Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Жауаптары бар тесттер (2020)

 

  Главная      Учебники - Разные

 

     поиск по сайту           правообладателям           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы. Жауаптары бар тесттер (2020)

 

ҚР Конституциялық құқығы пәнінен тест сұрақтары

 

 

23. 1993 жылғы ҚР Конституциясының қабылдану себептері:

А) ҚР егемендік фактісін конституциялық тұрғыда бекіту қажеттігі

В) адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын  конституциялық тұрғыда бекемдеу

С) мемлекеттік меншікке негізделген экономикалық жүйені бекіту

Д) жерге жеке меншікті бекіту

Е) орыс тілінің мәртебесін айқындау

Жауап: А

 

43. 1993 жылғы Конституцияның кемшілігі:

А) жерге жеке меншікті бекітті

В) сапалық жағынан өзге құқықтық жүйе жасауға негіз болды

С) қос азаматтық жағдайын бекітті

Д) меншіктің алуан түрлілігін бекітті

Е) саяси плюрализмді бекітті

Жауап: С

 

44. 1995 жылғы Конституцияның қабылдану себептері:

А) ҚР егемендік фактісін конституциялық тұрғыда бекіту қажеттігі

В) меншіктің алуан түрлілігін бекіту қажеттігі

С) мемлекеттік меншікке негізделген экономикалық жүйені бекіту

Д) жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтары жүйесін кеңейту, халықаралық деңгейге көтеру

Е) ҚР-ның басқару нысанын өзгерту қажеттігі

Жауап: Д

 

45. Конституциялық заңдылық дегеніміз:

А) конституциялық құқық нормаларын бұзғаны үшін тұлғаларға қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы

В) мемлекеттің заңдарын бұзбай, оларға сәйкестікте өмір мүру

С) нормативтік ережелердің Конституция талаптарына нақты сәйкес келуі және қоғамдық қатынасқа қатысушылардың Конституция нормаларын сөзсіз орындауы және сақтауы

Д) Конституциялық Кеңестің шешімдерінің жоғарылығы

Е) Конституцияның жоғары заңи күші

Жауап: С

 

46. Конституциялық құқықбұзушылық – бұл:

А) адамның өміріне қайшы келетін, денсаулығына зиян келтіретін әрекет

В) жеке топтардың мемлекеттік басқару саласындағы жасаған теріс

қылықтары

С) халықаралық құқықта көрсетілген адамзатқа қарсы қылмыстық әрекеттер

Д) жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқық нормаларын бұзатын құқыққа қарсы әрекеті немесе әрекетсіздігі

Е) жалпы құқық нормаларын бұзатын әрекеттер мен әрекетсіздіктер

Жауап: Д

 

47. Конституциялық жауаптылық дегеніміз:

А) Президентке мемлекетке опасыздық жасағаны үшін қолданылатын қылмыстық жаза шарасы

В) конституциялық құқық нормаларын бұзған тұлғаларға қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы

С) Парламент Мәжілісінің Президентке айып тағуы

Д) депутаттарға ешкімнің тиіспеу құқығы

Е) қылмыстық жауаптылықтың бір түрі

Жауап: В

 

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС НЕГІЗДЕРІ

 

48. 1995 жылғы Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының басқару нысаны:

А) монархия

В) парламенттік республика

С) президенттік республика

Д) аралас республика

Е) президенттік белгілері бар парламенттік республика

Жауап: С

 

49. Қазақстанда президенттік институты енгізілді:

А) 1991 жылғы 1 желтоқсанда

В) 1990 жылғы 24 сәуірде

С) 1991 жылғы 16 желтоқсанда

Д) 1990 жылғы 23 наурызда

Е) 1991 жылғы 25 қазанда

Жауап: В

 

50. Республиканың әкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мәртебесі белгіленеді:

А) ҚР Президентінің нормативтік өкімімен

В) Үкімет қаулысы мен өкімімен

С) конституциялық заңмен

Д) Президент жарлығымен

Е) заңмен

Жауап: Е

 

51. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы:

А) халық

В) ҚР Президенті

С) ҚР Парламенті

Д) ҚР Үкіметі

Е) ҚР Конституциялық Кеңесі

Жауап: А

 

52. Халық билігін тікелей жүзеге асыру нысандары:

А) республикалық референдум және сайлау

В) отырыстар

С) мемлекеттік органдарға өз билігін жүзеге асыруды беру

Д) дөңгелек столдар

Е) ереуілдер

Жауап: А

 

53. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі:

А) орыс тілі

В) орыс және қазақ тілі

С) қазақ тілі

Д) келісім-шартта көрсетілген тіл

Е) халықаралық құықтағы қолданылатын тіл

Жауап: С

 

54. ҚР әкімшілік-аумақтық бөлінісі:

А) облыс, аудан, қала, поселкі, ауылдық және селолық округтер, ауыл және селолар

В) штат, облыс, аудан, қала

С) облыс, аудан, қала, автономиялық округтер, поселкі, село, ауыл

Д) облыс, аудан, қала, поселкі, округ

Е) қала, аудан, поселкі, жерлер

Жауап: А

 

55. Төменде аталған принциптердің қайсысы Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі принципі болып табылмайды:

А) қоғамдақ татулық

В) қазақстандық патриотизм

С) ҚР Президентіне тиіспеушілік

Д) саяси тұрақтылық

Е) бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму

Жауап С

 

56. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының нысаны:

А) федерация

В) біртұтас құрылым

С) конфедеративтік құрылым

Д) азаматтық қоғамдастық

Е) монархия 

Жауап:В

 

57. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне мыналар жатады:

А) Әнұран, Ту, Елтаңба

В) Президенттің омырау белгісі

С) “Алтын қыран” ордені

Д) республика астанасы

Е) Президенттің резиденциясы

Жауап: А

 

58. Қазақ ССР-ң  мемлекеттiк егемендiгi туралы декларация қабылданды:

А) 25 қазан 1990 жылы

В) 16 желтоқсан 1991 жылы

С) 30 тамыз 1995 жылы

Д) 14 шiлде 1997 жылы

Е) 17 маусым 1991 жылы

Жауап А

 

59. ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң қабылданды:

А) 25 қазан 1990 жылы

В) 16 желтоқсан 1991 жылы

С) 6 сәуiр 1999 жылы

Д) 28 қаңтар 1993 жылы

Е) 30 тамыз 1995 жылы

Жауап: В

 

60. Діни институттардың мемлекеттік институттардан бөлінуі төмендегідей мемлекеттерге тән:

А) зайырлы мемлекеттерге

В) демократиялық мемлекеттерге

С) құқықтық мемлекеттерге

Д) клерикалды мемлекеттерге

Е) геократикалық мемлекеттерге

Жауап: А

 

61. Төменде аталған жағдайлардың қайсысы Республика аумағында төтенше жағдай енгізуге және ҚР Қарулы Күштерін қолдануға негіз болмайды:

А) мемлекеттін саяси тұрақтылығына тікелей қатер төнуі

В) ҚР Президентіне тікелей қатер төнуі

С) мемлекеттің демократиялық институттарына тікелей қатер төнуі

Д) мемлекеттің аумақтық тұтастығына тікелей қатер төнуі

Е)  мемлекет тәуелсіздігіне тікелей қатер төнуі

Жауап: В

 

62. Мемлекеттегі биліктің бөлінуі нені білдіреді:

А) мемлекеттегі билік тармақтарының бір-біріне бағынуы

В) биліктің тармақтары бір-бірінен тәуелсіз және бір-біріне бағынбайды, өздерінің жеке қызметтерін ғана атқарады

С) билік тармақтары Конституциялық Кеңеске ғана бағынады

Д) билік тармақтары ҚР Президентіне бағынады

Е) билік тармақтары халыққа бағынады

Жауап: В

 

63.  Мемлекеттер мен ынтымақтас ұлттардың дүниежүзілік қауымдастығындағы мемлекеттің егемендік абыройын айғақтайтын ресми айырым белгілері:

А) мемлекеттік рәміздер

В) мемлекеттік егементік туралы декларация

С) ел басының омырауға тағатын мен байрағы (штандарт)

Д) Конституция

Е) Президент, Парламент және Үкімет

Жауап: А

 

64. Қазақстан егемендікке ресми түрде ие болды:
А) 1990 жылғы 24 сәуірде

В) 1990 жылғы 25 қазанда

С) 1992 жылғы 16 желтоқсанда

Д) 1991 жылғы 16 желтоқсанда
Е) 1995 жылғы 30 тамызда

Жауап: В

 

65. Мемлекеттік биліктің бірлігін, үстемдігі мен тәуелсіздігін анықтайтын мемлекеттің мәні:

А) құқықтық мемлекет

В) президенттік басқару нысанындағы республика

С) биліктің үш тармаққа бөлінуі

Д) авторитаризм

Е) республикалық егемендік

Жауап: Е

 

66. Құқықтық мемлекеттің қағидалары:

А) заңның үстемдiгi
В) матриархат
С) рулық мүдде
Д) тиым салу басымдылығы
Е) оның аумағына ешкiмнiң қол сұқпауы

Жауап: А

 

67. Зайырлы мемлекеттің белгілеріне жатпайды:

А) оқу орындарында дінге оқытуға тиым салу

В) қоғамның әлсіз топтарына көмек көрсету, заңдылық

С) ресми немесе мемлекеттік діннің болмауы

Д) діни негіздегі партиялардың қызметіне жол бермеу

Е) дін мен діни бірлестіктердің мемлекеттік саясат пен құрылысқа ықпал етпеуі, діни бірлестіктерді мемлекет тарапынан қаржыландыруға тиым салу

Жауап: В

 

68. Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша халық пен мемлекет атынан өкiлдiк ету құқығы берiлген:

А) Президентке

В) Конституциялық Кеңеске

С) Үкiметке

Д) Мемлекеттiк хатшыға

Е) Мәслихатқа

Жауап: А

 

69. Қазақстан Республикасында меншіктің қандай нысандары танылады және бірдей қорғалады:

А) жеке және кооперативтік

В) мемлекеттік

С) муниципалдық және жеке

Д) мемлекеттік және жеке

Е) мемлекеттік, кооперативтік және жеке

Жауап: Д

 

70. Мемлекеттің айрықша меншігіне жатпайды:

А) табиғи ресурстар

В) жануарлар дүниесi

С) өсiмдiктер дүниесi

Д) су көздерi

Е) жер

Жауап: Е

 

71. Сыртқы қатынастарда Қазақстан басшылыққа алатын конституциялық қағидалар қатарында жоқ:

А) мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршiлiк қарым-қатынас жасау

В) қарулы күштi бiрiншi болып қолданудан бас тарту

С) мемлекеттердің теңдiгi мен бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпауы

Д) ҚР-ның заңнамасының басымдығы және еркінің үстемдігі
Е) халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу саясатын жүргiзу

Жауап: Д

 

72. ҚР-ның мемлекеттiк рәміздерінің сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртiбi белгiленедi:

А) Конституциямен

В) заңдармен

С) конституцияға өзгертулер енгізітетін заңмен

Д) Президенттің жарлығымен

Е) конституциялық заңмен

Жауап: Е

 

АЗАМАТТЫҚ

 73. Азаматтық дегеніміз – бұл:

А) өзара құқықтар мен бостандықтар туындайтын, мемлекет пен жеке адам арасындағы тұрақты байланыс

В) мемлекет пен адамның өзара міндетті жағдайда болуын білдіретін тұрақты байланыс

С) өзара құқықтар мен міндеттер туындайтын мемлекет пен жеке адам арасындағы тұрақты саяси-құқықтық байланыс

Д) мемлекет пен жеке адам арасындағы уақытша сипатта болатын құқықтық байланыс

Е) мемлекет пен оның азаматтарының өзара жауаптылықта болуын білдіретін ұғым

Жауап:  С

 

74. Апатридтер деп келесілер танылады:

А) бірнеше азаматтығы бар адамдар

В) азаматтығы жоқ адамдар

С) ҚР алдында ерекше еңбек сіңірген адамдар

Д) шетел азаматтары

Е) ҚР азаматтарымен некеге тұрған шетел азаматтары

Жауап: В 

 

75. Бірнеше азаматтығы бар адам қалай аталады:

А) азамат

В) репатриант

С) бипатрид

Д) апатрид

Е) полиатрид

Жауап: С

 

76. Азаматтықты тууы бойынша алу:

А) оптация

В) натурализация

С) трансферт

Д) филиация

Е) репатриация

Жауап: Д 

 

77. Азаматтықты алу жолы ретінде оптация дегеніміз, бұл:

А) азаматтықты тууы бойынша алу

В) азаматтықты қабылдану нәтижесінде алу

С) азаматтықты сыйлау

Д) азаматтықты қалпына келтіру

Е) азаматтықты таңдау

Жауап: Е

 

78. Бір мемлекеттің аумағының басқа мемлекетке өтуіне байланысты тиісті аумақта тұратын халықтың азаматтығының автоматты түрде ауысуы:

А) оптация

В) трансферт

С) реинтеграция

Д) протекция

Е) инаугурация

Жауап: В

 

79. Азаматтықты өтініш беріп қабылдану арқылы алу:

А) натурализация

В) оптация

С) трансферт

Д) реинтеграция

Е) филиация

Жауап: А 

 

80. Азаматтықты өзінің бұрыңғы азаматтығын қалпына келтіру нәтижесінде алуы:

А) натурализация

В) оптация

С) филиация

Д) реинтеграция

Е) трансферт

Жауап: Д 

 

81. Репатриация дегеніміз – бұл:

А) өзінің бұрыңғы азаматтығын қалпына келтіру

В) азаматтықты сыйға тарту

С) белгілі бір ұлттың өзінің тарихи отанына қайтып оралуы

Д) азаматтықты таңдау

Е) азаматтарды қорғау

Жауап: С  

 

82. “Азаматтық туралы” заңға сәйкес қандай тұлғалар ҚР азаматы болып табылады:

А) азаматтық туралы заң күшіне енгізілген күнге дейін ҚР-да тұрақты тұратын, ҚР-ның аумағында туған және шет мемлекеттің азаматтығында тұрмайтын және осы заңға сәйкес ҚР азаматтығын алған адамдар

В) азаматтық туралы заң күшіне енгенде Қазақстанда өмір сүрген шетел азаматтары

С) ҚР азаматтығын алу туралы ұсыныс жасаған кез келген тұлғалар

Д) ұлты қазақ азаматтар

Е) Қазақстан аумағында өмір сүретін кез-келген азамат

Жауап: А

 

83. 20 желтоқсан 1991 жылғы “Азаматтық туралы” занда төмендегідей принцип қолданылады:
А) “қан құқығы”

В) “топырақ құқығы”

С) екі қағиданың да үйлесімдігі

Д) топырақ құқығы басымырақ

Е) қан құқығы екі ата-анасының бірі ҚР азаматы болған кезде қолданылады

Жауап: С

 

84. Қос азаматтық Қазақстан Республикасында:

А) барлық азаматтарға берілуі мүмкін

В) рұқсат етілмеген

С) Сыртқы Істер министірлігінің келісімімен беріледі

Д) ҚР Үкіметінің келісімімен беріледі

Е) тек қана ТМД-ға кіретін мемлекеттер азаматтарына рұқсат етіледі

Жауап: В

 

85. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға рұқсат беруден бас тартуға негіз болып табылмайды:

А) ҚР-сы алдындағы міндеттемелерінің орындалмағандары болса

В) кәмелеттік жасқа толмаған азамат болса

С) айыпкер ретінде қылмысты жауапқа тартылған болса

Д) сот үкімі бойынша жазаны өтеп жүрсе

Е) азаматтықтан шығу ҚР-ның мемлекеттік қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келсе

Жауап: В

 

86. Азаматтықтан айыруға негіз болып табылады:

А) егер тұлға адамзатқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса

В) ҚР-ның егемендігі мен тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шықса

С) ҚР-сы аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса

Д) басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасса

Е) мемлекеттік рәміздерді дұрыс қолданбаса

Жауап: Д

 

87. ҚР азаматтығының принципі болып табылмайды:

А) қос азаматтық

В) моноазаматтық (бір азаматтық)

С) мемлекеттік протекция (қорғау)

Д) тұрақтылық

Е) еріктілік

Жауап: А

 

88. Қазақстан Республикасының азаматтығына  қабылдамауға негіз бола алады:

А) жойылмаған соттылықтың болуы

В) басқа мемлекеттің аумағында тұру

С) Қазақстан Республикасының аумағында жақын туыстарының болмауы

Д) мемлекеттік тілді білмеу

Е) Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне әдейі қарсы шығуы

Жауап: Е

 

89. Төмендегі жағдайлардың қайсысы азаматтыққа қабылдаудан бас тартуға негіз болмайды:

А) ҚР территориясының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақыруы

В) мемлекет қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін құқыққа қарсы іс-әрекет жасауы

С) мемлекеттік тілді  және Қазақстанның Негізгі заңын білмеуі

Д) терроршылдық әрекеті үшін сотталған болса

Е) мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты қоздыратын болса, ҚР мемлекеттік тілінің қолданылуына қарсы әрекет жасаса

Жауап: С

 

90. Азаматтық алу туралы өтінішті қараудың жалпы мерзімі:

А) 6 айдан артық емес

В) 1 жылдан артық емес

С) 1 айдан артық емес

Д) 2 жылдан артық емес

Е) 5 жылдан артық емес

Жауап: А

 

91. Қазақстан Республикасының  азаматтығынан айыруға негіз болады:

А) тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасының  аумағынан тыс кету

В) құқыққа қайшы әрекет жасау

С) аса қауіпті рецидивист деп жариялау

Д) шетелдік азаматпен некеге тұру

Е) басқа елдің азаматы болу

Жауап Е

 

92. ҚР азаматын басқа мемлекетке беруге бола ма:

А) әрдайымда беруге болады

В) ешқашанда берілмейді

С) тек өте қауіпті қылмыскерлер беріледі

Д) 20.12. 1991ж. “Азаматтық туралы” заңда тікелей көрсетілсе беріледі

Е) Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, ҚР азаматын шет мемлекетке беруге болмайды

Жауап: Е

 

93. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары:

А) ҚР аумағында кемінде он бес жыл тұрақты тұру не ҚР азаматтарымен кемінде бес жыл некеде тұру

В) ҚР аумағында кемінде он жыл тұрақты тұру

С) ҚР алдында ерекше еңбек сіңіруі

Д) ҚР аумағында кемінде бес жыл тұрақты тұру не ҚР азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұру

Е) ҚР аумағында кемінде жеті жыл тұрақты тұруы және өтініш беруші адамның оралман болуы

Жауап: Д

 

94. ҚР азаматтығын алу үшін ҚР аумағында кемінде бес жыл тұру төмендегілердің қайсысына шарт болып табылады:

А) кәмелетке толмағандарға

В) пайым қабiлетiн жоғалтқандарға

С) ақыл-есі дұрыс кәмелетке толған адамдарға

Д) ҚР Президенті белгілейтін тізбе бойынша кәсіптерге ие және талаптарға сай келетін адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне

Е) Республика алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдарға

Жауап: С

 

95. ҚР-да азаматтық мәселелер жөнінде шешім қабылдайтын лауазымды адам:

А) ҚР Президенті

В) ҚР Парламенті

С) ҚР Үкімет

Д) ҚР ІІМ

Е) ҚР Сыртқы істер министрлігі

Жауап:  А

 

96. Қай жағдайда қамқоршы белгіленген ҚР аумағында тұратын 14 жасқа дейінгі баланың ҚР азаматтығы қамқоршысының өтініші бойынша сақталады:

А) ата-анасының екеуі де немесе жалғыз ата-анасы Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығып, бұл орайда ата-ана болу құқынан айырылса

В) ата-анасы ҚР азаматтығынан шықса

С) ата-аналары ҚР азаматтығынан айырылса

Д) ата-аналары қайтыс болса

Е) ата-анасы баладан бас тарса

Жауап: А

 

97. Шетелдіктер асырап алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала ҚР азаматтығын сақтайды:

А) он бес жасқа дейін

В)  кәмелетке толғанға дейін

С) асырап алу жағдайы заңдастырылғанға дейін
Д) бүкіл өмірі бойы

Е) некеге тұрғанға дейін

Жауап: В

 

98. Баланың азаматтығын өзгерткен кезде неше жастан оның келісімі қажет етіледі:

А) 14 жастан 18 жасқа дейін

В) 15 жастан 18 жасқа дейін
С) 10 жастан 18 жасқа дейін

Д) 7 жастан 15 жасқа дейін

Е) 7 жастан 18 жасқа дейін

Жауап: А

 

99. ҚР азаматтығын алу үшін қажетті тұрғылықтылық цензінің (оның аумағынды тұру мерзімі) мөлшері:

А) үш жыл

В) бес жыл

С)  он жыл

Д) он бес жыл

Е) алты ай

Жауап: В

 

100. Қазақстан Республикасының Президенті азаматтық мәселелері жөнінде төмендегідей шешім қабылдамайды:

А) Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы

В) Қазақстан Республикасы азаматтығын қалпына келтіру туралы

С) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығару туралы

Д) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айыру туралы

Е) Қазақстан Республикасы азаматтығын сақтау туралы

Жауап: Д

 

101. Iшкі iстер органдарының азаматтық мәселелері жөніндегі өкiлеттiгi:

А) ҚР-нан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардан ҚР азаматтығы мәселелері жөнінде арыздар қабылдайды және оларды қажетті құжаттармен бірге ҚР Президентінің қарауына жібереді

В) ҚР-нан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардың ҚР азаматтығынан айырылуына тіркейді

С) ҚР аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуын тiркейдi

Д) ҚР-нан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізеді

Е) ҚР азаматтығына қабылдайды

Жауап: С

 

102. ҚР Сыртқы істер министрлігінің азаматтық мәселелері жөніндегі өкілеттіктері

А) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардың ҚР азаматтығын қалпына келтіреді

В) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуына тіркейді;

С) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын шетел азаматтарының Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуына тіркейді;

Д) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардың ҚР азаматтығын сақтайды

Е) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдарға ҚР азаматтығын сыйлайды

Жауап: В

 

103. Азаматтық мәселе жөнінде қайталап берілген арыз алдындағы шешімнен кейін неше жыл өткен соң қаралады:

А) алдындағы шешімнен кейін бір жыл өткен соң

В) алдындағы шешімнен кейін бес жыл өткен соң

С) алдындағы шешімнен кейін он жыл өткен соң

Д) алдындағы шешімнен кейін сезіз жыл өткен соң

Е) алдындағы шешімнен кейін тоғыз жыл өткен соң

Жауап: А

 

 

ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

 

104. Қазақстан Республикасында  шетел азаматтары ретінде танылады:

А) ҚР-ның азаматтары емес тұлғалар

В) өзінің басқа мемлекеттің азаматы болып табылатынына қатысты дәлелі бар шет елде жүрген азаматтар

С) басқа мемлекеттің азаматы болып табылатынына қатысты дәлелі жоқ адамдар

Д) ҚР азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар адамдар

Е) ҚР-ның азаматымен некеге отырған адамдар

Жауап  Д

 

105. ҚР-да азаматтығы жоқ адамдар ретінде  танылады:

А) ҚР-ның азаматтары емес тұлғалар

В) ҚР азаматтығынан шыққан адамдар

С) ҚР-ның азаматы емес және басқа елдің азаматы болуына қатысты дәлелі жоқ тұлғалар

Д) басқа елдің азаматтылығына қатысты тиісті дәлелі бар тұлғалар

Е) бұрын ҚР-ның азаматымен некеде тұрған тұлғалар

Жауап С

 

106. ҚР-да тұрақты тұратын шетел азаматтары деп танылады:

А) тұрақты тұруға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен рұқсат және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдіктер
В) ҚР-да уақытша жүрген шетел азаматтары
С) ҚР-на емделуге келген шетел азаматтары
Д) ҚР-на туристік жолдамамен келген шетел азаматтары
Е) заңда қарастырылмаған

Жауап: А

 

107. Ішкі істер органдары ҚР-да тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке басын куәландыратын мынадай құжаттар береді:

А) шетел азаматына - паспорт, азаматтығы жоқ адамға – куәлік

В) шетел азаматына - тұруға ықтиярхат; азаматтығы жоқ адамға - азаматтығы жоқ адамның куәлігі

С) шетел азаматына - жеке басын куәландыратын куәлік,  азаматтығы жоқ адамға  - паспорт

Д) шетел азаматына – ҚР азаматының куәлігі, азаматтығы жоқ адамға – анықтама қағазы

Е) екеуіне де ҚР азаматының куәлігі беріледі

Жауап: В

 

108. Қазақстан Республикасында уақытша жүрген деп есептелмейді:

А) оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыстар деп танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбірленуші деп танылған шетелдіктер   

В) Қазақстан Республикасында заңды негізде туристік сапармен жүрген шетелдіктер

С) Қазақстанға емделуге келген шетелдіктер

Д) Қазақстанға шақырту бойынша келген шетелдіктер

Е) ҚР-на ұзақ мерзімге тұрақты тұру үшін келген шетелдіктер

Жауап: Е

 

109. Шетел азаматтарының Қазақстанда республикалық референдумға қатысуы мүмкін бе:

А) мүмкін, бұл олардың азаматтығы белгіленген елдің Конституциясымен кепілдендірілген
В) мүмкін, бұл Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген
С) мүмкін емес
Д) мүмкін, егер олар сайлаушылар тізіміне енгізілсе
Е) мүмкін, олардың өздерінің еркі бойынша

Жауап: С

 

110. Мынадай жағдайларда шетел азаматының Қазақстан Республикасына келуіне рұқсат берілмейді:

А) егер, ол 100 кг артық жүк алып келсе
В) егер, ол қазақ тілін білмесе
С) егер, ол мас күйде болса
Д) егер, террорлық әрекеті үшін сотталған болса немесе сотпен аса қауіпті
рецидивист деп танылса
Е) егер, оның Қазақстан Республикасының азаматы берген отбасылық мерейтойға шақырған шақыру билеті болмаса

Жауап: Д

 

111. Шетелдікке мынадай жағдайда Қазақстан Республикасына келуге тиым салынбайды:

А) егер оның іс-әрекеті конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге бағытталса,  мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты тұтандырса

В) егер ол Қазақстан Республикасының егемендігіне қарсы шықса, оның аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса

С) егер оның ҚР-да бұрын болған кезінде шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы, ҚР-ның кеден, валюта немесе өзге де заңнамаларын бұзған фактілері анықталған болса

Д) егер ол ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасында болу және одан шығып кету үшін қажетті қаражатының бар екендігі туралы растауды ұсынбаса

Е) мүліктік жағдайын жақсарту мақсатында жоғары еңбек ақысы белгіленген жұмыс істеуге келсе

Жауап: Е 

 

112. Шетел азаматына Қазақстан Республикасынан кетуіне рұқсат етілмейді:

А) егер, ол 50 кг артық жүк алып кетсе
В) егер, ол қазақ тілін білмесе
С) егер, ол мас күйде болса
Д) егер, оны қылмыстық жауаптылыққа тартуға негіз болатын болса – іс бойынша өндіріс аяқталғанға дейін
Е) егер, оның шетел азаматы шақырған шақыру билеті болмаса

Жауап: Д

 

113. Мынадай жағдайда шетел азаматтары ҚР шегінен қуылуы мүмкін:

А) егер, оның іс-әрекеті мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету немесе қоғамдық тәртіпті қорғау мүдделеріне қайшы келсе
В) егер, ол мас мүйде болса
С) егер, ол қазақ және орыс тілдерін білмесе
Д) егер, ол ешбір жерде оқымаса және жұмыс істемесе
Е) рұқсатсыз ҚР азаматымен некеге тұрса

Жауап: А

 

114. ҚР аумағында қылмыс жасаған, әкiмшiлiк және басқа құқық бұзған  шетелдікке::

А) ҚР-ның халықаралық шарттарында белгiленгеннен басқа жағдайларда, ҚР азаматтарымен бiрдей негiздерде жауапкершiлiк жүктеледi 

В) ҚР заңдары бойынша оларға жауапкершілік жүктелмейді

С) халықаралық соттың шешімімен жауапкершілік жүктеледі

Д) өз елінің заңы бойынша ғана жауапкершілік жүктеледі

Е) адам құқықтары жөніндегі Комиссияның шешімімен жауаптылық белгіленеді

Жауап: А

 

115. Мынадай жағдайларда шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды:

А) тұруға құқық беретiн құжаттарсыз тұруы немесе жалған құжаттар бойынша тұрып жатуы

В) тiркелудiң немесе жүрiп-тұру мен тұрғылықты жер таңдап алудың белгiленген тәртiбiн сақтамауы

С) өздерiне белгiленген болу мерзiмi өткеннен соң кетуден жалтаруы

Д) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту ережелерiн орындамауы

Е) шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту ережелерiн өрескел бұзуы

Жауап: Е

 

116. Шетелдіктердің төмендегідей құқық бұзушылығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтырады:

А) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту ережелерiн бұзуы

В) ҚР-да тiркелусіз жүруі

С) шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жүрiп өту ережелерiн өрескел бұзуы

Д) тұруға құқық беретiн құжаттарсыз тұруы немесе жалған құжаттар бойынша тұрып жатуы

Е) өздерiне белгiленген болу мерзiмi өткеннен соң кетуден бас тартуы

Жауап: С

 

117. Мынадай жағдайда шетелдіктің Қазақстан Республикасында болу мерзiмiн қысқартылуы мүмкін:

А) шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу ережелерiн өрескел бұзса

В) оны қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн негiздер болса

С) қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса

Д) шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнаманы бұзған және ҚР-да  одан әрi болуы үшiн негiздерi қалмаған жағдайларда

Е) әрекет қабілеттігі шектелген болса

Жауап: Д

 

 

ЖЕКЕ АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

 

118. Адам қай сәттен бастап конституциялық құқық субъектісіне айналады:

А) туғаннан

В) 7 жастан

С) 14 жастан

Д) 16 жастан

Е) 18 жастан

Жауап: А

 

119. ҚР-да еріксіз енбекке жол беріледі ме:

А) ешбір жағдайда жол берілмейді

В) тек сот үкімімен ғана кез-келген жағдайда жол беріледі

С) соттың үкiмi бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi

Д) мәжбүрлі түрде жол беріледі

Е) шектелген жағдайларда ғана жол беріледі

Жауап С

 

120. ҚР азаматына еңбек ақының мынадай мөлшеріне кепілдік беріледі:

А) Үш айлық есептік көрсеткіштен кем емес

В) Ең төменгі жалақы мөлшерінде

С) Ең жоғарғы жалақы мөлшерінде

Д) Тұтынушылар кәрзенкесінің мөлшері

Е) Төменгі күн көріс мөлшері

Жауап В

 

121. Конституцияға енгізілген соңғы толықтырулар бойынша өлім жазасы мынадай қылмастар жасағаны үшін белгіленуі мүмкін:

А) жалпы ауыр қылмыстар жасағаны үшін

В) адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін

С) отанға опасыздық жасағаны үшін және мемлекеттік мүлікті жымқырғаны үшін

Д) аса қаталдықпен адамды өлтіргені үшін және оның өлігін қорлағаны үшін

Е) аса ірі көлемде мемлекеттік мүлікті жымқырғаны үшін

Жауап: В

 

122. Төменде көрсетілген мына органның санкциясымен ғана адамды тұтқындауға және қамауда ұстауға болады:

А) соттың

В) прокурордың

С) Ішкі істер министрлігінің

Д) соттың жәнеБас Прокуратураның

Е) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

Жауап: А

 

123. Соттың санкциясынсыз адамды ұстауға болады:

А) 72 сағаттан аспайтын мерзімге

В) 70 сағаттан аспайтын мерзімге

С) 45 сағаттан аспайтын мерзімге

Д) 12 сағаттан аспайтын мерзімге

Е)  15 сағаттан аспайтын мерзімге

Жауап: А

 

124. Азаматтарға кешірім жасау құқығы тиесілі:

А) ҚР Жоғарғы Сотына

В) ҚР Конституциялық Кеңесіне

С) ҚР Парламентіне

D) ҚР Үкіметіне

Е) ҚР Президентіне

Жауап:   Е 

 

125. Келесі орган азаматты әрекет қабiлеттiгi жоқ деп тани алады:

А) прокуратура
В) нотариат
С) маслихат
Д) полиция
Е) сот

Жауап: Е

 

126. Саяси баспана беру мәселесін шешеді:

А) ҚР Парламенті

В) ҚР Президенті

С) ҚР Үкіметі

Д) Сыртқы істер министірлігі

Е) ҚР Конституциялық Кеңесі

Жауап: В

 

127. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін келесідей элементтер құрайды:

А) құқықтар мен еркіндіктер

В) құқық қабілеттік

С) тек қана міндеттер

Д) әрекет қабілеттік

Е) құқықтары, бостандықтары және міндеттері

Жауап: Е 

 

128. Жеке тұлғаның конституциялық құқықтары мынадай белгілер бойынша жеке, саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтар деп жіктеледі:

А) бекітілген актілеріне байланысты

В) мазмұны бойынша

С) субъектілері бойынша

Д) маңыздылығы бойынша

Е) мақсаттары бойынша

Жауап: В

 

129. Саяси құқықтардың ерекшеліктері:

А) оларды 16 жасқа толған тек ҚР азаматтары ғана иеленеді

В) оларды 18 жасқа толған кез-келген азамат иеленеді

С) олар адамдардың әлеуметтік қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған

Д) оларды 18 жасқа толған ҚР азаматтары иеленеді және олар азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуын білдіреді

Е) олар азаматтардың саяси және экономикалық қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған құқықтар болып табылады

Жауап: Д

 

130. Жеке құқықтардың ерекшеліктері:

А) олар ҚР азаматтарының құқықтары болып табылады, туғаннан бастап пайда болады

В) олар азаматтығына қарамастан әркімнің құқығы болып табылады, туғаннан бастап пайда болады, ажыратылмайды, абсолютті деп танылады

С) оларды тек азаматтығы жоқ адамдар ғана иеленбейді

Д) оларды ҚР азаматтары иеленеді және олар азаматтардың  мемлекеттің саяси өміріні қатысуына мүмкіндік береді

Е) кәмелетке толған кез-келген азамат иеленеді, абсолютті деп танылады

Жауап: В

 

131. Жеке тұлғаның саяси құқықтарына жатпайды:

А) сайлау құқығы

В) сайлану құқығы

С) республикалық референдумға қатысу құқығы

Д) мемлекет ісін басқаруға тікелей және өз өкілдері арқылы қатысу құқығы

Е) еркін жүріп-тұру және тұрғылықты мекенді өз қалауы бойынша таңдап алу құқығы

Жауап: Е

 

132. Төмендегі көрсетілгендердің қайсысы тұлғаның конституциямен көрсетілген тікелей міндеті болып табылады:

А) дауыс беру

В) адал еңбек ету

С) табиғи байлықтарға ұқыпты қарау

Д) жоғары білім алу

Е) мемлекет мүддесін шет елде қорғау

Жауап: С

 

133. Тұрғын үйге қол сұқпау құқығын адам құқықтарының келесі тобына жатқызамыз:

А) еңбек ету құқықтарына

В) экономикалық құқықтарына

С) саяси құқықтарына

Д) конституциялық құқықтарға

Е) құқықтық қағидаларға

Жауап: Д

 

134. Әркiмнiң жеке өмiрiне, құпиясына қол сұғылмау құқығы төмендегідей актiде бекiтiлген

А) неке туралы кодекс

В) азаматтық кодекс

С) қылмыстық кодекс

Д) конституцияда

Е) еңбек кодексiнде

Жауап: Д

 

135. Ар-ождан бостандығына құқық  конституциялық құқықтардың келесі тобына жатады:

А) жеке құқықтарға

В) экономикалық құқықтарға

С) әлеуметтік құқықтарға

Д) мәдени құқықтарға

Е) саяси құқықтарға

Жауап: А

 

136. ҚР азаматтары өзінің ұлтын, партияларға немесе діни ұйымдарға жататынын көрсетуге міндетті ме:

А) міндетті

В) міндетті емес

С) заңмен көрсетілсе міндетті

Д) егер оның мүддесіне қатысты болса

Е) тек мемлекеттік қызметке тұрған кезде және босаған кезде міндетті

Жауап:  В

 

137. Әлеуметтік-экономикалық құқықтар тобына жататын құқықты  көрсетіңіз:

А) өмір сүру құқығы

В) ар-ождан бостандығы құқығы

С) ақпаратты алу және сөз бостандығы құқығы

Д) еңбек ету, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау құқығы

Е) жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығы

Жауап: Д

 

138. Тегін медициналық көмек алу құқығы конституциялық құқықтардың келесі тобына жатады:

А) жеке

В) саяси

С) азаматтық

Д) әлеуметтік

Е) шынайы

Жауап: Д

 

139. Азаматтардың сөз бостандығы құқығын конституциялық құқықтар мен  бостандықтардың келесі тобына жатқызамыз:

А) саяси

В) жеке

С) мәдени

Д) әлеуметтік

Е) экономикалық

Жауап: В

 

140. Азаматтардың бейбіт әрі қарусыз жиналу құқығын конституциялық құқықтар мен  бостандықтардың келесі тобына жатқызамыз:

А) саяси

В) экономикалық

С) жеке

Д) мәдени

Е) әлеуметтік

Жауап А.

 

141. Азаматтардың митингiлер мен демонстрациялар, шерулер өткiзуге және тосқауылдарға тұруға құқығын конституциялық құқықтар мен  бостандықтардың келесі тобына жатқызамыз:

А) саяси

В) экономикалық

С) жеке

Д) әлеуметтік

Е) мәдени

Жауап: А

 

142. Төменде аталған құқықтырдың келесісі саяси құқықтар тобына жатады:

А) мемлекеттік қызметке кіруге тең құқық

В) ар-ождан бостандығына құқық

С) тұрғын үйге қол сұғылмау құқығы

Д) ар-ождан бостандығы құқығы

Е) еркін жүріп тұру құқығы

Жауап: А

 

143. Төменде аталған құқықтырдың келесісі саяси құқықтар тобына жатады:

А) адамның абыройы мен ар-намысына қол сұқпау құқығы

В) қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы

С) бірлесу бостандығы құқығы

Д) өмір сүру құқығы

Е) еңбек ету бостандығына құқығы

Жауап: С

 

144. ҚР аумағында өзге мемлекеттердің саяси партияларының қызметіне жол беріле ме:

А) жол берілмейді

В) арнайы мемлекеттік органдардың рұқсатымен жол беріледі

С) егер бұл Заңда  көрсетілсе, жол беріледі

Д) халықаралық шарттарда көрсетілсе жол беріледі

Е) ҚР Президентінің рұқсатымен жол беріледі

Жауап: А

 

145. Төмендегі аталған құқықтардың келесісі әлеуметтік-экономикалық құқықтар тобына жатады:

А) құқық субъектісі ретінде танылу құқығы

В) еңбек ету бостандығы құқығы

С) тұрғын үйге қол сұғылмау құқығы

Д) салықтарды төлеу құқығы

Е) бейбіт әрі қарусіз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұру құқығы

Жауап: В

 

146. Төмендегі аталған келесісі конституциялық міндеттердің қатарында жоқ:

А) еңбек ету міндеті

В) ҚР қорғау міндеті

С) табиғи байлықтарға ұқыпты қарау міндеті

Д) заңды тұрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де  міндетті төлемдерді төлеу

Е) ҚР мемелекеттік рәміздерін құрметтеу

Жауап: А

 

147. Төмендегі аталған конституциялық міндеттердің келесісі тек ҚР азаматтарына қатысты:

А) басқа адамдардың қадір-қасиеті мен абыройын құрметтеу

В) заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу

С) ҚР қорғау міндеті

Д) ҚР мемлекеттік рәміздерін құрметтеу

Е) ҚР Конституциясы мен заңдарын сақтау

Жауап: С

 

148. Төмендегі аталған құқықтардың келесісі адамның жеке құқықтарына жатпайды:

А) еркін жүріп-тұру құқығы

В) өміп сүру құқығы

С) қай ұлтқа жататындығын анықтауға құқығы

Д) кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығы

Е) жеке өміріне қол сұғылмауына құқығы

Жауап: Д

 

149. Төмендегі аталған құқықтардың келесісі ҚР азаматтарына олар тек 18 жасқа толғаннан кейін беріледі:

А) білім алу құқығы

В) еңбек ету бостандығына құқығы

С) мемлекеттік қызметке кіруге тең құқық

Д) мұрагерлік құқық

Е) өзінің қандай мәдениетті ұстанатындығын анықтау құқығы

Жауап: С

 

150. Төмендегі аталған құқықтардың келесісі ҚР азаматтарына олар тек 18 жасқа толғаннан кейін беріледі?

А) саяси партияларға мүше болу құқығы

В) сөз еркіндігіне құқығы

С) діни наным-сенім бостандығы құқығы

Д)  еркін жүріп - тұру құқығы

Е) тұрғын үйге құқығы

Жауап: А

 

151. Төмендегі аталған құқықтардың келесісі жеке адамдардың конституциялық құқығы болып табылмайды:

А) заңды түрде алған мүлікті жеке меншігінде ұстау құқығы

В)  бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұру құқығы

С) еркін әлеуметтік сақтандыру құқығы

Д) тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға  қатысу құқығы

Е) еңбек ету бостандығына құқығы

Жауап: С

 

152. Төмендегі аталған құқықтардың келесісі ҚР азаматтарына ғана тиісті:

А) өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау құқығы

В) білікті заң көмегін алу құқығы

С) жеке салымдар мен жинақтар құпиясына құқығы

Д) мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы

Е) кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығы

Жауап: Д

 

153. Қазақстан Республикасында адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі болып табылады:

А) ҚР Парламентінің депутаттары

В) ҚР Конституциялық Кеңесі

С) ҚР Президенті

Д) ҚР Премьер-Министрі

Е) барлық халық депутаттары

Жауап: С

 

 

МИТИНГ, ДЕМОНСТРАЦИЯ

154. Митинг немесе демонстрация өткізу туралы өтiнiш мына органға беріледі:

А) маслихатқа
В) республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органына
С) облыстық әкімиятқа
Д) аумақтық сайлау комиссиясына
Е) прокуратураға

Жауап: В

 

155. Митинг, демонстрация немесе шеру өткізу туралы өтініш мынадай мерзімдерде беріледі:

А) өткізілуі белгіленген күнге кемінде 10 күн қалғанда
В) өткізілуі белгіленген күнге кемінде 2 апта қалғанда
С) өткізілуі белгіленген күнге кемінде 1 апта қалғанда
Д) өткізілуі белгіленген күнге кемінде 5 күн қалғанда
Е)
заңда қарастырылмаған

Жауап: А

 

156. Митинг, демонстрация немесе шеру өткізу туралы өтініш бойынша шығарылған шешім мынадай мерзім ішінде оны ұйымдастырушыларға хабарланады:

А) өткізілуі белгіленген күнге кемінде он бес күн қалғанда
В) өткізілуі белгіленген күнге кемінде екі апта қалғанда
С) өткізілуі белгіленген күнге кемінде үш апта қалғанда
Д) өткізілуі белгіленген күнге кемінде он  күн қалғанда

Е) өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бұрын

Жауап: Е

 

157. Митинг, шеру немесе демонстрацияларды мынадай жерлерде өткізуге тиым салынады:

А) көшеде
В) паркте
С) темір жол, су және әуе көлігінің объектілерінде
Д) жабық  үй-жайларда
Е) алаңда

Жауап: С

 

158. Митинг, шеру немесе демонстрацияларды мынадай жерлерде өткізуге тиым салынбайды:

А) халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында

В) денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында

С) темiр жол су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде,

Д) кез-келген мемлекеттік орган орналасқан ғимараттардың жанында

Е) мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың жанында

Жауап: Д

 

159. Жергілікті атқарушы орган митинг, жиналыс, демонстрация өткізуге тиым салады:

А) егер өткізу мақсаты халыққа білім беру мәселелерін талқылау болса
В) егер өткізу мақсаты қысқы уақытта жылумен қамтамасыз ету мәселелерін талқылау болса
С) егер өткізу мақсаты Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға шақыру болса
Д) тиым салу жағдайлары заңда қарастырылмаған
Е) егер өткізу мақсаты денсаулық сақтау мәселелерін талқылау болса

Жауап: С

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің конституциялық-құқықтық негіздері.

 

 

160.  Қоғамдық бірлестіктер деп танылады:

А) Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi

В) азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың саяси еркiн бiлдiретiн, олардың атынан өкілдік ететін ҚР азаматтарының бiрлестiгi

С) мақсаты мемлекеттік басқару ісіне қатысу болып табылатын, 18 жасқа толған ҚР азаматтарын біріктіретін коммерциялық емес ұйымдар

Д) өздерiнiң кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiрiп, қорғау мақсатында құрылатын  ұйым

Е) заңдылықтың сақталуына бақылау жүргізетін, азаматтардың еріктілігі негізінде құрылатын коммерциялық ұйым

Жауап: А

 

161. Қоғамдық бірлестіктерді құрудық және қызметінің қағидалары болып табылмайды:

А) қоғамдық бiрлестiктер мүшелерiнiң ерiктiлiгi

В) мүшелерiнiң тең құқықтылығы

С) өзiн-өзi басқару, заңдылық

Д) есептiлiк, жариялылық

Е) патриотизм

Жауап: Е

 

162. Қанша облыста құрылымдық бөлімшелері бар қоғамдық бірлестіктер республикалық қоғамдық бірлестік деген мәртебеге ие болады:

А) ҚР бір облысында
В) ҚР облыстарының жартысынан астамында
С) ҚР облыстарының жартысынан кемінде

Д) бес облыста
Е)
астана мен республикалық маңызы бар қалалардың аумағында

Жауап: В

 

163. Аймақтық қоғамдық бірлестік – бұл:

А) ҚР облыстарының жартысынан астамының аумағында өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар бiрлестiктер

В) ҚР облыстарының жартысынан азының аумағында өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар бiрлестiктер

С) Қазақстан Республикасының бiр облысы шегiнде жұмыс iстейтiн бiрлестiктер

Д) ҚР-ң бүкіл  аумағының халқының еркін білдіретін қоғамдық бірлестіктер

Е) саяси партиялар мен кәсіптік одақтар

Жауап: В

 

164. Жергілікті қоғамдық бірлестік – бұл:

А) ҚР облыстарының жартысынан астамының аумағында өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi бар бiрлестiктер

В) ҚР облыстарының жартысынан азының аумағында өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi бар бiрлестiктер

С) Қазақстан Республикасының бiр облысы шегiнде жұмыс iстейтiн бiрлестiктер

Д) ҚР-ң жергілікті  халқының еркін білдіретін қоғамдық бірлестіктер

Е) саяси партиялар мен кәсіптік одақтар

Жауап: С

 

165. Қоғамдық бiрлестiк неше адамның бастамасы бойынша құрылады:

А) кемiнде он адамнан тұратын топтың

В) кемiнде он бес адамның

С) кемiнде жиырма бес адамның

Д) кемiнде бес адамның

Е) кемiнде жеті адамның

Жауап: А

 

166. Қоғамдық бiрлестiктердiң заңды тұлға ретiндегi құқық қабiлеттiлiгi пайда болады:

А) заңдарда белгіленген тәртіп бойынша құрылғаннан бастап

В) заңда белгіленген мүшелерінің саны жиналғаннан бастап

С) құрылтай құжаты қабылданғаннан бастап

Д) бөлімшелері, филиалдары тіркеуден өткенннен кейін

Е) ол Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген  тәртiп бойынша тiркелген кезiнен бастап

Жауап: Е

 

167. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар қоғамдық бірлестіктердің мүшелері болуы мүмкін бе:

А) тек саяси партияның ғана мүшесі бола алады, қалғандарынікі бола алмайды

В) кез-келген қоғамдық бірлестікке мүше бола алады

С) қоғамдық бірлестіктердің жарғыларында қарастырылса барлық қоғамдық бірлестіктердің мүшелері болуы мүмкін

Д) қоғамдық бірлестіктердің жарғыларына сәйкес саяси партиядан басқа қоғамдық бірлестіктердің мүшелері болуы мүмкін

Е) шетел азаматтары қоғамдық бірлестікке мүше бола алмайды, ал азаматтығы жоқ адамдар заң рұқсат етсе болады

Жауап: Д

 

168. «Саяси партиялар туралы» заң қабылданды:

А) 31 мамыр 1996 ж.
В) 7 шілде 1996 ж.
С) 15 шілде 2002 ж.

Д) 23 қантар 2001 ж.
Е) 14 сәуір 2004ж.

