Главная              Рефераты - Таможня

останай облысыны леуметтік экономикалы дамуыны 2009-2011 жылдар а арнал ан негізгі ба ытт - реферат

Қостанай облыстық аслихатының 2008 жылғы

№ шешіміне

1 - қосымша

Қостанай облысының әлеуметтік – экономикалық дамуының 2009-2011 жылдарға арналған негізгі бағыттары

Мазмұны

Кіріспе 3
1. 2006-2008 жылдарда облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен беталысына талдау 3
1.1. Жалпы экономикалық жағдай 3
1.1.1. Қаржылық қызмет көрсету саласын дамыту 3
1.1.2. Инвестициялық сала 5
1.1.3. Коммуналдық мүлікті басқару 7
1.1.4. Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту 10
1.1.5. Өнеркәсіп 11
1.1.6. Құрылыс 16
1.1.7. Ауыл шаруашылығы 17
1.1.8. Көлік және коммуникация 22
1.1.9. Сыртқы экономикалық қызмет 25
1.1.10. Туризм 27
1.1.11. Ішкі сауда 28
1.2. Тұрақты даму, адам ресурстарын дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру

29

1.2.1. Демография және көші - қон 29
1.2.2. Еңбек ресурстары 30
1.2.3. Гендерлік дамыту 31
1.2.4. Тұрғын үй саласы 32
1.2.5. Білім 32
1.2.6. Денсаулық сақтау 35
1.2.7. Халыққа әлеуметтік көмек көрсету 37
1.2.8. Мәдениет және спорт 39
1.2.9. Табиғатты пайдалану және тұрақты дамыту экологиясы 42
1.3. Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру 46
1.3.1. Өңдеу өнеркәсібінің басымды салаларын дамыту 46
1.3.2. Жоғары үстеме құны бар экспорттқа бағытталған өнімді шығару 47
1.3.3. Технологиялар мен инновацияларды дамыту 47
1.3.4. Инфрақұрылымды, соның ішінде шағын кәсіпкерлікті дамыту 47
1.3.5. Мемлекеттік даму институттары арқылы іске асырылатын жобалардың тиімділігі. Нәтижелерді бағалау 48
1.4. Қорытындылар 48
2. 2009-2011 жылдарға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары 49
2.1. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының проблемалық мәселелері 49
2.2. 2009-2011 жылдарға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаты мен міндеттері 54
2.3. 2009-2011 жылдарға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының сандық индикаторлары 61
3. Басымдықтар 63
3.1. 1-басымдық. Экономикалық саясатты жүргізудің тиімділігін арттыру 63
3.1.1. 1 - шара. Экономикалық өсудің орталықтары мен «нүктелерін» дамыту 63
3.1.2. 2 - шара. Инвестициялық саясат 65
3.1.3. 3 - шара. Қаржы қызметі саласын дамыту 69
3.1.4. 4 - шара. Коммуналдық мүлікті басқаруды жетілдіру 69
3.1.5. 5 - шара. Бәсекелестіктің тең жағдайын қалыптастыру және бизнес-ортаны жақсарту 70
3.1.6. 6 – шара. Инфляцияны тұрақтандыру 70
3.2. 2-басымдық. Тұрақты дамуға көшу, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және адами капиталды дамыту 71
3.2.1. 1 - шара. Тұрақты дамуға көшуді қамтамасыз ету 71
3.2.2. 2 - шара. Демографиялық және көші-қон жағдайын тұрақтандыру 73
3.2.3. 3 - шара. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және халықтың жағдайын жақсарту 73
3.2.4. 4 - шара. Халық денсаулығының жағдайын жақсарту 75
3.2.5. 5 - шара. Білім беруді дамыту және кадрларды даярлаудың сапасын көтеру 75
3.2.6. 6 - шара. Мәдениетті және спортты дамыту 77
3.2.7. 7 - шара. Халықтың тұрғын үйге қол жеткізуін қамтамасыз ету 78
3.2.8. 8 - шара. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету 79
3.2.9. 9-шара. Экологиялық жағдайды жақсарту. Қайта жаңғыртылатын ресурстарды және энергия көздерін дамыту 79
3.3. 3 - басымдық. Инфрақұрылымның дамуы 80
3.3.1. 1- шара. Теміржол, әуе және су көлігін дамыту 80
3.3.2. 2 - шара. Автомобиль көлігін дамыту және автомобиль жолдарын жақсартужағдайы 81
3.3.3. 3- шара. Телекоммуникацияны және пошталық байланысты дамыту 83
3.4. 4-басымдық. Экономиканы жаңғырту және әртараптандыру 83
3.4.1. 1 - шара. Жылу-энергетикалық ресурстарын және энергетикалық сектордың әлеуетін тиімді пайдалану 83
3.4.2. 2 - шара. Экономика секторларының индустриалдық-инновациялық дамуы 86
3.4.3. 3 - шара. Өңдеу өнеркәсібін дамыту 89
3.4.4. 4 - шара. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту 92
3.4.5. 5 - шара. Сыртқы экономикалық қызмет 93
3.4.6. 6 - шара. Құрылыс индустриясын салу және дамыту 94
3.4.7. 7 – шара. Техникалық реттеу және метрологияны дамыту 96
4. 2009-2011 жылдарға арналған жергілікті бюджетті пайдаланудың негізгі бағыттары
5. Жоспарды іске асырудың бақылауы мониторингі 102
Ескерту 104

Кіріспе

Қостанай облысының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары (бұдан бұлай –Жоспар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленген.

Жоспар ішкі және сыртқы факторларға қарай 2009-2011 жылдарға арналған экономиканың даму қарқынын негіздейді, экономиканың жеке және мемлекеттік секторын дамытуға және облыс халқының әл-ауқаттылығын өсіруге қолайлы жағдай жасау жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекетін, Қазақстан Республикасының және облыстың стратегиялық даму жоспарларына, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес жоспарланатын мерзімге арналған мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатын іске асыру жөніндегі шараларды анықтайды.

Жоспар әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы индикаторларынан, маңызды көрсеткіштер болжамынан, қолданыстағы және әзірленетін өңірлік бағдарламалар тізбесінен, басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардан тұрады.

    2006-2008 жылдарда облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен беталыстарына талдау

1.1. Жалпы экономикалық жағдай

1.1.1. Қаржылық қызмет көрсету саласын дамыту

Бюджеттік кредит беру. 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасында үй құрылысын дамыту Мемлекеттік бағдарламасы бойынша үй салуға ипотека несиелеу жүйесі бойынша республикалық бюджеттен 740 млн. теңге, оның ішінде; 2006 жылы – 370 млн. теңге, 2007 жылы – 370 млн. теңге бөлінді.

Сол сияқты, 2006 жылы облыстық бюджеттен 395,4 млн. теңгеге қайта кредит беру жүргізілді.

2008 жылдың 1 қаңтарында облыстық бюджеттен берілген кредит бойынша берешек 1612 млн. теңгені құрады, оның ішінде үй құрылысына – 740 млн. теңге бөлінді.

2008 жылды бағалау.Ағымды жылы кредиттік шарт және келісім бойынша кредитті және қарызды өтеу қарастырылмады.

2008 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша облыстық бюджеттен және қала және аудан бюджетінен берілген кредит бойынша берешек 1393,1 млн. теңгені құрады, оның ішінде үй құрылысына – 1176 млн. теңге, кіші кәсіпкерлікке кредит беру бойынша – 217,1 млн. теңге.

2008 жылы 2008-2010 жылдарға арналған Тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде облыстың жергілікті атқару органына республикалық бюджеттен «100 мектеп және 100 аурухана» жобасы бойынша үй құрылысына 436 млн теңге сомасында қаражат алу жүзеге асырылды.

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне шағын кредит беру .2006-2007 жылдары облыста "Ауыл халқына шағын кредит беру" бағдарламасы бойынша 1592 қарыз алушыға 187,5 млн. теңге сомасына кредит берілді. Жаңа жұмыс орындары құрылды.

Облыста шағын және орта бизнесті дамыту үшін халыққа кредит беруді жүзеге асыратын 15 ауылдық кредиттік серіктестік жұмыс істейді.

2008 жылды бағалау. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолы жететін кредит қаражатымен қамтуды ұлғайту мақсатында Амангелді ауданында ауылдық кредиттік серіктестік ашуды ұйымдастыру іс-шаралары жүргізілді. 48,9 млн. теңге сомасына 15 кредит берілді.

2008 жылы шағын кредит беруге 83 млн. теңге жұмсалды, оның ішінде 81 пайызы мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жіберіліп отыр.

Экономиканы банк арқылы кредиттеу. Облыста банк жүйесіне екінші деңгейдегі банктердің 16 филиалы кіреді.

Сырттан қарыз алудың азаюына, дүниежүзілік қаржы рыногында ставканың өсуіне байланысты экономиканы кредиттеудің төмендегені байқалады. 2008 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша экономикаға банктің кредит беруі бойынша жалпы қарыз көлемі 2008 жылғы 1 қаңтардағы деректермен салыстырғанда 7,3 пайызға кеміді және 143 млрд. теңгені құрады, орташа өлшемді сыйақы ставкасымен 16,2 пайызды құрады. Шетел валютасымен берілген кредит бойынша орташа өлшемді ставка 2007 жылы желтоқсанда 16,6 пайыздан 2008 жылы шілдеде 16,5 пайызға азайды, ұлттық валютада берілген кредит бойынша 17,2 пайыздан 17,4 пайызға өскен.

2007 жылы екінші деңгейдегі банктер шағын кәсіпкерлік субьектілерін дамытуға 75 млрд. теңге кредит берді, немесе барлық берілген кредит көлемінің 41,9 пайызын құрады. 2006 жылмен салыстырғанда шағын кәсіпкерліке кредит беру 1,5 есеге, немесе 24,3 млрд. теңгеге өсті.

Берілген кредиттің мейлінше көбірек үлес салмағы саудаға – 51,9 пайыздан келеді, ауыл шаруашылықтағы үлесі 18,3 пайызды, өнеркәсіпте – 14,7 пайызды құрады.

2007 жылы шағын кәсіпкерлік субьектілеріне берілген кредит бойынша орташа өлшемді пайыздық ставка 14,9 пайыз деңгейінде құралды, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 0,1 пайыздық пунктке аз.

2007 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның өңірлік филиалы 652,5 млн. теңге сомасына 68 жобаны қаржыландырды.

2007 жылдың қазанынан «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жобаларды тікелей қаржыландыруды тоқтатты.

2008 жылды бағалау.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 6 қараша №1039 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі жұмыстың жоспарын іске асыру үшін Қостанай облысы кіші және орта кәсіпкерлік субъектісіне кредит беру үшін «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы жергілікті бюджеттен 400 млн. теңге бөлінді, кредиттік шарт 200 млн. теңге бекітілді. «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кіші кәсіпкерлік жобасын қосымша 200 млн. теңге сомасына қаржыландырды.

Осы қаржы қаражаттары ауылшарушылығы өнімін қайта өндіру, азық-түлік өндірісі, өнеркәсіп өндірісі, тігін және тоқыма бұйымдарын өндіру, қызмет саласын дамыту сияқты басымдық салаларында шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын кредиттеуге бағытталады.

1.1.2. Инвестициялық сала

2007 жылы негізгі капиталға инвестициялар 96,4 млрд. теңгені немесе 2006 жылға қарағанда 142 пайызды құрады.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен 8,8 млрд. теңге игерілді, ол 2006 жылға қарағанда 89,2 пайызды құрады.

Республикалық бюджет қаражаты Жангелдин ауданындағы Албарбөгет суармалау жүйесін жаңартуға, Қостанай қаласында облыстық сот ғимараты жапсаржайының құрылысына, «Астана-Қостанай-Челябі» автомобиль жолын қайта жаңарту жобалық-ізденіс жұмыстарына және т.б. бағытталды.

Республикалық бюджеттен дамытуға және кредит беруге нысаналы трансферттер Жангелді ауданында, Арқалық және Қостанай қаласында мемлекеттік тілде оқытатын төрт орта мектеп салуға, Қостанай ауданының Затобол кентінде 100 төсек орынға арналған туберкулез ауруханасы, Жанкелдин ауданының Збан селосын ауыз сумен қамтамасыз етуге, облыс орталығында ипотекалық тұрғын үй, Қостанай және Рудный қалаларында және облыстың 9 ауданында инженерлік-коммуникациялық желілерін салуға бағытталды.Сол сияқты республикалық трансферттер Қостанай қаласында 24 а бастауыш мектебін, Қостанай қаласында облыстық балалар ауруханасын, Құмкешу селосында 200 орындық мемлекеттік тілде оқытатын орта мектепте орналасқан балабақша ғимаратын және Амангелді ауданының Амангелді селосында 140 орынға арналған балабақшаны, Арқалық қаласындағы өңірлік аурухананы, Рудный қаласындағы психоневрологиялық интернаттағы қалалық аурухана ғимаратын, 4 жергілікті маңызы бар жолдарды, Сарыкөл және Ұзынкөл аудандарында Ащы-Тасты магистралды су тартқышты және Есіл топтық су құбырын, облыстың 6 ауданында және Арқалық қаласында 8 сумен жабдықтау объектілерін қайта жаңартуға пайдаланылды.

2007 жылы жергілікті бюджеттен 2,1 млрд. теңге сомасында инвестициялар бағытталды, ол 2006 жылғымен салыстырғанда 1,6 есеге артық.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен газбен қамтамасыз ету, шахталық құдықтар салу, сумен қамтамасыз ету, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету, су құбырларын, канализациялық және электр желілерін, Арқалық және Рудный қалаларында «бір терезе» принципі бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына қарайтын ғимараттарды қайта жаңарту бойынша жобалар іске асырылды.

Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен Лисаков қаласында спорт кешені мен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үйдің инженерлік коммуникацияларын, Рудный қаласындағы Топорков көшесін, Қостанай ауданының Жамбыл ауылында және Денисов ауданының Денисовка ауылында сумен қамтамасыз ету жүйесін, Әулиекөл ауданында Москалев су тартқышын, Ащы-Тасты бөгенінің су қашыртқысын, Қостанай қаласында 2 көтерілімнен дизел зауытына дейін су құбырлары магистралды желілерін салуға қаражаттар бағытталды. Транспорттық инфрақұрылым, электрмен, жылумен, сумен қамтамасыз ету, канализация, спорт және т.б. объектілері жөнінде жобалық-ізденіс жұмыстары жүзеге асырылды.

Кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаражаттық салымдары 73,5 млрд.теңгені құрады. Инвестициялардың ең көп салымы өнеркәсіпке – 53,3 млрд.теңге, оның ішінде тау-кен өндірісіне – 40,2 млрд.теңге, өңдейтін өнеркәсіпке – 10 млрд.теңге, электр қуатын, газ бен суды өндіруге және таратуға – 3,1 млрд.теңге жүзеге асырылды. Жылжымайтын мүлікпен операцияларға, жалдау мен қызметтерді көрсетуге – 10,7 млрд.теңге бағытталған. Көлік және байланыс кәсіпорындарында 10,1 млрд.теңге игерілді. Ауыл шаруашылығын дамытуға – 9,8 млрд. теңге, саудаға – 4,8 млрд.теңге жұмсалды.

Шетелдік инвестициялардың көлемі 11,9 млрд.теңгені құрады, оның ішінде тау кен өнеркәсібіне 11,1 млрд.теңге, жылжымайтын мүлікпен операцияларға, жалдау мен қызметтер көрсетуге – 0,8 млрд.теңге және т.б. қаржы бағытталған.

Негізгі салымдар (11,3 млрд. теңге) «Варваринское» АҚ алтын мыс кен орнын игеру жөніндегі тау кен өндіру және қайта өңдеу кешенін салуға жүзеге асырылды. «Энергоресурсы» ЖШС Әулиекөл ауданындағы Новонежен алаңында көмір сутегілік шикізатты барлау үшін 583,6 млн. теңге игерілді.

Машиналарды, құрал-жабдықтарды сатып алуға 49,7 млрд.теңге жұмсалды, ол инвестициялар жалпы көлемінің 51,5% құрады.

2008 жылы негізгі капиталға 101,4 млрд. теңге сомасында инвестициялардың салымы күтілуде немесе 2007 жылдың 105,2%.

Республикалық бюджеттің инвестицияларын игеру 9 млрд.теңгені құрады. Жітіқара ауданының Желқуар бөгені бөгетінің су қашыртқы каналының қайта жаңартылуына, облыстық орталықта жасанды ұшып-қону жолағының және «Қостанай» әуеайлағы әуежайының қайта жаңартылуы жөніндегі жобалық-ізденіс жұмыстарын орындауға және «Қостанай қаласын айналып өту» («Астана – Қостанай - Челябинск»авто жолының телімі) жобасына қаржы бөлінген.

Республикалық бюджеттен дамытуға және кредит беруге арналған нысаналы трансферттер Рудный қаласында, Жанкелдин, Қамысты және Қостанай ауданында 4 орта мектебі, білім беру объектісін, қан орталығы, көп профильді аурухана, қалалық емхана, 2 балабақшасы және Қостанай қаласында дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, Рудный қаласында балалар ауруханасы және қалалық емхананың құрылысы бастауға бағытталады. Облыстың ауылдық елді мекендерінде сумен қамтамасыз етудің 12 объектісін және Қостанай, Рудный қалаларында және облыстың 5 ауданында жалдамалы тұрғын үй құрылысын салу және қайта жаңарту белгіленді. Ағымдағы жылы жергілікті маңыздағы 4 автомобиль жолын қайта жаңарту және Қостанай, Рудный қалаларында және облыстың 9 ауданында ипотекалық тұрғын үй мен инженерлік-коммуникациялық желілерілерінің құрылысы жалғастырылады.

Жанкелдин ауданының Ақкөл және Милісай ауылдарында, Аманкелді ауданы Құмкешуде қазақ тілінде оқытатын 3 мектеп пайдалануға берілді, жылдың аяғына дейін Рудный қаласында 4 сумен қамтамасыз ету объектісін, психоневрологиялық интернатты пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен инвестициялық жобаларды іске асыруға 5,4 млрд.теңге қарастырылады.

Қаражаттар білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымы, сумен, электр күшімен, жылумен қамтамасыз ету объектілерін, канализацияны, тұрғын үй және тұрғын үй инфрақұрылымын, мәдениет, спорт, экология объектілерін салуға және қайта жаңартуға бағытталады.

2008 жылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың инвестицияларды салу басымдығы сақталады. Тиісінше тау-кен өндіру және қайта өңдеу өнеркәсібінде тиісінше 29,9 және 8,1 млрд.теңге сомасында инвестицияларды игеру күтіледі. Ауыл, орман және аңшылық шаруашылығын дамытуға 19,8 млрд.теңге, көлік және байланысқа – 5,6 млрд. теңге, саудаға – 5,3 млрд. теңге бөлу қарастырылуда. Тұрғындар жеке құрылысқа 4,2 млрд теңген салуды қарастырады.

Шетелдік ивестициялар ағымдағы жылы 2,2 млрд.теңгені құрайды, олардың ішінде 1,1 млрд. теңге тау кен өндіру өнеркәсібіне, 0,8 млрд. теңге жылжымайтын мүлік операцияларына салынады.

1.1.3. Коммуналдық мүлікті басқару

Мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беру облыстық және аудандық бюджетті қалыптастыру табыс көздерінің бірі болып табылады.

Мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беруден түскен түсімдер бойынша деректер:

2006 жыл 2007 жыл

2008 жылдың

8 айында

Түсімдер сомасы, мың теңге 60658,8 66253,4 46027,1

Мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беруден түскен табысты талдау мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беруден түскен түсімдердің жыл сайын өсу серпіні бақыланады деп көрсетеді. 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы жалға беруден түскен табыс 5,6 млн. теңгеге өсті. 2008 жылдың 8 айында 2007 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 5 млн. теңгеге өсті.

2007 жылғы мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беруден түскен түсімдердің өсуі жалақы мөлшерлемесінің өсуіне байланысты.

2008 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қостанай облысында 1 539 мемлекеттік мекеме (бұдан әрі – ММ) тіркелді, соның ішінде 77-і жұмыс істемейтін ММ. Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімінен жұмыс істемейтін ММ-ді шығарып тастау рәсімдерін ынтагерлікпен өзгерту барысында барлығы 238 ММ шығарылды, соның ішінде 2008 жылдың 8 айында 37 ММ таратылды және 3 ММ қолданысқа ауыстырылды.

Мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік мекемелерге (мемлекеттік кәсіпорындарға) бекітілген пайдаланылатын мемлекеттік коммуналдық мүлікке жүргізілген түгендеу нәтижелері бойынша 2007 жылы 1 қаңтарда 19,5 миллиард теңге құны бар 78 220 объекті есептелді.

2007 жылы 1-ші шілдеде мемлекеттік коммуналдық мүліктің тізбесінде 22,7 миллиард теңге құны бар 82 233 объекті есептелді.

2007 жылдың аяғында және 2008 жылдың бағдарламалық өнімді енгізе отырып, мемлекеттік мүлікті есепке алу үрдісін автоматтандыру жөнінде жұмыс жүргізілді.

2008 жылы 1-ші шілдеде Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық мүлік тізбесінде құны 35,4 миллиард теңге 147 575 объекті бар, оның:

тозған <50% - құны 29,9 миллиард теңге 82 697 объекті;

тозған >50% құны 5,5 миллиард теңге 64 878 объекті.

Сонымен, 2008 жылғы 1-ші шілдеде объект саны 2007 жылдың 1-ші шілдесімен салыстырғанда 65 342 объектіге, ал құны 12,7 миллиард теңгеге өсті.

Сондай-ақ 2008 жылғы 1-ші қаңтарда жылжымайтын мүлік саны 6 026 объектіні құрайды, соның ішінде 1 899 объекті тіркелмеген (31,5%), 2008 жылғы 1 шілдеде жылжымайтын мүлік – 6 448 объекті, соның ішіндегі 1 898 объектісі тіркелмеген (29,4%).

Қостанай облысында 2008 жылғы 18 қыркүйекте 361 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын бар: соның ішінде жедел басқару құқығына ие 263 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, соның жұмыс істемейтіндері – 27 МКҚК және шаруашылық жүргізу құқығына ие 98 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, соның жұмыс істемейтіндері – 15 МКК, сондай-ақ мемлекеттік акциялар пакетіне ие 3 акционерлік қоғам («Қостанай» Халықаралық әуежайы», «Комсомол «Құс фабрикасы», «Комсомол «Құс фабрикасы 2»).

2005 жылдан бастап 2008 жылғы 18 қыркүйекке дейін мемлекеттік кәсіпорындар санының серпіні бойынша деректер, мынадай:

01.01.05 жылға 01.01.06 жылға 01.01.07 жылға 08.04.08 жылға 18.09.08 жылға
Шаруашылық жүргізу құқығы бар МКК
155 132 125 109 98
Жедел басқару құқығы бар МКҚК
175 184 227 268 263

2007 жылдың 8 айында 35 кәсіпорын, соның ішінде 21 МКК және 14 МКҚК таратылды.

2008 жылдың бірінші жарты жылдығында табысты 42 МКК және залалды 25 МКК жұмыс істеді, сонымен қатар, 2007 жылдың ұқсас кезеңінде табысты кәсіпорындар саны 34 және залалды 43 құрады, яғни табысты кәсіпорындар саны 8-ге өсті, ал залалды кәсіпорындардың саны 18-ге азайды. Өзінің негізгі үлесінде залалды кәсіпорындарға монополист – кәсіпорындары жататындығын айта кету керек. Осы ұйымдардың залалдылығының негізгі себебі олар көрсететін өзіндік құндылығын жаппайтын қызметтерге, жұмыстарға табиғи монополия саласын реттеуді жүзеге асыратын органдардың тарифтерді бекітуі болып табылады.

2006 жылдан бастап 2008 жылды қоса санағандағы кезеңде (8 ай) Қостанай облысында 138 мемлекеттік коммуналдық мүлік объектісі жекешелендірілді.

Р/с Көрсеткіштер 2006 жылы 2007 жылы

2008 жылы

(8 ай)

1 Жекешелендіруге жататын объектілердің саны 116 81 83
2 Сатылған объектілердің саны 39 45 54

2007 жылы жекешелендіру қарқының өсуі белгіленді, бірақ сатылған объектілердің саны коммуналдық меншікті жылжымайтын мүлігін іске асыруға арналған мораторияны алып тастаған жағдайда жоғары болар еді.

Жекешелендірілген мемлекеттік коммуналдық мүлікті сату бағасы мынадай:

2006 жылы 2007 жылы

2008 жылы

(8 ай )

Сату бағасы, мың теңге 20 468 70 067 35 545

Сонымен қатар инвестициялық тендерлерде мемлекеттік коммуналдық мүлікті іске асыру барысында сатып алынған объектілерді жаңартуға 2006-2007 жылдары 111 млн теңгені құраған қосымша инвестициялар салынып жатыр.

2006 жылғы 1-ші қаңтардағы жағдай бойынша жекешелендіруден кейінгі бақылауға мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерінің 3 сатып алу-сату шарты жатады. Осы объектілердің қызмет бағдары: кинотеатр, қалалық теледидар студиясы, стадион.

2007 жылғы 1-ші қаңтардағы жағдай бойынша жекешелендіруден кейінгі бақылауға мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерінің 6 сатып алу-сату шарттары жатады. Осы объектілердің қызмет бағдары: кинотеатр, қалалық теледидар студиясы, стадион, жасөспірім-балалар спорт мектебі, радио хабарлауы, демалыс аймағы.

2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жекешелендіруден кейінгі бақылауға мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерінің сатып алу-сату 7 шарты жатады. Осы объектілердің қызмет бағдары: кинотеатр, қалалық теледидар студиясы, стадион, балалар-жасөспірім спорт мектебі, радио хабарлауы, демалыс аймағы, балалар (үлкендер) демалысын ұйымдастыру.

Өткен жылдарда тағайындаусыз қызмет бағдарын сақтау шарттарымен сатылған объектілерді немесе шарт бойынша объектіге инвестиция салымын пайдалану жағдайы болған жоқ. Жеке меншікке көшкен объектілерді сату шарттары меншіктенушілермен орындалады.

2006 жылдан бастап 2008 жылдың 8 айын қоса санағандағы кезеңде Қостанай облысы бойынша келесі меншікке беру құқығымен сенімді басқаруға – 44 объект, меншікке өтеусіз – 74 объект берілді. Кәсіпкерлер көрсетілген кезеңде 263,3 млн. теңге салды.

1.1.4. Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту

2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілер саны (бұдан әрі – ШКС) 54805 құрады, ол өткен жылдан 16,2 пайызға артық, соның ішінде қызмет ететін 42320 ШКС, немесе тіркелгендер санының 77,2 пайызы.

Қызмет ететін ШКС санының 78,4 пайызы (33161) жеке кәсіпкерлік түрінде, 9,2 пайызы (3873) заңды тұлға түрінде, қалған 12,4 пайызы (5286) шаруа қожалықтары қызметін жүзеге асырады.

Облыс бойынша кәсіпкерлік белсенділігі орташа есеппен 1000 адамға 47 бірлікті құрады.

ШКС-же қызмет ететушілер саны – 98,3 мың адам және 2006 жылмен салыстырғанда 4,4 пайызға өсті, экономикалық белсенді халықтың үлес салмағы – 17,6 пайыз.

2007 жылы тауар шығару, жұмыс және қызмет көрсету 16,5 пайызға өсті және 86910 млн. теңгені құрады, соның ішінде заңды тұлғалардан – 42368 млн. теңге, жеке кәсіпкерлерден – 18617 млн. теңге және шаруа қожалықтарынан – 25925 млн. теңге түсті.

2007 жылы кәсіпкерлер қоғамдық ұйымдары, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалы бірлесіп бизнес, жеке кәсіпкерлік қызметін мемлекеттік әкімшілендіруді жүргізу мәселелері жөнінде кәсіпкерлерге ақпарат беруді арттыруға бағытталған семинарлар, «дөңгелек үстелдер» өткізді.

Облыстық және аудандық газеттерде кәсіпкерлік мәселелеріне арналған 600 түрлі мақалалар басылып шықты. Жыл ішінде 4 семинар, 112 дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді және 92 мақала басылып шықты, телеарналардан 45 телерепортаж көрсетілді, сондай-ақ радиодан 17 трансляция берілді.

1.1.5. Өнеркәсіп

2007 жылы өнеркәсіп өнімі өндірісімен 579 кәсіпорындары айналысты, соның ішінде 99-ында - адам саны 50-ден астам.

2007 жылы өнеркәсіп өнімі 232,2 млрд. теңгеге (2006 жылға 133,2 пайыз) өндірілді, ал нақты көлем индексі 2007 жылға 108,1 пайызды құрады.

Тау-кен өндіру саласындағы өндірістің нақты көлем индексі 102,5 пайызды құрады; өңдеу өнеркәсібінде – 121,4, электр қуаты, газ бен су өндірісі және оларды тарату 104,8 пайызды құрады.

Облыстың өнеркәсіп көлемінде тау-кен өндіру саласының үлес салмағы 55,4 пайызды құрады, өндеу өнеркәсібінің үлесі – 34,8, электр қуаты, газ бен су өндірісі және тарату – 9,8 пайыз.

Тау-кен өндіру өнеркәсібі. 2007 жылы тау-кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындары 128,8 млрд. теңгеге (2006 жылға 125,2 пайыз) өнім өндірді, 2008 жылы жоспарланған өндіріс көлемі 203,1 млрд. теңгені немесе 2007 жылға қарағанда 157,7 пайызды құрады.

Облыста 11 тау-кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындары қызмет етуде. 2007 жылдың қырқүйегінде Таран ауданында «Варвары» алтынмыс кен орны ашылуына байланысты АО «Варвары» қайта өңдеу кешені іске қосылды. 2007 жылдың 22 желтоқсанында «Доре» алтын қосылымының бірінші құюы іске қосылды. 2008 жылы кәсіпорында 20 мың тонна мыс концентратын шығару жоспарлануда.

Қамысты ауданындағы «Шаймерден» акционерлік қоғамында 2006 жылдың желтоқсанынан бастап мырыш кенін өндіру жүргізілуде.

Өңдеу өнеркәсібі. Өөдеу өнеркәсібі кәсіпорындары 2007 жылы 80,8 млрд. теңгеге ( 2006 жылға 154,2 пайыз) өнім өндірді, 2008 жылы жоспарланған көлем 101 млрд. теңгені немесе 2007 жылға қарағанда 125 пайызды құрайды.

Азық-түлік өнеркәсібі.Өңдеу өнеркәсібі құрылымында азық-түлік өнімдері өндірісі 62,9 пайызды құрады.

2007 жылы азық-түлік өнеркәсіп кәсіпорындары 50,9 млрд. теңгеге өнім өндірді, бұл 2006 жылдың деңгейінен 50,4 пайызға жоғары. 2008 жылы азық –түлік өнеркәсібінде жоспарланған өндіріс көлемі 61 млрд. теңгені немесе 2007 жылдың деңгейіне 119,8 пайызды құрайды.

2007 жылы шұжық, сүт өнімдері, ұн, жарма, нан, шоколад және қанттан жасалған кондитерлік өнімдер, макарон және кеспе, сыра, алкогольсіз сусындар өндірісінің көлемі өсті.

Машина жасау.2007 жылы облыстың машина жасау кәсіпорындары 11,2 млрд. теңгеге, немесе алдағы жылдан 75,6 пайызға артық өнім өндірді, соның ішінде жабдық және машина жасау 2,5 есеге өсіп, 7,5 млрд. теңгені құрды. Облыстың өнеркәсіп өнімінің жалпы көлеміндегі машина жасау 2007 жылмен салыстырғанда 4,8 пайызды құрады.

2007 жылы облыстың машина жасау саласының көрсеткіштеріне «Агромаш Холдинг» АҚ, «Агротехмаш» ЖШС, «Дон-Мар» ЖШС және басқалары оң әсерін тигізді.

2008 жылы машина жасау өнімінің өндірісін 13 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда, бұл 2007 жылғы деңгейдің 116,2 пайызын құрайды.

Бүгінгі таңда облыста ауыл шаруашылығын қажетті топырақ өндеу техникасымен, жабдықтармен, қосалқы бөлшектермен, тораптармен, және агрегаттармен қамтамасыз етуге бағытталған 40-тан астам машина жасау және жөндеу кәсіпорындары бар. Ауыл шаруашылық машиналарына қосалқы бөлшектер мен жабдықтардың 250-ден астам атауы игерілді.

Металлургия.2007 жылы металлургиялық өнеркәсіп кәсіпорындары 5,4 млрд. теңге сомасына немесе 2006 жылға қарағанда 57,7 пайызға артық өнім шығарды. 2008 жылы металлургия өнеркәсібіндегі жоспарланған өндіріс көлемі 10,8 млрд. теңгені құрайды немесе 2007 жылдың деңгейінен 2 есе артық.

Тоқыма және тігін өнеркәсібі. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қызметінде өндіріс көлемінің өсуі байқалады. 2007 жылы тоқыма және тігін өнеркәсіп өнімі 1,9 млрд. теңгеге немесе алдындағы жылдың 124,8 пайызын құраған өнім шығарылды. 2008 жылы 2005 млн. теңге сомасына немесе 2007 жылдың деңгейіне 103,5 пайыз өнім шығару жоспарлануда.

2007 жылы өндіріс көлемі өсті: трикотаж өнімдері, балаларға арналған киімдер, жүннен иірілген жіп.

Ірі жеңіл өнеркәсіп кәсіпорынның бірі «Большевичка» ӨК-те, жыл сайын өндіріс көлемінің өсу қарқыны 10-15 пайызды құрайды. Кәсіпорын дайын өнімді мұнай - газ өнеркәсібі компанияларына және Қазақстандағы әр түрлі күштік құрылымдарға жеткізеді.

Шағын жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары ойдағыдай дамуда, олар түрлі тігін өнімдерін өндіреді.

«Қостанай тоқыма-трикотаж фабрикасы» ЖШС, «Арус» ЖШС, «Азурит» ЖШС, «Рауан-1» ЖШС секілді кәсіпорындар трикотажды өнімдер, ватин, иірілген жіп өндірісімен айналысады.

Тері, теріден жасалған бұйымдар және аяқ киім өндірісі.Осы өнеркәсіп саласының кәсіпорындары 2007 жылы 949,2 млн. теңгеге немесе 2006 жылдан 46,1 пайызға артық өнім өндірді.

2008 жылы жоспарланған өндіріс көлемі 950 млн. теңгені немесе 2007 жылдың деңгейіне 100,1 пайызды құрайды.

Ағаш және ағаштан жасалған бұйымдар өндірісі.2007 жылы 387,5 млн. теңге сомасына өнім шығарылды, бұл 2006 жылдың деңгейінен 2,2 есе артық.

2008 жылы жоспарланып отырған өндіріс көлемі 418,0 млн. теңгені құрады, немесе 2007 жылдан 7,9 пайызға артық.

Целлюлозды-қағаз өнеркәсібі.2007 жылы өнім көлемі 2949,3 млн. теңгені құрады, немесе 2006 жылдың деңгейіне 100,3 пайыз. 2008 жылы өнім көлемін 3050 млн. теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр, бұл 2007 жылдың деңгейінен 3,4 пайызға артық.

Химиялық өнеркәсіп.2007 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 176,6 млн. теңгені құрады немесе 2006 жылмен салыстырғанда 22,0 пайызға артық. 2008 жылы өнімді 210 млн. теңге сомасына өндіру жоспарлануда, бұл 2007 жылдың деңгейінен 18,9 пайызға артық.

Резеңке және пластмасс өнімдерінің өндірісі.2007 жылы өнім көлемі 1534,6 млн. теңгені құрады, немесе 2006 жылмен салыстырғанда 3,4 есе артық. Өндірістің жоспарланған көлемі 2008 жылы - 1600 млн. теңге, немесе 2007 жылмен салыстырғанда 104,3 пайыз.

Басқа да металл емес минералды өнімдер өндірісі. Облыста басқа да металл емес минералды өнімдер өндірісі кірпіш, бетон өнімдері, асфальт жасау кәсіпорындары құрайды. 2007 жылға осы кәсіпорындар 3294,1 млн. теңге сомасында өнім шығарды, бұл 2006 жылдан 2,2 есе артық. 2008 жылы өнеркәсіптің осы секторында өнеркәсіп өнімінің көлемі 3059 млн. теңгеге дейін 2007 жылға қарағанда 5 пайызға артық шығару жоспарланып отыр.

Басқа да өңдеу өнеркәсібі салаларын дамыту. Басқа да өндеу өнеркәсібі салаларына металл қалдықтары мен сынықтарын қайталама өндеу (жинау) кәсіпорындары, сондай-ақ корпустық және жұмсақ жиһаз өндірісімен айналысатын кәсіпорындар жатады.

2007 жылы осы саланың кәсіпорындары 2155 млн. теңге сомасына өнім өндірді, бұл 2006 жылдың деңгейінен 1,5 есе артық. 2008 жылы өнімді 4500 млн. теңге сомасына өндіру жоспарлап отыр, бұл 2007 жылдың деңгейімен салыстырғанда 208,8 пайыз.

Электрэнергиясын, газ және суды өндіру және тарату. Қостанай облысында қуат көзі тапшы.

Облысымызда 2007 жылы жалпы электр энергиясын тұтыну 5085,4 млн. кВт.с немесе 2006 жылмен салыстырғанда 104 пайызды (4903,1 млн. кВт.с) құрады.

Электр энергиясын өндіру 1555 млн. кВт.с. құрады. Облыста электр энергиясын өндіруді үш электр станциясы жүзеге асырады: «ССКӨБ» АҚ Рудный ЖЭО, Қостанай ЖЭО және Арқалық ЖЭО. Барлық электр энергиясы кәсіпорындардың қажеттілігі үшін өндіріледі, олардың құрамына аталған электр станциялары да кіреді. Электр станциялары өндіретін электр энергиясының үлес салмағы облыс тұтынатын электр энергиясының жалпы көлемінің 2006 жылы 33 пайызын, 2007 жылы 30,5 пайызын құрады. 2006 жылмен салыстырғанда электр энергиясын өндіру көлемінің 3,7 пайызға (1612,6 млн. кВт.сағ) төмендегені байқалады, бұл жоспардан тыс өткізілетін жөндеу жұмыстары үшін энергетикалық құрал-жабдықтардың тұрып қалуына байланысты болып отыр.

Облыс бойынша электр энергиясына зәрулік Екібастұз – Павлодар энергия кешенінен жеткізіп тұру есебінен өтеледі. 2007 жылы барлығы 3530 млн. кВт.с. электр энергиясы жеткізілген болатын.

Болжанған мәліметтер бойынша 2008 жылы экономиканы, әсіресе агроөнеркәсіп кешенін, тұрғын үй құрылысын, халықтың тұрмыс деңгейін арттыруды дамыту салдарынан электр энергиясын тұтынудың өсуі сақталады. Тұтынудың көлемі шамамен 5200 млн. кВт.с. құрайды. Электр энергиясын өндіру 2008 жылы 1549 кВт.с. құрайды.

Облыстың қалаларын мына кәсіпорындар электр энергиясымен жабдықтайды: Қостанайда - «Костанайский Энерго Центр» ЖШС, Рудныйда - «Рудненская ЭСО» ЖШС, Арқалықта – «Костанайюжэлектросервис» МКК, Жітіқарада – «Житикаракоммунэнерго» МКК, Лисаковта «Лисаковскгоркоммунэнерго» МКК ӨШБ.

