СП РК 4.02-108-2014 ПРОЕКТИРОВАНИЕ ТЕПЛОВЫХ ПУНКТОВ (ҚР ЕЖ 4.02-108-2014) - 1

 

  Главная      Книги - Разные     СП РК 4.02-108-2014 ПРОЕКТИРОВАНИЕ ТЕПЛОВЫХ ПУНКТОВ (ҚР ЕЖ 4.02-108-2014)

 

поиск по сайту            правообладателям  

    

 

   

 

   

 

содержание      ..      1       2         ..

 

 

 

СП РК 4.02-108-2014 ПРОЕКТИРОВАНИЕ ТЕПЛОВЫХ ПУНКТОВ (ҚР ЕЖ 4.02-108-2014) - 1

 

 

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы мемлекеттік нормативтер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ
Государственные нормативы в области
архитектуры, градостроительства и строительства
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ЖЫЛУ ОРЫНДАРЫН ЖОБАЛАУ
ПРОЕКТИРОВАНИЕ ТЕПЛОВЫХ ПУНКТОВ
СП РК 4.02-108-2014
Ресми басылым
Издание официальное
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер
ресурстарын басқару комитеті
Комитет по делам строительства, жилищно-коммунального
хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства
национальной экономики Республики Казахстан
Астана 2015
СП РК 4.02-108-2014
АЛҒЫ СӨЗ
1 ӘЗІРЛЕГЕН:
«ҚазҚСҒЗИª АҚ, "КазНормаЦентр" ЖШС
2 ҰСЫНҒАН:
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
және жер ресурстарын басқару комитетінің Техникалық
реттеу және нормалау басқармасы
3 БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
ҚОЛДАНЫСҚА
Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері
ЕНГІЗІЛГЕН:
және жер ресурстарын басқару комитетінің
2014 жылғы 29-желтоқсандағы № 156-НҚ бұйрығымен
2015 жылғы 1-шілдеден бастап
ПРЕДИСЛОВИЕ
1 РАЗРАБОТАН:
АО «КазНИИСАª, ТОО "КазНормаЦентр"
2 ПРЕДСТАВЛЕН:
Управлением технического регулирования и
нормирования Комитета по делам строительства,
жилищно-коммунального хозяйства и управления
земельными ресурсами Министерства национальной
экономики Республики Казахстан
3 УТВЕРЖДЕН
И
Приказом Комитета по делам строительства, жилищно-
ВВЕДЕН В ДЕЙСТВИЕ:
коммунального хозяйства и управления земельными
ресурсами Министерства национальной экономики
Республики Казахстан от «29ª декабря 2014 года
№ 156-НҚ с 1 июля 2015 года
Осы мемлекеттік нормативті Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы
және құрылыс істері жөніндегі Уәкілетті мемлекеттік органының рұқсатысыз ресми
басылым ретінде толық немесе ішінара қайта басуға, көбейтуге және таратуға болмайды
Настоящий государственный норматив не может быть полностью или частично
воспроизведен, тиражирован и распространен в качестве официального издания без
разрешения уполномоченного государственного органа по делам архитектуры,
градостроительства и строительства Республики Казахстан
II
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
IV
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1
3 ТЕРМИНДЕР МЕН АНЫҚТАМАЛАР
3
4 БЕЛГІЛЕР
5
5 ҚОЛАЙЛЫ ШЕШІМДЕР
7
5.1 Негізгі ережелер
7
5.2 Өрт қауіпсіздігі
10
5.3 Көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдер
12
5.4 Жылу тұтыну жүйесін жылу желілеріне қосу
19
5.5 Қондырғылар, құбырлар, арматура және жылу оқшаулау
36
5.5.1 Су жылытқыштар
36
5.5.2 Сорғылар
39
5.5.3 Дроссельдік және дроссельдік-реттеуші арматура
41
5.5.4 Аралас тораптар
43
5.5.5 Бактар, тазалау қондырғылары және сүзгілер
44
5.5.6 Құбырлар және арматура
47
5.5.7 Жылу оқшаулану
52
5.6 Су дайындау
53
5.7 Жылыту, желдету, су құбыры және канализация
57
5.8 Электрмен қамтамасыз ету, жарықтандыру және электр қондырғылары
58
5.9 Автоматтандыру және бақылау
59
5.10 Диспетчерлендіру және байланыс
63
5.11 Жылу пункттеріндегі қондырғылар жұмысынан болатын шу мен діріл деңгейін
төмендету бойынша талаптар
64
5.12 Құрылыстың ерекше табиғи және климаттық шарттарында жылу пункттерін
жобалауға қосымша ережелер
66
5.12.1 Жалпы ережелер
66
5.12.2 Сейсмикалығы 7, 8 және 9 балдық аудандар
66
5.12.3 Өңделетін аумақтар
67
5.12.4 Шөгетін топырақтар
67
5.13 Қоршаған ортаны қорғау
67
6 ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІК ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ҰТЫМДЫ
ПАЙДАЛАНУ
69
А-қосымшасы (ақпараттық) Құрылыс конструкцияларынан құбырларға,
қондырғыларға, арматураға дейінгі жалғастырғыш құбырлардың
жылу оқшаулағыш конструкцияларының беттері арасында бос
аралықтағы ең төменгі арақашықтық, сонымен қатар өткелдер ені...72
Б-қосымшасы (ақпараттық) Жылыту және ыстық сумен жабдықтау су
жылытқыштарының есептік жылу өнімділігін анықтау әдістемесі
74
III
В-қосымшасы (ақпараттық) Жылытудың су жылытқышын есептеген кезде
параметрлерді анықтау әдістемесі
78
Г-қосымшасы (ақпараттық) Бір сатылы схема бойынша қосылған ыстық сумен
жабдықтау су жылытқыштарын есептеуге арналған параметрлерді
анықтау әдістемесі
80
Д-қосымшасы (ақпараттық) Екі сатылы схема бойынша қосылған ыстық сумен
жабдықтау су жылытқыштарын есептеу үшін параметрлерді анықтау
әдістемесі
82
Е-қосымшасы (ақпараттық) Жылытуға су шығынын тұрақтандыру арқылы екі
сатылы схема бойынша қосылған, ыстық сумен жабдықтаудың су
жылытқыштарын есептеу үшін параметрлерді анықтау әдістемесі
86
Ж-қосымшасы (ақпараттық) Көлденең секциялық қаптама құбырлық су-сулы
жылытқыштардың жылулық және гидравликалық есебі
90
И-қосымшасы (ақпараттық) Қатпарлы су жылытқыштарды жылулық және
гидравликалық есептеу мысалы (ГОСТ 15518 бойынша)
105
К-қосымшасы (ақпараттық) Көлденең көп жүрісті бу мен су араласқан
жылытқыштардың жылулық және гидравликалық есебі
123
Л-қосымшасы (ақпараттық) Жылу торабынан жылу пунктіне судың ең жоғарғы
(есептік) шығындарын анықтау әдістемесі
128
М-қосымшасы (ақпараттық) Жылу пункттерін жобалау кезінде қолдануға
ұсынылатын құбырлар
131
Н-қосымшасы (ақпараттық) Шойыннан жасалған арматураны қолдану шектері
номограмма
133
П-қосымшасы (ақпараттық) Жылумен жабдықтаудың жабық жүйелерінде
орталықтан ыстық сумен жабдықтау үшін су өңдеу схемасын
таңдау
134
Р-қосымшасы (ақпараттық) Сүзгілеуші қабаттың сипаттамалары және
сүзгілердің технологиялық көрсеткіштері
137
С-қосымшасы (ақпараттық) Суды силикаттық өңдеуге арналған енгізілетін
сұйық натрийлі әйнектің мөлшерлемесі
138
Т-қосымшасы (ақпараттық) Тұтынушыларда жылытуға жылудың
берілуін реттеу графиктерін есептеу әдістемесі
139
У-қосымшасы (ақпараттық) Жылу пунктін жобалауға тапсырма
салалары
148
Ф-қосымшасы (ақпараттық) Жылу пунктін жобалауға арналған бастапқы
деректер
150
Х-қосымшасы (ақпараттық) Жылу пунктінің төлқұжаты
152
IV
КІРІСПЕ
Осы құжат нормалаудың параметрлік әдісіне сәйкес Қазақстан Республикасының
құрылыс саласындағы нормативтік базасын реформалау шегінде әзірленді.
Осы ережелер жинағы жылу пункттеріне қолданылатын
«Ғимараттар мен
құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын
талаптарª техникалық регламентінің дәлелдемелік базасына кіретін нормативтік
құжаттардың бірі болып табылады.
Ережелер жинағында жылу пункттері үй-жайларының көлемдік-жоспарлық және
конструктивтік шешімдері бойынша ережелер келтірілген, орталық және жеке жылу
пункттерінде қолданылатын қондырғыларды, есепке алу, бақылау және автоматтандыру
аспаптарын есептеу мен іріктеу бойынша ұсыныстар берілген, сондай-ақ пайдаланылатын
құбырлар мен арматура бойынша мәліметтер келтірілген.
Ережелер жинағын қолдану барынша үнемді жобалық шешімдерді қабылдауға және
жылу энергиясын үнемдеуге ықпал етеді.
Осы ережелер жинағы Қазақстан Республикасының нормативтік құжаты ретінде
ерікті негізде қолдану үшін қолданысқа енгізіледі.
Ережелер жинағы «Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен
бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарª техникалық регламентінің
талаптарын орындаудың бірден-бір әдісі болып табылмайды.
Осы ережелер жинағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы
мемлекеттік нормативтерді дамыту мақсатында әзірленді.
V
БЕЛГI YШIН
VI
СП РК 4.02-108-2014
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕР ЖИНАҒЫ
СВОД ПРАВИЛ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ЖЫЛУ ОРЫНДАРЫН ЖОБАЛАУ
ПРОЕКТИРОВАНИЕ ТЕПЛОВЫХ ПУНКТОВ
Енгізілген күні - 2015-07-01
1 ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
1.1 Осы ережелер жинағы жылыту, желдету, ауа баптау, ыстық сумен жабдықтау
және технологиялық жылуды пайдалану қондырғыларының жүйелерін жылу тораптарына
қосуға арналған жылу пункттерін жобалаудың қолайлы шешімдерін белгілейді.
1.2 Ережелер жинағы жылу тасымалдағыш параметрлері бар жылу пункттеріне
таратылады: жылу пунктінің үй-жайында орналасқан жылу торабының және оның кіре
берісіндегіі шаруашылық-ауыз су құбырының ілмекті арматурасынан жергілікті жылыту,
жылумен жабдықтау жүйелерінің, желдету және ауа баптау, ыстық сумен жабдықтау
жүйелері қондырғыларының және технологиялық тұтынушылардың (қоса алғанда) ілмекті
арматурасына дейінгі шекте 440 °С дейінгі температурамен және 6,3 МПа дейінгі шартты
қысым шегіндегі Ру жұмыс қысымымен бу, 200 °С дейінгі температурамен және 2,5 МПа
дейінгі жұмыс қысымы бар ыстық су.
1.3 Осы ережелер жинағын ӛнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындарының,
тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың орталықтандырылған жылумен жабдықтау
жүйелерінде қолданыстағы жылу пункттерін жаңадан салу, оларды реконструкциялау,
жаңғырту және күрделі жӛндеуге жобалық құжаттаманы әзірлеу кезінде қолдану керек.
1.4 Нормативтік-техникалық құжат жеке кіріктірме қазандықтардың, қайталама
энергоресурстардың, жылу-сорғы станцияларының және басқа да жылу энергиясының
балама кӛздерінің жылуын пайдаланатын жылу кӛздерінің жылу тораптарына қосылған
жылу пункттеріне таратылмайды.
2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы ережелер жинағын қолдану үшін мынадай нормативтік құжаттар қажет:
ҚР ЕЖ 2.01-101-2013 Құрылыс конструкцияларын тот басудан қорғау.
ҚР ЕЖ 3.02-127-2013 Ӛндірістік ғимараттар.
ҚР ЕЖ 4.01-101-2012 Ғимараттар мен құрылыстардың ішкі су құбыры және
имараттары.
ҚР ЕЖ 4.02-101-2012 Ауаны жылыту, желдету және кондиционерлеу.
Ресми басылым
1
ҚР ЕЖ 4.02-102-2012 Жабдықтар мен қүбыр жолдарын жылумен оқшаулауды
жобалау.
ҚР ЕЖ 4.02-104-2013 Жылу желілері.
ҚР ЕЖ 5.01-102-2013 Ғимараттар мен имараттардың іргелері.
ҚР СТ 1125-2002 Жол белгілері. Жалпы техникалық шарттар.
ГОСТ
12.1.003-83 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Шу. Жалпы
қауіпсіздік талаптары.
ГОСТ 12.1.004-91 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Ӛрт қауіпсіздігі.
Жалпы талаптар.
ГОСТ 12.1.012-2012 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Діріл қауіпсіздігі.
Жалпы талаптар.
ГОСТ 12.2.003-91 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Ӛндірістік жабдық.
Жалпы қауіпсіздік талаптары.
ГОСТ 494-90 Жез құбырлар. Техникалық шарттар.
ГОСТ 550-75 Мұнай ӛңдеуші және мұнай-химия ӛнеркәсібіне арналған жіксіз болат
құбырлар. Техникалық шарттар.
ГОСТ 1215-79 Соғылмалы шойыннан жасалған құймалар. Жалпы техникалық
шарттар.
ГОСТ 1412-85 Құймаларға арналған шар түріндегі графитті шойын. Маркалар.
ГОСТ 2761-84 Орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау кӛздері.
Гигиеналық, техникалық талаптар және таңдау ережесі.
ГОСТ 3262-75 Су-газ болат құбырлар. Техникалық шарттар.
ГОСТ 7293-85 Құймаларға арналған шар түріндегі графитті шойын. Маркалар.
ГОСТ 8731-74 Ыстықтай деформацияланған жіксіз болат құбырлар. Техникалық
талаптар.
ГОСТ 8732-78 Ыстықтай деформацияланған жіксіз болат құбырлар. Сұрыптама.
ГОСТ 8734-75 Суықтай деформацияланған жіксіз болат құбырлар. Сұрыптама.
ГОСТ
10704-91 Электрмен дәнекерленетін тік жапсарлы болат құбырлар.
Сұрыптама.
ГОСТ 10705-80 Электрмен дәнекерленетін болат құбырлар. Техникалық шарттар.
ГОСТ
10706-76 Электрмен дәнекерленетін тік жапсарлы болат құбырлар.
Техникалық талаптар.
ГОСТ 13078-81 Сұйық натрийлі әйнек. Техникалық шарттар.
ГОСТ 14202-69 Ӛнеркәсіптік кәсіпорындар құбырлары. Айырым бояуы, ескертуші
белгілер және таңбалаушы қалқандар.
ГОСТ 15150-69 Машиналар, аспаптар және басқа техникалық бұйымдар. Әртүрлі
климаттық аудандар үшін орындалуы. Сыртқы ортаның климаттық факторларының әсер
ету бӛлігіндегі санаттары, пайдалану, сақтау және тасымалдау шарттары.
ГОСТ 15518-87 Қатпарлы жылу алмастырушы аппараттар. Типтері, параметрлері
және негізгі ӛлшемдері.
ГОСТ 16860-88 Термиялық деаэраторлар. Типтері, негізгі параметрлері, қабылдау,
бақылау әдістері.
ГОСТ 18698-79 Тоқыма қаңқалы кернеулі резеңке түтік құбыр. Техникалық шарттар.
2
ГОСТ 20295-85 Магистралды газ-мұнай құбырларына арналған дәнекерленетін
болат құбырлар. Техникалық шарттар.
ГОСТ 21646-2003 Жылу алмасушы аппараттарға арналған мыс және жез құбырлар.
Техникалық шарттар.
ГОСТ 23120-78 Белдеулі баспалдақтар, алаңдар және болат қоршаулар. Техникалық
шарттар.
ГОСТ 24570-81 Бу және су жылытатын қазандықтардың сақтандырғыш клапандары.
Техникалық талаптар.
ГОСТ 27590-2005 Қаптама құбырлы су-сулы жылумен жабдықтау жүйелерінің
жылытқыштары. Жалпы техникалық шарттар.
Ескертпе
- Осы құрылыс нормаларын пайдаланған кезде ағымдағы жылғы жағдай бойынша
жасалатын «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы Қазақстан Республикасының аумағында
қолданылатын нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық актілер тізбесіª,
«Қазақстан
Республикасының стандарттау бойынша нормативтік құжаттар кӛрсеткіштеріª және
«Қазақстан
Республикасының стандарттау бойынша мемлекетаралық нормативтік құжаттар кӛрсеткішіª ақпараттық
тізімдемесі және ай сайын шығатын тиісті ақпараттық бюллетень-журнал бойынша тексерген жӛн. Егер
сілтеме құжат ауыстырылса (ӛзгерсе), онда осы нормативті пайдаланған кезде ауыстырылған (ӛзгертілген)
құжатты басшылыққа алу керек. Егер сілтеме құжат ауыстырусыз күшін жойса, онда оған сілтеме жасалған
ереже осы сілтемеге қатысы жоқ бӛлігіне қолданылады.
3 ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР
Осы ережелер жинағында осы объектінің нормативтік-техникалық құжаттарында
келтірілген терминдер және анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай
терминдер қолданылады:
3.1 Жылу пункті: Жылу энергия қондырғыларының элементтерінен тұратын, осы
аспаптарды жылу тораптарына қосуды, олардың жұмысқа қабілеттілігін, жылумен
жабдықтау режимдерін басқаруды, жылу тасымалдағыштың параметрлерін ӛзгертуді,
реттеуді және жылу тұтыну түрлері бойынша жылу тасымалдағыштың бӛлінуін
орындайтын оқшауланған, арнайы жабдықталған үй-жайға орналастырылған аспаптар
кешені.
3.2 Жеке жылу пункті (ЖЖП): Бір ғимаратты немесе оның бір бӛлігін жылыту,
желдету, ыстық сумен жабдықтау жүйелерін және технологиялық жылу пайдалану
қондырғыларын қосуға арналған жылу пункті.
3.3 Орталық жылу пункті (ОЖП): Екі немесе одан асатын ғимараттың жылыту,
желдету, ыстық сумен жабдықтау жүйелерін және технологиялық жылу пайдалану
қондырғыларын қосуға арналған жылу пункті.
3.4 Блоктық жылу пункті (БЖП): Зауытта жиналады және жекелеген түйіндер
түрінде монтажбен жеткізіледі. БЖП бір және одан кӛп бӛлшектерден құралуы мүмкін.