 

169. Саяси партия – бұл:

А) азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн ҚР азаматтарының ерiктi бiрлестiгi
В) азаматтардың саяси еркін білдіру үшін құрылатын бұқаралық саяси қозғалыс
С) әкімиаттардың құрылуына қатысуы үшін құрылатын қоғамдық бірлестік
Д) сайлау комиссияларының құрылуына қатысу үшін құрылатын қоғамдық бірлестік
Е) жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға қатысу үшін ҚР азаматтарының еркікті түрде бірігуі

Жауап: А

 

170. Саяси партия халық атынан билік жүргізуге:

А) құқылы емес
В) құқылы, егер бұл партияның Жарғысында белгіленсе
С) құқылы, егер бұл саяси партияның Бағдарламасында белгіленсе
Д) заңдар қарастырылмаған
Е) құқылы, егер Әділет Министрлігі  рұқсат берсе

Жауап: А

 

171. ҚР азаматы өзінің қай партияға жататындығын көрсетуге:

А) міндетті, бұл тікелей заңда көрсетілген
В) міндетті, өйткені бұл конституциялық міндет болып табылады
С) міндетті емес, өйткені оған заңмен және нұсқаулықпен тиым салынған
Д) әркім өзінің қай партияға жататындығын көрсетуге-көрсетпеуге хақылы
Е) міндеттілігі заңда қарастырылмаған

Жауап: Д

 

172. ҚР-да саяси партияларға мемлекеттік органдардың қызметін жүктеуге:

А) жол беріледі, егер Әділет Министрлігі рұқсат етсе
В) жол беріледі, егер бұл партияның Жарғысында белгіленген болса
С) жол беріледі, егер бұл партияның Бағдарламасында белгіленген болса
Д) жол беріледі, егер арнайы мемлекеттік орган болмаса
Е) жол берілмейді, өйткені заңмен тікелей тиым салынған

Жауап: Е

173. Қазақстан Республикасында әскерилендірілген саяси партиялардың құрылуына және қызметіне, сондай-ақ саяси партиялардың жанынан әскерилендірілген құрамалар құруға:

А) жол беріледі, егер бұл мәселе партияның Жарғысында қарастырылса
В) жол беріледі, егер бұл мәселе партияның Бағдарламасында қарастырылса
С) жол берілмейді, себебі оған Конституциямен және заңмен тікелей тиым салынған
Д) жол беріледі, егер Әділет Министрлігінің рұқсаты болса
Е) жол беріледі, егер Президенттің Жарлығы болса

Жауап: С

 

174. Бiлiм беру ұйымдарының оқу процесiнде саяси партиялардың бағдарламалық, жарғылық талаптарын насихаттауға:

А) рұқсат етілмейді
В) рұқсат етіледі, егер жоғарғы оқу орны ректорының бұйрығы болса

С) рұқсат етіледі, егер Білім Министрлігінің бұйрығы болса
Д) рұқсат етіледі, егер жоғарғы оқу орын мен партия арасында шарт болса
Е) насихаттау мәселесі заңда қарастырылмаған

Жауап: А

 

175. Саяси партияны құру жөніндегі ҚР азаматтарының бастамашыл топтарының сандық құрамы келесідей:

А) 100 000 адамнан кем емес
В) 5
5 000 адамнан кем емес
С) 1 000 адамнан кем емес
Д) 50 адамнан кем еме
с
Е) 1
5
0 адамнан кем емес

Жауап: С

 

176. Саяси партияға ұжымдық мүшелікке:

А) жол беріледі, егер Жарғыда белгіленсе
В) жол беріледі, егер партияның Бағдарламасында белгіленсе
С) жол беріледі, егер тіркеу кезінде Әділет Министрлігі осылай шешсе
Д) жол берілмейді
Е) заңда қарастырылмаған

Жауап: Д

 

177. Төмендегілердің келесісі саяси партияларда болмауға тиіс:

А) жоғарғы оқу орнының студенттері
В) әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар
С) оқытушылар мен Білім Министрлігінің қызметкерлері
Д) жеке кәсіпорындардың, ашық акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмысшылары
Е) саяси партияға мүше болу үшін заңда ешқандай шектеу жоқ

Жауап: В

 

178. Саяси партияларды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады:

А) Ішкі істер Министрлігі
В) Ұлттық қауіпсіздік комитеті
С) Әділет Министрлігі
Д) Орталық сайлау комиссиясы
Е) Баспасөз және ақпарат Министрлігі

Жауап: С

 

179. Мемлекеттік тіркеу үшін саяси партияның құрамында төмендегідей мүше саны болуы керек:

А) 100 000 кем емес
В) 50 000 кем емес
С) 1 000 кем емес
Д) 5 000 кем еме
с
Е) заңда белгіленбеген

Жауап:В

 

180. Саяси партияны таратуды жүзеге асырады:

А) Әділет Министрлігі
В) Ұлттық қауіпсіздік комитеті
С) Орталық сайлау комиссиясы
Д) Ішкі істер министрлігі

Е) саяси партияның жоғары органы тағайындайтын тарату комиссиясы немесе ҚР-ның заң актiлерiнде көзделген тәртiппен сот

Жауап:Е


181. Саяси партиялар өздерінің айырым белгілері ретінде ҚР-ның мемлекеттік рәміздерін пайдалануға құқылы ма:

А) жоқ, құқылы емес
В) құқылы, егер Әділет Министрлігінің рұқсаты болса
С) құқылы, егер партияның Жарғысында белгіленсе
Д) құқылы, егер Президенттің бұл туралы нұсқамасы болса
Е) заңда қарастырылмаған

Жауап: А

 

182. Саяси партияны қайта ұйымдастыру жүргiзiледi:

А) оның жоғары органының шешiмi бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және саяси партияның жарғысында көзделген тәртiппен

В) соттың шешімі бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен

С) прокуратура органдарының шешімімен Конституцияда белгіленген тәртіпте

Д) Президентпен Республиканың заңнамасына сәйкес

Е) жергілікті әділет органдарының шешімі бойынша саяси партияның жарғысында көзделген тәртiппен

Жауап: А

 

183. Саяси партияның қызметiн тоқтата тұру мерзімі:

А) саяси партияның өзінің шешiмi бойынша жеті айдан сегіз айға дейiнгi мерзiмге

В) соттың шешiмi бойынша үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге

С) Бас Прокуратураның шешiмi бойынша үш айдан алты айға дейiнгi мерзiмге

Д) Президенттің шешiмi бойынша екі айдан үш айға дейiнгi мерзiмге

Е) Орталық сайлау комиссиясының шешiмi бойынша үш айдан төрт айға дейiнгi мерзiмге

Жауап:В

 

184. Саяси партияның қызметiн мына жағдайда тоқтата тұруға болмайды:

А) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын бұзған жағдайда

В) саяси партияның жарғысына қайшы келетiн қызметтi үнемi жүзеге асырған жағдайда

С) саяси партия басшыларының экстремизмдi жүзеге асыруға бағытталған жария шақыруы мен сөйлеген сөздерi  орын алған жағдайда

Д) саяси партия мүшелерiнiң саны “Саяси партиялар туралы” Заңның 10 бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, яғни жеткіліксіз болған жағдайда

Е) саяси партияның мүшелері партиядан шығып басқа партияға кірген жағдайда

Жауап:Е

 

185. Саяси партияның қызметi тоқтатылып тұрған кезеңде партияның басшылары мен мүшелеріне төмендегідей әрекеттерге тиым салынады:

А) бұқаралық aқпapaт құралдарында сөйлеуге

В) жиналыстар, митингiлер және өзге де жария сөз сөйлеудi ұйымдастыруға және өткiзуге тыйым салынады

С) Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерге шығуға

Д) басқа партияға мүше болып кіруге

Е) маслихат депутаттығына өз кандидатурасын ұсынуға

Жауап: В

 

186. Қызметі тоқтатыла тұрған саяси партия өз қызметiн қайта бастайды:

А) саяси партия прокуратура органдарында қайтадан тіркеуден өткен жағдайда

В) саяси партия мүшелері  ант берген жағдайда

С) егер саяси партияның қызметiн тоқтата тұрудың белгiленген мерзiмi iшiнде тәртiп бұзушылықтар жойылған болса

Д) өзінің жоғарғы органының шешімімен кез-келген жағдайда

Е) заңда анықталмаған

Жауап: С

 

187. Соттың шешiмi бойынша саяси партия мынадай жағдайда таратылмайды:

А) саяси партиялар туралы Заңның талаптарын орындамаған жағдайда

В) саяси партияның қызметiн тоқтата тұру үшiн негiз болған тәртiп бұзушылықты сот белгiлеген мерзiмде жоймаған жағдайда

С) саяси партияның жарғысына қайшы келетiн қызметтi үнемi жүзеге асырған жағдайда

Д) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде тыйым салынған қызметтi жүзеге асырған не қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарын бiрнеше рет (кемiнде екi рет) немесе өрескел бұза отырып жүзеге асырған жағдайда

Е) саяси партия Парламент депутаттарының сайлауына қатыспаған жағдайда

Жауап: Е

 

188. Төмендегілердің қайсысы саяси партияға мүше болуды тоқтатуға негiз болып табылмайды:

А) қайтыс болу

В) партиядан шығу

С) партиядан шығарылу

Д) басқа партияға кiру

Е) Парламентке депутат болып сайлану

Жауап: Е

 

189. Саяси партияның жоғары басшы органы болып табылады:

А) саяси партияның төрт жыл iшiнде кемiнде бiр рет шақырылатын съезi (конференциясы)

В) саяси партияның құрылтай жиналысы

С) саяси партияның кеңесі

Д) саяси партияның сессиясы

Е) саяси партияның пленумы

Жауап: А

 

190. Саяси партияларды таратуға негіз болып табылмайды:

А) саяси партияның Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының сайлауына қатарынан екi рет қатыспауы

В) саяси партияның Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты депутаттарының сайлауына қатыспауы

С) саяси партияның  Заңда тыйым салынған қайырмалдықтарды қабылдауы

Д) мемлекеттiк тiркеу үшiн табыс етiлген құжаттарда көрсетілген мәлiметтердiң дұрыс еместiгiнің анықталуына байланысты саяси партияны мемлекеттiк тiркеудің заңсыз деп танылуы не саяси партияны мемлекеттiк тiркеудiң күшi жойылуы

Е) саяси партияны шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруы

Жауап: В

 

САЙЛАУ ОРГАНДАРЫ

191. Мәртебесі бойынша сайлау комиссиялары төмендегідей орган болып табылады:

А) ҚР-да сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi ұйымдастыратын мемлекеттiк сайлау органдары

В) Қазақстанда дауыс беруді жүзеге асыратын сайлау органдары

С) Қазақстанда Президентті және Парламент депутаттарын сайлауды ұйымдастыратын және өткізетін жоғарғы атқарушы органдары
Д) Қазақстанда сайлау тәртібін белгілейтін нормалар шығаратын өкілді органдары

Е) кандидаттарды ұсынуды және тіркеуді, дауыстар санауды жүзеге асыратын сайлау органдары

Жауап: А

 

192. Сайлау комиссиясының біртұтас жүйесіне кірмейтін орган:

А) орталық сайлау комиссиясы

В) аумақтық сайлау комиссиясы

С) округтік сайлау комиссиясы

Д) аудандық сайлау комиссиясы

Е) учаскелік сайлау комиссиясы

Жауап: Д

 

193. Орталық Сайлау комиссиясының өкілеттілік мерзімі:

А) 5 жыл

В) 3 жыл

С) 10 жыл

Д) 1 жыл

Е) 2 жыл

Жауап: А

 

194. Округтік сайлау комиссиясының мүшелерінің саны:

А) 5

В) 7

С) 10

Д) 12

Е) 15 мүшеден

Жауап: В

 

195. Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі:

А) сайлау өткізілетін уақыт аралығында

В) 1 жыл

С) 5 жыл

Д) 4 жыл

Е) 6 жыл

Жауап: С

 

196. Орталық сайлау комиссиясы келесідей тәртіппен құрылады:

А) Президенттің ұсынуы бойынша Мәжіліс сайлайды

В) төрағасын және екі мүшесін Президент тағайындайды, екі мүшесін Сенат, екі мүшесін Мәжіліс сайлайды

С) Президент тағайындайды

Д) Үкімет тағайындайды

Е) Парламент сайлайды

Жауап: В

 

197. Сайлау комиссияларының келесісі тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады:

А) учаскелік сайлау комиссиясы

В) округтік сайлау комиссисы

С) аумақтық сайлау комиссиясы

Д) орталық сайлау комиссиясы

Е) сайлау комиссияларының ешқайсысы да тұрақты жұмыс істемейді

Жауап: Д

 

198. Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына неше кандидатура ұсына алады:

А) бір кандидатура

В) екі кандидатура

С) үш кандидатура

Д) сайлау комиссиясының құрамына кандидатура ұсына алмайды

Е) кандидатураның шегі шектелмеген

Жауап: А

 

199. Аумақтық сайлау комиссиялары қатарына кірмейді:

А) облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және республика астанасы) сайлау комиссиялары

В) аудандық сайлау комиссиялары

С) округтік сайлау комиссиялары

Д) қалалық сайлау комиссиялары

Е) қаладағы аудандық сайлау комиссиялары

Жауап: С

 

200. Мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде сайлау oкругтерiнде сайлауды ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз ететін орган:

А) орталық сайлау комиссиясы

В) учаскелік сайлау комиссиясы

С) аумақтық сайлау комиссиясы

Д) республикалық сайлау комиссиясы

Е) округтiк сайлау комиссиялары

Жауап: Е

 

201. Төмендегілердің қайсысы сайлау комиссияларының мүшелері бола алады:

А) Парламент, мәслихаттар депутаттары, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері

В) Президенттікке, Парламенттің, мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, сондай-ақ кандидаттардың сенім білдірген адамдары
С) мемлекеттік саяси қызметші лауазымындағы адамдар, судьялар

Д) кандидаттардың жұбайы (зайыбы) мен жақын туыстары, сондай-ақ кандидаттарға тікелей бағынышты адамдар

Е) саяси партияның мүшелері

Жауап: Е

 

202. Сайлаушылар тізімін жасайды:

А) маслихат

В) орталық сайлау комиссиясы

С) халықты есепке алуды жүзеге асыратын органдар ұсынған мәліметтердің негізінде жергілікті атқарушы орган

Д) паспорттық стол

Е) аумақтық сайлау комиссиялары

Жауап: С

 

203. Сайлаушылар тізімі жасалмайды:

А) Президенттi сайлаған кезде

В) Парламент Мәжiлiсi депутаттарын сайлаған кезде

С) өзге де  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлаған кезде

Д) Сенат депутаттарын сайлаған кезде

Е) мәслихаттардың депутаттарын сайлаған кезде

Жауап: Д

 

204. Таңдаушылардың тiзiмдерi жасалады:

А) Президенттi сайлау кезінде

В) Парламент Мәжiлiсi депутаттарын сайлау кезінде

С) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезінде

Д) Сенат депутаттарын сайлау кезінде

Е) мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде

Жауап: Д

 

 

САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ

205. Сайлау жүйелерінің түрлері:

А) мажоритарлық, бара-бар өкілдік (пропорционалдық)

В) аумақтық, округтік

С) кезекті, кезектен тыс

Д) белсенді, бәсең

Е) бірмандатты, көпмандатты

Жауап: А

 

206. Төмендегілердің келесісі салыстырмалы көпшілік мажоритарлық жүйесі бойынша жеңген кандидат болып табылады:

А) 50% артық дауыс жинаған кандидат

В) 25%  артық, бірақ 50% кем дауыс жинаған кандидат

С) басқа кандидатқа қарағанда көп дауыс жинаған кандидат

Д) 40% артық дауыс жинаған кандидат

Е) бірінші турда 50% кем емес дауыс жинаған кандидат

Жауап: С

 

207. Төмендегілердің келесісі басым (абсолютті) көпшілік мажоритарлық жүйесі бойынша жеңген кандидат болып табылады:

А) 50% астам  дауыс жинаған кандидат

В) кемінде 50% дауыс жинаған кандидат

С) басқа кандидатқа қарағанда көп дауыс жинаған кандидат

Д) 40% артық дауыс жинаған кандидат

Е) бірінші турда 50% кем емес дауыс жинаған кандидат

Жауап: А

 

208. Бара-бар өкілдік жүйесі бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланатын Мәжіліс депутаттарының сайлауы кезінде неше сайлау округтері құрылады:

А) бір мандатты 10 сайлау округтері

В) бір мандатты 67 сайлау округтері

С) Республиканың бүкіл аумағы біртұтас жалпыұлттық сайлау округі болып табылады

Д) көп мандатты 10 сайлау округтері

Е) біртұтас жалпыұлттық 2 сайлау округтері

Жауап: С

 

САЙЛАУ ОКРУГТЕРІ, УЧАСКЕЛЕРІ

 

209. Сайлау округтерінің түрлері:

А) бірмандатты, екі мандатты,

В) бірмандатты, үш мандатты, бiртұтас сайлау округi

С) бірмандатты, бес мандатты, республикалық сайлау округi

Д) бірмандатты, көп мандатты, бiртұтас жалпыұлттық сайлау округi
Е) республикалық, аумақтық, жергілікті сайлау округі

Жауап: Д

 

210. Келесілерді сайлаған кезде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бiртұтас жалпыұлттық сайлау округi болып табылады:

А) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн

В) Республика Президентiн және бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Мәжiлiс депутаттарын

С) мәслихаттардың депутаттарын

Д) Сенат депутаттарын

Е) Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарын

Жауап: В

 

211. Көп мандатты аумақтық сайлау округтерi құрылады:

А) ҚР Президентін сайлау кезінде

В) мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде

С) Сенат депутаттарын сайлау кезінде

Д) Республика Президентiн және бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Мәжiлiс депутаттарын сайлау кезінде

Е) маслихаттан өзге де  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде

Жауап: Е

 

212. ҚР Президенті сайлауы кезінде төмендегідей сайлау округі құрылады:

А) бір мандатты 67 сайлау округтері

В) Республиканың бүкіл аумағы біртұтас жалпыұлттық сайлау округі болып табылады

С) көп мандатты 67 сайлау округтері

Д) сайлау округтері тіптен құрылмайды

Е) біртұтас жалпы ұлттық 2 сайлау округтері

Жауап: В

 

213. Сенат депутаттарын сайлау кезінде:

А) бірмандатты сайлау округі құрылады

В) көп мандатты сайлау округі құрылады

С) сайлау округтері құрылмайды

Д)  Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бiртұтас жалпыұлттық сайлау округi болып табылады

Е) екі мандатты сайлау округтері құрылады

Жауап: С

 

214. Келесілерді сайлаған кезде бірмандатты сайлау округтері құрылып пайдаланады:

А) Сенат депутаттарын сайлау кезінде

В) мәслихаттардың депутаттарын сайлау кезінде

С) ҚР Президентін сайлау кезінде

Д) бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Мәжiлiс депутаттарын сайлау кезінде

Е) маслихаттан өзге де  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде

Жауап: В

 

215. Сайлау округтерi келесідей жағдайлар ескерiлiп құрылады:

А) Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi және сайлаушылардың мөлшермен бiрдей саны болуы

В) облыстардың шекарасының бұзылмауы және сайлаушылардың теңдей санының болуы

С) Қазақстан Республикасының шекарасы және сайлау учаскелерінде үш мыңнан аспайтын сайлаушылардың болуы

Д) аудандардың шекарасы және сайлаушылардың теңдей санының болуы

Е) сайлаушылардың теңдей санының болуы

Жауап: А

 

216. Әр сайлау учаскесінде қанша сайлаушылар болуы керек:

А) 5000 көп емес сайлаушылар

В)  2000 көп емес сайлаушылар

С) 5000 артық сайлаушылар

Д) 3000-нан аспайтын сайлаушылар

Е) 3000-нан көп сайлаушылар

Жауап Д

 

217. Маслихат депутаттағына кандидат 1 сайлау округінен артық округтен ұсыныла алады ма?

А) 2 сайлау округінде ұсыныла алады
В) 1 сайлау округінде және партиялық тізімде ұсыныла алады
С) орталық сайлау комиссиясының рұқсатымен бірнеше округтерде ұсыныла алады
Д) ҚР Конституциялық Кеңесінің рұқсатымен бірнеше сайлау округтерінде ұсыныла алады
Е) ешкім 1 сайлау округінен артық округтен кандидат болып ұсыныла алмайды

Жауап: Е

 

218. Сайлау учаскелері құрылады:

А) Республика аумағында және одан тыс жерлерде дауыс берудi өткiзу және дауыс санау үшiн тиiстi әкiмдердiң шешiмдерiмен

В) сайлауды әзірлеу және ұйымдастыру үшін президенттің шешімімен

С) сайлаулардың қорытындыларын шығару үшін Орталық сайлау комиссиясының шешімімен

Д) сайлаушылардың бағдарламаларын бекітіп, оладың әрекеттеріне қадағалау жүргізіп отырыу үшін облыстық әкімнің шешімімен

Е) аудандар мен қалаларда дауыс берудi өткiзу және дауыс санау үшiн тиiстi әкiмдердiң сайлау комиссияларымен келiсiлген шешiмдерiмен

Жауап: Е

 

219. Сайлау учаскелерi мынадай мақсатта құрылады:

А) сайлаушылардың сайлауларға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында

В) сайлаушыларға дер кезінде тиісті хабарламаларды таратып отыру мақсатында

С) сайлаушыларға барынша қолайлық туғызу мақсатында

Д) кандидаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында

Е) кандидаттардың еркін түрде үгіт жүргізуін қамтамасыз ету мақсатында

Жауап: С

 

220. Сайлау учаскелерi мынадай жағдаяттар ескерiлiп құрылады:

А) Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi және сайлаушылардың мөлшермен бiрдей санының болуы

В) облыстардың шекарасының бұзылмауы және сайлаушылардың теңдей санының болуы

С) әрбiр сайлау учаскесiнде үш мыңнан аспайтын сайлаушы болуы және әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi әкiмшiлiк-аумақтық құрылым шекарасының сақталуы

Д) аудандардың шекарасы және сайлаушылардың теңдей санының болуы

Е) сайлаушылардың теңдей санының болуы

Жауап: С

 

 САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫ

221. Тең сайлау құқығы – бұл:

А) сайлаушылардың өз сайлау еріктерін жасырын білдіруі

В) сайлаушылардың ерік білдіруіне қандай да бір бақылаудың болмауы

С) сайлаушылардың сайлауға тең негізде қатысуы және олардың түрлі дауыс санына ие болуы

Д) сенат депутаттарын таңдаушылардың сайлауы

Е) сайлаушылардың сайлауға тең негізде қатысуы және олардың бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауысқа ие болуы

Жауап: Е

 

222. Сайлау құқығының қағидасы ретінде жалпыға бірдей сайлау құқығы нені білдіреді:

А) сайлаушылардың сайлауға тең негізде қатысуын және олардың бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауысқа ие болуын

В) сайлау органдарының Қазақстанда сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын қызметін

С) ҚР Президентін, Мәжіліс пен маслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтардың тікелей сайлауын

Д) Сенат депутаттарын сайлаушылармен құрылатын таңдаушылардың сайлауын

Е) кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті және сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырмаған ҚР азаматтарының сайлауға қатысу құқығын

Жауап: Е

 

223. Тікелей сайлау құқығы – бұл:

А) Президент, Парламент Мәжілісі және маслихат депутаттарының тікелей азаматтармен сайлануы

В) Президент, Парламент және маслихат депутаттары таңдаушылар алқасымен сайлануы

С) Президент, Парламент және маслихат депутаттары ҚР Конституциялық Кеңесімен тағайындалуы

Д) Президент, Парламент және маслихат депутаттары жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерімен сайлануы

Е) Президент, Парламент және маслихат депутаттары Үкіметпен тағайындалуы

Жауап: А

 

224. Парламент  Сенатының депутаттарын сайлау кезінде жанама сайлау дегеніміз нені білдіреді:

А) олардың барлығын Президент тағайындайды

В) олардың барлығын тікелей азаматтардың өздері сайлайды

С) оларды таңдаушылар – маслихаттардың депутаттары болып табылатын ҚР азаматтары сайлайды

Д) оларды таңдаушылар – Мәжіліс депутаттары сайлайды

Е) оларды таңдаушылар – ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшелері сайлайды

Жауап: С

 

225. Сайлау бюллетеньдері мынадай мөлшерде дайындалады:

А) сайлау округiндегi сайлаушылардың жалпы санының 1 процентi резервiмен сайлау округiндегi сайлаушылардың санына тең мөлшерде

В) сайлаушылардың жалпы санының 2 проценті резервімен сайлау округіндегі сайлаушылардың санына тең мөлшерде

С) сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың жалпы санының 0,5 проценті резервімен дайындалады

Д) заңда қарастырылмаған

Е) сайлау округіндегі сайлаушылардың тең саны мөлшерінде дайындалады

Жауап: А

 

226. Кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті мәні бойынша қандай қызметті білдіреді:

А) сайлаушылардың белгілі бір кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткі болу мақсатындағы қызметті

В) таңдаушылардың белгілі бір саяси партияны жақтап дауыс беруіне әсер ету жөніндегі қызметті

С) сайлау органдарының Қазақстанда сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын қызметін білідреді

Д) кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті және сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырмаған азаматтарды сайлауға қатыстыру жөніндегі қызметті

Е) кандидаттардың өзінің болашақ қызметі туралы баяндайтын құжатты

Жауап: А

 

227. Келесілердің сайлау алдындағы үгітті жүргізуіне тиым салынбайды:

А) шетелдіктердiң

В) азаматтығы жоқ адамдардың

С) шетелдік заңды тұлғалардың

Д) халықаралық ұйымдардың

Е) ҚР азаматтарының

Жауап: Е

 

228. Сайлау алдындағы үгiтті жүргізу мерзімі:

А) сайлау тағайындалған сәттен басталып дауыс беретін күннің қарсаңындағы күні нөл сағатта аяқталады

В) кандидаттар тiркелген мерзімі аяқталған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

С) кандидаттар ұсынылған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады
Д) кандидаттар тiркелген сәттен басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi нөл сағатта аяқталады

Е) сайлау тағайындалған сәттен басталып сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

Жауап: В

 

229. Сайлау алдындағы үгiтті келесідей жолдармен жүзеге асырыуға тиым саланады:

А) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы

В) кандидаттардың және олардың сенiм бiлдiрген адамдарының сайлаушылармен (таңдаушылармен) жеке кездесулерін өткiзу арқылы

С) баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату арқылы

Д) сайлау алдындағы жария iс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесулердi, сайлау алдындағы жария пікір таластар мен пiкiр алысуларды, митингiлердi, шерулердi, демонстрацияларды) өткізу арқылы

