын бөгейтін,
сүзетін және топыраққа жинайтын инфильтрациялық жүйелерді (тасқа немесе басқа
кеуекті материалға толтырылған, немесе жаңбыр суының жылдамдығын баяулататын
қалың өсімдіктер отырғызылған терең емес арықтар мен ойпаңдарды) салудың есебінен
судың топыраққа инфильтрациялануына жағдай жасалуы тиіс.
3)
Дәстүрлі асфальттың орнына, сіңіретін және сіңірмейтін ақшылдау
материалдарды: қиыршық тасты, табиғи тасты, гүлзар шөбі отырғызылатын бетон, немесе
пластикалық гүлзар торларын пайдалану.
4) Автомобиль қоятын жерді жасыру, тұраққа қойылатын автомобильдер мен
ғимараттың арасына нақты бөгет салу, тұраққа қоятын жерді аралшықтарға бөлу және
т.б. үшін жасыл көшеттерді пайдалану.
5 ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ
ПАЙДАЛАНУ
5.1 Автотұрақтар ғимараттары мен имараттарының энергия тиімділігін арттырудың
ұсынылатын техникалық құралдары:
а) баламалы энергия көздерін пайдалану;
б) қасбеттер мен шатырлардың жақсартылған жылу оқшаулағышы.
5.2 Автомобиль тұрақтарының энергия тиімділігін арттыру үшін, желдету
жүйелеріндегі желдеткіште санитарлық-гигиеналық талаптарды міндетті түрде ескере
отырып, ауа алмасуды азайту арқылы энергияның үнемделуін алдын ала қарастырған жөн.
5.3 Энергияны үнемдеу мақсатында ғимараттардың әкімшілік (кеңселік) бөлігінен
пайдаланылған ауаны, жер асты автотұрағын желдету үшін тартатын ауа ретінде
пайдалану бойынша, шешімдерді қабылдау қажет. Бұл жағдайда кеңсе аймағын желдету
жүйелері мен автотұрақты пайдалану режимдері үйлестірілген болу керек.
5.4 Электр энергиясы шығындарының азаюы, автотұрақтарды жарықтандыру үшін
люминесценттік немесе басқаша айтқанда, жарық шығаруы жақсырақ энергия үнемдейтін
шамдарды қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар паркингтерді жарықты автоматты
сөндіргішпен қамтамасыз ету, қозғалыс датчиктерін пайдалану қажет.
Жерасты паркингтерде тек қана қозғалыс датчиктері мен күш релесі бөлек
орнатылған жабдықтарды пайдалану керек.
5.5 Адамдар автомобильге кіріп және одан шығып жатқанда, паркингтің негізгі
жарықтандырылуын қамтамасыз ету үшін, күш релесінің сөндірілуін 2-3 минутқа бөгейтін
31
құрылғы орнату қажет. Сондай-ақ жарықтандыруды басқару жүйесінде, жай сөндіргіштің
көмегімен қолмен басқару мүмкіндігі сақталуы тиіс.
5.6 Экономикалық есеп, экология талаптары, сондай-ақ автомобиль тұрақтарындағы
табиғи көздерде, судың шектеулі қоры бойынша, суды екінші рет пайдалану және
техникалық сумен жабдықтаудың айналма жүйесі ұсынылады.
5.7 Автомобиль тұрақтарына арналған имараттар мен ғимараттарды салу бойынша
жұмыстарды орындау кезінде, табиғи ресурстарды оңтайлы жұмсаудың келесі бағыттарын
қарастыру қажет:
- қолданыстағы нормативтерге сәйкес, тұрақты, уақытша және бір рет пайдалану
үшін бөлінетін жер алаптарын қысқарту, ауыл шаруашылық алқаптарды, ормандарды
барынша үнемдеу;
- табиғи ресурстар имараттарында
(топырақ, минералдық материалдар, орман,
топырақ және т. б.) пайдалану көлемін азайту;
- пайдалану үшін бөлінген жерлердің құнарлы топырақ қабатын сақтау, бұзылған
жерлердің құнарлығын қалпына келтіру;
- эрозияның, құрғақшылықтың, батпақтанудың, көшкіндердің, шөгінділердің және
т. б. пайда болу мүмкіндігінің алдын алу, сондай-ақ пайдаланудың салдарынан, табиғи су
айдындарының гидрологиялық және биологиялық режимдерін өзгерту.
32
А ҚОСЫМШАСЫ
(ақпараттық)
Автотұрақтар типологиясы
Жеңіл автомобильдерге арналған автотұрақтар:
- өзге мақсаттағы нысандарға қатысты;
- жер деңгейіне қатысты орналасуы бойынша жіктеледі.
А.1-кесте - Автомобиль тұрақтарының типологиясы
1.1.1 Ашық сақтайтын
1.1 Ұйымдастырылған, жерүсті
1 Жазық
1.1.2 Жабық сақтайтын (бокстар,
автотұрақтар
тенттер)
1.2 Ұйымдастырылмаған (осы құжатта қарастырылмаған)
2.1.1 Жерүсті
2.1 Бөлек тұрған
2.1.2 Жерасты
2.1.1.1 Ашық
2.1.1.2 Жабық
2.1.3 Модульдік, тез
2 Автотұрақтар
салынатын
ғимараттары,
2.1.4 Опырайтылған
имараттары
2.2 Жапсарлас
2.2.1 Жерүсті
2.2.2 Жерасты
2.2.1.1 Ашық
2.2.1.2 Жабық
2.3 Кіріктірме
2.3.1 Жерүсті
2.3.2 Жерасты
3.1.1 Автомобильдерді сақтау
3.1 Жерүсті
платформаларына тиейтін бөлек
механикаландырылған тұрақ
тұрған мобильді көп ярусты
құрылғы
3 Көлік қоятын
3.1.2 Ғимараттарға жапсарлас
орындарды
автомобиль лифтілері
орналастыру
3.2 Дебаркадердегі жүзбелі
3.2.1 Бір деңгейлі
тұрақ
3.2.2 Көп деңгейлі
Аталған типтерден басқа құрама типтер де қолданылады - ашық-жабық, кірістірме-
жапсарлас, жер асты-жер үсті, жолдан әкету тұрақтары.