Осы бӛлшектердің жабдығы негізінен бір жиектемеде оңай, жылдам әрі ықшам
монтаждалады. Әдетте, үй-жайдың ауданын үнемдеу қажет болғанда, тар жағдайда
қолданылады. Қосылған тұтынушылардың саны және сипаты бойынша блоктық жылу
пункті жеке жылу пунктіне, сондай-ақ орталық жылу пунктіне қатысты болуы мүмкін.
3
3.5 Жылу торабы: Жылу энергиясын берілу кӛзінен жылу пунктіне беруге арналған
құбырлардың, құрылғылардың және құрылыстардың жиынтығы.
3.6 Жылу түйіні: Жылу желісін жылу тұтыну жүйелеріне қосуға арналған жылу
пункті құрылғыларының кешені.
3.7 Араласу түйіні: Жылу тасымалдағыштың жиынтық ағынының температурасын
реттеу мақсатында әртүрлі температура ағындарын араластыруға арналған жылу түйінінің
элементі.
3.8 Жылумен жабдықтайтын жабық су жүйесі: Жылу торабында айналатын суды
жүйеден жылу тұтынушылар ала алмайтын жылумен жабдықтау жүйесі.
3.9 Жылумен жабдықтайтын ашық су жүйесі: Жылу торабында айналатын суды
жылу тұтынушылар жүйеден алатын жылумен жабдықтау жүйесі.
3.10 Екі құбырлы жылумен жабдықтау жүйесі: Орталық және жеке жылу
пункттерінен желдету және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің қондырғыларын
жылыту, жылумен жабдықтау жүйелеріне арналған екі тарату құбырына ие жылумен
жабдықтау жүйесі.
3.11 Тӛрт құбырлы жылумен жабдықтау жүйесі: Желдету жүйелерінің
қондырғыларын жылумен жабдықтау және жылыту жүйелеріне арналған екі тарату
құбырына, сонымен қатар орталық және жеке жылу пункттерінен ыстық сумен жабдықтау
жүйелеріне арналған екі тарату құбырына ие жылумен жабдықтау жүйесі.
3.12 Орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі (ОЖЖ): Бір немесе
бірнеше жылу кӛздерінен, жылу тораптарынан (сыртқы жылу құбырларының диаметріне,
санына және ұзындығына тәуелсіз) және жылу тұтынушыларынан тұратын жүйе
3.13 Автоматтандырылған басқару түйіні (АБТ): Ғимаратты немесе оның бір
бӛлігін жылыту жүйесінің ОЖП -нен таратушы жылу тораптарына қосылу орнында
орнатылатын және жылыту жүйелерінің температуралық және гидравликалық режимдерін
ӛзгертуге, жылу энергиясының шығынын есепке алуды және реттеуді қамтамасыз етуге
рұқсат беретін жабдық жиынтығымен құрылғы.
3.14 Таратушы жылу тораптары: Жылу пункттерінен ғимараттарға, құрылыстарға,
оның ішінде ОЖП-нен ЖЖП дейінгі жылу тораптары.
3.15 Магистралды жылу тораптары: Жылу пункттеріндегі жылу кӛзінің (оны
қоспағанда) шығыс ілмекті арматурасынан бірінші ілмекті арматураға дейін
(оны
қосқанда) ыстық суды, буды, су буының ылғалын тасымалдайтын жылу тораптары (ілесе
жүретін барлық конструкцияларымен және құрылыстарымен).
3.16 Енгізу торабы: Ғимаратта немесе ғимараттың секциясында немесе құрылыста
жылу тасымалдағыш параметрлерін бақылауды жүзеге асыруға, сонымен қатар қажет
болса, тұтынушылар арасындағы жылу тасымалдағыш ағындарының бӛлінуін жүзеге
асыруға рұқсат беретін жабдық жиынтығымен құрылғы. ОЖП-нен қосқанда және АБТ
болмағанда - енгізу торабы жылу энергиясының шығынын есепке алуды қосымша жүзеге
асырады.
3.17 Жылумен жабдықтау әдісі: Жылумен жабдықтау жүйесінің тиімді және
қауіпсіз қызмет етуін, энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті жоғарылату
саласында құқықтық реттеуді ескере отырып, оның дамуын негіздеу бойынша жобалық
материалдардан тұратын құжат.
3.18 Жылу тұтынушы құрылғы: жылу энергиясын тұтынушының қажеттіліктері
4
үшін жылу тасымалдағышты, жылу энергиясын пайдалануға арналған құрылғы.
3.18 Жылыту: орташа тапшылығы 50с/жыл болатын қалыптанатын температураны
қолдау және жылу шығындарын ӛтеу үшін жылдың суық кезеңінде үй-жайды жасанды
жылыту;
3.19 Желдету: Тәулік бойы жұмыс істегенде - 400 с/жыл және күндізгі уақытта бір
ауысымдық жұмыста 300 с/жыл болатын орташа тапшылық кезінде қызмет кӛрсетілетін
немесе жұмыс істеу аймағында жол берілетін микроклиматты және ауаның сапасын
қамтамасыз ету мақсатында жылудың, ылғалдың, зиянды және басқа заттардың артылуын
жою үшін үй-жайлардағы ауаның алмасуы;
3.20 Ауа баптау: Әдетте, адамдардың кӛңіл-күйін, технологиялық үдерісті жүргізу,
құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жайлы, оңтайлы микроклиматтық
шарттарды қамтамасыз ету мақсатында ауаның барлық немесе жеке параметрлерін
(температура, салыстырмалы ылғалдылық, тазалық, қозғалыс жылдамдығы және сапа)
жабық үй-жайларда автоматты қолдау.
4 БЕЛГІЛЕР
Qomax - tо, Вт кезінде жылытуға ең жоғарғы жылу ағыны.
Q
- сыртқы ауаның
t
, Вт температурасында су температурасы кестесінің сыну
o
í
нүктесіндегі жылытуға жылу ағыны.
Qvmax - tо кезінде немесе
t
, Вт кезінде желдетуге ең жоғарғы жылу ағыны.
íâ
Qhmax - сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы 8°С, Вт және одан тӛмен
болатын кезең үшін
(жылыту кезеңі) ең кӛп су тұтыну тәулігіндегі ыстық сумен
жабдықтауға жұмсалатын ең жоғарғы жылу ағыны.
Qhm - жылыту кезеңінде аптасына орташа тәуліктерде ыстық сумен жабдықтауға
орташа жылу ағыны.
Qht
- ОЖП құбырларының және ғимараттар мен құрылыстарды ыстық сумен
жабдықтау жүйелеріндегі жылу шығындары, Вт.
Gomax - to, кг/с кезінде жылыту жүйесінде айналатын судың ең жоғарғы шығыны.
Ghmax; Ghm - жылыту кезеңіндегі ыстық сумен жабдықтау жүйесіндегі тиісті ең
жоғарғы және орташа су шығыны, кг/с.
Gd - жылу торабынан жылу пунктіне судың есептік шығыны, кг/с.
Gvmax - жылу торабынан желдетуге судың ең жоғарғы шығыны, кг/с.
Gdh ; Gdo - ыстық сумен жабдықтауға және жылытуға тиісті тораптық (қыздырушы)
судың есептік шығыны, кг/с.
sp
G
- су жылытқыш арқылы тораптық (қыздырушы) судың есептік шығыны, кг/с.
d
qh - ыстық сумен жабдықтауға судың ең жоғарғы есептік секундтық шығыны, л/с.
F - су жылытқыштың қызу беті, м2.
to - жылытуды жобалау кезінде сыртқы ауаның есептік температурасы, °С.
tн - температуралар кестесінің сыну нүктесіндегі сыртқы ауаның температурасы, °С.
tнv
А параметрі бойынша желдетуді жобалауға арналған сыртқы ауаның есептік
температурасы, °С.
5
tc
- жылыту кезеңіндегі суық (су құбырындағы) судың температурасы (деректер
болмаған жағдайда 5 °С болып қабылданады).
th - су жылытқыштарды қосудың бір сатылы тәсімінде немесе екі сатылы тәсімде су
жылытқыштың ІІ сатысынан кейін тұтынушыларды ыстық сумен жабдықтау жүйесіне
келетін судың су жылытқыштан шықпадағы температурасы, °С.
ãð
t
- су жылытқыштан шыға берістегі tãð
және кіре берістегі tãð
температура
ñð
âûõ
âõ
арасындағы су қыздырушы орташа температура, °С.
í
t
t
және кіре берістегі tí
cp
âûõ
âõ
температура арасындағы жылытылатын су, °С.
ts - қаныққан бу температурасы, °С.
I
t
- су қыздырғыштарды қосудың екі сатылы әдісінде су қыздырғыштың І
h
сатысынан кейін қыздырылатын судың температурасы, °С.
tср - қыздырушы және қыздырылатын орта арасындағы температуралардың есептік
айырмасы немесе температурлық арыны (орташа логарифмикалық), °С.
tб;
tм - су жылытқыштан шықпадағы немесе кіре берістегі қыздырушы және
қыздырылатын су арасындағы температуралардың тиісінше үлкен және кіші
айырмашылығы, °С.
ti - жылытылатын ғимараттардың ішкі ауасының орташа есептік температурасы, °С.
1
- сыртқы ауаның есептік температурасында tз жылу торабының беру
құбырындағы тораптық (қыздырушы) судың температурасы, °С.
o1 - сол секілді, жылыту жүйесінің беруші құбырында, °С.
2
- сол секілді, жылу торабының кері ағынды құбырында және ғимараттарды
жылыту жүйесінен кейін, °С.
o2
- сол секілді, жылыту жүйелерін тәуелсіз қосу кезінде жылу торабының кері
ағынды құбырында, °С.