Е) сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарттарымен тауарлар беру, лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткiзу арқылы

Жауап: Е

 

230. Жөнсіз үгіт деп саналады:

А) баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату

В) сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын тегiн тарату

С) омырауға тағатын белгiлердi, жалауларды, жалаушаларды тегiн тарату

Д) сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарттарымен тауарлар, бағалы қағаздар беріп, қызметтер көрсету

Е) митингiлер, шерулер, демонстрациялар өткізу

Жауап: Д

 

231. Мынадай құжатта кандидаттар, партиялық тізім ұсынған саяси партиялар өзінің болашақ қызметі туралы баяндайды:

А) сайлау алдындағы үгітте

В) заңдарда

С) саяси партиялардың жарғыларында

Д) сайлау алдындағы бағдарламасында

Е) аталғандардың барлығында

Жауап:Д

 

232. Сайлау бюллетеніне екіден артық кандидат енгізіліп, олардың бір де біреуі сайланбай қалған жағдайда ең көп дауыс алған екі кандидат бойынша өткізілетін қосымша дауыс беру:

А) қайта дауыс беру

В) қайта сайлау

С) қосымша сайлау

Д) ішінара сайлау

Е) кезектен тыс сайлау

Жауап: А

 

233. Сайлау жарамсыз деп танылған жағдайда өткізілетін сайлау:

А) қайта сайлау

В) қосымша сайлау

С) қайта дауыс беру

Д) кезекті сайлау

Е) кезектен тыс сайлау

Жауап: А

 

234. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн қосымша сайлау мына жағда       йда өткізіледі:

А) дауыс беруге бір кандидат саны қатысып олардың бір де бірі сайланбай қалған жағдайда
В)
сайлау жарамсыз деп танылған жағдайда

С) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерiнiң саны тиiстi жергiлiктi өзiн-өзi басқару органындағы мандаттар санынан кем болған жағдайда
Д) сайлау өткізілмеген жағдайда
Е) сайлау жарамды деп танылған жағдайда
Жауап: С

 

235. Қай органға сайлағанда қосымша сайлау өткізілуі мүмкін:

А) маслихатқа

В) Мәжіліске

С) Сенатқа

Д) Президентке

Е) өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органына

Жауап: Е

 

236. Сенім білдірілген адамдарға тиым салынады:

А) кандидаттардың, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың өздерiне сайлау науқанын жүргiзуге көмектесуге

В) сайлау алдындағы үгiттi жүргізуге

С) кандидаттар, саяси партиялар мүдделерiн білдіруге

Д) кандидаттың, партиялық тізімін ұсынған саяси партияның өздеріне жазбаша нысанда берген өкілеттігі шегінде әрекет етуге

Е) әлеуметтік, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруға

Жауап: Е

 

237. Сенiм білдiрiлген адамға қойылатын талап:

А) Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиiс

В) арнайы жоғары білімі болуы керек

С) ҚР аумағында жиырма жыл тұруы қажет

Д) мемлекеттік тілді еркін меңгеруі керек

Е) сотталмаған болуы қажет

Жауап: А

 

238. Сенат депутатын сайлау кезiнде сенім білдірілген адам ретінде төмендегілердің қайсысы болуы мүмкін:

А) мәслихат депутаты

В) қандай да бiр сайлау комиссиясының мүшесi

С) саяси мемлекеттiк қызметшi лауазымындағы адам

Д) орталық сайлау комиссиясының мүшесі

Е)  орта білімді, мемлекеттік тілді еркін меңгермеген адам

Жауап: Е

 

САЙЛАУДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

 

239. Сайлауды мемлекеттiк емес қаржыландыру  - бұл:

А) республикалық бюджет есебінен қаржыландыру

В) жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру

С) халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бiрлестiктердің қаржыландыруы

Д) зейнатақы қорлары қаражатынан қаржыландыру

Е) сайлау қорлары қаражатынан қаржыландыру

Жауап: Е

 

240. Сайлау қорлары мынадай көздерден құралмайды:

А) сайлау округтерi бойынша депутаттыққа кандидаттардың жеке қаражатынан

В) кандидатқа оны ұсынған Республиканың қоғамдық бiрлестiгi бөлген қаражаттан

С) Республика азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан

Д) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қаражатынан

Е) саяси партиялардың қаражатынан

Жауап: Д

 

 

241. Сайлау қорының сайлау науқаны мақсаттарына жұмсалмай қалған ақшалай қаражаты қайда жіберіледі:

А) толығымен республикалық бюджетке жiберiледi

В) толығымен кандидатқа қайтарылады

С) жартысы жергілікті бюджетке жіберіледі, жартысы кандидатқа қайтарылады

Д) үштен екiсi республикалық бюджетке жiберiледi, ал үштен бiрi кандидатқа, саяси партияға қайтарылады

Е) кандидаттың зейнетақы қорына аударылады

Жауап: Д

 

242. Сайлау қорлары қаражатының жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады:

А) тиiстi сайлау комиссиялары және банк мекемелерi

В) қаржы министрлігі
С) Үкімет
Д) жергілікті әкімияттың қаржы бөлімі
Е) прокуратура

Жауап: А

 

ДАУЫС БЕРУ, БЮЛЛЕТЕНЬ, ДАУЫС САНАУ

 

243. Президенттi, Парламент Мәжiлiсi мен мәслихаттар депутаттарын,  өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау кезінде дауыс беру уақыты:

А) жергiлiктi уақытпен сағат жетiден жиырмаға дейiн

В) жергiлiктi уақытпен сағат алтыдан жиырма екіге дейiн

С) жергiлiктi уақытпен сағат жетiден жиырма екіге дейiн

Д) жергiлiктi уақытпен сағат сегізден жиырмаға дейiн

Е) жергiлiктi уақытпен сағат жетiден соңғы сайлаушының дауыс бергеніне дейін

Жауап: А

 

244. Төмендегі сайлау бюллетеньінің қайсысы жарамсыз бюллетень деп танылмайды:

А) белгiленбеген үлгiдегi бюллетень

В) тиiстi сайлау комиссиясы мүшесiнiң қолы қойылмаған бюллетень
С) белгi қарындашпен қойылған, түзету немесе өзге де бұрмалау iздерi бар бюллетень
Д) сайлаушылардың ерiк бiлдiруiн анықтау мүмкiн емес бюллетень
Е) ) мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін  сайлау кезiнде бiр кандидаттан артық  кандидат белгiленген бюллетень
Жауап: Е

 

245. Сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауысын қайта санауға мына жағдай негіз болмайды:

А) учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларында қателер анықталуы

В) тиісті сайлау комиссияларының хаттамаларында сәйкессiздiктер анықталуы

С) дауысты есептеудiң дұрыстығына күмән тууы

Д) жарамсыз бюллетеньдердің болуы

Е) Сенат депутаттарын, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарын  сайлаған кезде аумақтық тиісті сайлау комиссияларының хаттамаларында қателер, сәйкессiздiктер анықталуы

Жауап: Д

 

246. Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтайды:

А) учаскелік сайлау комиссиясы

В) округтік сайлау комиссиясы

С) орталық сайлау комиссиясы

Д) жергілікті сайлау комиссиясы

Е) аудандық сайлау комиссиясы

Жауап: В

 

247. Мәслихат депутаттарын, сондай-ақ  өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерiн сайлау қорытындыларын анықтайды.

А) орталық сайлау комиссиясы

В) аудандық сайлау комиссиясы

С) аумақтық сайлау комиссиялары

Д) жергілікті сайлау комиссиясы

Е) республикалық сайлау комиссиясы

Жауап: С

 

ТҰЛҒАЛАРДЫ САЙЛАУ

248. Президенттікке кандитаттың сайлау алдындағы бағдарламасында қандай ережелер болмауы керек:

А) еңбек ақыны көтеру туралы уәде

В) Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу туралы идеялар

С) ҚР халықтарының достығын нығайту туралы идеялар

Д) плюрализм және көппартиялықты дамыту туралы идеялар

Е) пара алмауға уәде

Жауап: В

 

249. Президенттікке кандидатты сайлаушылардың нешесі қолдауға тиіс:

А) сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде 2 проценті;

В) сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде 1 проценті;

С) Республиканың облыстарының, республикалық маңызы бар қаласының және астанасының кем дегенде үштен екiсiнiң атынан теңдей өкiлдiк ететiн сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде бiр процентi

Д) Республиканың облыстарының, республикалық маңызы бар қаласының және астанасының сайлаушыларының жалпы санының кем дегенде 3 проценті

Е) Республиканың облыстарының үштен бірінің (1/3) атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылардың жалпы санының кем дегенде 3 проценті

Жауап: С

 

250. ҚР Президенттігіне кандидаттар ұсыну құқығы мыналарда болады:

А) белгiленген тәртiппен тiркелген республикалық қоғамдық бiрлестiктерде, сондай-ақ өзiн-өзi ұсыну жолымен - азаматтарда

В) саяси партияларда

С) белгіленген тәртіппен тіркелген жергілікті қоғамдық бірлестіктерде

Д) қоғамдық қозғалыстарда, сондай-ақ өзiн-өзi ұсыну жолымен - азаматтарда

Е) ҚР Парламентінде

Жауап: А

 

251. Республика Президенттiгiне кандидатқа қойылатын талаптар:

А) 15 жыл республика азаматы болуы, 40 жасқа толуы, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгеруі әрi Қазақстанда 10 жыл бойы тұруы

В) тумысынан республика азаматы болуы, 40 жасқа толуы, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгеруі әрi Қазақстанда соңғы 15 жыл бойы тұруы, белсендi сайлау құқығына ие болуы

С) республика азаматы болуы, 40 жасқа толуы, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгеруі әрi Қазақстанда соңғы 5 жыл бойы тұруы

Д) тумысынан республика азаматы болуы, 35 жасқа толуы, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгеруі әрi жоғары білімінің болуы

Е) ҚР азаматы болуы, 40 жасқа толуы, жоғары білімінің және 5 жыл жұмыс стажының болуы

Жауап: В

 

252. Президенттiкке кандидаттар ұсыну мерзімі:

А) сайлауды тағайындау кезiнде өзгеше көзделмесе, сайлауға дейiн алты ай бұрын басталады және сайлауға қырық күн қалғанда аяқталады

В) сайлауға дейiн бес ай бұрын басталады және сайлауға отыз бес күн қалғанда аяқталады

С) сайлау жарияланған күннен кейінгі күні басталып, сайлауға екi ай қалғанда аяқталады

Д) сайлауды тағайындаған күннен басталады және сайлауға он күн қалғанда аяқталады

Е) сайлауды тағайындаған күннен басталады және сайлауға бес күн қалғанда аяқталады

Жауап: С

 

253. Президенттiкке кандидаттарды қоғамдық бiрлестiктер атынан ұсынады:

А) қоғамды бірлестіктің құрылтайшылары

В) қоғамды бірлестіктің барлық мүшелері

С) қоғамды бірлестіктің жоғары органы

Д) қоғамды бірлестіктің басшы органының мүшелері
Е) қоғамды бірлестіктің құрылтайшылары мүшелерімен бірге

Жауап: С

 

254. Қоғамдық бiрлестiктер осы қоғамдық бiрлестiктiң мүшесi болып табылмайтын адамдарды Президенттікке кандидаттыққа ұсынуға хақылы ма:

А) иә, хақылы

В) хақылы емес

С) сайлау комиссиялары рұқсат берсе ұсынуға хақылы

Д) әділет органдарының рұқсатымен хақылы

Е) республикалық қоғамдық бірлестіктер ғана хақылы, қалғандары хақылы емес
Жауап: А

 

255. Қоғамдық бiрлестiк Президенттiкке мынадай шекте кандидат ұсынуға хақылы:

А) екі-екіден кандидат ұсынуға хақылы

В) бес кандидат ұсынуға хақылы

С) шексіз санда кандидат ұсынуға хақылы

Д) үш-үштен кандидат ұсынуға хақылы

Е) бiр ғана кандидат ұсынуға хақылы

Жауап: Е

 

256. Кандидаттарды тiркеу мерзімі аяқталатын күні Президенттікке екіден кем кандидат тiркелген жағдайда, мәселе төмендегідей шешіледі:

А) Орталық сайлау комиссиясының шешімімен қайта сайлау өткізіледі
В)
Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады
С)
Орталық сайлау комиссиясының шешімімен қосымша сайлау тағайындалады

Д) ұсынылған кандидаттардың санына қарамастан сайлау өткізіле береді
Е) кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияға беріледі

Жауап: В

 

257. Президенттiкке кандидаттарды тiркеудi жүзеге асырады:

А) аумақтық сайлау комиссиясы
В) Мәжіліс
С) Әділет Министрлігі

Д) Орталық сайлау комиссиясы

Е) учаскелік сайлау комиссиясы
Жауап: Д

 

258. Президенттікке кандидат мынадай мөлшерде сайлау жарнасын төлейді:

А) ең төменгi жалақының он бес мәрте мөлшерiнде

В) ең төменгi жалақының елу мәрте мөлшерiнде

С) ең төменгi жалақының бес мәрте мөлшерiнде

Д) ең төменгi жалақының жүз мәрте мөлшерiнде

Е) ең төменгi жалақының он мәрте мөлшерiнде

Жауап: В

 

259. Енгізілген сайлау жарнасы кандидатқа мынадай жағдайда қайтарылмайды:

А) кандидат сайлау қорытындылары бойынша Республика Президенті болып сайланған жағдайда

В) кандидат дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес процентін алған жағдайда

С) кандидат қайтыс болған жағдайда

Д) кандидат дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде он процентін алған жағдайда
Е) кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бір процентін алған жағдайда

Жауап: Е

 

260. Қоғамдық ұйымнан Президенттiкке кандидаттарды тiркеу үшін мынадай құжат қажет етілмейді:

А) қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының Президенттiкке кандидат ұсыну жөнiндегi мәжiлiсiнiң осы қоғамдық бiрлестiктi Республиканың Әдiлет министрлiгiнде тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi қоса тiркелген хаттаманың үзiндiсi

В) Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм беру жөнiндегi өтiнiш

С) азаматтардың кандидатты қолдап жиналған қолдарын тексерудiң нәтижесi туралы аумақтық сайлау комиссиясының хаттамалары, кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат

Д) Президенттiкке кандидат болып дауысқа түсу ниетi жөнiндегi өтiнiшi

Е) кандидаттың өмiрбаяндық деректерi, кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы;

Жауап: Д

 

261. Республика Президентiнiң кезектi сайлауы өткізіледі:

А) жеті жылда бiр рет тиiстi жылғы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде

В) бес жылда бiр рет тиiстi жылғы бiрiншi желтоқсанда

С) өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін бір ай өткен соң

Д) бес жылда бiр рет тиiстi жылғы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде

Е) бес жылда бір рет қаңтардың екінші сәрсенбісінде

Жауап: Д

 

262. Республика Президентi сайлауын жариялайды:

А) Орталық сайлау комиссиясы қыркүйектің бірінші жексенбiсiнен кешiктiрмей

В) аумақтық сайлау комиссиясы қыркүйектің бірінші жексенбiсiнен кешiктiрмей
С) Парламент Мәжiлiсi қыркүйектің екінші жексенбiсiнен кешiктiрмей

Д) Премьер-Министр қыркүйектің бірінші жексенбiсiнен кешiктiрмей
Е) Конституциялық Кеңестің төрағасы өкілеттік мерзімі аяқталған соң бір ай ішінде

Жауап: С

 

263. ҚР Президенттігіне кандидаттар ұсыну мынадай мерзімде өтеді:

А) сайлауға дейін 1 ай бұрын басталып, 1 апта қалғанда аяқталады

В) сайлауға дейін 5 ай бұрын басталып, 1 ай қалғанда аяқталады

С) сайлау жарияланған күннен кейінгі күні басталып, сайлауға 2 ай қалғанда аяқталады

Д) сайлауға дейін 3 ай бұрын басталып, 2 апта қалғанда аяқталады

Е) сайлауға дейін 7 апта бұрын басталып, 1 ай қалғанда аяқталады

Жауап: С

 

264. Бір қоғамдық бірлестік Президенттікке неше кандидат ұсынуға хақылы:

А) екі кандидат

В) бір ғана кандидат

С) үш кандидат

Д) заңда қарастырылмаған

Е) шектелмеген

Жауап: В

 

265. Президент болып сайлану үшін кандидат мынанша дауыс санын жинауы керек:

А) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50% дауысын
В) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 75
% дауысын
С) басқа кандидатқа қарағанда сайлаушылардың басым дауысын
Д) сайлаушылардың 100
% дауысын
Е) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50
% астамының дауысын

Жауап: Е

 

266. Қайта дауыс беру кезінде мынадай дауыс санын алған кандидат Президент болып сайланады:

А) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған

В) басқа кандидатпен салыстырғанда, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiк дауысын алған

С) дауыс беруге қатысқан ҚР азаматтарының елу процентiнен астамының дауысын алған

Д) дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған

Е) басқа кандидатпен салыстырғанда, дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың басым көпшiлiк дауысын алған

Жауап: В

 

267. Президенттікке қайта дауыс беру мына жағдайда өткізіледі:

А) егер Президент сайлауы жарамсыз деп танылса не дауыс беру сайланған Президенттi анықтауға мүмкiндiк бермесе

В) егер Президент сайлауы жарамсыз деп танылса не қосымша дауыс беру нәтижесінде сайланған Президенттi анықтау мүмкiндiк болмаса

С) егер сайлаушылардың белгілі бір саны сайлауға қатыспаса

Д) кандидаттардың арасынан ешкім 50 пайыздан астам дауыс санын алмаса

Е) егер сайлау бюллетенiне екiден артық Президенттiкке кандидаттар енгiзiлiп және олардың бiр де бiреуi сайланбай қалса

Жауап: Е

 

268. Президенттікке қайта сайлау мына жағдайда өткізіледі:

А) егер Президент сайлауы жарамсыз деп танылса не қайта дауыс беру сайланған Президенттi анықтауға мүмкiндiк бермесе

В) егер сайлау бюллетенiне екiден артық Президенттiкке кандидаттар енгiзiлiп және олардың бiр де бiреуi сайланбай қалса

С) егер сайлаушылардың белгілі бір саны сайлауға қатыспаса

Д) кандидаттардың арасынан ешкім 50 пайыздан астам дауыс санын алмаса

Е) егер Президент сайлауы жарамсыз деп танылса немесе қосымша сайлау нәтижесінде сайланған Президенттi анықтау мүмкiндiк болмаса

Жауап: А

 

269. Президенттікке қайта сайлау өткізу мерзімі:

А) қайта сайлау алғашқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi

В) қайта сайлау қосымша сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi
С)
қайта сайлау қайта дауыс беруден кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi

Д) қайта сайлау алғашқы сайлау болған күні өткізіледі

Е) қайта сайлау алғашқы сайлаудан кейін келесі күні өткізіледі

Жауап: А

 

270. Сенат депутаттарының кезектi сайлауын тағайындау үшiн негіз болып табылады:

А) Парламент өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы

В) Сенат депутаттарының конституциялық өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуi

С) Сенатта өкiлдiгi жоқ тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң құрылуы
Д) депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оны мандатынан айыру не оның қайтыс болуы

Е) Мәжіліс депутаттарының конституциялық өкілеттігі мерзімінің аяқталуы

Жауап: В

 

271. Сенат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау үшiн негіз болып табылатын жағдайларды көрсетіңіз:

А) Парламент өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, Сенатта өкiлдiгi жоқ тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң құрылуы

В) Сенат депутаттарының конституциялық өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуi

С) депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы, оны мандатынан айыру не оның қайтыс болуы

Д) Мәжіліс таратылуы

Е) Парламенттің таратылуы немесе Сенат депутаттарының ішінара жаңартылуы

Жауап: А

 

272. Сенаттың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау келесі жағдайларда өткізілмейді:

А) депутат қайтыс болса

В) депутат мандатынан айырылса

С) депутат шет елдерге іс сапармен кетсе

Д) іс-әрекетке қабілетсіз деп танылуына байланысты өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылса

Е) депутат хабар ошарсыз кеткен деп танылса

Жауап:С

 

273. Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну жолдары:

А) өзін-өзі ұсыну және республикалық қоғамдық бірлестіктің ұсынуы

В) өзін-өзі ұсыну және саяси партияның ұсынуы

С) өзін-өзі ұсыну және республикалық, жергілікті қоғамдық бірлестіктің ұсынуы

Д) өзін-өзі ұсыну және мәслихаттың ұсынуы

Е) өзін-өзі ұсыну және мәжіліс депутаттарының ұсынуы

Жауап: Д

 

274. Сенат депутаттығына кандидат болып тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының аумағында тұрмайтын азамат ұсыныла алады ма:

А) иә, бастысы ҚР аумағында тұрса болды

В) жоқ, себебі Сенат депутаттығына кандидат болып тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының аумағында тұратын азамат қана ұсыныла алады

С) иә, себебі, Сенат депутаты болып тұрған жеріне қарамастан кез-келген ҚР азаматы ұсыныла алады

Д) иә, себебі, Сенат депутаты болып жалпы Қазақстан аумағында тұрақты тұратын азамат ұсыныла алады

Е) Орталық сайлау комиссиясы рұқсат берсе ұсынылуы мүмкін

Жауап: В

 

275. Кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталған күнi Сенаттың депутаттығына екiден кем кандидат тiркелген жағдайда, Орталық сайлау комиссиясы:

А) тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша кандидаттарды ұсыну мерзiмiн жиырма күннен аспайтын мерзiмге ұзартады

В) тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша кандидаттарды ұсыну және тіркеу мерзімін жабады

С) тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша сайлаудың екіден кем кандидат бойынша өткізілетіндігін ерекше хабарлайды

Д) тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша кандидаттарды тіркеу мерзiмiн ұзартады

Е) қайта сайлау өткізілетіндігін белгілейді

Жауап: А

 

276. Сенат депутаттығына кандидат мынадай мөлшерде қолдауға ие болуы тиіс:

А) таңдаушылардың жалпы санының кемiнде 15 процентiнiң қолдауына, бiрақ бiр мәслихаттан таңдаушылар дауысының жиырма бес процентiнен аспайтын даусына ие болуға тиiс

В) сайлаушылардың жалпы санының кемiнде 10 процентiнiң қолдауына

С) облыс маслихаттары депутаттарының жалпы санының кемінде 50 процентінен астамы

Д) таңдаушылардың жалпы санының кемiнде он процентiнiң қолдауына, бiрақ бiр мәслихаттан таңдаушылар дауысының жиырма бес процентiнен аспайтын даусына ие болуға тиiс

Е) ҚР азаматтарының жалпы санының кемінде бір пайызының

Жауап: Д

 

277. Сенат депутаттығына кандидаттарды тiркеудi жүзеге асырады:

А) тиiсiнше облыстық, қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиялары

В) орталық сайлау комиссиясы

С) округтік сайлау комиссиялары

Д) учаскелік сайлау комиссиялары

Е) аумақтық сайлау комиссиялары

Жауап: А

 

278. Парламент депутаттығына кандидат мынадай мөлщерде сайлау жарнасын енгiзедi:

А) ең төменгi жалақының он  еселенген мөлшерiнде

В) ең төменгi жалақының он бес еселенген мөлшерiнде

С) ең төменгi жалақының елу еселенген мөлшерiнде

Д) ең төменгi жалақының жүзмәрте мөлшерiнде

Е) ең төменгi жалақының бес еселенген мөлшерiнде

Жауап: В

 

279. Сенат депутаттығына кандидатқа сайлау қорытындылары бойынша сайлау жарнасы мынадай кезде қайтарылады:

А) кандидат өз кандидатурасын алып тастаса

В) кандидат науқастанып қалса

С) кандидат қайтыс болса, Сенат депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан таңдаушылар даусының кемінде бес процентін алса
Д) кандидат хабар-ошарсыз жоғалып кетсе не қайтыс болса
Е) Сенат депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес процентін алса

Жауап: С

 

280. Өзiн-өзi ұсынған жағдайда Сенат депутаттығына кандидатты тiркеу үшін мына құжат қажет емес:

А) азаматтың депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсу ниетi туралы өтiнiшi

В) тиiсiнше облыстық немесе қалалық (республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының) сайлау комиссиясының таңдаушылардың кандидатты қолдайтын қолдарын тексеру нәтижелерi туралы хаттамасы

С) кандидат туралы өмiрбаяндық деректер, кандидаттың сайлау жарнасын енгiзгенiн растайтын құжат

Д) депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiшi

Е) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) табысы және мүлкi туралы декларация тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы

Жауап: Д

 

281. Сенат депутатын сайлау кезінде қайта дауыс беру мына жағдайда өткізіледі:

А) егер сайлау таңдаушылардың қажеттi санының келмеуi себептi өткiзiлмеген деп танылған болса

В) егер сайлау жарамсыз деп танылса не қосымша дауыс беру нәтижесінде сайланған депутатты анықтау мүмкiндiк болмаса