Облыстың селолық елді мекендерін электр энергиясымен жабдықтауды облыстың солтүстік өңірінде 14 ауданға қызмет көрсететін «Костанайский Энерго Центр» ЖШС және Амангелді және Жангелдин аудандарына қызмет көрсететін «Костанайюжэлектросервис» МКК жүзеге асырады.

220-35 кВ желісі бойынша электр энергиясын беруді «Межрегионэнерготранзит» ЖШС, Рудный қаласы бойынша «Жарық жол» ЖШС жүзеге асырады.

Облыста энергиямен жабдықтайтын бір ұйым (ЭЖҰ) жұмыс істейді. Ол «Рудненская ЭСО» ЖШС. Бұл кәсіпорын өз қызметін Рудный қаласының шегінде атқарады. 2006 жылы серіктестік 99398 мың кВт.с. электрэнергиясын іске асырды, 2007 жылы – 106372 мың кВт.с.

Облыстың энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындарының қарамағына 29,1 мың км электр желілері, 326 қосалқы станциялар, 1,06 мың км кәбіл желілері, 5368 таратушы және трансформаторлы қосалқы станциялары кіреді.

Облыста «Қостанай облысының 2008 – 2010 жылдарға арналған электр-жылу энергетикасын дамыту» өңірлік бағдарламасы іске асырылуда.

Электр энергетика саласында іс – шараларды іске асыру мақсатында жергілікті бюджеттің қаражатынан 41,1 млн. теңге игерілді, оның ішінде:

жаңа қуаттың енуін ескере отырып Қостанай облысында 2015 жылға дейін, болашақта 2030 жылға дейін электр желілерін дамытудың жүйесі мен жоспарын әзірлеуге – 22,8 млн. теңге;

«Ұзынкөл ауданы Троебратский селосында ӘЖ 10-0,4 кВ жаңарту» жобасы бойынша – 16,1 млн. теңге игерілді;

«Арқалық қаласында КЖ 10-0,4 кВ жаңарту» жобасын әзірлеуге – 2,2 млн. теңге.

Жылумен жабдықтау.Қалаларды жылумен жабдықтаудымына субъектілер жүзеге асырады: Қостанайда - «Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МКК; Рудныйда - «Рудный ЖЭО» АҚ; Арқалықта – «Арқалық ЖЭО» МКК; Жітіқарада – «Житикаракоммунэнерго» МКК; Лисаковта «Лисаковскгоркоммунэнерго» МКК ӨШБ.

Ағымдағы жылы «Қостанай облысының 2008-2010 жылдарға арналған электр-жылу энергетикасын дамыту» бағдарламасын іске асыру аясында «КВ-ГМ-100 ст.№ 4 су жылыту қазанын қондырып Қостанай қаласы әкімдігінің «ҚЖЭК» МКК № 3 қазандықты кеңейту» жобасын іске асыру басталды. 2008 жылға жергілікті бюджеттен 185,2 млн. теңге бөлінді.

«Қазақ Сантехжобасы» ЖШС институтымен «Әулиекөл ауданының Құсмұрын кентінде 2015 жылға дейін, болашақта 2030 жылға дейін жылумен жабдықтаудың даму жүйесі» әзірленуде оған 10,0 млн. теңге бөлінді.

«Қостанай қаласында 2015 жылға дейін, болашақта 2030 жылға дейін жылумен жабдықтаудың даму жүйесін» әзірлеуге келісімшарт жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде, жергілікті бюджеттен 40,86 млн. теңге бөлінді.

Газбен жабдықтау.Облыстың қолданыстағы газ құбырлары желісінің бүгінгі таңда 680 елді мекеннен тек 55-ін ғана табиғи газбен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар, оның ішінде 4 қала мен Алтынсарин, Жітіқара, Денисов, Қарабалық, Қостанай, Таран аудандарындағы 51 елді мекен. Қалған аудандарда тұтынушылардың коммуналдық – тұрмыстық қажеттіліктері үшін сұйытылған көмірсутекті газ, электр энергиясы, қатты және сұйық отындар пайдаланылады.

Табиғи газды тұтыну көлемі 2007 жылы 861,84 млн. текше метрді құрады, бұл 2006 жылға қарағанда 2,8 пайызға жоғары.

Облыста табиғи газды тұтынудың жоспардағы көлемі 2008 жылы 900,87 млн. текше метрді құрайды. Табиғи газды жеткізудің келісімшарттары 2008 жылдың соңына дейін жасалынған.

2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстағы магистралды және таратушы газ құбырларының ұзындығы 2491,4 километрді құрады, оның ішінде: магистралды – 576,5 километр, таратушы – 1914,9 километр.

Соңғы үш жыл ішіндегі динамикадағы таратушы газ құбырларының ұзындығы кестеде көрсетілген.

Таратушы газ құбырларының

ұзындығы, км

Мерзімдер бойынша:

2007 жыл

2006 жылға,

%

2006 жылғы

1 қаңтар

2007 жылғы

1 қаңтар

2008 жылғы

1 қаңтар

1755,2 1808,2 1914,9 109,1

Бюджеттің, халықтың және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен газ желілерін салу газ құбырлары ұзындығының өсуін қамтамасыз етеді.

Облыста «Қостанай облысын 2007-2009 жылдары газдандыру» өңірлік бағдарламасы жұмыс істеуде.

Бағдарламаны іске асыру аясында 2008 жылы бөлінген 3315,0 млн. теңгенің 529,33 млн. теңгенсін игеру жоспарлануда, оның ішінде 393,578 млн. теңге республикалық бюджет қаражатынан, 135,752 млн. теңге жергілікті бюджеттен.

Республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар мына жобалар бойынша жобалау – сметалық құжаттамасын әзірлеуге және түзетуге бағытталды:

«Қарабалық ауданы Қарабалық кентінде газ құбыры желілерін салу (АОА ауданы)»;

«Перелески – Денисовка» магистралды газ құбыры тармағын салу»;

«Қостанай облысы Қамысты ауданының Қамысты селосын газбен жабдықтау үшін «Бұхара – Орал» магистралды газ құбырынан газ құбырының тармағына жобаланған газ құбыры тармағы мен АГТС қосу».

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар мына жобалар бойынша жобалау – сметалық құжаттамасын әзірлеуге және түзетуге бағытталды:

«Қостанай қаласы, Бородин – Баймағамбетов, Гагарин – Сай көшелерінің шекараларында газ таратушы желілерін салу»;

«Таран ауданы Тобыл кентіндегі аз қабатты құрылыстар үшін газ құбырын салу;

«Қарабалық ауданы Научное селосында Тимирязев, Советская, Савостин және 1 Май көшелеріндегі тұрғын үйлерді газбен жабдықтау;

«Қостанай қаласының Сьянов – Победа, Сьянов – Рабочая, Сьянов – Пушкин көшелері қиылысының ауданында үш қолдаушы ШГРП салу»;

«Қостанай қаласының Элеваторная көшесі - Комаров қиылысының бойында қолдаушы ШГРП қондырғысымен жоғары қысымды газ құбырын салу;

«Қостанай қаласының Павлов-Қайырбеков көшелері қиылысының ауданында ШГРП қондырғысымен орта қысымды газ құбырын салу».

Бұдан басқа 42,5 млн. теңге сомасына газбен жабдықтау желілерін салудың техника – экономикалық негіздемесін әзірлеуге жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар мына объектілер бойынша бағытталды:

«Рудный қаласы – Қашар кенті – Федоров селосы магистралды газ құбырын салу»;

«Қамысты ауданының Қамысты селосында газ таратушы желілерін салу»;

«Рудный қаласының Қашар кентінде газ таратушы желілерін салу»;

«Денисов ауданы Денисов және Некрасов селоларында газ таратушы желілерін салу»;

«Рудный қаласының Перцев селосын газдандыру үшін жоғары қысымды газ құбырын салу (түзету);

Облысты сұйытылған газбен жабдықтау 2008 жылдың ішінде қажетті көлемде жүзеге асырылды. Облыс рыногында сұйытылған газды тұтынушыларға сататын жеке меншік иелігіндегі 5 ұйым жұмыс істейді.

1.1.6. Құрылыс

Құрылыс көлемінің артуы облыстың құрылыс индустриясының дамуына қолайлы әсерін тигізді.

2007 жылы 457 мың тонна әктас пен гипс, 252,2 мың куб метр табиғи құм, 1296,7 мың куб метр қиыршықтас пен малтатас шығарылды, 292,6 мың тонна асбест, 262,9 мың тонна тауарлық бетон, 14,9 мың тонна отқа төзімді керамикалық бұйымдар, 17875,8 мың шаршы метр тұсқағаздар, 17,7 мың шаршы метр терезелер, есіктер және олардың ағаш рамалары, 654,8 тонна есіктер, терезелер, есік және терезе рамаларына арналған пластмассадан жасалған қораптар өнідірілді.

2007 жылы Қостанай облысының құрылыс индустриясында келесі инвестициялық жобалар іске асырылады:

базальт негізінде минералды мақта жылытқыш өндіру бойынша зауыт салу. Жоба «Термо Мастер» ЖШС (Азия-Керама) базасында іске асырылды. Зауыт 2007 жылдың 22 желтоқсанында ашылды. Узкая колея ауданында өндірістік үй-жайлары қайта жаңартылды. 3695 миллион теңге кредиттік қаражаттар және 555 миллион теңге меншікті қаражаттар игерілді, 86 жұмыс орындары құрылды;

страмиттік панельдер мен жеңіл жұқа қабырғалы құрылымдар жасау бойынша зауыт салу. «Доступное жилье» АҚ базасында іске асырылды. Зауыт 2007 жылдың сәуір айында ашылды. 1300 миллион теңге игерілді, 115 жұмыс орындары құрылды;

қиыршықтасты өндіруді ұйымдастыру. «Жұлдызай-КФ» ЖШС (Арқалық қ.) базасында іске асырылды. 63,0 миллион теңге игерілді, 19 жұмыс орындары құрылды;

кірпіш зауытын салу және «сэндвич»-панельдерді өндіру. «Тобол Керамик» ЖШС базасында іске асырылды. «Сэндвич»-панельдерді өндіру бойынша желі ашылды. Кірпіш зауытын ашу 2007 жылы жүзеге асырылды. 670 миллион теңге игерілді. 55 жұмыс орындары құрылды;

кірпіш зауытын қайта жаңарту. Жоба «Тогай группа» базасында іске асырылды. Газ құбырының күрделі жөндеуі өткізілді. Техника алынды. 122,4 миллион теңге игерілді, 130 жұмыс орындары құрылды;

кірпіш шығаратын зауыт салу. Жоба «Торан» ЖШС базасында іске асырылды. 358 миллион теңге игерілді, 62 жұмыс орындары құрылды;

қуысты тақталар және полистеролбетон өндіру бойынша жаңа технологиялық желілерді сатып алу. Жоба «Стройдеталь» ЖШС базасында іске асырылды. Технологиялық желілер сатып алынды және орнатылды. 12,2 миллион теңге игерілді. 10 жұмыс орындары құрылды;

жаяжол тақталарды өндіру бойынша цех. «БК-Стройпром» ЖШС базасында іске асырылды. 7 миллион теңге игерілді, 11 жұмыс орындары құрылды.

1.1.7. Ауыл шаруашылығы

2007 жылы облыста ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 188866,3 млн. теңгеге өндіріліп, нақты көлем индексі 2006 жылмен салыстырғанда 116,5 пайызды құрады.

Егін шаруашылығы. 2007 жылы егін шаруашылығының жалпы өнімі 115755,3 млн. теңгеге өндірілді, немесе 2006 жылға қарағанда - 163,8 пайыз. Ауыл шаруашылығы құрылымында егін шаруашылығының үлесі 61,2 пайызды құрайды.

Облыс егіншілігін дамытудағы басымдылық астық өндіру болып қала береді, ол егін шаруашылығы жалпы өнімінің 84,5 % қамтиды.

2008 жылы астық алқабы 4159,1 мың гектарды құрды, ол 2007 жылғыдан 201,7 мың гектарға артық. Ұлғаю негізінен жарамсыз және тыңайған жерлерді айналымға тарту есебінен пайда болған. Негізгі астық дақылы бидай 3 843,7 мың гектар алқапқа орналастырылды, ол 2007 жылғыдан 174, 4 мың гектар көп.

Соңғы жылдарда, 2004 жылдан бастап егін шаруашылығына ылғал сақтау жүйесінің енгізілуі астықтың тұрақты өнімінің өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді және 2007 жылы астықтың өңдеуден кейінгі жалпы жиын көлемі 5899,3 мың тоннаны құрап, гектар түсімділігі – 15 центнерден айналды, бұл 2006 жылдан 1,9 центнерге артық. 2008 жылы ылғал сақтаушы технологияларды қолдану алаңдары 3000 мың гектарға дейін өсті, немесе 2007 жылға қарағанда 36,4 пайызға артық.

Жыл сайын нөлдік өңдеу бойынша жер өңдеу алаңдарын өсіру жүргізіліп жатыр: 2006 жылы - 266,1 мың гектар, 2007 жылы - 300 мың гектар, 2008 жылы - 360 мың гектар.

2008 жылы майлы дақылдар егістігі 76,0 мың гектарға орналасты, оның ішінде рапс – 64,5 мың гектар. 2007 жылмен салыстырғанда майлы дақылдар егістігінің көлемі 19,4 мың гектар, рапс - 12,1 мың гектарға өсті.

2008 жылы астық 4159,1 мың гектар алқапта орылған, 5256,1 мың тонна бастырылған (бастапқы түскен салмағы) орташа гектар түсімділігі 12,7 центнерден айналды.

Тұқым шаруашылығын дамыту үшін 2007 жылы 206,3 млн. теңге, 2008 жылы – 379,2 млн. теңге, оның ішінде элиталық тұқымдарды өндіруге – 332,9 млн. теңге бөлінді. Облыста 5 элиталық - тұқым шаруашылықтары жұмыс істейді.

Сорт алмастыру және сорт жаңарту мақсатында элиталық тұқым шаруашылықтары 2006 жылы 20 мың тонна элиталық тұқым, 2007 жылы - 20,5 мың тонна тұқым сатты, оның ішінде облыстан тыс жерлерге 2006 жылы - 1,6 мың тонна, 2007 жылы - 2,1 мың тонна сатылды.

53 тұқым қалыптастырушы шаруашылықтар шаруа және фермерлік қожалықтарды тұқымдармен қамтамасыз етті.

2008 жылдың өніміне 554,3 мың тонна көлемінде дәнді дақылдар тұқымы себілді, бұл қажеттіліктің 100 пайызын құрды.

Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 2008 жылы 30,2 мың тонна минералдық тыңайтқыштар енгізді, тыңайтылған алқап 702,7 мың гектар құрайды, бұл 2007 жылымен салыстырғанда 93,9 мың гектар артық және егіс алқабында 115,4 пайыз құрайды.

Астық бағасының өсуіне байланысты бірінші сорттағы нан бағаларын тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданды. Облыста қоғамдық бастамалары негізінде бекітілген баға бойынша астық сатып алу арқылы 100 мың тонна көлемінде азық-түлік бидайының облыстық тұрақтандыру қоры құрылған.

Қайта өндіруші кәсіпорындар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен бекітілген баға бойынша астық қабылдап, наубайханаларға сату үшін одан ұн жасайды.

Мал шаруашылығы. 2007 жылы облыста мал шаруашылығының жалпы өнімі 73111 млн. теңгеге өндірілді, немесе 2006 жылға 122,6 пайыз. Ауыл шаруашылығы құрылымында мал шаруашылығы 38,7 пайызды құрайды.

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына облыста: 537,0 мың ірі қара мал, (оның ішінде 260,4 мың бас сиыр), 307,8 мың қой және ешкі, 288,3 мың шошқа, 75,5 мың жылқы, 3949,3 мың құс болды.

2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы түліктері мен құстардың барлық түрлері бойынша өсімге қол жеткізілді: ірі қара 3,9 %, (оның ішінде сиыр 3,7 %-ке), қой-ешкі – 5,7 %-ке, шошқа – 5,6 %-ке, жылқы – 5,0 %-ке, құс – 7,7%.

2007 жылы меншіктің барлық түріндегі шаруашылықтар 230,4 мың тонна ет, 609,6 мың тонна сүт және 383,3 млн. жұмыртқа өндірді. 2006 жылмен салыстырғанда ет өндіру көлемі – 5,2 мың тоннаға (2,3 %), сүт – 21,0 мың тоннаға (3,5 %-ке), жұмыртқа – 27,2 млн. (7,4 % ) өсті.

Негізгі ауыл шаруашылығы түліктері мен құстар жеке секторда шоғырланған (ҚІМ – 81,5 пайыз, оның ішінде сиыр -88,1, қой -92,6, жылқы -86, шошқа -95 және құстар - 68 пайыз). Ауыл шаруашылығының 130 құрылымы және шаруа (фермерлік) қожалықтары мал шаруашылығымен, оның 105-і орта және ірі тауар өндірісімен айналысады.

Шаруашылық жүргізіп отырған 32 нысанның асыл тұқымды шаруашылық санаты бар: оның ішінде 4 асыл тұқымды завод, 27 асыл тұқымды шаруашылықтар және 1 малды қолдан ұрықтандыру жөніндегі дистрибьютерлік орталық.

Қостанай облысының асыл тұқымды шаруашылықтарында малдың басымдылық түрлерін өсіру жалғастырылуда.

2011 жылға дейін ірі қара мал бойынша 8 бірлік, жылқы бойынша - 4 бірлік, шошқа бойынша - 7 бірлік асыл тұқымды шаруашылықтар құрылады.

2007 жылы 6 шаруашылықтағы субъектілерге асыл тұқымды шаруашылық дәрежесін алды, оның нәтижесінде асыл тұқымды ірі қара малдың үлес салмағы 1,5 пайызға өсті.

Асыл тұқымды малдың үлес салмағы: ірі қара мал - 5,8 пайыз, шошқа - 0,4 пайыз, жылқы - 0,6 пайыз, құстар - 0,35 пайыз.

Мал шаруашылығын дамытуда мемлекеттік қолдау ауылшаруашылық мал басының өсуіне, өнім өндірісінің көлемі өсуіне көмек етті.

2006-2007 жылдары «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды қолдау» бағдарламасы шеңберінде 435,8 млн. теңге бөлінді, ірі қара мал төлдерінің 3700 артық, 1000 шошқа сатылды.

Облыста 2007 жылы малды қолдан ұрықтандыратын 149 пункт жұмыс істеді, оның ішінде 114-і жеке секторда. Барлығы малды қолдан ұрықтандыру 17,1 пайызды құрайды.

Жануарлар және құстар жұқпалы ауруларының тұтану ошағы тіркелмеген.

Облыста 75 мал сою пункттері бар, оның ішінде бір ауысым өнімділігі 10 малға дейінгісі - 66, 50 малға дейінгісі - 7 және 100 малдан астамы - 2.

2007 жылы кәсіпорындар қаражаты есебінен салынған, 50 малға дейін өнімділігі бар мал сою цехі пайдалануға енгізілді.

Облыста 305 мал моласы бар, оның ішінде 47-сі типтік. 2007 жылы тартылған қаржы есебінен 1 типтік мал моласы салынған.

Облыста ветеринарлық қызметпен 10 заңды тұлғалар, лицензия алған 262 мал дәрігерлері және ауыл шаруашылығының 91 құрылымындағы мал дәрігерлері айналысады.

2006-2007 жылдарыветеринарлық қызметпен айналысуға 47 лицензия берілді. Үстіміздегі жылдың басынан бері ғана 7 лицензия берілді.

Механикаландыру.Облыстың ауыл шаруашылық құрылымдары ауыл шаруашылық техникасын сатып алу мен өндірістің энергиямен қарулануын өсірді.

2006-2007 жылдары облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы 26,6 млрд. теңге сомасына 646 трактор, 1025 астық комбайндарын, 275 егін сепкіш кешендерін, 741 егін сепкіштер мен өзге техниканың 459 бірлігін сатып алды.

Ауыл шаруашылық өндірісін жаңғырту процесінде техниканың қаржы лизингі белгілі орын алады. Осы бағытта облыста «КазАгро» Ұлттық холдингке кіретін «КазАгроФинанс» АҚ және «Астана - Финанс» АҚ – лизингтік компанияларының филиалдары жақсы жұмыс жасайды.

2006-2007 жылдары облысауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне лизингке «КазАгроФинанс» АҚ ҚФ арқылы 9,6 млрд. теңге сомасында 647 бірлік техника және жабдықтар берілді, «КазАгроФинанс» ҚФ арқылы 2,5 млрд. теңге сомасында -137 бірлік берілді.

2008 жылы «КазАгроФинанс» АҚ ҚФ арқылы 2,9 млрд. теңгеге лизингке техника сатып алуға 53 тракторға, 70 комбайн, 34 егін сепкіш кешендері, 31 егін сепкіштер және өзге техниканың 20 бірлігіне тапсырыс берілді. Тапсырыстарды жинау жұмыстары жыл бойы жалғастырылуда.

Мемлекеттік техника лизингі бағдарламасы бойынша «ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы 2008 жылы 5 млрд. теңгеден артық сомаға 237 бірлік техника алынды.

Облыстың машина жасау және жөндеу-қалпына келтіру жөніндегі кәсіпорындары кең алымды дестелегіштер, тұқым сепкіштер, тиегіштер, астық тазалағыш және топырақ өңдегіш техникаларын, қосалқы бөлшектер, тораптар мен агрегаттар жасап шығарады, сол сияқты ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу жұмысын жүргізеді.

Ауыл шаруашылығының шағын және орта құрылымдарына егістік, егін орағы, химиялық өңдеу, сүді жер өңдеу, техника жөндеу жұмыстарында механикаландырылған қызмет көрсететін машина-технологиялық 3 станция (МТС) жұмыс жасайды.

«Иволга -Холдинг» ЖШС құрамына кіретін «Агротехмаш» механикалық зауыты 5 кластағы «К -744» (Казахстанец) тракторларын құрастырды, 2007 жылы 48 трактор құрастырылды. Жаңа трактордың құны 16,2 млн. теңге тұрады. 2008 жылы 360 трактор құрастыру жоспарланып отыр.

Қостанай дизельді зауыты «Енисей» астық жинаушы комбайнін құрастыру бойынша жобаны іске асыруға қатысады. 2006-2007 жылдары 550 бірлік жиналды. Қостанай Енисейінің құны 8 млн. теңге көлемінде тұрады. 2008 жылы 700 комбайн құрау жоспарлануда.

Қайта өңдеу.Облыста 80-ден астам орта және ірі (қуаттылығы тәулігіне 5343 тоннаға дейін шикізат беретін) ұн тартатын кәсіпорындар жұмыс істейді. Бұлардың қуаттылығы жылына 1 млн. тонна астықты өңдеуге мүмкіндік береді, 95 пайыз өндірістік мүмкіндіктер пайдаланылады.

2007 жылы 705,1 мың тонна ұн өндірілді (2006 жылмен салыстырғанда 25,2 пайызға өсті), астықтың 1 млн. тоннадан артығы қайта өңдеуден өтті.

Ірі ұн өндірушілер: (тәулігіне 150 тоннадан артық): «Костанайский мелькомбинат»АҚ, «Иволга» ЖШС, «Тобол-Агро» ЖШС, «Асалия» ЖШС, «Вадиса М» ЖШС, «Сарыбай» ЖШС, «Романа» ЖШС ҰК, «Казмельмаш» ЖШС. Облыста жарма өндіру бойынша 6 цех жұмыс істеуде (негізгі өндірушілер - «Челгаши» ЖШС, «Юлиана» ЖШС, «Иволга» ЖШС, «Фабрика круп» ЖШС, «Костанайский мелькомбинат» АҚ, «Диевское» ЖШС), макарон өнімдерін шығаратын 15 тұрақты қызмет ететін (қуаттылығы тәулігіне 5 тонна) цех бар (негізгі өндірушілер - Рудный қ. «Злак+М» ЖШС , «Костанайский мелькомбинат» АҚ, «Карина 2000» ЖШС). 2007 жылы 2986 тонна жарма (өткен жылдың көлемінен 6,4 пайызға артық), 9631 тонна макарон өнімдері (72 пайызға артық) өндірілді.

Жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеумен Қостанай қаласының «Сябры» ЖШС-і («Иволга» ЖШС-і) айналысады.

Облыста ет өнімдерін шығаратын 48 цех бар. Оның ішінде ет консервілерін өндірумен 4 цех, шұжық өнімдерімен - 34 цех, мал союмен - 10 цех тұрақты айналысады, бір ауысым қуаттылығы (ет өндіру есебі) 108 тоннаны құрады.

Ірі «Агрофирма «Ирина и К» ЖШС және «Карасу» СӨК, Қарасу ауданының «Ердусинов» ЖК шұжық және ет өнімдерін өндірушілері «Халал» маркасымен мал союды ұйымдастырды.

Қостанай шұжық және ет өндірушілерінің өнімдері облыс тұрғындарының және және облыстан тыс жерлерде де сұранысқа ие болып отыр. Батыс Қазақстан рыноктары, Ресей Федерациясының шекаралас өңірлері игерілуде.

Ет дайындау бойынша 183 пункт жұмыс істейді, оның 32-сі стационарлық болып табылады.

14 кәсіпорын қуаттылығы тәулігіне 668 тонна сүт өнімін өндіреді, олардың ішінде ірілері: «ДЕП» ЖШС, «Космис» ЖШС, «Милх» ЖШС және т.б.

Сүт өнімінің 250-ден астам ассортименті шығарылады.

Облыстан басқа Қарағанды, Астана, Батыс Қазақстан өңірлері де сүт өнімінің негізгі рыноктары болып табылады. Ресей Федерациясының шекаралық өңіріндегі әлеуетті рыноктары игерілуде.

Облыс дайындау желісі сүт сатып алатын 192 пункттен тұрады, соның ішінде 52-сі стационарлық болып табылады және 270-тен астам елді мекенді қамтиды.

Ірі тері шикізатын қайта өңдеумен «Рудный былғары заводы» ЖШС-і айналысады. Заводтың өнімі Германия, Италия, Украинаға экспортталады.

«Қостанай иленген аяқ киім фабрикасы» және «Қостанай жіп иіру-мата фабрикасы» ЖШС-тері жүнді қайта өңдеумен айналысады.

2007-2008 жылдары 16 қайта өндіру кәсіпорындарында халықаралық менеджмент жүйесінің ИСО және ХАССП стандартары енгізілді: ұн, жарма, макарон өнімдерін өндіру бойынша – « Асалия» ЖШС, «Диевское» ЖШС, «АҚ -бидай» ЖШС ҰК, астықты сақтау және қайта өңдеу - 8 кәсіпорын, сүтті қайта өңдеу - «ДЕП» ЖШС, «Космис» ЖШС және «Милх» ЖШС-тері, ет қайта өңдеу бойынша - «Казагрос» ЖШС СӨК.

Қайта өндіру саласындағы 10 кәсіпорнында халықаралық ИСО стандартарын енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Өңір тұрғындарына басы артық шикізаттарды тиімді бағаға делдалсыз өткізуге жәрдем беру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау және қайта өңдеу жөніндегі ауыл тұтынушылары кооперативтері (АТК) құрылуда.

АТК жасаған жобаларды іске асыруға «Аграрная кредитная корпорация» АҚ арқылы (5-7 жыл мерзімге жылына 5 пайызбен) 664,3 млн. теңге сомасына жабдық пен техниканы сатып алу үшін кредит алынды.

Қарабалық ауданында – «Сүт стандарттары» (сүт дайындау және өңдеу), Жангелдин ауданында – «Ақбота Торғай 3» (ет дайындау), Сарыкөл ауданында – «Сарыкөл-агро» (құрама жем өндіру) ауыл тұтынушылары кооперативтері құрылды.

1.1.8. Көлік және коммуникация

Автомобиль жолдары .2008 жылдың 1 қаңтарына Қостанай облысының жалпы пайдаланатын автомобиль жолдарының ұзындығы 9514,2 км құрады, оның ішінде: республикалық маңызы бар – 1 407,9 км, облыстық маңызы бар – 2 208,6 км, аудандық маңызы бар – 5 897,7 км.

2007 жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қалпына келтіру, қайта жаңарту, жөндеу және автомобиль жолдарын қалпында ұстау жұмыстары 2808,1 млн. теңге жалпы сомасында орындалған.

2007 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында аумақтық бағдарламаға сәйкес автомобиль жолдарын қалпында ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстар 2694,7 млн. теңге жалпы сомасында немесе 2006 жылмен салыстырғанда 3,7 есеге артық орындалған.

2007 жылы барлығы 142 км автомобиль жолдары қалпына келтірілген, соның ішінде республикалық маңызы бар - 110,8 км және жергілікті маңызы бар – 31,2 км.

2008 жылы барлығы 129,9 км автомобиль жолын қалпына келтіру жоспарланып отыр, оның ішінде республикалық маңызы бар – 99 км және жергілікті маңызы бар – 30,9 км. Автомобиль жолдарын қалпына келтіру, жөндеу және қалпында ұстау бойынша жұмыстарын 4925,3 млн. теңге жалпы сомасында орындау көзделіп отыр, соның ішінде республикалық маңызы бар – 1538,4 млн. теңге, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар – 3386,9 млн. теңге.

Автомобиль көлігі. Жүкті тасымалдауда автомобиль көлігі маңызды орын алады.

2007 жылы ішінде автомобиль көлігімен 177,2 млн. тонна жүк тасымалданған, ол 2006 жылдың көлемінен 8,8 млн. тоннаға немесе 5,2 пайызға артық.

2007 жылы автомобиль көлігінің қызметін 1040,8 млн. жолаушы пайдаланған, ол 2006 жылмен салыстырғанда 32,9 миллион жолаушыға артық.

2008 жылы жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау көлемі 180,7 млн. тоннаға дейін немесе 2007 жылмен салыстырғанда 1,9 пайызға көбейтілуі күтіліп отыр. 2008 жылғы жүк айналымы 2,4 %-ға, жолаушылар айналымы – 1,4 %-ға, жолаушыларды тасымалдау - 0,3 %-ға дейін көбейтілуі күтіліп отыр.

Темір жол көлігі. 2007 жылы жүк айналымының жоспары 102 %-ға орындалған, 2006 жылмен салыстырғанда жүк айналымы 11,4 %-ға өсті. Тасымалдау көлемінің өсуіне Арыстансор-Әйтеке-Би жаңа желінің жұмысы негізгі рөл атқарды.

Локомотивтің (100,1 %) және вагонның өнімділігі (103,7 %) сияқты көрсеткіштерді орындау жылжымалы құрамның тиімді пайдаланылуын көрсетеді, жұмыс вагонының айналымы берілген жоспардың шегінде орындалған.

(Алтынсарин-Хромтау) жаңа бағыт бойынша 2007 жылы жүк тасымалдау көлемі 2006 жылмен салыстырғанда 23 пайызға көбейтілді. Жүк тасымалдаудың өсуі пойыздарды батыстан шығысқа және шығыстан батысқа Қостанай бөлімшесі арқылы жіберу есебінен көбейтілді.

2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда темір жол көлігімен жүкті тасымалдау 7,7%-ға көбейту және оны 35 млн. тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Жүк айналымын 7,9%-ға, жолаушылар ағымын 1,9%-ға, жолаушыларды тасымалдау 1,7 %-ға көбейту жоспарланып отыр.

ҚР Көлік стратегиясын іске асыру жоспарына сәйкес Қостанай-Железорудный (ұзындығы 48 км) темір жол учаскесін электрлендіру жөнінде іс-шаралар әзірленіп отыр, жобалық-сметалық құжаттама әзірленді, 2008 жылы қаржыландыру және құрылыстың басталуы жоспарланып отыр.

2008 жылға әлеуметтік маңызды Қостанай-Жітіқара маршрутын қаржыландыруға облыстық бюджет қаражатынан 42729 мың теңге бөлінді.

Әуе көлігі. Жолаушыларды жіберу 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда 6390 адамға көбейді, оның ішінде: Қазақстан Республикасы бойынша жолаушыларды жіберу 8909 жолаушыға немесе 42,9 % өсті, Таяу және Қиыр шет елдерге 2519 жолаушыға немесе 14,5 %-ға қысқарды. Бұл өсуге себеп болған «Скат» авиакомпаниясымен орындалған Қостанай-Алматы-Қостанай маршруты бойынша рейстердің көбейтілуі, сондай-ақ «Эйр Астана» авиакомпаниясымен орындалатын «Астана-Қостанай-Астана» маршруты бойынша рейстердің көбейтілуі. Таяу және алыс шет елдерге жолаушылар баруының қысқаруына «Эйр Астана» компаниясының техникалық мүмкіншілігі болмағандықтан жолаушыларды Қостанай-Ганновер маршрутымен тасымалдай алмауы басты себеп болды.

2007 жылдың ішінде әуежаймен 109,9 тонна пошта жүгі жөнелтілді, ол 2006 жылмен салыстырғанда 1,3 есе артық.

Ұшақпен ұшу саны 2007 жылы 1891 бірлікті құрады, ол 2006 жылмен салыстырғанда 346 бірлікке артық.

2008 жылы 150 тонна жүк тасымалдау жоспарланып отыр, ол 2007 жылмен салыстырғанда 36,5% - ға артық, 55 мың жолаушыны ашу жоспарланып отыр, ол 2007 жылға қарағанда 16,8 пайызға артық.

Мәскеу, Санкт-Петербург, Минск бағыттарына рейстерді қайта жіберу арқылы жолаушыларды жіберу мен ұшақпен ұшуды көбейту жоспарланып отыр.

Телефондандыру. 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың жергілікті телекоммуникация желісі 304 стансадан тұрады (54 ҚТС және 250 СТС). Селода координаттық түрдегі 152 АТС және 98 электрондық стансасы пайдаланылады. Қостанай ОТД желісінде ДАМА 20 спутникалық жүйе және мәліметтерді беру үшін екі SkyStar және 8 бірлік SkyEdge спутникалық жүйе жұмыс істейді. Қостанай ОТД – да барлығы 20 байланыс объектісі бар, оның ішінде 4 қалалық және 16 селолық.

2006-2007 жылдары ішінде жүйені дамыту бойынша мынадай іс-шаралар өткізілді:

облыстың қалалары мен аудандарында номерлік көлемді 8592 номерге дейін ұлғайту жұмысы іске асырылды;

Жангелдин ауданының телефондалмаған ауылдық елді мекендеріне телефон орнатылды: спутникалық SkyEdge PRO жүйесі арқылы Бидайық ауылында, Ошағанды, Ұзынқарасу ауылдарында (радио ұзартқыш қолданылуымен) телефон орнатылды;

Аркалық – Торғай ЦРРЖ (цифрлық радиорелейлік желісі) Торғай өңірінде халықаралық және қала аралық байланысының мәлімет жіберетін қызмет сапасының жақсаруына әсер етті.

Қостанай облысының елуден астам адамдары бар ауылдық елді мекендерінде 100 пайызға телефондандырылды.

2007 жылдың басында жобаның АИС (ақпараттық және байланыс агенттігі) «Сайлау» жабдықтарының жинақталуы аяқталды және сынақтан өткізілді, бұл облыстың аудан орталығына кең ауқымды Интернет жүйесін пайдалануға мүмкіндік жасап, коммерциялық пайдалануға (Карамеңді, Силантьев селоларынан басқасында - бұл елді мекендер сәл кешірек қосылады) берілді.

2007 жылдың қараша айында Қостанай қаласында, желтоқсанда Рудный қаласында WLLCDMA технологиясы бойынша сымсыз байланыс жабдығы пайдалануға іске қосылды, қазіргі уақытта қала тұрғындарына аталған технологияны қолданып, телефон орнатуда.

2007 жылы негізгі телефон аппаратының саны 204530 дананы құрады, ол 2006 жылмен салыстарғанда 7,8 % - ға артық.

2008 жылы телефон аппаратының санын 217547 данаға дейін көбейту жоспарланып отыр, ол 2007 жылмен салыстырғанда 6,4 % - ға артық.

2007 жылдың 1 қаңтарынан халықаралық байланыс қызметі алыс шет елдеріне тариф бағасы орташа 50 пайызға төмендетілді.

2007 жылдың ақпан айында кең ауқымды Интернет жүйесі «Megaline Hit» пайдалану тариф бағасы 23 пайызға төмендеді. Бүгінгі күні бұл тариф облыс тұрғындарына НДС-сіз 3600 теңгені құрады. «Қазақстандық Интернет» Қазақстанның мемлекеттік мектептеріне ақысыз пайдалануына беріледі.

Пошта . 2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша «Қазпошта» АҚ Қостанай филиалында пошта байланысының 27 қалалық және 18 аудандық жүйесі, пошта байланысының 192 ауыл бөлімшесі және 4 жылжымалы бөлімшесі жұмыс істеп жатыр.

2007 жылдың ішінде 2583 мың дана ақылы жазба хаттамасы өндірілген, ол 2006 жылмен салыстырғанда 4,6 есе артық немесе (125 мың данаға).

Посылка көлемі 53 мың данаға жетті, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 35,9 пайызға өсті, өсу көлеміне AVON посылкаларының және «Баспа Ридерз Дайджест» ЖШС-нің шарты бойынша тапсырысты жөнелтуінің өсуі себеп болды.

Мерзімдік басылымдар көлемі 9,751 млн. дананы құрды ол 2006 жылмен салыстырғанда 29,7 пайызға көп. Ресей Федерациясының баспаларымен жаңа шарт жасасуы және 2007 жылдың жарты жылдық жаңа шығаруына жазылуы, осы әрекеттердің бәрі мерзімдік басылымдардың көлемін өсірді.

2006 жылмен салыстырғанда, 2007 жылы зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу 26,6% - ға көбейді, ол бір реттік жәрдемақының көбейтілуіне байланысты (бала тууына және Семей полигонында зардап шеккен адамдарға).

2008 жылы зейнетақы мен жәрдемақыны 15% - ға көбейту, мерзімдік басылымдарды 1,9% - ға, жазба хаттамаларды 10,9% - ға көбейту жоспарланып отыр.

1.1.9. Сыртқы экономикалық қызмет

2007 жылы облыстың сыртқы сауда айналымы 2409,9 млн. АҚШ долларын құрады, ол 2006 жылдан 35,6%-ға жоғары. Сыртқы сауда айналымының өсуіне экспорт және импорт жеткізілімі көлемінің өсуі әсер етті. 2008 жылы 2007 жылға қарағанда сыртқы экономикалық іс-әрекет көлемінің 29,5%-ға өсуі күтілуде.

2007 жылы сауда балансының оң айырмасы 373,7 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қалыптасты. 200 жылы сауда баланысының айырмасы оң болады деп күтілуде –1053,5 млн. АҚШ доллары.

2007 жылы экспорт 1391,8 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2006 жылдан 36,2%-ға жоғары. Экспорт көлемі негізінен ұнның – 2,2 есе, астық дақылдары өнімінің 1,8 есе, асбест және темір кені өнімінің, тиісінше, 17,5%-ға және 11,4%-ға көбеюі арқылы өсті.

Соңғы жылдары экспорт жалпы көлемінің өсуінде тауар құрылымының негізгі жасаушысы өзгеріссіз қалып отыр және шикізат бағытына ие.

Облыс экспортының негізін төрт тауар топтары құрады: темір кен өнімі (56,9 пайыз), астық дақылдары (21,4 пайыз), ұн (10,5 пайыз), асбест (2,5 пайыз). Облыс өнімі Ресей Федерациясы, Қытай, Германия, Италия, Ауғанстан, Иран, Туркия және басқа мемлекеттерге экспортталады, барлығы 44 мемлекет.

2008 жылы экспорт 2086,6 млн. АҚШ доллары немесе 2007 жылмен салыстырғанда 150% болады деп күтілуде.