Сонымен қатар төмендегілер бойынша сыныптамалары бар:
а) сақталу ұзақтығы (тұрақты, уақытша, маусымдық сақтау);
б) есептеу жүйелерінің автоматтандырылу дәрежесі;
33
в) жылытылу жағдайлары (жылытылатын немесе жылытылмайтын автотұрақтар);
г) автокөлік құралының қозғалысының ұйымдастырылуы
- жүргізушінің
қатысуымен және қатысуынсыз;
д) сақтаудың ұйымдастырылуы - манеждік, бокстық, ұяшықты, ярустық;
е) тұрақ-гараждардың биіктігі - бір деңгейлі және көп деңгейлі;
ж) автомобильдердің қабаттар арасында қозғалу тәсілі
- рампалық, жартылай
механикалық
(рампалар жүк таситын лифтімен үйлестірілген), механикалық
- жүк
таситын лифтілері бар, автоматтандырылған;
и) қала құрылысында орналасуы бойынша - қала құрылысының жалпы қалалық мәні
бар нысандарының аймағында
(қоғамдық, спорттық, мәдени, сауда орталықтары,
вокзалдар, әуежайлар және т. б.), коммуналдық және басқа да тұрғын емес аймақтарда,
тұрғын аймақта, оның ішінде: аудандық, кварталішілік, аулалық, қала көлігі аймағында
(алаңдар, көшелер, жол айрықтары, көпірлер).
34
Б ҚОСЫМШАСЫ
(міндетті)
Автотұрақтардан әртүрлі мақсаттағы ғимараттар мен аумақтарға дейінгі
арақашықтық
Б.1-кесте - Автотұрақтардан әртүрлі мақсаттағы ғимараттар мен аумақтарға
дейінгі арақашықтық
Нысандарға дейін есептелетін
Арақашықтық, м
арақашықтық:
Ашық автотұрақтар мен паркингтер,
сыйымдылығы, машина орындары
10 және одан
11-50
51-100
101-
300
төмен
300
жоғары
1 Ғимараттарға дейін:
терезелері
бар
тұрғын
үйлердің
10
15
25
35
50
қабырғаларына дейін
терезелері
жоқ тұрғын үйлердің
10
10
15
25
35
қабырғаларына дейін
балалар, білім беру мекемелері мен емдеу
10
10
15
25
35
стационарларынан
басқа
қоғамдық
ғимараттар
2 Учаскелерге дейін:
мектептер,
балалар,
білім
беру
15
25
25
50
50
мекемелерінің, КТУ, техникумдардың,
демалыс, ойын және спорт алаңдарының
аумақтарына дейін
емдеу стационарларының аумақтарына,
25
50
50
60
60
көпшілік пайдаланатын ашық спорт
имараттарына,
залықтың
демалыс
орындарына
(бақтар,
гүлзарлар,
саябақтар) дейін
Ескертпелер
1 Сыйымдылығы
500 астам машина
орындарын
құрайтын
жер үсті
гараж-тұрақтарды,
паркингтерді, автотұрақтарды өнеркәсіптік және коммуналдық-қойма аймақтарының аумағында
орналастырған жөн.
2 Тұрғын үй мен қоғамдық ғимараттар астына орналастырылған жерасты гараж-тұрақтардан
шығатын желдету лақтырындылары ғимараттың ең жоғарғы бөлігі шатырынан
1,5 м биік
ұйымдастырылуы тиіс.
3 Жерасты гараж-тұрақтардың пайдаланылатын жабынында демалыс, балалар, спорт, ойын
алаңдарын және басқа да имараттарды пайдаланылатын жабынды көгалдандыру және атмосфераға
шығарынды сағасында ШРК қамтамасыз ету шарты орындалған жағдайда, желдету шахталарынан,
кіреберіс-шығаберістерден, өтетін жолдардан 15 м қашықтықта орналастыруға жол беріледі.
35
В ҚОСЫМШАСЫ
(ақпараттық)
Габариттеріне байланысты автомобильдер өлшемдері
В.1-кесте - Габариттеріне байланысты автомобильдер өлшемдері
Автомобильдің габариттік өлшемдері, м
Автомобильдер санаты
ұзындығы бойынша
ені бойынша
6 дейінгіні қоса
2,1 дейінгіні қоса
I *
алғанда
алғанда
II
6 жоғары 8 дейін
2,1 жоғары 2,5 дейін
III **
8 жоғары 12 дейін
2,5 жоғары 2,8 дейін
IV
12 жоғары
2,8 жоғары
_______________
* Оның ішінде арбалары бар және арбалары жоқ мотоциклдер, мотороллерлер және мопедтер.
** Оның ішінде біріктірілген автобустар
Ескертпелер
1 Ұзындығы немесе ені бойынша габариттік өлшемдері кестеде келтірілген габариттік өлшемдерден
айрықша автомобильдік санаты жоғары (реті бойынша) санатқа жататын өлшем бойынша анықталу керек.
2 Автопойыздардың санаты тартқыш-автомобильдердің габариттік өлшемдері бойынша анықталады.
36
*Г ҚОСЫМШАСЫ
(ақпараттық)
(Толықтырылды - ҚТҮКШІК 26.12.2018 ж. №275-НҚ бұйрық)
Жабық жер асты және жер үсті автомобиль тұрақтары үшін ағысты желдету
және түтінді жою жүйелері
Г.1 Жалпы талаптар
Автомобильдердің жабық жер асты және жер үсті тұрақтарындағы ағынды желдету
жүйелері қолданылады:
- зиянды газ бөлінуін сұйылту және жою үшін (ағынды-сору жалпы алмастырылатын
желдету);
- газ тәріздес жану өнімдерін жоюды қамтамасыз ету, эвакуациялау жолдарында
түтінді газдардың температурасын төмендету үшін (ағынды-сору түтінге қарсы желдету).