С) егер сайлаушылардың белгілі бір саны сайлауға қатыспаса

Д) кандидаттардың арасынан ешкім 50 пайыздан астам дауыс санын алмаса

Е) егер сайлау бюллетенiне Сенат депутаттығына екiден астам кандидаттар енгiзiлген болсажәне олардың бірде-бірі сайланбаса

Жауап: Е

 

282. Қайта дауыс беру кезінде келесідей дауыс санын алған кандидат Сенат депутаты  болып сайланады:

А) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған

В) басқа кандидатпен салыстырғанда, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiк дауысын алған

С) дауыс беруге қатысқан ҚР азаматтарының елу процентiнен астамының дауысын алған

Д) дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған

Е) басқа кандидатпен салыстырғанда таңдаушылардың дауыс санының көпшiлiгін дауысын алған

Жауап: Е

 

283. Сенат депутатын сайлау кезінде қайта дауыс беру өткізіледі:

А) бастапқы дауыс беру болған күнi

В) алғашқы сайлаудан кейін екі ай өткен соң

С) қосымша сайлау өткен соң екі ай ішінде

Д) қыркүйектің бірінші жұмыс күні

Е) желтоқсанның бірінші жексенбісінде

Жауап: А

 

284. Сенат депутаттарын қайта сайлау мына жағдайда өткізіледі:

А) егер Парламент сайлауы жарамсыз деп танылса не қайта дауыс беру сайланған депутатты анықтауға мүмкiндiк бермесе

В) егер сайлау бюллетенiне екiден артық кандидаттар енгiзiлiп және олардың бiр де бiреуi сайланбай қалса

С) егер сайлаушылардың белгілі бір санының сайлауға қатыспауына байланысты сайлау өткізілмеген деп танылса және сайлау жарамсыз деп танылған болса

Д) кандидаттардың арасынан ешкім 50 пайыздан астам дауыс санын алмаса

Е) егер сайлау таңдаушылардың қажеттi санының келмеуi себептi өткiзiлмеген деп танылған болса немесе ол жарамсыз деп танылған болса, не екі кандидат дауысқа түскен кезде олар сайланбай қалса

Жауап: Е

 

285. Сенат депутаттары сайлауының қорытындыларын анықтайды:

А) аумақты сайлау комиссиялары сайлау өткізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде

В) учаскелік сайлау комиссиялары сайлау өткізілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде

С) Республика бойынша тұтас алғанда Орталық сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап жетi күн мерзiмнен кешiктiрмей

Д) аумақты сайлау комиссиялары мен округтік сайлау комиссиялары сайлау өткізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде

Е) Орталық сайлау комиссиясы округтік сайлау комиссияларының берген деректері негізінде жеті күн ішінде

Жауап: С

 

286. Шығып қалған Сенат депутатының орнына сайлау өткiзiлмейдi:

А) Сенат депутаты мандатынан айырылғанда

В) Сенат депутаты іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған жағдайда

С) Сенат депутаты қайтыс болса немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылса

Д) Парламент депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылса

Е) Сенат депутаттары өкілеттiгiнің конституциялық мерзiмi бiтуiне бiр жыл қалғанда

Жауап: Е

 

287. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауын тағайындауға негіз болып табылады:

А) Парламент немесе Парламент Мәжілісі өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы

В) Мәжiлiс депутаттарының өкiлдiгiнiң конституциялық мерзiмiнiң бiтуi

С) депутат өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы

Д) депутатты мандатынан айыру

Е) депутаттың қайтыс болуы

Жауап:В

 

288. Мәжіліске кезектен тыс сайлауды тағайындауға негіз болып табылады:

А)Мәжіліс депутаттарының мандатынан айырылуы

В) Парламент немесе Парламент Мәжілісі өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы

С) Мәжілісті тарату туралы мәселенің қаралуы

Д) партиялық тізімді ұсынған саяси партияның өз қызметін тоқтатуы

Е)аталғандардың барлығы

Жауап: В

 

289. Мәжіліс депутаттығына кандидаттар ұсынуға құқылы:

А) белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсынуды Ассамблея Кеңесі

В) республикалық қоғамдық бірлестіктер, өзін-өзі ұсыну

С) республикалық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер, өзін-өзі ұсыну

Д) белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар, маслихаттар

Е) белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар, азаматтар жиналысы

Жауап: А

 

290. Мәжіліс депутаттығына сайлау үшін адамдарды партиялық тізімге енгізу келесідей жүргізіледі:

А) саяси партияның жүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен

В) саяси партияның басшы органының ұсынуымен жалпы мүшелерінің 2/3 көпшілік дауысымен

С) саяси партияның әр аумақтағы филиалдарының мүшелерінің 2/3 көпшілік дауысымен
Д) саяси партияның жоғары органы мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен
Е) тиісті аумақта орналасқан маслихаттар депутаттарының көпшілік дауысымен

Жауап: Д

 

291. Мәжіліске сайлау кезінде саяси партиялар партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын адамдарды кіргізуге құқылы ма:

А) жоқ, тізімге тек осы партияның мүшелері ғана кіреді

В) иә, тізімге осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кез-келген ҚР азаматтары кіруі мүмкін

С) иә, бастысы Мәжіліс депутатына кандидатқа қойылатын талаптарға сай келсе болғаны

Д) егер, бұрын осы партиядан шығарылып жіберілмеген болса тізімге енгізілуі мүмкін

Е) саяси партияның жоғары органы мақұлдаса тізімге енгізілуі мүмкін

Жауап: А

 

292. Бара-бар өкілдік жүйесі бойынша Мәжілістің 98 депутатын сайлау кезінде партиялық  тізім қандай тәртіппен жасалады:

А) саяси партиялар адамдарды партиялық тізімде орналастырудың тәртібін әкіммен бірігіп белгілейді
В) Орталық сайлау комиссиясы белгілеген тәртіпте орналастырылады
С)
Саяси партиялар партиялық тізімдерді мемлекеттік тілдің әліпбиі ретімен жасайды

Д) кандидаттардың жас шамасына қарай, жасы үлкенінен бастап орналасады

Е) заңда қарастырылмаған

Жауап: С

 

293. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну мерзімі:

А) сайлауға дейін 3 ай бұрын басталып, оған 1 ай қалғанда аяқталады

В) сайлауға дейін 4ай бұрын басталып, оған 3 ай қалғанда аяқталады

С) сайлауға дейін 2 ай бұрын басталып, оған 50 күн қалғанда аяқталады

Д) сайлауға дейін 3 ай бұрын басталып, оған 43 күн қалғанда аяқталады

Е) сайлаудан он бес күн бұрын басталып, оған он күн қалғанда аяқталады

Жауап: Е

 

294. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну мерзімі:

А) сайлаудан екі ай бұрын басталып, оған қырық күн қалғанда аяқталады
В) сайлауға дейін 3 ай бұрын басталып, оған 1 ай қалғанда аяқталады
С) сайлауға дейін 1 ай бұрын басталып, оған 1 апта қалғанда аяқталады
Д) сайлауға дейін 2 ай бұрын басталып, оған елу күн қалғанда аяқталады
Е) сайлауға дейін 3 ай бұрын басталып, оған қырық үш күн қалғанда аяқталады

Жауап: А   

 

295. Мәжіліске сайлау кезінде партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялар төлейтін сайлау жарнасының мөлшері:

А) тұтастай партиялық тізім үшін ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінде саяси партиялардың қаражатынан

В) партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінде саяси партиялардың қаражатынан

С) партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ең төменгі жалақының он бес еселенген мөлшерінде саяси партиялардың қаражатынан және тізімге енгізілген адамдардың жеке қаражатынан

Д) тұтастай партиялық тізім үшін ең төменгі жалақының елу еселенген мөлшерінде саяси партиялардың қаражатынан және келіп түскен қайырымдылықтардан

Е) тұтастай партиялық тізім үшін ең төменгі жалақының елу еселенген мөлшерінде саяси партиялардың қаражатынан

Жауап: В

 

296. Мәжіліске сайлау кезінде партиялық тізімдерді ұсынған келесі саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді:

А) алдыңғы сайлауда дауыс беруге қатысқан таңдаушылар даусының жеті және одан да көп процентін алған саяси партиялар

В) Мәжіліс депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының басым көпшілігін алған саяси партиялар

С) Мәжіліс депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының жеті және одан да көп процентін алған саяси партиялар

Д) бүкіл республика аумағында филиалдары бар және мүшелерінің саны 100 мыңнан асатын саяси партиялар

Е) алдыңғы сайлауға қатысқан саяси партиялар

Жауап: С

 

297. Келесі жағдайларда енгізілген сайлау жарнасы партиялық тізім ұсынған саяси партияға қайтарылады:

А) партиялық тізімге енгізілген кандидаттар өз кандидатураларын қайтарып алған жағдайда

В) алдыңғы сайлауға қатысып сайлаушылардың көпшілігінің қолдауына ие болған жағдайда

С) сайлау қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде үш процентін алған жағдайларда

Д) дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 50 пайызынан астамын алған жағдайда

Е) сайлау қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде жеті процентін алған жағдайларда, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда

Жауап: Е

 

298. Саяси партиялар ұсынатын партиялық тiзiмдердiң құрамында дауысқа түсетiн кандидаттардың өз сайлау қорларын құруға құқығы бар ма:

А) құқығы жоқ

В) әрбір кандидаттың өз сайлау қорын құруға құқығы бар

С) тек басшыларының ғана өз сайлау қорын құруға құқығы бар

Д) тізімдегі кандидаттар бірігіп бір сайлау қорын құра алады

Е) он адамға бір сайлау қоры құрылады

Жауап: А

 

299. Парламент Мәжілісінің 9 депутаттарын сайлауға байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының сесиясын шақырады:

А) Орталық сайлау комиссиясы

В) Президент

С) Премьер-Министр

Д) Мемлекеттік хатшы

Е) экс-Президент

Жауап: В

 

300. Мәжіліс депутаттарының сайлауы кезінде қайта дауыс беру өткізілуі мүмкін:

А) егер Парламент сайлауы жарамсыз деп танылса не қайта дауыс беру сайланған депутатты анықтауға мүмкiндiк бермесе

В) егер сайлау бюллетенiне екiден артық кандидаттар енгiзiлiп және олардың бiр де бiреуi сайланбай қалса

С) егер сайлаушылардың белгілі бір санының сайлауға қатыспауына байланысты сайлау өткізілмеген деп танылса және сайлау жарамсыз деп танылған болса

Д) кандидаттардың арасынан ешкім 50 пайыздан астам дауыс санын алмаса

Е) сайлау барысында немесе дауыстарды санау не сайлау нәтижелерін анықтау кезінде азаматтардың ерік білдіру нәтижелерін дұрыс анықтауға мүмкіндік бермейтіндей Сайлау туралы конституциялық заңды бұзушылық орын алуына байланысты Орталық сайлау комиссиясының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі Мәжіліс депутаттарының сайлауын жарамсыз деп тануы

Жауап: Е

 

301. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мәжілісі депутаттарының қайта сайлауы мына жағдайда өткізіледі:

А) егер сайлау таңдаушылардың қажеттi санының келмеуi себептi өткiзiлмеген деп танылған болса

В) егер сайлау жарамсыз деп танылса не қосымша дауыс беру нәтижесінде сайланған депутатты анықтау мүмкiндiк болмаса

С) егер сайлаушылардың белгілі бір саны сайлауға қатыспаса

Д) егер сайлау жарамсыз деп танылған болса не бастапқы сайлауды өткізу кезінде адам сайланбай қалған жағдайда

Е) егер сайлау бюллетенiне екiден астам кандидаттар енгiзiлген болса және олардың бірде-бірі сайланбаса

Жауап: Д

 

302. Неше проценттік кедергіден өткен саяси партия Мәжілісте депутаттық мандаттарды бөлуге қатысады:

А) он проценттік

В) он бес проценттік

С) бес проценттік

Д) жеті проценттік

Е) жиырма проценттік

Жауап: Д

 

303. Партиялық тізім ішінде депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін айқындайды:

А) саяси партияның басшы органы

В) қоғамдық бірлестік мүшелері

С) Орталық сайлау комиссиясының хатшысы

Д) аумақтық сайлау комиссиясы

Е) саяси партияның тең төрағасы

Жауап: А

 

304. Маслихат депутатын сайлау кезінде мына кандидат сайланды деп есептеледі:

А) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50% дауысын алған
В) басқа кандидаттарға қарағанда сайлаушылардың көп дауысын алған.

С) сайлаушылардың 100 % дауысын алған

Д) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 75%  астамының дауысын алған
Е) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50
% астам дауысын алған

Жауап: В

 

305. Маслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсына алады:

А) белгiленген тәртiп бойынша тiркелген республикалық немесе жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерi және өзiн-өзi ұсыну жолымен азаматтар

В) Парламент Сенатының депутаттары; республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктер
С) тұрғылықты жері бойынша сайлаушылар жиналысы
Д) әкімдер
Е) барлық саяси партиялар
және өзiн-өзi ұсыну жолымен азаматтар

Жауап: А

 

306. Тиісті жергілікті қауымдастықтың аумағында тұрмайтын азамат жергілікті өзін-өзі басқару органының мүшелігіне кандидат болып ұсыныла алады ма:

А) Орталық сайлау комиссиясы шешсе ұсыныла алады
В) аумақтық сайлау комиссиясы шешсе ұсыныла алады
С) округтік сайлау комиссиясы шешсе ұсыныла алады
Д) жоқ, ұсыныла алмайды
Е) заңда қарастырылмаған

Жауап: Д

 

307. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне үмiткерлердi ұсыну құқығы кiмнiң үлесiнде:

А) округтiк сайлау комиссиясының

В) азаматтардың жиналысының

С) әкiмдердiң

Д) аумақтық сайлау комиссиясының

Е) маслихаттың

Жауап: В

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПРЕЗИДЕНТ

308. Қазақстанда президенттік институты енгізілді:

А) 1991 жылғы 1 желтоқсанда;

В) 1990 жылғы 24 сәуірде;

С) 1991 жылғы 16 желтоқсанда;

Д) 1990 жылғы 23 наурызда;

Е) 1991 жылғы 25 қазанда.

Жауап: В

 

309. ҚР Президенті мемлекетте  мынадай қызметті атқарады:

А) заң шығарушы билікті жүзеге асырады

В) атқарушы билікті басқарады

С) сот билігінің жалпы басқаруын жүзеге асырады

Д) мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді

Е) конституциялық қадағалау органының қызметін атқарады

Жауап: Д

 

310. Республика Президентiнiң айырым белгiлерi:

А) куәлігі

В) Конституция

С) омырауға тағатын белгiсi мен байрағы

Д) әнұран

Е) резиденциясы

Жауап: С

 

311. ҚР Президентінің өкілеттік мерзімі:

А) 7 жыл

В) 5 жыл

С) 6 жыл

Д) 4 жыл

Е) 10 жыл

Жауап: В

 

312. ҚР Конституциясына енгізілген соңғы - 21.05.2007 жылғы өзгертулерге сәйкес ҚР Президенттігіне кандидатқа қойылатын талаптың қайсысы өзгерді:

А) жас мөлшері өзгерді – 40 жастан 45 жасқа ауысты

В) ҚР азаматтығында болу мерзімі 15 жылға өзгерді

С) тұру талабы өзгерді – Қазақстанда кемінде 15 жыл тұру мерзімі соңғы 15 бойы тұруға ауысты

Д) мемлекеттік тілді еркін меңгеру талабына орыс тілін де қосымша меңгеру қажеттігі қосылды

Е) жас мөлшері және азаматтығы

Жауап:С

 

313. Төмендегі шектеулердің қайсысы Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентіне қолданылмайды:

А) Бiр адам қатарынан екi реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды

В) Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлдi органның депутаты болуға құқығы жоқ

С) өзге де ақы төленетiн қызметтердi атқаруға құқығы жоқ

Д) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығы жоқ

Е) облыстық Маслихаттың депутаты болуға құқығы жоқ

Жауап: А

 

314. ҚР Президентінің өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партиядағы қызметі соңғы өзгертулерге сәйкес (21.05.2007) Конституциямен қалай шешілген:

А) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде ҚР Президенті саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады

В) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде ҚР Президенті саяси партиядағы қызметін сайлаушылардың келісімімен жалғастыра береді

С) өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде ҚР Президенті саяси партиядағы қызметін Конституциялық Кеңестің шешіміне сәйкес жалғастыра береді

Д) ҚР Президентінің саяси партиядағы қызметін Қазақстан Халықтары Ассамблеясы шешеді

Е)  ҚР Президентінің саяси партиядағы қызметі мәселесі реттейтін ереже Конституциядан алынып тасталған

Жауап: Е

 

315. Конституцияға енгізілген соңғы өзгертулер бойынша (21.05.2007) Президент Премьер-Министрді тағайындайды:

А) Парламенттің келісімімен

В) Мәжілістің келісімімен

С) Сенаттың келісімімен

Д) Конституциялық Кеңестің келісімімен

Е) халықтың келісімімен

Жауап: В

 

316. Президент Премьер-Министрді тағайындау кезінде кімдермен кеңеседі:

А) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен

В) Үкіметпен

С) Сенат депутаттарымен

Д) Мәжіліс депутаттарымен

Е) Саяси партиялармен

Жауап: А

 

317. Қазақстан халқы Ассамблеясын құрады:

А) Қазақстан халқы

В) ҚР Үкіметі

С) Саяси партиялар

Д) ҚР Парламенті

Е) ҚР Президенті

Жауап: Е

 

318. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің мәртебесі мен өкілеттігі айқындалады:

А) Конституциямен

В) Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңмен

С) нормативтік құқықтық актілермен

Д) кодекспен

Е) Республика Конституциясымен және ҚР-ң Тұңғыш Президенті туралы конституциялық заңмен

Жауап:Е

 

319. Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы мәселе қозғалмайды:

А) Президенттің өкілеттігінің соңғы алты айында

В) Президенттің сайланғанына бір жыл өтпей

С) Президент Республика Парламентiнiң немесе Парламент Мәжілісінің өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату жөнiнде мәселені қарап жатқан кезде

Д) Президент Республика Парламентiнiң өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату жөнiнде мәселені қарап жатқан кезде

Е) Президент Республика Парламент Сенатының өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату жөнiнде мәселені қарап жатқан кезде

Жауап: С

 

320. Сенаттың он бес депутаты Президентпен тағайындалады:

А) Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп

В) ұлттардың тең жағдайын қамтамасыз ету мақсатында

С) Қазақстанда барлық ұлт өкілдерінің билікке араласуын қамтамасыз ету мақсатында

Д) Қазақстанның экономикасын көтеру мақсатында

Е) Сенаттың құрамын күшейту мақсатында

Жауап: А

 

321. Мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының келiсiмдi жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының Қазақстан халқы алдында жауаптылығын қамтамасыз ету мәселелерi шешiледi:

А) Президенттің жарлығымен

В) Президенттің өкімімен

С) заңмен

Д) Президенттің заң күші бар жарлығымен

Е) Президенттің шығарған заңмен

Жауап: А

 

322. Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы мәселе қозғалмайды:

А) Парламент Үкіметтің енгізген заң жобасын қабылдамаған жағдайда

В) Президенттің өкілеттігінің соңғы алты айында

С) Парламенттің кезекті сессиясы кезеңінде

Д) елімізде саяси тұрақсыздық орын алса

Е) Президент Республика Парламентiнiң немесе Парламент Мәжілісінің өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату жөнiнде мәселе қарап жатқан кезде

Жауап: Е

 

323. Қазақстан Республикасының Экс-Президенті:

А) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өмір бойы депутаты болуға құқылы

В) Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің өмір бойы депутаты болуға құқылы

С) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құрметті мүшесі болып табылады

Д) Қазақстан Республикасы кешірім туралы коммиссиясының тұрақты мүшесі болуға құқылы

Е) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің өмір бойы мүшесі болып табылады

Жауап: Е

 

324. Мынадай жағдайда ҚР Президенті заң шығарушылық құзыретке ие болады:

А) соғыс жағдайында

В) төтенше жағдайда

С) егер мұндай құзірет Парламентпен берілген жағдайда
Д) ҚР Үкіметін тарату барысында

Е) ҚР Парламет Палаталарының сессиясы арасында

Жауап: С

 

325. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің сенім және кері  шақырып алу грамоталарын қабылдайды:

А) Сыртқы істер министрі

В) ҚР Парламент Сенатының төрағасы

С) ҚР Президенті

Д) ҚР Премьер Министрі

Е) ҚР мемлекеттік хатшысы

Жауап: С

 

326. Президент аппаратын құрады:

А) Президент аппаратының басшысы;
В) ҚР Президент келісімімен ҚР Парламент;

С) ҚР Президент келісімімен ҚР Үкімет төрағасы;

Д) Президент;

Е) Конституциялық Кеңес төрағасы;

Жауап: Д

 

327. ҚР-ның Конституциясына сәйкес Президент:

А) Қарулы Күштердің қызметкері болып табылады

В) Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады
С) Қарулы Күштердің үйлестірушісі болып табылады
Д) Қарулы Күштердің басшысы болып табылады
Е) Қарулы Күштердің Бас Штабының Бастығы болып табылады

Жауап: В

 

328. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына төменгі лауазымды тұлға қол қояды:

А) Сенат төрағасы

В) Президент

С) Сыртқы істер Министрі

Д) БҰҰ-ның Бас Хатшысы

Е) Төтенше және өкілетті елші

Жауап: В

 

329. ҚР Президентін қызметінен кетіруге негіз болады:

А) мемлекетке опасыздық жасау

В) ауыр дәрежедегі қылмыс жасау

С) мемлекетке опасыздық жасау және ауыр дәрежедегі қылмыс жасау

Д) науқастануына байланысты өзінің міндеттерін жүзеге асыруға қабілетсіздігінің дендеуі

Е) моральға жатқылықтар жасау

Жауап: А

 

330. ҚР Президенті төмендегідей жағдайда ҚР аумағында әскери жағдай енгізуге құқылы

А) мемлекет ішінде қоғамдық тәртіпті бұзушылықтар орын алса

В) ҚР-ң демократиялық институттарына қатер төнсе

С) Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей қатер төнген ретте

Д) ҚР қарулы күштері бейбітшілік орнату мақсаттарына пайдаланылған жағдайда

Е) мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған ретте

Жауап: С

 

331. Мынадай жағдайда Президент заң күшi бар Жарлық шығару құқығына ие болады:

А) кез-келген жағдайда, өйткенi, бұл құқық Қазақстан Республикасының Конституциясымен оның құзырына бекiтiлген

В) заң жобасын жедел қарау туралы талабын Парламент орындамаған жағдайда

С) Қазақстан Республикасыны Парламентi оған бұл құқықты берген кезде

Д) ешқашан

Е) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң оған жүктелген мiндеттемелердi орындамаған жағдайда

Жауап: В

 

332. Парламент Президентке оның бастамасы бойынша заң шығару өкiлеттiгiн бередi:

А) әр палата депутаттарының жалпы санының 2/3 дауысымен

В) қос палатаның 3/4 дауысымен

С) Мәжiлiстiң 3/4 дауысымен

Д) Палатардың бiрлескен отырысында көпшiлiк дауыспен

Е) қос Палатаның 4/5 дауысымен

Жауап: А

 

333. Парламент Президентке мынадай мерзімге заң шығаруға құқық беруі мүмкін:

А) кемінде бір жылға

В) бір жылдан аспайтын мерзімге

С) алты айға

Д) екі жылға

Е) бүкіл өкілеттік мерзімі аралығында

Жауап: В

 

334. ҚР Президенті қол қойған халықаралық шарттар күшіне енеді:

А) қол қойылған күннен бастап

В) қол қойылғаннан кейін жеті күн өткеннен кейін

С) Конституциялық Кеңес халықаралық шарттың Конституцияға сәйкестігін тексергеннен кейін

Д) оларды ҚР Парламенті бекіткеннен кейін

Е) ҚР Президенті белгілеген күннен бастап

Жауап: Д

 

335. Төменде аталғандардың қайсысын ҚР Президенті тағайындамайды:

А) ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасын

В) аумақтық сайлау комиссиясының төрағасын

С) Үкімет мүшелерін

Д) дипломатиялық өкілдіктер басшыларын

Е) облыстық және аудандық судьяларды

Жауап: В

 

336. ҚР Президенті құқылы емес:

А) ҚР Парламентінің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындауға

В) Парламент қабылдаған заңды қайталап талқылау мен дауысқа салу үшін кері қайтаруға;

С) ҚР Үкіметінің құрылымын айқындауға

Д) Жоғарғы Соттың төрағасы мен судьяларын тағайындауға

Е) Премьер-Министрді тағайындауға және босатуға

Жауап: Д

 

337. Төменде аталған өкілеттіктердің келесісі ҚР Президентіне тиісті емес:

А) Республиканың мемлекеттік бағдарламасын бекіту, келіссөздер жүргізу және халықаралық шарттарға қол қою

В) мемлекеттік наградаларды тағайындау, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілеу

С) республикалық референдумды тағайындау

Д) Республиканың мемлекеттiк наградаларымен марапаттайды, құрметтi, жоғары әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендердi, дипломатиялық дәрежелердi, бiлiктiлiк сыныптарын бередi