Темір кені өніміне жеткілікті сұраныс тұрақты сақталады. 2007 жылы ол 792 млн. АҚШ долларға шығарылған. 2008 жылы темір кені мен шекемтастар экспортының 41,8%-ға өсуі жоспарланады, 2007 жылға қарағанда көлемі 1123,2 млн. АҚШ долларын құрайды. Ресей мен Қытай кен және шекемтастардың тұтынушылары болып табылады. Темір кен өнімінің экспорттық жеткізілуін «ССГПО» АҚ жүзеге асырады.

2007 жылы асбест экспорты 35,3 млн. АҚШ долларын құрады. 2008 жылы асбест жеткізілімдері 27%-ға өсіп 44,8 млн. АҚШ долларын құрайды. Өзбекстан, Қырғызстан, Украина, Тәжікстан, Үнді, Қытай және Иран бұл өнімнің негізгі тұтынушылары болып табылады. Асбест экспорт жеткізілімін «Костанайские минералы» АҚ жүзеге асырады.

2007 жылы астық дақылдары экспортының көлемі 298,2 млн. АҚШ долларын құрады. 2008 жылы бидай экспортын 42,5%-ға көбейту жоспарланады, 2007 жылмен салыстырғанда көлемі 425 млн. АҚШ долларын құрайды. Негізінен, астық дақылдары экспорты Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Тәжікстан, Грузия, Өзбекстан, Түркия, Италия, Испания, Греция және Индия сияқты жиырма тоғыз елге жасалады. 2008 жылы жоғарыда айтылған елдер тұтынушы болып қалады.

Ұн экспорты 2007 жылы 145,6 млн. АҚШ долларын құрады. 2008 жылы 2,2 есеге өсіру жоспарланады, жеткізу көлемі 319 млн. АҚШ долларын құрады. Негізгі тұтынушылары Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Ауғанстан болып табылады.

2007 жылы барлық экспорт жіткізілімдерінің 62,3%-ы ТМД елдеріне келеді.

Ресей Федерациясына экспорт жеткізілімдерінің үлесі экспорт жалпы көлемінің 47 пайызын құрайды. Ресей Федерациясынан басқа негізгі тұтынушыларға Өзбекстанды (3,9 пайыз), Тәжікстанды (3 пайыз), Әзербайджанды (2,1 пайыз), Молдова (1,3 пайыз) жатқызуға болады. 2008 жылы ТМД елдерімен сыртқы сауда іс-әрекетінің басым бөлігі сақталады.

Азия елдері ішінен Қытай, Ауғанстан, Индия, Туркия, және Йеменмен қарым – қатынастар өте серпінді дамып келе жатыр. Кеден статистика мәліметтері бойынша 2007 жылы экспорттағы азия елдерінің үлес салмағы 26,3 пайызды құрайды.

Еуропа елдеріне экспорттық жеткізілімдерінің 5,8 пайызы, оның ішінде ЕО елдеріне 3,7 пайыз жасалады, соның ішінде Германия – 1,9 пайыз, Италия – 1,1 пайыз ең үлкен үлес мөлшеріне ие.

2007 жылғы импорт түсімі 1018,1 млн. АҚШ долларын құрады, ол 2006 жылдан 34,9 пайызға жоғары. Тауарларды әкелу көлемі, қара металдар және одан жасалған өнімдер жеткізілімдерінің – 1,6 есе, мұнай өнімдерінің және жабдықтардың – 1,4 есе, резинке бұйымдары (шина) және қанттың - 1,3 есе, медикаменттердің – 15,6 есе көбеюі арқылы өсті.

2007 жылы импорт өнімінде жабдықтар (жалпы импорт көлемінде 16,7 пайыз), көлік құралдары (13,7 пайыз), қара металдар және одан жасалған бұйымдар (8,4 пайыз), мұнай өнімдері (6,2 пайыз), медикаменттер (4,8 пайыз) жеткізілімдері басым болды. 2008 жылы күтілетін импорт өнімінің көлемі 1033,4 млн. АҚШ долларын немесе 2007 жылға 101,5 пайыз құрайды.

2007 жылы импорт көлемінде ТМД елдерінің үлесі 63,1 пайызға жетті, оның ішінде Ресей Федерациясынан 518,1 млн. АҚШ долларына (50,9 пайыз) тауар мен өнім жеткізілген. РФ-нан тағам өнімдері, жабдықтар, көлік құралдары, қара металдар және одан жасалатын бұйымдар, медикаменттер және тағы басқалар жеткізілді.

Одан басқа алыс шет елдері ішінен негізгі жіткізушілерге жататындар: ЕО елдері – 201,6 млн. АҚШ доллары (19,8 пайыз). Оның ішінде ең үлкен үлес салмағы Германияға жатады – 104,8 млн. АҚШ доллары (10,3 пайыз), одан медикаменттер, жабдықтар, көлік құралдары импортталады.

2007 жылы үлесіне 8,9 пайыз келетін азия өңірі елдері арасында Қытаймен (4,4 пайыз) - электр және көлік техникалары, жабдықтар және оларға арналған бөлшектер, Жапониямен (2 пайыз) – шиналар, жабдықтар және көлік құралдары импорты, Түркиямен (1,4 пайыз) - медикаменттер, жабдықтар, жабдықтарға арналағн бөлшектер, ауыл шаруашылығы жабдықтары, Индиямен (0,3 пайыз) – медикаменттер, қара металдан жасалған бұйымдарды әкелінді және осы елдермен ең тығыз ынтымақтастық жүзеге асырылды.

1.1.10.Туризм

Туризм саласының дамуы «Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» және «Қостанай облысының туризмді дамытудағы 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік өңірлік бағдарламасы» шеңберінде іске асырылады.

2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша туристік қызметпен айналысуға 29 туристік ұйымның лицензиясы бар, ол 2006 жылмен салыстырғанда 1,4 есе артық.

Туризмді орналастырудың 125 объектісі қызмет етті, соның ішінде: 28 қонақ үйі, 18 сауықтыру лагері, 11 туристік базасы, 11 кемпинг және сауықтыру кешені және 57 басқа да объекті.

Келушілер туризмі бойынша қызмет көрсетілгендер саны – 6461 адам, шығушылар туризмі бойынша – 10471, ішкі туризм бойынша туристік ұйымдары 2383 адамға қызмет көрсетті.

2006 жылы келушілер туризмі бойынша аң аулау жерлерінде алыс шетелдік елдерден 39 туриске, ал 2007 жылы - Австрия, Германия, Италия, Франция, Чехиядан келген 42 туриске қызмет көрсетілді.

2007 жылы туризм саласында 2804 адам қызмет етті немесе 2006 жылмен салыстырғанда 2,9 пайызға артық.

2006-2007 жылдардан бастап жұмыс кезеңі ішінде мынадай жұмыс атқарылды:

«Сосновый бор» санаторийі» ЖШС-інде 100 шаршы метр көлемінде спорт комплексі салынды және 7-і қабатты корпуста күрделі жөндеу жасалды (200 млн. теңге игерілді);

Мичурин селосында 2007 жылы «Золотой фазан» демалыс базасы –қонақ үйі салынып қолданылуға енгізілді,объект құрылысына 10,0 млн. тенге жұмсалды;

Таран ауданының Береговое селосында демалыс базасы салынуда, 2007 жылы 2,8 млн. теңге игерілді;

Алтынсарин ауданындағы «Арман» атты бұрынғы лагерь аймағында демалысқа арналған жаңа кешенді салу жүргізіліп, 2008 жылы тапсырылуы жоспарланып отыр, 2007 жылы 209,2 млн. теңге игерілді. 2008 жылы 250,0 млн. теңге игеру жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылы «Наурызым, Аманкелді және Жанкелдин аудандарында экологиялық туризмді дамыту бағдарламасын» әзірлеу аяқталады. Бүгінгі уақытта бағдарламаның бірінші кезеңі әзірленді - Наурызым ауданы.

1.1.11. Ішкі сауда (көтерме және бөлшек)

Көтерме тауар айналымының көлемі 2007 жылға 363,1 млрд. теңгені құрады, және 2006 жылмен салыстырғанда (264,2 млрд. теңге) 48,1 пайызға өсті.

Көтерме тауар айналымының жоспарланған көлемі 2008 жылы (ағымдағы бағаларда) 395,8 млрд. теңгені құрады, немесе 2007 жылдан 9 пайызға артық.

2007 жылға ішкі сауда кәсіпорындары халыққа 52957,3 млн. теңге сомасына тауар мен өнім сатты. Бөлшек тауар айналымы 2006 жылмен салыстырғанда 5,9 пайыз салыстыру бағасына өсті.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне нақты көмек көрсету мақсатында азық-түлік сауда рыноктарында өз өнімінің саудасын ұйымдастыру үшін тауар өндірушілерге сауда орындары бөлінді.

Азық-түлік тауарлар мен ауыл шаруашылығы өнімін өткізуге 157 астам сауда алаңдары белгіленді, жәрмеңке өткізу байқалуда, соның ішінде «дөңгелектен» жәрмеңкесі.

Облыста 14 жұмыс істейтін картоп және көкөніс өнімдер қоймасы бар.

Күнтізбелік жыл ішінде жеміс-көкөніс өнімімен халықты қамтамасыз ету және қысқы мезгілде бағалардың өсуін ұстау мақсатында осы заманғы көкөніс қоймалар инфрақұрылымын дамыту жөнінде жұмыс жүргізілуде.

Солай, «Терра» ДШ европалық ауа бақылаумен жылына 3000 тонна көкөніс қуатымен көкөніс қоймасының құрылысы бойынша жұмыс жүргізуде. Енгізудің күтілетін мерзімі – 2008 жыл.

Үстіміздегі жылда Арқалық қаласында 500 тонна қуатымен көкөніс қоймасының құрылысы басталды. Бүгінгі таңда жер қазу жұмыстары өткізілуде, құрылыс материалдары әкелінді.

Меңдіқара ауданда «Боровской агрофирмасы» ЖШС европалық ауа бақылау жүйесін қолданумен көкөніс сақтау жөніндегі осы заманғы өндірісін құруда (жоспарланғаннан 71 млн. теңгеден 25 млн. теңгесі игерілді).

Қостанай, Рудный, Жітіқара қалаларында және Қостанай ауданында төрт жұмыс істейтін жылы жай бар.

2008 жылдың 1 шілде қалпына облыста 6799 сауда объектілері, 906- қоғамдық тамақтану және 59 сауда рыноктары бар, соның ішінде үстіміздегі жылдың өткен кезеңіне 294 сауда және қоғамдық тамақтану объектілері ашылды және Федоров ауданында Новошумный селосында шағын базар жабылды.

2012 жылға дейін облыстың сауда базарларын дамыту және жаңарту жоспары әзірленді, соған сәйкес төрт сауда рыноктарының ашылуы (соның ішінде үш коммуналдық) және жиырма бес сауда рыноктарының жаңартылуы жоспарланып отыр.

2008 жылы бөлшек тауар айналымының жоспарланған көлемі ағымдағы бағаларда 55604,9 млн. теңгені құрады, немесе 2007 жылдан 5 пайызға жоғары.

1.2. Тұрақты даму, адам ресурстарын дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру

1.2.1. Демография және көші - қон

2008 жылдың 1 қаңтарына облыста 894,2 мың адам тұрды. 2006 жылдың ішінде халықтың саны 2,9 мың адамға, 2007 жылы - 6,2 мың адамға қысқарды. Көші-қон бұрынғыдай халық саны қысқаруының негізгі себебі болып отыр.

2007 жылы2006 жылмен салыстырғанда облыстан кетушілер 1,6 пайызға көп, келушілердің саны 11,8 пайызға азайды. Теріс көші-қон сальдосы 2006 жылы 2,4 мың адамнан 2007 жылы 5,6 мың адамға дейін көбейді.

2007 жылы халықтың табиғи азаюы байқалды, тууға қарағанда өлім 568 адамға көбейді.

2007 жылы облысқа көші – қон квотасы бойынша 4596 адамнан тұратын 875 оралмандар отбасы келді. Одан басқа, көші-қон квотасынан бөлек өз бетімен саны 1281 адам 320 оралмандар отбасы келді.

Республикалық бюджеттен оралмандар отбасылары бір жолғы жәрдемақы, көлік шығындарына өтемақы және тұрғын үй сатып алуға айлық есеп көрсеткішінің 100-есе мөлшерінде қаражат алды. 2007 жылы көші-қон квотасына енгізілген барлық отбасылар жалпы 658,3 млн.теңге сомасында көрсетілген жеңілдіктерді алды.

2008 жылға баға. Бағалау бойынша 2009 жылдың 1 қаңтарында облыс тұрғындарының саны 891 мың адам құрайды және 2008 жылдың 1 қаңтарына қарағанда халықтың көші-қонына байланысты 3,2 мың адамға азаяды.

2008 жылы көші-қон квотасы бойынша адам саны 3,8 мың 3,8 мың 800 оралмандар отбасы облысқа келеді.

1.2.2. Еңбек ресурстары

Халықты жұмыспен қамтуды жақсарту жөніндегі өткізілген іс-шаралар, облыстың әлеуметтік–экономикалық даму жоспарын, халықты жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру жалпыжұмыссыздық деңгейін2007 жылдың аяғына 2006 жылмен салыстарғанда 7,8 пайыздан 7,5 пайызға дейін, тіркелген жұмыссыздықтың деңгейін 0,9 пайыздан 0,5 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

2008 жылдың 1 қаңтарына жұмыссыздардың саны 3094 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 37,3 пайызға қысқарды.

Экономика салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны 1 пайызға өсті және 518,4 мың адамды құрады.

2007 жылы экономиканың барлық салаларында 11599 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 6354 тұрақты жұмыс орны.

Жаңа және бос жұмыс орындарына 14409 адам жұмысқа орналыстырылды, жұмысқа орналасу деңгейі 95,8 пайызды құрап, 2006 жылмен салыстарғанда 10,6 пайыздық пунктқа өсті.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 1308 жұмыссыз азамат орналастырылды.

2007 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 5798 жұмыссыз қатысты, немесе жұмыспен қамту бағдарламасын қарастырылғаннан 105,4 пайыз. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстармен қамту пайызы өтініш білдіргендер санынан 38,5 пайыз. 1021 адам кәсіби даярлау мен қайта дайындыққа жіберілді, бұл 2006 жылға қарағанда 249 адамға көп.

Болжам бойынша 2008 жылы кедейлік пен жұмыссыздықты төмендету үшін 11 мыңнан астам жұмыс орны ашылады. 12 мыңнан астам адам жұмыссызды жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр, оның ішінде 1,5 мыңнан астамы әлеуметтік жұмыс орындарына, қоғамдық жұмыстарға 5 мыңға жақын жұмыссыз қатысады, оның ішінде 1 мыңнан астамы аз қамтылған азаматтар ішінен. Жұмыспен қамту бағдарламасы шеңберінде облыстың 1 мыңнан астам жұмыссызы кәсіби дайындық пен қайта даярлаудан өтеді.

1.2.3. Гендерлік дамыту

2008 жылдың басында облыстағы халықтың жалпы саны 894,2 мың адамды, оның ішінде әйелдер - 471,5 мың адамды (52,7 пайыз), ерлер - 422,7 мың адамды (47,3 пайыз) құрады. Орташа есеппен 1000 әйелге 896 ер адамнан келеді.

Ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы әйелдерге қарағанда 12,8 жылға аз және 58,7 және 71,5 жылды құрады.

Саяси алға басушылық. Барлық деңгейдегі 301 депутаттың 29,6 пайызы әйел және 70,4 пайызы ерлер, оның ішінде облыстық мәслихаттың 36 пайызы әйелдер. 21 барлық деңгейдегі мәслихат хатшысының - 3 әйел, 56 аудан және қала әкім орынбасарының ішінде – 9-ы әйел болып табылады. Мемлекеттік органдар жалпы санының - 27 пайызын, облыстың әртүрлі кәсіпорындары мен ұйымдарының - 31 пайызын әйелдер басқарады, әйелдердің 41 пайызы шағын және орта кәсіпкерлік бастықтары болып табылады. 3 әйел (30 пайыз) саяси партиялар филиалдарының жетекшілері болып табылады.

Экономикалық даму. 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда облыстың экономикалық белсенді халқы 0,7 пайызға, оның ішінде әйелдер саны 1,3 пайызға, ерлер - 0,2 пайызға өсті.

Экономикада қызмет ететін ерлер саны 0,7 пайызға өсті және 262,8 мың адамды құрады, әйелдер – 1,3 пайызға өсті (255,6 мың адам).

Жалпы жұмыссыздық деңгейі 7,5 пайызды құрады, ол 2006 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 0,3 пайызға төмен. Ерлер жұмыссыздығының деңгейі 6,8 пайыздан 6,4 пайызға дейін азайды, әйелдер жұмыссыздығының деңгейі 8,7 пайыз деңгейінде.

Жұмыссыздықтың ең үлкен деңгейі қала әйелдері арасынде (10,9 пайыз), ең азы өз бетімен жұмыспен қамтылуына байланысты ауыл ерлері (4,9 пайыз) мен әйелдері (6,4 пайыз) арасында болып отыр.

2007 жылы орташа айлық еңбекақы жалпы облыс бойынша 37584 теңгені құрады және 2006 жылмен салыстырғанда 28,5 пайызға өсті, оның ішінде әйелдер еңбекақысы - 31732 теңгені (32,9 пайызға өсті), ерлер еңбекақысы - 42962 теңгені құрады (26 пайыз). Әйелдердің орташа айлық жалақысы ерлердікіне қарағанда 26,1 пайызға төмен.

Облыста әйелдерді зорлауды және сексуалды қанауды тоқтату бойынша жұмыс жүргізіледі.

2007 жылы дағдарыс орталығына 3792 адам келді, оның 80,5 пайызы-әйелдер мен балалар, 19,5 пайызы ерлер болып табылады.

Қостанай қаласында балалары бар белгілі тұратын орны жоқ әйелдерге арналған дағдарыс орталығы қызмет етеді, онда әйелдердің жұмысқа орналасуына, жәрдемақылардың барлық түрлерін, құжаттарды ресімдеуіне көмек көрсетіледі.

1.2.4. Тұрғын үй саласы

2005-2007 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасымен 418,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру көзделді, нақтылысы 434,9 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, немесе жоспар 104-ға орындалды пайыз, оның ішінде:

34,1 мың шаршы метр (479 пәтер) коммуналдық тұрғын үй, тапсырма 24,3 мың шаршы метр;

қайтарылуға тиіс кредит есебінен 54,9 мың шаршы метр (729 пәтер), үш жылға арналған тапсырма 65,1 мың шаршы метр;

тұрғындар және жеке меншік инвестициялар есебінен 345,9 мың шаршы метр пайдалануға берілді.

Облыстың тұрғын үй қоры 2008 жылдың 1 қаңтарына 17,1 мың шаршы метрді құрады.

Тұрғын үй құрылысына 2007 жылы 8347 млн. теңге инвестициялар бағытталды, оладың ішінен халық қаражаты 5823 млн. теңгені құрды. 177,8 мың шаршы метр тұрғын үй (1496 пәтер) пайдалануға берілді, бұл 2006 жылмен салыстырғанда (1242) 1,2 есе көп. Мемлекеттік емес сектор кәсіпорындары есебінен 191 пәтер (19,3 мың шаршы метр), халық қаражаты есебінен 1026 пәтер (138,7 мың шаршы метр) салынды және пайдалануға берілді.

2008 жылы 185,0 мың шаршы метр тұрғын үйді (1804 пәтер) пайдалануға беру көзделді, бұл 2007 жылғыдан 4 пайызға артық. Жалдау және ипотекалық тұрғын үйді пайдалануға беру 19,4 мың шаршы метрді құрайды, жекенікі – 146,4, кәсіпорындар қаражаты есебінен – 19,2 мың шаршы метрді құрайды.

1.2.5. Білім

Мектепке дейінгі білім беру. 2007/2008 оқу жылының басында облыста 91 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істеді, оның ішінде 70-і мемлекеттік және 21 мемлекеттік емес.

Жалпы орта білім беретін мектептер жанынан 546 шағын-орталықтар ашылды, олардан жалпы 200-ден астам баланы қамтыған 8 дербес шағын орталық бөлінді.

Өткен жылмен салыстырғанда 2007 жылы мектепке дейінгі балалар ұйымдары мен шағын-орталықтардағы балалар саны 8,1 мың адамға көбейген және 30,3 мың адам болған.

Мектепке дейінгі балалар мекемесі мен шағын орталықтар санының өсуі облыс бойынша мектепке дейінгі балалар мекемесінде мектеп жасына дейінгі балаларды жалпы қамту 84,3 пайызға дейін өсуіне мүмкіндік берді, бұл 2006 жылғының - 62,3 пайызы.

Жалпы орта білім беру. 2007-2008 оқу жылының басында облыста 644 мектеп, оның ішінде мемлекеттік 630 жалпы білім беретін мектептер, 7 түзету мектептері, 4 кешкі және 3 мемлекеттік емес мектептер жұмыс істеді.

Жалпы орта білім беретін ұйымдардағы оқушылардың контингенті 120,2 мың адамды құрайды, олардың ішінде 116 мың оқушы жалпы орта білім беретін мектептердің оқушысы, 2,3 мың бала – түзету (жалпы білім беретін мектептер жанындағы түзету сыныптарын есептегенде), 1,7 мың – кешкі мектептер (жалпы білім беретін мектептер жанындағы сырттай оқыту сыныптарын есептегенде), 0,2 мың бала – мемлекеттік емес.

Барлық мектептер компьютермен жабдықталған, телефонмен қамтамасыз етілген және Интернет желісіне қосылған, жалпы алғанда облыс бойынша 1 компьютерге 12,9 оқушы келеді (2006 жылы - 18,8 оқушы).

2007/2008 оқу жылы аяқталғаннан кейін бірыңғай ұлттық тестіленуге (ҰБТ) түлектердің жалпы санының 77,8 пайызы қатысты.

Техникалық және кәсіптік білім беру . 2007/2008 оқу жылының басында техникалық және кәсіптік білім беруді 15 кәсіптік мектеп (лицейлер) пен колледждер жанындағы 8 бөлім жүзеге асырды.

Оқушылардың контингенті 7,7 мың оқушыны құрады, оның ішінде 9-сынып базасында 6,9 мың адам оқиды.

Кәсіптік лицейлерде оқыту 59 жұмысшы мамандығы бойынша жүргізіледі, оның ішінде 10 мамандық бойынша оқыту мемлекеттік тілде оқытылады (хатшы-референт, шаштараз, газ-электр дәнекерлеуші, электромонтер, бухгалтер, тігінші, электронды-есептеу және есептеу машиналарының операторы, ауылшаруашылық өнімдерінің шебері, модельер).

2007 жылы кәсіптік мектептер мен лицейлерді бітірушілер 2,6 мың адамды құрады, түлектердің 97,3 пайызы жұмысқа орналастырылған.

Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру үшін барлық кәсіптік мектепте (лицейлерде) 1355 орындық 15 асхана сақталған және жұмыс істейді.

Облыстың 10 кәсіптік мектебінде (лицейінде) 1017 орынға жатақхана бар.

2007 жылы 92 компьютер сатып алынған, барлық мектептер (лицейлер) компьютерлік техникамен жабдықталған. Кәсіптік мектептерде (лицейлерде) 17 информатика кабинеті бар, оларда 388 компьютер орнатылған.

Орта білімнен кейінгі білім беру. Орта білімнен кейінгі білім беру аясында білім беру қызметін 28 колледж, оның ішінде 19 мемлекеттік және 9 мемлекеттік емес колледждер жүзеге асырады.

Колледждерде оқитын оқушылардың контингенті 23,9 мың адамды құраған, немесе өткен жылға қарағанда 1,7 мың адамға артық (7,8 пайыз). Мемлекеттік колледждерде оқитын студенттердің саны 14,3 мың, немесе өткен жылға қарағанда 0,5 мың адамға артық, мемлекеттік емес колледждерде – 9,6 мың адам оқиды, немесе өткен 2006 жылға қарағанда 1,2 мың адамға артық.

2007 жылы колледждерге оқушыларды жалпы қабылдау 9,3 мың адамды құрады, оның ішінде – 7,1 мың адам күндізгі оқу түріне, ал 2,2 мың адам сырттай оқу түріне қабылданған.

Облыс бойынша республикалық бюджетті есепке алғанда мемлекеттік тапсырыс 1962 адамды (қабылданған оқушылардың жалпы санының 21,1 пайызы), оның ішінде облыстық бюджеттен – 1912 адам, республикалық бюджеттен - 50 адамды құрады.

2007 жылы облыс колледждерін 5,6 мың маман бітіріп шыққан, түлектердің 94 пайызы жұмысқа орналасқан.

Облыс колледждері толықтай компьютерлік техникамен жабдықталған, 2007 жылы 57 компьютер сатып алынған.

Облыстың 9 колледжінде 1533 орынның жалпы санымен жатақхана бар, бұл 2006 жылға қарағанда 1 жатақхана мен 280 орынға артық.

Жоғары білім беру . 2007-2008 оқу жылының басында облыс аумағында 6 азаматтық, оның ішінде 4 – мемлекеттік жоғары оқу орындары қызмет істеді. Одан басқа, жоғары оқу орнының 2 филиалы және Қазақтстан Республикасы Әділет Министрілігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы бар.

Азаматтық мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында 20 мың студент оқиды, мемлекеттік емес жоғарғы оқу орындарында – 12,6 мың студент білім алуда. Жоғары оқу орнының филиалында – 3,7 мың және Академияда – 1,3 мың адам.

2007-2008 оқу жылының басында 8,9 мың адам, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша – 1,2 мың адам қабылданған. 2007 жылы мамандар шығару 9,3 мың адамды құрады (алдыңғы оқу жылынан 544 адамға көп), магистрлер – 30 адам.

Облыстың жоғары оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу дамыған. 2007-2008 оқу жылының басында магистратурада 168 студент оқыды (алдыңғы оқу жылынан 64 адамға көп), 96 оның ішінде бюджет қаражаты есебінен – 28 адам адам қабылданды (19 адамға көп).

Жоғары білім алғысы келген оқушыларды қолдау мақсатында белгілі бір жұмыстар жүргізілді. 120 студентке оқуға кететін шығынды жабу үшін облыстық бюджет қаражатынан әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде 60 студент Қостанай педагогикалық институтында және 60 студент Астана және Қарағанды қалаларының академиясында оқиды.

Аудандық және қалалықбюджеттердің қаражаты есебінен оқуға кеткен шығынды жабу үшін 201 адам еңбек рыногында керек мамандық бойынша әлеуметтік көмек алды, шаруашылық субъектісі есебінен – 102 адамкөмек алды.

2008 жылды бағалау.2008-2009 оқу жылының басында мектепке дейінгі балалар ұйымдарының желісі 5 бірлікке көбейіп, 96-ға жетті.

Мектепке дейінгі ұйымдар санының өсуі Рудный қаласында, Алтынсарин ауданы Обаған аулында, Аманкелді ауданы Аманкелді аулында, Сарыкөл ауданы Комсомолец аулында және Әулиекөл ауданы Новонежин аулында, Федоров ауданы Шаңдақ ауылында бала бақшалар ашу есебінен артқан, Қостанай ауданында дербес шағын орталық таратылып, жалпы білім беретін мектеп жанындағы шағын орталық болған және Қостанай қаласында бір мемлекеттік емес шағын орталық жабылды. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының және шағын орталықтардың контингенті 0,2 мың адамға азайды және 30,1 мың баланы құрады.

Облыста мектепке дейінгі білім берудегі кемшіліктердің орнын жабатын және халықтың мектепке дейінгі білім беру қызметтерін қол жетімдігін қамтамасыз ететін шағын орталықтардың желісін дамыту жанданып келеді және олардың саны 516 бірлікті құрады.

Мектептер саны 25 бірлікке азайды. «Ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға арналған № 1 Рудный мектеп-интернаты» ММ «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Рудный балалар үйі» ММ болып қайтадан құрылған, Қостанай қаласының «№ 28 орта мектебі»ММ «№ 16 кәсіптік лицей» ММ болып қайтадан құрылған. Арқалық қаласындағы орта техникалық мектеп пен Рудный қаласындағы № 6 орта мектеп жабылған, Қостанай қаласындағы № 3 мектеп-балабақша ясли-балабақша болып қайта құрылса, оқушылар контингентінің азаюы немесе болмауына, мемлекеттік нормативті желілерге сәйкес келмеуіне байланысты 20 ауылдық бастауыш мектеп жабылды. Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің контингенті 5,4 мың оқушыға кеміп, 114,6 адамды құрады.

«№ 16 кәсіптік лицей» ММ ашылуына байланысты кәсіптік мектептердің (лицейлердің) желісі 1 бірлікке көбейді және 16 бірлікті құрады. 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы кәсіптік мектептерде (лицейлерде) оқитын оқушылардың контингенті 0,7 мың адамға көбейген және 8,4 мың оқушыны құрады.

Кәсіптік мектепте (лицейлерде) оқыту 59 жұмысшы мамандығы бойынша, колледжде – 83 мамандық бойынша күндізгі және сырттай оқу түрінде жүргізіледі.

Колледждерде оқитын студенттердің саны 0,1 мың адамға артқан және 24 мың адамды құрады, оның ішінде мемлекеттік – 14,9 мың адам және мемлекеттік емес колледждерде – 9,1 мың адам оқиды.

2008/2009 оқу жылы басында жоғары оқу орны желісі 1 бірлікке кеміді, Қостанай қаласында Қазақстан-Ресей университетінің филиалы қашықтықтан оқыту орталығы болып қайта ұйымдастырылды.

Мемлекеттік (азаматтық) оқу орындарындағы студенттер контингенті 19,6 мың адамды құрады, немесе алдыңғы оқу жылынан 0,4 мың адамға кем, мемлекеттік емес жоғары оқу орнында – 8,4 мың адам, немесе 2007/2008 оқу жылынан 4,2 мың студентке кем. Студенттер контингентінің азаюы студенттердің көптеп шығарылуына, студенттерді қабылдаудың азаюына байланысты болды, мектепте оқитын 11 сынып оқушылары азайды.

Экономика салаларына білікті кадрлар қажеттілігіне және білімнің 3 деңгейлі жүйесіне (бакалавриат, магистратура және философия докторы) көшуіне байланысты магистратураға түсушілердің саны 27 адамға көбейіп, 55 адамды құрады.

1.2.6. Денсаулық сақтау

2007 жылы облыстағы денсаулық сақтау желісі 181 дербес амбулаторлық-емханалық ұйымдардан құрылды, соның ішінде 155 мемлекеттік және 26 жекеменшік.

Мемлекеттік амбулаторлық-емханалық ұйымдарға 143 дәрігерлік амбуллатория (ауылдарда орналасқан ), 8 емхана, БМСКК орталығы, дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері және Қостанай мен Арқалық қалаларындағы ЖҚТБ-мен күресу және оның алдын-алу жөніндегі екі орталық кіреді.

Жекеменшік амбулаторлық - емханалық ұйымдардың санына 17 дәрігерлік амбулатория мен 9 емхана кіреді.

2007 жылы 49 мемлекеттік және 8 мемлекеттік емес ауруханалар жұмыс жасады.

2007 жылы тұрғындарға (жекеменшік құрамдарды қоса алғанда) 2207 дәрігер (соның ішінде 1941- мемлекеттік денсаулық сақтау департаменті жүйесінен), 6846 орта буынды медициналық қызметкер (соның ішінде 6272 - мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінен ) медициналық көмек көрсетті.

Облыстағы емдеу ұйымдарында 502 дәрігер, соның ішінде селода - 171 дәрігер жетіспейді. Біріншіден бұл терапевтер, хирургтар, педиатрлар, акушер-гинекологтар мен анестезиологтар. 2007 жылы облысқа медициналық академиялардың 23 түлегі, соның ішінде селоға - 13 адам келді.

2008 жылғы қаңтарға қарағанда облыстың бүкіл ауылдық дәрігерлік амбулаториялары, фельдшерлік-акушерлік, фельдшерлік пунктеріқайта ұйымдастырылды. Бұлардың базасында құрылғандар: 1 БМСКК орталығы, 143 дәрігерлік амбулаториялар, 408 медициналық пункттер.

2007 жылы мемлекеттік ЕПҰ керуерттік қоры 20 керуертке ұлғайып, 6714 керуертті құрады.

10 мың тұрғынның кереуетпен қамтамасыз етілуі 74,6-ны (2006 жылы - 73,9) құрады.

Нәрестелер өлім-жітімі 1000 туған тірі балаға шаққанда 2007 жылы 14,14-і құрады және 2006 жылмен салыстырғанда 22,4 пайызға (2006 жылы-11,55) көбейді. 2007 жылы 100 мың тірі туған балаға шаққанда аналардың өлім-жітімі 2006 жылғымен салыстырғанда өзгере қоймады және 26,0 (2006 жылы – 25,9) құрады.

2006 жылмен салыстырғанда 100 мың тұрғынның туберкулёзбен ауруы 1,1 пайызға төмендеп, 148,8-ді ( 2006 жыл - 150,4 ) құрады.

2007 жылы ВИЧ – инфекциясы бойынша 86,5 мың адам тексерілді, бұл 2006 жылға қарағанда(66,5 мың адам) 30,1 пайызға жоғары.

Облыстық медициналық ұйымдардың және халықтың дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуін 2007 жылы 504 дәріханалық ұйым жүзеге асырды.

Тегін және жеңілдік бойынша дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін 2007 жылы 839,0 млн. теңгеге келісімшарт жасалды, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 32 пайызға өсті.

Облыстық емдеу-профилактикалық мекемелеріне 1,5 млрд. теңге сомасына 40 бірлік санитарлық автокөлік, медициналық құрал-жабдықтар мен медициналық қолданыстағы бұйымдар сатып алынды, 30 БМСКК телефондандырылды.

Осының нәтижесінде дәрігерлік амбулаториялардың автокөлікпен жарақтандырылуы 93 пайызды, медициналық пункттердің жарақтандырылуы - 16,4 пайызды құрады.

Аудандық орталық ауруханалардың медициналық құрал-жабдықпен қамтамасыз етуі 48,9 пайызды, дәрігерлік амбулаториялар - 81,1 пайызды, медициналық пункттер - 72,9 пайызды құрады.

Дәрігерлік амбулаторияларды телефонмен жабдықтау 96,5 пайыз, медициналық пункттерді - 90,2 пайызды құрайды.

2007 жылы облысымыздың 48 денсаулық сақтау ұйымдарында күрделі жөндеуге 571 млн. теңге, облыстық 266 денсаулық сақтау ұйымдарын ағымды жөндеуіне - 231 млн. теңге бөлінді.

2007 жылы аймақтық балалар ауруханасының қайта жаңартылуы аяқталды. Осы іс-шараларды атқару үшін республикалық қаржы есебінен нысаналы трансферттер бөлінді.

2008 жылға баға беру. 2008 жылыреспубликалық бюджет қаражаты есебінен Қостанай ауданының Затобол кентінде 100 кереуеттік туберкулез ауруханасының құрылысы жалғасады.

Токсикоман мен нашақорлықтан, маскүнемдіктен зардап шегушілерге 180 кереуеттік мәжбүрлі емделу орталығында жөндеу жүргізілуде.

650 млн. теңге сомасына облыстық 8 емдеу-профилактикалық ұйымдарының күрделі жөндеуі жұмысына жүргізіледі.

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін кеңейту есебінен алдын-алу, сауықтыру іс-шараларының көлемі ұлғаяды, сырқаттарды диспансеризациялаудың сапасы мен тиімділігі арттырылады, уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздығымен аурушандық деңгейі тұрақтанады.

1.2.7. Халыққа әлеуметтік көмек көрсету

Кедейлікті төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізу кедейлік деңгейін азайту, тұрмыстық деңгейді, халықты жұмыспен қамтуды көтеруге қол жеткізді. Кедейлік деңгейі 2006 жылға қарағанда 2,0 пайыздан 1,5 пайызға дейін азайды. 2007 жылдың аяғына аз қамтылған азаматтардың саны 13,1 мың адам құрап, өткен жылға қарағанда 25,9 пайызға азайды (2007 жылы орта жылдық есептеу - 14,6 мың адам).

2007 жылы аз қамтылғандардың ішінен 1611 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 216 адам - әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты.

Жұмыссыздарды әлеметтік қолдаудың тиімді түрі қоғамдық жұмыстар болып табылады. Ақылы қоғамдық жұмыстарға аз қамтылған 1631 азамат қатысты.

2007 жылы есепте тұрған 687 отбасына 7 млн. теңге сомасына жеке қосалқы шаруашылықты ұйымдастыруға көмек көрсетілді, 259 отбасына бақша салуға және саяжайға жер учаскелері бөлінді.

12,8 мың аз қамтылған азаматтарға (ай сайын орташа – 7,7 мың азамат) 138,2 мың теңге сомасына мемелекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді. 2006 жылмен салыстырғанда алушылардың саны 4,7 мың адамға азайды.

20,6 мың адамға 268,4 млн. теңге жалпы сомасына тұрғын үй көмегі төленді, оның ішінде 42,8 млн. теңге сомасында 4,2 мың аз қамтылған азаматқа бөлінді. 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда тұрғын үй көмегінің орта мөлшері 75 пайызға өсіп 3315 теңге құрастырады, тұрғын үй көмегін алушылардың саны 5308 адамға көбейді. Жоғарыда көрсетілген өсімдер шектеулі рұқсат шығындар үлесінің 25 пайыздан 15 пайызға төмендеуімен байланысты, екінші жарты жылдықта коммуналды қызметтер тарифтерінің өсуі күтілуде.

18 жасқа дейінгі 42,7 мың балаға 411,6 млн. теңге сомасында көмек көрсетілді.

7,1 мың адам 12,4 млн. теңгеге әр түрлі қайырымдылық көмегін алды.

5,5мың адам 20,9 млн. теңге сомасына тегін тамақтанды.

«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ Қостанай филиалы 834 азаматқа жеке қосалқы шаруашылығына мал сатып алу үшін жалпы 147,7 млн. сомасына шағын несие берді, оның ішінде 26 аз қамтылған азаматқа3,6 млн. теңге бөлінді.

Облыста тұратын 20,6 мың мүгедекті оңалту бойынша жұмыс үш бағытта жүргізіледі: әлеуметтік, кәсіби (еңбектік) және медициналық. 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы мүгедектердің саны 21139 адамнан 20570 адамға дейін азайды.

Протездеу мен ортопедиалық аяқ-киіммен, ортопедиялық аппараттар, корсеттер мен өзге де протездік-ортопедиялық бұйымдармен 481 мүгедек қамтамасыз етілді, немесе 2006 жылмен салыстырғанда 7 адамға кем.

2007 жылы мүгедектерге 518 сурдоқұралдар, 250 кресло-арба сатып алынды, көзі нашар көретіндерге 335 тифлоқұралдар сатып алынды.

Мүгедектердің әлеуметтік нысандағы объектілерге кіруін жеңілдету үшін 754 бірлік пандус салынды, бұл пандустардың қажетті санының 91 пайызын құрайды, қырықтан астам кіреберіс жолы салынды.

2007 жылы мүгедектерді оңалту жөніндегі жұмыстар арнайы орталықтарда жалғастырылады. Екі оңалту орталығында 1300 мүгедек медициналық оңалтудан өтті.

2007 жылы 162 мүгедекке жеке көмекшінің қызметі көрсетілді, 264 мылқау мүгедекке 14 ымдау тілі мамандары қызмет көрсетті, 611 мүгедекке гигиеналық құралдар берілді.