Г.1.1 Автомобиль тұрақтарының ағысты желдету жүйесі ҚР ҚН
4.02-01
нормативінің 8.16-тармағына сәйкес, ағынды-сору жалпы алмастырылатын желдету және
ағынды-сорудың түтінге қарсы желдету жүйелерінің келесі функциялармен жұмыс істеуін
біріктіреді:
- ағынды-сору жалпы алмастырылатын желдету жүйесі зиянды газ бөлуді сұйылту
және жою үшін таза ауаның келуін қамтамасыз етеді;
- ағынды-сору түтінге қарсы желдету жүйесі автомобильдердің жануы жағдайында
жану өнімдерін жояды, түтіндену қаупінің алдын ала отырып, 1,2 м биіктікте адамдар мен
мүлікке түтіннің температурасы мен әсерін төмендетеді.
Г.1.2 Ағысты желдету жүйесі келесі негізгі элементтерден тұрады:
- табиғи немесе механикалық іске қосылатын желдетумен таза ауаның ағынды
шахталары;
- сору шахталарының бағытына паркингтің барлық көлемі бойынша ауаның орын
ауыстыруын қамтамасыз ететін ағысты желдеткіштер;
- желдету жұмыстарының жалпы алмастырылатын және түтінге қарсы тәртіптерін
біріктіретін ауаны механикалық шығаратын сору шахталары;
- тұншықтырғыш улы газ СО құрылғылары (датчиктері);
- дыбыстық және дабылдық құлақтандырғыштар;
- ағынды-сору және ағынды-сорудың түтінге қарсы желдету жүйелерін автоматты
тәртіпте басқару.
Г.1.3 Таза ауа ағыны ҚР ҚН 4.02-01 нормативінің (7.1.3 және 7.1.4-тармақтарына)
сәйкес табиғи немесе механикалық іске қосылатын желдетумен қамтамасыз етіледі.
Құйылатын ағынды ойықтардың геометриялық өлшемдері олардағы ағынды ауаның
жылдамдығын 2 м/сек артық емес қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы керек.
сәйкес ағынды және сору ауасының шығыны арасындағы теңгерім қамтамасыз етіледі.
Г.1.5 Ағысты желдету жүйесі ҚР ҚН 4.02-01 нормативінің (8.2-тармағына) сәйкес
әрбір өрт сөндіру бөлігі үшін дербес (автономды) болуы керек.
37
Г.1.6 Ағысты желдету жүйелерінде тұншықтырғыш улы газ - СО мөлшерін өлшеуге
арналған аспаптарды және ҚР ЕЖ 3.05-105 нормативінің (4.4.2.5, 4.4.2.13-тармақтарына)
сәйкес СО - тұншықтырғыш улы газды бақылау бойынша тиісті дабылдық аспаптарды
орнатуды қарастыру керек.
Г.1.7 Ағынды-сору жалпы алмастырылатын желдету тәртібіндегі ағысты желдету
жүйесі шоғырланудың әр түрлі деңгейлеріне реттелетін, тұншықтырғыш улы газ СО
құрылғысының дабылы бойынша басқарылады.
Г.1.8 Ағысты желдету жүйесі ҚР ҚН 3.03-05 нормативінің
(5.6.3.5-тармағына)
сәйкес өртке қарсы жүйелерді басқару дабылынан түтінді шығару тәртібіне өтеді.
Г.1.9 Өртке қарсы тосқауылдар мен тамбур-шлюздердегі есіктер мен қақпалар ҚР
ҚН 3.03-05 нормативінің
(5.3.13-тармағына) сәйкес өрт кезінде оларды жабудың
автоматты құрылғыларымен жабдықталуы керек.
Г.1.10 Ағысты желдету жүйесінде
- реверсивті және бір бағытты әрекет
қағидаттарының ағысты желдеткіштерін пайдалануға рұқсат етіледі.
Г.1.11 Ағынды желдету жүйесі тізбекті орналастырылған ағынды желдеткіштерден
(немесе ағынды желдеткіштер қатарынан) тұрады. Ағынды желдеткіштер автотұрақтың
барлық аймақтарының біркелкі ауа алмасуын қамтамасыз етуі, сондай-ақ конденсат пен
көгерудің пайда болуын болдырмауы керек.
Г.1.12 Ағысты желдеткіштер автомобиль тұрақтарының төбе жабынының
астындағы кеңістігінде орналасуы керек.
Г.1.13 Реверсивтік тәртіпте реактивті желдету жүйелерін, олардың экономикалық
тиімділігін негізге ала отырып, пайдалануға рұқсат етіледі. Сонымен қатар ағынды және
соратын (тарту) шахталарының жабдықтары өзара бірін-бірі алмастыруды қамтамасыз
етуі керек.
Г.1.14 Түтінді жоятын (реверсивтік) желдеткіштер кемінде 400 °C температура
кезінде шығарылатын түтінді газдардың 2 сағат бойы апаттыз және тиімді жұмыс істеуіне
есептелуі керек. Түтінді жоятын
(бір бағыттылық) желдеткіштер кемінде
300
°C
температура кезінде шығарылатын түтінді газдардың 1 сағат бойы апаттыз және тиімді
жұмыс істеуіне есептелуі керек.
Г.1.15 Ағысты желдету жүйесінің үзіліссіз және сенімді жұмысын қамтамасыз ететін
желдету жабдықтарын орналастыруды компьютерлік CFD модельдеу әдісімен анықтайды.
Г.1.16 Түтінді жоюдың ағынды және сорғыш желдеткіштері ҚР ЕЖ
4.02-101
нормативінің 9.13-тармағына сәйкес жойылатын түтінді газдардың температурасын есепке
ала отырып таңдалады.