- су температурасы кестесінің сыну нүктесінде жылу торабының беру
1
құбырындағы тораптық (қыздырушы) судың температурасы, °С.

- сол секілді, жылу торабының кері ағынды құбырында және ғимараттарды
2
жылыту жүйелерінен кейін, °С.
- сол секілді, бір сатылы әдіс бойынша жылу торабына қосылған ыстық сумен
3
жабдықтаудың су жылытқышынан кейін,
= 30 °С қабылдау ұсынылады.
3
- орташа температура кезіндегі судың тығыздығы tср, кг/м шамамен 1000 кг/м3 тең
болып қабылданады.
k - жылу беру коэффициенті, Вт/(м2°С).
1
- қыздырушы судан құбыр қабырғасына жылудың берілу коэффициенті,
Вт/(м2°С).
2 - сол секілді, құбырдың қабырғасынан қыздырылатын суға, Вт/(м2°С).
б
- конденсиялайтын будан құбырдың кӛлденең қабырғасына жылу беру
коэффициенті, Вт/(м2С).
қаб
- құбыр қабырғасының жылу ӛткізгіштігі, Вт/(м°С), келесіге тең болып
қабылданады: болат үшін 58 Вт/(м°С), жез үшін 105 Вт/(м°С).
6
қақ - сол секілді, қақ қабаты, Вт/(м°С), 2,3Вт/ (м°С) тең болып қабылданады.
Wқұб - құбырлардағы судың жылдамдығы, м/с.
Wқар - құбыр аралық кеңістіктегі судың жылдамдығы, м/с.
Fқұб - су жылытқыштың бір жүрісіндегі барлық құбырлар қимасының ауданы, м2.
Fқар - секциялық су жылытқыштың құбыр аралық кеңістігі қимасының ауданы, м2.
қаб - құбырлар қабырғасының қалыңдығы, м.
қақ - қақ қабатының қалыңдығы, м, судың сапасын ескере отырып нақты аудан үшін
пайдалану деректерінің негізінде қабылданады, деректер болмаған жағдайда, 0,0005 м тең
болып қабылданады.
Dіш - су қыздырғыш корпусының ішкі диаметрі, м.
Dіш - құбырлардың ішкі диаметрі, м.
Dсыр - құбырлардың сыртқы диаметрі, м.
Dбал - құбыраралық кеңістіктің балама диаметрі, м.
- тиімділік, жылу алмасу коэффициенті.
- су жылытқыштардағы жылу беру коэффициентін анықтау кезінде құбырлардың
үстіңгі бетінің ластануын ескеретін коэффициент.
- су қыздырғыштардағы қысымның жоғалуын анықтау кезінде су
қыздырғыштардың құбырларында таттың түзілуін ескеретін коэффициент.
5 ҚОЛАЙЛЫ ШЕШІМДЕР
5.1 Негізгі ережелер
5.1.1 Жылу пункттерінде жабдықты, арматураны, бақылау, басқару және
автоматтандыру аспаптарын орналастыру қарастырылады, солар арқылы тӛмендегілер
жүзеге асырылады:
- жылу тасымалдағыштың немесе оның параметрлерінің түрін ӛзгерту;
- жылу тасымалдағыштың параметрлерін бақылау;
- жылу тасымалдағыштың шығынын реттеу және оны жылуды тұтыну жүйелері
бойынша бӛлу;
- жылуды тұтыну жүйелерін сӛндіру;
- жылу тасымалдағыш параметрлерінің апаттық жоғарылауынан жергілікті
жүйелерді қорғау;
- жылуды тұтыну жүйелерін толтыру және сіңіру;
- жылу тасымалдағыштың және конденсаттың жылу ағындарын және шығындарын
есепке алу;
- конденсатты жинау, салқындату, қайтару және оның сапасын бақылау;
- жылуды жинақтау;
- ыстық сумен жабдықтау жүйелері үшін су дайындау.
Жылу пунктінде оның арналуына және тұтынушыларды қосудың нақты шарттарына
байланысты аталған функциялардың барлығы немесе олардың тек бір бӛлігі жүзеге
асырылуы мүмкін. Жылу тасымалдағыштың параметрлерін бақылау және жылудың
шығынын есепке алу аспаптарын барлық жылу пункттерінде қарастыру керек.
7
5.1.2 Жылу пункттері бӛлінеді:
- жеке жылу пункттері (ЖЖП);
- бір ғимаратты немесе оның бір бӛлігін жылыту, желдету, ыстық сумен жабдықтау
жүйелерін және технологиялық жылу пайдалану қондырғыларын қосу үшін;
- орталық жылу пункттері (ОЖП) - сол секілді, екі немесе одан асатын ғимаратты;
- жылу пункттерін (ЖП) жобалау, жиынтықтау және монтаждау процесін жеңілдету
үшін қолданылатын блоктық жылу пункттері (БЖП) зауыттық шарттарда дайындалуы
және дайын блоктар түрінде құрылыс объектісіне жеткізілуі мүмкін. БЖП жалпы
конструкцияға бір рамада жинақталған, әдетте, бақылау, автоматты реттеу және басқару
құрылғыларымен және аспаптарымен жиынтықтағы жекелеген функционалды түйіндер
болып табылады.
Егер бір ғимарат үшін бірнеше ЖЖП құрылғысы талап етілетін болса, осы
ғимараттың жылу тұтыну жүйелерін қосу үшін ОЖП құрылғысына жол беріледі.
5.1.3 ЖЖП құрылғысы ОЖП болуына тәуелсіз әрбір ғимарат үшін міндетті, сонымен
бірге ЖЖП-де осы ғимараттың жылу тұтыну жүйелерін қосу үшін қажет және ОЖП-де
қарастырылмаған функциялар ғана қарастырылады.
5.1.4 Жылудың сыртқы кӛздерінен жылумен жабдықтағанда және ғимараттардың
саны біреуден асқанда ӛнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындары үшін ОЖП
міндетті болып табылады, ал меншікті жылу кӛздерінен жылумен жабдықтау кезінде
ОЖП құрылысының қажеттілігін жылумен жабдықтаудың нақты шарттарына байланысты
анықтау керек. ОЖП қуаттылығы регламенттелмейді.
5.1.5 Тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттар үшін ОЖП орнату қажеттілігі
техника-экономикалық есептердің негізінде құрылыс ауданын жылумен жабдықтаудың
нақты шарттарымен анықталады.
5.1.6 Жылумен жабдықтаудың жабық жүйелерінде (12-35) МВт шегінде (ыстық
сумен жабдықтауға орташа жылу ағынының және жылытуға максималды жылу ағынының
қосындысы бойынша) жылу шығынымен ықшам ауданға немесе ғимараттар тобына бір
ОЖП қарастыру ұсынылады.
5.1.7 Қуаттылығы 35 МВт және одан аз қазандықтардан жылумен жабдықтау кезінде
ғимараттарда тек ЖЖП қарастыру ұсынылады.
5.1.8 Тұрғын үйлерге және қоғамдық ғимараттарға қызмет кӛрсететін ОЖП-нен
ӛнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарын жылумен жабдықтау
қарастырылмайды.
5.1.9 Жылу пункті жобасының құрамына келесілерден тұратын техникалық
тӛлқұжат қосылады:
- жылу тұтынушыларды қосу тәсімдерінің қысқаша сипаттамасы;
- әрбір жүйе бойынша жылу тасымалдағыштардың және жылудың есептік
шығындары (ыстық сумен жабдықтау үшін - орташа және максималды), МВт;
- жылу пунктісінің шыға берісінде және кіре берісінде жылу тасымалдағыштар
түрлері және олардың параметрлері (жұмыс қысымы, МПа, температура, °С);
- шаруашылық-ауыз су құбырының кіре берісіндегі және шыға берісіндегі
құбырдағы есептік параметрлер (шығын, м3/с; жұмыс қысымы, МПа; температура, °С);
8
- су қыздырғыштардың типі, олардың қызу беті, м2, қыздыру басқыштары және
қыздыру сатылары бойынша секциялардың немесе тілімдердің саны және екі орта
бойынша қысым шығыны;
- сорғы жабдығының типі, саны, сипаттамалары және қуаттылығы;
- ыстық сумен жабдықтау жүйелері үшін су ӛңдеуге арналған жабдықтың типі, саны
және ӛндірімділігі;
- ыстық сумен жабдықтау бак-аккумуляторларының және конденсаттық бактардың
саны және орнатылған сыйымдылығы, м3;
- жылу және су мӛлшерін есепке алу аспаптарының және реттеу аспаптарының типі
және саны, реттеуші клапандардағы қысымды жоғалту;
- жылу және электр энергиясын күтілетін жылдық тұтыну. Электр жабдығының
белгіленген жиынтық қуаттылығы;
- жылу пунктінің жалпы ауданы, м2 және құрылыс кӛлемі, м3;
- қысымды ӛлшеуге арналған іріктемелі құрылғылар қарастырылған нүктелердегі
қысымның мәндері;
- айырманы реттегіштер бапталатын қысымның айырмасы;
-
реттеуші клапандардың шартты ӛткізу қабілеті және баланстық
клапандардың бапталатын ӛткізу қабілеті.