Облыста қарттар мен мүгедектерге медициналық - әлеуметтік көмек көрсету үшін 10 интернат үйі жұмыс атқарады, онда 1453 мүгедек пен қарт азамат тұрады, үйде әлеуметтік көмек көрсетудің 20 бөлімшесі 2167 қарт пен мүгедекке қызмет көрсетеді, 3 әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі мүмкіндігі шектеулі 675 балаға қызмет көрсетеді.

2008 жылғы баға.2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда халықты жұмыспен қамту және кедейлікті төмендету іс-шараларын іске асыру арқасында аз қамтылған азаматтар саны 0,8 мың адамға азайып, 13,8 мың адамды құрады.

Тифлотехникалық құралдар тізбесін кеңейту ,санаторлық-курорттық емделуге, жеке көмекші, ымдау тілі мамандарының қызмет көрсетуіне және гигиеналық құралдарды сатып алуға қаржыландыруды көбейту жоспарланып отыр.

2008 жылы қыркүйек айында Қостанай қаласында жаңа облыстық оңалту орталығы ашылды, ол оңалту шаралар кешенін жүзеге асыруға мүмкіндік берді. 2008 жылдың аяғында 252 орынды Рудный психоневрологиялық интернаты ашылады.

1.2. 8 . Мәдениет және спорт

Мәдениет. 2007 жылы 693 мәдениет объектісі (606 – мемлекеттік), оның ішінде 393 кітапхана (381 - мемлекеттік), 278 клуб (207 – мемлекеттік), 10 мұражай, 3 кинотеатр (2 – мемлекеттік), филармония, 3 театр, кино бейнепрокат, 4 мәдениет және демалу паркі (1 – мемлекеттік) жұмыс істеді.

2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда мәдениет ұйымдарының саны 23 бірлікке өсті: 6 кітапхана және 18 клуб қалпына келтірілді, жекеменшікті объект - «Қостанай» кинотеатры жабылды.

13 клуб және 7 кітапхананың ашылуы, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен 8 клуб пен 3 кітапхананың ауысуы есебінен мемлекеттік мәдениет жүйесі 31 бірлікке өсті.

7 мемлекеттік ауылдық кітапхананың ашылуы және Қостанай ауданында ауылшаруашылық ұйымы жанынан 1 кітапхана жабылуы есебінен кітапхана жүйесі 6 бірлікке өсті, мемлекеттік жүйе – 10 бірлікке (3 кітапхана жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен ауысты). 2007 жылы кітап қорын толықтыру үшін 154,2 мың дана кітап түсті, бұл алдыңғы жылғыдан 51 мың данаға көп.

2007 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда мәдениет-демалыс ұйымдары 18 бірлікке өсті, 13 мемлекеттік клуб және ауылшаруашылық ұйымдарында 5 клуб ашылды. Оларға 2198,3 мың адам қатысқан (334,5 мың адамға 2006 жылдан көп) 17,7 мың іс-шаралар өткізілді.

Облыс мұражайы 2393 экскурсия, 379 дәріс, 369 көрмелер өткізілген, онда 192,1 мың адам қатысты.

Облыстың 3 театры 730 спектакль қойды (оның ішінде 15 жаңа қойылым), оны көруге 112,3 мың көрермен келді, бұл алдыңғы жылдан 6,6 мың адамға көп.

Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония 290 концерт қойды (оның ішінде 35 - қайырымдылық), олардан 7,3 млн. теңге пайда түсті.

Облыс кино мекемелері 8 мың киносеанстар қойылған (2006 жылдан 47 бірлікке кем), оларды 291,8 мың адам тамашалады (2006 жылдан 11,8 мың адамға кем).

Облыстың 180-нен астам орындаушылары және 9 көркемөнерпаз ұжымы халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдарда жақсы нәтиже көрсетті.

Жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мәдениет ұйымдары көрсеткен ақылы қызмет көлемі 2007 жылы 61,6 млн. теңгені құрады.

Облыстың телехабар мемлекеттік тапсырысының орташа тәуліктік көлемі 2007 жылы 0,27 сағатты (2006 жылдан 0,02 сағатқа көп), радиохабар – 0,31 сағатты (0,12 сағатқа көп) құрады.

2006-2007 жылдары облыстың мұрағаттық қызметі мемлекеттік, жеке меншікті мекемелер мен ұйымдардың 43 мың істерін қабылданды, оның ішінде 41,2 мың бірлік тізімделді. 20 суретқұжатты көрме дайындалды, 119 статья жарияланды, 45 мектеп сабағы өткізілді, 59 экскурсия, жеке текті және облыстың мемлекеттік архив қорынан жолкөрсеткіштер, анықтама және құжат жинағы дайындалып және шығарылды, 63,6 мың сұрау салу істелді, 56 мың сақтау бірлігі тігілді.

2008 жылды бағалау.2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда мәдениет ұйымдарының саны 15 бірлікке өсті (4 кітапхана және 11 клуб). Мәдениет мекемелерінің мемлекеттік жүйесі 27 бірлікке өсті (12 бірлік ауылшаруашылық ұйымдарынан ауысты).

Мемлекеттік кітапхана жүйесі 13 бірлікке өсті, Арқалық қаласында 2 кітапхана, Қостанай қаласында және Алтынсарин ауданында бір-бір кітапханадан ашылды, Қарабалық ауданында ауылшаруашылық ұйымдарынан 9 кітапхана ауысты.

Мемлекеттік мәдениет-демалыс ұйымдарының саны Қарабалық ауданында 3 клуб, Сарыкөл ауданында 2 клуб, Арқалық және Рудный қаласында, Алтынсарин, Әулиекөл, Қарасу, Қамысты ауданында 1 клубтан ашылуы есебінен 14 бірлікке өсті. Ауылшаруашылық кәсіпорындарынан 3 клуб ауысты: Арқалық қаласында 2 клуб және Мендіқара ауданында 1 ашылды.

Жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мәдениет ұйымдары көрсеткен ақылы қызмет көлемі 63,9 млн. теңгені құрайды (2007 жылғыдан 2,3 млн. теңгеге артық).

2008 жылы шығарылған телебағдарлама және репортаж көлемі 95 сағатты, немесе орташа тәулік көлемі – 0,28 сағатты құрайды (2007 жылдан 0,01 сағатқа көп). Радиохабар көлемі 2008 жылдың ақпанынан желтоқсанына дейін эфирге көлемі 84 сағаттық 625 радиохабардың шығуын жобалайды, немесе орташа тәулік көлемі – 0,23 сағатты құрайды.

Спорт. 2007 жылы спорт құрылымдарының саны 15 бірлікке артты және жалпы саны 2082-ні құрады.

2007 жылы Алтынсарин ауданында «Сосновый бор» дене шынықтыру-сауықтыру комплексі, Арқалық қаласы Фрунзе ауылдық округі Фрунзе ауылында және Қостанай қаласында екі спорт залы салынды.

Спорт құрылымдарын қалпына келтіру барысында жұмыстар жүргізілді: Қамысты ауданы Қамысты селосында денешынықтыру-сауықтыру кешені, Лисаковск қаласы Октябрь ауылында спорт кешені, Жітіқара қаласында жабық бассейн және Әулиекөл ауданының Аманқарағайкентінде, Меңдіқара ауданының Боровское ауылында, Таран ауданының Тобыл станциясында, Лисаковск қаласының Октябрь ауылында спорт залдары қалпына келтірілді.

Қамысты және Қарабалық аудандарының ауылдарында, Қарасу ауданының ауылдарында – 3, Таран ауданының ауылдарында - 2, Арқалық қаласы Фурманов ауылы және Қостанай қаласында спорт алаңдары жасанды жабумен жабдықталды.

2008 жылдың 1 қаңтарына облыс аумағында 2 спорт сарайы, 16 жүзу бассейні, 14 спорт кешені, 32 спорт құрылымы, 617 спорт залы, 98 ату тирі, 21 шаңғы базасы, 23 теннис корты, 1025 жазықтық құрылымдар, 35 хоккей корты, 159 кіріктірілген спорт залдар, 46 әртүрлі құрылымдар бар. Осы құрылымдардың өткізу қабілеті 45,6 мың адамды құрады, немесе облыс халқының 5,1 пайызын құрайды.

2007 жылы 1294 спорт ұжымдары жұмыс істеді, бұл 2006 жылға қарағанда 97,7 пайызды құрады, сол ұжымдарда 211,0 мың адам спортпен шұғылданды (2006 жылға 99,2 пайыз).

Қалалар мен аудандарда салауатты өмір салтын үгіттейтін 2,5 мың іс-шаралар өткізілді, бұл 2006 жылға қарағанда 13,6 пайыз артық, оның ішінде ауылдық жерде – 1,7 мың немесе 54,5 пайыз артық іс-шара өткізілді.

Олимпиадалық резервті дайындау жұмыстарын жасөспірім балалар спорт мектептері мен олимпиадалық резервті даярлау орталығы жүргізеді. 2007 жылы 27 жасөспірім балалар спорт мектептерінің саны 27-ні құрады жзәне 2006 жылмен салыстырғанда «Облыстық жасөспірім балалар футбол мектебінің» ашылуына байланысты 1 бірлікке ұлғайды. Жасөспірім балалар спорт мектептерінде 14,7 бала спортпен шұғылданды (2006 жылға қарағанда 105,2 пайыз), бұл жалпы білім беретеін мектеп оқушыларының 12,2 пайызын (2006 жылы – 11,1 пайыз) құрды.

Жасөспірім балалар спорт мектептері оқушыларының сабағын 456 жаттықтырушы мұғалім (2006 жылға қарағанда 102,7 пайыз), оның ішінде 270 штаттық жаттықтырушы мұғалім (105,4 пайыз) жүргізеді.

Спорт ұйымдары 2007 жылы 1 разрядты - 308 спортшы (2006 жылға – 107,7 пайыз), спорт шеберіне үміткер – 213 адам (115,8 пайыз), 42 спорт шеберін (107,7 пайыз), 6 халықаралық кластағы спорт шеберін (85,7 пайыз) дайындады.

2007 жылы Қазақстан чемпионаттары мен біріншіліктеріне 1396 спортшы (2006 жылға – 106,4 пайыз), соның ішінде спорттың күштік түрлерінен - 739 спортшы қатысты. Барлық қатысушылардың 464-і (2006 жылға қарағанда– 113,3 пайыз) жүлделі орындарды иемденді.

Қазақстан Республикасының құрамаларына 217 спортшы кірді, немесе 2006 жылға қарағанда 103,3 пайыз артық.

Облыста 13 мың адам (2006 жылмен салыстырғанда 114,2 пайыз) айналысатын 121 жасөспірім балалар спорт клубтарының жұмысы ұйымдастырылды (3 клубқа ірілендіруге байланысты 2006 жылғыға қарағанда олардың саны аз) Барлық клубтың 8-і кәсіптік болып табылады, онда 537 адам шұғылданады. Денешынықтыру қауымдастығы әртүрлі спорт түрлерінен 33 қоғамдық құрылымдар құрды.

2008 жылды бағалау.2007 жылмен салыстырғандаЛисаков қаласында спорт кешенін, Жанкелді ауданындағы Ақкөл аулында мектеп спорт залын және 6 жазықтық құрылымдарын салу жұмыстарының аяқталуы есебінен 2008 жылы спорт құрылымдарының саны 8 бірлікке артты. Спорт құрылымдарының саны 2090 бірлікті құрады.

Облыс аумағында 280,0 мың адам қатысқан 2,5 мың спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді. ІІ шаңғы Фестивалі, «Тың - 2008» ХХІІІ Спартакиадасы, Қостанай облысының жасөспірім балалар спорт мектептерінің ІІ кіші Олимпиадалық ойындары сияқты кешенді спорттық іс-шаралар өткізілді.

Қазақстан Республикасының спорт ардагерлерінің ІІ Стартакиадасына, әр спорт түрлерінен Республика чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысуға облыс құрамаларын және 2008 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға лицензия алу үшін халықаралық жарыстарға алдыңғы қатардағы спортшыларды дайындау қамтамасыз етілді.

«Тобыл» футбол командасы Қазақстан Республикасының чемпионаты суперлигасына және Қазақстан мен УЕФА Кубогы ұтысына қатысты. «Тобыл» баскетбол командасы Республика Кубогы ойынына және ұлттық лига чемпионатына қатысты.

1.2.9. Табиғатты пайдалану және тұрақты дамыту экологиясы

Экологиялық жағдай тұрақты болып қалуда, апатты жағдайлар байқалған жоқ.

2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста қаржы-шаруашылығы қызметімен айналысатын 16,5 мың жеке және заңды тұлға тіркелген, соның нәтижесінде қоршаған табиғи ортаның ластануы пайда болады. Оның ішінде табиғатты пайдалануға рұқсатты 11,5 мың адам ресімдеп жүр. 2007 жылы қоршаған ортаны ластау үшін түсімдер сомасы 1338,3 млн.теңгені құрады, тау-кен өндіру саласының кәсіпорындары қоршаған ортаны ластаудың негізгі көздері болып табылады.

Облыста «Қостанай облысының 2008 - 2010 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» өңірлік бағдарламасы әзірленіп, іске асырылуда. Бағдарламаның мақсаты қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру үшін жағдай жасау болып табылады.

Бағдарламаны іске асыруға барлық кезеңге 4564,0 млн.теңге жоспарланған. 2008 жылға дейінгі мерзімге 1379,1 млн.теңге бөлінген.

2007 жылы жергілікті бюджеттен бағдарламаны іске асыруға 1200,2 млн.теңге қарастырылған, оның ішінде: су қорларын қорғау және тиімді пайдалануға – 11,2 млн.теңге, флора мен фаунаны қорғауға – 859,5 млн.теңге, өндіру және тұтыну қалдықтарын пайдалануға және радиациялық қауіпсіздігіне – 328,6 млн.теңге. 1199,3 млн.теңге немесе 99,9 % игерілді.

Бюджеттік мекемелер мен кәсіпорындардың құрамында сынап бар жарық шамдарды димеркуризациялау (32350 бірлік), бюджеттік мекемелер мен кәсіпорындардың пайдалануға жатпайтын зиянды сәуле шашатын иондалған көздерін жинау және шығару (220 бірлік) жөніндегі жұмыстар орындалды, жер бедеріне және жағаны ағын сумен апат болдырмау мақсатында Жангелді ауданындағы «Орысөлген» және Жітіқара ауданындағы Шевченков селосындағы Двуреченский бөгеті қалпына келтірілді.

Алтынсарин ауданындағы Обаған селосында, Ұзынкөл ауданындағы Ұзынкөл селосында, Федоров ауданындағы Федоров поселкісінде және Лисаков қаласында барлығы 17,9 га көлемінде ҚТҚ полигондары экологиялық талаптарға сәйкес келтірілген.

Орманды қалпына келтіру және орман өсіру (оның ішінде орман өртінен кейінгі оңалту), жануарлар әлемін қорғау, санитарияны қамтамасыз ету, елді мекендерді көркейту және көгалдандыру жөніндегі іс-шаралар жүргізілді.

Қостанай қаласының Қостанай-2 тұрғын ауданының құрылыс инженерлік қатынастырының жобалық-сметалық және іздеу жұмыстары республика трансферттері есебінен орындалды (70,8 млн.теңге).

Атмосфералық ауаның жағдайы. Қостанай облысының әуе алабының жағдайы бойынша өткен жылдармен салыстырғанда атмосфералық ауаның сапасы кәсіпорындардан шығарындылар көлемі көбеюіне байланысты нашарлай түсті.

2007 жылдың ішінде атмосфераға ластаушы заттардың жалпы өнеркәсіптік шығарындылар көлемі 165,3 мың тоннаны құрады, ол 2006 жылмен салыстырғанда 34,4 мың тоннаға артық. Ол облыс кәсіпорындары өндірістік қуаттылығының өсуіне, сондай-ақ жаңа кен орындарының игерілуін, ауылдық жерлерде әлеуметтік саланы дамытатын аудандық орталықтырдың тұрғын үй аймақтарында стационарлық көздері санының көбеюіне байланысты. Сонымен қатар, жылыту маусымында облыс халқының шығарындысы көбейтіледі.

Автокөлік облыс бойынша атмосфераны ластаудың негізгі көзі болып табылады, 2007 жылдың ішінде шығарынды үлесі бастапқы есеп құжаттамасы бойынша жылына 226,3 мың тоннаны құрады немесе шығарындылар жалпы көлемінің 57,8 % (391,6 мың тонна), ол 2006 жылмен салыстырғанда 66,6 мың тоннаға артық.

Автокөліктен жер қабатындағы атмосфералық ауаның сапалы параметрлерінің нашарлануы біріншіден көлік бірліктерінің көбеюіне байланысты. Осылайша, Қостанай облысының статистикалық есептік ақпараты бойынша 2007 жылы ресми тіркелген көлік саны 166821 бірлікті құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 33 556 бірлікке артық.

2007 жылы тау-кен өндіру кәсіпорындарында шығарындылар көбейтіледі:

«Варваринское» АҚ – кәсіпорындар объектілерінде тау жұмыстарын шұғыл жүргізу, ол атмосфералық ауаға шығарындыны жылына 138 тоннаға көбейтті;

«Тохтаровка» ЖШС - көліктік коммуникацияларды дайындау және кен орнын геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Соның нәтижесінде 2007 жылы атмосфералық ауада 43,5 тоннаға дейін шығарындылар өскен, ол 2006 жылмен салыстырғанда 32,6 тоннаға артық.

«Өркен» ЖШС - концентратты фосфорлау цехы ашылып, іске қосылуына байланысты нәтижесінде атмосфералық ауада 1100 тоннаға дейін шығарындылар өскен.

Жер қорларының жағдайы. Облыста ластау нәтижесінде айналымнан шығарылған 20 мың гектардан астам жер бар. Статистикалық мәліметтер бойынша қазылып бұзылған жерлер көлемі 2300 гектарды құрайды. Қазылып бұзылған жерлер шаруашылық қызмет ету барысында кәсіпорындар қалпына келітіреді.

Облыс бойынша қазылып бұзылған жерлер көлемін қалпына келтіру әрдайым өсуде: 2005 жылы – 291 гектарды, 2006 жылы – 296 гектарды, 2007 жылы - 314 гектарды құрды.

Қалдықтарды жинау көлемін нақтылау мақсатында облыста жыл сайын ҚТҚ полигондар-үйінділерге және бұзылған жерлерге түгендеу жүргізіледі.

Елді мекендерді жиналған қалдықтар мен ұйымдастырылмаған үйінділерден санитарлық тазарту, сондай-ақ ҚТҚ полигондары мен үйінділерді санитарлық-экологиялық талаптарға сәйкес келтіру жөніндегі көктемгі және күзгі айлықтар жүргізілген. 2007 жылы ұйымдастырылмаған қалдықтардың 1600 үйіндісі жойылған, ол 2006 жылмен салыстырғанда 2 есе артық.

Өндіріс қалдықтары мен тұрмыстық қалдықтар .Қостанай облысының ҚТҚ полигондар-үйінділерінде қатты тұрмыстық қалдықтардың жалпы саны 5320,0 мың тоннаны құрады. Қатты тұрмыстық қалдықтардың орналасқан көлемі – 2065 гектар.

Облыста ҚТҚ ұйымдастырылған полигон-үйінділер саны 728 құрады. 500 жуық ҚТҚ полигондар-үйінділері санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес келтірілді.

Оларды нақты заңды тұлғаға бекітіп беру жөніндегі жұмыс жүргізіліп жатыр, соның нәтижесінде қалдықтарды жинауға арналған көлемдер азаяды, үйінділер жанындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының ластануы азаяды, жақын тұрған елді мекендердің экологиялық жағдайы жақсарады.

Облыс аумағында қатты қалдықтардың негізгі үлесі өнеркәсіп қалдықтарына жатады, оларға тау кәсіпорындары қалдықтары, сондай-ақ күл, қож қалдықтары жатады.

2007 жылы пайда болған өнеркәсіп қалдықтардың жалпы саны 260,0 млн. тоннаны құрады, ол 2006 жылмен салыстырғанда 12,7 млн тоннаға немесе 5,1 пайызға артық. Аршыма тау жыныстар көлемін ұлғайту кеніштердегі кен игеру көлемінің ұлғаюына байланысты.

Облыста жыл сайын пайда болатын қалдықтар екінші қайтара пайдалануы 2 пайыз, дамыған елдерде бұл көрсеткіш 10-50 пайызға дейін жетеді.

«Аллюминий Казахстана» АҚ (КБРУ және ТБРУ) тау жұмыстары барысында пайда болған қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін азайту және олардың жиналуын азайту үшін кәсіпорын карьерлердің қазылған кеңістігіне аршыма тау жыныстарын орнатады. Табиғат қорғау іс-шаралары есебінен КБРУ-да 2007 жылы өнеркәсіп қалдықтары (аршыма тау жыныстары) 7900 мың текше метрге қысқарған. Торғай кен басқармасында (ТБРУ) 2007 жылы карьерлердің қазылған кеңістігіне 2140 мың текше метр бос аршыма тау жыныстары орналастырылды.

Рудный қаласы «ССТӨБ» АҚ-ның шаруашылық қызметінің нәтижесінде (2008 ж. 01.01. дейін) өндірістің орасан зор қалдықтары қалыптасты, аршыма тау жыныстары – 5903,714 млн. тонна, ылғалды магнитті айыру қалдықтары 462640,0 млн. тонна болды.

Құрғақ магнитті айырудың қалдықтарын, ұсақталған тас кесектер мен тастақ жыныстарды көліктік қатынастар құрылысына пайдалану өндірістік қалдықтардың пайда болуын жыл сайын 1600-1800 мың тоннаға азаюын қамтамасыз етті.

«Костанайские минералы» АҚ ұсатылған аршыма тау жыныстары қиыршықтас пен карьердегі темір жолдарына төсенішіті өндіру үшін пайдаланылады - жылына 70-90 мың тонна.

«Өркен» ЖШС Лисаков филиалы жыл сайын өңдеу мен пайдалануға берілетін 100, 0 мың тонна баланстан тыс кен өндіреді.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқарудың өңірлік облыстық ғылыми-негізделген бағдарламасын әзірлеуге 6,0 млн.теңге сомасында қаражат бөлінген. «Қостанай, Рудный қалалары және Қостанай ауданының қалдықтарын кешенді басқарудың жүйесін құру» нысаналы бағдарлама» жобаның іске асырылуын бағдарлама әзірлеуші - «Технологиялар инжинирингі мен трансферт орталығы» АҚ орындайды, Астана қаласы.

Су қорларының жағдайы. Тобыл өзені мен оның салалары Қостанай облысының тұрғындарын сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылады.

Қалалардың, шаруа қожалықтардың, бақша қоғамдарының шаруашылық-ауыз су мұқтаждықтарын қанағаттандыру және өнеркәсіптік мақсатқа пайдалану үшін Қостанай облысында 7 су қоймасы салынып, пайдаланылады, олардың көлемі:

1) Желқуар – 34,0 млн. текше метр;

2) Жоғарғы Шортанды -3,6 млн. текше метр;

3) Жоғарғы Тобыл -816,6 млн. текше метр;

4) Қызыл Жар -9,73 млн. текше метр;

5) Қаратомар – 586,0 млн. текше метр;

6) Сергеев – 5,0 млн. текше метр;

7) Аманкелді – 6,75 млн. текше метр;

Облыс аумағы жердің ылғалдығы жеткіліксіз аймақта орналасқан және сондықтан оның шегіндегі жер үсті су қоры үлкен емес. Жергілікті жер үстіндегі ағынды қар жамылғысының ерген кезінде қалыптасады.

Су сапасының шекаралас мониторингі шеңберінде Тобыл, Шортанды, Желқуар, Обаған өзендері және ауыз су бағытындағы су қоймасы зерттелген. Талдау нәтижесі бойынша шекаралас облыстармен ақпарат алмасу жүргізіледі – Қорған және Челябі. Тобыл өзенінде суды ластау индексі (СЛИ) биогендік элементтер мен оттегі тобы бойынша орташа 0,60 құрады, ол 2 класқа сәйкес – таза су.

Қостанай облысында кәсіпорындардың жер үсті су қоймаларына рұқсат етілмеген 6 төгінді бар.

2007 жылдың ішінде ағын суларды жер үсті су қоймаларына төгу 11477,5 мың текше метр құрады, ол 2006 жылға қарағанда 14 % төмен. 2006 жылмен салыстырсақ, ластау заттар үйінділерінің көлемі 23 мың тоннаға азайды. Ағын көлемінің азайтылуы «Алюминий Казахстана» АҚ Краснооктябрь боксит кен басқармасы (КБРУ) карьерлердің біреуін қазылу себебімен карьерлік сутөкпенің жұмысының бітуіне байланысты.

Экологиялық талаптарды сақтау мен су қорғау іс-шараларын сақтауға қатаң бақылау жүргізіледі. Мысалы суды тиімді пайдалану және үйінді көлемін азайту мақсатында тау кен өндіру кәсіпорындары карьер суларын жұмыс алаңдарында шаңды басу мақсатында суармалау үшін пайдаланады. «ССТӨӨ»АҚ күл, қожды тасымалдау үшін қалдық қоймасының суын қайта пайдаланады.

Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары балансында жататын жергілікті канализациялық тазарту құрылыстары (КТҚ) жұмысының тиімділігі тұрақты бақылануда. Олардың негізгі бөлігі қанағатсыз жағдайда тұр, күрделі жөндеу мен қайта жаңартуды талап етеді. Республикалық трансферттер есебінен Қостанай қаласының Қостанай-2 қысымды канализациялық коллекторы салынды.

1.3. Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру

1.3.1. Өңдеу өнеркәсібінің басымды салаларын дамыту

Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясы шеңберінде 2006-2007 жылдарға 44,2 млрд. теңге сомасына 39 инвестициялық жоба, соның ішінде 2007 жылға -26,6 млрд. теңге сомасына 19 жоба іске асырылды.

Азық-түлік және құрылыс материалдарының өндірісі секілді өндеу өнеркәсібінің салалары осы бағдарламаны іске асырудағы басымды бағыттар болып табылады.

2007 жылы өңдеу өнеркәсібінде барлығы 17 инвестициялық жоба іске асырылды, инвестицияның жалпы сомасы 7,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2006 жылдан 3 есе артық. 637 жұмыс орындары құрылды.

2008 жылы Стратегия шеңберінде 4,2 млрд. теңге құнымен 18 жоба іске асырылды және 479 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Өңдеу өнеркәсібінде мынадай ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы жоспарлануда:

«Пластстандарт» ЖШС – «Полиэтиленді құбырларын шығару», жобаның құны – 572,2 млн.теңге, 120-ға дейін жұмыс орындарын құру жоспарлануда;

«Милх» ЖШС – «Сүт өндіру бойынша зауыт құрылысы», жобаның құны – 1260 млн. теңге, 60 жұмыс орындарын құру жоспарлануда;

«ПТК«Содружество» ЖШС – «Рапс майының өндірісі», жобаның құны – 1142,7 млн. теңге, 55 жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

Сондай-ақ 2008 жылы «ССТӨБ» АҚ «Металдандырылған өнім өндірісі зауытының құрылысы», 108,0 млрд. теңге құнымен (900 млн. АҚШ доллар) инвестициялық жобаны іске асыруға кіріседі, іске асыру мерзімі – 2008-2013 жылдар және «Музбель» ЖШС – Шевченковский кенорнының негізінде құрамында никель бар кенді қайта өндіру бойынша тау-кен қайта өндіру комбинатының құрылысы, 82,3 млрд. теңге құнымен (670 млн. АҚШ доллар), іске асыру мерзімі – 2008-2013 жылдар, олар «Қазақстанның 30 корпоративті көшбасшылар» бағдарламасына енді.

1.3.2. Жоғары үстеме құны бар экспортқа бағытталған өнімді шығару

Қостанай облысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі қаулысымен бекітілген, Жоғары үстеме құны бар жеке меншік өндіріс тауарлар тізіміне енгізілген өнім жоқ.

1.3.3. Технологияларды және инновацияларды дамыту

2007 жылы машина жасау кәсіпорындарымен «Ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендірудің Целинный ғылыми-зерттеу институты» ДГП белсенді ынтымақтастықта болды. Институт жаңа жобаларды пайдалануға негізделген меншікті технологияларын енгізді, ғылыми зерттеулердің нәтижесінде ұсыныстардың бір қатары, көрнекті оқу құралдары шығарылды. Қабылдау және сертификаттық сынақтар өткізу мәселелерінде институт «Агротехмаш» ЖШС, «АгромашХолдинг» ҚФ, «Экспро» ЖШС, «Дормаш» ЖШС және т.б. ауыл шаруашылық техникаларын әзірлеуге және игеруге бағытталатын облыс кәсіпорындарымен ғылыми-практикалық байланысын үзбей отыр. Институт базасында семинарлар және ауыл шарушылық кәсіпорындарының жоғары және орта топтағы мамандарды оқыту өткізіліп тұрады.

Қостанай дизель зауыты өндірісті қалпына келтіру мезгілінен бастап Қостанай инженерлік-экономикалық институтымен ынтымақтастықта келеді.

1.3.4. Инфрақұрылымды, соның ішінде шағын кәсіпкерлікті дамыту

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы қыркүйектегі № 407 Жарлығымен Индустриялық-инновациялық саясат шеңберінде өңірлік даму тиімділігін арттыру мақсатында «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ құрылды және Қостанай қаласында орналастырылды. Қазіргі уақытта «Тобол» ӘКК» ҰК» АҚ облыстың инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру және жер қойнауын пайдалану объектілеріне инвесторларды тарту жөніндегі жұмысын жүргізуде.

Облыста 39 кәсіпкерлер қоғамдық ұйымдары қызмет етуде, соның ішінде: 4 қоғамдық қоры, 32 қоғамдық бірлестігі, Қостанай облыстық сауда-өнеркәсіп палатасы, шағын кәсіпкерлікті қолдаумен айналысатын 1 бизнес-инкубатор және халықаралық ұйым қызмет атқарады.

2007 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілердің меншігіне ақысыз 32 мемлекеттік коммуналдық меншігі тапсырылды, аукционда 43 объект сатылды.

1.3.5. Мемлекеттік даму институттары арқылы іске асырылатын жобалардың тиімділігі. Нәтижелердің бағалары

Мемлекеттік даму институтының қолдауымен «Қазақстан даму банкі» АҚ екі басым жобаны іске асыруда:

1. «Казхимволокно» ЖШС Қостанай қ. АРНИКС өнімінің өндірісі жөніндегі технологиялық кешенді іске қосу және іске асыру (жартылай амид талшығы, талшықты-қабықшалы байланыстыратын комплексті жіп). Жобаның құны - 3036,0 млн. теңге (23 млн. АҚШ доллары).

Қазақстанның даму банкімен жобаны 9,5 млн. АҚШ доллары мөлшерінде қаржыландыру мақұлданды, соның ішінде 6,5 млн. АҚШ доллары игерілді. 2006 жылдың қыркүйек айында зауыт сынақтан өтті. 92 жұмыс орны құрылды. Банк жобасын әрі қарай қаржыландыру мәселесі шешілуде;

2. Қостанай дизель зауытында жинақтау өндірісін дамыту, сондай-ақ «АгромашХолдинг» АҚ меншікті конструкторлық әзірлемелер негізінде техника мен дизелді қозғағыш өндіру.

«Қазақстанның даму банкі» АҚ 20 млн. АҚШ доллары мөлшерінде кредит бөлді, 19,6 млн. АҚШ доллары игерілді. 709 жұмыс орны құрылды.

Шағын бизнестің инвестициялық жобалары «ДАМУ» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ қолдауында іске асырылуда, ол 2007 жылы 652,5 млн. теңге жалпы сомасына 68 жобаны қаржыландырды.

1.4. Қорытындылар

2007 жылы бір жан басына шаққанда жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 624,6 мың теңгені құрады және 2006 жылмен салыстырғанда 45,4 пайызға өсті (2006 жылы – 429,5 мың теңге).

Облыс өнеркәсібінде 2007 жылы өндіріс өсті: агломерирленген кен 4,2 пайызға, құрамында алтын бар кен 40,1 пайызға, темір кенді шекемтастар мен бокситтер 1,1 пайызға, шұжық өнімдері – 25,9, өнделген сүт – 6,3, сары май – 7,1 пайызға, ірімшік пен сүзбе 24,3 пайызға, йогурт – 12,2, ұн 29,0 пайызға, кондитерлік өнімдер – 10,6 пайызға, нан – 2,4 пайызға, макарон - 1,7 есе, сүт және қойытылған қаймақ - 2,6 есе, алкогольсіз сусындар- 2,7 есеге өсті.

2008 жылы өнеркәсіп өнім өндірісінің жоспарланған көлемі 325,7 млрд. теңгені немесе 2007 жылдың деңгейіне 140,3 пайызды құрайды.

2007 жылы облыста ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 188,9 млрд. теңгеге өндіріліп, нақты көлемнің индексі 2006 жылмен салыстырғанда 116,5 пайызды құрады.

2007 жылы астық алқабы 3957,8 мың гектарды құрады, ол 2006 жылғыдан 344,1 мың гектарға артық. Негізгі астық дақылы бидай 3671,8 мың гектар алқапта орналастырылды, ол 2006 жылғыдан 364,7 мың гектар көп.

2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың барлық түрлерінің өсіміне қол жеткізілді: ірі қара мал – 2,7 пайызға (оның ішінде сиыр 3,4 пайызға), қой мен ешкі – 4 пайызға, шошқа - 4,8 пайызға, жылқы – 4,2 пайызға, құс – 9,4 пайызға.

Барлық нысандағы қожалықтар 2007 жылы 230,2 мың тонна ет, 607,4 мың тонна сүт және 383,3 млн. дана жұмыртқа өндірді. 2006 жылмен салыстырғанда ет өндірісінің көлемі - 2,2 пайызға, сүт – 3,7 пайызға, жұмыртқа – 7,6 пайызға өсті.

2008 жылы 2007 жылға қарағанда күтілетін өсім:

астық және дәнді дақылдар алқабының өсімі – 201,3 мың гектарға, оның ішінде бидай – 171,9 мың гектарға, майлы дақылдар – 19,4 мың гектарға, оның ішінде рапс – 12,1 мың гектарға, картоп және көкөністер – 0,2 мың гектарға;

өндіріс көлемінің көбеюі: ет – 1,5 пайызға, сүт – 2,2, жұмыртқа – 2,3 пайызға.

Облыс тұрғындарының орташа айлық нақты ақшалай табысы 2007 жылы 21860 теңгені құрап, 2006 жылмен салыстырғанда (16566 теңге) 32 пайызға өсті.

Жалақы көлемі ақшалай табыстың өсуін маңызды түрде сипаттайды. 2007 жылы шағын кәсіпорындардағы жұмыскелер санын қоса есептегендегі бір жұмыскердің орташа айлық жалақысы 36156 теңгені құрап, 2006 жылмен салыстырғанда 30,2 пайызға өсті. Нақты жалақы 17,3 % - ға өсті.

2007 жылы орташа айлық зейнетақы мөлшері (базалықзейнетақы төлемін есептегенде) 2006 жылмен салыстырғанда 5,9 %-ға өсті.

Жұмыссыздық деңгейінің 2006 жылы 7,8% - дан 2007 жылы 7,5% - ға дейін төмендегені байқалды, ол өндірістің өсуі мен экономиканың әр түрлі салаларында жаңа жұмыс орындарының ашылуына байланысты.

Кедейшілік деңгейі 2006 жылы 2% - дан 2007 жылы 1,5% - ға дейін қысқарды.

2. 2008-2010 жылдарға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары

2.1. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының проблемалық мәселелері

Электр энергетикасы:

1. Қостанай облысында қуат көзі тапшы. Облысқа Екібастұз – Павлодар энергия кешенінен 70 пайызға дейін электр энергиясы жеткізіледі. Жүктеменің өсуі тек облыс бойынша жыл сайын 3-5 пайызды құрағанда, генерациялық қуаттар негізінен артып жатпағандықтан, республиканы төніп тұрған электр энергиясының тапшылығы алаңдатуда.

Бүгінгі таңда Рудный ЖЭО-ын жаңарту жұмыстары жүргізілуде, онда қуаттылығы 63 МВт турбоагрегат қондырылады. Алайда барлық өндірілетін электр энергиясы «ССКӨБ» АҚ өз қажеттіліктеріне қарай пайдаланылады да, облысты электрмен жабдықтау мәселесін шешпейді.

Энергетикалық қуаттылықтың тапшылығын жабу үшін энергетикалық көмірдің жергілікті кен орындарының базасында қуаттылығы 2000 МВт Торғай (Құсмұрын) ГРЭС құрылысын жүзеге асыру қажет. Облыста энергетикалық көмірдің үлкен қоры бар. Кен орнының әр бөлшегіне дейін зерттеген Уралгипрошахт институтының жұмыс нәтижелері бойынша жылына жалпы өнімділігі 119 млн. тоннаны құрайтын алты ірі көмір өндіруші кен орындары құрылысын жүргізуге мүмкіндік бар, бұл жалпы қуаттылығы 20 мың МВт құрайтын электр станциясын көмірмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы электр станциясын салмай, болашақта облысты электрмен жабдықтау мәселесін шешу мүмкін емес.

2. Қазақстан Республикасы бойынша электрмен жабдықтаудың ең жоғарғы тарифтерінің бірі Қостанай облысында – 8,0456 теңге/кВт.с (ҚҚС-пен).

Мұндай жоғарғы тарифтің болуының себебі мынада:

облыс электр энергиясын ұлттық электр желісі бойынша беруге Қазақстан Республикасы бойынша ең жоғары тарифті қолданатын солтүстік-батыс аймағына жатады (Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 27 желтоқсандағы № 372 – НҚ бұйрығымен бекітілген «Ұлттық электр желілері арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметке тарифтерді есептеу әдістемесіне» сәйкес);

облыста 110-35 киловольт және 10-0,4 киловольт желілеріне екі меншік иесі бар – «Межрегионэнерготранзит» ЖШС және «Костанайский Энерго Центр» ЖШС және бұлардың әр қайсысы үшін өз желілері бойынша тасымалдауға тариф бекітілген;

уәкілетті органмен тасымалдау тарифіне инвестициялық құрама қосылады, мүлікті жалға алудың шығындары, олардың нақты орындалуын ешкім бақыламайды.

Электрмен жабдықтаудың жоғары тарифі бизнестің дамуына кедергі келтіруде, облыстың әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізуде.

Ағымдағы жылы электр энергетикасы саласындағы негізгі мәселелер – электр құрал – жабдықтарының қатты тозуы, Екібастұз энергия көздерінен электр энергиясын жеткізуге тәуелділік, тағы бір қосылған проблема – электр энергиясын өндірушілердің тарапынан баға диктаты (шарты).

Электр энергиясын сатып алудың нақты бағасының және тарифте қарастырылған бағаның сәйкес келмеуі кәсіпорында ақшалай қаражат тапшылығына әсерін тигізеді.