Г.2. Автомобиль тұрақтарының ағысты желдету жүйелерін жобалау үшін
бастапқы деректерді таңдау қағидалары
Г.2.1 Ағысты желдету жүйелерінің сұлбасы мен параметрлерін таңдау
Г.2.1.1 Автомобиль тұрақтарының ағысты желдету жүйесінің сұлбасы мен
параметрлерін таңдауды мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асыру қажет:
- автомобиль тұрақтарының желдету жүйесі жұмысының жалпы алмастырылатын
38
тәртібіндегі Г.2.5.1-тармағына сәйкес, ауа ортасының параметрлерін қамтамасыз ету;
- өрт кезінде түтінді газдардан бос шығулар арқылы адамдарды қауіпсіз
эвакуациялауды қамтамасыз ету;
- өрт сөндіру бөлімшелерінің апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізулері үшін
жағдайын жасау.
Г.2.1.2 Желдету ағынының <= 360° бұрышына бұрылуын қамтамасыз ететін ағысты
желдеткіштерді қолдануға рұқсат етіледі.
101 нормативіне сәйкес түтінді газдардың есептік шығынына сүйене отырып таңдалады.
Г.2.1.5 Түтінге қарсы желдетудің түтінді жою желдеткішінің өнімділігін өрт кезінде
автомобиль тұрақтарының ауа алмасуын есептеу нәтижелері бойынша таңдайды (4-
бөлімді қараңыз).
Г.2.1.6 Автомобиль тұрағының жалпы алмастырылатын тәртіптегі ағысты желдету
жүйесі жұмысының ауа алмасуы ағынды-сору желдеткішімен қамтамасыз етілуі керек.
Г.2.1.7 Тұншықтырғыш улы газ СО деңгейіне байланысты паркингте (тұрақтарда)
ағысты желдеткіштер қосылады.
Г.2.1.8 Ағысты желдету жүйесін қосуды тұншықтырғыш улы газ CO мөлшерін
өлшеуге арналған аспаптардың дабылы бойынша автоматты түрде жүргізу керек. Ағысты
желдету жүйесі өртке қарсы жүйелерді басқару дабылынан түтінді жою тәртібіне өтеді.
Г.2.2 Негізгі техникалық шешімдерді таңдау
Г.2.2.1 Автомобиль тұрақтарының үй-жайларындағы ағысты желдеткіштерді
қоршау конструкциялары туралы ауа ағысының үйкелуінен болатын ең аз
аэродинамикалық шығындарды ескере отырып, жол төсемінің үстіне орналастыру қажет.
Г.2.2.2 Төбелік жабында ауа ағынына перпендикуляр орналасқан шығыңқы
арқалықтары бар үй-жайларда ағысты желдеткішті орнату кезінде төселетін ауа ағысының
үйкелуіне шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін монтаждау ережелерін сақтау қажет.
Ағысты желдеткіштің шығу келте құбырында ауалық ағысты төбенің
жабындысынан 5°-тан 10°-қа дейінгі бұрышқа ауытқытатын бағыттаушы аппарат орнату
керек. Арқалыққа дейінгі қашықтықты бағыттаушы қалақтардың көлбеу бұрышына қарай
есептеуге болады.
Г.2.2.3 Автомобиль тұрақтарының барлық аймақтарынан ластанған ауаны біркелкі
жоюды қамтамасыз ету үшін сору және ағынды желдету жүйесінің қақпақтарының
орналасқан орны бір-бірінен барынша ең жоғарғы мүмкін (қорғалатын үй-жайдың ауданы
бойынша шашыратылған) қашықтықта болуы керек.
Г.2.2.4 Автомобиль тұрақтарының төбелік жабын астындағы кеңістігінде ауа
өткізгіштердің ағынды-сору және түтінге қарсы желдеткіштерін қолдану ұсынылмайды.
Күрделі көлемді-жоспарлау шешімдері кезінде ағынды-сору және түтінге қарсы
желдету жүйесінің ауа өткізгіштерін, ағынды және сору қақпақтары сәтсіз орналасқан
жағдайда (қорғалатын үй-жайдың ауданы бойынша ағынды қақпақтар шашыратылмаған)
қолдануға рұқсат етіледі.
Ескертпе - автомобиль тұрақтарының конфигурациясын таңдағанда ескеру қажет,
39
бұл таңбаланған автомобильдерді жеке бокстарда орналастыру ұсынылмайды.
Г.2.2.5 Ағысты желдету жүйесін пайдалану кезінде автомобиль тұрақтары үй-
жайларының төменгі және жоғарғы бөліктерінен ластанған ауаны жеке алып тастау
мақсатында сорып шығаратын желдету жүйесін бөлу талап етілмейді.
Г.2.2.6 f <= 0,6 1/сағ көлік трафигі бар автомобиль тұрақтарын (Г.2.4.1-тармақты
қараңыз) уақыт релесінің дабылы бойынша (мысалы, таңертең 2 сағат, түсте 1 сағат және
кешке 2 сағат) ең жоғары көлік трафигі сағаттарында ағысты желдеткіштерді мезгіл-
мезгіл қосумен желдетуге рұқсат етіледі.
Г.2.2.7 Түтінге қарсы желдеткіштің қосылуын басқару автоматты түрде жүргізілуі
керек.
Г.2.2.8 Ағысты желдету жүйесінің реверсивтік сұлбасы өрт ошағы пайда болған
аймаққа ағысты желдеткіштерді қосу бағытын таңдауды көздейді. Өрт ошағы аймағын
сәйкестендіру автоматты аймақтық өрт хабарлағышының дабылы бойынша жүргізілуі
керек.
Г.2.2.9 Пайда болған ауа ағынына қарама-қарсы бағытта өрт ошағынан (өрттің
барлық мүмкін ошақтарынан) 10 метрдегі шектерде төбелік жабын астындағы кеңістікте
түтіннің ағуын шектеуді қамтамасыз ету үшін ағысты желдеткіштердің орналасуы мен
үлгілік өлшемдері Г.5-бөлімде баяндалған талаптарға сәйкес болуы керек.
Г.2.2.10 Автомобиль тұрақтарының үй-жайларында, адамдарды эвакуациялау үшін,
өрт пайда болған кезде ағысты желдеткіштердің қосылуын енгізуді кідірту қажет.