5.1.10 Жылумен жабдықтаудың жабық және ашық жүйелерінде ғимараттарды ОЖП
немесе ЖЖП арқылы жылу тораптарына қосу әдісі жылу тораптарының және
ғимараттардың гидравликалық жұмыс режимін және температуралық кестесін ескере
отырып, жобалау тапсырмасына сәйкес немесе техникалық-экономикалық негіздеме
негізінде анықталады.
5.1.11 Жылумен жабдықтау жүйелері жылу тораптарының жылу пункттерінің
жабдығына жылумеханикалық және электртехникалық жабдықтар; бақылау-ӛлшеу
аспаптары, автоматика жүйелерінің аспаптары, жылу энергиясының шығынын есепке алу
аспаптары, сонымен қатар осы аспаптар, жүйелер және жабдықтар орналасқан ғимараттар
мен құрылыстар жатады.
5.1.12 Жылумен жабдықтау жүйелерінің жылу тораптарының жылу пункттерінің
жабдықтары және элементтері тиісті нормативтік құжаттардың, жобалық, пайдалану және
техникалық құжаттаманың ережелерін қанағаттандыруы тиіс.
5.1.13 Енгізу түйінінің құрылғысы ОЖП болуына байланысты әрбір ғимарат үшін
міндетті, сонымен бірге енгізу торабында осы ғимаратты қосу үшін қажет шаралар ғана
қарастырылады және ОЖП-де қарастырылмаған.
5.1.14 Блоктық жылу пункттерінің
(БЖП) заманауи техникалық шешімдерінің
біркелкілігі және олардың жолға қойылған ӛндірісі рұқсат береді:
- құрылыс объектісіне жиынтықсыз жеткізіліммен салыстырғанда жылу пунктін
жабдықпен және материалдармен жиынтықтау үдерісін жеңілдету;
- БЖП дайындаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету;
- жылу пунктінің үй-жайында блокты орнатумен және оны ғимараттың құбырларына
және электрмен жабдықтау тораптарына қосумен шектеліп, орында дайындау және елеулі
монтаждау-реттеу жұмыстарын болдырмау.
5.1.15 БЖП келесі мүмкіндіктер үшін пайдалану керек:
9
- ең қысқа мерзімде жылумен жабдықтау жүйесін жаңартуды жүргізу;
- жылу пункттеріне қызмет кӛрсету бойынша жалпы қызметкерлерді қысқарта
отырып, оперативті және білікті сервис қызметін ұйымдастыру;
- автоматтандырылған БЖП-не қосылған жылу тұтыну жүйелерін әрі қарай
пайдаланған кезде жылу және электр энергиясын елеулі түрде үнемдеуді қамтамасыз ету;
- бірыңғай орталықтан жылудың тұтынылуын диспетчерлік бақылау, басқару және
есепке алу жүйесін енгізу.
5.1.16 Жылу пункттерінде сорғылардан
(айдаушыдан басқа), элеваторлардан,
реттеуші клапандардан, тазалаушы қондырғылардан және судың шығынын және жылуды
есепке алуға арналған аспаптардан басқа, жылу тораптарының беруші және кері ағынды
құбырлары, сонымен қатар айналма құбырлар арасында қосатын жалғастырғыштарды
орнатуға жол берілмейді.
Кері ағынды құбырда жылу пунктінің шықпасында «ӛзіне дейінª қысым реттегішті
орнатқан кезде оның айналасында жылу тұтыну жүйелерін толтыру мүмкіндігі үшін
ілмекті құрылғымен айналма құбыр қарастырылуы мүмкін.
Конденсат бұрғыштар мен құйылуды реттегіштер айналма құбырларға ие болуы
тиіс.
5.1.17 Жылу пунктін техникалық қамтамасыз ету үшін жылу ӛлшегіштерді, сонымен
қатар абоненттік кіре берістің беру құбырына кіре берістегі жылу тасымалдағыштың
қысымына байланысты қысым реттегішті орнатуды қарастыру керек. Қысым реттегішке
келесі міндеттерді жүктеледі:
- гидравликалық тетіктің бұзылуынан жылу торабын қорғау;
- абоненттің жылу торабындағы жылу тасымалдағыш қысымының ауытқуын жою;
- жылыту жүйесінің жылу ағынын реттегіштің, не болмаса ыстық сумен жабдықтау
жүйесінің температурасын реттегіштің сыртқы дәрежесін жоғары деңгейде ұстау;
- жылу ағынын (температураны) реттегішпен бірге жылу тасымалдағыштың ең
жоғары шығынын шектеу.
5.2 Ӛрт қауіпсіздігі
5.2.1 Ғимараттардың, жылу пункттері құрылыстарының және ӛрт сӛндіру
бӛлімдерінің ӛлшемдерін таңдауды олардың отқа тӛзімділігі дәрежесіне, конструктивтік
және функционалдық ӛрт қауіптілігі класына, ӛрт жүктемесінің шамасына байланысты,
сонымен қатар ӛртке қарсы қорғаныс құралдарының тиімділігін, ӛрт қызметтерінің
болуын және алыстығын, олардың жарақтандырылуын, ӛрттің мүмкін болатын
экономикалық және экологиялық салдарларын ескере отырып жүргізу керек.
5.2.2 Қажетті есептік деректер болмаған жағдайда ӛрт қауіпсіздігі бойынша
белгіленген ережелерді, сонымен қатар басқа қолданыстағы нормативтік құжаттарды
басшылыққа алу керек. Үй-жайларды автоматты ӛрт сӛндіру қондырғыларымен
жабдықтаған кезде үй-жайлардың аудандарын 2 есе ұлғайтуға жол беріледі, бұған С0
және С1 ӛрт қауіптілігі класы отқа тӛзімділігінің IV деңгейдегі ғимараттары, сонымен
қатар отқа тӛзімділіктің V деңгейдегі ғимараттары жатпайды.
5.2.3 Ӛрттің туындау ықтималдығының сандық бағасы ГОСТ 12.1.004 бойынша
немесе осындай объектілер бойынша статистикалық деректердің негізінде орындалуы
10
мүмкін.
5.2.4 Жарылыс-ӛрт және ӛрт қауіптері бойынша ғимараттардың санаттарын ӛрт
қауіпсіздігі бойынша қолданыстағы құжаттарға сәйкес анықтау керек.
Жарылыс-ӛрт және ӛрт қауіптілігі бойынша жылу пункттерінің үй-жайларын Д
санатына жатқызу керек.
5.2.5 Жылу пункттерінің ғимараттары және құрылыстары ӛртке қарсы сумен
жабдықтаумен, нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес ӛртті анықтау
және сӛндіру қондырғыларымен жабдықталуы тиіс.
5.2.6 Ашық от қолданылатын газбен пісіретін, электрмен пісіретін және басқа
жұмыстар ӛрт қауіпсіздігінің талаптарын міндетті түрде қадағалаумен жүзеге асырылуы
тиіс.
5.2.7 Жылу пункттерін орнату және пайдалану Қазақстан Республикасындағы Ӛрт
қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес болуы тиіс.
5.2.8 Жылу пункттерін жобалау кезінде ОЖП-де ӛртке қарсы сорғылардың
орналасуы мүмкіндігін ескеру керек. ОЖП-дегі ӛртке қарсы сигнализация болған
жағдайда тек қана тұрмыстық үй-жайларда ғана (диспетчердің (оператордың) үй-жайы,
электр қалқандар, ӛртенетін материалдардың қоймалары және т.б.) қарастырылады.
5.2.9 Жылу пункттерінде ӛртке қарсы режим орнатылуы және ӛндірістің
ерекшеліктерінен шығара келе ӛртке қарсы шаралар орындалуы тиіс, ӛрт шыққан
жағдайда қызметкерлердің әрекетін, кернеуде тұрған электрқондырғылардағы ӛртті
сӛндіру тәртібін, ӛрт сӛндіру бӛлімшелерімен ӛзара әрекеттесуді, ӛрт сӛндірудің басқа
күштерін және құралдарын қолдануды анықтайтын ӛрт сӛндірудің оперативті
жоспарының әзірленуі, сонымен қатар басшы бекіткен ӛрт қауіпсіздігінің нақты шаралары
және ӛртке қарсы режим туралы нұсқаулық әзірленуі тиіс.
5.2.10 Жылу пункттерінде ГОСТ 12.1.004 сәйкес ӛрт қауіпсіздігі бойынша шаралар
қамтамасыз етілуі тиіс.
5.2.11 Жабдықты пайдалану, оған техникалық қызмет кӛрсету және жӛндеу
Қазақстан Республикасындағы ӛрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беруі тиіс:
- қолда бар ӛрт сӛндіру құралдарын ақаусыз күйде ұстау;
- қажетті ӛрт сӛндіру құралдарымен жиынтықтау, оларды қарауды және тексеруді
дер кезінде жүргізу;
- жылу пунктінде қызмет кӛрсетуші қызметкерлермен, жӛндеу және мердігер
ұйымдарымен орындалатын дәнекерлеу және басқа отқа қауіпті жұмыстарды жүргізу
ережелерін қадағалау;
- ӛрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтарды әзірлеу және олардың талаптарын