Ұсынамыз:

тасымалдау қашықтығына тәуелділікті қысқартатын, электр энергиясын ұлттық желі бойынша тасымалдау әдісін әзірлеу;

инвестициялық құрама негіздемесіне, оның нақты орындалуына ерекше назар аудара отырып, тасымалдаудың барлық тізбегі бойынша электр энергиясын тасымалдаудың тарифін тексеру. Инвестициялық құраманың тарифіне қосу кезінде жаңартуға жататын объектілер тізбесін электр энергетика саласындағы облыстың атқарушы органымен келістіру;

мүлікті жалға алудың шығындарын тарифке қосуға тиым салу;

электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру мақсатында жеке меншік иелерінен мүліктік кешенді сатып ала отырып, қолданыстағы өңірлік электр желілері компанияларын мақсатты түрде мемлекет меншігіне алу. Таратушы желілерін және жылу көздерін дамыту мәселелерімен айналысуы қажет жергілікті атқарушы органдарға өкілеттік беру. Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдарда мұндай өкілеттік жоқ, бұл олардың өңірлік электр энергетикалық кәсіпорындардың қызметіне әсер етуіне мүмкіндік бермейді, алайда бұл кәсіпорындар облыс аумағында халықты электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету бойынша маңызды әлеуметтік қызметті жүзеге асыруда. Бұл жергілікті билік органдарының электрмен жабдықтаудың сенімділігіне жауапкершілікті арттыруға, бюджеттік қаражатты электр желілері шаруашылығын дамытуға бағыттауға мүмкіндік береді, ал бұл басқа салаларды дамыту үшін жағдай жасауға оң әсерін тигізеді.

Газбен жабдықтау:

Облыстың 680 елді мекенінің 55-не газ құбырлары жүргізілген, оның ішінде 4 қалаға және 51 селолық елді мекенге. Сонымен қатар газ жүргізілген елді мекендердің өзінде потенциалды тұтынушыларды газдандыру аяқталмаған. Облыста магистралды газ құбырларын және газ таратушы желілерді салу бойынша инвестициялық жобаларды әзірлеу және түзету жөнінде жұмыстар жүгізілуде.

Газдандыруды республика экономикасын дамытатын басымды бағыттардың тізбесіне қосу керек және елді мекендерді газдандыру үшін облысқа жыл сайын нысаналы трансферттер бөлу керек.

Сұйытылған газбен жабдықтау:

Облыстың сұйытылған газды жылдық тұтынуы 11 мың тоннаны құрайды.

Газбен жабдықтауды бес кәсіпорын жүзеге асырады. Сонымен қатар жеткізуші зауыттармен тікелей байланысқа шығу проблемасы бар, газ делдалдар арқылы сатып алынады, бұл жеткізудің сенімділігіне де, сұйытылған газды сатып алудың бағасына да кері әсерін тигізеді.

Сұйытылған газды жеткізудің сенімділігін және тарифтің бұдан әрі өсуін болдырмауды қамтамасыз ету мақсатында сұйытылған газды өндірушілер мен газбен жабдықтаушы кәсіпорындар арасындағы делдалды болдырмайтын, оны халыққа жеткізуді қамтамасыз ететін Газбен жабдықтау ережесін әзірлеу қажет.

Сумен жабдықтау:

1. 680 елді мекенненорталықтандырылған сумен 154 елді мекен, немесе 22,6 пайызы қамтамасыз етіледі. Сумен қамтамасыз ету (су тоғандары, су тартқыштар, су тазарту ғимараттары) және облыстың су тарту объектілерінің көбі ұзақ мерзімді пайдаланудың нәтижесінде жарамсыз техникалық жағдайда болып тұр. 79 елді мекенге су 8-40 шақырым қашықтықтан алып келінеді, сондықтан суды тұщыландыру құрылғыларын және су тартқыштар салу қажет болып отыр.

Ауыз суға бөлінетін қаражаттар көлемін жылына 1,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайту қажет.

2. 2007 жылы 12 инвестициялық жобаны іске асыруға 593,3 млн. теңге бөлінді, соның ішінде 9 жоба бойынша сома 40 млн.-нан аспады, соған қарамай объектілерді салу 2-3 жылға созылды. Ағымдағы 2008 жылы 12 инвестициялық жобаларды іске асыруға 1209,6 млн. теңге бөлінді.

Қаражаттың бірнеше инвестициялық жобаларға шағын көлемде бөлінуі объектілерді пайдалануға беру мерзімін ұзартады, материал бағасының өсуіне байланысты (қайта жаңарту) құрылыс құнының ұлғаюына әкеп соғады.

Мұның сыртында, объектілер тізімін қалыптастыру барысында республика бойынша олардың саны өте көп болуына байланысты әдетте қаржыландыруды ашу кезінде үлкен қиындық туғызатын объект атаулары бұрмаланады. Осылайша 2007 жылы 12 сумен қамтамасыз ету объектілерінің 4-еуі бойынша атаулары дұрыс көрсетілмеген.

Сумен қамтамасыз ету жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға өңірлерге мақсатты трансферттерді жалпы сомамен бөлуді және техниканы, бөлінген қаражаттарды өте тиімді пайдалануға себебін тигізетін басымдық жобалары тізімін орындауда өздігінен анықтау мүмкіндігін беру, объектілерді пайдалануға беруді олардың құнының қымбаттауынсыз тездету және халықты ауыз сумен қамтамасыз ету – негізгі міндет шешімін жуықтату.

3. Бүгінгі күні жоғары тарифке байланысты ауыз суға ауыл тұрғындарының көбісінің қолы жетпей отыр. Ауылдық жерлерде сумен қамтамасыз етуге жәрдем ақша беру мәселенің жартылай шешімі болып отыр.

Топтық су құбырларын субсидиялау тәртібі асылында суды пайдаланушыны емес, сумен қамтамасыз ету ұйымына қатысты болғандықтан сумен қамтамасыз ету мәселесін шешпейді.

Сумен қамтамасыз ету ұйымы үшін белгіленген тәртіпте бекітілген суға арналған тарифті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген судың бір шаршы метрі үшін ақының мөлшерлі деңгейін субсидияларды есептеу барысында негізге ала отырып, ауыз сумен қамтамасыз етуді субсидиялау тәртібін өзгерту қажет. Тариф және ақының мөлшерлі деңгейі арасындағы айырмашылық субсидиялануға тиіс.

4. Үстінде бөген құрылған каскад бар Тобыл өзені облыстың негізгі су көзі болып табылады.

Ең ірі гидротехникалық имараттар: республикалық бюджеттен ұстауға және жөндеуге қаражат бөлінетін республика меншігіндегі Жоғарғы Тобыл, Қызыл-Жар, Сергеев, Амангелді бөгендері.

Сол сияқты коммуналдық кәсіпорындар баланысында техникалық түзету жағдайында қолдауға жергілікті бюджетте қаражат жоқ Желқуар, Шортанды № 1, Шортанды № 2, Ақжар, Ащы-Тасты, Октябрь,Кемен-Орал және басқа бөгендер бар.

Техникалық түзету жағдайында осы гидро имараттарды сақтауға және халықты сумен сенімді қамтамасыз ету үшін бөгендерде қажетті су қорын құруға себеп боатын коммуналдық меншік қарамағындағы гидротехникалық имараттарды қайта жаңартуға республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер бөлу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Көлік:

1. Республикалық маңызы бар жолдар арқылы негізінен қалааралық және халықаралық байланысы бойынша жүретін транзит көлігінің қозғалысымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, барлық жерлерде республикалық жолдар өзара байланысты емес, сондай-ақ Ресей Федерациясының шекарасына шығатын бірнеше автомобиль жолдары облыстық маңызы бар жолдар мәртебесіне ие.

Осыған байланысты ұзындығы 9 км республикалық маңызы бар автомобиль жолдары желісіндегі үзілістерді жою керек, оның ішінде «Қостанай-Әулиекөл» автомобиль жолын «Қарабұтақ-Қостанай» автомобиль жолымен байланыстыратын - 2 км учаскесі және «Қостанай-Жітіқара-Мүктікөл» 47-54 км – 7 км автожол учаскесі.

Облыс шекарасына шығатын және облыс орталығын аудан орталықтарымен байланыстыратын ұзындығы 1482 км облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды республикалық жолдар желісіне беру керек, оның ішінде:

облыс шекарасына шығатын а/ж: «Ұзынкөл-Пресногорьков-Белоглин-Воскресенов» а/ж 63-106 км – 43 км, «Красная Пресня-Звериноголов» а/ж 0-56 км – 56 км, «Тобыл – Таранов – Красносельск – Набережный» а/ж 0-45 км – 45 км, «Таранов-Варварин» а/ж 0-40 км – 40 км, «Жітіқара-Чайковский» а/ж 0-27 км – 27 км, «Мариновка селосына кіреберіс жол» а/ж 0-9 км – 9 км, «Қостанай-Введен-Загарин-Усть-Уйский» а/ж 0-121 км – 121 км, «Сарыкөл-Б.Дубравы» а/ж 0-56 км – 56 км, «Торғай-Ақшығанақ» а/ж 0-71,1 км – 71,1 км;

облыс орталығын аудан орталығымен байланыстыратын а/жолдар: «Әулиекөл-Жалдама» а/ж 0 - 257 км – 257 км, «Арқалық-Торғай» а/ж 0 - 288 км – 288 км, «Раздольный-Докучаев-Аралкөл» а/ж учаскесі – 34 км, «Қарасу-Б.Чураковка» а/ж 0 - 114,09 км – 114,09 км, «Қамысты-Ливанов-Жітқара» а/ж 0-17 км – 17 км, «Адаев-Орқаш-Аралкөл» а/ж 0 - 110 км – 110 км, «Торғай-Шилі-Аралкөл» а/ж 0 - 182,1 км – 182,1 км, «Әуежайға кіреберіс жол» а/ж 0 - 6 км – 6 км, «Қостанай қаласына кіреберіс жол» а/ж 0 - 6 км – 6 км.

2. «Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарын жөндеу және қалпында ұстауды қаражаттандыру нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 30 сәуіріндегі № 423 қаулысына сәйкес қаражаттандыру нормативтері бекітілген:

1 км жалпы пайдалану автожолдарын қалпында ұстау жұмысы, ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары. Бұл норматив 2003-дан бері өзгертілмеген, сол сияқты жоғарыда айтып кеткен жұмыстарды жүргізуге пайдаланылатын негізгі жол-құрылыс материалдары үнемі өсуде. Сондықтан жөндеу жұмыстарының жалпы қолданыстағы автожолдарды қаражаттандыру нормативтерін өсіруді ұсынамыз, яғни оларды айлық есептеу көрсеткішіне байланыстырсын.

қайта жаңарту және күрделі жөндеуден басқа жыл сайын қалпында ұстау, ағымдағы және орташа жөндеу үшін Қостанай облысының облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарына 8,0 млрд. теңге қажет. Сол сияқты нақты айтқанда жоғарыда айтылған жұмыстарды қаржыландыру жөндеу жұмысының түріне байланысты сұраныстың 5-тен 10 пайызын құрайды. Қаржыландыру көлемін облыстық субвенцияны көбейту арқылы нормативке жеткізуді ұсынамыз.

3. Қазақстан Республикасының Транспорт стратегиясына сәйкес 2015 жылға дейін жасанды ұшу-қону алаңын қайта жаңарту және Қостанай қаласының аэровокзалына республикалық бюджеттен 9,3 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінуі қажет.

Экология :

«КОТЕКС» АҚ банкротқа ұшырағанына байланысты 3732 ампула санындағы радиактивті қалдық (НСЭ-200,400 статикалық электрлі нейтрализаторлары), сондай-ақ 400 000 дана санындағы құрамында сынап бар жарықшам қалған.

Радиактивті қалдықтарды жерлеу «Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері» реестріне енгізілді және республика бюджет есебінен қаржыландырылатын болады. 2008 жылы республикалық бюджеттен 30 млн. теңге сомасында қаражат бөлу қажет.

2.2. 2009-2011 жылдарға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсаттары мен міндеттері

Стратегиялық мақсат халықтың тұрмыстық деңгейін және еңбек өндірісін арттыруды қамтамасыз ететін, кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасайтын, сондай-ақ инновациялық процестерді енгізуді ынталандыратын өңірдің бәсекелік артықшылықтарын тиімді қолдану арқылы облыстың әлемдік және аумақтық рынокта бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Міндеттері

Қаржылық қызметтер:

республикалық және жергілікті бюджеттен алынған кредит бойынша берешекті кредиттік шартпен және келісімімен белгіленген тәртіппен өтеуді қамтамасыз ету;

қаржы, сақтандыру инфрақұрылымдары және ақпаратты-маркетингтік қамтамасыз ету арқылы агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің кәсіпкерлік белсенділігін арттыру;

ауылдық жерлерде ШКС кредиттеу үшін шағын кредит беру ұйымдарының өңірлік жүйесін кеңейту;

конкурс негізінде бюджет қаражаты есебінен мына номинациялар бойынша жеңілдікпен кредит беру мүмкіндігі: «Ең үздік инновациялық жоба», «Ауыл шараушылығы саласындағы ең үздік жоба», «Өнеркәсіп саласындағы ең үздік жоба», «қызмет көрсету саласындағы ең үздік жоба» және т.б.

Коммуналдық мүлік:

мемлекеттік коммуналдық мүлікті тиімді пайдалану, соның ішінде оны жалға беру жолымен;

Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімінен жарғылық капиталында мемлекет қатысатын жұмыс істемейтін мемлекеттік заңды тұлғаларды шығару жөнінде жұмыс жасау;

мемлекеттік меншікте ұстау тиімсіз және орынсыз мемлекеттік коммуналдық мүлікті жекешелендіру сауда-саттық арқылы жеке меншікке ауысуы;

өзіне алуға және инвестициялық бағдарламаларды іске асыру жөніндегі міндеттемелерді орындауға дайын инвесторларға келешекте залалды объектілерді жекешелендіру жолымен облыстың экономикасына инвестицияларды тарту есебінен жергілікті бюджетке табыстар алу. Мемлекеттік коммуналдық мүліктің барынша көп санын жекешелендіру нәтижесінде салық салынатын базасын кеңейту есебінен жергілікті бюджетке табыстар алу;

мемлекеттік коммуналдық мүлікті жекешелендірудің айқындылық және бәсекелік үрдісін қамтамасыз ету.

Өнеркәсіп:

өндіру секторының тиімділігін арттыру;

өндірістің шикізат емес секторын дамыту және экономиканы әртараптандыруды қамтамасыз ету;

өнеркәсіп кәсіпорындарының технологиялық жаңартуын өткізу, экспортқа бейімделген жоғары технологиялық ғылыми қажеттілікті өндірістер құру, өндірілген өнімнің ассортиментін кеңейту, оның бәсекеге қабілеттілігін өсіру;

шетелдік инвестицияларды өсіру, инвестициялық ортаны жақсарту және стратегиялық инвесторларды тарту;

жаңа және жоғары технологиялар, шетелдік озық тәжірибені тарту үшін қосымша қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету;

халықаралық кірігуге және ынтымақтастыққа қолдау көрсету;

экспортты және импортты ауыстыратын өндірісті ынталандыру;

жаңа жұмыс орындарын құру, қолда бар өндірістік қуаттылықты арттыру.

Электрмен жабдықтау:

«Қостанай облысының 2008 – 2010 жылдарға арналған электр-жылу энергетикасын дамыту», «Қостанай облысының 2008-2015 жылдарға арналған энергия үнемділігі» өңірлік бағдарламаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау;

электр энергиясын есептейтін қазіргі заманға сай жүйені енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру, энергетика кәсіпорындарының басты қосалқы станцияларына электр энергиясын есептейтін автоматтық жүйені орнату;

болашағы бар елді мекендерде орталықтандырылған электрмен жабдықтауды қалпына келтіру, ал экономикалық қолайсыз, энергия жүйесінен алыс жатқан және халқы аз елді мекендерге электр энергиясының орталықтандырылмаған баламалы көзін орнату.

Газбен жабдықтау:

«Қостанай облысын 2007 – 2009 жылдары газдандыру» өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс – шаралар жоспарын орындау;

елді мекендерде жоғары қысымды жалғастырушыгаз құбырларын салу;

газ жүргізілген елді мекендерді одан әрі газдандыру үшін таратушы желілерді салу.

Сумен қамтамасыз ету:

халықты керекті мөлшердегі және кепілденген сапасы бар сумен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін әзірлеу;

халықтың тиімді санитарлық-гигиеналық тұрмыстық жағдайларын құру жолдарын анықтау;

су құбырлары жүйелерінің және имараттардың, ауыз су көздерінің күйін бақылау жүйесін жетілдіру;

Құрылыс материалдарның өндірісі:

Ішкі нарықта ұқсас өнімдерді шығаруға және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болуға қабілетті жоғары сападағы құрылыс материалдарын, бұйымдар және конструкцияларды шығаруды ұйымдастыру.

Шағын кәсіпкерлік:

шағын кәсіпкерлік субъектілерінің санын өсіру және болашақта тиімді дамыту үшін жағдай жасау, жаңа жұмыс орындарын құру;

мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларда қаралған іс-шараларды іске асыру;

әкімшілік кедергілерді төмендету;

инфрақұрылым және ақпараттық қамтамасыз етуді одан әрі дамыту;

ШКС кредиттік ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту:

Ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету және экспорттық қорларды қалыптастыру үшін ауыл шаруашылық өнімдерін және азық-түлікті тұрақты өндіру;

салалар өнімділігі мен табыстылығының өсуін қамтамасыз ету, ұлттық өнімдердің бәсекелік артықшылықтарын дамыту;

ауыл шаруашылығы құрылымдарын аймақтық мамандандыру және ірілету;

егін шаруашылығына ылғал сақтағыш технологияны енгізу;

техникалық жарақтандырудың сапалы өсімі негізінде АӨК салаларының техникалық және технологиялық жаңғыруларын қамтамасыз ету;

халықты картоппен және көкөніс-бақша өнімдерімен қамтамасыз ету;

азық базасын дамыту;

АӨК өнімдерінің сапасын бақылау және қауіпсіздік тәуекелін бағалау жүйесін жаңғырту мен нығайтуды қамтамасыз ету;

Ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және көтерме сауда жүйесін дамыту;

қаржы, сақтандыру инфрақұрылымын және ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз етуді дамыту жолымен АӨК нысандарының кәсіпкерлік белсенділігін арттыру;

АӨК ғылыми-инновациялық инфрақұрылымы мен оны кадрлармен қамтамасыз етуді жетілдіруді дамыту.

Көлік және коммуникация:

автомобиль жолдары жағдайына бақылау жасау жүйесін жетілдіру;

жолдарды нормативтік талаптарға келтіру жөніндегі іс - шараларды орындау;

жол маңайындағы сервис деңгейін жоғарлату;

қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылату жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау;

тасымалдау саласында адал бәсекелестікті құру;

елді мекендерді автобус байланыстарымен толық қамту;

жолаушыларға сервистік қызмет көрсетуді құру;

ұшақпен ұшыру қызметінің санын көбейту;

"Қостанай" халықаралық әуежайы" АҚ аэровокзал кешені мен жасанды ұшу-қону жолын қалпына келтіру және арнайы техниканы сатып алу;

пошталық, қаржы және агенттік қызметтің толық түрлерін көрсететін пошталық-жинақтау жүйесін жетілдіру;

нарықтың телекоммуникациялық секторын ырықтандыру жағдайында бәсекелесу;

телекоммуникация желісін дамыту мен жаңарту, жаңа қызметтердіұсыну.

Туризм:

облыстың туристік мүмкіншіліктерін арттыру;

туризмнің материалдық базасын және туристік инфрақұрылымын жаңарту, дамыту жөніндегі қажетті шараларды қабылдау;

Қостанай облысының туристік имиджін құру.

Ішкі сауда:

облыстың тауар рыноктарындағы бәсекені дамыту есебінен инфляция деңгейін тұрақтандыру;

жергілікті тауар өндірушілердің өндіріс көлемін өсіру, ассртиментін кеңейту және шығарылатын өнім сапасын жақсарту есебінен облыстың тауар рыноктарын отандық өнеркәсіп тауарларымен қанықтыру;

жарнамалық-жәрмеңкелік іс-шараларын дамыту, өнім өткізу рыногын кеңейту;

өндіруші-көтерме жеткізуші-бөлшек сауда сатушы үлгісі бойынша тауарды тікелей жеткізуді ұйымдастыру арқылы делдалдық құрылымдарға шек қою;

мамандырылған, әмбебап бағыттағы сияқты ірі сауда кешендерінің желісі және сауданың коммуналдық объектілер желісін дамыту.

Тұрғын үй құрылысы:

ұсыныс жағынан да, сұраным жағынан да сапалы балансталған тұрғын үй нарығын құру;

тұрғын үй құрылысына жеке меншік инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті ынталандыру;

жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру;

тұрғын үй құрылысының сапасын арттыру;

тұрғын үй құрылысы аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту;

ипотекалық кредиттеу, тұрғын үй құрылысы жинақтары және ипотекалық кредиттерді сақтандыру жүйелерін жетілдіру.

Демография:

экономиканың өсу тенденцияларын сақтау;

репродуктивтікті есептей отырып халық денсаулығы жағдайын жақсарту;

бала тууды тұрақтандыру және оны болашақта ұлғайту;

көші-қон процестерін басқару;

эмигранттар құқығын іске асыру үшін жағдай жасау, оның ішінде оралмандарды қабылдауда және орналастыруда, орналасқан жерде бейімделуіне және әлеуметтік ортаға кіруге қолдау жасау;

балалары бар оралмандар отбасыларын әлеуметтік қолдаудың қосымша нысандарын жетілдіру;

оралмандарды оңалту және әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту.

Гендерлік даму:

әйелдер мен ерлердің тең дәрежеде билік құрылымдарында қатысуына қол жеткізу, экономикалық тәуелсіздікке, өз бизнесін дамыту мен қызмет бойынша жылжуына арналған тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету, отбасыдағы құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыруға жағдай жасау, жыныс ерекшеліктері бойынша зорлық-зомбылықтан бас айыру болып табылады.

Білім беру:

барлық білім беру деңгейінде білім беру қызметінің сапасын арттыру;

білім беру, ғылым және өндіріс саласында кешенді даярлық негізінде озық жетістіктерді пайдалана отырып, жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету;

білім берудің тиімді және бәсекеге қабілетті жүйесін құру (желісін дамыту, материалдық-техникалық базасын нығайту, оқу-әдістемелік құралдар мен оқулықтарды сатып алу, озық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды зерделеу және енгізу);

халықты мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз ету және одан әрі дамыту, мектеп жасына дейінгі балаларды 90 пайызға дейін қоғамдық мектепке дейінгі тәрбиелеумен қамтамасыз ету және жағдай жасау;

мектеп жасындағы балаларды толық оқумен қамтуды қамтамасыз ету;

қосылған жинақ-сыныптарды қысқарту;

қазақ тілінде оқитын балаларды оқумен қамтуды көбейту;

білім беру ұйымдарында әлеуметтік қорғалмаған санаттағы: мүгедектер, жетімдер, көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар мен оралмандар есебінен оқушыларды (студенттерді) оқыту үшін қажетті жағдайлар жасау.

Денсаулық сақтау:

медициналық - санитарлық көмектің басымды дамуында негізделген медициналық көмек көрсетудің тиімді жүйесін құру жолымен облыс тұрғындарының денсаулықтарын жақсарту болып табылады;

ана мен баланың денсаулығын жақсарту;

әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын сырқаттарға медициналық көмек сапасын жақсарту;

тұрғындарға мамандырылған кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсету үшін базаны құру және дамыту;

кадрлармен қамтамасыздандыруды жақсарту;

денсаулық сақтау объектілерінің материалды-техникалық базасын нығайту;

дәрі - дәрмектік көмектің сапасы мен қол жеткізушілігін қамтамасыз ету.

Әлеуметтік қорғау :

азаматтардың табыстары ең төменгі күнкөріс мөлшерінен асатын табыстарға ие болуға мүмкіндік беретін әлеуметтік төлемдерге қол жеткіу болып табылады.

аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін дамыту;

балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қосымша түрлерін жетілдіру;

мүгедектерді әлеуметтік қамтамасыз ету және оңалту жүйелерін дамыту.

Мәдениет:

өңірлік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шараларды орындау;

облыстың мәдениет, өнер және кино ұйымдары мен кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасын нығайту және жүйесін дамыту;

облыс мәдени іс-шараларын өткізуді және халықаралық және республикалық фестивальдарда және конкурстарда қатысуды ұйымдастыру;

облыстың және Қазақстан Республикасының мерейтой және айрықша даталарына арналған іс-шараларды дайындау және өткізу;

іс жүргізу қызметі мәселелері бойынша жеке меншіктің барлық нысандарының мемелекеттік мекемелері жәнемемлекеттік емес ұйымдарының іс-әрекетіне мемлекеттік инспекция жасау.

Спрот:

кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде дене шынықтыру ұжымдарын сақтап қалу арқылы, еңбек ұжымдары арасында, оқу орындарында және тұратын жерлерінде дене тәрбиесі мен спорт іс-шараларын жүргізу арқылы 2011 жылға қарай облыс халқының 23,7 пайызын дене шынықтыру мен спортпен белсенді айналысуын қамтамасыз ету;

жоғары деңгейдегі жаттықтырушы мамандар дайындау, тіректі спорт түрлерінің ауқымын кеңейту және балалар мен жасөспірімдер арасында жарыстар ұйымдастыру арқылы Қостанай қаласында ұлттық спорт түрлерінен мектеп ашу және 2011 жылға қарай мектеп жасындағы баллардың 12,5 пайызын жасөспірім балалар спорт мектептерінде спортпен шұғылдануын қамтамасыз ету;

2009 жылы облыстың алдыңғы қатардағы спортшыларының 4-ін – Ү-ші Шығыс-Азия ойындарына, 4 адамды - жабық кешендегі ІІ-ші Азия ойындарына, 3 адамды – Ванкувер (Канада) ХХІ қысқы Олимпиада ойындарына, 4 адамды – ХҮІ-шы жазғы Азия ойындарына, 5 адамды – І-ші Жастар Олимпиадалық ойындарына, 2011 жылы 6 адамды – ҮІІ-ші қысқы Азия ойындарына дайындауды және олардың қатысуын қамтамасыз ету;

Облыс құрамаларын 2009 жылы – Қазақстан Республикасы ІІ-ші қысқы Спартакиадасы, Қазақстан Республикасы ІІ-ші жазғы Жастар спорт ойындары, Қазақстан Республикасы мүгедек спортшыларының Спартакиадасы, 2010 жылы - Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін ұлттық ойындарының ІҮ-ші Ойыны; 2011 жылы - Қазақстан Республикасы ІІІ-ші жазғы Спартакиадасы, Қазақстан Республикасы ІІ қысқы Жастар спорттық ойындары, Ү-ші «Ақ бидай» ауылдық ойындары, Қазақстан Республикасы Параолимпиадалық ойындары, чемпионаттар мен біріншіліктер сияқты республикалық кешенді спорт іс-шараларына дайындауды және қатысуын қамтамасыз ету;

жыл сайын 2,5 мың кешенді спорттық және бұқаралық спорт іс-шараларын өткізу.

Халықтың әл-ауқатын арттыру:

жұмыспен қамту деңгейін көтеру, 2009 жылы экономикалық белсенді халықтың 93,2 пайызына дейін, 2011 жылдың аяғында - 93,4 пайызына дейін жоғарылату;

еңбек рыногында жағдайды жақсарту, 2009 жылы жұмыссыздық деңгейін 6,8 пайызға дейін, 2011 жылы - 6,6 пайызға дейін азайту;

халықтың табысын көбейту;

халықтың еңбекке жарамсыз және тұрмысы төмен топтарына әлеуметтік қолдау көрсетуді, оңалту шараларын одан әрі дамыту.

Экологиялық жағдай:

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік талаптарға кезең-кезеңмен жету арқылы қоршаған ортаны түбегейлі жақсарту;

тау кен өндіру саласы кәсіпорындарынан атмосфераға ластаушы заттардың шығырындысын азайтуды қамтамасыз ету;

су тазарту құрылыстарында ағын суды зиянды заттардан тазартып, оларды нормативтік көрсеткіштерге жеткізу;

қоршаған ортаны өндіріс, тұрмыс және тұтыну қалдықтарымен ластауды төмендету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

радиактивті қалдықтарды жинау және шығару, бюджеттік мекемелердің құрамында сынап бар жарықшамдарын демеркуризациялау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

пайдаланаылған полигондар бойынша жер учаскелерінің рекультивациясын жүргізу;

қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын экологиялық талаптарға сай келтіру.

2.3. 2009-2011 жылдарға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының сандық индикаторлары

2009 жылы өнеркәсіп өнім өндірісінің көлемі 373,5 млрд. теңге немесе 2008 жылдың деңгейіне 114,7 пайызды құрайды. Табиғи түрінде мынадай өнеркәсіп өнімдері өндірілуінің ұлғаюы күтілуде: темір кен шекемтастары – 7 пайызға, мыс концентраты – 2,1 есеге, жартылай өндірілген алтын – 2,2 есе, кондитерлік өнімдер – 9,6 пайызға, макарондар –8,2 пайызға, өнделген сүт – 6 пайызға, сүт және қойытылған қаймақ – 5 пайызға, алкоголсіз сусындар - 7, жоғары трикотажды киім – 5,8, теріден жасалған аяқ киім – 8,6 пайызға.

2011 жылда өнеркәсіп өнім көлемін 472,8 млрд. теңгеге жеткізуге жоспарлауда, бұл 2008 жылдың деңгейінен 45,2 пайызға жоғары.

2008 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өсімі: 2009 жылы 6 пайыз, 2011 жылы -17,4 пайыз болады.

2009 жылы астық өндіру көлемі 4800мың тоннаға жетеді, немесе 2008 жылға қарағанда 100,8 пайыз, оның ішінде бидай - 4385 мың тонна (100,1 пайыз). 2011 жылы астық өндіру көлемі 4810мың тоннаға, немесе 2008 жылға қарағанда 101пайыз, оның ішінде бидай – 4395,0 мың тонна (100,3 %).

2008 жылы майлы дақылдар жалпы өнімнің өсімі 2007 жылға қарағанда - 143,9 пайыз, оның ішінде рапс – 159,2 пайыз, ал 2011 жылы - майлы дақылдар өсімі - 177,1 пайыз, рапс - 192,9 пайыз болады.

2011 жылы майлы дақылдар жалпы өнімнің өсімі 79,5 мың тонна, немесе 2008 жылға - 177,1 пайыз, оның ішінде рапс – 71 мың тонна, немесе 192,9 пайыз.

Картоп өндірісінің көлемі 2008 жылы 121,8 мың тонна болады, 2011 жылы -155,8 мың тонна, немесе 2008 жылға 127,9 пайыз. Осы картоп көлемі халық қажеттілігін екі есеге арттырады.

Көкөністер өндірісі көлемінің біртіндеп өсуі жоспарлануда.

2009 жылы асыл тұқымды мал бастары өседі деп күтілуде: ірі қара мал бойынша өзіндік салмағы 8,4 пайызға, қой-ешкі – 0,4, шошқа - 1,2, жылқы - 1,5 пайызға.

2011 жылға дейін асыл тұқымды мал бастарының өсуі күтіледі, оның ішінде ірі қара мал бойынша 11 %-ке дейін, қой-ешкі –0,4 %, шошқа мен жылқы – 2,5 %.

2011 жылы жалпы өнімнің ауыл шаруашылығы жерлерінің 1 гектарға шаққандағы өсімі 2008 жылға шаққанда 3,7 мың теңге болып, 25мың теңгені құрайды деп күтілуде.

2011 жылға мемлекеттік қолдаудың ауыл шаруашылығы жерлерінің 1 гектарға шаққандағы көлемі төмендейді де, 2008 жылғы 1150 теңгемен салыстырғанда 970 теңге құрайды.

Шағын кәсіпкерлік. Қабылданған шаралар нәтижесінде 2009 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 45415 бірлікті құрайтын болады, бұл 2008 жылдан 3,7 пайызға артық, жұмыс істейтіндердің саны 102285 адамға дейін жетеді, немесе 2008 жылдан 2,5 пайызға артық, тауар шығару, жұмыс, қызмет көрсету 8,6 пайызға өседі және 146710,2 млн. теңгені құрайды.

2011 жылы ШКС саны 2008 жылмен салыстырғанда 48952 бірлікке дейін өседі, немесе 11,8 пайыз, жұмыс істейтіндер саны – 107558 адам, өсім - 7,8 пайызға, тауар шығару, жұмыс, қызмет көрсетулер –172987,7 млн. теңге, өсім - 28,1 пайыз.

Білім беру. 2011 жылы 2008 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған балалар саны 3,8 мың адамаға өседі. 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқумен қамту 0,46 пайыздық пунктке көтеріледі.

2011 жылы 2008 жылмен салыстырғанда халықты техникалық және кәсіптік білім берумен қамту 0,04 пайыздық пунктке, орта білімнен кейінгі білім беру - 0,1 пайыздық пунктке өседі.

2011 жылы 2008 жылмен салыстырғанда орта білім берудің бір оқушысына мемлекеттік шығын көлемі 1,7 есеге өседі.

Туризм. 2009 жылы туристік ұйымдармен туристерге қызмет көрсетуінің өсуі жоспарланып отыр, ішкі туризм бойынша 6,9 пайызға, шығу - 4,5, кіру туризмі – 3,1 пайызға.

Туристік ұйымдармен туристерге қызмет көрсету 2011 жылы 2008 жылмен салыстырғанда өсуі жоспарланып отыр, ішкі туризм бойынша 12,3 пайызға, шығу – 13,6, кіру туризмі – 7,8 пайызға.

2008 жылы 2986 адамнан 2011 жылы 3288 адамға дейін жұмыскерлер санының өсуі болжамдалып отыр.

Экология. 2009-2011 жылдары қарастырылып отыр:

2009 жылы 370 гектар бүлінген жерлерді қалпына келтіріп, мемлекет айналымына қайтару (2008 жылмен салыстырғанда 5,7 пайызға артық), 2010 жылы – 400 гектар (2008 жылмен салыстырғанда 14,3 пайызға артық) және 2011 жылы – 400 гектар (2008 жылға өсімі 14,3 пайыз);

2009 жылы ластаудың стационарлық көздерінен ластаушы заттар шығарындыларын 2008 жылғы деңгейде қалдыру -167,3 мың тонна, 2010 жылы - 169,3 мың тонна (2008 жылға өсімі 1,2 пайыз), 2011 жылы – 169,3 мың тонна (2008 жылға өсімі 1,2 пайыз);

табиғат қорғау іс-шараларына бағытталған қаражаттар көлемін 2009 жылы 1515,2 млн. теңгеге ұлғайту (2008 жылға өсуі 9,9 пайыз), 2010 жылы-1669,7 млн. теңгеге (2008 жылға өсуі 21,1 пайыз), 2011 жылы – 1836,7 млн. теңгеге (2008 жылға өсуі 33,2 пайыз);

табиғи су объектілерінен алынған су көлемін 2009 жылы 162,2 млн. текше метрге дейін ұлғайту (2008 жылға өсімі 1 пайыз), 2010 жылы 163,8 млн. текше метрге (2008 жылға өсімі 2 пайыз), 2011 жылы – 165,5 млн. текше метрге (2008 жылға өсімі 3,1 пайыз);

жыл сайын орманды авиация арқылы қорғау 550 сағат жоспарланып отыр.

3. Басымдықтар

3.1. 1-басымдық. Экономикалық саясатты жүргізудің тиімділігін арттыру

3.1.1.1-шара. Экономикалық өсудің орталықтары мен «нүктелерін» дамыту

Облыс экономикасының алдында тұрған міндеттердің бірі экономикалық өсудің өңірлік орталықтарын және өсу «нүктелерінің» - бәсекелестікке қабілеттілігін қалыптастыру болып табылады.

Облыс экономиканы дамыту үшін қажетті әлеуетке ие: орналасқан жері географиялық тиімді, көрші өңірлерге автокөлік арқылы шыға алады, темір-жол қатынастарының желісі дамыған, электр энергиясымен және газбен жабдықталған, кәсіпорындар ТМД-ның және алыс шетелдердің ірі өнеркәсіптерімен тығыз ынтымақтастық орнықтырған, кадрлық және ғылыми-техникалық әлеует бар.

Озық өсу аймақтарын қалыптастыруда адами, инвестициялық және инновациялық капиталды ынталандыратын өнеркәсіп, сауда-қаражат, білім орталықтары тіректі қалаларда басымдыққа ие, олар өз алдына экономикалық өсу «нүктелері» болуға тиіс.

Бүгінгі таңда облыстың негізгі өндіруші күштері 5 қалада шоғырланып отыр: Қостанай, Рудный, Лисаков, Арқалық, Жітіқара.

Қалалар дамуының негізгі бағыттары: индустриялды-инновациялық, соның ішінде шағын кәсіпкерлік, қызмет көрсету саласы, аграрлық өніеркәсіп саясатыты іске асыру, тұрғын үй құрылысы, адамзат капиталын дамыту, қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету, бәсекелестікті дамыту және монополияға қарсы саясат, ішкі экономикалық қызмет, аумақтық дау, табиғи капиталды тиімді пайдалану.

Қостанай қаласы Қостанай облысының облыс орталығы, республикалық деңгейдегі өсу «полюстерінің» бірі болып табылады.

Қала экономикалық қызметінің негізгі түрі: азық-түлік өндірісі, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, және жиһаз жасау, баспа ісі, құрылыс материалдарын шығару, сауда, қызмет көрсету саласы.

Қалада халыққа, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өндірсіне, шағын бизнес саласына қызмет көрсететін инфрақұрылым объектілерінің әр түрлі жоспарлық және айтарлықтай тиімді кешені қалыптасты.

қаланың даму басымдықтары белгіленді:

экономиканың өндірістік секторын әрі қарай қайта құрылымдау және дамыту, бәсекелестікке қабілетті және экспортқа бағытталған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді дамыту;

ішкі және сыртқы инвесторларды тарту есебінен шағын және орта бизнесті дамыту,

инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар құру;

халықты толық жұмыспен қамтамасыз ету және тұрмыс деңгейін жоғарлату,тұрғын үй құрылысы, қаланы көркейту, қала көшелері және жолдарын қайта жаңарту және күрделі жөндеу мәселелерінде белсенді саясат жүргізу.

Бүгінгі таңда арнайы экономикалық аймақ құру мәселесі қарастырылуда. АЭА құру қала және облыс өңдеу өнеркәсібінің үлесін ұлғайтады, соның ішінде: машина жасау, металургия, химия, агро өнеркәсіп кешені және құрылыс индустриясы өндірісін дамытуға мүмкіндік береді.

Сол сияқты өңірлік деңгейдегі экономикалық өсудің тіректі «нүктелері» Рудный, Лисаков, Жітіқара және Арқалық қалалары болуға тиіс.

Рудный қаласы облыстың ірі өнеркәсіп орталығы. Өнеркәсіп құрылымында жетекші орынды «ССКӨБ» АҚ – қара металлургиясы және оның флагманы алады. Кәсіпорынның негізгі өнімі – теміркенді шекемтастар, темір концентраты және агломерирленген кен. Қала экономикасына қызмет етуші кәсіпорындар және құрылыс кәсіпорындары мен ұйымдары тірек етеді. Өнеркәсіптер 40-тан астам өнім өндіреді. Тауарлардың негізгі атаулары: темір кені, шекемтастар, отқа төзімді бұйымдар, жиһаз, есік және терезе блоктары, ұн, нан, макарон, шұжық, сүт өнімдері және т.б.

Лисаков қаласы экономика жағынан тұрақты дамып келе жатқан қала. Экономикалық қызметінің негізгі түрі: тау-кен өнеркәсібі, азық-түлік өндірісі, ауыл шаруашылық техникасы, құрылыс материалдарын шығару, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, сауда, қызмет көрсету саласы.

Қаланың тау-кен өндірісінің негізгі өндірісі: темір кені («Өркен» ЖШС) және бокситтер («Қазақстан алюминийі» КБРУ АҚ).

Қалада халыққа, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өндірсіне, шағын бизнес саласына қызмет көрсететін инфрақұрылым объектілерінің әр түрлі жоспарлық және айтарлықтай тиімді кешені қалыптасты.