Адамдарды эвакуациялау уақыты МЕМСТ
12.1.004-91 стандартына сәйкес есеппен
анықталады. Ерекше жағдайларда сандық
(CFD) модельдеудің есептерімен немесе
нәтижелерімен расталған эвакуацияның басталуымен бір мезгілде ағысты желдету
жүйесін қосуға рұқсат етіледі.
Г.2.2.11 Өрт кезінде қосылған ағысты желдеткіштер қуаты 100% және ауаның ең
жоғары шығыны кезінде жұмыс істеуі керек. Электр қозғалтқыштарының қорғанысы
автоматты түрде ажыратылады - ағысты желдеткіш өзінің жылу немесе механикалық
бұзылу сәтіне дейін жұмыс істеуі керек.
Г.2.2.12 Реверсивтік тәртіпте қолданылатын ағысты желдеткіштер
400
°C
температура кезінде кемінде 2 сағат жұмыс істеуі керек.
Г.2.3 Ағысты желдеткіштің үлгілік өлшемін таңдау
Г.2.3.1 Жер асты және жабық автомобиль тұрақтарында қолданылатын ағысты
желдеткіштердің Fн 100 Н аспайтын номиналды реактивті тартымы болуы керек.
Г.2.3.2 Ағысты желдеткіштің үлгілік өлшемін таңдау монтаждық өлшемдерді ескере
отырып жүзеге асырылады:
H - төбелік жабынның биіктігі, мм;
Hм - жабдықтардың астындағы мен автомобильдердің биіктігі, мм;
p - арқалықтың ені, мм;
m - арқалықтың биіктігі, мм;
Z - ағысты желдеткіштің осі мен төбе жабынының арасындағы қашықтық, мм;
Dв - ағысты желдеткіштің диаметрі, мм;
40
Lп.б - арқалықтардың арасындағы аралықтың ұзындығы,мм;
Lс
- ағысты желдеткіштің саптамасының жазықтығынан арқалыққа дейінгі
(ағыстағы) қашықтық, мм.
Г.2.3.3 Автомобильдің ең жоғары биіктігіне қарай Hа, автомобильдің төбесі мен 200
мм-ден кем емес ағысты желдеткіштің арасындағы саңылауды қамтамасыз ететін Z және
Нм ең аз мәнін анықтау керек. Z параметрі ең жоғары сипаттамалары бар ағысты
желдеткіштің үлгілік өлшемін таңдауға мүмкіндік береді.
Г.2.3.4 Z және Dв мәндері бар ағысты желдеткіштердің үлгілік өлшемі келесі шартты
қанағаттандыруы керек:
m <= Z <= H - (Hм + Dв/2 + 200)
(Г.2.1)
Г.2.3.5 Егер Z <= m + Dв/2 мәні таңдалған жағдайда, Lс >= 4Dв шартын қамтамасыз
ету керек.
Г.2.4 Автомобиль тұрақтарының көлемдік-жоспарлау шешімдері негізінде
таңдап алынатын бастапқы деректер
Г.2.4.1 Ағысты желдету жүйелерін жобалау автомобиль тұрақтарының көлемдік-
жоспарлау шешімдерінен алынған, мыналарды қамтитын, бастапқы деректер негізінде
орындалуы қажет:
- автомобиль тұрақтарының жалпы әр қабаттық жоспары;
- тұрақ орындарының орналасу сұлбасы және көлік қозғалысының бағыттары;
- рампалардың, пандустардың, терезе ойықтарының, лифт шахталарының,
пилондардың орналасуы;
- апаттық шығулардың орналасқан жері;
- тұрақтар орындарының жобалық саны SP, дана;
- мына формула бойынша есептелетін, трафиктің ең жоғары жиілігі f, 1/сағ
N
f
м ,
(Г.2.2)
SP
мұнда Nм - 1 сағат ішінде тұраққа кіретін автомобильдер саны;
- автомобиль тұрақтарының үй-жайларындағы жолдың толық жол жүру ұзындығы:
Sпо - автомобиль тұрақтарындағы жолдың толық жол жүру ұзындығы, м;:
Sрамп - рампаның жабық учаскесі бойынша жол жүру ұзындығы, м.
Г.2.4.2 Көлік трафигінің жиілігін техникалық тапсырма немесе объектіні тексеру
деректері бойынша таңдайды. Деректер болмаған жағдайда орташаланған мәндер
қабылданады:
f = 0,6 1/сағ - тұрғын үйлердің автомобиль тұрақтары үшін;
f
= 0,8-ден
1,5-ға дейін
1/сағ
- сауда және бизнес-орталықтардың автомобиль
тұрақтары үшін және жоғары қатынаушылар саны бар басқа объектілер үшін, деректер
болмаған жағдайда f = 1,0 1/сағ қабылдайды.
41
Г.2.4.3 Ағысты желдету жүйесін жобалау кезінде өрт сөндірудің спринклерлік
жүйесінің болуы және орналасу жоспары қажет.
Г.2.4.4 Әр қабаттық жоспар бойынша автомобиль тұрақтарының Аст автомобиль
тұрағының желдетілетін алаңын анықтайды.
Г.2.5 Жалпы алмастырылатын тәртіпте ағысты желдету жүйесінің жұмысы
кезінде ауа алмасуды есептеу үшін бастапқы параметрлерді таңдау
Г.2.5.1 Ағысты желдету жүйесімен жабдықталған автомобиль тұрақтарының ауа
алмасуы, Қазақстан Республикасының стандарттарына сәйкес шектеулі рұқсат етілген
концентрациясы (ШРК) және CO бойынша талаптарды қамтамасыз етуі керек. Ауа
алмасудың шығынын есептеу әдістемесі Г.3-тармағында баяндалған.