барлық қызметкерлердің қатаң орындауы;
- ӛртке қарсы шараларды орындау, белгіленген ӛртке қарсы режимнің қадағалануын
бақылау, ӛртті автоматты анықтау ӛртті автоматты анықтау жүйелерінің және ӛрт сӛндіру
қондырғыларының тұрақты дайындығын қамтамасыз ету, ӛртке қарсы жаттығуларды
ұйымдастыру.
5.2.12 Жылу тораптарын және жылу пункттерін, сорғылық және дроссельдік
станцияларды, ғимараттарды және құрылыстарды орнату және пайдалану ӛрт
қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес болуы тиіс.
11
5.2.13 Тұрғын үйлерге және қоғамдық ғимараттарға кіріктірме жылу пункттері
құбырларының, арматураның және жабдықтың жылу оқшаулаушы конструкцияларына
арналған материалдар және бұйымдар жанғыш болмауы тиіс.
5.2.14 Қабырғалардың және тӛбенің дыбыс жұтқыш қаптамасы жанбайтын
материалдардан қарастырылуы тиіс.
5.3 Кӛлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдер
5.3.1 Бас жоспарда орналастыру бойынша жылу пункттері жеке тұрған, ғимараттар
мен құрылыстарға жалғастырып салынған және ғимараттар мен құрылыстарға
кіріктірілген болып бӛлінеді.
5.3.2 Жылу пункттерінің кӛлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдері ҚР
ЕЖ 3.02-127 талаптарын қанағаттандыруы тиіс. Кіріктірме және жапсарлас жылу
пункттерін орналастырған кезде сонымен қатар олар орналастырылған немесе
жалғастырып салынған ғимараттарды жобалаудың нормативтік-техникалық құжаттар
талаптары қадағалануы тиіс. Сонымен бірге жылу пунктінің жабдығын орналастыруға
байланысты зиянды физикалық факторлардың: жылудың артуы, ылғалдың артуы, шу,
діріл және т.б. әсерінен ғимараттарды және құрылыстарды қорғау бойынша жан-жақты
шаралар қарастырылуы тиіс.
5.3.3 Жылу пункттерінің құрылыс конструкцияларына арналған материалдарды
таңдаған кезде нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес үй-жайдың ылғалдық режимін
ескеру керек.
5.3.4 Құрылыс конструкцияларын тот басудан қорғау үшін ҚР ЕЖ
2.01-101
талаптарына сәйкес материалдар қолданылуы тиіс.
5.3.5 Жеке тұрған және жалғастырып салынған жылу пункттерінің ғимараттары
нормативтік құжаттарға сәйкес отқа тӛзімділіктің І, ІІ және ІІІ дәрежесінен тӛмен болмауы
тиіс.
Үй-жайлардың қоршау конструкцияларында силикат кірпішті қолдануға жол
берілмейді.
Сыртқы қоршау конструкцияларының сыртқы нысандарын, материалын және түсін
жанында орналасқан ғимараттардың және құрылыстардың немесе жылу пункттері
жалғасып салынатын ғимараттардың сәулеттік кӛрінісін ескере отырып таңдау
ұсынылады.
5.3.6 Орталық жылу пункттеріне қатты жабынды кіру жолдарын және жӛндеу
жұмыстарын ӛндіру кезінде жабдықты уақытша қоймалауға арналған алаңқайларды
қарастыру керек.
5.3.7 Тұрақты қызмет кӛрсетуші қызметкерлері бар ОЖП-де қолжуғышпен
санитарлық торап, киімді сақтауға арналған шкаф, ас ішетін орын қарастырылуы тиіс.
Санитарлық тораптан канализациялық желіге пайдаланылған судың ӛздігінен ағуын
қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, жылу пунктіне жақын, бірақ 50м әрі емес
орналасқан ғимараттарда санитарлық торапты пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етумен
ОЖП-де санитарлық торапты қарастырмауға жол беріледі.
5.3.8 Жеке жылу пункттері ӛздері қызмет кӛрсететін ғимаратқа кіріктірілген болуы
және бірінші қабатта ғимараттың сыртқы қабырғаларындағы жеке үй-жайда орналасуы
12
тиіс. Ғимаратқа кірмеден ЖЖП-не дейін магистралды құбыр нормативтік құжаттарға
сәйкес магистралды жылу торабының транзиттік құбырының нормаларын
қанағаттандыруы шартында ғимараттардың және құрылыстардың жертӛлелерінде немесе
техникалық үй асты қоймаларында ЖЖП орналастыруға жол беріледі.
5.3.9 Орталық жылу пункттерін
(ОЖП), әдеттегідей, жеке тұратын ретінде
қарастыру керек. Техникалық-экономикалық негіздеу кезінде оларды инженерлік
қамсыздандырудың басқа құрылыстарымен: суды және пайдаланылған суларды
айдайтын сорғы станцияларымен, трансформаторлық, жылусорғы қондырғыларымен,
оларды бір энергетикалық торапқа біріктіріп, үйлестіруге жол беріледі.
Ғимараттарға жалғастырып немесе қоғамдық, әкімшілік-тұрмыстық немесе
ӛндірістік ғимараттарға және құрылыстарға кіріктіріп, жеке үй-жайға ОЖП
орналастыруды қарастыруға жол беріледі.
5.3.10 Үй-жайларда және жұмыс орындарында жол берілетін діріл және шу деңгейі
бойынша жоғары талаптар қойылатын тұрғын үйлік, қоғамдық, әкімшілік-тұрмыстық
ғимараттардың ішінде, сонымен қатар ӛндірістік ғимараттарда сорғылармен
жабдықталған жылу пункттерін орналастырған кезде 5.11 бӛлімнің талаптары орындалуы
тиіс.
Сорғылармен жабдықталатын жылу пункттерін тұрғын пәтерлердің, мектепке
дейінгі балаларға арналған мекемелердің жатын және ойын үй-жайларының, мектеп-
интернаттардың, қонақүйлердің, жатақханалардың, шипажайлардың, демалыс үйлерінің,
пансионаттардың жатын үй-жайларының, ауруханалардың палаталарының және
операциялық бӛлмелерінің, науқастар ұзақ уақыт болатын үй-жайлардың, дәрігерлердің
кабинеттерінің, ойын-сауық кәсіпорындарының кӛрермендер залдарының астында немесе
үстінде шектестіріп орналастыруға жол берілмейді.
Жылу пункттерін тұрғын үй ғимараттарында тұрғын бӛлмелердің астына немесе
олармен (жоспарда) кӛршілес орналастыруға жол берілмейді.
Шу және діріл бойынша талап етілетін нормаларды қадағалау шартында жоғарыда
кӛрсетілген үй-жайлармен шектестіріп немесе астында іргетассыз
(шуылсыз)
сорғылармен ЖЖП орналастыруға жол беріледі.
5.3.11 Жеке тұрған және жапсарлас жылу пункттерінің ғимараттары бір қабатты
болуы тиіс, оларда конденсатты жинауға, салқындатуға және айдауға арналған жабдықты
және канализацияны орналастыруға арналған жертӛлелерді салуға жол беріледі.
Жеке тұрған жылу пункттерін келесі шартта жерастындық ретінде қарастыруға жол
беріледі:
- құрылыс ауданында жерасты суларының болмауы және жылу пунктін
канализациялық, жауын-шашындық және басқа сулардың басып қалу мүмкіндігін
болдырмайтын, жылу пунктінің ғимаратына инженерлік коммуникациялардың кірмелерін
саңылаусыздандыру;
- жылу пунктінің құбырларынан судың ӛздігінен ағып шығуын қамтамасыз ету;
- диспетчерлік пункттен ішінара қашықтықтан басқарумен және апаттық
сигнализациямен тұрақты қызмет кӛрсетуші қызметкерлері жоқ жылу пункті жабдығының
автоматтандырылған жұмысын қамтамасыз ету.
5.3.12 Жылу пункттерін Г және Д санатындағы ӛндірістік үй-жайларда, сонымен
қатар тұрғын үйлік және қоғамдық ғимараттардың техникалық жертӛлелерінде және
13
жерасты қоймаларында орналастыруға жол беріледі. Сонымен бірге жылу пункттерінің
үй-жайлары осы үй-жайлардан қоршаулармен (арақабырғалармен) бӛлініп, жылу пунктіне
бӛгде адамдардың енуін болдырмауы тиіс.
5.3.13 Ӛнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарына арналған жылу
пункттерінің
жеке тұрған және жапсарлас салынған ғимараттарының кӛлемдік-
жоспарлық және конструктивтік шешімдерін әзірлеу кезінде оларды әрі қарай кеңейту
мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.
5.3.14 Ғимаратқа кіріктірме жылу пункттерін осы ғимараттардан шығаберісте 12 м
аспайтын арақашықтықта ғимараттардың сыртқы қабырғаларында орналастыру керек.
5.3.15 Ғимаратқа кіріктірме жылу пункттерінен шығатын жерлер қарастырылуы тиіс:
- жылу пунктінің үй-жайының ұзындығы
12 м және одан аз болғанда және
ғимараттан сыртқа шыға берісте кем дегенде 12 м арақашықтықта орналасқанда - дәліз
немесе баспалдақ торы арқылы сыртқа бір шығатын жол;
- жылу пункті үй-жайының ұзындығы
12 м және одан азды құрағанда және
ғимараттан шыға берісте 12 м асатын арақашықтықта орнасқанда - сыртқа бір дербес
шығатын жол;
- жылу пунктінің үй-жайының ұзындығы 12 м асқанда - екі шығатын жол, оның
біреуі тікелей сыртқа шығуы тиіс, ал екіншісі - дәліз немесе баспалдақ торы арқылы
шығады.
5.3.16 Қысымы 1,0 МПа асатын бумен жылу тасымалдағышпен жылу пункттерінің
үй-жайлары үй-жайдың габариттеріне байланысты кем дегенде екі шығатын жолға ие
болуы тиіс.
5.3.17 Жерасты жеке тұрған немесе жапсарлас салынған жылу пункттерінде екінші
шығатын жолды жапсарлас люкті шахта арқылы немесе аражабындағы люк арқылы, ал
техникалық жерасты қоймаларында немесе ғимараттардың жертӛлелерінде
орналастырылатын жылу пункттерінде - қабырғадағы люк арқылы қарастыру керек.
5.3.18 Жылу пунктінің үй-жайынан немесе жылу пунктінің ғимаратынан есіктер
және қақпалар сыртқа қарай ашылуы тиіс.
5.3.19 Жылу пунктіндегі жарықтандыру ылғалдан қорғалып орындалуы тиіс.
Кіріктірме ЖЖП үшін жарықтандыруды сӛндіргіш кіретін есіктің сыртында
орналастырылады.
Жылу пункттерін табиғи жарықтандыруға арналған ойықтарды қарастыруға жол
беріледі.
5.3.20 Жылу пункттерінің жабдығын блоктық атқарылымда қолдану ұсынылады, бұл
үшін:
- су жылытқыштарды, сорғыларды және басқа жабдықты зауыттық дайын блоктарда
қабылдау;
- құбырлардың ірілендірілген монтаждық блоктарын қабылдау;
- құбырлармен, арматурамен, БӚА, электртехникалық жабдықпен және жылулық
оқшаулаумен тасымалдауға жарайтын блоктарға ӛзара технологиялық байланысты
жабдықтарды ірілендіру қажет.
5.3.21 Құрылыс конструкцияларынан құбырларға, жабдықтарға, арматураға дейінгі,
жапсарлас құбырлардың жылу оқшаулаушы конструкцияларының беттері арасындағы бос
аралықтың минималды арақашықтығын, сонымен қатар құрылыс конструкциялары мен
14
жабдығы арасындағы ӛткелдердің енін (бос аралықты) А қосымшасы бойынша қабылдау
керек.
5.3.22
Үй-жайлардың таза еден белгісінен аражабынның шығыңқы
конструкцияларының түбіне дейінгі
(бос аралықты) биіктікті келесілерден кем емес
қабылдау ұсынылады, м,: жерүстіндік ОЖП үшін - 4,2; жерастындық үшін - 3,6; ЖЖП
үшін - 2,2.
Жертӛлелік және цокольдік үй-жайларда, сонымен қатар ғимараттардың техникалық
жерасты қоймаларында ЖЖП орналастырғанда үй-жайлардың және оларға еркін
ӛткелдердің биіктігін кем дегенде 1,8 м етіп қабылдауға жол беріледі.
ОЖП қайта құрғанда немесе жаңартқанда үй-жайлардың биіктігін ғимараттың
конструктивтік ерекшеліктерінен шығара келе, бірақ кем дегенде 2,5 м етіп қабылдау
керек.
5.3.23 Орталық жылу пунктінде монтаждық (жӛндеу) алаңды қарастыру керек.
Жоспарда монтаждық алаңның ӛлшемдерін монтаждау үшін жинақталған түрде
жеткізілетін жабдықтың (сыйымдылығы 3 м3 асатын бактардан басқа) немесе жабдықтар
мен құбырлар блогының габариті бойынша ірі бірлігін анықтау керек, оның айналасында
кем дегенде 0,7 м ӛткелді қамтамасыз ету керек.
Жабдықтың, аспаптардың және арматураның ұсақ жӛндеуін жүргізу үшін верстакты
орнатуға арналған орынды қарастыру керек.
Негізді жағдайларда ашылатын монтаждық ойықпен сыртқы монтаждық алаңды
орындауға жол беріледі.
5.3.24 Сыйымдылығы
3 м3 асатын конденсаттық бактарды және аккумулятор-
бактарды ашық алаңқайларда жылу пункттерінің үй-жайларынан тыс оқшауларды орнату
қарастырылуы тиіс.
5.3.25 Жербетіндік жылу пунктерінде есіктердің ӛлшемдерінен габариттері асып
кететін жабдықтарды монтаждау үшін қабырғаларда қақпаларды немесе монтаждық
ойықтарды қарастыру керек.
Сонымен бірге монтаждық ойықтың және қақпалардың ӛлшемдері ең үлкен
жабдықтың немесе құбырлар блогының габаритінен 0,2 м үлкен болуы тиіс.
5.3.26 Жабдықты және арматураны немесе жабдық блоктарының ағытпалы емес
бӛлшектерін жылжыту үшін инвентарлық кӛтергіш-тасымалдау құрылғыларын қарастыру
керек.
Стационарлық кӛтергіш-тасымалдау құрылғыларын қарастыру керек:
-қозғалатын жүктің 0,15 -тен 1 т дейінгі салмағында - қолмен жүккӛтергіштері және
имек темірлері бар монорельстер немесе бір арқалықты қолмен атқарылатын аспалы
крандар;
- сол секілді, 1-ден 2 т дейін - бір арқалықты қолмен атқарылатын аспалы крандар;
- сол секілді, 2 т асатын - бір арқалықты электрлі аспалы крандар.
Жылу пункті бойынша кӛлік құралдарының кіруін және қозғалуын қамтамасыз ету
шартында жылжымалы шағын габаритті кӛтергіш-кӛлік құралдарын пайдалану
мүмкіндігін қарастыруға жол беріледі.
Механикаландыру құралдары нақты шарттар үшін жобаны әзірлеу кезінде жобалау
ұйымымен нақтылануы мүмкін.
15
5.3.27 Судың ағуы үшін едендерді басқыш немесе су жинайтын құдық жаққа қарай
0,01 еңіспен жобалау керек. Су жинайтын құдықтың ең тӛменгі ӛлшемдері, әдеттегідей,
0,8 м кем емес тереңдікте 0,5 м × 0,5 м кем болмауы тиіс. Жинағыш құдықтар алынбалы
тормен жабылуы тиіс. Егер автоматты түрде суды жою құралдары болмаса, тӛменгі
ағызатын крандардан және жоғарғы ауа шығаратын құрылғылардан тұратын су
шығарғышпен сорғыту жүйесін қарастыру керек.
5.3.28 Жылу пункттерінің үй-жайларында жеңіл тазалауға жол беретін, ұзаққа
шыдайтын, ылғалға тӛзімді материалдармен ӛңдеуді қарастыру керек, сонымен бірге:
- кірпіш қабырғалардың жер бетіндік бӛлігін сылауды;
- бетон қабырғалардың ойық бӛліктерін цемент ерітіндісімен жоюды;
- панель қабырғалардың жіктерін бітеуді;
- тӛбелерді ақтауды;
- едендердің бетон немесе тақталы жабынын орындау қажет.
Жылу пункттерінің қабырғалары керамикалық тақталармен жабылады немесе
еденнен 1,5 м биіктікте майлы немесе басқа суға тӛзімді бояумен боялады, еденнен 1,5 м -
ден жоғары - желімді немесе басқа осындай бояумен боялады.
5.3.29 Жылу пункттерінде құбырларды ашық тӛсеуді қарастыру керек. Құбырларды
арналарда, егер осы арналар арқылы жылу пунктіне жарылыс қауіпті немесе жанғыш
газдар мен сұйықтықтар түспейтін болса, тӛсеуге жол беріледі, олардың аражабынының
жоғарғы беті таза еден деңгейімен үйлеседі.
Арналар жеке салмағы 30 кг аспайтын алынбалы аражабындарға ие болуы тиіс.
Арналардың түбі су жинайтын құдыққа қарай кем дегенде 0,02 бойлық кӛлбеуге ие
болуы тиіс.
5.3.30 Еденнен
1,5 м-ден
2,5 м дейінгі биіктікте орналасқан жабдыққа және
арматураға қызмет кӛрсету үшін жылжымалы немесе тасымалды конструкциялар
(алаңқайлар) қарастырылуы тиіс. Жылжымалы алаңдар үшін ӛткелдерді құру мүмкін
болмаған жағдайда, сонымен қатар
2,5 м және одан асатын биіктікте орналасқан
жабдыққа және арматураға қызмет кӛрсету үшін қоршауларымен және тұрақты