Е) Республиканың азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерiн шешедi, азаматтарға кешiрiм жасауды жүзеге асырады

Жауап: В

 

338. ҚР Үкіметі мен Премьер-Министрінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жоюға не қолданылуын тоқтата тұруға құқылы тұлға:

А) ҚР Парламенті

В) Премьер-Министр

С) ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы

Д) ҚР Президенті

Е) Мемлекеттік хатшы

Жауап: Д

 

ПАРЛАМЕНТ

339. ҚР Парламентінің мәртебесі:

А) Республиканың бірден-бір заң шығарушы органы
В) халық атынан өкілдік ететін республиканың жоғарғы заң шығарушы органы
С)
заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы
Д) заң шығару қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік биліктің жоғарғы органы
Е) заң шығаратын және олардың атқарылуын бақылайтын ең жоғарғы өкілді орган

Жауап: С

 

340. Мына жағдайда Сенат Парламенттің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі қызметін уақытша жеке өзі атқарады:

А) Парламент таратылған жағдайда

В) Мәжіліс таратылған жағдайда

С) Парламенттің кезекті сессиялары аралығында

Д) соғыс жағдайында немесе төтенше жағдайда

Е) Мәжіліс Үкімет енгізген заң жобасын қабылдамай қайтарып тастағанда

Жауап: В

 

341. Мына жағдайда ҚР Парламенті таратылмайды:

А) ҚР Президsентінің науқастануы кезінде

В) Президентке импичмент жариялау кезінде

С) Премьер-Министрді тағайындауға Парламенттің қатарынан екі рет келісім бермеуі

Д) Саяси дағдарыс нәтижесінде

Е) ҚР Президентінің өкілеттігінің соңғы алты айында

Жауап: Е

 

342. ҚР Президенті Парламентті немесе Парламент Мәжілісін таратады:

А) Конституцияға қарсы заң қабылдаса

В) төтенше және әскери жағдай кезеңіне

С) Республика Президенті Парламент палаталары төрағаларымен және Премьер-Министрмен консультациялардан кейін

Д) Парламент Үкіметке сенімсіздік вотумын білдірсе

Е) Президент өкілеттігінің соңғы 6 айында

Жауап: С

 

343. Кезекті сайланған Парламенттің өкілеттігі басталады:

А) депутаттарды сайлау нәтижесі жарияланғаннан кейін
В) оның бірінші сессиясын шақырған сәттен

С) Сенат депутаттары сайланған күннен бастап
Д) Мәжіліс депутаттарын сайлау қорытындысы ресми жарияланған күннен бастап

Е) оның бірінші сессиясы ашылған кезден

Жауап: Е

 

344. ҚР Парламентінің өкілеттік мерзімі аяқталады:

А) жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясы жұмысын бастаған кезде

В) жаңадан сайланған Парламент сайлауының нәтижесі жарияланған кезде

С) Парламенттің соңғы сессиясы шақырылған кезде

Д) Президенттің жарлығы бойынша

Е) Сенаттың шешімі бойынша

Жауап: А

 

345. Республика Парламентiнiң өкiлеттiк мерзiмi:

А) бес жыл

В) алты жыл

С) Сенаттың өкілеттік мерзіміне сәйкес болады

Д) кезекті сайланған Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады
Е) Президенттің өкілеттік мерзіміне сай, жаңа Президент сайланғанда жаңа Парламент құрылады

Жауап: Д

 

346. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі:

А) бес жыл

В) төрт жыл

С) жеті жыл
Д)
алты жыл
Е) үш жыл
Жауап: Д

 

347. Mәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзiмi:

А) төрт жыл

В) алты жыл

С) бес жыл

Д) үш жыл

Е) жеті жыл

Жауап: С

 

348. ҚР Парламенті мынадай палаталардан тұрады:

А) Сенат және Маслихат

С) Мәжіліс және Сенат

Д) Мәжіліс және Маслихат

Е) Сенат және өкілдер палатасы

Жауап: В

 

349. Сенат мыналардан құралады:

А) әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан және Президент тағайындайтын он бес депутаттан

В) әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және ҚР астанасынан сайлаушылармен тікелей сайланатын екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан және Президент тағайындайтын жеті депутаттан

С) әр облыстан, аудандардан, республикалық маңызы бар қаладан және ҚР астанасынан екі-екі адамнан, жеті депутатты Президент тағайындайды

Д) өзін-өзі ұсынатын және республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынатын тікелей халықпен сайланатын адамдардан

Е) Республика Президенті тағайындайтын он бес депутаттардан

Жауап: А

 

350. Парламент Мәжілісі мынанша депутаттан тұрады:

А) жүз екі

В) жетпіс жеті

С) жүз жеті

Д) алпыс жеті

Е) қырық тоғыз

Жауап: С

 

351. Парламент Мәжілісі былай құрылады:

А) әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және ҚР астанасынан екі-екі адамнан сайлаушылар сайлайды және жеті депутатты Президент тағайындайды

В) 67 депутат бір мандатты сайлау округтерінен сайланады, 10 депутат партиялық тізім негізінде бара-бар өкілдік жүйесі бойынша сайланады

С) 98 депутат саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша сайланады, 9 депу­татты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды

Д) 98 депутат партиялық тізімдер бойынша таңдаушылармен сайланады, ал 9 депу­татты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды

Е) төрағасын және екі мүшесін Президент тағайындайды, қалған мүшелерін Сенат пен Республика Үкіметі құрады

Жауап: С

 

 

 

352. Республика Парламентiнiң құзыретi жүзеге асырылады:

А) парламенттiң сессияларында, Парламент Палаталарының, оның органдары мен депутаттардың қызметiнде

В) палаталардың бірлескен отырыстарында

С) парламенттің кезекті сессияларында

Д) парламенттің кезектен тыс сессияларында

Е) палаталардың кезекті бірлескен және бөлек отырыстарында

Жауап: А

 

353. Парламенттiң сессиясы төмендегідей нысанда өткізіледі:

А) Палаталардың және оның органдарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде

В) Палаталардың кезекті және кезектен тыс отырыстары түрінде

С) Палаталардың бірлескен отырыстары түрінде

Д) Палаталардың кезекті бөлек отырыстары түрінде

Е) Палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстары түрiнде

Жауап: Е

 

354. ҚР Парламентінің сессиясы болуы мүмкін:

А) тұрақты және өзгермелі

В) басты және екінші кезектегі

С) кезекті және кезектен тыс

Д) уақытша және тұрақты

Е) тікелей және жанама

Жауап: С

 

355. Парламенттiң бiрiншi сессиясын шақырады:

А) Республика Президентi сайлау өткізілген күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей
В) Орталық сайлау комиссиясының төрағасы сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап бір айдан кешiктiрмей

С) Республика Президентi сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей
Д) Орталық сайлау комиссиясының төрағасы сайлау өткізілген күннен бастап бір айдан кешiктiрмей
Е) Республика Президенті қыркүйектің бірінші жұмыс күнінен кешіктірмей
Жауап: С

 

356. Парламенттiң бiрiншi сессиясында, Сенат Төрағасы мен Мәжiлiс Төрағасы сайланғанға дейiн, тиісті палаталарда төрағалық етедi:

А) Сенат отырысында Республика Президентi, Мәжiлiс отырысында Премьер-Министр

В) Сенат отырысында Республика Президентi, Мәжiлiс отырысында Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы

С) екі палатада да Президент

Д) Сенат отырысында Премьер-Министр немесе Президент, Мәжiлiс отырысында Республика Президентi
Е) Сенат отырысында Республика Президентi, Мәжiлiс отырысында Мемлекеттік хатшы
Жауап: В

 

357. Парламенттiң кезектi сессиялары өткiзiледi:

А) жылына бiр рет қыркүйектiң бiрiншi жұмыс күнiнен бастап, маусымның соңғы жұмыс күнi бiткенше
В) жылына екі рет бес айдан
С) жылына бiр рет бiрiншi қыркүйектен бастап, маусымның соңғы күнi бiткенше
Д) жылына кемінде төрт рет он күннен

Е) жылына бiр рет - 11 ай

Жауап: А

 

358. Парламенттiң сессиясы ашылып, жабылады:

А) палаталардың бірлескен және бөлек отырыстарында

В) Сенат пен Мәжiлiстiң бiрлескен отырыстарында

С) Сенаттың бөлек отырысында

Д) Мәжілістің бөлек отырысында

Е) палаталардың кезектен тыс бірлескен отырысында

Жауап: В

 

359. Парламенттiң сессиясын ашуға құқылы:

А) Республика Президентi, ал ол болмаған кезде Мәжiлiстiң Төрағасы ашады

В) Республика Президентi, ал ол болмаған кезде Сенат Төрағасы ашады

С) Мәжiлiстiң Төрағасы, ал ол болмаған кезде Сенат Төрағасы ашады

Д) Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

Е) Республика Президентi, ал ол болмаған кезде Премьер-Министр

Жауап: А

 

360. Республика Президентінің Парламенттің кезектен тыс сессиясын  шақыруына мына субъект ұсыныс білдіре алмайды:

А) палата Бюросы

В) Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде үштен бiрi

С) Сенат төрағасы

Д) Мәжіліс төрағасы

Е) Президент өзі (бастамашылық білдіреді)

Жауап: А

 

361. Парламенттің өкілеттіктері жүзеге асырылатын оның қызметінің негізгі ұйымдық құқықтық нысаны:

А) кворум

В) сессия

С) палаталардың бірлескен отырыстары

Д) жұмыс органдары

Е) парламенттік тыңдау

Жауап: В

 

362. Республика Парламентiнiң сессияларындағы кворум:

А) барлық депутаттардың қатысуы

В) әр палата депутаттарының жалпы санының  1/3-нің қатысуы

С) әр палата депутаттарының жалпы санының  2/3-нің қатысуы

Д) әр палата депутаттарының жалпы санының  жартысының қатысуы

Е) әр палата депутаттарының жалпы санының  3/5-нің қатысуы

Жауап: С

 

363. Парламент Палаталарының Төрағаларына төмендегідей қосымша талаптар қойылады:

А) жоғары заңгерлік білім болу

В) мемлекеттік тілді меңгеру

С) жасы 40-тан кем болмау

Д) ағылшын тілін меңгеру

Е) қазақ болу

Жауап: В

 

364. Сенат Төрағасының қызметiне кандидатураны ұсынады:

А) Республика Президентi

В) Премьер-Министр

С) Орталық сайлау комиссиясы

Д) Мемлекеттік хатшы

Е) Сенат депутаттары

Жауап: А

 

365. Мәжiлiс Төрағасының қызметiне кандидатураларды ұсынады:

А) Республика Президентi

В) Премьер-Министр

С) Орталық сайлау комиссиясы

Д) Мемлекеттік хатшы

Е) Палатаның депутаттары

Жауап: Е

 

366. Палаталардың төрағалары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша келесідей актілер шығарады:

А) жарлықтар

В) қаулылар

С) өкiмдер

Д) заңдар

Е) бұйрықтар

Жауап: С

 

367. Республика Парламентiнiң үйлестірушi органдары:

А) тұрақты комитеттер

В) палаталардың бірлескен комиссиялары

С) палата аппараты

Д) төрағалар жанынан құрылатын келісу комиссиялары

Е) Палаталар төрағаларының жанынан құрылатын Сенаттың Бюросы және Мәжiлiстiң Бюросы

Жауап: Е

 

368. Палаталар Бюроларының құрамына кiредi:

А) Палаталар төрағаларының орынбасарлары, Палаталардың тұрақты комитеттерiнiң төрағалары

В) тиісті палатаның депутаттары

С) палаталардың төрағалары, олардың орынбасарлары және саны бестен кем емес депутаттар

Д) Палаталар төрағаларының орынбасарлары, Палаталардың тұрақты комитеттерiнiң төрағалары, Мәжілістің Бюросына қосымша онда өкілдік ететін саяси партиялар фракцияларының жетекшілері де

Е) саяси фракциялардың жетекшілері

Жауап: Д

 

369. ҚР Парламентінің жұмыс органдары болып есептеледі:

А) Тұрақты комитеттер, уақытша комиссиялар

В) Палата аппараты

С) Палаталар Бюросы

Д) Тек қана Палатаның тұрақты комитеттері

Е) Палата төрағалары

Жауап: А

 

370. ҚР Парламентінің әр палатасы мынанша тұрақты комитеттер құра алады:

А) жетіден аспауы керек

В) он

С) кемінде жетеу

Д) тоғыз

Е) үшеуден аспауы керек

Жауап: А

 

371. Парламент Сенаты мен Мәжілісінің тиісті тұрақты комитеттерінің мүшелерінің санын анықтайды:

А) палатамен анықталады
В) Палата Бюросымен анықталады
С) Палата аппаратымен анықталады
Д) Президентпен анықталады
Е) Конституциялық Кеңеспен анықталады

Жауап: А

 

372. Бірлескен комиссиялар не үшін құрылады:

А) Парламенттің және оның Палаталарының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстарды талдап жасау үшін

В) заң жобалары жұмысын жүргiзу үшiн
С) Палаталардың құзырына қатысты мәселелердi алдын-ала қарап, дайындау үшін
Д) Палаталардың бiрлескен қызметiне қатысты мәселелердi шешу үшiн

Е) заң жобаларына сараптама беру үшін

Жауап: Д

 

373. Тұрақты комитеттер мен комиссиялар өз құзыретiндегi мәселелер бойынша шығарады:

А) жарлықтар

В) қаулылар

С) жарғылар

Д) қарарлар

Е) заңдар

Жауап: В

 

374. Заң жобасы Парламент Сенатында мынадай мерзімде қаралады:

А) 1 ай ішінде

В) 2 ай ішінде

С) заң жобасы түскен мезгілден бастап 60 күн ішінде

Д) 45 күн ішінде

Е) 70 күн ішінде

Жауап: С

 

375. Сенат пен Мәжiлiс өз құзыретiндегi мәселелер бойынша қабылдайды:

А) шешім

В) жарлық
С) заңдар
Д) қаулылар

Е) нұсқаулық

Жауап: Д

 

376. Сенат депутаттарын сайлау жөнiндегi бiрлескен отырыстың өткiзiлгенi қандай құжатпен дәйектеледi:

А) қаулымен

В) бiрлескен отырыстың хаттамасымен

С) шешіммен

Д) нұсқаумен

Е) жарлықпен

Жауап: В

 

377. Парламент депутаттарының саяси партиялардың фракциялары және депутаттық топтар түрінде құратын ұйымы:

А) депутаттық аманат

В) тұрақты комитет

С) депутаттық бірлестіктер

Д) депутаттық палата

Е) депутаттық фракция

Жауап: С

 

378. Парламенттiк тыңдауларды өткiзеді:

А) палаталар Бюроларының шешiмдерi бойынша Палаталардың тұрақты комитеттерi

В) палата Бюролары

С) тұрақты комитеттердің шешімі бойынша Палата Бюролары

Д) палаталардың бірлескен комиссиялары

Е) палата төрағалары Бюролармен бірлесе отырып

Жауап: А

 

379. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң заң сипаты болмайтын актiлерiнің қатарына жатпайтын актіні көрсетіңіз:

А) үндеулер
В)
декларациялар
С)
мәлiмдемелер

Д) қаулылар
Е)
үндеулер, декларациялар
Жауап: Д

 

380. Заң шығару процесінің бірінші сатысы:

А) заң жобасын жасау

В) заң шығару бастамашылығы құқығы

С) заң жобасын қарауға қабылдау

Д) заң жобасын Мәжілісте қарау және қабылдау

Е) заң жобасын келістіру, сараптамадан өткізу

Жауап: В

 

381. Заң шығару бастамашылығы құқығы дегеніміз:

А) Мәжіліс қарауға міндетті заң жобасын ұсыну

В) Парламент қарауға міндетті заң жобасының және Парламенттің өзге заң актісінің мәтінін ресми енгізу

С) Президенттің заң жобаларының басымдығын белгілеп, оны жедел қабылдансын деп белгілеуі

Д) Мәжіліс қабылдаған заң жобасын Сенатқа енгізу

Е) Президентке заң шығару құқығын беру

Жауап: В

 

382. Заң шығару бастамашылығы құқығы жүзеге асырылады:

А) Сенатта және Мәжілісте

В) тек Сенатта
С) палаталардың бірлескен отырысында

Д) тек Мәжiлiсте

Е) алдымен Мәжілісте кейін Сенатта
Жауап: Д

 

383. Қандай заңдардың жобалары Республика Үкiметiнiң оң тұжырымы болғанда ғана енгiзiлуi мүмкiн:

А) мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты арттыруды көздейтiн заң жобалары

В) республикалық бюджетке байланысты заң жобалары

С) жергілікті кiрiстi қысқартуды немесе жергілікті шығысты арттыруды көздейтiн заң жобалары
Д) адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты заң жобалары

Е) Парламент депутаттары тарапынан енгізілген кез-келген заң жобалары
Жауап: А

 

384. Премьер-министр мына жағдайда Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қоюға хақылы:

А) Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен заң жобасын қабылданбаған болса
В) Үкiмет енгiзген заң жобасының қабылданбауына байланысты

С) Парламент Үкіметтің бағдарламасын мақұлдамаса

Д) Мәжіліс Сенаттың енгізген өзгертулерімен келіспесе
Е) Үкімет енгізген заң жобасына байланысты екі палата арасында келіспеушілік туындаса
Жауап:  В

 

385. Үкіметке сенім білдіру мәселесі бойынша дауысқа салу неше уақыт өтпейінше өткізілмейді:

А) сенiм бiлдiру туралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сағат өтпейiнше
В) заң жобасы қабылданбаған сәттен бастап қырық сегiз сағат өтпейiнше
С) заң жобасын қарауға қабылдаған сәттен бастап жиырма төрт сағат өтпейінше
Д) сенiм бiлдiру туралы мәселе қойылған сәттен бастап қырық сегiз сағат өтпейiнше
Е) заң жобасын Сенат мақұлдамаған сәттен бастап отыз күннің ішінде
Жауап: Д

 

386. ҚР Парламентінің депутаттары төмендегілердің қайсысына құқылы:

А) басқа өкілді органның мүшесі болуға

В) кәсіпкерлікпен айналысуға

С) ғылыми және оқытушылық қызметпен айналысуға

Д) ақылы қызметпен айналысуға

Е) Парламенттің жұмысына қатысуға

Жауап: С

 

387. Депутаттық әдеп ережелерін бұзғаны үшін парламент депутаттарына келесі жазалау шаралары қолданылуы мүмкін:

А) парламенттік мінеу, айыппұл салу

В) көпшілік алдында кешірім сұрауға мәжбүр ету, ескерту

С) тұру үшін берілген тұрғын жайды алып қою

Д) парламенттік мінеу, отырыс залынан шығарып жіберу, бір не үш отырыс бойында сөз бермеу

Е) мәжбүрлі түрде қоғамдық жұмысқа тарту

Жауап: Д

 

388. ҚР Парламенті Сенатының ерекше қарауына жататын өкілеттікті табыңыз:

А) рақымшылық жасау туралы актілерді жариялау

В) халықаралық шарттарды ратификациялау

С) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау

Д) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан айыру

Е) палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру

Жауап: Д

 

389. ҚР Парламенті Мәжілісінің ерекше қарауына жататын өкілеттікті табыңыз:

А) Жоғарғы Сот Төрағасының лауазымына кандидатураны ұсыну

В) Бас Прокурор лауазымына кандидатураны ұсыну

С) ҰҚК Төрағасының лауазымына кандидатураны ұсыну

Д) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау

Е) ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің құрамына екі депутатты жіберу

Жауап: Д

 

390. Сенаттың ерекше қарауына жатады:

А) Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және мүшелерін сайлау

В) заңдарды қабылдау

С) ҚР Президентінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату

Д) Президенттің ұсынуымен Жоғарғы Соттың Төрағасын және Жоғарғы Соттың судьяларын сайлау және қызметтен босату

Е) Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру

Жауап: Д

 

391. Мәжілістің ерекше қарауына жатады:

А) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау

В) заңдарды қабылдау

С) ҚР Президентінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату

Д) Жоғарғы Соттың Төрағасын, Алқаларының төрағаларын және мүшелерін сайлау

Е) Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру

Жауап: А

 

392. Парламенттің әр палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз:

А) заңдарды қабылдайды

В) халықаралық шарттарды ратификация жасау

С) Палаталардың бірлескен комиссия мүшелерінің тең жартысын сайлайды

Д) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлайды

Е) Бас Прокурордың тиіспеушілік құқығынан айырады

Жауап: С

 

393. Төмендегілердің қайсысы Парламенттiң әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз қарайтын өкілеттіктер қатарына кірмейді:

А) Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындау Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындау

В) Палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң тең жартысын сайлау

С) Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтату, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуымен оларға ешкiмнiң тиiспеуi жөнiндегi құқығынан Палаталардың депутаттарын айыру мәселелерiн шешу

Д) Палаталардың үйлестiрушi және жұмыс органдарын құрады;

Е) конституциялық заңдар мен жай заңдар қабылдау

Жауап: Е

 

394. Парламент палаталарының тұрақты комитеттерінің жұмысын үйлестіруді кім жүзеге асырады:

А) арнайы комиссиялар
В) палата төрағалары
С) палата Бюросы
Д) палата депутаттары
Е) Сенат пент Мәжіліс аппараты

Жауап: С

 

395. Республиканың заңдары күшiне енедi:

А) Конституциялық Кеңеспен конституциялығы тексерілгеннен кейін
В) Республика Президентi қол қойғаннан кейiн
С) Сенатпен мақұлданғаннан кейін

Д) Президент қарағаннан кейін

Е) баспасөзде жарияланғаннан кейін
Жауап: В

 

396. Парламент қабылдаған заңдар Республика Президентiнiң қол қоюына ұсынылады:

А) қабылданған күнiнен бастап он күннiң iшiнде
В) қабылданған күнiнен бастап он бес жұмыс күні iшiнде
С) қабылданған күнiнен бастап отыз күннiң iшiнде
Д) Сенатпен мақұлданған күннен бастап он күн аралығында
Е) Мәжіліспен мақұлданған күннен бастап жиырма күн ішінде
Жауап: А

 

397. Республика Президенті заңға неше күннің ішінде қол қояды:

А) бір ай  iшiнде
В) он бес күн ішінде
С) он күн ішінде
Д) бір аптада
Е) қырық сегіз сағатта
Жауап: А

 

ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТЫ

398. Парламент депутатының өкілеттігі басталады:

А) Республиканың аумақтық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретінде тіркеген сәттен
В) Парламент депутаты ретінде сайланған сәттен бастап

С) Парламенттің бірінші сессиясы жұмысын бастаған сәттен бастап
Д) сайлау қорытындысы шығарылып, жарияланған күннен бастап
Е) Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретінде тіркеген сәттен
Жауап: Е

 

399. Парламент депутатының өкілеттігі келесі жағдайларда тоқтатылады:

А) орнынан түскен кезде және Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда
В) қайтыс болған немесе оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда
С) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде
Д) орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда

Е) тиісті Палата депутатты қылмыстық жауапқа тартуға келісім берген жағдайда

Жауап: Д

 

400. Парламент депутаты мандатынан айырылады:

А) тиісті Палата депутатты қылмыстық жауапқа тартуға келісім берген жағдайда
В) соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша іс-әрекетке қабілетсі, деп танылған жағдайларда
С) қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен жағдайда
Д) орнынан түскен кезде және Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда
Е) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен болса не оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енсе немесе ҚР-ң азаматтығын жоғалтқан кезде
Жауап: Е

 

401. Парламент Мәжілісінің депутаты келесі жағдайларда мандатынан айырылмайды:

А) депутат өзін сайлаған саяси партиядан шығарылған кезде

В) депутат саяси фракцияға мүше болып кірген кезде

С) депутат өзін сайлаған саяси партиядан шыққан болса

Д) конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия

қызметін тоқтатқан кезде

Е) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енсе

Жауап: В

 

402. Төменде аталған міндеттердің қайсысы депутаттар үшін қарастырылмаған:

А) өз сайлаушыларымен кездесу міндеті

В) парламент отырыстарына қатысу міндеті

С) жеке өзі дауыс беру міндеті

Д) парламент палатасының тұрақты комитетінің жұмысына қатысу міндеті

Е) өз сайлаушыларының аманаттары бойынша дауыс беру міндеті

Жауап: Е

 

403. Төмендегі органның ұсынуы негізінде Парламент Палатасы тиісті Парламент депутатының өкілеттігін тоқтатады:

А) Бас прокурордың

В) Орталық сайлау комиссиясының

С) Жоғарғы Соттың төрағасының

Д) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасының
Е) Ішкі істер министрінің

Жауап: В

 

404. Парламент депутатына депутаттық әдеп ережелерiн бұзған жағдайда төмендегідей жаза шарасы қолданылмайды:

А) парламенттiк мiнеу
В)
Палаталардың бiрлескен немесе бөлек бiр отырысының бойында сөз бермеу
С)
көпшiлiк алдында кешiрiм сұрауға мәжбүр ету
Д)
бiр күндiк еңбекақысынан айыру
Е)
Палаталардың бiрлескен немесе бөлек бір ай отырыс бойында сөз бермеу
Жауап: Е