Г.2.5.2 Г.2.5.1 бойынша нақты ақпарат болмаған жағдайда, ауа алмасуды есептеу
ауаның орташаландырылған меншікті шығындары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:
-
6 м3/м2 сағ - көлік трафигінің жиілігі f <= 0,6 1/сағ кезінде қатынауы төмен
автомобиль тұрақтары үшін
(тұрғын үйлердің жер асты және жабық автомобиль
тұрақтары);
- 12 м3/м2 сағ - қатынауының саны жоғары автомобиль тұрақтары үшін f = 1,0 1/сағ
кезінде (сауда және бизнес-орталықтардың жер асты және жабық автомобиль тұрақтары);
- 16 м3/м2 сағ - қатынауының саны өте жоғары автомобиль тұрақтары үшін 1,0 1/сағ
<= f <= 1,5 1/сағ кезінде (үлкен сауда орталықтарының, әуежайлардың және вокзалдардың
жер асты және жабық автомобиль тұрақтары).
Г.2.6 Түтінді жою тәртібіндегі ағысты желдету жүйесінің ауа алмасуын есептеу
үшін бастапқы параметрлерді таңдау
Г.2.6.1 Өрт кезіндегі түтінді жою тәртібіндегі ауа алмасуды есептеу үшін мына
параметрлер қажетті болып табылады:
- Qп, МВт, жану ошағының жобалық жылулық қуаты;
- t0, °C, ағынды ауа температурасы;
- түтінді газдардың ағын жағына қарай ағу кезіндегі төменгі шекарасының деңгейі
кемінде Y = 2 м - ағысты желдету жүйесінің реверсивті сұлбасы кезінде, ағысты желдету
жүйесінің бір бағыттылық сұлбасы кезінде Y = 1,2 м;
- Uf, м, өрт ошағының периметрі.
Г.2.6.2 Жану ошағының Qп жылу қуатының мәнін таңдау Г.2.1-кестесінде
келтірілген деректерді ескере отырып жүзеге асырылады немесе техникалық тапсырмада
беріледі.
Г.2.6.3 Түтінді жою тәртібіндегі сору ауасының шығынын есептеу
4-тармақта
баяндалған әдістеме бойынша орындалады, бірақ сағатына 10 еселік ауа алмасудан кем
емес.
42
Г.2.1-кесте - Автомобиль тұрағындағы өрттің жобалық параметрлерін таңдау
Автоматты өрт сөндіру жүйесі
Жану ошағының параметрлері
бар
жоқ
Жану ошағының көлемі, м
2 x 5
5 x 5
Uf, м
14
20
Qп, МВт
4,5 - 5 (1 автомобильге)
9 - 10 (2 автомобильге)
Г.3 Автомобиль тұрақтарының ағынды-сору жалпы алмастырылатын ағысты
желдету жүйесін жобалау қағидасы
Г.3.1 Жер асты және жабық автомобиль тұрақтарының ауа алмасуын есептеу Г.2.5-
тармақ бойынша бастапқы деректерге сәйкес қозғалып келе жатқан
(тұрақтағы)
автомобильдерден шығатын газдармен шарттасқан CO құрамының деңгейіне сүйене
отырып жүзеге асырылады.
Г.3.2 Автомобиль тұрағында автомобиль көлігімен жүріп өтетін орташа жол, мына
формула бойынша есептеледі:
S
по
S
S
10.
ср.по
рамп
(Г.3.1)
2
Г.3.3 Қыздырылған (ыстық) қозғалтқыштары бар тұрақтағы автомобильдердің CO
эмиссиясының орташа мәні, ECO ыстық, г, мынадай формула бойынша есептеледі:
ECO ыстық = 0,008Sср.по. (Г.3.2)
Г.3.4 Қыздырылмаған
(суық) қозғалтқыштарымен автомобиль тұрақтарынан
шығатын автомобильдердің CO эмиссиясының орташа мәні, ECO суық, г, формулалар
бойынша есептеледі:
ECO суық = 7,6,
(Г.3.3)
Sср.по <= 50 м кезінде;
ECO суық = 0,89(Sср.по)0,49, (Г.3.4)
50 м <= Sср.по <= 800 м кезінде.
Автомобиль тұрақтарының үй-жайларындағы CO (г/сағ) эмиссиясының орташа мәні
GCO, г/сағ, мына формула бойынша есептеледі:
43
GCO = SPfECO,
(Г.3.5),
мұнда ECO - (Г.3.2) - (Г.3.4) формулаларына сәйкес.
Г.3.5 Тұрғын үй ғимараттарының тұрақтары үшін CO эмиссиясын
(шығарындыларын) есептеу кезінде қозғалтқыштарды таңертеңгі суықта іске қосу
кезіндегі эмиссияның ең жоғары мөлшері (іскер орталыққа көлік ағынының таңертеңгі
қозғалысы) туралы рұқсат қабылданады:
ECO = ECO суық (Г.3.6)
Г.3.6 Жоғары қозғалысты, қатынаушылары көп тұрақтар үшін CO эмиссиясын
(шығарындыларын) есептеу кезінде, бұл барлық тұрақ орындары бос емес, босаған
орынмен дереу жұмыс атқаруға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда ыстық және суық
қозғалтқыштардан жиынтық эмиссиясын (шығарындыларын) мына формула бойынша
ескеру қажет:
ECO = ECO суық + ECO ыстық (Г.3.7)
Г.3.7 Vа Автомобиль тұрағында улы газ CO-ның шоғырлануын төмендету үшін талап
етілетін ауа алмасу Vа, м3/сағ, мына формула бойынша есептеледі:
1000G
CO
V
k
,
a
G
(Г.3.8)
CO
CO
об
об.пр.возд
мұнда COоб - улы газ СО-ның ең жоғары рұқсат етілген шоғырлануы, 70 мг/м3 тең
(Г.2.5.1 бойынша);
COоб пр.возд - автомобиль тұрағынан тыс жерлерде CO ауадағы ағынды улы газдың
көлемдік шоғырлануының мәні, мг/м3.
Ескертпе - көлік қозғалысы аз тұрғын аудандарда бұл мән елеусіз аз және әдетте
нөлге тең деп қабылданады; қатты жүктелген жолдарда COоб пр.ауа = 4 мг/м3;
kG - автотұрақ үй-жайларын желдетудің біркелкі еместігін ескеретін коэффициент.