Жітіқара қаласы – Жітіқара ауданымен бірлескен және оның аудан орталығы болып табылады.

Тау-кен өндіру кәсіпорындарының дамуы басымдық мағынаға ие. Ірі өнеркәсіп – «Қостанай минералдары» АҚ – қазақстандағы жалғыз асбест комбинаты. Қалада сол сияқты құрамында алтын бар кен өндіру және қайта өңдеу бойынша «Метал Трейдинг» ЖШС тау-кен өндіру кәсіпорны жұмыс істейді. Ірі өнеркәсіптердің тұрақты жұмысы ауданның тұрақты экономикалық өсуінің бастапқы факторларының бірі болып табылады.

Арқалық қаласы. Арқалық қаласының әлеуметтік-экономикалық жүйесінде белгілі рөлін экономиканың өнеркәсіп секторы атқарады.

Арқалықты құрылғаннан бері және осы күні қала қылып ұстап отырған кәсіпорын «Қазақстан алюминийі» АҚ Торғай боксит кен басқармасы болып табылады. Қаланың қолда бар минералдық-шикізат базасы тау-кен өндіру саласының дамуына ықпал етуі мүмкін (бокситтердің 6 кен орны, Жаңа-Арқалық қорғасынының пайда болуы, кендегі ілеспе компонентттер ретінде: иттрий, мыс, кадмий, алтын, күміс, қалайы, және т.б., жалпы кең тараған пайдалы қазбалар: кірпіш шикізаты, құрылыс тасы, құрылыс құмы).

3.1.2. 2-шара. Инвестициялық саясат

2009-2010 жылдары негізгі капиталға инвестициялар көлемі 364,2 млрд. теңге құрайды.

Алдағы үш жылда республикалық бюджеттен 72,8 млрд. теңге сомасына қаржы бөлу қарастырылып отыр.

Мемлекеттік инвестициялар басымдықтары алдағы үш жылға Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасында белгіленген.

Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Рудный қаласында бассейні бар мемлекеттік тілде оқытатын 900 орындық орта мектеп салу және Қостанай қаласында 140 орынға арналған бала бақша салу және 260 орындық дарынды балаларға арналған Алтынсарин атындағы мектеп-интернатты және Қостанай қаласында 300 орынды балабақша қайта жаңарту жоспарланады.

2005-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтауды қалыптастыру және дамытудың мемлекеттік бағдарламасында облыстық орталықта қан орталығын, кен бейінді аурухана мен қалалық емхананы, Рудный қаласында кен бейінді балалар ауруханасы мен қалалық емханасын салуды жүзеге асыру жоспарланады.

«Ауыз су» бағдарламасы шеңберінде 2002-2010 жылдары облыста Арқалық қаласының Фурманов ауылында сумен қамтамасыз ету және Сарыкөл ауданындағы Есіл топтық су құбырының қайта жаңартылуы жүзеге асырылады.

2004-2010 жылдарға арналған Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Жанкелдин ауданының Қарасу ауылында, Қамысты ауданының Қамысты ауылында және Қостанай ауданының Семенов ауылында мемлекеттік тілде оқытатын орта мектептер құрылысы және облыстың 9 ауданында сумен қамтамасыз ету объектілерін қайта жаңарту іске асырылады.

Автожолдар саласын нығайту және дамыту Қазақстан Республикасының 2006-2012 жылдарға арналған автожолдар саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады. Республикалық бюджет қаражаты есебінен 2009 жылы «Астана-Қостанай-Челябі» автожолын қайта жаңарту аяқталады. 2009-2011 жылдары республикалық бюджеттен дамытуға арналған нысаналы трансферттер жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын қайта жаңарту жөніндегі 4 инвестициялық жобаны іске асыруға бағытталады: Ұзынкөл-Сарыкөл, Федоров - Ленин - Вишневое, Қарасу - Большая Чураковка, Қойбағор – Қарасу - Севастопольское.

Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдарға арналған газ саласын дамыту бағдарламасына сәйкес Денисов және Қамысты аудандарында магистралдық газ құбырларын салу жоспарланды.

Республикалық бюджеттен дамытуға арналған нысаналы трансферттер есебінен 2009 жылы сумен қамтамасыз етудің 7 объектісі қайта жаңарту аяқталады, Сарыкөл ауданында Есіл топтық су құбырын жаңарту жалғастырылады.

2009 жылы газ таратушы станциямен «Перелески – Денисовка» магистралды бұру – газ құбырын пайдалануға беру көзделіп отыр.

Үш болжамды жылдың ішінде жергілікті бюджеттің инвестициялық шығындары білім беру, денсаулық сақтау, көлік инфрақұрылымын, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамтамсыз ету, сумен, газбен, электрмен қамтамасыз ету, және т.б.салаларды дамытуға және нығайтуға басым бағытталады. Барлығы 2009-2011 жылдары жергілікті бюджеттің инвестициялық бағдарламасы 17,3 млрд теңгені құрайды. Инвестициялық жобаларды іске асыру «Ауыз су», автожолдар саласын, мәдениет саласын, мәдениет пен спортты дамыту, электр жылу қуаты, газдандыру және т.б.өңірлік бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Халықты және кәсіпорындарды сумен, газбен, жылу және электр қуатымен, канализациялық ағындар айырғышымен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында алдағы болжамды мерзімде 6,5 млрд. теңге сомасында жергілікті бюджет қаражатын бөлу жоспарланады. Көлік инфрақұрылымы объектілерін, елді мекендер көшелерін қайта жаңартуға жергілікті бюджеттен 6,2 млрд. теңгені бағыттау қарастырылады. Жергілікті бюджет қаражаттары мәдениет – 1,6 млрд. теңге, туризм және спорт - 1 млрд.теңге, білім - 0,8 млрд. теңге, мемлекеттік басқару – 0,6 млрд.теңге, әлеуметтік қамтамасыз ету – 0,3 млрд. теңге және т.б. инвестициялық жобаларды іске асыруға жұмсалады.

Облыстың негізгі капиталға инвестицияларды салудың негізгі көзі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаражаты болып табылады. 2009-2011 жылдары инвестициялар салымының көлемі 265,3 млрд. теңгені құрайды (3 - жылдық болжамды мерзімнің жалпы көлімінің 72,9 пайызы).

Ауыл шаруашылығын дамытуға шаруа етуші субъектілерінен 61 млрд. теңге сомасында инвестицияларды тарту жоспарланады. Агроөнеркәсіптік кешенін қолдау «2004-2010 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамыту» және «2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту» облыстық бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі

2008 жылы ауыл шаруашылығына инвестициялар 19,8 млрд. теңгені құрайды. Сарыкөл ауданының Сорочинск ауылында 400 бас ІҚМ-ға арналған сметалық құны 150 млн. теңге тұратын («Сорочинское 2030» ЖШС) сүт кешенін салу және Таран ауданының Тобыл поселкесінде («Инсервис» ЖШС) және Сарыкөл ауданының Комсомол ауылында («Современник» ЖШС) элеваторлар құрылысы басталады.

2009-2011 жылдары ең көп инвестициялар салымы тау кен өндіру өнеркәсібінде күтіледі – 91,8 млрд теңге. «Соколов – Сарыбай тау – кен байыту бірлестігі» АҚ инвестициялық бағдарламасы 69 млрд. теңгеден асады, оның ішінде 2009 жылы – 20,3. Бұл қаражаттар Қашар карьерінің 1 қатарын салуға, Соколов жер асты кенішін қайта жаңартуға, ұсатқыш-байыту фабрикасы мен ылғалды тау кен сепарация фабрикасын кеңейтуге бағытталады.

2009 жылы тау кен өндіру өнеркәсібіне инвестициялар салу 30,1 млрд. теңгені құрады. «ТасҚұм Қостанай» ЖШС Денисов ауданында Городищенск кен орнында сметалық құны 9,7 млрд. теңге жылына қуаттылығы 800 мың тонна кварцтық деориттер өндіру бойынша жобаны, «КРК Разрез Приозерный» ЖШС Әулиекөл ауданының «Приозерный» кескісінде қоныр көмір игеру жөніндегі жобаны жалғастыруда, сметалық құны 840 млн. теңге.

Өндеу өнеркәсібіне көзделген мерзімде 25,8 млрд теңгені бағыттау жоспарланады. Бұл мерзімде Қостанай қаласында өнімділігі жылына 2570 бірлік техника және 13,5 мың мың қозғатқыш шығаратын құны 7 млрд. теңге жинақтап шығару, өзінің конструкторлық әзірлемелері негізінде техника шығару және дизель қозғағышын жинақтап шығару жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс жалғасады («Агромаш Холдинг» АҚ ҚФ). Облыстық орталықта, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Қостанай және Меңдіқара аудандарында цемент өндіру, кірпіш және басқа да құрылыс материалдарын шығару жөніндегі зауыттарды салу жоспарланады.

Алдағы үш жылдық мерзім ішінде Рудный қаласында («ССКӨБ» АҚ) металданған өнім шығару жөнінде зауыт, құны 108 млрд. теңге, табақ және сортты прокат шығару жөнінде зауыт, құны 42 млрд. теңге, Қоскөл ауылында («Сарыкөл Агро» СКБ) тәулігіне 300 тонна бидай өндірістік қуаттылығы бар ұн және қоспажем өндіру жөнінде диірмен кешенінің құрылысы жүргізіледі.

2009 жылы өндеу өнеркәсібіне салымдар 8,2 млрд. теңгені құрайды. Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу («Завод ТБӨ - 25»), ет жартылай фабрикаты (ЖК«Батт А.Я.»), құрғақ барды (ЖШС«Innova») өндіру цехы құрылысын аяқтау көзделеді. Затобол кентінде (ЖШС«Витамин Д») шұжық өнімдерін шығару өндіріс кешенін және Рудный қаласында (ЖШС«Сарыбай») тәулігіне 300 тоннаға дейін ұн өнімдрін шығаруды ұлғайтуға байланысты диірмен кешенін қайта жаңарту аяқталатын болады.

Электр қуатын, газ бен суды өндіру және бөлуге 2009 - 2011 жылдары 8,7 млрд. теңге сомасында инвестицияларды бағыттау жоспарланады. Облыс аудандары мен қалаларында тұрғын үй коммуналдық саласындағы кәсіпорындарды салу, қайта жаңарту және жаңғырту жөніндегі жұмыстар жүзеге асырылады.

2009 жылы бұл салаға салымдар 2,8 млрд. теңгені құрады. «Қазақстан Темір жолы» ҰК «Қостанай - Железорудная» темір жол участкесін электрлендіру жөнінде жұмыстарды жүзеге асыруды, «КТЭК» МКК Қостанай қаласында жылу желілерін қайта жаңартуды жалғастырады.

2009 - 2011 жылдары көлік және байланысты дамытуға 18,6 млрд. теңге қарасырылады. Өндірісті қайта жабдықтауға, автокөлік пен техниканы сатып алуға, шеберханаларды, гараждарды салуға және қайта жаңартуға қаражаттар бағыттау жоспарланды. «Трансремвагон» ЖШС (Рудный қаласы) бұл мақсатқа 157 млн. теңге, «Қазақстан Темір жолы» ҰК 111 млн. теңге салуды жоспарлайды.

«Қазпошта» АҚ инвестицияларын облыстағы бір қатар елді мекендерінде пошталық бөлімшелерін ашуға бағыттайды.

2009 жылы көлікке және байланысқа инвестициялар көлемі 5,9 млрд. теңгені құрайды.

Жылжымайтын мүлікпен операцияларға 3 жылдық мерзімде 31,8 млрд. теңге жіберіледі, оның ішінде халық қаражатының жеке құрылысқа салымы 17,8 млрд. теңгені құрайды. Берлин, Бисембай және Смирнов пайдалы қазбалар кен орындарын барлауға шаруа етуші субъектілер («Айнұр» ЖШС, «НПО Казгеология» ЖШС және «Қазақстан – Ресей кен компаниясы» БК) 5,6 млрд. теңген салуды жоспарлайды.

2009 жылы жылжымайтын мүлікпен операцияларға 10,3 млрд. теңге бағытталады, оның ішінде халықтың өз қаражаттары 5,2 млрд. теңгені құрайды, ол 145,3 мың ш.м. жеке тұрғын үйді салуға мүмкіндік береді. «Қазгеология» ғылыми-өндірістік бірлестігі» ЖШС Бисембаев кен орнында кварц-каолин-түз шпаты шикізатын іздеуді және өндіруді жалғастырады.

Жоспарланатын мерзімде коммуналдық, әлеуметтік және жеке қызметтерді көрсетуге облыс кәсіпорынадры 2,1 млрд. теңгені салуды қарастырады. Бұл қаражаттардың негізгі үлесі спорт және ойын-сауық кешенін, облыстық орталықта, Қостанай, Таран және Сарыкөл аудандарында демалыс және туризм аймақтары мен базаларын салуға және қайта жаңартуға пайдаланылады.

2009 жылы бұл салаға 0,7 млрд. теңге бағытталады.

Шетел инвесторларының 8,7 млрд.теңге сомасындағы қаражаттары жылына 352 мың тонна қайта өңделетін кен өндейтін Жітіқара ауданының Шевченковск кен орнының никель-кобальт кенін қайта өңдеу жөнінде тау-металургиялық өндіріс құрылысына («Қазақстан никелі МРК» ЖШС), өнімділігі жылына 1 млн. тонна кен өңдейтін Дрожилов кен орнында млибден және вольфрам байыту фабрикасын («Қазақстан – Ресей кен компаниясы» БК) және т.б. салуға бағытталады. 2009 жылы шетел инвестицияларын 2,2 млрд. теңге сомасында салу жоспарланып отыр.

3.1.3. 3-шара. Қаржы қызметі саласын дамыту

Облыстың жергілікті атқару органына бекітілген кредиттік шартқа (келісіміне) байланысты республикалық бюджетке берешекті 1176 млн. теңге сомасында, оның ішінде 2009 - 2010 жылдары – 370 млн. теңгеден, 2011 жылы – 436 млн. теңге өтеу керек. 2009-2011 жылдары мынадай іс-шаралар іске асырылады:

Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінген кредиттік қаражатты уақытында нысаналы игеру арқылы халыққа ипотекалық кредит беруді дамыту;

шағын кәсіпкерлік жобаларын кредиттеуді қолдау және қамтамасыз ету;

шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өнім, жұмыс, қызмет көрсетуді сертификаттау кезінде жеңілдіктер қолдану. Осы іс-шара Сараптау және сертификаттаудың ұлттық орталығымен келісіп әзірленді, бұл шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сертификаттау кезінде бағасын төмендету түрінде жеңілдікті орнатты. Осы іс-шара өнімнің жаңа түрлерінің өндірісі және іске асуын өсіруге себеп болады;

«ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ қаржы институттарының жарғы капиталындағы олардың үлестік қатысумен жасау арқылы ауылды жерлерінде шағын кәсіпкерлік субъектісінің кредиттеу үшін микрокредиттік ұйымдар өңірлік желісін кеңейту;

шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамытуды қамтамасыз ету, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне көмек көрсету бойынша өңірлік орталықтар және бизнес-инкубаторлар құру;

«Қостанай облысының ең жақсы кәсіпкері», «Қостанай облысының ең жақсы тауарлары», «Қостанай облысының ең жақсы базары» конкурстарын ұйымдастыру және өткізу;

кәсіпкерлердің қоғамдық ұйымдарын біріктіруде қоғамдық талапты ынталандыруға мақсаттталған іс-шараларды дайындау.

3.1.4. 4-шара. Коммуналдық мүлікті басқаруды жетілдіру

Коммуналдық мүлікті басқару саласындағы негізгі басымдықтары анықталды:

жылжымалы және жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы заңнамасына сәйкес оны толық есепке алу және құжаттарды ресімдеу жолымен мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқарудың тиімділігін одан әрі арттыру;

коммуналдық меншіктің пайдаланылмайтын жылжымайтын мүлігін жекешелендіруден түсетін қаражат есебінен мемлекеттік бюджетті толықтыру.

3.1.5. 5-шара. Бәсекелестіктің тең жағдайын қалыптастыру және бизнес-ортаны жақсарту

Үстіміздегі жылы бәсекелестік ортаның қалпына, соның ішінде бәсекелестікті дамыту дәрежесіне, тауар рыногын дамыту және бәсекелестік қабілеттілігін арттырудағы маркетингтік стратегияларын анықтауды бағалау мақсатымен облыстың тауар рыногының әрі қарай зерттелуі жоспарлануда, сондай-ақ, экономиканың монополизацияланған секторларында бәсекені дамыту жөніндегі нақты шаралар қабылданады.

3.1.6. 6-шара. Инфляцияны тұрақтандыру

Облыста 2009-2011 жылдары инфляцияны тұрақтандыру мақсатында:

өңдеу өнеркәсібінде өнім өндірісі жылына орташа есеппен – 17 пайызға, соның ішінде ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу саласында -10 пайызға ұлғаяды. Үш жыл ішінде ұн өндірісін - 16 пайызға, нан - 7 пайызға, ет - 11 пайызға, сүт - 16 пайызға;

картоп себу алқаптарын – 6 пайызға, немесе 0,6 мың гектар, көкөністер - 22 пайызға, немесе 0,5 мың гектарға ұлғайту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Нәтижесінде үш жыл ішінде картоп және көкөністер өсіру 22 мың тоннаға жетеді.

Сауда рыноктары қызметтерін ұйымдастыру Ережелеріне сәйкес келтіру, әсіресе олардың санаттарын бекіту және сатушы мен сатып алушыларға мейлінше қолайлылықтар туғызу жөнінде жұмыс жалғастырылатын болады.

«Тобыл» ӘКК-мен бірге көтерме-бөлшек сауда желілерін дамыту бойынша мынадай жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр:

облыс қалаларында коммуналдық рыноктарды ұйымдастыру бойынша;

жыл сайын мамыр айынан қазан айына дейін тұрғын шағын аудандарда сауда шатырларын орналастыру бойынша;

өнімді орталықтандыру арқылы жеткізуді қолдана отырып, әлеуметтік дүкендер желісін ұйымдастыру.

«Содружество» ӨСК ЖШС өсімдік майы тапшылығын шешу мақсатында Қостанай қаласында майлы дақылдарды қайта өңдеу жөнінде май экстрациялық зауыттың құрлысы аяқталады. (Бірінші кезеңде осы кәсіпорынның жобалық қуаттылығы тәулігіне 100 тоннаны, соңғы кезеңде 300 тоннаны құрайды).

Жергілікті бюджет қаражаттары есебінен Арқалық қаласында 500 тонналық көкөніс қоймасының құрылысы жоспарлануда.

«Терра» шаруа қожалығы европалық климаттық бақылауы бар қуаттылығы жылына 3 мың тонна көкөніс сақтайтын қойма құрылысы жөнінде жұмыстар жүргізуде.

Кәсіпорындар, ұйымдар және халықтың өз қаражаттары есебінен 3 қойма, 7 ет және сүтті қайта өңдеу жөнінде кәсіпорын, 3 – бидайды сақтау және өңдеу, 50-ден астам сауда және қоғамдық тамақтану кәсіпорындарын ашу көзделіп отыр.

Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлері кәсіпорындарымен, Өзбекстанмен, Тәжікстанмен облысқа көкөністер және жеміс-жидектер жеткізу жөнінде ынтымақтастық жалғасуда.

Қабылданған шаралар Қазақстан Республикасының 2009-20011 жылдарға арналған бекітілген макроэкономикалық болжам шегінде инфляция деңгейін бір қалыпты ұстап тұруға мүмкіндік береді.

3.2. 2-басымдық. Тұрақты дамуға көшу, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және адами капиталды дамыту

3.2.1. 1-шара. Тұрақты дамуға көшуді қамтамасыз ету

Облыс аумағында табиғи ресурстарды пайдалануға және өнеркәсіптің базалық салаларын дамытуға бағытталған көп салалы өнеркәсіп кешені қалыптасты. Бұдан басқа, өңірдің шикізат базасы мен ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу жөніндегі өндірістік қуаттылықтары бар.

Өнеркәсіп саласында әсіресе Ресей экономикасымен бірігуде, шикізаттық емес секторды дамытуда, сату рыноктарын көбейтуде, өндірісті кеңейтуде, машина құрылысын дамытуда бір қатар мүмкіндіктер ашылмақ.

Өндірістің сатылас кірігуі, холдингтер ашу, атап айтқанда ауыл шаруашылық кәсіпорындарын қажетті техникамен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығымен кірігу, сондай-ақ ИСО стандарттарын енгізе отырып, өнеркәсіп өнімінің сапасын арттыру перспективалы болып табылады.

Бәсекеге қабілетті және тиімді өндірістерді ұйымдастыру және дамыту үшін жағдай жасау өнеркәсіп саясатының негізгі мақсаты болуға тиіс. Оларды қалыптастыру өндірісті жаңғыртуға, инновацияларды енгізуге, стандартизацияға және өнім сапасына, мамандар мен менеджерлердің біліктілігіне, жұмыс кадрлардың біліктілік-кәсіптік құрамына, еңбек сапасына айрықша талаптар қояды.

Облыс тауар өндірушілерінің ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекелі позицияларын арттыруды, сондай-ақ оның негізінде халықтың тұрмыстық және жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін облыстың өнеркәсіп әлеуетін дамытуға және тиімді пайдалануға қолайлы әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық жағдай жасау жөніндегі шаралар қабылданды.

Егер бұрын негізгі капиталды және инфрақұрылымды инвестициялау өңірлік экономикасының экономикалық өсімін күшейтудің тиімді тәсілі болса, қазіргі кезде өңірдің инновациялық белсенділігін арттыру және инновацияларды енгізуді қолдау жөніндегі шаралар басымды болып табылады.

Бұдан басқа, инвестициялық жағдайды жақсарту, облыс аумағында инвестицияларға тартымды объектілерді құру және дамыту арқылы инвесторларды (өсуге әлеуеті бар, серпілістік жобаларды енгізу әлеуеті бар) белсенді тарту жөніндегі шаралар қабылданды. Өңірлік кәсіпорындарын инвесторлармен тиімді өзара іс-қимыл дасауға әзірлеу жұмысы жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы – материалдық өндірістің екінші жетекші саласы. Облыстағы астық рыногының сыйымдылығын арттыру өнеркәсіптік шошқа шаруашылығын, құс шаруашылығын, сүтті және етті мал шаруашылығын қалпына келтіру жөніндегі шаралар қолдануға игі әсер етпек. Бұл салалардың өнімі жоғары сапа мен бәсекеге қабілеттілік жағдайында ішкі және сыртқы рыноктарда сұранысқа ие болады.

Сонымен қатар, жеке инвесторларды тарта отырып, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеудің жаңа бағыттары игеріледі.

Өңірде шағын бизнес пен кәсіпкерлікті одан әрі дамыту басымдықтардың бірі болуы тиіс. Атап айтқанда, шағын кәсіпкерлікті дамыту жөнінде тәжрибе алмасу және қолдау жасау саласында Қазақстанның басқа өңірлерімен өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту, өнімді сыртқы рынокқа шығару мақсатында шағын кәсіпорындарды қалалық, ұлттық, өңіраралық көрмелерге, жәрмеңкелерге, семинарларға, конференциялар мен іскерлік кездесулерге қатысуға тарту қарастырылуда. Бұдан басқа, ақпараттық және консультациялық қолдау көрсету өңірдегі шағын бизнесті дамыту жөніндегі мүмкіндіктің бірі болып табылады.

Көлік және коммуникациялар саласында облыс әлеуеті Ресеймен транзиттік тасымалдауды және тауар айналымын көбейтуге байланысты. Мысалы, көлік-жағрапиялық жерге байланысты облыстың Қазақстан мен Ресейді байланыстыратын маңызды бөлігінің қызметін атқаруға мүмкіндігі бар. Қазіргі көлік-логистикалық қызмет көрсету желісін құру және транзиттік жүк ағынын қайта өңдеу қажет. Оның ішінде жоғары даму әлеуеті бар облыс өңірлері – тез дамитын аймақтар, жоғары және орташа даму әлеуеті бар қалалар мен ауылдық елді мекендер инфрақұрылымның қарқынды дамуына ие болады. Сонымен қатар, өңірдің инфрақұрылымын дамыту және орналастыру халықты орналастырудың перспективалы схемасын және өндірістік күштерінің аумақтық орналасуын есептей отырып жүзеге асырылады.

Телекоммуникациялық саланы белсенді дамыту облыстағы өңірдің экономикалық дамуында жаңа мүмкіндіктерге жеткізеді. Бұдан басқа, телекоммуникацияларға қол жеткізу облыстың шеткі және алыс жатқан аудандарына ішкі және сыртқы рыноктарға жету үшін өте маңызды болып табылады.

Облыстың одан әрі тұрақты дамуы облыстың экономикалық мамандануын қалыптастыру, өңірдегі инвестициялық және іскерлік жағдайды жақсарту, кластерлік дамудың және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың тетіктерін енгізу, мемлекеттік-жеке әріптестікті нығайту, облыстағы жоғары білікті жұмыс күшін дамыту арқылы өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі міндеттерді іске асыру тиімділігіне байланысты болады.

Жоспарланған іс-шаралардың жиынтығы орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәсекеге қабілеттілікті арттырудың барлық бағыттары бойынша мақсатқа бағытталған және келістірілген әрекеттерді қамтамасыз ету және облыстың тұрақты дамуына жету жөніндегі қызметтерін барынша үйлестіруге мүмкіндік береді.

3.2.2. 2-шара. Демографиялық және көші-қон жағдайын тұрақтандыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында ана мен баланы әлеуметтік қорғауға үлкен мән берілген, ол халықтың табиғи көбеюіне және жағымды көші-қон өзгерістеріне оң әсерін тигізеді.

Экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өсуі, жаңа орындарын құру жөніндегі іс-шараларды орындау нәтижесінде облыстағы тұрғындар санының азаюы жоспарланады. 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы халықтың орташа жылдық саны 890,6 мың адамды құрайды және 2,3 мың адамға, 2010 – 888,9 мың адамды құрай отырып, 1,7 мың адамға және 2011 жылы - 887,6 мың адамды құрай отырып, 1,3 мың адамға азаяды.

Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон жөніндегі комитетіне жыл сайын 2009-2011 жылдары саны 5,3 мың адамнан тұратын 1100 оралман отбасын қабылдау мүмкіндігі туралы ұсыныстар берілген.

3.2.3. 3 -шара. Халықтың әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және халықтың жағдайын жақсарту

Халықты жұмыспен қамту және кедейлікті төмендету бойынша іс-шараларды іске асыру нәтижесінде 2011 жылы аз қамтылған азаматтардың саны жыл сайын 12,7 мың адамға дейін азаяды, кедейлік деңгейі 1,4 пайыз деңгейге жетеді. 2009 және 2011 жылдар аралығында АӘК алушылар құрамындағы жұмыссыздар үлесі 12 пайыздан 8 пайызға дейін төмендейді. Сонымен қатар 2 жылдан астам уақыт бойы АӘК алушы үйдегі әйелдердің үлестік салмағы 29 пайыздан 24 пайызға дейін төмендеуі күтілуде. Тұрмысы төмен азаматтар арасында еңбекке қабілетсіз бөлігі - балалар, көп балалы аналар, кірме топтар.

2009 жылдан 2011 жылға дейін жыл сайын 10 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарланады, 5 мың жұмыссыздарға қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылады, 2011 жылға қарай қайта даярлау мен қайта дайындыққа жіберілетіндердің саны 1130 адамға дейін, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетіндердің саны 1500 адамға дейін көбейтіледі.

2009 жылдан 2011 жылға дейін экономикалық белсенді халыққа салыстырғандағы жұмыссыздықтың деңгейі 6,8 пайыздан 6,6 пайызға дейін төмендейді.

2009 жылы - 7,3 мың адамға, 2010 жылы - 7,1 мың адамға, 2011 жылы - 6,9 мың адамға мемлекеттік атаулы әлеуметік көмек көрсету жоспарлануда.2009-2011 жылдар аралығында алушылар санының азаюы тұрмысы төмен азаматтардың жұмысқа орналасуымен кәсіби дайындық пен қосалқы шаруашылықтың дамуымен байланысты.

Тұрғын үй жәрдемақысын 2009 жылы 26,4 мың адам, 2010 жылы - 26,9 мың адам, 2011 жылы - 27,4 мың адам алатын болады, 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға берілетін жәрдемақылар 2009 жылы 51,1 мың балаға, 2010 жылы - 50,8 мың балаға, 2011 жылы - 50,6 мың балаға төленетін болады.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен протездеу және протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету бойынша медициналық қызметтер көрсету, мүгедектерді сурдоқұралдармен және сурдокөмекпен, тифлоқұралдармен қамтамасыз ету, кресло-арбаларды, оның ішінде спортттық кресло-арбаларын сатып алу жоспарланады.

Санаторлық-курорттық емделуге жеңілдіктер беру, мүгедектерді оңалту қызметтерін сатып алу жөнінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру арқылы мүгедектерді, оның ішінде бала мүгедектерін, ардагерлерді оңалту жүргізіледі.

Облыстық бюджет қаражаты есебінен азық-түлік, медикаменттер және өзге де құралдармен қамтамасыз ету қажетті нормативтерін сақтай отырып қарттар мен мүгедектерге арналған 13 жалпы үлгідегі әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерін ұстау жалғастырылады. Алдымыздағы үш жылда қамқорлыққа алынғандарды нормативтер деңгейінде жұмсақ және қатты жабдықпен (төсек-орын, киім, аяқ-киім, гигиеналық құралдар) қамтамасыз ету жақсартылады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2009 жылы Қостанай қаласында қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйін салуға, 2010 жылы Қостанай қаласында ақыл-есі кеміс балаларға интернат үйінің ғимаратын салуға инвестициялық ұсыныстар енгізілді.

Тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізу және халықты өнімді жұмыспен қамтуға арналған мүмкіндіктерді кеңейту облыс халқының әл-ауқатын одан әрі арттыруға қолдау жасайды.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес халықтың жағдайын жақсарту жөніндегі жұмыс жалғастырылады. 2012 жылы 2007 жылмен салыстырғанда зейнетақының орташа мөлшері 2,5 есеге өседі, 2011 жылы базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері ең төменгі күн көріс мөлшерінің 50 пайызын құрайды.

2009 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 9 пайызға ұлғаяды.

2010-2011 жылдары баланы бір жасқа толғанға дейін күтуге төленетін ай сайынғы жәрдемақы 2007 жылғы жәрдемақының мөлшерін орташа есеппен 2,5 есеге асып түсетін деңгейге дейін көбейеді, 2010 жылы 4-ші немесе одан да көп баланы туғаны үшін бір жолғы жәрдемақы мөлшері 4 еседен артыққа көбейеді.

Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2009 және 2010 жылдары 25 пайызға, 2011 жылы 30 пайызға көбейеді.

Облыс бойынша орташа айлық нақты жалақы 2009 жылы 2008 жылға қарағанда 12 пайызға өсіп, 46547,9 теңгені құрайды, 2011 жылы - 51,9 пайызға өсіп, 63127,5 теңгені құрайды.

Экономикада жұмыспен қамтамасыз етілгендердің саны 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға өседі және 528 мың адамды құрайды, 2011 жылы – 0,9 пайызға және 531 мың адамды құрайды.

2009 жылы экономикалық белсенді халықтың жалпы жұмыссыздық деңгейі 6,8 пайызға дейін, 2011 жылы – 6,6 пайызға дейін қысқарады.

Кедейшілік деңгейі 2011 жылы 1,4 пайызға дейін төмендейді.

3.2.4. 4-шара . Халық денсаулығының жағдайын жақсарту

2008-2010 жылдары 5 денсаулық сақтау объектісін салыну көзделіп отыр, оның ішінде: 2 емхана мен облыстық қан орталығы, 2 аурухана (Қостанай қаласында облыстық аурухана және Рудный қаласында балалар ауруханасы) құрылысы.

Бастапқы медициналық - санитарлық көмек қызметіне қаражатты ұлғайту, жарақтандыруды жақсарту, уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздығы мен аурушандық деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Дамудың жоғары және орташа әлеуетімен барлық елді мекендер медициналық ұйымдармен қамтамасыз етіліп, медициналық қызметкерлермен жиынтықталады.

Облыста әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша ахуал тұрақтанады. 2011 жылға қарай 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезбен ауру 135 оқиғаға дейін төмендейді.

Өлім-жітім деңгейі (1000 тұрғынға) 2007 жылғы 13,2-ден 2011 жылы 12,8-ге дейін төмендейді, бала туу деңгейі 12,6-ден тиісінше 13,0-ге дейін жоғарылайды.

3.2.5. 5-шара. Білім беруді дамыту және кадрларды даярлаудың сапасын көтеру

2009-2011 жылдары мектепке дейінгі балалар ұйымдарын салу және қайта жаңарту есебінен олардың саны 16 бірлікке өседі және 112 бірлікті құрайды.

2009 жылы Қостанай қаласында «Наурыз» шағын ауданында 140 орынға арналған балабақша салынады және 300 орынға арналғаны қайта жаңартылады.

Мектепке дейінгі балалар мекемесінің басқа объектілері Білім және ғылым, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде қарастырылуда.

2011 жылы 2008 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі балалар ұйымында балалар саны 3,9 мың адамға өседі және 34 мың адамды құрайды.

Орта білім беру саласын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 ақпандағы № 300 қаулысымен бекітілген білім беру ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативті талаптарына сәйкес келтіру және аралас мектепті қазақ тілімен оқытатын мектепке қайта ұйымдастыру жалғасады.

2008 жылмен салыстырғанда 2010 жылы кәсіптік білім беру ұйымдарының желісі Рудный қаласының Қашар кентінде, Таран ауданының Тобыл аулында, Аманкелді ауданы Аманкелді селосында кәсіптік мектеп (лицейлерді) ашу арқылы 3 бірлікке артады. 2011 жылы 2008 жылға кәсіптік мектеп (лицей) оқушылар саны 0,3 мың адамға артады және 8,7 мың адамды құрайды.

2001 жылы 2008 жылмен салыстырғанда орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жаңа мамандықтар мен мемлекеттік білім беру тапсырысының ашылуы есебінен оқушылар контингенті 1,2 мың адамға артады және 25,2 мың адамды құрайды.

2001 жылы 2008 жылмен салыстырғанда мемлекеттік (азаматтық) жоғары оқу орындарында студенттер саны 0,8 мың адамға өседі және 20,4 мың адамды құрайды, мемлекеттік емес жоғары оқу орнында – 10 мың студент, немесе 1,6 мың адамға көп.

Кадрларды даярлау сапасын көтеру үшін оқытудың кредиттік технологиясын, бақылаудың блоктық-рейтингтік жүйесі мен студенттердің (оқушылардың) білімін бағалау, компьютерлік тестілеу түрінде емтихандарды қабылдау жұмысын енгізу, қашықтықтан оқыту мен телекоммуникациялық-ақпараттық прогрессивтік технологияларды пайдалана отырып on-linе режимінде оқытуды енгізу ары қарай жалғасын табады.

Кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары білім беру сапасының жүйесін жақсарту мен кредиттер трансфертінің европалық жүйесін (НТЕЖ) пайдалануға бағытталған халықаралық бағдарламаларға қатысатын болады.

Қостанай мемлекеттік университетінің базасында Висмарк университетімен (Германия) бірлесе отырып «Шағын және орта бизнеске арналған стратегиялық интегралданған халықаралық менеджмент» бағдарламасы бойынша халықаралық магистратураны, менеджмент, агрономия, зоотехника, агроинженерия, мал дәрігерлік медицина, мал дәрігерлік санитария, физика мамандықтары бойынша магистратура ашу жоспарлануда.

Кәсіптік практиканы ұйымдастыру, студенттердің (оқушылардың) тағылымдамалары, бітірушілерді жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру үшін жұмыс берушілерді тарту, әлеуметтік ынтымақтастық ары қарай дамиды.

Жас мамандарды жұмысқа орналастыруға (үйлестіру кеңесі, бос орындар жәрмеңкесі), оларды қайта даярлау (келісім шартты нысаналы дамытуды есепке алғанда), кәсіптік өзін өзі анықтауға дайындығын қалыптастыру, оның ішінде өз ісіне қолдау көрсету жүйесінің жұмысы жақсаратын болады.

Жұмысшы кадрлар, техникалық және еңбекке қызмет көрсетуші мамандарға кәсіптік даярлық, растау және біліктілік берудің тәуелсіз жүйесін бағалау жалғасады.

3.2.6. 6-шара. Мәдениетті және спортты дамыту

Мәдениет.2009-2011 жылдары мәдениет ұйымдарының жүйесінің дамуы жалғасады. 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда мәдениет мекемелері жүйесі 25 бірлікке (8 кітапхана және 17 клуб) өседі. Жітіқара ауданында 3 кітапхана, Жангелдин ауданында 2 кітапхана, Қостанай, Ұзынкөл аудандарында және Арқалық қаласында бір-бір кітапхана ашу жоспарлануда.

Клубтар жүйесі 17-ге өседі, Жітіқара ауданында 3 клуб, Әулиекөл, Сарыкөл, Ұзынкөл аудандарында 2 клубтан, Алтынсарин, Жангелдин, Қарасу, Қарабалық, Қостанай, Меңдіқара, Федоров аудандарында және Қостанай қаласында бір-бір клубтан ашылатын болады.

2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда мәдениет ұйымдарының жүйесі 27 бірлікке (13 кітапхана және 14 клуб) өседі. 2010 жылы Жітіқара ауданында 4 кітапхана, Жангелдин, Ұзынкөл аудандарында 2 клубтан, Алтынсарин, Қамысты, Қостанай, Таран аудандарында, Арқалық қаласында бір-бір клубтан ашылады.

Мәдениет-демалыс мекемелері: Алтынсарин, Сарыкөл, Ұзынкөл аудандарында 2 клубтан, Әулиекөл, Жангелдин, Қамысты, Қарасу, Қарабалық, Мендіқара, Таран, Федоров аудандарында 1 клубтан ашылады.

2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда мәдениет ұйымдарының жүйесі 12 бірлікке өседі (4 кітапхана және 8 клуб). Ұзынкөл ауданында 2 кітапхана, Амангелді, Таран ауданында бір-бір кітапханадан ашылады.

Клуб меукемелері: Сарыкөл, Ұзынкөл аудандарында 2 клубтан, Алтынсарин, Қамысты, Мендіқара, Таран аудандарында 1 клубтан ашылады.

Материалдық базаны нығайту үшін дыбыс-күшейту және жарық аппаратурасын, музыка құралдарын алу, көркемөнерпаз үйірмелеріне қатысушыларға жаңа костюм тігу қарастырылады.

Кітапхана, мұражай және кино қорлары жаңа кітаптармен, мұражай экспонаттарымен, кинофильмдермен толықтырылады.

Жыл сайын облыстық конкурстар және көркемөнерпаздар байқауы, фестивальдар өткізілетін болады. Халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдарда, облыстық іс-шараларда мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен өткізіледі.

2008 жылмен салыстырғанда 2011 жылы облыстық телехабар мемлекеттік тапсырыстың орташа тәуліктік көлемі 0,05 сағатқа, радиохабар - 0,06 сағатқа өседі.