 

405. Саяси партияның фракциясы – бұл:

А) саяси партиядан өкілдік ететін, саяси партияның мүдделерін білдіру мақсатында Парламент Мәжілісінде құрылатын депутаттардың ұйымдасқан тобы

В) депутаттардың өз өкілеттіктерін бірлесіп жүзеге асыруға арналған бірлестігі
С) саяси партияның еркін заңға бейнелейтін билік үшін күресетін депутаттардың тобы
Д) саяси партиядан өкілдік ететін, саяси партияның мүдделерін білдіру мақсатында Парламент Сенатында құрылатын депутаттардың ұйымдасқан тобы
Е) саяси партияның мүддесін білдіретін Парламент депутаттарының ұйымдасқан тобы

Жауап: А

 

406. Депутаттық топ дегеніміз:

А) саяси партиядан өкілдік ететін, саяси партияның мүдделерін білдіру мақсатында Парламент Сенатында құрылатын депутаттардың ұйымдасқан тобы
В)
мүдделерінің ортақтығы негізінде, ерікті түрде бірігуінің нәтижесінде құрылатын депутаттардың еркін бірігулері
С)
заң шығару қызметін жүзеге асыратын депутаттардың бірлестігі
Д) депутаттардың өз өкілеттіктерін бірлесіп жүзеге асыруға арналған бірлестігі
Е) заң жобалау жұмысымен айналысатын депутаттардың тобы
Жауап: Д

 

407. Саяси партия фракциясының құрамына кіре алады:

А) Парламент Мәжілісінің депутаттары

В) Парламент Сенатының депутаттары
С) жалпы Парламент депутаттары
Д) Президентпен тағайындалатын депутаттар
Е) саяси партияның жетекшілері мен мүшелері

Жауап: А

 

408. Депутаттық топтың құрамында болуы тиіс:

А) Мәжілістің кемінде он депутаты

В) Парламенттің кемінде он бес депутаты
С) Сенаттың кемінде он депутаты
Д) саяси партияның мүшелері
Е) Президентпен тағайындалған депутаттар
Жауап: В

ҮКІМЕТ

409. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесi:

А) ҚР-ң  атқарушы билiгiн жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесiн басқаратын және олардың қызметiне басшылық жасайтын алқалы орган
В) заңдардың қабылдануына бақылау жасайтын және оларды атқаратын жоғарғы атқарушы орган
С) ҚР-ң атқарушы билігін жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың жүйесін басқаратын жоғарғы атқарушы орган

Д) ҚР-ң қызметінің негізгі бағыттарын айқындайтын жоғарғы орган
Е) ҚР Президентіне тікелей бағынатын, Парламентке жауап беретін оратлық атқарушы орган

Жауап: А

 

410. Үкімет өзінің бүкіл қызметінде жауапты:

А) Парламент Мәжілісінің алдында жауапты

В) Парламенттің алдында жауапты
С) Парламент алдында жауапты, Президент алдында есепті
Д) Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты
Е) Премьер-Министр алдында жауапты
Жауап: Д

 

411. Үкiмет мүшелерi ант бередi:

А) Қазақстан халқы мен Президентiне

В) Парламентке

С) Конституциялық Кеңеске
Д) ҚР азаматтарына
Е) мемлекет басшысына
Жауап: А

 

412. Республика Премьер-Министрi Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентiне ұсыныс енгiзедi:

А) тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде
В) сайланғаннан кейін он күн ішінде
С) тағайындалғаннан кейін бір ай ішінде
Д) тағайындалғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде
Е) ант берген сәттен бастап
Жауап: А

 

413. Үкiметтiң құрылымын келесі органдар құрайды:

А) палаталар
В) комиссиялар мен комитеттер
С) құқық қорғау органдары
Д) әкімшіліктер мен министрліктер
Е) министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар
Жауап: Е

 

414. Үкiмет мүшелерi болып табылады:

А) Премьер-Министр, оның орынбасарлары және министрлер
В) Премьер-Министр, министрлер және мемлекеттік комитеттердің басшылары
С) Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары
Д) Премьер-Министр, министрлер, Алматы және астана әкімдері
Е) Президент, Премьер-Министр, оның орынбасарлары және министрлер
Жауап: С

 

415. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнің қызметіне жатпайды:

А) Үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi

В) Үкiмет қаулыларына қол қояды

С) Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде және оның аса маңызды барлық шешiмдерi жөнiнде Президентке баяндап отырады

Д) Үкіметтің отырыстарына төрағалық етеді

Е) Үкіметтің мүшелерін қызметке тағайындайды және босатады

Жауап: Е

 

416. Үкіметтің орнынан түсуін қабылдау не қабылдамау туралы мәселені Президент мынадай мерзім ішінде қарайды

А) 5 күн мерзімде

В) 1 ай мерзімде

С) 15 күн мерзімде

Д) 10 күн ішінде

Е)  1 апта  мерзімде

Жауап Д

 

417. Үкiмет мүшелерi өздерiне бағынысты мемлекеттiк органдардың жұмысы үшiн кімнің алдында жеке-дара жауап бередi:

А) Республикасы Премьер-Министрiнiң

В) ҚР Парламентініңі

С) Мәжіліс төрағасының

Д) Сенат төрағасының

Е) ҚР халқының

Жауап: А

 

418. Қазақстан Республикасының Үкiметiнің актілері:

А) заңдар

В) жарлықтар

С) қаулылар

Д) шешімдер

Е) жарғылар

Жауап: С

 

419. Республиканың Премьер-Министрiнің актісі:

А) өкім

В) жарлық

С) қаулы

Д) шешім

Е) жарғы

Жауап: А

 

 

 

 

420. Үкімет өз өкілеттігін доғарады:

А) жаңадан сайланған Парламент алдында
В) жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында
С) жаңадан құрылған Үкіметтің алдында
Д) жаңадан сайланған Мәжіліс депутаттары алдында
Е) жаңа сайланған Сенат депутаттары алдында
Жауап: В

 

421. Үкіметтің отставкаға кетуіне негіз болады:

А) Парламенттің Үкіметке сенімсіздік вотумын білдіруі

В) Парламент отырысына өз қызметі жөнінде есеп беруге келмеуі

С) Парламенттің таратылуы

Д) Президенттің қызметінен мерзімінен бұрын босатылуы

Е) ҚР Үкіметі ұсынған заң жобасын Мәжілістің өз қарауына қабылдамауы

Жауап: А

 

 

 

422. Республика Үкiметi мүшелерiнiң хақы бар:

А) өкiлдi органның депутаттары болуға

В) оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерден басқа ақы төленетiн қызметтер атқаруға

С) кәсiпкерлiкпен шұғылдануға

Д) коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге

Е) қоғамдық бірлестікке мүше болуға

 

 

 

 

 

423. Үкiмет отырыстарының өткiзiлу уақыты:

А) тоқсан сайын

В) айына кемінде бiр рет

С) жыл сайын

Д) айына екi рет

Е) апта сайын

Жауап: В

 

424. Үкiметтiң отырыстарын шақырады:

А) Премьер-Министр не Республика Президентi

В) Республиканың Президенті

С) Үкімет басшысы

Д) Премьер-Министр немесе оның орынбасарлары

Е) Вице-Премьер

Жауап: А

 

 

425.  Үкiмет ерекше маңызды мәселелердi қарағанда Үкімет отырысында төрағалық етеді:

А) Парламент Сенатының төрағасы

В) Парламент Мәжілісінің төрағасы

С) Конституциялық Кеңестің төрағасы

Д) Кез келген министрлер

Е) ҚР Президенті

Жауап: Е

 

426. Тиiстi мемлекеттiк басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекте - салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы:

А) Республика Үкіметі
В) министрлiк
С) агенттік
Д) әкімшілік

Е) департамент
Жауап: В

 

427. Министрлiктi кім  құрады, қайта ұйымдастырады және таратады:

А) Республика Премьер-Министрiнiң ұсынысы бойынша Республика Президентi

В) Республика Үкіметі

С) Премьер-Министр
Д) Президент Парламент Мәжілісімен келісіп
Е) саяси фракциялардың жетекшілері
Жауап: А

 

428. Министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне жатады:

А) бөлімдер мен бөлімшелер

В) агенттіктер
С) ведомстволар, департаменттер мен басқармалар
Д) мемлекеттік комитеттер мен комиссиялар
Е) әкімияттар мен маслихаттар
Жауап: С

 

429. Үкiмет құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган:

А) Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша Республика Президентi құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын ҚР агенттiгi

В) Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша Республика Президентi құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын ҚР министрлігі

С) Президент тағайындайтын әкімдер

Д) министрліктің құрылымдық бөлімшелері - ведомстволар, департаменттер мен басқармалар

Е) әкімияттар

Жауап:  А

 

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС

430. Конституцияның жоғарылығы мен тікелей әрекетін қамтамасыз етуді білдіретін демократиялық институт:

А) конституциялық бастама

В) конституциялық құқық

С) конституциялық жауаптылық

Д) конституциялық қатынас

Е) конституциялық қадағалау

Жауап: Е

 

431.  Конституциялық Кеңеске жүгіну құқығына ие:

А) ҚР Президенті

В) ҚР кез келген азаматы

С) маслихат депутаттары

Д) Бас прокурор

Е) адвокат

Жауап: А   

 

432. ҚР Конституциялық Кеңес мүшелеріне жас мөлшеріне байланысты қойылатын талаптар:

А) 25 жасқа толған болу керек

В) 40 жасқа толған болу керек

С) 20 жасқа толған болу керек

Д) 30 жасқа толған болу керек

Е) 35 жасқа толған болу керек

Жауап: Д

 

433. Конституциялық өндірістің қатысушылары:

А) Конституциялық Кеңестің мүшелері

В) Конституциялық Кеңес кенесшісі

С) Конституциялық Кеңеске жүгінуші тұлғалар, актілерінің Конституцияға сай екендігі дауланатын органдар мен  лауазымды тұлғалар

Д) қоғамдық бірлестіктер

Е) жоғарыда аталған субъектілердің барлығы;

Жауап С

 

434. Конституциялық Кеңестiң отырыстарын шақырады:

А) айына кемінде төрт рет Конституциялық Кеңестiң Төрағасы, ал ол болмаған кезде оның уәкiлдiк беруi бойынша оның орынбасары

В) айына кемінде бір рет Конституциялық Кеңестiң Төрағасы немесе Республика Президенті

С) жылына бір рет Конституциялық Кеңестің төрағасының бірінші орынбасары
Д) қажетiне қарай Республика Президенті, ал ол болмаған кезде Конституциялық Кеңес Төрағасы

Е) қажетiне қарай Конституциялық Кеңестiң Төрағасы, ал ол болмаған кезде оның уәкiлдiк беруi бойынша Конституциялық Кеңес Төрағасының мiндетiн атқарушы

Жауап: Е

 

435. Конституциялық Кеңес мүшелерiне қатысты қолдануға болмайтын шаралар:

А) Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiн Қазақстан Республикасы азаматтығынан айыруға болмайды

В) Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiн  iс-әрекетке қабiлетсiз деп тануға болмайды

С) Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiн тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасалған реттердi қоспағанда, Парламенттiң келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды

Д) тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартуға

Е) аумақтық сайлау комиссиясына мүше етіп сайлауға

Жауап: С

 

436. Конституциялық Кеңес мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтата тұрылатын жағдайлар:

А) Жоғарғы соттың ол жөнiнде заңды күшiне енген айыптау үкiмiнiң болуы

В) заңды күшiне енген сот шешiмiмен оның iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылуы

С) денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы өз мiндеттерiн орындай алмаса, дәлелдi себептерсiз кемiнде қатарынан үш рет Конституциялық Кеңестiң отырыстарына қатыспаса

Д) антты бұзуы, Республика Конституциясы мен осы Конституциялық заңның талаптарын орындамауы, оның жоғары мәртебесiмен сыйыспайтын атына кiр келтiретiн қылық жасауы

Е) оның қайтыс болуы немесе заңды күшiне енген сот шешiмi бойынша хабар-ошарсыз жоқ болған деп танылса,

Жауап: С

 

437. Конституциялық Кеңестің мүшесінің өкілеттігі неше жасқа келгенде тоқтатылады:

А) алпыс жасқа, ерекше жағдайларда алпыс бес жасқа толғанда, Республиканың экс-Президенттерi бұған кiрмейдi;

В) алпыс бес жасқа толғанда, Республиканың экс-Президенттерi бұған кiрмейдi;

С) ер мүше 63 жасқа толғанда, ал әйел мүше 58 жасқа толғанда

Д) зейнатақы жасына толғанда

Е) жас мөлшері анықталмаған

Жауап: А

 

438. Мына негіздер Конституциялық Кеңестің мүшесінің өкілеттігін тоқтатуға негіз болмайды:

А) антты бұзуы, Республика Конституциясы мен осы Конституциялық заңның талаптарын орындамауы, оның жоғары мәртебесiмен сыйыспайтын атына кiр келтiретiн қылық жасауы

В) Конституцияда белгiленген талаптар бұзыла отырып тағайындалуы

С) алпыс жасқа, ерекше жағдайларда алпыс бес жасқа толуы

Д) саяси мақсаттарды көздейтiн саяси партияға немесе өзге де қоғамдық бiрлестiкке кiруi

Е) заңды күшiне енген сот шешiмi бойынша хабар-ошарсыз жоқ болған деп танылуы

Жауап: Е

 

439.  Конституциялық Кеңестің шешімі күшіне енеді:

А) қол қойылғаннан кейін бастап

В) қабылдаған күннен бастап

С) Конституциялық Кеңес отырысында талқылағаннан кейін

Д) арнайы жарияланғаннан кейін

Е) Президент қол қойғаннан кейін

Жауап: В

 

440. Конституциялық Кеңестің мүшелерінің өкілеттігін тоқтата тұруға құқылы:

А) оны тағайындаған адам

В) Президент

С) Парламент

Д) Премьер-министр

Е) Бас Прокурор

Жауап: А

 

441. Мына жағдайда Конституциялық Кеңес келіп түскен өтінішті қабылдаудан бас тартады:

А) заңдардың конституциялығын тексеріп жатқан кезде

В) Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауына байланысты дау туған жағдайда

С) конституциялығы талас тудырып отырған акт тоқтатылған немесе күшiн жойған болса

Д) Президентті қызметінен кетіру туралы мәселе қаралып жатқан кезде

Е) Конституциялық Кеңестің төрағасы ауырып қалған жағдайда

Жауап: С

 

442. Төменде аталған жағдайлардың қайсысы Конституциялық Кеңестің өтінішті іс жүргізуге қабылдаудан бас тартуына негіз болмайды:

А) өтiнiш осы Конституциялық заңда белгiленген өтiнiш нысаны мен мазмұнына сәйкес келмесе немесе тиiстi субъектiден туындамаса

В) конституциялығы талас тудырып отырған акт тоқтатылған немесе күшiн жойған болса

С) өтiнiште көрсетiлген мәселе Конституцияда шешiмiн таппаса

Д) өтiнiште көрсетiлген мәселенiң конституциялылығын Конституциялық Кеңес бұрын тексерiп қойған болса және Конституциялық Кеңестiң заңды күшiн сақтайтын шешiмi бар болса

Е) өтініш Президенттен туындаса

Жауап: Е

 

443. Конституциялық Кеңестiң өтiнiштердi қарау мерзiмдерi:

А) өтiнiш келiп түскен күннен бастап он күн, Республика Президентiнiң талабы бойынша бұл мерзiм бес күнге дейiн қысқартылуы мүмкiн

В) өтiнiш келiп түскен күннен бастап екі ай

С) мәселені қарауға қабылдаған күннен бастап жарты жыл

Д) әдетте бір ай, Президент талап етсе бұл мерзім ұзартылуы немесе қысқартылуы мүмкін

Е) өтiнiш келiп түскен күннен бастап бiр ай, Республика Президентiнiң талабы бойынша бұл мерзiм он күнге дейiн қысқартылуы мүмкiн

Жауап: Е

 

444. Конституциялық iс жүргiзудi тоқтатуға төмендегілер негіз болып табылады:

А) мәлiмделген өтiнiштің Конституциялық Кеңестiң қарауына жатпауы және субъект өзi мәлiмдеген өтiнiштен бас тартуы

В) Конституциялық Кеңес заңдардың конституциялығын тексеріп жатқан кезде

С) халықаралық шарттардың конституциялығы қаралып жатқан болса

Д) Парламентпен Президентті қызметінен босату мәселесі қаралып жатса

Е) Төрағасының өкілеттігі тоқтатылған болса

Жауап: А

 

445. Конституциялық iс жүргiзудi тоқтатылуы мүмкін:

А) конституциялық iс жүргiзу кез келген сатыда, бiрақ қорытынды шешiм шығарылғанға дейiн
В) өтінішті қарауға қабылдағаннан кейін кез-келген сатыда

С) конституциялық іс жүргізудің кез-келген сатысында

Д) Президент қарағанға дейін

Е) өтінішті қарауға қабылдағаннан бастап Президент қарағанға дейін

Жауап: В

 

446. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi мынадай нысандарда қабылданады:

А) өкім, шешім

В) заң, қорытынды

С) регламент, бұйрық

Д) қаулы, қорытынды, жолдау

Е) қаулы, өкім, шешім

Жауап: Д

 

447. Егер шешiм қабылдау кезiнде Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң дауыстары тепе-тең бөлiнген болса, кімнің даусы шешушi дауыс болып табылады:

А) Конституциялық Кеңестің Президент тағайындаған мүшесінің

В) Конституциялық Кеңес Төрағасының

С) төраға орынбасарының

Д) экс-Президенттің

Е) Президенттің

Жауап: В

 

448. Конституциялық Кеңес мынадай жағдайда қосымша шешім қабылдайды:

А) конституциялығы талас тудырып отырған акт тоқтатылған немесе күшiн жойған болса

В) Конституциялық Кеңестiң шешiмдерiне түсiндiрмелер беру туралы мәселе қойылса және Конституциялық Кеңестiң шешiмiнде жiберiлген редакциялық сипаттағы дәлсiздiктер мен қателердi түзету қажет болса

С) өтiнiште көрсетiлген мәселе Конституцияда шешiмiн таппаса

Д) өтiнiш осы Конституциялық заңда белгiленген өтiнiш нысаны мен мазмұнына сәйкес келмесе немесе тиiстi субъектiден туындамаса

Е) өтiнiште көрсетiлген мәселенiң конституциялылығын Конституциялық Кеңес бұрын тексерiп қойған болса

Жауап: В

 

449. Мына жағдайларда Конституциялық Кеңес өз шешімін қайта қарайды:

А) қабылданған шешiмге негiз болған Конституция нормасы өзгердi деп және шешiм қабылданған сәтте Конституциялық Кеңеске белгiсiз болған, өтiнiштiң мәнi үшiн жаңа елеулi нәрселер ашылды деп тапса

В) Президент екінші рет Конституциялық Кеңестің шешіміне қарсылық білдірсе

С) Президенттің қарсылығын Конституциялық Кеңес еңсере алмаса

Д) конституциялығы талас тудырып отырған акт тоқтатылған немесе күшiн жойған болса

Е) өтiнiште көрсетiлген мәселе Конституцияда шешiмiн таппаса

Жауап: А

 

МАСЛИХАТ    ЖЕРГІЛІКТІ өЗІН-өЗІ БАСҚАРУ

450. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару – бұл:

А) құзырет шегiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар тиiстi аумақта мемлекеттiк саясатты жүргiзу, оны дамыту мақсатында жүзеге асыратын, сондай-ақ тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты болып табылатын қызмет
В) мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi

С) мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлермен белгіленген лауазымдық өкiлеттiк пен лауазымдық мiндеттердiң ауқымы жүктелген құрылымдық бiрлiгі

Д) тұрғын халықтың өзін-өзі басқаруы

Е) мемлекеттің жергілікті мәселелерді шешуге бағытталған қызметі

Жауап: А

 

451. Жергiлiктi атқарушы орган – бұл:

А) тиісті аумақтың халқы сайлайтын, халықтың еркiн бiлдiретiн және ҚР заңдарына сәйкес оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды белгiлейтiн және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган

В) тиісті әкiм басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган

С) тиiстi мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк мекеме

Д) тиiстi мемлекеттiк басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекте - салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы

Е) жергілікті жерлерде заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асыратын орган

Жауап: В

 

452. Жергiлiктi өкiлдi орган – бұл:

А) тиісті әкiм басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды жүзеге асыратын атқарушы орган - әкімияттар

В) жергілікті мемлекеттiк басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекте - салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орган – маслихаттар

С) халық атынан ел ішінде және халықаралық қатынастарда өкілдік ететін депутаттардан тұратын орган – маслихаттар

Д) тиісті аумақтың халқы сайлайтын, халықтың еркiн бiлдiретiн және ҚР заңдарына сәйкес оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды белгiлейтiн және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган - мәслихаттар

Е) жергілікті жерлерде заңдар шығаруды жүзеге асыратын, тиісті аумақтың халқымен сайланатын, оның еркін білдіретін орган – маслихаттар

Жауап: Д

 

453. Маслихат қызметінің негізі ұйымдық-құқықтық нысаны  болып табылады:

А) тұрақты комиссиялардың отырысы

В) сессия

С) уақытша комиссиялардың отырысы

Д) Маслихат аппаратының қызметкерлері мен депутаттарының жиналысы

Е) айына бір рет өткізілетін жиналыстар

Жауап: В

 

454.  Мәслихаттың кезекті сессиясы оның төрағасымен жылына мынанша рет шақырылады:

А) кемінде 1 рет шақырылады

В) кемінде 4 рет шақырылады

С) кемінде 3 рет шақырылады

Д) кемінде 2 рет шақырылады

Е) жауаптар дұрыс емес

Жауап: В

 

455. Қандай жағдайда маслихат сессиясы заңды деп саналады:

А) депутаттардың 3/4 бөлігі қатысқанда

В) мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады

С) депутаттадың жалпы санының жартысы қатысқанда

Д) депутаттардың 3/5 бөлігі қатысқанда

Е) депутаттардың 1/2 бөлігі қатысқанда

Жауап: В

 

 

 

456. Жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясын шақырады:

А) белгiленген депутаттар санының кемiнде 3/4 болған ретте, мәслихат депутаттары тiркелген күннен бастап отыз күн мерзiмнен кешiктiрмей, тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

В) белгiленген депутаттар санының кемiнде жартысынан астамы сайланған ретте, отыз күн мерзiмнен кешiктiрмей, тиiстi Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

С) сайлау қорытындысы жарияланғаннан кейін бір айдан кешіктірмей округтік сайлау комиссиясының хатшысы

Д) сайлау өткізілген күннен бастап бір ай ішінде аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

Е) сайлау өткізілген күннен бастап отыз күн ішінде жергілікті әкім

Жауап: А

 

457. Маслихат  сессияның ұзақтығын белгiлейдi:

А) жергілікті әкім
В) мәслихаттың өзі

С) маслихаттың төрағасы
Д) жоғары тұрған маслихат
Е) облыстық әкім
Жауап: В

 

458. Қазақстан Республикасының азаматы Мәслихат депутаты болып төмендегідей жас мөлшеріне толғанда сайлана алады:

А) 25 жасқа толғанда

В) 20 жасқа толғанда

С) 30 жасқа толғанда

Д) 18 жасқа толғанда

Е) 35 жасқа толғанда

Жауап: В

 

459. Мәслихаттарды халық жалпыға бірдей, тең, төте сайлау арқылы сайлайды:

А) 3 жылға

В) 5 жылға

С) 6 жылға

Д) 1 жылға

Е) 2 жылға

Жауап В

 

460. Жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау үшін маслихаттың өкілеттік мерзіміне құрылатын маслихаттың органы:

А) тексеру комиссиясы

В) тұрақты комитет

С) бюро

Д) бірлескен комиссия

Е) аппарат

Жауап: А

 

461. Мәслихаттың тұрақты комиссияларының саны:

А) үшеу немесе төртеу

В) кемінде екеу

С) жетеуден аспауға тиiс

Д) оннан аспауы керек

Е) он бестен аспауы керек

Жауап: С

 

462. Облыстық мәслихат депутаттарының саны:

А) 50-ге дейін

В) 35-ке дейін

С) 30-ға дейін

Д) 40-қа дейін

Е) 100-ге дейін

Жауап: А

 

463. Астана және Алматы қалалық мәслихаттарындағы депутат саны:

А) 25-ке дейін

В) 50-ге дейін

С) 30-ға дейін

Д) 35-ке дейін

Е) 20-ға дейін

Жауап: В

 

464. Қалалық маслихаттың депутаттарының шекті саны:

А) 25-ке дейін

В) 50-ге дейін

С) 30-ға дейін

Д) 35-ке дейін

Е) 20-ға дейін

Жауап: С

 

465.  Аудандық маслихаттың депутаттарының саны:

А) 25-ке дейін

В) 50-ге дейін

С) 30-ға дейін

Д) 35-ке дейін

Е) 20-ға дейін

Жауап: А

 

466. Маслихаттың өкілеттігі басталады:

А) депутаттарды сайлау қорытындысы жарияланғаннан келесі күні

В) бірінші сессиясы шақырылған кезден

С) депутаттар сайланған күні

Д) бiрiншi сессиясы ашылған кезден

Е) қыркүйектің бірінші жұмыс күні

Жауап: Д

 

467. Маслихаттың өкілеттігі аяқталады:

А) жаңадан сайланған депутаттарды тіркеген кезден

В) жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясының жұмысы басталғанда

С) сессиясы жұмысын аяқтаған күннен

Д) жаңадан мәслихаттың бiрiншi сессиясы шақырылған күннен бастап

Е) маусымның соңғы жұмыс күні

Жауап: В

 

468. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қайта ұйымдастырылған (бiрiккен, қосылған, қайта құрылған, бөлiп шығарылған немесе бөлiнген) жағдайда жаңадан сайланған мәслихат сессиясының жұмысы басталғанға дейiн мәслихат депутаттары:

А) өз өкiлеттiгiн сақтайды

В) мандатынан айырылады

С) жаңартылуға жатады

Д) қайта сайланады

Е) экс-депутат болып саналады

Жауап: А   

 

469. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс таратылған жағдайда тиiстi мәслихат:

А) таратылады

В) қайта құрылады

С) жаңартылады

Д) өз өкілеттігін сақтайды

Е) басқа маслихатпен бірігеді

Жауап: А

 

470. Мәслихаттың бiрiншi сессиясын мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейiн кім ашып, жүргiзедi:

А) жергілікті әкім

В) Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

С) Президент

Д) тиiстi сайлау комиссиясының төрағасы

Е) прокурор

Жауап: Д  

 

471. Маслихат заңды тұлға болып табылады ма:

А) иә, ол заңды тұлға болып табылады
В) жоқ, заңды тұлға болмайды
С) жоқ, ол жеке тұлға болып табылады
Д) иә, ол тек заңды тұлға ғана емес, сондай-ақ жеке тұлға да
Е) жоқ, себебі ол мемлекеттік кәсіпорын
Жауап: В

 

472. Мәслихаттың өз құзыретiндегi мәселелер бойынша шығаратын актiлерi:

А) шешiмдер

В) қаулылар мен өкімдер

С) өкімдер
Д) заңдар

Е) жарғылар
Жауап: А

 

473. Мәслихаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтiн шешiмдерiн жою жолдары:

А) Конституциялық Кеңес жоюы мүмкін

В) Прокуратура жоюы мүмкін

С) өздері немесе Конституциялық Кеңес

Д) облыстық әкім және өздері

Е) мәслихаттың өзiнiң жоюы не сот тәртiбiмен жойылуы мүмкiн

Жауап: Е

 

474. Сенат Мәслихат өкілеттігін мерзімінен бұрын мына жағдайда тоқтата алмайды:

А) маслихатта депутаттық бірлестіктер құрылатын болса

В) Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын сот тәртібімен заңсыз деп танылған шешімдер қабылдау түрінде бірнеше рет (екі және одан да көп) бұзса

С) егер жаңадан сайланған мәслихат бірінші сессиясы ашылған күннен бастап отыз күн өткенше өз құрылымын белгілемесе және тиісті органдарын құрмаса
Д) тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қайта ұйымдастырылса немесе таратылса
Е) жергілікті бюджетті, аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын екі рет бекітпеумен білдірілген әкімиятпен арада еңсерілмейтін келіспеушіліктер болса

Жауап: А

 

475. ҚР Президентi мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн, ҚР заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi:

А) министр

В) мемлекеттік хатшы

С) әкiм

Д) Премьер-Министр

Е) маслихат хатшысы

Жауап: С

 

476. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi қызметке тағайындалады және қызметiнен босатылады:

А) Премьер-Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және өзі босатады

В) Үкіметтің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және өзі босатады

С) Премьер-Министрдiң ұсынуы бойынша ҚР Президентi қызметке тағайындайды, Премьер-Министр босатады

Д) Мәжілістің келісімен ҚР Президентi қызметке тағайындайды және босатады

Е) Парламенттің келісімімен Президент тағайындайды және босатады

Жауап: А

 

477. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiнiң өкiлеттiгi қай кезде тоқтатылады:

А) жаңа әкім сайланғаннан  кейін

В) Үкімет отставкаға кеткен жағдайда

С) ҚР-ның жаңадан сайланған Президентi қызметiне кiрiскен кезде

Д) маслихаттар сенімсіздік білдірген жағдайда

Е) ҚР-ның жаңа Президенті сайланған кезде

Жауап: С

 

478. Аудан (облыстық маңызы бар қала), қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмдерi қызметке:

А) Президентпен тағайындалады

В) тиісті аумақтың маслихат депутаттарымен сайланады

С) Премьер-министрмен тағайындалады

Д) Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады

Е) жергілікті өзін-өзі басқару органымен сайланады

Жауап: Д

 

479. Әкiмияттың, әкiмнiң актілерi:

А) Әкiмият қаулылар, ал Әкiм өкiмдер шығарады

В) Әкiмият қаулылар, ал Әкiм жарлықтар шығарады

С) Әкiмият та, Әкiм де қаулылар шығарады

Д) Әкiмият өкiмдер, ал Әкiм қаулылар шығарады

Е) екеуі де қорытынды шешімдер шығарады

Жауап: А

 

480. Мынадай әкімияттар құрылмайды:

А) облыстық, аудандық әкімияттар

В) Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық (селолық) әкiмияттар

С) республикалық маңызы бар қалалық, Астаналық

Д) облыстық маңызы бар қалалық

Е) республикалық және  облыстық маңызы бар қалалық

Жауап: В

 

481. Жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылады:

А) әкімшілік аппарат арқылы

В) тікелей тұрғындар арқылы және сайланбалы органдар арқылы

 С) аудан, қала, облыс әкімдерімен

Д) облыс маслихатымен

Е) облыс әкіммен

Жауап: В

 

РЕФЕРЕНДУМ

482. Республикалық референдум дегеніміз не:

А) ҚР Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру
В) конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық талқылау

С) Республиканың заңдарының және мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша бүкiлхалықтық сайлау
Д) мемлекеттiк өмiрiнiң аса маңызды мәселелері бойынша бүкiлхалықтық талдау және талқылау
Е) ҚР Конституциясын қабылдаудың бірден-бір жолы
Жауап: Д

 

483. Республикалық референдум талқысына қойылатын мәселелер:

А) бюджет пен салық саясаты;

В) рақымшылық пен кешiрiм жасау

С) Республика Конституциясын, конституциялық заңдарын, заңдарын қабылдау, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу

Д) Республиканың әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы мен шекараларының

Е) мемлекеттiк бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгерту

Жауап: С

 

484. Республикалық референдумның талқысы бола алмайтын мәселелерді көрсетіңіз:

А) Республика Конституциясын қабылдау, өзгерту

В) конституциялық заңдарын қабылдау, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу;

С) заңдарды қабылдау, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу

Д) Республиканың мемлекеттiк өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiн шешу


Е) мемлекеттiк бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгерту

Жауап: Е

 

485. Республикалық референдум тағайындауға құқығы тұлғаны көрсетіңіз:

А) ҚР Президенті

В) Мәжіліс төрағасы

С) Сенат төрағасы

Д) Премьер-Министр

Е) мемлекеттік хатшы

Жауап: А

 

486. Республикалық референдум тағайындау жөніндегі бастамашылықты мына субьект білдіре алмайды:

А)  ҚР Президенті

В) ҚР Парламенті

С) Үкімет 

Д) Конституциялық Кеңес

Е)  Республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 200 000-нан кем емес ҚР азаматтары

Жауап: Д

 

487. ҚР Президентi республикалық референдум тағайындау жөнінде мынадай шешім шығара алмайды:

А) референдум тағайындау туралы

В) референдум өткiзбей-ақ, оның талқысына ұсынылатын мәселе бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, конституциялық заң, заң немесе өзге де шешiм қабылдау қажеттiгi туралы
С)
референдум тағайындау туралы бастамашылықты қабылдамау туралы
Д) референдум өткiзбей-ақ, оның талқысына ұсынылатын мәселе бойынша тиісті заңдар қабылдау қажеттігі туралы
Е) референдум өткізбей-ақ, оның талқысына ұсынылатын мәселе бойынша өзі тиісті заң шығару туралы
Жауап: Е

 

488. Республикалық референдум өткiзу мерзiмi:

А) оны өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр айдан ерте емес және үш айдан кеш емес мерзiмде

В) оны өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр алты айдан ерте емес және тоғыз айдан кеш емес мерзiмде

С) референдум тағайындау туралы ұсыныс енгізілген күннен бастап екі ай ішінде
Д) референдум тағайындау туралы Президент шешім шығарған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде

Е) Президенттің қалауы бойынша шешіледі

Жауап: А

 

489. Республикалық референдум қабылдаған шешiмдер күшiне енедi:

А) референдумның қорытындылары туралы ресми хабар жарияланған күннен бастап

В) референдум өткізілген күннен бастап

С) референдумда қабылданған шешімді Президент мақұлдаған сәттен бастап

Д) референдум қорытындысы шығарылған күннен бастап

Е) референдум өткізілген күннен кейін бір ай ішінде

Жауап: А

 

490. Референдум қабылдаған шешiмнiң заңи күші:

А) ҚР-ң бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар және Президенттен басқа ешкімнің қуаттауын қажет етпейдi
В) ҚР-ң тек тиісті аумағында ғана мiндеттi күшi бар және тиісті әкімнен басқа ешкімнің қуаттауын қажет етпейдi
С) ҚР-ң бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар, ҚР Парламентпен мақұлдануы қажет
Д) ҚР-ң бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар және ешкімнің қуаттауын қажет етпейдi
Е) ҚР-ң бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар, күшіне енуі үшін алдымен міндетті түрде ҚР Конституциялық Кеңесімен қаралуы тиісті
Жауап: Д

 

491. Референдумда қабылданған шешiм мен Республика Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң арасындағы сәйкессiздiктер қалай шешіледі:

А) сәйкессіздіктер Конституцияны, конституциялық заңдарды, заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi референдум қабылдаған шешiмге сәйкес келтiру арқылы жойылады

В) ҚР Конституциясының күші жоғары болып табылатындықтан оған сәйкес келмейтін референдумда қабылданған шешім өз күшін жояды

С) мұндай сәйкессіздіктердің қалай шешілетінін Президент белгілейді

Д) қайтадан референдум өткізіледі

Е) сәйкессіздіктер тудырып отырған ережелер Парламенттің қарауына жатады
Жауап: А

 

 

 

ПРОКУРАТУРА          СОТ БИІГІ

492. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн жүзеге асырады:

А) Конституциялық кеңес

В) Конституциялық Сот

С) құқық қорғау органдары

Д) тек сот қана

Е) сот және прокуратура

Жауап: Д

 

493. Судьяны тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыстық жауапқа тартуға болмайды:

А) Республика Жоғары Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiнсiз не Сенаттың келiсiмiнсiз

В) ҚР Парламентінің келісімінсіз

С) Жоғары Соттың келісімінсіз

Д) Әділет біліктілік алқасының келісімінсіз

Е) Мәжілістің келісімінсіз

Жауап: А

 

494. Қазақстан Республикасында мынадай соттар құруға болмайды:

А) Жоғарғы Сот

В) аудандық соттар

С) арнаулы және төтенше соттар

Д) қалалық соттар

Е) облыстық соттар

Жауап: С

 

495. Мынадай талап судьялыққа қойылмайды:

А) жиырма бес жасқа толуы

В) жоғары заң бiлiмiнің болуы

С) заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажының болуы

Д) бiлiктiлiк емтиханын тапсырған болуы

Е) бәсең сайлау құқығының болуы

Жауап: Е

 

496. Республика аумағында заңдардың дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық iс жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган:

А) прокуратура

В) ұлттық қауіпсіздік комитеті

С) конституциялық кеңес

Д) сот

Е) аталған органдардың барлығы

Жауап: А

 

 

497. Қазіргі уақытта төменде көрсетілген органдардың қайсысы сот билігінің жоғарғы органы болып табылады:

А) Конституциялық Сот

В) Конституциялық Кеңес

С) Жоғарғы Сот

Д) Жоғарғы Соттардың пленумы

Е) Республиканың жергілікті соттары

Жауап: С

 

ПРОКУРАТУРА          СОТ БИІГІ

1. Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн жүзеге асырады:

А) Конституциялық кеңес

В) Конституциялық Сот

С) құқық қорғау органдары

Д) тек сот қана

Е) сот және прокуратура

Жауап: Д

 

2. Қазақстан Республикасында мынадай соттар құруға болмайды:

А) Жоғарғы Сот

В) аудандық соттар

С) арнаулы және төтенше соттар

Д) қалалық соттар

Е) облыстық соттар

Жауап: С

 

3. Аудандық соттың судьясы болу үшін мынадай талап қойылмайды:

А) жиырма бес жасқа толуы

В) жоғары заң бiлiмiнің болуы

С) заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажының болуы

Д) бiлiктiлiк емтиханын тапсырған болуы

Е) бәсең сайлау құқығының болуы

Жауап: Е

 

4. Облыстық соттың судьясы болу үшін жұмыс стажына байланысты қандай талап қойылады:
А) заң мамандығы бойынша кемінде 15 жыл жұмыс стажы немесе кемінде 5 жыл судьялық жұмыс стажы болуы керек

В) заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажының болуы керек

С) заң мамандығы бойынша кемінде  жиырма жыл жұмыс стажы немесе кемінде он жыл судьялық жұмыс стажы болуы тиіс

Д) заң мамандығы бойынша кемінде  25 жыл жұмыс стажы болуы тиіс

Е) жалпы жұмыс стажы 25 жыл, оның ішінде заң мамандығы бойынша 20 жыл жұмыс стажы болуы керек

Жауап: А


5. Қазақстан Республикасының сот жүйесiн құрайды:

А) ҚР Жоғарғы Соты, Конституциялық Соты, жергілікті соттар

В) ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Конституциясына және заңға сәйкес құрылатын жергілікті және басқа соттар

С) Жоғарғы Сот, Жоғарғы Төрелік Сот, жергілікті соттар

Д) арнаулы соттар

Е) мамандандырылған, төтенше соттар

Жауап: В

 

6. Жергiлiктi соттарға жатпайды:
А) облыстық және оларға теңестiрiлген соттар

В) мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар

С) Жоғарғы Сот, Астана қалалық соты

Д) Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары

Е) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық сот, ауданаралық сот).

Жауап: С

 

7. Республика аумағында заңдардың дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық iс жүргiзудiң заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган:

А) прокуратура

В) ұлттық қауіпсіздік комитеті

С) конституциялық кеңес

Д) сот

Е) аталған органдардың барлығы

Жауап: А

 

8. Қазіргі уақытта төменде көрсетілген органдардың қайсысы сот билігінің жоғарғы органы болып табылады:

А) Конституциялық Сот

В) Конституциялық Кеңес

С) Жоғарғы Сот

Д) Жоғарғы Соттардың пленумы

Е) Республиканың жергілікті соттары

Жауап: С

 

9. Мамандандырылған соттарға жатады:

A) облыстық және оған теңестірілген соттар

B) әскери, қаржылық, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар

C) аудандық және оларға теңестірілген соттар

D) қалалық соттар

E) қалалық соттар мен ауданаралық сот

Жауап: В


10.  Мамандандырылған соттарды құрады

А) Қазақстан Республикасының Президенті

В) ҚР Жоғарғы Соты

С) ҚР Парламенті

Д) облыстық және оған теңестірілген соттар

Е) ҚР Бас Прокуратурасы

Жауап: А

 



ӘКІМШІЛІК АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫС

 

498. Аймақ дегеніміз:

А) республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемiнде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметi нәтижесiнде қалыптасқан республика аумағының бір бөлігі

В) ауыл, село, поселке, аудан

С) Қазақстанның бүкіл аумағы

Д) барлық облыстардың тең жартысы

Е) республиканың бiрнеше елдi мекендерi енгiзiлетiн, оның мүддесi үшiн құрылатын және басқарылатын республика аумағының бiр бөлiгi

Жауап: Е

 

499. Қазақстан Республикасы аумағындағы елдi мекендер бөлінеді:

А) қалалық және селолық елдi мекендерге

В) аймақтарға

С) облыстарға

Д) аудандарға

Е) штаттарға

Жауап: А

 

 

500.  Қалалық елдi мекендерге жатады:

А) республикалық, облыстық және аудандық маңыздағы қалалар, сондай-ақ поселкелер;

В) селолар

С) қаладағы аудандар

Д) облыстар

Е) қала типтес поселкелер

Жауап: А     

 

 

501. Конституциялық Кеңестің төрағасына қатысты істі тергеу кезінде заңдылықтың сақталуына кадағалауды кім жүзеге асырады?

А) Бас прокурор

В) Облыс прокурор

С) Президент

Д) Сенат төрағасы

Е) ҰҚК төрағасы

Жауап:А

 

502. Конституциялық Кеңестіқ төрағасы немесе мүшесіне қатысты қылмыстық іс кіммен қаралады?

А) аудандық сотпен

В) қалалық сотпен

С) жоғарғы сотпен

Д) облыстық сотпен

Е) арнайы сотпен

Жауап: С

 

503. Өзін ұсынған саяси партия қызметін тоқтатқан жағдайда сайлау комиссиясының мүшесі:

А) міндеттерінен босатылады

В) міндеттерін аяғына дейін жалғастыра береді

С) міндеттерін уақытша тоқтатады

Д) міндеттерінен өкілеттік мерзімі біткенге дейін босатылмайды

Е) міндеттерін жоғары тұрған сайлау комиссиясының мүшесіне береді

Жауап: А

 

504. Сайлау комиссиясының құрылуы кезінде қойылатын шектеу:

А) құрамында жоғары білімі жоқ мамандар болмауы керек

В) мүшелері шығармашылық қызметті жүзеге асырмауы керек

С) мүшелері кәсіпкерлік қызметпен айналыспауы керек

Д) мүшелері өзге ақы төленетін қызметпен айналыспауы керек

Е) бiр ұйымның қызметкерлерiнен тұрмауға тиiс

Жауап: Е

 

505. Сайлау округтерiн құрады:

А) аумақтық сайлау комиссиялары

В) учаскелік сайлау комиссиялары

С) республикалық сайлау комиссиялары

Д) жергілікті сайлау комиссиялары

Е) округтік және учаскелік сайлау комиссиялары

Жауап: А

 

506. Қайтадан дауыс берудi өткiзген кезде сайлау алдындағы үгiт:

А) қайтадан дауыс беру күнi тағайындалған күннен басталып, сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

В) сайлау тағайындалған сәттен басталып сайлау болатын күннің алдындағы күнгi аяқталады

С) кандидаттар тiркелген сәттен басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi нөл сағатта аяқталады

Д) кандидаттар ұсынылған кезден басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгi жергілiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

Е) заңда анықталмаған

Жауап: А

 

507. Қайта сайлау өткізілмейді:

А) дауыс беруге бір кандидат саны қатысып олардың бір де бірі сайланбай қалған жағдайда

В) сайлау жарамсыз деп танылған жағдайда

С) қайта дауыс беру сайланған тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермеген жағдайда

Д) дауыс беруге екіден аспайтын кандидат саны қатысып олардың бір де бірі сайланбай қалған жағдайда

Е) сайлау бюллетеніне екіден артық кандидат енгізіліп, олардың бір де біреуі сайланбай қалған жағдайда

Жауап: Е

 

508. Кімдердің сайлауы мемлекеттік қаржыландыруға жатпайды:

А) Президенттiң сайлауы

В) Парламент Мәжілісi депутаттарының сайлауы

С) Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы

Д) мәслихаттар депутаттарының сайлауы

Е) өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауы

Жауап: В

 

509. Мыналардың сайлауды (сайлау шараларын) қаржыландыруына рұқсат етіледі:

А) шет елдердiң заңды тұлғалары

В) азаматтығы жоқ адамдар

С) шетелдiк мемлекеттiк органдар

Д) сайлау комиссиялары

Е) халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бiрлестiктер

Жауап: Д

 

510. Төмендегі жағдайлардың қайсысында сайлау қорына түскен ақша қаражаты оны қосқан азаматтар мен ұйымдарға  қайтарылмайды:

А) кандидат өз кандидатурасын алып тастаған жағдайда

В) саяси партия партиялық тiзiмдi керi қайтарып алған жағдайда

С) дерегi жоқ қайырмалдықтар болса

Д) кандидатты, партиялық тiзiмдi ұсыну туралы шешiмнiң күшi жойылған жағдайда

Е) кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы шешiмнiң күшi жойылған жағдайда

Жауап: С

 

511. Дауыс беру уақытын келесі орган ұзартуы мүмкін:

А) орталық сайлау органы тиiстi әкiмнiң ұсынысы бойынша

В) аумақтық немесе округтiк сайлау комиссиялары кандидаттың немесе саяси партияның ұсынысы бойынша

С) аумақтық немесе округтiк сайлау комиссиялары тиiстi әкiмнiң, учаскелiк сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша

Д) ҚР Президенті сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша
Е) жергілікті сайлау комиссиялары жергілікті халықтың ұсынысы бойынша

Жауап: С

 

512. Дауыс беру уақыты өзгертiлмеген болса сайлау учаскелерiнде дауыстарды санау басталады:

А) жергiлiктi уақытпен сағат жиырмада

В) жергiлiктi уақытпен кешкі сағат алтыда
С) жұмыс уақыты аяқталғаннан соң дереу
Д) соңғы сайлаушы дауыс беріп біткеннен кейін
Е) дауыс беру аяқталардан қырық минут бұрын

Жауап: А

 

513. Сайлау кезінде дауыстарды қайта санау кімнің талабы бойынша жүргізіледі:

А) сенім білдірілген адамдардың

В) әкімдердің

С) маслихат депутаттарының

Д) мемлекеттік хатшының

Е) сайлаушылардың 50 пайызынан астамының

Жауап: А

 

514. Сайланған Республика Президентiн тiркейдi:

А) аумақтық сайлау комиссиясы округтік сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау өткiзген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде

В) Орталық сайлау комиссиясы округтік сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау өткiзген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде

С) Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау өткiзген күннен бастап жетi күн iшiнде

Д) аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау өткiзген күннен бастап жетi күн мерзiм iшiнде

Е) Әділет министрлігі Орталық сайлау комиссиясының хаттамасы негiзiнде сайлау өткiзген күннен бастап жетi күнде

Жауап: С

 

 

 

515. ҚР Парламенті Сенатына депутаттыққа кандидаттарды ұсыну мынадай мерзімдерде жүргізіледі:

А) сайлау тағайындалғаннан кейін келесі күні басталып, сайлау өткізілетін күнге 4 ай қалғанда аяқталады
В) сайлау тағайындалғаннан кейін келесі күні басталып, сайлау өткізілетін күнге 1 апта қалғанда аяқталады
С) сайлау тағайындалғаннан кейін келесі күні басталып, сайлау өткізілетін күнге 1 ай қалғанда аяқталады
Д) сайлау өткізілетін күнге 4 ай қалғанда басталып, 1 ай қалғанда аяқталады
Е) сайлау өткізілетін күнге 5 ай қалғанда басталып, 1 ай қалғанда аяқталады

Жауап: С

 

516. Мәжіліске сайлау кезінде партиялық тізім ұсынған келесі саяси партиялар жалпы сайлау жарнасы мөлшерінің елу проценті мөлшерінде ғана сайлау жарнасын төлейді:

А) бүкіл республика аумағында филиалдары бар және мүшелерінің саны 50 мыңнан асатын саяси партиялар

В) алдыңғы сайлауға қатысқан барлық саяси партиялар

С) алдыңғы сайлауда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының жеті және одан да көп процентін алған саяси партиялар

Д) Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының бестен жетіге дейінгі процентін алған саяси партия

Е) республиканы өркендету ісіне белсенді қатысып жүрген саяси партиялар

Жауап: Д

 

517. Мәжіліске сайлау кезінде партиялық тізім ұсынған келесі саяси партиялар жалпы сайлау жарнасы мөлшерінің жетпіс проценті мөлшерінде ғана сайлау жарнасын төлейді:

А) бүкіл республика аумағында филиалдары бар және мүшелерінің саны 50 мыңнан асатын саяси партиялар

В) алдыңғы сайлауға қатысқан барлық саяси партиялар

С) алдыңғы сайлауда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының жеті және одан да көп процентін алған саяси партиялар

Д) Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының үштен беске дейінгі процентін алған саяси партия

Е) республиканы өркендету ісіне белсенді қатысып жүрген саяси партиялар

Жауап: Д

 

518. Бiр мәселе бойынша референдум тағайындау туралы ұсыныстарды қайтадан қарау жүргізіледі:

А) аталған мәселе қаралғаннан кейін екі апта ішінде

В) аталған мәселе қайта ұсынылғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде
С) аталған мәселе жөнiнде алдыңғы шешiм қабылданғаннан кейiн кемiнде екi жыл өткеннен соң
Д) аталған мәселені алғашқы ұсынғаннан кейін бес жыл өткен соң
Е) аталған мәселені қарау кез-келген уақытта болады
Жауап: С

 

 

 

 

 

 

 

////////////////////////////