Ескертпе - Әдетте 1,25-ден 1,50-ге дейінгі аралықта орналасқан, егер деректер жоқ
болса -1,25 мәні қабылданады.
Г.4 Автомобиль тұрақтарының түтінге қарсы ағысты ағынды-сору
желдеткішін реверсивті әрекет қағидаттарын қолдана отырып жобалау қағидасы
Г.4.1 Г.4.1-суретте көрсетілгендей, өрт шыққан кезде түтінге қарсы ағысты ағынды-
сору желдету жүйелері ауа ағынының және түтінді газдардың ағынды шахталарынан түтін
шығару шахталарына орын ауыстыруын қамтамасыз етуі керек. Түтінді газдардың ағынын
қалыптастыру механизмі әртүрлі тығыздылықтағы екі бірбағытты ағынның пайда болуын
44
болжайды:
- ағынды желдеткіштерінің жұмысынан туындаған ыстық өрт сөндіру газдарының
төменгі төбелік ағыны;
- автомобиль тұрағының төменгі бөлігінде, Y биіктігінде ағынды бөлу сызығымен
шектелген, v1, м/с орташа жылдамдығы бар түтінге қарсы желдету жүйесінің
желдеткіштерінен суық ауа ағыны
1
2
Vх
3
Y
V1
10 м
4
1 - сору; 2 - әртүрлі тығыздықтағы ауа ағынын бөлудің шартты шекарасы
3-ағын; 4-түтіннің есептік шекарасы
Г.4.1-сурет. Әртүрлі тығыздықтағы ауа ағынының және түтінді газдардың
даму механизмі, түтіннен қорғауды қамтамасыз ететін
эвакуациялық шығу жолдары
Г.4.2 Г.2.2.10 бойынша шартты орындау үшін келесі шартты қамтамасыз ету қажет:
v1 >= Vкр, (Г.4.1)
мұнда Vкр - ауа жылдамдығының ең төмен рұқсат етілген мәні v1, м/с, мына формула
бойынша есептеледі:
2
3
2
3
M M
L
M M
L
D
3
2
3
2
V
,
(Г.4.2),
кр
2
4
27
2
4
27
3
мұнда
2
D
L
;
(Г.4.3),
3
45
2
2D
M D
A;
(Г.4.4),
27
Q
к
D
;
(Г.4.5),
t
273
C
BY
0
в
р
9,8Y
A
;
(Г.4.6)
Fr
t0 - ауа ағынының температурасы, °C;
в
- t0 температура кезіндегі ауа тығыздығы, кг/м3;
Cр
- ауаның меншікті жылу сыйымдылығы, кДж/(кг·К);
1,005 кДж/(кг·К) тең
қабылданады;
B
- автомобиль тұрағындағы түтіннің оқшаулану аймағының ені, м; түтін
газдарының ағынына перпендикуляр автомобиль тұрағының жалпы өлшеміне (габариттік)
тең қабылдануы мүмкін;
Y - 7.6.2 бойынша (Г.5.1-суретті қараңыз);
Qк - мына формула бойынша есептелетін, конвективті өрт қуаты, кВт:
Q 1Q , (4.7)
к
п
мұнда
- сәулелену және жылу өткізу есебінен жану ошағымен берілетін жылу
үлесі; деректер болмаған кезде 0,4-ке тең қабылданады;
Fr - Фруда саны, мынаған тең:
- Fr <= 4,5 - кезінде Qп = 9 - 10 МВт (Г.2.1-кестесін қараңыз);
- 4,5 <= Fr <= 6,0 - кезінде Qп = 4,5 МВт;
- басқа жағдайларда және нақты деректер болмаған кезде Fr = 4,5.
Г.4.3 Газ-ауа қоспасының температурасын tm, °C, мына формула бойынша есептейді:
D
t
t
273
1
273.
m
0
(Г.4.8)
V
кр
Г.4.4 Түтін шығару желдеткішінің өнімділігі Vex, м3/сағ, мына формула бойынша
есептеледі:
t
273
m
V
3600v
BY
ex
1
(Г.4.9)
t
273
0
Ескертпе - желдеткіштің өнімділігін есептеу бойынша қабылдау, бірақ қорғалатын
үй-жайдың ауа алмасуынан 10 есеге кем емес.
46
Г.5 Автомобиль тұрақтарының ағысты желдеткіштер жүйелерін жобалау
қағидалары
Г.5.1 Монтаждау өлшемдерінің әсерін, жұмыс тәртібін және ағынды желдеткіштің
конструкциясының ерекшеліктерін ескере отырып, ағысты желдеткіштің реактивті
тартымын есептеу қағидасы.
Г.5.1.1 Автомобиль тұрағының төбелік жабынында орнатылған ағысты желдеткіштің
реактивті тартымы Fр, Н мынадай формула бойынша есептеледі
Fр = Fнk1k2k3, (Г.5.1),
мұнда Fн - зауыттық стендтік сынақтар кезінде алынған желдеткіштің номиналды
реактивті тартымы, Н;
k1
- зауыттық сынақтар кезінде орын алған үй-жайдағы ауаның орташа
жылдамдығының нөлдік мәннен айырмашылығы салдарынан импульсті ағыстан беру
кезінде туындайтын номиналды мәннен желдеткіштің реактивті тартымының төмендеуін
ескеретін коэффициент;
k2 - желдеткіш ағысының төбенің жабылуына төселетін үйкеліс әсерінің салдарынан
желдеткіштің реактивті тартымының номиналды мәнінен төмендеуін ескеретін
коэффициент;
k3
- желдету ағысының қоршау конструкцияларынан ауытқуы кезінде үйкеліс
шығындарының төмендеуі салдарынан, желдеткіштің реактивті тартымының номиналды
мәнінен өзгеруін ескеретін коэффициент.
Г.5.1.2 k1 коэффициенті мынадай формула бойынша есептеледі:
v
1
k
1
,
1
(Г.5.2)
v
0
мұнда v1 - Г.4.1-тармағына сәйкес; деректер болмаған кезде және көлденең түтін
шығару жүйесі кезінде 0,8 м/с тең қабылданады;
v0 - төл құжаттық деректер немесе зауыттық сынақтар нәтижелерінің хаттамасы
бойынша анықталатын ағысты желдеткіштің шығу қимасындағы ауаның орташа
жылдамдығы, м/с.