баспалдақтарымен ені
0,6 м болатын стационарлық алаңдарды қарастыру қажет.
Стационарлық алаңқай деңгейінен тӛбеге дейінгі арақашықтық кем дегенде 1,8 м болуы
тиіс.
Алаңдардың, баспалдақтардың және қоршаулардың ӛлшемдерін ГОСТ
23120
талаптарына сәйкес қабылдау керек.
5.3.31 Жылу пункттерінің үй-жайларында ғимараттардың және құрылыстардың
санитарлық-техникалық жүйелерінің жабдығын, соның ішінде шаруашылық-ауыз су
және ӛртке қарсы қажеттіліктерге су беретін жоғарғы сорғы қондырғыларын, ыстық су
бак-аккумуляторларын және электр жетекті жылу генераторларын, ал жапсарлас
салынған және кіріктірілген ЖЖП бар үй-жайларда сондай-ақ ӛрт қауіптілігі бойынша
В1 - В4, Г, Д санатты ӛндірістік үй-жайларға, қоғамдық және тұрғын үйлерге қызмет
кӛрсететін тартпа желдету жүйелерінің жабдығын орналастыруға жол беріледі.
5.3.32 Жылжымалы тіректердің шетінен құбырлардың тірек конструкциялардың
(траверс, кронштейндер, тірегіш жастықтар) шетіне дейінгі минималды арақашықтық кем
дегенде
50 м болатын артығымен бүйір бағытта тіректердің ең жоғарғы ықтимал
қозғалысын қамтамасыз етуі тиіс. Одан басқа, траверстің немесе кронштейннің шетінен
16
құбырдың білігіне дейінгі ең тӛменгі арақашықтық кем дегенде 1,0 Dу болуы тиіс (мұнда:
Dу - құбырдың шартты диаметрі).
5.3.33 Құбырдың жылу оқшаулағыш конструкциясының бетінен ғимараттың
құрылыс конструкцияларына дейінгі немесе басқа құбырдың жылу оқшаулағыш
конструкциясының бетіне дейінгі бос аралық арақашықтығы құбырдың жылжуын ескере
отырып кем дегенде 30 мм құруы тиіс.
5.3.34 Жылу пункттерінде
құбырларды беріктікке есептеген кезде үлкен
диаметрдегі құбырларға кіші диаметрдегі құбырларды бекітуге жол беріледі.
5.3.35 Су құбырын жылу желілері құбырларының астына немесе бір қатар етіп
тӛсеуді қарастыру керек, бұл жағдайда су құбырларының бетінде конденсаттың түзілуін
болдырмау үшін су құбырының жылулық оқшаулануын орындау қажет.
5.3.36 Жылу пункттерінде құбырларды бірқатар етіп тӛсеген кезде беруші құбырды
кері ағынды құбырдың оң жағында орналастыру керек
(беруші құбырдағы жылу
тасымалдағыш барысы бойынша).
5.3.37 Құбырларды еденнің деңгейінен жоғары тӛсеуді қарастыру керек.
Арналардың және жинақтағыш құдықтардың еденіне орнатуға жол берілмейді.
5.3.38 Жылу пункттерінің ғимараттарын және құрылыстарын желденетін жерасты
қоймалары бар жербетіндік етіп жобалау керек.
5.3.39Жылуды тұтыну жүйелерін және жылу пункті құбырдарын және жабдығын
босату үшін жылудың топыраққа әсерін болдырмайтын суды тӛгу және сорғыту жүйесін
қарастыру керек.
5.3.40 Жылу пункттері жабдығының реконструкциясы және жаңартылуы келесі
жағдайларда жүргізіледі:
- негізгі жабдық физикалық тозғанда және жылу энергиясының талап етілетін
мӛлшерін беруді қамтамасыз ету мүмкін болмағанда немесе оның жұмысының
экономикалық кӛрсеткіштері тӛмендегенде;
- әлдеқайда жоғары экономикалық кӛрсеткіштермен жаңа жабдықтың пайда болуы
(негізделгенде);
- қосылған жылу тұтыну жүйелерінің жылу жүктемелерінің ӛзгеруі;
- сыртқы жылу тораптарына қосылу шарттарының техникалық параметрлерін
ӛзгерту.
5.3.41 Жылу пунктін жаңғыртқан кезде басқару, бақылау, есепке алу процесін
автоматтандыруды қарастырады. Басқару процесі қамтиды:
- сыртқы ауаның температурасына байланысты жылыту жүйесіне
берілетін
жылу тасымалдағыштың температурасын реттеу;
- берілген температуралық кесте бойынша сыртқы ауаның температурасына
сәйкес, жылу торабына қайтарылатын жылу тасымалдағыштың температурасын
реттеу;
- энергия үнемдеуші режимнен кейін ғимаратты жылдам жылыту (тӛмен жылу
тұтыну);
- үй-жайдағы ауаның температурасы бойынша жылуды тұтыну режимін
түзету;
-
жылыту жүйесінің беру құбырындағы жылу тасымалдағыштың
температурасын шектеу;
17
- ыстық сумен жабдықтау жүйесінде жылу жүктемесін реттеу;
-
мұздаудан қорғау функциясын қамтамасыз етумен тартпа желдету
қондырғыларының жылу жүктемесін реттеу;
- сыртқы ауа температурасы бойынша берілген кезеңдерде жылу тұтынудың
тӛмендеу шамасын реттеу;
- ғимараттың жинақтау ерекшелегін және оның жарық бағыттары бойынша
бағдарлануын ескере отырып, жылу тұтыну режимін реттеу.
5.3.42 Қолданыстағы жылу энергиясын есепке алу түйінін және жылу
тасымалдағыштарды реконструкциялауға және жаңасын салуға жобалық құжаттама жылу
энергиясын және (немесе) жылу тасымалдағыштарды жеткізушімен және тұтынушымен
келісілген техникалық тапсырманы ескере отырып әзірленуі тиіс. Техникалық
тапсырманың құрамында пайдалану кезеңінде орын алуы мүмкін жылу жүктемелері,
жылу тасымалдағыштардың ең жоғарғы және ең тӛменгі шығындары мен параметрлері
туралы деректер келтірілуі тиіс. Кӛрсетілген мәліметтер есепке алу түйінін әзірлеуші
ұйымға беріледі.
5.3.43 Жеке тұрған немесе жапсарлас салынған жылу пункттерінен келетін
құбырлардың ғимаратқа кіру орындарында осы ғимараттардың қабырғаларына және
іргетастарына құбырларды қатты бекітуге жол берілмейді.
Қабырғалар және іргетастар арқылы құбырдың ӛтуіне арналған саңылаулардың
ӛлшемдері ғимараттың құрылыс конструкциялары мен құбырдың жылу оқшаулағыш
конструкциясының беттері арасындағы саңылауды қамтамасыз етуі тиіс. Саңылауды
жасау үшін иілімді су-газ ӛткізбейтін материалдарды қолдану керек.
5.3.44 Ғимараттың құрылыстық конструкцияларына бекіткен кезде құбырлардың
және жабдықтың тіректері астындағы кіріктірме және жапсарлас жылу пункттерінде
дірілді оқшаулайтын тӛсемдерді қарастыру керек.
5.3.45 Жабдық және құбырлар монтаждан кейін тексерілетін қысыммен беріктікке
және тығыздыққа гидравликалық сынақтарға ұшыратылуы тиіс.
5.3.46 Жылу пунктінің жабдығын пайдалануға қабылдаудың алдында қосу-реттеу
жұмыстары жүргізілуі және оның сипаттамаларының жобада берілген кӛрсеткіштерге
сәйкестігін растау мақсатында жылу пунктінің жабдығын сынау жүргізілуі тиіс.
5.3.47 Меншікті жылу кӛздерінен жылумен жабдықтаған кезде жылу пунктінің
жабдығын, әдеттегідей, жылу кӛзі орналасқан жайға (мысалы, қазандық) орналастырады.
Жеке тұрған орталық жылу пункттерінің құрылыстарын жылумен жабдықтаудың нақты
шарттарына байланысты анықтау керек.
5.3.48 Бу параметрлерін ӛзгерту қажет болғанда редукциялық-салқындатушы,
редукциялық немесе салқындатушы қондырғылар қарастырылуы тиіс.
Осы құрылғыларды, сонымен қатар конденсатты жинау, салқындату және қайтару
қондырғыларын орталық жылу пункттерінде немесе жеке жылу пункттерінде
орналастыруды тұтынушылардың санына және тӛмендетілген параметрлерімен будың
шығынына, қайтарылатын конденсаттың мӛлшеріне, сонымен қатар ұйымның аумағында
бу тұтынушылардың орналасуына байланысты техника-экономикалық есептеме негізінде
қарастыру керек.
5.3.49 Жылу пунктінің ғимаратына тікелей жалғасып жатқан аумақ тазалануы тиіс.
Кіретін қақпалардың және есіктердің сырт жағын бӛгеуге жол берілмейді.
18

 

 

 

 

 

 

 

 

содержание      ..      1       2         ..

 

//////////////////////////////////////////