Спорт. 2008 жылмен салыстырғанда2009-2011 жылдары мемлекеттік объектілерді пайдалануға беру арқылы олардың санын 37 бірлікке арттыру жоспарланып отыр:

2009 жылы 10 объект – Жангелді ауданында Қарасу ауылында 200 орындық жаңа мектеп ішіндегі спорт залды пайдалануға беру, Алтынсарин, Амангелді аудандары мен Рудный қаласында 8 жазықтық ғимараттар және «Челябі Мемлекеттік Университетінің »Қостанай филиалында спорт кешенін салу;

2010 жылы 14 объект – Қостанай қаласында (теннис) спорт кешенін, Амангелді, Таран, Денисов және Қамысты аудандарында, Рудный қаласында 13 жазықтық ғимараттар салу;

2011 жылы 14 объект – Қостанай ауданы Заречный аулында сауықтыру спорт кешені, Алтынсарин, Амангелді, Жангелдин, Қарабалық және Денисов аудандарында және Рудный қаласында 13 жазықтық ғимараттар салынады.

Дене тәрбиесі мен спорттың бұқаралық дамуына балалар мен жасөспірімдерге арналған іс-шараралар септігін тигізеді және хоккейден «Жұлдызша», футболдан «Былғары доп» бұқаралық жарыстар өткізу, аулалық клубтарда және жалпы білім беру мекемелерінде спортпен шұғылданатын балалар арасында «Көңілді старт» ойындарын ұйымдастырудың жыл сайынғы тәжірибесін жалғастыру жоспарланып отыр. Мемлекеттік қызметкелер, кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдары арасында стартакиадалар өз жалғасын табады.

2010 жылы ұлттық спорт түрлері бойынша жасөспірім балалар спорт мектебін ашу жоспарлануда, 2008 жылға қарағанда жасөспірім балалар спорт мектебінде шұғылданатын балалар саны 0,9 мың адамға көбейіп 16 мың адамды құрайды.

Спорттық резервтерді дайындау жұмысы жасөспірім балалар спорт мектептері, спорттық клубтар мен әр түрлі спорт түрлері бойынша федерацияларда жалғасын табады, жоғары деңгейдегі спорт шеберлерін дайындау жұмысымен олимпиадалық даярлау орталығы айналысады, бұл жыл сайын спорттың әр түрінен Республика құрамаларында 200 адамнан кем емес облыс спортшылары өкілдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2011 жылға дейінгі кезеңде 700 спортшы, оның ішінде 1 разрядқа – 400 адам, спорт шеберіне үміткерге – 261 адам, спорт шеберіне – 98 адам, халықаралық кластағы спорт шеберіне – 12 адам дайындалатын болады.

Болжамдалған кезеңде алдыңғы қатардағы спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуы мен дайындығы, сол сияқты облыс спорт құрамаларының әр спорт түрлерінен Республика чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысуы мен дайындығы қамтамасыз етіледі. Жыл сайын республикалық чемпионаттарға 450-ден кем емес чемпион мен жүлдегер дайындауды қолға алу жоспарланып отыр.

3.2.7. 7-шара. Халықтың тұрғын үйге қол жеткізуін қамтамасыз ету

2008-2010 жылдарға арналған Қостанай облысындағы тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша үш жыл ішінде 580,0 мың шаршы метр, оның ішінде қайтарылуға тиіс кредит есебінен 35,1 мың шаршы метр тұрғын үй, 33,5 мың шаршы метр жалдамалы тұрғын үй, кәсіпорындар мен ұйымдар қаражаты есебінен 69,2 мың шаршы метр тұрғын үй және халық қаражаты есебінен 444,7 мың шаршы метр тұрғын үй енгізу жоспарланып отыр.

2009-2011 жылдары тұрғын үй құрылысы және оған инфрақұрылымды тарту тұрғындардың және мемлекеттік емес сектор кәсіпорындары қаражаттары есебінен жалпы 23758,0 миллион теңге сомаға жүзеге асыру көзделеді. Үш жыл ішінде облыста жалпы 600,0 мың шаршы метр көлемді тұрғын үйді пайдалануға беру көзделеді, оның ішінде тұрғындар қаражаты есебінен – 458,7 мың шаршы метр 17793,0 миллион теңге сомасына және мемлекеттік емес секторының кәсіпорындары есебінен – 80 мың шаршы метр 5965,0 миллион теңге.

2009 жылы 195 мың шаршы метр тұрғын үйді (1922 пәтер) пайдалануға беру көзделді. 145,3 мың шаршы метр жеке тұрғын үйді (1292 пәтер) 5166,3 сомасына және мемлекеттік емес сектор кәсіпорындары мен ұйымдары қаражаты есебінен – 20 мың шаршы метр (260 пәтер) 1755 миллион теңге сомаға пайдалануға беру көзделеді.

3.2.8. 8-шара. Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету

Облыста гендерлік теңдікке жету мәселелерін шешу үшін мынадай шараларды іске асыру қарастырылады:

әйелдердің тұрмыстық жұмысбастылығын төмендету, олардың біліктілігін, кәсіптік өсуін және қоғамдық-пайдалы еңбекке белсене араласуын жоғарылату мақсатында мемлекеттік және жеке меншік мектепке дейінгі балалар мекемелерін дамыту;

әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға, консультациялық және маркетингтік қызметтер көрсетуге кедергі болатын әртүрлі әкімшілік тосқауылдарды туғызбау жөніндегі шараларды жетілдіру;

жұмысқа қабылдау мен босату барысында әйелдердің құқықтарын сақтау, жұмыс берушілердің жүктілік және туу бойынша жәрдемақыларды төлеуінің мемлекеттік кепілдіктері мәселелері жөніндегі заңдарды сақтау; үй ішіндегі және келісімді, сондай-ақ толық емес және икемді жұмыс кестесі бар жұмыс түрлерін дамыту;

орта және жоғары кәсіптік білім берудің кадрларын қабылдау мен даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру барысында гендерлік ерекшеліктерді есептеу;

Әйелдердің жұмыссыздық деңгейін төмендету және әйелдердің жұмыспен қамтылуын арттыру үшін: әйелдер еңбегін пайдаланатын жаңа жұмыс орындарын көбейту; әйелдердің одан әрі өз бетінше жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында еңбек рыногында талап етілетін мамандықтарға кәсіптік бағытталуына, оқытылуына және біліктілігін көтеруіне қолдау жасау қажет.

3.2.9. 9-шара. Экологиялық жағдайды жақсарту. Қайта жаңғыртылатын ресурстарды және энергия көздерін дамыту

Қостанай облысы бойынша экологиялық жағдайды жақсарту үшін мынадай шаралар қолданылады:

Қамысты ауданының Қамысты селосында, Наурызым ауданының Карамеңді селосында, Денисов ауданының Денисов селосында, Қостанай ауданының Затобол поселкісінде ҚТҚ полигондары экологиялық талаптарға сәйкес келтіріледі;

бюджеттік мекемелер мен кәсіпорындардың құрамында сынап бар пайдаланылған жарықшамдарды демеркуризациялау (32350 бірлік), бюджеттік мекемелер мен кәсіпорындардың зиянды сәуле шашатын иондалған тозып кеткен көздерін жинау және шығару (220 бірлік) жөніндегі жұмыстар жоспарланған;

Амангелді ауданының Есентай бөгетін, Қарасу ауданының Тюнтюгур өзенінің жағасын қалпына келтіру жоспарланады;

орманды қалпына келтіру, орман өсіру (оның ішінде орман өртінен кейін оңалту), жануарлар әлемін қорғау, санитарияны қамтамасыз ету, елді мекендерін көркейту және көгалдандыру жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі;

қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды азайту мақсатында өндірістік мониторингін жалғастыру;

автокөліктерден шығарындыларды азайту және қала секторының тұрғын үй аймағындағы экологиялық жағдайының көлік құралдардан нашарлануына байланысты қоғамдық көлікті экологиялық таза отынға көшіру (электрлі, сұйылтылған газ) немесе көлікте катализаторлар пайдалану, троллейбус паркін пайдалану.

3.3. 3-басымдық. Инфрақұрылымның дамуы

3.3.1. 1-шара. Теміржол, әуе және су көлігін дамыту

Қазіргі уақытта Тобыл-Арқа учаскесінің өткізу қабілетін көбейту бойынша Железорудная мен Тобыл стансаларын дамыту мәселесі шешілді, ол Арқа-Әйтеке би жаңа учаскесі бойынша пойыздарды тоқтаусыз өткізуді қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылы Железорудная-Қостанай учаскесін электрлендіру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленеді, оны қаржыландыру мен құрылыстың басталуы 2009 жылдың 1 тоқсанына жоспарланып отыр.

2009-2011 жылдарға Тобыл торабының жол өткелдік айырымын дамыту, Железорудная стансасында 3 қабылдау - жөнелту жолды қосымша паркін салу, Шолақсай, Тереңсай, Қызылсай пунктері бойынша үшінші қабылдау - жөнелту жолдарын салу жоспарланып отыр.

2009-2011 жылдарға 7 теміржол вокзалдарын күрделі жөндеуге және ұстауға республикалық бюджеттен 624,7 млн. теңге қаражат қарастыру қажет, оның ішінде ұстауға – 331,6 млн.теңге; Қостанай - Жітіқара ауданаралық (қалааралық) маршрутына облыстық бюджеттен – 149,5 млн.теңге;

әлеуметтік маңызы бар облысаралық, халықаралық қатынас теміржол бағыттарына республикалық бюджеттен қаражат бөлінуі және тізбеге кіруі қажет.

2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда теміржол арқылы жүкті тасымалдау көлемі 5,7 % - ға, жүк айналымы 2,1 % - ға, жолаушылар айналымы 2% - ға, жолаушылар тасымалдауы 1,7 % - ға өседі.

2011 жылы 2008 жылмен салыстырғанда жүк айналымын 7,9% - ға, жолаушылар айналымын 6,1 %-ға, және жолаушылар тасымалдауын 5,1% - ға көбейту көзделеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 86 Жарғысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Транспорт стратегиясы бойынша 2015 жылға дейін аэродром инфрақұрылымын және Қостанай қаласының аэропортының қайта жаңартылуы мен жаңаруы қарастырылған.

«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 шешіміне және 2006-2008 жылдарына арналған Азаматтық авиацияның даму бағдарламасына сәйкес «Казаэропроект» институты «Қолдан жасанды ұшу-қону алаңының қайта жаңарту» жобасын әзірледі. Техникалық-экономикалық негіздеме есебі бойынша жоба ақысы 9275,9 млн. теңгені құрады.

2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда әуежай арқылыөндірілген жүк көлемі 3,3 пайызға, 2011 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 10 пайызға өседі.

2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда әуежай арқылы жолаушыларды жіберу 5,5 пайызға өсіру жоспарланып отыр, 2011 жылы 12,7 пайызға өсуі көзделіп отыр.

3.3.2. 2-шара. Автомобиль көлігін дамыту және автомобиль жолдарын жақсарту жағдайы

Халықтың әл-ауқатының артуы және облыс бойынша ашылып жатқан маршруттар санының өсуі есебінен жүк айналымының, жолаушылар айналымының және жолаушыларды тасымалдау көлемін көбейту жоспарланып отыр.

2009-2011 жылдары облыстың елді мекендерін автобус қатынасымен барынша қамтамасыз ету, автобус паркін кезең-кезеңмен жаңарту жоспарланады.

Болжам бойынша 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда автомобиль көлігімен тасымалдау көлемі 1,4 %-ға көбейеді және 180,7 млн. тоннаны құрайды. Жүк айналымын 2,4 % - ға, жолаушылар айналымын - 1,5 % - ға, жолаушыларды тасымалдауды - 0,2% - ға көбейту жоспарланады.

2011 жылы автокөлік арқылы тасымалдау көлемі 188,8 млн.тоннаны құруы қажет немесе 2008 жылдан 4,5 %-ға артық, жүк айналымын 10,3 %-ға, жолаушылар айналымын – 7,1%-ға, жолаушыларды тасымалдауды 0,6 % - ға көбейту жоспарланып отыр.

Автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту

2009-2011 жылдарға белгіленген жол-жөндеу жұмыстарының негізгі мақсаты – облыстық және аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту және облыс жолдары бойынша тоқтаусыз және апатсыз жүруді қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 423 қаулысымен бекітілген нормативтеріне және «Қостанай облысының 2006-2012 жылдарға арналған автожол саласын дамыту» 2006 жылғы 17 ақпандағы № 286 облыстық маслихат шешімімен бекітілген, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетімен келісілген өңірлік бағдарламасына сәйкес 2009-2011 жылдары ішінде мынадай жұмыстар:

құрылыс, қайта жаңғырту облыстық және аудандық маңыздағы жолдарда – 121,7 км 9,6 млрд.теңге сомасына, оның ішінде республикалық бюджет трансферттері есебінен – 108,2 км 8,2 млрд.теңге сомасына, облыстық бюджеттен – 13,5 км 1,4 млрд.теңге сомасына;

облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын 9,5 км қайта жаңартуын орындау үшін жобалау-барлау жұмысына облыстық бюджет арқылы – 6,65 млн. теңге сомасына;

орташа жөндеу облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына – облыстық бюджет қаражаттары есебінен 2666,7 млн. теңге оның ішінде: автомобиль жолдарын орташа жөндеу - 375,3 км 2619,9 млн.теңге сомасына, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардағы жасанды құрылыстарды орташа жөндеу – 31 дана 46,8 млн. теңге. Облыс бюджеті қаражаты есебінен – 177 км 1239 млн. теңге сомасына, облыстық маңызы бар жолдардағы жасанды құрылыстарды орташа жөндеу – 26 дана 39,2 млн. теңге, облыстық бюджеттің нысаналы трансферттері есебінен аудандық маңызы бар жолдар – 5897,7 км 2568,7млн. теңге сомасына, аудандық маңызы бар жолдардағы жасанды құрылыстар – 5 дана 7,6 млн. теңге сомасына;

облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу, қалпында ұстау мен көгалдандыру – 8106,3 км 3567,3 млн.теңге сомасына, оның ішінде облыс бюджеті қаражаты есебінен облыстық маңызы бар автомобиль жолдары – 2208,6 км 998,6 млн. теңге сомасына, облыстық бюджеттің нысаналы трансферттері есебінен аудандық маңызы бар автомобиль жолдары – 5897,7 км 2568,7млн. теге сомасына атқарылуы қажет.

Республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен «Арқалық-Торғай-Ырғыз» көлік дәлізін және «Арқалық-Торғай» учаскесінің ұзындығы 50 км-ге 3,4 млрд. теңге күрделі жөндеуге 3504,9 млн. теңге қажет, оның ішінде: 2009 жылы – 1093,6 млн.теңге, 2010 жылы – 1203,4 млн.теңге, 2011 жылы – 1207,9 млн.теңге қажет.

Белгіленген іс-шараларды іске асыру облыстағы қолда бар автожолдар желісін техникалық қалпында ұстауға, сондай-ақ жол маңайындағы сервис деңгейін кеңейту мен оның сапасын жоғарылатуға, автожолдарды тұтынушылардың демалыс пен жұмыс жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ автотуризмді дамытуға қолдау жасайды.

3.3.3. 3-шара. Телекоммуникацияны және пошталық байланысты дамыту

Телефондандыру. 2009-2011 жылдарға арналған келесі іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр:

селолық стансаларды одан әрі цифрлендіру:

облыстың аудандық орталықтарында орналасқан стансаларын 100 % цифрлендіру;

елді мекендерді барынша телефондандыру мүмкіндігі;

Интернет жүйесіне жоғары жылдамдықпен жету қызметтерін ұсыну бойынша жаңа технологиялар мүмкіндігін кеңейту;

ISO 9001:2000 халықаралық сапа стандарты жүйесін енгізу жолымен сервистік қызмет көрсету және қызмет сапасын жақсарту.

2009 жылы негізгі телефон аппаратының санын 230556 данаға дейін жеткізу жоспарланып отыр, ол 2008 жылмен салыстырғанда 6 %-ға жоғары, қалааралық, халықаралық байланыс трафигі, жергілікті телефон байланысын 2008 жыл деңгейінде қалдыру жоспарланып отыр.

2011 жылы негізгі телефон аппаратының санын 258392 данаға дейін жеткізу жоспарланып отыр, ол 2008 жылмен салыстырғанда 18,8 %-ға жоғары, қалааралық, халықаралық байланыс трафигін 3,2 % -ға , жергілікті телефон байланыстын 21,3 %- ға көбейту жоспарланып отыр.

Пошта . 2009-2011 жылдары келесі іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр: желіні дамыту, жаңа қызметтерді дамыту арқылы сатуды көбейту, дәстүрлі қызмет көрсету көлемін көбейту, шығындарды азайту, қызметтерді тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыру, МСЖ (менеджмент пен сапа жүйесі) енгізу шеңберінде өндірістік және басқару процестерін оңтайландыру, бақылау мен есепке алуды жетілдіру.

Жазбаша хат-хабар жөніндегі шығыс алмастыру құрылымында 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 10,9 пайызға көбейту көзделіп отыр, ал 2011 жылы 36,7 пайызға.

Зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 15 пайызға, 2011 жылы 1,8 есеге көбейту көзделіп отыр.

Мерзімді басылымдарды жеткізу 2011 жылы 10 млн. данадан астамға көбейеді.

3.4. 4-басымдық. Экономиканы жаңғырту және әртараптандыру

3.4.1. 1-шара. Жылу-энергетикалық ресурстарын және энергетикалық секторды тиімді пайдалану

Тау-кен шығару өнеркәсібі

Өңірлік экономиканың негізгі мақсаттарының бірі өндіру секторының тиімділігін арттыру болып табылады. Қойылған міндет жаңа басымды өндірісіті енгізу, шетелдік және жергілікті инвесторларды тарту және оларды экономиканы әртараптандыруға қатысу есебінен іске асырылады.

Тау-кен өндіру кәсіпорындарында өнеркәсіп өндірісінің көлемін өсіру үшін инвестициялық жобалардың іске асыру жөнінде жұмыс жалғасатын болады.

«ССТӨБ» АҚ құрыштың жоғары сапалы сорттарын өндіруге пайдаланатын құрамында 90 пайыздан кем емес темірі бар металданған өнім шығаратын өндіріс зауытын салу жоспарланып отыр. Аталған өндірісте қызмет ететіндер саны 2700 адамды құрайтын болады, жыл сайын металданған өнімінің өндіріс көлемі 2,4 млн. теңге құрайды. 2010 жылы табақты және сорттық илем өндірісі бойынша зауыт құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бірлестіктің инвестициялық бағдарламасы шикі кен өндіру бойынша кен базасын кеңейту және жаңартуға бағытталған.

«Қостанай минералдары» АҚ 2009 жылдың соңына дейін пневматикалық көлікті күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды жалғастырады; 2011 жылдың соңына дейін асбесті қосымша желдетпелік түтуді орналастыру, пресстерді жаңартуды жүзеге асыру, бұл жұмыстың технологиялық көрсеткіштерін жақсартуға себеп болады. Сондай-ақ 1-2 БелАз авто жүк түсіретін ауыр бульдозерлер, қосалқы мамандырылған техниканы жыл сайын сатып алу жоспарланып отыр.

«Варваринский» АҚ 2009-дан 2011-ға дейінгі мерзімде 4200 мың тонна көлемінде алтын-мыс кенді қайта өндіру қарастырылып отыр.

«Қазақстан-Ресей кен компаниясы» ЖШС Денисов ауданындағы Дрожилов кен орнында молибден және вольфрам барлау мен өндіру жөнінде инвестициялық жобасының практикалық іске асырылуы басталады. Қажетті инвестициялар көлемі 90 млн. АҚШ долларын құрайды, жоба 2011 жылы іске асырылады. Байытушы фабрикасының құрылысы 2008 жылдың аяғына жоспарланып отыр. Жылына 1 млн. тонна кен өндіру жоспарланып отыр. 2010 жылға дейін 3,4 мың тонна молибденді концентрат өндіру қаралуда.

2009-2011 жылдары «Приозерный» кенішінде 1300 мың тонна көмір өндіру жоспарланып отыр, 2009 жылы - 300 мың тонна, ол 2008 жылмен салыстырғанда 3 есе артық.

2009 жылы темір кен өнімдеріне сұраныстың азаюына байланысты тау-кен өндіру саласында өндіріс көлемі 167,4 млрд. теңгеге, немесе 2008 жылға 17,5 пайызға төмендейді. 2011 жылы өндіріс көлемі 290,2 млрд. теңге 2008 жылға өсімі 42,9 пайызды құрайды.

Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы шеңберінде тау-кен өндіру саласында 2009-2011 жылдарда жалпы құны 13,8 млрд. теңге 3 басымды инвестициялық жобалары іске асырылады. Қосымша 1200 жұмыс орындары құрылады.

Электр энергетика саласы

Отын-энергетикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру және қазіргі заманға сай деңгейде оларды тиімді пайдалану облысты әлеуметтік – экономикалық дамытудың маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылады және облыстың экономикалық саясатында басымды болып қала береді.

Осы міндеттерді орындау «Қостанай облысының 2008 – 2015 жылдарға арналған энергия үнемділігі» сияқты өңірлік бағдарламаларды іске асыру арқылы жүзеге асыру жоспарлануда.

Бағдарлама облыс экономикасының энергетикалық тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған, энергияны үнемдеу саясатын іске асырудың стратегиялық мақсаттарын, негізгі міндеттерін, жолдарын және тетіктерін анықтайды және республикалық, облыстық, қалалық бюджеттер мен кәсіпорындар қаражаттарынан 4884,41 млн. теңге көлемінде белгіленген іс – шараларды қаржыландыруды жоспарлауда, оның ішінде:

млн.теңге

Жылдар Барлық қаражат

Республика

лық бюджет

Жергілікті бюджет Кәсіпорындардың қаражаты
Облыстық Аудандық (Қалалық)
2008 407,01 0 50,86 30 326,15
2009 693,84 150 174,14 35 334,7
2010 747,52 673,32 0 35 39,20
2011 1062,84 993,34 0 30 39,5
2012 501,05 464,80 0 30 6,25
2013 501,05 464,80 0 30 6,25
2014 500,05 464,80 0 29 6,25
2015 471,05 464,80 0 0 6,25
Жиыны 4884,41 3675,86 225,00 219 764,55

Бағдарламаны іске асыру:

экономиканың әр түрлі салаларында энергиялық тиімді технологияларды және тұтынушылардың отын-энергетикалық ресурстарының құрал-жабдықтарын кеңінен пайдалану есебінен отын-энергетикалық ресурстарын ұтымды пайдалану жолдарын анықтауға;

энергияны өндірудің және тұтынудың тәртібін оңтайландыруға;

кәсіпорындарды құралдармен және энергия ресурстарының шығындары есебінің жүйесімен жабдықтауды ұйымдастыруға;

энергияның өндірістік емес шығындарын 3-5 пайызға төмендетуді қамтамасыз етуге;

өндіруге және энергияны тасымалдауға отынның үлес шығынын 2 пайызға төмендетуді қамтамасыз етуге;

автоматтандырудың кең мүмкіндігімен үйлестіре отырып, технологиялық процесстерді реттеудің қазіргі заманға сай тәсілдерін қолдану энергетикалық және басқа табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етеді;

шығарылатын өнімнің энергиялық сиымдылығын төмендетуге;

меншікті энергетикалық және соның салдарынан қоғамның өз дамуына материалдық шығындарын төмендету кезінде халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүкіндік береді.

Бірақ 2008 жылы бағдарламаны іске асыруға жергілікті бюджетте қаражат қарастырылмаған. Энергияға бағаның үнемі өсуінің салдарынан шығындануына байланысты энергия үнемдеу технологияларын енгізуге облыстың кәсіпорындарының да, өкінішке орай, қаржылай мүмкіндігі жоқ.

Көмір, су және жел энергиясы сияқты облыстың ішкі энергетикалық қорларын пайдаланатын тағы бір бағдарлама «Қостанай облысының 2008 – 2010 жылдарға арналған электр-жылу энергетикасын дамыту» бағдарламасы болып табылады.

Облыстағы көмір бассейнінің геологиялық қоры 35,5 миллиард тоннаға бағаланады. Кен орындарын әр бөлшегіне дейін зерттеген «Уралгипрошахт» институтының жұмыс нәтижелері бойынша жылына жалпы өнімділігі 119 млн. тоннаны құрайтын алты ірі көмір өндіретін кен орындары құрылысын жүргізуге мүмкіндік бар.

Көлемі көрсетілген көмірді өндіру жалпы қуаттылығы 20 мың МВт құрайтын электр станциясын отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоспарланған алты көмір өндіретін кен орындарын бүгінгі күні ішінара тек біреуі ғана игерілген - «Приозерный». 1990 жылы «Уралгипрошахт» институты жылына қуаттылығы 2 млн. тоннаны құрайтын, болашақта оның өнімділік қуаты 10 млн.тоннаға дейін жететін, қуаттылығы 2000 МВт құрайтын электр станциясын отынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін «Приозерный» кен орны құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін жасады.

Бүгінгі таңда «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ облыстың электрмен жабдықтау мәселесін шешуге мүмкіндік беретін Торғай қоңыр көмір бассейнінің көмірін пайдалана отырып, қуаттылығы 2000 МВт болатын техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу үшін және Құсмұрын ГРЭС-ін салу үшін әлеуетті инвесторларды іздеу бойынша жұмыстар жүргізуде.

Рудный ЖЭО қуаттылығы 63 МВт қосымша энергоблокты қосу есебінен 2009 – 2011 жылдарға арналған әлеуметтік – экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарының жобасында электр энергиясын 2010 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 34 пайызға арттыру болжанған.

3.4.2. 2-шара. Экономика секторларының индустриялдық-инновациялық дамуы

Кластерлік даму

«Экономиканың басымдылық берілген секторларында ұшқыр кластерлер құру және дамыту жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысына сәйкес облыс «Тамақ өнеркәсібі» кластерінің «Қостанай облысында сүт кластерін құру» ұшқыр жобасына кірді.

«Қостанай облысының сүт кластері» пилоттық кластерін құру және дамытудың 2010 жылға дейінгі нақты шараларын шешуді қарастыратын іс шаралар жоспары әзірленді.

Сүт кластерінің негізгі қатысушылары белгіленді. Ауылшаруашылық тауар өндірушілері және қайта өндеу кәсіпорындарының қатысуымен ауыл жинау-сату бірлестіктерін құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Кластерге қатысушылардың («ДЕП», «Космис», және «Милх» ЖШС-тері және басқалары) сүт өнімдерін (құрғақ сүт, ірімшіктер, ашытылған сүт өнімдері – йогурт, ерітілген ірімшік, пастерленген сүт, сарны май, қоюлатылған сүт) ішкі және сыртқы өткізу рыногына бірдей тұрақты түрде үзіліссіз жеткізуге мүмкіндіктері бар.

Облыс сол сияқты республиканың астықты қайта өңдеу кластерінің қатысушысы болып табылады.

Облыстың ұн тартушы бірқатар ірі кәсіпорындарын («Асалия», «Мелькомбинат», «Алтын мақсат», «Қазагротрейд», «Сұлу», «Диев» ЖШС-тері) қосымша жарақтандыру мен жаңғырту астық өңдеу кластерінің қалыптасуы мен дамуына, аграрлық өндірісті әртараптандыруға ықпалын тигізеді.

2011 жылы астық өңдеу және сүт кластерінің шеңберіндеауылшаруашылық тауар өндірушілері және қайта өндеу кәсіпорындары арасында өзара ұтымды, тиімді, нәтижелі қатынасқа жетеді.

Бизнес инфрақұрылымын дамыту

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бағдарлама шеңберінде мал шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарынан алыс тұрған аудандарда ауылшаруашылық өнімдерін жинау және сату бойынша бірлестіктерді құру және несиелеу бойынша ауыл тұтынушы кооперативтер құрылады.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін кешенді зерттеуден өткізу үшін «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» ААҚ» ҚФ сынақ орталығының зертханаларын жаңғырту және қосымша жарақтандыру жоспарлануда.

Коммуникация мен көлік таралымдыры дамыған, Ресеймен шекаралық сауда-саттық жүргізуге және басқа да елдердің рыноктарына шығуға мүмкіншілігі мол облыс орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі көтерме базары ұйымдастырылатын болады.

2001 жылы өсу күтіледі:

қолдан ұрықтандыру пункттерінің саны 10 бірлікке өсіп, 160 болады, бұл қолдан ұрықтандырумен жеке сектордағы ірі қара аналық басын маңызды өсіруіне және ауыл шаруашылық малдың генетикалық әлеуетін және олардың өнімділігін көтеруге мүмкіндік береді;

мал сою пункттері 15 бірлікке көбейіп, 90-ға жетеді, бұл халықаралық стандартына сәйкес етті сатуға мүмкіндік береді.;

өлексе қорымдары 15 бірлікке көбейіп, 320-ға жетеді, бұл облыстың эпизоотикалық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Технологиялар мен инновацияларды дамыту

2009-2011 жылдары облыстың технологиялық саясаты инновациялық процестерді белсендіруге, жаңа технологияларды енгізуге, жаңа технологиялық өндірістерді игеруге бағытталатын болады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар Қазақстанда және өзге елдерде жұмыс істейтін ғылыми орталықтары мен институттармен бірлесіп технологиялық процесстерді жетілдіруіне бағытталған зерттеулер мен жобаларын дамыту бойынша жұмыстарды жалғастырады.

«Агромаш-холдинг» акционерлік қоғамы инвестициялық жаңа жобаларды (қозғалтқыш жасау және ауыл шаруашылығы мен жол құрылысы техникалары және мұнай-газ саласы үшін жабдықтарын құрастыру өндірісі, GAZ Group (Россия) бірлесе отырып дизельдік қозғалтқыш жасау жөніндегі инжирингілік орталық құру) іске асыру үшін қозғалтқыш жасау ауқымына «AVL» (Австрия) инжинерингілік компания кірістірді.

ДГП «ЦелинНИИМЭСХ» ЕМК жаңа машиналарды жасау және сынақтан өткізу, отандық шығарушы заводтарға конструкторлық құжаттарды беру жөніндегі инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қатынасады, мұндай жобалардың жалпы жұмыс көлеміндегі үлесі 10-13 %-тің маңында. Кәсіпорын Әлемдік банкі және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашлығы министрлігі қаржыландырған «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге сайлығын арттыру» инвестициялық жобасына қатынасты.

Жер өңдеудің ылғал сақтағыш жүйе – Солтүстік –Батыс А/Ш ҒӨО негізгі жаңа әзірлемесі. Бұл астық өнімдерін күту технологиясы жерді минималдық және нөлдік өндеу жүйесімен, облыстың әр агро-экологиялық алқаптарында пайдалануға бейімделген.

Болашақта ылғал сақтағыш технологиясын енгізу алаңдарын ары қарай өсіру жоспарланған.

Мал өнімдерін өндіру және қайта өндеу бойынша қазіргі уақытқа сай европалық озық технологиялар енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Федоров ауданының «Тұрар» ЖШС «Елочка» Евро класс - 400 типті сауу залын (Француз компаниясының өндірісі «Вестфаль- Сердж») пайдаланыла бастады. Осы кәсіпорынның болжамды жобасы – болашақ жылдарда саулатын сиырлардың 1800 басқа дейін қуатын жеткізу.

Таран ауданының «Викторовское» ЖШС ағымдағы жылдың «Импульс –Көкшетау» ЖШС-нде жөнделген неміс компаниясының жаңа сүт жабдығын пайдалануға енгізді.

«Жас канат 2006» ЖШС жұмыртқалы тауықтарды ұстау үшін жаңа жабдықты қайта құру және жөндеу жұмыстарын жасап жатыр.

Үш құс қорада жабдық жөнделген, екеуінде - тауық ұстау үшін, біреуі – балапандар үшін. Технологиялық жабдықтың жөндеуін Украина «Техно» өндірістік бірлестігі- ТМД-да құс ұстау үшін жабдықты шығару және сату бойынша озаттардың біреуі жасайды. Осы жұмыртқалайтын 300 мың тауық құс фабрикасының қуаты 2008 жылдың соңына дейін игеріледі.

Ет өндіру бойынша «Халал» технологиясының сертификатын «Шаллер» австриялық фирманың жабдығымен автоматизацияланған мал сою кешені қойылған «Карасу» ЖШС СӨК алды.

Осы кәсіпорындарда технологиялық жабдықтан басқа ұстау, тамақтандыру технологиясы және есепке алу жүйесінің компьютерлік базасы бар.

«ҚазАгроФинанс» АҚ арқылы технологиялық жабдықты сатып алу үшін сүт өндіру кәсіпорындарымен «ДЕП» және «Милх» ЖШС-тері шарттар жасайды.

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру бойынша даму институттарының перспективалық жобалары

Облыста ортамерзімдік кезеңде мемлекеттік даму институттар компаниясы басқаратын «Қазақстан даму банкі» АҚ, «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ, «Ұлттық инвестициялық қоры» АҚ, «Казинвест» АҚ, «ДАМУ» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ сияқты даму институттармен ынтымақтастық жөнінде жұмыс жалғасуда.

«Қазақстан даму банкі» АҚ-нан 9,5 млн. АҚШ доллары сомасында толық қаржыландыруды алғаннан соң «Казхимволокно» ЖШС 2009 жылы «Арникс» өнімін шығаруға кіріседі.

«АгромашХолдинг» АҚ ҚФ Қостанай дизель зауытында астық жинау комбайндар және дизелді қозғағыш өндірісі бойынша жұмысын жалғастырады және жол-құрылыстық техникасының өндірісіне кіріседі.

3.4.3. 3-шара. Өңдеу өнеркәсібін дамыту

Барлық өндеу өнеркәсіп салалары үшін жалпы мақсат бәсекеге қабілетті өндірісті жасау, жұмыс істейтін кәсіпорындардың өнімділік және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып саналады.

2009 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі өнім өндірісін 122,8 млрд. теңгеге немесе 2008 жылдың деңгейіне 121,6 пайызға, 2011 жылы – 151,5 млрд. теңгеге немесе 2008 жылғыдан 50,0 пайызға арттыруға жеткізу жоспарланып отыр.

Азық-түлік өнеркәсібі. 2009-2011 жылдары азық-түлік өнеркәсібінде сапаның өсуі, қолданыстағы қуаттылықтарды толық пайдалану, жаңа өндірісті енгізу, өнім ассортиментін кеңейту мақсаты қойылып отыр.

2009 жылы өнеркәсіп өнімнің жоспарланған көлемі 66,2 млрд. теңгені құрайды, немесе 2008 жылмен салыстырғанда 8,5 пайызға өседі, 2011 жылы өсім 2008 жылмен салыстырғанда 30,3 пайызды құрайды, өнеркәсіп өнімінің көлемі 79,5 млрд. теңгеге жетеді.

Азық-түлік өндірісінде басымдылықтар ауылшаруашылық шикізатын қайта өндеуді тереңдетуге беріледі.

«ДЕП» ЖШС шығарылатын өнім ассортиментін кеңейту, балмұздақ өндірісі бойынша цехты қосу жоспарлап отыр.

«Фирма «Арасан» ЖШС 2008-2010 жылдарда сағатына 22400 бөтелке сыра құю қуаттылығы бойынша жаңа цех құрылысы жоспарланып отыр. Осы цехтің құрылысы сыраның сапасын және беріктігін жақсартуға себеп болады. Цех Германиядан әкелінген жабдықты қолданудың жаңа технологиялары бойынша салынуда.

«Фирма «Арасан» ЖШС Рудный филиалы алкогольсіз сусындардың өндірісі және құю бойынша неміс технологияларын сатып алуды жоспарлап отыр.

«Арай – 91» ЖШС бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жаңа өнім түрлерін, соның ішінде «Ключевая» минералды суын игеруді жоспарлауда. «Сувенирный» алкогольді өнімін құю және квас құю бойынша жаңа желілер құрылысы жоспарланып отыр. Барда кептіру өндірісі бойынша жобасының іске асырылуы жоспарлануда. Жоба спирттік өндіріс қалдықтарын жою және ірі қара мал үшін құрғақ ақ уызды-көмірсутекті жем өнімін алуды қарастырып отыр.

«Милх» ЖШС сүтті қайта өндеу зауытының құрылысы бойынша жұмыс жалғасуда, «Содружество» ӨСК» ЖШС рапс майы өндірісін жоспарлауда.

«Дина» ЖШС «Инженерлік коммуникациялар құру, сүтті қойыту және құрғату цехін жаңарту және іске қосу» инвестициялық жобасын іске асыру барысында жұмыс атқарылуда. Осы жобаны іске асыру нәтижесінде сүтті тәуліктік қайта өндіруді 50-ден 100 тоннаға дейін өсіру және майсызданған құрғақ сүтті жылына 600 тоннаға дейін өндіру қаралуда.

Машина жасау. 2009 жылы машина жасау өнеркәсібіндегі өнеркәсіп өнімнің көлемі 16,6 млрд. теңгені құрайды немесе 2008 жылмен салыстырғанда 28,4 пайызға, 2011 жылы – 24,8 млрд. теңге немесе 2008 жылға 191,3 пайызға өседі.

2009-2011 жылдарда машина жасау саласында өндірістерді жаңарту жалғасады және бәсекеге қабілетті өнімді шағыру ретке келтіріледі. «Дормаш» ЖШС ауыл шаруашылық техниканы жөндеу бойынша техника өндірісін қайта жабдықтауға бағытталған іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр, оның шеңберінде БИС бидай тазалау құрылғысын шығару белгіленген. Жобалық құжаттама әзірленді, мачталық көтергіштерінің тәжірибелі үлглерін шығару басталды, электрөлшеу лабораториясының қызмет көрсету спектрін кеңейту жоспарлануда.

4 машина жасау кәсіпорындары («АгромашХолдинг» АҚ ҚФ, «Агротехмаш» АҚ, «Трансремвагон» ЖШС және «Болашак А» ЖШС) ИСО-9001-2000 және ИСО 9001-2001 сәйкестік сертификаттарына ие.

2 кәсіпорын («Дормаш» ЖШС және «Экспо» ЖШС) ИСО-9001-2000 жүйесінің талаптарына сәйкестігінің халықаралық сапа стандарттарына көшу бойынша жұмыс жүргізуде.

Металлургия. 2009 жылда металлургия саласындағы өнеркәсіп өнімінің жоспарланған көлемі 20,9 млрд. теңгені құрайды, немесе 2008 жылмен салыстырғанда 2 есе өседі, 2011 жылы - 22,4 млрд. теңге немесе 2008 жылдан 2,1 есе артық.

Таран ауданындағы «Варваринское» АҚ кәсіпорынымен 2009 жылдан бастап «Доре» қорытпасы жыл сайын 6 тонна, Жітіқара ауданындағы «Метал-Трейдинг» ЖШС 2009 жылы – 874кг, 2010 жылы -1538 кг, 2011 жылы - 2448 тонна өндіріледі.

2009 жылы «Caspian Engineering Group» компаниясы жылына 600 мың тонна қуаттығы бар сорттық илем өндірісі бойынша жобаны іске асырады, жыл сайынғы өндіріс көлемі 210 млн. АҚШ долларын құрайды. Жобаның құны 158 млн. АҚШ долларына бағаланып отыр.

«Музбель» серіктестігі 2010 жылы никельді кен өндіру жобасы шеңберінде 0,7 мың тонна гидро тотығында никель өндіреді. Жобаның құны 82,3 млрд. теңге. 1000 жұмыс орны құрылады.

2008 жылда металлургия өнеркәсібіндегі өндіріс көлемін 15,3 млрд. теңгеге дейін немесе 2007 жылдан 4,6 есе артық, ал 2010 жылға өндіріс көлемін 2007 жылға 5,4 есе өсіру жоспарлануда.

Текстильді және тігін өнеркәсібі. 2009 жылы өнеркәсіптің осы саласында өндіру көлемі 2140 млн. теңгені құрайды, немесе 2008 жылдың деңгейіне 106,7 пайыз, 2011- 2478 млн. теңге немесе 2008 жылдан 23,6 пайызға артық.

Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында («Большевичка» ЖШС, «Техноткань» ЖШС және басқалар) өндірілген өнім ассортиментін кеңейту, сондай-ақ жетілген нәтижелерді бекіту бойынша жұмыс жалғасады.

«Қостанай байпақты аяқ киім фабрикасы» ЖШС өнімнің жаңа түрін әзірлеу үшін тәжірибелік учаске ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Тері, теріден жасалған өнім және аяқ киім өндірісі. Осы өнеркәсіп саласының кәсіпорындары 2009 жылы 1000 млн. теңге сомасында өнім өндіруді жоспарлауда немесе 2008 жылдан 5,2 пайызға артық, 2011 жылы – 1160 млн. теңге, немесе 2008 жылға 122,1 пайыз.

«Алпамыс» аяқ киім фабрикасы» ЖШС күш құрылымдар және жұмыс мамандықтары үшін арнайы аяқ киім шығару бойынша жұмысы жалғасуда.

Ағаш және ағаштан жасалған өнімдерінің өндірісі. 2009 жылы өнеркәсіптің осы саласында 452 млн. теңге сомасында өнім өндіру жоспарлануда, бұл 2008 жылдың деңгейіне 108,1 пайыз, 2011 жылы – 520млн. теңге немесе 2008 жылға 24,4 пайызға артық.

Целлюлозды-қағаз өнеркәсібі. 2009 жылы өнім көлемі 3260 млн. теңгені құрайды немесе 2008 жылдың деңгейіне 106,9 пайыз, 2011 жылы - 3760 млн. теңге, бұл 2008 жылдан 23,3 пайызға артық. 2009-дан 2011-ге дейінгі жылдарда «Айгерім» ЖШС жыл сайын 18963 мың шаршы метр тұсқағаздар шығаруды жоспарлап отыр. 2008 жылға өсім 3 пайызды құрайды.

Химия өнеркәсібі. Химиялық өнеркәсібінде 2009 жылы «Казхимволокно» ЖШС-да инвестициялық жобаны іске асыруының арқасында өнім шығаруды ұлғайту байқалатын болады. Осы өндіріс метаарамидті өнім шығару бойынша жұмыс жасайтын Дюпон (АҚШ) және Тейджиннен (Жапония) кейін әлем бойынша үшінші және өнім өндірісінің қуаттылығы бойынша екінші орынды алатын болады. Бәсекеге қабілетті өнім жасау үшін әлемдік инновациялық технологиялары және ғылыми-техникалық әзірлеулер қолданылады.

Өндіріс көлемі 2009 жылы 1,6 млрд. теңгені құрайды, бұл 2008 жылдан 7,6 есе артық, 2011 жылы өнімді 4 млрд. теңгеге шығару жоспарланып отыр, бұл 2008 жылдың көлемінен 19 есе артық.

Өндеу өнеркәсібінің басқа да салаларын дамыту. 2009 жылдан 2011 жылға дейін өндеу өнеркәсібінің басқа да салаларының кәсіпорындары бойынша өсу қарқыны жылына 10 пайыз деңгейінде сақталады.

«Док-мебель» ЖШС (Рудный қ.) 2008-2011 жылдары «Ағаш өнімінің өндірісін жаңарту» атты инвестициялық жобаның 2-ші және 3-ші кезеңдері іске асырылуы жоспарлануда. Осы жобаны іске асыру өндіріс көлемін жылына 80 млн. теңгеге дейін жеткізуге жол береді.

Корпустық жиһаз жасайтын жергілікті өндірушілер болашақта шығаратын өнімін кеңейту және сапасын жақсарту, сондай-ақ өндіріс көлемін өсіру бойынша жұмыс жалғастыратын болады.

3.4.4. 4-шара. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту

Облыстың материалдық өндірістің озат саласының бірі ауыл шаруашылығы болып табылады.

Ауыл шаруашылығындағы шаруашылық жүргізудің негізгі түрі шаруа қожалықтары болып табылады, олардың ауылшаруашылық құрылымының жалпы санының үлесі 91,6 пайыз, немесе 6343. Жалпы саны 6924.

2011 жылы агроөнеркәсіп кешенінде: ресурс сақтағыш агротехнологияны игеру бойынша, жергілікті биоэнергетикалық ресурстарды толығымен пайдалану есебінен топырақтың құнарлылығын сақтауға демеу жасау, өсімдіктердің жергілікті жағдайларға ыңғайланған жоғары түсімді жаңа сорттарын енгізу жұмыстары жалғаса береді;

егіс алқаптары құрылымын жетілдіру, табиғи-климаттық ерекшеліктерге сәйкес әртүрлі сорттардың арақатынасын оңтайландыру жалғасады;

егін шаруашылығын әртараптандыру мақсатында ауыл шаруашылығының бәсекеге лайық дақылдарының, бірінші кезекте майлы дақылдардың алқабы ұлғаяды. 2011 жылға құрылымдағы рапс егістігі 120,2 мың гектардан кем болмайды. Құрылған «Рапс өндірушілер ассоциациясы» бұған оң ықпал етпек (рапстың майлы дәнін қайта өңдеу заводының құрылысы);

2011 жылға топырақтың құнарлылығын көтеру үшін минералды тыңайтқыштарды сіңіру көлемі 60 мың тоннаға дейін ұлғаяды, ол негізінен азотты тыңайтқыштардың көлемін ұлғайту есебінен болмақ;

2011 жылы мал шаруашылығы өнімдері мен шикізатын өндіру көлемі өседі: ет 149,6 мың тоннаға дейін, 2008 жылға шаққанда 4,5 %-ке; сүт 651,70 мың тоннаға дейін, 4,6 %-ке; жұмыртқа 419,8 млн. данаға дейін, 7,1 %-ке; жүн - 0,51 мың тоннаға, 6,3 процентке.

мал басының саны өседі: ірі қара мал 569,9 мың басқа дейін, 2008 жылға 4,5 %-ке; оның ішінде сиыр 276,4 мың басқа дейін 4,5 %-ке), қой-ешкі 327,9 мың басқа дейін (4,8 %-ке), шошқа 309,6 мың басқа дейін (5,5 %-ке), жылқы 79,5 мың басқа дейін (3,9 %-ке), құс 4291,6 мыңға дейін (6,4 % ке);

асыл тұқым санатындағы шаруашылықтардың саны 160-ға жетіп, 10 бірлікке көбейеді;

облыстың машина-трактор паркін 1400 тракторға (5,4 %), 1750 астық комбайнына (16,9 %), 3150 (13,6 %) тұқым сепкішке және басқа да ауыл шаруашылығы техникаларына жаңалау жоспарланады. Шаруашылықтарда, әсіресе ауыл шаруашылығының ірі құрылымдарында 10-18 метрді қамтитын кең алымды тұқым сепкіштерге сұраныс жылдан жылға өсіп келеді, оны сатып алу өсетін болады;

дайын өнімнің сапасын сақтау үшін осы заманғы орау-қаптау материалдары кеңінен пайдаланылады;

жеміс-көкөніс қоймаларын қайта құрастыру жүргізіліп, қосымша қуаттар («Тэрра» ШҚ, сиымдылығы 3 000 тонна) пайдалануға беріледі;

«Ирина және К», «ДЕП», «Милх», «Дина», «Сарымай» ЖШС-терінде технологиялық жаңғырту жұмысы және өндірісті жарақтандыру жүргізу қаралуда. 2011 жылдың соңына сүт, ет, балық, тері, жүн, астық дайындайтын 11 дайындау-өткізу бірлестіктері жұмыс атқарады.

2011 жылдың аяғында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 20 кәсіпорындарда ИСО халықаралық сапа жүйесінің стандарттары енгізіледі. Батыс Қазақстан мен Ресей Федерациясының шекаралық аймақтарына мал өнімдерін қою жөнінде келісімдерге қол жеткізілетін болады.

3.4.5. 5- шара. Сыртқы экономикалық қызмет

Орта мерзімдік кезеңде, сыртқы сауда саясаты облыстың бәсекеге қабілетті экономикасын құруға бағытталады. 2009 - 2011 жылдарына сыртқы экономикалық іс-әрекеттің басымды бағыттары:

Ресей Федерациясы, Қытай және әлемнің басқа елдерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту;

тауарлардың (темір кені, асбест, бидай және ұн) сыртқы нарыққа экспорттық жеткізілімдерінің өсу серпінін және сауда балансының оң айырмасын сақтау;

экспорттың жалпы көлемінде шикізаттік емес бағытындағы өнім экспортының үлесін арттыру;

облыста жетекші салаларда, әсіресе қайта өндіру өнеркәсібіндегі бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді жаңарту және реттеу;

Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі өңірлік бағдарламасында қарастырылған міндеттерді шешу;

Қолда бар сату рыноктарын іздеу және жаңаларды кеңейту;

Қазақстаннын ӘСҰ-на ену жағдайында ИСО-9000 және 14000 халықаралық стандарттарына сәйкес сапа жүйесін енгізу және сертификаттау;

жаңа технологияларға және ғылымның озық жетістіктеріне сәйкес келетін тауарларды импорттау.

Күтілетін нәтижелер. 2009 жылға арналған болжам 2008 жылға 94,6 пайыз өсу қарқыны бар сыртқы сауда айналымы көлемін 2951,7 млн. АҚШ долларына дейін өсіруді қарастырады. 2010 жылға сыртқы сауда айналымы 3060,8 млн. АҚШ долларына дейін өседі, 2009 жылға өсу қарқыны 103,7 пайызды құрайды. 2011 жылы – 3383,2 млн.АҚШ доллары немесе 2010 жылға 110,5 пайыз.

Дүниежүзілік рынокта тау кен өнімдеріне сұраныстың төмендеуіне байланысты экспорт көлемі 2009 жылы 1897,6 млн. АҚШ доллары сомасында жоспарланады, немесе 2008 жылмен салыстырғанда 9 пайызға төмендейді, 2010 жылы экспорт көлемі 1980,3 млн. АҚШ долларды құрап, немесе 2009 жылмен салыстырғанда 4,4 пайызға өседі, 2011 жылы – 2270,3 млн. АҚШ доллары немесе 2010 жылмен салыстырғанда 14,6 пайызға өседі.

Экспорт әлеуетінің құрылымында ең үлкен үлес тау кен өніміне (50 пайызға дейін), нан (25 пайыздан жоғары), ұн тарту-жарма өніміне (18 пайызға дейін) және асбест (2,5 пайызға дейін) келеді. Ауыл шаруашылығы шикізатының қайта өңдеуін көбейту нәтижесінде ұн жеткізілімдері көбейеді.

2009 жылы импорт 1054,1 млн. АҚШ доллары сомасында болжамдалады немесе 2008 жылға қарағанда 102 пайыз, 2010 жылы – 1080,5 млн. АҚШ доллары немесе 2009 жылмен салыстырғанда 102,5 пайыз, 2011 жылы – 1112,9 млн. АҚШ доллары немесе 2010 жылға қарағанда 103 пайыз. 2009 - 2011 жылдары ішінде импорт түсімдерінің өсуі бір жылда орташа алғанда 26,5 млн. АҚШ долларына немесе 2,6 пайызға болжамдалады.

Импортты көбейту мұнай өнімдерін, көлік құралдарын, машина және жабдықтарды, резина-техникалық бұйымдарын сатып алу есебінен жоспарланады, ол облыста өндірілмейтін тауарларды сырттан әкелу және облыстағы өнеркәсіп өндірісінің жағымды қарқынын көрсетеді: фармацевтикалық өнімдер, тұрмыстық техника.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауындағы бағыттарға сәйкес облыстың сыртқы экономикалық қызметінде Ресеймен және Қытаймен стратегиялық әріптестік, сондай-ақ Еуропалық Одағы және Орта Азия елдерімен сыртқы экономикалық ынтымақтастық басымды болып қалады.

3.4.6. 6-шара. Құрылыс индустриясын салу және дамыту

Құрылыс индустриясы дамуының басымдылық міндеті цемент, жылуоқшауланған және жамылтқы метериалдар, қаптамалық кірпіш, линолеу, бояулар, керамикалық тақталар және өзге қажетті құрылыс материалдарын шығаруды ұйымдастыру болып табылады.

Жоспарланған кезеңге көзделген мақсаттар мен міндеттерге құрылыс материалдарының, бұйымдар мен құрылымдардың өнеркәсібін дамыту жолымен жетеді.

Іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар:

байыған және іріктелген құмды өндіру желісі. Жоба Қарабалық ауданының «ПФ Қостанай –щебень» ЖШС базасында іске асырылады. Желі анықталды, құмды байыту бойынша құрылымға 9,0 миллион теңге игерілді, өнімге сұраныстың болмауына байланысты жобаны іске асыру тоқтатылды;

Денисов ауданының «Шекубай» ЖШС базасында цемент зауытын салу. Жобаның құны 135,0 миллион АҚШ долларына бағаланады. Цемент шикізатын өндіруге келісім-шарт жасалды, зауыт құрылысының ТЭН-і құрастырылып жатыр, қойнауды пайдалануға акт қол қою сатысында;

Денисов ауданының «Қостанайкальцпром» ЖШС базасында цемент зауыты құрылысының жоба құны 100,0 миллион АҚШ доллары. Шекубай цемент шикізат кен орнының телімінде қойнауды пайдалануға келісім-шарт жасалды. Шикізатты жартылай өнеркәсіптік сынақтан өткізді және ол оң қорытынды берді, зауытты жобалау келісім-шарты қол қою сатысында;

Городище кен орнында «Тас-Құм-Қостанай» ЖШС базасында кварц диориттерін өндіру. Әрі қарай қиыршықтасты өндіру үшін тасты сынама өнеркәсіптік өндіру басталды, 2007 жылы 60 тонна құрылыс тасы өндірілді, темір жол тармағын салу үшін жобаны жобалау және оған келісім жасау жұмыстары жүргізіліп жатыр;

Қарабалық ауданында «Концерн Найза-Құрылыс» ЖШС базасында керамика қаптайтын кірпіш, отқа төзімді және қышқылға төзімді кірпіш, қаптайтын керамика тақтайша, керамикалық канализациялық құбырлар, черепица, санфаянс өндіретін зауыттар кешенін салу, жоба құны 45,0 миллион АҚШ доллары. Бизнес-жоспар әзірлеу сатысында, жер телімі кесіп берілді, жабдықтар жеткізу шартына қол қойылды;

«Пластстандарт» ЖШС базасында полиэтилен құбырларын шығару. 2007 жылдың наурызында 16-1100 мм диаметрлі құбырларды өндіру бойынша желі басталды және анықталды, екінші желіні орналастыру жүргізіліп жатыр.

Тиімді құрылыс материалдарын шығаруды және жаңа технологияларды енгізуді әрі қарай дамыту үшін көзделеді:

«Әйгерім» ЖШС-да винилдік тұсқағаздар өндірісінің қуаттылығын арттыру;

«БК-Строй», «ТоболКерамик» ЖШС, «Тогай группа» ЖШС, «Торан» ЖШС-да тиісті стандарттарға сәйкес бәсекеге қабілетті қаптама кірпіш шығару;

ғимараттардың сыртқы көрінісі, конструкциялардың ұзақ мерзімге төзімділігі мен қажетті жылу техникалық сипаттамалар сияқты өзекті мәселелерді шешу үшін «жеделдеткіш қасбеттер» жүйесін енгізу;

«Стеклоцентр» ЖШС базасында құрылыста қорғаныш және қауіпсіз әйнектеуді қолдану және дайындау;

Болжалды шараларды орындау және озық технологияларды енгізу, тиімді энергия қорын сақтау жүйелеріне көшу облыстың құрылыс индустриясын әрі қарай дамытуына жағдай жасайтын болады және 2011 жылы өз өндірісі есебінен құрылыс өнімі импортынының көлемін төмендетуге себеп болатын евростандарт талаптарына жауап беруші құрылыс конструкцияларымен және материалдарымен объектіні қамтамасыз етеді.

3.4.7. 7- шара. Техникалық реттеу және метрологияны дамыту

Халықаралық сапа стандарттарын енгізу облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарына ішкі және сыртқы рынокқа халықаралық стандарттарға сай өнімді жеткізуге жол береді.

2008 жылдың 1 қаңтарына дейін облыстың 47 кәсіпорнында сапа менеджменті жүйесі енгізілді, 15-інде жұмыс жүргізілуде.

ИСО 9001-2000 сәйкес сертификаттарына ие: «ССТӨБ» АҚ, «Костанайские минералы» АҚ, «ДЕП» ЖАҚ, «Арай-91» ЖШС, «Имстальком» Рудный металлконструкциялар зауыты» АҚ филиалы, «Космис» ЖШС, «Сосновый бор» ЖШС, «Өркен» ЖШС Лисаков филиалы, «Әйгерім» ЖШС, «АгромашХолдинг» АҚ ҚФ, «Агротехмаш» ЖШС, «Арасан» фирмасы» ЖШС және басқада өнеркәсіп кәсіпорындары.

ИСО 9001-2000 сапасын басқару жүйесін енгізу бойынша жұмысын «Костанайские минералы» АҚ, (экологиялық менеджмент жүйесі), «Экспро» ЖШС, «SAPA-K» ЖШС, «Аргумент» ЖШС, «Дормаш» ЖШС, «Костанайский мелькомбинат» АҚ (азық-түлік қауіпсіздігі менеджменті жүйесі) және басқалары жүргізеді.

Семинарлар және «дөңгелек үстелдер» отырыстары ұйымдастырылды және өткізілді, ИСО 9000, 14000, ХАССП жүйесі негізінде ХСЖ енгізу және сертификаттау мәселелерінің тұрақты негізінде баяндалуын қамтамасыз етіледі. Жыл ішінде 18 семинар, 112 «дөңгелек үстел» өткізілді.

Облыстың кәсіпорындарына сапа менеджменті жүйесін енгізу мәселелері жөнінде практикалық және әдістемелік көмек көрсетілді.

2008 жылға Қостанай облысының стандарттау бойынша жұмыс жоспары және Қостанай облысының кәсіпорындары және ұйымдарымен 2008 жылға ИСО 9000, OHSAS 18001, НАССР, SA 8000 сериялы халықаралық стандарттар негізінде сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша жұмыс жоспары әзірленді.

4. 2009-2011 жылдарға арналған жергілікті бюджетті пайдаланудың негізгі бағыттары

Орта мерзімді кезеңде өткізілетін саясат бюджеттік шығындардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға бағытталады.

Қостанай облысының 2009 - 2011 жылдарға арналған бюджет шығыстары құрылымында басымды бағыттар:

денсаулық сақтау мен білім беруді дамыту;

әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету;

индустриалды-инновациялық дамыту;

агроиндустриалдық саясатты іске асыру;

тұрғын үй саясатын іске асыру;

қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру;

көлік-коммуникациялық кешенін дамыту болып табылады.

Бюджетті қалыптастыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 678 қаулысымен бекітілген жергілікті бюджет жобаларын әзірлеу ережелеріне сәйкес, Бірыңғай бюджеттік топтамасына сәйкес келетін функционалдық белгілері бойынша жүзеге асырылды.

2009-2011 жылдарға арналған облыс бюджетінің болжамы

Атауы

2008 жыл, баға (респуб-ликалық бюджеттен алынған трансферттер-ден шегеру) мың теңге 2009 жыл, мың теңге 2010 жыл, мың теңге 2011жыл, мың теңге
КІРІСТЕР 58954422 6 5296003 76500683 91117823
оның ішінде
салықтар мен жиындар 25293418 27574137 31236624
республикалық бюджеттен субвенциялар

33661004

37721866 45264059
ШЫҒЫСТАР 60675005 6 5296003 7 6500683 91117823
оның ішінде
ағымдағы шығындар 53613605 57363328 67328211 81663217
даму бюджеті, о.і. 7061400 7932675 9172472 9454606

Орта мерзімді кезеңге арналған Қостанай облысы бюджетінің шығындары мынадай көлемде болжамданады: 2009 жылы – 65296 млн теңге, 2010 жылы – 76500,7 млн. теңге, 2011 жылы - 91117,8 млн. теңге.

Мемлекеттік бюджет шығыстарын болжамдау барысында Мемлекет басшысының «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік басқармалар және мекемелер қызметкерлерінің жалақысын 2009 жылы және 2010 жылы 25 пайызға, 2011 жылы 30 пайызға арттыру бөлімінде айтылып өткен тапсырмаларды іске асыруға арналған шығыстар ескерілді.

2009 - 2011 жылдарға арналған облыстық бюджет шығындарын болжау кестеде көрсетілген.

2009 - 2011 жылдарға арналған облыстық бюджет шығындарын болжау

Атауы 2008 жылғы жоспар,баға 2009жыл 2010 жыл 2011жылүлес, %
сома, мың теңге үлес, % сома, мың теңге үлес, % үлес, % үлес, %
БАРЛЫҒЫ 60675005 100 65296003 100 76500683 100 91117823 100
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер 3176550 5,2 3101852 4,8 3677126 4,8 4573626 5,0
Қорғаныс 147564 0,2 153466 0,2 164779 0,2 192149 0,2
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі 2586013 4,3 3083706 4,7 3829004 5,0 5243690 5,8
Білім беру 20202473 33,3 23240351 35,6 27685337 36,2 34808861 38,2
Денсаулық сақтау 13123005 21,6 14786647 22,6 17013871 22,2 20526629 22,5
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету 4815671 7,9 4426758 6,8 4830432 6,3 5622452 6,2
Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы 4341293 7,2 2532144 3,9 3092879 4,0 3104050 3,4
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік 3909649 6,4 4467427 6,8 5096166 6,7 5862301 6,4
Жылу-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану 569338 0,9 827788 1,3 342000 0,4 -
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, айрықша қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін қорғау, жер қатынастары 830788 1,4 1000807 1,5 1021154 1,3 1327413 1,5
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 253882 0,4 347385 0,5 392455 0,5 476273 0,5
Көлік және коммуникациялар 4882312 8,0 6073802 9,3 6832605 8,9 6374295 7,0
Басқалар 1836466 3,0 1253870 1,9 2522875 3,3 3006085 3,3

Орта мерзімді кезеңде білім беру саласындағы бюджеттік саясат әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының қазіргі қажеттіктеріне жауап бере алатын білім берудің жоғары тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталады.

2009-2011 жылдардағы кезеңде білім беруді одан әрі дамыту және қайта құру Қазақстан Республикасының Білім беруді дамыту концепциясына бағытталады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт салаларында 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек демалысына кеткен уақытта бір лауазымдық жалақы мөлшерінде денсаулықты жақсартуға жәрдемақы төленеді.

Мультимедиялық кабинеттерімен және физика, химия, биология кабинеттерімен қамтамасыз ету арқылы жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің, кәсіптік мектептердің, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту жалғастырылады, мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру объектілеріне күрделі жөндеу және білім беру объектілер құрылысы жүргізіледі.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мектепке дейінгі оқытумен қамтуды көбейту жөніндегі іс-шаралар қарастырылады.

Жалпы орта білім беру жүйесінде жалпы орта білім беру жүйесіне сараланған жол табуды белгілеу және бастауыш пен орта кәсіптік білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыру үшін жағдай жасау, сондай-ақ ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларын енгізу жоспарланады.

Бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесінде жұмыс беруші мен білім беру жүйесі арасында әлеуметтік әріптестікті дамыту, оқу және зертханалық жабдықтарды жаңарту, кәсіптік даярлау сапасын тәуелсіз бағалау, техникалық және қызмет көрсететін еңбек мамандықтары бойынша біліктілікті беру және растау жүйесін енгізу жөніндегі шаралар қабылданады.

Денсаулық сақтау саласында қаржының басым бөлігі халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, халықтың оның басымдықтары туралы ақпараттануын, мемлекет пен азаматтардың жауапты ынтымақтастығын арттыруға, денсаулық пен бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде аурулардың алдын алу жүйесін нығайтуға, азаматтардың сапалы медициналық және дәрі-дәрмек көмегіне қол жеткізуді арттыру арқылы халықтың денсаулық жағдайын жақсартуға бөлінеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығымен бекітілген 2009-2011 жылдары Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған Денсаулық сақтауды қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде сапалы бастапқы медициналық-санитарлық көмекпен қамтамасыз ету және ана мен баланың денсаулығын нығайту жөніндегі іс-шараларды іске асыру жалғастырылады.

Денсаулық сақтауды қалыптастыру мен дамыту бағдарламасының мынадай іс-шараларын іске асыруды жеделдету жөніндегі шаралар жоспарланған: босануға көмек көрсететін және балалар ұйымдарының жабдықталуы медициналық жабдықтармен жабдықтаудың минималды нормативіне жеткізіледі, санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің зертханаларын кезең-кезеңмен жаңарту жүргізіледі, ВИЧ-жұқтырылғандар мен СПИД-пен ауратындар хаттамаларға сәйкес антиретровирустық терапиямен қамтамасыз етіледі.

Емдеу-профилактикалық мекемелерін диагностикалық жабдықтардың, медициналық құралдардың қажетті жиынтығымен, санитарлық автокөлікпен ең жоғары деңгейде қамтамасыз ете отырып, денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту қарастырылды.

Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек саласында 2009-2011 жылдары ішінде бюджеттік саясаттың негізгі мақсаттары әлеуметтік қамтамасыз етудің қаржы жағынан тұрақты, әлеуметтік жағынан адал үш деңгейлі жүйесін дамыту, әлеуметтік көмектің атаулылығын күшейту болып табылады.

Бұл бағытта мемлекеттік әлеуметтік стандарттар жүйесін халықаралық стандарттарына кезең-кезеңмен жақындату, әлеуметтік төлемдердің мөлшерін одан әрі кезең-кезеңмен көбейту, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру, халықтың өмір деңгейін бағалаудың халықаралық стандарттарын енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу қарастырылады.

2009-2011 жылдары мәдениеттің қазіргі дамыған жүйесін дамытуға, бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістікті нығайтуға, тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға, қоғам мен мемлекеттік құрылымда демократиялық бастамаларды және ішкі саяси тұрақтылығын нығайтуға және қазақстандық спортшылардың халықаралық спорт аренасында бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін халықтың дене тәрбиесі мен спортты дамытудың тиімді жүйесін жасауға бағытталған шығындар қарастырылады.

Мұрағат ісін және құжаттама жүйесін, дене тәрбиесі мен спортты дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

Мемлекет Басшысының әкімшілік реформасы жөніндегі Жолдауын іске асыру мақсатында мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын оңтайландыру, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасында өкілеттіктерді нақты және тиімді қайта бөлу және бекіту, бюджеттік қатынастар жүйесін жетілдіру арқылы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру қарастырылады.

Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстар шығару жөнінде жұмыс жалғастырылады. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің, қазынашылық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері болып табылмайтын қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жолдары әзірленуде.

Тұрғын үй мұқтаждығын қанағаттандыру, халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың денсаулық жағдайына әсер ететін маңызды элементі болып табылады.

Тұрғын үй құрылысын бюджеттік қаражат есебінен, кәсіпорындардың және халықтың қаражаты есебінен дамыту, ипотекалық кредит беру, прогрессивті технологиялар мен қазіргі сәулет-құрылыс шешімдері, заңнамамен белгіленген халықтың әлеуметтік-қорғалатын жіктерін және бюджеттік сала қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ апатты үйлерді алып тастау проблемалары кешенді түрде шешіледі, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ Қостанай облысының Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру шеңберінде халықтың кең жіктері үшін қол жетімді және сапалы тұрғын үй құрылысы жалғастырылады.

Халықты сапалы ауыз сумен одан әрі қамтамасыз етуге және су ресурстарының тапшылығын азайтуға бюджеттік қаражаттарды бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 93 қаулысымен бекітілген 2002 - 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004 - 2010 жылдарға арналған Ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.

Орта мерзімді кезеңде халықты сумен қамтамасыз ету жөніндегі бастапқы кезекті объектілердің құрылысын жалғастыру, сумен қамтамасыз ету құрылыстарына, жер асты су кен орындары мен бас тоғандарына түгендеуді, жер асты суларды пайдалануды күшейту жөніндегі іс-шараларды жүргізу жоспарланады.

Орта мерзімді кезеңде бюджетаралық қатынастар саясатының басты мақсаты барлық деңгейдегі мемлекеттік басқармаларды оларға бекітілген мемлекеттік қызметтерді толығымен көрсету және оларға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін жеткілікті қаржы қаражаттарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Бюджетаралық қатынастар Бюджеттік кодекспен бекітілген бюджет деңгейлері арасындағы шығыстар мен түсімдер қағидаттары және оларды бөлудің негізінде қалыптасады, және қарым-қатынастардың айқындылығы мен тұрақтылығына, ең алдымен облыс-аудан деңгейінде басқарманың әр деңгейінің жауапкершілігіне және дербестігіне, сол сияқты тиімді бюджеттік жүргізуді ынталандыруға бағытталады.

2008-2011 жылдарға бюджетаралық қатынастардың жаңа нұсқасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 шілдедегі № 599 қаулысымен бекітілген Жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу әдістемесі негізінде жүзеге асырылады.

Жергілікті бюджеттер шығындарының болжамды көлемдері бюджеттер деңгейлері арасындағы шығындарды бөлуді есептей отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларының сомалары ретінде есептеледі.

Жергілікті бюджет шығындарын жоспарлау барысында мынадай көрсеткіштер есепке алынады:

1)ағымдағы шығындардың жалпы көлемі;

2)жергілікті бюджет шығындарын көбейтуді немесе азайтуды қарастыратын және жоспарланған мерзімде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелері;

3)жергілікті бюджет шығындарын көбейтуді немесе азайтуды қарастыратын, оның ішінде бюджеттік саланың қызметшілерінің еңбекақысын төлеуді жетілдіретін және жоспарланған мерзімде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының ережелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары;

4)бұрын қолданысқа енгізілген, бірақ Республикалық бюджеттік комиссия шешімі негізінде қаржыландырумен қамтамасыз етілмеген Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелері;

5)өкілеттіктерді бөлу шеңберінде мемлекеттік басқарудың орталық және жергілікті деңгейлері арасындағы қызметтерді бөлу;

6)орта мерзімді фискалдық саясатқа сәйкес жоспарланған мерзімде тұтыну бағалары индексінің ағымдағы шығындарын көбейту (жалақыны қоса алмағанда);

7)бұрын нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар.

5. Жоспарды іске асырудың бақылауы және моиторингі

Жергілікті атқару органдары 2009 жылға мынадай негізгі міндеттер белгіледі:

1) жалпы өңірлік өнім өсімін 5-тен кем емес пайызға жеткізу;

2) экономиканың өндіруші секторының тиімділігін арттыру;

3) шикізатты емес сектордың озық дамуын қамтамасыз ету;

4) облыстың индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасына кіретін инвестициялық жобаларды іске асыру;

5) агроөнеркәсіп кешені салаларының өнімділігі және кірісінің өсімін қамтамасыз ету;

6) мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиемен қамтуды ұлғайту жөнінде жағдайлар жасау;

7) экономикалық өсім және бәсекеге қабілетті өңірлік орталықтар жұмыстарының басталуы мен қалыптасуын қамтамасыз ету;

8) медициналық қызметтердің сапасын арттыру.

Қойылған мақсаттарды орындауға:

1) 2008 жылы жалпы өңірлік өнімді жан басына шаққанда 5,8 пайызға ұлғайтуға;

2) 2008 жылы тау-кен өнеркәсібінде еңбек өнімділігін 10 пайызға жоғарылатуға;

3) 2008 жылы өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемін 21,6 пайызға және өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің үлесін 2008 жылғы 31 пайызға қарағанда 32,9 пайызға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

4) 2009 жылы Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық даму стратегиясын 2015 жылға дейін орындау шеңберінде облыста жалпы құны 50,9 млрд. тұратын 20 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. 1442 жұмыс орны құрылады, оның ішінде 5 жоба басым жобаларға жатады:

«ССКӨБ» АҚ ЖЭО-ын 63 МВт энергоблокты кеңейту», Рудный қаласы, жобаның құны – 4560 млн. теңге, осы жобаны іске асыру барысында ЖЭО-ның қуаттылығы 267 МВт құрайды;

«Ұсақ сортты прокаттық стан құрылысы», Қостанай қаласы, «Каспиан ЕвразСталь» ЖШС, жоба құны – 19 млрд. теңге, 260 жұмыс орны құрылады. Кәсіорынның жобалық қуаттылығы жылына 600 мың тонна прокатқа дейін құрайды;

«Қыш тақтайша шығару жөніндегі зауыт құрылысы», Қостанай қаласы, «Серамист топрак санай ве тиджарет лимитед ширкети», жоба құны – 13,1 млрд. теңге, кәсіпорын жылына 20 мың шаршы метрге дейін қабырға және еден тақтайшаларын шығаруды жоспарлауда;

«Пропилденген әдіс бойынша сутегі асқын тотығын өндіру жөніндегі зауыт құрылысы», Қостанай қаласы, «Қостанай көмір +» ЖШС, жобаның құны – 8,7 млрд. теңге, 150 жұмыс орны құрылады. Кәсіпорын қуаттылығы 30 мың тоннаға дейін сутегіні құрайды.

Титан-циркондық өндіріс, Лисаков қаласы, «Титан-циркондық зауыт», жобаның құны – 968 млн. теңге, 195 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Қуаттылығы жылына 130-150 мың тонна концентратты құрайды.

5) агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігі 2008 жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға, ауыл шаруашылығы жалпы өнімі 1 гектар ауыл шаруашылығы жерінде 6,1 пайызға өседі.

Ылғал сақтау агротехнологияларын игеру, жергілікті биоэнергетикалық ресурстарды толық пайдалану есебінен топырақ құнарлылығын қолдау, жергілікті жағдайға бейімделген өсімдіктердің жаңа жоғары шығымды сорттарын енгізу жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

Астық алқаптары құрылымын жетілдіру, табиғи-климаттық ерекшеліктерге сәйкес түрлі дақылдардың ара-қатынасын оңтайландыру жалғасуда.

Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мақсатында бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы дақылдарын, бірінші кезекте майлы дақылдарды өндіру ұлғаяды.

6) 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі балалар мекемелерінің саны 6 бірлікке өседі. 1 мың балаға арналған мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз ету деңгейі 17,94-тен 18,11-ге дейін өседі.

7) Озық өсім аймақтарын қалыптастыруына «өсім полюсі» болатын тіректі қалалар дамуы кіреді.

Рудный, Лисаков, Жітіқара және Арқалық қалалары өңірлік деңгей өсімінің тіректі нүктелері болады. Қалалардың негізгі міндеті: өңірлік кластерлерді қалыптастыру, әлеуметтік- кәсіпкерлік коорпорацияларды құру жолымен кәсіпкерлікті белсендіру, арнайы экономикалық және индустриялдық аймақтар ашу. Тіректі қалардың дамуы өңірлік және халықаралық маңызда қалалардың дамуының және позиционерлеудің әзірленген стратегиясына сәйкес іске асырылады.

Қостанай облысында арнайы экономикалық аймақ құру мәселесі қарастырылуда.

8) 2009 жылы 1 тұрғынға шаққанда денсаулық сақтауға арналған жергілікті бюджет шығыстарының көлемі 13,1 пайызға, оның ішінде ақысыз медициналық көмектің кепілденген көлемі – 8,3 пайызға өседі.

Қабылданған шаралардың арқасында 2008 жылмен салыстырғанда өмір ұзақтығын 0,3 жылға ұлғайту көзделіп отыр. Облыстағы әлеуметтік маңызы бар сырқаттар бойынша жағдай тұрақты боады.

Жоспарды іске асыруды бақылау мақсатында ай сайын облыстың, оның ішінде аудандар мен қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары жасалады, тоқсан сайын облыс әкімдігінің отырыстарында, жарты жылда бір рет облыстық мәслихат сессиясында облыс дамуының қорытындылары қарастырылады.

Сонымен қатар, облыс мәслихатының бекітуіне орта мерзімді кезеңге арналған Әлеуметтік-экономикалық дамуының Орта мерзімді жоспар жобасын шығару барысында есепті кезеңнің көрсеткіштерін орындауға талдау жүргізіледі.

Жыл сайын қолданыстағы өңірлік бағдарламалар мониторингі өткізіледі. Барлық бағдарламалар бойынша жеке іс-шараларды орындамау, бағдарламаны іске асыруға бөлінген қаражаттарды толығымен игермеу себептерін анықтай отырып, әрбір іс-шара бойынша талдау жүргізіледі.

Жеке бағдарламаларды іске асыру барысы облыстық мәслихаттың отырыстарында және облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарастырылып отырады.

Ескерту:

млн. – миллион;

млрд. – миллиард;

% - пайыз;

АҚ – акционерлік қоғам;

МКК – мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын;

МКҚК – мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

ССКӨБ – Соколов-Сарыбай кен өндірістік бірлестігі;

ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

ЖЭК – жылуэнергетикалық компания;

ҚФ – Қостанай филиалы;

м2 – шаршы метр;

м3 – текше метр;

ш. м – шаршы метр;

км – километр;

текше м – текше метр;

кВт. – киловатт;

МВт – мегаватт;

Гкал/с – 1 сағатына гикокаллориялар;

ЖЭО – жылуэлектрорталығы;

ӨШБ – өндірістік - шаруашылық бірлестігі;

кВ – киловольт;

о.і. – оның ішінде;

жж. – жылдар;

га – гектар;

ц/га – центнергектардан;

АГТС – автоматтандырылған газ таратушы стансасы;

ГТС – газ таратушы стансасы;

ОҮ – операторлар үйі;

АОА – аудандық орталық аурухана;

НКИ – нақты көлемінің индексі;

ҚМУ – Қостанай мемлекеттік университеті;

СӨК – сауда-өндірістік кешені;

ЖК – жеке кәсіпкер;

ШЦ – шұжық цехі;

ҚТС – қалалық телефон стансасы;

СТС – селолық телефон стансасы;

АҚШ – Америка Құрама Штаттары;

ЕО – Еуропалық Одақ;

ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы;

БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары;

ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар;

ЗТҰ – заңды тұлғалар ұйымы;

ЖОО – жоғары оқу орны;

БМСК – бастапқы медициналық-санитарлық көмек;

АДА – ауылдық дәрігерлік амбулатория;

ФАП – фельдшерлік-акушерлік пункт;

ФП – фельдшерлік пункт;

МП – медициналық пункт;

ДА – дәрігерлік амбулатория;

АУА – ауылдық учаскелік аурухана;

ҰОС – Ұлы Отан Соғысы;

ҚТҚ – қатты тұрмыстық қалдықтар;

КБКБ – Краснооктябрьский бокситтік кен басқармасы;

ТБКБ – Торғай бокситтік кен басқармасы;

ТЭН – техникалық-экономикалық негіздеме;

МАЭС – мемлекеттік аудандық электр стансасы;

ГЭС – гидроэлектрстансасы;

ӘЖ – әуе желісі;

КЖ – кабельдік желісі;

АӨК – агроөнеркәсіптік кешені;

ААҚ – ашық акционерлік қоғам;

ШҚ – шаруа қожалығы;

ЖК – жеке кәсіпкер;

ӨК – өндірістік кооператив;

БК – бірлескен кәсіпорын;

КСРО – Кеңес Социалистік Республикалар Одағы;

ЖАҚ – жабық акционерлік қоғам;

РМК – республикалық мемлекеттік кәсіпорын;

ҚР АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

РФ – Ресей Федерациясы;

МЕК – мемлекеттік еңшілес кәсіпорны;

ТҚ – тәжірибелі қожалық;

АТК – ауылдық тұтыну кооперативі;

БОҒЗЖИ – Бүкіл одақтық ғылыми-зерттеу жобалық институты.