Г.5.1.3 k2 коэффициентін Г.5.1-суретте бейнеленген графиктің көмегімен есептеу
үшін, желдеткіштің бүйірлік қабырғалардан алыстатылған төбелік жабында орналасқан,
және төбелік панель мен бүйірлік қабырғаның түйіскен жерінде
(бұрышта) қоршау
конструкцияларының желдеткіштің төселетін ауа ағысының үйкелуінен жоғалтуға әсерін
сипаттайтын kм монтаждау параметрінің мәнін мынадай формула бойынша анықтау керек:
kм = 2Z/(H - Dв). (Г.5.3)
47
1.00
К 2
По центру
0.95
В углу
0.90
0.85
0.80
0.75
0.70
0
0.20
0.40
0.60
0.80
1.00
Монтажный параметр Км
Г.5.1-сурет. k2 түзету коэффициентінің kм монтаждау параметрінен тәуелділік
кестесі
Г.5.1.4 Егер желдеткіштің төселетін ағысының дамуы шығыңқы арқалықтармен
қиын болса, ауа ағысын төбенің жабындысынан
10 градустан аспайтын бұрышқа
ауытқытатын бағыттаушы аппаратты орнату қажет. k3 коэффициенті монтаждық
параметрдің әр түрлі мәндерінде kм желдеткіш осіне қатысты ағыстың көлбеу бұрышына
байланысты Г.5.2-суретіндегі графиктің көмегімен анықталады.
1.12
К з
1.10
0.16
1.08
0.06
1.06
1.04
0.26
1.02
1.00
0.46
1.98
1.96
0.00
1.00
2.00
3.00
4.00
5.00
6.00
7.00
8.00
9.00
10.00
Угол наклона струи относительно
оси вентилятора, град
Г.5.2-сурет. Ағысты желдеткіштің осіне қатысты k3 коэффициентінің ағыстың
көлбеу бұрышынан тәуелділік кестесі
48
Г.5.2 Автомоболь тұрақтары үй-жайында ағысты желдеткіштерді орналастыру
қағидасы
Г.5.2.1 Ағысты желдеткіштердің автомобиль тұрақтарының үй-жайында өзара
орналасу сұлбасы, Г.5.3-суретте көрсетілген. Желдеткіштер арасындағы таңдалған
арақашықтық қамтамасыз етуі керек:
- шартты орындауды қамтамасыз ететін Lп желдеткіштерінің арасындағы бойлық
қашықтықты іріктеу арқылы vxmin ауа ағысының осьтік жылдамдығының ең аз мәні:
vxmin >= v1 , (5.4);
- параллельді желдеткіштердің Lп қашықтықта бірқалыпты (үзілусіз) ауа ағынын
жасау үшін қатар параллельде орнатылған желдеткіштер арасындағы b қашықтықты
таңдауға байланысты төбелік ауа ағынының ауа ағысымен жанасуы
V х min
L п
а) Ағысты желдеткіштерді осьтік орнату
V х min
L п
б) Ағысты желдеткіштерді параллель орнату
Г.5.3-сурет. Өрт сөндіру бөлігінде ағысты желдеткіштердің өзара орналасу
сұлбасы
49
Г.5.2.2 Таңдалған мән vxmin >= 0,8 м/с.
Г.5.2.3 Нақты деректер болмаған жағдайда, ағысты желдеткіштерді орналастыру
Г.5.2.1-тармағында көрсетілген шарт орындалатын өту жылдамдығымен дайындаушы
зауыттың ұсынымдары бойынша жүзеге асырылады.
Г.5.2.4 Ағынды желдеткіштер тек жалпы алмасу тәртібінде жұмыс істейтін
автотұрақтар үшін, бір желдеткішпен желдетілетін алаңды тиісті vxmin = 0,8 м/с мәнге
дейін ұлғайтуға рұқсат етіледі.
Г.5.2.5 Ағысты желдеткіштер арасындағы таңдалған арақашықтық Lп және b
мәндерінен аспауы керек. Ізделіп отырған мәндер vxmin әр түрлі есептік мәндері кезінде,
бірақ 0,5 м/с кем емес, (Г.5.1) формуласы бойынша Fр желдеткіштің есептік реактивті
тартымының мәніне тәуелділік түрінде ұсынылған.
Г.5.2.6 Желдеткіштердің өзара орналасуын анықтайтын есептік көрсеткіштерді
зауыттық сынақтар немесе сандық - компьютерлік (CFD) модельдеу нәтижелері бойынша
жүргізуге рұқсат етіледі.
Г.5.2.7 vxmin әр түрлі мәндері кезінде Fр есептік реактивті тартымы бар бір
желдеткішпен желдетілетін аудан, Fр желдеткішінің есептік реактивті тартымына
байланысты мынадай формула бойынша анықталады:
Sв1 = Lпb. (Г.5.5)
Г.5.2.8 Г.2.4.4-тармағына сәйкес, Aст желдеткіш алаңы бар автотұрақ үшін қажетті
ағынды желдеткіштерінің саны nвр мына формула бойынша есептеледі:
A
ст
n
k
,
вр
рез
(Г.5.6)
S
в1
мұнда kрез = 1,1 - резервте сақтау коэффициенті.
Г.5.2.9 Ағысты желдеткіштерді орналастыру бойынша жобалық шешімдерді
тексеруді сандық
- компьютерлік
(CFD) үлгілеу нәтижелері бойынша орындау
ұсынылады.
Г.5.2.10 Ағысты желдеткіштің сандық
- компьютерлік
(CFD) моделдеу және
зауыттық сынау кезінде алынған деректерді пайдалана отырып, Lп, b және Sв1 есептік
мәндерін түзетуге рұқсат етіледі.
50
содержание .. 1 2 ..
////////////////////////// |
||
|
|
|